Интерактивті оқыту технологиясының артықшылықтары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйісін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу әр оқытушыға күнделікті ізденіс арқылы, барлық жаңалықтармен қатар тұру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды [1] .

Колледждердің басты мақсаты-білімді, жаңа идеялармен қаруланған кәсіби мамандарды даярлау болып табылады. Бұл оқушының кәсіби, технологиялық дайындығы ғана емес, сонымен қатар оның білімінің жан-жақтылығы мен ақпараттық мәдениеті жоғары, яғни компьютерді еркін меңгеруі, интернет ресурстарын пайдалана білуі, оқытудағы жаңа инновациялық технологияларды меңгеруі т. б.

Елбасы өз сөзінде «Қазақстан жастарының мейлінше сапалы кәсіптік-техникалық білім игеруіне және сол арқылы олардың еңбек нарығына мейлінше лайықты бейімделуіне жағдай жасау қажет. Бұл-басты мақсат» - деді.

Қазіргі біздің міндетіміз жолдауда айтылғандай әрбіріміздің білім алуымыздың, оның ішінде кәсіптік білім алып елімізге пайдамызды тигізуіміз ғана болып отыр.

Қазақстанның болашағы - ұстаздардың ізденісінде, білім алушыларға деген сүйіспеншілігінде, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы білеміз. Шынында да, оқытушының алдында білім алушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.

Қазір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға, оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын ақпараттық қоғамға көштік.

Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.

Білім алушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты.

Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады.

Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. Яғни ақпараттық -коммуникациялық технология білім беруде маңызды құрал деп айтсақ та болады. Басты мақсат ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жетік меңгеру және білім алушыларға меңгерту. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану оқытушыға да, білім алушыға да қолайлы.

Ақпараттық -коммуникациялық технология оқу барысында электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге негізделеді. Компьютерді оқытушы қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады.

Білім беруді инновацияландыру мәселесін тиімді шешу, негізінен педагогикалық кадрлардың интерактивті мәдениеттілігін қалыптастырумен тікелей байланысты. Бүгінгі оқытушының интерактивті мәдениеттілігі оның педагогикалық мәдениеттілігінің маңызды бір бөлігі болып табылады.

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі білім алушыларды ақпараттық технологиялармен жұмыс жасауға даярлау, қазiргi қоғам жағдайындағы кәсіптік білім беру жүйесінің басты талаптарымен, мынадай тұжырым жасауға болады: білім беру жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі ретінде ақпараттық оқыту технологияларды қолдану, жас маманды бүгінгі заман талабына сай қалыптастыру оның негізгі техникалық және педагогикалық мүмкіндіктерін дамыту маңызды болып саналады, одан ары зерттеуді қажет етеді.

Зерттеу пәні: «Ауылшаруашылық машиналары» пәнінен интербелсенді оқыту технологиясын қолдану.

Зерттеу мақсаты : Құлан ауылшаруашылық колледжі жағдайында «Ауылшаруашылық машиналар» пәнінен «Астық жинайтын комбайндар» тақырыбына интербелсенді оқыту технологиясын қолдану арқылы студенттердің белсенділігін арттыру.

Зерттеудің міндеттері:

  • зерттеу мәселелеріне байланысты Құлан ауылшаруашылық колледжінің тарихы, материалдық техникалық базасы, оқу өндірістік жұмысына талдау жасау;
  • интербелсенді оқыту технологиясына талдау жасап, арнайы пәндерді оқытуда студенттердің белсенділігін, қабылдауының ерекшеліктерін анықтау;
  • «Астық жинайтын комбайндар» тақырыптары бойынша теориялық сабақтың оқу құжаттарын жасау;
  • ауылшаруашылық машиналар пәнін оқыту үдерісінде студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелерді ұсыну және оның тиімділігін тексеру;
  • техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғау бойынша іс-шараларды анықтау.

Зерттеу нысаны : Құлан ауылшаруашылық колледжінде интербелсенді оқыту технологиясын білім беру үдерісінде пайдалану.

1 Жамбыл облысы, Құлан ауылы, Құлан ауылшаруашылық колледжінің оқу-өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама

1. 1 Жамбыл облысы, Құлан ауылы, Құлан ауылшаруашылық колледжінің оқу мекемесі туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Жамбыл өңіріндегі ауылшаруашылық саласынан орта буын мамандар дайындайтын бірден-бір оқу орнының бірі - Құлан ауылшаруашылық колледжінің сыртқы көрінісі 1. 1 суретке сәйкес.

Картинки по запросу құлан ауылшаруашылығы колледжі

Сурет 1. 1 Құлан ауылшаруашылық колледжінің сыртқы көрінісі

Колледж іргетасы 1972 жылы ҚазССР-і министрлер Советі қаулысына сәйкес ауыл шаруашылығы министрі бұйрығымен Жамбыл мемлекеттік шаруашылығы тәжірибе станциясы негізінде құрылды. Алғашқы жылы тек «Ауылшаруашылығын механикаландыру» және «Ауылшаруашылығын электрлендіру» мамандықтары бойынша 120 оқушы қабылданды.

1976 жылы «Совхоз-техникум» типтік жобада салынған оқу ғимаратына көшіп, тағы да жаңа «Агрономия» мамандығы ашылды. Осы жылдан бастап оқушылар саны 1200-ге жетіп, оқу материалдық базасы нығайып, білікті оқытушы кадрлармен жасақтанды.

1987 жылы - «Технолог ұйымдастырушы» мамандығы ашылды, оқушылар саны 1500 ден асты. 1990 жылы «Экономика, бухгалтерлік есеп және бақылау» және «Көкөністер мен жемістерді сақтау және қайта өңдеу» мамандықтары бойынша талапкерлер қабылданды.

1993 жылы «Ашытқы өндіру және шарап жасау технологиясы мамандығы ашылды.

1996- 2000 жылдары «Жамбыл облысы Құлан ауыл шаруашылық колледжі» деп аталды.

2000 жылы «Стандарттау, сертификаттау және өнім сапасын бақылау» және «Салық ісі» мамандықтары ашылып, талапкерлер қабылданды.

Ауылшаруашылығы саласында мамандарды даярлау жүйесін жаңғыртуда облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Білімді ұрпақ - ел болашағы. Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырында білім қуған талапкерлер үшін жасалынып жатқан ілкімді істер аз емес.

Т. Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылшаруашылығы колледжінің оқу базасы жаңарып, дуальді оқыту жүйесіне көшкен. Бүгінде орта арнаулы оқу орыны заман көшінен қалмай, сапалы білім беріп келеді.

90 жылдан астам тарихы бар Құлан ауылшаруашылығы колледжі 1923 жылдан бері ауылшаруашылығы мамандарын дайындайтын техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі. Қазіргі таңда колледжде 10 мамандық бойынша 688 студент білім алуда. Яғни, олар ветеринар, агроном, фермер, зоотехник, жеміс-көккөніс өсіруші, электрик, аспазшы, дәнекер, слесарь-жөндеуші мамандығын алып шығады.

1. 2 Колледждің материалдық - техникалық базасы

Колледждің оқу корпусы Жамбыл облысында Құлан ауданында орналасқан. Колледждің оқу- тәжірибе шаруашылығы қаладан тыс, оқу корпусынан 2-3 км шақырым жерде.

Колледж оқу базасында 90 дәрісхана, 20 шақты зертханалар бар. Барлық зертханалар мен оқу бөлмелері қажетті құралдар мен, оқулықтармен, аспаптармен, техникалық құралдармен жабдықталған, сабақ өтуге барлық мүмкіндіктер бар.

Оқу белгіленген бағдарламалар мен жоспарлар арқылы өткізіледі. Колледжде Pentium процессорларымен жабдықталған компьютер залдары бар. Сонымен бірге 360 орындық мәжіліс залы бар. Студенттік өмір, жастық шақтың қызықты болып өтуіне көптеген іс шаралар жүргізіледі: көркемөнерпаздар үйірмелері, көңілді тапқырлар клубы, әртүрлі дебат клубтары, колледждіңби ансамблі жұмыс істейді.

Спорт залда барлық спорт құрал жабдықтары бар, жазғы спорт алаңы, футбол алаңы оқушылардың бос уақытында қолдануына және сабақ өтуге сәйкес жасалған.

Колледждің оқу тәжірибе шаруашылығында техникаларды жөндеу, сақтау үшін шеберханалар мен гараждар бар. Республиканың барлық оқу орындарында болып жатқан нарықтық қиындықтарына қарамастан, колледждегі оқу кабинеттері мен лабораториялар (зертханалар) сақталып, қажетті деңгейде ұсталады және негізгі материалды -техникалық өндірістік- оқу базасы болып саналады.

Колледжде оқу ағарту ісіне көп көңіл бөлінген, соның дәлелі ретінде кітапхананың орналасқанын айтсақ болады. Кітапханада барлық мамандықтар үшін қажетті оқу құралдарын табуға болады.

1. 3 Колледждің оқу - өндірістік жұмысына талдау жасау

Колледждің өндірістік цехы талапқа сәйкес жұмыс істейді. Тәжірибе шаруашылығында, цехтарда оқытушылардың жетекшілігімен оқушылар үйреніп, жұмыс жасайды. Мәселен, «Ауылшаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша оқушылар лабораторияда жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу шағын цехтарында істейді.

Оқушылар негізгі мамандіқтармен қатар қосымша, сабақтан тыс қысқа курстарда оқи алады. Олар:

  • «В» және «ВС» категориялы жүргізушілер
  • Трактор- машинист
  • Газ-электр дәнекрлеушісі
  • Телевизор жөндеуші
  • Бухгалтерлік есеп
  • Компьютерде іс- қағаздарын жүргізу
  • 1С - компьютерлік бухгалтері
  • Киім пішу мен тігу
  • Автомобиль электр жүйесін жөндеуші
  • Ағылшын тілі
  • Лаборант- токсиколог
  • Слесарь
  • ЭВМ операторы

Бұл мамандықтардың барлығы облыстық еңбек биржасы мен халықты әлеуметтік жағынан қорғау мекемелерімен келісіліп, бүгінгі еңбек нарығының қажеттілігіне қарай бағытталған.

Оқу талапқа сай жабдықталған лабораториялар мен шеберханаларда өтеді. Онда білікті мамандар сабақ жүргізеді. Оқуды бітірген соң арнайы куәліктер беріледі.

Колледжде екі спорт алаңы бар. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, спортпен нәтижелі түрде айналысамын деуші оқушыларға әртүрлі спорт секциялары жұмыс істейді.

Колледж спортшыларының арасында Азия, Халықаралық, Республикалық жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Колледж мамандарды тәрбиелеп, дайындап шығаруда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде, ауылдағы шағын және орта бизнестің дамуында нәтижелі жұмыстар жүргізуде.

2 Интербелсенді әдістердің қолдануын талдау

Қазіргі таңда егеменді Қазақстанның дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену үрдісінде оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру бағытына байланысты мұғалімдердің кәсіби дайындығына деген талап арта түсуде. Ғылыми салада білімді технологияландыру жөніндегі зерттеулер пайда болып, кәсіби дайындықтың мазмұндық және жеке аспектілерімен қатар оның технологиялық аспектілеріне де қызығушылық даму үстінде.

Соның ішінде оқытудың қазіргі педагогикалық технологияларының алатын орны ерекшелігін айта отырып, интербелсенді әдістерді іс-тәжірибеде қолданудың маңызы зор екендігі белгілі.

Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (жаңа базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, оқу әдістемелік кешендерге көшу, т. б. ), жаңаша ойлау қалыптасуда. Қазір дәстүрлі білім беруде студенттерге тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгеруге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөліп отыр.

Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу тәрбиесі үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі [2] .

Оқыту әдістері - бұл оқу үрдісіндегі білім алушылар мен оқытушының өзара әрекеттесу формасын бейнелейтін формалар мен тәсілдердің жиынтығы.

Оқытудың алғашқы пайда болғанынан бүгінгі күнге дейін білім алушылар мен оқытушының өзара әрекеттесуінің үш формасы қалыптысып, кеңінен таралды.

  1. Пассивті (енжар) ;
  2. Активті (белсенді) ;
  3. Интерактивті.

Пассивті әдіс - бұл оқытушы негізгі әрекет етуші және сабақ барысын басқарушы тұлға болып табылатын білім алушылар мен оқытушының өзара әрекеттесу формасы.

Онда білім алушылар тек пассивті тыңдаушы болады. Білім алушылар мен оқытушы арасындағы байланыс тек сұрау, бақылау және өзіндік жұмыстар, тестілер арқылы жүзеге асырылады.

Педагогикалық технологиялар тұрғысынан бұл ең тиімсіз әдіс болып табылғанымен, оның өзіндік жақсы жақтары да бар.

Активті әдіс - бұл білім алушылар мен оқытушы сабақ барысында өзара әрекетте болатын және білім алушылар тек пассивті тыңдаушылар емес, сабақтың белсенді қатысушылары болып табылатын өзара әрекеттесу формасы. Мұнда оқытушы мен білім алушылардың құқықтары бірдей.

Интерактивті әдіс - бұл өзара әрекеттесу, біреумен әңгіме, диалог режимінде болу дегенді білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, активті әдіске қарағанда интерактивті әдіс оқытушы мен білім алушылардың өзара әрекеттесуіне ғана емес, сонымен бірге білім алушылардың бір-бірімен өзара белсенді әрекетте болуына бағдарланған [3] .

Бұл технологияның өзін оқытушы түрліше (орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен) іске асыру мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге студенттің әрекеті - оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибелерге еніп, нәтижелер беруде.

Әсіресе, технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағытталған және оқытудың жаңа технологияларын мемлекеттік стандартқа және білімдік өзгерістерге қарай топтастыруға болады.

Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңарту идеясы алынған.

Оның мазмұнына:

  1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;
  2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
  3. Студенттердің білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;
  4. Оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс) .
  5. Нәтижені бағалау енеді.

Жаңа оқыту технологиясы, тұлғаның танымдық қабілеттерін және
танымдық үрдістерді: яғни, жадының (ес) алуан түрлерін - есту, көру, қимыл және т. б. ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілінде) дамытуға бағытталуы интерактивті оқытудың басты мақсаты - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таба білуге үйрету.

Еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алған қазіргі заманда жастарды өз бетінше шешім таба білуге үйрету заңды құбылыс. Бұл күнделікті аудиториядағы жұмыстарға да қатысты: бала сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуы тиіс. Осындай, білім алушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалды интерактивті деп атайды.

Интербелсенді әдіс кезінде:

  • сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнайды;
  • ондай қарым-қатынас білім алушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады;
  • онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады.

Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға уйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Мұнда балалардың бұған дейін алған өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады. Бұл әдісте білім алушы мыналармен қарым-қатынасқа түседі:

  1. Мұғаліммен (сұраққа жауап берген кезде) ;
  2. Өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеген кезде) ;
  3. Шағын топтармен ( топпен жұмыс істеген кезде) ;
  4. Белгілі бір топпен, аудиториямен (сауалнама алғанда) ;
  5. Кейбір техника түрлерімен (компьютермен интернетке шыққанда т. б. ) .

Интербелсенді әдістің ерекшелігі - бала өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірибе жинай білуі керек. Қытайдың бір нақыл сөзінде: «Маған айтшы - мен ұмытып қаламын; маған көрсетші - менің есімде қалады; өзіме істетші - мен сонда түсінемін» делінген. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады. Зерттеулердiң "бiз қолы мызбен iстегеннiң 80 пайызын, оқығанымыздың 20 пайызын, естiгенiмiздiң 10 пайызын ғана есте сақтаймыз” деген қорытындысын жиi естимiз. Тәжірибе интеллектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы десек те болады. Интерактивті әдістеме білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді:

  1. Олар мол мағлұмат алып, өздері айтқан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады;
  2. Өз пікірлерін терең ойланып айта алатын болады;
  3. Мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын пайдалана алады;
  4. Бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады;
  5. Шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады.

Интерактивті әдістің таным қабілеттерінің түрлері қолданылады.

Бұл әдіс осылай жастарды жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына жол ашады. Бұл ретте ең алдымен оқытудың формалары мен түрлерін, әдістерін түрлендіріп, жаңартып отыру, білім беру ісін технологияландыру (озық техникаларды мысалы: ғаламторды, интерактивті тақтаны, электронды оқулықтарды т. б. пайдалану) керек. Ең бастысы білім алушыларды оқу әрекетінің субьектісі ретінде дамуын қаматамасыз ету керек. Олардың оқу әрекеттерін ынталандыруда барлығының көзқарастарына көңіл бөлу керек, пікірлеріне шынайы қызығушылық танытып, келісуі оларды белгілі бір шешім қабылдауға мәжбүрлемеу, пікірлерін сынауға, жоққа шығаруға, кемсітуге жол бермеу керек.

Интербелсенді әдіс кезінде мыналар ескерілуі керек:

  • тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы керек;
  • тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау керек;
  • оған өзіндік даралығын көрсетуге мүмкіндік жасау керек;
  • педагогикалық қолдау көрсету.

Бұл мақсатқа жетудің тиімді жолының бірі - сабақта оқытудың интерактивті әдісін қолдану болып табылады. Сонымен, интерактивті оқыту технологиясы-бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген процесс.

Интерактивтік оқыту - бұл ең алдымен оқушы мен оқытушының қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады. Интерактивтік оқыту - бұл танымдық әрекеттің арнайы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын ала болжауға болатын оқыту түрі. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушылардың әрқайсысына қажет міндетті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.

Интерактивтік оқыту технологиясы деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоцианалдық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, студентке педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен студенттің іс-әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.

Блиц оқу ойындары

Блиц оқу ойындары - қысқа мерзімді шағын ойындар, олар студенттердің нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады.

Блиц ойындарда студенттерге ойынның жалпы нобайы мен тапсырмалары ғана беріліп, студенттер оларды өздігімен ойнап шығуы керек. Мұнда да «Ойыннан кейін» кезеңі ерекше маңызды рөл атқарады, өйткені осы уақытта студенттер ойыннан алған әсерлерімен бөлісіп, ой-толғаныстарын жазбаша түрде келтіреді.

Блиц оқу ойындарының мысалдары:

Шындық детекторы. Бір студентке 8-10 сұрақ қойылады. Білім алушылар сұрақтардың барлығына да шынайы түрде жауап беріп, тек біреуіне ғана жалған жауап қатады. Қалған студенттер шағын топтарға бөлініп, жауаптардың қайсысы өтірік болғанын анықтап, өз ұстанымдарына дәлелдер келтіруі керек.

Фотолар. Әр білім алушыларға (немесе студент тобына) бір адамның фотосын беріп, оның өмірін (немесе ол адамның мінез-құлқын) қысқаша түрде сипаттап беру тапсырылады. Жұмыс аяқталғаннан кейін фотолар тақтаға (қабырғаға) ілінеді. Білім алушылар кезекпен өз мәтіндерін оқығанда, баскалар әңгіменің қай адам туралы болғандығын аныктауы керек. Мұнда да өз көзқарасын дәлелдейтін тұжырымдар келтіріледі.

Алиби. Екі студентке белгілі бір қылмыс жасауда күдіктілердің рөлі беріледі. Оларды аудиториядан аластатып, алиби ойлап табуды тапсырады. Бұл студенттер қайтып оралғанда топтар екіге бөлініп, екі күдіктіден кезектесіп жауап алады. Егер күдіктілердің алибилері аз да болса сәйкес келмесе, олар жалған деп есептеледі.

Таңдау. Білім алушылар басқарма отырысында директорлардың рөлдерін ойнайды. Олардың мақсаты-атышулы жүлдені ең үздік адамға тапсыру. Студенттер өз кандидаттары туралы жан-жақты ақпарат келтіріп, нақты дәлелдерді айғақтауы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда CLIL екі тілде оқыту технологиясын қолдану ауқымдылығы
Жаңа педагогикалық технологиялар
Қашықтықтан білім беру технологиясының мәні
Аралас оқыту технологиясы әдістеріне шолу
Кәсіптік оқытуда жаңа оқыту технологияларын пайдалану ерекшеліктері
Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары. Кезеңдеп оқыту технологиясы
Smart технологиясының артықшылықтар
Қазақ тілін жаңаша оқыту технологиялары
Интерактивті тақта – жаңа заман талабы
Smart Технологиясының негізгі ұғымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz