Оңтүстік меринос қойының төлін өсіру ерекшеліктері


Аннотация
Диплом жұмысын «Ақсай» шаруа қожалығы кеңшарындағы оңтүстік меринос қойының төлін жаңа жүнді-етті бағытта австралиялық типтерімен жұмыс істеу, оның қазіргі және болашағы туралы талқылап баға беріледі. Бұл дипломдық жұмыс төменде жазылған бөлімдерден тұрады:
Кіріспе бөлімінде Оңтүстік меринос қойын өсіру ерекшеліктері қарастырылған.
Негізгі бөлімінде «Ақсай» шаруа қожалығы туралы жалпы мәліметтер берілген. Шаруашылықтағы оңтүстік меринос қойының төлін жаңа жүнді-етті бағытта австралиялық типтерімен жұмыс істеу, өсіру ерекшеліктері, оларды бағып-күту кезеңдері, қашыру, қыстату, қойды қырқу, қойды асылдандыру жұмыстары және тау жайылымына шығарып бағу жайында баяндалады.
Тіршілік қауіпсіздігі бөлімінде қой шарушылығы зиянды және қауіпті жағдайлары, өндірістік ортаның микроклиматы, санитарлық-техникалық
іс-шаралар қамтылған.
Қоршаған ортаны қорғау бөлімінде мал өсіретін қоражай ауасының құрамын жақсарту, гигиеналық шараларды дұрыс жүргізу, ұйымдастыру қарастырылған.
Экономикалық бөлімде «Ақсай» шаруа қожалығында оңтүстік меринос қойын өсіріп, оның етін өндірудің бір жылдық шығыны қамтылған.
МАЗМҰНЫ
Аннотация
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартылған сөздер
Кіріспе
1 Әдебиетке шолу
1. 1 Таза тұқым өсіру
1. 2. Оңтүстік меринос қойының төлін өсіру ерекшеліктері
1. 3 Қойды төлдету және қозы алу
1. 4 Қозы қабылдап алу және өсіру
2 Негізгі бөлім
2. 1 Бірлік өндірістік кооперативінің жалпы сипаттамасы
2. 2 Оңтүстік меринос тұқымына зоотехникалық сипаттама
2. 3 Қожалықтағы меринос тұқымын өсіру
3 Өзіндік зерттеулер
3. 1 Малдың өсіп-жетілуін зерттеу
3. 2 Оңтүстік-қазақ мериносы қойы тұқымының сипаттамасы
3. 3 Асыл тұқымды қой санының динамикасы және кластық құрамы
4 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
5 Қоршаған ортаны қорғау
6 Экономикалық тиімділігі
7 Бизнес жоспар
Қорытынды
Ұсыныстар
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Түйін
Нормативтік сілтемелер
Диссертациялык жұмыста келесі стандарттық нормаларға сілтемелер жасалынды.
- Мемлекетаралык стандарт ГОСТ 7. 32-2001.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары есебі. Құрылымы мен түзілу ережесі және ГОСТ 7. 1. -2003.
Библиографиялық тізбек. Құжаттың библиографиялық сипаттамасы. Жалпы тәртібі мен құрылым ережесі.
2. Қазақстан Республикасының «Селекциялық жетістіктерді қорғау» жөніндегі заңы. 1999 жыл.
- Қазакстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы» жөніндегі заңы, 2001 жыл.
- Республикалық «2001-2005 жылдар аралығында ауыл шаруашылық өсімдіктерін, малдарын және микроорганизмдер генефондын сақтау, дамыту және пайдалану» мақсатты бағдарламасы.
5. Республикадағы 2001-2005 жылдар аралығында қой шараушылығы жағдайын мен негізі даму бағыты. Астана, 2001.
6. ГОСТ 5111-55- қойдың қондылығы категориясы.
7. ГОСТ 5111-55- қой еті қондылығы категориясы.
8. ГОСТ жуылған биязы жүн, класқа жатқызылған.
Белгілеулер мен қысқартулар
- БСО -Бүкілодақтық сауда ұйымы
- ТМД- Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы
3. АҚІІІ Америка Құрама Штаттары
4. АВМ - Австарлия мериносы
5. ОҚМ - Оңтүстік Қазақ мериносы
6. % - процент (пайыз)
7. см - сантиметр
8. кг - килограмм
9. л - литр
10. г - грамм
11. ж. ж. - жылдар
- МТК - Мемлекеттік тұқым көшет
- Ғ1- будандар (бірінші. ұрпақ)
- Сº - температура
15. С. вит. - С витамины
16. га - гектар
17. а. ө. - азық өлшемі
18. мм- миллиметр
- >, <, ± - үлкен, кіші, плюс-минус
- мкм- микрометр
- ц -центнер
22. т-тенге
- А - болшама орталық көрсеткіші
Анықтамалар
Элита - стандарттың ең жоғары класты малы. Сақман - алғаш туған төлді бөліп бағу.
Руна - жүннің тұтастығы.
Бонитировка - қойды сұрыптау.
Отбор - таңдап алу.
Инвентар - құрал саймандар.
Класс - малдың сапалы түрлері.
Табиғатты қорғау - айналадағы орман бау бақшаны күту.
Тірілей салмағы - малды тірілей өлшегенде алынатын салмақ.
Азық - малдың қорегі.
Экономикалық тиімділік - әрбір алынған өнімнің өзіндік құны.
Төл - қойдың жаңадан туған қозысы.
Биязы жүн - майда талшықты меринос қойының жүні.
Күйіттеуші қошқар - күйлеген қойларды іздеп табатын қошқар.
Сақманшы - төлдеген қойды бөліп, жаятын азамат.
Меринос қой - биязы жүнді қой.
Отар - көп қойдың бір табыны.
Тоқты - бір жасар қой.
Бұйра - қаракөл қозысы елтірісіндегі жүн түрінің қалпы.
Қоңы - малдың жағдайы, семізділігі.
Іс-әрекеттің қауіпсіздігі - адамның іс-тіршілігі мен қауіп қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер.
Қауіпсіздік - бұл әрекет кезіндегі қауіп-қатердің болмайтындығы айқын болған жағдай.
Санитариялық киім - бұл ет және ет өнімдерінің, сүттің, жұмысшылар киімі арқылы микропбен ластану мүмкіндігінің алдын алушы құралдың бірі.
ПІКІР
Жоба тақырыбы: Оңтүстік меринос қойының төлін жаңа жүнді-етті бағытта австралиялық типтерімен жұмыс істеу.
Пікірдің мазмұны: Дипломдық жұмысы Оңтүстік меринос қойының төлін жаңа жүнді-етті бағытта австралиялық типтерімен жұмыс істеу және оны өсіру туралы жазған жұмысы жалпы бөлімдерді толық қамти отырып, мал өсіру кезеңдерінде жұмыс жүргізген Төлеби ауданы «Бірлік» шаруа қожалығында практикада болып, төл түсу кезеңінде 5- наурыздан 6- сәуірге дейін төл түсу кезеңін толық көріп, қой қоздату оны сақмандарға бөлу, күтіп бағу, қойларды сұрыптау жұмыстарына қатыса отырып, шаруашылықта жүріп жатқан жұмыстарға, мал басына, азық дайындауына, қора жайларына мән берген. Жалпы сипаттамасы дұрыс бағытталған. Жас маман ретінде енді қалыптасып келе жатқанын көрсете отырып, шаруашылықта малдың өсу кезеңдерін түгел сипаттаған. Малды асылдандыру жолдарын меңгерген қойды сұрыптау (бонитировкалау) төлдету, бағу, күту, қашыру, қыстату жаз-күз жайылымдарын пайдалану. Малдан шығатын жүн, ет өнімдерін алу жолдарын меңгерген. Келешекте мамандығы бойынша жұмыс істеуге қабілеті жеткілікті, ізденгіш жұмысқа деген ынтасы мол, өзіне талап қоя біледі. Яғни азаматша Акимханова Құралай болашақта жақсы еліне еңбектілігімен көріне білетін білікті маман болып шығады деп сенемін.
Пікір білдірушінің аты-жөні
Ғылыми атағы
Ғылыми дәрежесі
Жұмыс орны
Қызметі
Қолы
Түйін
Оңтүстік меринос қойын өсіру ерекшеліктері, оларды бағып-күту кезеңдері, қашыру, қыстату, көктемде төлдету, қойды қырқу, тау жайылымына шығарып бағу, қойды асылдандыру жұмыстарын жүргізу, осы бағытта келешекте жұмыстар жүргізе білу.
Резюме
Особенности выращивание мериносовых овец в условиях Южной Казахстанской Области. Зимовка, весенний окать переводах в природу. Введение селиционных работ на фермах по отбору лудших ягнят.
КІРІСПЕ
Елдің тамақ өнеркәсібінің дамуына бірден бір сала ауыл шаруашылығы екені дүниежүзіне мәлім. Ауыл шаруашылығы дамыған елдерде ешқашан ашаршылық, жетіспеушілік, соның арқасында қымбатшылық болмайды.
Қой шаруашылығы негізгі көп шығын шығармай, әрі бағуға ыңғайлы қазақтың мал бақсаң-қой бақ, оның пайдасы көл-көсір демекші қой малы әрі таза, сапалы ет, жүн, береді.
Мал шаруашылығын өнімдерін өндірудің және оның сапасын арттырудың айтарлықтай резерфтерінен сүт өндіру мен қайта өңдеудің технологиясын сақтау, өндірілетін өнімнің өзіндік құнын мал ауруларының болуын төмендету жас мал төлдерір өсіргенде шығынға жол бермеу сияқты іс-шапалар болып табылады.
Малда-жақсы қыстап шыққан кезде қойдың жүні жақсы өсіп, штопельдері дұрыс болады. Әрі төл түсуіне өте көп әсер етеді. Яғни саулықтар қоңды болған кезде, туған қойлардың сүті мол болып, қозылар тоқ болып, тез өседі екен, біз оны өзіміз көрдік.
Туған қоңды қойлардың қозылары тез жетіліп, қоңы төмендеу қойлардың қозылары элсіздеу кейбірі уызға жарымай, қолдан тамақтандыруға тура келеді. Яғни сүтті қойларға емізіп алып отырдық.
Саулықтарға төлдеуге ай қалғанда әр басқа шөптен бөлек 0, 3 г жем беріп отырады. Төлдеген кезде бұл саулықтарға 0, 3 г жем, 0, 5 кг дейін жоңышқа беріп отырады. Яғни қосымша жайылым басқа төлдеген саулықтарға күтімі күшейтіледі.
Төлді өсіруге үлкен мән беру керек екенін академик Медеубеков Қ. У., Кулешов П. А., Ермеков М. А. басқа да ғалымдардың іс-тәжірибесі көрсеткендей бағзы заманнан өсіріп бағып күту мәселесі жақсы қойған жағдайда одан келешекте жақсы өнім алуға болатыны белгілі болған.
Жалпы қазіргі таңда қой саласы болса да бұрын5ыдай асыл тұқымды шаруашылықта арнайы төлдеп өсіру үшін асыл тұқымды шаруашылықтар бар болғанымен олар өзінен басқа шаруашылыққа сатпайды. Сол себептен әр шаруашылық өз төлін өсіріп, оны бағалау (бонитировка) өткізіп отыру керек. Сол сияқты Төле ауданы бірлік шаруашылығы Бірлік өндірістік бірлестігі Оңтүстік биязы қойын өсіретін асыл тұқым шаруашылық болып оңтүстік ауыл шаруашылық басқармасының жолдамасы арқылы ауыл шаруашылық министрлігінің бұйрығымен асыл тұқымды Оңтүстік биязы қойын өсіруші болып бекітілген (2007 жылы) .
Төлді өсіру үшін оны келешекте жоғарғы сапалы мал беру үшін шаруашылықтарда мына факторлар болуы шарт:
1 Мал азығының жеткілікті болуы;
2 Малды бағып-күту үшін жағдайы жақсы болуы;
3 Малды жастай бағып жүргізу денесі ұзақ тау жайылымдарына
бейімдеу.
Осы факторлар дұрыс жолға қойылған жағдайда, қозыны бөліп алған соң жынысына, жасына, салмағына қарай бөліп алып, оларды қосымша тамақтандырады. Дегенмен қозына бөліп алған соң бір ай көлемінде әжептеуір тірідей салмағын жоғалтып қоңы түсіп қалады. Осы қозылар салмағын көп жоғалтып, қоңы төмендесе, сол өсу кезеңі келешекте ірі қой болуына көп әсері болады. Міне осы жағдайды болдырмас үшін келешекте шаруашылық үшін өсіретін малды жақсы жемдеп, көк балауса беріп отырса, бұл төлдер көп салмақ жоғалтпайды. Келешекте ірі болып өсіп тұқымының негізін сақтайды.
Саулықты қыстатуға үлкен мән беріліп күнделікті таңертен (2-2, 5 кг) жем беріп жайылымға жіберіп отырады. Яғни төлді алашға кірісер алдында саулықтарға 0, 3 г жем беріп төл алуға дайындала бастайды.
Төлді алу науқышан шаруашылықта мұқият дайындалып, қораларды жылытып, дезинфекциялап мал төлдетуге керекті инвенторларды (құрал-сайман) керек жарақтарды түгелдеп, адамдармен қамтамасыз ете бастайды.
Төл негізінен наурыз айының 20-нан бастап түсе бастайды, бұл жерде Бірлік өндірістік бірлестігінде төл алу науқаны бастала салып барлық еңбекшілер төл алуға жұмыла кіріседі. Биязы қойының төлін алу басқа, қойларға қарағанда біршама ауырлау, төл түскенде қозы жүні тықыр, тез аяқтанбайды. Биязы жүнді қозылар егіз туылса оларды тез арада бөлек клеткаға қойып екеуін ауыздандыру қажет.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Таза тұқым өсіру
Оңтүстік меринос биязы жүнді етті қойы 1950-1955 жылдары күрделі сіңіре қашыру арқылы биязы қошқар мен жергілікті қазақи ірі жүнді саулықтары ұзақ мерзімде шығарылды. Бұл қой тұқымын шығару үшін биязы жүнді қошқарлар, кавказдық алтайлық, ставропольдық, грозныйлық қошқарларды пайданалып, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарындағы шаруашылықтарында шығарылды. Бұл жерде Оңтүстік Қазақстанда, Күйік, Жданов совхоздарында жүйелі жұмыс істелінді. Жамбыл облысында Мерке ауданы, Мерке совхозы Луговой ауданы Ленин атындағы совхоздардц негізгі жұмыстар жүргізілді. Оңтүстік меринос қойы жергілікті жерге бағытталған конституциясы мықты, туғыштығы жоғары бағаланды (140-150 қозы әр 100 аналықтан) .
Бұл қой жыл бойына жайылымға бейім ұзақ шөл-шөлейтті жерлерге, таулы жайылымдарды жақсы пайдаланатын, тез оңалатын яғни аз шығын мен мол өнім беруге қолайлы мал болып қалыптасты. Көп жылғы іс-тәжірибе көрсеткендей бұл қой тұқым қуалаушылық қасиеттілігін жақсы сақтаған және ұрпағына бағалы қасиетерін беріп отырады (генотиптік формасын, мықтылығын, шыдамлығын, жергілікті жерге бейімділігін) беріп отырады.
Оңтүстік меринос қойының кемшілігі таза жүн шағымдылығы салыстырмалы түрде төмендеу болып шықты. Соңғы 1974-1995 жылдары бұл Оңтүстік мериносын өзгерту мақсатында Австралия асыл тұқымды қошқарларын көп пайдаланады.
Оңтүстік меринос қойының жүн түсімі И. П. Феив (1975) тәжірибесіне жүннің штапельдік шаиырлылығы арқасында тұсақтардың 15, 0-26, 5 пайыз оның ұзындығына биязы жүн шағымдылығы жоғары болмаса ол сынғыш, қатты, жылтырлығы нашар болады. Яғни Ч. С. Захидовтың тәжірибесінде Оңтүстік меринос қойының штапелінің 2/3 бөлігі кір болады.
М. Ф. Иванов (1940ж) өз еңбектерінде биязы жүнінің жүн шайырлылығы өте көп болса, ол мал үшін зиян, себебі өте көп құнарлы тамақ тілейді. Яғни малдың өзіндік құны жоғарылап кетеді. Н. И. Николаев (1970ж) айтады биязы жүнді қойлар өте жүн тері шайырлылығы жоғары болмауы керек дейді. Себебі ол жағдайда жүн ұйысқан мал еті нашар дамиды дейді.
А. В. Метлицкийдің (1980) тәжірибесінде Оңтүстік меринос қойы бүкіл денесінде жүн ұзындығы бірдей емес. Яғни бүйірінде жүннің ұзындығы, арқасына қарағанда екі сызықша 2-1, 5 см ұзын. Бұл көрсеткіш іс-тәжірибе жүргізген малдардың барлығына анықтаған 60 пайыз, дегенмен бұл қой жүнділік жағынан жақсы көрсеткішке жеткен. Бұдан бөлек (А. И. Петров, А. В. Метлицкий) 1972 жылдары жүргізген іс-тәжірибесінде бұл қойлардың жүні бүкіл денесінде біркелкі емес. Әсіресе, бүйірі мен бауырында көп айырмашылық бар. Көп жағдайда бауырында жүн үйысқан штопелі білінбей қалады.
Осы кемшіліктерін жою мақсатында 1970 жылдан бастап, қан құю арқылы Австралия қошқарымен жаппай қашыруды қолға ала отырып, 1997 жылы Медеубеков К. Ү, Метлицкий А. В басшылығымен Оңтүстік Қазақстан мериносының жаңа типін шығарды. Бұл мал жүні жағынан біркелкі штофпелі өте тамаша, жүні 58-64 м. к. болып бұрынғы сарылау түсі ақшыл болып ауысты.
Бұл жұмыс Оңтүстік Қазақстанда «Күйік» асыл тұқымды қой заводында, Алтынтөбе совхозында Жамбыл облысы «Мерке» асыл тұқымды қой заводында, Ленин асыл тұқымды қой заводында іске асырылып жақсы нәтиже берді.
Дүние жүзінде академик Бальмонт В. А өз еңбектерінде 1960 жылы мал тұқымын шығаруда сіңіре (ввондная) қашыру басты бағытты түпкілікті анықтайды, деп айтса, Метлицкий А. В, //Қетров А. И осы бағытты қолдана отырып Оңтүстік мериносын және оның жаңа типін австрало-Оңтүстік қазақтың биылғы жүнді қойын шығарды.
Алғашқы шыққан Оңтүстік меринос қойының жүні келте, сирек, жүннің тұтастығы (рунасы) бұзылып, құммен, топырақпен тола берді оны жөндеу үшін жүн өнімділігін арттыру мақсатында әртүрлі алынған саулықтарды биязы жүнді бекітілген қорада қошқарларымен қашырды (кавказдық, ставропольдың грозныйлық) бұл малдар Оңтүстік меринос қойын шығаруға негізгі жасын анықтады.
Сонан соң бұл малдардың жақсы стандартқа сай қойларды өзімен өзін
қашырды. Бұл ұзақ мерзімде (отбар) теріп алу арқылы бұл қойлар
жайылымды жақсы пайдалануы, қысқы жайылымға жақсы төзімділігі
сақталған, Оңтүстік меринос қойы салыстырмалы түрде терісі кең
жиырмаған тек алдында төстің үстінде азырақ салбыраққы (фартук) бар. ,
Оңтүстік меринос қойының таза шығымды жүні 50 пайызға жетеді, бұл көрсеткіш басқа биязы қойларда төмендеу еттік қасиеті жағынан тез жайылымда оңалғыш, етінің сапасы жақсы сүбелі болып келеді. Әсіресе тау жайылымда бағылған кезде (жазда) тез семіріп қой қашырымға түскенге дайын болып бұл қонып ұзақ сақтауға бейім мал. Бұл қойлардың бір жасар еркек бағуға қойғанда тэжірибе күнін асыл тұқымды қой заводында 1, 5 мың бас қой 2, 5 айда әр қой саны 65-70 кг жоғарғы қоңдылықта өткізілген яғни бұдан көрініп тұрғандай, бұл мал ет өнімін беруі жоғары бағаланған саулықтары жыл он екі ай жайылымды жақсы пайдаланып төл бергіштігі жоғары болды. Алдыңғы қатарлы шопандар Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы, Күйік совхозы аға шопандар: Балқыбеков Ш, Абенов Ж 130-150-ден әр 100 аналық бастан төл алды. Жамбыл облысы Мерке Луговой ауданы Оспанов С, Балапанов Н, 125-140-тан төл өсіріп Оңтүстік меринос қойын немесе жағдайы төлдейтінін көрсетті.
Дегенмен, бұл малдың төлдеу кезінде ерекшелігі бар, төл жаңа туған кезде бұған күтім болуы шарт. Яғни саулық төлдеген кезде қоңы жоғары болса төлі тірі, тез есейіп, сүті жақсы ауызданып өзі аяқталып кетеді. Туылған қозыға жағдай жасау керек әсіресе егіз қозылар алғаш туылған кезде әлжуаз болады. Бұлар туғанда қозы далада қалмау керек. Көктемде жері сыз болады, далада туылған қозы жазда шартты түрде өкпе болып ауырып жарамай қалады. Есалиев О, Ожирельев Г. Ф -тердің жүргізген тәжірибесі.
Таза тұқым өсіру үшін оңтүстікте Жамбылда, Шымкентте арнайы племстанция құрылып жалпы Қазақстан бойынша таза тұқымдарды қолға алу мақсатында племтрест құрылып арнайы сол бағытта плем совхоздарды мемлекет ұстап отырды. Таза тұқымды малдарды өсіретін шаруашылықтар оңтүстікте Күйік асыл тұқымды қой заводы, Шалдар асыл тұқымды совхозы, Алтын төбе тұқым шаруашылық, Жданов совхоздары ондаған жылдары таза тұқым өсіріп, облыс республика көлемінде қошқарлар сатып отырады.
1972 жылдан бастап бұл тұқымды австралиялық қошқарлармен қашыру қолға алына бастады. Басты мақсат - оңтүстік биязы жүнді қойының сарғыш түсті шайырын алып, бүкіл денесіндегі жүннің ұзындығын, иректігін бірдей ету және жүннің бағасын арттыру мақсатында жұмыс істеліне бастады.
Бұл жұмыстар негізінен жоғары да айтылған шаруашылықтарда, Австралиядан алынып келген қошқарлармен жергілікті оңтүстік жүнді қойларын қашырып, одан шыққан төлдерді өсіріп, сұрыптау арқылы жүйелі түрде жүргізіліп отырудың арқасында 1999 жылы австрало-оңтүстік биязы қойының жаңа типі шығарылды. Бұл типтің ерекшелігі 90-95 пайыз ақ шайырлы, орта-ортадан жоғары, иірлігі бүкіл ұзындығы бойында бірқалыпты, әдемі көріністі еттік қасиеті жоғары бағаланған. Бұл типтегі қойлар мықты конститукциялы, көрінісі жақсы дамыған сүйекті аяқтары түірқтары бірдей тік.
Бұл типті шығарған Күйік совхозында 50 мың қой, соның ішінде саулық 22 мың болды. Қазіргі бүкіл облыста өсіріліп отырған биязы жүнді қойлардың барлығында австралия қошқарының жүндік қасиеті көрініп тұр. Біз барған Ақсай өндірістік кооперативі таза тұқым өсіру үшін жылда қашырымға 4 асыл түдымды қошқарын облыстың Племстанциядан алып отырады.
Оңтүстік биязы жүнді қойларының жүні алғашында денесінің әр жерінде әртүрлі болды деп көрсетеді-Метлицкий А. В 1985 жылғы еңбегінде бүйіріндегі мен арқа жүнінің ұзындағы 2-1, 5 см. Яғни арқа жүні бүйірінен қысқа болған.
Бұл көрсеткіш ұрғашы тоқты, еркек тоқтыларда да байқалған.
Дүние жүзінде биязы жүнді қойлардың ең бағалысы австралиялық қойлар болып саналады. Олардың жүні барлық биязы жүнді қойлар ішінде өте жоғары бағаланады.
Бұл қойлар жүні бүкіл руна бойынша біркелкі, ұзындығы бірдей, беріктігі жақсы, серпімді, жылтыр, шайырлығы тамаша, аппақ.
Бұл шайырлығы малды жауын-шашыннан, желден жүннің ластауынан сақтайды.
Австралиялық қойлардың жүні дүние жүзінде жеңіл өнеркәсінде жоғары бағаланады. Оны бүкіл ғалымдар жоғары бағалаған.
Академик Кулешов П. Н 1943 жылда бірнеше рет атап көрсетті. Австралиялық биязы жүнді қойлар өте жақсы ауа райы тұрған жері, жақсы біліктілік сұрыптау арқылы бағасы жоғары жүнділік шығымы өте жоғары 55-62% таза талшық шығуы арқылы дүние жүзіне жайылды.
Академик, ауыл шаруашылығы ғылымы докторы Фейхман Е. К 1965 жылы өте бағалы жақсы австралиялық биязы жүнді қойына пайдалануды жазды.
Бұл жерде Ермаков Г. Е Бешковский 1934 жылы биязы жүнді қойларға пайдалана бастады.
Алғашқылардың бірі болып Литовченко Г. Р 1960-63 жылдары үлкен мән беріп алтай мериносы қойларын австралиялық қошқарлармен қашыра бастады. Бұл жолда Саников М. И, Абонеев 1985 жылы ставропольібиязы қойларына, Шияпов И. Е, Кундргонев М. И. 1979 жылы грозный қойларына, Лущихин 1975 жылы, Лющихина В. М. 1980 жылы қырғыз биязы жүнді қойларын, австралиялы қошқарлармен шағылыстырғанда барлық төлдердің көрсеткіштері жақсарып, жүндерінің жылтырлығы жақсарып шайырлығы аппаақ болды, неғұрлым көбірек қан құйылған қойлар австралиялық қойлардың көрсеткішіне жақындады, жүннің шығымдылығы артты.
Медеубеков К. У. 1975 жылы Овсянников А. И. 1968 жылғы іс тәжірибесінде жас кезінде әртүрлі тұқымнан туылған қойлар тез өскіш, тамақты жақсы сіңіруімен тез оңалатынын көрсеткен аралас қашыру негізінен малдың организмі нығая түсіп тез өсуі байқалған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz