Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  1. Бюджет жүйесінің теориялық негізі

1. 1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымы

1. 2 Бюджеттiк қатынастарды реттеу және бюджеттік үдерісті ұйымдастырудың негізі

1. 3 Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛУЫН АНАЛИТИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

2. 1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын талдау

2. 2 Бюджетаралық қатынастар және оларды реттеу механизмдері

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ТҮСІМДЕРІН БОЛЖАУ

3. 1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетiлдiру

3. 2 Бюджет түсімдерін болжаудың және мониторингінің жалпы схемасы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Өкіметтің таңдап алған экономикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуында және дамуында алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономикалық және әлеуметтік реттеуін іске асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі - қоғамның қаржы жүйесі. Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы - мемлекеттік бюджет. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет мемлекеттік органдарға жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді.

Бюджеттің рөлі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсенді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету, және де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.

Бюджет - қайта өндіру процесінің жүзеге асырылуының аса маңызды құралы. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаның орындалуына, қоршаған аймақты қорғауды қамтамасыз етілуіне, ғылыми - техникалық процесті жетілдіруге, қорғаныс саласының дамуына және басқа да мемлекеттік қызметтерді орындауға шарттар жасалынады. Сондықтан шаруашылық механизмінің бюджеттік қатынастарды дамытпай, ғылыми жетілген бюджеттік саясат орындалмай, бюджеттік үрдісті басқарудың тиімді жүйесі болмай дұрыс жұмыс жасалынбайды.

Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда. Ол жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.

Жоспарлау өз кезегінде мақсаттардың, приоритеттердің жолдарын және оларға жету құралдарын анықтаудың ғылыми негізделген процессі. Тәжірибеде ол жоспар құру арқылы жүзеге асады. Оның негізгі ерекшелігі көрсеткіштердің нақтылығы, олардың сандық және уақыт бойынша анықталғандығы болып табылады.

Осы жұмыстың негізгі мақсаты қоғамдық қаржы жүйесінің маңызды элементі болып табылатын мемлекеттік бюджеттің, оның құрылуының, орындалуы мен ұйымдастырылуының, бюджеттік жүйе мен бюджеттік үрдістің негізгі шарттарын қарастыру болып табылады.

Қойылған мақсатты жүзеге асыру төмендегі міндеттерді шешуді көздейді:

  • бюджет жүйесінің түсінігін ашу;
  • ҚР бюджет жүйесінің құрылымына тоқталу;
  • бюджеттiң атқарылу тәртiбiн анықтау;
  • Қазақстан республикасының мемлекеттік бюджеті бойынша бюджеттiк кiрiстер мен шығыстарына талдау жүргiзу;
  • бюджеттiң орындалу жөнiнде ұсыныстар мен дамыту жолдарын ұсыну.

Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасындағы бюджеттің ұйымдастырылуы және оны жүзеге асырудағы қатынастар болып табылады.

Жұмыстың теориялық және методологиялық негізі болып отандық және шетелдік ғалым экономистердің еңбектері, мерзімдік арнайы басылымдар, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі табылады.

Нарықтық моделі бар экономикасы дамыған елдерде болжамдау мен жоспарлау экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды құралы болып табылады. Бұл құралды мақсатты түрде қолданып, бұл елдер техникалық прогресте, халықтың өмірлік деңгейін жоғарлатуда және басқа да әлеуметтік-экономикалық облыстарда көптеген жетістіктерге жеткені белгілі.

Бюджеттік әсер етудің нәтижесінің дамуы осы жүйені түсіну дәрежесіне, оның дамуын анықтайтын факторларды білуіне және қажетті өзгерістердің теоретикалық негізделуіне тәуелді.

  1. Бюджет жүйесінің теориялық негізі

1. 1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымы

Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық ұдайы өндірудегі орны мен рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы үшін негіз құрайды.

Бюджеттік құрылыс деп экономикалық та, сондай-ақ ұйымдастырушылық-құқықтық та тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру ұғынылады. Бұған мемлекеттік бюджеттің ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды пайдалану саласының функционалдық ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық, өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың құқықтық және рәсімдік жағы енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс - бұл бюджет жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары [2, 57 б. ] .

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабында айқындалған қағидаттарға негізделеді. Оларға бірлік, толықтық, шынайылық, транспаренттілік, сабақтастық, нәтижелілік, дәйектілік, негізділік, уақтылылық, кассалардың бірлігі, бюджеттердің дербестігі, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты сияқты қағидаттар жатады [1] .

Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне мемлекеттік билік пен басқару деңгейлері сәйкес келеді, бұл өзара байланысқан және бірыңғай бюджет жүйесіне біріктірілген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді де алдын ала айқындайды.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттер мен Ұлттық қордың, сондай-ақ бюджет үдерісінің жиынтығын білдіреді. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы 2 суретте ұсынылған.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы қаражатын жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін азайту үшін құрылды.

Мемлекеттік бюджет олардың арасындағы өзара өтеу операцияларын ескермегенде, республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығын білдіреді.

Республикалық бюджет - бұл Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қор. Республикалық бюджет орталық мемлекеттік органдардың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыру үшін арналған. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. Қазақстандағы қаржы жылы күнтізбелік жылға сәйкес келеді, яғни 1 қаңтарда басталады және 31 желтоқсанда аяқталады.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті де Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қорды білдіреді. Ол облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналады. Тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімімен бекітіледі.

Сурет 1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымы

Дерек көзі: Құлпыбаев С. Қаржы. Оқу құралы. - Алматы: 2007

Ерекше жағдайларда төтенше мемлекеттік бюджет әрекет етеді - Қазақстан Республикасында төтенше немесе әскери жағдай болған кезде республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде құрылатын төтенше мемлекеттік бюджет енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу және оны тоқтату үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің республиканың бүкіл аумағында төтенше немесе әскери жағдай енгізу немесе оның күшін жою туралы Жарлығы болып табылады.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің әрекет етуі кезінде республикалық бюджет туралы заңның және мәслихаттардың жергілікті бюджеттің барлық деңгейлеріндегі бюджеттер туралы шешімінің қолданысы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылдануы туралы Республика Парламенті жедел хабардар етіледі.

Шоғырландырылған бюджет - республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін және олардың арасындағы өзара өтелетін операцияларды ескерместен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры. Шоғырландырылған бюджетті заңнамалық билік органдары бекітпейді және талдамалық мақсаттарда пайдаланылады.

Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

- республикалық бюджет;

- облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсімдер мен олардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударымдары.

Республикалық бюджет салық және өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылатын және республикалық бюджеттік бағдарламалар мен іс-шараларды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қаражат қорын білдіреді.

Республикалық бюджеттің қаражаты экономиканы құрылымдық қайта құруды қаржыландырудың, өндіріс саласындағы перспективалық бағыттарды дамытудың маңызды көзі болып табылады. Республикалық бюджет өнерді, мәдениетті, бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау мен дамытуда үлкен рөл атқарады.

Азаматтар мен ұйымдардан алынатын салықтар, мемлекеттік меншікті жалға беруден немесе оларды сатудан түскен кірістер, берілген кредиттер бойынша пайыздар және т. б. мемлекет үшін кірістердің көздері болып табылады [2, 61 б. ] .

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды [1] :

- республикалық бюджеттің кірістері;

- алынған бюджеттік алымдар;

- республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару.

Республикалық бюджеттің кірістері салықтардан (корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы және т. б. ), алымдардан (автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі, консулдық алым) және басқа да міндетті төлемдерден (әкелінетін және әкетілетін тауарларға салынатын кедендік баждар, Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар мен жеке басын куәландыратын куәліктер бергені үшін мемлекеттік баж) түсетін түсімдерден қалыптастырылады. Бұдан басқа, республикалық бюджет капиталмен жүргізілетін операциялардан түсетін салықтық емес түсімдер мен кірістердің есебінен толықтырылады.

Республикалық бюджеттің салықтық емес түсімдері мыналар болып табылады: республикалық меншіктен түсетін кірістер, мүлікті заңдастырғандық үшін алым, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатқанынан түсетін түсімдер және т. б.

Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, мемлекеттің республикалық меншікте тұрған активтерін, үкіметтік қарыздарды сатудан түскен түсімдер республикалық бюджетке есептеледі.

Мемлекетте әр түрлі уақытта қандай да бір қажеттіліктерге арнап жұмсалатын қаражаттың мөлшеріне әсер ететін иелігінде бар қаражатты жұмсау бойынша әр түрлі басмымдықтардың болуы мүмкін. Мемлекеттің өзінің ақшалай қаражатты жұмсау жөніндегі басымдықтарын өзгертуі оның фискальдық саясатында және стратегиялық әлеуметтік-экономикалық жоспарларында көрініс табады. Осыған байланысты мемлекет не кірістердің жаңа көздерін іздестіреді, не өзге қажеттіліктерге арналған шығыстарын реттейді (қысқартады) .

Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- әлеуметтік сала (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету) ;

- қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;

- құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі;

- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік;

- өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі;

- агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары;

- елдің инфрақұрылымы (көлік және коммуникациялар) ;

- өзге де бағыттар.

Республикалық бюджеттен сондай-ақ:

- кадрларды қайта даярлау мен қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қоса алғанда, орталық мемлекеттік органдар мен басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге;

- Бюджет кодексінде белгіленген бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстар қаржыландырылады.

Кез-келген бюджеттің тағы бір маңызды құрауышы кірістер мен шығыстардың жоспары болып табылады, ол бір күнтізбелік жылға арналып нормативтік-құқықтық акт - Республикалық бюджет туралы заң түрінде жазбаша нысанда міндетті түрде жасалады. Шындығында, кез келген осындай жоспар кірістер мен шығыстар тең болатындай үлгіде жасалуға және орындалуға тиіс.

Мемлекеттік бюджет:

1. Мемлекеттің тиісті жылға арналған ең маңызды мақсаттарын айқындайды. Бұл өте маңызды функция, өйткені ол жұртшылыққа елдің саяси басшылығы мәлімдеген мақсаттарды іс жүзінде бюджетке енгізілген және яғни ағымдағы жылы іске асырылуға жататын мақсаттармен салыстыруға мүмкіндік береді.

2. Мемлекетке елдегі экономикалық жағдайға әсер етуге мүмкіндік беретін құрал қызметін атқарады.

3. Бюджеттік ресурстарды басқаруға арналған жүйе қызметін атқарады. Конституцияға сәйкес өзінің мемлекеттік құрылымы бойынша Қазақстан Республикасы унитарлық мемлекет болып табылады. Біздің еліміздің бүкіл аумағында бірыңғай бюджет заңнамасына, бюджет үдерісін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдеріне және т. б. негізделген біртұтас бюджеттік жүйе әрекет етеді. Сондықтан бюджеттік қатынастарды реттейтін негізгі заңнамалық акт ҚР Бюджет кодексі болып табылады.

Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні. Елдің мемлекеттік құрылысында аумақтық құрылымдардың болуы оларда тіршілік ету қызметін қамтамасыз ету үшін оларға белгілі бір өкілеттіктер мен қаржы ресурстарының көлемін беру қажеттілігін негіздейді. Осыған байланысты қаржылық жүйенің құрылымында жергілікті бюджеттер ерекше буын ретінде бөлінеді.

Жергілікті бюджет тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін, түсімдердің және жергілікті атқарушы орган өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін айқындайтын жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған бюджеттің тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландырудың есебінен қалыптастырылатын әкімшілік аумақтық бірліктің ақшалай қорын білдіреді.

Жергілікті бюджеттердің рөлі, олардың құрамы мен құрылымы жергілікті мемлекеттік органдарға жүктелген функциялар мен міндеттердің мазмұнымен және сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және саяси-экономикалық бағыттылығымен толықтай айқындалады.

Жергілікті бюджеттердің жай-күйі әр түрлі факторларға тәуелді болады. Оларға мыналар жатады:

- елдің жалпы экономикалық жағдайы;

- тиісті аумақтың экономикалық әлеуеті;

- жергілікті билік және басқару органдарының құқықтары мен міндеттерін реттейтін мемлекеттік заңнаманың деңгейі;

- жергілікті билік және басқару органдарының өздеріне берілген құқықтарды іске асырудағы құзыреттілік дәрежесі.

Жергілікті бюджеттер тұрақтылығының басты шарты нақты қаржы кезеңі мен нақты аумақтың шеңберінде жергілікті мемлекеттік органдардың келіп түсетін кірістер мен жүзеге асырылатын қажетті шығыстардың арасындағы тиісті тепе-теңдікті қамтамасыз ете білу шеберлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттері) облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттерімен және аудандық бюджеттермен ұсынылған.

Облыстың бюджеті олардың арасындағы өзара өтемелі операцияларды ескерместен облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің жиынтығы болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджет қаражатының жалпы көлемінің кірістер бойынша шамамен 30%-ын және шығыстар бойынша - шамамен 48%-ын алады.

Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудың олардың өз бетімен жұмыс істеуінің үш деңгейі бойынша өз ерекшеліктері бар: облыстық бюджет деңгейінде, республикалық маңызы бар қала мен астананың бюджеті деңгейінде және аудан бюджеті деңгейінде. Жергілікті бюджеттердің кірістері республикалық бюджеттің кірістері сияқты салықтық және салықтық емес түсімдерден қалыптастырылады. Бұл ретте жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері Бюджет және Салық кодекстерінің регламенттеуші ережелеріне сәйкес республикалық бюджетке түсетін салық түсімдері түрлерінен ерекшеленеді.

Жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер коммуналдық меншіктен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түскен түсімдерден; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алу өткізуден ақша түсімдерінен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдардан, өсімақылардан, санкциялардан, алымдардан түсетін кірістерді; облыстық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерді білдіреді.

Мыналар:

- аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджетке трансферттер;

- республикалық бюджеттен трансферттер жергілікті бюджетке трансферт түсімдері болып табылады.

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінде тұрған мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарыздарынан түскен түсімдер есептеледі.

Мыналардың:

- облыстың;

- республикалық маңызы бар қаланың;

- астананың;

- ауданның (қаланың) ;

- қаладағы ауданның;

- аудандық маңызы бар қаланың;

- кенттің, ауылдың (селоның) ;

- ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті болып табылады.

Облыстық бюджеттің шығыстары облыстық деңгейдегі билік органдарының функцияларына сәйкес шығыстардың бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

Облыстық деңгейдегі жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың жұмыс істеуіне; облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлауға; облыстың деңгейінде бюджеттік жоспарлауға; облыстық бюджеттің орындалуын ұйымдастыруға; облыстық коммуналдық меншікті басқаруға жұмсалатын шығындар жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз ететін шығыстарға жатады.

Республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі Парламентке ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей енгізеді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Сенатының жалпы отырыстарында республикалық бюджет туралы заңның жобасын қарау Үкімет өкілеттік берген тұлғаның, ол қазіргі сәтте Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болып табылады, республиканың әлеуметтік дамуының болжамы және республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөніндегі баяндамаларының негізінде жүзеге асырылады.

Республикалық бюджетті бекіту ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірмей әуелі Мәжілісте, содан кейін Сенатта дәйекті түрде қарау жолымен Парламент палаталарының жеке отырыстарында жүргізіледі.

Егер Парламент ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаса, Президенттің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлық шығаруға құқығы бар, ол Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджет туралы заңды бекіткенге дейін қолданыста болады. Президенттің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны іске асыру туралы қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.

Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі.

Қаржы жоспары бекітілген жағдайда осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.

Бұл ретте осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.

Нәтижелерге бағдарланған бюджет жасау қағидаттарына сәйкес қосымшаларымен бірге Республикалық бюджет туралы заң, қосымшаларымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін тиісті мәслихаттар Президент республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімінен кешіктірмей бекітеді.

Егер мәслихат белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешім қабылдамаса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы шешім шығаруға құқығы бар, ол мәслихат жергілікті бюджетті бекіткенге дейін қолданылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.

Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары республикалық бюджет сияқты ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі. Жергілікті қаржы жоспарын бекіту кезінде осы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алқа шешімінің орындалуын бақылауды ұйымдастыру
ҚР Қаржы Министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы ретіндегі құзыреті
Бюджеттің шығындары - қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары
Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын құқықтық реттеу
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару
Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері
Бюджетті бағдарламаларды бағалау рәсімдері
Жергілікті бюджет аймақтық экономиканың негізін құраушы ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz