Оңтүстік меринос тұқымына зоотехникалық сипаттама


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

АННОТАЦИЯ

Диплом жұмысын тақырыбы « Оңтүстік меринос қойын жаңа тәсілмен өсіріп, оны австралиялық тұқыммен будандастыру », дипломдық жұмыс «Ақсай» шаруа қожалығы кеңшарындағы оңтүстік биязы жүнді қойының төлін өсіру, оның қазіргі және болашағы туралы талқылап баға беріледі. Бұл дипломдық жұмыс төменде жазылған бөлімдерден тұрады:

Кіріспе бөлімінде Оңтүстік меринос қойының төлін өсіру жолдары қарастырылған.

Әдебиетке шолу бөлімінде таза тұқым өсіру қарастырылған.

Өзіндік зерттеу бөлімінде малдың өсіп-жетілуін зерттеу, оңтүстік-қазақ мериносы қойы тұқымының сипаттамасы және асыл тұқымды қой санының динамикасы және кластық құрамы қарастырылған.

Негізгі бөлімінде «Ақсай» шаруа қожалығы туралы жалпы мәліметтер берілген. Шаруашылықтағы оңтүстік меринос қойының төлін өсіру ерекшеліктері, төлдің түсуі, оның өсуі, оларды бағып-күту кезеңдері, көктемде төлдету жайлы баяндалады.

Экономикалық бөлімде «Ақсай» шаруа қожалығында оңтүстік меринос қойының төлін өсіріп, оны сатудың бір жылдық шығыны қамтылған.

Бизнес жоспарлау бөлінінде «Ақсай» шаруа қожалығында оңтүстік меринос қойының төлін өсіріп сонымен қатар олардың азық қоры есептеліп, оны сатудың бір жылдық шығыны қамтылған.

Тіршілік қауіпсіздігі бөлімінде қой шарушылығы зиянды және қауіпті жағдайлары, өндірістік ортаның микроклиматы, санитарлық-техникалық іс-шаралар қамтылған.

Қоршаған ортаны қорғау бөлімінде мал өсіретін қоражай ауасының құрамын жақсарту, гигиеналық шараларды дұрыс жүргізу, ұйымдастыру қарастырылған.

МАЗМҰНЫ

БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН МӘНДЕР

КІРІСПЕ

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . . 13

1. 1 Таза тұқым өсіру . . . 13

1. 2 Қозы қабылдап алу және өсіру . . . 17

1. 3 Қойды төлдету және қозы алу . . . 25

2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ . . . 28

2. 1 Ақсай шаруа қожалығының жалпы сипаттамасы . . . 28

2. 1. 1 Мал өсіругн жағдай жасау-селекция факторы . . . 35

2. 1. 2 Оңтүстік-қазақ мериносы қой тұқымының сипаттамасы . . . 41

2. 1. 3 Асыл тұқымды қой санының динамикасы және кластық құрамы . . . 44

2. 2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 48

2. 2. 1 Оңтүстік меринос тұқымына зоотехникалық сипаттама . . . 48

2. 2. 2 Оңтүстік меринос қойының төлін өсіру ерекшеліктері . . . 48

2. 2. 3 Қожалықтағы меринос тұқымын өсіру . . . 49

2. 3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ . . .

2. 4 БИЗНЕС-ЖОСПАРЛАУ . . .

2. 5 ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ . . .

2. 5. 1 Малшаруашылық өндірісінде еңбектің қауіпсіздік техникасын сақтау . . .

2. 5. 2 Өндірістік стратегия . . .

2. 5. 2. 1 Мал қораларын желдету жүйесі . . .

2. 5. 2. 2 Электр қауіпсіздігі . . .

2. 5. 2. 3 Төтенше жағдайлар және тіршілік қауіпсіздігі . . .

2. 5. 2. Шаруа объектілеріндегі азаматтық қорғаныстық ұйымдасуы . . .

2. 6 ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ . . .

2. 6. 1 Есептеу бөлімі . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ӨНДІРІСКЕ ҰСЫНЫС . . .

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

НОРМАТИВТІ СІСТЕМЕЛЕР

Дипломдық жұмыста келесі стандарттық нормаларға сілтемелер жасалынды.

  1. Мемлекетаралык стандарт ГОСТ 7. 32-2001. Ғылыми-зерттеу жұмыстары есебі. Құрылымы мен түзілу ережесі және ГОСТ 7. 1. -2003. Библиографиялық тізбек. Құжаттың библиографиялық сипаттамасы. Жалпы тәртібі мен құрылым ережесі.

2 Қазақстан Республикасының «Селекциялық жетістіктерді қорғау» жөніндегі заңы. 1999 жыл.

  1. Қазакстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы» жөніндегі заңы, 2001 жыл.
  2. Республикалық «2001-2005 жылдар аралығында ауыл шаруашылық өсімдіктерін, малдарын және микроорганизмдер генефондын сақтау, дамыту және пайдалану» мақсатты бағдарламасы.

5 Республикадағы 2001-2005 жылдар аралығында қой шараушылығы жағдайын мен негізі даму бағыты. Астана, 2001.

6 ГОСТ 5111-55- қойдың қондылығы категориясы.

7 ГОСТ 5111-55- қой еті қондылығы категориясы.

БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН МӘНДЕР

  1. БСО -Бүкілодақтық сауда ұйымы

2 ТМД- Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы

3 АҚІІІ Америка Құрама Штаттары

4 АВМ - Австарлия мериносы

5 ОҚМ - Оңтүстік Қазақ мериносы

6 % - процент (пайыз)

7 см - сантиметр

8 кг - килограмм

9 л - литр

10 г - грамм

  1. ж. ж. - жылдар
  2. МТК - Мемлекеттік тұқым көшет
  3. Ғ1- будандар (бірінші. ұрпақ)

14 Сº - температура

15 С. вит. - С витамины

16 га - гектар

17 а. ө. - азық өлшемі

  1. мм- миллиметр
  2. >, <, ± - үлкен, кіші, плюс-минус
  3. мкм- микрометр

21 ц -центнер

  1. т-тенге

23 А - болшама орталық көрсеткіші

АНЫҚТАМАЛАР

Элита-стандарттың ең жоғары класты малы. Сақман - алғаш туған төлді бөліп бағу.

Руна - жүннің тұтастығы.

Бонитировка - қойды сұрыптау.

Отбор - таңдап алу.

Инвентар - құрал саймандар.

Класс - малдың сапалы түрлері.

Табиғатты қорғау - айналадағы орман бау бақшаны күту.

Тірілей салмағы - малды тірілей өлшегенде алынатын салмақ.

Азық - малдың қорегі.

Экономикалық тиімділік - әрбір алынған өнімнің өзіндік құны.

Төл - қойдың жаңадан туған қозысы.

Биязы жүн - майда талшықты меринос қойының жүні.

Күйіттеуші қошқар - күйлеген қойларды іздеп табатын қошқар.

Сақманшы - төлдеген қойды бөліп, жаятын азамат.

Меринос қой - биязы жүнді қой.

Отар - көп қойдың бір табыны.

Тоқты - бір жасар қой.

Бұйра - қаракөл қозысы елтірісіндегі жүн түрінің қалпы.

Қоңы - малдың жағдайы, семізділігі.

Іс-әрекеттің қауіпсіздігі - адамның іс-тіршілігі мен қауіп қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер.

Қауіпсіздік - бұл әрекет кезіндегі қауіп-қатердің болмайтындығы айқын болған жағдай.

Санитариялық киім - бұл ет және ет өнімдерінің, сүттің, жұмысшылар киімі арқылы микропбен ластану мүмкіндігінің алдын алушы құралдың бірі.

ПІКІР

Жоба тақырыбы: Оңтүстік меринос қойын жаңа тәсілмен өсіріп, оны австралиялық тұқыммен будандастыру

Пікірдің мазмұны: Дипломдық жұмысы Оңтүстік меринос қойының жүн өнімділігін зерттеу нәтижесі туралы жазған жұмысы жалпы бөлімдерді толық қамти отырып, мал өсіру кезеңдерінде жұмыс жүргізген Төлеби ауданы «Бірлік» шаруа қожалығында практикада болып, төл түсу кезеңінде 5- наурыздан 6- сәуірге дейін төл түсу кезеңін толық көріп, қой қоздату оны сақмандарға бөлу, күтіп бағу, қойларды сұрыптау жұмыстарына қатыса отырып, шаруашылықта жүріп жатқан жұмыстарға, мал басына, азық дайындауына, қора жайларына мән берген. Жалпы сипаттамасы дұрыс бағытталған. Жас маман ретінде енді қалыптасып келе жатқанын көрсете отырып, шаруашылықта малдың өсу кезеңдерін түгел сипаттаған. Малды асылдандыру жолдарын меңгерген қойды сұрыптау (бонитировкалау) төлдету, бағу, күту, қашыру, қыстату жаз-күз жайылымдарын пайдалану. Малдан шығатын жүн, ет өнімдерін алу жолдарын меңгерген. Келешекте мамандығы бойынша жұмыс істеуге қабілеті жеткілікті, ізденгіш жұмысқа деген ынтасы мол, өзіне талап қоя біледі. Яғни азаматша Сейлова Жазира болашақта жақсы еліне еңбектілігімен көріне білетін білікті маман болып шығады деп сенемін.

Пікір білдірушінің аты-жөні

Ғылыми атағы

Ғылыми дәрежесі

Жұмыс орны

Қызметі

Қолы

Түйін

Оңтүстік меринос қойынының төлін өсіру ерекшеліктері, төлдің түсуі, оның өсуі, оларды бағып-күту кезеңдері, қашыру, қыстату, көктемде төлдету, қойды қырқу, тау жайылымына шығарып бағу, қойды асылдандыру жұмыстарын жүргізу, осы бағытта келешекте жұмыстар жүргізе білу.

Резюме

Особенности выращивание мериносовых овец в условиях Южной Казахстанской Области. Зимовка, весенний окать переводах в природу. Введение селиционных работ на фермах по отбору лудших ягнят.

КІРІСПЕ

Адамдардың еркін өмір сүріп қазақша айтқанда қарны тоқ, қайғысы жоқ болады. Ауыл шаруашылығының үлкен саласының басты бағыты мал шаруашылығы. Мал шаруашылығынан түсетін өнімдер ет, сүт, жүн, қаракөл елтірісінен жеңіл өнеркәсібіне қосымша тері былғарысы пайдаланылады. Жүнді етті бағытта биязы жүнді қазақтың меринос қойы Алтайдың мериносы, Оңтүстік меринос қойы жатады.

Жобаның өзектілігі қой шаруашылығын дамыту және одан жоғары өнім алу болып отыр.

Оңтүстік-казақ мериносы қойының түқымы конституциялық өнім сапасы, сыртқы ортаға көндігуі және басқа көрсеткіштері жөнінен енімділігі жүнді-етті бағытта өсірілетін қойға жатады. Бұл бағыт - Қазақстанның биязы жүнді қой шару'ашылығында ең кең тараған түрі больш табылады, тек Алматы мен Талдықорған облыс-тары бүған қосылмайды. Міне осы бағытта мал түқымын қүрау процесі интенсивті түрде жүріп жатыр.

Жобаның мақсаты оңтүстік меринос қойын жаңа тәсілмен өсіріп оны австралиялық тұқыммен будандастыру және алынған ұрпақты тиімді пайдалану.

Республикада бүл бағыттың кеңінен өріс алуына жүнді-етті меринос қойларын көбейту үшін ерекше табиғи-климат және экономикалық жағдайлар қолайлы болып отыр.

Ғылыми жаңалығы Оңтүстік-қазақ мериносы - республикада қойдың жүнді-етті өнім беретін бағытта шығарылған бірінші түқымы болып табылады және Қазақстанның оңтүстік облыстарында жоспарлы түрде өсіріледі.

Оңтүстік меринос қойының кемшілігі таза жүн шағымдылығы салыстырмалы түрде төмендеу болып шықты. Соңғы 1990-1998 жылдары бүл Оңтүстік мериносын өзгерту мақсатында Австралия асыл түқымды қошқарларын көп пайдаланады.

Оңтүстік меринос қойының жүн түсімі И. П. Феив (1980) тәжірибесіне жүннің штапельдік шаиырлылығы арқасында тұсақтардың 15, 0-26, 5 пайыз оның үзындығына биязы жүн шағымдылығы жоғары болмаса ол сынғыш, қатты, жылтырлығы нашар болады. Яғни Ч. С. Захидовтың тәжірибесінде Оңтүстік меринос қойының штапелінің 2/3 бөлігі кір болады.

М. Ф. Иванов (1935ж) өз еңбектерінде биязы жүнінің жүн шайырлылығы өте көп болса, ол мал үшін зиян, себебі өте көп қүнарлы тамақ тілейді. Яғни малдың өзіндік құны жоғарылап кетеді. Н. И. Николаев (1965ж) айтады биязы жүнді қойлар өте жүн тері шайырлылығы жоғары болмауы керек дейді. Себебі ол жағдайда жүн ұйысқан мал еті нашар дамиды дейді.

Дүние жүзінде академик Бальмонт В. А өз еңбектерінде 1960 жылы мал түқымын шығаруда сіңіре (ввондная) қашыру басты бағытты түпкілікті анықтайды, деп айтса, Метлицкий А. В, //Қетров А. И осы бағытты қолдана отырып Оңтүстік мериносын және оның жаңа типін австрало-Оңтүстік қазақтың биылғы жүнді қойын шығарды.

Алғашқы шыққан Оңтүстік меринос қойының жүні келте, сирек, жүннің тұтастығы (рунасы) бұзылып, қүммен, топырақпен тола берді оны жөндеу үшін жүн өнімділігін арттыру мақсатында әртүрлі алынған саулықтарды биязы жүнді бекітілген қорада қошқарларымен қашырды (кавказдық, ставропольдың грозныйлық) бұл малдар Оңтүстік меринос қойын шығаруға негізгі жасын анықтады.

Қойдың бұл түқымын бекіткеннен бері (1960 ж. ) оңтүстік-қазақ мериносы «өз ішінде», яғни таза өсірілді. Оны қойдың басқа тұжымдарымен будандастыруға «Күйік» асыл тұқымды қой заводында, Жданов атындағы қой еовхозында және «Шанақ» тәжірибе шаруашылығында жол берілмеді. Академиктер М. Н. Лущихин мен Ә. Е. Елеманов бұл шаруашылықтардың қойларын зерттеп, сынап көргеннен кейін оңтүстік-қазақ мериносын онан әрі жетілдіре беру женінде қойылатын талаптар жайында қүнды пікірлер айтқан еді. Атап айтқанда, қой басының жүнділігі женінде малды типтеу туралы бұдан былай да жұмыс жүргізу талап етілді, өйткені бірқалыпты жүндестігі қатар, базасының жүні көзінен төмен түсе өсіп, қатпары көп болмай, басы мен аяқтарының жүні аздау өсті.

Жаңа тұқымның келешекте селекциялау кезінде жүнінің қалыңдығын көтеру кажет болды және жүнінің орташа камволдық ұзындығын сақтай отырып, штапелінің толық тұтас өсуі керек болды, сол сияқты жүнінің биязылығы жөнінен де, жүн шуашының түсі жөнінен де көбірек типтелуі қажет болды. Жабағы да екі сорт басым жатуы керек, талшығының біркелкі болмау коэффициенті 23, 6 проценттен артпауға тиіс, жүнңің иірімділігі айқын көрініп тұруы керек, дүрыс және біркелкі өсуі шарт, жабағының шетіндегі жүні 58 сападан кем болмауға тиіс.

2009 жылғы Елбасының жолдауында ауыл шаруашылығына бас көңіл аударып, біз тек бидай өнімдерін ғана сыртқа шығарумен айналыспай сонымен қатар мал өнімдерін көбейтіп, олардың түр-түрлерін экспортқа шығаруымыз керек дей келіп ауыл шаруашылығына дағдарысқа қарамай биыл 120 млн теңге бөлінді.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Таза тұқым өсіру

Оңтүстік меринос биязы жүнді етті қойы 1940-1975 жылдары күрделі сіңіре қашыру арқылы биязы қошқар мен жергілікті қазақи ірі жүнді саулықтары ұзақ мерзімде шығарылды. Бұл қой тұқымын шығару үшін биязы жүнді қошқарлар, кавказдық алтайлық, ставропольдық, грозныйлық қошқарларды пайданалып, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарындағы шаруашылықтарында шығарылды. Бұл жерде Оңтүстік Қазақстанда, Күйік, Жданов совхоздарында жүйелі жұмыс істелінді. Жамбыл облысында Мерке ауданы, Мерке совхозы Луговой ауданы Ленин атындағы совхоздардц негізгі жұмыстар жүргізілді. Оңтүстік меринос қойы жергілікті жерге бағытталған конституциясы мықты, туғыштығы жоғары бағаланды (140-150 қозы әр 100 аналықтан) .

Бұл қой жыл бойына жайылымға бейім ұзақ шөл-шөлейтті жерлерге, таулы жайылымдарды жақсы пайдаланатын, тез оңалатын яғни аз шығын мен мол өнім беруге қолайлы мал болып қалыптасты. Көп жылғы іс-тәжірибе көрсеткендей бұл қой тұқым қуалаушылық қасиеттілігін жақсы сақтаған және ұрпағына бағалы қасиетерін беріп отырады (генотиптік формасын, мықтылығын, шыдамлығын, жергілікті жерге бейімділігін) беріп отырады.

Оңтүстік меринос қойының кемшілігі таза жүн шағымдылығы салыстырмалы түрде төмендеу болып шықты. Соңғы 1970-1990 жылдары бұл Оңтүстік мериносын өзгерту мақсатында Австралия асыл түқымды қошқарларын көп пайдаланады.

Оңтүстік меринос қойының жүн түсімі И. П. Феив (1971) тәжірибесіне жүннің штапельдік шаиырлылығы арқасында тұсақтардың 15, 0-26, 5 пайыз оның ұзындығына биязы жүн шағымдылығы жоғары болмаса ол сынғыш, қатты, жылтырлығы нашар болады. Яғни Ч. С. Захидовтың тәжірибесінде Оңтүстік меринос қойының штапелінің 2/3 бөлігі кір болады.

М. Ф. Иванов (1935ж) өз еңбектерінде биязы жүнінің жүн шайырлылығы өте көп болса, ол мал үшін зиян, себебі өте көп құнарлы тамақ тілейді. Яғни малдың өзіндік құны жоғарылап кетеді. Н. И. Николаев (1964ж) айтады биязы жүнді қойлар өте жүн тері шайырлылығы жоғары болмауы керек дейді. Себебі ол жағдайда жүн ұйысқан мал еті нашар дамиды дейді.

А. В. Метлицкийдің (1975) тәжірибесінде Оңтүстік меринос қойы бүкіл денесінде жүн ұзындығы бірдей емес. Яғни бүйірінде жүннің ұзындығы, арқасына қарағанда екі сызықша 2-1, 5 см ұзын. Бұл көрсеткіш іс-тәжірибе жүргізген малдардың барлығына анықтаған 60 пайыз, дегенмен бұл қой жүнділік жағынан жақсы көрсеткішке жеткен. Бұдан бөлек (А. И. Петров, А. В. Метлицкий) 1970 жылдары жүргізген іс-тәжірибесінде бұл қойлардың жүні бүкіл денесінде біркелкі емес. Әсіресе, бүйірі мен бауырында көп айырмашылық бар. Көп жағдайда бауырында жүн ұйысқан штопелі білінбей қалады.

Осы кемшіліктерін жою мақсатында 1970 жылдан бастап, қан құю арқылы Австралия қошқарымен жаппай қашыруды қолға ала отырып, 1994 жылы Медеубеков К. Ү, Метлицкий А. В басшылығымен Оңтүстік Қазақстан мериносының жаңа типін шығарды. Бұл мал жүні жағынан біркелкі штофпелі өте тамаша, жүні 58-64 м. к. болып бұрынғы сарылау түсі ақшыл болып ауысты.

Бұл жұмыс Оңтүстік Қазақстанда «Күйік» асыл түқымды қой заводында, Алтынтөбе совхозында Жамбыл облысы «Мерке» асыл тұқымды қой заводында, Ленин асыл тұқымды қой заводында іске асырылып жақсы нәтиже берді.

Дүние жүзінде академик Бальмонт В. А өз еңбектерінде 1958 жылы мал түқымын шығаруда сіңіре (ввондная) қашыру басты бағытты түпкілікті анықтайды, деп айтса, Метлицкий А. В, //Қетров А. И осы бағытты қолдана отырып Оңтүстік мериносын және оның жаңа типін австрало-Оңтүстік қазақтың биылғы жүнді қойын шығарды.

Алғашқы шыққан Оңтүстік меринос қойының жүні келте, сирек, жүннің тұтастығы (рунасы) бұзылып, құммен, топырақпен тола берді оны жөндеу үшін жүн өнімділігін арттыру мақсатында әртүрлі алынған саулықтарды биязы жүнді бекітілген қорада қошқарларымен қашырды (кавказдық, ставропольдың грозныйлық) бұл малдар Оңтүстік меринос қойын шығаруға негізгі жасын анықтады.

Сонан соң бұл малдардың жақсы стандартқа сай қойларды өзімен өзін
қашырды. Бұл ұзақ мерзімде (отбар) теріп алу арқылы бұл қойлар
жайылымды жақсы пайдалануы, қысқы жайылымға жақсы төзімділігі
сақталған, Оңтүстік меринос қойы салыстырмалы түрде терісі кең
жиырмаған тек алдында төстің үстінде азырақ салбыраққы (фартук) бар. ,

Оңтүстік меринос қойының таза шығымды жүні 50 пайызға жетеді, бұл көрсеткіш басқа биязы қойларда төмендеу еттік қасиеті жағынан тез і жайылымда оңалғыш, етінің сапасы жақсы сүбелі болып келеді. Әсіресе тау жайылымда бағылған кезде (жазда) тез семіріп қой қашырымға түскенге дайын болып бұл қонып ұзақ сақтауға бейім мал. Бұл қойлардың бір жасар еркек бағуға қойғанда тэжірибе күнін асыл тұқымды қой заводында 1, 5 мың бас қой 2, 5 айда эр қой саны 65-70 кг жоғарғы қоңдылықта өткізілген яғни бүдан көрініп тұрғандай, бұл мал ет өнімін беруі жоғары бағаланған саулықтары жыл он екі ай жайылымды жақсы пайдаланып төл бергіштігі жоғары болды. Алдыңғы қатарлы шопандар Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы, Күйік совхозы аға шопандар: Балқыбеков Ш, Абенов Ж 130-150-ден эр 100 аналық бастан төл алды. Жамбыл облысы Мерке Луговой ауданы Оспанов С, Балапанов Н, 125-140-тан төл өсіріп Оңтүстік меринос қойын немесе жағдайы төлдейтінін көрсетті.

Дегенмен, бұл малдың төлдеу кезінде ерекшелігі бар, төл жаңа туған кезде бұған күтім болуы шарт. Яғни саулық төлдеген кезде қоңы жоғары болса төлі тірі, тез есейіп, сүті жақсы ауызданып өзі аяқталып кетеді. Туылған қозыға жағдай жасау керек әсіресе егіз қозылар алғаш туылған кезде әлжуаз болады. Бұлар туғанда қозы далада қалмау керек. Көктемде жері сыз болады, далада туылған қозы жазда шартты түрде өкпе болып ауырып жарамай қалады. Есалиев О, Ожирельев Г. Ф -тердің жүргізген тәжірибесі.

Таза тұқым өсіру үшін оңтүстікте Жамбылда, Шымкентте арнайы племстанция қүрылып жалпы Қазақстан бойынша таза түқымдарды қолға алу мақсатында племтрест құрылып арнайы сол бағытта плем совхоздарды мемлекет ұстап отырды. Таза түқымды малдарды өсіретін шаруашылықтар оңтүстікте Күйік асыл түқымды қой заводы, Шалдар асыл тұқымды совхозы, Алтын төбе тұқым шаруашылық, Жданов совхоздары ондаған жылдары таза тұқым өсіріп, облыс республика көлемінде қошқарлар сатып отырады.

1972 жылдан бастап бұл тұқымды австралиялық қошқарлармен қашыру қолға алына бастады. Басты мақсат - оңтүстік биязы жүнді қойының сарғыш түсті шайырын алып, бүкіл денесіндегі жүннің ұзындығын, иректігін бірдей ету және жүннің бағасын арттыру мақсатында жұмыс істеліне бастады.

Бұл жұмыстар негізінен жоғары да айтылған шаруашылықтарда, Австралиядан алынып келген қошқарлармен жергілікті оңтүстік жүнді қойларын қашырып, одан шыққан төлдерді өсіріп, сұрыптау арқылы жүйелі түрде жүргізіліп отырудың арқасында 1994 жылы австрало-оңтүстік биязы қойының жаңа типі шығарылды. Бұл типтің ерекшелігі 90-95 пайыз ақ шайырлы, орта-ортадан жоғары, иірлігі бүкіл ұзындығы бойында бірқалыпты, әдемі көріністі еттік қасиеті жоғары бағаланған. Бұл типтегі қойлар мықты конститукциялы, көрінісі жақсы дамыған сүйекті аяқтары тұрақтары бірдей тік.

Бұл типті шығарған күйік совхозында 50 мың қой, соның ішінде саулық 22 мың болды. Қазіргі бүкіл облыста өсіріліп отырған биязы жүнді қойлардың барлығында австралия қошқарының жүндік қасиеті көрініп тұр. Біз барған Ақсай өндірістік кооперативі таза тұқым өсіру үшін жылда қашырымға 4 асыл тұқымды қошқарын облыстың Племстанциядан алып отырады.

Оңтүстік биязы жүнді қойларының жүні алғашында денесінің әр жерінде әртүрлі болды деп көрсетеді-Метлицкий А. В 1975 жылғы еңбегінде бүйіріндегі мен арқа жүнінің ұзындағы 2-1, 5 см. Яғни арқа жүні бүйірінен қысқа болған.

Бұл көрсеткіш ұрғашы тоқты, еркек тоқтыларда да байқалған.

Дүние жүзінде биязы жүнді қойлардың ең бағалысы австралиялық қойлар болып саналады. Олардың жүні барлық биязы жүнді қойлар ішінде өте жоғары бағаланады.

Бұл қойлар жүні бүкіл руна бойынша біркелкі, ұзындығы бірдей, беріктігі жақсы, серпімді, жылтыр, шайырлығы тамаша, аппақ.

Бұл шайырлығы малды жауын-шашыннан, желден жүннің ластауынан сақтайды.

Австралиялық қойлардың жүні дүние жүзінде жеңіл өнеркәсінде жоғары бағаланады. Оны бүкіл ғалымдар жоғары бағалаған.

Академик Кулешов П. Н 1940 жылда бірнеше рет атап көрсетті. Австралиялық биязы жүнді қойлар өте жақсы ауа райы тұрған жері, жақсы біліктілік сұрыптау арқылы бағасы жоғары жүнділік шығымы өте жоғары 55-62% таза талшық шығуы арқылы дүние жүзіне жайылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаракөл қойларының селекциялық ерекшелігі
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Қой шаруашылығының практикумы
Оңтүстік меринос қойының төлін өсіру ерекшеліктері
Етті-майлы құйрықты қойлар
Қаракөл қозыларын бонитировкалау
Қой шаруашылығы. Қойдың биологиялық ерекшеліктері
Өсімдіктері - түрлі шөптер басым астық тұқымдастар
Қоян терісін алғаш өңдеу және консервілеу
Тұқым құрылымы және оның зоотехникалық тәжірибеде қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz