Алаңда жүргізілген сызықтар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ
Олимпиадалық спорт факультеті
Спорттық ойындар кафедрасы
«Қорғауға жіберілген»
Кафедра меңгерушісі
б. ғ. к., доцент
И. Н. Пресняков
«___»2016 ж.
«Мектеп жасындағы жасөспірім спортшыларға волейболдың техникасы мен тактикасын үйрету»
тақырыбына жазылған дипломдық жұмыс
Мамандық 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт»
Мамандану Волейбол
Орындады: 5 курс ОСФ 1 тобының студенті / / Байбулатов Д.
Ғылыми жетекшісі:
Магистр, оқытушы / / Молдахан К.
Алматы, 2016
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Берілген диссертацияда бірқатар Мемлекеттік стандарттар қолданылды:
- МБСТ 7. 1 -2003. Библиографиялық жазу. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен диплом жұмысының ережелеріне қойылатын талаптар
- МБСТ 7. 32 - 2001. Ғылыми - зерттеу жұмысы туралы есеп. Безендірілу құрылымы және ережелері
- Қазақстан Республикасының 2 желтоқсан 1999 жылғы №490-I.
- Қазақстан Республикасында 2011-2015 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамытуғу арналған Мемлекеттік бағдарлама- Астана, 2011.
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ЖСЖ - жүрек соғу жиілігі;
АҚ - артериялық қан қысымы ;
СҚ - систолалық артериялық қысым;
ДАҚ - диастолалық артериялық қысым;
ПАД - пульстік артериялық қысым;
МҚК - минуттық қан көлемі;
СҚК - систолалық қан көлемі;
ТАК - тынысы алу көлемі;
ТАЖ - тыныс алу жиілігі;
ӨТС - өкпенің тіршілік сыйымдылығы;
РДАА - резервті дем алу ауасы;
РДША - резервті дем шығару ауасы.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының көкейкескілігі. Айта кетерлігі, соңғы жылдары елімізде спортқа деген көңіл жоғары деңгейге жетіп отыр. Бұл жердегі басты себеп еліміз ел тәуелсіздігін алды, соның арқасында өзге елдермен саяси, мәдени тұрғыда байланыс орната бастады. Осы деңгейде сол шет мемлекеттермен иық теңестіру үшін білім, ғылым, өнер, спорт сайыстарында мықты болуымыз керек. Елдің ертеңгі жарқын болашағының бірі кепілі - спорт болса, осы салаға көбірек көңіл бөліп, зерттеу жүгіру өзіндік бір өзекті мәселе деп есептеуге әбден болады. Осыған орай қазіргі таңда спортқа деген көзқарас елімізде күн санап өсіп келеді. Сондай-ақ, спорт оқушылардың дене болмысын шынықтырып, салауатты өмір салтын қалыптастырса, оның тағы бір түйінді мәселесі кел-келген оқушының тәрбие алуына да айрықша ықпал етеді .
Жалпы спорттық ойындарды, оның ішінде волейбол ойынын дамыту арқылы кез-келген оқушының педагогикалық, психологиялық ерекшеліктеріне әсер ету мәселелері бүгінгі таңда педагогикалық зерттеуі қажет көкейтесті мәселелердің бір болып отырғаны даусыз. Егір біз зерттеулер нәтижесіне жүгінер болсақ, волейболды үйретудің тәрбиелік мүмкіндіктері мол екендіктерін атап көрсете аламыз. Өйткені, спорттың бұл қабілетті арттыруға, шыдамдылық пен еркіндік тұрақтылығын көтеруге, еңбексүйгіштігін, батылдығын, шешімділігін, ұстамдылығын, өз күшіне деген сенімділігін тәрбиелеуге, өз іс-әрекетін басқаруға ептілігін, мақсатқа ұмтылуын, белсенділігін қалыптастыруға әсер етеді.
Волейболды үйретудің, басқа да белсенді спорт түрлері оқушыларды пайдалы қызметке тартудың тиімді құралы ғана емес, сонымен бірге олардың денелік, еркіндік және адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеудің де таптырмас құралы. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай спорт қызметі жағдайында педагогикалық әсер ететін мерзім: үздіксіздік және жүйелілік үздіксіз спорт қызметі деп маманның жтекшілігімен ұйымдастырылатын, белгілі бір мерзімді қамтитын, қиын жеткіншектердің адамгершілік сипатын іріктеп, реттеп отыратын және олардың әрқайсысының өз мақсаты мен міндеттерін айқындауға мүмкіндік беретін ден тәрбиесін айтамыз .
Дене тәрбиесiнiң пайда болуы мен бастапқы даму дәрежесi халықтың тұрмысы мен санасына байланысты белгiлi бiр мақсатты шешуге бағытталды.
Жалпы адамның күнделікті қимыл әрекеті таңертең ұйқыдан оянудан басталады. Алғашқы тіршіліктің бастамасы - таңертеңгілік бой жазу жаттығулары. Бала спорттың қай түрімен шұғылданса да, өзінің жас ерекшелігі мен ағзасының құрылысы, құбылысының хабары болуы керек. Осы негізді нақтылы спортпен шұғылдану үшін жоғарыдағы жағдайлардың бәрін ескере отырып, болашақта нәтиже көрсететіндей спорттың түрін таңдап алған жөн. Мәселен, гимнастика, суда жүзу тәріздес спорт түрлерімен шұғылдануды жасырақ кезден бастаған жөн.
10-15 жастағы жасөспірімдердің мінез-құлқы мен сана- сезімінде әлі де болса тұрақтылық бола бермейді. Демек, олар өзінің спортпен шұғылданудағы әрекетін өз санасымен қажетті деп, белгілі бір жүйеде бақылап та отырмайды. Жасөспірімдердің спорттың қандай түріне қабілеті бар екенін жаттықтырушылар мен мұғалімдерден сұрап, ақылдасып барып, содан кейін ғана жаттығуды бастауы керек. 14-15 жасқа дейінгі ұлдарға қыз балалардың дене жағынан даму үдерісі тез болады. Осы кезде олар спорт қоғамындағы жаттығуларға басқа да балалар спорт мектептеріндегі әр түрлі жаттығу түрлеріне қатысып шеберліктерін шыңдаған дұрыс.
Қазіргі таңда елімізде 50-ден астам спорт түрі дамыған. Солардың бір түрімен жаттығатындардың жолы әр түрлі. Ал спорттық ойындарды алсақ, волейбол, футбол т. б. жаттығулар кестесі дұрыс құрылса ғана нәтиже береді. Ол шұғылданушыны әр уақытта қызықтырып, ынталандырып отырады.
10-15 жастағы жасөспірімдердің мінез құлқы мен сана- сезімінде әлі де болса тұрақтылық бола бермейді. Демек, олар өзінің спортпен шұғылданудағы әрекетін өз санасымен қажетті деп, белгілі бір жүйеде бақылап та отырмайды. Жасөспірімдердің волейбол ойын түрін үйренуге қабілеті бар екеніні жаттықтырушылар мен мұғалімдерден сұрап ақылдасып барып содан кейін ғана жаттығуды бастауы керек. 14-15 жасқа дейінгі ұлдарға қыз балалардың дене жағынан даму үдерісі тез болады. Осы кезде олар волейбол ойыны бойынша жаттығуларға басқа да балалар спорт мектептеріндегі әртүрлі жаттығу түрлеріне қатысып шеберліктерін шыңдаған дұрыс. Әр оқушының әуелі спорттың қай түріне бейім екендігін мектеп бағдарламасының талабын орындағанда ғана байқалады.
Зерттеу мақсаты: 10-15 жастағы жасөспірімдерге волейболдың техника мен тактикасын үйрету жолдарын анықтау.
Зерттеудің нысаны: 10-15 жастағы жасөспірімдерге волейболдың техника мен тактикасын үйрету.
Зерттеу пәні : волейбол ойынының техника мен тактикасы.
Зерттеу болжамы. Егер де 10-15 жастағы жасөспірімдерге волейболдың техника мен тактикасын үйрету жолдары анықталса, онда жасөспірімдер арасында салауатты өмір салты мен дене шынықтыруды ұйымдастыру тиімді нәтиже береді деген ойдамыз.
Зерттеу міндеттері:
- волейбол тарихына сараптама жүргізу, Қазақстандағы волейбол ойынының тарихын қарастырып, зерттеу;
- волейболдың техникалық қабылдау жіктемесін анықтау;
- шабуылдың тактикасы мен техникасын зерттеу;
- қорғаудың тактикасы мен техникасын дәлелдеу;
-10-15 жастағы жасөспірімдердің дене тұрқы мен анатомиялық негіздерін дәлелдеу; мектептегі дене шынықтыру сабағындағы волейбол техникасы мен тактика әрекеттерін ұйымдастырудың тәжірибелік негіздеу.
Зepттeу әдicтepi: зepттeу тaқыpыбы бoйыншa ғылыми жәнe әдicтeмeлiк әдeбиeттepдi тeopиялық зepттeу, мaмaндapдың тәжipибeciн жинaқтaу, caуaлнaмa жүpгiзу, волейболшының дeнe дaйындығы мeн apнaйы caпaлapын тecтeн өткiзу, өңдeу әдicтepi.
Зepттeудiң әдicнaмaлық нeгiзiн aдaм туpaлы қoғaмдық жәнe жeкe дapa дaмудың жoғapыдaн бepiлгeн мәлiмeтi дeп бiлeтiн филocoфиялық iлiм құpaйды: жeкe дapa тұлғaның қaлыптacуындaғы ic-әpeкeтiнiң қoғaмдық-тapихи жәнe әлeумeттiк-мәдeни aлғы шapтының жeтeкшi pөлi туpaлы. Әдicнaмa peтiндe aдaмды үйpeту мeн тәpбиeлeугe дeгeн әpeкeттecтiк көзқapacы пaйдaлaнылғaн.
Зерттеу базасы. Алматы қаласы, № 138 мектебі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ ТЕХНИКАСЫ МЕН ТАКТИКАСЫН МЕҢГЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
- Волейбол ойыны жөнінде жалпы түсінік
Волейбол ойынында 2 қарсылас команда ойнайды әр командада 6 ойыншыдан болады. Ойын 4 таймнан тұрады қай команда бірінші боп 25 ұпай жинаса, сол команда таймның жеңімпазы болып саналады. Ойын барысында тек 3 ойыншы ғана допқа тиуге болады. Әр команда құрамында 14 ойыншы болады, бірақ әр командадан аланға 6 ойыншы шыға алады .
Ойын тік төртбұрыш алаңда жүреді, көлемі 18х9 метр. Ойын алаңы ортасынан сеткамен бөлінеді. Сетканын биіктігі еркектердікі-2, 43 м, әйелдердікі-2, 24 м. Тайм барысында әр команда жаттықтырушысы 30 секундтік 2 тайм-аут алуға құқығы бар.
Волейбол - сеткемен бөлінген арнайы алаңқайдағы екі команда арасында сайысатын доппен жүзеге асырылатын спорттық ойын. Осы спорт түрінің санқырлылығын көрсетуге болатындай ойындардың түрлі салалары бар .
Ойын мақсаты - допты қарсыласының алаңын жаната сеткенің үстінен асыра лақтыру. Бұл үшін команда доптың үш рет жанасуын (тағы да қосымша доптың блоктағы жанасуы) жүзеге асыруға болады.
Доп ойынға ойыншылардың бірінен-біріне ұзатуы арқылы жүзеге асырылады: допты ұзатушы ойыншы допты қарсыласы жаққа бағыттайды. Әрбір доп ойыны оның алаңға қонуына дейін жалғасады немесе команданың қателігінен алаңнан шығып кетуімен аяқталады.
Волейболда жеңіске жеткен команда ұпай жинайды (жүйе-әрбір ұтыс-ұпай) . Допты қабылдаушы команда ойында жеңіске қол жеткізгенде бір ұпай жинап, допты ұзату құқығын иеленеді де, осы команда ойыншылары сағат бағыты бойынша бір бағытты ұстанады. Ойын алаңы арнайы алаңнан және бос аймақтан тұрады. Ол тікбұрышты және симметриялы болады.
Бос аймақтың өлшемдері: бүйір сызықтан арақашық 3-5 м құрайды ал бетпе-бет сызықтан 5-8 м құрайды. Ойын алаңынан қарастырылатын бос кеңістіктің биіктігі - 12, 5 м. Бос аймақ өлшемдері мен ойын алаңынан жоғары орналасқан бос кеңістік биіктігі жарыс туралы ерелеред көрсетілуі мүмкін.
Ойын кеңістігі тегіс, горизонталды және бірегей болып келеді. Ол ойыншылардың ешбір жарақат алмауын қамтамасыз ететіндей болуы керек. Тегіс емес немесе ойыншылар сырғанап кететіндей алаңдарда ойнауға тыйым салынады.
Ресми жарыстарға ағаш немесе синтетикалық жабынды алаңдарда ойнауға рұқсат етіледі. Кез келген жабын алдын-ала қарастырылып, ол жерде ойын жүргізу үшін жасалынады.
Залдардағы ойын алаңдарының беткейі ашық түсті болуы қажет. Ақ түсті сызытар жүргізілуі міндетті. Ойын алаңдары мен бос аймақ түстері бір-бірінен ерекшеленіп тұруы қажет. Ашық алаңдарда дренаждық мақсатта 1 м-ге 5 мм көлбеулікке рұқсат етіледі. Алаң сызықтарын қатты материалдардан жасауға тыйым салынады [6] .
Алаңда жүргізілген сызықтар. Барлық жүргізілетін сызықтардың ені 5 см құрайды. Сызықтар ашық түсті, әрі еденнің және басқа сызықтардан ерекшеленетіндей болуы қажет .
Шектеулі сызықтар . Екі бүйір және екі беткей сызықтар ойын алаңдарын шектеп тұрады. Бүйір және беткей сызықтар ойын алаңдары көлеміне кіреді.
Орта сызық осі ойын алаңын әрқайсысы 9х9 м мөлшерлі бірдей екі алаңға бөледі. Бұл сызық бір бүйір сызықтың сетке астынан екіншісінің ортасына дейін жүргізіледі.
Шабуыл сызығы. Әрбір алаңдағы шабуыл сызығы артқы сызық ертынан 3 м арақашықтықтан басталып, бес сызықпен (15 см) 5 см үзіліспен бүйір сызықтың артына дейін созылады. Ресми жарыстар үшін шабуыл сызықтары бүйір тұстардан үзілісті қосымша сызықтармен жалғастырылады.
Алдыңғы аймақ. Әрбір алаңда алдыңғы аймақ ортаңғы сызық осімен және шабуыл алаңының шетімен шектеледі. Алдыңғы аймақ бүйір сызықтарды астарлай бос алаңның соңына дейін жалғасады.
Допты соғу алаңы - әрбір беткей сызықтың ратынан жүргізілген ені 9 м алаң. Ол бүйірлей әрқайсысының ұзындығы 15 см екі қысқа сызықпен шектелген. Екі қысқа сызықтар допты соғу алаңының еніне крігзілген. Тереңдей келе допты соғу алаңы бос аймақтың соңына дейін созылады.
Алмастыру аймағы . Алмастыру аймағы дегеніміз - бос аймақтың шабуыл беру екі сызығының хатшының үстеліне дейін созылуымен шектелген бөлімі.
Бой қыздыру орны . Ресми жарыстарға арналған бой қыздыру орындары командалар отыратын аймақтың қос бұрышынан жүргізілген бос аймақтан ары орналасқан 3х3 м орын.
Ойыннан аластатылғандарға арналған орындар . Екі орындықпен жабдықталған ойыннан аластатылғандарға арналған орындар беткей сызықтан ары қарай созылған бос аймақта орналасады. Олар 5 см қызыл сызықпен шектелуі мүмкін.
Ойын өткізілетін орын температурасы мен жарықпен қамтамасыз етілуі. Ойын өткізілетін орынның температурасы 10 градустан кем болмауы керек. Ресми жарыстарды өткізу үшін максималды температура 25 градустан асып, ал минималды температура 16 градустан төмен болып кетпеуі қажет .
Ойын алаңдарының жарықпен қамтамасыз телуі 1000-1500 люкстен кем болмауы қажет. Ойын алаңының жарықпен қамтамасыз етілуі алаң беткейінен 1 м арақашықтықпен өлшеніп, 500 люкстен кем болмауы керек.
Сетке орта сызықтыққа көлденең орта сызық деңейінде орналастырылады. Сеткенің жоғары шеті ерлер үшін 2, 43 м, әйелдер үшін 2, 24 м құрайды.
Балаларға арналып өткізілетін жарыстар үшін сеткенің биіктігі төмендегідей :
11-12 жас 13-14 жас 15-16 жас 17-18 жас
Ұлдар: 220 см 230 см 240 см 243 см
Қыздар: 200 см 210 см 220 см 224 см
Сеткені ұстап тұратын бағандар бүйір сызықтардан 0, 5-1, 0 м арақашықтықтар орналасады. Бағандар биіктігі 2, 55 м, мүмкіндігі болған өзгертіліп, реттелініп отыратындай болуы қажет.
Ресми жарыстар ұшін сеткені ұстап тұратын бағандар бүйір сызықтардан 1, 0 м арақашықтықта орналастырылады. Бағандар дөңгеленген және тегіс болып келеді, олар ойыншылар үшін қауіпсіз болуы қажет. Олар созылымсыз бекітіледі.
Волейбол добы дөңгеленіп, эластикалық немесе жасанды терімен қапталуы қажет. Оның түсі бірыңғай және ашық түсті болуы керек. Оның ауқымы 65-67 см, ал салмағы - 260-280 г. Доптың ішкі қысымы 0, 30-дан 0, 325 кг/см2 (от 294, 3 до 318, 82 мбар или гПа) дейін .
Команда кем дегенде 12 ойыншыдан, бір жаттықтырушыдан, бір жаттықтырушының көмекшісіне, бір массаж жасайтын маманнан және бір дәрігерден тұрады.
Команда капитаны болып табылатын бір ойыншы хаттамада көрсетілуі қажет. Либеро капитан бола алмайды.
Хаттамаға енгізілген ойыншылар ғана алаңға шығып, матчқа қатыса алады. Жаттықтырушы мен команда капитаны хаттамаға қол қойғанда жазылған ойыншылар өзгертілуі мүмкін емес.
Ойынға қатыспайтын ойыншылар команда орындағанда отыруы керек немесе бой қыздыратын орынға жайғасуы қажет. Бапкер немесе команданың басқа мүшелері өз орындарында немесе бой қыздыратын жерде болулары керек. Команда орындықтары бос аймақтан тыс хатшының стүленің қасына орналастырылады .
Тек қана команда мүшелері матч кезінде орындықтарға жайғасып, бой қыздыруға қатыстырылады. Ойынға қатыспайтын ойыншылар допсыз төмендегідей тәртіппен бой қыздыра алады: ойын кезінде: бой қыздыру аймағында; тайм-ауттар мен техникалық тайм-ауттар кезінде: ойын алаңының артқы жағындағы бос алаңда. Партиялар арасындағы ұзілістер кезінде ойыншылар бой қыздыруға арналған доптарды бос алаңда қолдана алады .
Ойыншының ойын киімдерін футболка, ішкиім, нәски және спорттық аяқ киім құрайды. Командаға арналған футболкалардың, ішкиімдердің және нәскилердің түсі мен дизайны бірегей болуы қажет (Либеродан басқаларында) және киім таза болуы қажет .
Аяқ киім жеңіл, әрі икемді болуы керек, табаны былғарыдан немесе резеңкеден болғаны дұрыс, өкшесі болмау қажет. Ресми түрдегі жарыстар үшін арналған командадағы аяқ киімнің түсі бірегей болуы қажет, бірақ саудалық маркілері түсі мен дизайны бойынша әрқалай болуы шарт, әрі халықаралық федерация стандарттарына сай болуы қажет.
Ойыншылардың футболкалары 1-ден 24 дейін нөмірленуі қажет. Футболканың нөмірі кеуде мен арқа тұсының ортасына түсуі керек. Нөмірлердің түсі мен ашықтығы футболкалардың түсі мен ашықтығына сай болуы қажет.
Футболка нөмірі кеудеде 15 см, арқада 20 см көлемінде боуы керек. Нөмірді құрайтын жолақтардың ені 2 см болуы қажет. Ресми жарыстарда ойын нөмірі ішкиімдерінің оң жақ бөлімінде қайталануы мүмкін.
Команда капитанының футболкасында кеуде тұсындағы нөмірді айшықтайтын 8х2 см жолағы болуы қажет. Ресми нөмірлерсіз немесе арнайы түссіз ойыншылар ойынға қатыстырылмайды.
Жарақаттануға әкеп соғатын немесе ойыншыға жасанды басымдылық беретін киімдер киюге тыйым салынады. Ойыншылар өз бастарын қауіпке төндіре отырып ойнауы мүмкін.
Бапкер мен команда капитаны өз командаларынң тәртібіне жауап береді. Матчтан алдына команда капитаны хаттама толтырып, өз командасын жеребеге шығарады. Матч кезінде команда капитаны ойыншы капитан ретінде болады. Команда капитаны алаңда онйнамаған жағдайда бапкер немесе капитанның өзі алаңда басқа ойыншыны тағайындайды. Ойын капитаны өз қызметін ауыстырылғанға дейін сақтап, капитанның ойынға немесе партия соңында келгеніне дейін өз қызметін атқарады. Доп ойыннан тыс болғанда, тек қана ойын капитаны төрешілерге бірқатар мәселелер бойынша шыға алады.
Матч аяқталған соң команда капитаны бірқатар мәселелерді шешеді :
- төрешілерге алғыс білдіріп, матч нәтижелеріне дәлел келтіреді;
- егер төрешілермен келіспеушілік болса, оны бекітіп, хаттамаға ресми қарсылық көрсету ретінде енгізуге болады.
Жаттықтырушы матч барысында өз командасының ойынына жетекшілік жүргізеді. Ол сөрелік құраманы анықтап, ауыстырулар жүргізіп, тайм-ауттар алады. Осы мәселелер бойынша ол екінші төрешімен байланыста болады.
Матчтен алдын жаттықтырушы ойыншылардың хаттамадағы аты-жөндерін тексеріп, ол тізімге қол қояды.
Матч кезінде жаттықтырушы бірқатар қызмет атқарады:
- әрбір партиядан алдын хатшысыша немесе екінші төрешіге қажетті деңгейде толтырылған орналастыру кәртішкесін береді;
- команда орындығында басқаларға қарағанда хатшыға жақын отырады, бірақ уақытша бұл орыннан басқа жаққа кете алады;
- тайм-ауттар мен ауыстырулар сұрай алады;
- алаңдағы ойыншыларға ережелерді үйретеді. Жаттықтырушы бұл ережелерді тұрға күйде немесе бос алаңда матчқа кедергі келтірмей ойыншыларға жеткізе алады.
Жаттықтырушы көмекшесінің бірқатар міндеттеріне тоқтала кетейік :
- жаттықтырушының көмекшесі команда орындығында отырады, бірақ матчқа араласуға құқылы болмайды.
- егер жаттықтырушы алаңды тастап кетсе жаттықтырушының көмекшісі оның қызметін бірінші капитанның өтініші және бірінші төрешінің рұқсаты бойынша өзі атқара алады.
Волейбол спорты байланыссыз, үйлесімділік түрі, қайда әрбір ойыншы алаңда қатал мамандандыруда болады. Тордың үстінде биік көтерілу волейбол ойыншыларына арналған өте маңызды қағида .
Әрбір спорт түріндегідей волейболда да алаңның ауқымы белгіленуі тиіс. Оның өлшемдері төмендегідей:
- Алаң аумағы: 25х50 фут (7, 6х15, 1 м) .
- Себеттің көлемі 2х27 фут (0, 61х8, 2 м) .
- Биіктігі: 6, 5 фут (198 см) .
- Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы - 340 г.
Волейбол ойыны қарқыны өте жоғары спорттық ойын түрі. Сонымен бірге, ойыншылардың алаңда ойынға қатысыуының өзіндік ерекшеліктері бар. Волейбо л ситуациялы дене жаттығуларына жатады. Басты ерекшелігі - қимылдардың орындалуы алдын ала бағдарланбайды. Ойын кезіндегі әртүрлі мезеттерде пайда болатын жағдайларға, яғни ситуацияға байланысты, бұл кездегі қимылдың дұрыс және уақытылы орындалуы жүйке жүйесінің экстраполяцияға қабілеттілігімен сипатталады. Экстраполяция дегеніміз құбылыстың белгілі бір бөлімінде алынған нәтижелерді екінші бір бөлімінде қолдана алу. Мысалы, ойыншы өзінің серіктесіне допты лақтырарда ол тұрған жерді емес, сол жетіп келетін жерді нысанаға алады (1 сурет) . Бұл жерде жүйке үрдістерінің қозғалмалылығы қажет. Қаншалықты жаңа іс-әрекеттерді көптеп меңгерсе, соншалықты спортшының экстраполяцияға қабілеттілігі арта түседі. Спортшы ағзасының қызметті күйі ойынның ұзақтығына, яғни уақытына, қарқынына, ойын алаңының көлеміне, командадағы адам санына және ойынның маңыздылығына байланысты. Ойын үрдісінде қаншалықты жүгіру көп болса, соншалықты вегетативті ығысулар үлкен болады. Барлық спорттық ойындар дене сапасының қайсы бірінің басым болуына байланысты болады да, шапшаңдықты-күшті жаттығуларға жатады. Қимылдардың басым көпшілігі ациклді болады.
1 сурет - Ойыншылардың алаңда алмасуынан көрініс
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz