Ақпараттық оқыту технологиялары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Ел президенті Н. Ә. Назарбаев Жолдауында “Ендігі міндет - әр азамат, әр ұжым, осы Жолдаудан туындайтын өзінің жауапкершілігін сезіне білуінде. Қазіргі ауыл шаруашылығында ауыл кәсіпкерлерінің қолындағы техниканы меңгерудің өзі жоғары білімді, тәжірибелі мамандарды талап етеді, өйткені оны шебер, озық тәжірибелі жоғары іскерлікпен маманданған кадрлар меңгергенде ғана егістіктер мен комплектерге бар күш-қуатын жұмсай. Болашақ механизатордың кәсіби шеберліктеріне сай болуы өте қажет.

Демек орта кәсіптік-техникалық мектептердің инженер - педагогтардың кәсіптік әдістемелік даярлықтарын өзгертіп, теория мен әдістемелік білімдерін арттыру, педагогикалық дағдылары мен шеберліктерін жетілдіру өскелең заманымыздың өзекті мәселелерінің бірі [1] .

Зерттеу мақсаты: «Жаңбырлатқыш машиналар» тақырыбын оқытуда ақпараттық оқыту технологиясын қолдану арқылы студенттердің оқу процесіне қызығушылығын арттыру тәсілдерін анықтау.

Зерттеу міндеті:

1 . Колледждің оқу құжаттарын талдау.

2. Ақпараттық оқыту технологиясына анықтама беріп оның оқушылардың қызығушылығына ықпалын анықтау.

3. Ақпараттық оқыту технологиясын қолдана отырып сабақ өткізу әдістемесін жасау.

4. Зерттеу нәтижелерін айқындау

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Колледжде ақпараттық оқыту технологиясы негізінде сабақ жоспары жасалып практикаға ендірілді.

Зерттеу нысаны: жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жүргізілетін колледждегі арнайы пәндерді оқыту үрдісі.

Зерттеудің өзектілігі: Ел президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңарту жолында» атты жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығыраққа тірілері анық», - дей отырып, білім беруді әлемдік стандарт деңгейіне жеткізу үшін жаңа сипаттағы педагогикалық мамандар қорын жасау қажеттігін баса айтқаны баршаға мәлім [2] .

Елімізде инновациялық экономика құру үшін мектепке және орта арнаулы оқу орындарында кәсіби міндеттерін дербес, әрі шығармашылық тұрғыдан шеше алатын, кәсіби қызметінің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсіне білетін, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын меңгерген, кәсіби қызметті және бәсекеге қабілетті мамандар жұмыс істеуі тиіс.

Сол себепті білікті, білімді, ауылшаруашылығын дамытуға айрықша үлесін қосатын инженерлік техникалық мамандықтарға деген сұраныс зор. Яғни, қоғам шығармашыл, белсенді тұлғаларға мұқтаж.

« . . . Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз . . . Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында» ” Н. Назарбаев атамыз айтқандай бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіреміз десек, кәсіптік-техникалық мектептер мен жоғары оқу орындарын көптеп ашып болашақ дарынды мамандар дайындайтын сапалы білім нәрімен сусындандыратын ұстаздарымыздың көбеюіне жағдай жасауымыз керек.

1 Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы № 9 колледжінің оқу-өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама

Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы № 9 колледжі туралы жалпы мәліметтер

Жамбыл облысы әкімінің 13. 09. 2004 жылғы №238 қаулысына орай Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №9 кәсіптік мектебі болып Меркі ауданында ашылған.

Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы «28» маусымдағы №198 қаулысының негізінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№9 Меркі колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталды.

Сурет 1. 1 Жамбыл облысы, Меркі ауданы № 9 Меркі колледжі

2015-2016 оқу жылында қабылданған білімгерлер: 9 сынып негізінде - 114, 11сынып негізінде - 50 қабылданды. Оның ішінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Пісіру ісі», «Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру», «Ферма шаруашылығы» мамандықтары бойынша 164 бітірушілер оқуын тәмәмдап, диплом алды (1. 1 кестеге сәйкес) .

№9 Меркі колледжінде 2016-2017 оқу жылында І курсқа мемлекеттік тапсырыс бойынша 9 сынып негізінде 175 білімгер, ал 11 сынып негізінде 25 білімгер қабылданып, 1 курс білімгерлер саны 200 бала, 2 курс - 98 бала, 3 курс бойынша 96 бала барлығы 394 білімгер білім алуда. Олардың ішінде ер балалар саны 303 құраса, қыз балалар саны 91.

Колледж 7 мамандық бойынша жұмысшы мамандар даярлайды. Олар:

  1. 0508012 «Аспаз» - 25 білімгер
  2. 304012 «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» -

25 білімгер

  1. 1109012 «Токарь (темір жонушы) » - 47 білімгер
  2. 1114042 «Электр газымен пісіруші» - 120 білімгер
  3. 1304000 «ЭВМ операторы» - 26 білімгер
  4. 1305033 «Техник» - 53 білімгер
  5. 1504062 «Ауылшаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист» - 98 білімгер (73 білімгер негізгі мектептен кейін және 25 бала орта білім негізінде),

Бүгінгі күнге колледжімізде 73 маман қызмет атқаруда олардың ішінде мұғалімдер 41, оқу өндірістік шеберлері 32 адам, 66 маман жоғары білімді, 12 маман жоғары санатты, 17 маман бірінші санатты, 20 маман екінші санатты

Дуалдық оқыту бойынша:

«Аспаз» тобы І курс - 25 білімгер.

ИП «Алимкулов Талғат» - 8 білімгер;

ИП «Қалысбаев Ерғали Бадамбайұлы» - 8 білімгер.

ИП «Мырзабаев Зекен» - 9 білімгер.

«Ферма шаруашылығы» І курс - 25 білімгер

ШҚ «Бақберген» - 6 білімгер;

ТОО «Жылы бұлақ» - 5 білімгер;

ШҚ «Сандық - Тау» - 7 білімгер;

ШҚ «Мөлдір - Ғ» 7 білімгер.

«Ферма шаруашылығы» ІІ курс - 25 білімгер

КХ «Тоқшылық» - 3 білімгер;

КХ «Серикхан Д. С. » - 5 білімгер;

ТОО «Мерке Дорстройсервис» - 4 білімгер;

ТОО «Тілеміс батыр» - 6 білімгер;

КХ «Мықан» - 5 білімгер.

Кесте 1. 1

№9 Меркі колледжінде оқытылатын мамандықтар

Код
Мамандықтардың атауы
№: 1
Код: 1109000
Мамандықтардың атауы: Токарлық іс және металл өңдеу (түрлері бойынша)
№: 2
Код: 0508012
Мамандықтардың атауы: Аспаз
№: 3
Код: 304012
Мамандықтардың атауы: Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары
№: 4
Код: 1114000
Мамандықтардың атауы: Пісіру ісі (түрлері бойынша)
№: 5
Код: 1305000
Мамандықтардың атауы: Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша)
№: 6
Код: 1504000
Мамандықтардың атауы: Ферма шаруашылығы (бейіндері бойынша)

Материалдық-техникалық базасы

Ауыл шаруашылық мамандықтарын дайындау үшін 1 жүк автокөлігі (ЗИЛ-130), 3 доңғалақты трактор (МТЗ-80, МТЗ-82, МТЗ-122) және 2 жеңіл автокөлік (ВАЗ 21-06) пен 12 орындық «Газель» «ГАЗ-322132» бар.

Дәнекерлеу шеберханасы 4 жұмыс орнымен, дәнекерлеуге арналған 4 трансформатормен, 2 түзеткішпен, 2 дәнекерлік агрегатпен, ауа тазартқышпен және жұмыс үстөлдерімен, слесарлық жұмыстарға арналған шеберхана бұрғылайтын станок, қысқыштармен қамтылған.

Оқу кабинеттерінде: 30 компьютер, 10 интерактивті тақта; «e-learning» электрондық оқыту бағдарламасы бойынша 2012-2013оқу жылында колледж 31 ноутбук 24 жеке компьютер және 30 моноблокпен және 1 мультимедиялық кабинетпен қамтылды (1. 2 суретке сәйкес) .

Сурет 1. 2 Компьютер классы

Тамақтануды ұйымдастыру лабораториясы аспаз бөлмесінің жиһазымен, тоңазытқышпен, ыдыспен және басқа қажетті заттармен қамтамасыз етілген.

Кітапхананың жалпы кітап қоры 11990, оның ішінде: оқулықтар - 8392, оқу-әдістемелік кітаптар - 326 және электрондық кітаптар - 111. Оқырмандар саны - 427, бір жыл ішінде берілген кітаптар саны - 4900.

№ 9 Меркі колледжінде білімгерлерге қызмет көрсетуге арналған 80 орындық асханасы бар, көлемі - 220м 2 .

Асханада орта есеппен 280-320 білімгер тамақтанса, бір мезетте 80 адам тамақтануда. 2 шеберхана, бір-бірден тракторларға, автомобильдерге, ЭЕМ операторларына және «Тамақтануды ұйымдастыруға» арналған лабораториялары, 12 оқу кабинеті бар (1. 3суретке сәйкес) .

2014 жылы колледждің материалдық-техникалық базасы толықтырылды. «Дәнекерлеу ісі» мамандығын дайындауға арналған комперссор, темір тесетін станок, 6 дәнекерлік аппарат; «Ферма шаруашылығы» мамандығы бойынша 2 трактор, подшипник сақиналарын бақылауға арналған құрылғы, асханаға эелектр генераторы мен электр пеш, тоңазытқыш, сөрелер мен қамыр жаюға арналған үстөл алынды.

Сурет 1. 3 Тракторлар және автомобильдер кабинеті

Кесте 1. 2

Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері туралы:

Жалпы
оның ішінде
Жоғары және І санаттылардың үлесі, %
Жоғары санатты
І санатты
ІІ санатты
: Оқытушылар саны
Жалпы: 31
оның ішінде: 10
Жоғары және І санаттылардың үлесі, %: 10
7
42%
: Өндірістік оқыту шеберлер саны
Жалпы: 28
оның ішінде: -
Жоғары және І санаттылардың үлесі, %: 8
15

2015 жылы №9 Меркі колледжін 114 студенттер бітіріп дипломдарын алды: «аспазшы» мамандығы бойынша - 44; «Дәнекерлеу ісі» - 22; «ЭЕМ операторы» - 25; «Ферма шаруашылығы» - 23

Кесте 1. 3

Түлектердің жұмыспен қамтылуы:

9 сынып негізігде түлектер саны
Жұмыспен қамтылған
Жалпы түлектер саны
Жұмыспен қамтылған
Жұмыспен қамту пайызы
: 2014 жыл
9 сынып негізігде түлектер саны: 97
Жұмыспен қамтылған: 73
Жалпы түлектер саны: 122
Жұмыспен қамтылған: 46
Жұмыспен қамту пайызы: 77%
: 2015 жыл
9 сынып негізігде түлектер саны: 92
Жұмыспен қамтылған: 92
Жалпы түлектер саны: 117
Жұмыспен қамтылған: 95
Жұмыспен қамту пайызы: 81%

Жамбыл облысы №9 Меркі колледжінің сағаттар санын, оқыту технологиясын талдау

Колледждегі білім алушыларды Мемлекеттік стандартқа сай дайындайды. Барлық мамандықтар бойынша типтік оқу жоспарларына сай оқу жоспарлары дайындалып, білім беру мазмұны анықталады.

Жамбыл облысы №9 Меркі колледжінде «15040062 - Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы - машинист» мамандығының оқу үрдісінің жоспарында жалпы пәндері бірнеше циклдарға бөлінген:

1) жалпы білім беру пәндері;

2) жалпы гуманитарлық пәндер;

3) жалпы кәсіптік пәндер;

4) арнайы пәндер:

5) білім беру ұйымы анықтайтын пәндер. Циклдер және сағаттар саны 1. 5-кестеде көрсетілген.

Кесте 1. 5

Циклдер және сағаттар саны

Циклдер
Циклдер атауы
Оқу уақытының көлемі (сағ)
Барлығы
оның ішінде

Теориялық

сабақтар

Практикалық

(зертханалық сабақтар)

Циклдер: 1
Циклдер атауы: 2
Оқу уақытының көлемі (сағ): 3
4
5
Циклдер: ЖБП
Циклдер атауы: Жалпы білім беру пәндері
Оқу уақытының көлемі (сағ): 1448
1128
320
Циклдер: ЖГП
Циклдер атауы: Жалпы гуманитарлық пәндер
Оқу уақытының көлемі (сағ): 284
0
284
Циклдер: ЖКП
Циклдер атауы: Жалпы кәсіптік пәндер
Оқу уақытының көлемі (сағ): 256
150
106
Циклдер: АП
Циклдер атауы: Арнайы пәндер
Оқу уақытының көлемі (сағ): 600
328
252
Циклдер: БҰАП
Циклдер атауы:

Білім беру ұйымы анықтайтын

пәндер

Оқу уақытының көлемі (сағ): 76
76
0
Циклдер: Барлығы
Циклдер атауы: 2664
Оқу уақытының көлемі (сағ): 1606
962

«15040062 - Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы - машинист» мамандығы бойынша арнайы пәндердің циклдері және пәндердің атаулары 1. 6-кестеде көрсетілген.

Кесте 1. 6

Арнайы пәндердің циклдері және пәндердің атаулары

Циклдер

және

пәндердің

индексі

Циклдер және

пәндердің атауы

(біліктілігі: Автокөлікті

жөндеу слесары)

Оқу уақытының көлемі (сағ)
Барлығы
оның ішінде

Теориялық

сабақтар

Практикалық

(зертханалық сабақтар)

Циклдержәнепәндердіңиндексі: АП. 01
Циклдер жәнепәндердің атауы(біліктілігі: Автокөліктіжөндеу слесары): Трактор және автомобиль
Оқу уақытының көлемі (сағ): 180
90
90
Циклдержәнепәндердіңиндексі: АП. 02
Циклдер жәнепәндердің атауы(біліктілігі: Автокөліктіжөндеу слесары): Ауылшаруашылығы машиналарымен мал шаруашылығына арналған машиналар
Оқу уақытының көлемі (сағ): 150
70
80
Циклдержәнепәндердіңиндексі: АП. 03
Циклдер жәнепәндердің атауы(біліктілігі: Автокөліктіжөндеу слесары): Машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу
Оқу уақытының көлемі (сағ): 140
80
60
Циклдержәнепәндердіңиндексі: АП. 04
Циклдер жәнепәндердің атауы(біліктілігі: Автокөліктіжөндеу слесары): Жолда жүру ережелері
Оқу уақытының көлемі (сағ): 70
44
26
Циклдержәнепәндердіңиндексі: АП. 05
Циклдер жәнепәндердің атауы(біліктілігі: Автокөліктіжөндеу слесары): Агрономия негіздері
Оқу уақытының көлемі (сағ): 60
44
16
Циклдержәнепәндердіңиндексі: Барлығы
Циклдер жәнепәндердің атауы(біліктілігі: Автокөліктіжөндеу слесары): 600
Оқу уақытының көлемі (сағ): 328
252

«Ауылшаруашылығы машиналарымен мал шаруашылығына арналған машиналар» пәніне жалпы 150 сағат, соның ішінде теориялық сабаққа - 70, практикалық (зертханалық) сабаққа - 80 сағат бөлінген.

2 Ақпараттық оқыту технологиясын қолдану арқылы студенттердің оқу процесіне қызығушылығын арттыру

Оқуға қызығушылықты арттыру жолдары

Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиялық бағдарламасында білім беру саласын жаңғырту мен реформалаудың бағыттары айқындалған.

«Білімді ұрпақ -болашақтың кепілі», - деп дана халқымыз айтқандай, ертеңгі ел болашағы -жас буынды заманына лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін маңызды болып отырған уақытта бізге, мұғалімдер қауымына артылар жүк ауыр екеніне таласымыз жоқ. Қоғамның дамуында білім берудің ең маңызды мәселе екені белгілі. Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты- жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой-өрісі кең, адамгершілігі жоғары, қабілетті, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптпстыру. Бұл жөнінде «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз», - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаған [3] .

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін жаңғырту негізінде білім мазмұнын жетілдіру, сапасын арттыру, тұлғаның білім алудағы қажеттіліктерін, қазіргі әлеуметтік -экономикалық даму жағдайында қоғамдағы өзгерістерге бейім және болып жатқан құбылыстарға белсенді әсер ететін, бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту мүмкіндіктерін анықтайтын білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда.
Мемлекет басшысы 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңінің басталғанын айта келе: «Әр ұрпақтың өз арманы бар, оларда жеке және отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайды. Оларда қашанда туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар айқын көрінеді…», -дейді.

Мемлекет алдындағы басты міндеттердің бірі-білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Қазір осы салада оқытудың жаңа технологиясын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес. Әрине, маманның сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Қай кезеңде, қай қоғамда болсын, жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады.

Көздеген мақсаттарға жетудің бір жолы ел экономикасын дамыту болса, оның алғышарттарының бірі - 130-дан астам ұлттар тұратын қазақ жерінде ұлтаралық береке-бірлікті қалыптастыру. Осы бағытта «Бір ел-бір тағдыр» деген ұстанымның алға шығарылып отырғаны белгілі. Бұл жалпыұлттық «Мәңгілік ел» идеясына айналуда. Сол үшін ел құндылықтарын дәріптеп, «Мәңгілік Ел» сапалы білім, саналы тәрбие беру қажеттілігі туындайды.

Қазақ елінің болашағы үшін және әлемдік бәсекелестік заманында еліміз дамыған елдер өкілдерімен тең дәрежеде болуы үшін отандық мектептерде дүниежүзілік білім берудің озық әдіс-тәсілдерін енгізіп және әр мұғалім күнделікті сабағына қолдануы - бүгінгі күннің талабы.
Еліміздің білім беру саласының негізгі міндеттерінің бірі- білім беру үрдісінде ақпараттық -коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін енгізу. Жаңа технологиялар қазіргі осы дамыған заманда адам ресустарының рөлін шешу болып табылады. Оқушылар тек дайын, мұғалім берген білімді қолданып қана қоймай, өз бетімен білім алуға бағыт-бағдар берген дұрыс. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі -тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамытуды көздейді [4] .

Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық -әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол еркін дамуына жол ашатын педагогикалық-психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Бұл мектептің материалдық ресурстары жеткілікті болғанымен, оны тиімді пайдалану мәселесі бар екені белгілі.
Қазіргі жаһандану заманында мол білімсіз жарқын да толыққанды болашақты елестету мүмкін емес. Себебі, бүгінгі таңда кез-келген қызмет түрі біліммен қаруланған, іскерлігі мен кәсібилігін шыңдаған білгір маман болуды талап етеді.

Білімнің қайнар көзі - кітапта. Сондықтан да, баланың білімге, оқуға деген қызығушылығын алғаш партаға отырып, қолына қалам ұстаған кезінен сәтті жүргізген жөн. Ең бірінші мұғалім оқушының кітапқа деген қызығушылығын арттырудың жолдарын іздестіру керек. Кітап-адам өмірінің тауысылмас қазынасы, ғылым-білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы екенін түсіну керек. Сонымен бірге, мұғалім оқушының жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, оқуға тиісті кітаптардың тізбесін жасап оқушыны кітап оқуға қызықтыра білу керек. Бастауыш сынып- мектеп табалдырығын аттаған оқушының білім алу процесіндегі алғашқы қадамы, келешектегі жинақталар білім қорының іргетасы.

Мектеп қабырғасында мұғалімнің сабақты түсіндіруіне орай баланың пәнге деген қызығушылығы қалыптасады. Бүгінгі күні мектеп оқушыларын білім алуға ынталандыратын, оқуға деген қызығушылығын оятатын түрлі көрнекіліктер, ақпараттық-техникалық құралдар жетерлік. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып оқушылардың оқуға деген ынтасын жоғарлатуда әр ұстаз өзіндік тәсілдері бойынша сабақты түрлендіріп өткізеді. Оқушының сабақты қызыға оқуы мектепте мұғалімнің сабақты қаншалықты деңгейде өткізетіндігіне тікелей байланысты. Сабақ процесінде оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жіті бақылап, жеке оқушымен жұмысты дамыту керек. Негізгі мақсаттардың бірі- оқушылардың оқуға деген, пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту. Бұл іс сабақ тақырыбының маңызы мен оның өмірге пайдасын оқушы терең түсіне білгенде, сабақ мазмұны ғылым жаңалықтары мен дәйектемелеріне бай болғанда ғана жақсы нәтиже бермек. Сондай-ақ сабақта ойындарды пайдалану, оқушылардың қабілеттерін дәл тауып, соны ары қарай дамытуға еңбек ету оқушының пәнге деген қызығушылығының артуына көмектеседі.

Мектептегі барлық оқу-тәрбие жұмысы сабақ үрдісінен басталып, сонда жүзеге асып жатады десек, артық айтпаймыз. Сабақта мұғалім оқушыға қандай білім негіздерін меңгертеді, олардың дүниетанымын қандай мәселелер бойынша арттыруға болады, тәрбие процесі бойынша қандай жұмыстар атқарылады, міне, мұның барлығының да сапалы, әрі тиімді болуы мұғалімнің сабақ мақсатын нақты ғылыми түрде белгілеп алуына тікелей байланысты. Соған орай ерте дәуір философы Платон «егер кебіс тігуші олақ болса, мемлекет бұдан көп зардап шеге қоймайды-бар болғаны азаматтар нашар киінеді, егер шәкірт алдында ұстазы өз міндетін нашар орындаса, онда елде надандар мен бұзақылар көбейіп кетеді», - деп мұғалім мамандығының қоғамдық маңыздылығына аса жоғары баға берген. Ал белгілі педагог-өнертанушы Б. М. Неменскийдің пікірінше, «мұғалімнің негізгі мақсаты-адамда адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу, өнер және мәдениет оның құралдары болып табылады», - деп атап көрсеткен.

Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы-сабақ десек, сабақты оқып-талдағанда мына сұрақтарға жауап іздеңіз:

1. Сабақтың тақырыбы қандай;

2. Сабақтың кезеңдерге бөлінуі, әр кезеңнің мазмұны қалай құрылған;

3. Сабақты өткізуде оқытушы қандай көрнекі материалдарға сүйенеді;

4. Сабақта қандай әдіс-тәсілдерді қолданады;

5. Сұраулар қай түрде берілген;

Сабақ үстінде даярлығы нашар оқушының жақсы оқитын оқушылар тасасында қалуына жол бермеу, біле тұрып айтуға жасқанатын оқушылар болатынын ескеру қажет.

Оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру, қызығушылығын арттыру үшін сабақта мына төмендегі іс-шараларды қолданудың маңызы зор:

Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру, оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану. Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын сабақта жиі қолдану.

Жаңа технологияны сабақ процесінде қолдану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады [5] .

Заман талабы мұғалімнен де, оқушыдан да жаңаша көзқарасты, терең ойлауды талап етеді. Сондықтан өмір көшінен қалмай жас ұрпақты көкірегі ояу, іздемпаз, шығармашылықпен жұмыс істей алатын дәрежеге жеткізуіміз керек. Мұғалім оқушы тілімен сөйлескенде ғана түпкі нәтижеге жетеді. Сол себепті оқушыны мақтап, мадақтап, қолпаштап отыру керек. Қазір біз дәстүрлі сабақ беруден арылып, жаңашылдыққа мойынсұнғанымыз жөн. Оқушы білімі мұғалім қолында. Сол себепті аянбай, тынбай еңбек етіп, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде мықты дағдыларды игеріп, ақпараттық-басқару жүйелерін тиімді пайдалана білгеніміз жөн.

Ақпараттық оқыту технологиясы

Оқытудың ақпараттық технологиясы - білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады [11] .

Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.

• Тұтынушының қолдану сапасында;

• Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.

Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру - бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.

Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды.

Оқытудың ақпараттық технологиялары және білім беру жүйесінде қолданудың негізгі проблемалары.

Оқытудың ақпараттық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар , бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ЕРЕЖЕСІ
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіптік білім берудің қазіргі технологиялары.
Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі мен сипаттамасы
Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің танымдық іс- әрекетін қалыптастыру
Қашықтықтан оқытудың технологиялары
Мектеп оқушыларына информатиканы оқытуға арналған толықтырылған шынайылық элементтерін әзірлеу
Толықтырылған шынайылық технологияларын қолдану
Шетел тілін оқытудағы жоба технологияларының әдістері
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz