Спортшымен жаттығуды бағалау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

Аталмыш дипломдық жұмыс жазылуы барысында бірқатар мемлекеттік құжаттар негізге алынды.

МББС (ГОСТ) 7. 32 - 2001. Ғылыми - зерттеу жұмысы туралы есеп. Рәсімдеу құрылымы мен ережелері. Жалпы талаптар мен диплом жұмысының ережелеріне қойылатын талаптар.

МББС (ГОСТ) 7. 1 - 2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастыруға қойылатын жалпы талаптар мен ережелер.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 27 шілде 2007 жылғы № 319-IІІ. (01. 01. 2017 ж. Өзгерістермен және толықтырулармен) заңы.

АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Дене дайындығы - бұл дене қабілеттерді тәрбиелеу, денсаулықты нығайту, жан-жақты дене дамуысонымен қатар организмнің жалпы функционалдық деңгейін көтерумен тығыз байланысты процесс.

Техникалық дайындық - спортшының таңдаған спорт түрінің ерекшеліктеріне сәйкес келетін қозғалыстар жүйесін меңгеріп, жоғарғы спорттық нәтижелерге қол жеткізетін, дамытатын дәрежесімен сипатталады.

Функционалдық дайындықты басқару - педагогикалық техналогия тұрғысында организмнің физиологиялық қорларын іске асырып және жұмылдырып, қажетті деңгейге жеткізу үшін дене дайындық қорларын әртүрлі биоэнергетикалық бағдарда қолдана түзету процесі.

Жұмыс қабілеттілік - берілген уақыт ішінде адамның әлеуетті қабілеттілігімен, белгілі тиімділікпен жұмыстың барынша мүмкін көлемін орындау.

Спорттық жаттығу - бұл спортшының негізгі дайындық үлгісі, оның жоғарғы спорттық нәтижелерге жетуін дайындайтын, белгілі білім қабілеттерін жетілдіруге және тәрбиелеуге бағытталған мамандандырылған педагогикалық процесс.

Бақылау - бұл спортшының дайындық деңгейін анықтау мақсатындағы жаттығу кезеңдеріндегі әртүрлі көрсеткіштердің өлшемі мен бағасы.

Күш - ағзаның бұлшық еттері ширығуы арқасында сыртқы кедергілерді жеңе білу қабілеті.

Шапшаңдық - нақты бір жаттығуды қысқа уақыт ішінде немесе берілген уақыт арасында орындай алу қабілеті.

Төзімділік - бұл адам ағзасының ұзақ уақыт бойы жұмыс қарқынын төмендетпей орындай алу қабілеті.

Икемділік -жаттығудың аяқ астынан өзгертілген жағдайдағы адамның буындарының қимылдау дәрежесін талапқа сай өзгерте алу қабілеті.

Иілгіштік - бұл берілген жаттығуды үлкен амплитудада орындай алу қабілеті.

Антропометриялық стандарттар - адамдардың бірыңғай құрамы контингентінің өлшемі, үлкен санының статистикалық өңдеу арқылы алынған даму, ол орта есеппен белгілері (Жынысы, жасы, кәсібі, спорт, оқыту) .

Антропометрия - адамның морфологиялық және функционалдық көрсеткіштерін өлшеу:дене салмағы, бойы, кеуде шеңберін өлшеу т. б.

Дененің даму көрсеткіштері - барлық мүшелерге бірдей:мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орыны.

ОЖЖ- оқыту-жаттығулық жиыны

БҚҚ - бәсекеге қабілетті қызметі

ЖДД - жалпы дене дайындығы

АДД - арнайы дене дайындығы

ТД - техникалық дайындық

Мин/соғ- минутына соғысы

ӨӨС-өкпенің өмірлік сыйымдылығы

КҚ - кеуде қаңқасы

КҚШ - кеуде қуысының шеңбері

ТИ - тіршілік индексі

КИ - күштемелі индекс

РУ - реакциялық уақыт

ҚУ - қозғалыс уақыты

Мин/соғ - минутына соғысы

Мин/лит - литр минутына

Ккал - килокаллория

ОЕКҚ -оттектің ең көп қолдануы

ТЖ - тыныс алу жиілігі

ЖСЖ - жүрек соғу жиілігі

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасында 8136 жалпы білім беретін мектептер жұмыс істесе соның ішінде 3 млн. 200 мыңға жуық оқушылар білім алып жатыр. Олардың ішінде 14 жасқа дейінгі оқушы саны 2377, 6 мың. Оқушылар халықтың ең көп әлеуметтік стратумы болып табылады. Қазақстандағы әр бесінші тұрғын - оқушы. Соңғы 5 жыл ішінде оқушылардың аурушаңдығы 22 %-ға арта түсті. Елімізде жас ұрпақты дене тәрбиесіне баулу үшін дене тәрбиесіне негізделген ғылыми жүйе пайда болды. Бұл жүйенің негізіне мемлекеттік программа бойынша бекітілген дене шынықтыру курсы міндетті болып енгізілген. Мектеп жасындағы дене шынықтыру маңыздылығын бағалау кезінде ол дене дамуы, білім беру және оқыту мәселелерін шешуде, атап айтқанда, қажеттілігін және ең тиімді қарастыру маңызды болып табылады

Дене тәрбиесі оқушылардың денсаулығын қалыптаструда маңызды рөл атқарады және өмірде қажетті қозғалыстарды үйрену үшін біліктілігін арттыруға, түрлі жағдайларда қозғалыс белсенділігін практикада қолдануға қажет [1] . Мектептегі дене тәрбиесінің міндетті формасы - дене шынықтыру сабақтары, әдебиет деректеріне сәйкес, оқушылардың қозғалыс қажеттіліктер тапшылығын болдырмау үшін. Дене шынықтырудың үш сабағы 15-17% апта бойындағы дене белсенділігінің көлемін көретсе, екі сабағы тіпті 10-12%-ға төмендейді. [2] .

Жалпы білім беретін мектеперде дене шынықтыру сабағы оқушылардың дене және ішкі жан дүниесінің саулығының негізін қалаумен қатар, тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіндік береді [3] .

Оқушылардың организміне теріс әсер ететін факторлар болып мына жағдайлар табылады:баланың жас ерекшелігіне және функционалдық мүмкіншіліктеріне методиканың және технологиялық оқытудың сәйкес келмеуі, оқыту процесінің дұрыс ұйымдастырылмауы және жеке бас гигиенасының сақталмауы. Осы

факторлардың маңыздылығы баланың организміне ұзақтығына, жүйелілік және

сабақтастық арқылы әсер етумен анықталады.

Нәтижесінде балалар мен жасөспірімдердың аурулары көбейіп, оқушылардың үйлесімді даму пайызы төмендей түседі. Алайда, қабылданған саясат құжаттары практика жүзінде іске асыруда оқушылардың физикалық деңгейін жақсартуға мүмкіндік бермейді. Соңғы он жыл ішінде Павлодар қаласының экологиялық жағдайының нашар шарттарынан балалар мен жасөспірімдер денсаулығының деңгейі күрт төмендей түсті. Бұл аймақта тыныс алу, қанайналым, несеп-жыныс, тірек-қимыл және нерв жүйкелерінің аурулары кеңінен таралған [4] . Эксперименттік деректерге сенетін болсақ оқушылардың 40%-да бастапқы остеохондроз белгілері байқалған [5] .

Балалардың денсаулығының қорқынышты жағдайы экологиялық проблемалар мен экономика жағдайымен, Семейдегі ядролық полигонмен, оқу мен тұрмыс жағдайымен ғана емес еліміздің әлеуметтік қоғамының дене тәрбиесінің рөлін дұрыс елемеуімен тығыз байланысты [6] .

Өсіп келе жатқан организмнің және оны жоғарғы дәрежеде жаттықтырылуын дене тәрбиесәнде мүмкіндігінше кеңінен қолдану керек, себебі, балалар мен жасөспірімдердің икемділіктерін арттырып, жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді [7] . Дене тәрбиесінің қажетті тізімінде спорттық ойындар да бар, соның ішінде волейбол [8] .

Балаларға арналған ұтымды қозғаушы режимін негіздеу, дене белсенділігін реттеу қазіргі заманғы жас ерешеліктер спорт физиологиясының ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Гипокенезия феноменологияның функционалдық қарама-қарсы жағдайы сияқты гиперкинездің де шығындары болады. Сондықтан, жасы мен жынысы, сондай-ақ оқушылардың физикалық даму деңгейіне байланысты жүктеменің қатаң саралау қажеттілігі, сондай-ақ оқушының дене деңгейінің даму деңгейі жеке жүктемеге де байланысты түсініктемемен негізлеген. Дене қасиеттерінің дамуына ең жақсы әсер ететін жағдай жоғарғы деңгейдегі дене белсенділігі. Осындай қозғалыс режимі жағдайында организмнің қоршаған ортадағы жағымсыз факторларға қарсы тұру қабілеті пайда болады (салқынға, ыстыққа, шамадан тыс жүктемеге, шапшаңдыққа) . Бұл жағдайда дене дамуы табиғатына үйлесімді болып табылады және орташа жасы нормаларына сәйкес келеді

Жұмыстың өзектілігі: бұл қозғалыс қажеттілігі жаттығу кезінде тек 15-17 % ғана жұмсалады, сондықтан оқушылар қосымша спорттық үйірмелерге барады. Әртүрлі спорттық ойындармен шұғылдану үшін таңдап алу, жоспарлау мен жаттығу процесінің өткізілуі оқушылардың әлеуеттік мүмкіншіліктерімен әрқашан сәйкес келе бермейді.

Оқу сабақтарының мазмұны көбінесе жас спортшылардың дене қасиеттерін дамытуда тактикалық ерешеліктерін көрсетпейді.

Зерттеудің проблемасы: волейболшы қыздардың жаттығу әдісінде сараланған тәсілдің жоқтығы. Әдебиеттерге сенетін болсақ [9] спорттық ойындармен (волейболмен) айналысатын спортшыларға 12-13 жас кезеңі күш-жылдамдық қасиеттерді дамыту үшін ең тиімді кезең болып есептелінеді. Сондай-ақ іріктеу кезеңінде жоғарғы жүйке жүйесінің қызметін де ескеру керек.

Введенский Н. Е. айтуынша: «Әрбір ағза қалыпты жағдайда өзінде күш пен төзімділіктің үлкен қорын сақтайды. Әдетте шын мәніне келетін болсақ бұл күш пен төзімділіктің бір ғана бөлігі адамның кейінгі өмірінде жүзеге асырылып, қолданылады, көп жағдайда аз ғана бөлігі. Сол организмдегі толы қуат көзін мүмкіндігінше тиімді пайдалана білу бүгінгі таңда өзекті сұраққа айналып отыр. Мектептің міндеті осы сұрақты практика жүзінде шешу болып табылады. Организмдегі қажетті табиғи қорларды дамытып, іске асыру үшін жаттығулар арқасында организмде белгілі бір әдеттер мен дағдыларды қалыптастыру керек». Бұл дене қасиеттерін, дене дайындығын, оқушылардың функционалдық жай-күйін толық медециналық және педагогикалық бақылаудан өткізіп, дамыту, саралау негізінде тренингтер жүргізіп, сондай-ақ

жоспарлы, мазмұны бар жағдайда ғана жаттығулар өткізіп дене

белсенділігінің шыңына қол жеткізуге болады дегенді білдіреді.

Жұмыс гипотезасы - сарапталған тәсіл волейболшы қыздардың әдістемелік жаттығуында дене қасиеттерінің дамуына әсер етеді.

Зерттеу нысаны : 12-13 жастағы волейболмен айналысатын және спортпен айналыспайтын қыздардың жаттығу процесі.

Зерттеудің мақсаты : волейболмен айналысатын 12-13 жастағы қыздардың оқыту әдістемесі үшін сараланған тәсілді ғылыми тұрғыда енгізу керек.

Зерттеу міндеттері:

  1. Зерттеу топтарындағы қыздардың апталық дене белсенділігінің көлемі мен мазмұнын анықтау.
  2. 12-13 жастағы қыздардың дене даму деңгейі мен функционалдық жағдайын ашу, жетілдіру.
  3. Зерттеу топтарындағы қыздардың дене дайындық көрсеткіштеріне сараптама жасау.
  4. Спортшылардың жаттығу жүктемесіне сараланған тәсілді қолдану үшін практикалық ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеу негізі : 12-13 жастағы қыздардың дамуы мен дене жағдайы.

Ғылыми жаңалығы: волейболшы қыздардың жаттығулық әдісіне сараланған тәсілдің қолданылуы болып табылады.

Практикалық маңыздылығы: спорттық ойындармен айналысатын 12-13 жастағы қыздардың дене қасиеттерін дамыту үшін зерттеу арқылы әдістемелік ұсыныстар әзірленді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыcы кipicпeдeн, үш бөлiмнeн, қopытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдeбиeт тiзiмiнeн тұpaды.

1 12-13 ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ КҮЙІ (АХУАЛЫ) .

  1. Дене ахуалы (күйі) туралы ұғым.

Адам организмі туылғаннан бастап өлгенге дейін бүкіл өмір аралығында дамып, өзгеріп тұрады. Жеткіншек ересек адамнан организм құрылымы және функциясымен ерекшеленеді, олар өмірдің түрлі кезеңінде айтарлықтай өзгереді. Г. Л Апанасенко және Л. А Попованың [10, 11] айтуы бойынша ауаның физикалық күйі немесе физикалық жұмысты жасау қабілеттілігі, көбінесе оның денсаулығына байланысты. Дене ахуалы дегеніміз морфофункциялы көрсеткіштер кешені, олар тексеру кезіндегі индивидумның дененің жұмыс қабілеттілігі және жас ерекшелік биологиялық даму деңгейін анықтайды. Дене ахуалы постнатальды онтогенезді белгілі бір кезеңінде организмнің өсу және даму процесстерін көрсетеді, сол кездегепотиптің фенотипке өзгеруі жүреді. [12]

Генотип ата-аналарынан берілген организмнің морфофункционалды ерекшеліктерін сипаттайды. Сыртқы ортаның факторлар әсерінен генотип фенотипке өзгереді. Фенотип бүкіл өмір кезеңінде өзгере отырып, дененің ахуалдық жастық динамикасын көрсетеді. Генетикалық бағдарламамен сыртқы орта факторлар әсері дененің дамуында түрлі жас кезеңдерінде біркелкі емес. Өмір сүрудің әлеуметтік - экономикалық жағдайлары және басқа сыртқы ортаның басқа факторлары сенситивті (сезімдік) жас ерекшелік кезеңінде айқын көрінеді, ол кезде өсу және даму (кеуделік, жеткіншектік жасы) немесе инволюция - қарттық жас процесстері жүреді. В. И Воробьёвтің [1994] айтуы бойынша адамның дене күйі және дене бітімінің ерекшеліктері оның конституциясымен байланысты[13] . . Конституция - тұқым қуалаушылық және алынған қасиеттер негізінде қалыптасқан организмнің функционалды және морфологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы, олар сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге организмнің жауап берудің өзгешелігін анықтайды. Сыртқы ортаның факторлар әсерінен конституциялық ерекшеліктер қалыптасады (әлеуметтік - экономикалық жағдай, қоректену, басынан өткен ауырулар), олар дене шынықтыру сабақтарына айтарлықтай маңызды, әсіресе балалық жаста. Адамның физикалық ахуалының ерекшеліктері қозғалыс белсенділігінің режиміне байланысты дене шынықтыру мұғалімдері мен спортшылардың физикалық ахуалдық кейбір көрсеткіштері дене шынықтыру немесе спортпен айналыспайтын адамдарға қарағанда едәуір жоғары.

1. 2 12-13 жастағы қыздардың дене дамуы.

Балалармен жеткіншектердің дене дамуын зерттеу үлкен практикалық мәнге ие, өйткені онтогенезді соматоскопиялық, соматометриялық және физиометриялық көрсеткіштердің өзгеруі туралы мәліметтер белгілі бір балалар және жеткіншектер өсуі және дамуы туралы жорамалдауға және денеге жүктеменің көлемі қарқындық сипатын реттеуге мүмкіндік береді.

Адамның дене дамуы туралы ілімді жасаушылар В. В. Бунак және П. Н Башкиров [14] физикалық дамуды физикалық күш қорын анықтайтын организмнің морфорфофунциялық қасиеттер кешені ретінде түсіндіреді. «Дене дамуы» термині ретінде әдетте организмнің денелік күш қорын анықтайтын функционалды көрсеткіштер кешені ретінде түсінеді. Балаларға байланысты дене дамуы туралы түсінік организмнің өсу және даму процесстерін бағалау есебінен кеңейтілуі керек.

А. Г. Дембо [15] бойынша дене дамуы дегеніміз биологиялық дамудың жас ерекшелік деңгейін сипаттайтын морфофункционалды қасиеттер кешені. Физикалық даму индивидуал дамуының бір жағы болып табылып қоршаған орта және генетикалық факторлардан туындайтын биологиялық процесс түрінде көрінеді.

Басқаларға қатысты дене дамуы өсіп келе жатқан организмнің

құрылымдық - функционалды қалыптастыру процессі ретінде анықталады [15] .

В. Г. Властовскогоның [16] айтуы бойынша дененің дамуы - баланың биологиялық дамуының жас ерекшелік деңгейін сипаттайтын

морфофункционалық қасиеттер кешені.

Г. И Куценко және Ю. В. Новиков [17] бойынша дене дамуы - белсенді қозғалыс іс-әрекетін жүзеге асыруға дене дайындығын көрсететін, адамның әлеуметтік, биологиялық және психикалық қасиеттер жиынтығы.

А. Д. Соколова және З. С, Абишева З. С. бойынша дене дамуы дененің ұзындығы және массасының өсуінің, дененің жеке бөлігінің дамуы баланың биологиялық пісіп жетілуі және статикалық және қимылдық функцияларының қалыптасуының динамикалық процессі ретінде сипатталады.

Оқушылардың дене дамуы денсаулықтың ең маңызды көрсеткіштердің бірі. Ересектерден өзгеше балалардың дене дамуы, дененің бітімі және көлемінің морфологиялық ерекшеліктерімен шектелмейді, сонымен қатар организмнің функционалды мүмкіндіктері де кіреді яғни дененің күш қоры да белгі ретінде болады. Басқаларда дамудың дұрыстық критерийлері өсу және даму болып табылады [18 ] .

Зерттеу жұмысында біз жеткіншек жасын зерттейміз, ол кез бүкіл организм және оның жеке бөліктерінің қарқынды өсуімен сипатталмайды, сонымен қатар тотығу процесстерінің күшеюі организмнің функционалды қорының көбеюі белсенді ассимиляторлы процесстер, айқын көрінетін эндокринді ауысулар, бас миы және ішкі органдардың функционалды және морфологиялық дифференция процесстерінде жүреді.

Қыздардың дене дамуы балалардан айтарлықтай ерекшеленеді. Қыздардың жыныстық пісіп жетілу процесстері балаларға қарағанда 1-2 жыл ерте басталады. Осы кезде эндокринді жүйеде терең қайта құру жүреді, жыныстық бездердің қарқынды өсуі басталады, қарқынды бездер жәнебүйрек үсті органдардың белсенділігі артады.

Екінші кезекте жыныс белгілерінің дамуы жүреді. Организмдегі симпатикалық эротроптық әсерлердің айтарлықтай айтарлықтай күшеюі, бас ми қабының қозуының арту және нерв жүйесінің жалпы жауап қайтаруының өсуімен бірге жүретін жыныстық пісіп жетілу сезімталдылықтың артуына, қан қысымының, жүрек жұмысының ритмінің өзгеруіне және дененің күштер және мүмкіндіктердің ескерусіз қатты тез әрекеттердің пайда болуына алып келеді.

Эндокринді бездер жұмысының іске көшуі бас миының өсуі, дамуы және физиологиялық белсенділігіне әсер етеді. Осы іс-әрекетте қабының үлкен шарты шарының, барлық организм және оның жеке органдары және жүйелердің рөлдері артады.

Екінші белгі беру жүйесі тез дамиды. Олардың маңыздылығы жаңа шартты рефлекстер мен дағдылардың құрамында артады. Қозу және тежелу процесстерінің концентрациясы күшейеді. Функционалдық тұрғыда организм едәуір тұрақсыз аурулар және бұзылуға ұшырағын. 12-13 жасқа қарай қозғалғыш анализатордың қабық бөлігінің толық жетілуі болады.

Организм бөліктерінің өсуінің біркелкілік еместігінің белгілері айқын көрінеді. Жеткіншек жастағы дененің дамуы алдыңғы кезеңдегі дамудан айтарлықтай ерекшеленеді. Дененің барлық көлемдерінің қарқынды өсуімен артуы көрінеді. Дене ұзындығының жылдық өсімі 4-7, 5 см, негізінен аяқтардың ұзару есебінен. Дене массасы жылына 3-6кг [19] .

Аяқ-қолдардың өсу дене өсуінен артық болады, аяқ және қолдардың өсуінің біркелкі еместігі байқалады, бұл дене пропорциясының өзгеруіне алып келеді. Көкірек қуысының алдыңғы-артқы әсіресе көлденең көлемі айтарлықтай өседі, бірақ кеуде қаңқасының сүйектерінің өсуі жалпы дене өсуінен қалып тұрады. Басқаларға қарағанда, қыздарда салыстырмалы түрде ұзын дене және қысқа аяқ болады.

Жеткіншектердің сүйек жүйесі қарқынды өсу жағдайында болады. Әсіресе

аяқ-қолдардың ұзын құбыр тәрізді сүйектері тез өседі, жұлындардың биіктігінің өсу үдете түседі. Сүйектердің көлденең өсу онша емес, қаңқаның сүйектену процессі 21 жасқа дейін жалғасады.

Бұлшық ет тінінің дамуының сүйек қаңқасының өсуінен қалып қалуы жағымсыз жағдайда, әсіресе қозғалыстың жетіспеуінде келбеттің түрлі бұзылуына немесе жұлын деформациясына алып келуі мүмкін. Ал шектен тыс бұлшық ет жүктемесі сүйектенудің үдеу процесінде құбыр тәрізді сүйектердің өсуін баяулатады [20] .

Көптеген авторлардың айтуы бойынша дене дамуының негізгі көрсеткіштері дене ұзындығымен массасы болып табылады. 12-13 жастағы оқушылар организмнің дамуы толқын тәрізді болады. Дене ұзындығы өмір бойындағы өзгеріп тұратын және жеке сүйектердің өсуімен дамуына байланысты интегралды көрсеткіш болып табылады.

Өсу жылдамдығының артуының екі кезеңі мәлім: өсу жылдамдығындағы бірінші секіріс 4-7 жас кезеңінде, екіншісі қыздарда 11 жаста. Еркек және әйел жыныстарындағы адамдардағы дене ұзындығының өзгеруі 11 жастан кейін қыз балалар ер балалардан өсуде озып тұрады. 3-4 жаста салыстырғанда қызбалалар ұл баладан жоғары болады[21] .

12-13 жастағы қыз балаларда бойының өсуі орташа 7, 22 см қыздарда үдемелі өсу балаларға қарағанда ерте басталғандықтан, қыздар 11-13 жас аралығында үлкен көлемді денеде болады. Осы кезеңдегі аяқтарұзындығының өсуі дене ұзындығының өсуіне қатысты қисық түрінде болады. 10-14 жас аралығында қыз баланың аяқ ұзындығы ұл баладан ұзынырақболады, орташа 2 см, ал қыз балалардың салыстырмалы ұзын аяғына алып келеді.

Қазіргі заманғы балаларда акселерацияға байланысты дене ұзындығынан сипаттайтын қисықтар қиылысы бұрынғыларға қарағанда ерте болады. 14 жастан

кейін қыз балалар өсуі баяулап, ұл балалар оларды тағы да оза бастайды.

14 жаста буынды - байлау аппарат, бұлшық ет және сіңірлер дамуы және қаңқалы бұлшық еттегі тіндік дифференциясы жоғары деңгейге жетеді. Осылайша 12 жастағы жеткіншектің бұлшық еті барлық дене массасының 29% құрайды, ал қыздарда бұлшық ет массасы әсіресе қарқынды түрде 11-13 жастаөседі .

Дене массасы түрлі экзо және эндогенді факторлар әсерлеріне тез жауап

беретін айтарлықтай құбылмалы көрсеткіш болып табылады. Қыз балалардағы дене массасының айтарлықтай өсуі жыныстық жетілу кезеңінде байқалады. Бұл кезеңде қыздардың дене массасы ұлдарға қарағанда артық болады.

С. В. Хрущевтың айтуы бойынша дене массасының қарқынды өсуі 12-13 жас аралығында болып ұл балаларға қарағанда белсенді болады. 13 жастағы масса бойынша айырмашылық 3, 3 кг, бой - 1, 8 см, кеуде қаңқасының құлашы - 2см.

Онтогенез барысында кеуде қаңқасының көлемімен формасы едәуір өзгерістерге ұшырайды. Қыздарда маңдай алды диаметрдің өсуі біртіндеп жүреді. Кеуде торы алдыңғы - артқы бағытта баяу өседі. Енімен салыстырғанда, сонан соң осы бағытта оның өнімі үдей түседі: қыздарда 13-жасқа дейін. Қыз балалардағы кеуде торының шеңберінің өсуі 13 жастан кейін баяулайды. Кеуде торының құрылысы мен формасы балалардың өсу және дамудың жеке ерекшеліктеріне байланысты едәуір өзгеруі мүмкін [22] .

Жыныстық жетілу кезеңінде тез қарқынды бұлшық ет жүйесі дамиды. 13-14 жаста буынды - байланыс аппараты, бұлшық ет және сіңір дамуы және бұлшық ет қаңқасындағы тін дифференциясы жоғары деңгейге дейін жетеді. Осы кезеңде бұлшық еттер өте қарқынды өседі, 13 жаста бұлшық еттердің жалпы массасының өсуінде өзгеріс пайда болады [23] .

11-13 жаста қыздарда бұлшық ет массасы өте қарқынды өседі. 14-15 жаста бұлшық ет өз белгілері бойына ересек адамдардың бұлшық етінен айырмашылығы

болмайды.

Осы жаста жүрек - қан тамырлар жүйесі айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды. Дамудың осы кезеңінде жүрекке айқын көрінетін және тез өсетін өзгерістер тән [24] .

12-13 жастағы жүрек көлемінің жылдық өсуі қыздарда ең көп жүрек массасының өсуінде жыныстық ерекшеліктерде де көрінеді. 13 жасқа дейін қыз балаларда жүрек массасы жоғары, ал 14-15 жастарда - керісінше ұл

балаларда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарысқа қатысудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру ерекшеліктері
Жаттығудың принциптері
Арнайы дайындық кезеңі
ҚОЗҒАЛЫС ӘРЕКЕТТЕРГЕ ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ БАРЫСЫНДА СПОРТТЫҚ МАШЫҚТАНУ ПРОЦЕСІН БАСҚАРУ. ҚАЗАҚ КҮРЕСІН ӨТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Спортшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері
Қозғалыс реакциясының жасырын уақыты
Спорттық жаттықтыру әдістері
Ұжымда тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру
Спортшының психологиялық дайындық принциптері
Қазақ күресі арқылы жасөспірім балуандардың дене сапаларын жетілдіру амалдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz