ЖАС ТАЕКВОНДОШЫЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ


МАЗМҰНЫ
ЖАС ТАЕКВОНДОШЫЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІГІ . . .
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Осы дипломдық жұмыста төмендегі сілтемелер пайдаланылды:
- «Қазақстан Республикасының 2001 - 2005 жылдар аралығындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарлығы. 2001ж. Астана. Ақорда.
- Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы. Астана. Ақорда. 1999 ж.
- «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 1999 ж.
- 2011-2015 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спортты дамытудың тармақтарның бағдарламасы. - Астана, 2015
АНЫҚТАМАЛАР
Гып - таеквондодағы « дан» дәрежесіне дейінгі белбеу дәрежесін айтады, 10-ға дейінгі дәрежеден тұрады.
Дан - қаралардың дәрежесі, 9-шы дәрежеге дейін жетеді. Бұл дәрежені жетістігі мол және көп жылдық тәжірибесі бар таеквондошылар ғана алады.
ДОЯНГ - таеквондодағы жекпе-жекке шығатын кілем.
Туль - таеквондо техникасы, соққы аяқпен қолдан және блоктардан тұратын қозғалыс жиынтығы.
ҚЫСҚАРТУЛАР
БЖСМ - Балалар - жасөспірімдер спортының маманы
ТКД - Таеквон-до, аяқпен қол соққысының үйрену жолы.
ҮЖКЖ - үйлестіруші жылдамдық-күш жаттығулары.
ЖСЖ - жүрек соғу жиілігі.
ЖДЖ - жалпы дене дайындығы.
АДД - арнайы дене дайындығы.
ТТД - техникалық -тактикалық дайындық.
КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейкесктілігі Таеквон-До (тхэквондо ) - Оңтүстік Корея армиясының Чой Хонг Хи генералымен 1955 жылғы 11 сәуірде құрылған, жауынгерлік өнердің бір түрі. Спорт түрі ретінде Таеквон-до, өткен ғасырдың 50-ші жылдарында халықаралық тану алды. Корей тілінен аударғанда Тае (тхэ) аяқпен соғу, квон - жұдырық немесе қолмен соғу, До - жол дегенді білдіреді. Яғни, Таэквон-дода (тхэквондода) екі жасаушы бар: біріншісі - өзін-өзі қорғау мақсатында аяқ пен қолды қолдану, және екінші «До» Таеквон-Доның (тхэквондоның) мәдениеті мен философияға жету арқылы жоғары сананы дамыту үшін тұлғаны моральдық-этикалық тәрбиелеуді қарқынды діл жаттықтыруды қамтиды. Атаудың өзінде Таеквон-Доның (тхэквондоның) мәні салынған, ол әсіресе адамның физикалық жағынан да, рухани жағынан да үйлесімді даму. Пайда болуындағы қысқа мерзімінде Таеквон-До (тхэквондо) басқа көптеген жауынгерлік өнерлер аясында салыстырғанда едәуір жас - ол үлкен танымалдық алды, және қазіргі таңда бүкіл әлемде онымен айналысушылардың саны 40 млн. жуық [1] .
Таеквон-доның (тхэквондоның) негізін салушы генерал Чой Хонг Хи 1966 жылғы 22 наурызда әлемге Таеквон-Доны (тхэквондоны) дамытатын, қоғамдық бірлестікті құру үшін құрылтай конференциясын шақырды. Осы құрылтай конференциясында Таеквон-Доның Халықаралық федерациясы жаңа ұйымының заңды тұлғасын ағылшын тілінде International Taekwon-Do Federation, қысқаша ΙTF деп атау туралы бірауыздан шешім қабылданды. Сондықтан ИТФ жайлы сөз болса, бұл негіз салушының өзі жасаған жауынгерлік өнер мен спорт түрін мекеме ұсынатынын білдіреді. Осы конференцияда генерал Чой Хонг Хи ИТФ Таеквон-доның Халықаралық федерация президенті болып сайланды. 2000 жылдан бастап олимпиядалық спорт түрі болып саналады. Таеквондо бір жағынан ежелгі спорт түрі болып саналады, екінші жағынан заманауи күрес жүйесі болып саналады. Таеквондо ежелгі корей қағидаларына, ежелгі күрес түрлеріне сүйенеді. Бірақ қазіргі таңда таралған таеквондоның қалпы 20-ыншы ғасырдың шамасында пайда болған. Таеквондода спортшының аяғы мен қолы қатар жұмыс істейді, мақсаты жарыс ережесіне сай келетін әдістерді пайдалана отырып жеңіске жету.
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін азат етілген Кореяда күрестерге қойылған тыйымдар күшін жойды. 1945 жылдан бастап корей шеберлері Сеулге оралып, квон жүйесі бойынша жеке дара жаттығуларын жалғастыра бастады. Әрқайсысының жеке дара стилі болды. Квонды жақсы менгергендер - Чан Му Квон, Чи До Квон, Кан Ду Квон, Сон Му Квон, Му Ду Квон. 1958 жылы генерал Чой Хон Хиге Оңтүстік Кореяның Вьетнамға баратын әскери делегациясын басқару туралы нұсқау берілген. 1980 жылы 17 шілдеде Мәскеуде өткен халықаралық олимпиада комитеттің 83-ші сессиясында таеквондо спорттың бір түрі деген мәртебе алып, 1988 жылғы олимпиада бағдарламасына енгізілді.
Таеквондо - қарсыластың шабылуына төтеп беру мақсатында аяқ пен қол шеберлігін үйлестіру арқылы орындалатын еркін түрдегі спорттық жекпе-жек.
Таеквондомен айналысу адамның денсаулық күйі және дене сапаларын жоғарылатумен бірге, адамның рухани кемелденуіне зор ықпал етеді. Таеквондомен айналысушы адамдар өздеріне сенімді, дене күшімен бірге интеллектуалды тұрғыда өзін жетілдіре түседі. Жоғары қабілетке қол жеткізу жолында спортшылар өз денесінің мүмкіндіктерін ойлау қабілеті арқылы ұштастырып, жарыста жеңіске жетуге ниеттенеді. Өзіне деген сенімділік таеквондомен айналысушы спортшыларға кез- келген кедергіге төтеп беруіне және қарапайымдылық пен кішіпейілділікке тәрбиелейді. Жекпе- жекті әділетсіз өткізуге спортшының ар-ұяты жол бермейді. Таеквондомен айналысушы спортшы бойында ұстамдылық, қайырымдылық кішіпейілділік пен өзінің қадір-қасиетін сезіну сезімдерін дамытады. Бұл спорт түрімен айналысушы спортшылар меңгерген шеберліктерін, (жаттығудан бөлек) тек оған немесе оның жанұясына қауіп төнгенде ғана қолдануға рұқсат берілген. Бұл спорт түрінде адам дене күшімен бірге өзінің энергиясын әрі бағдарлай алуға үйренеді. Басқа жекпе-жек түрлерінде жетістік пен шеберлік белгілі бір уақытқа дейін шыңдалады, спорттан қол үзгеннен кейін тәжірибемен мүмкіндік қоры да щектеле түседі. Бірақ таеквондо спортында адам шеберлігімен бірге, бойындағы күш- қуаты және мүмкіндігін қоршаған ортада икемді түрде жұмсауға үйренеді. Сондықтан да бұл спорт түрінде философиялық мән мағына жатыр. Өз энергия қорыңды жетілдіріп, сол арқылы жаңа мүмкіндіктерді ашу жылдар көлемінде жүргізілетін жаттығудың және қайраттылық пен шыдамдылық арқасында шыңдала түседі.
Зерттеу нысаны психологиялық күйлер: еске сақтау, зейін, сенсомоторлық реакциялар, мазасыздық пен өзіне деген сенімділіктің өзгеруі жайында ақпарат алынады.
жасөспірімдік спорт психологиясы екі бағыты:
- ғалымдар зерттеулерінің арқасында жас спортшының психологиялық қоры жайында мәліметтер жиыны;
- жас спортшылардың жаттығу мен жарыс процесіне психологиялық даяр болу мәселесі.
Зерттеу пәні 14 - 16 жастағы жасөспірім таеквондошылардың психологиялық дайындығының ерекшеліктерін қарастыру.
Жұмыстың мақсаты 14 - 16 жастағы жасөспірім таеквондошыларды психологиялық дайындық кезінде, жасөспірімнің бойында:
- дүние-танымдық жағымды көзқарас;
- өзін-өзі жетілдіру;
- өзін-өзі дамыту;
- өз жетістіктерін бағалау;
- бойындағы мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білуге үйрету.
Зерттеу міндеттері 14 -16 жастағы жасөспірім таеквондошыларды:
- психологиялық темперамент тестінен өткізу;
- Жас спортшыны жарыс кезінде мінез-құлқына байланысты оны психикалық дайындау;
- Стресс жағдайларын қадағалау;
- Жас таеквондошының психолог маманымен жұмыс жасауын қамтамасыз ету .
Зерттеу әдістері педагогикалақ және психологиялық оқыту әдісі, физиологиялық ғылыми оқыту әдісі, әлеуметтік және статистикалық әдісі. Жасөспірімді таеквондомен шұғылдандыру әдісінің орны - Ұлттық жекпе-жек спорт түрлері залында, РКС таеквондо залында өтеді.
- Ересек спортшылармен жұмыс жүргізу барысында туындаған психологиялық кедергілері, алғашқы спорттық мамандану кезеңінде жіберілген қателіктерді болдырмау ;
- Ересек спортшылардан қарағанда оқытуды жеңіл меңгереді, сондықтан да алғашқы спорттық мамандану кезеңінде психологиялық жұмыс жүргізу тиімді болады;
- Жоғары шеберлік спортының кемелденуіне байланысты жас спортшылармен жүргізілетін психологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуі керек.
Зерттеуді ұйымдастыру таэквон-додағы (жаттығулардың) негізгі түрі:
- топтық жаттығу сабақтары;
-жеке жаттығу сабақтары;
-жарыстарға, бақылау, іріктеу-бақылау топталарға қатысу;
-дайындық түрлері бойынша сынақ өткізу;
-медициналық-қалпына келтіру іс-шаралары;
-оқушылардың нұсқаулық және төрешілік тәжірибесі болып табылады.
Зерттеу әдістемесі ТКД-ны білімі жоғары, білімі төмен жасөспірімге немесе психологиялық мінез-құлқына байланысты емес, жалпы бірдей қарқында оңай үйрену.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы зерттеу бастапқы дайындық кезеңінде жас таэквондошылардың психологиялық оқу-жаттығу үдерісі мазмұнының теориялық негіздерін дамытудан тұрады.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы зерттеу нәтижелері жас таэквондошылардың психологиялық дайындығын қалыптастыру кезінде жаттығуда, жарыста төзімділік танытуға икемді келуге мүмкіндік береді.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден және 3 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЖАС ТАЕКВОНДОШЫЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
1. 1 Таеквондошылардың бастапқы дайындық кезеңінде психологиялық күйінің ерекшеліктері
Жасөспірімдер спортының психологиясы жас спортшылар даярлығының қамтамасыз етілу мәселесін қарастырады.
Қазіргі таңда жастар спортының психологиялық мәселелерін батыстың ғалымдары кеңінен зерттеу үстінде. 2003 жылы Копенгаген қаласында спорт психологиясынан өткен 8 Еуропалық конгрессте тек жастар спортына арналған 4 симпозиум өткізіліп, 1/3 ғылыми зерттеулер жас спортшыларға жүргізілген.
Мазасыздығы жоғары спортшылардың жеке бастық ерекшеліктері:
- жоғары мазасыздыққа деген бейімділік ;
- өзін-өзі төмен бағалау ;
- жеке бас нәтижесі көрсеткішінің төменгі деңгейі ;
- сәтсіздік туралы жиі ойлау ;
- басқалардың әлеуметтік бағасы мен үлкендердің үміті жайындағы ойлары ;
- жаттығудан алған қанағаттанушылық сезімінің төменгі деңгейі ;
- нәтижеге қарамастан (жеңіс, жеңіліс), өзінің жарыстағы қабілетін төмен бағалауы;
Стресстің пайда болуына келесі жағдайлар түрткі болады: жеңіс немесе жеңіліс; балалар жеңістен қарағанда жеңілістен жоғары мазасыздық күйінде болады. Командалық спорттан қарағанда жекпе - жек спорт түрімен шұғылданушы спортшылар мазасыздық танытқан. Жеңіліс болса, өз күшіне сенімсіздік, түңілу сезімдерін тудырады. «Күйіп кету» салдарынан спортшы спорттық өмірімен қош айтысуы да мүмкін. Кейінгі кездегі зерттеулерге сай, жас спортшылардың «күйіп кетуінің» факторлары анықталған:
- шегінен тыс жаттығу;
- өте жоғары мақсаттар;
- қандайда болсын жолмен жеңіске жету;
- ата-анасы тарапынан қысастық;
- жаттығу тапсырмаларының шектен тыс ауқымдылығы салдарынан алған жарақаттар;
- жиі көшіп-қону;
- жаттықтырушы қылықтары немесе әрекеттерінің қарама-қайшылығы;
- жеңіс немесе жеңілістен айқындалатын, басқалар тарапынан көрсетілетін махаббат, мейірім [2] .
Жарысқа жас спортшыларды психологиялық даярлау:
Жалпы психологиялық даярлықтың міндеті - жас спортшының психологияық сапасын зерттеу мен оларды дамыту. Яғни жан қуаттарын дамыту көзделеді. Жұмыс процесінде жаттықтырушы оларды тәрбиелеудің әдістерін таңдайды. Мысалы жаттықтырушы, жас спортшы жаттығуда оңай іске асырған тәсілін жарыс кезінде іске асыра алмайтынына көзі жетеді. Бұл ерік сапалары көрінісінің әлсіздігі әралуан себептермен түсіндірілуі мүмкін. Осы кемшілікті жою үшін оның пайда болу себебін анықтау қажет. Жан-жақты себептерді анықтай келе жаттықтырушы спортшы тәжірибесінің төмендігіне сілтеме жасайды. Бұл орайда өзіне деген сенімсіздікті жоюдың іс-шаралары кеңінен жүргізіледі. Көрермендердің қатысуымен жаттығуларды жиірек өткізіп отырған жөн, спортшыны жолдастық кездесулерге шығарып, жарыс кезінде оны әлсіз спортшымен жекпе-жекке түсіріп, оның жеңісін қамтаммасыз ету арқылы өзіне деген сенімдікті жоғарылату керек. Спортшының болашақ қарсыластары туралы толық ақпаратпен құлақдар болуын қамтамасыз еткен жөн. Ол қарсыластың күшті және әлсіз жақтарын бірдей білгені абзал. Ақырғы жаттығуда, жарыс алдында спортшы өзіне сенімділік беретін арнайы әдіс-тәсілдерді іске асыра білуі керек. Көп көңіл спортшының эмоционалды күйі - жарыс алдындағы күй деп аталады. Бұл күй спортшының жарысқа шығуының бастапқы кезеңіне көп ықпал етеді. Спортшының психологиялық даярлығын, оның жастық ерекшелігіне байланысты ұйымдастырылып, жүргізген жөн. Жаттықтырушы жастық ерекшеліктерді ескере отырып, «жастық стандарт» аясымен ғана шектелмеуі қажет. Спортшының жеке дара ерекшеліктері де бұл тұрғыда маңызды мәнге ие, сонымен бірге спорттық іс-әрекет тәжірибесі де ескерілуі керек. Бір спортшы жоғары шеберлікпен көзге түсіп, әйгілі жарыстарда жоғары көрсеткіш көрсетсе, екіншісі мазасыздық, үрей, қорқыныш, өзіне деген сенімсіздік танытып, мүмкіндіктерін бағаламау салдарынан жеңіліс тауып жатады. Спортшының жарысқа деген психологиялық даярлығы тәрбие процесімен де тікелей байланысты. Спортшыны тәрбиелеу арқылы оның бойында спорттық іс-әрекетке қажетті тұрақты сапаларын дамытуға мүмкіндік туады [3] .
Жаттықтырушы нақты жарысқа психологиялық даярлық процесі барысында спортшыға етене жақындай түсіп, оның мектептегі үлгерімін қадағалау керек. Себебі, жарыспен байланысты пайда болған эмоционалды мазасыздық күйі баланың оқу үлгеріміне де теріс әсер етуі мүмкін. Жаттықтырушы сонымен бірге жас спортшының жанұялық қарым-қатынасын, оның күн тәртібін білгені жөн. Жаттықтырушының бұл кезеңдегі міндеті -жас спортшының психологиялық даярлығын қамтамасыз етуде бірінші кезекте оның шектен тыс мазасыздығын болдырмау. Жаттықтырушы спортшыға өзінің және қарсыласының күшін бағалауына көмектесуі керек.
Қоршаған ортаның ықпалы. Ұжым мүшелерінің психологиялық күйі спортшыға ықпал етеді. Ұжымның жарысқа батыл әрі бастамшылдық сипатта даяр болып, өз күшіне, жарыстағы жеңісіне сенімді болуы алдағы жарысқа деген психологиялық даярлықтың кепілі болып саналады. Керісінше ұжымда сенімсіздік пен қақтығысты жағдайлар белең алса, спортшының өзіне деген сенімділігін төмендетіп, жарыста жеңіске жетуіне кедергі болады. Ұжым (мектептегі достары, сыныптасары, мұғалімдері) жарыс алдында спортшыға көңіл аударып отырса, бұл жағдай өзіне деген сенімділікті арттырып, жарысқа жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді [4] .
Жарыста спортшы жеңіске жетіп жатса, жаттықтырушы спортшының алдына аса жоғары мақсаттарды қояды. Спортшының дене, техникалық, тактикалық, психологиялық даярлығының кемшіліктерін саралап, алдағы жарыста оларды болдырмауына ат салысады.
Оқыту жаттықтырушы мен оқушының өзара қарым-қатынасы кезінде жүзеге асады. Жаттықтырушы оқушыға беру үшін білімдерді дайындайды:
Қамтылуға қажетті білімдерді айқындап, материалды мақсатты жиілікті орналастырады, оны қол жетімді пішінге айналдырады. Білім алушы тапсырманы оқу затына айналдырып, ұғынады және білімді түсінікке, кейін іскерлік пен дағдыға айналдырып, оны шапшаң игереді. Сөйтіп, оқыту үдерісінде бар объективті білімдер оқытушы мен оқушының бірлескен еңбегінде оқыту нәтижесі ретінде келетін, оқушы әрекетінің өніміне айналады. Спорттық-даярлау бағытында оқытудың жалпыланған міндеті жарыс жаттығуларының, тар мамандандыру затының ерекшелігіне сәйкес қалыптасады. Бұл әдеттегі бағытқа қозғалыс міндетті шешудің максималды тиімділігі болып табылады. Спорттық-даярлау бағыттағы оқытудың екінші ерекшелігі қозғалыс әрекеттерінің нақтылығын «түсіретін», оған лайықты факторлар кешеніне және жарыс қызметінің болуына байланысты пайда болады. Сондықтан оқытудың жалпыланған міндеті қозғалық дағдыларының жоғары тұрақтылығы тәрбиесінің талаптарын қамти Белгілеген деңгейге байланысты, зерттелетін қозғалыс әрекетін игеру оқу үдерісін ұйымдастырудың қолданылатын құралдар, әдістер мен нысандар құрамының кейбір өзгерулерін талап етуі мүмкін [5] .
Сонымен қатар, қимыл әрекетін игерудің тереңдігіне, жеке параметрлер: шама, бағыт, уақытылы сипаттамалар бойынша күш салуды саралау нәзіктігіне жеке мақсаттар мен оқыту міндеттерін тәптіштеу.
1. 2 Жас спортшылардың физикалық қасиеттерін дамытудың психологялық құралдары мен әдістері.
Тұрақтылықты тәрбиелеу орындалатын әрекетті, төмен жылдамдықты, қорытындыларының тұрақсыздығын, түсіретін факторлар мен аз есте сақтау беріктілігіне әрекеттерге табансыздықты толық саналы бақылаумен сипатталатын, қозғалу білімінің қалыптасуынан басталады. Қозғалыс білімдер үлкен дидактикалық құндылыққа ие, қойылған мақсаттардың мәнін, орындау шарттарын талдауға, өз ойлы, перцептивті және қозғалыс әрекетін басқаруға үйретеді, оны алғашқы рет П. Ф. Лесгафт дәлелдеген [6] . Кейнінгі игеру үдерісінде, қайталану мөлшері көбетілуіне байланысты, әр элемент және жалпы барлық әрекет нақтыланады және аса берік есте қалады. Әрекет автоматты түрде бақыланады, орындаушы санасының қатысуынсыз жасалады және түзетіледі. Әрекеттер жылдамдығы көбейеді, нәтиже тұрақтылығы мен тайдыру факторлары әрекетіне табандылық көбеймейді. Әрекет құрылымы ұзақ үзілістерде де бұзылмайды. Білім әрекетті орындау мен оның жоғары жылдамдығын, нәтиже тұрақтылығын, тайдыру ықпалдарына табандылықты, есте сақтаудың жоғары беріктілігін бақылауда сананың аз қатысуымен сипатталатын дағдыға айналады. Қозғалыс әрекеттерін игерудің жоғары дәрежесі ретінде қозғалыс дағдылары дене шынықтыру-спорттық қызметте ерекше маңызды мағынаға ие. Н. А. Бернштейн көрсеткен, қозғалыс дағдысының басқа ерекшелігі - бұлшық ет жұмысының жетілген үйлесіммен, басыбайлы етудің жоқ болуымен, қозғалыс әрекетінің жеңілдігімен қамтамасыз етілетін, әрекеттің жоғары жылдамдығы. Әрекеттің нәтиже тұрақтылығы - дағдының үшінші белгісі [7] .
Тұрақтылық, мәселен жекпе-жекте сияқты, өзгерілетін жағдайларда өтетін, мазмұнының ауыспалы құрамы бар қызмтте аса маңызды. Дағдылардың аталған ерекшеліктері олардың тағы бір айқындайтын белгілерін қалыптастырады: қиындататын жағдайлардың (снарядтардың, алаңшаның төмен сапасы, ауыр тиетін эмоциялық фонда, денсаулықтың төмендеуі немесе қарсыластың белсенді қарсылығы кезінде) бар болуында немесе тайдыру факторларының әрекетіне қарсы қозғалыс тапсырмасын тиімді шешуге мімкіндік беретін сенімділік.
Оқытудың жетістілігі оқу бағдарламасының материалын игеруге қажетті және жеткілікті күш салудың болуының дайындығымен анықталады. Онда мыналар ескеріледі: а) оқытушының дайындығы; б) оқушының дайындығы; в) оқыту жүзеге асатын жағдайлардың дайындығы.
Оқу маткриалын игеруге оқушының дайындығын қарастыра отырып, бірнеше алғышарттарды айқындайық:
1. Оқушының дене шынығуының дайындығы;
2. Қозғалыс (соның ішінде координациялық) дайындық;
3. Психикалық дайындық.
Оқытудың мақсатына жету оқыту мақсатының барлық оқу қызметінде басым себебі болған жағдайда ғана оқыту жемісті болады. Уәждеменің қажетті деңгейін қамтамасыз етуде оқыту жетістігі қайсарлыққа, батылдыққа, табандылыққа, яғни оқушылардың жұмыс белсенділігін анықтайтын сапаларға байланысты.
Егер оқушының белсенділігі мен қайсарлылығы оқу тапсырмасының күрделілігіне байланысты болса, онда оның әрекеттерінің батылдығы пен табандылығы: біріншіден, оның алдынғы қозғалыс тәжірибесімен, екіншіден, қауіпсіздік шаралар сенімділігінің және сақтандыру немесе қорғанудың игеріп алған жүйесінің болуымен анықталады. Оқыту үдерісініде әр жеке қозғалыс әрекетінде оқу материалын игерудің белгілі кезеңдері бар үш кезеңді бөлуге болады. Кезеңдердегі жұмыс әрекеттің болжалды, атқарушылық және бақылау-түзету бөліктерін игеру, мақсаттардың мәні, оқытудың мазмұны мен әдістері бойынша ерекшеленеді.
Бірінші кезең - бастапқы ұмытып қалған әрекеттер, оған білу дәрежесінде қозғалыс әрекетті игерудің алғышарттың қалыптасу кезеңі сәйкес болады.
Екінші кезең -білу дәрежесінде әрекеттерді игерудің кезеңі сәйкес келетін, терең тәптіштелген жаттау.
Үшінші кезең - дағды деңгейінде әрекеттерді игеру дәрежесі сәйкес келетін, әрекетті қосу және кейінгі жетілдіру [8] .
Иілгіштік деп көптеген авторлар жаттығуларды қимылдың үлкен амплитудасымен жасау қабілетін түсінеді. Буындарда жеткіліксіз қозғалыс - осы буындардың жанындағы бұлшық еттердің және сіңірлерінің нашар созылымдылықтың, және де антагонист-бұлшық еттердің жаман дамуының нәтижесі [9] .
Иілгіштік бүгу-жазу және басқа қимылдарда амплитуда шамасында айқындалады. Тиісінше, оның көрсеткіштерін бұрыштық градустармен немесе сызық шамаларымен (сантиметрмен) бағаланатын қозғалыс амплитудасының шегінде өлшейді. Активті және пассивті иілгіштікті анықтайды.
Белсенді иілгіштік деп спортшы дербес, қосымша көмексіз, тек өзінің бұлшық етінің күшін пайдаланып жасай алатын буынының ептілігін білдіреді. Пассивті иілгіштік серіктеспен, снарядпен, ауырлатумен жасалатын сыртқы күштер есебімен жетуге болатын ең жоғары амплитудамен анықталады. Белсенді иілгіштіктің шамасы әрқашан пассивтіден аз. Шаршаудың әсерімен белсенді иілгіштік төмендейді (алдыңғы қысқартылудан кейін толық босаңсытуға бұлшық еттің қабілетінің төмендеуі есебімен), ал пассивті көбейеді (созылуға қарсы бұлшық еттің аз тонусы есебімен) .
Буындарда қимылдың нашарлауын алдын алу үшін, әсіресе 13-14 жасында, пассивті иілгіштікті дамытуды уақытылы бастау қажет. Пассивті иілгіштіктің сенситивтік кезеңі: 9-10 жас, ал белсенді иілгіштікке - 10-14 жас [10] .
Үйлесімді қабілеттер өзімен қимылдың жеке элементтерінің бірыңғай мағыналы қозғалыс әрекетімен үйлесімнің өзара әрекеттесуін білдіретін, белгілі мүшелер мен ағза құрылысының функционалды қабілеттері болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz