Моноқалаларда туристік кластерді қалыптастыру механизмі


КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкестілігі. Еліміздегі шағын қалалар туризмі - әлі толық зерттелмеген көп қырлы қоғамдық-шаруашылық құбылыс. Әлеуметтік-экономикалық географияның саласы ретінде туризм географиясының мақсаты табиғи, экономикалық және әлеуметтік астарын ескере отырып, қоғамның рекреациялық қажеттілігін өтеуге мүмкіндік беретін туристік қозғалыстарды жоспарлауға, басқаруға негіз болатын аумақтық қоғамдық жүйенің қалыптасу заңдылықтарын, даму қарқынын құру болып табылады. Туризм өзіндік ресурстық бағыт- бағдары бар салалардың қатарына жатады. Туризм белгілі бір территориялық аймақты тұтынушы ретінде ауылшаруашылығы мен балық шаруашылығына ғана жол береді. Яғни, әлі қаймағы бұзылмаған тұма табиғатқа сұранысын артыра отырып, өзінің дамуына орасан зор мүмкіндік алады.
Моноқала - бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қаланың экономикалық және әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсiпорындарда еңбекке жарамды халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі (20 пайыздан астамы) шоғырландырылған қала. Моноқалалар санатына тұрғындарының саны 10 мыңнан 200 мыңға дейін адамы бар:
- қаланың негізінен өңдеу секторының қала құраушы кәсіпорындарының өнеркәсіп өндірісінің көлемі жалпы қалалық өндіріс көлемінің 20 пайыздан астамын құрайтын (мономамандандыру) ;
- қаланың қала құраушы кәсіпорындарында жұмыспен қамтылған халықтың 20 пайыздан астамы жұмыс істейтін;
- қала құраушы кәсіпорындары жартылай істейтін немесе мүлдем істемейтін өлшемдердің бірімен сипатталатын қалалар қарастыру [1] .
Зерттеу нысаны мен пәні. Қазақстандағы моноқалалардың үшін туризмдегі экономикалық құндылықтарды дамыту. Қазақстан аймақтары бойынша моноқалаларда туризм түрлерін қалыптастыру мен дамытудың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жай-күйіне талдау. Қапшағай қаласы, Талдықорған қалаларының туристік мүмкіндіктерін ашу;
Жұмыстың мақсаты . Қазақстандағы моноқалалардың туризмдегі экономикалық құндылықтарын дамытудың маңызын анықтау. Бұл ретте көптеген моноқалаларға қаламен экономикалық тығыз байланыстағы қала маңындағы кенттер мен ауылдық елді мекендер әкімшілік бағыныста. Осыған сәйкес моноқалаларды танып білу, моноқалаларды дамытудағы туризмнің экономикалық құндылығын анықтау.
Жұмыстың міндеті.
- Моноқалаларда туристік-рекреация ісін жандандырудың теориялық-әдіснамалық көзқарастары қарастыру.
- Моноқалаларда туристік-рекреациялық іс-әрекеттерді қалыптастыру мен дамытудың зерттеу әдістері.
- Моноқалаларда туристік кластерді қалыптастыру механизмі.
- Қапшағай қаласында туризм даму факторлары мен демалысты ұйымдастыру сервисі.
- Талдықорған қаласының туристік инфроқұрылымы мен рекреациялық маңызы.
- Қазақстан аймақтары бойынша моноқалаларда туризм түрлерін қалыптастыру мен дамытудың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жай-күйіне талдау.
- Моноқалаларда туристік - рекеациялық іс-әрекеттерді ұйымдастыру мен жүргізудегі бюджеттік реттеу және оның обьективті қажеттілігі.
- Моноқалалардың туризімін дамытудың стратегиялық бағыттары мен бағдарламалары [1] .
Зерттеу әдістері. Шет елдік тәжірибелер мен әдебиеттерге және отандық ғалымдар әдебиеттеріне шолу, әдебиеттер бойынша зерделеу, талдау, салыстыру, жинақтау, салыстыру әдістерін, интернет көздерін пайдалану. Статистикалық, картографиялық және рекреациялық әдістерді қолдану.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы. Шағын қалаларда туристік клстерді қалыптастыру, туристік-рекреациялық ресурстарын анықтау, туризмнің экономикалық ықпалын көрсету мәселелері қарастырылды.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Жұмысты жоғары оқу орындарында туризм мамандықтары үшін және туристік фирмалар қызметтерінде қолдануға болады. Моноқалаларда туристік кластерді қалыптастыру механизмі мен моноқалалардың туризмін дамытудың стратегиялық бағыттары мен бағдарламалары қарастырылған.
Жұмыс құрлымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс 83 бет, 9 суреттен тұрады.
1 МОНОҚАЛАЛАРДА ТУРИЗМ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Моноқалаларда туристік - рекреация ісін жандандырудың теориялық - әдіснамалық көзқарастары
Географиялық ортаның көптеген рекреациялық ресурстарын таңдау мүмкіндігінің болуына, рекреациялық аумақтарды тиімді ұйымдастыру, демалыстың түрлерінің қажеттілігін болжау және рекреациялық ресурстардың аймақтық ерекшеліктерін бағалаудың түйінді мәселелерінің ауқымы кең болуына байланысты туризм мен демалыс қоғам қызыметінің маңызды саласына айналды.
Қазіргі кездегі туристік-рекреациялық іс-әрекеттің өзекті мәселелерін пәнаралық зерттеулер ғылыми білімді құрамдастырып, арнайы ғылыми танымдық нысанын ашып көрсету үрдісін жеделдетіп, оның негізінде жаңа географиялық пән-рекреациялық географияны қалыптастырды [1] .
Туристік-рекреациялық іс-әрекеттің өзекті мәселелерін құрумен алғашқылардың бірі болып географияда кеңес үкіметі география институтының физикалық география бөлімі (бөлім меңгерушісі В. С. Преображенский) мен экономикалық география бөлімі (бөлім меңгерушісі А. А. Мица) айналысты. 1960 жылдың ортасынан бастап рекреациялық географияның теориясын дамуында М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті жетекші орын алды.
Отандық тәжірибеде туристік - рекреациялық зерттеулердің өзекті мәселелерін анықтау төменде көрсетілген үш негізгі тұрғыдан қарастырылады:
- физикалық-географиялық бағыттағы орталық тұрғыдан қарау;
- адамдардың іс-әрекетінің сипатын оқып-үйренуді көздейтін әрекеттік тұрғыдан қарастыру;
- адамдардың түйсінуі мен оның ерекшеліктерін оқып-үйренуді көздейтін субъективтік тұрғыдан қарастыру.
Рекреацияның нысанына адамның әр түрлі туристік-рекреациялық іс-әрекеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін материалдық заттар, жүйелер, үрдістер мен құбылыстар, сонымен қатар идеалды стандарттар жатады.
Рекреацияның субъектісі кедергілі немесе аралас игерілетін аймақтар, жүйелер, орталар сияқты әлеуметтік-мәдени құрылымдардың стандартының негізінде рекреациялық іс-әрекеттерді жүргізетін адамдар болып табылады. Әлеуметтік-мәдени сипаттағы стандарттар әлеуметтік-мәдени жүйенің эволюциясының ішкі логикасына және міндетті түрде рекреациялық ресурстарды пайдалануға негізделеді [2] .
Туризм - бұл әлі толық зерттелмеген көп қырлы қоғамдық-шаруашылық құбылыс. Туризмнің көп ғасырлық тарихы болғанына қарамастан жекелеген мамандар әр түрлі анықтама бергенімен әлі де болса бірегей анықтамасы жоқ.
Әлеуметтік-экономикалық географияның саласы ретінде туризм географиясының мақсаты табиғи, экономикалық және әлеуметтік астарын ескере отырып, қоғамның рекреациялық қажеттілігін өтеуге мүмкіндік беретін туристік қозғалыстарды жоспарлауға, басқаруға негіз болатын аумақтық қоғамдық жүйенің қалыптасу заңдылықтарын, даму қарқынын құру болып табылады [3] .
Біздің ойымызша, туризмнің зеттейтін нысанына толық анықтаманы 1971 жылдың өзінде Б. Б. Родман берді. Оның анықтауы бойынша «Географтардың міндеті басқа мамандар сияқты рекреациялық ресурстарды анықтау, бағалау мен картаға түсірудің әдістерін құру, рекреациялық аумақты тиімді пайдалану, сонымен қатар демалыс аудандарының типтік үлгісін жасаудың теориялық зерттеулерін жүргізу және рекреациялық географияның шегіндегі негізгі түсініктер мен ережелерді жасау, рекреациялық географияның зоналарын табу болып табылады» [4] .
Кеңістіктік-географиялық жүйе және оның теориялық негіздерін дамытуда ол зерттеу пәні ретінде таңдап алған қандай да бір құбылыстарға жасалатын философиялық-әлеуметтанулық талдаулар туризм зерттеулерінің әдіснамалық базасының негізі болуы тиіс. Бұл талдаудың негізінде бос уақыт қоғамдық қатынастарды белгілі дәрежеде сипаттайтын фактор ретінде рекреациялық және туризм географиясында бос уақытта шектелген уақыт жиегінде тұрақты түрде бір ізділікпен қайталанып отыратын қарапайым рекреациялық іс-әрекеттердің жүйесі, рекреациялық іс-әрекеттердің циклы түсінігін қалыптастырды [4] .
Рекреациялық географияға негіз болатын түсініктерге бос уақыт, демалыс, рекреация, аумақтық-қоғамдық жүйе, туристік рекреациялық жүйе жатады. «Бос уақыт» рекреациялық үрістерді дамытуға қажетті жағдай болып табылады. Ол белгілі бір тарихи кезеңдегі әлеуметтік топтардың белгілерін айқындайтын және көлемі, мазмұны өзгеріп отыратын қарқынды санат болып табылады. Бос уақыт адамның жұмыс барысында жоғалтқан физикалық күшін қалпына келтіріп, рухани қуатын жан-жақты дамытып, бірқатар әлеуметтік қажеттілікті өтеуге және белсенді демалуға немесе қарқынды іс-әрекетке жұмсалуы тиіс. Бос уақыттың негізгі қызметін төменде көрсетілген екі топқа бөлуге болады:
- Адамның еңбек немесе басқа да әрекеті барысында жұмсалған күш-қуатын қалпына келтіру қызметі.
- Рухани (мәдени, эстетикалық, ақыл - ой) және физиологиялық күш - қуатын қалпына келтіру қызметі.
Бос уақытта жүзеге асырылатын рекреациялық іс - әрекет демалыс адамның жұмыс қабілетін қалпына келтіріп, жүйкеге түсетін салмақты кемітеді. Қол жұмысымен айналысатын адамдардың физикалық шаршауын азайтады. Н. С. Мироненко мен И. Т. Твердохлебовтың пікіріне сәйкес (1981) «демалыстың» кең мағанасы - күнделікті қажетті жұмыспен айналысуға бағытталмаған адамдардың кез-келген іс-әрекеті. Н. Ф. Реймс адамның денсаулығы мен еңбек қабілетін қалпына келтіру үшін ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған туристік жорықтарда немесе еңбек демалысын мамандандырылған демалыс мекемелерінде өткізуі тиіс екенін атап өтті. И. И. Дею рекреацияны демалыс пен сауығу, еңбек қабілетін қалпына келтірудің баламасы ретінде қарастырды [8] .
Кластерлік теорияның негізін салушы М. Портер кластерге «географиялық қағидалар бойынша шоғырланған қамтамасыз етуге, қызмет көрсетуге, арнайы маманданған іс-әрекеттерінің ұйымдастыруы бір-бірімен өзара тығыз байланысқан сәйкес келетін салалардың компаниялар тобы» деген анықтама берді [9] .
Басқаша айтқанда, кластер бұл-белгілі бір салада жұмыс істейтін өзіндік құны жоғары сапалы соңғы өнім шығарып, толық аяқталған циклды қамтитын немесе қызмет көрсетуге маманданған бір-біріне жақын орналасқан өзара байланысқан және бір-бірі толықтыратыруына байланысты бірігетін кәсіпорындар мен қосалқы ұйымдардың тобы. Кластер ауданды, штатты, жақын орналасқан қалаларды, елді немесе бір қала қамтуы мүмкін. Кластерді дамытуға қойылатын талаптың шартына ғылымды, жас және шағын фирмалардағы кәсіпкерлікті, ұйымның менеджмені тарапынан жаңа ойға ашықтығын, интелектуалдық қуатын немесе материалдық емес активін, венчурлық капиталын ашып көрсетуге болады [10] .
Кластердің секторында негізгі айырмашылығы қандай да бір шағын көрнекті аумақта орналасатындықтан барлық экономика шегінде абстрактылы сала аралық құрылым болмайды. Туризмді кластерлеудің маңызды белгісі шағын аумақты қамтуы болып табылады. Өйткені, туристердің көптеген қызметті тұтынуы уақытша келетін аумақтың шегінде өтетіндіктен оларға ұсынылатын қызмет сапалы болу үшін сол өңірдің шегіндегі өндіруші және еншілес кәсіпорындардың арасында тұрақты өндірістік және әлеуметтік байланыс болуы тиіс. Кеңестік кезеңде экономикада өндіргіш күштерді аумақтық ұйымдастыру қағидасын пайдаланды. Аумақтық өндірістік кешен - бұл қазіргі кластердің баламасы болып табылады. Бірақ жоспарлы экономиканың салдарынан аумақтық өндірістік кешеннің қазіргі кластерден аз дегенде екі іргелі айырмашылығы болды. Олар талап қоятын тұтынушы мен еркін бәсеке үшін тудырылатын жағдайдағы кемшіліктің болуы.
1932 жылы танымал ғалым, кеңестік экономикалық географияның негізін салушылардың бірі Н. Н. Колосовский кластер теориясына балама болатын бірақ өндіргіш күштерді аумақтық орналастыру үрдісін экономикалық тиімділік пен ресурстарды үнемдеу тұрғысынан терең қарастыратын «энергоөндірістік цикл әдісі» деп аталған жаңа теория ұсынды. Нарықтық экономика мен ғылыми техникалық жағдайының міндеттеріне біршама толық жауап беретін туризмді аумақтық ұйымдастырудың ең тиімді формасы болып табылатындықтан кластерлер теориясы туристік ғылымға ғана емес, халық шаруашылығының тәжірибесіне жаңа астар енгізуі мүмкін. Аймақтың табиғи және әлеуметтік-экономикалық, көліктік және экономикалық-географиялық жағдайына сәйкес кәсіпорындарды дұрыс таңдаудың есебінен экономикалық тиімділікке қол жеткізу үшін өзара экономикалық байланысқан кәсіпорындардың үйлесімділігін кластер деп түсіну қажет. Кластердің ішкі өндірістік байланысын анықтау үшін аумақтың құрылымын, табиғи және әлеуметтік-экономикалық ресурстармен өзара байланыстарын жан-жақты ашуға мүмкіндік беретін детерминанттардың бәсекелестік басымдылығы әдісін қолдану қажет [8] .
Кластерлік тұрғыдан қарау өнімнің жеке түрлері мен тұтас аумақтың бәсекеге қабілеттілігі мен корпоративтік қатынастың деңгейін соның ішінде бірінші кезекте көлденең құрамдасуды арттыруды ұсынудың тұғырнамалық негізі ретінде қарастырылады. Болашақта кластер құруға негіз болатын жекелеген технологиялық тізбектерді қалыптастырудың шегінде тік бағыттағы құрамдасқан құрылымдарды дамытуды қолдауда қарастырылған. Кластерлік зерттеу әдіс көзқарасына сай туризмді дамыту экономика салаларын толықтай туризм саласына тарта отырып, аймақтық мамандануын, жергілікті әлеуметтік-экономикалық ресурстың негізінде салынатын «тұйықталған циклды» құруды көздейді [12] .
«Тұйықталған циклдың» тетігі тұтыну құндылығы жоғарғы тауар мен қызмет көрсетуді технологиялық тізбекпен беруді сонымен қатар, туристік қызымет көрсетуге тікелей немесе жанама қатысатын кәсіпорындардың басқа да басымдығын бәсекеге қабілеттілігінің жоғары болуы арқылы айқындайды.
Туристік кластердің технолгиялық үйлесімділігі қандай да бір елдерде немесе экономикалық аудандарда туристік өндірістің «шынайы аумақтық желісін» түзу заңдылығы қалыптасуда. Туристік кластерді аймақтағы туристік өндіріске қатысатын экономика салаларынан жиналған деректерді өңдеу жолымен ғана емес, оның маңызды кәсіпорындары мен олардың экономикалық байланыстарын оқып-үйреніп, табиғат жағдайлары мен ресурстарының таралуы мен өзара үйлесуінің кеңістіктік заңдылықтарын анықтау қажет [10] .
Туристік саланы кластерлік дамыту ойы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2005 жылы басталып, қолға алынып келеді.
Туристік іс-әрекеттің теориялық-әдіснамалық көзқарастарына жасалған талдаудың негізінде туризм мен демалыстың қоғам мен экономикадағы орнының екі негізгі астарын ерекше атап өту қажет екенін көрсетті:
- қоғамдық астары тиімді ақпарат көзі және танымдық құрал болып табылатындықтан адамдардың физикалық және рухани күш-қуатын қалпына келтіріп, жеке тұлғаның дамуына бағытталған қарқынды демалысқа деген қажеттілікті іс жүзінде жүзеге асыруға сонымен қатар, аймақ, ел және дүниежүзілік қауымдастық ауқымындағы қоғамдық қатынастарды жетілдіруге мүмкіндік береді; экономикалық астары, туризм мен демалыс экономиканың тиімділігі жоғары және табысты саласы сонымен қатар, шаруашылықтың басқа салаларының даму қарқынын ынталандырып, көптеген ірі экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда келтірілген айғақтар адамдардың физикалық және рухани күш-қуатын қалпына келтіріп, интелектуалдық дамуын қамтамасыз ететін туризм мен демалысты жүзеге асыруды көздейтін туризм индустриясы халық шаруашылығының жүйесінде экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал ететін маңызды сала екенін көрсетеді.
- Моноқалаларда туристік-рекреациялық іс-әрекеттерді қалыптастыру мен дамытудың зерттеу әдістері
Географиялық ортаның рекреациялық ресурстарын таңдау мүмкіндіктерінің мол болуына, рекреациялық аумақты тиімді ұйымдастыруға, рекреациялық ресурстардың аймақтық ерекшеліктерін бағалауға, демалыстың түрлеріне деген қажеттілікті болжауға, байланысты демалыс пен туризм кең көлемді өзекті мәселелерді қамтитын қоғамның маңызды саласына айналуда. Кешенді салалық ғылым ретінде туризм географиясының алдында бірқатар маңызды міндеттер тұр. Оларды іс жүзінде шешу аумақтық қоғамдық жүйенің экономикалық тиімділігін арттырып, рекреациялық ресурстарды анықтауға, бағалауға картаға түсірудің әдістерін құруға, туристік іс-әрекет үшін қолайлы жағдай тудырып, дамуына әсер ететін экономикалық, әлеуметтік және техникалық факторларды болжауға мүмкіндік береді. Аталған мәселелерді дұрыс шешуге тек зерттеу әдістерін жетілдіру арқылы ғана қол жеткізуге болады [7] .
Рекреациялық географияда экспедициялық зерттеу, картографиялық, салыстырмалы - географиялық, математикалық талдау, математикалық үлгілеу, статистикалық, баланстық, әлеуметтанулық, экономикалық-математикалық, медициналық-биологиялық, сараптамалық бағалау әдістері қолданылады.
Зерттелетін аумақты рекреациялық мақсатқа пайдалану мүмкіндіктерін, табиғи және антропогендік рекреациялық ресурстарының таралу ерекшеліктерін, рекреациялық шаруашылықтың қалыптасуы мен дамуын, аумақтық ұйымдасуын анықтауға қажетті бастапқы материалдар қорын жинап, туристік бағыттар құруда ең тиімді географиялық әдіс экспедициялық зерттеу әдісі болып табылады [8] .
Жетісу Алатауында туризмді дамытудың табиғи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын, рекреациялық іс-әрекеттерді дамытуға қолайлы аумақтарын, туристерді қызықтыратын бірегей табиғат ескерткіштерін анықтау мақсатында 2002-2007 жылдар аралығында бірнеше экспедиция ұйымдастырылды. Экспедициялық зерттеулер негізінен Жабық, Алмалы, Көкжота, Қаратау, Сарыноқай, Алтынемел, тауларына ұйымдастырылды. Жұмыс барысында Жетісу Алатауының аласа, орташа және биік таулы бөліктерінің табиғат жағдайларының рекреациялық іс-әрекеттерді дамытуға қолайлы және қолайсыз кезеңдері, Тронов, Алтынсарин (Қора), Жамбыл, Абай (Басқан), Ақшұнақ (Ақсу), Сәтбаев (Лепсі) мұздықтарының тау туризмін дамытудағы алатын орны анықталды. Жинақталған деректерді камералық өңдеу нәтижесінде жер бедерінің ерекшеліктеріне, халықтың қоныстануына, көліктік қол жетімділігіне сәйкес Лепсі, Бүйен, Қаратал, Көксу, өзендерінің жоғарғы ағысындағы мұздықтар мен биік таулы бөліктерін экстримальды сипаттағы альпинизмді, экологиялық, тау туризмдерін, ал аласа және орташа биік таулы бөліктері емдік-сауықтыру, бұқаралық сипаттағы саяжайлық рекреацияны жүргізуге қолайлы деген қорытынды шығарып, жинақталған деректерді талдау негізінде туристік бағыттар құруға мүмкіндік берді.
Табиғат жағдайлары мен ресурстарын рекреациялық мақсатта пайдалану үшін оларды бағалау қажет. Табиғат ресурстарын рекреациялық бағалау төменде көрсетілген міндетті кезеңдерден тұрады:
- Бағалайтын нысандар табиғат кешендерін олардың құрамдас бөліктері мен қасиеттерін іріктеу.
- Жүргізілетін бағалау тұрғысынан субъектілерді іріктеу.
- Зерттеудің ауқымы мен мақсатын сонымен қатар, субъектісін айқындайтын бағалау қағидаларын қалыптастыру.
- Бағалаудың шегінің шкаласы мен шекарасын жасау.
Табиғат ресурстарын бағалаудың медициналық-биологиялық, психологиялық-эстетикалық және технологиялық типтері бар. Табиғат ресурстарын медициналық-биологиялық бағалау әдісі табиғат факторларының адам ағзасына тигізетін әсері мен олардың қолайлылығын анықтайды. Климатологтар мен шипажайтанушылар климатты бағалау барысында ауа райының физикалық қана емес, оның эмоционалдық жақтарына да мән береді [14] .
Жергілікті жердің климаттық жағдайын оқып-үйрену үшін тек ағзаның жылу жағдайын зерттеумен ғана шектелумей жекелеген метеорологиялық жағдайларды да бағалау қажет. Желдің жылдамдығы 6 м/сек жоғары болып, жауын-шашын 3 мм. асқанда және ұзақ тұманды болған кез-келген ауа райы қолайсыз болып саналады [11] .
Психологиялық-эстетикалық бағалау типінде қоршаған ортаның демалушыларға тигізетін эмоционалдық әсерінің сипаты, табиғи және әлеуметтік-экономикалық нысандардың тартымдылығы талданады 2-кестеде анық көрсетілген. Бұл типтегі бағалау әдісі бір шама субъективті нашар жасалған және күрделілігімен ерекшеленеді. Онда табиғаттың эстетикалық тартымдылығы, бірегейлігі, ойда-жоқта болатын күтпеген жағдайлар сияқты факторларды бағалауға баса назар аударылады. Әсіресе, әр түрлі екі ортаның шекаралық белдеуі болып табылатын шеткі аймақтардың тартымдылық нәтижелері жоғары болады.
Табиғаттың пейзажының туристік саяхатта маңызы өте зор. Ішкі пейзаждық алуан түрлілікке жер бедерінің сипаты, өсімдіктер жамылғысы, су торлары тағы да басқалар жатады. Табиғат кешендерінің ішкі эстетикалық қасиетін қоныстану дәрежесі, ормандардың қабаттылығы сияқты басқа сипаттары айқындайды. Қоныстанудың үлесіне байланысты ашық жартылай ашық және жабық аумақтарға бөлінеді [17] .
Егер қоныстану 50% жетсе пейзаж біртекті бола бастайтындықтан ландшафтның құндылығы бірден кемиді [8] .
Сыртқы пейзаждық алуан түрлілікке бірден көрінетін көршілес жатқан табиғат кешендері мен оларды бақылауға болатын орындардың саны жатады. Бақылайтын нүктелердің теңіз деңгейінен биіктігі артқан сайын көрінетін табиғат кешендердің саны да артады.
Бағалаудың технологиялық типі туризмнің көптеген түрлері үшін ресурстардың жарамдылығы мен аумақты инженерлік-құрылыстар салуға игеру мүмкіндігін қарастырады. Технологиялық бағалау барысында пайдалану үрдісінде табиғат кешендерінің тұрақтылығына және экономикалық тұрғыдан негізделген тұрақтылықты арттыру шараларын жасуға баса назар аудару қажет. Ресурстардың құрамдасқан құндылықтары мен оларды тиімді пайдалану формаларын анықтау үшін рекреациялық ресурстарға кешенді сипаттама беріп, бағалаудың барлық үш типінде қолдануды талап етеді.
Рекреациялық ресурстарды бағалауда қолданылатын әдістердің ішіндегі ең тиімдісі баллдық бағалау әдісі. Рекреациялық ресурстарды баллдық жүйемен бағалау төменде көрсетілген жоспар бойынша жүргізіледі.
Қазіргі кезде бағалаудың сыныптау (номиналды), реттік, интервалдық және арақатынастық шкалалар бар. Сыныптау (номиналды) шкаласы әр түрлі нысандады бағалауда қолданылады. Реттік шкала нысандарды белгілеріне қарай топтастыруға мүмкіндік береді. Интервал шкаласы қатардың қасиеттеріне, нақтылы бар сандарды жүйелеп ретке келтіруге негізделеді. Интервалдың шкаласының аралықтары белгілі бір аумақтың шегіндегі сандардың ең жоғарғы және төменгі мәнінің аралықтары шартты түрде алынады. Сол өлшемдердің айырмашылықтары әр бір шекара үшін интервал ретінде алынады. Бағалау шкаласын құрғанда негізгі әдістемелік мәселе өлшеуден бағалауға өту болып табылады. Шкалаға жүгіне отырып нысанды сипаттайтын тек бастапқы материалдарды ғана алуға болады. Егер шкалаға бірден нөлдік нүктені белгілеген жағдайда ғана оның арақатынастың шкаласы деп есептеуге болады. Бұл шкалаға енгізілген сандар арифметикалық әрекеттерді орындап, салыстыруға негізделеді. Оған климаттың қолайлылығы тағы да басқаларды жатқызуға болады. Ол арқылы қандай да бір нысанның қандай дәрежеде зерттелгенін анықтауға болады [13] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz