Қазақстан Республикасының сайлау органдары


Қазақстан Республикасындағы сайлаушылардың құқығы және
кепілдіктері . . .
2. 3
3
3. 1
3. 2
3. 3
Сайлау заңдарын бұзғандығы үшін жауапкершілік . . .
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ РЕФЕРЕНДУМНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
Электронды сайлау жүйесін пайдаланып сайлау өткізудің ерекшеліктері . . .
Референдумның түсінігі мен конституциялық құқықтық мәні . . .
Республикалық референдум тағайындау және оны әзірлеу . . .
42
47
47
51
57
КІРІСПЕ
Мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызды буыны - сайлау. Оның сипаты өкіметтің сайланбалы органдары құрамына әсер етері сөзсіз.
Демократиялық мемлекеттің маңызды белгісі - оның азаматтарының лауазымды адамдар мен мемлекеттік билік органдарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға еркін дауыс беру арқылы қатысуы болып табылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан халқы тарихтың әр кезеңінде егемендікті аңсап, тәуелсіздікті жырлап өткен. Ата-бабаларымыздың көкейінде, арманында жүрген осынау бір ұлы мақсат орындалып, оның игілігін бүгін күні сіздер мен біздер, яғни бүгінгі ұрпақ көріп отыр. Төл тәуелсіздігімізбен қатар еліміз көптен ұмыт болған салт-дәстүрін, әдеп-ғұрыптарын қайта жаңғыртып, ұлттық болмысын қайтып қалыптастырды.
1995 жылы қабылданған Республика Конституциясы Қазақстан халқының демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру ниетін бекітті, конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалады, мемлекеттік тетік, сондай-ақ қоғамдық, саяси институттар ретіндегі қызметтің негізі боларлық қағидаларын орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Осы Конституцияның негізінде Республиканың жалпы сайлау жүйесі бекітілді. Республикадағы сайлау Республика азаматтарының сайлау және сайлану құқығының еркін жүзеге асырылуына негізделді. Қазақстан Республикасында сайлау ҚР Конституциясымен, ҚР сайлау туралы Конституциялық заңымен реттеледі. Бұл Конституциялық заң 1995 жылы 28 қыркүйекте қабылданды, 2004жылы сәуірдегі енгізілген толықтырулар мен өзгертулер оған мүлде жаңа сипат береді. Сайлау әділ жолмен жүретін, демократиялық, халықтың нағыз еркін білдіретін саяси процеске айналуда. [1]
Қоғам өміріндегі маңызды саяси науқан - сайлауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өткізу, сайлау процессіне қатысушылардың бәрінің мақсаткерлікпен, сауатты және үйлесілген өзара әрекеттеріне негізделген. Саяси құқық пен бостандық әрбір азаматтардың субъективтік құқықтары мен бостандықтарының маңызды құрылысы болып табылады. Ондай саяси құқықтың бірі - мемлекет істерін басқаруға қатысу. Біздің Республикада азаматтардың мұндай құқығы Конституциямен «Қазақстан Республикасы сайлау туралы» конституциялық заң арқылы жүзеге асырылады. 2004 жылдың 14 -ші сәуірінде аталған конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Белгіленген заң талабы адамдарды сайлауға қатысуға міндеттемейді, заң әрбір Республика азаматының еркін білдіру бостандығын қамтамасыз ететін кепілдіктерді ғана белгілейді.
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесімен сайлау құқығы халықтық егемендіктің бір көрінісі болып табылады, өйткені оларды пайдалана отырып азаматтар мемлекеттің жоғарғы өкілді органдарын қалыптастырады. Республиканың он сегіз жасқа толған азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдайларға қарамастан тең дәрежеде сайлауда дауыс беруге құқылы. Еліміздің сайлау туралы конституциялық заңы сот шешімімен іс әрекетке қабілетсіз деп танылған, сондай-ақ сот үкімімен бас-бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген азаматтардың жалпыға бірдей сайлау құқығын заң шеңберінде шектейді. Олардың сондай-ақ Республикалық референдумға қатысу құқықтары да шектелген. Өзге қайсы бір негіздерде азаматтардың сайлау немесе сайлану құқытарын шектеуге ешкімнің де, ешбір органның да құқығы жоқ.
Сонымен, Қазақстан Республикасында сайлау жүйесін және одан туындайтын қатынастарды атап айтқанда Президентті, Парламентті Сенатты мен Мәжілісті, Маслихат депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізу тіртібі қағидалары бекіткен нармалар жиынтығы сайлау құқығын құрайды. Сайлау референдум мен қатар, халықтық биліктің жоғарғы нысаны бола отырып, демократияның маңызды элементі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыста Қазақстандағы сайлау жүйесі, азаматтардың сайлауға қатысу туралы қағидалары, сайлау органдары, сайлау алдындағы сайлау бостандықтарының кепілдіктері мен электрондық сайлау жүйесі пайдалану және бүкілхалықтық референдум туралы толықтай айтылады.
Сайлау-түрлі қарсылас кандидаттардың, саяси партиялардың, әлеуметтік топтардың, әртүрлі саяси экономикалық мүдделердің күрес алаңы болып табылады.
Сайлау қоғам мен мемлекет өміріндегі аса маңызды саяси науқан. Мемлекет басшысы Президент, Парламент, жергілікті мәслихаттар және өзін - өзі басқару органдары өздерінің қызметтерін сайлау арқылы бастайды. Әкімдерді де сайлау күн тәртібіне қойылмақ. Сайлау туралы Конституциялық заңның нормалары және талаптары күрделі, оларды терең біліп, оқып үйренудің, сақтау мен дұрыс пайдаланудың маңызы үлкен.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабына сәйкес еліміздегі мемлекеттік биліктің бірден - бір бастауы халық болып табылады, яғни халық өз билігін тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сонымен қатар өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. [1]
Қазақстан Республикасының негізгі заңы референдум мен еркін сайлауды халық билігі көрінісінің басты құралы ретінде айқындайды, олар арқылы азаматтар мемлекет істерін басқаруға қатысады, мемлекеттік билік органдарына өз өкілдерін сайлауы не өздері сайлануы мүмкін. Еліміздегі соңғы жылдардағы сайлау науқандарының тәжірбиесі сайлаудың халық билігінің ең жоғарғы тікелей көрінісі ретінде Қазақстанның саяси өмірінің ажырамас бөлігі болып қалыптасқанын көрсетті, оның ереже тәртіптерді сақтай отырып өткізілуі елімізде қалыптасқан мемлекеттіліктің демократиялық саяси реформасы туралы айтуға мүмкіндік берді. Бүгінгі сайлау процесі мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерін тұтастай дерлік қамтып отыр және еліміздің тұтастай саяси жүйесімен бірге дамуын, реформалануын және қайта жаңғыртылуын жалғастырады.
Сайлау заңнамасын кезең - кезеңмен оңтайландыру мен біріздендіру ұлттық ерекшелік пен тарихи дәстүрлерді сақтаумен бірге демократиялық сайлау жүйелерінің көпке танымал әлемдік стандарттарына барынша икемдеу мақсатын көздеп отыр.
Сайлау туралы кеңестік заңдар 1936 жылға дейін олардың бостандығын жоққа шығарды деуге болады, өйткені ол кезде сайлау және сайлану құқығы тек өндіруші және қоғамдық пайдалы еңбекпен күнкөріс қаражатын тауып жүрген адамдарға, солдаттар мен еңбекке қабілетсіз адамдарға берілді, бұнда ашық кемсітушілік белгіледі. 1936 жылдан бастап КСРО ның ересек халқы яғни 18 жасқа толған қазақстандық азаматтарда сайлауға қатысуға және сайлануға құқығы болды, барлық мүліктік және әлеуметтік шектеулер алынып тасталы.
Сайлау құқығын саяси құқықтар мен бостандықтарға жатқызу қажет, елдегі сайлау республика азаматтарының сайлау және сайлану құқығын жүзеге асыруына негізделеді, ол саяси сферада адам өмірі қызметінің ұлттардың, кластардың, топтардың арасындағы мемлекеттің қызметіне қатысу және оның қызмет мазмұнын, формасын анықтау барысында мемлекеттік билікті дамыту және мәселені шешумен байланысты болып табылады. Қазақстан Республикасындағы сайлау және сайлану құқығы мәселесіне байланысты Ғ. Сапарғалиевтың көзқарасы бойынша бұл сайлау іс әрекетін жүргізуге дайындау тек жүзеге асыру үшін қарастыруға болмайды, демократиялық мемлекет құру мақсатында Қазақстан азаматына саяси сипаттағы айтарлықтай көп мөлшердегі құқық пен бостандық кепілдігі берілген. [2]
Сайлау институтының дамуы жөніндегі мәліметтер сирек кезігеді, соған қарамастан ежелгі дәуірлерден бастап қазіргі Қазақстан териториясында қалыптасқан мемлекеттік құрлымдардың болғанын байқауға болады, олар қазақ жерін ежелден мекен еткен тайпалар құрған мемлекеттер, сондай-ақ 6-8 ғасырлардағы Түрік қағанатының билік органдарының құрылымы туралы да мәліметтер жарияланып жүр.
Сайлау туралы Конституциялық заң актісінің қабылдануымен халықтың мемлекет істерін басқаруға қатысуының ең демократиялық нысаны мемлекет өмірінің неғұрлым маңызды мәселелері бойынша бүкілхалықтық референдумда тікелей дауыс беруді іске асыруды 1999 жылы 29 сәуірде шешті, Қазақстан халқы республика Президентінің өкілеттіктерін 2000жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзарту үшін дауыс берді. Бұл референдумға тізімге енгізілген сайлаушылардың 91, 21 пайызы 538 қазақстандық және шетелдік байқаушылар қатысты.
Зерттеу жұмысының объектісі. Жұмыстың негізгі зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасының сайлау құқығының түсінігі, түрлері және қағидаттары, сайлау органдары, электронды сайлау жүйесін пайдаланып сайлау өткізудің ерекшеліктері жатады.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ
- Қазақстан Республикасының сайлау құқығының түсінігі, түрлері және қағидаттары
Сайлау - демократияның ең маңызды институты, халыктың еркiн бiлдiрудiң және оның саяси процеске қатысуының басты нысандарының бiрi.
Сайлауға қатысу - әр азаматтың құқығы. Сiз қай елде тұратыныңызға қарамастан, сiздi өз елiмiздiң ырысты болуы толғандырады, сiз өз дауысыңыздың естелгенiн қалайсыз, сiз болашақ сiздiкi екенiн бiлесiз.
Қазақстан Республикасындағы сайлау азаматтардың мемлекеттік және жергілікті басқарудың органдарын сайлау және сайлау құқығын еркін жүзеге асыруға негізделеді.
Сайлау құқығының негізгі қағидаларына мыналар жатады:
Жалпыға бірдей сайлау құқығы қағидасы жынысына, ұлтына, нәсіліне, діни көзқарасына, әлеуметтік шығу тегіне және тағы басқаларына қарамастан Қазақстан Республикасының белгілі бір жасқа толған барлық азаматы мемлекеттік биліктің сайлау органдарына сайлауға және сайлануға құқығын білдіреді.
Мемлекет мемлекеттік органдарға сайланатын азаматтарға бірқатар талаптар қояды. Бұл талап сайлауға және сайлау органдарының мемлекеттік механизмдегі сипатына, ерекшеліктеріне, айырықша жағдайына орай қойылады. Мысалы, Президент орнына сайлау үшін жасына, біліміне, мемлекетке қатысына және басқаларына байланысты талаптар қойылады. Осы ерекше талаптар Президент орнының халық пен мемлекет арасындағы айырықша зор жауапкершілігіне орай қойылады. Парламент, Мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттарға да бірқатар талаптар қойылады. Аталған конституциялық талаптар сайлаушылардың сайлау құқығын шектеушілік болып табылмайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың басты принципі еркін сайлау және референдум арқылы жүзеге асырылатынын, ал, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігін белгілейді.
1998 жылғы 30 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбавтың халыққа Жолдауындағы саяси реформалар және демократиялық қоғам бағдарламасында айтылғандай: «Кез келген демократияның ашық және әділ сайлау болуы, оның негізгі діңгегі. Дәл осы рөлді олар біздің демократияда қолдану керек. Бідің мақсатымыз айқын болуы керек: яғни алдынғы болатын сайлаулар ашық және әділ жүргізілуі керек. Демократия әрқашан даму процессінде болуы керек».
Кеңестік жүйенің ыдырауына байланысты посткеңестік республикалар саяси жүйенің қайта құрылу үдерісінде мемлекеттік билікті еркін қалыптастыру мүмкіндіктеріне ие болды. Осыған сәйкес, біздің еліміз де тәуелсіздік алғаннан бері демократиялану үдерісінде жедел дамуда. 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Декларацияда «халық егемендiктiң бiрден-бiр иесi және мемлекеттiк билiктiң қайнар көзi, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары негiзiнде тiкелей де, сондай-ақ өзi сайлайтын мемлекеттiк органдар арқылы да мемлекеттiк өкiмет билiгiн жүзеге асырады» деп көрсетілген. Сөйтіп, демократиялық қоғамның кепілі ретінде халық өкілді билікті қалыптастыруда ерекше орынға ие болды.
Яғни, әр азаматтың мемлекеттік билікті қалыптастыру арқылы елінің, өзінің және ұрпағының өміріне әсер ете алуына деген сенімнің қалыптасуы маңызды екені белгілі. Сөйтіп, тәуелсіз мемлекетіміз демократиялық даму стратегиясына сәйкес қарыштап, әртүрлі демократиялық модельдерді салыстыра отырып, тиімдісін таңдау негізінде жүзеге асыруға бағытталып отыр деуге негіз бар. Оған дәлел ретінде Президентіміздің «Қазақстанды батыс демократиясының дәстүрлері мен қағидаттарына және Оңтүстік Шығыс Азияның іргелі мемлекеттерінің тәжірибесіне, біздің көпұлтты және көпдінді халқымыздың дәстүрлеріне сәйкес одан әрі демократияландыру» анықтауынан-ақ түпкі мақсатымыз нақты көрініс тапқан. Ол жол - халқымыздың өкілді билікті қалыптастырудағы басты рөлі.
Мемлекетіміздің даму жолына сәйкес сайлау жүйесі де уақыт талаптарына сәйкес дамып келеді. Ел басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Парламент палаталарының 2007 жылғы 16 мамырдағы бірлескен отырысында мемлекеттілігіміздің қалыптасу кезеңдерін:
1991-1995 жылдар аралығындағы бірінші кезеңде дезинтеграция үдерісі еңсерілді, Қазақстан мемлекеттігінің іргетасы қаланды.
1995-2000 жылдар аралығындағы екінші кезеңде қазіргі заманғы демократиялық институттар және жаңа саяси мәдениет қалыптасты.
2001-2007 жылдар аралығындағы үшінші кезеңде әлеуметтік-экономикалық серпін қамтамасыз етілді» деп көрсетті. Осы атап өтілген кезеңдерде Қазақстан мемлекетінің сайлау жүйесі де эволюциялық даму жолымен ілгеріледі. Жүйелі трансформация жүріп жатқан біздің елде демократиялық талаптарға сәйкес әділ және таза сайлау мүмкіншіліктері жолға қойылуда.
Қазақстанда сайлауларды және референдумдарды өткізудің ережелері, рәсімдері мен негізгі ұстанымдары ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен, Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңымен, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының қаулыларымен белгіленеді.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабында Қазақстан азаматтары тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқылы делінген. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматттардың сайлауға және сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасында сайлау азаматтардың өзінің сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделген. Бұл ретте Президентті, Парламен Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республика Парламеті Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүргізіледі.
Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Азаматтарды сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжібүрлеуге, сондай-ақ оның ерік білдіруін шектеуге ешкімнің құқығы жоқ.
ҚР азаматтарының сайлау және сайлану құқығы ҚР-ның Конститутциясында және Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конститутциялық заңында белгіленген. Бұл заң 1995жылы 28 қыркүйекте қабылданып, одан кейін бірнеше рет елеулі өзгерістер мен толықтыруларға ұшырады. Соңғы рет өзгерістер мен толықтырулар жылғы сәуірде ендірілді.
Сайлау құқығы түсінігі көп мағыналы болып иабылады. Оны екі мағынада қарастырып кетуімізге болады, яғни объективтік және субъективтік мағынада.
Объективтік мағынада сайлау құқығы - бұл мемлекеттің өкілді органдарын және жеке лауазымды тұлғаларын сайлау тәртібін реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұл мағынада ол конституциялық құқықтың бір институты, бөлімі болып табылады. Субъективті мағынады сайлау құқығы-бұл азаматтың мемлекеттің сайланбалы органдары мен тұлғаларын құруға, қалыптастыруға қатысу құқығы. Бұнда Субъективті сайлау құқығы екі мағынада анықталады :
- Белсенді сайлау құқығы - бұл азаматтың сайлау құқығы, яғни қандай да бір кандидатты жақтап немесе қарсы дауыс беру құқығы; әдетте белсенді сайлау құқығы 18 жасқа толған республика азаматының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез - келген өзге жағдайларға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысуға құқылы және де сайлау сот іс- әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.
- Бәсең сайлау құқығы- Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихатының депутаты немесе жергілікті өзін - өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығы. Азаматтың белсенді сайлау құқығы болғанымен, бәсең сайлау құқығы болмауы мүмкін. Мысалы, 18 жасқа толған ҚР азаматы ҚР президенті, Парламент депутаты, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мүше болып сайлана алмайды, өйткені Президент болып сайлану үшін 40 жасқа толуы, тумысынан ҚР азаматы болуы, соңғы 15 жыл бойы ҚР аумағында тұруы және мемлекеттік тілді еркін меңгеруі қажет, ал Сенат депутаты болу үшін 30 жас, Мәжіліс депутаты болу үшін 25 жасқа толуы қажет. Азаматтардың белсенді және бәсең сайлау құқықтарында кері арақатынастар кездеспейді. Себебі, егер азаматта бәсең сайлау құқығы болса онда ол белсенді сайлау құқығына да ие болады.
Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы бірнеше қағидаларға негізделе өткізіледі.
Сайлау құқығының қағидалары:
1. Жалпыға бірдей сайлау құқығы, яғни кәмелетке толған азаматтардың тегіне, нәсіліне, лауазымына, мүліктік жағдайына, жынысына, ұлтына, т. б
қарамастан сайлауға қатысу құқығы. Сайлауға сот әрекет қабілетсіз деп таныған, бас бостандығынан айырған тұлғалар, шетел және азаматтығы жоқ тұлғалар қатыса алмайды.
2. Тең сайлау құқығы-сайлаушылардың сайлауларға тең негіздерде қатысуы әрі олардың әрқайсының бір немесе тең дауысқа ие болуы. Яғни сайлаушылар Республика Президентін, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламенті Мәжілісінің депутаттары және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсының бір сайлау билетіне тиісінше бір дауысы болады. Cайлаушылар өзгеде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтарымен және шарттарымен қатысуына кепілдік беріледі. Тең сайлау құқығы бұған қоса сайлау окургтерінің теңдігі талабын да қамтиды, яғни сайлау окургтеріндегі сайлаушылардың саны шамамен тең болуы тиіс. Демек тең сайлау құқығы-бұл сайлау қортындысына әсер ету мен заң талаптарына сәйкес сайлаудың сайлаушы үшін заңмен белгіленген теңдей мүмкіндіктері.
3. Төте сайлау құқығы-Республика Президентін, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, өзгеде жергілікті өзін -өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтар тікелей сайлайды. Тікелей - бұл сайлаушылардың аталған тұлғаларды қандай да бір басқа тұлғалар (сайлаушылар) арқылы емес, дербес, жеке өздері қатыса отырып сайлауы.
4. Жанама сайлау құқығы-Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар мәслихаттың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады. Тыңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бір дауысы болады.
5. Жасырын дауыс беру -сайлаушылардың Республика Президентін, Парламентінің және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі ерік білдіруіне қандай да болсын бақылаудың жасалуын болдырмау үшін олардың жасырын түрде дауыс беруі. Жасырын дауыс беру қағидасының мәні-сайлаушының ерік білдіруіне ешкімнің кедергі келтірмеуі, ерікті түрде өз еркін білдіруіне сырттан әсер етуді жою.
6. Еркін сайлау қағидасы - азаматтардың сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруы, яғни сайлаушының сайлауға қатысу немесе қатыспау мәселесін өзінің шешуі.
Сайлаудың түрлері:
-Өткізу аумағы бойынша: жалпыұлттық, яғни Республика Президентін, Парламент депутаттарын сайлау. Жергілікті, бұнда мәслихат және өзге де жергілікті өзін - өзі басқару органдарына сайлау
-Азаматтардың ерік білдіру әдісіне қарай: тікелей, сайлаушылардың кандидаттарды өздері сайлауы. Тікелей емес, елімізде бұл түрмен азаматтар Сенат депутаттарын сайлайды.
-Өткізілу уақытына қарай: Кезекті сайлау-тиісті органның не лауазымды тұлғаның өкілеттік мерзімінің аяқталуына қарай өткізілетін сайлау. [2]
Кезектен тыс сайлау-тиісті органның не лауазымды тұлғаның өкілеттілігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына орай өткізілетін сайлау. Қазақстанда кезектен тыс сайлау тек өкілді органдарға Парламент, Мәслихаттар сайлауда ғана қолданылады. Қосымша сайлау-шығып қалғандардың орнына сайлау өткізу үшін депутат өкілеттілігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы, оны мандатынан айыру не оның қайтыс болуы негіз болып табылады. Жергілікті өзін өзі басқару органдарына сайлауда көрсете кететін бір өзгешелік: мұнда да шығып қалғандардың орнына сайлау бекітілгенімен, қосымша сайлау өткізу жағдайы ретінде өзге жағдай анықталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz