Дене шынықтыру сабақтарында оқушыларға үйретуге болатын ұлттық ойындар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Казақ спорт және туризм академиясы
Ержан Айбек
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ
САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АЙҚЫНДАУ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800- мамандығы – Дене шыныктыру және спорт
Алматы 2016
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақ спорт және туризм академиясы
Кәсіби спорт және жекпе-жек факультеті
Ұлттық спорт түрлері кафедрасы
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
____________Е.М. Мұхитдинов
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындарын жалпы білім беретін мектептің
дене тәрбиесі сабақтарында қолдану ерекшелітерін анықтау
5В010800 – Дене шынықтыру және спорт мамандығы
Орындаған:
Ержан Айбек
Ғылыми жетекшісі:
Ф.Ғ.К., аға оқытушы
Н.О. Өтенов
Алматы, 2016
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР 4
АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 5
КІРІСПЕ 6
1 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛІНУ ДЕҢГЕЙІ
8
1. . 1 Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі, тәрбиелік сипаты 8
1.. 2 Дене шынықтыру сабақтарында қолдануға болаты ұлттық ойын түрлері 14
2ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ 26
2.1 Зерттеу 26
әдістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Зерттеудің
ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..
3ЖББ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛІНУІ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... . 28
3 3.1 ЖББ мектептің оқу бағдарламасындағы ойындар деңгейі 28
3.2 Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында қолданудың жаңа 41
әдістері
.
33.2Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі 49
34Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру сабағында қолданудың маңызы
63
ҚОРЫТЫНДЫ 66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 67
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Аталмыш дипломдық жұмыс жазылуы барысында бірқатар мемлекеттік
құжаттар негізге алынды.
Қазақстан Респбуликасының Білім туралы 27 шілде 2007 жылғы №319-III
3ҚР заңы.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігінің бұйрығымен
бекітілген 18 наурыз 2008 жылғы №125 білім алушылардың оқу үлгерімін,
аралық және қорытынды аттестациялануын жүргізу ережелері. Жоғары оқу
орындарында диплом жұмыстарын орындау ережесі. Негізгі ережелер.
2009.09.01.
Қазақстан Республикасының 2011-15 жылдарға арналған дене шынықтыру
және спорт бойынша Мемлекеттік бағдарламасы
АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Мәдениет – адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибе жинақтау барысында
түзілген материалдық және рухани құндылықтарының жиынтығы.
Даму – табиғатта, қоғамда және адамның түйсінуінде төменгіден жоғары
сатыларға өтудегі қимыл-қозғалыстардың, құбылыстардың, өзгерістердің
жалпылама үдерісі .
Дене дайындығы – таңдап алынған спорт түрінің әдістемелік
ерекшеліктерінің талаптарына сай жүзеге асырылатын арнайы мамандандырылған
үдеріс .
Үйрету – ең алдымен тәрбие берудің білім беру элементтерін меңгеруге
арналған педагогикалық үдеріс .
Әдіс – оқыту-тәрбиелеу үдерісінің маңызды міндеттерін жүзеге асыруға
бағытталған педагогикалық іс-шаралардың ауқымды жүйесінің ұйымдастырулығы
мен мақсаттылығын қамтамасыз етудің жолы, амалы.
Әдістемелік амал – педагогикалық үдерістің жекелей мәселелеріне
таңдаулы ықпал етуге мүмкіндік беретін әдісті қолданудың жекелей жолы .
Күш – адамның сыртқы кедергілерді жеңе алу қабілеті немесе оған бұлшық
ет ширығуы есебінен қарсы тұра алу қабілеті.
Ұлттық мәдениет – халықтың басқа халықтармен өзара байланысы
нәтижесінде алынған және өзіндік дамып-жетілуінде (соның ішінде этностық)
тіршіліктің барлық салаларында белсенді қолданылатын рухани-өнегелі,
материалдық, қоғамдық-саяси, технологиялық, ғылыми, философиялық, этикалық,
әсемдік және басқа құндылықтарының барлық тарихи жиынтығы.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Халқымыздың тарихи-мәдени
игілігінің бірі-ұлттық ойындар. Олар халық педағогикасының құрамдас бөлігі
ретінде танылып отыр. Ұлттық ойындарды сөпіп қала жаздаған салтымыз бен
дәстүріміз сияқты халқымыздың санасында сақталмай ,күнделікті өмірде
қолданылмай өшіп бара жатқандығы айдан анық еді. Бірақ Қазақстан
Республикасы дербес мемлекет болып жарияланғалы жағдай мүлде өзгерді.
Тілімізді рухани байлығымызды , ұлттық спорт түрлерін дамытуда үлкен
бетбұрыс басталды. Ұлттық ойындарымыз ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізіп артына қалдырған мәдени мұрасы. Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз
бен дәстүрлерімізді осы әр алуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз
керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек – деп ел
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткендей, атадан балаға мирас боп,
бүгінге жеткен мәдени құндылығымыздың бір бөлшегі, ұлттық ойындарды
бүгінгі тарих бетінен өшірмей, келер өскелең ұрпаққа жеткізу біздің басты –
парызымыз. Олай болса ұлттық ойынды тек қана ұлықтап, болашақ та олимпиада
ойындарының қатарынан көрейік.Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі
жастарға үлгілі өнегелі тәрбие беру-қазіргі міндеттердің бірі .
Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен
жеке тұлғалық қатынасын тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани
мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге
асыруға болады.Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған.
Зерттеу нысаны –ұлттық ойындардың қазақ дене шынықтыруының
этностық педагогикасы ретінде.
Зерттеу мақсаты – қазақ халқының ұлттық ойындарының дене шынықтыру
сабақтарындағы қолданылуы
Зерттеу әдістері: ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиет сараптамасы
мен жинақталуы; сауалнама жүргізу; педагогикалық бақылау.
Зерттеу міндеттері: дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі,
тарихи қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақтың денсаулығын нығайтудағы
қажеттілігі
Зерттеудің әдістемелік негізін тарихи-педагогикалық құбылыстар мен
фактілерді зерттеудің жүйелі тәсілі құрайды.
Ғылыми жаңалығы:
- ұлттық ойындардың дене шынықтыру сабағында қолдану деңгейі
педагогикалық мазмұны ашылды;
- Қозғалыс ойындары негізінде қазақ халқының дәстүрлі дене
шынықтыру құралдарына бүтін әлеуметтік-педагогикалық сараптама
жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың теориялық маңыздылығы:
- ойындар негізінде қазақ халқының дәстүрлі дене мәдениетінің
педагогикалық мазмұнын бүтіндей ұғыну;
- ұлттық ойындарды этностық-мәдени, педагогикалық құбылыс ретінде
тарихи салада және ары қарай даму мүмкіндіктерін ескере отырып, заманауи
мәнге енгізу.
Қазақ халқының дәстүрлі дене шынықтыру құралдарының теориялық
сараптамасы олардың өскелең ұрпақтың дене тәрбиесінің заманауи жүйесін
жетілдіруде қолданылуының үлкен болмысты педагогикалық мүмкіндіктерін
көрсетеді.
Тәжірибелік маңыздылығы – алынған нәтижелер дене шынықтырудың
заманауи теориясы мен тәжірибесін ары қарай жетілдіруге мүмкіндік береді.
1 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛІНУІ
1. Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі, тәрбиелік
сипаты
Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен
әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық
арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер және
құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді.
Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи
қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу
тарихы туралы ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Осы
мәселеге байланысты зертелеген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық
шектігіне қарай бірнеше топқа бөліп қарастырамыз.
1. Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери
шенеуніктері мен миссионерлерінің көшпенділер хақындағы зерттеу жұмыстары;
2. Кеңес заманы кезеңіндегі Орта Азия және Қазақстан
халықтарының ұлттық ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер;
3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу
әдістерін педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген
жинақтар.
4. Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жылдан бүгінге
дейін) аталған тақырыпқа қатысты ізденістер [1].
Алғашқы топтама еңбектің тарихнамалық тізгінін Ә.Диваевтың
еңбегін талдаудан бастайық. Ол өзінің Игры киргизских детей атты
еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп
қарастырады [2].
Ә. Диваев алғашқы топтағы ойын түріне рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде
өмірге келген ойындарды, екінші топтамадағы дәстүрлі ойындарға қозғалыс
ойындарын, үшінші топқа – спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ізденуші
этнографтың дәлелдеуінше, халық ойындары балалардың іс-әрекетін, қимыл-
қозғалысын дамытумен қатар денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін
атқарады. Ә.Диваев: Как киргизы развлекают детей деген мақаласында: бала
бас бармағын көтеріп оған пайғамбарымыз не дейді деп көк аспанға қарап,
құдай тәңірінен рұқсат сұраған, - дей келіп, Бес саусақ ойыны мен саусақ
атауларын алға тартады және аталған мақалада саусақ пен қимыл-қозғалыс
жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелеп, шынықтырудың үлкен даналық
философиялық мағынасы жатқандығы сөз етіледі [3,4].
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы
А.Алекторов. Мәселен, оның О рождении и воспитании детей киргизов,
правилах и власти родителей (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады
[5].
Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқының өмір сүру салтындағы
баланың дүниеге келген сәтінен бастап өсу динамикасына дейін ұлттық ойын
мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны және балғындардың денсаулығы мен
дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке халық ойындарының қажетті
жақтарын ашып көрсетеді. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев,
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі
тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын құрметтеп,
адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық,
адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа,
М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау
қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі
элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі
табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі,
тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы
түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән
берілуі – халық данышпандығының белгісі [6, 7, 8].
Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық дәстүрлі халық ойындары күн
тәртібіндегі өзекті мәселе болғанына қарамастан, сол тоталитаризм кезінде
дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев,
Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады.
Әсіресе М.Тәнекеевтің қазақтың ұлттық және дәстүрлі ойындарын зерттеген
деректерінің өзі жеке мәселе. Оның негізгі еңбектері Қазақстандағы спорт
пен дене тәрбиесі саласына арналған. Ең бастысы, ол дене тәрбиесінің
халықтық педагогикасы сияқты көкейтесті мәселесінің негізін қалаған
М.Тәнекеевтің авторлығымен шыққан алғашқы туынды Казахские национальные
виды спорта и игры (Алматы, 1957). Бұл зерттеуінде ізденуші қазақтың
Тоғызқұмалақ ойынының ереже тәтіптерін таразылап, халық ойынының қажетті
жақтарын ашып, сонымен қатар басқа да ұлттық қозғалмалы, спорттық ойын
түрлеріне тоқталып, анықтама беріп жіктеп, құнды мұрағат деркетеріне сүйене
отырып, ғылыми сараланған пікірлер айтады. Ғалым негізінен Қазақстандағы
Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде дене тәрбиесі мәдениетінің дамуын талдай
отырып, тарихта тұңғыш рет, дене мәдениеті мен спорттың екі даму бағытын
қара халқтық және ақсүйектік деп көрсетіп, оны формациялық әдістемеге
сүйеніп, яғни таптық тұрғыдан қарастырады. Сонымен бірге ғалым зерттеуіне
әскери қолданбалы маңызы бар кейбір спорт және ойын түрлерінің өрлеуіне
отаршыл Ресей патшалық өкіметінің саяси көзқарасын көрсетеді. М.Тәнекеевтің
аталған еңбегінде таптық-формациялық идеологиялық көзқарас тұрғысынан сол
заманға сай зерттелгеніне қарамастан, бүгінгі күні өз құндылығын жоймаған,
ғылыми тұрғыдан аса жоғары еңбек болып табылады. М.Тәнекеевтің басшылығымен
бұдан басқа да бірнеше ғылыми монографиялық еңбектер жазылды. Кеңестік
кезеңдегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілдігін көрегендікпен
қарастырған ғалым Б.Төтенаев Қазақтың ұлттық ойындары (Алматы, 1994) атты
еңбегінде дәстүрлі қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын
жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін дәлелдеп, ойын зерделеген [9, 10].
Аталған автор қаламынан халықтың этнопедагогика мен ұлттық ойындар
арасындағы байланыс және ойындардың ертеңгі болашаққа керекті қасиеттілігін
зерттеген басқа да қомақты ізденістер дүниеге келеді.
Е.Сағындықовтың авторлығымен жазылған ғылыми монография Ұлттық ойындарды
оқу-тәрбие ісінде пайдалану (Алматы, 1993) деп аталады. Ғылыми еңбекте
қазақ мектептерінде І-ҮІ сыныптарда қазақ халық ойындарын жекелеген
классификацияларға топтап, оны сабақта және сабақтан тыс тәрбие
жұмыстарында қолдану әдістері анықталып, қазақ халық ойындарына
педагогикалық талдау жасалып, оқу үрдісінде пайдалану қажеттілігі
негізделеді. Ә.Бүркітбаевтың авторлығымен 1985 жылы жазылған Спорттық
ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні жинағында ұлт спорты түрлері
мен ұлттық спорт ойындарының балалардың күнделікті өміріндегі алатын орны,
тәрбиелік маңызы және ат спорты мен ұлттық ойындардың ережесі қарастырылса,
М.Балғымбаевтың Қазақтың ұлттық спорт ойыны түрлері (Алматы, 1985) атты
еңбегіндегі ат спортына қатысты бәйгені бастап жорға жарыс, аударыспақ,
жамбы ату, аламан бәйге, т.б. жарыс түрлеріне салыстырмалы талдау жасалады
[11, 12, 13].
Бала өміріндегі ұлттық және спорттық қимыл-қозғалыстың және ойынның
алатын орны, формасы және мазмұны үлкен адамның тұрмыстық күйімен, еңбек
түрімен және мазмұнымен салыстырылса, қаладағы қажеттіліктің бір тұсы
адамды дағдыға үйрету екендігін байқаймыз. Ғалым А.Усова өз еңбегінде
ойынның мәнін баланың дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып-
білуге, белсенді әрекет етуге жол ашуы ретінде түсіндіреді. Автордың
айтуынша шынайы өмірде баланың аты – бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып
жарытпайтын жан. Қам-қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете барады. Ол ойын
үстінде ол бейнебір ересек адам тәрізді өз күшін сынап көреді. Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту барысндағы спорттық жаттығулар И.Давыдов,
Л.Былеева, В.Яковлев, Н.Поддьякова, Н.Михайленко, Д.Куклова және тағы
басқалар ерекше назар аударған. И.Давыдов ойын мен ойыншық және
дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп, мектепке дейінгі балалық кезді заттар
жөнінде жекелеген нақты түсініктер, жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп
дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ойын ақыл-ой дамуына, жалпы
түсінік пен ұғымның қалыптасуында, маңызды ойлау операциялары: талдау,
салыстыру, қорыту, қабілетіне қажетті организм деп аударған. И.Давыдов
ойын-ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп мектептке дейінгі
барлық кездерге заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер жинақтау кезеңі
деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ой
дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуына, маңызды ойлау
операциялары: талдау, салыстыру, қорыту қабілеттеріне қажетті организм деп
тұжырымдайды [14].
Д. Хухлаеваның пікірінше, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен
ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы
айқын сезіледі, сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болуымен
қатар денсаулықтың, шыдамдылық пен тез қимыл-әрекеттің символы болып
табылады [15].
М. Контарович, Л. Михайлованың авторлығымен жазылған еңбекте жыл
мезгіліне сәйкес қыс айларында ойналатын ойындар, топ болып ойнайтын, жеке
бір балаға арналған далада өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындарының
әдістемелік нұсқауы берілген. Ойын түрлері мен шарттарын бала жасына қарай
бөліп классификация жасап, бірнеше халық ойындарын ұсынған. Олардың ішінде
Қояндар (2-3 жасарларға), Аңшы мен ит және қояндар (4 жастағылар үшін),
Торғай мен мысық (5-6 жастағыларға арналған) қозғалмалы ойындарын
зерттеп, қолданысқа түсірген [16].
А.Быкованың басшылығымен баспадан шыққан Физическое воспитание в
детском саду кітабында балабақшаның әр тобында жас ерекшелігіне қарай
өткізетін қарым-қатынас ойындарын ұйымдастыру және оны өткізу әдістері,
т.б. мәселелер қарастырылған. Мысалы, қозғалып ойнау барысында алғашқы
күннен бастап балаларды өзін-өзі тежеуге үйрету, сонымен қатар барлық
баланың қабылдау қабілеті бірдей емес екендігі, яғни белсенділер мен
жайбасар әлсіз балалар арасындағы тепе-теңдікті сақтау қасиеті, оларды әр
түрлі ойынға тарту арқылы шыңдау, ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату
барысындағы баланың физиологиялық өзгерісімен қатар психологиялық тұрғыдан
сенімділігінің артуы ғылыми еңбектің құндылығын жоғарылатады [17].
Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар
мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді. Осы орайда соңғы жылдары
біздің қарастырып отырған ізденіс тьақырыбымызға орай бірнеше ғылыми
еңбектер жарық көрді. Е.Мұхиддинов қазақтың ұлттық ойындарын дамыған
қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құрылыммен байланысты қарастырады. Дене
шынықтыру пәнінің теориялық дәлелдемесін қазақтың ұлттық ойындарының
тәжірибелік жағымен біртұтас алып қарайды [18].
А.Құралбекұлы мен С.Әкімбайұлы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің
дене шынықтыру жүйесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарына, оның ішінде
халық шығармашылығы мен ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың ғылыми
теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып талдау жасаса,
А.Айтпаеваның ғылыми еңбегінде орыс тілінде оқытатын мектептердің бастауыш
сынып оқушыларын тәрбиелеу құралы ретінде қазақ халқының ойындарын
пайдаланудың теориялық-әдістемелік негіздері жасалып, олардың тәрбиелік
мүмкіндіктері айқындалған [19].
Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа
халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің
ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін
көздейтінінде.
1.2 Дене шынықтыру сабақтарында қолдануға болатын
ұлттық ойын түрлері
Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында қолдану- деген
тақырыпты дипломдық жұмыс ретінде алғаныма өте қуандым .Мені бұл тақырып
өте қызықтырды.
Арнайы спорт жабдықтары мен құрал –саймандарды көп қажет етпейтін қазақтың
ұлттық ойындарының дене тәрбие сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы
өткізудегі пайдасы мол [20].
Осы тақырыппен айналысып жүргенде білгенім, біздің қазақтың ұлттық
ойыны деп есептелетін көптеген ойындары бар екен. Соның көпшілігін дене
тәрбиесі сабағында қолданып, әр сабақ сайын 2-3-еуін үйретсек, оқушылар
өзіміздің ұлттық ойындарды білетін болмай ма?
Солардың ішіндегі 400 жыл тарихы бар тоғызқұмалақ ойыны. Бұл
ойынның кітаптары,ереже кітапшалары, электрондық түрі де бар. Қазыргі
кезде тоғызқұмалақ оқу бағдарламасына енгізілген. Әсіресе, дене
тәрбиесі сабағынан босатылған оқушылар отырып осы тоғызқұмалақ ойынын
ойнайды. Үйірмелер көптеп жасауда. Бұл ойынның бір қасиеті оқушыларды
төзімділікке, шыдамдылыққа,ойлау қабілетінің артуына үйретеді [21].
Қазақтың ұлттық ойындарын көптеген спорттың түріне байланыстырып
қолдануға болады.
Мысалы, мектеп бағдарламасында жеңіл атлетика, спорттық
ойындар,гимнастика түрлері ғана ғой.
Соның бәріне қатысты жүгіруге, секіруге, дәлдікке, ұйымшылдыққа
арнап ойындар табуға болады. Бастауыш сыныптарда көптеген ойындар
күнделікті сабақта қолданылып жүр. Мысалы, Қуып жет, Айгөлек,
Қуаласпақ Бірізд і эстафета деген ойындар денесін шынықтырып жүгіру
қабілетін арттырады. Күштілікті арттыратын ойын түрлері арқан тарту,
батпан көтеру сияқты ойындарды күнделікті сабақ барысында қолдануға
болатын ойындар [22].
Жаңа техникалар, интернет, интерактивті тақтаны пайдаланып та
көптеген ойындарға баланы қызықтыруға болады.
Қазақтың ұлттық ойындарын көптеп насихаттау керек деп ойлаймын.
Мысалы, компьютерде шахмат, дойбы ойнап отыратын адамдар көп
кездеседі ғой, сол сияқты қазақтың ұлттық ойындарын да, мысалы
тоғызқұмалақты да дәл солай ойнап отыруға болады ғой.
Қазір мемлекетіміз қазақ тілін насихаттап заңдар шығарып қойды, қазақ тілін
қолға алды десе болады. Сол сияқты ұлттық ойындарға да бетбұрыс жасау керек
деп ойлаймын. Қазір көп дамығаны – қазақшакүрес,жарыстар өтеді, спорт
мектебі бар. Мереке күндерінде ат шабыс, қыз қуу болып тұрады. Көкпардан
республика біріншілігі өтуде, ол да көп дамыған түрі. Бары-жоғы 3-4 облыс
қана бар. Ал, біздің облыста ат спорты, спорт мектебі, көкпар ойнаушылар
мүлдем жоқ, облыста жүзу, шаңғы, коньки деген атымен жоқ [23].
Ат шабыс.
Қыз қуу.
Басқа облыстарда дене тәрбиесі пәні бағдарламасында жүзу,шаңғы тебу, коньки
деген сабақтар қыста үшінші тоқсанда,ұзақ тоқсанда өтеді.Солардың орнына
біздің облыста программаға ұлттық ойындарды неге кіргізбеске.Дене тәрбиесі
пәні программасын біздің облыс үшін былай өзгертсек, екі сағаттық үшін,
Р.с Спорт түрлері І тоқсан ІІ тоқсан ІІІ тоқсан
IV тоқсан
1. жеңіл атлетика 15 сағ
2. гимнастика 14 сағ
3. спорт ойындары 20 сағ
4. қазақтың ұлттық
ойындары
8сағ
5. президенттік тесті
8 сағ
6. дала жарысы 3 сағ
Барлығы: 68 сағ 18 сағ 14 сағ 20 сағ 16 сағ
Спорт ойындарына ІІІ тоқсанды беру себебі , қазір қол добы
дамымай қалып отыр, тіпті де оқушылардың танымай қалатын түрі бар.
Сондықтан да ең болмаса 5-6 сағатты осы қол добын үйретуге, оны насихаттап
,ойнай білуге үйретіп шығарсақ.
Бұрын ұзақ тоқсанға гимнастика сабағын қоятын еді , оқушыларға әр түрлі
құралды пайдаланып сабақ өтеді . Қауіпсіздік жағдайын қадағалап,ережені
сақтап жүрсе ешқандай да жарақат алу болмайды.Ал гимнастика сабағында
қолданатын құрал саны көп,әрі олар темір болған соң,жарақат көп алатын
сабақ болған соң, арнайы оқуы жоқ мамандар оны өткізе де алмайды,
өткізбейді де.
Қазақтың ұлттық ойындарының дамымаған түрлерін тауып, дене тәрбиесі
сабағына көптеп қолдануға шақырамын. Қазақтың ұлттық ойындарын дене
тәрбиесінің көп салалы құралы ретінде де пайдалануға болады.Бұл ойындар
адамның ой-өрісінің,өмірге көзқарасының дамуына,сана-сезімнің өсуіне мол
мүмкіндіктер туғызуымен қатар адамның дене дамуына және рухын көтеруіне
көмектеседі.Ұлттық ойындарда адамгершіліктің,мінез-құлықтың нормасына бағыт
беру – басты міндет.Ойынға қатысушылардың ойын ережесін қалай түсінетіне
байланысты, олар ойынның адамгершілік нормасының қоғамға, ал керісінше
қоғамның ойынға бағытталуында.Бұл ойындардың құндылығы – ойын кезінде
адамгершілік мінез-құлық, өзара сыйласу, татулық, ұжымда бір-бірімен тіл
табысу сияқты мінездер қалыптасады.Қазақтың ұлттық ойындарында белгілі
дәрежеде ойнаушылардың бір-бірімен адамгершілік қарым-қатынаста
болуында.Ойын кезінде жеке бастың ар-намысына тимеу қатаң сақталады.Ойын
аяқталғанда бір-бірін балағаттау ия болмаса жығылып жатқан қарсыласының
үстінен аттау – өрескел әдіс болып табылады.Ұлттық әдет-ғұрып,салт-дәстүр
қатаң сақталатын ойын түрлерінде алдын ала дайындалған өлеңдерін,сөздерін
айтуға рұқсат етіледі.Сондай ойын түрлеріне алтыбақан, тоғыз аяқ, мүше
алып қашу, қыз-қашар жатады.Ойын кездерінде әсіресе ән,күй ерекше орын
алады.Сазды ойындарда ойынға қатысушылардың шығармашылық мүмкіндігі
қалыптасады.Ондай ойын түрлеріне айгөлек, алтыбақан, қыз бен жігіт
жатады [24].
Ұлттық ойындар дене тәрбиесі сабақтарын дамытудағы негізгі құралы
болып табылады.Бұл ойындарда көптеген тәсілдер жүйесі,үйрету мен тәрбиелеу
әдістері жинақталған.Олар ұрпақтан-ұрпаққа таралып,әдет-ғұрып,салт-сана
білімдерінің жиынтығы ретінде халық өмірін жан-жақтытүрлендіруде. Арнайы
спорт жабдықтары мен құрал-саймандарды көп қажет етпейтін қазақтың ұлттық
ойындарының дене тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы
өткізудегі пайдасы мол.
Дене шынықтыру сабақтарында оқушыларға үйретуге
болатын ұлттық ойындар
1. Аламан бәйге
2. Бәйге
3. Жорға жарыс
4. Жамбы ату
5. Күміс алу
6. Көкпар
7. Қыз қуу
8. Аударыспақ
9. Түйе жарыс
10. Қазақша күрес
11. Арқан тарту
12. Тоғызқұмалақ
13. Ақсүйек
14. Бес тас
15. Асық ойыны
16. Көрші-көрші
17. Айгөлек
18. Орамал тастау
19. Ұшты-ұшты
20. Алтыбақан
21. Сақина салу
22. Соқыр теке
23. Жасырынбақ
24. Ордағы қасқыр
Аңшылар
Осы ойындарды пайдаланып сабақ өткізсе, оқушыларды ұлттық рухта
тәрбиелей алады деп ойлаймын.Әрбір бала өзін қазақпын деп есептесе өзінің
ұлтының дәстүрін,ойындарын жатқа біліп,соны пайдаланып өсуге тиіс. Сонда
ғана біз оларды патриот ете аламыз.
Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уалиханов,
Ыбырай Алтынсарин халық ойындарын балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін
жоғары бағалап, өткен ұрпақтын дәстүрі мен салтын құрметтеп, адамдардың ойы
мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық адамгершілік ой
талабының өсуінде оның атқаратын қызметін жоғары бағалады [25].
Қазақтың ұлттық дене шынықтыру мәдениеті жеке тұлғаның жалпы
мәдениетінің құрамдас бір бөлігі ретінде мектептегі кезеңнен қалыптаса
бастайды. Сондықтан оны пайдалану тек қозғалғалмалы біліктілік, дағдыларды
дамытып қана қоймайды, сонымен қатар мектеп оқушыларынан қазақтың ұлттық
спорт түрлеріне деген көзқарасын қалыптастырып, дене жаттығулары мен
ойындарын өз беттерінше дамытуға тәрбиелеп, оқу-ойын материалдарын бір жүйе
ретінде олардың руханилығын, адамгершілігін, дене тәрбиесін тәрбиелеуге
баулуды қарастырады. Бұндай жағдай Қазақстан Республикасының оқушыларының
көпшілігінде ұлттық спортпен, ұлттық ойындармен, дене жаттығуларымен жүйелі
түрде айналысуға деген мұқтаждықтың, осы саладағы өз бетінше жүргізілетін
сабақтардың ғылыми негізделген әдістемесінің жоқтығын, сонымен қатар
көптеген жалпыға міндетті білім беру мекемелерінде, мектептерде (әсіресе,
ауыл мектептерінде) оқудың материалдық базасының нашарлығынан, оқушылардың
оқитын орындары да қашықта болғандықтан, мектептен тыс сабақтар мүлдем
жүргізілмейді. Осы жоғарыда айтқан мәселелердің бәрі аталған тақырыптың әлі
де болса жан-жақты толық зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді [26].
Ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделілігіне байланысты және балалардың
жас ерекшіліктерін ескере отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып
оқушылары ойнайтын ойындар деп бөлуге болады. Қажетті ойындарды өтілетін
сабақ не жаттығудың алдында тұрған педагогикалық міндеттеріне байланысты
таңдап алу қажет. Дене тәрбиесі сабағында және жаттықтыру кезінде қозғалыс
ойындарын, оның ішінде ұлттық ойындарын қолдану арнайы үйрену міндеттерін
шешуге көмектеседі. Ұлттық және эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыра
отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа, батылдыққа және
салауатты өмірге тәрбиелеу. Ұлттық ойындарды спорттық ойын сабақтарында,
жеңіл атлетика, гимнастика сабақтарында, жалпы дене қуаты дайындығы және
жаттықтыру сабақтарында кеңінен қолдануға болады. Ұлттық ойындардың дене
тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткізудегі пайдасы мол.
Жалпы ойындарды жүйелі түрде пайдалану, қиыншылықтарды жеңуге, еңбексүйгіш
субъект ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді [27].
Ұлттық ойындар жаттығулар көмегімен оқушыларды жаттығуға керек
психикалық күйге түсіреді. Көңіл күйді көтеру, көңілдену, тактикалық
ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну,келешек істелетін
жұмыстарға дайындалу, жинақталу қасиеттерін қамтамасыз етеді [28].
Ойын жаттығуларын ойша қайталау арқылы барлық ықылас зейінді аударуға
негізделеді. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз,
шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды, —
дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы
баии түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың
тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік
маңызы арта түседі. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық
тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары:
Бәйге, Көкпар, Алтын сақа, Хан талапай, Қыз қуу, Тоғызқұмалақ
Ақ серек,көк серек, Соқыр теке, Асық ойыны, Ине, жіп және түйіншек,
Әтештер қақтығысы, Қызыл ту, Мысық пен Тышқан,Теңге алу, т.б.
балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. Ойын
дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға
жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып
нәрсе. Оқушыларды әсіресе, Сиқырлы қоржын, Көкпар, Асық секілді
ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл
ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек
деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу
белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін
бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол
баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына
деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа,
өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы
сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал
етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі [29].
Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы
түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі. Халқымыз ойындарғы тек балаларды
алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу
құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде
психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор
қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік,
тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға реттінде
қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған
адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға
болмақ. Ал кей балалар ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей балалар ішкі
сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер
ететін қызықты ойынның түрлері өте көп. Халық арасында Денсаулық -зор
байлық деп тегін айтылмаған. Демек, кезінде ұлттық ойындарды көп ойнап,
жүгіріп, далада, таза ауада жүру –жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің
көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ
азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағытталған. Сондықтан білім
берудің жаңа технологиясын пайдаланып, дене тәрбиесі пәнін жаңа
технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшеліктеріне, денсаулықтарына
байланысты, ұлттық ойындарды спорттық ойын түрлеріне, сабақтың мазмұнына
қарай іріктеп алып пайдалануға кез келген дене тәрбиесі мұғалімінің
мүмкіндігі бар [30].
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі
тәрбие беру — қазіргі міндеттердің бірі. Оқушыда жалпы адамзаттық
құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын
(этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын
халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның
бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама
халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер,
табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас
ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы
танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта
қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл
мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білуқұралы. Бірақ оны
жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы .
Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның
нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындапотыр. Халық
педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-
мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін
педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы
байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар
ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ең
алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің
негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық
педлагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан
еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады.
Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа
өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады.
Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек
тәрбиесі қатар жүреді.
Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады.
Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.
Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-
әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық

т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады
[31].
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-
ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін
ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: Ойынсыз, музыкасыз,
ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі
болмайды, — дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы
сіңіру арқылы баии түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану
сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық,
тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, Сиқырлы қоржын,
Көкпар, Асық секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз
жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау
кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында
өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр
оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік
маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды.Бабаларымыздың
асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге
үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын
ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам
меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: Біздің
халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар
ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып,
көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған,
— деп тегіннен тегін айтпаса керек. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай
этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының
тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский, А.И.Ивановский,
Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Диваев, А.Левшин, Н.Пантусов, Ф.Лазаревский,
П.П.Пашин, Г.С.Запряжский, А.Шиле, А.Харунзин, А.Горячкин, П.Ходыров,
Е.Букин, О.Әлжанов, т.б. болды делінген. Е.Сағындықов өз еңбегінде:
Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады, — дей
келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған. Ә.Диваев Игры
киргизских детей атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық
ойындарын үш топқа бөліп қарастырады. Қазақ балаларының ұлттық ойынына
тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның О рождении и
воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей (Орынбор, 1891)
атты еңбегіңн атауға болады. М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау
алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру
тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды
зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев,
Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады [32].
Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін
көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев Қазақтың ұлттық ойындары
(Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын
шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.
Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде ұлттық
ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру
пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген
құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық
сананы қалыптастыруға болады.

споттық, дене тәрбиеге байланысты тұрғыдан ерекше қасиеттері болады.
Сондықтан халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар,
деректер және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді. Ұлттық
дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи қоғамдағы алатын
орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы туралы
ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді [31, б. 12].
Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық
ойындар мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді. Осы орайда соңғы
жылдары біздің қарастырып отырған ізденіс тьақырыбымызға орай бірнеше
ғылыми еңбектер жарық көрді. Е.Мұхиддинов қазақтың ұлттық ойындарын дамыған

тәжірибелік жағымен біртұтас алып қарайды.
А.Құралбекұлы мен С.Әкімбайұлы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің дене
шынықтыру жүйесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарына, оның ішінде

мүмкіндіктері айқындалған [33].

халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы — оның шығу, пайда болу тегінің

2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2.1 Зерттеу әдістері
Қазақтардың ұлттық ойындары мазмұнының ғылыми-әдістемелік және
педагогикалық негіздемесін зерттеу қағидалы-ғылыми және нақты-әдістемлік
мәнді бірқатар ережелерді түзуге мүмкіндік берді.
Біздің пікірімізше, таңдап алынған тақырып мәселелерінің шешімі
қағидалы, орнықты, мазмұнды және қажетті, яғни біршама толық болып
табылады.
Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттер сараптамасы, сауалнама жүргізу,
сарапашылармен сұхбаттасу сияқты бірқатар әдістер қолданылды.
2.2 Зерттеуді ұйымдастыру
Ғылыми және ғылыми-әдістемлік әдебиеттер сараптамасы
Қазақ халқының ұлттық ойындары мәселелері бойынша әдеби мәліметтер
сараптамасы бірқатар жайттарды анықтауға мүмкіндік берді:
- ұлттық дене мәдениеті салаларыі;
- ұлттық спорт түрлерін, соның ішінде саятшылықты болашақ ұрпақты
денелік тәрбиелеуде қолдану мәселелері;
- бағдарламалық материалды және т.б. жүзеге асыруда оқу-шынықтыру
қызметін ұйымдастыру.
Сауалнамалық сұрақ-жауап алу
Сауалнама мақсатты-бағытты болды, сырттай, жеке басылы жүргізілді.
Осы жағдайды ескере отырып, сауалнамалар әрбір респондентке жекелей
жүргізілді, олар оны өз бетімен толтырды. Сұрақтың ішінде ашықтары да,
жабықтары да болды. Олар біршама тиімді нұсқаларын (дене тәрбиесінің
құралдарының, түрлерінің және ұйымдастырылуының) келтіру қарастырылды.
Сұрақтардың бір бөлігі бақылаулы бағытты болды.
Ақсақалдармен сұрақ-жауап жүргізу дене тәрбиесі күйіне тікелей
бағалама беру, оның құралдарының, жаңа түрлерінің деңгейін анықтау арқылы
жүргізілді. Оның көмегімен тұрғындардың қазақтың ұлттық спорт түрлеріне,
ұлттық қимыл-қозғалысты спорт түрлеріне және дене жаттығуларына, оларға
қойылатын талаптарға деген көзқарасы анықталды.
Сұхбат алу, егер қандай да бір себептермен сұрақ-жауап жүргізу
қиындық туғызып, тиімсіз болса жүргізілді. Оның барысында
әңгімелесушілердің қазақтың ұлттық спорт түрлерімен, ұлттық қимыл-
қозғалысты ойындар мен дене жаттығуларымен шұғылдану мәні мен түрлері
туралы көзқарастары мен пікірлері қарастырылды.
3 ЖББ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛІНУІ
3.1 ЖББ мектептің оқу бағдарламасындағы ойындар деңгейі
Дене шынықтыру пәні бойынша білім беру бағдарламасы орта білім
берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпы
білім беру стандарт талабына сәйкес құрылған. Оқу бағдарламасы Дене
шынықтыру пәнін бастауыш сыныптарда төрт жыл оқуға есептеп даярланған және
білім беру мазмұны мен оқу үдерісін ұйымдастыруды қарастырады.
Дене шынықтырудың білім беру саласындағы мақсаты: дене шынықтыру
сабағында қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене
мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың
қажеттілігін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиеттерінің толық
дамуын, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын
шығармашылық жолмен қолдану.
Бастауыш сыныптарда осы мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттер
шешілуі керек:
- оқушылардың денсаулықтарын нығайту, дене бітімдерін жақсарту,
жалпақтабандылықтың алдын-алу; дененің қимыл-қозғалыс әрекеттерін белсенді
және өзбетінше жасауға тәрбиелеу;
- денсаулықты сақтау мен нығайтуға қатысы бар дене тәрбиесі саласының
білім жүйесін қалыптастыру;
- дене шынықтыру сапаларын: күштілік, жылдамдық, төзімділік, ептілік,
иілгіштік және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту;
- акробатикалық, гимнастикалық, жеңіл атлетикалық және басқа да жалпы
дамыту бағытындағы алуан-түрлі дене жаттығулар кешенін үйрету;
- жеке тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін тәрбиелеу,
адамгершілік және жігер сапаларын дамыту, эстетикалық талғамын және
мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыру;
- жеке гигиена, күн тәртібі, дене жаттығуларының ағзаға тигізетін
әсері, жұмыс істеу қабілеті мен қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту
секілді қарапайым білім деңгейін қалыптастыру.
Оқу бағдарламасының құрылымы және мазмұны. Бағдарлама екі бөлімнен
тұрады: Дене шынықтыру туралы білім (ақпараттық компонент) және Әрекет
етудің жан-жақты және пәндік әдістерін қалыптастыру (әрекеттік компонент).
Дене шынықтыру туралы білім бөлімінің мазмұны адамның танымдық
белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктерге сәйкес келеді және келесі
тақырыптарды қамтыған: Дене жаттығуларының адам денесаулығына тигізетін
әсері, Оқу бағдарламасының белгілі бір дене жаттығуларын орындау
кезіндегі қауіпсіздік ережелері, Қимыл-қозғалыс тәртібі мен жеке
гигиенасы, олардың денсаулық және оқушылардың жұмыс істеу қабілеттерін
көтеру үшін маңызы, Шынығу тәртібі, Қазақстан халқының дене шынықтыру
мәдениеті, оның еңбек іс-әрекеттерімен байланысы.
Әрекет етудің жан-жақты және пәндік әдістерін қалыптастыру бөлімі
негізгі қимыл-қозғалыс дағдыларын игеруге және оқушылардың дайындық
деңгейлерін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар жалпы дене дайындығының
құралдары туралы ақпараттар берілген. Бағдарламада ондай құралдар ретінде
қолданбалы маңызға ие болатын дене жаттығулары және базалық спорт
түрлерінен (гимнастика, жеңіл атлетика, қозғалмалы ойындар, спорт ойындары,
шаңғы, жүзу) қимыл-қозғалыс әрекеттері ұсынылған.
Бағдарлама дене шынықтыру сабағы үшін базалық компоненттен тұратын
материалды ұсынады. Базалық (инварианттық) компонент дене шынықтыру
саласындағы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы) айқындайды.
Вариативті компонент мұғалімнің оқу процесі бойынша сан-алуан түрлерін
қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын
енгізуге бағыттайды. Вариативті компонент мектептің материалдық базасы мен
орналасқан жерін, оқытушының мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын
ескеру қажеттілігіне негізделген. Бұл компоненттің оқу материалын білім
беру ұйымдары ұсынады, жергілікті орындарда дене шынықтыру пәні мұғалімі
әзірлейді.
Бағдарлама Оқушылардың дене шынықтыру дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар деген бөліммен аяқталады. Аталған талаптар төрт негізгі түсінікке
сүйенеді: білутүсіну, меңгере білу, көрсете білу.
Бағдарламалық талаптар екі түрлі қызмет атқарады. Бір жағынан, олар
бағдарламалық материалды оқушының табысты меңгеруін бағалаудың өлшемі
(критерий) болса, екінші жағынан бастауыш сыныпты аяқтайтын әр оқушының
міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді.
Дене шынықтыру мұғалімі бағдарлама талаптарына сүйенеді және әрбір
оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, талаптардың (қорытынды
тапсырмалар) өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық
үлгерімдерін бағалауына болады. Осындай өзіндік жол дене шынықтыру
мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму
деңгейлерінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы
объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Оқу үдеріін ұйымдастыру және жоспарлау түрлері. Бастауыш мектептегі
дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрі
мыналар: дене шынықтыру сабақтары, оқу күндерінде ұйымдастырылатын және
сауықтыру іс-шаралары, спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар, спорттық
үйірмелерде шұғылдану, дене жаттығуларымен өздігімен шұғылдану (үй
тапсырмалары). Сонымен қатар дене шынықтыру сабақтары оқушылардың дене
шынықтыру пәнінің мазмұнын игеру процесіндегі іс-әрекеттерін ұйымдастырудың
негізгі түрі болып табылады.
Типтік оқу жоспарына сәйкес Дене шынықтыру пәні бойынша оқу
жүктемесінің көлемі төмендегідей мөлшерді құрайды:
1-сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 99 сағат);
2-сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат);
3-сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат);
4-сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат).
БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ 5-сынып
Барлығы – 102 сағат (аптасына 3 сағ.)
1 кесте - Бағдарлама бойынша жылдық сағаттар санын тоқсандарға бөлу
Бағдар-ла
ма Бағдарлама бөлімдері Оқу тоқсандары
түрлері
1 2 3 4
Ескерту:
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz