WEB-порталдың мобильді қосымшасын құру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Айтымбет Е. C.

WEB-порталдың мобильді қосымшасын құру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 5B070300-«Ақпараттық жүйелер»

Алматы 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

« »

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісінің У. А. Тукеев

м. а.

«WEB-ПОРТАЛДЫҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫН ҚҰРУ» тақырыбына жазылған

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5B070300-«Ақпараттық жүйелер»

Орындаған

(қолы)

Е. С. Айтымбет
Орындаған:

Ғылыми жетекші

аға оқытушы

(қолы):

(қолы)

Е. С. Айтымбет: С. З. Сапақова
Орындаған: Норма бақылаушы
(қолы):

(қолы)

Е. С. Айтымбет: А. К. Самбетбаева


Түйіндеме

Дипломдық жұмыс 53 бeттен, 47 сурeттен, 13 қолданылған әдeбиeттeн жәнe бір қосымшадан тұрады.

Кілттік сөздeр: Android, Android Studio, Мәліметтер қоры, Java бағдарла-малау тілі, SQLite, SDK, NDK, XML, Google компаниясы, Apple компанясы, Play Market, App Store.

Дипломдық жұмыстың зeрттeу объeктісі: Онлайн сатып алу.

Жумыстың максаты: Онлайн сатып алуды жүзеге асыратын мобильді қосымша құру.

Жұмыс нәтижeсі: Unimax. kz web-порталының Android ОЖ-не мобильді қосымшасы құрылды.

Жұмыстың нeгізгі сипаттамалары: Мобильді қосымша unimax әмбебап интернет-дүкеннен онлайн режимде тауарлар сатып алуға және дүкеннің жаңалықтары мен жеңілдіктерін көруге мүкіндік береді.

Бірінші тарауда Android операциялық жүйесінің түсініктемесі, мобильді қосымшаның ресурстары, Java бағдарламалау тілі туралы ақпарат берілді.

Eкінші тарауда android ОЖ-не қосымшаны құруға арналған Android Studio 2. 0 RC бағдарламалау ортасында жұмыс жасау сипатталды.

Үшінші тарауда мобильді қосымшаны құру барысы және қосымшаның жұсмыс істеу қағидалары баяндалды.

Рeфeрат

Дипломная работа состоит из 53 страниц, 47 рисунков, 18 источников и 1 приложения.

Ключeвыe слова: Android, Android Studio, База данных, язык программи-рования Java, SQLite, SDK, NDK, XML, компания Google, компания Apple, Play Market, App Store.

Объект исследования: Онлайн покупка.

Цель работы: Разработать мобильное приложения для онлайн покупки.

Результат: Разработана мобильное приложение web-портала unimax. kz для ОС Android.

Основные характеристики работы: Данное мобильное приложeниe позволяет совершать покупки, просматривать скидки и новинки через универсальный интернет-магазин unimax в режиме онлайн.

Первая глава содержит основные понятия и определения мобильного приложeния, опирационной системы Android, рассматриваются ресурсы приложения и язык Java.

Во второй главе рассматривается работа на интегрированной среде разработки Android Studio 2. 0 RC предназначенная для разработки на ОС Android.

В третьей главе описывается практическая разработка и принципы работы мобильного приложения.

Аbstrаct

The dіplomа work consіsts of 53 pаges, 47 fіgures аnd 1 аppendіces. The lіst of references іncludes 18 nаmes of sources.

Key words: Android, Android Studio, Database, Java programming language, SQLite, SDK, NDK, XML, Google Inc., Apple Inc., Play Market, App Store.

The object of the study: Online buying.

The purpose of this paper: The development of mobile application for online shopping.

Result: It was developed mobile application of web-portal unimax. kz for OS Android.

Main characteristics of the work: This mobile application allows to do shopping, view prices and trends through a universal online store unimax.

Fіrst chаpter contаіns the mаіn concepts аnd defіnіtіons of mobile application, OS Android, discusses application resources and progrаmmіng lаnguаge Java.

The second chapter reviews the work on an integrated development environment Android Studio 2. 0 RC is designed for the development of Android OS.

The third chapter describes the development and practical principles of mobile applications.

Бeлгiлeулeр мeн қысқaртулaр

AЖ - Aқпaрaттық жүйe;

ҚҚ - Қолданбалы қосымша;

ОЖ - Опeрaциялық жүйe;

ДҚ - Деректер қоры;

ДҚБЖ - Дeрeктeр қорын бaсқaру жүйeсi;

SQLite - құрылымдaнғaн сұрaныс тiлi.

WEB-жeлiлiк сeрвeр бiрлeстiгi

XML- грaфикaлық фaйл

Мазмұны

КІРІСПЕ8

1 ҚОСЫМШАНЫ ҚҰРУ ҚАҒИДАЛАРЫ10

1. 1 Android оперциялық жүйесі10

1. 2 Android - ты қолданатын құрылғылардың мүмкіндіктері. 13

1. 3 NDK - қосымшаын өңдеу фреймворкі14

1. 4 Android бағдарламалық стегі14

1. 5 AndroidManifest. xml - тің қызметі16

1. 6 Қорлар16

2 ҚОСЫМШАНЫ БАҒДАРЛАМАЛАУ ҚҰРАЛЫ19

3 ҚОСЫМШАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛЫМЫ27

3. 1 Жаңалықтар фрагменті28

3. 1. 1 Жаңалықтар тізімі фрагменті28

3. 1. 2 Жаңалықтың толық ақпараты32

3. 2 Тізімдеме фрагменті33

3. 2. 1 Тізімдеме бойынша іздеу33

3. 2. 2 Тауарлардың тізімдеме бойынша бөлінуі37

3. 2. 3 Тауардың толық ақпараты38

3. 3 Жеңілдіктер фрагменті40

3. 3. 1 Жеңілдіктер берілген тауарлар тізімі40

3. 4 Мәзір фрагменті43

3. 4. 1 Жүйге кіру фрагменті43

3. 4. 2 Жүйеге тіркелу фрагменті45

3. 4. 3 Себет фрагменті46

3. 4. 4 Менің тапсырыстарым фрагменті49

3. 4. 5 Таңдамалы тауарлар50

3. 4. 6 Қосымша туралы ақпарат фрагменті51

ҚОРЫТЫНДЫ52

ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEР ТIЗIМI53

ҚОСЫМША54

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда мобильді опреациялық жүйесінің нарығы өте үлкен көлемге жетіп отыр және жылдан жылға ұлғайып келеді. Смартфондар біздің өмірімізге етене араласып, қолданушылардың аудиториясы есепсіз көбеюде және де смартфондардың сатылу көлемі тоқтаусыз өсуде. Бұл жағдайдың орын алуының бірден-бір себебі бағасы арзан, бірақ саны көп құрылғылардың шығуы болып табылады. Бұл құрылғылардың бағасы арзан және жоғары немесе орташа бағалы сегментке орын бергенімен де көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Бірақ олардың сапасы жоғарылап келеді, ал бағасы керісінше арзандауда.

Бүгінге орай нарықтағы негізгі ірі компаниялардан Apple және Google - ды, сәйкесінше iOS және Android операциялық жүйелерімен атап айтса болады. Gartner зерттеу компанисының 2015 жылдың желтоқсан айындағы есебі бойынша Android ОЖ қолданушыларының үлесі 76% құраса, iOS ОЖ қолданушыларының үлесі 20. 4% құрайды. Зерттелген тоқсан барысында 3673346 дана сатылған болатын. Сатылым бойынша үшінші орынды Microsoft компаниясының Windows Phone өнімі 2, 8% үлесімен алып отыр.

Жоғарыда көрсетілген ОЖ - лер үшін қосымшалардың сатылымы арнайы интернет-дүкендерде орындалады. Қосымшалардың интернет-дүкендері: Google Play (Android, Google), App Store(iOS, Apple) және Market Place (Windows Phone) . Нарықтағы құрылғылардың санының және сатылымының аздығынан Microsoft компаниясының платформасы кейіннен бұл жұмыста қарастырылмайды.

Android - тың құрылғылар нарығында санының көптігіне қарамастан, App Store Google Play - ге қарағанда бағдарлама құрушылар үшін табыстырақ. Себебі 2015 жылдың бірінші тоқсанында App Store-де қосымша орналастырған бағдарлама құрушылардың табыстарының қосындысы Google Play-де қосымша орналастырған бағдарлама құрушылардың табысынан 85%-ға көп. Жүктеу саны керісінше Google Play жақта App Store-ға қарағанда 45%-ға көбірек. Бұның себебі, iOS тек Apple-дің өзімен ғана таралады және ол жылына тек бір классты жоғары бағалы сегментке жататын құралғы шағарады («топтық» смартфон, «бюджеттік смартфон», 7 және 10 дюймдық планшеттер) . Ал Android-қа құрылғылар бағалары әртүрлі болып келетін өзге өндірушілермен де өндіріледі. Бағасы арзан құрылғылардың көп болуынан Google компнаниясының операциялық жүйесі экономикасы дамыған аймақтарда кең таралған және сол аймақтарда сатылымнан көш бастап келеді.

Осы жобаны жасауға Google компаниясының платформасы, яғни Android тиімді болып тұр, себебі жобадағы қолданбалы қосымша жүйенің интерфейсін өзгертетін категорияға жатады және де Google Play-де жеңіл жарияланады. Қосымшаны орналастыру 8000 теңге, ал App Store-де қосымшаны орналастыру 36000 теңгені құрайды және жариялануы ұзақ уақытты алады.

Құрастырылып отырған қолданбалы бағдарлама web-порталдың функциналын мобильді құрылғыға толықтай көшіреді. Web - портал ретінде unimax. kz универсалды интернет - дүкені таңдалды. Қосымша арқылы қолдану-шылар кез- келген жерде керекті тауарларын сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

Бұл типтегі қосымша Google Play - де сатылымдар критериіне жатады. Сатылымдар критерийіндегі қосымшалар бизнесті интернетте жүргізуге кең қолданылады. Желіде саудамен айналысатын алып компаниялардың барлығы дерлік мобильді қосымша жасауды қолға алған, мысалы Amazon, Lamoda және т. б компаниялар.

1 ҚОСЫМШАНЫ ҚҰРУ ҚАҒИДАЛАРЫ

  1. Android оперциялық жүйесі

Android - смартфон, планшет, қолсағат, нетбуктарға арналған ОЖ. Google компаниясы Android inc бағдарламалық жасақтамасын құрастырушысын 2005 жылы иеленген. Android операциялық жүйесі Linux модифицирленген ядросына және Google компаниясының Java - ны жеке реализациясының негізінде құралған.

Android ОЖ қосымшасы java - қосымшадан және Jit компиляторы бар Dalvik виртуалды машинасында орындалатын библиотекалардан тұрады. Қосымшалар құрылғыға компилияцияланбаған архив болып табылатын . APK форматында орнатылады. Dalvik виртуалды машинасының мақсаты ҚҚ қосылған кездегі қосымша кодын компиляциялау. Кітапханалардың құрамына басқару жүйесі, OpenGL ES 2. 0 графика, WebKit қозғалтқышы, SGL графикалық қозғалтқышы, SSL және Bionic кітапханасы кіреді (1. 1-сурет) .

Android KitKat версиясының шығуымен құрастырушы мәзірінде ғана қолжетімді Dalvik іске қосу ортасынан басқа да ортаоларды пайдалану мүмкіндігі туды. Мәселен ART (Android Runtime)

ART - ның негізгі артықшылығы қосымшаның компиляцияның қосымша орнатылып жатқан кезде болады, бұл негізгі процессорға түсірілетін жүкті жеңілдетеді. Бірақ бұл әдістің тиімсіз жақтары да бар, олардың бірі қосымшаның жадыдағы алатын орынының көбеюі және кейбір ҚҚ - лардың дұрыс компиляцияланбауы. Бұл жағдай құрастырушылардың адаптация жасауына алып келеді. Бұл жаңа әдістің негізгі кемшілігі қосымшаның жүйеге орнатылу уақытының артуы болап табылады және әр қосымшаны жүйе жаңыртылған кезде қайта компиляцияланып отыру керек. Белсенгі қолданылатын құрылғылар жүйе жаңартылған кезде бір сағаттан аса жүктеледі. Бұдан бөлек ОЖ жаңа нұсқасында OpenGL ES 3. 0 қоданысы енгізілді. Бұл қолданыс үлкен көлемді объектілерді құруға мүмкіндік туғызып отыр [1] .

Google құрастырушылар үшін тегін жүктелетін құруға арналған құралдар сайманын (Android SDK) ұсынады. Бұл құралдар сайманы Windows (XP және одан жоғары) х86-машиналары, Mac OS X (10. 4. 8 немесе жоғары) және Linux - қа арналған. Сондай-ақ құрастыру үшін 5 - 7 нұсқасындағы Java Ddevelopment Kit (JDK) орнатылған болуы міндетті. Одан бөлек Eclipse үшін 3. 3 - 3. 5 нұсқадағы “Android Development Tools” (ADT), IntelliJ IDEA үшін плагиндары бар. Және де ресми Android Studio бағдарламалау ортасы ұсынылады. Бұл орта IntelliJ IDEA - ға негізделіп жасалынған және жоғарыдағы айтылған орталарға балама.

https://lh4.googleusercontent.com/pCPpT_kAdav1AcjVZyWYPa1nlTGL9dOn0xpBuXGwW4Wx3YMESPxYZBYwQf-Xd7dvX_g8McSAK6puiaibn1yxY6fTISaIAiQ9_iZk3tHGADtWgQGMHa8C3fYtsmJ_2elOmdNU38nZ

1. 1-сурет. Android ОЖ архитектурасы

1. 1-сурет негізінде Android ОЖ - ны келесідей деңгейлерге бөлуге болады.

- Қосымшалар деңгейі (Applications) - Android- тың құрамына базалық қосымшалар кіреді: электрондық аоштаның клиенттері және SMS, күнтізбе, әртүрлі карталар, браузер, контактілерді басқару және басқа да көптген бағдарламалар. Android плаформасында іске қосылатын қосымшалардың барлығы Java тілінде жазылған.

- Қосымшаның қаңқа деңгейі (Application Framework) - Android ядро қосымшаларында қолданылатын API - дың бүкіл қуатын қолдануға мүмкіндік береді. Бұл деңгейдің архитектурасы келесідей, кез - келген қосымша басқа қосымшаның жүзеге асырылған мүмкіндіктерін қолдана алады, бірақ бір шарты соңғы айтылған қосымша өзінің функцианалдығын қолжетімді ету керек. Осылайша, архитектура ОЖ және қосымшаны көб рет қолдану принципін жүзеге асырады. Барлық қосымшалардың негізі жүйе және қызмет жиынтығы болып табылады.

  • Көрсетілім жүйесі (View System) - кеңейтілетін функцияналдығы бар өте бай көрсетілімдер жиынтығы. Ол қосымшаның тізім, кесте, енгізу алаңдары, батырма және т. б. компоненттерден тұратын ішкі бейнесін құру қызметін атқарады.
  • Контент - провайдерлері (Content Providers) - қосымшаларға өзге қосымшалардың мәліметтеріне қолжетімділік және де қосымшаның өз ақпаратын өзге қосымшаларға қолжетімділігін беретін қызмет.
  • Қорлар менеджері (Resource Manager) жолдық, графикалық қорлардың басқада типтеріне қолжеткізуге мүмкіндік береді.
  • Хабарлама менеджері (Notification Manager) кез келген қосымшаға қолданушының хабарламаларын статус жолында көрсетуге мүмкіндік береді.
  • Әрекет менеджері (Activity Manager) қосымшаның өмірлік кезеңін басқаруға және әрекеттер жұмысының тарихы бойынша орналасу жүйесін ұсынады.

- Кітапханалар деңгейі (Libraries) - Android платформасында ОЖ - нің әртүрлі компонеттерімен қолданылатын C/C++ тілінің жиынтығын бар. Құрастырушылар үшін бұл кітапханардың фукцияларына қолжетімділік Application FrameWork арқылы жүзеге асады. Төменде солардың кейбіреулері көрсетілген:

  • System C Library - Linux жүйесіне негізделген қойылатын құрылғыларға арналған С (libc) жүйенің стандартты кітапханасының BSD-орындалуы.
  • Media Libraries - PacketVideo‘s OpenCORE -қа негізделген, танымал (MPEG4, H. 264, MP3, AAC, AMR, JPG, PNG және т. б. ) аудио және видео форматтарын орындауға мүмкіндік беретін кітапхана.
  • Surface Manager - беттік менеджер 2D және 3D графикалық қабаттарды көрсету жүйесіне қолжетімділік беруді басқарады.
  • LibWebCore - орнатылған Android - браузердің web - браузердің заманауи қозғалтқышы.
  • SGL - 2D графикамен жұмыс жасауға арналған қозғалтқыш
  • 3D libraries - OpenGL ES 1. 0 API - ге негізделген 3D - мен жұмыс жасауға арналған қозғалтқыш
  • FreeType - шрифттермен жұмыс істеуге арналған кітапхана
  • SQLite - реляционды МҚ - мен жұмыс істеуге арналған құатты жеңіл қозғалтқыш

- Орындалу ортасының деңгейі (Android Runtime) - Android- тың құрамына ядро кітапханаларының жиыны кіреді. Ол кітапханалардың көпшілігі JAVA тілі ядросы кітапханаларының функцианалды бөлігін көрсетеді. Платформа регистрге бағытталған оңтайландырылған Dalvik виртуалды машинасын қолданады. Ал стандартты Java - ның виртуалды машинасы стекке бағытталған. Әрбір қосымша виртуалды машинаның өзіндік экземплярымен жеке өзінің процессінде жүргізіледі. Dalvik виртуалды машинасы қосымша жадының аз көлемін пайдалануға оңтайландырылған Dalvik Executable (*. dex) форматын пайдаланады. Бұл Linux ядросының базалық функцияларын пайдалумен, яғни ағындық өңдеу ұйымдастыру және жадыны төмендеңгейлік басқару функцияларын басқарумен жүзеге асады. Біздің қосымшалар жазылған Java байт-код SDK-ның құрамына кіретін dx- утилитасының көмегімен dex - форматына компиляцияланады.

- Linux ядросының деңгейі (Linux Kernel) Android Linux ОЖ- ның 2. 6 нұсқасынына негізделген, сондықтан платформаға ядроның жады және процессорды басқару, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, желімен және драйверлермен жұмыс жасау сияқты жүйелік қызметтеріне мүмкіндік алады. Сондай-ақ ядро аппараттық және программалық жабдықтың арасындағы абстракция қабаты болып табылады.

Құрастырушылар үшін келесі кітапханалар қолжетімді:

  • Bionic - libc - мен сәйкес келмейтін стандартты фукциялардың кітапханасы.
  • SSL - шифрлеу.
  • Media Framework (PacketVideo OpenCORE, MPEG4, H. 264, MP3, AAC, AMR, JPG, PNG) .
  • Surface Manager.
  • LibWebCore (WebKit негізінде) .
  • SGL - 2D- графика.
  • OpenGL ES - 3D графика.
  • FreeType - шрифтілер.
  • SQLite - жеңіл әрі құатты МҚБЖ.

Linux ОЖ - ның басқа қосымшаларын қарағанда Android - тың қосымшалары ережелерге бағынады:

  • Content Providers - қосымшалар арасында мәліметтер алмасу.
  • Resource Manager - XML, PNG, JPEG сынды ресурсттарға қолжеткізу
  • Notification Manager - жағдайлар тақтасына қолжетімділік
  • Activity Manager - белсенді қосымшаларды басқару
Android - ты қолданатын құрылғылардың мүмкіндіктері.

Android-тің өңдеу ортасы сияқты басты қымбаты оның API болды. Android қосымшаларға бейтарап платформа болып, телефонның ажырамас бөлігі, бағдарламаларды құруға мүмкіндік береді. Келесі тізім Android мінездемесін безендіреді: - лицензияны қолдану, тарату мен өңдеуге кететін шығынның болмауы, сондай-ақ дайын бағдарламалық өнімнің сертификаттау механизмі:

- Wi-Fi-құрылғыларға қолжетімділік;

- телефония мен деректерді жіберуге арналған GSM, EDGE және 3G желілерінде, қоңырау шалып, қабылдауға болады және SMS жіберіп, қабылдауға болады;

- навигациялы қызметтермен жұмыс істейтін комплексті API, мысалы GPS; 22

- мультимедиялық құрылғылардың толық бақылауы, оған тағы камера мен микрофоннан ақпаратты жазу немесе орындау жатады ;

- сенсорлық құрылғылармен жұмыс істеуге арналған API;

- IPC-хаттамаларды жіберу;

- жалпы деректер үшін қойма;

- фондық қосымшалар мен процесстер;

- «Жұмыс үстелі» үшін виджеттер, тірі каталогтар (Live Folders) және Тірі тұсқағаз (Live Wallpaper) ;

- бекітілген WebKit браузер базасындағы ашық алғашқы кодтар мен HTML5 қолдауымен орнатылған браузер;

1. 3 NDK - қосымшаын өңдеу фреймворкі

Android платформасы үшін қосымшаның бағдарламалау тілі - Java. Бірақ олар классикалық Java VM-де емес, ерекше Dalvik виртуалды машинада жасалынады. Android үшін әрбір қосымша Dalvik машинасының ішінде бөлек процессте функцияланады. Жады мен басқару процесстеріне барлық жауапкершілік Android-қа негізделген. ол ресурстарды босату керек болса процесстерді тоқтатады немесе өлтіреді. Dalvik пен Android Linux ядросының шыңында орналасқан. Ол драйверлер мен жадыны басқару жұмысын қоса, аппараттық қамтамасыз етумен төмеңгі деңгейлі байланыспен айналысады. Android Native Development Kit (NDK) C/C++ тілінде Android - қосымшаларын өндеуіне мүмкіндіктер туғызады. Бұл мүмкіндік нативті платформаға жазылған кодты пайдалануға қажеттілікті толықтрады, немесе кодттың критикалық кескіндерін орындауды тездетеді [2] .

1. 4 Android бағдарламалық стегі

Android бағдарламалық стегінің элеметтері 1. 1-суретінде көрсетілген. Оның толық сипатталуы төменде қарастырылған. Фреймворк қосымшасында қолжетімді, оларды Linux ядро комбинациясы мен C/C++ кітапханасының жиынтығы ретінде жеңілдетілген көрсетуге болады. Соңғысы жұмыс ортасы мен қосымшаның басқаруы мен функционалдығын қамсыздандырады.

Linux ядросы. Жүйелік қызмет жұмысын (құрылғалардың драйвері, процесстер мен жадымен басқару, қуат көзімен, қауіпсіздік, жүйелік қызметтер ) Linux 2. 6 нұсқа ядросы қамсыздандырады. Ол тағы аппараттық салындысы мен қалған бағдарламалық стектің арасындағы абстракция деңгейіне жауап береді. Android-тің жұмыс ортасы. Android платформасындағы телефонды ерекше қылатын Linux ОЖ-нің мобильді нұсқасы емес, Android жұмыс ортасы болып келеді. Оның ішіне ядро кітапханасы мен Dalvik виртуалды машинасы кіреді, ал кітапханамен бірге фреймворк пен қосымшаның негізін қалайды.

Ядро кітапханасы. Android-қа арналған қосымшалар Java тілінде жасалса да, Dalvik - бұл виртуалды Java-машина емес. Android ядро кітапханалары Java ядро кітапханаларының негізгі функционалдығын қамсыздандырады, және де Android-қа тән бірегей функционалдығы.

Dalvik виртуалды машинасы. Dalvik - бұл регистрлер негізінде, құрылғы-да бірнеше қосымшаны бірден қосуға арналған виртуалды машина. Оның негізінде ағындардың жұмысы мен төмеңгі деңгейлі жадының басқаруын қамтамасыз ететін Linux ядросы бар.

Фреймворк қосымшасы. Фреймворк қосымшаны өңдеуде пайдаланатын класстардың жиынтығын қосады. Ол тағы да жабдыққа рұқсат ететін жинақталған абстрактты класстар ұсынады және қосымшаның пайдаланатын интерфейсі мен қорының басқаруын қамсызданырады. Қосымшаның деңгейі. Барлық орнатылған және орнатылмаған бағдарламалар, сол баяғы API кітапханасының қосымшаның деңгейінде өңделеді.

Dalvik виртуалды машинасы. Android құрауышының негізгілерінің бірі - Dalvik виртуалды машинасы. Классикалық Java ME (Java Mobile Edition) виртуалды Java- машинаның орнына, Android өзінің ВМ-сын қолданады. Dalvik ВМ-ның негізінде Linux ядросы тұр. Ол төмеңгі деңгейлі қауіпсіздік, ағындар, процесстер мен жадымен басқару функцияларын қамсыздандырады. Сіз тағы Linux ОЖ-де жұмыс істейтін C/C++ қосымшаларында жақа аласыз. бірақ ондай жағдай болғанымен оның еш қажеттіліг жоқ. Егер қосымша үшін C/C++ жылдамдығы мен жұмыс нәтижелілігі маңызды болса, Android нативті өңдеу ортасына (NDK) қолжетімділік береді. Ол С++ кітапханасын libc и libm кітапханаларын қоданумен рұқсат береді, сондай-ақ OpenGL-ге нативті қолжетімділікпен қамсыздандырады. Аралықтағы қабат болып табылатын, Android жүйелік қызмет пен құрылғыларға қолжетімділік Dalvik виртуалды машина арқылы жүзеге асырылады. Басқарылатын жүйе үшін бағдарламалық кодтың орындалуы ВМ қолдану арқылы, өңдеушілер абстракция деңгейін өз билігіне алады. Бұл оларға құрылғылардың конструкциясы туралы уайымдамауына рұқсат етеді. Dalvik ВМ-сы жадыны минималды қолдануға оптимизацияланған форматтағы орындалған файлдарды жүргізеді. Сіз . dex кеңейтумен файлды Java тілінде жазылған класстарды компиляциялау жолымен, өңдеу ортасы құрамына кіретін құралдары арқылы жасайсыз.

Android қосымшаларның құрамы [3] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауда Интернет жүйелері
Электронды пошта желісі
Зерек оқыту орталығының веб- порталын құру
Мобильді қосымшаларды жобалау мен құрастырудың негізгі қағидалары
Интернет дүкендердің жетістіктері мен кемшіліктері
Спорт тақырыбына арналған веб - портал құру
Кеңейтілген шынайылық технологиясы
Компас сервис орталығының сипаттамасы
Android белсенділігінің өмірлік циклі
RFID ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz