Кәсіпорынның қаржы бөлімі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Дарынбай К. Қ.

«1С: Кәсіпорын 8. 2» жүйесінде бюджеттеу модулін құру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық

қамтамасыз ету

Алматы 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Инженерлік» факультеті

«Ақпараттық технологиялар, математика және физика» кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: 1С: Кәсіпорын 8. 2» жүйесінде бюджеттеу модулін құру

Беттер саны

Сызбалар мен көрнекі

материалдар саны ___

Қосымшалар ___

Орындаған Дарынбай Камила Қамбарқызы

2018 ж. «» қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі

ф. -м. ғ. д., профессор

Серикбаев А. У.
Кафедра меңгерушісіф. -м. ғ. д., профессор:

Жетекші

аға оқытушы

:
Серикбаев А. У.: Дильмагамбетова Б. М.
Кафедра меңгерушісіф. -м. ғ. д., профессор: Арнайы тараулар кеңесшілері:
:
Кафедра меңгерушісіф. -м. ғ. д., профессор:

Экономикалық бөлім

аға оқытушы

:
Серикбаев А. У.: Карымсакова Ж. К.
Кафедра меңгерушісіф. -м. ғ. д., профессор:

Еңбек қорғау бөлімі

т. ғ. к., қауымдастырылған

профессор

:
Серикбаев А. У.: Жанашев И. Ж.
Кафедра меңгерушісіф. -м. ғ. д., профессор:

Норма бақылау

ф. -м. ғ. к., қауымдастырылған

профессор

:
Серикбаев А. У.: Киргизбаева Б. Ж.
Кафедра меңгерушісіф. -м. ғ. д., профессор: Сарапшы
:
Серикбаев А. У.:

Алматы 2018 ж.

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Инженерлік» факультеті

мамандығы 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық

қамтамасыз ету

«Ақпараттық технологиялар, математика және физика» кафедрасы

Дипломдық жұмысты орындау

ТАПСЫРМАСЫ

Студент Дарынбай Камила Қамбарқызы

Жұмыс тақырыбы: 1С: Кәсіпорын 8. 2» жүйесінде бюджеттеу модулін құру

Университет бойынша 201 8 ж. «___» № бұйрығымен бекітілген

Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 201 8 ж. «___»

Жұмыстың бастапқы деректері:

1. негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебі формасының ақпараттық деректері;

  1. валюталық операциялар есебінің сипатталуы формасының деректері;
  2. бюджетпен есеп айырысу формасының деректері;
  3. көп деңгейлі шоттар жоспарымен жинақтамалы есеп жүргізу формасының деректері;
  4. «Кәсіпорынның бюджетін жоспарлау» бойынша шығыс мәліметтерінің деректері;
  5. бір деректер базасымен бірнеше кәсіпорындарда есеп жүргізу (желілік) формасының деректері.

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:

1. Мекеменің Есеп бөлімінің бөлімшесін зерттеу материалдары.

2. Автоматтандырылған жүйенің концепциясын құрастыру.

3. Деректер базасын құру тәсілдері.

4. Дипломдық жұмыстың бағдарламалық қамтамасыздандыруын құрастыру.

5. Еңбек қауіпіздігі;

6. Жұмыстың экономикалық тиімділігі.
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

  1. Смирнова Г. Н., Сорокин А. А., Тельнов Ю. Ф. Проектирование экономических информационных систем. - Москва: Финансы и статистика, 2015.
  2. Хоменко А. Д. Автоматизированные системы. Учебник для Вузов. - Москва: Технология, 2013.
  3. Рудаков А. В. Технология разработки программных продуктов. - Москва: Академия, 2013.
  4. Васючков Е. Ф., Сапа Т. И. 1С:Предприятие 8. Бухгалтерский учет для Казахстана. Алматы, 2017.
  5. Н. Рязанцева, Д. Рязанцев 1С: Предприятие 8. 2. Управление производственным предприятием. Санкт-Петербург, «БХВ-Петербург», 2016.
  6. Хомичевская В. Переходим на 1С: бухгалтерия 8. 0. Санкт-Петербург, Питер, 2012.

Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Тарау: Экономикалық бөлім
Кеңесші: Карымсакова Ж. К.
Мерзімі: 16. 04. 2018
Қолы:
Тарау: Еңбек қорғау бөлімі
Кеңесші: Жанашев И. Ж.
Мерзімі: 11. 05. 2018
Қолы:

Кафедра меңгерушісі

ф. -м. ғ. д., профессор

Серикбаев А. У.
Кафедра меңгерушісіф. -м. ғ. д., профессор:

Жетекші:

аға оқытушы

:
Серикбаев А. У.: Дильмагамбетова Б. М.
Кафедра меңгерушісіф. -м. ғ. д., профессор:

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент

:
Серикбаев А. У.: Дарынбай К. Қ.

«06» қараша 20 17 ж.

Дипломдық жобаны орындау

ГРАФИГІ

Өңделетін сұрақтар және бөлім тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
№: 1
Өңделетін сұрақтар және бөлім тізімі: Пәндік облысты сипаттау
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 22. 01. 2018
Ескертулер:
№: 2
Өңделетін сұрақтар және бөлім тізімі: Дипломдық жұмыстың ақпараттық жүйесін жобалау бөлімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 12. 02. 2018
Ескертулер:
№: 3
Өңделетін сұрақтар және бөлім тізімі: Жұмыстың бағдарламалық қамтамасыздандыруы
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 05. 03. 2018
Ескертулер:
№: 4
Өңделетін сұрақтар және бөлім тізімі: Экономикалық бөлім
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 16. 04. 2018
Ескертулер:
№: 5
Өңделетін сұрақтар және бөлім тізімі: Еңбек қорғау бөлімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 11. 05. 2018
Ескертулер:

Кафедра меңгерушісі

ф. -м. ғ. д., профессор

Серикбаев А. У.
Кафедра меңгерушісіф. -м. ғ. д., профессор:

Жетекші:

аға оқытушы

:
Серикбаев А. У.: Дильмагамбетова Б. М.
Кафедра меңгерушісіф. -м. ғ. д., профессор:

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент

:
Серикбаев А. У.: Дарынбай К. Қ.

КІРІСПЕ

Қазіргі жағдайда тауарлық саясатқа сәйкес кәсіпорын неғұрлым көп тауар шығарса, оған кететін шығын азырақ болады. Яғни бұл шығындардың азаюы өнім көлемінің масштабы заңдылығы бойынша жүзеге асады. Қазір тиімді жұмыс жасау үшін кәсіпорын әр уақытта бәсекелестерін бақылап, одан қалыспауға тырысуы қажет. Ол үшін өндірістік стратегиясы мықты, әрі тұрақты тиімді болуы шарт.

Соңғы бірнеше он жыл ішінде есептеуіш техникасының барлық аспектілерінде байқалған прогресс компьютерлерді қолдану облысының елеулі түрде кеңеюіне және олардың қолданушылар санының өсуіне алып келді. Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің ажыратылмайтын құрамдас бөлігі болып табылатын ақпаратқа қатынау мен ақпаратты сақтаудың әр түрлі жүйелері қазіргі қоғамның маңызды бір бөлігі болып табылады. Кәсіпорындағы бар ақпаратты компьютерлік негізге аударудың көптеген себептері бар, себебі клиент/серверлік технологияларды қолдана отырып, деректерді неғұрлым жылдам өңдеу және олардың сақталуын орталықтандыру процесі маңызды құралдарды сақтауға, ең бастысы, қажетті ақпаратты алуға кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар деректерге рұқсатты және енгізуді жеңілдетеді.

Ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және тиімді қолдану процестері кейіннен адам қызметінің барлық бағыттарында табысқа жетудің негізгі факторына айналды. Қазіргі уақытта бірде-бір ірі технологиялық мәселені үлкен ақпарат көлемі мен коммуникациялық процестерді өңдеусіз шешу мүмкін емес, сол себепті өндіріске прогрессивті технологияларды қолдану деңгейін анықтайтын ақпараттық жарақталуы қажет.

Сондықтан да кез келген кәсіпорынның кәсіпорын қаржысын жоспарлауды автоматтандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлген жөн, себебі кәсіпорынның қаражаттарын дұрыс жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыру мен реттеу кез келген кәсіпорынның табыстылығына өзінің ықпалын тигізеді. Кәсіпорынның қаржылық жоспарлауын автоматтандыру тапсырмасында жедел жинақтылық, ақпараттың бүтінділігі және сақтанушылығы, ақпаратты уақытысында өңдеу, ақпаратты рұқсатсыз қатынаудан сақтауды қамтамасыздандыру, ақпаратқа қатынау мүмкіндігін жоғарылату тапсырманың негізгі өзектілігі ретінде қабылданады.

Дипломдық жобаның мақсаты Қазақстан үшін 1С Бухгалтерия 8. 2-де бюджеттеу модулін құру болып табылады.

Зерттеу объектісі - «Ақ жайық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Дипломдық жоба мақсатымен сәйкес келесі есептер қойылады:

  • пәндік аймақты сипаттау;
  • кәсіпорында бюджеттік жоспарлау бойынша деректерді өңдеудің әрекет етуші жүйелерінің ресурстарын меңгеру, олардың кемшіліктерін табу және олардың алдын-алу бойынша шараларды ұйымдастыру;
  • жаңа ақпараттық жүйені құру үшін экономикалық есептің қойылымын құрастыру;
  • келіп түсіп жатқан ақпараттың толықтығына бақылау жасау;
  • деректер базасының негізінде кіріс ақпараттарды құру;
  • аппараттық және бағдарламалық құралдарды таңдау және негіздеу;
  • Қазақстан үшін 1С Бухгалтерия 8. 2-де бюджеттеу модулін құру;
  • жобаның экономикалық тиімділігін есептеу және негіздеу.

Құрастырылатын ақпараттық жүйе кәсіпорынның қаражаттарын дұрыс үлестіру жұмыстарын оңтайландыруға, мәліметтерді белсенді күйде қолдауға, нормативтік-анықтамалық ақпараттарды енгізуді жүзеге асыруға, әр түрлі есеп берулерді дайындауға, сонымен қатар сенімді, әрі толық ақпаратты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жұмыс құрылымы. Дипломдық жоба кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, қойылған мақсаттар мен есептер негізделеді, зерттеу объектісі анықталады. Бірінші бөлімде пәндік аймаққа сипаттама беріліп кетті және де онда зерттеліп отырған тақырыптың теориялық аспектілері бар, зерттеу объектінің әрекет етуші жүйелері (ақпараттық, техникалық және бағдарламалық қамтамасыздандыру) қарастырылып кетті. Екінші бөлімде есептің қойылымы, кәсіпорында бюджеттік жоспарлау ақпараттық жүйесіy жобалаудың негізгі кезеңдері, оның ақпараттық, бағдарламалық, техникалық қамтамасыздандырулары, сонымен қатар еңбекті қорғау және қызметкердің өмір қызметін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қарастырылып кетті. Үшінші бөлімде бағдарламаның құрылуы, тағайындалуы және орындалу шарттары, бағдарламалау ортасы, бағдарламамен жұмыс сипаты және бағдарламалық өнімнің шығыс формалары сипатталып кетті. Төртінші бөлімде жобаның экономикалық негіздемесі келтіріліп кетті, бағдарламалық өнімді құруға кететін шығындар анықталды және оны ендіруге кететін жалпы шығындарының есебі жүргізілді. Қорытынды бөлімінде ағымдағы дипломдық жоба тақырыбына қорытындылар жасалынады. Қолданылған әдебиеттер тізімінде жұмыс процесінде зерттелген әдебиеттер тізімі келтірілген. Қосымшада бағдарламалық өнімнің шығыс формалары мен бағдарлама листингі көрсетілген.

1 Талдау бөлімі

1. 1 Пәндік облысты сипаттау

Дипломдық жобаның зерттеу объектісі «Ақ Жайық» ЖШС болып табылады. «Ақ Жайық» ЖШС бидай, астық өңдеу саласындағы халықаралық серіктестіктердің бірі болып табылады.

Жалпы негізгі қызметі - бұл бидай өңдеу және дайын өнім ретінде шығару. Серіктестіктің қазіргі уақытта 5 фабрика, 6 цех кешендері бар. Олар Қазақстан Республикасының солтүстік және солтүстік-шығыс өлкелерінде орналасқан.

«Ақ Жайық» ЖШС стратегиялық мақсаты - бидай өндірісін оңтайландыру, ҚР-ның сапалы ұн өндіруші фабрикаларының ұжымына кіру, өндірісті ұлғайту жөніндегі жобаларды іске асыру жəне де Орталық Азиядағы ауқымды бидай игеру мүмкіншіліктерін кеңейтуге қатысу.

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бұл табыстар немесе пайдалардың соммасы. Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.

Кәсіпорындар қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда (делдалдық), дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.
Қандай кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды. Сондықтан кәсіпорын экономикасы негізгі объектісіне:

  • кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп өндірісінің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;
  • кәсіпорынның қаражат көздерін бағалау;
  • кәсіпорынның қаражат көздерінің ұтымды құрылымын қарастыру;
  • шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;
  • өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысын қаржыландыру;
  • өндірістік техникалық жағдайы мен қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;
  • өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі;
  • кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыруы.

Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың қажетті мақсаты - басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, шығындарды қаржыландыруға арналды.

Қазіргі уақытта кәсіпорынның қызметкерлер штатында 40-тан аса адам жұмыс істейді. «Ақ Жайық» ЖШС-нің ұйымдастырушылық құрылымы сурет 1-де көрсетілген және де кәсіпорын бөлімшелері мен лауазымдарының қысқаша сипаттамалары кесте 1-де сипатталған.

Сурет 1. «Ақ Жайық» ЖШС-нің ұйымдастырылу құрылымы

Кесте 1

Кәсіпорындағы бөлімшелер мен лауазымдардың қысқаша сипаттамалары

Лауазым
Қызметтері мен міндеттері
Лауазым: Кәсіпорын басшысы
Қызметтері мен міндеттері: кәсіпорынды басқару, құрылымдық бөлімшелердің өзара әрекеттілігі мен қызметтерін бақылау, ірі өтемшілермен және клиенттермен келіссөздер жүргізу
Лауазым: Цех басшысы
Қызметтері мен міндеттері: өнімді жүргізу, кәсіпорындағы цех бөлімінің жай-күйін бақылау және қадағалау
Лауазым: Техникалық қызмет көрсету бөлімі
Қызметтері мен міндеттері: оргтехника мен компьютерлік ремонт және техникалық қызмет көрсету
Лауазым: Материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі
Қызметтері мен міндеттері: кәсіпорынды оның өндірістік қызметіне қажетті барлық материалдық ресурстармен қамтамасыз ету, өндіріс шығындарын қысқарту мен максималды пайда табу мақсатында материалдық ресурстарды рационалды пайдалану
Лауазым: Кесте 1-дің жалғасы
Лауазым: Қаржы бөлімі
Қызметтері мен міндеттері: кәсіпорынның қаржылық стратегиясы мен қаржылық саясатын жүзеге асыру, қаржылық қорларды тиімді қолдану мақсатында кәсіпорынның қаржылық қызметін ұйымдастыру, кәсіпорынның экономикалық дамуын болжау
Лауазым: Бухгалтерия
Қызметтері мен міндеттері: бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу
Лауазым: Сату бөлімі
Қызметтері мен міндеттері: кәсіпорын жағымды имиджін құру, коммерциялық жағынан насихаттау

Қаржы бөлімі және оның әрекеттегі өңдеу жүйелерін сипаттау

Кәсіпорын қаржыларын басқару кәсіпорынның тиімділігін бірнеше есе көтеруге мүмкіндік беретін кәсіпорын өмірінің неғұрлым басты салаларының бірі болып табылады

Кәсіпорынның қаржы бөлімі кәсіпорынды басқару жүйесінде алдыңғы орынға ие. «Ақ Жайық» ЖШС-де кәсіпорын қаржысын басқару бойынша негізгі құрылымдық бөлімі болып қаржы бөлімі табылады және де ол кәсіпорын басшылығына бағынады.

Қазіргі уақытта «Ақ Жайық» ЖШС-нің қаржы бөлімінде 3 қызметкер жұмыс істейді, оның бір қызметкері қаржылық бөлімінің басшысы болса, ал қалған екі қызметкері - қаржы аналитиктері.

Қаржы бөлімі қызметкерлерінің міндеттері:

  • қаржы саласында кәсіпорынның бірыңғай саясатын іске асыру;
  • өндірісті және өнімді (жұмысты, қызмет көрсетуді) жүзеге асыру процесінде қорлардың барлық түрлерін неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында кәсіпорынның қаржылық қызметін ұйымдастыру және максималды түрде табысқа жету;
  • кәсіпорынның айналым құралдарының, несиелердің қолданылуын бақылау;
  • кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдау;
  • есептік және салық саясатын құрастыру;
  • кәсіпорынның несиелік саясатын жасау;
  • айналым құралдарымен, кредиттік және дебиторлық берешектермен басқару;
  • шығындармен басқару;
  • салық төлемдердің жүргізілуін, кредиторлармен және жабдықтаушылар-мен есептесулерді уақытылы жүргізілуін қамтамасыз ету;
  • кәсіпорынның негізгі қорларын, еңбек және қаржылық ресурстарын тиімді пайдалану үшін қажетті шарттарды құру.

Қаржы бөлімі қызметкерлерінің орындайтын функциялары:

  • кәсіпорынның қаржылық қорлар айналымын басқару және қорлардың барлық түрлерін неғұрлым тиімді қолдану мақсатында шаруашылық субъектілері арасында пайда болатын қаржылық қатынастарды ретке келтіру;
  • кәсіпорынның қаржылық стратегиясын және оның қаржылық тұрақтылығына базаларды құрастыру;
  • ағымдағы қаржылық жоспарлар жобаларын құру;
  • кәсіпорынның бизнес-жоспарын құрастыру үшін материалдарды дайындау;
  • қаржы құралдарының болжамдық баланстарын және бюджеттерін құру;
  • жоспарлар жобаларын дайындау процесіне қатысу;
  • өнімнің өзіндік құнын және өндіріс рентабельділігін жоспарлауына қатысу;
  • күтіліп отырған табыс болжамдарын құру, табысқа салығын есептеу, табыс көлемін бір жылға және кварталдар бойынша үлестіру жоспарларын құрастыру;
  • өзіндік айналым құралдарындағы тұтынушылықты анықтау және айналым құралдарының нормативтерін есептеу, олардың айналымдығын жылдамдату бойынша шараларды жоспарлау;
  • өзіндік құралдарды іздеу және зайымдық құралдарды тарту бойынша жұмыстарды орындау;
  • инвестициялық саясатны анықтау және іске асыру, қосымша инвестициялық және қаржылық ресурстарын іздеу бойынша жұмыстарға қатысу;
  • несие қорларын ұсыну сұрақтары бойынша несиелік мекемелермен өзара қарым-қатынасқа түсу;
  • банктерге және несиелік мекемелерге тапсыру үшін несиелік сұранымдар мен кварталдық кассалық жоспарларды құру
  • несиелерді ұсыну туралы келісім-шарттарға отыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • алынған несиелердің қаржылық рәсімделуі;
  • зайымдардың уақытылы өтеу және алынған несие құралдарын қайтару бойынша жұмыстарды орнатылған мерзімдерде орындау;
  • несие жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету және т. б.

Белгілі бір шығындар шығармай, әдетте, қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен бюджеттік нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс, жалпы табыс, негізгі қызметтен алынатын табыс, салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс, салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс, төтенше жағдайлардан алынған табыс, кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.

Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді.

Нарық жағдайында табыстың рөлі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның рөлі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.

Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйым-дар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.

Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.

Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:

1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын керсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.

2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықгау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.

3. Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді рөл атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.

4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, жал төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т. б. ) ғана мүмкін.

Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:

  • табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
  • таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
  • табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
  • табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
  • табыстың өсу резервтерін анықтау;
  • кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
  • табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

Өнім есебі және оны сату өнімді өндіру және өткізуді басқару үшін қажет мәліметтерді уақытылы алуды қамтамасыз ететін мақсатты процесс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР қаржы жүйесін ақпараттандыру
Кәсіпорынды басқару органдарының құрылымы
Өндірістік тәжірибенің өту орны
Кәсіпорынның ұйымның қаржы қызметтері жұмыстарымен танысу
Шағын кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесі
Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің мәселелері
ҚАРЖЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ
Синтетикалық (жинақтау) және аналитикалық (жіктеу) счеттары туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Диплом алды тәжірибеден өту жөніндегі есептеме МанғыстауМұнайгаз АҚ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz