Күздік бидай суармалы жағдайда тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшерін беру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Республикамыздың Азық-түлік жоспарында және
Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында дәнді-дақылдар өндіруді жеделдету және
тұрақты өнім алыду ауылшаруашылығының көкейкесті мәселелерінің бірі деп
қабылданды. Бұл мәселені шешудің негізгі жолдары – барлық дәнді-дақылдар
өнімділігін арттыру, оның ішінде бидай өндіру республикамызда алдыңғы
орында тұрады.
Бұл мәселені шешудегі айтарлықтай қиындығы Республикада 50% көбірек
астық дақылдары тұрақсыз ылғалды аудандарда жайласқан.
Дәнді-дақылдарды өндірудің негізгі көзі суармалы аудандарда дәнді-
дақылдарды жетістіру болып есептеледі. Келешекте дәнді-дақылдарды өсіру
бағытын суармалы жерлерден тиімді пайдалану жоғары өнім алуға бұру қажет.
Бидайдың жоғары өнімді сорттары Агротехникалық шараларды дұрыс,
тиімді пайдаланғанда суармалы аудандарда гектарынан 60-80центнерден өнім
алу мүмкіндігі бар.
Бірақ та бидайдан жоғары өнім алу суармалы аудандарда үлкен
мүмкіндігі болғанымен, көптеген аудандарда дәнді-дақылдар өнімділігі төмен
жағдайында қалып отыр.
Әдебиеттерге қарағанда суармалы аудандарда жүргізілген тәжірибелерге
қарағанда жоғары өнім алудың толық шаралары алайда пайдаланылмай келеді
(Адиньяев Э.Д.,Гарюгин Г.А.,Мельник И.В., Пентинов Н.С., Хавизов
А.Ш.,Шатилов И.С.).
Өнімді арттыру егіншілік мәдениетін арттыру және Агротехникалық
шараларды жетілдіру, минералды тыңайтқыштардан ғылыми-зерттеу негіздеріне
байланысы жағдайында пайдалануға тікелей тәуелді.
Республикада соңғы жылдары ауыл шаруашылығында күзгі бидайдың өнімді
сорттары шығарылып жатыр. Бидайдан жоғары және тқрақты өнім алу үшін
сорттық агротехниканы пайдалану қажет болады.
Суармалы аудандар жағдайында өнімді арттырумен бірге ең маңыздысы
астық ұнының жоғары нан пісіру сапасын және басқа технологиялық сапасында
сақтау қажет болады.
Суармалы аудандарда заңдылықты түрде бидайдың өнімділігін арттыру дән
құрамындағы ақуыз және клейковина мөлшерінің төменделуіне алып келеді. Бұл
жағдайдың негізгі себебі сорттардың қоректендіру және суландырудың дұрыс
болмауына байланысты.
Ауыл шаруашылығында бидай дақылдарын қарқынды ғылыми-техникалық
қолдану жағдайлардың бірі, жоспарланған өнім алу есептеледі.
Көпжылдық ғылыми мәліметтерге қарағанда өсімдіктердің өнімділігін
арттыруда фотосинтез қоректендіру су режимін, биологиялық және
агротехникалық негізінде экономикалық тиімділігін есептеуге мүмкіндік
береді.
Жұмыстың мақсаты. Қазығұрт ауданы жағдайында бидайдың жаңа сорттардың
тиімділігін арттыруда тыңайтқыштардан пайдалану әдістері нормасын анықтау
болып есептеледі.
Жұмыстың міндеті. Қазығұрт ауданы климаттық-топырақ жағдайында
бидайды өсіру агротехникалық шараларға сүйене отырып азот, фосфор және
калийдің себу нормасын анықтап, дән сапасын жақсылау болып есептеледі.

1. Әдебиетке шолу.

Елешов Р.Е., Бекмағанбетов А. Мәліметтері бойынша ауыспалы егіс
жағдайында дақылдар үшін тыңайтқыш қолдану технологиясын сақтаудың маңызы
зор. Өйткені бұл жағдайда тыңайтқыш берудің мөлшері мен мерзімі барлық
дақылдар үшін бірдей болмайды. Тыңайтқыш енгізу мезгіліне қарай енгізудің
3 тәсілі бар: 1-негізгі тыңайту, 2- тұқымды себу кезінде тыңайту, 3-үстеп
қоректендіру. Негізгі тыңайтудың басты міндеті дақылды бүкіл вегетациялық
кезеңінде қоректік элементпен қамтамасыз ету. Сондықтан дақылдарға берілуге
тиісті тыңайтқыш мөлшерінің барлығын немесе 70-80 пайызын негізгі тыңайтуда
қолданған дұрыс. Көпшілік жағдайда сүдігер жыртар алдында атқарылады.
Негізгі тыңайту мерзімін дақылдардың аймақтық топырақ – климат
ерекшеліктеріне, тыңайтқыш қасиетіне сәйкес белгілейді. Көбінесе фосфор
және калий тыңайтқыштарының басым көпшілігі топырақтағы ылғалдың немесе
суару әсерінен оның терең қабатына шайылмайды. Демек оларды көп мөлшерде
күзде негізгі тыңайтуда қолданады.[2]
Тұқымды себу кезінде тыңайтудың басты міндеті өсімдікті алғашқы өсу
кезеңінде қоректенуін үдету. Бұл дақыл тұқымы дұрыс және тез көктеп шығуы
үшін оның сіңімді қоректік заттармен қамтамасыз етудің маңызды шарасы.
Тұқымды себу кезінде қатарларға 10-20 кг фосфор қолдану осыған негізделген.
Азот пен калий тыңайтқыштарын қолдануға да болады. Тұқым топырақтың беткі
қабатында орналасқандықтан бастапқы өсу кезінде негізгі тыңайту үшін
тереңге енгізілген тыңайтқыштың қоректік затын пайдалана алмайды. Ал
тұқымды себу кезінде оның қасына енгізген тыңайтқышты өсімдік алғашқы өсу
кезеңінен бастап-ақ пайдаланады. Фосфор тыңайтқыштарын тұқымды себу
кезінде қатарға енгізгенде оның құрамындағы фосфорды пайдалану
коэффициенті 2-3 есе жоғарылайтыны Қазақстанның әртүрлі аймақтарында
жүргізілген тәжірибелердің мәліметтерімен анықталған.[4]
Үстеп қоректендірудің негізгі міндеті - өсімдіктің белгілі бір
кезеңінде қоректенуін күшейту. Үстеп қоректендіруге арналған тыңайтқыш
мөлшері және оны енгізу мерзімі әрбір дақылдың қоректену ерекшеліктеріне
сәйкес болады.
Сонымен бірге дақылдың қоректену ерекшеліктеріне сәйкес үстеп
қоректендірудің мерзімін және қолданылатын тыңайтқыш мөлшерін нақты
анықтаудың маңызы орасан зор.
Азот тыңайтқыштарын қолдану мейлінше тиянақты зерттелген, яғни
көптеген зерттеулерде азот тыңайтқыштарының өнімділікке және дән сапасына
оң әсері анықталған.[3]
Күздік бидай суармалы жағдайда тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшерін беру
Н.К.Болдырев пен А.М.Белоусовтың тәжірибелерінде құрғақ биомассаның
түзілуі 180-190 цга жетті, 240 кгга азот енгізу кезеңінде егістік жығылуы
орын алды. Азот тыңайтқышын N180-240 кгга, Р90-120 кгга артық беру
кезінде өнімнің қарқынды өсуі байқалмады. Оңтайлы тыңайтқыш беру әр
гектарға N180Р90 кгга.
Көңді 90 тга және N60Р90К90 тыңайтқыштарын қолдану күздік бидай
өнімділігін 1,5-3,2 цга арттырды.
Өсімдіктің бастапқы өсу кезеңінде фосформен толықтай қамтамасыз
етілуі – оның қарқынды өсуіне, соның әсерінен жоғары өнім алуға мүмкіндік
туғызады.
Тыңайтқыш енгізу арқылы өсімдіктердің қоректену жағдайын жақсартуға,
фотосинтез қызметін арттыруға, жоғары өнім жинауға жол ашылады.[1]
Гапиенко А.А. мәліметі бойынша қара топырақты Қырым облысы жағдайында
азот және фосфор тыңайтқышын егістікке біркелкі шашып беру, әрбір қатарға
беруге қарағанда тиімді, бұл жағдайда еңбек өнімділігі артады.
Азот және фосфор тыңайтқышын топырақты әртүрлі өңдеу нұсқаларына
берген кезде, ең қолайлы тәсіл негізгі жыртудың астына N120Р60 беру болып
табылады. Барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының пайдалану кезінде оларды
бағалаудың негізгі көрсеткіші әр гектардан алынған өнім болып табылады.
Ғылыми дамуына, техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуге байланысты
дәнді дақылдардың бағалануы жалғыз түсім мөлшерімен қоса, оның сапа
көрсеткішімен де анықталуы қажет. Орманды сұр топырақ жағдайында
жүргізілген тәжірибеде тыңайтқыш қолданудың жоғары тиімділігі егісті себер
алдында N70Р120К120, ерте көктемде өсімдік көктегенге дейін N100 және
өсімдік масақтану кезеңінде – N30 енгізгенде алынды. Қосымша өнім 20,8-16,5
цга құрады.
Тыңайтқыштардың тиімділігі топырақта табиғи қалыптасқан құндылығы
ғана, жаңа сорттар себуге, себу мерзіміне, себу тәсіліне тыңайтқыштардың
мөлшеріне тағы көптеген факторларға байланысты. Қазақстанның ғалымдары
жұмыстарында күздік бидайдан 30-35цга дәне және осы мөлшерге байланысты
сабанды қоса есептегенде, 108 кг азот, 30 кг фосфор (Р2О5) және 168 кгга
(К2О), ал 55-60 цга өнімге тиісінше 205-215 кгга азот; 60-65 кгга
фосфор; 235-250 кгга калий жұмсалды. [7]
Вертий С.А., Малюга Н.Г. түзу үшін азоттың үлесі – 70-75%, фосфордың
үлесі – 20-23%, калийдің үлесі – 5-7%. Азот қорегі өсімдіктің өсуін
вегетативтік массаны ұлғайтады, фаза аралық кезеңді ұзартады.
Күздік бидайға қолданылған минералды тыңайтқыштар, оның тек өнімін
жоғарылатып қана қоймай, олардың сапа көрсеткіштерінің өзгеруіне де әсерін
тигізеді.
Азот тыңайтқыштары өнімділікті және дән құрамындағы жалпы азоттың
мөлшерін жоғарылатады.
Ашық қара қоңыр топырақта өсірілген күздік бидайға тыңайтқыштардың
N120Р60-120 мөлшерлерін қолданғанда, дәндегі белок мөлшері 12,0-14,0
пайыздан 15,1-15,9 пайызға, шикі ұлпа 26,2-33,7-ден 34,5-42,1 пайызға
артқан.[5]
Өсімдікті өсуінің алғашқы кезеңдерінде фосфордың көп мөлшерде болуы
бидайдың тамыр жүйесінің жақсы өсуіне әсерін тигізеді. Күздік бидай құрғақ
затты жинақтаған кезде азотты қарқынды түрде сіңіреді. Күздік бидайдың
түптену кезеңімен дәннің толық пісуіне дейін азотпен жақсы қамтамасыз
етілуі оның өнімділігін көбейтеді.
Арпа дақылын себер кезінде енгізілген суперфосфатқа қайтарымды болып
келеді. Ауыспалы егістің соңында орналастырғанда оның өсімдігі азот пен
фосфордың жетіспеушілігіне сезімтал. Сондықтан дақылдың өнімділігінің одан
әрі артуына күрделі және құрама тыңайтқыштарды (аммофос, нитроаммофос)
немесе теңдес азот-фосфор тыңайтқыштарын себер алдында қолданған жөн.
Жаздық арпа бидайға қарағанда топырақ құнарлылығына көп талап қоймайды,
оның жоғары түсімі гектарына N60Р45 қолданғанда алынады. Тәлімі жерлерде
себер алдында топыраққа N30Р45 және қатараралағына себерде Р15 қолданылады.
Мұражанов Е.Т. мәліметтеріне қарағанда қоңыр құмдақ топырақтарда азот-
фосфор тыңайтқышының қайырымдылығы жоғары. Зерттеу нәтижесі бойынша
топыраққа N30 енгізгенде арпаның қосымша өнімі 0,6 центнерге, Р40 – 0,5 ц,
ал N30 Р40 мөлшерін қоса пайдаланғанда – 1,4 центнерге артты.
Қожабаев Ж.І. мәліметі бойынша Р15 кгга әсер теуші заты бар
суперфосфатты арпамен себерде бірге енгізу егіннің шығымдылығын жақсартып,
тұқымның егістік өнгіштік сапасын 5-7 пайызға, өнімін 15-20 пайызға
арттырады. Сұр топырақты тәлімі аймақта арпа өсірудің тиімділігін арттыру
үшін сүрі танапты ауыспалы егісте тыңайтқышты бір рет енгізуді ұсынады.
Шығыс Қазақстан облысы жағдайында түйіршіктелген суперфосфатты арпа
тұқымымен бірге гектарына 16,6 кг әсерлі затымен енгізгенде, оның
өнімділігі орта есеппен 4 жыл ішінде 20,5 цга болса, ал тыңайтқыш
қолданбаған нұсқада түсім не бары 12,9 ц құрады.
Рычагова А. Зерттеу мәліметтеріне қарағанда Солтүстік Қазақстан қара
топырағында суперфосфатты және аммофосты 30 тга фосфор есебімен
енгізгенде қосымша өнім 2,9-3,1 цга болды. .[10]
Батыс Қазақстанның қара қоңыр топырағына сүдігерге N45Р45 мөлшерінде
тыңайтқыш енгізгенде арпадан 2,3-2,5 ц қосымша өнім алынды. Себерде N27
(аммиак селитрасын) қолданғанда өнім 1,4 ц артты.
Ақтөбе және Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе бекетінің зерттеулері
көрсеткендей, арпаға 60 кгга әсерлі затымен азот енгізгенде дәннің қосымша
өнімі 1,6 ц, фософрда (Р45) – 1,2ц және азот, фосфорды бірге пайдаланғанда
– 2,5-3,0 ц құрады.
Дәнді дақылдардың химиялық құрамы және қоректік элементтердің
шығарылуы топырақтың құнарлылығы мен тыңайтқыштардың енгізілуіне
байланысты.
Сүлейменов Б.У. өз зерттеулерінде кәдімгі сұр топырақта минералдық
тыңайтқыштар өсімдіктегі азотпен фосфор мөлшерін арттаратындығын
дәлелдеген, N60 енгізгенде арпа дәніндегі азот мөлшерін – 2,34%, сабанда
0,89%-ға дейін, ал фосфор тыңайтқышы дәндегі фосфор мөлшерін 0,92%-ға,
сабанда 0,33%-ға дейін өсірген. .[6]
Шымкент облысының тәлімі аймағында тыңайтқышты N60Р60 мөлшерінде
енгізгенде арпаның өнімділігі гектарына 49,9-54,5 центнерге жетті, бақылау
егісімен салыстырғанда түсім 7,6-10,3 цга көбейді. Ылғалды жылдары тек
азот тыңайтқышы өсімдіктің жатып қалуына себебін тигізгенімен, өнімділігін
төмендетпейді.
Қарағанды облысының қара қоңыр топырағында толық минералдық
тыңайтқыштарды (N60Р60К60) енгізгенде қосымша өнім 3,1 цга құрады. Арпаны
мочевина ерітіндісімен үстеме қоректендіргенде өнімділігі 2,5 цга артып,
дәндегі белоктың мөлшері 0,5% ұлғайды.
Жамбыл облысының шалғынды сұр топырағында суармалы егістікте
жүргізілген зерттеулерде арпадан жоғары өнім фосфор калий тыңайтқыштарымен
бірге азотты (N90) енгізгенде алынды. Азот, фосфор, калийдің қарқынды
берілуі және олардың өсімдіктерде сіңірілуі азот тыңайтқыштарының
қолданылуына байланысты, ал тәлімі жағдайларда жоғары өнімді қамтамасыз ету
үшін ерте мерзімде себілетін жаздық арпаға 30 тга әсерлі затымен азот, 20
кгга фосфор тыңайтқышын енгізген тиімді.
Құрамдас тыңайтқыштардағы микроэлементтердің әртүрлі формаларының
әсері арпа дәнінің сапасының және өнімділігінің 5-10% немесе 2,4 центнерге
артуына, қуатты арпа өсімдігінің көп түзілуіне мүмкіндік береді. .[9]
Гаев В., Красник Г. Тәжірибесінде арпаға себер алдында қопсытқанда
1,5-2,0 ц азотты-фосфорлы тыңайтқышты немесе 30 кг азотты, 50 кг фосфорды
себумен бірге қатарға енгізгенде түсім 29,4 цга дейін артты.
Острожева Г. мәліметтері бойынша, Орынбор облысы жағдайында топыраққа
N30P60-N986P82 аралығында минералдық тыңайтқыш енгізгенде өнім бақылау
егімсімен салыстырғанда әжептәуір өсті. Бірінші тыңайтқыш мөлшерінде алғы
дақыл бидай болғанда Донецкий 4 сортынан 24,6; Донецкий 8-ден 26,2 цга дән
алынды. Ал тыңайтқыштың екінші деңгейінде және алғы дақыл жүгері болғанда
өнім гектарына 30,2-34,1 ц құрады.
Абаймов В., Сторожев Г. Орынбор облысының орталық аймақтарында
белсенді фотосинтетикалық радиацияның түсуінен жаздық арпадан гектарына 100
ц құрғақ зат жинақтауға мүмкіншілік бар деп есептейді. Ылғал аз болғанның
өзінде 60-70 цга құрғақ зат түзіледі, ал тыңайтқышты қолданғанда бұл
көрсеткіш 10-20 цга жоғарлайды.
Орынбор облысы жағдайында сүдігерге 2,5 ц құрады, ал тыңайтқышсыз
түсім 20 центнерден асқан жоқ. Бузулук тәжірибе танабында әр гектарға 2,0 ц
суперфосфат енгізілген тарыдан кейін арпаны орналастырғанда қосымша өнім
1,4 цга құрады. .[29]
Саратовтың оң жақ жағалауының оңтүстік қара топырағында азот, фосфор
тыңайтқыштарын әр қайсысын бөлек пайдаланғанда өнім гектарына 3,1-4,0 ц
құраса, толық минералдық тыңайтқышты қолданғанда қосымша түсім 5,2 цга
жетті. Ал сол жақ жағалауының қара –қоңыр топырағында N60P60K60 енгізгенде
бақылау егістігімен салыстырғанда арпа өнімі 3,8 цга .[18]
Далалы аудандарда арпа егістігіне азот пен калийдің аясында фосфор
енгізіледі. Орманды даланың қара топырағында азот-фосфордың, қара топырақты
жерлерінде фосфордың және шымды күлгін топырақтарында азоттың маңызы зор.
Бұл топырақтарда толық минералдық тыңайтқыштың мөлшерін қолданғанда арпаның
қосымша өнімін 11,5 цга дейін арттырады. Тыңайтқыштың тиімділігі
метеорологиялық жағдайғада байланысты келеді. Қолайлы ылғалдылық және
температура режиминде тыңайтылған алқапта арпаның өнімділігі 25,9-26,8 цга
жетсе, ал бақылау егістігінлегі өнім 17 центнерден асқан жоқ. Толық
минералдық тыңайтқыш дәннің протейнінің көлемін 0,41-0,47 % арттырады.
[15].
Арпа минералдық тыңайтқыштың кейінгі әсерін жақсы пайдаланады.
Бүкілодақтық ғылыми зерттеу институтының және Воронеж ауыл шаруашылығы
институтының тәжірибесінде алғы дақыл қант қызылшасы, бидай және жүгеріге
тыңайтқыш енгізілмегенде арпаның өнімі 22,6 цга құрады, ал оларға
N60P60K60,N90P120K90 және N235P180K135 енгізгенде арпаның қосымша өнімінің
өсуі 4,3; 7,6 және 8,6 цга болды. Тыңайтқыш арпа дәнінің құрамындағы
белокты, фосфорды арттырып, азықтық және тағамдық сапасын жақсартады. .[21]
Горький ауыл шаруашылығы институтының тәжірибесінде арпаны картоптан
кейін үшінші дақыл есебінде орналастырып, 20тга көң және N120P120K110
енгізгенде 5 цга қосымша өнім алынса, ал көң тыңайтқыш мөлшерін
көбейткенде түсім 8,4 ц дейін өсті. Бақылау нұсқасында арпа өнімділігі 24,3
цга тең болды, ал ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының мәліметі
бойынша толық минералдық тыңайтқышты енгізгенде арпа өнімі үш жылда орта
есеппен 41,6-71,6 % өсті [16,19].
Поволжья аймағында арпа минералдық тыңайтқышқа қайтарымды келеді.
П.Ф.Агапов, И.А.Чуданов пен В.П.Ваильевтің көп жылғы мәліметтері бойынша,
Кубышев ауыл шаруашылығы институтының кәдімгі орташа қуатты қара
топырағында сүдігерге азот-фосфор тыңайтқышын 40-45 кгга мөлшерінде
енгізгенде арпадан алынған өосымша өнім 4,0 цга жетті, яғни түсім 23,5 %
өсті, ал П.И.Алещенконың қорытындылауынша жартылай шөлді аймақтарда тәлімі
жерлерде N60P60 мөлшерінде суармалы жағдайда N150P120 мөлшерінде азот-
фосфор тыңайтқышын қолданғанда тұқымның өнімділігінің артуына,
өсімдіктердің өсуіне және дамуына қолайлы әсер ететінін анықтаған.
Алабушев А.Б. пен Ткачева Н.А. мәліметтеріне қарағанда бұл аймақта
арпаның 40цга өнімін жоспарлау үшін минералдық тыңайтқыштың N80P120K40,
N180P240K90 мөлшері енгізіледі, сонымен бірге өнімді түптілік пен
егістіктің сапасы жақсарады және жинардағы өнімді сабақ саны 20% ұлғайған.
Бірінші мөлшерде дәннің белогы жақсарып, тұқымның өсу энергиясы 91-92%,
көктеуі 94-96% болды. Бақылау егісінде бұл көрсеткіштер 88-93%-ға тең.
Дон ауыл шаруашылығы институтының тәжірибесінде минералдық
тыңайтқыштардың қалыпты мөлшері N90P120K80 болды, ал N60P60K60 аясында
өсірілген тұқымның егістік шығымдылығымен және сапасы жоғары болды.
[24,25].
Топырақты өңдеу – егіншілік саласының үлкен бір тармағы болып
саналады. Көптеген жағдайда арпа дақылының агротехникасын зерттеу барысында
топырақты өңдеу тәсілдеріне көңіл аудармайды.
Топырақтың түзілуі белгілі бір сыртқы орта жағдайында биологиялық
факторлар мен қатты және сұйық фазалардың өзара әсері арқасында болады.
Топырақ түзілуімен бір уақытта физикалық, химиялық, физико – химиялық,
биохимиялық қасиеті, механикалық және минералогиялық құрамы, ылғал, жылу,
ауа, және қоректік режимімен байланысқан оның құнарлылығы да арта түседі.
Топырақты өңдеу тәсілдеріне байланысты топырақ бөлшектерінің
арасындағы қуыстарының мөлшері өзгереді, ол өз кезегінде ылғал режиміне,
топырақ пен атмосфералық ауа арасындағы газ алмасуына әсер етеді. Топырақты
өңдеудің әр түрлі тәсілдері топырақ ортасының тез физикалық жағдайына әсер
етіп қоймай, жыртылатын қаббатағы өсімдік қалдықтары мен тыңайытқыштардың
таралуына, биологиялық процестердің қарқынды жүруіне жағдай жасады.
Биологиялық процестердің сипаты мен бағыты топырақтағы органикалық
заттардың ыдырауы мен синтезін, минералдануын және өсімдіктің қоректенуіне
тиімді пішінге өтуіне жағдай жасайды. Сондықтан топырақты өңдеу мәселесінде
әр кезде теориялық және тәжірибелік сауалдарға үлкен көңіл бөлінеді.
Жерді механикалық жолмен өңдеу адамның топыраққа әсер етуінің маңызды
факторларының бірі болып табылады. Өсімдік тіршілігі мен ауыл шаруашылығы
дақылдарының өнімін арттыруда барлық топырақ – климаттық аймақтарда
механикалық өңдеудің әсері зор. Топырақты өңдеу, дақылдар өсіру
технологиясы мен топырақ режимін бақылауда, өсімдікті ылғалмен қамтамасыз
етуде, арамшөптермен күресуде, ауыл шаруашылығы дақылдарының
зиянкестерімен, ауруларымен күресуде тұрақты орын алады. Өсімдіктің өсіп -
өнуіне қажетті факторлар ( ауа, жылу, физико – химиялық орта, су, қоректік
элементтер мен т.б. жағдайлар) және оларды қалыптастыратын топырақ
қасиеттері кешенін құнарлық дейді. Адамзат топырақтың құнарлығына ежелден
көңіл аударғанымен, бұл түсініктің теориялық негізі бірден салынған жоқ.
Тэер пікірінше Топырақ құнарлығы түгелімен қарашірікке байланысты, суды
есептемегенде, қарашірік өсімдік үшін басты қоректік зат, сондықтан көң
төгу, ауыспалы егіс енгізу, тыңайтқыш беру жұмыстары топырақтағы қарашірік
мөлшерін көбейтуге арналуы керек - деген. .[13]
Слесарев В.Н. өзінің зерттеулерімен және басқа авторлардың
материалдарын біріктіре мынандай қорытынды жасайды, Батыс Сібірдің қара
топырағын сүдігерге өңдеу алаңдарына есеппен қадағалап және анықтап тек
қана танаптың ластануын ғана емес, сонымен қатар топырақтың механикалық
құрамы, алғы дақылы, себілетін дақыл, және ең қажетті жағдай жыртылатын
қабат және топырақ ылғалдылығын анықтау керек. Бұл жұмыстарды атқару үшін
келесі бағыттармен жүру керек: өте құрғақ күздерде топырақтың бір метр
қабатында 30 мм қоректік ылғал қоры құралады, ал ылғалды күзде 100 мм
оданда артық болса сыдыра өңдеу көлемін және тереңдігін азайтуға болады.
Ылғалдылық деңгейі жағдайында қоректік ылғал қоы құрамы 30 – 100 мм болса,
барлық танаптарды өңдеу қажет, жаздықтарды себу және өскінді өңдеу ызғарға
тұрақтылығын анықтайды. Топырақты сүдігерге өңдеу кезінде құрғақшылық
аудандарда ең жоғарғы жауын – шашынның аккумулияциялық жиналуы, топырақтың
эрозияға қарсы тұрақтылығын сақтап, егіс алқабындағы қолайлы жыртылатын
қабатты қалыптастырады.
Лаукарт Ф.Ф. көрсеткендей көп жағдайда жауын – шашынды жақсы сіңіру
сүдігерге аудара жыртуда жүретінін көрсетті. Құрғақ далалы жағдайда тоң
кесекті топырақтарда ылғал тез сіңеді және тез жоғалады. Күзде өңделмеген
топырақта ( аңыз аясы) ылғал сүдігерге қарағанда бірнеше есе баяу сіңеді
және жеткілікті болады, ең бастысы, өте баяу буланады. Мысалы, 1978 жылы
күз өте құрғақ болып тамыз – қазан айларында барлық түскен жауын – шашын
14,9 мм болды. Көктемде жаздық бидайды себу уақытында ылғал қоры күзде
өңделмеген аңызда 108 мм құраса, ал терең қопсытуда 55 мм – ді құраған, дән
өнімділігі сәйкесінше 16,4 және 11,4 цга. Бірақ, ол топырақты күзгі
өңдеусіз қалдырудан бас тарту үшін жоғары егіншілік дақылдарын және
арамшөптен таз танаптарда болады деп санайды. .[14]
Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясында топырақты
механикалық өңдеу жаңалық емес. Ресейдің көптеген ғылыми зерттеу
институттарында өңдемей тікелей себу тәсілі жеке элементтер түрінде
зерттелді. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде көп жағдайда алаңдар
дәстүрлі технологиямен топырақты өңдеуде 20 – 30% өңдемей тікелей себу
тәсілімен қамтылу әлемдегі егіншілік талдау тәжірибесінде көрсетілді.
Өңдемей тікелей себу тәсілінің тиімділігін айта келе, бәрінің тұрақты
жағдайларын балап олардың жақсы және кері әсерін зерттеп жерге байланысты
уақытша ауа – райы және басқа факторларды қолдану. Біздің ойымызша,
топырақты өңдемей тікелей себу тәсілі және минималды өңдеуде танаптың
ластануының төмендеуі көп жағдайда аңыздық қалдықтарды топырақтың бетін
жапқан түрінде қолданғанда әсері болады.
Хабибрахманов Х.Х. және Мареев В.Ф. зерттеулері көрсеткендей
Татарыстан АССР – ның орманды сұр топырағында гербицид қолданғанда
топырақты негізгі жеңіл өңдеуге болады, сыдыра жыртуды аудара жыртумен,
және сыдыра өңдеуде сыдыра қопсытумен алмастыруға болады. Ылғалды жылдары
топырақты негізге терең өңдеудің жоғарғы қабатын өңдеу немесе нөлдік
тәсілмен алмастыруға болады. Негізгі жеңіл өңдеу жағдайында гербицидті
міндетті түрде қолдануға болады. .[11]
ХХ ғасырдың 40 – шы жылдары топырақты өңдеуде соқа қолданбай жеңіл
өңдеуде америкалық Э.Фолкнер ұсынды. Ең қызықтысы, топырақты өңдеудің бұл
түрі іс жүзінде И.Е.Овсинский келтірілген әдіспен бірдей болды. Оның
мағынасы: түскен жапырақтар мен көкеніс дақылдарынан қалған сабақтарды
жабыншақ ретінде қалдырып,топырақты 7,5 см тереңдікке ғана өңдеу болатын.
Белоруссия жағдайында астық дақылдарын өсіруде топырақтың беткі
қабатын өңдеудің тиімділігін Г.Д.Белов, Г.В.Симченков жеткізеді. 1978 жылы
республикада осы тәсілмен 82,2 мың. га, ал 1979 жылы 193 мың,га өңделді.
Калинин А.Б. және Сидыганов Ю.Н. дәлелдерінше, топырақты аударып
соқамен қайыра жыртуда топырақ құнарлылық қорының төмендеуі, келесілерге
бөлінеді: жыртылатын қабатында соқалы табандардың дамуы, машина трактор
агрегаттары мен топырақ өңдеуші құралдардың жұмыс органдарының әсері,
топырақтың жалпы тығыздалуына әкеледі. Топырақтың беткі қабатын жауып
өңдеуге көшу жанар – жағар май және еңбек шығынын төмендетіп, топырақ
құнарлығын жоғарлатады, сонымен қатар, МТА – ның жүру жүйесі мен жұмыс
органдарының әсері және эрозия процестерінің дамуын азайтады. .[34]
Терең аудара және аудармай өңдеудің интенсивті бұзылуын түсіне және
мойындай келе А.Н. Власенко, В.Н.Слесарев және басқалар қара топырақты
жеңіл өңдеудің басқа топырақ түрлерінен айырмашылығына қарағанда осы
бағытта ең жақсы қасиетке ие екендігін айқындайды. Олардың мәліметі бойынша
жеңіл өңдеуді анықтау: қысқа ротациялы ауыспалы егіс, аймақтың
гидротермикалық ерекшелігі, техникалық қамтамасыз етілу деңгейі, интенсивті
егіншіліктің деңгейінде топырақ құнарлығының суға шайылуы,топырақты жеңіл
өңдеуде жақсы білім мен ақыл ой аясында кешенді дұрыс тарату қажет.
Максютов И.А. айтуынша, Орынбор облысының кәдімгі және оңтүстік қара
топырағының негізгі өңдеуде жыртылатын қабат тығыздығы 1,15 гсм3 – нан
аспаса, жеңіл өңдеуде қолдануға болады, ал жоғары болса онда мұндай өңдеуде
жүргізу қауіпті, мұндайда келесі жылғы көктемде су режимі нашарлап
өнімділік төмендейді. Бір танапта жеңіл өңдеуде үш жыл қатарынан жүнгізсе
егістікті арамшөптердің басуы көбейіп және өнімділік дейгейі төмендейді.
Кислов А.В. және басқалардың зерттеулері көрсеткендей, оңтүстік қара
топырағының физикалық қасиеттері астық дақылдарының егістігін жеңіл өңдеп
негізгі топырақты өңдеуді қолданбауға толығымен болады. Олардың мәліметі
бойынша, топырақ тығыздығының тепе – теңдігі 0-10, 10-20, 20-30 см
қабаттарында сәйкесінше 1,17, 1,23 және 1,26 гсм3 – қа жоғарлаған.
Шымды – күлгін саздақ топырақта жеңіл өңдеу тәсілдерінің онда
қарашіріктену прцесі және органикалық заттардың қоры, сонымен қатар топырақ
құнарлылығы сақталып және жоғарылау қабілеттілігі жақсарады, ал осыған
байланысты еңбек жұмысы жеңілдеп және уақыттың қысқаруымен
перспектикалылығын көрсетеді. .[17]
Деткин Н. және Двуреченский В.И. айтуынша, астық дақылдарын өсіруде
нөлдік технологияның перспективалылығы тек қана Қостанай облысы жағдайында
ғана емес және де Қазақстанның басқа да региондарында, аз шығын, энергия
үнемдеуші, еңбек қорын аз қажет ететін тәсіл болып табылады. Бірақта бұл
технологияға көшу үшін ауыл шаруашылығының техникалық саймандары сай болу
қажет.
Оңтүстік – Шығыс Қазақстанның кәдімгі сұр топырағында, топырақты
күзде негізгі өңдегенде топырақтағы ылғал қоры мен су өткізгіштігінің
төмендеуіне әкелген жоқ. Кәдімгі сұр топырақтың жыртылатын қабат
тығыздығының жоғарлауы топырақ ылғалдылығының азайуын болдырмайды. Әрі
қарай олардың көрсетуінше, жеңіл және нөлдік өңдеу нұсқаларында жыртылатын
қабаттың тығыздалу прцесі орташа қамтамасыз етілген жауын – шашын
жылдарымен айрықшаланады. Ұзақ уақыт жауын – шашын болмауынан немесе
керісінше жауын – шашынның қатты жууына байланысты көлемдік салмақтың
жоғарлауы байқалады, бірақ ол тәлімі сұр топырақтағы астық дақылдарының
көрсеткіштеріне қолайсыз болады. .[8]
Росинформагротехтың жалпы мәліметтері бойынша топырақты жеңіл
өңдеуде астық дақылдарының өнімділігі 20-22 см – ге аудара жыртудағыдай
өнімді қамтиды, ұтымдылығы шығынды төмендетіп, жанар – жағар май шығынын 10-
15 кгга – ға азайтады. Күздік егістіктерде жеңіл өңдеуді құрғақшылық
жылдарда қолдану тиімділігі байқалады, осы өңдеуде аудара жыртумен
салыстырғанда өнімділік (1,3-5,4 цга) жоғарлаған, ал ылғал қоры жеткілікті
жылдары керісінше төмендеген.
Астық шаруашылығын тұрақтандыруда астық дақылдарын өсіріп шығын
азайту жолында энергия үнемдеуші технологияға бейімделуі мүмкін.
Каракулова В.В. мәліметі бойынша, астық дақылдарын өсіруде
перспективалы қор үнемдеуші технологияның арқасында гербицид енгізуді ең
жоғарыдан орташа және ең төменгі мөлшерге дейін азайтып экологиялық таза
өнім алуға болады.
Көптеген зерттеушілердің есептеуінше топырақты жеңіл өңдеу тәсілі
топырақ құнарлылығын белгілі бір деңгейде ұстап тұруға бейімдейтін
егіншілікті биологизациялау факторларының бірі болып табылады. Жеке
жағдайда Колорадо штатының эксперименталды бекетінде жүргізілген 16-жылдық
зерттеуде американдық ғалымдардың нәтижелері де осындай қорытындыға
(Follett, Petterson ) келген. АҚШ – та, нөлдік өңдеуді 10-жыл көлемінде
қолданғанда 0,5 см қабаттағы топырақ қарашірігі аударып қайыра жыртумен
салыстырғанда екі есеге көбейген. Топырақты механикалық өңдеудің әсерін
қысқартып және топырақ қыртысын аудармай топырақ қорғау жағдайында жеңіл
өңдегенде кәдімгі қарашіріктің жағдайына жақындауын қалыптастырады. .[12]
Топырақты жеңіл өңдеу бағыттары Қазақстанда да зерттеліп жүргізілуде.
Қостанай облысының құрғақ далалық аймағында ұсынылған негігі өңдеусіз
жаздық бидай өсіргенде топырақтың тығыздалуы мен өнімділіктің төмендеуіне
әкелген жоқ. Сүрі танаптан кейінгі өңделмеген аңызда екінші және үшінші
дақылдан кейінгі себілген бидайдың перспективалылығы көрсетілді.
Астықты отамалы ауыспалы егісте кәдімгі қара топырақта көп жылдық
танаптық тәжірибе мәліметі бойынша (Запорожск облысы) қойылған, әртүрлі
сыдыра өңдеулермен бірге органикалық және минералдық тыңайтқыштар дақылдың
ең жоғарғы өнімділігін қамтыды, аудара жыртуға қарағанда топырақтың
құнарлылығына кері әсерін тигізбейді.
Сонымен қатар топырақты өңдеу технологиясын зерттей келе қалыптасқан
жер жырту әдісіне қарағанда топырақты өңдеуді жеңілдету топырақтың
агрегаттық жағдайын арттыруға, эрозия процесін азайтуға мүмкіндік туғызады.
Оның ең бастысы топырақ құнарлылығын арттыру, эрозияның алдын алу, жер
өңдеуде кететін шығынды азайту, көптеген ғалымдардың зерттеулеріне
қарағанда топырақты жеңіл өңдеуге өтуді бірінші кезекте қара топырақты
аймақтарда іске асыру керек. .[33]
Агрохимия ғылымының негізін салушы Д.Н.Прянишников өсімдік, топырақ
және тыңайтқыш арасындағы өзара байланысты олардың бір – біріне қандай әсер
ететіндігін жетік білу керек екендігін көрсеткен болатын. Өсімдіктер біздің
планетамыздағы көміртегі айналымын жүзеге асыратын, оны белгілі дәрежеде
сақтап тұратын аппарат деуге болады.Жасыл өсімдіктер жер жүзінде жыл
сайын 400 млрд.т көміртекті қосылыстар түзеді. Осы процесс кезінде 170
млрд.т көмір қышқыл газы мен 130 млрд.т су қосылып, 115 млрд.т оттегі
бөлініп шығады. Органикалық заттар түзу үшін өсімдік жыл сайын 2 млрд.т
азот пен 6 млрд.т күл элементтерін пайдаланады. .[16]
Тыңайтқышты қолдану кезінде өсімдіктегі құрғақ заттар салмағының
артуы түптенуден дән салу кезеңіне дейін байқалады. Сол сияқты өсімдік
құрғақ затының артуы топырақ ерекшелігіне, ауа-райына (жауын-шашын
мөлшеріне) байланысты болады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін көбейту және оның сапасын
жақсартудағы басты шаралардың бірі ондағы сіңімді қоректік заттардың
мөлшерін арттыру болып табылады.
Қазіргі ауыл шаруашылығы өндірісінде жоғары коэффициентті топырақты
қорғау және энергия қорын үнемдеуші технологиялар топырақты жеңіл өңдеу
органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолдану ең жоғарғы
көрсеткіштерді иеленеді. Солтүстік Кубан тәжірибе бекетінде ұзақ уақыт
(1974-2003 жж) жүргізілген тәжірибеде топырақтың агрофизикалық және
агрохимиялық қасиеттеріне байланысты топырақты негізгі өңдеу жүйесі және
органоминералдық тыңайтқыштардың әсері мен бірге егістіктің ластануы және
өсірілген дақылдың өнімділігі қарастырылды. Зерттеу алты танапты астықты
отамалы егістікте дақылдар қатары күздік бидай – жүгері – күздік бидай –
күздік бидай – күнбағыс – күздік бидай, қоректік ая ортасы N95Р50К45
мөлшерінде жүргізілді [27].
Арпамен жасалған тәжірибе егін түсімі өңдеу түріне емес, тыңайтқышқа
байланысты екені анықталды. Тыңайтқыш бермей жыртылған жерде ол 40,3;
нөлдік өңдеуде 27,1 цга, 56 кгга азот берген кезде 45,1 және 42,9 цга,
84 кгга азот бергенде 53,9 және 51,0-112 кгга берген кезде 50,7 және 55,5
цга-ға артқан. Азот мөлшерінің артуымен нөлдік өңдеудің тиімділігі де
артқан. Азотты тыңайтқыштың топырақты жеңіл өңдеуіне жағымды әсері
биологиялық белсенділік төмендеуі мен нитраттар жиналуымен түсіндіріледі.
Украинаның ғылыми зерттеу институтының тәжірибесінде әлсіз
сілтіленген қара топырақта жаздық арпаға минералдық тыңайтқыштың N 40P40K40
мөлшерін қоданғанда, оның өнімділігі 20%-дан 120-ға дейін өсті, ал бұл
аймақтың ауыспалы егістерінде топыраққа N60P60K60 енгізгенде, бақылау
егісімен салыстырғанда 6,2-5,4 ц артық өнім алынады.
Бычко О.С., Мороз А.П. қара қоңыр топырақта жүргізілген зерттеулер
нәтижесінде жаздық арпаға қарағанда күздік арпа тыңайтқышты тиімді
пайдаланады, бірақ жаздық арпаның түптік өнімділігі 8-28K, дәнділігі 1-13 %
жоғары болады.
Белорусияның топырақ ғылыми зерттеу институтының мәліметтері бойынша
мәдениеттендірілген шымды күлгінді топырақта толық минералдық тыңайтқышты
(N60-90P60-90K60-130) енгізу арқылы гектарына 15-18,9ц қосымша өнім алып,
жалпы арпаның түсімін 42,0-46,3 ц\ға дейін көтеруге болады. .[23]
Лапуха Л.П, Лапуха З.П. зерттеулерінде бір рет енгізілген азоттың
мөлшері өнім жинау үшін тиімсіз екенін, ол өсімдіктің жатып қалуына
әкелетін анықтаған.Ал азотты бөлшектеп енгізудің тиімділігі түптену-
түтіктену фазаларында жақсы байқалады. Арпаны масақтану фазасында
кешіктіріп үстеме қоректендіру тиімсіз, ал түтіктену фазасында үстеме
қоректендіру өнімді 7,9-8,1 цга төмендеткен. Арпа дәнінің өнімі құнарлы
топырақта фосфор калийдіңі қолданылуына, ал кептірілген фосфор калий
мөлшері орташа қамтамасыз топырақта тек азот енгізуге байланысты болды.
Вильдфлуш Р.Р., Куруленко В.М. деректеріне қарағанда азот
тыңайтқышының 60 кгга әсерлі заты түптенуге қарағанда көктеу фазасында
тиімділігі жоғары болды. Ал оны бөлшектеп енгізгенде дән құрамындағы
белоктың мөлшерін ұлғайтады. .[30]
Әртүрлі мерзімде арпа егістігіне Р90К90 аясында азот тыңайтқышының
түрлі формаларын, оның ішінде аммиак селитрасын 60-90 кгга мөлшерінде
енгізуде дәннің өнімділігі 7,9 цга дейін өскен.
Kandera I., Dudas F., Pelikan М. өз тәжірибесінің қорытындысында арпа
дәнінің өніміне және белокьың мөлшеріне минералдық тыңайтқыштың, соның
ішінде азоттың тиімділігін атап көрсетеді, яғни 40-тан 130 кгга дейін
азоттың мөлшерін ұлғайтқанда дәннің өнімі орта есеппен 30,3-тен 52,8 цга
дейін өсті, ал шикі белоктың жинақталуы 4,18-7,33 цга құрады.
Бұл ретте ғылыми зерттеу мекемелерінде көптеген ғылыми деректер
алынып, өндіріске тиімді ұсыныстар енгізілді. Еліміздің ауыл шаруашылығы
саласының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – ауыл шаруашылығы
дақылдарынан мол, әрі сапалы өнім алып қана қоймай, топырақ құнарлылығын
жоғарылату болып табылады. Бұл міндеттерді шешуде ауыл шаруашылығын
жүргізудің ғылыми негізін жасау, оның ішінде тыңайтқыштардың тиімді
мөлшерін, мерзімін, себу тәсілін қолдану басты роль атқарады.[22].
Арпа егісінде ең көп кездесетін кәдімгі арамшөптер (егістік қалуен
және қызғылт қалуен немесе тікенқурай). Арпа егістігінде қазіргі таңда
кеңінен көп қолданылып жүрген гербицид 2,4-Д. Бірақ бұл гербицид
көпжылдықтарға нашар әсер етеді. Ұзақ уақыт 2,4-Д гербицидін қолданғанда
егістікте тұрақты атпатамырлы арамшөптердің көбеюіне алып келеді. 2002-2004
жж, атпатамырлы арамшөптермен қатты ластанған арпа егістігінде біз 2,4-Д
гербициді мен Ковбой-Трезор гербицидін салыстырып нағыз шымды күлгін
топырақта тәжірибе жүргіздік. Арап өнімділігі, өсімдіктің дамуын, олардың
биіктігін арамшөптердің әр түрлеріне гербицидтің әсерін анықтадық.
Зерттеудің нәтижесінде гербицидпен өңделген егістікте 30 күннен кейін өлген
арамшөптер 68,3-86,8 пайызды құрады. Айта кететін жайт Ковбой-Трезор
гербициді 2,4-Д гербицидіне қарағанда өте тиімді, көп жылдық арамшөптерді
өлтірген, бұл өңдеудің нәтижесін статистикалық түрде айқындайды. .[28]
Кең тараған тәсілдің бірі – химиялық тәсіл. Гербицидтерді пайдалану
экологиялық тиімді, егін өнімділігін арттырады және оны жинауды
жеңілдетеді. 2,4-Д гербицидін қолдану арқылы егістік жалпы ластануын 71%,
ал диапен, сосын, трезор, супергранетар, линтур, гранетар+дезорман
қолданған кезде арамшөппен ластау 79-95% азайды. Қауіпті арамшөптердің өсуі
(пумеренник, асот) тежелді; қосымша өнім – 2,5-4,7 цга құрды.
Казенас Л.Д. мәліметтеріне қарағанда арпа дақылында саңырауқұлақтар
қоздыратын: ақ ұнтақ және қортық тат, жиектелген дақ пен
гельминтоспориоздың бірнеше түрлері және септориоз аурулары таралған.
Сонымен қатар, бұл дақылда бактериялар мен вирустар қоздыратын жолақты
бактериоз бен қуыршақтану кеселі де кездеседі. Н.Н. Әлмұратов пен
М.Қойшыбаевтың деректеріне қарағанда, жоғарыда аталған аурулардың ішінде
аса кең таралған және зияндыларына қатты және тозаңды қара күйелер, тамыр
шірігі мен сары тат, жолақты және торлы гельминтоспориоз бен сақиналы дақ
аурулары жатады. .[26]
Қойшыбаев М. мәліметтеріне қарағанда, арпаның торлы дақ ауруы
Қазақстанның солтүстік және шығыс аудандарында кең таралған. Жолақты дақ –
республиканың оңтүстігі мен оңтүстік – шығысында шөлді-дала және тау
етегіндегі дала аймақтарында жиі, ал таулы аймақтарда сирек кездеседі. Ал
қара-қоңыр дақ ауруы арпа егілетін барлық аймақтарда кездесіп, ылғалды
жылдары біршама дамиды. Арпаның жиектелген дағы көбінесе Республиканың
оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс аймақтарында кең таралғанмен, аурудың қарқынды
дамуы Алматы облысының биік-таулы, кейбір жылдары тау етегіндегі егістерде
байқалады. .[36]
Трофимовская А.Я. мәліметтеріне қарағанда көптеген елдерде арпа
дақылының гельминтоспориоз ауруы қара күйе және тат ауруларына қарағанда
кең таралған, зияндылығы жоғары болып келеді. Мәселен, АҚШ ғалымдарының
деректеріне сүйенсек, жолақты дақ ауруы күздік арпа өсірілетін шығыс
аудандарда және Калифорния штатында айтарлықтай зиян келтіреді екен.
Инфекция залалданған дән арқылы таралады, қоздырғыштың физиологиялық
нәсілдері анықталған. Торлы дақ ауа-райы салқын жылдары өте қарқынды
дамиды. Жиектелген дақ ауруы Калифорнияның күздік арпа өсірілетін орталық
шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарында, әсіресе Америка Құрама Штаттарының
оңтүстік-батыс аудандарында кең таралған. Бұл аурудың салдарынан арпа өнімі
20-30%-ға дейін төмендеуі мүмкін. .[20]
Қойшыбаев М. деректері бойынша, Алматы облысында ринхоспориоз ауруы
қатты дамыған жылдары оның зияндылығы 23%-ға жетіп, өнім 6-7%-ға дейін
төмендейді. Инфекция қоры шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталады.
Жапырақтың сызықша дағы ауруына шалдыққан арпа өсімдіктері көбінесе
масақтану кезеңіне жетпей апат болады, дән салғанның өзінде өнімі 2-3 есе
төмен келеді, тұқымның салмағы мен өнгіштігі төмендейді.
Хасанов Б.А. Солтүстік Қазақстанда торлы дақ кеселінің өсімдіктің
даму кезеңіне байланысты зияндылығын анықтаған. Арпа егістерінде кездесетін
ол дәннің қараюы ауруының 95%-ға жететінін анықтап, бұған қарсы байтан-
универсал фунгицидін қолдануды ұсынған. Сонымен қатар, автор, аурудың
дамуына қолайлы жағдай туған кезде арпаның торлы және қара-қоңыр теңбіл
дақтарының зияндылығы 35-45%-ға жететінін анықтаған. .[32]
1997-1998 жылдары Л.А.Пономарева Республиканың солтүстік – батыс
аймағында арпаның Медикум – 85 сортында жолақты дақ ауруының зияндылығын
анықтаған. Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми- зерттеу институтының
Заречное тәжірибе шаруашылығында жүргізілген зерттеулер мынадай нәтиже
көрсеткен: өсімдік ауруға қатты шалдыққанда, оның түптенуі және масақтануы
төмендеп, нәтижесінде өнім шығыны 46% жетеді. .[38]
Бидайға қарағанда арпа дақылында тат аурулары айтарлықтай зиян
келтірмейді. Дегенмен соңғы жылдары республиканың оңтүстік-шығыс
аймақтарында бұл ауру белең алып, ол соңғы дақылға айтарлықтай зиян
шектіруде. .[35]
Адамзат мыңдаған жылдар топырақты потенциялды құнарлығын
мобилизациялайтын күшті фактор ретінде топырақты өңдеуді қолдануда.
Ғасырдан ғасырға өткен өзгерістерді санамағанда топырақты өңдеудің сол
әдістері беріліп отырған. Ауыл шаруашылығының техникалық қарулануының
күшеюі кезінде топырақ құнарлылығын қарқынды қолдану механикалық өңдеудің
тереңдігі мен санының артуына әкелді. Бұл тезірек арамшөптерді құрту,
жыртылатын қабаттың күштілігін арттыру, микроорганизмнің тіршілігінің
белсенділігін арттыру, ылғал және қоректік режимін жақсарту, қорыта
айтқанда өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдардан көп өнім жинау үшін керек.
Соған қарамастан механикалық өңдеу түгелдей арамшөптерді құрта алмайды.
Егіс даласының арамшөп мөлшері минимумға дейін жетеді де, ол қайтадан өсіп,
жаңа өңдеуді қажет етеді. .[37]
Көптеген зерттеулер нәтижесінде топырақтағы қарашірік мөлшері
биологиялық белсенділік, оның құрылымының, ылғалға төзімділігі, ылғал
өткізгіштігі және ұстап тұруы қасиеті арасында тығыз байланыс бар екені, ол
байланыс температура режимі, сіңіру көлемі мен басқа қасиеттеріне
байланыстылығы анықталды. Органикалық заттар белгілі бір мөлшерде топырақ
түзілу процесінің бағыты, биологиялық, химиялық және физикалық қасиетін,
қорыта айтқанда құнарлығын анықтайды. .[31]

2.1 Тәжірибе жүргізу әдістері мен жағдайы

2.2 Климаттық және топырақ жағдайы

Тәжірибе жүргізу әдістеріне және алдымызға қойылған алқаптың тәжірибе
ауданы өндірістік кәсіпорында жүргізілді. Өндірістік кәсіпорынның топырағы
ежелгі суармалы сұр топырақ.
Бізде сұр топырақ (Банков 1935, Розанов 1951) мәліметтерге қарағанда
теңіз бетінен 350-550 м биіктік аралығында ойлы, қырлы, тегістік жерлерді
алып жатады.
С.А. Кудрин (1949ж), М.А.Панков (1935 ж), А.Н.Разанов (1951 ж)
мәліметтеріне сүйенсек сұр және сұрғылт топырақ төмендегідей қасиеттерге
ие, қарашірік қабатының күшсіз, топырақта минералды түйіршіктердің кем
ыдырауы, минералды каллоидтардың өте кем болуы, кальцийдің көбірек болып
корбанатты болуы. Жер асты ыза сулары 1,5-2 метрді құрайды, көктем, күз
айларында ыза суы 0,6-1,0 метрге дейін көтеріледі. Бұл жағдай қазіргі
кездегі алдыңғы дренаждардың істен шығуына байланысты болса керек.
Климаттың жағдайына келетін болсақ Мақтаарао ауданы климаты ауыл
шаруашылығы егіндеріне қолайлы болып келеді. Аязсыз күндердің кем болуы
сондай-ақ суландыру жүйелері жеткілікті болғаны үшін мақта, жүгері,
жоңышқа, тамыр жемісті өсімдіктерден мол алуға үлкен жағдай жасайды.
Біз тәжірибе алқаптарына жалпы климаттық жағдайына сипаттама беруге
елді мекен метерологиялық станициясының мәліметтерінен пайдаландық. Аудан
климаттық жағдай (Панков 1935, Разанов 1951) мәліметтеріне қарағанда құм-
шөлді зонаға тиісті ерекшеліктердің бірі жауын-шашынның кем болуы. Оның да
көбірек мөлшері көктем, күз айларында дұрыс келеді. Метерологиялық
мәліметтерге сүйенсек жаз айлары құрғақ және ыстық келеді. Тәуліктік
температура амплитудасы тұрақсыз болып күндіз және түнда өзгеріп тұрады.
Жыл бойы ашық бұлтсыз күндер көп болады. Аязсыз күндер мөлшері 200 күннен
артық, жалпы көпжылдық мәліметтерге қарасақ, жылдық жауын-шашын мөлшері 282
мм болып соның ішінде 34-40% қыста, 38-40% көктемде және күзде 15-19% дұрыс
келеді. Жалпы жылдық температура орташа 12-14 градус болады.
Абсолют ауаның минимум (төменгі) температурасы орташа 9,0-дан 30ºС-қа
дейін ауытқып тұрады. Соың ішінде температураның өте ыстық, жоғары кезеңі
(45ºС) шілде айына дұрыс келеді (1 кесте).

Тәжірибе Тыңайтқыш себілетін кезеңдері
рнварианттары
Жерді аударудан Көктемгі түтіктену
алдын кезеңінде
1 Бақылау (тыңайтқышсыз)- -
2 N30Р30К30 N30Р30К30 -
3 N30Р30К30 + N30Р30 N30Р30К30 N30Р30
4 N30Р30К30 + N60Р60 N30Р30К30 N60Р60

Топырақтағы жалпы фосфор және калий Мешеряков әдістерінде атқарылды.
Егілген бидайдың өсіп өркендеуі және өнімділігін зерттеу үшін
бақылаулар және биометриялық өлшеулер төмендегі әдіс нұсқаулардан
пайдаланылды.
- тұқымның далалық жағдайда өнгіштігі, өсімдіктердің қыстап шығуы,
одан кейінгі және өнімді жинаудан алдыңғы өлшем және саны 0,5м2
ауданда, вариан бойынша 5 нүктеден анықталып орташа есепке алынды.
- топырақ беткі көлемі, өсу динамикасы фотосинтез таза өнімділігі
А.А.Нигопорович және басқалар (1961), И.С.Шантилов (1975) әдістері
бойынша анықталды.
- суда еритін қант мөлшерін өсімдіктің жер үсті бөлігінде Сакслет
әдісімен анықталды.
- өсімдіктердің құрғақ салмағы өсіп-өркендеу дәуірлері бойынша әрбір
қайталаудан 10 дана өсімдік алынып анықталды.
- күзгі бидай түптенуі, түктердің өнімділігі агротехникалық әдістерге
байланысты зерттеу мақсатында әрбір варианттан 20 дана өсімдік
алынып, олардың негізгі және жанама сабақтары өсу дәуірлері бойынша
алынып талқыланды.
- өсімдіктердің түп саны қалыңдығы анықтау үшін ажыратылған
алқаптардан баулар алынды.
- алынған бау үлгілерінен лаборатория жағдайында өсімдік бойы, сабағы
, өнімділігі, масақ ұзындығы, масақтағы масақшалар саны және
олардағы дән саны, бір масақтағы дән салмағы анықталды.
- мың дана дән салмағы, дән шынылығы, клейковина (уызы) мөлшері
лабораторияда анықталды. Дәндегі ақуыз мөлшері Барништейн бойынша,
жалпы ақуыз мөлшері Къелдал әдісімен анықталды.
- экономикалық тиімділігі есептеу жолымен анықталды.
Тәжірибе жүргізуден алдын топыраққа агрохимиялық сипаттама беру үшін
топырақтан үлгі алынды.

Қазығұрт шаруақожалығы туралы жалпы мәліметтер

1. Административтік орналасуы және географиялық жағдайы:

2. Зерттелген ауданы:_________
1.Жердің физикалық – географиялық жағдайы.
1. Ауаның орташа жылдық температурасы:
- қаңтар айының орташа температурасы:
- шілде айының орташа температурасы:
2. Жауын-шашындардың орташа жылдық көлемі –
3. Грунт суларының деңгейі:
- грунт суларының төменгі деңгейі:
- грунт суларының жоғарғы деңгейі:
4. Су тасқындардың орташа жиілігі –
5. Элементарлық топырақ ареалдарының астындағы баурайлардың
экспозициясы –
6. Теңіз бетінен биіктігі –
ІІ. Жерді шаруашылықта пайдалану.
1. Ауылшаруашылық алқабының түрі және оны пайдалануы:
___________________________________ _.
2. Мелиоративтік іс-шаралардың түрі: минералды және органикалық
тыңайтқыштарды себу, дренаж.
3. Топырақтың орналасу орны (ұлттық парк, қорық, қорғалатын аймақ) –
ІІІ. Ластаушы заттардың сипаттамасы.
1. Ластану түрі:
- өндірістік, ауылшаруашылық, коммуналдық қалдықтар:____________
- көлікпен:__________________
- мұнай және мұнай өнімдерімен:_____________________
2. Эрозияның түрі және эрозияға ұшырау дәрежесі:
___________________________________ ___________________________________ _
___________________________________ ___________________________________ _
___________________________________ ______
ІV. Топырақтардың сипаттамасы.
1. Топтастырғыш бойынша топырақтың типі:
______________________________
2. Топтастырғыш бойынша топырақтың түрі:
______________________________
3. А+В1 горизонтының қалыңдығы:________
4. Эрозияға ұшырау дәрежесі:
___________________________________ ____
5. Топырақ қимасындағы тамыр жайылатын қабатының төменгі
деңгейі:___________________________________ ___________________
6. МЕСТ бойынша тастардың мөлшері:___________________________
7. Далалық су сыйымдылығы:_______________________ __________%
8. Инфильтрация жылдамдығы:_________________мммин.

V. Топырақ горизонтының сипаттамасы.
1. Топтастырғыш бойынша әріп индексімен белгілеу:_____________
2. Горизонттың жоғарғы және төменгі шегі:________см_________см
3. Горизонттың ауысу сипаты:____________________________ _____
4. Горизонттың түсі:___________________________________ ______
5. Сынамаларды алғандағы топырақтың ылғалдылығы:___________
6. Құрылымы:___________________________________ ___________
7. Механикалық құрамы:____________________________ _________
8. Топырақтың кеуектілігі:_______________%
9. Салмағы:_________гсм3 .
10. МЕСТ бойынша гумустың мөлшері:__________________ %.
11. Көміртегінің азотқа қатынасы____________
12. Тұз ерітіндісінің қышқылдылығы:______________
13. Су ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күздік бидай - әлеуеті зор дақыл
Нысанның табиғи-климаттық және шаруашылықтық жағдайлары
Шаруашылық жағдайында жобаланатын ауыспалы егіс дақылдарына тыңайтқыштар қолдану жүйесін жетілдіру
Күздік жұмсақ бидайдың суыққа төзімділігі
Күздік бидай сорттары
Астық дақылдарымен қоректенудің биологиялық ерекшеліктері
Күздік бидай сорттарының салыстырмалы дән өнімділігі және оның құрылымы
Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі егіншілігінде биологиялық тыңайтқыштармен өңдеудің күздік бидайдың өнім құрылымына әсері
Мақтаарал ауданы «Кетебай» өқ топырағының агрохимиялық картограммасы және топырақ құнарлығын арттыру жолдары
Мақтаарал ауданы Арай ежелгі суармалы құмбалшықты сәл сортаңданған шалғынды сұр топырағының агрохимиялық көрсеткішінің динамикасы
Пәндер