Мақсары өсімдігінің химиялық құрамы
МАЗМҰНЫ
АННОТАЦИЯ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І бөлім
1.1 Әдебиеттерге
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...
1.2 Тәжірибе жүргізілген жердің рельефі, жауын-шашын мөлшері,
ауаның орташа ылғалдылық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... . ... ..
II Негізгі бөлім
2.1 Мақсарының биологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2.2 Мақсарының
сорттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Мақсары өсімдігінің химиялық
құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІI Зерттеу нысаны және
нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Мақсарыны себу мерзімі және вегетация кезіндегі
өніп-
өсуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...
3.2 Мақсарыға қажетті
ылғалдылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 Топырақ
құнарлылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
3.4 Ауыспалы егіншілікте максарының
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.5 Топырақты өңдемей тікелей еккен кездегі арамшөптерге
қарсы қолданылған гербицидтің мақсары өнімділігіне әсері ... ... ... ..
ІV Экономикалық
тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..
4.1 Топырақты өңдемей тікелей сеуіп мақсары өсірудің экономикалық
тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
V Қоршаған ортаны
қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
VI Тіршілік
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..
АННОТАЦИЯ
Қазақстан Республикасында өсімдік шаруашылығы саласының алдында
негізгі міндеттерінің бірі – еліміздің тұрғындарын жеткілікті мөлшерде
өсімдік майымен қамтамасыз ету, ол үшін майлы дақылдар өнімдерінің жалпы
түсімін 790- 850 мың тоннаға жеткізу және одан жылына 150-160 мың тонна
өсімдік майын өндіру болып табылады.
Соңғы жылдары елімізде қалыптасқан нарықтық қатынасқа байланысты өсімдік
майына деген сұраныс жылдан-жылға артып келеді.
Соңғы жылдары Республикамызда мақсары егіс көлемі едәуір артып келеді.
Мақсары дақылы негізінен оңтүстік және оңтүстік–шығыс аймақтарда өсіріледі.
Майлы дақылдарға сұраныс артуына байланысты Атырау және Ақтөбе облыстарында
да егіле бастады. Осы дипломдық жұмыста Қазақстанның Оңтүстік аймағында
топырақты өңдемей тікелей сеуіп өсірген жағдайда мақсары дақылының өсіру
технологиясын жетілдіру, жаңа гербицидтерді қолданғандағы тиімділігі
көрсетілген.
Кіріспе
Республикамыздың 2000 - 2010 жылдар ішіндегі әлеуметтік және
экономикалық дамуының негізгі бағыттарында атап көрсетілгендей, егін
шығымдылығын арттыру мақсатында жоғары өнімді әрі сапалы сорттарды
пайдаланып, егіншілікте озық технологияны кеңінен қолдану және ауыл
шаруашылығына ғылыми негізделген агротехникалық әдістердің тиімділігін
көтерудегі басты шарттар болып табылады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған негізгі міндет – халықты
жеткілікті мөлшерде сапалы азық түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз
ету. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі күн талабына сай әр аймақтың өзіне тән
топырақ – климат ерекшеліктерін ескере отырып, өндіріске ауыл шаруашылығы
дақылдарын өсірудің аймақтық технологиясын немесе жетілдірілген жеке
агротехникалық тәсілдерді енгізу айтылған мәселені шешудегі алғашқы
қадамдардың бірі болып саналады.
Оңтүстік Қазақстан облысында өсірілетін өсімдіктердің бірі болашағы мол
майлы дақылдар қатарына - мақсары жатады. Бұл өсімдік қуаңшылыққа төзімді,
тәлімі жерлерде жақсы өнім қалыптастыра алады.
Республикада мақсарыны негізінен екі бағытта біріншісі - май алу және
екіншісі мал азығына пайдаланылады. Дақыл тұқымшасында жалпы май мөлшері
32-43%, ал ядросында 50-56% дейін бағалы майлы болады. Майының дәмділігі
күнбағыс майына пара-пар, сондықтан мақсарыны тамаққа, медицинада және
техникалық мақсаттарда пайдаланылады. Егер мақсары тұқымшасының тек қана
ядросынан май сығылса, онда өндірілген майы сапасы жағынан зәйтүн майынан
кем түспейді.
Тұқымшасы жақсы құс азығы, егер оны тауық мекеніне берсе, әсіресе қыс
айларында жұмыртқалағыштығы артады. Дәнін құрама жемге қосып, сауын сиырды
азықтандырса, онда сүттің майлылығы жоғарылайды.
Майы сығылғаннан кейінгі қалдық-күнжара бағалы мал азығы. Оның құрамында
36-46% дейін белок болады. Сабаны құнарлы мал азығы.
Мақсары гүлінен - дәрі, сусын, шәй және бояғыш зат зат алынады.
Мақсары дақылының өсіру технологиясын дұрыс сақтасақ және ерекшеліктерін
ескерсек, одан алынатын өнімділік арта түседі.
Максары дакылы тәлімі егіншілікке май-өндіру өнеркәсібінде ең колайлы,
әрі арзан шикізат үшін өсірілетін өсімдік.
Шымкент каласында 4 ірі май сығатын зауыттар жұмыс істейді. Олар шикізат
ретінде күнбағыс, мақсары дәндерін және мақта шитін пайдаланады. Аталған үш
дакылдан мақсары дақылын өсіріп өндірудін өзіндік құны баска дақылдарға
қарағанда арзан болуы, мақсарының егіс көлемін арттыруға әкеп соқты.
Максарынын тиімді дакыл екенін түсініп. оған фермер диқандардын қызыға
бастауын төменгі цифрларлан көруге болады.
1998 ж. Қазақстан бойынша мақсары дакылы 54 мыңга майданға егілсе;
1999 ж. 63 мыңга; 2000 ж 89,3 мыңга; 2001 ж. 55,1 мыңга; 2003 ж. 76
мыңга, жетті. Егіс көлемінің күрт өсуіне мақсары майының тазалығы, мақсары
дакылын өсірудің арзан болуы, жоғары өнімді сорттардың бар болуы, өсіп-
өндіру технологиясының өз уакытында өндіріске ендірілуі, май зауыттырынын
фермерлерге мақсары өндіру үшін субсидия бөлуі, май зауыттарының мақсары
дәнін жоғары бағамен сатып алуы себеп болып жатыр.
Ізденіс мақсаты және міндеттері.
Ғылыми жұмыстың басты мақсаты – Қазақстанның Оңтүстік аймағында

технологиясын жетілдіру, жаңа гербицидтерді қолданғандағы тиімділігін
көрсету. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін, төмендегідей міндеттер белгіленді:
- топырақты өңдемей тікелей себу кезінде мақсары өсімдігінің өсіп-
дамуына және өнімділігіне әсерін зерттеу;
- мақсары өсімдігінің өсіп-дамуына кедергі келтіретін арам шөптердің
түрлеріне жаңа гербицидтерді қолдану және мөлшерін анықтау;
- мақсарыны топырақты өңдемей тікелей сеуіп өсірген кездегі
өнімділігінің экономикалық тиімділігін анықтау;
- зерттеу материалдар нәтижелеріне сүйеніп ғылыми негізде қорытынды
жасау.
І бөлім
1.1 Әдебиеттерге шолу
Әлемге танымал ботаник ғалымдар Hooker мен Jackson еңбектерінде жер
шарында мақсарының алпыс түрі кездеседі дейді.
Мақсары дақылы Қазақстанда, әсіресе оның оңтүстігінде, соңғы жылдары
көптеп егіле бастады. Оған негізгі себеп мақсары дақылының жоғары сапалы,
әрі өнімнің өзіндік құнының төмен болуы.
Шостановский С.А 4, Момот Я.Г 5, Жуковский Г.М 6 ұйғарымдарынша,
мақсарының 19 түрі бар, олардың 15-біржылдық 1-екі жылдық және 3-көпжылдық
түрлер.
Расулов Н 7 есептеуінше мақсары 11-түрден тұрады. Осы түрлердің
ішіндегі егістіктерге пайдаланылып жүрген мәдени түр -Carthamus tintorius
L. Күрделі гүлділер немесе астра тұқымдастығына жататын қос жарнақты бір
жылдық өсімдік.
Онын дәнінен 25-36% жоғары сапалы май алуга болады. Максары дәнінен,
өндірілетін өсімдік майы сапасы жөнінен (дәмділігі, ағзаға сіңімділігі,
холестериннің аздығы, канцерогендік заттардың ең төмен дәрежеде болуы т.б.)
күнбағыс майынан жоғары немесе тең, ал макта майынан жоғары бағаланады .
Мақсары мәдени дакыл ретінде ежелден бері пайдаланылып келеді. Ол Индия,
Египет, Иран, Орталык жэне Оңтүстік Америка, Австралия және Орта Азияда
егіліп келген. Мақтадан токылған маталар алғашында бояусыз болған. Кейіннен
матаны бояу үшін перуліктер жүгері дәнінен, ал арабтар максары гүлінен
алынған бояуды пайдаланған. Б.э.д. ХҮІ ғасырда египеттіктер мумияны орайтын
шүберекті максары бояумен боялғаны анықталды.
А.И.Купцов максарының экологиясын және түбегейлі жүйесін жан-жакты
зерттей келе төмендегідей аймактык:
I. Памир
2. Оңтүстік Аугаистан
З. Армения
4. Герат
5. Кавказ
6. ОңтүстІк Франция
7. Солтүстік Туран экотиптерін аныктады.
Н.И.Вавилов максарының отаны деп Индия мен Абиссинияны атаған (1955 ж).
Мақсарының қай жерде мәдени түрге енгені және мәдени түрдің пайда болуы
жөніндегі авторлар арасында бір ауызды пікірлер жоқ. Минкевич И.А
14 есептеуінше, мақсарының ежелгі мәдени орталығы Үндістан
және Ауғаныстан. Момонт Я.Г 5 тұжырымдауынша мақсары Үнді және Египет
мемлекеттерінің аралығындағы көне мәдени дақыл. Оның 2100 жылдан астам
тарихы бар.
Вавилов П.П 11 деректері бойынша, мақсары дақылы өте ертеректе
Индияда, Египетте, Ауғаныстанда, Орталық Азияда және Кавказ
мемлекеттерінде белгілі болған. Ол жерлерде мақсарыны бояғыш, және әсемдік
зат ретінде пайдаланған.
Мақсарыны Carthamas tintorius түрі мәдени дақыл ретінде белгілі және
оның арамшөп түрі кездеспейді.
1978 жылдан бастап Бірлескен мемлекеттердің астық - егіншілік ұйымы
мақсарыны майлы дақыл деп танып, оны бірлестіктің өнім жинағына енгізді.
1981 жылы АҚШ Калифорния штатының университетінде бірінші халықаралық
мақсарыға арналған конференция өткізілген.
Купцов A.M, Минкевич A.M, Момот Я.Г 12,14,17 зерттеулері бойынша,
мақсарыны ертеректе өсірген. Негізінен гүлінен бояғыш зат - картамин
алынған. Оны кілем және тоқыма бұйымдарын бояуға пайдаланған. Анилин
бояуының шығуына байланысты, ол бояғыш заттар маңызын жоғалтқан.
Европаға мақсарыны арабтар әкелген, одан Италия, Франция және
Ресейге өткен. Ресей "Еркін экономикалық қоғам еңбектерінде" мақсарыны
алғашқыда бояғыш құрал есебінде пайдаланылғанын, ірі қалалар бақтарында
жақсы өсетіні жөнінде деректер бар.
Минкевич И.А 14 дәлелдеуінше мақсарыны алғаш рет майлы өсімдік ретінде
өсіру 19 ғасырдың аяғында Волга өзенінің бойында және Украинаның оңтүстік
бөлігінде басталған. Мақсарының майға өсірілу себебі, күнбағыс дақылының
сол кездегі ауыр жағдайы, өсімдік зиянкестерден, арамшөптерден, аурулардан
зиян шегуі, ал мақсары куаңшылыққа төзімді және сұңғылаға берік. 20 ғасырда
мақсары егісі Ресейде күнбағыс орнында өсіріле бастады 17.
ТМД мемлекеттерінде Өзбек, Қырғыз, Тәжік республикаларында және
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде мақсары өсіреді. Өзінің куаңшылыққа
төзімділігіне байланысты, оңтүстік өңірлерде кеңінен өсіріле
бастады. Борздыко П және Симонов Н 18, Минкевич И.А 14, Попова Г.М
19, Бартенов Д 20, Момот Я.Г 40, Расулов И 7 және басқа
зерттеушілер мақсарының майлы дақылдар ішінді қуаңшылыққа төзімділігінің
жоғары екенін, сол себепті оңтүстік өңірде өсіруге болатынын баса айтады.
Васильев Д.С деректері бойынша, соңғы жылдары алдыңғы қатарлы
мемлекеттерде өсімдік майын пайдалану артып, aл сары май өндірісі азаюда.
Себебі, адамзат денсаулығына өсімдік майының пайдалылығы басым, дәмділігі
және қортылғыштығы жағынан жануарлар майынан жоғары. Өсімдік майының
бағалылығы тамақ өнімі болғандықтан майлы-қышқыл құрамымен анықталады және
оның құрамында адам өміріне қажетті биологиялық белсенді заттардың
витаминдер (А, Д, Е, К), фосфотидтер т.б. бар 22.
Чирков В.Н мақсарыны шөпке өсіру керек деген ұсыныс жасайды, себебі оны
түйелер мен қойлар жақсы жейді. Расуло И 25, 26 мақсары шөбінің
малазықтық бағалылығын жан-жақты талдай отыра, оны турап беру малға жақсы
сіңірілетінін баяндайды. Мақсары шөбінің 100 кг-ында 7,9 кг қортылған
протеин және 82 кг малазықты өлшем бар. Мал азығындағы ауыр қортылатын
элементтер (клетчатка мен май) жай шөпке қарағанда, туралған күйінде жақсы
қортылады. Мақсары шөбін гүлдену сатысының алдында жинау керек.
Прянишников С.Н бүкілодақтық қаракөл ғылыми зерттеу институтының
деректеріне сүйене отырып, мақсарының малға жоғарғы сапалы азық
және протеинге бай екендігін, яғни оның шөбінің құрамында 16,5% шикі
протеин бар екенін дәлелдейді. Дақылдың 1 ц шөбінде 48-50 азықтық өлшем бар
27.
Прянишников С.Н тағы басқалардың зерттеулері көрсеткендей Алматы
облысының шөл және шөлейт аймақтарында, мақсары дақылының өнімділігі табиғи
жайылым өнімділігінен 2-3 есе жоғары. Момот Я.Г 10 белгілеуінше,
мақсарыны шөпке, көкбалаусаға, сүрлемге және жасыл тізбек құрамына
енгізудің тәжірибелік маңызы зор.
Мақсарының Милютин 114 сортының авторы Момот Я.Г анықтағандай
мақсарының Әзірбайжан, Кіші Азия, Сирия, Испан географиялық формалары ерте
пісетін, Қытай, Иран жэне Ауғаныстан нұсқалары кеш пісетін, Қытай,
Әзірбайжан, Иран, Армения, Ауғанстан нұскалары биік бойлы, ал Сирия және
Израиль нұскалары ірі дәнді болып келеді.
Ілгері Шымкент облысы және Орта Азия республикалары негізінен мақта
майын пайдаланатын. Мақта майы құрамында адам ағзасы үшін аса зиянды
госсипол уы 0,02% болғанына қарамастан, ірі зауыттар (Ташкент, Янгиюль,
Шымкент, Қокан, Фергана, Үргеніш. Термез т.б) сол кездегі 5 жылдық жоспарды
орындау мақсатында мақта майын кұрамындағы госсиполдан тазаламай
(рафинацияламай) тұтынушыларға ұсынатын. Соның нәтижесінде аталмыш
елдердегі халыктын 40-60%, кейбір елді мекендерге 70% (негізінен балалар)
бауыр ауруы - гипатитпен жаппай ауырды 18.
Красноводопад селекциялык станциясы 1934-1955 жж, 1962-1975 жж
аралығында мақсарының селекциясы және агротехникасымен жүйелі түрде
айналысып 1947 ж. Красноводопад 4 сортын шығарган. Станция ғалымдары
мақсарыны тамақ өнеркәсібі үшін шикізат және мал шаруашылыгы үшін сүрлем,
шөп, пішендеме ретінде тәлімі алқаптарда егуге болатынын дәлелдеген.
Кейінгі жылдары дәнінен май алуға болатынын зерттеп, егіншілікке кіргізуді
ұсынган. Бұл ғылыми жұмыстар сапалы және жоғары дәрежеде жүргізіліп, құнды
ғылыми нәтижелер алынғанымен егіншілер жағынан қолдау таппаған және аз
егілген (2-3 мың га). Сол себептермен ғалымдар мақсары дақылын зерттеуді
1975 ж. тоқтаткан.
Өсімдік шаруашылығында сортқа үлкен мән берілетіні белгілі. ТМД
мемлекеттерінде майлы дақылдар сорттарын шығаруда үлкен селекциялық
жұмыстар жүргізілуде. Республика танаптарында мақсарының бұдан жарты ғасыр
бұрын шығарылған сорттар егілуде. Олардың қатарына Я.Г.Момот шығарған
мақсарының Милютинский 114 сорты жатады. Бұл сорт республика егісінде 50
жылдардан бері өсірілуде. Тікенді, орташадан ерте пісетін сорт, толық
көктеу сатысынан тұқымшасының толық пісуіне дейін 93-117 күн қажет,
қуаңшылыққа төзімді, мақсары дақылының негізі аурулары мен зиянкестеріне
төзімді.
1960 жылдардың басында Өзбек тәлімі егіншілік ғылыми-зерттеу
институтының ғалымдары мақсарының Кормовая 16 малазықтық сортын шығарған.
Өсімдік жапырағының көпшілігімен ерекшеленеді, бірақ тікені бар
С.Н.Прянишиников 29.
Соңғы жылдары Красноводопад селекция станциясының ғалымдары мақсарының
бірнеше сорттарын сорт сынау лабораториясына өткізді.
Қазір Оңтүстік Қазақстан облысының танаптарында "Нұрлан" сорты егіліп
жүр, ал "Ақ май" сорты мемлекеттік сынақтан өтуде.
"Нұрлан" сорты Оңтүстік Қазақстанның мақсары жергілікті популяцияларынан
бірнеше рет жеке іріктеу арқылы алынған.
Сабағы дөңгелек, түпсіз, биіктігі 70-80 см, түбірінің пішіні қысыңқы,
бір өсімдікте 6-18 дейін бұтақ бар, жапырағы эллипс тәрізді сағақсыз.
Жапырағының бояуы қоңыр-жасыл, түксіз және тікенексіз.
Тостағаншасы иіліп келген, диаметрі 2,5 см, өсімдікте 8-24 тостағанша
бар. Гүлдері айқын-қызыл. Тұқымшасы ақ, сыртында сұр қатты қабығы бар. 1000
тұқымша салмағы - 32,4 г. куаңшылыққа және ыстыққа төзімді. Тез пісетін
сорт. Тұқымша құрамында белогы 19,1-19,7%, қабықтылығы 46,2-48,0%,
майлылығы 29,4-31,5% 32.
Қазақстанның оңтүстігінің тәлімі жерлерінде мақсарыны қыстың жылынған
кезендерінде (қаңтар-ақпан) себу керек деп жазады. Өзбекстан, Қырғыстан
және Оңтүстік Қазақстанның әр түрлі егіншілік аймақтарында зерттеу
жүргізген ғалымдар бірыңғай пікірге келеді, яғни мақсары - өте ерте
себілетін дақыл. Олар өз қөзқарастарын былай түсіндіреді, мақсары себуші
негізгі аудандарда жауын-шашынның басым бөлігі қыста және көктемде түседі,
сондықтан ылғалмен ең қамтамасыз етілген кезең - тек қана көктем; екіншіден
мақсары тұқымы өте төмен температурада өнеді А.Я. Максимова, С.А.Гевориянц,
Г.А.Катрич есептеуінше, жаздық дақылдар өнген температурада мақсары да
бүршіктенеді, сонымен қатар мақсары өскіні көктемгі 6-7°С үсіктен
қорықпайды, үшіншіден мақсары тұқымы ылғалды қабатқа түсуі керек, себебі
өнуі үшін ылғалды көптеп қажет етеді, төртіншіден, ерте
егілген дақыл зиянкестермен аз зақымданады және майлылығы жоғары болады,
бесіншіден, кеш себілу егістің сиреуіне әкеліп соғады, өсімдік нашар дамиды
- соның бәрі өнімділіктің төмендеуіне себепкер болады. Сонымен қатар, саты
аралық кезеңнің ұзақтығы және вегетациялық кезеңнің жалпы ұзындығы
қысқарады35,36.
Әдебиеттерде қатар аралық ені және қатардағы өсімдіктердің арақашықтығы
туралы біркелкі пікірлер жоқ. Мақсарыны дискілі сепкіштермен 60-70см
қатараралықпен себу керектігін И.А. Минкевич, Максимова А.Я, Геворнянц С.А,
Чирков Ф.Н, Якушкин И.В жазған. Кейбір зерттеушілер мақсарының оңтайлы
себілу тәсілі - қатараралығы 60 см деп есептейді Самородов В.И, Дворянкин
Н.И. Өсімдікті кең қатармен қатараралығын 45 және 60 см себу керектігін
Маринич П.В, Момот Я.Г, Прянишников С.Н. және тағы басқалар ұсынған
37,38.
Айта кетерлік жағдай мақсары дақылымен бұрынғы КСРО, жүйесінде тек қана
Краснодар (Ресей) 1940-1950 жж және Қазакстандағы Красноводопад 1934-1975
жылдары ғалымдары ғана шұғылданған және ол кездегі мақсары дәнінің
өнімділігі 3-5 цга аспаған.
Мақсары дақылының кенже дақыл еместігін, керісінше ол арпа, бидаймен
тең дақыл болатынын терең түсінген жерлес ғалым М.Қонырбеков 1985 ж.
мақсары дақылының селекциясымен жүйелі, терең және мақсатты дәрежеде
айналысуда. Ұзак мерзімді ғылыми еңбек нәтижесінде өз ісіне шебер ғалымымыз
1993 ж. Нұрлан сортын, 2002 ж. Ақмай сортын өндіріске ұсынды.
Бұл күндері орташа өнімділігі 10-12 цга, бұрынгы сорттарда 3-5 цга,
майлылығы 37% (бұрын 25-30%) болатын Нұрлан сорты. Оңтүстік Қазакстан,
Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазакстан облыстарында аудандастырылған.
Дақылдан жоғары өнім қалыптастыруда кешенді агротехникалық шараларды
және нақтылы топырақ - климат жағдайының потенциалды мүмкіндігін ашуда,
технологияның негізгі буындары - себілу мерзімі, тәсілі және мөлшерінің
алатын орны ерекше.
А.Т.Дояренко 40 өз еңбегінде белгілеген, "уақыт, тәсіл және
себілу мөлшері құқым сіңірілу тереңдігі" - олар нәтиже қамтамасыз етуші,
егістің маңызды элементтері. Бұл сүрақтарды шешудің жалпы жауабы жоқ,
сондықтан оларды жеке жағдайларына байланысты шешу керек.
Әдебиеттерге шолу жасай отыра байқағанымыз, барлық мақсары өсіруші
аудандардан дақылды ерте себу керектігін айтады.
Мақсарыдан жоғары өнімді, тек қана ерте сепкенде алуға болады деп
есептейді И.А.Минкевич, Г. А. Лавронов, В.В.Невзоров, В.В.Барковский, В.И.
Чирков41,42,43,44 және тағы басқа зерттеушілер. Олардың ұйғарымынша,
мақсарыны ерте көктемде жаздық масақты дақылдардан кейін себу керек
(В.П.Самородов 45); ал басқаларының есептелуінше, мақсарыны себудің
қолайлы мерзімі -танапқа шығу мүмкіндігінің бірінші бес күндігі
А.М.Астафьев, ВА. Жулидов 46.
Қытай ауыл шаруашылығы академиясының академигі Ван Жау Му 47 көптеген
зерттеулердің деректерін қортындылай келе, қолайлы мерзімде ерте себілген
танаптарда өнімділік және өнім құрылымының өте ерте немесе кеш себілетін
мерзімдерден жақсы болатынын байқаған.
Орал облысы жағдайында деп жазады Д.А.Бартенев мақсарыны себудің қолайлы
мерзімі ерте себілетін жаздықтармен қатар. Осындай көзқарасты В.И.Чирков,
П.Е.Маринич 48 қолдайды. Алматы облысының шөлейт аймағында, мал азығына
мақсарыны қолайлы себілу мерзімі - көктем, ерте себілетін астық
дақылдарымен қатар деп есептейді С.Н.Прянишников және тағы басқалар49.
Қырғызстан және Өзбекстанның тәлімі жерлерінде Л.А. Жданов 50, Я.Г. Момот
51, 3. Шамсутдинов 52 дақылды ерте себумен қатар қыстың алдында себуді
ұсынады. Қыстың алдында себілген мақсарының тұқымша өнімділігі ерте
көктемде себілгенге қарағанда 51-63% жоғары болды деп хабарлайды 53.

кезендерінде (қаңтар-ақпан) себу керек деп жазады . Өзбекстан,
Қырғыстан және Оңтүстік Қазақстанның әр түрлі егіншілік аймақтарында
зерттеу жүргізген ғалымдар бірыңғай пікірге келеді, яғни мақсары - өте ерте

Г.А.Катрич 55 есептеуінше, жаздық дақылдар өнген температурада мақсары да

қысқарады 56,57.
Каng Но Gоl, Rо Моng Sur 58 ұйғарымдарынша мақсары өсімдігін жазғы
мезгілде сепкенде оның гүлдері негізгі сабақта 11-13 жапырақтары толық
қалыптасқанда ғана пайда бола бастады. Гүлдеу мерзімі қазан айының ортасына
дейін созылды. Мақсары өсімдігінің гүлдеуі тек ұзақ күн жағдайында ғана
емес, сонымен қатар қысқа күнде де (8 сағат) байқалған. Мақсарыны себу
мерзімі шілде айының ортасынан аяғына дейін болғанда, оның гүлдеуі
қыркүйектің ортасынан қазанның аяғына дейін созылған 59.
М.Қоңырбеков 60 есептеуінше Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы
жылдары мақсарының егіс көлемі 70-84 мың га жетті. Дегенмен, оның
өнімділігі әлі төмен. 3-4 цга (кей жағдайда 1,5-2,5 цга) ғана. Мұның
себебі мақсары дақылын құрғақшылыққа төзімді деп диқандар сәуір айының
ішінде немесе мамыр айында егеді. Бұл қате түсінік, яғни технологияны
сақтамау деген сөз. Облысымызда аудандастырылған Нұрлан сортына жердің
бетінен қар кетіп, топырақтың қызу температурасы 3-4 градус болған кезде
себу қажет. Демек ақпан айының соңғы 10 күндігі мен наурыз айының бірінші
10 күнідігінде себілген тұқым жердің бетіне түгел шығып, өсімдік жақсы
өсіп, өнімділік артады.
Мақсарыны ауыспалы егістің соңғы танабына орналастырған жөн. Себу
мөлшерінің 12-18 кгга немесе гектарына 300-400 мың дән болғаны дұрыс. Ол
кәдімгі астық себетін сеялкамен 3,4-4,0 см терендікте себіледі. Қатар
аралығы 30-35 см, яғни шүмектің біреуін бекітіп қою қажет.
Қытайдың мақсарымен айналысушысы ғалымы Ван Жау Му айтуынша дақылды
орташа ауа температурасы 5-13°С, ал топырақ температурасы 5°С жоғары
болғанда себеді. Оңтайлы мерзімде ерте себу өнімділікті жоғарылатады.
Сhabbry есептелуінше мақсарының өсіп-дамуы, тостағанша диаметрі,
биіктігі, майлылығы ерте себілген егісте, кеш себілгенге қарағанда жоғары
болған.
Patel, В.М., Sabаrіа S.G. және т.б. егіс тәжірибесін РН=7,9 болатын тұз
мөлшері аз жылжымалы азоты төмен, фосфоры орташа, калий жоғары топырақта,
азот және фосфор тыңайтқыштарын қоса отырып (себуге дейін және 40 күннен
кейін) себу мерзімінің тиімділігін бағалау мақсатында жүргізді. Өсімдіктің
биіктігін, өсімдіктің көлденеңнің, бірінші және екінші кезектегі
бұтақтардың санын, гүлдеуін, тұқым саны түсімділігі (оның 1 гектарға
түсімділігін), 1000 дән салмағын және тағы басқаларын анықтады. Орташа
алғанда сорттарды себу мерзімін 20, 30 қазанда және 9 қараша болғанда тұқым
түсімділігі төмендегідей болады: 1840; 1632; 1338 және 799 кгга. Вhіmа,
Тага, Маnуіrа, А-І және NRS-209 сорттарының тұқым түсімділігі орташа себу
мерзімінде 1771; 1321; 1207; 1250 және 1461 кгга. Вhіmа сортының себу
мерзімі 10 қазан болғанда оның биіктігі және түсімділігі жоғары болып,
нәтижелі қорытындылар алынды.
Vеrmаnol зерттеулерінде Австралияда мақсарыны кешіктіріп себу
өнімділікті төмендетеді және 1000 дәннің салмағының төмендеуіне әкеліп
соққан.
Мақсарының себілу мерзімі күн нұрымен байланысты, себебі ол ұзын күн
өсімдігі. Топырақтың 5 см қабатында 4°С жылынғанда тұқым өне бастайды.
Дақылдың себілу мерзімі биіктігіне, өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығына және
өнімділікке әсер етеді. Температура үйлесімді болған жағдайда ерте себу
өнімділікті жоғарылатады.
Мақсарының өсіру технологиясында жетекші орын себілу тәсіліне беріледі,
оның функциясына тұқымды болашақ өсімдікті өсіру алаңшасында қолайлы
орналастыру жатады. Олардың орналасуынан топырақтағы ылғал қоры мен
қоректік заттар және күн сәулесі энергиясын тиімді пайдалану байланысты.
Еске сақтау керек, дақылдың себілу тәсілі өсіру технологиясымен тікелей
қатынаста болады және ол әрқашан себілудің тиімді тәсілдерін жасауда жаңа
құралдар, машиналар түрлерін, оның ішінде шапшаң жүретіндерді өндіріске
ұсыну, егіншілік мәдениетін көтеру және жер өндеу шараларының өзгеруімен
байланысты. Сонымен қатар, себілу тәсілі дақыл өсірілетін әртүрлі
аймақтарда ұзақ мерзімде тексеруді қажет етеді.
Қазіргі кезде себілу тәсілдері бойынша жан-жақты материалдар
жинақталған.
Көптеген экспериментальдық зерттеулердің шешімдері негізінде өнімділігі
жағынан бірінші орынды дақылды кең қатармен себу алады, ал бірақ жеке
әдебиет көздерінде бірінші орынға жай қатармен себілген варианттардан
алынады. Көптеген авторлардың ұйғарымынша "мақсары қалыпты отамалы
дақылдарға жатады".
ҚХР мақсарыны әртүрлі тәсілмен 30, 45, 60 см қатар аралықпен сепкен ең
жоғарғы өнімді 60 см қатар аралықпен себілген варианттан алынған .

Чирков Ф.Н, Якушкин И.В 62,63,64 жазған. Кейбір зерттеушілер мақсарының
оңтайлы себілу тәсілі - қатараралығы 60 см деп есептейді Самородов В.И,
Дворянкин Н.
Өсімдікті кең қатармен қатараралығын 45 және 60 см себу керектігін
Маринич П.В, Момот Я.Г, Прянишников С.Н. және тағы басқалар 68,69
ұсынған.
Невзоров В.В, Бейлин Л 70 есептеуінше мақсарыдан жоғары өнімді алу
үшін қатар аралығын 45 см етіп себу керек дейді. Бейлин Л айтуынша
Қазақстанның ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген аудандарында қатараралықты
30 см дейін азайтуға болады. Құлтпасов ұйғарымынша Оңтүстік Қазақстан
облысында мақсарыны 60 см қатар аралықпен және қатардағы өсімдіктер ара
қашықтығын 25-30 см болу керек деген. Бірақ бұл ұсыныс негізінен құрғақ
аймаққа қатысты.
Әдебиетке шолуға қорытынды
Белгілі бір топырақ және ауа райы жағдайына ұсынылған мақсарыны
өсірудің технологиялық шараларын атап айтқанда алған дақылды таңдап алу,
топырақты негізгі өңдеу, тыңайтқышты енгізу, егіз себер алдындағы топырақты
өңдеу, егіс себу, арам шөптермен, аурулармен, зиянкестермен күресу, суару,
дер кезінде ысырапсыз өнім жинау, алынған өнімді тазалау және сақтау
жұмыстары сортты өсіруге және оның потенциялдық өнімділігін көтеруге
бағыталған болуы тиіс.
Тиімді өсуден және жетілуден өсімдікке қарсы әсер беретін
жағдайларға, экстремальды ауа райының қолайсыз жағдайлары, тыңайтқышты
технологияға лайықты түрде ендірмеу, ішкі технологиялық жағдайлардың
қолайсыздық технологиялары әсер етеді. Дұрысын айтқанда, әрбір өткен
жылдардың ауа райлары бір біріне ұқсамайды да, жоспар ойдағыдай орындала
бермейді. Сондықтан минералдық қоректің жүйелерін, агротехникалық
өңдеулердің жаңа минералдық жаңа әдістерін ендіру, өсімдіктің жақсы өсіп
дамуына әсер ететін факторларды, оның ең негізгісі болып миниумдық әдісті
ендіру керек. Сонымен, жоғарыда көрсетілгендей егістің қасиеті мен сапасы,
әрбір аймақтың топырақты-климаттық жағдайларына сорттардың генетикалық
ерекшеліктеріне оның ішіндегі агротехникалық әдістердің негізгісі болып
арамшөптерге қарсы жаңа гербицидтерді қолдану болып табылады. Сондықтан
біздің зерттеудің мақсаты мақсары өсімдігін үнемді технологиямен жаңа
гербицидтерді қолданғанда жақсы жетілуін және оның арамшөптерге әсерін
анықтау болады. Олардың агротехникаға сәйкес берілуін мақсарының сапалығы
мен өнімділігін зерттеу болады.
2. Тәжірибе жүргізілген жердің рельефі, жауын-шашын мөлшері, ауаның орташа
ылғалдылық ерекшеліктері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы әкімшілігі,
(Қызылсарқырама ауылы)
Красноводопад селекциялық тәжірибе стансиясы болып 1911 жылы Сарыағаш
ауданында Жібек-жолы атындағы ауылдық округінде
Халық саны - 1100 адам, жер көлемі -700 га, шаруа қожалықтардың саны -1,
қырман – 2, биолабаратория саны -1.
Красноводопад селекциялық тәжірибе стансиясының рельефі - ойлы -
қырлы тегіс емес. Теңіз деңгейінен биіктігі 246 метр.
Ауа райының орташа температурасы. Климаты континенталды, қысы
жылы (-10 0 С төңірегінде), жазы ыстық (+40 0С-қа жетеді). Өсімдіктердің
өсіп-өну мерзімі 220 - 320 тәулік. Аумағынан сулы Зах және Хан
арықтары ағып өтеді. Қардың қалыңдығы 10 см.
1-кесте 2005 – 2008 жылдар аралығында ауа райының орташа
температурасы, t0C
ЖылдаАйлар орташа
р
IX X
IX X
IX X XI
Нұрлан 11,2 37,0 0,0
Ақмай 10,1 38,0 0,0
Милютин 114 12,5 34,0 0,0
Кесте деректерінен байқағанымыз мақсарының жергілікті климат жағдайына
бейімделіп шығарылған сорттары мен сыналған үлгілері құрамындағы майдың
мөлшері жоғары деңгейде екенін байқаймыз (34,0-38,0), сонымен қатар
белокты 10,1-12,5% аралығында ауытқыды. Қоңырбеков М 16 қазіргі кезде
Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында мақсары майына сұраныстың артып
отырғанын айтады. Себебі мақсары майының тағамдық және өндірістік
маңызы зор. Тұқымшасы жеңіл және бағалы шикізат болып есептелінеді.
2.2 Мақсарының сорттары
Милютин 114 - Милютин тәжірибе стаициясыда (Өзбекстан) шығарылган.
Бойы - 54-70 см, орташа 59 см. Бұтактану коэффициенті - 4,7. Бұтақтары
жинақты. Өсімдік ықшам формалы жапырактары жұмыртқа пішіндес. ұштары
тікенексіз. Қауашактары күмбез пішіндес. Орташа 1 түпте 7,2 қауашақ бар. Әр
қауашақта 30-40 дән шоғырланған. Дәндері ірі, 1000 дәннің орташа салмағы
41,8 грамм. Дәннің қабығы дәннің 38,4-44,6% кұрайды. Өсіп жетілу ұзактығы
105 күн. Қуаңшылыққа төзімді. Дәндегі май құрамы 32-34%, өнімділігі 4-7
цга. Сорт 1955 ж. аудандастырылған.
Нұрлан - Онтүстік Қазакстанның жергілікті популяциясынан алынған
нұсқаларды жалпы саралау тәсілі бойынша Красноводопад селекциялык тәжірибе
станициясында шығарылган. Бойы орташа 85 см. Бұтақтану коэффициенті 7,2.
Бұтактары жинақты. Өсімдік ықшам формалы. Жапырақтары жалпақ, овал
пішіндес, ұштары тікенексіз. Қауашағы күмбез пішіндес. Бір түпте орта
есеппен 8,4 қауашақ болады. Әр қауашақта 35-42 дән шоғырланған. Дәндері
ірі, дәннің орташа салмагы 43 грамм. Дәннің қабығы дәннің 37-39 % кұрайды.
Дәндегі май құрамы 37%. Сорт 1993 ж. аудандастырылған. Өнімділігі 8-12 цга
Ақмай - Оңтүстік Қазакстанның жергілікті популяциясынан алынған.
Нұскаларды ұзақ мерзімді саралау нәтижесінде Красноводопад селекциялық
тәжірибе станциясында шығарылған. Бойы 100 см. Бұтақтану коэффициенті 7,3.
Бұтактары жайыңқы. Өсімдік ықшам формалы. Жапырақтары жалпақ, ланцетті,
ұштары тікенексіз. Қауашағы тәж пішіндес. Бір түпте орта есеппен 8,0
қауашақ болады. Әр қауашақта 30-40 дән шоғырланған. Дәндері ірі, дәннін
орташа салмағы 48 грамм. Дәннің қабығы дәннің салмағының 38-42 % құрайды.
Дәндегі май құрамы 38%. Сорт 2002 ж. аудандастырылған. ӨнІмділігі 9-18
цга.
Иркас - Нұрлан сортымен дүниежүзілік коллекциядағы буданды
шағылыстыру арқылы саралау нәтижесінде алынған. Бойы 50-65 см. Бұтактану
коэффициентІ 9-10. Бұтақтары жинақы. Өсімдігі ықшамды болып келедІ.
Қауашағы күмбез пішінді. Бір түпте орта есеппен 12-14 қауашақ болады. Әр
қауашақта 40 дән шоғырланған. Дәндері майда - 1000 дәннің орташа салмағы 32-
36 гр. Май кұрамы 41 %. Сорт 2004 жылдан бастап мемлекеттік сорт сынағында.
2.3 Мақсары өсімдігінің химиялық құрамы
Мақсары өсімдігінің жалпы құндылығын бағалауда өнімділіктер мен қатар,
оның сапа көрсеткіштерін анықтау қажет. Сондықтан дақылдың химиялық құрамын
және қоректік бағалығын оқып білудің - практикалық маңызы зор. Мақсарының
химиялық құрамын анықтауда, оның негізгі көрсеткіштері протеин мен
клетчатка мөлшерлеріне басты назар аударылады.
Егер өсімдік құрамында протеин көп болып, клетчатка аз болса, онда
азықтың қоректілігі жоғары болады.
Көптеген отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерінде
мақсарының мал азықтық құндылығын баса көрсетеді.
Мақсары сабағы кептіріліп және ұсақталған күйінде жемдік мал азығы
ретінде пайдалануға болады (Scharer, Schraiber).
Расулов И еңбектерінде, Самарқанд облысы жағдайында мақсарыны сүрлемге
корзинкалары қалыптаса бастағанда шабу керектігін көрсетеді. Автор
дақылдың шанақтану сатысында шөбімен сүрлемінің химиялық құрамдарын және
қорытылу коэффициенттерін анықтаған
Работнов Т тәжірибелерінде, мақсары пішенін мал азығына пайдалануды
зерттеген, оның анықтауынша 100 кг абсолютті құрғақ азықта 7,5 кг қортылғыш
протеин және 60 азықтық өлшем бар.
Өсу сатылары бойынша мақсарының химиялық құрамының өзгеруін М.
Кормановская А, Мартовицкая A.M Құсайынов Қ.Қ және т.б, Бекмухамедова Э.Л,
Бекмухамедова Н.З және т.б өз еңбектерінде дәлелдеген. Олар зерттеулер
нәтижелеріне сүйене отыра, мақсарының химиялық құрамы тұрақты емес,
сондықтан өсірілетін жердің топырақ және климат жағдайларына және дақылдың
сортына байланысты өзгеріске ұшырайтынын ескерткен. Сол себепті, химиялық
құрамды әрбір аймақта анықтауды ұсынады.
Арипова А.А Алматы облысының шөлейт аймағында тәжірибе жүргізіп, мақсары
өсімдігінің вегетативтік және генеративтік бөліктеріндегі химиялық
құрамының өзгеруінің себілу мөлшері мен тәсіліне байланыстылығын зерттеген.
Автордың мәлімдеуінше, себілу тәсілі мен мөлшері өсімдіктің химиялық
құрамына айтарлықтай өзгерістер жасамаған. Сонымен қатар, ізденуші дақылдың
химиялық құрамын негізгі малазықтық өнім алу сатыларында талдаған. Тәжірибе
нәтижелері көрсеткендей, шанақтану (корзинка қалыптасу) сатысында
мақсарының генеративтік бөлігінде протеин мөлшері 2,1-2,72% аралығында
болса, ал белок 13,2-17,0% аралығында ауытқыған. Сабағында протеин 1,54-
2,3%, белок 9,6-14,4% деңгейінде болған. Осы сатыда, Кормановская М.А
айтуынша, табиғи қоңырбас - әртүрлі тұқымдас шөптер қоспасында протеин 5,9-
7,5% аралығында болады екен. Май мазмұны мақсарының сабағы мен жапырағында
4,0-4,4%о, яғни күнбағыстан 0,6-0,8% көп, ал клетчатка корзинкада 19,4-
23,2%о, сабағында 24,5-28,8% мөлшерінде болған.
Сондықтан, қоректілік бағалылығы бойынша, мақсарыны басқа дақылдармен
салыстыра отыра төмендегідей қорытындыға келеміз, мақсары тек қана
техникалық дақыл ғана емес, оның малазықтық мүмкіншілігі жоғары өсімдік.
Дамыған елдерде мақсары майының денсаулыққа пайдалылығы жөніндегі
зерттеулерден кейін және құрамында қанықпаған поли қышқылдардың
қаныққандарға қарағанда көп болуы тамаққа пайдалануды көбейтті. Мақсары
майын жұғымдылығы жағынан зәйтүн майымен парапар қоюға болады. Поли
қанықпаған май қан құрамындағы холестеринді азайтады, сонымен бірге, моно
қанықпаған май қышқылдарының бірі - олеин қышқылы қандағы зиянды
холестериннің деңгейін төмендетеді.
Момот Я.Г жазған, мақсары күтіп баптауға жоғары талаптар қояды, бұл
шаралар біріншіден топырақтағы ылғалды сақтауға бағытталса, екіншіден
арамшөптерді жояды, сол арқылы қосымша өніммен ақталады. Дақыл өздігінен
арамшөптермен күресе алмайды, сондықтан бірінші тырмалауды нағыз екі
жапырағы қалыптасқанда бастау керек.
ІІІ Зерттеу бөлім
Зерттеу нысаны және нәтижелері
3.1 Мақсарыны себу мерзімі және вегетация кезіндегі өніп-өсуі
Мақсарының өсіп-өнуіне ауа-райы, топырақ ылғалдылығы және топырақ
құнарлылығы әсер етеді.
Вегетацияның әр кезеңдерінде және сатыларында мақсары дақылы сыртқы орта
жағдайларына әртүрлі талаптар қояды.
Тұқымның өнуінен-көгінің шығуына дейінгі кезең. Бұл кезеңдегі негізгі
өмір процесі тұқымның бөртуімен, өнуімен және өсімдіктің көгінің шығуымен
байланысты. Сыртқы факторлар арасында тұқымның өнуі және өсуін реттеуші
температура болып есептеледі.
Тұқымның бөртуі кезінде температураның әсерінің қажеті шамалы. Тұқым 5-
6°С және 10-12°С бірдей бөртеді де,сол кезеңде өз салмағынан 80-90% дейін
ылғал жұтады. Қолайлы жағдайда 40-60% ылғал қабылдапта өнеді.
Себу мерзімі. Мақсарыны ақпанның екінші жартысы мен наурыз айының
бірінші жартысы аралығында еккен тиімді. Ауаның орташа температурасы бұл
мерзімде +7,2°С, жауын-шашын мелшері 74 мм, ал ауанын орташа салыстырмалы
ылғалдылығы 60% болады. Аталған көрсеткіштер мақсары дақылының дәні топырақ
бетіне өніп-шығуына өте қолайлы жағдай туғызады. Мақсары дәнінің өніп
шығуына кері әсер ететін себептер қатарына төмендегілер жатады:
- топырактың дұрыс өңделмеуі (жер беті тегістелмеген, топырақ
беті ірі-ірі кесекті болуы);
- дәннің дұрыс егілмеуі (дән жер бетінде ашық көмілмей қалуы дән өте
терең егілуі, яғни 7-8 см -ден терең);
- талапқа сай келмейтін дәнді егу (зиянкестер зақымдаған дәндер,
шағылған дәндер, жарылған және ұсақ дәндер, өзге өсімдік дәндерінен
тазаланбаған дәндер, лабораториялык өнгіштігі нашар дәндер);
- топырақта ылғалдылықтың жеткіліксіз болуы;
- топырақ бетінің жаңбырдан кейін күннің немесе аңызақ желдің әсерінен
қатып қалуы;
Аталған факторлар дәннің сирек немесе мүлде шықпай қалуына
әсер етеді. Сондыктан да егіс алдынан егіске мұқият дайындалу қажст.
- алдымен дәнді дайындап алу керек: дәннің тазалығы 99,5 %, өнгіштігі 95
%, 1000 дәннің салмағы 30 граммнан кем емес, зиянкестермен мүлдем
зақымдалмаған болуы қажет;
- топырақ беті тегіс (тегістігі + ;- 7 см), топырақтың агрегаттық
құрылымы талапқа сай болып, кесектердің ірілігі 3 см-ден аспайтын немесе
үлесі 10-15 % -тен артық болмауы қажет;
- топырақ бетінің катқақтанып қатып қалуы көбінесе сәуір айынан
басталады. Сондықтан мақсары ақпанда және наурыз айының бірінші жартысында
егілуі тиіс.
2. Мақсарыға қажетті ылғалдылық
Суарылмайтын тәлімі алқаптарда өсірілетін ауыл-шаруашылық дақылдары
үшін ылғал көзі болып тек атмосфералық жауын-шашын саналады. Сондықтан
жауын-шашыннан пайда болатын ылғалды өсімдіктер өз физиологиялык
қажеттеріне дұрыс пайдалануын қамтамасыз етіп, осындай жағдайға бейім
дақылдарды таңдап, олардан мол өнім алу ауыл шаруашылығы ғылымының негізгі
міндеттерінің бірі.
Сәуір айында жауатын 61 мм көлеміндегі атмосфералык жауын-шашынды сақтау
үшін жапырақтану кезеңінен соң жүргізілген агротехникалық шара - мақсары
егісінің бетін тырмалау нәтижесінде топырақта ылғал сақталып, өсімдіктің
өсуіне аса қажет кезең - бұтақтану кезеңі бірқалыпты өтеді. Егерде жауған
жауыннан кейін ылғал сақтау шаралары жүргізілмесе, ылғал жоғары температура
әсерінен өсімдікке пайдасын тигізбей буланып кетеді. Ал мақсары бұтактанып
алған соң жапырақтары топырақ бетін көлеңкелеп, ылғалдың буланып кетуіне
жол бермей, ылғалдан өсімдік толығырақ пайдаланады.
5 – кесте Топырақ ылғалдылығы, мм.
Мерзімдері Аударып Аудармай Тікелей
Егілу мерзімі 52,4 53,1 50,1
Масақтану мерзімі146,3 140,7 145,8
Пісу мерзімі 24,4 23,7 25,8
3. Топырақ құнарлылығы
Дән топыраққа түскен соң тамырлар жайылып өзіне кажетті қоректі
топырақтан алады. Топырақ құрамында қажетті заттар жеткілікті болса,
өсімдіктің өсіп-өну процесі бірқалыпты жағдайда өтеді. Ал тәлімі, ылғал
жеткіліксіз алқаптарда топырақ құрамында өсімдік үшін қажетті заттар,
элементтер жеткіліксіз немесе өсімдік өзіне пайдалана алмайтын түрде
болады. Себебі ылғал жетіспегендіктен органикалык заттар минералданбайды,
ал нитрат және фосфорлар жылжымайтын немесе ерімейтін түрге айналып кетеді.
Біздің сұр топырағымызда азот және фосфор жеткілікті болғанымен, олардың
өсімдік өзіне пайдалана алатын формалары (жылжымалы нитрат және фосфор) аз.
Ал қарашірік топырак құрамында бар болғаны 0,8-1,0 % ғана.
Мақсары дақылы үшін минералды тынайтқыштарымен үстеп қоректендіру жоғары
өнім кепілі болып табылады.
6 - кесте Топырақты өңдеудегі көлемдік салмағының егістікке әсері,
гсм3
Өңдеу түрі 0-14 гсм3 0-28гсм3
Егілу Масақтану Пісу Егілу Масақтану Пісу
мерзімі,мерзімі, мерзімі,мерзімі,мерзімі, мерзі
мі,
Шығым - - 1,29 - - 1,38
Аударып 1,0 1,3 1,36 1,2 1,28 1,33
өңдеу
Аудармай 1,06 1,26 1,31 1,04 1,22 1,26
өңдеу
Тікелей 1,1 1,23 1,28 1,1 1,18 1,24
4. Ауыспалы егіншілікте максарының орны
Ауыл шаруашылығында өндірілетін өнімнің дүниежүзілік және отандық
нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру агроөнеркәсіп өндірісін дамытудағы
негізгі әрі өзекті мәселе. Соңғы жылдары экономиканың аграрлық секторын
тұрақтандыруға мемлекет тарапынан көптеген іс-шаралар жүргізілуде, ал 2006-
2010 жылдары агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту концепциясында
республикамыздағы ауыл шаруашылығы өндірісін нарықтық экономикалық жағдайды
ескере одан әрі дамыту міндеттелген.
Бұл процестің жүзеге асуы экономикалық және экологиялық тұрғыдан
негізделген егін шаруашылығы жүйесін тиімді игеру және агротехнологиялық
жағдаймен тығыз байланысты екендігі мәлім.
Егін шаруашылығында қалыптасқан жағдайда топырақты өңдеу жұмыстарына
қыруар энергия шығыны жұмсалуда, нақтырақ айтар болсақ ауыл шаруашылық
дақылдарын өсіруде жалпы технологиялық процестерге жұмсалатын энергетикалық
шығынның жартысына жуығы осы топырақты өңдеудің еншісінде. Сондықтан соңғы
жылдары әлемнің көптеген мемлекеттерінде ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруде
топырақты тиімді өңдеуде немесе қарапайым тілмен айтқанда Топырақты жеңіл
өңдеу тәсілі кеңінен қолданысқа енуде, ал кей жағдайларда тіпті егістік
танапты күзде өңдеусіз қалдыру мүмкіндіктері ашылып отыр.
Қазіргі таңда орта және кіші шаруа қожалықтары ескі тозығы жеткен
техникалармен жабдықталған. Бұл өз кезегінде барлық агротехникалық
шараларды дер кезінде сапалы жүргізуге мүмкіндік бермейді. Көптеген
шаруаларда ауыл шаруашылық техникалары мүлдем жоқтың қасы. Осы және басқа
да себептерге байланысты мақсары дақылынан алынатын өнім деңгейі төмендеп
барады. Кеңес Одағында алғаш жаңа технологияның тиімділігін академик
Т.С.Мальцев ашып, оны ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Оның тұжырымдамасы бойынша
топырақты ұдайы аудара жырту, топырақтағы микроорганизмдердің өмір сүру
жағдайын өзгертеді, топырақ структурасы бұзылады, тек беткі қабатын
қопсыту қажеттігін атап өтті. Өткен ғасырдың 60- жылдары ғалымдар мен
өндірістегілер мынандай қортындыға келген, жүйелі түрде топырақты
механикалық өңдеу, терең қопсыта жырту топырақ құнарлығын арттырмайды және
қара шірік мөлшерін сақтай алмайды. Бұл жағдайда құнарлы қабат структурасы
бұзылып су және жел эрозиясына ұшырау мүмкіндігі артады. Сондықтан
ғалымдар топырақты тиімді өңдеу жолдарын іздестіруді қолға алды.
Көптеген дамыған мемлекеттерде үнемді технологиямен ауыл шаруашылығы
дақылдарын өсіруді өткен ғасырдың аяғынан қолға алған, ал қазір кең көлемде
қолдануда.
Үнемді технологиямен ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге көшу, нарықтық
заман талабы. Сол себепті біздің дипломдық жұмысымызда Қызылсарқырама СТС
тәжірибелік егіс алқабында 2005-2008 жылдары алғаш рет тәлімі егіншілікте
мақсарыны тікелей егу жолдары қарастырылып, оны кәдімгі технологиямен
салыстыра отырып дақылдың өсіп-дамуы мен өнім түзу ерекшеліктеріне
зерттеулер жүргізілді.
Зерттеу нысаны ретінде Қызылсарқырама СТС шығарған мақсарының Нұрлан
сорты алынды, егістік тәжірибе алқабының көлемі – 1,5 га, мөлдек ауданы 700
м2.
Мақсарыны тікелей себу технологиясымен өсіруде 5-танапты ауыспалы егіс
жүйесінде (1- қара сүр танап; 2 - күздік бидай; 3 - мақсары; 4 - күздік
бидай; 5- жоңышқаның жанама танабы) жүргізілді, осы ауыспалы егісте мақсары
дақылы күздік бидайдан соң үшінші танапта өсіріліп, гербицидтердің жаңадан
шығарылған түрі Дуал Голд, 960 к.э қолдану жөнінде зерттеулер жүргізілді.
Егістік танаптың топырағы кәдімгі сұр, механикалық құрамы орташа саздақ.
Қарашірік мөлшері 1,1-1,3%.
Диқандар мақсарыны күздік дәнді дақылдардан қалған, арам шөп басқан,
құнарлылығы нашарлау жерлерге бос қалмасын деген оймен себе салатыны сыр
емес.
Мақсары да күтуді, үстеп қоректендіруді, құнарлы жерді талап ететінін,
қалайтынын түсінетін уақыт жетті.
2001 жылдан бері Красноводопад селекциялык тәжірибе станциясы 5 танапты
(пар + күздік бидай + мақсары + күздік бидай + жоңышқаның танаптан тыс
егілуі) және 3 танапты (бидай + мақсары + арпа) ауыспалы егіншілік түрлерін
зерттеп келеді. Аталған ауыспалы егіншілік түрлерінің ерекшелігі мақсарының
екі масақты дәнді дакылдың арасына егілуі.
Бұл әдіс ауыспалы егіншілікте танаптарды арам шөптерден тазалап алуға
мүмкіндік туғызады. Ол үшін:
1. Бидай себілген егісте қос жарнакты арам шөптерді гербицидтермен, ал
мақсары егілген жылы астық тұқымдас арам шөптерді Дуал Голд 960 к.э.және
т.б. гербицидтерімен жоюға болады.
2. Ерте көктемде егілетін мақсарыны себер алдындағы
жүргізілетін агротехникалык шара - чизелдеу, күз немесе қыс айларында өсе
бастайтын арам шөптерді қырып тастайды.
7- кесте Ауыспалы егіншіліктегі дақылдардың өнімділігі, цга.
Ауыспалы егіншілік 2003 2004
2002 4,3
Дәстүрлі технология
(Аударып 25-27см).
2003 13,4
2004 10,0
2005 9,5
2006 10,0
орташа 9,4
2002 4,1
Үнемді технология,
ЛДГ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz