PON пассивті оптикалық желілер



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 95 бет
Таңдаулыға:   
7

8

9

10

Аңдатпа

Бұл дипломдық жұмыста Ақтау қаласының Актау-сити бөлігіне GPON
байланыс арнасын ұйымдастыруына зерттеу жүргізілген. GPON байланыс
желісін ұйымдастырудағы негізгі артықшылықтар, оптикалық талшықтың
маңызды үнемділігі, қызмет көрсетудің жоғары сапасы. Таңдалған желіде
сенімділікті қамтамасыз ету үшін пассивті оптикалық талшықтың параметрлері
анализден өтіп, орнатылатын бөлікке сәйкестілігі анықталды. Алынған мәндерге
байланысты жобаға сәйкес зерттеу жүргізіліп, байланыстың тиімді жолы
таңдалды. Сонымен қоса, қауіпсіздік техникасы мен экономикалық тиімділігі де
қарастырылған.

Аннотация

В данной дипломной работе проводилось исследование канала связи
GPON в районе Актау-сити в городе Актау. Основные преимущества, при
построении сетей GPON, важная экономичность оптического волокна, высокая
качества обслуживания. Для надежности в выбранной сети были анализированы
параметры оптического волокна и определялась совместимость с выбранным
участком. С полученными значениями были проведены исследования и был
выбран оптимальный путь связи. А так же, были рассмотрены техника
безопасности и экономическая эффективность.

11

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
1 Ақтау қаласының телекоммуникациялық желісіне шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.1 Ақтау қаласының телекоммуникациялық желісіне анализ ... ... ... ... ... 9
1.2 Мыс сымды желідегі дәстүрлі технология проблемалары ... ... ... ... .. 13
1.3 АҚЖ қазіргі заманғы принципі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 16
1.4 Ақтау ситиге қатынау желілерін жетілдірудің қажеттілігі ... ... ... ... ... 20
1.5 FTTx технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 21
1.6 PON пассивті оптикалық желілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2 Ақтау сити бөлігінде GPON технологиясын енгізуді зерттеу ... ... ... ... ... ... .. 25
2.1 GPON технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
2.2 Жобаланатын желі топологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30
2.3 GPON сипаттамасы және техникалық мәліметтері ... ... ... ... ... ... ... .. 32
2.4 GPON құрылғысының негізгі мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 35
2.5 Таңдалған коммутаторға анализ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 38
2.6 Оптикалық кәбіл түрін таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 43
3 Есептеу техникалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 50
3.1 Арналар санын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 50
3.2 Оптикалық кабельдің шығындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
3.3 Дисперсия мен өшулікті кезіндегі регенерация бөлігінің ұзындығы .. 55
3.4 Оптикалық кабельдің параметрлерін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 56
3.5 Дисперсия мен өшулікті есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 62
4 Тіршілік қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 67
4.1 Операторлық бөлме жағдайынының талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 67
4.2 Қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76
4.3 Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 79
5. Экономикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 86
5.1 Компания және сала ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 87
5.2 Өнімнің (қызметтің) сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 87
5.3 Өтім нарығын талдау және қызметтер нарығын зерттеу ... ... ... ... ... .. 88
5.4 Менеджмент және маркетинг ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 88
5.5 Қаржы жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 89
5.6 Жобаның кірістік және тиімділік есептеулері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 93
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 98
Қысқартылған сөздер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 99
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 100
А Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 102
Б Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 105
В Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 107

12

Кіріспе

Ақпаратты желiлер, олардың өткiзгiштiк қабiлетiнің көбею, операторды
осы мақсатқа жету үшін жаңа тәсiлдер тапқыза бастады. Бұл мәселенің
бастамасы: абоненттердің қажеттілігін қанағаттандыру, қаражатты үнемдеудің
қажеттiлiгі, желiнiң дамуына әлеуеттiң әсері. Мәселе PON пассивті оптикалық
желi туралы сөз болады. Баланыстың PON түйiндерде пассивті оптикалық
тармақтаушылары бар ағаш тәрiздi талшықты кабель архитектурасын пайдалану,
тармақталған желi үшін ең үнемдi және кеңжолақты желіні қамтамасыз етуге
қабілеті бар. PON архитектурасының басты артықшылықтарын айта кетсем:
белсендi (активті) аралық түйiндердiң жоқтығы, кәбiл талшықтарының және
оптикалық қабылдаушы таратушыларды орталық түйiнде елеулi үнемдеуi,
қызмет етудiң жеңiлдiгi, жаңа клиенттердi қосуда қыйындық болмауы. Бiр
немесе бірнеше абоненттiк түйiндердің қосылуы немесе айырылуы, басқа
элементтердiң жұмысына ешқандай әсер ертпейді.
PON желiсінің жанұясы көп, бірақ APON, BPON және EPON секілді
ескіріп қалды. Сол себептен мен, қазіргі заманның талабына сай оптикалық
желілерді құрудың оптималды технологиясы - GPON таңдадым. GPON
технологиясында бизнестiң мiндеттерi үшiн оны тартымды iстеген сервистер бар
және түпкi қолданушыда соңғы миля мәселесі шешiледі. Ол жоғары
жылдамдықты Ethernet, жоғары сапалы теледидарлық арналарды жiберу,
цифрлана телефон соғу, және т.б. қамтамасыз етеді.
Бұл дипломдық жұмыста Ақтау қаласының Ақтау-сити бөлігінде GPON
байланыс арнасын енгізуді зерттеуді қарастырамын.
Қазіргі байланыс телекммуникациясының жағдайы осы аймақтың
экономикалық дамуының келеңсіз жағдайларының бірі. Қазіргі жұмыс жасайтын
желінің сапасы өте төмен. Осы аймақтағы желінің негізгі кемшіліктерінің бірі
ол: төмен өткізу қабілеттігі, бөгеуілдерден қорғанушылығының төмендігі,
техника қауіпсіздігінің нашарлығы.
Бұл дипломдық жобамның мақсаты Ақтау қаласының Ақтау-сити
бөлігінде GPON байланыс арнасын енгізуді зерттеу және бұл жобада негізгі
шешілген міндеттер орнатылған жүйелерді оптикаға ауыстыру, қаржы жағынан
тиімді жолын есептеу болып табылады. Жобада еңбек қауіпсіздік шаралары да
қарастырылды.

13

1 Ақтау қаласының телекоммуникациялық желісіне шолу

1.1 Ақтау қаласының телекоммуникациялық желісіне анализ

Ақтау - Қазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Мағыстау облысының
орталығы. Қала теңіз және әуе порты болып табылады.
1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың
құрметіне Шевченко аталған болатын. Қала Каспий теңізінің шығыс жағасында
орналасқан. Қаланың оңтүстік шығысында 40 шақырым жерде әйгілі Қарақия
ойысы жатыр. Жер бедері тегіс, ол негізінен коррозиялық және дефляциялық
әрекеттерден түзелген.
Кеңестік ғылымға сәйкес Еуропа мен Азияның шекарасы Мұғалжардан
басталып, Ембі өзенінің бастауына дейін, одан Ембі бойымен Каспий
теңізіне дейін жүргізілетін. 1950 жылдарға дейін Қазақстан аймағындағы
Еуропаның шекарасы Жайық өзенінің бойымен өтетін.
2010 жылдың сәуір-мамыр айларында Орыс географиялық қоғамының
экспедициясы Еуропа шекарасын Мұғалжар арқылы, одан Каспий маңы ойпаты
( Шығыс Еуропалық жазығы бітіп, Үстірт үстіртінің батыс бөлігі өтетін жер)
арқылы өту керек деген қорытындыға келді. Мұндай жағдайда Еуропа шекарасы
қазіргіден әлдеқайда оңтүстікке қарай ығысады.
Ақтау қаласы Ленинград қаласының үлгісі бойынша қалана бастады.
Ақтау қаласының әкімшілік құрамына Өмірзақ кенті кіреді. Қалада екі көшенің
атауы бар. Бірі Бірінші Президент көшесі, екіншісі Тәуелсіздік даңғылы. Қала
ықшамаудандарға бөлінеді. Қала шағынаудандарға бөлінгендіктен керекті жерді
табу оңай. Мекен - жайды атағанда аудан үй пәтер ретімен айтады. Мысалы 13 -6-
72. Қазіргі уақытта 31 ықшамаудан бар. Әрбір шағынауданда шамамен 50 -70- дей
үй бар, әр үйде орташа есеппен алғанда 60 пәтер бар. Қазіргі уақытта Ақтау
қаласының солтүстігінен Ақтау- Сити қаласының құрылысы жүріп жатыр. Бұл
жоба Біріккен Араб Әмірліктерінің қолдауының арқасында 2007 жылы іске
асырыла бастады.
Кешендегі кәсіпорындар желісі химиялық реагент өндіріп (азот - тук және
күкірт қышқылы зауыты), жылу және электр энергиясымен, сумен (ТЭЦ, БН-
350 ) қамтамасыз етті. Су тапшы жағдайда тіршілік етуге қажетті инфрақұрылым
пайда болып, адамдардың қалада өмір сүруге жағдай жасалды. Кеңес Одағы
ыдырағаннан кейін Ақтау XX ғасырда ашылған және жаңадан

барланған Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас,
Атамбай-Сарытөбе,
Оймаша,

Комсомольское , Солтүстік Бозашы , Қарақұдық , Толқын , Арман және Дұңған
сияқты мұнай - газ кен орындарының өңдейтін орталыққа айналды.
Ақтау қаласы ірі өнеркәсіп орталығы болып табылады, өңдеу және кен
өндіру өнеркәсіптік ірі кәсіпорындары жұмыс атқарады (химиялық өнеркәсіптің,
машина жасау, металлургия жеңіл және азықтық өнеркәсіптің). Қаланың негізгі

14

өндірушілері: МАЭК - Қазатомпром ЖШС, ҚазАзот ЖШС, Ақтау құю
зауыты ЖШС, Каспий машина құрастыру комбинаты ЖШС, Кеппел
Қазақстан ЖШС және тб.
2000 га. құрайтын Ақтау теңіз порты арнайы экономикалық аумағын
пайдалануда.

2013 жылдың қаңтар айында өнеркәсіп өнімдерінің
көлемі 11,5 млрд.

тенге. Нақты көлем индексі (әрі қарай НКИ - 120,9 %).
Кен өндіру өнеркәсібінде бөлшектенген тас өндірісі 3,6%-ға төмендегені
анықталуда. Өңдеу өнеркәсібінде тері және оған қатысты өнімдер өндірісі
71,0%-ға, өзге де металл емес минералды өнімдер өндіру 10,9%-ға, жеңіл
өнеркәсіпте 68,6%-ға және т.б. Солайша төмендегі белгілі болды.

млрд ...

9,4

қаңтар 2013 ж.

11,5

қаңтар 2014 ж.

1.1-сурет. Өнеркәсіптің даму серпіні, млрд. теңге

Қала бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйдің көлемі 10,9 мың.ш.м.,
немесе 2013 жылдың қаңтарынан 2,9 есе жоғары (1.2 суретте көрсетілген).

3,8

қаңтар 2013 ж.

10,9

қаңтар 2014 ж.

1.2-сурет. Қала бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйдің көлемі

2013 жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда негізгі

капиталға

инвестиция 46,8%-ға жоғарылады және 2786,8 млн. теңгені құрады.

1.1-к е с т е . Шағын кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамтылғандар

15

Уақыты
Шағын кәсіпкерліктің
субьект саны, бірлік.
Олардың жұмыспен
қамтылғандар саны,
адамдар (жеке есебімен)
қаңтар-ақпан 2013 ж.
29 900
62 136
қаңтар-ақпан 2014 ж.
32 379
67 480

қаңтар-ақпан 2013 ж.

қаңтар-ақпан 2014 ж.

1.3-сурет. Негізгі капитал инвестициясы

2014 жылдың 1 ақпанына субъектілер саны шағын кәсіпкерлікте 32379
бірлікті құрады немесе алдыңғы жылғы үйлесімді кезеңмен салыстырғанда 7,6%
көп. Шағын кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамтылғандар саны есепті
кезеңге 7,9% өсті және 67,5 мың адамды құрады.

62 136

67 480

Шағын кәсіпкерліктің субьект

Негізгі

29 900
32 379
саны, бірлік.

Олардың жұмыспен
қамтылғандар саны, адамдар

2013 ж.
қаңтар-ақпан
2013 ж.
қаңтар-ақпан
2014 ж.
(жеке есебімен)

1.4-сурет. Шағын кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамтылғандар

Климаты

-

шұғыл континенттік, жазы ыстық, шөлді, орташа

температурасы: қаңтарда -4 °C (минус 15 градус температура мен күшті жел
кезінде мектептегі сабақтар тоқтатылатын), шілдеде +30 °C. Жазда ауа
температурасы +45 °C (түнде плюс 38) дейін жетеді. Жердің беті күн түскен
кезде +70° дейін қызады. Қала Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Сумен
қамтамасыз ету үшін МАЭК су тұщыландыратын станция жұмыс істейді. Онда
теңіз суының өндірістік дистилляты мен Құйлыс көзінен келетін қатты
минералданған жерасты суы дайындалып, араластырылады. Қала маңында
табиғи ауыз су көзі жоқ.
1157 пәтері бар 19 көпэтажды үйлер салынуға енгізілген, оның ішінде 259
пәтері бар аяғына дейін салынбаған 6 көпэтажды үйлер салынды және 898 пәтері
бар 13 үй өңделді. Кәсіби белсенділік үшін қалада жасалынған қолайлы ауа райы
шағын және орта кәсіпкерліктің 172 пайызға өсуіне әкелді. 2008 жылдың 1
қаңтар мәліметтері бойынша 2007 басқарушы субъектері (заңды тұлғалардың),
оның ішінде жұмыс істеуде - 1653, соның ішінде шағын заңды тұлғалар-1494.
Ақтау инвестициялық танымалдықты одан сайын алып жатыр.
Инвестициялар ауданы өсіп жатыр. Осы уақытта барлығы 16,8 млрд. теңге
игерілді. Оның үлкен бөлігі құрылыс секторына кіреді. Белсенді, әрі жаңа
құрылудағы облыстық орталық үшін бұл өте көкейтесті. Арнайы түрде құры-лыс

16

секторына отандық және шетелдік инвесторлардың көңілін тарту үшін қалада
тұрғын үйді сатып алу мен кредиттік құрылыс системасымен облыстық центрді
салудың басты жобасы қабылданды. Құрылысты Қазақстан және Түркия
компаниялары жүргізуде. Халық саны 135 мыңға дейін жетті, ал 2001 жылы ол
117 мыңға тең болды.

1.2-к е с т е. Ақтау желісі бойынша мәліметтер

Қала желісінде алты таңбалы нумерация пайдаланады. Абоненттерді
телефондық станцияға қосу таратқыш қорап (ТҚ) немесе таратқыш шкаф
арқылы іске асады. Шкафтардың сыйымдылығы аз кәбілдер (100-50 жұп)
шығып, сыйымдылығы 10х2 тең қораптарға қосылады. Мұндай кәбілдер және
оларға байланысты сызықты құралдар таратқыш желіні құрайды. Қораптардан
абоненттердің телефондық аппараттарына біржұпты кәбілдер салынады.
Абоненттік қатынау жүйесі Ақтау қаласының АТС - 27-де жобаланып
жатыр. АТС - 27 қаланың орталығында орналасқан және ол пәтердік пен іскер
сеторының абоненттеріне қызмет етеді. Ақтау қаласындағы қалалық желі сегіз
ЭАТС-тан тұрады. STM-1 жүйесінің негізінде SDH сақинасына біріктірілген
барлық станциялардың жалпы сыйымдылығы 32084 нөмірлерді құрады. 31426
нөмір іске асуда.
Әрекеттелген сыйымдылық 4038 абонент. Құралдар түрі DMS - 100200.
Интернеттің кеңтүрде дамуына және ақпаратты жіберу қызметіне үлкен
сұраныстың болуы желінің өткізу қабілетінің өсуіне әкелді. Осыған байланысты
ескірген мыс кабелін отикоталшықты кәбілге ауыстырып, абоненттік қатынау
желісін құру дұрыс болады.
Ақтауның қаласының САБ ұйымдастыру сұлбасы 1.5-суретте көрсетілген.
Таратқыш қораптар АТС-ке жөндеуді талап етіліп тұрған мысты кәбіл
көмегімен қосылған. Қалада броньдалмаған кәбілдер құбырлар мен кәбілді
құдықтардан құралған арнайы кәбілді канализацияда салынады.
АҚЖ дегеніміз АТС-ке тура немесе шығарылмалы модуль (концентратор,
мультиплексор) арқылы қосылған линиялар мен құрылғылар жиынтығы. Оның
құрылымы 1.5 суретте көрсетілгендей абоненттік және магистральды
линиялардан, тура қоректену зонасынан, үлестіргіш учаскісінен тұрады.

17 Жұмыс
істеудегі АТС
Монтаждалған
сыйымд.
Әрекеттелген
сыйымдылық
Бос
сыйымд.
Әрекеттену дәрежесі
DRX-75
528
525
3
99%
HOST
11008
10 937
71
99%
RS-22
4064
4 037
27
99%
RSE-23
1504
1 498
6
100%
RSE-25
6 080
6 069
11
100%
RSE-229
992
970
22
98%
RSE-26
3 008
2 733
275
91%
DMS-27
4900
4038
862
83%
Барлығы
32084
31426
658
97%

1.5-сурет. Ақтау қаласының САБ ұйымдастырылу сұлбасы

1.2 Мыс сымды желідегі дәстүрлі технологиялардың проблемалары

Бұрынғы Совет Одағының республикаларында сияқты Казақстанда да 90-
ға дейін телефондық желі тек АТС-тың аналогты құрылғыларымен және мыс
сымды байланыс линияларымен құрылды. Пәтерлік абонент желісімен
жасалынатын линияға келетін орташа жүктеме бізде 100 мЭрл тең деп
есептелінеді, яғни бір сағат ішінде линия 6 мин бойы бос болмайды деген сөз.
Корпоративті клиенттер үшін бұл көрсеткіш жоғарырақ-250 мЭрл, яғни бір сағат
ішінде линия 15 мин бойы бос болмайды. Интернетті қолданушыға бұл шама
сәйкес келмейді. Интеренет үшін телефондық линияның сағат бойы бос болмауы
әдеттегідей болып саналады. Себебі кәбілді құрылғылардың жаман қалпы
кесірінен коммутацияланатын телефондық линиялар бойынша ақпаратты жіберу
жылдамдығы төмен болады. Максимум 56 Кбитс есептелген V.90 жаңа
модедерді пайдаланса да төменжылдамдықты телефондық арналарда артық жүк
пайда болады
Жалпықатынаулы арналар байланысының жүкті болуын түсіру шешімі
ретінде байланыс операторлары мен үлкен корпоративті қолданушыларының
xDSL (Digital Subscriber Line) халықаралық терминімен белгіленетін және
қарапайым мысты жұпта ақпаратты бірнеше Мбитс-қа жететін жоғары
жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік беретін жаңа өткізгіш қатынау
технологияларына өту болып келеді. Starcom, Lucent, ADCTeledata, Fujitsu,
Siemens, Alcatel, HuaWei, Zhongxing және сол сияқты т.б. фирмалар АТС
құрылғыларынсыз тасымалдау трафигінен Интеренет сигналдарын бөлетін
арнайы құрылғыны шығарды. Ол АТС құрылғыларына жүктемені төмендетіп,
барлық ақпараттық сигналдардың жиынтығын тура түрде провайдерге
бағыттайды.
Дәстүрлі жағдайда телефондық аппараттар Z - интерфейсі (интерфейс ab)

18

бойынша мысты жұппен телефондық станцияның (АТС) аналогты порттарына
қосылады. Телефондық желінің әрбір абонентіне өзінің абоненттік линиясы
керек.

1.6-сурет. ТА-ның АТС-тың аналогты портына қосылуы

Әрбіреуінде өзінің абоненттік нөмірі бар қосылу кезіндегі екі жақын
орналасқан телефондық аппарат (ТА) бір АЛ-ға қосылған. Бөлгіш диодтық
тізбек қосылған мұндай абоненттер корпустары бар қосарланған аппараттардың
жинақталымының АТС-ке қосылуы арнайы бір вызов келгенде ТА-ны
ауыстыруға мүмкіншілік береді. Бір ТА-мен сөйлесу кезінде, екіншісі жабық
диодтар арқылы жалпы линиядан бөлінеді (1.6 сурет). Есептеулер бойынша,
АТС-тен 0,3-0,5 км аралығынан бастап қосарланған қосылу өте маңызды болып
келеді. Мұндай әдіс кәбілдің шығынын азайтады, бірақ абоненттер үшін
қолайсыз болып келеді.
Жоғары жиілікті тығыздау жүйесі (ЖТЖ) бір АЛ-дан жиілігі 0,3 - 3,4 кГц
тең модуляцияланбаған сигналдан (эффективті сөйлеу спектрі) басқа, тағы бір
жоғары жиілікті арнаны алуға мүмкіндік береді. Бұл арна модуляторлар және
тасушы жиіліктер арқылы бастапқы сигналдың бірретті түрлендіруімен пайда
болады. Жоғары жиілікті арна арқылы ТА-дан АТС-ке тасымалдау үшін 28 кГц
жиілікпен, ал АТС-тен ТА-ға 64 кГц-пен жүргізіледі.
АТС-ке қосылған мысты кәбілдің үлкен бөлігін ауыстыру қажеттілгі бар,
өйткені оларда оңашалау кедергісінің параметрлері төмендетілген, кәбілде
көптеген зақымдар бар және де олар жөндеуді талап етеді, ақпаратты жіберудің
жоғарыжылдамдығын қолдамайды.
Сол сияқты Интернетті пайдалану кезінде телефондық линиялар көп уақыт
бойы босатылмайды. Себебі кәбілді құрылғылардың жаман қалпы кесірінен
коммутацияланатын телефондық линиялар бойынша ақпаратты жіберу
жылдамдығы төмен болады. Өте көп 56 Кбитс есептелген V.90 жаңа модемдерді
пайдаланса да төменжылдамдықты телефондық арналарда артық жүк пайда
болады. Ал жіберудің төмен жылдамдығы арнаның бос болмауын үлкейтеді, ол
да артық жүкке әкеледі.
Абоненттік линиялардың бос болмауы, ескі мыс кәбілдерін ауыстыр-уға
кететін шығынды төмендету, абоненттік шкаф пен АТС арасында са-лынған мыс
кабелін жөндеуге кететін шығынды азайту үшін эксплуатация мерзімі мыс
кабеліне қарағанда үш есе жоғары болатын оптикоталшықты кәбіл
19

қолданылатын болады. АТС құрылғыларын қолданылмай Интернет
провайдеріне барлық ақпараттық сигналдарды бағыттап, тасымалдау трафигінен
Интеренет сигналдарын бөлетін құрылғыларды пайдалану АТС құрылғыларына
келетін жүктемені азайтады.
Жобамда шкафты ауданымен ескерілген сыйымдылыққа байланысты жаңа
құрылғыларды орнату мен төмен шығындармен бар канализацияда оптикалық
кәбілді салу қарастырылған.
Бар абоненттік линияларын (АЛ) тығыздау. ЦСПАЛ жүйелері телефондық
сөйлеуді кодтайтын цифрлық ағындарының уақытты мультиплексиялау арқылы
құрылады. Абоненттік станция жинақталымның аналогты сигналы ИКМ мен
АДИКМ модуляциялары көмегімен ЦСПАЛ станциялық жартыжинақталымның
модулінде цифрлық ағынға түрленеді. Содан кейін индивидуалды цифрлық ағын
бір группалық ағынға жиналып, xDSL( IDSL, HDSL, SDSL) технологияларын
қолданумен абоненттік линиялар арқылы жіберіледі. Абоненттік
жартыжинақталымда кері түрлендіру жүріп, оның шығысына қарапайым
телефондық аппараттар қосылады. Динамикалық концентрацияны
пайдаланғанда, ЦСПАЛ бір линияда 90..120 арнаның жұмыс істеуін қамтамасыз
етеді. ЦСПАЛ-дың жұмыс істеу принципі 1.7- суретте көрсетілген.

1.7-сурет. Абоненттік линияларды тығыздаудың төртарналы
аппаратураның жұмыс істеу принципі

Тығыздалатын линиялардың рұқсат етілген ұзындығы 6 км ден кем емес
(диаметрі 0.4..0.5мм кәбіл үшін), бірақ тығыздалатын линиялардың рұқсат
етілген ұзындығын үлкейтуді қамтамасыз ететін және құрамына регенераторлар
кіретін бірнеше жүйелер бар.
Тәжірибеде көрсеткендей, Қазақстандағы операторлардың көбісі дәстүрлі
мыс кәбілді шешімді таңдайды. Осы кезде шетелдегі жағдай мүлдем керісінше
ОТБЛ көп қолданады. Сондықтан Қазақстанда да ОТБЛ-ге көшу мүмкіндігі бар.
АТС-пен алыстатылған бірліктерді біріктіру үшін көліктік орта ретінде
талшықты оптикалық кәбілді пайдаланатын абоненттік қатынау жүйе-лерінде
мұндай кемшіліктер жоқ.

20

1.3- к е с т е . Абоненттік қатынау технологияларының сапалы салыстыруы

Қайта құру желілері эксплуатация шығын-дарын төмендетіп, істелінген
салуларды сақтайды.
Абоненттік қатынау жүйелерін дұрыс таңдау үшін арнайы құрылғыларды
таңдау керек. Осы кезде келесі принциптерді сақтау керек:
архитектура иілгіштігі. Әр түрлі климат және географиялық
қызметтерге жеңіл адаптацияны, қосымша қызметтерді енгізу мен жүйе
сыйымдылығын үлкейту үшін жүйені кеңейтуді көздейді;
байланыстың сенімділігі. Цифрлық технологиялар мен арнайы қорғау
шаралары қатынаудың үзіліп кету мүмкіндігін шығарады, сигналдың кедергісіз
өтуін сенімді етеді;
ақпарат пен дауысты жіберу сапасы. Мысты кәбілге қарағанда
оптикалық кәбілді қолдану жіберу сапасын жақсартады.

1.3 АҚЖ қазіргі заманғы принципі

Абоненттік қатынау желісін жиі соңғы шақырым технологиясы деп
атайды. Соңғы шақырым термині батысқа қарағанда кейінірек отандық
техникалық әдебиеттерде жиі қолданыла бастады. Бүгін оның қарқынды даму
кезеңінде отандық байланыс желісінің алдындағы проблемалар жақын арада
дүниежүзі операторларды мазалаған. Бұл проблеманы шешу үшін бірнеше жаңа
технологиялар шығарылды, олар әрі дамыған,әрі дамылудағы елдердегі
абоненттік қосылыстар проблемалардың өткірлігін шешті. Сонымен, бүгін бізде
дүниежүзінде тәжірибеден өткен шешімдер бар, оларды пайдалану жақын
болашақта Қазақстандағы соңғы шақырым проблемасын шешуге мүмкіндік
береді.
Жалпы қолданудың дәстүрлі телефондық жүйесі (ЖҚДТЖ) дауыс пен
ақпаратты тар жиіліктік жолағының (300 - 3400) Гц шектерінде өткізуді рұқсат
етеді. Интернет желісінің тез өсуі және оған стандартты аналогты модемдер
арқылы ең таралған қатынау ЖҚДТЖ - да артық жүкті шақырады. Өйткені

21 Параметрі
МАЛ
ОТБЛ
қолдану
Радиоқатынау
Мыс сым
Бағасы
Төмен
Орташа
Жоғары
Орташа
Жаю
жылдамдығы
Жоғары (1 күн)
Төмен (2..12 ай)
Орташа (2..4 ай)
Төмен (2..12 ай)
Қызметке
кететін шығын
Төмен
Төмен
Төмен
Жоғары
Иілгіштік
(өткізу жолағы)
Орташа (2Мбитс
дейін)
Жоғары (155
Мбитс дейін және
одан жоғ.)
Төмен (әдетте32
кбитс дейін)
Төмен(аналогты
тасымал)

соңғысы Интернетке есептелмеген және де ол байланыс сеансының үлкен
орташа уақытымен, телефондық жүктемеге қарағанда үлкен бірқалыпты
еместігімен сипатталады. Аналогты модемдерді қамтамасыз ете алатын
тасымалдау жылдамдықтар жеткіліксіз.
АҚЖ дегеніміз бұл АТС-ке тура немесе шығарылмалы модуль
(концентратор, мультиплексор) арқылы қосылған линиялар мен құрылғылар
жиынтығы. Оның құрылымы 1.8 суретте көрсетілгендей абоненттік және
магистральды линиялардан, тура қоректену зонасынан, үлестіргіш учаскісінен
тұрады.
Қазіргі кездегі телефондық байланыста қолданылатын телефондық
линиялардың мәліметтерді жіберу жылдамдығы өте төмен. Қажетті жоғары
жылдамдығы бар қатынауды тек кеңжолақты технологиялар ғана қамтамасыз
ете алады, олар телекоммуникациялық индустрияның болашағы болып келеді.
Болашақ телекоммуникациялар әрбір қолданушыға ақпаратты
жоғарыжылдамдықпен жіберуге мүмкіндік бере алатынына негізделген.

1.8-сурет. ҚТЖ абоненттік қатынауды құрудың сұлбасы

1.3.1 Қатынау желілерінің модернизация принциптері.

1.9-суретте

Халықаралық Электробайланыс Одағының (ХЭО) Y серия-сының
рекомендациясынан алынған инфокоммуникационды жүйелердің моделі
көрсетілген.

1.9-сурет. ХЭО берген инфокоммуникационды жүйелердің моделі

22

Бірінші жағдайда "Қатынау желісін" екісымды физикалық тізбек болып
келетін абоненттік линия істейді.
Екінші жағдайда қатынау желісінің (бар электробайланыс жүйесі)
құрамына кіру керек: УАТС ты жергілікті телефондық желіге қосу үшін E1
цифрлық тракты, CPIP протокол стегін қолдайтын цифрлық тракт; Internet
локальды желісіне қосылу; телефондық байланыстың желілерінде немесе
Internet те пайдаланбайтын арендалық линиялар.
Транзиттік желі де әр түрлі техникалық құрылғылардан тұрады. Ең
біріншіден, ЖҚДТЖ туралы әңгіме шешім қабылдануда. Ал екінші жағдайда
бұл элемент екі коммутацияланатын желілерден тұрады: ЖҚДТЖ және
Интернет. Транзиттік желінің "Өлшемдер" байланыс түрінен тәуелді.
Халықаралық байланыс үшін станцияішті байланыс үшін транзиттік желі
құрамына ААТС-тан басқа автоматты халықаралық телефондық станциялар
(АХТС) және халықаралық коммутация центрі (ХКЦ) кіреді. Қызметтерді
қолдау құралдары сөз тіркесі өзінің функционалды мүмкіншіліктері бойынша
айырылатын құралдарға жатады. Ең қарапайым мысал ретінде автоинформатор,
ал ең қиыны ретінде қазіргі заманғы Контакт центрі саналады. Қатынау
желісінің негізгі мәні - оператордың потенциалды клиенттердің бөлмелерінде
орналасқан барлық түрлі құрылғылар мен сәйкес транзиттік желілер арасында
сенімді және сапалы байланыс орнату.
Қазіргі уақытта қатынау желілердің құрлысы, негізінен, төрт бағытта
жүзеге асырылады:
- барлық мыс телефондық жұп пен xDSL технологиялардың негізіндегі
желілер;
- гибридті талшықты коаксиалды желілер;
- сымсыз желілер;
- талшықты -оптикалық желілер.
Тұрақты түрде жаңартылатын xDSL технологияларын қолдану - бұл мыс
орама жұптар негізіндегі кәбілді жүйенің өткізу қабілетін арттыруының ең
қарапайым және арзан тәсілі. Жылдамдықты 1 Мбитс дейін арттыру қажет
болғанда, операторлар үшін бұл жол ең экономды болып саналады. Бірақ кәбілді
жүйелердегі тарату жылдамдығын секундына оқыған мегабит жеткізу күрделі
және қымбат шешім болып саналады.
Басқа бір дәстүрлі шешім - гибриті талшықты - каоксиалды желілер HFC
(hybrid fiber-coaxial). Көптеген кәбілді модемдердің бір каоксиалды сигментте
қосылуы бір абаненке есептеуде желінің инфрақұрлымын құруға кеткен орташа
шығарудың төмендеуіне алып келеді, сондықтан бұл шешімдер тиімді болып
көрінеді. Бұл жерде өткізу жолағы құрлыстық шектеулер сақталады.
Кәбілді инфрақұрлымдарды қолдану үшін техникалық қиындықтар пайда
болатын жерде қол жеткізудің сымсыз желілері тиімді болады. Сымсыз
байланыс мобилдік қызметтер үшін альтернативсіз болып саналады. Соңғы
жылдары дәстүрлі шешімдермен қатар радио және оптикалық Ethernet қол
жеткізу негізінде Wi-Fi технологиясы қолданылады, ол жалпы жолақты 10
Мбитс дейін қамтамасыз ете алады. Аталған үш бағыты үшін өткізу қабілетінің

23

кейінгі көбеюі үлкен қиындықтарға алып келді.
Осылайша, үлкен тарату жылдамдығын қажет ететін желінің жаңа
қосымшаларымен жұмыс жасауға қабілетті болатын шешім - оптикалық
кәбілдің (ОК) орталық офистен үйге немесе корпаративті клиентке дейін
жайылуы. Бұл аса радикалды жақындау. Ал 5 жыл бұрын, ол аса қымбат деп
саналатын. Брақ қазіргі уақытта оптикалық компоненттердің бағасы
айтарлықтай азайғандықтан, бұл жақындау актуалды бола бастады.Бүгінде
қолжеткізу желісін ұйымдастыру үшін оптикалдық кәбіл төсеу тиімді, ескі
желілерді жаңарту кезінде де, жаңа қатынау желілерін құру кезінде де тиімді
болып табылады. Бұл кезде қатынау талшықты - оптикалық технологияларын
таңдаудың көптеген нұсқаулары бар. Оптикалық модем, оптикалық Ethernet
Micro SDH технологияларды негізіндегі дәстүрлі шешімдерімен қатар PON желі
архтиктураларын қолданумен жаңа шешімдер пайда болды.
1.3.2 Қатынау желісіндегі талшық. Қатынаудың оптикалық желілердегі
келесі топологияларын бөліп шығаруға болады: нүкте мен нүкте, сақина, ағаш
пен активті түйіндер, пассивті оптикалық элементтері бар ағаш.

1.10-сурет. OLT-дан тарайтын ағындар

Бір OLT қабылдаушы таратушы модулге қосылған абонент түйіндерінің
саны қабылдаушы таратушы аппаратураның максималды жылдамдығына және
бюджеттің көлеміне байланысты көп болуы мүмкін. Ақпарат ағынынның OLT
дан ONU ға тура ағыннан тартылуы үшін, әдетте, 1550 нм нанаметр ұзындықты
толқын қолданылады. Керісінше, әртүрлі абоненттік түйіндерден орталық
түйінге деректер ағынынның берілуі толқынның 1330 нм ұзындығында
таралады. OLT мен ONU-ға WDM мультиплексорлары ендірілген, олар шығатын
және кіретін ағындарды бөледі.

24

1.4 Ақтау ситиге қатынау желілерін жетілдірудің қажеттілігі

Пайдаланатын қатынау желілерін жетілдіруіне байланысты актуальды
қиыншылықтар үш негізгі фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, көбінесе АЛ-да
пайдаланатын қарапайып сипаттамалар телефондық пен басқа (көбінесе
дискретті) ақпаратты жіберудің сапасына және байланыс сенімділігіне
қойылатын қазіргі талаптарды қамтамасыз ете алмайды. Екіншіден, қатынау
желілерінің жұмыс қабілеттілігін қолдау үшін қажетті операторлардың
эксплуатация шығындары өсіп жатыр. Үшіншіден, қазіргі қатынау желілері (бұл
өте маңызды) инфокоммуникационды қызметтердің жаңа түрлерін енгізу
процессі үшін тар алқым болып табылады. Мұндай инфо-коммуникационды
қызметтер отандық және шетелдік мамандарымен жасалынған ЖҚДТЖ ақпарат
жіберу сапасының жоғары көрсеткіштерінің, қызмет етуінен бас тартудың және
АЛ өткізу қабілеттілігінің кеңеюіне бағдарланған. Яғни байланыс сенімділігін
жоғарлату мен ақпаратты өткізу сапасының проблемаларын қатынау желінің
деңгейінде шешу керек. Жо-ғарыда көрсетілген факторлардың екіншісі -
қатынау желісіне техникалық қызмет етуімен байланысты операторлардың
шығынының өсуі.
Аналогты ЖҚДТЖ - та мұндай шығындар негізгі болып келеді. Цифр-лық
коммутациялық станцияларды пайдалану станциондық құрал-дарына
техникалық қызмет етуіне байланысты эксплуатациялық шығын-дарды
төмендетеді. Сонымен қатар, бұл шығындардың көлемі цифрлық коммута-
циялық станциялардың сыйымдылығына аз тәуелді. Нәтижесінде, қатынау
желісіне келетін эксплуатациялық шығындардың үлесі ЖҚДТЖ - ты цифрлау
кезінде өседі. Демек барлық электробайланыс техникалық бар-лық құралдарына
қызмет ету шығындарын төмендету үшін қатынау желі-лерін жетілдіру қажет.
Және де жетілдіру қатынау желілерін құру үшін пайда-ланатын техникалық
және азаматтық құралдарының еңбек-сыйымдылығын төмендете отырып жүру
керек. Қатынау желілерін жетіл-діруіне себеп бола-тын үшінші фактор бұл -
кейбір жаңа инфо-коммуникациялық қызметтерге сұраныстың қалыптасуы. Ең
біріншіден, қатынау желісінің өткізу қабілеттілігінің кеңеюіне бағдарланған
қызметтер түрлері туралы әңгіме қозғалуда. Кейбір жағдайларда жоғары өткізу
қабі-летіне қарағанда ақпаратты жіберу сапасының көрсеткіштері маңызды
болады. Егер де қатынау желілерін жетілдірмесек, оператор өзінің рыногінің
болашағын тек ЖҚДТЖ және модем көмегімен АТ қызметтерімен шектейді
(келесі шарт орындалғанда-ақпаратты айырбастау сапасы абоненттер деңгейінде
жүрсе). Бұл жағдайда уақыт бөлігіндегі оператордың потенциалды пайдасы екі
есе азаяды. Интервал өлшемі әр түрлі операторлар үшін кең шек-тер
аралығында өзгере алады. Орта шамасында, Ресейде бұл интервалдың көлемі он
жыл құрайды, бірақ потенциалды пайданың 80% төмендеуін екі-үш жылдың
ішінде күтуге болады (2003 жылдан санайтын болсақ).
Маңызды көлемде байланыс операторлардың тұрақты экономикалық
жағдайы қатынау желісінде өткізу жолағының кеңеюін талап ететін инфо-

25

коммуникациондық u1091 қызметтерін қолдау қабілеттілігімен анықталады.
Яғни тек қатынау желісін жетілдіру ғана жаңа электробайланыс қызметтерінің
рыногында операторлардың белсенді ойынның мүмкіндігіне кепілдік береді.
Барлық үш фактор қатынау желісін сапалы түрде жетілдіру ак-туальділігін
куәландырады. Сонымен бірге, қатынау желісін жетілдірудің ұзақмерзімді
болашағын, сол сияқты ағымдағы проблемалар да - теле-коммуникациондық
жүйенің бұл фрагментіне эксплуатационды, әрі капиталды шығынды төмендету
қажеттілігін ескеру керек.

1.5 FTTx технологиясы

Кең жолақты қатынаудың дамуда перспектифті бағыты жеке және
коорпаративті қолданушыларға қызмет көрсету үшін опто-волоконды
сызықтарды қолдану болып табылады. Осындай бағыт оптикадан х дейін
концепциясында жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде қолданушы порты кең жолақты қызметтерді көрсету үшін
қатынау желілерінің аралас мыс оптикалық қатынау желілері қолданылады.
Аралас типті қатынау желісін ұйымдастырудың бірнеше концепциялары бар
олардың біреуі HFC(Hybrit Fiber Coaxial) - оптикалық концентрациясына дейін
жеткізілуін ұсынады. Осыны ескере отырып үйлестіруші абоненттік желі
коаксиалды кәбіл негізінде құрылады. Бұл архитектура кең қолданыс тапқан
жоқ және кәбілдік телевидение операторларымен қолданылады.
FTTx концепциясының түрлерін түсіндіретін басқа концепция , FTTB
(Fyber To The Building) деп аталады, яғни байланыстың опто-волоконды сызығы
офиске дейін жүргізу . FTTB концепциясы бойынша сигналдарды мекеме
ішіндегі абоненттер арасында үйлестіруші VDSL қолданумен виталық сым жұп
бойынща іске асырылады.
FTTx концепциясының бірнеше нұсқаларын атап өтейік:
- FTTH (Fyber To Home) - ВОЛС-ты үйге дейін жеткізу;
- FTTP (Fyber To Premises) - жалпылама түсінік, FTTH және FTTB
нұсқаларын біріктіру;
- FTTO (Fyber To Office)- FTTB - ге анологты түсінік;
- FTTC (Fyber To Curb)-ВЛОС-тің үйлестіруші шкаф орнатылған жерге
дейін жүргізілуі;
- FTTCab (Fyber To The Cabinet)- FTTС - ға аналогты түсінік;
- FTTR (Fyber To Remote)- ВОЛС-тің шеткі модуль, концентратоға дейінгі
жеткізілуі;
- FTTOpt (Fyber To The Optimum) - ТОБЛ-ың оператор көз-қарасы
бойынша оптималды пункке дейін жеткізу;
- FTTH және FTTB қатынау нұсқасы кең қолданысқа ие болған жоқ, іс
жүзінде қазіргі шарттарға қолдануға болатын концепциялар FTTС, FTTR,
FTTCab, FTTOrt қолданылады.

26

FTTH технологиясы негізіндегі желілер (талшық үйге дейін) Әзірге тек ірі
қалаларда ғана енгізілуде, ал ТМД елдерінде сапалы жоғары жылдамдықты
байланысты қажет ететін тұрғындардың көп бөлігі ауылда тұрады. Қазіргі кезде
ауылдарда интернеттің жылдамдығы мен сапасы ең көкейкесті мәселелердің
біріне айналып отыр, өйткені ауыл тұрғындары үшін интернет өте қажет.

1.6 PON пассивті оптикалық желілер

Пассивті оптикалық желілердің PON (passive optical network)
технологиясы ағаш тәріздес талшықты кәбілді архитектураға негізделген, PON
үлестіруші қатынау желісі экономды және кең жолақты таратуды қамтамасыз
ету қабілеті бар желі деп саналады.
Бұл кезде PON архитектурасы абоненттердің қажеттіліктеріне байланысты
өсім тиімділігіне және өткізу қабілетін арттыруға ие болады.
Барлық абоненттік түйіндер ONU бірдей толқын ұзындығында кері ағында
берілісті жүргізеді. Әр түрлі ONU-дан сигналдардың қиылысу мүмкіндігін
болдырмау үшін, OLT-дан ONU-дың мәліметтері өтуіне байланысты, олардың
әрқасысына кешігуге түзету есебімен мәліметтердің берілуі бойынша өзінің
индивидуалды кестесі орнатылады. APON, EPON және GPON архитектуралары.
PON (passive optical networks ) технологиясының бірінші қадамы 1995 ж.,
жеті компанияның ішінен (British Telecom, France Telecom, Deutsche Telecom,
NTT, KPN, Telefoniсa и Telecom Italia) беделді топ бір талшық бойымен жеткізу
туралы көптеген көзқарасты ендіру үшін консорциум қабылданды. Бұл
бекітілмеген ұйым ITU-T көмегімен FSAN (full service access network) деген атқа
ие болды.
Өткен ғасырдың 90 жылдар аяғында оператор сияқты көптеген жаңа
мүшелер сонымен бірге сөндіруші құрылғылар да сол ұйымға кірді.
Құрылғыларды өндірушілер мен операторлар PON енгзу жүйесіне бәсекелестікті
тудыру үшін, жалпы ұсынысты жасау және PON құрлығысына талап ету FSAN-
ның мақсаты болды. Бүгінде, FSAN - 40 операторды және өндірушілерді
есептейді және стандарты бойынша ITU-T, ETSI және ATM сиақты осындай
тығыз бірлесіп жұмыс істейді.
Пассивті оптикалық желілердің мәні болып, олардың үлестірілетін желісі
қандай да болмасын активті компонентсіз құрыла алуы: оптикалық сигналдың
тармақталуы, оптикалық қуат-сплиттерлерін пассивті бөлгіштер көмегімен
орындай алуы. Осы артықшылықтың салдары болып, қатыннау жүйесінің
құнының түсуі, желілік басқарудың керекті көмегінің азаюы, таратудың жоғарғы
алыстығы және үлестіруші желіні модернизация жасауының керек еместігі.

27

1.11-сурет. PON архитектурасының негізгі элементтері және оның әрекет
ету қағидалары

1.4-к е с т е. Сипаттамасы және спецификациясы

28

Сипаттамма
Спецификациялары
Келетін ағындар үшін толқын ұзындығы
(абонентерге келетін ағын)
Базалық 1550 нм, өсіру
DWDM 15 хх нм, C-band
Ұлғаймалы ағындары үшін толқын
ұзындығы
Базалық1310 нм, өсіру
DWDM 15 хх нм, C-band
Келіп түсетін ағындар үшін қосынды беріліс
жылдамдығы.
155 Мбитс; 622 Мбитс
Абоненттерден шығатын ағындар үшін
қосынды беріліс жылдамдығы.
155 Мбитс; 622 Мбитс
Оптикалық линияның бюджеті сплитрде
және максималдық қашықтықта
максималды сигналдың биіктігін анықтау
үшін есптелінеді,дБ.
Класс А: 5-20
Класс В: 10-25
Класс С: 15-30
Оптикалық жол бойымен максималды
шығыншығуы, дБ
15
Тос 336115 талшықтың түрін
қолдайтын жәнеТос 336115 байланыс
линиясына талап
ITU G.652стандарты бірмодалы талшық
нөлдік дисперссиямен 1310 нм
(OLT) орталық түйінен өтетін,бір талшыққа
қосуға болатын (ONU) абоненттік
түйіндердің аз саны
32
Максимальды арақашықтық OLT - ONU
20 км
Оптикалық байланыстардың түрі PON
SC- PC немесе FC - PC кері
шағылукоэффициентімен-35 дБ
Оптикалық компоненттерге
талап(тармақталғандар, байланысатындар,
демультиплексорлар WDM)
G.671ұсынысына келісілген

PON технологиясы (passive optical networks) - талшықты оптика бойынша,
көп жолақты мультиқызметті көптік қатынауда болашағы ең зор технология
болып табылады.
PON идеясының негізі - ONT көптік абоненттік құрылғыларда ақпаратты
тарату үшін және олардан ақпаратты қабылдау үшін , OLT орталық түйінінде
бірғана қабылдап -тарату модулін пайдалануында.
OLT (Optical line Terminal)- орталық құрылғы, ағындарды терминалдық
құрылғылардан ғимараттарға агрегаттайды.

ONU (Optical Network Unit)
немесе (Optical network terminal) -

терминалдық құрылғы, ғимараттарда орнатылады, шеткі абоненттерді қатынау
порттарымен қамтамасыз етеді. ONT, OLT және ONU сұлбасы 1.12-суретте
көрсетілген.

1.12-сурет. ONT, OLT және ONU

PON архитектурасының артықшылықтары:
аралық активті түйіндердің жылдамдығы;
орталық түйінде оптикалық қабылдап-таратқыштарға экономияның
болуы;
талшықтарға экономия;
жаңа абоненттердің қосылуының оңайлылығы және қызмет жасаудың
оңайлылығы.

1.13-сурет. PON желі архитектурасы

29

2 Ақтау сити бөлігінде GPON технологиясын енгізуді зерттеу

2.1 GPON технологиясы

Бүгінгі таңда, шағын елді мекендерде де заманауи телекоммуникациялық
қызметтерді ұсынудың жалғыз шешімі талшықты оптикалық байланыс желісі
(ВОЛС) болып отыр. Егер бұрынғы кезде телефония мен ШПД қызметтерін
ұсыну үшін мыс сымдары арқылы және радиотехнологияларды пайдалана
отырып, мәліметтерді жіберуге аз ғана жылдамдық жеткілікті болса, ал қазіргі
кезде заманның талабына сай телекоммуникациялық компаниялармен
бәсекелестік заманауи талаптарды жеңу үшін міндетті түрде IP-TV сияқты жаңа
қызмет түрлерін енгізіп, интернет жылдамдығын жоғарылату керек. Мысалға,
біздің Қазақстанда, бүгінгі таңда Қазақтелеком компаниясынан интернет
желісіне кіру жылдамдығы 100 Мбсек болатын ID-net тарифі,сондай-ақ
10Мбсекундті қажет ететін IP-телекөрсетілім талап етіледі. Алайда, алдағы
уақытта FullHD сапа мен стереобейне, сонымен қатар SSD қатты дискіге ауысу
және1 Гбитсек жылдамдықты каналы актуалды(өзекті) болатындығын ұмытпау
қажет.
Словенияда (компанияның шыққан жері Искрател) мұндай жылдамдықтар
абонентке дейін белсенді қолданылуда, ал жаңа абоненттерді іске қосу Р2Р
технологиясы бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Әлемнің көптеген ірі
компанияларында бұдан Әрі қарай сымды линия байланыс құрылысына
материалдық құралдардарды шығармау туралы шешім қабылданғанын атап
өткен жөн.
Біздің заманымызда жоғары жылдамдықтағы жоғары технологияларды
ауыл тұрғындарымен қоса, барлығы қажет етеді, бірақ, өкінішке орай, Әзірге
ТМД елдері аумағында, көбінесе ауылдық жерлерде интернет жылдамдығы мен
қосымша қызмет көрсетулер бойынша заманауи талаптарды
қанағаттандырмайтын ADSL, EVDO, тіпті dial-up технологиялары қолданылады.
Мұның себебі, қаламен салыстырғанда ауылдарды заманауи байланыс желісімен
қамтамасыз ету әлдеқайда қиын, өйткені халықтың аз шоғырлануы қызмет
көрсетулерге деген сұраныстың аз болуына Әкеліп соқтырады, сондықтан да
көбінесе жобалар ақталмай қалады. Бұл мәселеде мен ауылдық байланыс желісін
құрастыру үшін FTTH технологиясын қолдану туралы мәселені қарастырамын.
Мәселеде мен көптеген телекоммуникациялық компаниялар үшін экономикалық

жағынан тиімді болатын FTTH
технологиясы бойынша заманауи

жоғарыжылдамдықты оптикалық желіні ауылдық жерлерде орнату бойынша
техникалық шешімді қолданудың тиімді жағын қарастыруды жөн көрдім.
Техникалық шешім ауылдық елді мекендерде заманауи жоғары
жылдамдықты оптикалық желі байланыс құрылысын сипаттайды.Осы
технологиялық шешімнің пайдаланылуын іске асыру нәтижесінде барлық
абоненттер Triple Play қызметіне қосылады, соның арқасында телекөрсетілім,

30

кеңжолақты қолжетімділік пен телефония қызметіне деген сұраныс, сондай-ақ
қолданыстағы абоненттерді оптикалық байланыс желісіне ауыстыру арқылы
телекоммуникациялық компаниялардың экплуатациялық шығындарын
оңтайландыру толығымен қанағаттандырылады деп жорамалданады. Ауылдың
келеңсіз жағдайларына, яғни абоненттердің аздығына, электр тогының
тұрақсыздығына, өзіндік құнның төмен болуына қарамастан, қазір заманның
талабына сай оптикалық желілерді құрудың оптималды технологиясы - GPON
таңдалған.
GPON - экономикалық жағынан үнемді, ақпараттың кең жолақты берілуін
қамтамасыз ететін түйіндерде енжар оптикалық таратушыларымен бұтақтәрізді
архитектураға негізделген қолжетімділіктің тарату желісі. Сонымен қоса, PON
архитектурасы өткізу қабілеті және желі түйіндері мен ұзартудың қажетті
тиімділіктерін иеленеді.
PON архитектурасының негізгі ойы - ақпаратты көптеген абоненттік
құрылғыларға ONU тарату үшін және олардан ақпаратты қабылдау үшін OLT
қабылдаушы тартушы модулінің қолданылуы.
Абоненттердің нақты жерде орналасуы арқылы PON топологиясы,
оптикалық тармақтардың орналасуын оптимизациялауға және оптикалық
кәбілдің салынуына кететін шығындарды оптимизациялауға, кәбілдік желіні
эксплуатациялауға мүмкіндік береді.
GPON технологиясының жалпы сипаттамасы. G-PON (Gigabit-capable
Passive Optical Network) - A-PON технологиясының түрленген пассивті
оптикалық желiлер технологиясы. Сонымен қатар PON ның барлық
технологияларына тән қасиет бар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
GPON кең жолақты қатынау желісін құру принциптері
PON - пассивті оптикалық тармақтартаушылар технологиясы
Оптикалық арналарды спектрлі бөлуші
PON - пассивті оптикалық желі
GPON желісінің құрылысы
Оптикалық тасымалдау желісі
«Капитал-телеком» ЖШС-гі жөнінде мағлұмат және оның қызметі
GPON технологиясында қолданылатын құрылғылар
Кабельдік теледидарлы желі технологиясы
PON желінің трафигін есептеу
Пәндер