Әкімшілік құқық бұзушылық үшін тағайындалатын жауаптылық


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы

«Тұран» университеті

КӘУКЕН ОЛЖАС АМАНТАЙҰЛЫ

Тақырыбы:

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлері және оларды саралау

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы: 5В030100 - «Құқықтану»

Алматы, 2016

«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІ» МЕКЕМЕСІ«Қорғауға жіберілді»«Заңтану және ХҚ» кафедрасының меңгерушісіз. ғ. к., доцент М. В. ЧокинаДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТақырыбы: Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлері және оларды саралаумамандығы:5В030100 - «Құқықтану»Орындаған Кәукен О. АҒылыми жетекшісіаға оқытушы Ахимбеков О. Қ.Алматы - 2016:

«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІ» МЕКЕМЕСІ

«Қорғауға жіберілді»

«Заңтану және ХҚ» кафедрасының меңгерушісі

з. ғ. к., доцент М. В. Чокина

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлері және оларды саралау

мамандығы : 5В030100 - «Құқықтану»

Орындаған Кәукен О. А

Ғылыми жетекшісі

аға оқытушы Ахимбеков О. Қ.

Алматы - 2016

«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІ» МЕКЕМЕСІ

«Заңтану және халықаралық құқық» кафедрасы

Диплом жұмысын орындауға

ТАПСЫРМА

Студент Кәукен Олжас Амантайұлы

(тегі, аты-жөні)

Тобы ГЮФУ-13 (3, 2) Мамандығы Құқықтану

Жұмыс тақырыбы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлері және оларды саралау

ЖОО-ның бұйрығымен бекітілген № 214 «17» қыркүйек 2015 ж.

Аяқталған жұмысты тапсыру күні "10" сәуір 2016 ж.

Жұмыстың бастапқы мәліметтері Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі

Дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны немесе дипломдық жұмысты талдауға жататын сұрақтар тізімі:

1. Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы, белгілері

2. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы, элементтері

3. Әкімшілік жауаптылықтың ұғымы, негізі.

4 Әкімшілік құқықтағы әкімшілік жауаптылықтың негізі

5. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза тағайындау.

6. Әкімшілік жазаның ұғымы, түрлері және мақсаттары

Графикалық материалдар тізімі

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер

  1. «Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30 тамыз 1995 жыл (өзгертулермен және толықтырулармен)
  2. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 5 шілде 2014 ж.
  3. Қызылов М. Әкімшілік құқық. Оқулық Астана 2012ж.
  4. Жетпісбаев Б. А., Тыныбеков С. Т., Құсайынов Д. О. Әкімшілік жауаптылық: Оқулық. - Алматы: NURPRESS баспасы, 2014 - 352 Б.
  5. «Қазақстан Республикасының ІІО туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23. 04. 2014 .
  1. Жұмыстың тарауларына қатысты берілген кеңестер
Тарау: Тарау
Кеңесші: Кеңесші
Мерзімі: Мерзімі
Қолы: Қолы
Тарау:
  1. Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы
Кеңесші: Ахимбеков О. Қ.
Мерзімі: 30 қазан 2015 ж.
Қолы:
Тарау:
  1. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін тағайындалатын жауаптылық
Кеңесші: Ахимбеков О. Қ.
Мерзімі: 30 қаңтар 2016 ж.
Қолы:
Тарау:
  1. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза тағайындау
Кеңесші: Ахимбеков О. Қ.
Мерзімі: 15 ақпан 2016 ж.
Қолы:

Тапсырманы өткізу күні «10» қыркүйек 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі з. ғ. к., доцент Чокина М. В.

Жұмыс жетекшісі аға оқытушы Ахимбеков О. Қ.

Студент кестені орындауға

қабылдады Кәукен О. А.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС ОРЫНДАЛУЫНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ

№:
Жұмыс кезеңі: Жұмыс кезеңі
Орындау уақыты: Орындау уақыты
Ескерту: Ескерту
№: 1
Жұмыс кезеңі: Дипломдық жұмысқа тапсырма беру
Орындау уақыты: 01 қазан 2015ж.
Ескерту:
№: 2
Жұмыс кезеңі: Библиография құру арқылы негізгі дерек көздерін іріктеу, зерттеу және талдау
Орындау уақыты: қазан - қараша 2015 ж.
Ескерту:
№: 3
Жұмыс кезеңі: Дипломдық жұмыс жоспарын құру және оны ғылыми жетекшімен ақылдасу
Орындау уақыты:

қазан

2015 ж.

Ескерту:
№: 4
Жұмыс кезеңі: Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімін жазу және тексеруге ұсыну
Орындау уақыты: желтоқсан 2015 ж.
Ескерту:
№: 5
Жұмыс кезеңі: Қорытынды мен ұсыныстарды ғылыми жетекшімен ақылдасу
Орындау уақыты: қаңтар 2016 ж.
Ескерту:
№: 6
Жұмыс кезеңі: Дипломдық жұмысқа жасалынған ескертпелерге сәйкес өңдеу(түзеу) және оны ғылыми жетекшінің пікірімен бірге кафедраға өткізу
Орындау уақыты: ақпан 2016ж.
Ескерту:
№: 7
Жұмыс кезеңі: Дипломдық жұмысты кафедрада алдын -ала қорғау
Орындау уақыты:

3-7 наурыз

2016ж.

Ескерту:
№: 8
Жұмыс кезеңі: Кафедра меңгерушісінен дипломдық жұмысты қорғауға рұқсат алғаннан кейін, сыртқы оппоненттен рецензия алуға рұқсат алу және жазбаша рецензия алу
Орындау уақыты: наурыз 2016 ж.
Ескерту:
№: 9
Жұмыс кезеңі: Баяндама тезистерін құрастыру және қорғауға алып шығатын кестелі-иллюстративті материал
Орындау уақыты: сәуір 2016ж.
Ескерту:

Тапсырманы алу күні «10» қыпкүйек 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі з. ғ. к., доцент Чокина М. В.

қолы аты-жөні

Жұмыс жетекшісі аға оқытушы Ахимбеков О. Қ . қолы аты-жөні

Студент кестені орындауға

қабылдады Кәукен О. А. аты жөні

Жоспар

Кіріспе бөлім . . . 6

1. Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы . . . 8

1. 1. Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы, белгілері . . . 8

1. 2. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы, элементтері . . . 17

2. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін тағайындалатын жауаптылық . . . 26

2. 1. Әкімшілік жауаптылықтың ұғымы, негізі . . . 26

2. 2 Әкімшілік құқықтағы әкімшілік жауаптылықтың негізі . . . 31

3. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза тағайындау . . . 40

3. 1. Әкімшілік жазаның ұғымы, түрлері және мақсаттары . . . 40

3. 2. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықтан босатудың негізі, түсінігі және түрлері . . . 48

Қорытынды бөлім . . . 63

Пайданылған әдебиеттер . . . 65

Кіріспе

Дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1- бабында Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде таныйды, оның ең жоғарғы құндылығы адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы деп көрсетілген[1] . Осы конституцияда көрсетілген құндылықтарға елеулі қол суғатын құқық бұщушылықтың бірі әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.

Қазақстан Республикасында, осы кезеңдегі кез-келген өзге мемлекет сияқты, заңды түрде міндетті болып табылатын өте көп әр түрлі ережелер бар.

Бұл сияқты ережелердің мақсаты барлық немесе көптеген азаматтардың, сондай-ақ кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, мүдделеріне тікелей әсер ететін қызметтің белгілі бір аяларында құқықтық тәртіп пен тиісті мемлекеттік тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады. Кейде бұл ережелерді жалпы міндетті деп негізсіз айтпайды.

Бұлар қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері, жол қозғалысы мен әр түрлі көлік құралдарын пайдалану ережелері, еңбекті қорғау мен техникалық қауіпсіздік ережелері, сауда ережелері, санитариялық, ветеринарлық және өрт қауіпсіздігі ережелері, аң аулау, балық аулау ережелері, азаматтық қаруларды, жарылғыш және радиоактивтік заттарды сатып алу, есепке қою, сақтау және пайдалану ережелері, әскери есепке алу, шекара режимі ережелері, кеден ережелері, халықтың денсаулығын, қоршаған ортаны, табиғатты пайдалануды қорғау, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау аясында қолданылатын ережелер, т. б.

Бұл сияқты ережелерді сақтау мемлекеттің, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен азаматтардың мүдделеріне сәйкес келеді, ал оларды бұзу бұларға қайшы келеді және зиян, тіпті қоғамдық қауіпті салдарларға жиі келтіреді. Мысалы, жолаушылардың билетсіз жүруі көлік кәсіпорындарына мүліктік зиян келтіреді, жол қозғалысы ережелерін бұзу адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызады, көлік құралдарын зақымдауға келтіреді, жолдың жүріп өту мүмкіндігін азайтады, аң аулау мен балық аулау ережелерін бұзу жануарлар дүниесіне, сөйтіп қоғамға да зиян келтіреді, т. с. с.

Міндетті болатын ережелер көптеген субъектілер тобына арналады. Біреулері - барлық азаматтар мен заңды түлғаларға, екіншілері - шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет жөне әкімшілік-саяси қызметтің қандай да болмасын салаларының қызметкерлеріне, үшіншілері - мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық ұйымдарда белгілі бір лауазымдық қызмет атқаратын лауазымды адамдарға.

Барлық аталған және өзге де көптеген ережелер заңдармен белгіленеді. Мысал ретінде «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 ж. 9-шілдедегі, «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 ж. 15-шілдедегі; «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 ж. 22-қарашадағы заңдарды айтуға болады. Жекелеген атқарушы билік органдары да мұндай ережелер тағайындай алады Мәселен, ҚР-сы Үкіметінің 2004 ж. 5-ақпандағы қаулысымен бекітілген «Жұқпалы ауруларды шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру ережесі». ҚР-ның энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жер қойнауын пайдалану мен қорғаудың ережелерін бекітуге құқылы. Міне осы ережелерді бұзу әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: әкімшілік құық бұзушылықпен күресу шараларын жүйелеу және әкімшілік құық бұзушылықпен күресу жөнінде нормаларды жетілдіру, зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады.

Жұмыстың міндеттері: Қойылған мақстақа жету жолында мына аталған міндеттерді шешу жоспарланады:

- әкімшілік құық бұзушылықтың алдын алуды зерттеу объектісі ретінде зерделеу, әкімшілік құық бұзушылықтың жекелеген түрлерін ажыратып алу;

- әкімшілік құық бұзушылықтың қазіргі кездегі жай-күйі, өсуі, құрылымы, қозғалысын анықтау;

- әкімшілік құық бұзушылықтың себептері мен оның шарттарын қарастыру;

- әкімшілік құық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу бойынша жасалатын шараларды жүйелеу және осы бағыттағы субъектілердің қызметтерін анықтау.

Құрамы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

1. Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы.

1. 1. Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы, белгілері.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымын қарастырмас бұрын біз алдымен жалпы құқық бұзушылықтың ұғымын қарастырып өтейік,

Сонымен құқық бұзушылық - бұл адамға, мемлекеттке зиян келтіретін, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті, кінәлі іс-қимыл.

Құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігіне қарай екіге бөлінеді:

  1. Қылмыс - бұл Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде көрсетілген, қылмыстық жауапкершілік пен қылмыстық жазаны туындататын қоғамға аса қауіпті іс-әрекет.
  2. Теріс қылық- қоғам өмірінің әр түрлі саласындағы жасалатын және әр түрлі салдар туғызатын қоғамға орташа және кішігірім қауіпті іс-әрекеттер. Теріс қылықтар заңды жауапкершілікке байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: әкімшілік, азаматтық-құқықтық, материалдық бөліктік, тәртіптік.

Құқық бұзушылық - құқыққа қарсы, қоғамға қайшы, тұлғаға зиянды, қауіпті, кінәлі, жазаланатың әрекет немесе әрекетсіздік.

Құқықты бұзудың өзіне тән ерекшеліктері:

  • нормативтік актілерді дұрыс орындамау,
  • қоғамға, тұлғаға қауіпті, кінәлі іс-ірекет,
  • қоғамдық тәртіпке, мақсатқа зиян келтіру.

Теріс қылық құқықтың саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: әкімшілік, азаматтық, тәртіптілік.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 25 бабына сәйкес - Осы Кодексте сол үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады[2] .

Жеке адамға әкімшілік жаза қолдану заңды тұлғаны осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықтан босатпайды, сол сияқты заңды тұлғаның әкімшілік жауапқа тартылуы да кінәлі жеке адамды осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа тартуға болады.

Әкімшілік кодекстің ерекше бөлімінің баптарында көзделген құқық бұзушылықтар үшін, егер бұл құқық бұзушылықтар өзінің сипаты бойынша қолданылып журген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкімшілік жауаптылық туындайды.

Әкімшілік құқық бұзушылықты қасақана жасау.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің ) құқыққа қарсы сипатын сезінсе, оның залалды салдарын алдын ала білсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе оларға немқұрайды қараса, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықты абайсызда жасау.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) зиянды салдарының туындау мүмкіндігін алдын ала білсе, бірақ жеткілікті негізсіз оның алдын алуға болады деп ұшқары ойласа, не тиісті назар салған және ескерген жағдайда оның алдын алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкіндігін алдын ала білмесе, әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады.

Әкімшіліктің құқық бұзушылықтың негізгі белгілері:

1. құқыққа қарсылығы, дәлірек айтқанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың талаптарына қарама-қайшылығы.

2. кінәлілігі;

3. әкімшілік жауаптылығы

4. қоғамға қауіптілігі;

Ал енді осы белгілерді жеке-жеке қарастырып шығайық:

  • қоғамға қауіптілік. Құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі, оның адам, қоғам және мемлекет мүдделеріне зиян келтіргеніне байланысты. Қандай құқық бұзушылық қоғамға қауіпті екені заңмен белгілінеді. Мысалы: көлікті жүргізушінің мас күйінде жүргізуі;
  • құқыққа қайшылық. Құқыққа қайшылық деп құқықтық нормада көрсетілген ережені айтамыз. Белгілі бір тұлғаның құқықтық нормамен тыйым салынған әрекетті жасауы немесе әрекетсіздігі құқыққа қайшылық деп түсінеміз. Мысалы: қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды бұзу құқық бұзушылық деп саналады;
  • кінәлілік. Бұл әкімшілік құқық бұзушылықтың басты белгісі. Кезкелген әрекетті (әрекетсіздікті) жасаудағы кінәлілік дегеніміз- оның қасақана немесе абайсызда жасалуы. Кінәнің болуы- әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті түрдегі белгісі. Себебі тұлғаның кінәсі болмаса, әкімшілік құқық бұзушылықта жоқ. Кінә екі нысанда болады: қасақаналық және абайсыздық;

-жауаптылық. Тұлғаны әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп есептейміз егер ол үшін заңда әкімшілік жаптылық көзделсе. Яғни әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза көзделсе.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген құқыққа қарсы іс-әрекет жасаған кезде ақыл-есi дұрыс емес жағдайда болған, яғни өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нақты сипаты мен қауiптiлiгiн сезіне алмаған немесе оларды созылмалы психикалық ауруының, психикасының уақытша бұзылуының, ақыл-есі кемдiгiнің немесе психикасының өзге де сырқатты жай-күйiнiң салдарынан басқара алмаған жеке тұлға әкiмшiлiк жауаптылыққа жатпайды[2] .

Лауазымды адам өз қызметтiк мiндеттерiн орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайда әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады. Мұндай мән-жай болмаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына кiнәлi лауазымды адам жалпы негiздерде жауаптылыққа жатады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын немесе жүзеге асырған не әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде мемлекеттiк мекемелерде, квазимемлекеттік сектордың субъектілерінде, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын немесе орындаған адамдар - лауазымды адамдар деп танылады[3] .

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тiркелген жағдайда, жол жүрiсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа көлiк құралдарының меншiк иелерi (иелерi) тартылады.

Егер көлiк құралының меншiк иесiнiң (иесiнiң) хабарламасы немесе арызы бойынша тексеру барысында құқық бұзушылық тiркелген кезде көлiк құралы иелiгiнде болған тұлға анықталса не басқа тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттерiнiң нәтижесінде көлiк құралына ие бола алмай қалса, осы көлiк құралының қатысуымен жасалған құқық бұзушылық үшiн ол әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің баптарында көлiк құралын меншiк құқығымен иеленетiн жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi көлiк құралдары уақытша иелену мен пайдалануға берiлген жеке тұлғалар көлiк құралдарының иелерi деп танылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің баптарында сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптары деп құқық бұзушылықтарды байқау мен тiркеудiң метрологиялық салыстырып тексеруден өткен техникалық құралдары мен аспаптарын, құқық бұзушылықтың жасалу фактiсi мен уақытын, көлiк құралының түрiн, маркасын, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн, сондай-ақ жүрiсiнiң жылдамдығы мен бағытын тiркейтiн фото-, бейне аппаратураны түсiну қажет.

Әскери қызметшiлер мен әскери жиында жүрген әскери мiндеттiлер, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 652 және 680-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн тиiстi органдарда қызмет өткеру тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жауаптылықта болады[4] .

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы және Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттеріндегі режимдi, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасын, өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын, жол жүрісі қағидаларын, қызмет орындарынан тыс жерде кеден қағидаларын, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын, Қазақстан Республикасының бюджет және салық заңнамасын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын, аң аулау, балық аулау қағидаларын, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғаудың басқа да қағидалары мен нормаларын бұзғаны үшiн осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдар жалпы негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады. Аталған адамдарға атыс және суық қаруды алып жүру мен сақтау құқығынан айыру және әкімшілік қамаққа алу түрiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға болмайды.

Әкiмшiлiк жазалар қолдану құқығы берiлген органдар (лауазымды адамдар) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға әкiмшiлiк жазалар қолданудың орнына, кiнәлi адамдарды тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы мәселенi шешу үшiн тиiстi органдарға құқық бұзушылық туралы материалдарды беруге тиіс.

Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің Ерекше бөлiгінде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген іс-әрекетті (әрекетті не әрекетсіздікті) заңды тұлғаны басқару функцияларын жүзеге асыратын орган, тұлға немесе дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларын орындайтын қызметкері жасаса, рұқсат берсе, мақұлдаса, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа жатады.

Заңды тұлғаның дербес салық төлеушiлер болып табылатын және салық салу мен кеден ісі саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасаған құрылымдық бөлiмшелерi заңды тұлғалар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылықта болады.

Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның қызметкерін осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықтан босатады.

Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасаған шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері және азаматтығы жоқ адамдар жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады[5] .

Шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзғаны үшiн заңды тұлғалар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылықта болады.

Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және иммунитетті пайдаланатын өзге де шетелдiктер Қазақстан Республикасының аумағында жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.

Әкімшілік мөжбүрлеудің белгілі бір шаралар жүйесі ретінде бірнеше айрықша белгілері бар, олар оны мемлекетгік мәжбүрлеудің дербес бір түрі ретінде бөлуге мүмкіндік береді.

Әкімшілік мәжбүрлеуді сипаттайтын негізгі белгілерге мыналарды жатқызуға болады.

Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше түрі болып табылады, оның мівдеті көпшіліііңце мемлекетгік басқару аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды қорғау. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын тиісті органдар мен лауазымды адамдар атқарушы билікті іске асыру процесінде пайдаланады, бұл олардың мемлекеттік биліктік өкілетгіктері көрінісінің нәтижесі болып табылады. Әкімшілік ықпал етудің барлық шараларына биліктік-мәжбүрлеу сипаты тән.

Әкімшілік мөжбүрлеудің бұл белгісін ерекше атап айту қажет өйткені кейбір авторлар әкімшілік ықпал жасаудың бірқатар шараларының (мысалы, карантин қоюдың, кедендік тексерудің) мәжбүрлеу сипатын мойындамайды, оларды құқықтык, тыйым салумен және міндеттермен, құқықтың міндеттейтін нормаларының өздерімен тендестіреді, олар, әрине, мәжбүрлеу шаралары болып табылмайды[6] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық теріс қылық үшін жауаптылық
Қылмыстық теріс қылық ұғымдары
Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы
Әкімшілік құқық бұзушылықтар
Қылмыстық құқықтық қатынастар және қылмыстық жауаптылық
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
Әкімшілік жазалардың түрлері
Жазаның белгілері
Бас бостандығын шектеу жазасын өтеу мекемелері
Қоғамға қауіптілік - қылмыстың объективтік белгісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz