Жылқы малы қазақ халқының ежелден келе жатқан, тарихи қалыптасқан түлігі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Казақ спорт және туризм академиясы
Ұлттық спорт түрлері кафедрасы
Қамбарұлы Дастан
Ұлттық ат спорты ойындарының тарихы мен заманауи даму жолдарын жетілдіру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы: 5В010800 - Дене шыныктыру және спорт
Мамандану саласы: Қазақ күресі
Алматы 2015
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақ спорт және туризм академиясы
Кәсіби спорт және жекпе-жек факультеті
Ұлттық спорт түрлері кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
Е. М. Мұхитдинов
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ұлттық ат спорты ойындарының тарихы мен заманауи даму жолдарын жетілдіру
5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы
Орындаған: Әбдіқадыр Ержігіт
Ғылыми жетекші:
Философия ғылымының кандидаты,
Аға оқытушы Б. К. Ахметов
Алматы, 2015
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР . . . 4
АНЫҚТАМАЛАР . . . 5
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 6
КІРІСПЕ . . . 7
1 ҰЛТТЫҚ АТ СПОРТЫНЫҢ ДАМУЫ . . . 8
1. 1 Қазақтың ұлттық құндылықтарының бірі -жылқы малы . . . 8
1. 2 Қазақ халқының рухани болмысының айырылмас бөлігі . . . 12
2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ . . . 24
2. 1. Зерттеу әдістері . . . 24
2. 2 Зерттеудің ұйымдастырылуы . . . 24
3 ҰЛТТЫҚ АТ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ, СИПАТЫ . . . 26
3. 1 Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі . . . 26
3. 2 Көшпенділердің атбегілік өнері жүйрік жылқының бітім сипаттары . . . 31
3. 3 Ұлттық ат спорты ойындарының түрлері . Көкпар . . . 36
3. 4 Бәйге. Аударыспақ . . . 43
3. 5 Қыз қуу. Теңге ілу . . . 49
3. 6 Қазақстанда ат спорты индустриясын қалыптастырудың негізгі мәселелері . . . 60
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 67
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Аталмыш дипломдық жұмыс жазылуы барысында бірқатар мемлекеттік құжаттар негізге алынды.
Қазақстан Респбуликасының «Білім туралы» 27 шілде 2007 жылғы №319-III 3ҚР заңы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы дипломдық жұмыстың орындалу ережелері. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген 23 қаңтар 2008 жылғы №26 негізгі ережелері.
Қазақстан Республикасының 2011-15жылдарға арналған дене шынықтыру және спорт бойынша Мемлекеттік бағдарламасы
АНЫҚТАМАЛАР
Мама ағаш - атбайлағыш қада, бағана.
Жүген -жылқының басына кигізілетін сайман, оған ауыздық ілінеді.
Керме, желі - құлынды бие байлап қоюға, ауыл маңында байлап ұстауға арналған зат
Қас - алдыңғысы және артқысы болады. Оның міндеті үстінде отырған адам не алға, не артқа оқыс лоқып сыпырылып түспеуі үшін.
Қаптал -ат қапталына үйлестіріліп жонылған екі бөлек қисық ағаш
Оқпан -ерді шалқасынан тастап қарағанда, екі қапталдың арасында болатын ойық ерді атқа салғанда аттың қыр арқасын бастырмау үшін, қастың ойығымен тең жасалынады.
Үзеңгілік -үзеңгі бау өткізуге арналған екі қапталдың астыңғы шетін ала тесіледі.
Қанжығалық -ердің алды, артында қапталдың қастан асып тұрған жері
Шеттік -артқы қапталдағы қанжығаға тесігінен қосалқылап өткізіп, бүлдіргеленген тұйық таспа, шеттік деп аталады.
Анжы -ойма қасты ердің белағашын орнына қойғанда оны желімдемейді де, шегелемейді де, белағашты тек шикі қайыс таспамен жан-жағын көктеп бекітеді, бұны анжы деп атайды.
Терлік - аттың денесіне тіке түсетін ең соңғы қабат. Ат арқасының тері соған сіңетін болғандықтан -терлік атанған.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚазСТА - Қазақтың спорт және туризм академиясы
БТ - бақылау тобы
ЭТ - эксперименталды топ
ДТ - дене тәрбиесі
ДШ - дене шынықтыру
ДШжС - дене шынықтыру жән е спорт
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Осы тақырыпты дипломдық жұмыс негізінде зерттеуім ұлттық ат спорты түрлерінің әдіс тәсілдерін жетілдіру және даму жолдарын арасындағы байланысты анықтау арқылы ұлттық ат спорты түрлерінің сапалық және көрнекілік жағын арттыру.
Зерттеу мақсаты: Қазақстан Республикасында ұлттық ат спорты түрлерінің дамуын, жетістігін талдау үйрену. Қазіргі кездегі ұлттық ат спорты түрлерінен өткен жарыстарға сараптама жасау
Зерттеу міндеттері:
- ат спорты ойындарының тарихын зерттеу
- ат спорты ойындарының ережелерінің құрылуы, ұпай санының берілуі, жарыстарға арналған тәртіптерін жүйелеу;
- әдіс тәсілдерінің түрлерін анықтау, оларды жүйелеу;
- зерттей келе ат спортындағы ережелерге қосымша ұсыныстар жасау, өзгерістер енгізу.
Зерттеу нысаны. Ұлттық ат спортымен шұғылданушы спортшылардың түрлі жарыс ойындарда сапалық көрсеткіштері.
Зерттеу әдістері:
- ғылыми -зерттеу, әдебиеттерге шолу.
- статистикалық сараптама жүргізу.
- Ат спорты жаттықтырушыларын және басқа спортшылардан сауалнамалық сұрақ-жауап алу.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: 9лттық ат спорты түрлерінің қазіргі кездегі даму жолын анықтау.
1 ҰЛТТЫҚ АТ СПОРТЫНЫҢ ДАМУЫ
- Қазақтың ұлттық құндылықтарының бірі - жылқы малы
Қазақ халқы жылқы түлігін баға да білген, бағалай да білген халық. Ел аузындағы «жүзден жүйрік-мыңнан тұлпар»-деген нақыл сөз, бұл жылқыны өсіре білгендік пен оны баптап бәйгеге қоса білгендіктің философиялық түйіні. Жақсы ат иесінің серігі, көңіл қуанышы, қашса құтылады, қуса жетеді. Жылқы иесінің қара басына теңеген байлығының басы, абыройы мен атақ -даңқы [1] .
Халқымыз жылқыны құндылығы мен қадір-қасиетіне қарай түрлендіре атағанына қарасақ-жүйрік те, сәйгүлік те, тұлпар да, д үлдүл де, тарлан да, тіптен қазанат та ешқайдан келмеген. Қолда өсірілетін жылқының ішінен таңдалынып және бапталып шығатыны белгілі. Қазақ халқы жергілікті өз қазақы жылқысын баптап ат бәйгесіне қосқан. Соңғы кездері асыл тұқымды таза қанды мініс (ағылшын), араб, ахалтеке және қостанай немесе жартылай қанды будан жылқыларын бәйгеге қосуда. Сөйтіп ат спорты мен оның ұлттық сайсында үлкен жетістіктерге жетіп жүр.
Жылқы-қазақ халқының ежелден келе жатқан, тарихи қалыптасқан түлігі. Адамға етене жақын әрі қадірлі малы. Қазақ халқы жылқыны «жануарым» деп бағалаған. Шын пейілімен, зор ықыласымен және жылы шыраймен қараған. Жылқыны ерекше қамқорлыққа бөлеген. Оған айрықша көңіл бөлген. Жылқы халықтың ұлттық мақтанышы, иесінің байлық нышаны [2] .
Сонау заманнан бері, жылқы адаммен етене қайнасып, біртұтас бірге тіршілік етіп келеді. Жылқы - ел мен жерді жаудан қорғасты. Ат жарысы мен бәйгеде иесіне атақ пен абырой әперді. Халық арасында жылқы түлігін «ер қанаты-ат» деп асқақтата дәріптеген. Елдің тұрмыс -тіршілігінде маңыздырөл атқарған. Шаруашылықтағы әр түрлі қажетіне пайдаланған. Сонымен бірге оның беретін өнімдері шипалық қасиетке ие. Жылқы адам тіршілігінде-«мінес-аты, жексе-көлігі, сойса-соғымы, сауса-қымызы» [3] .
Жылқы түлігі-қазақ халқы үшін ардақты әрі қадірлі, әсем де сұлу, кербез де такаппар қасиетті мал. Жылқыдай қадірлі, өте танымал, барлық жағынан пайдалы және адал жануар болған жоқ. Жылқы түлігі адамның ат спортына, оның ойынына, ат туризміне, цирк аренасындағы ойыны мен атпен саятшылық құруға деген сүйіспеншілігін оятты. Адам баласының сенімді серігі болды. Өмір-тіршілігінде таптырмас пайдалы көмекшісіне айналды [4] .
Ат жарысы-спортқа пайдаланатын жылқыға үлкен сын. Мұнда жарысқа қосылған аттың шабыстылығы, жүйріктілігі, қарқындылығы, ұшқырлығы сыналады. Оның төзімділігі мен шыдамдылығы, күші мен қайраты, ептілігі мен батылдығы, бапталуы мен жаратылуы барлық жағынан айқындалады. Халық арасында мынадай мақал бар: «ат шаппайды-бақ шабады» немесе «бақ шаппайды-бап шабады». Бұл бекер айтылмаған даналы сөз.
Ат ойындарына шабыс жылқыларын өсіретін жылқы зауыты, жылқы фермасы, басқа да шаруашылық түрлері мен жекелеген жекеменшік ат иесінің қандай жылқыны өсіріп шығарғаны, оны қандай жарыстарға қосқанда анық көруге болады.
Жылқыға байланысты нәрсенің бәрі ғажап қой, шіркін . Олардың мөлдіреген көзіне үңіліп көріңізші . . . Ал бұл ер қанаты атанған жануарлардың тарихы да тереңде жатыр. Кеңес үкіметі орнаған алғашқы күндердке бастап, Азамат соғысы, халық шаруашылығын жаңадан құрып, қалпына келтіруде, бұрын болып көрмеген зауыт, фабрикалар мен шойын жолдар салуда одан кейін Ұлы Отан соғысында елімізді фашизмнің қанды шеңгелінен қорғауда үлкен рөл атқарғаны белгілі [5, 6] .
Ал, қазір ше Еліміздің Азық- түлік программасын іске асыруда, қала берді спортымыздың даңқын көтеруде де күлте жалды жануарлардың еңбегі ай тарлықтай екені шүбәсіз емес пе.
Ендеше жылқы баптап, желмен жарысқан адамдардың бойында бір керемет күш бар -ау . . . Жылқы адамзаттың осыдан елу миллион жыл бұрын қолға үйреткен ең соңғы жануарларының бірі болды. Жылқы бүгінде шаруашылыққа пайдаланумен бірге біздің дүние танымымыздың, тіл байлығымыз бен ұлттық ойын-тойымыздың, ән-күйіміз бен сән- салтанатымыздың, демек мәдениетіміздің құрамдас бөлігіне айналып отыр.
Біздің республикамызда соңғы кезде дене шынықтыру мен спортқа өте көп көңіл бөлініп отыр. Жастарды спорттың әртүріне тартуда ат спортының әсері өте қомақты [7] .
Халқымыздың ерекше қастерлеген және жанына жақын көрген қасиетті түлігінің бірі-жылқы. Халық ұғымында «қазақ, дала және жылқы» деген сөздер бір-біріне етене жақын, тамырлас та тағдырлас айтылады. Жалпы, көшпелі тұрмыс кешкен халықтардың көне заманнан бергі ең көп өсірген малы және төрт түліктің ішіндегі қастерлеп пір тұтатыны да-жылқы . Жылқы ең алдымен, өте ерте басталған жаугершілік талабына сай құнды көлік малы ретінде қолға үйретілген. Өйткені, сол замандарда жауды қуып жетуге немесе онан қашып құтылуға жылқыдан қолайлы мал болмаған. Тарих деректері бойынша, адам баласы жылқыны біздің жыл санауымызға дейін 3-4 мың жыл бұрын білген. Жылқының ең алғашқы үйретілген негізгі Отаны, яғни, мәдени орталығы, Орталық Азия және қазақстан алқабы. Қолға үйретілген жылқы малының арғы тегі жабайы жылқылар-тарпан мен керқұлан деп есептеледі. Бұл жабайы жылқылар ерте заманда Еуропаның Оңтүстігіндегі далалы аймақтарда, Орталық Азия мен Қазақстанның кең байтақ далаларында мың-мыңдап, үйір-үйірімен жайылып жүрген. [8] .
Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын, өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән мағынасы да өзгерді. Бірақ адамның жылқыға деген сүйіспеншілігі кеміген жоқ. Қайта жылқы шаруашылығы бұрынғыдан да жетілдіріле түсті. Жылқының пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе көлік, сүті қасиетті диеталық сусын, еті дәмді тағам. Осы қасиетін былай қойғанда, ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған. [9] .
Қазақ үшін ең құнды, ең қасиетті мал-жылқы. Ол-құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, сойтал, дөнен, құлық, бесті, бие, ат, сәурік, айғвр, деп жасына қарай ажыратылған. Жылқы -қазақтың кәделі, бағалы, орны бөлек қымбат қазынасы. Сый-сыяпат, кәделі жерлерде халық ер азаматтарға ат мінгізіп, шапан жапқан. Демек, ол Құрмет белгісі ретінде ұсынылатын сый орнына жүреді. Бұрынғы атпегілер жылқы ішіндегі таңдаулыларын жорға деп сипаттап, ерекше дәріптеп бағалаған. Айтыс тойларда аттың бас бәйгесіне мол дүние тігілетін болған. Жалпы халық жылқыны жоғары бағалап және оны көп өсірген. Тіпті оны жүрісіне дейін жіктеп, аяң, жорға, жортақ, бүлек, бөкен желіс, сар желіс, текірек, шоқыту, шабыс деп бірнеше түрге бөліеген. Басқа малға қарағанда, жылқының түсі де көп. Торы, күрең, жирен, шабдар, ақбоз, боз, көк, қызыл, қара, шабдар, теңбіл, баран, бурыл, құлан, ала, сұр, кер құла, құлагер, қарагер. Жылқының жаманын мәстек, тулақ дейді. Малдың қадірін біліп, қасиетін бағалаған қазақ халқы жылқы малының төлін «құлыным» деп еркелетіп әлпештеудің де терең мәні бар. Тіпті ертедегі халықтың жыр, ертегі әңгімелерінде де мал қасиеті түлік есебінде батыр, ер, сұлулармен қоса дәріптеліп айтылып жүрді. Мұның бәрі халықтық малсақтық малжанды ерекшеліктерінен туған. Әр малдың өзіне түсінікті тілдері де бар. Жылқыны «құрау-құрау» деп шақырған. Өріске шақырғанда жылқыны «құрай-құрай» деп айдайды. Сондай -ақ әр малдың үні бар. Жылқы кісінейді. Ал жылқының негізгіауруының бірі-жамандаиу. Жылқы тобын үйір деген. Жылқы байлаудың да аты бар. Ол-ноқта. Жылқыны матайды. Әр мезгілде малдың жүнін алудың да атау түрлері бар. Жылқыны күзейді деген. Жылқы төлін құлын деп атайды. Бие құлынын көтеру мерзімі-10 ай. Алғаш төлдейтін малды-тұмса дейді. Жылқы малы туар кезде төлін қызғанып басқа жерге қашып барып төлдейді. Мұны бошалау деп атайды. Сөйтіп жылқы малы құлындайды. Биені тізерлеп отырып сауады. Сауып жатқан кезде жүріп кеткен биені исініп кетті дейді. Халық тәжірибесі бойынша малдың өрісін, тынысын жусауын бұзуға болмайды. Ондай адам айыпталады, сөз естиді, яғни тәртіпті бұзған болып есептеледі [10, 11] .
Қазақ ырымы бойынша өздері белгілеген малдың басын ешкімге бермейді. Мал төлдеп жатқан кезде мал бермейді. Түнде мал санамайды, малды басқа теппейді, басқа ұрмайды
Көшпенділердің басына төнген зұлматтар ат пен адам арасын алшақтанқан дәуірлерді бастан кешірдік. Алайда дүние кезек деген бар емес пе, қаның да бар нәрсе қалайда күндердің бір күнінде айналып бір тіріліп, түлейтіні болады екен. Қоғам күрт өзгеріп еді, болмысымыздағы бордай болып үгіліп тұрған тектілік түйіршіктері түнде гүлдеп, қас қаққанша шиыршық атып, ширығып шыға келді. Арғы тамырынан тамтұмдап болса да тарамыстай тырмысып ажырай қоймаған ауыл адамдарын былай қойғанда астынан жеңіл автокөлігі түспеген, айшылық жерге ұшақпен баратын шенеуніктердің шекпенінде туып, шинелінде өскен, сырмақтан түспеген ығай мен сығайларымыз, жақсы мен жайсаңдарымыз, әсіресе қалтасы қалың байларымыздың да ат-жылқы баласына аңсарының аууы тіпті модаға айналып, ең таңдаулы асыл тұқымды сәгүліктерді үйір-үйірімен ұстап жатса неге қуанбасқа. Өйткені жылқыны білу, жылқыға үйір болу, шамасы келгенінше жылқыны танып өсу - ұлтық сана-сезімімізді сергітер, жасыған жадымызды серпілтер, тектілігімізбен табыстырар тағылым-танымдықтың ең қуатты құралының бірі болса керек. Өмірі футбол ойынын көрмей өскен балаңызды бір рет стадионға ертіп барыңыз, сайыстың соңына әзер шыдап, шаршап қайтады. Өмірі жылқы баласын көрмеген нәсіліңізге бір рет аламан бәйгі көрсетсеңіз, мың күнге рухани күш алады. Желдей есіп ана аттың үстіне мініп кеткісі келіп, елегізіп тұрады. Бұл біздің ұлттық менталитетіміздің туатүп негізінің ерекшелігіне байланысты [12] .
- Қазақ халқының рухани болмысының айырылмас бөлігі
Атам заманда қолға үйретіліп, адамзат баласының қажетіне жаратқан жылқы түлігі көшпенділердің ең қасиетті, ең қадірлі малы. Көшпенділерді жылқы малынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да көшпенділер мен жылқы түлігі егіз ұғымдай қосарланып айтылған. Тіпті көшпенділер қауымын «аттылар әулеті» деп те бекерден бекер айта салмаса керек. Өйткені, ұланғайыр даланың, ұлан байтақ өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс-тіршілігі, өмір-салты, өнер-білімі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, салтанаты, бір сөзбен айтқанда бүкіл мәдениеті жылқы түлігімен тығыз байланысып жатады.
Осы бір қасиетті түліктің қазақ халқы үшін орны өте-мөте ерекше. Жылқы қазақтың ұлттық сана-сезім, рухани болмыс, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналып кеткен. Жарынан кейінгі жақсы көретін жан серігі, қасиеті қанына сіңген - жануар. Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні сондай қазақ жылқы мінезді деп, өзінің мінез-құлық, бітім-болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Демек, қазақ үшін жылқы тектіліктің бірден бір нышаны болып саналады. Бұлай өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу - тек қазаққа ғана тән қасиет әрі бұл - қазақтың осы түлікке деген аса жоғарғы құрметінің белгісі. Қазақ ат десе ішкен асын жерге қояды. Жылқынының дүбіріне, күліктің күмбіріне құлақ қойып, елең етпес қазақ баласы сірә жоқ. Жер бетінде жаратылысынан табаны жер иіскемеген бекзат бір халық болса, сол қазақ болу керек. Қазақтың ең кедейінің астында кем дегенде бір «көк шолағы» болған. Қойшысы қой торысын мінді. Осы ат - көліктің арқасында Алаш баласы Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасын жалғады. Алып аумаққа иелік етті [13] .
Қазақ жылқы малының болмысындағы басқа түліктерде болмайтын барша қасиетін жақсы танып, терең зердерлеп білген. Соның нәтижесінде өзінің өмір сүру қалпы мен болмысына қатысты көптеген тұрақты сөз тіркестерін жылқы түлігіне қатысты қалыптастырған. Енді, соның бір нешеуін еске түсірсем, дегдар жұртым өзгесін өзі жетелеп әкетеді. Мәселен, жұмылған жұдырықтай жиын жүретін, саяғы аз, айрандай ұйып, бірлік-берекесі артқан әулетті торы айғырдың үйіріндей деп әспеттеді. «Күш-қайратың қайнап, әл-қуатың тасып тұрған жастық шағыңда ел-жер аралап, қыр-сырына қанық, көпті көріп көзінді аш» деген ұғымды атың барда жер таны желіп жүріп, әкең барда ел таны еріп жүріп деп мақалдады. Ал адамның көңілінің кеңдігін, пейілінің дарқандығын, қасыретке қайыспас, қайғыға берілмес, қайсар қажырын ер жігіттің ішіне ер тоқымды ат сияр деп қайырса, сабырлы да салмақты, бір ауылдың ұйтқысы болып отырған, жаны жайлау, біртоға бәйбішені бес биенің сабасындай деп береке, құтқа балады [14] .
Көшпенділер мен жылқы баласынының бірге өсіп, біте қайнасқаны сондай олардың тұрмыс-салтына, мәдениеті мен өнерінде өз ара қатысты айтылатын афоризмдер толып жатыр. Мысалы, жаңа туған нәресте ұл бала болса ат ұстар, егер ол қыз бала болса ат байлар деп бейнелеп айтады. Ал баласы ер жетіп, есейіп, өссе ат жалын тартып мінді деп қуанады. Немесе түтеген қалың қою тұман, көзге түртсе көргісіз тас қараңғыны ат құлағы көрінбейді деп бейнелеп жеткізген. Сонымен қатар бірін-бірі қайта көрместей болып ренжіскен екі жақты ат құйрығын кесті деп білдірсе, араздасып барып татуласқан жандарды ат тізесін қосты деп табысқанын айтады. Ал кедей-кепшік, тумысында бір жарымаған адамды ауы атқа, аузы аққа жарымаған деп қағытып өтеді [15] .
Туған баласын түліктің төліне теңеу де көшпенділердін, әсіресе, қазаққа тән қасиет. Ата-ана баласын құлыным, құлыншағым деп құлпырта мекіреніп, оның томпаң қағып, зыр жүгірген жүрісін құлындай құлдыраңдады деп бейнеледі. Ал қазақ баласы болса құлын болып кісінеп, тай-құнан боп тулап, асау болып алысып, ат болып жарысып ойнап, тарпаң болып ер жетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz