Мектепте халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу үрдісі


Халық педагогикасы құндылықтары арқылы 5-9 сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу
Мазмұны
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Әлемдегі болып жатқан тарихи-әлеуметтік, саяси-экономикалық өзгерістер қоғамымыздың барлық саласында, соның ішін-де білім беру саласында да түбегейлі, заман талабына сай дамуды талап етуде. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері республикадағы аза-маттардың отаншылдық рухын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды қайта қарап, оларды қоғамымыздағы өзгерістерге сәйкес жетілдіру жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептің болашағы ондағы оқу-тәрбие жұмы-сының дұрыс ұйымдастырылып, әдістемелік жағынан тиімді де сапалы жүзеге асырылуына тікелей байланысты екені белгілі. Халық педагогикасы құндылық-тар негізінде оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу - мектептегі оқу тәрбие жұмысының тиімді бағыттарының бірі.
Еліміздің азаматтарын отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін отан тарихын оқып үйрену және туған елге қызмет ету мүмкіндігін туғызу мақсатында мемлекеттік деңгейдегі маңызды құжаттар: «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, «Қазақстан Республикасы-ның азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарлама» жобасы білім және тәрбиелеу үрдістерінде басшылыққа алынып отыр.
Қазақстан Республикасы азаматтарын осы өлкедегі ата-бабаларының салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын оқып үйрену, туған өлке тарихымен тереңірек та-нысу болашақ ұрпақ тәрбиесінің негізі болуы шарт. Халық педагогикасына үлес қосқан әлемдік деңгейдегі тарихи тұлғалардың, қазақ зиялыларының еңбекте-ріндегі ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа таныстырып, олардың туған Отан-ға деген отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру, қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру бүгінгі күннің кезек күттірмес міндетіне айналуда. Бұл орайда, халық педагогикасына үлес қосқан ғұламалардың ұлттық құндылықтарындағы тарихи-педагогикалық мұраларына ерекше назар аударуымыз керек.
Жалпы халық педагогикасы құндылықтарын оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде пайдаланудың қажеттігі күннен күнге артып отыр. Қазақстан Республикасын мекендеуші қазақ және өзге ұлт өкілдерінің жас буындарын отаншылдық сезімге тәрбиелеуде аталған халық педагогикасы құндылықтарын оқып үйрену қазіргі жастардың ұлтжандылық және елжандылық іс-әрекет белсенділігін арттыруда, олардың отансүйгіштік қабілеттерін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қоса алады.
Тәуелсіз Қазақстанымыздың ертеңгі болашағы - мектеп оқушыларын елжандылыққа, өз Отанының адал ұлы болуға ұлттық, халықтық тұрғыда тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Олар ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып, ХХІ ғасыр есігінен еніп жүре алатын рухани дүниесі бай, интелект деңгейі жоғары, білімді де білікті болуы шарт.
Отанын сүйгіш, еңбекқор, ізденімпаз, қабілетті адам даярлау мақсаты жолында, ең алдымен, жастарға оқу-білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.
Отан деген ұғым оқушы санасына жарық дүние есігін ашқан үйі, ата-анасы, ағайын, туыстары, құрбы-құрдастары, туған жері, кең байтақ гүл жазира дала-сы, тау-тасы, өзен-көлі, сылдырлап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылда-нып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде танылуы керек. Міне, осын-дай сананы қалыптастыруда халық педагогикасы құндылықтарының рөлі орасан зор.
Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарынан өз елімізді көруіміз үшін, оқушы-ларды өз елін құрметтейтін, Отанын сүйетін ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуді көздеп отырмыз. Ол үшін халық педагогикасы құндылықтарының маңызы ерекше.
Қазақтың сонау ерте заманнан келе жатқан Көне түрік тағылымдарынан бастап, Шығыс Аристотелі атанған Әбу Насыр еңбектерінде, М. Қашқари, Ж. Баласағұн еңбектерімен жалғасып, Қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі былай қарайғы Абай, Ыбырай, Шоқан, Шәкәрім тағылымдарының, ХХ ғасыр зиялылары М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ғ. Қарашаев, Х. Досмұхамедов, Ә. Бөкейханов сынды зиялыларымыздың баға жетпес мұраларындағы ұлттық құндылықтар жеткіншектерді отансүйгіштікке тәрбиелеуде қазақ халқының болашағын қалыптастырушы күш деп білеміз.
Ал «Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарлама» жобасының міндеттерінде: «Мектептердегі оқу пәндері бағдамасын оқушылардың бойында патриоттық дүниетаным мен азаматтық сана қалыптастыратын қосымша оқу материалдарымен қамтамасыз ету» мәселесіне арнайы көңіл аударған. Соған орай, осындай оқу материалдарының қатарына халық педагогикасы құндылықтарын енгізуге мүмкіндігі мол. Халық педагогикасы құндылықтары мектеп оқушыларын қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеуде айтарлықтай маңызды бола тұрғаны мен, ол мәселе арнайы зерттеу нысанына айналмаған.
Педагогика, педагогика тарихы мен теориясына, этнопедагогикалық тәрбие үрдістеріне қатысты мәселелер Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, К. Құнантаева, Б. Альмұхамбетова, С. Ұзақбаева, К. Қожақметова, А. Ильиясова, Р. Дүйсембинова, т. б. ғалымдардың еңбектерінде қамтылған. Олардың ғылыми-зерттеу еңбектерінде халық педагогикасы құндылықтар тәлімдік көзқарасы сол кезең, заман талаптары мен ағымына қарай талданып, халық педагогикасы құн-дылықтардың қазіргі кезде пайдалану жолдары қарастырылған. Бірақ, аталған ғалымдардың еңбектерінде халық педагогикасы құндылықтары арқылы оқушы-ларды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі мүмкіндіктерін арнайы зерттемеген.
Бұл міндеттерді шешудің алғы шарттары соңғы кездері дайындалған зерттеулерде қарастырылған. Осы зерттеулердің мынадай бағытта дамып келе жатқанын атап көрсетуге болады: адам мен құндылықтардың әлеуметтік-философиялық, психологиялық негіздерін С. Нұрмұратов, Қ. Жүкеш, Т. Әлсатов, К. Ибраева, С. Ерасов, т. б. құндыққа бағдарлау жолдарын Г. Қ. Нұрғалиева, К. Тойбағаров, т. б. ұлттық тәрбие құндылықтар жүйесін К. Ж. Қожақметова, Ж. Ж. Наурызбай, А. Каплиева, К. А. Оразбекова т. б. ғалымдар қарастырған. Мектеп және жоғары оқу орындарында патриоттық тәрбие беру жолдарын ТМД елдерінің ғалымдары айтарлықтай көңіл аударғаны байқалады. Мысалы, Ресей ғалымдары Ю. Наушова, В. Фарфоровский, Ф. Люк, т. б. оқушыларға сынып және сыныптан тыс уақыттарда патриоттық тәрбие беру мәселесін қарастырса, И. Кравцов, И. Павлов, А. Солдатенко, т. б. патриоттық тәрбие беру-дің әдіснамалық негіздерін, ал С. Винникова әскери курсанттарды патриотизмге тәрбиелеу әдістерін зерттеген. Л. Алимова (Өзбекстан) патриотизм және интерноционализм мәселелерін, Т. Стриго (Молдава) оқушыларды музыка арқылы патриотизмге тәрбиелеу, О. Павелко (Украина) жас өспірімдерге патриоттық тәрбие беру нәтижелерін қарастырды.
Қазақстандық ғалымдар да патриоттық тәрбие беру мәселелеріне көңіл аударған. Л. Ахметова кеңес дәуіріндегі патриоттық тәрбиенің тарихилығын, С. Дьяченко, В. Примин өтпелі кезең патриотизм ерекшеліктерін, К. Меңлібаев патриоттық тәрбие дәстүрін, А. Қалимолдаева қазіргі кездегі болашақ мамандардың отансүйгіштігін қалыптастыру әдістерін зерттеген.
Д. Құсайынова, А. Бейсембаева жоғарғы сынып оқушыларын отансүйгіш-тікке тәрбиелеу жолдарын қарастырса, С. Иманбаева, А. Сейдахметова қазақтың жауынгерлік дәстүрі негізіндегі патриоттық тәрбие мен қазақстандық патрио-тизмнің негізін қарастырған. Ал Н. Мұхамединова жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының мұраларындағы ұлттық құндылықтар негізінде оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу жолдарына баса назар аударған.
Алайда, халық педагогикасы құндылықтардағы негізделген отаншылдық рухты бүгінгі күн тұрғысынан оқып үйренудің белгілі бір жүйеге түспегендігі белгілі. Ондай жүйе қазіргі оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде аса қажет. Сонымен, халық педагогикасы құндылықтар арқылы мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу айтарлықтай маңызды бола тұрғанымен, ол мәселе арнайы зерттеу нысанына айналмағаны көрініп тұр.
Жоғарыда келтірілген мәліметтер халық педагогикасы құндылықтар арқылы мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеудің қазіргі туындап отырған қажеттілігі мен халық педагогикасы құндылықтарын оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде пайдаланудың ғылыми-педагогикалық негіздеме-сінің және қажетті ғылыми-әдістемелік құралдарының жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылықты анық көрсетіп отыр. Осы қарама-қайшылықты шешуге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмысының алғашқы ой-тұжырымдамалары зерттеу тақырыбын «Халық педагогикасы құндылықтары арқылы 5-9 сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу» деп алуға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Халық педагогикасы құндылықтар арқылы 5-9 сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық негіздерін айқындай отырып, мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың тиімді жолдары арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Зерттеудің міндеттері:
- халық педагогикасы құндылықтары арқылы мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық негіздерін анықтау;
- халық педагогикасы құндылықтар арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің құрылымдық-мазмұндық моделін жасау, өлшемдері мен деңгейлерін анықтау;
- халық педагогикасы құндылықтар арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің жолдарын айқындау және оны эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізу.
Зерттеудің обьектісі: Мектепте тәрбие жұмысы мен халық педагогикасы құндылықтарын ұштастыра отырып, оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Зерттеудің пәні: Мектепте халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу үрдісі.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарлама жобасы, тарихи педагогикалық және психалогиялық әдебиеттер, Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулы-қарарлары (Білім заңы, тұжырымдамалар, бағдамалар, т. б. )
Зерттеу әдістері: Педагогтардың, философтардың, психологтардың зерттеу проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелері, мұғалімдердің патриоттық тәрбие берудегі іс-тәжірибесі, сауалнамалар, әңгімелесу, педагогикалық бақылау, оқушыларға жүргізілген іс-тәжірибелерді сараптау, эксперимент нәтижесіне баға беру, математикалық-статистикалық өңдеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, халық педагогикасы құндылықтары арқылы мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу жұмысының ғылыми негіздемесі жасалса, онда оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу тиімділігі артады, өйткені халық педагогикасы құндылықтары өскелең ұрпақты заман талабына сай азамат етіп тәрбиелеудегі негізгі құрал болып табылады.
Диплом жұмысының құрлымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, тұжырымдар мен қорытындылардан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты, тақырыптың көкейкесті-лігі, зерттеу жұмысының мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері, зерттеу әдістері, зерттеу көздері, теориялық маңыздылығы, практикалық мәнділігі баяндалады.
«Қазіргі кезеңде оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде «отансүйгіштік», «патриотизм», «ұлттық құн-дылық», «құндылық» терминдері ғылыми педагогикалық зерделеніп, халық педагогикасы құндылықтары арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеудің әлеуметтік-философиялық, тарихи-педагогикалық алғышарттары айқындалды. Халық пе-дагогикасы арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып оған сипаттама берілді.
«Халық педагогикасы құндылықтары арқылы сыныптан тыс жұмыс-тар негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудің эксперименттік тәжірибе нәтижелері» атты екінші бөлімде халық педагогикасы құндылықтар негізінде сыныптан тыс жұмыстар арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері қарастырылып, оны жүзеге асыру жолдары анықталды. Оларды іс жүзіне асыруда эксперименттік жұмыстың нәтижелері шығарылып ғылыми тұрғыдан негізделді.
Қорытындыда 5-9 сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің теориялық және эксперименттік жұмыстардың нәтижесінде негізделген қорытынды тұжырымдар берілді.
I. ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Халық педагогикасы құндылықтары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері
Қазіргі кезеңде Қазақстан жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу еліміздің егемендігін сақтап, өркениетті елу ел қатарына қосылуы қажеттілігінен туындап отыр. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеологиялық бірлігінде» атты еңбегінде ұлт ішіндегі бірлікті нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, азаматтық келісім ахуалдарын жасау мәселелеріне тоқталып, «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз - қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді» деген. (1. Б. 43. )
Қазақстанда мекендейтін көптеген ұлттарды «Біз қазақстандықпыз!» дейтін бәріне ортақ отаншылдық сезімі біріктіруі тиіс. Ол үшін, ең алдымен, осы мемлекет атауына ие болып отырған қазақ халқының отансүйгіштік қасиеттері жоғары деңгейде қалыптасуы керек болады. Ал отансүйгіштік тәрбиесінің негізгі қайнар көзі мектептен басталады. Мұндай тәрбие беруде халқымыздың тарихи мұраларын пайдалану мен тарихи тұлғалардың ұлттық құндылыққа негізделген отансүйгіштік іс әрекеттерін үлгі тұтудың үлкен маңызы бар екені нақтылана түсуде. Сондықтан зерттеу барысында «отансүйгіштік», «патриотизм», «құндылық», «ұлттық құндылық» ұғымдарына қатысты терминдердің мәні мен мазмұны анықталып нақтыланды.
Педагогикалық сөздікте: «құндылық - адамның ішкі құқы, ізгілігі, адамдармен қарым-қатынасы, іс әрекет кезіндегі көрсетілетін қайырымдылығы, тұрақтылығы, мейірімдік тәрбиесі» делінген. Педагогикада «құндылық» оқу және тәрбие жұмысы арқылы жүзеге асырылады. (2. Б. 104. )
Осы аталған құндылықтарды таратушылар: жеке тұлғалар, әлеуметтік топтар, саяси көзқарастары бірдей кісілер болуы мүмкін. Оның ішінде халық педагогикасы құндылықтары ерекше орын алады. Халық педагогикасы құндылықтары негізінде адамзат қоғамындағы барлық құндылықтар сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқаны белгілі. Ал халық педагогикасындағы ұлттық құндылықтар белгілі бір ұлтқа тән, адам болмысындағы, қарым-қатынасындағы адами құндылықтың, ұлылықтың жетілген бейнесі. Халық педагогикасы құндылықтар арқылы оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беруде жалпы отансүйгіштік ұғымына қатысты «патриотизм», «отаншылдық», «ұлтжандылық», «елжандылық» деген терминдер жиі қолданылады. Осы ұғымдардың мән-мағыналарын нақтылау мақсатымен философиялық, педагогикалық сөздіктерге назар аударылып, «отансүйгіштік», «патриотизм» терминдеріне педагогикалық тұрғыдан анықтама берілді.
Ғалымдар С. Қ. Қалиев, Ш. Т. Таубаева, С. Т. Иманбаева, т. б. жаңа әлеуметтік даму жағдайында мектеп оқушыларына отансүйгіштік тәрбие берудің тұжырымдамасында патриотизм ұғымына біршама талдау жасаған. «Патриотизм» терминіне философиялық, педагогикалық, психологиялық тұрғыда төмендегідей сипаттама берілген.
Философиялық тұрғыда «патриотизм - адамгершілік және саяси принцип, сезім, оның мазмұны - Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшыныс». «Патриотизм» - адамның мыңдаған жылдар бойы бекіген ең терең сезімдерінің бірі. (3. Б. 16. )
Педагогикалық тұрғыда «Патриотизм әдетте Отанға сүйіспеншілік деп аталады, нақты бір әрекет бейнесінде және қоғамнық сезімдердің күрделі жиынтығында көрініс беретін, балаларының Отан-анаға деген көзқарасын сипаттайтын қоғамдық және адамгершілік принцип». (4. Б. 247. )
Психологиялық тұрғыда «Патриотизм тұлғаның бойында - Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды». (5. Б. 117. )
Ал қазақстандық патриотизм көпұлтты Қазақстан үшін бірлік пен ерлікті сақтай отырып, демократияландырылған, әлемдік өркениеттен орын алу идео-логиясының діңгегі болып табылады. Бұл жерде ел Президентінің тұжырым-дамасы бойынша «Қазақстандағы ұлт аралық жарастықты негізгі атамекен-нің иесі - қазақ халқы өз бойына алуы керек. Өйткені, халқымыз ұлтаралық жалғастықты, сыртқы дүниемен өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыра алса ғана өзнің өркениетті мемлекетіне ие бола алады» - деп қазақстан-дық патриотизмді қалыптастырудың негізгі тірегі қазақ халқына үміт артады.
Қазақстандық патриотизмнің қайнар көзі - халықтың береке бірлігінде, ынтымақ ықыласында, елдігі мен ерлігінде және осы мемлекетіміздің күш-қуаты, беріктігі мен өміршеңдігі, оның ұлан байтақ жерінің тұтастығы да Отанды сүюге байланысты.
Сонымен «патриотизм» ұғымы жалпы мағынада жеке тұлғаның белгілі бір топ немесе этносқа, сондай-ақ туған елге, жерге деген сүйіспеншілігі, нақты мағынада өз Отанын сүюі, оған шын беріле қызмет етуін білдіреді.
Ал «ұлтжандылық» жеке тұлғаның өз ұлтына сүйіспеншілігін білдірсе, «елжандылық» ұғымы мемлекеттегі бүкіл елге деген сүйіспеншілігін, жеке және топтық мүддеден ұлт не ел мүддесін жоғары қоюы және оларға адал қызмет етуін білдіреді.
Ұлттық отансүйгіштік мәселелеріне Ресей ғалымдары тарих, оның ішінде әскери тарих бойынша көбірек көңіл бөлгені байқалады. Оларда «патриотизм» ұғымы «орыс патриотизмі», яғни ұлттық патриотизм негізінде анықталған.
Қазақстандық әскери ғалымдарда жауынгерлік тәрбие мен әскери патриотизм мәселесіне біршама назар аударғаны байқалады. Мысалы, И. Захарченко, А. Ильтенбаев әскери қызметкерлерді тәрбиелеу жолдарына біршама тоқталған.
Сонымен, отансүйгіштік ұғымын жоғарыда келтірілген ұғымдардан кеңі-рек ұғым деп есептеп, былайша анықтама беруге тырыстық: «Отансүйгіштік» ұғымын жеке тұлғаның туған жеріне, еліне, халқына, тілі мен дініне, қоршаған ортасы мен табиғатына, сонымен қатар, ата-анасына, бауырлары мен туыстарына, дос-жарандарына деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілік сезімі деп білеміз.
Осы отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруды халық педагогикасы құнды-лықтары арқылы жүзеге асырудың тиімділігін ғылыми-зерттеу барысында дәлелдеуді мақсат еттік. Осы мақсатта мектеп оқушыларының бойына отансүй-гіштік қасиетті қалыптастыруға қатысты ғылыми зерттеулерге талдау жасалынды.
Халық педагогикасы құндылығы, қазақтың ұлттық патриотизмі негізінде қазақ халқы патриотизмінің тарихи-педагогикалық негіздеріне қысқаша сипаттама берілді.
Халқымыздың ұлттық тәлім-тәрбиелік ұғым түсініктерінің біздің дәуіріміздің алғашқы мыңжылдығынан бастап даму тарихы ұрпақтан-ұрпаққа ұласып мирас болып келе жатыр. Мұның өте әріден ілкі бастаулары, түп-төркіні Орхон-Енесей (Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған) ежелгі жазба ескерткіштерінен бастау алса, кейін Қорқыт ата тағылымдары мен жалғасып, сол орта ғасырлардағы Жүсіп баласағұнның «Құтты білік» дастанында, Шығыс Аристотелі атанған Әбу Насыр Әл Фараби еңбектерімен жалғасып, Қазақ хандығы құрылған кезден былай қарай Ә. Бөкейханов, М. Сералин, А. Байтұрсынов, Ғ. Қарашаев, Х. Досмұхаметов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, т. б. қазіргі заманымызға дейін бір-бірімен сабақтасып дамып келе жатыр.
Бізге дейін ата тегімізден сыр шертетін Орхон жазулары сол кездің өзінде (Ү-ҮІІІ ғ. ғ. ) тәрбиенің қоғамдық рөл атқаруы мен қатар, жоғарыда айтылған пікірлеріміздің растығын дәлелдейді.
Бүкіл түркі дүниесінің алтын діңгегі, ортақ қазынасы саналатын көне түркі жазба ескерткіштері ата-бабаларымыздың ұрпақ болашағы, ел келешегі үшін артына қалдырған баға жетпес асыл мұрасы. Тарих қойнауында сан ғасырлар бойы сырын ішіне бүгіп, мүлгіп тұрған таңбалы тастардың бүгінгі күнде жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетін қалыптастыруда маңызы зор.
«Күлтегін», «Тоныкөк» және «Білге қаған» жырлары халықты бірлікке шақырып, жастарды ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелейді.
«Күлтегін» жырындағы: «Тізеліні бүктірдік,
Бастыны еңкейттік.
Еліміз қайта ел болды,
Халқымыз қайта халық болды» - (6. Б. 136. ) деген жыр тармақтары ерлік пен соғыс және бейбітшілік, тәуелсіздік туралы тебірене толғап, жастарды ерлікке, елді сүюге, отансүйгіштікке тәрбиелеп тұр.
Тоныкөк жазбасында Отанға деген асыл сезім баса айтылған. Оны мына үзінділерден көре аламыз: «Бізге жеңіс әперген жер-суымыз - Отанымыз деп білу керек . . . Қандай қағанат болмасын, оның халқының арасында пәтуасыз табылса, онда сол халықтың қанша соры бар десеңізші! - Құлақ қойып тыңдаңыздар, тереңнен ойлап толғаныңыздар . . . Су ағысы тартылса жас жапырақ қурайды адамдардан күш кетсе - жат кісіге бағынады» деп келетін сөз тіркестері бүгінгі ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде, үлкенді сыйлау, батылдық пен тапқырлыққа үйретіп тәрбиелеуде тәлім-тәрбиелік мәні зор. (7. Б. 105. )
Сол сияқты Білге қаған жырларыда оқушылар бойына отансүйгіштік қасиетін қалыптастыруда маңызы орасан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz