Бекіре балықтарын тоғандарда өсіру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

«Арал-атамекен» ЖШС жағдайында сүйрік балығын өсіру технологиясының ерекшеліктері»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығы бойынша

АЛМАТЫ 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

Технология және биоресурстар факультетi

Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

«Арал-атамекен» ЖШС жағдайында сүйрік балығын өсіру технологиясының ерекшеліктері»

Беттер саны

Сызбалар мен көрнектi материалдар саны

Орындаған : Самарханова Назерке Жәнібекқызы

2018 ж. «» қорғауға жiберiлдi

Кафедра меңгерушiсi, Лукбанов В. М.

Жетекшiсi: Мустафин Е. Г.

Сарапшы

АЛМАТЫ 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

Технология және биоресурстар факультетi

Мамандығы 5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау»

Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы

Дипломдық жұмысты орындау

ТАПСЫРМАСЫ

Студент: Самарханова Назерке Жәнібекқызы

Жұмыс тақырыбы: «Арал-атамекен» ЖШС жағдайында сүйрік балығын өсіру технологиясының ерекшеліктері»

Университет бойынша 2018 ж "" № бұйрығымен бекiтiлген

Дайын жұмысты тапсыру мерзiмi 2018 ж ""

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:

1. Бекіре балықтарының шабақтарын өсіру үшін пайдаланылатын судың гидрохимиялық сипаттамасы.

2. «Арал-атамекен» ЖШС бассейн учаскесінде сүйріктердің осыжаздық шабақтарын өсіру бойынша тәжірибе жүргізу

3. Бассейндер ортасындағы негізгі гидрохимиялық көрсеткіштердің динамикасы және оларды бағалау

4. «Арал-атамекен» ЖШС жағдайында сүйріктер үшін тірі жемдерді өсіру бойынша тәжірибе жүргізу

Ұсынылатын негізгі әдебиет

1. Васильева Л. М. Биологические и технологические особенности товарной аквакультуры осетровых в условиях Нижнего Поволжья. - Астрахань: БИОС, 2000. -188 с.

2. Васильева Л. М., Пономарев С. В., Судакова Н. В. Кормление осетровых рыб в индустриальной аквакультуре. - Астрахань, БИОС, 2000. - 86 с.

3 Рекомендации по кормлению осетровых рыб в условиях рыбоводных хозяйств Казахстана. - Алматы, 2011. - 36 с.

4. Руководство по химическому анализу поверхностных вод суши. - Л. : Гидрометеоиздат, 1977. - 541 с.

5. Рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в бассейнах и прудах в условиях рыбоводных хозяйств юга Казахстана. - Алматы, 2009. - 56 с.

6. Пономарев С. В., Пономарева Е. Н. Биологические основы разведения осетровых и лососевых рыб на интенсивной основе: - Моногр. /Астрахан. гос. техн. Ун-т. - Астрахань: Изд-во АГТУ, 2003. - 256 с.

7. Шебанин В. М., Харитонова В. Ф., Пилаури А. Н., Подушка С. Б. Опыт выращивания осетровых в индустриальных условиях // Рыбоводство и рыболовствою - 1996. - №3-4. - 14 с.

8. 6 Васильева Л. М., Яковлева А. П., Щербатова Т. Г. и др. Технологии и нормативы по товарному осетроводству в VI рыбоводной зоне. -М. : Изд-во ВНИРО, 2006. -100 с.

9. Васильева Л. М., Пономарев С. В., Судакова Н. В. Технология индустриального выращивания молоди и товарных осетровых рыб в условиях Нижнего Поволжья. - Астрахань: БИОС, 2000. -23 с.

10. Пономарев С. В., Гамыгин Е. А., Никоноров С. И., Пономарева Е. Н., Грозеску Ю. Н., Бахарева А. А. Технологии выращивания и кормления объектов аквакультуры юга России. - Астрахань: Нова плюс, 2002. -264 с

Жұмыстың тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Тарау: Әдебиетке шолу
Кеңесші: Мустафин Е. Г
Мерзімі: Қазан, 2017 ж
Қолы:
Тарау: Материалды зерттеу әдістері
Кеңесші: Мустафин Е. Г
Мерзімі: Қараша, 2017 ж
Қолы:
Тарау: Негізгі бөлім
Кеңесші: Мустафин Е. Г
Мерзімі: Желтоқсан, 2017 ж
Қолы:

Кафедра меңгерушісі Лукбанов В. М.

Дипломдық жұмыс жетекшісі Мустафин Е. Г

Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент Самарханова Н. Ж.

Дипломдық жобаны орындау

ГРАФИГІ

Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
Рет саны: 1
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Кіріспе
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қазан, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 2
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Әдебиетке шолу
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қазан, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 3
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Зерттеу әдістері мен материалдары
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қараша, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 4
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Бекіре балықтарының шабақтарын өсіру үшін пайдаланылатын судың гидрохимиялық сипаттамасы.
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қараша, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 5
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: «Арал-атамекен» ЖШС бассейн учаскесінде сүйріктердің осыжаздық шабақтарын өсіру бойынша тәжірибе жүргізу
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қараша, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 6
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Бассейндер ортасындағы негізгі гидрохимиялық көрсеткіштердің динамикасы және оларды бағалау
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қараша, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 7
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: «Арал-атамекен» ЖШС жағдайында сүйріктер үшін тірі жемдерді өсіру бойынша тәжірибе жүргізу
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қаңтар, 2018 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 8
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Қорытынды
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Ақпан, 2018 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 9
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Пайдаланған әдебиеттер
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Наурыз, 2018 ж
Ескертулер: Орындалды

Кафедра меңгерушісі Лукбанов В. М.

Дипломдық жұмыс жетекшісі Мустафин Е. Г.

Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент Самарханова Н. Ж.

МАЗМҰНЫ

бет
:
: Нopмaтивті сілтeмeлep
бет:
:
: АНЫҚТАМАЛАР
бет:
:
: БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
бет:
:
: КІРІСПЕ
бет:
: 1
: Әдебиетке шолу
бет:
: 1. 1
: Бекіре балығы объекті ретінде сүйріктердің сипаттамасы
бет:
: 1. 2
: Қазақстанның жағдайында сүйріктерді өсірудің биотехникалық амалдары
бет:
: 1. 3
: Бекіре балықтарын өсіру кезінде судың сапасына қойылатын талап
бет:
: 1. 4
: Бекіре балықтарының жемі және оларға жем беру
бет:
: 2
: ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
бет:
: 2. 1
: Сүйрік балықтарына жем берудің әдіс тәсілдері.
бет:
: 3
: ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
бет:
: 3. 1
: «Арал-атамекен» ЖШС-індегі тәжірибелік бассейн учаскесінің сипаттамасы
бет:
: 3. 2
: Бассейндер ортасындағы негізгі гидрохимиялық көрсеткіштердің динамикасы және оларды бағалау
бет:
: 3. 3
: Сүйріктерге жем берудің әдістемелік тәсілдері
бет:
: 3. 4
: «Арал-атамекен» ЖШС жағдайында сүйріктер үшін тірі жемдерді өсіру бойынша тәжірибе жүргізу
бет:
: 3. 5
: Балық шаруашылығы бассейндерінде өсірілген сүйріктердің осыжаздық шабақтардың биологиялық сипаттамасы
бет:
: 3. 6
: Қазақстанның оңтүстігінде балық шаруашылығы жағдайларында сүйріктердің аналық үйірін қалыптастыру және өсіру
бет:
: 3. 7
: Қыстап шығу үшін сүйріктерді тасымалдау
бет:
:
: ҚОРЫТЫНДЫ
бет:
:
: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
бет:

Нopмaтивті сілтeмeлep

ГOСТ 7. 1 - 2003. «Библиoгpaфичeскaя зaпись. Библиoгpaфичeскoe oписaниe дoкyмeнтa. Oбщиe тpeбoвaния и пpaвилa сoстaвлeния».

ГOСТ 7. 32 - 2001. «Oтчeт o нayчнo - исслeдoвaтeльскoй paбoтe. Стpyктypa и пpaвилa oфopмлeния»

ГOСТ 1368-91 Pыбы всeх видoв oбpaбoтки. Длинa и мaссa.

ГOСТ P51497-89 Pыбa, paкooбpaзныe и кapaкaтицa. Paзмepныe кaтeгopии

ГOСТ24896-81 Тіpі бaлықтap. Тeхникaлық жaғдaй.

ГOСТ 50 380-92 Бaлықтap жәнe бaлық өнімдepі. Тepминдepі мeн aнықтayыштap

ГOСТ 7636-85 Бaлықтap, тeңіз сүтқopeктілepі, тeңіз oмыpтқaсыздapы жәнe oлapды өңдey өнімдepі. Тaлдay әдістepі.

ГOСТ 25706-83 Лyпaлap нeмeсe үлкeйткіш шынылap. Нeгізгі типтepі мeн пapaмeтpлepі.

ГOСТ 25336-82 Зepтхaнaлық шыны жaбдықтap мeн ыдыстap. Нeгізгі пapaмeтpлep, өлшeмдepі мeн типтepі

ГOСТ 24104-2001 Зepтхaнaлық жaлпы жaғдaйындa жәнe үлгі тapaзылapы. Жaлпы тeхникaлық жaғдaйлap.

ГOСТ 19908-90 Тигeльдep, тaбaқшaлap, стaкaндap, кoлбaлap, вopoнкaлap, пpибopкaлap жәнe квapц шыныдaн жaсaлғaн ұштық. Жaлпы тeхникaлық жaғдaйлap.

ГOСТ 427-75 Өлшeгіш мeтaлл сызғыштap. Тeхникaлық жaғдaйлap.

ГOСТ 1625-89 Тeхникaлық фopмaлин. Тeхникaлық жaғдaйлap.

ГOСТ 6709-72 Дистилдeнгeн сy.

ГOСТ 17. 1. 1. 01. -77. Сyды пaйдaлaнy мeн қopғay. Нeгізгі тepминдep мeн aнықтayыштap.

АНЫҚТАМАЛАР

Тоған - балық өсірілетін тоғандар. Балық өсіретін тоғандардың ауданы әдетте 1, 0 мен 20 га арасында болады, тереңдігі 1, 5-1, 7 м-ден аспайды. Барлық балық өсірілетін тоғандардың түбі түзу, тегіс, аздап бір жағына қарай тереңдетілген болады, ол ойыстық тоғандағы судың тез әрі толық ағып кетуіне мүмкіндік береді.

Бассейін әдісі дегеніміз - ол ағынды суы бар немесе механикалық жолмен, яғни насос арқылы тартылатын суда, бекіре тұқымдас балықтарының шабақтары мен дернәсілдерін арнайы лотоктар мен бассейіндерде өсіріліп, бағылуы.

Дегазация - суда еріген артық азот қалдықтарынан құтылу, ол газ эмболия ауруын тудыруы мүмкін (газ көпіршік ауруы) .

Судың қосымша аэрациясы - ауаны айдау немесе түрлі аппараттарды пайдалана отырып (аэраторларды, жаңбырлататын құрылғы, суды шашатын флейталар және т. с. с. ) суды оттегімен байыту.

Артемия - төменгі сатыдағы шаянтәрізді.

Флейталар - көптеген ұсақ тесіктер арқылы суды шашырату жолымен суды қосымша аэрациялауға арналған құрылғы.

«Coppens» Голландияда шығарылған қолдан жасалған өндірістік жеммен қоректендірді.

Сүйрік ( acipenser ruthenus, linne) . тұшы суда тіршілік ететін балық.

Сібір бекіресі ( acipenser baerii, brandt) . ертіс өзенінің орта және жоғары жағында тіршілік ететін балық.

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР

Осы дипломдық жұмыста келесі қысқартулар мен мәндер қолданылды:

С- біркүндік азық мөлшері;

Р-балықтың орташа салмағы;

А- күнделікті рацион

Х-арифметикалық орташа;

М- арифметикалық орташаның қателігі;

Q-балықтардың толық салмағы;

q- балықтардың іш құрылыссыз салмағы;

L- балықтардың толық ұзындығы;

l-құйрық қанатсыз ұзындығы;

min-минимум;

max-максимум;

м-метр;

n- балық саны;

мм-миллиметр;

-аналық;

-аталық;

см-сантиметр;

кг-килограмм;

г-грамм;

т-тонна;

км-1 шаршы шақырым;

км-1 куб шақырым;

га-гектар;

ж. -жыл;

%-пайыз;

т. б. -тағы басқа.

КІРІСПЕ

Соңғы онжылдықта Каспийде бекіре балықтары қорларының апатты төмендеуі байқалуда, мұның себебі бекіре балықтарын жыртқыштықпен жою болып табылады. Каспийдің барлық бекіре балықтары (ақсерке, бекіре, шоқыр, сүйрік) коммерциялық сұранымы жоғары объекті ретінде ерен бағалы болып табылады (уылдырық және балық өнімі) . Бекіре балықтары жойылу қаупі төніп тұрған флора мен фаунаның түрлерін саудалау бойынша халықаралық конвенция объектілерінің тізіміне енгізілген (СITES) .

Халықаралық сарапшылардың мәліметтері, уылдырық бойынша әлемдік базарда 10-20 пайызға қамтамасыз етілген. Соңғы кезде уылдырықтың бағасы 2-3 есеге өсті. Осыған байланысты бекіре балықтарын қолдан өсіруге деген қызығушылық дүние жүзі бойынша күннен күнге өсіп келеді.

Қалыптасқан жағдайда бекіре азық-түлік өнімін, соның ішінде уылдық алу үшін, бекіре балықтарына аквакультура әзірлеу және енгізу өте маңызды болып табылады. Тауарлық бекіре шаруашылығы - балық өсірудің жас саласы, ол АҚШ, Франция, Италия, Германия, Уругвай, Румыния, Венгрия, Болгария, Қытай және Ресей сияқты елдерде жақсы дамыған.

Қазақстанда аквакультураны дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бар, онда тауарлық бекіре өсіруге ерекше назар аударылған. Қазіргі таңда Қазақстанның әр түрлі областарында тауарлық бекіре өсіру жобалары әзірленіп жатыр. Атырау, Орал және Маңғыстау областарында бекіре балықтарын тауарлық өсіру және Каспий теңізінің бекіре балықтарының табиғи жолмен популяциясын толықтыру үшін аналық үйірлерін қалыптастыруға арналған кәсіпорынның құрылысы жоспарлануда.

Бекіре балықтары аквакультураның болашағы бар екені айқын. Алдымыздағы бірнеше жылдықта Каспий теңізіндегі бекірелердің табиғи популяциясының қорлары өзінің кәсіпшілік маңызын жоғалтады, бекіре өнімдерінің, соның ішінде қара уылдырықтың бағасы өседі және бизнестің бұл түрі өте пайдалы болады. Осы мақсатта қазіргі таңда азықтық уылдырық алу үшін ғана емес сонымен қатар өндіріс үшін де бекіре балықтарының аналық үйірін қалыптастыру өзекті болып табылады.

Бекіре балықтарының түрлерінің жойқын жойылуына байланысты оларды қолмен өсіру бекірелердің табиғи популяция шығынының орнын өтей алады және олардың қорларын толтырады.

Бекіре балықтары үлкен экспорттық әлеуетті білдереді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі тауарлық бекіре өсіруге түсімді және экономикалық болашақ ретінде дамудың арнайы дәрежесін беріп отыр.

Жүргізіліп жатырған экономикалық есепшоттар бекіре балықтарын тауарлық өсіру, тауарлық бекіре өсірудің қарқынды әдістерімен пайданың жоғары болуын куәландырады.

Бекіре балықтарының аквакультурасын ғылыми зерттеулерсіз дамыту мүмкін емес. Қазіргі таңда бекірені өсіру саласындағы зерттеулер үш негізгі бағыт бойынша жүргізіледі: өнімдік үйірлерді қалыптастыру; қолмен өсірудің тиімділігін көтеру; тауарлық өсіру. Қазіргі кезде бекірені өсіру жетістігі жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының заманауи орындалуына байланысты болады.

Бекіре балықтарын өсіру процесін қарқынды әдістерге ауыстыру мақсатында бекіре балықтарын бассейндік, торлық және құрамдастырылған өсірудің биотехникасын жетілдіру бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілуде; шикізат аумағы үшін қолжетімді жем компоненттерін іздеу жүргізілуде, суға жоғары төзімділіпен жемдердің теңгерілген рецептурасы әзірленуде, оларды дайындау технологиясы ОРЗ жағдайларына бейімделуде.

Өзектілігі. Қазіргі таңда бекіре балықтары санының қарқынды төмендеуіне және оларды Каспий теңізінен аулауға тыйым салынуына байланысты, осы мәселені шешу жолдарының бірі, олардың табиғи популяциясын қайта қалпына келтіру үшін балық шаруашылығы кәсіпорындарында балықтың осы тобының аналық үйірін қалыптастыру болып табылады.

Аквакультураның әр түрлі бағыттарын дамытуда Қазақстанның барлық мүмкіндіктері бар, сапасы бекіре өсірудің талаптарына сәйкес келетін артезиан суының дерек көздерінің көптігі бассейндерде тауарлық балық шаруашылығының жаңа құнды (бекіре балықтары) объектілерін өсіруге үлкен мүмкіндіктер бар.

Жаңалығы. Осы жұмыста сүйріктерді әрі қарай ҚР балық шаруашылығы кәсіпорындарында өндіру мақсатында пайдалану арқылы, Қазақстанда бірінші рет сүйріктердің аналық үйірлерін қалыптастыру әдістері қарастырылады.

Бүгінгі күнде Қазақстанда бекіре өсірудің отандық нормативтік-технологиялық базасы жеткілікті дәрежеде қалыптаспаған. Іс жүзінде шетелдік әдістемелік әдебиет пен нормативтік құжаттама пайдаланылады.

Сондықтан Қазақстан жағдайында бекіре балықтарын өсірудің әр түрлі биотехникалық тәсілдеріне бейімделу мәселесі өзекті болып отыр.

Зерттеудің мақсаты . «Арал-атамекен» ЖШС жағдайында бассейндерде сүйріктердің осыжаздық шабақтарын өсірудің биотехникалық тәсілдерін дайарлау және анлық үйірлерін қалыптастыру .

Зерттеудің міндеттері:

1. Артезиан суын пайдалану арқылы бассейндерде сүйріктредің осыжаздық шабақтарын өсірудің биотехникалық тәсілдерін игеру;

2. Бассейндерде сүйріктердің осы жаздық шабақтарын азықтандырудың биотехникалық тәсілдерін игеру;

3. Сүйрік балығының аналық үйірлерін қалыптастырудың әдістерін игеру.

4. «Арал-атамекен» ЖШС жағдайында құрамдастырылған тәсілмен сүйріктерді өсірудің уақытша нормативтерін әзірлеу бойынша ұсыныстар.

  1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

Тауарлық бекіре өсіру Қазақстан үшін жаңа прогрессивті бағыт болып табылады. Республикада бекіре балықтарын тауарлық өсірудің өзектілігі, олардың табиғи қорларының күрт азайып кетуімен түсіндіріледі. Қазіргі таңда теңізде мұнайды қарқынды алуға байланысты Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі су ортасы экожүйесінің деградациялануы өсіп келеді. Теңіздің биологиялық ресурстарын тиімсіз пайдалану Каспий бассейніндегі балықтардың ең құнды түрі ретінде бекіре балықтарының санының азайуына алып келді. Соңғы жылдардағы мониторингтік зерттеулер су бассейніне антропогендік ықпал етуде, сондай-ақ браконьерлік прессингтің бекіре балықтары популяциясы қайғылы дәрежеге дейін алып келуін көрсетті. Қалыптасқан жағдайда бекіре балықтарының табиғи гендік қорларын сақтаудың альтернативтік жолдарын әзірлеу және енгізу өте маңызды болып табылады. Мұндай бағыттарының біріне өзіне бекіре балықтарының кәсіптік қорларын қалыптастыру және бірқатар экологиялық және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелерді шешуге көмектесетін бекіреден азық-түлік өнімін алуды енгізетін тауарлық бекіре өсіруді дамыту жатады.

Зерттеудің орындалуы Республиканың балық өсіру шаруашылығы жағдайында бекіре балықтарын өсірудің биотехникасы бойынша ғылыми базаны күшейтеді. Қазақстанда әр түрлі бекіре балықтарын және олардың гибридтерін енгізу, олардың табиғи популяциясын азайтуға ықпал ететін болады. Республиканың әр түрлі аймақтарының балық өсіру шаруашылығында болашақта бекіре балықтарының тірі жинақтарын құру олардың генетикалық әр түрін сақтап қалу механизмдерінің бірі болып табылады. Жобаны іске асыру қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды өндіру бағыттары бойынша АПК дамыту басымдығына сәйкес келеді.

Қазақстанның әр түрлі шаруашылығында және табиғи аймақтарында бекіре балықтарын тауарлық өсіру технологиясын әзірлеу, сондай-ақ алаң бірлігінен тауарлық өнімді шығаруды маңызын көтеруге мүмкіндік беретін орта мен жемдердің сапасына, азықтандыру режиміне бақылау жүргізу және басқару мүмкіндігін беретін балық өсіру процестерін оңтайландыруға бағытталған басымды мәселелер болып табылады.

Бекіре балықтары санының күрт қысқарып кетуі қазіргі таңда осы саладағы маңызды мәселелердің біріне кәсіптік аулауды сақтау емес, ал балық түрлерінің әр түрлілігін сақтап қалу екендігіне алып келді. Осыған байланысты ішкі базарға да, сыртқы базарға да бекіре өнімін негізгі жеткізуші ретінде тауарлық бекіре өсірудің маңызы зор болып отыр.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі Қазақстанның балық өсіру шаруашылығында бекіре балықтарын өсірудің отандық нормативтік-әдістемелік базасының жоқтығына байланысты.

Сүйрік балығы тауарлық бекіре өсірудің болашағы бар объектілерінің бірі болып табылады. Бекіре балықтарының ішінде ол тез өсетін түрге жатады, үш жасында тауарлық түрге жетеді. Бұл болашақта бекірелердің өнеркәсіптік гибридтерінің түрін алу үшін осы түрдің аналық үйірін тәжірибелік өсіру және қалыптастыру үшін осы объектіні таңдап алудың негізгі себебі болып отыр.

Қазақстанның оңтүстігі жағдайында бассейндерде сүйріктердің осыжаздық шабақтарын өсіру биотехникасын өңдеу бойынша бағдарламалық зерттеулерді орындау «Арал-атамекен» ЖШС-інде жүргізілді (Қызылорда облысы, VІІ балық аулау зонасы) .

Зерттеудің материалы ретінде дернәсілден осыжаздақ шабақтарға дейінгі жастағы сүйрік пайдаланылды. Орташа салмағы 20 г, 1500 данадан тұратын сүйріктің дернәсілдері Киевтен (Украина) уылдырықтан шығарылған, Оңтүстік Қазақстан облысының Кереит ауылында орналасқан ТСҚ тәжірибелік бассейндік учаскесіне алып келінді.

Тәжірибелік бассейндік учаскені құру кезінде «Қаз БШҒЗИ» ЖШС қызметкерлері ресейлік ғалымдар әзірлеген биотехникалық норматвитерді басшылыққа алды [1] .

Өсірудің әр түрлі кезеңдерінде бекіре дернәсілдердің өмірге қабілеттілігін бағалау үшін күн сайын өлген дернәсілдердің есебі жүргізіледі және сорттау және оңғы аулау кезінде тікелей есепке алу әдісі қолданылды.

Ортаның абиотикалық және биотикалық факторларының бекіре балықтары дернәсілінің өсуіне және дамуына әсер етуін бағалау үшін балық өсіру бассейндеріндегі кислородтық режимдердің температуралық динамикасы (тәулігіне 2 рет), сутегі көрсеткішінің дәрежесі (бес күнде бір рет) және судың ағысы (декадасына 1 реттен кем емес) тексеріліп отырылды. Судың температурасы мен оттегінің мөлшері термооксиметр көмегімен өлшенді, рН метрімен өлшенді. Ағысты анықтау үшін секундомер және калибрленген ыдыс пайдаланылды.

Өсірудің әр түрлі кезеңдерінде азықтандыру рационының тәуліктік есебін С = Р А / 100 формуласы бойынша жүргізді, мұнда С - азықтандырудың тәуліктік нормасы, г (кг) ; Р - балықтың орта салмағы, мг (г) ; балықтың салмағынан %, А - тәуліктік рацион [2, 3] .

Балық өсіретін ыдысқа түсетін судың сапасын бағалау үшін мезгіліне екі рет судың үлгісі алынып тұрылды. Алынған судың үлгілерін талдау жалпы қабылданған әдістер бойынша орындалды .

Шешуші бионормативтер ретінде сүйріктердің осы жаздықтарын өсіру кезінде тауарлық бекіре өсіру үшін ресейлік ғалымдар әзірлеген нормативтік-техникалық база және әдістемелік нұсқаулар қабылданды [4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13] . Жеке бағыттарда балық шаруашылығында жалпы қабылданған әдістемелік база пайдаланылды [14, 15, 16, 17] .

Сүйріктің аналық базасын қалыптастыру ресейлік ғалымдар әзірлеген әдістемеге сәйкес жүргізілді [18, 19, 20, 21] .

Бекіре балықтары дернәсілінің өсу қарқынын зерттеу және бағалау бақылаулық аулау, сорттау және соңғы аулау қорытындылары бойынша жүргізілді. Ақпараттық материалды жинау, статистикалық өңдеу және талдау «Excel» компьютерлік бағдарламасын қолдану, биологиялық статистика әдістерін пайдалану арқылы жалпы қабылдаған әдістер бойынша жүргізілді. Алынған қорытындылардың шығынын бағалау тиісті таңдаулар үшін Стьюдент критерилерін есептеу жолымен өткізілді [22] .

Зерттеудің қорытындылары шетелдерде, атап айтқанда Ресейде алынған осыған ұқсас қорытындылармен салыстырылды.

Қазақстанның балық өсіру шаруашылығында сүйріктерді өсірудің теориялық негіздері.

  1. Бекіре өсірудің объектісі ретінде сүйріктердің сипаттамасы

Сүйрік (Acipenser ruthenus L. ) барлық уақыт өзен арнасында тіршілік ететін тұщы су балығы. Көнбіс және тез өсетін (сурет 1) болғандықтан бекіре өсіруде үлкен тауарлық маңызға ие.

Сурет 1 - Бассейндердегі сүйрік

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бекіре балықтарын өсіру технологиясы
Бассейіндік балық өсіру технологиясы
КӨЛ ТАУАРЛЫ БАЛЫҚ ӨСІРУ КӨЛДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
Тауарлық балық шаруашылығы
Тауарлы бекірені өсіру
Қазақстан суларынан кәсіптік мақсатта ауланатын балықтар және оларды қолдан өсіру
Қазақстанда балық өсірудің қазіргі жағдайы
Қазақстанда ауланатын балықтар
Балық өнімдерін балықтардың бактериалдық ауруларына байланысты сараптау және санитариялық бағалау
Балық қорын құқықтық қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz