Оңтүстік Қазақстанның жерлерінде күздік бидайды тікелей егу жұмыстарын жүргізу



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Ф.7.15-07

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК ИНСТИТУТЫ
Агротехнология кафедрасы

БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
_______________Раисов Б.О

“_____”________200__ж.

Дипломдық жұмыс

Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ________
___________________________________ ________________________

Кеңесшілер:
Дипломдық жұмыстың жетекшісі
_____________________
_______________ _____
(бөлім атауы)
(Ғылыми дәрежесі, атағы Тегі, аты, жөні)
_________________________
___________________
(Ғыл. дәрежесі, атағы Тегі, аты, жөні)
(күні, қолы)
_________________________
(күні, қолы)
_________________________
Тапсырманы орындауға алған
(бөлім атауы)
_________________________
студент___________________
(Ғыл.дәрежесі, атағы Тегі, аты, жөні)
(Тегі, аты, жөні, қолы)
_________________________
(күні, қолы)
_________________________
(бөлім атауы)
_________________________
(Ғыл. дәрежесі, атағы Тегі, аты, жөні)
Нормоконтроль
_________________________
________________________
(күні,қолы)
(Ғыл. дәреж, атағы Тегі, аты, жөні) _________________________

_________________________
(бөлім атауы)
(күні, қолы)
_________________________
(Ғыл. дәрежесі, атағы Тегі, аты, жөні)
_________________________
(күні, қолы)

Пікір білдіруші
_________________________
(Ғылыми дәрежесі, атағы Тегі, аты, жөні)
_________________________
(күні, қолы)
ШЫМКЕНТ 2009ж

Ф.7.15-06
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК ИНСТИТУТЫ

Агротехнология кафедрасы

Мамандығы 050801- Агрономия
(Мамандықтың атауы және шифрі)

БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
_______________Раисов Б.О

“_____”________200__ж.

Дипломдық жұмысты орындауға
ТАПСЫРМА №
Студент ___________________________________ ___________
(Тегі, аты, жөні)
(тобы)
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________
___________________________________ ________________________

Университет бойынша бекітілген бұйрық №_____ ____________
Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі ____________________________
Жұмысқа қажетті бастапқы мәліметтері _________________________
Жеке тапсырма ___________________________________ ___________
___________________________________ ________________________

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ
№ Бөлімдер Орындалу Кеңесші
мерзімі













Графикалық материалдардың тізімі

№ Кесте диаграмма атауы Бет Орындалу Кеңесші
саны мерзімі









Тапсырманы өткізу мерзімі _____________ 200_ ж.

Дипломдық жұмыстың жетекшісі ___________________________________

(қолы) (Тегі, аты, жөні)

Тапсырманы орындауға алған
студент ________________________________

(қолы) (Тегі, аты, жөні)

МАЗМҰНЫ

АННОТАЦИЯ
АНЫҚТАМА
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
I бөлім
1.1 Әдебиеттерге
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .
1.2 Тәжірибе жүргізген жердің топырақ ерекшелігі, жауын-шашын мөлшері,
температуралық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3
Рельеф ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
1.4 Оңтүстік Қазақстан облысында ұсынылатын қысқа ротациалық ауыспалы
егістік және егін шаруашылық аймақтары үшін қолдануға рұқсат етілген дәнді
дақылдардың
сорттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.5 Тікелей егу және жалдап-қыратқа егу әдістері үшін ұсынылатын дәнді
– дақылдардың
сорттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...
II экспериментальды бөлім
2.1 Зерттеулер
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .
Күздік бидайды топырақты өңдемей тікелей сепкен кездегі арамшөптермен
ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Топырақты өңдемей тікелей еккен кездегі арамшөптерге қарсы
қолданылған гербицидтердің күздік бидай өнімділігіне
әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Күздік бидайды тікелей себудің арамшөптер санының қалыптасуына
әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
III бөлім Экономикалық тиімділігі
3 Оңтүстік Қазақстан жағдайында күздік бидайды топырақты өңдемей
тікелей егудің экономикалық
тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4 Тіршілік
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...
5 Еңбекті
қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..
6 Бизнес
жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

АННОТАЦИЯ

Оңтүстік Қазақстанның жерлерінде күздік бидайды тікелей егу
жұмыстарын жүргізу кезінде, дәстүрлік технологиямен салыстырғанда
өнімділігі, өсу заңдылығы артады.
Оңтүстік Қазақстанда күздік бидайды егуде тікелей себу мүмкіншілігі
гербицидтердің байқауымен зерттеулері алғашқы рет басталды. Бұрынғы
технологияның дәстүрімен салыстырғанда, тікелей себуді жүргізгенде күздік
бидайдың өнімі бір деңгейде, ал уақытылы тырмалап, үстеп қоректендіріп арам
шөптермен 2-4 жапырақ кезінде гербицид қолданғанда өнім арта түседі.
Тікелей себу бірінші рет қолданса да, бәсекеге қабілетті, экономикалық және
экологиялық негіздеуімен аймақтарда ұсынылатын технология алғаш ғылыми
зерттеулер жүргізіп келеді. Демек зерттеу бағыты өзекті және қалыптасқан
нарықтық қатынасқа сай бәсекелестік өнім өндіруге қажет агротехнологиялық
жүйе.

АНЫҚТАМА

Гербицид - латынның герба шөп және цидо өлтіремін деген сөз.
Протеин - өсімдік құрамындағы меңгерілетін ақуыз.
Органикалық заттар - өсімдік құрамындағы азотты және макро-микроэлементтер.
Технология - өнімді және сапасын арттыру шаралары.
Диален супер 480 – гербицид түрі.
Ауыспалы егіс – екпе дақылдар мен жердің ғылыми негізде егіс танаптарындағы
белгілі уақыт аралығында алмасып отыруы.
Жалпы өнім - белгілі бір уақыт аралығында өндірілген өнім көлемі.
Қарашірік – құнарлықты анықтайтын және топырақтың жоғары қабатындағы қара -
қоңыр түсті органикалық зат.
Құрғақшылық – ауаның шамадан тыс температурасы мен аңызақ желдің салдарынан
туындайтын жайсыз құбылыс.
Өнімді ылғал қоры - өнімге тікелей әсері бар топырақтағы өсімдіктер
пайдаланатын ылғал мөлшері.
Өскін - себілген тұқымнан белгілі бір уақытта жер бетіне өсіп шыққан
өсімдік көгі.
Өсу кезеңі - өсімдік өскіндері жер бетіне шыққаннан бастап толық піскенге
дейінгі аралық.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Фотосинтез – СО2 есебіне топталған өнім.
г-грамм
кг-килограмм
ц-центнер
т-тонна
цга-центнер гектар
тга-тонна гектар
мм-миллиметр
м-метр
cм-сантиметр
м2-метр квадрат
га-гектар
%-пайыз
гл-грамм литр
данам3- дана метр куб
С-градус Цельсия
NPK-азот, фосфор, калий
ЕФМ-егістіктің фотосинтетикалық мүмкіндігі
К - Фотосинтетикалық белсенді радияцияны пайдалану коэффициенті
Рн – қышқылдық көрсеткіш.

КІРІСПЕ

Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін жоғарлатуда өсімдікті қорғауды
дұрыс ұйымдастыру үлкен рөл атқарады. Зиянкестер, аурулар және арам шөптер
25-30% өнімді құртатындығы, ал кейде жиналған өнім сатуға жарамсыз болып
қалған кездерді ғылым мен практика да дәлелдеді. Соңғы жылдары көптеген
шаруашылықтар қаражаттың тапшылығына байланысты өсімдіктерді қорғау бойынша
жұмыстардың көлемі бірден төмендеді. Мұның барлығы фитосанитарлық
жағдайларды нашарлатты, өнімділікті, дәндердің сапасын және дәнді
дақылдардың тауарлық өнімдерінің сапасын төмендетті.
Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстанда тәлімі жерлерінде күздік
бидайды тікелей егу жұмыстары жүргізілуде. Дәстүрлік егінмен
салыстырғанда тікелей егінді күздік бидайдың өнімділігі, өсу заңдылығы
анықталды.
Дәнді дақылдарды тікелей егуді экологиялық және экономикалық
негіздеген аудандарда бұрын ұсынылған технологияға қатысты жаңа
технологияның бәсекеге қабілеттілігі бірінші рет зерттелуде.
2006-2008 жылдардағы зерттеулердің нәтижелері бойынша топырақты
өңдеуді азайта отырып күздік бидайды егудің, Оңтүстік Қазақстанның суармалы
шаруашылығы үшін ауа райы - климаттық факторларды ескере отырып жалдап
қыратқа егу әдісінің технологиясы өңделді. Осы зерттеулердің нәтижелері
бойынша мен дипломдық жұмыс жаздым.
Күзде егілетін астық тұқымдас бір жылдық өсімдіктерге күздік бидай,
күздік қара бидай, күздік арпа, күздік сұлы жатады. Күздік дақылдардың
жаздық дақылдарға қарағанда яровизация сатысынан өтуіне салқын ауа райы
қажет. Күздік дақылдар күздің жылы кезінде түптеніп, тамырланады, күзгі
және қысқы ылғалды, қоректік заттарды тиімді пайдаланып, жазғы ылғал
тапшылығына төзімді келеді. Күздік дақылдар жаздық дақылдарға қарағанда
ерте масақтанып, бұрын піседі. Күздік дақылдардың артықшылығы мынада:
күздің жылы кезінде түптеніп, тамырланады, күзгі және қысқы, көктемгі
ылғалды, қоректік заттарды тиімді пайдаланып, жазғы ылғал тапшылығына,
топырақ, ауа құрғақшылығына төзімді келеді. Күздік дақылдар күзде себіліп,
қыстайды және екінші жылы өнім береді.
Күздік дақылдар жер жүзінде 170 млнга–ға жуық жерге егіледі.
Қазақстанда күздік дақылдардың егіс көлемі 1.5 млн гектарға жуық.
Біздің Отанымызда көп тараған күздік дақылдардың ішіндегісі
күздік бидай. Күздік дақылдардың өнімі жаздық бидайға қарағанда 5-7 ц. көп
болады. Күздік бидайдың белогы көп ( 14...17% кейде, одан да жоғары) және нан
сапасы жақсы.
Күздік бидай негізінен Алматы, Жамбыл, Талдықорған және Оңтүстік
облыстарында егіледі. Алдынғы қатарлы шаруашылықтар күздік бидайдың әр
гектарынан орта есеппен 40...50 ц өнім алуда, ал кейбір шаруашылықтар ғылыми
негізделген жоғары агротехниканы пайдалану арқылы әр гектарынан 60...80 ц,
тіпті одан да мол өнім алуға болатынын іс жүзінде дәлелдеген. Тәлімі
жерлерде өсірілетін соттардың потенциялдық өнімділігі 43-52 цга.
Оңтүстік Қазақстанда күздік бидайды егуде тікелей себуді бірінші рет
қолданып отыр. Тікелей себудің өзіндік ережесі бар, яғни топырақтың бетіне
арам шөптер, шөп-шалаңдар шыққанда дер кезінде арам шөптерге биологиялық
ерекшеліктеріне байланысты күрес шараларын ұйымдастыру болашақ өнімнің
негізгі кепілі болып табылады.
Ерте көктемде жоспарланған өнім деңгейіне сәйкес үстеп қоректендіру
ерте көктемде қатқақты топырақ бетіне берілуі өте тиімді агротехнологиялық
шара. Тәлімі жерлерде күздік бидайды тырмалау өнім деңгейін 2.0 цга
арттырады.
Негізгі көп тараған күздік бидайдың сорттары мыналар:
Красноводопадская - 210, Октябрина - 70. Бұл сорттар Қазақстанның
Оңтүстігінде және Орта Азия мемлекеттерінде кеңінен егіліп келеді. Оңтүстік
Қазақстан өңірінде күздік бидайдың көп егілетін, мол өнім беретін 1974
жылдан аудандастырылған Красноводопадская - 210 және соңғы жылдары күзде
және көктемде егілетін Память - 47 сорттары тәлімі егістікте әртүрлі
агроқұрылымдарда кеңінен егіліп келеді. Оңтүстік Қазақстан күздік бидайды
егуде тікелей себуді бірінші рет қолданып отыр. Тікелей себудің өзіндік
ережесі бар, яғни топырақтың бетіне арам шөптер, шөп шалаңдар шыққанда,
тиімді агротехникалық мезгілде күрес шараларын жүйелі ұйымдастыруды қажет
етеді. Сонымен қатар үнемді агротехникалық жүйені зерттеп қалыптастыру
бағытында Оңтүстік өңірінде шөптермен 2-4 жапырақ кезінде гербицид
қолданылғанда өнім арта түседі.
Жұмыс мақсаты. Оңтүстік Қазақстанда күздік бидайды тікелей себу
кезінде гербицидтерді қолдану және топырақты өңдеудің үнемді жүйесін
қалыптастыру. Күздік бидайды егу кезінде агротехнологиялық және химиялық
күрестерді тиімді пайдалану. Тәжірибе жүргізген жердің топырақ климаттық
ерекшеліктеріне байланысты үнемді агротехнологиялық жүйенің негізін
қалыптастыру.
Жоғарыда көрсетілген мәселелер аталмыш диплом жұмысында көрініс алды.
Бұл жұмыста қазіргі кездегі күздік бидай егісінің өсіп –даму ерекшеліктері
қарастырылған.
Диплом жұмысының бірінші бөлімінде Оңтүстік Қазақстан облысының
топырақ ерекшелігі, жауын шашын мөлшері, температуралық ерекшеліктері
қарастырылған.
Екінші бөлімінде Оңтүстік Қазақстан облысының қамтамасыз етілген
жерлерде күздік бидайдың өсіп даму ерекшеліктері мен тікелей сеуіп еккенде
арам шөптерге қарсы қолданылған гербицидтердің өнімділікке әсері
көрсетілген.
Үшінші бөлімінде күздік бидай өсірудің экономикалық тиімділігі
ұсынылған.

I бөлім
1.1 Әдебиетке шолу.

Агроқалыптастырудың жаңа формаларында, әсіресе ұсақ және орта
диқандық шаруашылықтарында өсірудің ұсынылатын агротехнологиясы материалдық
– техникалық қамсыздануы әлсіз болғандықтан сақталмайды. Сондықтан уақытқа
және орнатылған жағдайға байланысты тікелей егуге дейін өңдеуді
минималдандырып жер шаруашылық жүйесімен оларды өсірудің нөлдік
технологиясын қайта қарастыру керек. Бұл бағыт нарықтық экономикасы бар
барлық мемлекеттерде масштабтануда және ауылшаруашылық дақылдарын егу
аудандары жыл сайын кеңеюді және әлемдік бірлестікте 2004 жылы нөлдік
технология 90 млн. гектарға жетті.
Егер, ХХ жүзжылдықтың соңында бұл технологиялар Оңтүстік және
Солтүстік Америкада таралған болса, қазір жер шаруашылығының бұл жүйесі
Үндістан, Пәкістан, Қытай және т.б. ірі елдерге белсенді енуде.
Соңғы жылдары дәнді мақсаттық егіс алқаптарының ауданы 220-250 мың га
деңгейде тұрақтанды. Оңтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығын реформалау
кезеңдегі өнімділік 7,9- дан 21,6 цга-ға дейін тербеліп тұрды.
Дәнді дақылдардың аудандастырылған сорттарының потенциалдық
өнімділігі тәлімі егіншілігінде ауыл шаруашылығында 40-45 цга, суару
кезінде 80-100 цга жетеді.
Соншалықты төмен өнімділіктің және оның тұрақсыздығының негізгі
себебі арам шөптермен күресу шараларының дұрыс еместігі болып табылады.
Ұсақ және орташа диқандық шаруашылықта өсірудің элементарлы әдістерін
білмеуден аталған дақылдарды өсірудің агротехнологиясы бұзылады. Диқаншы
алқаптағы арам шөптердің биологиялық ерекшеліктерін және аталған
дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін айырмашылықтарын білмейді,
нәтижесінде оларды өсіру шарттары бұзылады.
Дүние жүзі егіншілігінде дәнді дақылдардың арасында
бірінші орынды бидай алады. Оның егіс көлемі 220 млн. га немесе
жер шарындағы барлық дәнді дақылдарың 28,9 %. Дәнді дақылдардың
ішінде күріш, жүгері, тары, арпа т.б. да маңызы зор. Астық
өндірісін арттыру – біздің елімізде ғана емес, бүкіл дүние жүзінің
агроөнеркәсіптік құрамын дамытудағы басты проблема. Бұған халық
қажетін азық – түлікпен қамтамасыз ету мен мал шаруашылығын дамыту
тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасында дәнді дақылдардың 65 %
алты солтүстік облыстарында - Көкшетау, Қостанай, Солтүстік
Қазақстан, Павлодар, Торғай және Целиноград облыстарында шоғырланған:
орта есеппен 2003 – 2005 жылдарда ол 11 млн. га болды 1.
Қазақстанның солтүстік облыстарында 2003 – 2005 жылдары орта
есеппен астықтың жалпы түсімі 15,3 млн. т, ал өнімі әр гектардан
9,9 ц болды 2.
Оңтүстік Қазақстан облыстарында масақты дәнді дақылдардан,
тәлімі жерлерде күздік бидай мен арпа, таулы аймақтарда жаздық
масақты дақылдар егіледі.
Красноводопад селекциялық тәжірибе бекетінде жүргізілген
көпжылдық тәжірибелерге сүйенсек, облыстың барлық аймақтарында өсіру
технологиясын дұрыс сақтағанда ғана масақты дәнді дақылдардан
тұрақты мол өнім алуға болады.
Облыста дәнді дақылдардан негізінен көп егілетін күздік
бидай.
Жер шары халқының жартысынан көбі негізінен бидаймен -
нан, макарон, кондитер өнімдері т.б. қоректенеді. Аталған өнімдердің
қоректілігі жоғары болып халық мұқтажын қанағаттандыру үшін оларда
бағалы сапа көрсеткіштері мен қасиеттер болған абзал.
Бидай дәнінің сапасын сипаттайтын маңызды көрсеткішке белок
мөлшері мен дән уызы (клейковина) жатады. Бұл көрсеткіштер бидайдың
пайдалану сипатын анықтайды 3
Өңдеу (өндіру) өнеркәсібі мен экспорт үшін күшті және қатты
бидай сорттары жоғары бағаланады. Күшті бидайға белогы мен дән
уызы мол жұмсақ бидай жатады.
Жұмсақ бидай сорттары ұн мен нанның сапасын анықтайтын
жинақты көрсеткіш - ұнның күшіне қарай күшті, орташа және осал
(әлсіз) болып үш топқа бөлінеді.
Күшті бидай белогының көптігі, уызының жиырымдылығы және
созымдылығы жағынан көзге түседі. Мұндай ұннан пісірілген нан
көмпиіп тұрады, түрі өте ұнамды, бүйір қабығы жұқа немесе тор
көзді, жұмсақ, созылмалы келеді, сондай – ақ өте дәмді, сүйкімді
иісі болады.Сонымен қатар күшті бидайдың байытушылық қасиеті бар: осал
бидайдың ұнына аздап күшті бидайдың ұнын қосқанда одан шығатын нанның
сапасы анағұрлым жақсарады. Күшті бидай ең таңдаулы бидай болып саналады,
сондықтан ішкі және халықаралық нарықта оған деген сұраныс жоғары 4.
Орташа нандық күші бар бидай, басқаша айтқанда филлер ешқандай
қоспасыз-ақ жақсы сапалы нан береді. Оған жататын сорттар белогының мөлшері
орташа, уызының жиырымдылығы біршама төмен, сондай-ақ қамырының ашытылған
кездегі ферменттік тұрақтылығы да төмендеу болады. Мұндай сорттар осал
бидайдың нандық қасиетін жақсартуға қабілетті емес.
Осал бидайдың белогы шамалы, дән уызының жиырымдылығы өте
әлсіз болады. Осал бидай нанының сапасын жақсарту үшін міндетті түрде күшті
бидай ұнын қосады.5.
Жақсы қатты бидай астығы жоғары сапалы макарон өндіруге
таптырмайтын шикізат болып табылады. Жұмсақ бидай ұнынан макарон өнімдерін
жасауға болады, бірақ олар өзінің пішінін сақтай алмайды, омырылғыш, піскен
кезде жабысқақ келеді де тиімсіз түске енеді. Сары янтарлы немесе лимон
тәрізді сарғыш түсті макарон өте жоғары сапалы деп есептеледі. Мұндай түс
каротиноид пигментіне байланысты, ал оның мөлшері жұмсақ бидайға қарағанда
қатты бидайда орта есеппен екі есе көп.
Жақсы макарон өнімдері мынадай талаптарға сай болуы қажет:
қамыры тығыз жабыспалы, қалыпқа салғанда жеткілікті дәрежеде механикалық
берік және пішінді. Бұл қасиеттердің барлығы жоғары сапалы қатты бидай
өнімдерінен дайындалған қамырға тән. Қатты бидай жоғары сапалы ұнтақ
жармасын өндіретін шикізат болып, дәнін диірменге тартқанда қырлы ұн
бөліктері бірыңғай масса болып түзіледі; ұн клеткалары қатты, бірақ нәзік
келеді, ал жұмсақ бидайда олар борпылдақ әрі ұсақ саңылаулары болады. Дән
уызының мөлшері мен оның сапасы да үлкен роль атқарады.Қатты бидайдың дән
уызы қысқа серпімді болып келеді, сондықтан оның ұнынан пісірілген
нанның көлемі аз, тор көзділігі нашар болады. Газ ұстау қабілетінің
төмендігінен қатты бидайдың нандық сапасы жұмсақ бидайға қарағанда төмен.
Класты астықта кем дегенде 22-28% дән уызы болуға тиіс және екінші
топтан төмен болмау керек, көлемдік масса 770 гл және астық қоспасы 15%
аспауға тиіс класты бидайдың барлығында дәннің түсі тиісті тип пен
подтиптің түсіне сәйкес келуі керек: астық ауруын, қызып кетуден аман
болуға, нақты сортқа тән түсі мен қалыпты иісі сақталуға тиіс6.
Күздік дақылдар өзінің биологиялық ерекшеліктеріне қарай күзгі,
қысқы және көктемгі кезеңдердегі ылғал қорын тиімді пайдаланса, жаздық
дақылдарға қарағанда өнімді көп береді. Топырағы құнарлы, ылғал мөлшері көп
түсетін таулы аймақтарда күздік дәнді дақылдардан жыл сайын тұрақты мол
өнім алып отыруға болады.
Әдебиеттерде арам шөптермен күресудің агротехникалық әдістері
келтірілген, олар күтілетін эффектіні әрдайым бере бермейді, әсіресе
жауынды жылдарда.
Ылғал үнемдеуші ресурсын жинақтаушы технологияны өңдеу барысында
негізінен арам шөптерді жоюға көңіл аудару керек. Оңтүстік Қазақстанда
негізінен күздік бидай өсіріледі, арам шөптермен күресу шаралары көктемде
бұтақтану фазасында жүргізіледі.
Тікелей егуде арам шөптердің дәндері негізінен топырақтың бетінде
орналасқан, көктем басталғаннан бірігіп өнеді, сондықтан арам шөптермен
күресу стратегиясы топырақ өңдеуді минималдау кезінде арам шөптердің
түрлік құрамын, және олардың биологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.
Тікелей егу кезінде арам шөптерді механикалық жою ерекшеленеді, сондықтан
оларды өсірудің жаңа технологиясын өңдеген кезде бұл дақылдар үшін
гербицидтерді таңдау өте маңызды.
Қазақстанда астық өсіру және өндіру ауыл шаруашылығының басты бағыты.
Соңғы жылдары астықты дақылдардың егіс көлемі 12 млн. гектар төңірегінде
қалыптасып 12-17 млн. тонна астық жиылып келеді 7.
Академик И.И.Синягинның тұжырымдамасы бойынша ауыл шаруашылығы
дақылдарын өсірген кезде оңтайлы түп санын қалыптастыру басты
агротехникалық шара. Демек, оңтайлы қоректендіру алаңын анықтау себу
нормасына гектарына егілетін дән санына тікелей байланысты 8. Алматы
облысында жүргізілген зерттеу нәтижесінде суармалы күздік бидайдан жоғары
өнім алу үшін гектарына 300-400 кгга тұқым немесе 70-10 млн. өнгіш дән
себу керектігін ұсынады9.
В.П.Кириченко, Г.П.Фисенко суармалы жерлерде күздік бидайды егу
нормасын 6-7 млнга жеткізу тиімді екенін дәлелдейді.
Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша күздік бидайдың себу норма 3-10
млн. штга төңірегінде себілгенде өнімділік көрсеткіші көп ауытқымай бір
деңгейде болатынын анықтаған И.Ефимов, Е.Величко, И.Ефимов, С.Вертий ,
К.А.Асанов, М.И.Исаков.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Мексика мемлекетінде Яки Вели ойпатының
солтүстік-батысында алғаш рет күздік бидайды жалға егу әдістемесі
зерттелініп оң нәтижелер алынды. Осы жылдардан бастап бидайды жалға егу
агротехнологиялық жүйесі құрғақ климаттық елдерде кеңінен қолданыла
бастады. Мысалы үшін Оңтүстік Азияда бұл тәсілді қолданған егіс көлемі 25
миллион гектарға жетті, ал Қытай мемлекетінде 13 миллион гектардан астам
жерге бидай егіліп келеді. Аталмыш әдістемені бидай еккенде қолданып келе
жатқан мемлекеттер саны жылдан-жылға артып келеді (Түркия, Ауғанстан, Иран,
Египет, Судан, Эфиопия, Зимбабье, Нигерия, Мексика, Чили т.с.с.) деп
В.Г.Пажарский, М.Дж.Акималиев, А.А.Барко мәлімдейді.

1.2 Тәжірибе жүргізген жердің топырақ ерекшелігі, жауын –шашын
мөлшері, температуралық ерекшеліктері

Тәжірибе жүргізу арқылы яғни, Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам
ауданының 2005-2008 ж.ж жүргізілуі бойынша, ауданның климаты, топырағы,
рельефі, жауын-шашыны күздік бидайды өсіруге өте қолайлы. Ауданның климат
жағдайы тым алуан. Климат ерекшелігі – сенсоляция мен жылу ресурстарының
молшылығы. Аймақтың климаты ыстық жазының ұзақтығымен, қысының біршама
қысқалығымен сипатталады. 100С ден жоғары жылы температуралардың жиынтығы
3200-4200 аралығында ауытқиды. Теңіз деңгейінен биіктігіне, рельефіне және
беткейлердің экспозициясына қарай жауын-шашынның жылдық жиынтығы үлкен
шекте- 400  милиметрден 900 миллиметрге дейін ауытқиды. 100 С ден жоғары
температуралы кезеңде жауын- шашын 130-250 милиметр мөлшерінде болады. Тау
бөктерінде 400-700 милиметр және одан да көп. Алайда жауын-шашын тұрақты
емес, кейбір жылдары оның мөлшері ауытқып тұрады. Жауын-шашынмен нашар
қамтамасыз етілетін аудандарда мейлінше қуаңшылық жылдары жыл ішінде 80-
100 миллиметр болады, бұған керісінше, аса ылғалды жылдары 300-400
миллиметрге дейін жетеді, таулы аудандардағы жауын-шашын тиісінше - 300-400
миллиметрден 1000-1400 миллиметрге дейін ауытқиды. Жауын-шашын мейлінше
көп болатын екі кезең бар: ол- көктем мен күз. Жауын- шашынның ең көп
болатын кезеңі – наурыз бен сәуір, ең аз (5-7%) болатын кезі – жаз. Күздің
бірінші жартысы құрғақ келеді. Қысқы – көктемгі жауын-шашын жылдық
мөлшердің 70-80% болады. Суықсыз кезеңнің орташа ұзақтығы 185-200 күн.
Ауданның топырағы сазды тегіс жазықтардың үстіңгі беті алуан түрлі сұр
топырақпен бүркелген. Олардың ең жақсысы - ашық түсті сұр топырақ. Жер
биіктеген сайын топырақтың айырмашылығы, жалпы алғанда аймақтық түрін
сақтап отырып, бірте- бірте өзгере береді: әдеттегі сұр топырақ, қара сұр
топырақ, қоңыр, қара топырақ және ақыры тау шалғының топырағы. Осы
факторларға қарай ауыл шаруашылығын өркендету жағдайлары да өзгереді. Тау
бөктерлеріндегі табиғат жағдайы – суармалы егіншілік үшін, жоғарғы жақ
тәлімі егіншілік үшін ерекше қолайлы келеді. Ылғалды белдеуден кейін, бір
саты төмен тау бөктерлерінде әжептеуір айқын рельефті, ылғалы орташа ғана
тәлімі жер белдеуі орналасқан. Мұндағы беткі қабатта таулы дала топырағы,
ашық түсті және әдеттегі сұр топырақ жатыр.
Мерзімінде және жоғары сапада өңделген топырақ күздік дақылдардан жоғары
өнім алудың бірден бір дұрыс жолы. Топырақты өңдегенде құрылымы төмендеген
беткі қабаттың орнына органикалық қалдықтарға бай, қоректік заттар қоры
анағұрлым көп төменгі қабат ауысып түседі. Мұндай жағдайда аэробты
микроорганизмдердің белсенділігі артып, органикалық заттардың минералдануы
күшейеді. Сонымен топырақты өңдеу арқылы оның қабаттарына ылғал, ауа және
қажетті қоректік заттардың қорын молайтуға болады.
Егілетін дақылға қолайлы жағдай туғызу үшін машиналармен өңдегіш
құралдары арқылы топыраққа механикалық әсер етуді топырақты өңдеу деп
аталады.
Топырақты өңдеуде органикалық және минералдық тыңайтқыштарды ендіруге,
көпжылдық шөп пен сабан түптерін, сондай ақ топырақтың жоғарғы қабатында,
аңызда, арамшөптерде болатын зиянкестер мен өсімдік ауруларының тұқымдарын
жауып, әрі тұншықтырады.
Егіншіліктің ұзақ жылғы тарихында өңдеу тәсілдері мен құралдары
қарапайым түрінен бастап, осы заманғы топырақты өңдейтін құралдар мен
машиналарға дейін үлкен өзгерістерден өтті.
Өңдеу жұмысы ең алдымен топырақта өтетін физикалық, химиялық және
биологиялық процестердің жоғары қарқынды жүруі әсер етеді және олардың
топырақтағы өзгерістері мәдени өсімдіктері үшін қолайлы жағдайларды
жасайды. Яғни су және қоректік заттар өсімдікке тікелей топырақ арқылы
бірігіп әсер етеді. Өңдеудің көмегімен ылғалы мол аудандардағы артық
ылғалды жинауға болады. Арам шөптермен күресуде топырақты өңдеудің сапасына
баға жетпейді. Танапқа себілетін тұқымдық дән топырақтағы барлық керекті
факторларды тиімді түрде бойына сіңіре отырып, көктеп шығатындай және
толысып өсетіндей етіп өңдеу қажет.

1.3 Рельеф

Оңтүстік Қазақстан облысы солтүстіктен оңтүстікке қарай 650
километр және шығыстан батысқа қарай  550 километр жерді алып жатыр. Оның
жер көлемі – 117.4 мың шаршы километр.
Облыстың территориясы негізінен алғанда солтүстік шөл аймақта
орналасқан және алуан түрлі рельефімен көзге түседі. Рельефіне қарай ол
айқын айырмалы төрт бөліктен: солтүстік, оңтүстік – батыс жазықтық ,
жазықтық – оңтүстік және таулы оңтүстік – шығыс – таулы бөліктерге
бөлінеді. Географиялық жағынан облысқа Қызылқұм шөл даласының оңтүстік-
шығыс бөлігі, Сырдария өзенінің орта ағысындағы аңғары, Мойынқұмның батыс
шеті, Шу өзенінің төменгі ағысындағы алқап, Бетпақдала шөлінің сазды батыс
бөлігі, Қаратау жотасының көпшілік бөлігі және батыс Тянь- Шань бірқатар
жоталары қосылады. Қаратау жотасы оңтүстік – шығыстан солтүстік батысқа
қарай облыста екіге- солтүстік және оңтүстік бөліктерге бөліп жатыр.

1.4 Оңтүстік Қазақстан облысында ұсынылатын қысқа ротациалық ауыспалы
егістік және егін шаруашылық аймақтары үшін қолдануға рұқсат етілген дәнді
дақылдардың сорттары

Тәлімі егіншілік үшін ауыспалы егіс. Қазақстанның оңтүстігінде
орналасқан, бұл жүйе тәлімі егіншілікте суарылмайтын жерді пайдалану
үшін. Ол жергілікті топырақ климаттық ерекшеліктерімен тығыз байланысты,
бұлар агротехникада және егілетін дақылдық ботаникалық құрамына терең із
қалдырған.
Атмосфералық жауын-шашынмен қамтамасыздануына, вертикалды
аймақтылығына, гидрологиялық және гидротермиялық жағдайларына және
әкімшілік бөлуіне байланысты Қазақстанның Оңтүстігіндегі тәлімі жерлерді
үш аймаққа бөледі:
- Қамтамасызданған тәлімі жер (биіктігі 600-1500м, жауын-шашын мөлшері
600мм жоғары, күздік бидайдың өнімділігі – 21 цга, қолайлы жылдары 35-40
цга, егіс ауданы - 253 мың га). Жауын шашынмен қамтамызданған тәлімі
аймаққа Түлкібас, Төлеби және Қазығұрттың жарты және Сайрам аудандары
жатады. Топырағы құрамында 1,2-1,8% гумус болатын қара сұр топырақ;
- Жартылай қамтамасызданған тәлімі жер (биіктігі 350-600м, жауын-шашын
мөлшері 300-600 мм құрайды, күздік бидайдың орташа өнімділігі – 14
цга, қолайлы жылдарда 20-22 цга, егіс ауданы – 474 мың.га).
Жартылай қамтамасызданған тәлімі аймағына: Бәйдібек, Сайрамның,
Қазығұрттың, Сарыағаштың және Ордабасының бір бөлігіндегі аудандары
жатады. Топырағы қарапайым, гумус құрамы 1,0 – 1,2% сұр топырақ;
- Қамтамасызданбаған тәлімі аймағына (биіктігі теңіз деңгейінен 200-
300м, күздік бидайдың орташа өнімділігі 8-10 цга, егіс ауданы – 68
мың.га.) Қамтамасызданбаған тәлімі аймағына Арыс, Отырар, Созақ,
Шардара аудандары, Бәйдібек, Ордабасы және Сарыағаштың жарты аудандары
кіреді. Топырағы гумустық құрамы 0,8-1,0% ашық сұр топырақ.
Оңтүстік Батыс мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының ғылыми –
зерттеу институтының оқымыстылары, Оңтүстік Қазақстанның вертикалды
аймағының топырақ – климаттық жағдайын ескере отырып Оңтүстік Қазақстан
облысының тәлімі жер үшін келесі қысқа ротациялық егін айналымының
схемаларын ұсынады:
Қамтамасызданған (жауын-шашын 600мм жоғары) және жартылай
қамтамасызданған (400-500 мм) тәлімі аймақтары үшін 5 алқапты дәнді мақсары
мен жоңышқаның ауыспалы егіс айналымы:

I – нұсқа II
– нұсқа
1. Бос емес пар (ноқат) 1. Таза пар

2. Күздік бидай 2. Күздік
бидай
3. Мақсары 3.
Мақсары
4. Күздік бидай 4. Күздік
бидай
5. Жоңышқа 5.
Жоңышқа

Дәнді егу ауданы 1000 га жоғары дән себуші ірі агроқалыптастырулар үшін:
1. 1 жылдық жоңышқа+мақсары
2. 2 жылдық жоңышқа
3. 3 жылдық жоңышқа
4. Күздік бидай
5. Күздік бидай
6. Күздік бидай немесе арпа
7. Бос емес пар (ноқат) немесе таза пар
8. Күздік бидай
9. Күздік бидай

Қамстамасызданбаған тәлімі аймағы үшін (200-250 мм) 3-4 алқапты ауыспалы
егіс айналымы
I – нұсқа
1. Таза пар
2. Күздік бидай
3. Жоңышқа
II – нұсқа
1. Бос емес пар (ноқат)
2. Күздік бидай
3. Мақсары немесе арпа
4. Жоңышқа
Оңтүстік Қазақстан облысы климатымен ерекшеленеді, күздік бидайдың
өнімділігін бірден төмендететін табиғат апаттарына ұшыратады.
Оларға ауа және топырақ құрғашылықтары жатады, осы құбылыстардың
барлығы жауын шашынның болмауынан, ауа температурасының жоғарылығынан пайда
болады, мұның барлығы ауыл шаруашылығы дақылдардың өнімділігін белгілі
мөлшерде төмендетеді.
Табиғаттың осы кері құбылыстарымен күресу үшін олардың даму
заңдылықтарын және құрғақшылықтың түсу уақытын, олардың әсерін білу қажет,
содан барып бізге осы сапаттарға қарсы сәйкес агротехникалық шаралар
қолдануға оңай болады.
Тәлімі жерлердің өнімділігін төмендететін зиян табиғат құбылыстарының
заңдылықтарын зерттей отырып біз келесі заңдылықтарды орнаттық:
- тәлімі жердің топырағы кез келген өңдеу түрі, кез келген жыл
мерзімінде бір заңға бағынуы тиіс. Ол заңның мақсаты – жинау, сақтау және
топырақ ылғалдылығын рационалды қолдану;
- ауылшаруашылық дақылдары тек ауыспалы егіншілікте өсірілуі тиіс. Бұл
ротацияға дейін егілетін дақылдың өнімін жоғарлатып қана қоймай, топырақ
өнімін жақсартады;
- тәлімі жерде күздік бидайдың ауданы максималды ұлғаюы керек;
- барлық ауылшаруашылық дақылдары кондициялық тұқымдармен егілуі тиіс.
Осы заңды сақтай отырып ауа райының қолайсыз жағдайларына қарамастан
тұрақты өнім алуға қол жеткізуге болады.

1.5 Тікелей егу және жалдап-қыратқа егу әдістері үшін ұсынылатын
дәнді – дақылдардың сорттары.

Егіс алқабын тиімді қолдану және өсірілетін дақылдардың өнімділігін
жоғарлату мәселелері жергілікті ауа райы- климаттық жағдайларға бейім
дәнді дақылдардың сорттарын таңдау барысында шешіледі. Осыған байланысты
біз Оңтүстік Қазақстанның климаттық факторларының жергілікті апаттарына
бейімделген дәнді масақтық дақылдардың келесі сорттарын зерттеп ұсындық.
Сондықтан біз тәлімі жерге және суару жағдайына рұқсат етілген күздік
бидайдың кеңінен таралған сорттарына қысқаша сипаттама бердік.
Алмалы - Алмалы сорты В.Р.Вильямс атындағы қазақ егін шаруашылық ҒЗИ-
да Ғ4 гибридтік популяциясынан 6826250431 болгар үлгісін Безостоя 0,1-1
сортымен будандастыра отырып жеке сынамалармен сортаралық гибридтеу
әдісімен алынған. Түрлері: Нигриаристатум- эритроспермум.
Алмалы сортының пісіп-жетілу мерзімі климатқа байланысты 260-280 тәулік.
Жетісу сортынан 3-4 күн жай піседі. Құрғақшылыққа, суыққа және жапырақ
ауруына төзімді. Сабағы мықты, желге жығылмайды ( 80-110 см.).
СИММИТ, қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты, Қазақ ауыл
шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бірлескен зерттеу жұмысы бойынша
жаңа Алмалы сорты перспективті сорттардың ішінен бірінші орын алды.
Өнімділігі әр гектардан 64 ц, ал стандарттар- Стекловидная 24 өнімі 49
цга, Безостая 1 өнімі 46 цга, Жетісу өнімі 55 цга, Южная 12 өнімі 59
цга, яғни стандарт сорттармен салыстырғанда әр гектардан 3-тен 18
центнерге дейін артық өнім береді. Осы халықаралық сорттармен салыстырғанда
Алмалы сортының екінші ерекшелігі – жапырақ ауруына төзімділігі. Зерттеу
сынағы бойынша Алмалы сорты сары тат ауруына 5 пайыз, септориозды
гельминтоспориозды ауруға 10 пайыз ғана шалдықты.
Жетісу сорты барлық облыстың әр түрлі аймақтарында тұрақты, мол өнім
береді. Сорттың көп жылдық конкурстық сынақ кезіндегі орташа өнімділігі
95,5 цга, стандарт Прогресс өнімділігі 86 цга, Безостая 1 өнімділігі 65
цга болды. Шаруашылық жағдайында бұл сорт әр гектардан 80 ц өнім берді, ал
стандарт Прогресс өнімділігі 73 цга. Сорт қоңыр тат және қаракүйе ауруына
төзімді. Дәні шашылмайды және құламайды, қысқа сабақты (90-100 см).
Көп жылдық мемлекеттік сорт сынағанда (1990-1998) күздік бидай
себілетін облыстарды (Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан) 12 сорт
учаскесінің 7-сінен бірінші орынға ие болды. Стандарт сорттарға қарағанда
(Безостая 1, Прикульская 36, Прогерсс) әр гектардан 2-ден 8 центнерге дейін
артық өнім береді.
Дәнінің массасы 43-45 г, белок мөлшері 13-14%, шикі клейковина
мөлшері 26-32%, ұнының күші 220-330 Дж, нан көлемі 850-900 ммкуб. Дәнінің
нан пісіруге қажетті сапасы толық қанағаттанарлық және жақсы. Бағалы
сорттар қатарына жатады. Жаңа сорт 1992 жылдан бастап Жамбыл, Оңтүстік
Қазақстан, Алматы облыстарында суармалы және ылғалды жерлерге
аудандастырылды. 2001 жылдан бастап Қырғызстан және Тәжікстан
республикаларында аудандастырылды.
Интенсивная - факультативті бидайдың Интенсивная сорты Қырғыз егін
шаруашылығының ҒЗИ-да Безостая – 1 мен Қазақстан -126 ішкі гибридтеу
әдісімен алынған түрі ферругинеум. Екі қолды.
Масағы үшкір, қызыл, цилиндр формалы, тығыздығы орташа , ұзындығы 10-12
см. Дәні қызыл, шыны тәрізді 1000 дәннің салмағы – 38-45г, сабағының
биіктігі 90-110 см, суаруға төзімді. Тез пісетін сорт, вегетациялық кезеңі
жүйектік егуде – 104-114 күн, күздік егуде -245-250 күн. Сорт- жергілікті
ақ, қоңыр таттарға төзімді. Дәннің өнімділігі 34,2-58,2 цга құрайды.
Октябрина - Октябрина – 70 сорты Красноводападтық селекциялық
тәжірибелік станциясында (Красноводопад 25 х Херсон 38г) х Красноводопад
210 гибридтеу әдісімен алынған. Түрі: эритроспермум.
Масағы үшкір, ақ, призмалы, орташа ұзындықты (10-10,5 см) тығыздығы 10 см
ұзындыққа 20-23 дәннен келеді. Дәні қызыл, 1000 дәннің салмағы -42 – 50
га, табиғи- 814-815 гл. Жапырағы кең қара –жасыл, тік тұрады. Ерте пісетін
сорт, вегетациялық кезеңі 153-160 күнді құрайды. Сорт Оңтүстік Қазақстан
облысының қысқы суықтарына шыдайды.
Қарқынды технология барысындағы орташа өнімділігі – 75 – 80 цга. 1993
жылдан бастап Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан облысында
қолдануға рұқсат етілді.
Стекловидная 24 - сорты Эритроспермум түр тармағына жатады. Сорттың
негізгі биологиялық ерекшелігі – қуаңшылыққа төзімділігі. Тосын жағдайда
өскіндері тез жетіліп, қуаңшылық кездің өзінде де басқа сортқа қарағанда
көп өнім береді. Алматы облысының Қарасай ауданының ылғалмен қамтамасыз
етілмеген тәлімі жерінде сыналған жылдары (1985-1988 Қарой) гектарынан 26
ц, яғни стандарт Безостая 1 сортынан 6 ц артық өнім береді. Сары тат,
қаракүйемен орташа зақымдалады. Нан пісіруге қажетті сапасы өте жақсы,
жақсартқыш бидай тобына жатқызылады: нан көлемі 1050 мл, клейковина мөлшері
41%, ұнының күші 265 Дж., бұл көрсеткіштер стандарт Безостая 1-де тиісінше
993мл, 40,8%, 199 е.а. Сорт 1989 және 1990 жылдары Семей облысының Үржар
ауданында шаруашылық жағдайында сынақтан өткізілді. Екі жылғы орташа өнімі
Стекловидная 24 бойынша 21цга, стандарт Прикумская 36 бойынша 15,5 цга
немесе 5,0 цга артық болды.
Талдықорған облысында Стекловидная 24 сорты 27,6 цга немесе 5 цга
артық өнім берді. Мемлекеттік ауыл шаруашылығы сорт сынау инспекциясының
шешімі бойынша 1995 жылдан бастап ол Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан
облыстарына, ал 2001 жылдан бастап Қырғыз және Тәжікстан республикаларына
аудандастырылды. Стекловидная 24 сортының егіс көлемі осы республикаларда
30-дан 60 пайызға дейін жетеді.
Южная-12 - Южная-12 сорты Красноводопадтың (қызылсарқырама) мемлекеттік
селекциялық станциясында красноводопад -25 х Безостая -1 х Эритроспермум -
720 сорттарын гибридтеу әдісімен алынған. Түрі: эритроспермум.
Масағы цилиндрлі, ұзындығы 9-11 см, тығыздығы -17-19 см. Дәні қызыл,
ірі, негізі түсірілген, дөңес формалы, жұмыртқа тәрізді, 1000 дәннің
салмағы 42,2 -47,2 см. Сағағының биіктігі 103-48 см, қалың, қатты, суаруға
төзімді, түзу. Өсімдіктің биіктігі -76-85 см. Жапырағы қара жасыл түсті.
Сорты орташа піскен. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 163-167 күн.
Қысқа төзімділігі орташа. Ауруларға берілуі әлсіз. Сорт шыққа, қоңыр тотқа
төзімді. Орташа өнімділігі – 60 – 65 цга. Южная – 12 құнды бидайға жатады.
Красноводопадская - 210 - (қызылсарқырама -210)- Красноводопадтың
селекциялық тәжірибелік станциясында Красноводопад 49 х Бима -1 х Безостая
– 1 гибридтеу әдісімен алынған. Түрі: эритроспермум. Масағы призмалы,
ұзындығы қысқа және орташа (6-8 см), орта тығыздықты. Дәні қызыл, ірі,
кеспек тәрізді, оташа бүкірлі, сағағының биіктігі орташа (72-106 см),
суаруға төзімді. Ерте пісетін сорт. Вегетацялық кезеңнің ұзақтығы 153-160
күн. Қысқа төзімділігі орташа. Сары және қоңыр татқа әсері әлсіз.
Орташа өнімділігі -28,6-31,7 цга. Алдыңғы егіс қара және таза
пар, айдалған, егіс алқаптарының көтерілімі күзден бастап 27-30 см
тереңдікте жүргізіледі.
Память-47 - Память-47 сорты Красноводопадтың мемлекеттік селекциялық
станциясында географиялық алшақтанған сорттар: (К-29866 х 110 хМичуринка)
х (Безостая -1 х К- 47 157) гибридтеу әдісімен алынған. Түрі:
эритроспермум. Масағы ұршық тәрізді, ұзындығы 9-11 см, тығыздығы орташа
(10 см сағаққа -17-20 масақтан). Дәні жартылай созылыңқы формалы, қызыл,
1000 діннің салмағы -40 – 48 г, шыны тәрізді. Піскен кезде қаралау түске
боялады.
Тез пісетін сорт. Көктемгі егіс кезіндегі вегетациялық кезең- 105-120
күнді құрайды, күздік егісте -240-242 күнді құрайды. Интенсивті сортынан 4-
5 күн бұрын піседі. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы - 105- 120 күн.
Жүйектік егісте орташа өнімділігі – 18 – 24 цга, күздікте – 20 – 40 цга.
Алдыңғы егіс – қара және таза пар, P60N30 тыңайтқыштары қолданылады.
Азотпен өну фазасында қоректендіріледі. 1995 жылдан бастап Қазақстан
Республикасының Оңтүстік Қазақстан облыстарында қолдануға рұқсат етілді.

1 кесте Үнемді технологиямен егуде дәндік масақты дақылдардың ұсынатын
сорттары мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының ауыспалы егін шаруашылығының
аймақтары.

Аймақтар Әкімшілік Ұсынылатын сорттар
аудандар
Тәлімі үшін Суару үшін
(тікелей себу) (минималды
өңдеуден кейінгі
жалдап қыратқа
егудің әдісі
Тәлімі Төлеби, Түлкібас,Күздік бидай. Күздік бидай
қамтамасызданған Сайрамның және Жетісу, Южная-12, Жетісу, Южная –
аймағы (600 мм Қазығұрттың жартыСтекловидная-24, 12, Окябрина –
және одан көп) аудандары Октябрина-70, 70, Алмалы,
Память - 47, Интенсивная.
Интенсивная.
Тәлімі жартылай Сарыағаш Күздік бидай. Күздік бидай.
қамтамасызданған ауданының Стекловидная -24, Жетісу,
(400-500мм) жартысы, Сайрам, Красноводопадтық-2Октябрина-70,
Қазығұрт, 10, Октябрина -70,Южная- 12,
Бәйдібек және Память- 47. Алмалы,
Ордабасы Интенсивная
аудандары
Тәлімі Арыс, Мақтаарал, Күздік бидай. Күздік бидай.
қамтамасызданбағанОтырар, Созақ, Стекловидная-24, Жетісу, Южная -
аймағы Шардара Красноводопадтық- 12, Интенсивная.
(200-250мм). аудандары, 210, Память- 47.
Бәйдібек,
Ордабасы
аудандарының
жартысы.

II экспериментальды бөлім
2.1 Зерттеулер нәтижесі
Күздік бидайды топырақты өңдемей тікелей сепкен кездегі арамшөптермен
ластануы
Зерттеулер жүргізілген жылдары күздік бидай егісінде 30-дан астам
арамшөптердің кездесетінін анықтадық. Оның ішінде астықты дақылдардың
өніміне және сапасына аса зиянды арамшөптерін анықтап қолданылатын
гербицидтердің қаншалықты әсер ететінін жан-жақты зерттедік.
Оңтүстік Қазақстан облысының 2007-2008 ж.ж. жүргізілген тәжірибе
танабында арамшөптің жалпы саны 148-174 данам2 төңірегінде ауытқыды.
Күздік бидайды өндірісте қалыптасқан технологиямен өсірген нұсқада арамшөп
басуының бастапқы саны 174данам2 болса, оның ішінде жабайы бұршағы – 59
данам2, жабысқақ қызылбояу-28данам2, егістік қырыққабат -6 данам2,
жабайы арпа -12данам2, жатаған у кекіре -10данам2 және арамшөптің басқа
түрлерінің саны – 59 данам2 болып кездесті. Осы жылдары бұл көрсеткіш
күздік бидайды ұсынылған технологиямен өсірілген нұсқада сәйкесінше
148данам2; 58; 20; 3,8; 4,8; 3 және 58 данам2 төңірегінде болды. Осы
нұсқада күздік астықты ерте көктемде үстеп қоректендіріп N35кггаә.з.е.,
түптену дәуірінде тырмалап және Диален супер 480 с.е. -0,7лга мөлшерінде
қолданғанымызда жабайы бұршақ санының бар-жоғы 4 данам2 қалып 93,1%
жойылғанын байқаймыз, жабысқақ қызылбояу-1,6данам2 сақталып 92,0%
кемігенін, егістік қырыққабаттың 92,1%, жабайы арпаның 68,7%, жатаған у
кекіренің 88,6%, ал егістіктегі арамшөптің басқа түрлерінің бастапқы
кездегі мөлшерінің 88,1% азайғанын анықтадық (2-кесте).
Топырақты өңдемей күздік бидайды тікелей сеуіп ерте көктемде үстеп
қоректендіріп, ылғал жауып тырмалап, гербицид Диален супер 480с.е. -0,7лга
нормасында қолданғанымызда егістікті арамшөп басуының бастапқы мөлшерінің
(155данам2) аса зиянды арамшөп түрлерінің жойылуы 70,1-92,1% аралығында
ауытқыды және арамшөптің басқа түрлері 86,7% азайды. Яғни, жүйелі Диален
супер 480с.е. гербициді біржылдық және көпжылдық қосжарнақты арамшөптерге
қарсы өте тиімді екенін байқадық. Ескере кеткен жөн, бұл гербицидті
арамшөптер өскінінің жапырағы мен сабағына тиісімен диметиламин тұздары
2,4Д әсер етеді де, ал дикамба топырақ құрамына сіңіп тамыр жүйесі арқылы
өсіп тұрған арамшөпке және болашақ өскініне 2-3 апта көлемінде әсер
ететінін айқындадық. Гербицид қолданған соң 2-3 тәулікте арамшөпке әсер
еткенін байқауға болады(жапырақтары бұралып, өскіндері жер бетіне жатып
қалады, бірақ арамшөп алғашқы кезде көкшіл түсін сақтайды, дегенмен ары
қарай өсіп-даму процессін тоқтатады). Көп жағдайда фермерлер бұл
гербицидтің арамшөпке әсер етуші заттарының алғашқы кезде байқамай
оншалықты жақсы гербицид емес екен деген пікірде болады. Арамшөптердің
толық жойылуы 14-16 тәулікте байқалды. У кекірелерге және жабайы арпаға да
әсер ететінін анықтадық, тек бұл гербицид аталмыш арамшөптердің алғашқы
өскін берген кезінде тиімді, әсіресе жабайы арпаның немесе қарақылтықтың
түптену дәуіріне дейінгі мезгілде қолданғанда ғана оң әсер етеді (70,1%),
ал түптену дәуірі аяқталуға жақындап түтіктенудің басталар кезінде әсер
етуі нашар болатынын байқадық.
Егістікті арамшөп басуының ең жоғарғы бастапқы мөлшері 174данам2
төртінші нұсқада болды. Осы нұсқада күздік бидайды тікелей сеуіп ерте
көктемде үстеп қоректендіріп N35кггаә.з.е., тырмалап және Диален супер 480
с.е. -0,7лга мен Топик 080э.к. -0,4лга гербицидтерінің аралас қосындысын
қолданғанымызда өнімді жинар алдындағы жабайы бұршақ, жабысқақ қызылбояу,
егістік қырыққабат арамшөптерінің саны сәйкесінше 90,3%, 90,0 және 89,4
пайызға жойылды, ал жатаған у кекіре саны да 85,9% кеміп, арамшөптердің
басқа түрлерінің -91,6% азайғанын анықтадық. Аталмыш гербицидтердің
қосындысының жабайы арпаға немесе қарақылтыққа әсерінің өте жоғары
болғанын байқадық (95,5%). Оңтүстік Қазақстан жағдайында қарақылтық соңғы
жылдары жер өңдеу мәдениетінің төмендеуінен және ертеден келе жатқан
ауыспалы егістің бұзылуынан, жаңа жасақталған қысқа ротациялы егіншілік
жүйесінің объективті және субъективті жағдайға байланысты түрлі
агроқұрылымда ендіріліп игерілмеуінің нәтижесінде барлық егістік танапта
кеңінен тарап кетті. Оның үстіне шаруалар жоғары репродукциялы кондицияға
жеткізілген тұқым тапшылығынан бір-бірімен келісе отырып, сапасы төмен шығу
тегі белгісіз тазаланбаған тұқым сеуіп жабайы арпаның тез геометриялық
прогресссиямен таралуына ықпал жасап отыр. Таралымы жоғары болуының екінші
бір себебі қарақылтық күз айларында өскін беруі үшін өз массасынан 10 есе
ылғалды көп талап етеді екен. Яғни, өскінді күздік бидайға қарағанда 10-12
күннен кейін беретінін, ал күз құрғақ болған жылдары ерте көктемде өскін
беретіні анықталды. Тағы бір ерекшелігі өсу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі егіншілігінде биологиялық тыңайтқыштармен өңдеудің күздік бидайдың өнім құрылымына әсері
Ауыспалы егіншілік,ауыстырылмайтын егіс, қайталап себу,монокультура
Күздік бидайдың халық шаруашылығындағы маңызы
Астық дақылдарының ішінде барынша өнімдісі күздік бидай
Күздік бидай сорттары
Астық дақылының сорғыш зиянкестері
Күздік бидай - әлеуеті зор дақыл
Республиканың оңтүстік-шығыс аймағында күздік бидайдың ақ ұнтақ ауруының таралуын және зияндылығын анықтау
Экологияның техникалық дақылдарға (қант қызылшасы, қартоп) тигізетін әсері
Пісетін түрі бойынша бидай сорттары
Пәндер