Спорттық жарыстарды ұйымдастыру мен жоспарлау


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Казақ спорт және туризм академиясы

Факультет

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра

меңгерушісі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Спорттың әр түрі бойынша жарыс өткізу дайындығын ұйымдастыру және басқару

5В010800- мамандығы - «Дене шыныктыру және спорт»

Орындаған

Ғылыми жетекшісі

аға оқытушысы

Алматы, 2015

МАЗМҰНЫ

: НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
: 3
: АНЫҚТАМАЛАР. .
: 4
: БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .
: 5
: КІРІСПЕ. . …
: 6
:
  1. СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ЖАРЫС ӨТКІЗУ ДАЙЫНДЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
: 7
:
  1. Спорт түрлері бойынша өткізілетін жарыстың зерттелуі мен даму тарихы . . .
: 14
:
  1. Дене мәдениеті және спортты басқару мен ұйымдастыру жүйесін жасаудың заманауи бағыттары . . .
: 15
:
  1. Спорттың әр түрлерінен жарыс өткізу дайындығын басқару барысын бақылау . . .
: 23
:
  1. СПОРТТЫҢ ӘР ТҮРІ БОЙЫНША ЖАРЫС ӘРЕКЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ . . .
: 39
:
  1. Спорттық жарыстарды ұйымдастыру мен жоспарлау . . .
: 39
:
  1. Спорттық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу кезіндегі жанкүйерлер мен көрермендердің ықпалы . . .
: 52
:
  1. Ел аумағындағы спорттың әр түрі бойынша жарыс өткізку қызыметінің ұйымдастырылуы мен жарыстарды басқарудың ғылыми теориялық негіздері . . .
: 61
: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
: 68
: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
: 70
:
:

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл диссертациялық жұмыста келесі стандарттарға сілтемелер қолданылған:

ГОСТ 7. 1-2003. Библиографиялық сипаттамалар. Жалпы талаптар мен құрау ережелері.

ГОСТ 7. 32-2001. Ғылыми зерттеу жұмысы туралы Есеп. Рәсімдеу ережелері туралы құрылым.

№ 57012. 03. 2001. ҚР Президенті Жарлығымен бекітілген 2001-2015жж Қазақстан Республикасындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.

№23028. 12. 2006. ҚР Президенті Жарлығымен бекітілген 2007-2011жж Қазақстан Республикасындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл жұмыста бірнеше терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:

Жарыстардың кешенділігі - бірнеше спорт түрлері бойынша өткізілп жатқан іс-шараны біруақытта және бір орында (географиялық орында) кешенді спорттық іс-шара шеңберінде өткізілетін сайыс ретінде бірлестіру.

Жарыстың өткізілу мерзімі. Егер жарыс бірнеше кезеңнен тұрса, әрбір кезеңнің хронологиялық тізбегін көрсету қажет.

Жарнама - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындардың барлық топтарының арасында оны кеңінен танымал етуге арналған спорттық жарыстың өткізілуі туралы ақылы түрде хабардар ету.

Паблик рилэйшнз - дегеніміз қоғамның алда тұрған іс-шараға деген көзқарасын бағалайтын, ұйымның жүргізіп отырған саясатын қоғамдық қызығушылықтармен үйлестіре білетін және қоғами түсіністік қалыптастыруға және берілген іс-шараны қабылдауға арналған іс-әрекет бағдарламасын жүзеге асыратын менеджмент қызметі.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

РЖ
-
республикалық жарыстар
РЖ: СЖЖ
-: -
республикалық жарыстар: спорттық жарыстарды жоспарлау
РЖ: ХДСШ
-: -
республикалық жарыстар: халықаралық дәрежедегі спорт шебері
РЖ: СШ
-: -
республикалық жарыстар: спорт шебері
РЖ: СШҮ
-: -
республикалық жарыстар: спорт шеберлігінен үміткер
РЖ: ЖӨҰ
-: -
республикалық жарыстар: жарысты өткізуші ұйым
РЖ: БТК
-: -
республикалық жарыстар: бас төрешілер коллегиясы
РЖ: СБ
-: -
республикалық жарыстар: спорттық база
РЖ: ООҰК
-: -
республикалық жарыстар: олимпиадалық ойындарды ұйымдастыру комитеті
РЖ: ХОК
-: -
республикалық жарыстар: халықаралық олимпиада комитеті
РЖ: ХСФ
-: -
республикалық жарыстар: халықаралық спорт федерациясы
РЖ: ҰОК
-: -
республикалық жарыстар: ұлттық олимпиада комитеті

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Басқару - диалектикалық үдеріс. Ол өзіндік ерекшелігі бар ғылымға айналғанға дейін бірнеше даму тарихынан өтті. Сондықтан да басқару туралы алғашқы идеялардың тамыры тереңде жатыр. Мұны Американың белгілі теоретигі Кл. кіші Джексонның зерттеуінен байқауға болады. Ғалым «Басқару ойларының тарихы» атты еңбегінде біздің дәуірге дейінгі 5000 жылдан бастап басқарудың дамуын көрсеткен. Бұл еңбек бойынша идеяның қалыптасуы шумерлерден басталады. Қоғамдағы қажетті фактілерді тіркеу, оларды жинақтап жүйелеу, қағазға түсіру басқарудың алғашқы элементтері болып табылады [1] .

Дене мәдениеті мен спортты басқару тек адамдардың дене қабілеттілігін дамытуға бағытталған арнайы амал мен әдістердің жиынтығы және «адамның мақсатты қозғалыс қызметін» ғана басқару емес. Дене мәдениеті мен спортты басқару объектісіне көптеген нақты дене және спорт мекемелері - спорттық мектептер, спорттық және фитнес-клубтар, спорт түрлері бойынша (футбол, хоккей, баскетбол, волейбол және т. б) спорттық командалар, алаңдар, спорттық-сауықтыру орталықтары, спорттық одақтар және т. б кіреді.

Әлемдік спорттың заманауи даму деңгейі дене тәрбиесі мен спортты ұйымдастыруды басқару және ұйымдастырумен айналысатын (менеджмент) спортшылар мен мамандарды дайындауда жаңа міндеттерді кәсіби деңгейде қойып отыр [2, 3] .

Жоғарыдағы ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау басқару мәселесі саласынан бірқатар іргелі және қолданбалы еңбектердің орындалғанын көрсетумен бірге, оның ғылыми-педагогикалық негіздерінің бүгінгі қоғам талабына қарай әлі де болса терең зерттеле қоймағандығын, ал біз зерттеу нысаны етіп алып отырған спорт түрлері бойынша жарыс өткізу дайындығын ұйымдастыру мен басқару мүлде зерттелмеген мәселе екендігін көрсетіп отыр.

Осыған байланысты, спорттық шараларды ұйымдастыру мен басқару мәселелерін шешу үшін заманауи алдыңғы ғылыми-теориялық технологияларды меңгеру қажет. Себебі спорттық жарыстар жүйесін басқарудың мәнін, түрлері мен тетіктері (сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық және нормативті-құқықтық мәртебе) сынды спорт саласының негізгі құрауыш бөліктерін көрсететін ғылыми тұжырымдар және еңбектермен шектелу аз. Сондықтан да, қазіргі Қазақстанда спорттық жарыстарды басқару жүйесін құруды зерттеу аса өзекті болып табылады.

Дегенмен, бұл айтылған мәселелер әлі де болса, теориялық мәнділігін тапқан жоқ. Жоғарыда айтылғандарды талдай отырып:

  • бүгінгі спорттық іс-шаралар мен жарыстарды жаңаша басқаруға талаптардың артуы мен дәстүрлі басқару жүйесінде айтарлықтай өзгерістің болмауы арасында; осы талаптарға сай халықаралық, республикалық, аймақтық спорттық жарыстарды басқара алатын кәсіби құзырлығы жоғары басшыға қажеттіліктің артуы және мұндай даярлығы бар халықаралық, республикалық, аймақтық спорттық жарыстарды басқара алатын басшының жетіспеуі арасында;

Зерттеу мақсаты: Ел аумағындағы спорттың әр түрі бойынша жарыс өткізку қызыметінің ұйымдастырылуы мен жарыстарды басқаруды ғылыми - теориялық тұрғыдан нәтижелігін анықтау.

Зерттеу нысаны: Ел аумағындағы аймақттық және республикалық деңгейдегі жарыстардың үдерісі.

Зерттеу пәні: дене тәрбиелік ұйым қызметкерлерінің, оның басқару нысаны мен субъектісінің бір жағынан, дене тәрбиелік спорттық ұйымның өзінің ішінен, екінші жағынан, оның сыртқы ортамен байланысу үдерісі барысында қалыптасатын басқарушылық қатынастар.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, спорт түрлері бойынша жарыс өткізу дайындығын ұйымдастыру мен басқарудың теориялық-әдіснамалық бағыттары негізделіп, оны ұйымдастыру және басқару әдістемесі анықталса, онда болашақта спорт түрлері бойынша өткізілетін жарыстарда спорттың жекелей түрлері үздік сапамен ерекшеленіп, әдістемесі айқындалады.

Зерттеу міндеттері:

- ел аумағында өткізілетін республикалық және аймақтық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыру және өткізу сапасын анықтау;

- түрлі деңгейдегі және спорт түрлерінің әртүрлі топтарындағы жарыс сапасын деңгейін анықтау;

Зерттеудің жетекші идеясы: спорт түрлері бойынша өткізілетін жарыстарды басқару мен ұйымдастыруды зерттеу келешекте өткізілетін спорттық жарыстарды басқару тиімділігін арттырып нәтижелігін айқындау

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері болып спорт түрлері бойынша өткізілетін жарыстарды ұйымдастыру ісін жоспарлау мен басқарудағы кәсіби жаттықтырушылық іс-әрекеті, теория мен тәжірибенің бірлігі туралы, тұлғалы-бағдарлық, жүйелі-мәдениеттілік, кәсіби дайындықты жүйелі талдау, инновациялық әдіс-тәсілдер саналады.

Зерттеу әдістері: Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін әдебиет көздерін жинақтап, теориялық тұрғыдан талдау, сонымен қатар тәжірибелік жұмыс кезінде алынған мағлұматтар, әртүрлі жарыс бойынша алынған мәліметтерді талдау және қорытындылау, арнайы сұрақ-жауап, сұхбат, сауалнама, педагогикалық бақылау әдістері қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы

- ел аумағында өткізілетін республикалық және аймақтық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыру және өткізу сапасы анықталды;

  • түрлі деңгейдегі және спорт түрлерінің әртүрлі топтарындағы жарыс сапасын деңгейі анықталды;

1 СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ЖАРЫС ӨТКІЗУ ДАЙЫНДЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Спорт түрлері бойынша өткізілетін жарыстың зерттелуі мен даму тарихы

Спорт түрлері бойынша өткізілетін жарыстың түп-тамыры, тарихы Олимпиадалық ойындардан бастау алады. Ежелгі грек поэмасында айтылғандай, барлығының бастамасы Пелопс есімді жас жігіттің патша қызына қол жеткізуге талпынуынан басталды. Патша болашақ күйеу баласына арбамен жарысу түріндегі сайысқа түсуді ұсынады. Жарыс алдында Пелопс патшаның атқосшысына ақшалай сыйлық беріп, патша арбасының қоладан жасалған сайманын күнге күйіп, қаңсыған арқанмен ауыстырып қояды. Жарыста озып шыққан Пелопс өзінің жеңіс құрметіне арнап, олимпиада өткізуді ұйғарады.

Ежелгі Грекияда спорттық сайыстар жеке тұлғалардың даму деңгейін тексеретін (қоршаған орта жағдайларына бейімделушілік, дене қабілеттерін жетілдіру және т. б. ) құрал ретінде пайда болды. Жарысқа түсушілердің жетістіктерін бағалау үшін сарапшы ретінде спорттық сайыстың төрешілері шақырылды.

Грекиядағы Олимпиадалар бастала салысымен-ақ спортшылардың және төрешілердің «аузын алу» қасиеті пайда болды. Кейіннен бұл айналадағы адамдарға да жария болып, жарысқа қатысушылар мен оның жанкүйерлері арасында кикілжің туа бастады. Бұл мәселе ары қарай өрістемес үшін, төрешілер бұған қатысы барларды анықтап, жаза ретінде айыппұл салып, жиналған қаржыға Зевстің мүсіні тұрғызылды. Осы күнге дейін сақталып қалған мүсінде «Ақшамен емес, аяғыңның шапшаңдығымен және денеңнің мықтылығымен жеңе алатындығыңды көрсет» деп жазылған.

Эллиндік, сонымен бірге Олимпиадалық «ойындардың» мақсаты сайыс бойынша кім ең күшті, ең батыл екендігін анықтау ғана емес, олимпиада құдайларының кімдерге мейірімі түскендігін де айқындау болды. Одан кейін, келесі күні, құдайлардың қолдағаны үшін жеңгендер құрбандық шалды [79] . Сондықтан, Эномояның арбасының темірден жасалған бөлшегінің талшықпен ауыстырылуы сияқты жасалған «ұсақ қулықтар» айып болып саналмады, Пелопстың «өтініші бойынша» Пелопсты жеңіске жетелеген құдайлардың ниеті солай болды [80] .

Олимпиаданың ережесінде «Ойындарға басы бос болып туылған, қолын «қанға боямаған», құдайдың қарғысына ұшырамаған кез келген грек қатыса алады» деп келтірілген еді. Олимпиадалық ойындардың барлық азаматтардың мерекесі болғандығы туралы және атлет тек қана өз атынан, эллин ретінде ғана емес, нақты бір аймақтың азаматы ретінде шыққандығын келесі бір фактіден көруге болады: жүргізуші сайыстан алдын әрбір ойыншының атын, елін атап, жанкүйерлер мен төрешілерге қарап «Олимпианың бақытты қонақтары, сіздер барлығыңыз осы атлеттің басы бос және лайықты азамат екендігімен келісесіздер ме?» деп сұрақ қоятын болған. Ойыншылардың қатарына ел азаматтығынан айырылып қалғандар, атап айтқанда: ант бұзғандар, адам өлтіргендер, салық төлемеушілер, ісі сотты болғандар енгізілмеді. Тек қана ел азаматы еместер ғана емес, эллин еместер - тек қана құлдар емес, «тонаушылар» да енгізілмеді.

Олимпиадалық ойындар тек қана керемет бір спорттық жағдай ғана болып қойған жоқ. Олар көбіне грек тайпаларын бірлестіруге, бірегей жалпыға ортақ тіл қалыптастыруға, экономика мен мәдениетті дамытуға ықпал етті. Осыған байланысты, ежелгі Олимпиадалық ойындарға құлдардың, тонаушылардың әйелдердің қатыстырылмауы ешбір таңқаларлық жайт емес, өйткені олар - өңір азаматтары емес. Олар тарихи үдерістен оқшау, құдайдың қалауымен өткізіліп тұрған мұндай іс-шараларға қатысуға лайықты емес болып танылды. Бұл түсінікті де, өйткені ежелгі олимпиадаларда адамдар іс-әрекет өндірушісі мен тұтынушысы болып бөлінбеді, бұл заманауи әлеуметтік институт ретіндегі спортқа тән. Көрермен-азамат өңірге және бүтіндей грек қоғамы тарихына арналған іс-шараның тікелей бір қатысушысы болды. Тек шынайылықтың нақты құбылыстарын табуға талпынбаған адам ғана олардың тарихилығын және оларды ұғынудың нақты бір мәнерімен байланысын көре алмайды.

Ежелгі Грекияда Олимпиадалық ойындар өткізілуі кезінде барлық соғыс атаулы тоқтатылды. Жаңа дәуірге дейінгі алғашқы мыңжылдықтың басында гректер спортты соғысқа қарсы қою амалын құрды.

Спорт саласы бірнеше рет бұзылып, қайта түзіліп отырды деген пікір бар. Бұған негіз - ғасырдан астам тарихы бар Олимпиаданың ежелгі ойындарының біздің дәуірдің III ғасырында тоқтап қалуы. Бұл мәдениетті табиғатқа қатаң түрде қарсы қойған, адамның бойындағы табиғи, денелік болмысын оның рухани, діни талпынысымен жойып жіберуді көздейтін діннің дамуымен байланысты болды.

Спорттағы жарыстардың пайда болуына қатысты мәдениет саласында түрлі болжамдар бар. Адамзат қоғамының пайда болуымен қатар спорттық қызмет элементтерінің де ежелден келе жатқан тарихы бар. «Спорт мәңгі және пайда болуы адамның жаратылысымен парапар», - дейді[4] .

Ұлы ғұлама Аристотель (б. ғ. д. IVғ. ) «Жарысқа түсуге итермелейтін мотив (түрткі) дегеніміз иесі мақтана алатын және моральдық, материалдық игіліктерді бөлу кезінде нақты бір басымдылық таныта білетін кейбір құнды қасиеттерді дәлелдей білу талабы» деген [5] .

Спорттың шығу тарихын айқындау мәселесі 3 басты болжамға негізделген:

  • жұмсалуды талап ететін артық қуаттың болуы;
  • нақты бір іс-әрекеттердің құпия қасиеттерін қолдану талабы;
  • көңіл көтеруге деген сұраныс.

Бұл болжамның әрқайсысы негізсіз емес. Сонымен бірге, адамзаттың тарихи дамуының түрлі кезеңдерінде спорт саласының болуына түрлі факторлар ықпал етті деп болжам жасауға болады.

Жекелей қарастырсақ, ежелгі адамның дене және ақыл-ой қызметі оның тікелей тіршілік күйін қамтамасыз етуге жұмсалатын биологиялық қуатымен тікелей байланысты.

Бұл іс-әрекеттердің кейбіреулері дәстүрлі сипатқа ие болды. Мысалы, жастардың кәмелеттік жасқа өтуі кезіндегі арнаулар сайыс түрінде өткізілетін еңбек ету және әскери іс-әрекеттерді орындай алуына негізделеді. Осы сияқты арнаулар заманауи спорттық жарыстардың бастамасы деп есептелінеді [6] .

Шебер аңшылар мен әскерлердің қимыл-әрекеттерінің көп ретті қайталанбалы көшірмесі біртіндеп «жаттығу» мүмкіндігін сезінуге әкелді. Осылайша, мұндай мүмкіндіктер шартсыз түрде дене тәрбиесі пайда болуын түсіндіреді. Бұдан басқа, алғашқы қауымдық құрылыс жағдайында тіршілік еткен тайпаларда дене тәрбиесінің белгілері де жоқ, салт-дәстүрлі сайыстардың болуы спорт тарихының бастауы, яғни дене тәрбиесі даму тарихына қарағанда әлдеқайда тереңде деп болжауға негіз береді.

Көріп отырғанымыздай, дене тәрбиесінің қалыптасуы барысында біршама тиімді құралдар мен әдістерді іздестіру адамның мүмкіндіктерін жетілдіруге арналған сайыстық қарым-қатынастарды қолдану идеясына жеткізді. Сонымен бірге, спорттық қызметтің тарихи дене шынықтыру саласында қалыптасқандығын мойындау қажет [7, 8] . Бұл қоғам дамуының бастапқы сатыларында адамның мүмкіндіктері адамзаттың жеңіп шығуының шешуші факторы болды.

Спорттық жарыстардың орта ғасырда пайда болуы.

Спорт тарихында заманауи спорттың бастауын орта ғасырдан, яғни ХVII ғасырдан бері ғана көреді және оны дене мүмкіндіктерінің емес, жаңа құмарлы ойын-сауықтардың жетілуін талап ететін буржуазиялық қалалық мәдениеттің дамуымен байланыстырады. Бірақ, спорт саласы қалыптасуына жеткізген генетикалық сұраныстардың тарихи тереңі оның дамуында үзілістердің болғандығын, заманауи спорттың ежелгі негізі жоқтығы туралы жаңсақ түсініктерге деген сенімсіздік туындатады.

Жарыстарға тән элементтер сонау алғашқы қауымдық құрылыс халықтарының тұрмыс-тіршілігінен байқалады. Адамзат тарихын шартты түрде ойынды бәсекелестіктің үдерісі барысында мәдениеттің қалыптасуы ретінде қабылдауға болады. Айта кетерлігі, аракідік бәсекелестік мәдени тіршілікпен де ұштасып жатты, соның нәтижесінде өзіндік ойынды және мәдени құндылығын жоғалта бастады, тіпті бәскелестіктің ырыққа көнбес қасиеті соғыс кездерінде байқалатын жаугершілікке айналып кетіп отырды.

Бейбітшілікпен бітісетін қарсыластықтың түрлі тәсілдерін қолдану дене жаттығулары мен дене мәдениеті сабақтарының дамуы мен жетілуіне әкелді. Бейбіт қарсыластықтың тайпалар арасында бейбітшілікті орнатуға бағытталған спорттық қызметке айналуы жеке адамдар арасындағы және топтық шиеленістерді шешудің құралы болды. Шиеленістерді шешудің құралы ретіндегі бейбіт қарсыласу мен сайысты ойындар басында рулық-тайпалы қауымдастықтар деңгейінде ғана қолданылды, себебі тайпалар арасындағы шиеленістер бас кезінен-ақ соғыс арқылы шешіліп отырды және тайпалар арасындағы соғыстың үздіксіз күйі нақты бір тарихи кезеңге тән болды.

Төрешілікпен жүзеге асырылатын бейбіт қарсыластық пен сайыстық ойындар бастапқыда адамдардың арасындағы шиеленістерді шешу құралы ретінде қалыптасты, кейіннен оның көрермендік, тәрбиелік және бейбітшілік орнатушылық сияқты әлеуметтік қызметтері айқындалды. Көрермендік қарсыластық үдерісі ретінде жүреді, өйткені ол адамдардың бірлесуі барысында пайда болған маңызды әлеуметтік сұраныстарына жауап береді. Бұл сұранысты адамдардың бағаламасы бойынша кейде өзіндік қалыптасу, өзіндік айқындалу немесе сұраныс деп айтады. Нақ осы сайысушылар үшін көрермендердің қатысқанын қажет етті, ал жекпе-жек пен ойын қорытындыларының эмоциялық тойымдылығы, қайталанбаушылығы және болжам жасауға көнбеуі өз кезегінде магнит тәрізді соңғы айтылғандарды спорттық күрес маңайына топтастырады [9] .

Рулық-тайпалық қоғамдастықтың негізін құрайтын аталған әлеуметтік қызметтерге орай кейіннен барып спорттық деп аталған дербес ерекше қызмет қалыптасады. Спорттық нәтиже маңызды болып есептелінген қызмет түрі қоғамдық мәнге ие болды, өйткені ол адамдардың тек қана көрермендік сұранысын қанағаттандырып және оң үлгідегі тербиелік қызмет атқарып қана қойған жоқ, халықтар арасындағы өзара түсінушілікті, ынтымақтастықты орнату факторы ретінде айқындалды. Спорттық сайыстардың саналы және санасыз арпалыс қана болып қоймай, жарыстық қызмет барысында белгілі бір шешім қабылданатын үдеріс екендігі белгілі болды.

Бұқаралық мәлениеттің дамуы мерекелердің, тынығудың көңіл көтерерлік және басқа да түрлерінің пайда болуына себепші болды.

Ағылшын елінде спорттың пайда болуында ат жарыстарының маңызы зор болды. «Тренинг» термині сол кезеңде қалыптасты, ол аттарды жарысқа дайындау деген ұғым берді [10] .

Ат жарысына арналған іс-шараларға көрермен ретінде адамдар көптеп қатысты. Адамдар бұл жарыстарға жанкүйер ретінде, құмарлықпен кірісіп, нақты бір сұраныстар жасады.

Эмоциялар, құмарлықтар жиі талас-тартысқа, тіпті дау-жанжалға итермеледі. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында жарыстардың нақты ережелері құрылып, кейіннен бұл іске қабылданған келісімге сай спорттық жайттарды шеше алатын адамдар тартылды.

Спорт өзінің ережелерімен бастапқыда адамгершілік қасиеттерді, рухани құндылықтарды, білімділікті жүзеге асыру үшін емес, коммерциялық іс, ставкі ретінде пайда болды. Ағылшын елінде спорттық іс-шаралар туралы ақпарат ол кезеңдерде ақшалай ұтыс, сыйлықтар, сәттіліктер туралы басылым түрінде берілді. Сондықтан, пайда болған спорт түрлерінде ипподромдардағы ат жарыстарының және төрешілер туралы ережелері қолданылып отырды.

Спорт жарыстарының алғашқыларының бірі бокс - қорғаныс өнері ретінде ең алдымен танымал болды, кейіннен ол ең танымал спорт түріне айналды. Америкада бокс қарқынды дамыды, ол да коммерциялық мақсатта қолданылды. Бизнесмендер мен менджерлер қызық та, эмоционалды көріністен көптеп табыс түсіре бастады, бұл рухы мен мәнері бойынша американдықтарға тән қасиет еді.

Спорттың, жарыс үдерістерінің және төрешіліктің заманауи қоғам мәдениетінің қарқынды дамуы үшін дене тәрбиесін мектепте білім беру бағдарламасына енгізу қажеттігі туындады. Бұл құбылыстың негізін қалаушы - колледж ректоры Т. Арнольд болды [11] . Оның мектепке енгізген тәрбие реформасындағы басты үлесі - жасы үлкендердің әлсіздер мен жасы кішілерді ренжітіп, үркітіп-қорқытпай, керісінше олардың қорғаушысы, жөн айтар жанашырлары болуында.

Т. Арнольд оқушыларды спорттық сайыстар арқылы тәрбиелеуді қажет деп тапты, мұндағы қағидаттың мәні ойындар мен сайыстардағы жеңімпаздар жастар арасында көшбасшыларға айналды, соның арқасында олардың арасында тәртіп орнап, намыстың нақты бір ежелері қалыптасады. Осыдан келіп педагогикалық қағида туындайды, оның мәні: ойындар, спорттық сайыстар мен төрешілік ережелері арқылы - тәрбиелеу мен оқытуға болады [12] .

Т. Арнольдтің үлгісімен көп ұзамай осы іспеттес реформалар АҚШ, Германия, Франция және басқа да елдерде жүргізілді. Спорт элиталық клубтар арқылы қоғамның жоғары сатысына кеңінен енгізіле бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары жүйелі түрде спорттық жаңалықтарды театрмен, симфиониялық концерттермен қатар жариялай бастады. Осылайша спорттық іс-шаралар ХIХ ғасырдың екінші жартысының мәдени тіршілігінің мәнді бір бөліміне айналды [13] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарыс қызметінің құрылысы
Денешынықтырудан дәрістер
Гимнастика - дене тәрбиесі әдісі
Мектептегі 9-11 сыныптар оқушылар арасында әскери - спорттық ойындарды жүргізу және ұйымдастыру
Қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстар
Туристік қызмет көрсету жүйесіндегі спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
Дене шынықтыру дамуында жарыстың маңызы
Ұлттық спорт түрлері
Мектептегі волейболдың теориялық және әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz