Сауықтыру дене тәрбиесі және денсаулық



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

Аталмыш дипломдық жұмыс жазылуы барысында бірқатар мемлекеттік
құжаттар негізге алынды.
МББС (ГОСТ) 7.31 – 2001. Ғылыми – зерттеу жұмысы туралы есеп.
Рәсімдеу құрылымы мен ережелері.
МББС (ГОСТ) 7.31 – 2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық
сипаттама. Құрастыруға қойылатын жалпы талаптар мен ережелер.
Қазақстан Республикасының Білім туралы 27 шілде 2007 жылғы №319 –
III (01.01.2017ж. өзгерістермен және толықтырулармен) заңы.

АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Статикалық үдеу кез – келген динамикалық жұмыс кезінде қысқа уақытқа
пайда болып, өзіндік- күш жаттығулармен сипатталады.
Салауатты өмір салты (СӨС) - әр адамның өз денсаулығын сақтауға және
нығайтуға бағытталған белсенді іс-әрекеттері, қайраттылығы, ынта-жігері,
санасы, зерделілігі.
Сауықтыру дене тәрбиесі - организмнің қызметтік мүмкіншілігін тиісті
оттегін тұтыну шегінің (ОТШ) 100% деңгейіне жеткізетін жаттығулар жүйесі.
Ағзаның резерві (қоры) - өзінің қызметін тыныш күймен салыстырғанда
анағұрлым күшейтетін қабілет.
Қимыл дағдысы – құрамды элементтері автоматты түрде орындалатын
қимылдар жиынтығы.
Күрес – қазақ халқының тарихи дамуы барысында қалыптасқан ережелеріне
сай спортшы қарсыласын жеңу жүзеге асырылатын жекпе жек түрі.

СӨС - салауатты өмір салты
ОТШ – оттегінің тұтыну шегі
ДДСҰ – дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
АФР – ағзаның физиологиялық резерві
КБ – кері байланыс
ЭЕМ – электронды есептеуіш машина
ММ – математикалық модель
ИМ – имитациалды модель
V % - вариация коэффиценті
M – ассеметрия
АДД - арнайы дене дайындығы

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкестілігі: денсаулықты нығайту мен
сақтауды және қазіргі бар қайшылықтарды жоюды қамтамасыз ететін дене
шынықтыру-сауықтыру жүйелерін одан әрі теориялық және экспериментальды
зерделеу қажеттілігімен түсіндіріледі.
Зерттеуімізде спортшылардың өзара қатынасы мәселелеріне, оның
әлеуметтік тәжірибе жинақтауға қалай әсер ететіндігін, сол тәжірибені
көпұлтты спорттық ортада пайдаланғанда қандай нәтиже беретіндігін білу
мақсатымен спорт психологиясы жөніндегі ғылыми әдебиеттер де кеңінен
пайдаланылды.
Сонымен, ғылыми әдебиеттерге жасалған талдаулар көрсеткендей, дене
шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби тұрғыдан даярлығын
жетілдіру мәселесі толық зерттелмеген.
Бұл мәселені іске асыруда дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының
мазмұндық тұрғыда толық қамтамасыз ету қажет.
Зерттеу пәні – спорттық-сауықтыру және дене тәрбиесі ортасы
болғандықтан, зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты жекелеген жалпы
теориялық ережелерді нақтылауға мүмкіндік беретін дене тәрбиесі және дене
шынықтыру теориясы мен әдісі жөніндегі зерттеу жұмыстары талданды. Сол
мақсатта Ж.К. Оңалбектің, Л.П. Матвеевтіњ, Б.Тойлыбаевтың, В.В.
Белорусованыњ, Н.А. Васильеваныњ еңбектерін айрықша атап өткен жөн.
Зерттеу нысаны – Жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды кәсіби
дайындау процесі.
Зерттеу мақсаты – Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ
мамандарды кәсіби дайындығын жетілдірудің негіздері.
Зерттеудің міндеттері:
1. Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде кәсіби даярлаудың теориялық-
негіздеріне шолу жасау.
2. Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде олашақ мамандардың кәсіби
дайындығын жетілдірудің негізгі педагогикалық, медициналық-биологиялық
шарттарын айқындау.
3. Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде энергетикалық қамтамасыз ету
арқылы дене қозғалыстары, режимдер, бағыт-бағдарламаларын құрудың мазмұнын
сипаттау.
4. Болашақ маманның кәсіби дайындығын жетілдіру бағытындағы дене
шынықтыру-сауықтыру жүйесін энергетикалық жағынан қамтамасыз етуді
негіздеу.
5. Болашақ мамандардың кәсіби дайындығын дене шынықтыру-сауықтыру
жұмыстары негізінде жетілдіру жүйесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстар арқылы тексеру.
Зерттеудің әдістері - білім беру жүйесінің философиялық,
психологиялық-педагогикалық негіздері, тұлғаның дамып, жетілуі мен
толысуының жалпы диалектикалық принциптері, сана мен іс-әрекет бірлігі
принципі, жеке тұлғаны дамытудағы шығармашылық әрекет пен тұлғалық
ізденушілік қатынас туралы қазіргі философиялық қағидалар; таным теориясы;
жеке тұлға, іс-әрекет, мәдениет теориялары, адам – қоғам – табиғат
жүйесіндегі диалектикалық байланыстар, оқу процесін басқару мен ұйымдастыру
теориясы, дене тәрбиесі теориясы.
Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі мен негізділігі. Әдіснамалық және
теориялық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдістерді қолданумен,
эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен,
бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылаумен, оның
тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар арқылы тексерумен және
практикаға ендірумен қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы:
1. Болашақ мамандардың дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде кәсіби
даярлығын жетілдіру теориялық-әдіснамалық тұрғыда анықталды.
2. Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандарды кәсіби
дайындаудың ғылыми-педагогикалық талаптар айқындалды.
3. Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде энергетикалық өлшемдер арқылы
дене қозғалыстар, режимдер, бағыт-бағдарламаларын құрудың мазмұны
анықталды.
4. Болашақ маманның кәсіби даярлығын дене шынықтыру-сауықтыру
жүйесінде энергетикалық қамтамасыз ету арқылы жетілдірудің тұжырымдамасы
жасалды.
5. Болашақ мамандарды дайындауда дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын
іске асырудың әдістемелері жасалып, оның тиімділігі тәжірибе жүзінде
тексерілді. Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандарды
дайындаудың ғылыми тұрғыда негізделген әдістемесіне сәйкес, оны жетілдіруге
байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы:
- жоғары оқу орындары оқытушыларына дене шынықтыру-сауықтыру
жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде теориялық және әдіснамалық, ғылыми
әдістемелік материалдар ұсынылды.
- зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында, колледждерде және білім
жетілдіру институттары қызметінде пайдалануға болады.
- зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі ұсынылған қағидалардың
жүзеге асуына, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіру, дене шынықтыру-
сауықтыру жұмыстарының жаңа бағыттарын айқындау және оны практикаға енгізу,
оқытушының шеберлігі мен шығармашылық дербестігін жетілдіру сияқты маңызды
көкейкесті мәселені шешуге мүмкіндік беретіндігімен байланысты.
Жұмыс құрылымы мен көлемі: кіріспеден, негізгі 3 бөлімнен,
қорытындыдан, 5 кесте, 4 сурет, 48 әдебиеттен және 71 баспа табақтан
тұрады.

1 САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ СЕБЕП ШАРТТАРЫ

1.1 Сауықтыру дене тәрбиесі және денсаулық

"Қазақстан - 2030" және осы ұлттық даму стратегиялық бағдарламасын
жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік сауықтыру бағдарламасында да негізгі
сауықтыру жолы ретінде салауатты өмір салты, өмірдің сапасы мен деңгейін
көтеру.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұжырымы бойынша, адамның
денсаулығы 50-55% оның өмір сүру салтына, 20% - тұқымқуалаушылыққа, 20% -
сыртқы ортаға, 8,5% медицина қызметкерлері мен денсаулық қорғау жүйесінің
жұмысына байланысты. Демек, денсаулықтың ең басты себепшарты - өмір салты.
Өмір салты дегеніміз не? Оның анықтамалары, жіктеу кестелері көп. ДДСҰ өмір
салтын - жеке бастың тұрмыс жағдайлары мен мінез-құлық, тәртіп үлгілері
арасындағы қарым-қатынасқа негізделген тіршілік әрекеті деп белгілейді[2].
Әлеуметтік медицина саласындағы беделді ғалымдардың бірі
Ю.П.Лисициннің тұжырымы бойынша, өмір салты - тұрақты, тарихи қалыптасқан
тіршілік әрекеттерінің түрлері немесе әр адамның материалдық және рухани
тіршілік салаларындағы тұрақты әрекеттерінің тәсілдері.
Егер өмір салтының көптеген анықтамаларын жалпылай тұжырымдасақ,
онда өмір салты - адамның табиғи және әлеуметтік сыртқы ортамен тұрақты да
ұзақ ара-қатынастарының жүйесі, оның рухани (адамгершілік) және материалдық
құндылықтар туралы түсініктері, ниеттері, іс-әрекеттері мен мінез-құлық
ережелерінің жүйесі, қоғам заңдары мен ғұрыптарына бейімделе отырып, өзінің
қажеттіліктерін қанағаттандыру жолдары.
Қысқаша айтқанда, өмір салты - адамның тіршіліктің қиын-қыстау
жағдайларына шыдауы және белгілі тіршілік ортасындағы іс-әрекеттері. Өмір
салты - әр адамның моральдық бейнесі.
Өмір салтының мазмұнын құратын аспектері:
- экономикалық, яғни тұрмыс дәрежесі - әр адамның өзінің рухани,
материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі;
- әлеуметтік, яғни өмір сапасы - адамның өз қажеттіліктерін
қанағаттандыруына ризашылығы, көңілінің толуы;
- әлеуметтік-психологиялық, не өмір стилі - адамның тіршілік
барысындағы мінез-құлық ерекшеліктері;
- әлеуметтік-экономикалық, не өмір тәртібі: өмір стиліне жақын,
тарихи дағдыланып, адамның санасына ұялап кеткен әдет-ғұрыптар.
Алғашқы екеуі бірдей болған жағдайда денсаулық көбінесе өмір стилі
мен тәртібіне байланысты. Осыған байланысты қазіргі адамдардың өмір салты
ерекшеліктеріне тоқтала кеткен жөн. Біздің ата-бабаларымыз табиғатпен тығыз
байланысты, табиғи ырғақпен тіршілік құрып, өмір сүрген. Ерте тұрып, кеш
жатқан. Әр жыл мезгілінің өзіндік жұмысы, күн тәртібі болған. Қазіргі
кезде халық өндіріс ырғағымен бір сазды өмір сүріп, жылдар бойы бір түрлі
жұмыс атқарады. Бұл салауатты өмір салтына қайшы тіршілік.
Біздің ата-бабаларымыз тіршілік деңгейі мен сапасының денсаулыққа
байланысты екенін біліп, оны сақтауға ынталы болған. Қазіргі адамдар
денсаулық мәселесін дәрігерге, медицинаға артады, сау кезінде ол туралы
ойлап, оны нығайтуға онша көңіл бөле қоймайды. Залалды әсерлерді біле
тұра, саналылық көрсетпейді, басқа ауырса да өзі ауырмайтындай көреді.
Сондықтан, валеологияның мұратты мақсаты - әр адамды салауатты өмір
салтына, денсаулықты сақтауға үйретіп, валеологиялық бейімділігі бар жеке
басты тәрбиелеу.
Өмір салты салауатты және салауатсыз болып бөлінеді. Салауатты өмір
салты (СӨС) - әр адамның өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған
белсенді іс-әрекеттері, қайраттылығы, ынта-жігері, санасы, зерделілігі.
СӨС құрамдас бөліктері өте көп, бірақ олардың ең бастылары: 1)
жүйелі жаттығу жүйесі, тиімді қимыл-қозғалыс белсенділігі;
2) дұрыс тамақтану;
3) өз денсаулығын сақтауға деген зерделілігі, саналылығы.
Бұл үшеуімен қатар СӨС-ның мазмұнын адамның психологиялық,
физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруына көңілінің толуы,
экономикалық және материалдық тәуелсіздігі, медициналық белсенділігінің
жоғарылығы, тіршілігіне көңілінің толуы, тән және жан рахаты, тіршілік
бағытының белсенділігі, соның ішінде денсаулық сақтаудағы, толық дем алу
мүмкіншілігінің болуы т.б. түзеді. Бұлар да денсаулық себепшарттары.
Ал салауатсыз өмір салты дегеніміз:
- қимыл-қозғалыс тапшылығы;
- арақ-шарапқа құмарлық, шылым шегу, есірткелер қолдану;
- жанұядағы, ұжымдағы, т.б. шиеленістер;
- медициналық белсенділіктің төменділігі, медициналық сауатсыздық;
- дұрыс тамақтанбау;
- өз өміріне көңілінің толмауы;
- асыра шаршау;
- әлеуметтік белсенділіктің төмендігі, немесе оның жоқтығы;
- дұрыс, толық дем алмау т.б.
Бұлар ауыру қаупін тудырушы себепшарттар.
СӨС қалыптастыру денсаулыққа үйрету бағдарламасының негізін құрады.
Денсаулыққа үйрету (оқыту) әдістемесі - өте күрделі, әлі күнге дейін
ғылыми тұрғыдан толық дәлелденбеген мәселе. Денсаулыққа үйрету үшін тек
медициналық, биологиялық мәліметтерді оқыту жеткіліксіз. Ол үшін ең алдымен
адамның рухани, ішкі дүниесін, сана-сезімін оятып, оның салауатты
қажеттіліктерінің мазмұнын тәрбиелеп, қалыптастыру қажет. Бұл жолда тек
адамның санасына ғана әсер ету жеткіліксіз, санамен қатар оның сезімдеріне
(эмоция) ықпал көрсету міндетті. Сол арқылы медициналық мәліметтерді
психологизациялау қамтамасыз етіледі, ал психологизациялау дегеніміз - өмір
салты мен денсаулықтың сандық және сапалық көрсеткіштері арасындағы
тәуелділікті дәлелдеп көрсету. Ол үшін тәжірибе жүзінде денсаулық құжатын,
денсаулық күнделігін енгізу міндетті. Сонда ғана ауыру қаупін тудыратын
себепшарттарға тосқауыл қоюға болады.
Денсаулық құжатының үлгілері әр түрлі. Мысалы, В.М.Дильманның ұсынысы
бойынша орта, егде жастағылар үшін мәліметті денсаулық құжаты мынандай
көрсеткіштерден түзілуі керек:
1. Дене салмағы, не оның құрамындағы май тінінің үлесі.
2. Қандағы холестерин мен тығыздығы жоғары май қышқылдарының,
триглицеридтер мен & және ¥ - липопротеидтер мөлшері.
3. Қандағы қанттың аш қарынға және 100 гр глюкозаны қабылдағаннан соң
2 сағаттан кейінгі мөлшері.
4. Артериалдық қан қысымының деңгейі.
Жас адамдардың, соның ішінде мектеп оқушыларының, денсаулық құжаты
көрсеткіштері ретінде дененің тотальды өлшемдерін (бой ұзындығы, дене
салмағы, кеуде қуысының шеңбері), өкпенің тіршілік сыйымдылығын, дене
мүсінін, тірек-қозғалыс аппаратының күйін, ТСЖ мен артериалдық қан қысымы
мөлшерлерінің бұлшық ет жұмысы кезінде өзгеруін, басты дене қабілеттерін
(төзімділік, икемділік, ептілік, күш, шапшаңдылық) пайдалануға болады.
Әрине, денсаулықты болжауда ауыру қаупін тудыратын себеп шарттарды
ескеру міндетті. Олар денсаулық құжатының көрсеткіштері ретінде де
мәліметті.
Қазіргі заманның өзіне тән ауыру және өлу себептері бар екені мәлім.
Экономикалық даму сатысы жоғары елдерде халық жұқпалы аурулардан емес,
созылмалы соматикалық аурулардан өледі. Олардың ішінде 8 басты аурулар бар,
соның ішінде 50% жағдайда өлімнің басты себебі - жүрек-қан тамырлар
аурулары. Ал жүрек-қан тамырлар ауруларының негізінде көбінесе
атеросклероз - коронарлық артериялардағы сырқаттық өзгерістер жатады. Соның
салдарынан жүрек бұлшық етіндегі қан айналымының кемшілігі туады, оның
оттегіне мұқтаждығы толық қамтамасыз етілмейді де жүректің ишемиялық ауруы
пайда болады. Соған байланысты ауыру (боль) мазалайды (стенокардия), кей
жағдайда бұл сырқат ешбір сыртқы белгісіз дамып, оқыстан өлуге әкеліп
соғады (миокард инфаркты - жүрек бұлшық етінің жансыздануы).
ДДСҰ мәліметтері бойынша, экономикалық дамуы жоғары елдерде жүректің
ишемиялық ауруларының үлесіне жүрек-қан тамырлар ауруларынан болған өлімнің
23 бөліміне келеді және атеросклероз тек егде адамдарда ғана емес, 10-19
жастағыларда да кездеседі[3].
Дене жаттығуларының сауықтыру әсері адамзатқа ертеден белгілі. Ежелгі
грек философы Платон қимыл-қозғалысты "медицинаның шипалы бөлімі", ал
Плутарх - "өмір қоймасы" деген. Қимыл-қозғалыс тапшылығының, аз қозғалудың
(гиподинамия, гипокинезия) залалды әсері де кең танымал, олардың халық
арасында кең тараған "замана" ауруларының басты себепшарты екені ғылыми
тұрғыдан дәлелденген. Сондықтан дене тәрбиесінің, тиімді қимыл-қозғалыс
белсенділігінің денсаулықты қалыптастырудағы, сақтаудағы және нығайтудағы
мәні өте зор, ол салауатты өмір салтының міндетті шарты.
Сауықтыру дене тәрбиесі - организмнің қызметтік мүмкіншілігін тиісті
оттегін тұтыну шегінің (ОТШ) 100% деңгейіне жеткізетін жаттығулар жүйесі.
Мұндай жүйені кейде физикалық жаттықтыру, немесе кондициондық жаттықтыру
жүйесі дейді. Ал Кеннет Купер аэробты жаттықтыру жүйесі деп атайды.
Сауықтыру дене тәрбиесінің басты мақсаты - денсаулықты нығайту,
организмнің қызметтік мүмкіншілігін жоғарылату арқылы тұрақты денсаулықты
қамтамасыз ету.
Сауықтыру дене тәрбиесінде спорттық нәтижені арттыру мақсаты
қойылмайды, басты мақсат - денсаулықты сақтау, жақсарту, ауру-сырқаттардың
лдын алу, денсаулықтағы, дене бітіміндегі, ағзаның қызметтік күйіндегі
ауытқуларды дер кезінде асқындырмай жою[4].
Аэробты сауықтырушы жаттығудың К.Купер, Н.Амосов, т.б. ғалымдар
ұсынған арнайы жүйелері мен тәсілдері бар. Жаттықтыру бағдарламалары жаяу
жүру, жүгіру, велосипед тебу, суда жүзу, бір орында тұрып жүгіру, спорттық
ойындар ойнау сияқты жаттығулар түріне негізделген. Әр жастық, жыныстық
топқа, дайындығы әр түрлі адамдарға арналған бағдарламалар бар.
К.Купер жүйесімен жаттыққанда жүктемені біртіндеп өсіріп, аптасына 30
шартты ұпайға дейін жету керек. Бұл денсаулықтың "қауіпсіз" деңгейіне
жетуді қамтамасыз етеді. Бірақ К.Купер жүйесіне көшу алдында әр
жаттығушының 6 апталық дайындықтан өтуі міндетті. Содан кейін сынаудан
өтіп, дайындық топтарына бөлінеді.
4-5 -ші топқа кіргендерге аптасына біртіндеп 30 ұпай жинайтын кез-
келген бағдарламамен жаттығуға болады, қалған үш топтың (1-3-ші) өздерінің
жастық топтарында жаттығуын әрі қарай жалғастырып, 30 ұпай жинауға
асықпағаны жөн. Егер бағдарламада көрсетілген қарқын ауыр тисе, әр жаттығу
кезеңін ұзартуға болады.
Сауықтыру дене тәрбиесі белгілі бір физиологиялық негіздерге сүйене
жүргізілсе ғана пайдалы.
Олар: орындалатын жаттығулардың түрі, жаттығулардың қарқыны,
жүктемелер көлемі, 1 аптада жүргізілетін жаттығу сабақтарының жиілігі, әр
сабақтың ұзақтығы.
Жаттығулар түрлері. Организмге көрсететін әсеріне және қимыл
ерекшеліктеріне сәйкес жаттығулар 2 үлкен топқа бөлінеді:
1. Циклді жаттығулар (жүгіру, жүру, велосипед тебу, жүзу, шаңғы
тебу).
2. Ациклді, немесе циклді емес жаттығулар (гимнастикалық жаттығулар,
хатка-йога, жалпы дайындау тобы, спорттық ойындар, тағы
басқалары). Циклді жаттығулар ағзаның жалпы төзімділігін, жүрек-
қан тамырлар төзімділігін, оттегін тұтыну шегін арттырады. Сол
себептен олар денсаулықтың сандық көрсеткіштерін өсіреді, ауру
қаупін тудыратын ішкі себепшарттарды әлсіретеді немесе мүлде
жояды. Ал ациклді жаттығулардың мұндай әсерлері кемірек. Олар
бұлшық еттердің күші мен төзімділігін, икемділікті, шапшаңдық пен
ептілікті, координацияны, жалпы қимыл-қозғалыс жүйесінің күйін
жақсартады. Бұл дене қасиеттерінің де әр адамға қажеттігі
жоғары, денсаулыққа, жұмыс қабілетіне пайдалы. Бірақ ациклді
жаттығулар жүрек-қан тамырлар төзімділігін, организмнің жалпы
төзімділігін, оттегін тұтыну шегін (ОТШ) арттырмайды, май
алмасуын реттемейді, атеросклероздық өзгерістерге негізделген
жүрек-қан тамырлар ауруларына қарсы кедергі бола алмайды. Мұндай
жаттығулар орындағанда күш-қуат көзі ретінде бұлшық еттердегі
АТФ, креатинфосфат, гликоген жұмсалады. Сондықтан сауықтыру дене
тәрбиесінде циклді аэробты, ірі бұлшық еттердің қатысуымен
орындалатын жаттығулар қолданылады.
Сауықтыру тәрбиесінде табалдырықты және тиімді қарқынды жүктемелер
қолданылады. Табалдырықты қарқын дегеніміз адамның дағдылы қимыл-қозғалыс
белсенділігінен жоғары, бірақ сауықтыру әсері бар жүктемелердің ең төменгі
қарқыны.
Мұндай қарқынды жүктемелер ағзадағы күш-қуаттың бұлшық ет жұмысына
жұмсалу тапшылығының орнын толтырады, ағзаның қызметтік қабілетін
арттырады, ауру қаупін тудыратын себепшарттар ықпалын әлсіретеді, дене
салмағын қалыпқа келтіреді.
Тиімді жүктемелер қарқыны - ең жоғары сауықтыру әсерін қамтамасыз
ететін, бірақ организмнің қызметтік мүмкіншілігіне сәйкес жүктемелер
қарқыны.
Жаттығулар қарқынын сүт қышқылының мөлшері немесе ТСЖ арқылы
белгілеуге болады.
Табалдырықты және тиімді қарқындылықтарды ОТШ-гі арқылы да есептеп
шығаруға болады. Табалдырықты қарқындылық ОТШ-нің 50%- тең, ал тиімдісі -
80%- тең. Ол үшін арнайы Шеферд кестесін қолдануға да болады.
Хольман формулалары арқылы керекті жүктемелер қарқынын бірден
есептеп шығаруға болады: егер жаттығу кезінде ТСЖ минөтіне (180 - адамның
жасы)шамасында болса, жұмыс қарқындылығының ОТШ-нің 60% -не тең болғаны,
минөтіне (190 - адамның жасы) деген мағынаға жетсе, онда деңгейі шамамен
75%-ке тең. Сауықтыру дене тәрбиесінде сабақ кезіндегі тамыр соғу жиілігі
130-170 ретмин аралығында болғаны тиімді.
Жүктемелер көлемі - әр сабақтың ұзақтығына, 1 аптадағы жаттығу
сабақтарының жиілігіне байланысты.
Әр жаттығу сабағының ұзақтығы 20 минөттен кем, 60-
минөттен артық болмауы керек. Ең тиімдісі 40-45 минөт. Мысалы: табалдырықты
қарқындылық дегеніміз аптасына 3-рет 5 км жүгіріп өту (15 км), тиімдісі
- жұмасына 3-рет 6-10 км-ден өту, яғни, 30-40 км. Сауықтыру мақсатымен
жүгіргенде 1 жұмадағы қашықтық 50 км аспауы керек. 1 аптадағы жаттығу
сабақтары 3-тен кем, 5 реттен жиі болмағаны тиімді.
Сауықтыру дене тәрбиесінде жаттығудың бірқалыпты әдісі қолданылады
(бірқалыпты қарқынмен жүру не жүгіру, тағы басқа аэробты жаттығулар).
Дағдыланған жүгірушілер құбылмалы қарқынды әдісті қолдануға болады
(мысалы, 30-60 минөттік кросс).
Жаңа ғана жаттыға бастағандарда да құбылмалы қарқынды жаттығу әдісін
пайдалана алу мүмкіндігі бар, тек кросс түрінде емес, қысқа қашықтықтарды
біресе жаяу жүріп, біресе жүгіріп өту арқылы (мысалы: 50 м жүгіру, сосын
150 м жүріп өтуді алмастыру).
Сауықтыру дене тәрбиесінде жаттығу кезінде ТСЖ минөтіне 170-реттен
аспауы керек. ТСЖ-нің бұл мағынасы анаэробты зат алмасу табалдырығы
деңгейіне (АНЗАТ, не ПАНО) пара-пар. АНЗАТ-нан жоғары деңгейде зат алмасуы
аралас қуат аймағында атқарылғандықтан зорығу қаупі артады. Оған қоса ТСЖ-н
170 реттен асыра жаттығу жалпы төзімділікті, соның ішінде
кардиореспираторлықты, дамытпайды. Жаттығу қарқыны АНЗАТ-тан асып кеткенін
шамамен болжаудың бірнеше оңтайлы жолдары бар. Мысалы, жүгіріп келе
жатқанда алқынып сөйлей алмаса ("әңгіме" тесті) не ауызбен дем алуға көшсе
("мұрынмен тыныс алу" тесті), жаттығу қарқынының ТСЖ-нің шамамен минөтіне
130 ретіне жеткені. Орта, әсересе егде жастағы адамдар үшін жаттығу аймағы
ТСЖ-нің минөтіне 120-160 рет шамасында болғаны тиімді.
Қимыл-қозғалыс режимдері. Сауықтыру дене тәрбиесінде 4 қимыл-қозғалыс
режимі қолданылады.
1.Реабилитациялық режим. Бұл режим әр түрлі аурулардан,
жарақаттардан кейін қолданылады. Сабақ емдік гимнастикасы түрінде
жүргізіледі.
2.Жалпы дайындық режимі. Бұл сабақтарда әр түрлі жаттығулар
қолданылады. Сабақ дайындық топтары түрінде жүргізіледі. Мұндай режим дені
сау адамдардың денсаулығын нығайту үшін немесе денсаулығында, денесінің
дамуында, ағзаның қызметтік қабілетінде кемшіліктері бар, созылмалы әр
түрлі аурулары бар адамдар үшін қолданылады.
3.Жаттықтыру режимі. Денсаулығы дұрыс, созылмалы аурулары жоқ жас
және орта жастағы адамдарды жаттықтырғанда қолданылады. Бұл режимде әр
түрлі жүктемелер қолдануға болады. Сабақ жүгіру, жүзу, шаңғы тебу, туризм,
велосипед тебу, гимнастика және тағы басқа түрлерінде жүргізіледі.
4.Кәсіптік дайындықты арттыру режимі (космонавт, спортшы, су астында
жүзетіндер, т.б.).
Сауықтыру дене тәрбиесінде міндетті түрде өзін-өзі бақылау,
дәрігерлік бақылау, дәрігерлік-ұстаздық бақылаулар жүйелі түрде өткізілуі
керек. Жаттығудың алғашқы жарты жылында дәрігерлік анықтама әрбір 3 ай
сайын жаңғыртылады, ал одан кейін жылына 2 рет өтсе жеткілікті. Жекешелеп
жаттығу бағдарламасын белгілеуде әр адамның жалпы жұмыс қабілетін ескеру
міндетті. Бұл мақсатпен валеологияда спорттық медицинадағы сынамалар
қолданылады: Мартин және Руфье-Диксон сынамалары, PWCAF, PWC130, PWC150,
ОТШ жанама тәсілдермен анықтау, ортастатикалық сынама, 12-минөттік К.Купер
тесті, бір орында тұрып минутіне 140-180 қадам жылдамдықпен жүгіру,
мөлшерлі отырып-тұру т.б. сынамалар). Сауықтыру дене тәрбиесінде жүктеме
жаттығушы организмнің бейімделу қабілетіне лайықты болса ғана пайдалы
екенін естен шығармау керек.

1.2 Дене тәрбиесінің физиологиялық негіздерінің теориясы. Ағзаның
физиологиялық резервтері

Ағзаның резерві (қоры) - өзінің қызметін тыныш күймен салыстырғанда
анағұрлым күшейтетін қабілет. Ағза резерві сыртқы ортаның жағдайына
байланысты өзгеруімен бейімделуін қамтамасыз етеді. Оларды морфологиялық
және функциональді резервтерге бөлуге болады. Морфологиялық резервтің
негізінде артық элементтердің құрылымы жатыр. Мысалы, адамның қанындағы
протромбиннің мөлшері барлық қанның ұюы ұшін қажет протромбиннен 500 есе
көп. Адам күнделікті өмірде 35% - тей ағза мүмкіншілігін пайдаланады. Шұғыл
жағдайда 50%- ке жуық. Ағзаның абсолюттік мүмкіншілігі 65%- тен аспайды[4].
Ағза резервтері – ағзаның жетілуімен өсіп, қартайған кезде
төмендейді. Олар спорттық жаттығу процесінде артады.
Адам денсаулығын нығайту үшін, қызметтің барлық түрінің өнімділігін
арттырып, соның ішінде спорттық нәтижелердің деңгейін көтеру үшін, ағзаның
потенциалды мүмкіншілігін білу қажет. Физикалық жаттығулар физиологиясының
маңызды міндеті ағза физиологиясын терең үйреніп, адам игілігіне пайдалану
болып табылады.
Физиологиялық резервтерді қосу ішкі секреция бездері қызметінің
шартсыз және шартты рефлекстер механизмдерінің белсенділігімен өтеді.
Спорттық жаттығу процесінде нейрогуморальді механизмдер жүйесінің
физиологиялық резервтерінің қосылуы қалыптасады. Бұл кезде олардың
жұмылдырылуы баяу өтеді. Физиологиялық резервтердің механизмін жедел
жұмылдырғанда, олардың қосылуы сезім – билеу болып саналады. Төзімділіктің
көп механизмдердің көмегімен артуы мүмкін. Оны құрайтын физиологиялық
резервтер:1) гомеостатикалық жүйе қуатының шегі; 2) ағзадағы энергетикалық
заттардың қоры және оны пайдалану мүмкіндіктері; 3) ағзаның аэробты және
анаэробты қуаттылығының өрісі; 4) ішкі секреция бездері қызметі деңгейінің
өрісі. Физиологиялық резервтер жалпы арнайы болып екіге бөлінеді. Алғашқысы
физикалық сапа қызметінің барлық түрлері арқылы өтеді. Екіншісі – арнайы
дағдылану арқылы (спорттың түріне байланысты) өтетін төзімділік пен
шапшандық және күш.
Дене жаттығулар бірқатар белгілері бойынша келесі топтарға бөлінеді:
1. Бұлшық ет массасы көлемінің белсенділігіне байланысты: 1) бұлшық
еттің 13 бөлігінен азырақ бөлімінің қатысуымен орындалатын жергілікті
жаттығулар (садақпен ату); 2) аймақты жаттығуларда бұлшық еттер массасының
½ бөлігіне шейін қатысады (қолдың көмегімен жасалынатын гимнастикалық
жаттығулар); 3) бұлшық еттердің ½ бөлігінен көбірек бөлімі қатысатын кең
аймақты жаттығулар. 2.Физиологиялық сапаның қайсібірі басым болуына
байланысты: 1) жылдам күш жаттығулары, бұл кезде бұлшық еттер бір уақытта
үлкен күш пен жиырылу жылдамдығын көрсетеді (секіру, лақтыру); 2) бұлшық
еттер аз ғана күш пен жылдамдықта ұзақ уақыт жұмыс қабілеттілігін сақтайтын
төзімділікке жаттығулар (ұзақ қашықтыққа жүгіру, шаңғы тебу).
3.Уақыт бірлігінде орындалатын жаттығуларда жұмсалатын энергия
мөлшеріне байланысты: 1) жеңіл; 2) орта; 3) сылбыр; 4) ауыр; 5) өте
ауыр жаттығулар.
4. Энергияны қамтамасыз ету механизмінің басымдылығына байланысты: 1)
анаэробты; 2) аралас; 3) аэробты.
Бұлшық ет қызметін энергиямен қамтамасыз ететін жүйе: энергия көзі
АТФ+Н2О --- АДФ+Н3РО4 + 8 – 10 ккал 1 моль Н3РО4 кезінде түзеледі. Энергия
жіптердің жылжуы үшін жұмсалады.
АТФ ресинтезі анаэробты және аэробты жолмен өтеді. 1) анаэробты жол:
а) креатинхиназды (алактатты) КФ + АДФ --- АТФ + креатин. Бұл механизм
жоғарғы шегіне 2-3 секундта жетіп, 13ккалкгсек энергия жұмсайды да,
жарылыс күшін қамтамасыз етеді. б) гликолитті (лактатты) процесстер
нәтижесінде сүт қышқылы түзіліп, гликоген фосфорланып, глюкозаға дейін
ыдырайды. Ал глюкоза болса сүт қышқылына дейін ыдырап, 20 секундта 57 ккал
энергия береді (глюкозадағы 687 калориядан). Сөйтіп шегіне 40 сек – та
жетіп, 7 калкгсек энергия жұмсалады. Негізгі энергиямен қамтамасыз ету
процесі субстраттардың тотығу кезінде жүзеге асады. 2) аэробты жол: Тотығу
көмірсулар мен майлардың жасушаларының митохондриясында жүреді де, 2 – 5
минуттарда максимумына жетіп, 5 калкгсек энергия жұмсалады. Осыған
байланысты жаттығуларды мынадай түрлерге бөледі. Анаэробты жаттығуларда
энергия 75%- тен 95%- ке дейін анаэробты жолмен түзіледі. Бұл жаттығуларды
орындағанда негізгі физикалық сапа күш пен тездік болып табылады. Аэробты
жаттығуларда энергия өнімділіктің аэробты механизмі басым болғандықтан,
оның негізгі дене сапасының төзімділігі болып табылады[7,8].
Тотығу кезінде оттегі қолданылатындықтан бұл жаттығулардың
қуаттылығын оттегін пайдалану деңгейімен бағалайды. Егер оттегін пайдалану
мөлшерін, оттегінің барынша қажеттілігінің леңгейіне жеткізсек, онда
жаттығудың қарқындылығын салыстырмалы аэробты қуаттың деңгейіменсипаттауға
болады. Бұлшық еттердің 50%- тен көбірегі жұмыс істегенде жоғарғы мөлшерін
талап етуін – оттегінің барынша қажеттілігі дейміз. Оның мөлшері
машықтанбағандарда 2,5 – 3,5 лмин. болса, машықтанған адамдарда 5 – 6
лмин болады.
Оттегінің барынша қажеттілік мөлшері қан және қан айналымы жүйесінің
бұлшық етке оттегін тасымалдауына, сондай – ақ қолдануына байланысты.
18 – 20 жаста оттегінің барынша қажеттілігінің көлемі өте жоғары болады да,
жасы ұлғаюына қарай төмендейді. 70 жастағы адам 20 жастағы оттегі
қажеттілігінің 60% - ін ғана құрайды. Сүт қышқылының пайда болуы мен
ыдырауы негізінде қалыпқа келу процесі өтетін болғандықтан, жұмыстың
қарқындылығын сүт қышқылының деңгейімен анықтауға болады. Ол жүрек бұлшық
етінде энергия көзіне айналып, глюкоза синтезделеді. Жұмыс қарқынын сүт
қышқылының деңгейімен анықтау үшін анаэробты алмасудың табалдырығы (ПАНО)
деген түсінік еңгізілген.
Бұл қандағы сүт қышқылының мөлшері 36 мг%- ке жеткендегі жүк
қарқындылығының деңгейі болады. Сүт қышқылының деңгейі анаэробты алмасудан
төмен болса, жаттығулардың қарқындылығы аэробты жаттығулар болып саналады.
Егер сүт қышқылының деңгейі 37мг%- тен 80мг%- ке дейін ауытқыса – бұл
аралас жаттығулар, ал 80мг% - тен жоғары болса анаэробты жаттығулар
бөлінеді. Ағзаның машықтанған деңгейі қаншалықты жоғары болса, соншалықты
үлкен көлемді жұмысты ПАНО деңгейінде атқарады. Жүктеменің қарқындылығын
бағалау үшін жүректің соғу жиілігінің (ЖСЖ) көлемі анықталады да, мынадай
себептерге байланысты тексеріледі. Бұл кезде оттегінің қажеттілігі артып,
жүрек – тамыр жүйесінің қызметі күшейеді де, жүректің соғу жиілігі ұлғаяды.
Жүректің соғу жиілігінің көлемі 140 соғмин – тен аспаса, олар аэробты
жаттығуларға жатады. Егер жүректің соғу жиілігі 175 соғмин – тен жоғары
болса анаэробты спортты жаттығулар болады.
Қозғалыстардың орындалуына байланысты стандартты (стеротипті) және
стандартсыз (ситуациялы) болып екіге бөлінеді.
Стандартты жаттығулар шартты қимыл рефлекстерін жүзеге асыруда
белгілі реттілікпен пайда болып, қимыл динамикалық стеротипті түрде
қалыптастырады. Стандартсыз жаттығулар қарсыласы мен серігінің әрекеті
арқылы сипатталады.
Стандартты циклді қозғалыстарды қуатына байланысты барынша жоғарғы,
соған төте үлкен және сылбыр деп бөледі.
Жоғарғы қуат аймағында – жұмыс қарқыны 5 – тен 30 – с-ке дейін
созылады. 60, 100, 200, 400 м жүгіру, 25, 50 м жүзу. Қозғалыстар жоғарғы
жиілікпен сипатталып, жүгіру жылдамдығы 10 мс болады да, олар АТФ, КФ және
3% глюколиз көмегінің қатысуы мен анаэробтың жағдайларда атқарылады.
Оттегінің қарызы 100 м жүгіру кезінде 7 – 8 л, тыныс жиілігі аз өзгереді
де, жүректін соғу жиілігі сөреге жақындағанда 180 – 190 соғмин- ке жетіп,
артериялық қысым көтеріледі. Систолалық қысым 180- 200мм сынап бағанасына
жетсе, диастолалық қысым өзгермейді.
Субмаксимальді қуат аймағында – жұмыс қарқыны 40 с-тен 3 мин- ке
дейін созылады. 400, 800, 1500 м жүгіру, 100, 200, 400 м жүзу, 1, 2, 3 км
велосипед тебу. Жүгіру жылдамдығы 7- 9 мс- ке жетіп, жұмыс ағзаның шекті
мүмкіншілігінде анаэробты жағдайда атқарылады. Энергия көбінесе АТФ, КФ
және глюколиз арқылы анаэробтық жолмен пайда болады. Түзілген сүт қышқылы
қанға өтіп мөлшері 200- 250 мг%- ке көтеріліп, сілтілі қышқыл ph 7,0- ге
жетеді де, оттегінің қарызы 20- 22 л- ге жетеді. Жұмыс кезінде анаэробты
процесстерден басқа 1,0- 1,5 мин аэробты процесстерде қосылады. Тыныс алу
және жүрек- тамыр жүйелерінің қызметі күшейеді. Жүректің соғу жиілігі 180-
200 соғмин, систолалық қысым артады, қан айналысының минөттік көлемі 25-
30 л болады. Қандағы қышқыл өнімдерінің шоғырлануы несепке өтеді. Ішкі
ортадағы ығысулар шаршауды дамыта түседі. Жасушалардағы және ұлпалардағы,
әсіресе орталық жүйке жүйесінде алмасу процесстерінің бұзылуына сілтілі
қышқылдың рh ықпалы күшейеді[5].
Бұлшық еттерден келетін импульстердің нәтижесінде орталық жүйке
жүйесінде тежелу дамиды. Бұлшық еттерде жиналған өнім алмасуы осмостық
қысымды көтеріп, қан плазмасының шығуына мүмкіндік жасайды. Бұл тер
бөлінумен бірге қанның қоюлануына әкеп соғады. Жұмыс қабілеттілігінің
төмендеуін оттегін тасымалдау, жүрек – тамыр және т.б. жүйелердің
мүмкіндіктерімен шектелуімен анықтайды. Ішкі ортаның өзгеруінен ферментті
жүйелердің белсенділігі төмендеп, алмасу процесстері бұзылады.
Үлкен қуат аймағында жұмыс қарқыны 3 – 5 мин- тен 20 – 30 мин- ке
дейін созылады. 3, 5, 10 км жүгіру, 1000- 1500 м жүзу, 5- 10 км шаңғы,
коньки және 10- 20 км велосипед тебу. Энергияның пайда болуының 70- 80%- і
аэробты жолмен өтеді де, қалғандары АТФ пен КФ және гликолиздің ыдырауының
салдарынан болады. Оттегінің қарызы 12 л қанның құрамында эритроциттер,
лейкоциттер және гемоглобин көбйеді. Жүректің соғу жиілігі 3- 4 мин- де
180- 200 соғмин- ке жетіп, жұмыстың соңына дейін осы деңгейде сақталады.
Өте бір жоғарғы қысым 180- 200 мм сын, бағ- на көтеріліп, жұмыс
істейтін бұлшық еттер тамырларының кеңеюі есебінен шамасы өте аз қысым
төмендейді. Қан айналымының минөттік көлемі 25- 30 л тыныс алудың, минөттік
көлемі 130- 150 л оттегіні пайдалану оттегінің барынша қажеттілігінің 80%-
ін құрайды. Дене температурасы көтеріліп, тер бөліну күшейеді де, несеп
түзілу төмендейді. Мұндай кезде несепте белок пайда болуы мүмкін.
Энергияның шығыны 0,4- 0,5 ккалс.Сілтілі қышқыл рh пен ферменттердің
белсенділігінің төмендеуі нәтижесінде шаршау дамиды. 20 мин- тік жұмыстан
кейін гликогеннің қоры азайып, катехоламиндер мен кортикостероидтер қоры
жойылады.
Сылбыр қуат аймағында жұмыс қарқыны 30- мин-тен бірнеше сағатқа дейін
созылады. Бұлар марафондық қашықтықтар. Энергияның 90%- ін аэробты жолмен
қамтамасыз етіп, көмірсулар мен майларды қышқылдандырыды. Энергия шығыны
0,3 ккалс. Жұмыс нақтылы күйде, не болмаса оттегінің жетіспеуі мен
пайдаланылуы тең кезде орындалады. Тыныс жиілігі 50- 60 демалумин,
жүректің соғу жиілігі 160- 180 соғмин, тыныс алудың минөттік көлемі 80-
130 лмин, жоғарғы қысым 160- 180 мм сын.бағ., қан айналымының минөттік
көлемі 20- 25 лмин. Тер шығуының күшейюі су мен тұздың көп бөлінуінен
болса, жалпы қосып есептегенде, орасан зор энергия жұмсаудың әсері энергия
қорының сарқылуына тіреледі. Қанда эритроциттер, лейкоциттер және
гемоглобин көбейіп, қан қоюланады. Сәреге жеткенде бұлшық ет лейкоцитозы
пайда болады. Глюкозаның қандағы құрамы 50%- ке дейін төмендеп,
катехоламиндер, соматотропонин және кортикостереоидтер қоры азаяды. Несепте
белок пайда болып, тер бөліну сағатына 1 л- ге жетеді. Су
мен тұз алмасуының бұзылуынан ішкі секреция бездерінің қызметі төмендейді.
Динамикалық жұмыс кезінде бұлшық еттердің ұзындығы және олардың
кернеулігі кемиді, басқаша айтқанда, бұлшық еттер изотониялық және
ауксотониялық тәртіпте жұмыс атқарады. Статикалық күш жымсау кезінде бұлшық
еттің екі шеті бекітілген, сондықтан қозу кезінде оның ұзындығы өзгермейді
де, бұлшық ет изометриялық тәртіпте статикалық жұмыс атқару арқылы
орындалады. Бұлар жүкті ұстап тұру кезінде, асылып тұрғанда жасалатын
жұмыстар. Ағзадағы өзгерістер жұмысқа араласқан бұлшық еттердің шамасы мен
массасы ғана емес, оның кернеулік дәрежесіне де байланысты. Бұлшық еттердің
азғана бөлшектерінің едәуір кернеуленген кезінде салатамырлық қысым
көтеріледі. Статикалық күшейгенде тыныс жиілігі, оттегіні қажет ету,
тыныстың минөттік көлемі төмендейді. Тамырларды қысу және қан айналымның
бұзылу салдарынан жұмыс істейтін бұлшық еттерде энергияның пайда болуы
анаэробтық жолмен өтеді. Сондықтан едәуір статикалық кернеулік тек бірнеше
ғана секөндке созылады. Кернеумен өтетін статикалық күшейюде тыныс алу
кідіреді. Оттегінің қарызы 2 л- ге жетуі мүмкін. Статикалық жұмыс
тәмамдалған соң тыныс жиілігі, тыныс алудың минөттік көлемі, жүректің соғу
жиілігі, қан айналымның минөттік көлемі, оттегін қажет етуі өседі. Бұл
құбылысты Лингард: статикалық күшею феномені деп атады.
Ішкі мүшелердегі қан ағымының кемуі жұмыстың салыстырмалы қуатына
қатынасы сәйкес жүреді.
Құрсақ тамырлы аймақ жүйесіндегі қан ағымы көлемі тыныштық күйдегі
1,6 лмин- тен қалыпты жұмыс кезіндегі 820 млмин- ке дейін және ауыр жұмыс
кезінде 390 млмин- ке дейін төмендейді. Оттегіні қолдану деңгейі оттегінің
минөттік қолданылуынан 29- дан 97%- ке дейінгі деңгеймен жұмыс атқарған 17
жас ер кісілерден тұратын топта Роуэлл т.б. (1964) дене салмағының кг- на
теңелген оттегіні қолданудың абсолютті деңгейімен және құрсақ тамырлы
жүйедегі қан ағымы көлемі арасында жоғары теріс корреляцияны (0,77)
анықтады. Қан ағымы оттегінің салыстырмалы қолдануымен тенестірілгенде
(оттегінің минөттік қолданылуынан %- пен), корреляцияның теріс коэффиценті
одан да көп болады (0,89). Төзімділікке жаттығушы спортшыларда құрсақ қан
ағым берілген абсолютті оттегі қолдану деңгейінде, спортшы еместерге
қарағанда жоғары. Дене жеттығуынан кейін адамдарда құрсақ аймақта оттегіні
қолданудың кез – келген деңгейінде (кез – келген жұмыс қуаттылығы кезінде)
қан ағым жаттығуға дейінгіге қарағанда жоғары. Сонымен қатар оттегінің
салыстырмалы қолданылу (оттегінің минөттік қолданылуынан %- пен) жаттыққан
және жаттықпаған адамдар арасындағы құрсақтық қан ағым деңгейі бірдей[7,8].
Сондай–ақ жұмыс кезінде бүйрек арқылы қан ағымы кемиді, ол жұмыс
ауыртпалығына пара – пар. Ауыр жұмыс кезінде бүйректік қан ағым тыныштық
деңгейінен 20%- ке дейін артады. Бүйректік қан ағым кемуі мен салыстырмалы
қуатты аэробты жұмыс аралығында жоғары корреляция (0,72) бар. Сондай – ақ
бүйректік қан ағымдағы өзгеріс жұмыс кезіндегі жүректің соғу жиілігімен
сәйкестелінеді, өйткені жүректің соғу жиілігі жұмыстың салыстырмалы
қуаттылығына тікелей тәуелді болады. Құрсақты қан ағым бүйректік қан ағым
сияқты, спортшыларға берілген қуатты бұлшық ет жұмысы кезінде спортшы
еместерге қарағанда жоғары болады.
Қанның біршама көлемі жұмыс істеп тұрған бұлшық еттерге тері және
активаз бұлшық ет топтарының қанмен қамтамасыз етілуінің кемуі есебінен
таралады. Сан жағынан алғанда бұл аймақтардың үлесі құрсақ және бүйрек
аймақтарына қарағанда қан ағым, әрбірден кейін бүкіл бұлшық ет салмағы
жартысындағы тыныштық күй жағдайында шамамен 1 лмин ғана құрайды (ол кезде
құрсақ қуысындағы мүшелер және бүйрек арқылы тыныштық күйде 3 лмин ағып
өтеді).
Жұмыс кезінде тынышталған бұлшық еттер арқылы қан ағым олардың қан
тамырларының тарылуы нәтижесінде кемиді. Бірақ тынышталған бұлшық еттердегі
қан ағымның өзгеруі және оттегінің салыстырмалы қолданылуы (жұмыстың
салыстырмалы қуаттылығы) арасында сандық байланыс құрылмаған.Жұмыс
кезіндегі терідегі қанның минөттік көлемінің таралуы және аэробты жұмыстың
салыстырмалы қуаттылығы арасында қанның минөттік қолданылуынан оттегінің
қолданылуымен нақты байланысы анықталмаған. Сонымен қатар бұндай
байланыстың болуы жұмыс кезіндегі дене температурасы жылу өнімінің
абсолютті көлеміне қарағанда оттегінің салыстырмалы қолданылуыммен тығыз
байланысқан. Тері қан ағымы жоғары қоршаған температурасында жүргізілсе де
қысқа қуатты жұмыс кезінде кемиді.
Қан ағымның жұмыс істемей тұрған қан тамырлары аймағында кемуі осы
аймақтарға симпатикалық вазамоторлық әсерлердің күшеюіне байланысты.
Изометрлік жаттығуларды жасау кезінде адам терісіндегі симпатикалық
жүйкелер белсенділігінің ұлғайғандығы тіркелген. Шамасы, симпатикалық
вазамоторлы белсенділік жұмыс істемейтін аймақтарда жұмыс ауыртпалығына
сәйкес ұлғаяды. Сонымен, қандағы норадреналин концентрациясы және жұмыстың
салыстырмалы қуаттылығы арасында жоғары логарифмдік байланыс байқалады. Бұл
кезде қандағы адреналин концентрациясы, бүйрек үсті ми қабатынын
катехоламиндердің бөлінуін жоққа шығарып, қандағы норадреналин
концентрациясының артуы, соғу жиілігі жұмыс қуаттылығына сәйкес ұлғаятын
симпатикалы жүйке ұштарынан норадреналин бөлінуімен байланысқан деп
есептеуге болады. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі төмендеген сайын
олардың рениннің бөлінуі артады. Бүйректен бөлінетің рениннің мөлшері жұмыс
ауыртпалығының қандағы норадреналин концентрациясының жоғарлауына сәйкес
ұлғаюмен артатындығын анықтады.
Қанның минөттік көлемінің жұмыс істейтін бұлшық еттерге бағытталған
бөлігі, олай болса қаннан алынатын оттегінің мөлшері де жүрек – тамыр
жүйесіне салыстырмалы ауыртпалығының көшірмесі болып табылатын қанның
минөттік қолданылуының қажетті процентімен тығыз байланысқан. Жұмыс
істейтін бұлшық еттерге таралған қанның минөттік көлемінің проценті жұмыс
ауыртпалығының өсуімен қатар ұлғаяды және қанның минөттік қолданылу
деңгейіндегі жұмыс кезінде 80 – 85 %- ке жетеді. Өкінішке орай, жалпы
бұлшық ет қан ағымның өлшеуге арналған тәсілдер жоқ. Сондықтан оның шекті
шамасы туралы басқа үлкен тамыр аймақтарына таралуы, сондай – ақ
жергілікті бұлшық ет қан ағымы дәрежесі бойынша айтуға болады.
Жамбас төрт басты бұлшық етінен изотоптарды аластау жылдамдығын
анықтау тәсілінің көмегі бойынша оттегіні қолданудың қанның минөттік
қолданылуына дейін ұлғаюы бойынша жұмыс істейтін бұлшық еттердегі қан ағымы
ұлғаятындығы көрсетілді. Сонымен қатар қанның минөттік қолданылуынан 70%
деңгейдегі жұмыс кезінде жергілікті оттегі бойынша салатамыр – көктамырлық
айырмашылық салатамыры қан және жамбас көктамырлы қан арасында жоғарыға
жақын болғандықтан ары қарай жұмыс істейтін бұлшық еттер мен жұмыс
ауыртпалығының өсуі кезіндегі оттегінің қолданылуының ұлғаюы бұлшық ет қан
ағымының күшеюі есебінен жүреді. Оттегіні қолданудың кез – келген абсолютті
деңгейіндегі жаттықпаған адамдарға жаттыққандарға қарағанда бұлшық ет қан
ағымы жоғары болады. Бірақ орта бұлшық ет қан ағымы екі топта да оттегіні
қолданудың кез – келген бірдей салыстырмалы деңгейіне тең.
Қанның минөттік қолданылуы деңгейіндегі жұмыс кезінде жамбастың төрт
басты бұлшық етіндегі орташа қан ағым екі топтада бірдей болады. Оттегіні
қолданудың бір субмаксимальді деңгейінде жаттығудан кейінгі кезенде бір
кісілерде қан ағымның кемуі байқалады. Екінші бір жағынан, жаттығу
нәтижесінде бұлшық еттерде оттегінің бөлінуі жоғарылайды, соның салдарынан
жаттыққан адамның бұлшық еттері аз мөлшерде қан қабылдай отырып,
жаттықпаған бұлшық еттер сияқты оттегінің мөлшерін сіңіре алады.
Қанның минөттік қолданылуына жету үшін қан ағымының қайта таралу
маңызы мынадай есептеуден шығады. Қанның көлемі 70 – 80% шамасынан тыныштық
күйде құрсақ және бүйрек қантамырлары аймақтарына бағытталған максимальді
вазоконструкция кезінде жұмыс істеп тұрған бұлшық еттерге қайта тарала
алады, ол шамамен 2,2лмин болады. Егер қанның минөттік қолданылуына жету
үшін бүкіл бұлшық ет көлемінің 50%-і керек екендігін ескерсек, бұлшық
еттердің қалған жартысы жұмыс істемейтін бөлігін құрайды. Егер терідегі
және тыныштық күйдегі бұлшық еттердегі қан ағымының құрсақ және бүйрек
қантамырлары аймақтарында қысқа уақытта жоғарғы жұмыс кезінде 70 – 80%-ке
кемитіндігін ескерсек, тағы да қосымша 800 млмин болады. Олай болса,
3лмин қанның немесе шамамен 600мл оттегінің бір минөт ішінде қайта таралуы
есебінен максималды жұмыс кезінде жұмыс істеп тұрған бұлшық еттерге
тасымалдануы мүмкін. Егер осы жағдайларда бұлшық еттер мен қанның оттегінің
шамамен 90%-і алынатының ескерсек, қанның минөттік көлемінің өзгеруінсіз
басқаша таралуының есебінен оттегінің қолданылуы 540 лмин- ке дейін ұлғаюы
мүмкін. Оның үстіне бұл фактордың салыстырмалы маңызы қанның минөттік
қолданылуының ұлғаюымен азаяды. Кейбір қанның минөттік көлемінің реттелуін
бұзатын аурулар кезінде жұмыс істемейтін мүшелер артық қан ағымын алады да,
нәтижесінде оттегі бойынша салатамыр – көктамырлық айырмашылығы төмендеуі
есебінен оларда қанның минөттік қолдануы азаяды.
Ауыр дене жұмысы кезінде жұмыс істеп тұрған бұлшық еттердің көпшілік
аймағында тамырлар кенейеді де, шеткі кедергіні және салатамырлық қысымды
кемітеді. Сондықтан жұмыс істемей тұрған аймақтардағы тамырлардың таралуы
орта салатамырлық қысымды ұстап тұруда үлкен рөл атқарады, өйткені ол шеткі
кедергісін ұлғайтады. Өте жоғары қанның минөттік көлеміне (30- 40лмин)
байланысты спортшыларда толықтырушы вазоконструктілі механизмнің ролі
спортшы еместерге қарағанда біршама кем болады. Оларда салыстырмалы қанның
минөттік көлеміне байланысты салатамырлық қысымның төмендеуі, егер жұмыс
кезінде жұмыс істемей тұрған аймақтардағы шеткі кедергі біршама
жоғарыламаса, айтарлықтай маңызды болуы мүмкін. Қанның минөттік көлемі
ауруларда (1,3 лмин) кедергінің өзгеруінсіз жоғарғы жұмыс кезінде жұмыс
істемейтін аймақтың тамырларында (құрсақ, бүйрек, тері және жұмыс
істемейтін бұлшық еттер) салатамырлық қысым – 40 мм с.б.- на, жаттықпаған
дені сау адамдарда оттегінің минөттік қолданылуы 3,5 лмин- тан 20 мм с.б.-
на, ал жоғары жаттыққан спортшыларда – 6 лмин с.б.- на төмендеуі керек.
Қанның минөттік көлемі спортшыларда қалыпты вазоконструкторлы механизмнің
маңызы қозғалыстағы қан қысымының қосымша жоғарылай алу мүмкіндігімен
анықталады, ал ол жұмыс істеп тұрған бұлшық еттердің оттегіні қолдануын
және жұмысқа қабілеттілігін арттыра алады .
Қанды құрсақ қуысы мүшелеріне жеткізетін салатамырлармен ұсақ
тамырлардың жұмыс кезінде таралуы қанның минөттік көлемінің ұлғаюында,
әсіресе жұмыстың басында біршама маңызды болуы мүмкін. Кезінде құрсақтық
тамырлы аймақты жұмыстың бас кезінде, әсіресе дененің вертикалді күйінде
қанның оң жүрекке тез өтуін қамтамасыз ететін үлкен көктамырлық қоры
ретінде қарастырылады.
Ациклді (стандартты) қозғалыстар секөнд үлесімен және секөнд
аралығындағы бірінғайлы стереотипті қимылдармен сипатталады. Қозғалыстарды
орындауда жылдам –күш немесе өзіндік- күш жұмыстары қатысады.
Жылдам- күш жаттығуларына секіру мен лақтыру жатады. Күш мына
фориуламен Ғ- х ама. Жұмыс анаэробты энергия арқылы жүзеге асып, қызмет
кезінде жүректің соғу жиілігі, тыныс жиілігі, қан айналымының минөттік және
тыныс алудың минөттік көлемдері аз өзгереді де, кейін шамалы өседі. Көру,
тепе- тендік және кинестетикалық аппараттардың қызметі зорығады.
Өзіндік- күш жаттығулары штангі еөтерген кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаттықтырушылардың ағзасына сауықтыру жүргізудің әсері
Дене тәрбиесінің теориялық негіздері
Дене тәрбиесінен білікті мамандар даярлаудағы педагогикалық ізденістер
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі
Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты мен оқу-үрдісіндегі маңызы туралы
Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі
Мектепке дейінгі мекемелерде дене шынықтыру сабағы
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің дамуы
Дене тәрбиесі бағдарламасы
Дене жаттығулары - дене шынықтырудың негізгі өзіндік құралы
Пәндер