ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ МАМАНДАРЫН КӘСІБИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЙЫНДАУ


МАЗМҰНЫНОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ
1 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ МАМАНДАРЫН КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕСІ
- Қазақ күресі саласы бойынша мамандарды дайындаудың ұлттық негіздемесі
1. 2 Қазақ күресіндегі қимыл-қозғалыс дағдысын қалыптастырудағы дене тәрбиесі жаттығуларының мәні
2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2. 1 Зерттеу әдістері
2. 2 Зерттеудің ұйымдастырылуы
3 ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ҰЛТТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ КӘСІБИ ДЕҢГЕЙІН ЖЕТІЛДІРУ
3. 1 Қазақ күресінен жаттықтырушылардың кәсіби-педагогикалық дайындығының ұлттық негіздері
3. 2 Күресшілерді дайындаудағы техникалық ережелерді жетілдіру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Аталмыш магистрлік жұмыс жазылуы барысында бірқатар мемлекеттік құжаттар негізге алынды.
Қазақстан Респбуликасының «Білім туралы» 27 шілде 2007 жылғы №319-III 3ҚР заңы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы дипломдық жұмыстың орындалу ережелері. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген 23 қаңтар 2008 жылғы №26 негізгі ережелері.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген 18 наурыз 2008 жылғы №125 білім алушылардың оқу үлгерімін, аралық және қорытынды аттестациялануын жүргізу ережелері. Жоғары оқу орындарында диплом жұмыстарын орындау ережесі. Негізгі ережелер. 2009. 09. 01.
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Қазақ күресі - жас спортшы балуандар үшін өте қызықты да қажетті спорт түрі
ҚазСТА - Қазақтың спорт және туризм академиясы
Күш - ағзаның бұлшықет ширығуы арқылы сыртқы кедергілерді жеңе білу қабілеті
Шапшаңдық - қысқа немесе берілген бір уақыт ішінде уақытта қимылдарды орындай алу қабілеті
Төзімділік - ұзақ уақыт бойы жұмыстың тиімділігін төмендетпей орындай алу қабілеті
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ күресінен жаттықтырушы мамандарды дайындаудың педагогикалық салалары, олардың дидактикалық негіздері бірқатар ғалымдардың еңбектерінде егжей-тегжейлі қарастырылған. Бұл еңбектерде осы дайындықтың бағыты, жалпы жаттықтырушылардың кәсіби-педагогикалық ұстанымдары, осы еңбек бойынша меңгерілу сапалары қарастырылған [1] . Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысысыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.
Зерттеу нысаны - спорт мектебіндегі қазақ күресі саласы бойынша жаттықтырушы мамандардың кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру үдерісі.
Зерттеу мақсаты - қазақ күресі саласы бойынша жаттықтырушы мамандардың кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
- қазақ күресі саласы бойынша мамандарды кәсіби-педагогикалық дайындаудың функционалды үлгісін түзу;
- қазақ күресі бойынша ұлттық негіздемелі тиімді дайындаудың негізгі даму бағыттарын , қағидаларын және педагогикалық шарттарын тәжірибе жүзінде негіздеу.
З ерттеу әдістері қолданылды: ғылыми әдебиеттер сараптамасы және жалпылама қорытындысы, сауалнама жүргізу, сұхбаттасу, сұрақ-жауап алу, бақылау.
Зерттеудің теориялық мәні: жаттықтырушының таңдап алған бапкерлік қызметінің және спорт түрінің ерекшеліктерін ескеретін, оны кәсіби-педагогикалық жағынан дайындаудың бүтін тұжырымдамалы амалдары келтірілген; кәсіби-педагогикалық дайындаудың қағидалары мен педагогикалық шарттары негізделген; оның басты даму бағыттары айқындалып, көрсетілген; жаттықтырушының жеке басының кәсіби-педагогикалық мәдениетін қалыптастыру, педагогикалық санасы мен кәсіби-педагогикалық бағыттылығын дамыту жолдары жасалған.
Зерттеудің тәжірибелік мәні жұмыс барысында алынған мәліметтер мен нәтижелер жаттықтырушының кәсіби дайындау үдерісінде оның кәсіби-педагогикалық мәдениетін қалыптастыру стратегиясы туралы тұжырымдамалы түсінігін тереңдетіп, спорттық педагогтарды сапалы дайындауды қамтамасыз етудің тиянақты алғы шарттарын құрайды.
Зерттеу материалдарын айқындайтын тәжірибелік тексеруден өткен бағдарламалар мен әдістемелік ұсыныстар жаттықтырушыларды дайындауда және олардың дәрежесін арттыруда сәтті қолданылуда.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ МАМАНДАРЫН КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕСІ
- Қазақ күресі саласы бойынша мамандарды дайындаудың ұлттық негіздемесі
Қай халықтың да ғасырлар бойы қалыптасып, қанына сіңісіп кеткен ұлттық спорт түрлері мен өнерлері болатыны даусыз. Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық. Қазақша күрес, көкпар, қыз қуу, бәйге, тағы басқаспорт түрлері бағзы заманнан бері халқымызбен бірге жасап келеді. Күні бүгін де олар өздерінің мән - мазмұның жойған жоқ. Қайта партия мен үкіметтің қам қорлығының арқасында жаңарып, түрленіп келеді. Оған партия мен үкіметіміздің ұлттық спорт түрлеріндамыту жөніндегі алған документері мен советтік физкультура жүйесіндегі қазақтын спорт түрлерінің алатын орны әбден дәлел бола алады. Өздерінің спорт жолдарын қазақша күрестенбастаған, републикамыздың мақтанышы, СССР-дің, СССР халықтары спратакиясынның, әлем және олимпияда чемпионы Ж. Үшкемпіріп, сондай-ақ қазақша күрестен Қазақ ССР-нің чемпионы, самбодан жастар арасындағы әлем чемпионы, ересектер арасындағы Европа чемпионы Қ. Байшолақов, самбодан әлем және Европа чемпионы А. Мұсабековтардың еңбектері куә. Ал А. Ғабсаттаров, К. Байдосов, А. Қазымбетов, Ә . Айханов, С. Өтенов сияқты спортшылар да қазақша күресті дамытуға атсалысқан абзал жандар. Қазақтың ұлтық спорт түрлерінің дамуына 1978-1979 жылдардағы 1 спортакиядағы дайындық кезеңі үлкен серпіліс қосты. Әрбір калхоз - савхозда, мектептер мен училищелерде үйірмелер мен секциялар ұйымдастырылып, олардың қортындылары шопан тойларында, егін орағының соңында шығарылып отырады [2] .
Партия мен үкіметтің ұлттық спорт түрлерін дамытуға деген қорлығы ұшан-теңіз. Мәселен КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министірлер Советінің 1966 жылғы қаулысында ұлттық спорт түрлерін кеңінен өрістету жайы көрсетіледі. Ал 1965 жылы қазақ ССР Министрлер советінің жанындағы физкультура және спорт жөніндегі комитеті қазақша күрес үшін разряд нормалары мен талаптарын жасап, бекіткенді. 1971 жылы осы комитеттің коллегиясы «Қазақ ССР -нің спорт шебері» атағын белгіледі. Ал бәйге, көкбар, қыз қуу, күміс алу сияқты ұлттық спорт түрлері жыл сайын СССР Ауыл шаруашылығы министрлігі өткізетін ат спортты Бүкілодақтық жарысың программасына енгізілген [3] .
Бірақ қазақша күрес пен тоғызқұмалақтан басқа ұлттық спорт түрлерінде разряд беру талаптарын әлі белгіленген жоқ. Келешекте қазақтың қыз қуу, бәйге, көкбар секілді ат спортына да көңіл аударылғаны жөн сияқты. Сондай-ақ қазақ халқында түйе жарыс та болған. Ол кейбір жерлерде қазіргі кезде де өткізіледі. Болашақта бұған да көңіл бөлінеді деп сенеміз. Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің ішінде әзірге Одақ көлеміне белгілісі - қазақша күрес. Соған орай спорттың бұл түрі басқаларына қарағанда әбден қалыптасқан. Қазақша күресті жетілдіріп, одақ көлеміне әйгі етуге атсалысқан М. Рақымқұлов Ж. Төлегенов, Ә. Бүркітбаев, Т. Асқаров, Д. Биткөзов, Ж. Сабыржанов, Н. Омаров, Р. Сапарғалиев сынды спортшылар есімдерін мақтанышпен атамасқа болмайды [4] .
Бүгінгі таңда күрестің қазіргі жаңа түрі, яғни осы замандағы үлгісі - мыңдаған жылдар бойы орын алған тарихи - мәдени кезеңінің нәтижесі іспеттес. Оның Еуразия жерінде пайда болуы мен қалыптасуы, сонымен қатар даму кезеңдері, әлбетте, түркі елдерінің тарихымен тығыз байланысты. Даму жолын келесі кезек жалғасы арқылыкөрсетуге болады: қазақтар - Алтынордада кезеінің көшпенділері - қыпшақтар - түркілер және скиф сақ заманының теленомадтары - қола және темір дәуірінің тайпалары. Осы тізбектегі топтардың ауысымы жазба және археологиялық қазбалар негізінде дәлелденген. «Күрестің» қалыптасу кезеңін Қазақстан мен Орталық Азиядағы тарихи-мәдени құбылыстарды негізге ала отырып үш ірі сатыға бөліп қарастыруға болады. Бірінші стаы-қола дәуірінің қалыптасуы, екінші саты -ерте темір дәуірі, үшінші саты -орта ғасыр. Қалыптасудың бірінші сатысы - қола дәуірі. Күрес архаикалық қоғамда мыңдаған жылдар бойы шаманның бейнесіне теңелген күшпен тығыз байланыста болған. Онсыз кез келген ұжым өзін әлсіз және қорғаныссыз күйде деп есептеген. Халықтың санасында олар мәдениеттегі ержүрек қайсар батыр іспеттес. Олар халыққа от сыйлап, жер шаруашылығының бастауына, мал шаруашылығына, музыкаға негіз салған. Осы дәуірде тылсым күшке арналған ырымдар жүйеге еніп, олардың құрылымы да анықтала бастаған. Қола дәуіріндегі күрестің темір дәуіріндег күрестен айырмашлығы, олар анық қозғалысқа ие болып, уақытпен санаса алған немесе бірнеше қатысушының өзара қарым-қатынастары бола тұра, еркіндікті сақтап қала алған. Қазақстан жерінде ежелгі дәуірде-ақ күрестің пайда болуының негізгі куәсі ретінде тастағы суреттерді алып қарастыруға болады. Қола дәуірінің петроглифтерді Қазақстан територияларында өте көп мөлшерде тараған - Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан [5, 6] .
Қалыптасудың екінші кезеңі - ежелгі темір дәуірі. Ол адам мәдениетінің қалыптасуы жолындағы ең маңызды кезең болып есептеледі. Осы кезеңдегі тарихи-саяси әрекеттерде Еуразия кеңістігіндегі әскери көшпенділер басты рөл атқарған. Себебі, басқа жерлердің кеңістігін жаулап алу, басқа тайпа адамдарын өз билігінде ұстау, әскери ұйымдастырушлық дамымаған жағдайда еш жүзеге аспаиды. Ал ол өз кезегінде қару жарақпен қамтудың пайда болуына тығыз байланысты. Бұл кезеңде еңбек құралдарынан бөлек қару-жарақпен қорғаушы жүйесі пайда болған. Соғыс экономикалық фактордың көрсеткішіне айналып, адамның басқа да іс-әрекеттерінен ерекшелінген. Күрескердің қоғамдағы рөлі дәл осы тұста анықталып, жоғары бағалана бастаған. Күрескер оған дейін қоғамда өз рөліне нық бекіген шамандарды тарих сахнасынан ығыстырып шығарған болатын. Материалдық мәдениеттің түп тамырына келген өзгерістермен қатар рулық қалыптасу пайда болған. Пайда болған жаңа қауымдастықты Ф. Энгельс «әскери демократия» деп атап көрсетті. Осы тұрғыда кейіпкер эпосы пайда бола бастаған және ештеңеден қорықпайтын, кез-келген қйын жағдайда сиқырға жүгіне алатын немесе өзі қалаған жануарға айнала алатын батырлардың кейіпкерлік бейнесі қалыптасқан. Яғни кейіпкердің жартылай күрескер, жартылай шаман деген жаңа түрі пайда болады. Осы көрініс архаикалық эпостарда өте көркем көрсетілген. Осы тектекгі кейіпкерлердің түркі заманында да болғанымен бірден-бір көрінісі - «Оғыз наме». «Оғызнаманың» сюжеттік желісі өте қарапайым болып келеді. Дастанда Оғыздың дүниеге келуі, оның ерліктері және ұлдарының болуы жайлы айтылған. Оғыз қаған - күрескер - шаман бейнесіндегі қолбасшы. Себебі, оның кейбір дене мүшелері зооморфтық тұрғыдан суреттелген. Мысалы, аяғы - өгіздікі, белі-қасқырдікі, омыраутұсы - аюдікі. Эпикалық дастандарда жиі кездесетін күрескерді аңмен салыстыру немесе зооморфты жолмен сипаттау - ежелгі заман күрескерінің бейнесін қабылдауда орасан зор күшке ие. Сол арқылы оларды адам санасына жабайы аңдармен немесе аң бейнесіндегі кейіпкермен қатар қою қалыптасып кеткен. Ерте темір дәуірінде түркілердің ата-бабаларымекендеген Еуразияның Шығысындағы көшпенділер жайлы алғашқы жазбаша мәліметтер пайда болды. Қытайдың солтүстік көрілері жайлы алғашқы мәліметтер Қытай тарихнамасының негізін салушы Сыма Цяньнің (б. з. б. 135-67ж. ж. ) «Тарихи жазбалар» еңбегінде көрсетілген. «Ши цзида»: «Беибіт өмірде малдарын бағып, аң аулап күн көрген ; шабуылдар жасау үшін әскери жаттығумен айналысқан» деп айтылған. Жазба ескерткіштерге сүйене отырып, ғұн этносының әлеуметтік -мәдени бастауында әскери қабілеттері қалыптасты деп айтуға болады, оның негізі - «күрес». Әскери дайындықтың маңызды бөлігі арнайы жаттығулар, жекпе - жектер болды. Белгілі ғұн сарбаздарының арасында жекпе-жек ғұндардың ортақ жиналыстарында, салтанатты жиындарда шаньюй Лун -ченнің арнай сыйы үшін өткізіліп отырған. Орта ғасырларды қалыптасудың үшінші кезеңі басталды. Ерте темір дәуірі мен орта ғасырлар аралығында жаңа әлеуметтік құбалыстармен байланысты. Қағанаттың қойған шарты әрбір адамның жауынгер болуын талап етті. Көшпелі қоғам өзінің әрбір мүшесіне «жауынгер-күйеу» деген ер-есім беріп отырған. «Жауынгер -күйеу» болып белгілі жасқа жеткен, ер-есім алған, қарапайым адам да, хан тұқымыда сайланған. «Ер -есімін» алу бозбаланың аң аулау немесе әскери жетістігіне байланысты берілетін дәстүр болған. Тарихи деректерге сүйеніп мұндай сынақтарға ортағасырлық тарих қайраткерлері де түскен деп айтуға болады. Орта ғасырда күрес көшпенділердің әскери дайындықтарының әдеттегі элементі болды. Жаттығу барысында қашып бара жатқан қарсыласын мықты қолмен тартып құлатуға үйренген. Кейбір түркі халықтарында қарусыз ат үстіндегі күрес әлі де бар. Қарсыласын белдігінен ұстап жерге ірінші болып құлатқан адам жеңімпаз болып есептеледі. Күрестердің негізгі элементтерін түркілер жинақтап, жүйеленген деген жорамал бар. Ол кезде күрес тек әдет-ғұрып емес, жауынгердің күшін байқайтын көрсеткіш болып қалыптасты. Түріктердің Еуразияға қоныстануымен «күрес» бүкіл әлемге таралды. Ол күрестің басқа түрлерімен байланыса келедамып, қазіргі күге жетіп отыр [7, 8, 9] .
Қазақша күрес - көптеген тәсілдер, жасап орындалатын күрес. Оның ережесі бойынша самбоның, еркін және классикалық күрестің кейбір амалдарын қолдануға рұқсат етіледі. Мұнда белбеуден қос қолдап, бір қолмен ұстап немесе кеудеден қолдан, киімнен ұстап лақтыруға болады. 1928 жылға дейін күрестің бірыңғай ережесі болған жоқ. Жарысқа түсетін палуандардың салмағы ескерілмеді. Сондықтан көбінесе қарсыласынан күші ғана емес, салмағы да артық палуандар жеңіске жетіп келді. Жарыс жергілікті жерде ежелден қабылданған немесе алдын ала келісілген шартқа сәйкес ереже бойынша өткізілді. 1928 жылы қазақша күреске тән бүкіл әдіс, тәсілдерді түгелдей қамтыған бірыңғай ереже жарияланды. Ал 1938 жылы Қазақстанда спорттық ірі жарыстар өткізіле бастады. Республика астанасы Алматы қаласында өткізілгене калхозшылардың І республикалық спартакиясында қазақша күрестен алғаш рет салмақ категориясы бойынша (жеңілсалмақ - 65 килограмм, орта салмақ - 76 килограмнан жоғары) жарыс өтті. «Республика чемпионы» деген құрметті атақты салмақ категориялары бойынша Семей облысының өкілдері С. Адасқанов, К. Алтыбасаров және И. Түйменов жеңіп алды. 1939 жылы республика біріншілігінен бұрын облыстарда біріншілік өткізілді. Онда жеңіп шыққандар «Қазақстан чемпионы» атағы үшін күресу правосына ие болды. Содан соң Семей қаласында Қазақстан біріншілігі өткізіліп, бұл жарысқа Алматы, Павладар, Семей, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай обылыстарының палуандары қатысты. 1938 жылы Семей обылысының өкілдері үш салмақ категориясы бойынша да бірінші орын алған болса, бұл жолы «республика чемпионы» деген атақты Құрманбаев (Алматы облысы), Досқалиев (Батыс Қазақстан), Мусин (Павлодар облысы) жеңіп алады. Табанды күрес үстінде Батыс Қазақстан облысының өкілі Досқалиев барлық қарсыласын жеңіп, «республиканың абсолюттік чемпионы» деген атаққа ие болады. 1940 жылы бес салмақ категориясы бойынша Республика біріншілігі өтті. Ол салмақ категориялары: аса жеңіл, орта, жеңіл, жартылай ауыр және ауыр салмақ. Республиканың чемпионы атағын осы салмақ категориялары бойынша Байдәулетов, Құрманбаев, Төлегенов, Мохманов, Жұмабаев жеңіп алады. Ұлы Отан соғысына байланысты дене шынықтыру жолындағы қозғалыс тежеліп, Қазақстанда бұқаралық спорт жұмысы уақытша тоқтап қалды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ дене шынықтыру ұйымдарының қызметі түгелдей Отан қорғау ісіне бағытталды. Олар жаппай оқу орындарына халықты әскери дене шынықтыру дайындығынан өткізуге, Қызыл армияның жауынгерлік резервін даярлауға көмектесуге тиісті болды, дене шынықтыру ұйымдарының мүшелері мен спортшылар әскери оқу пунктерінде жауынгерлерді қолма-қол ұрысқа үйретіп, граната лақтырушыларды, шаңғышыларды т. б. даярлады. Қазақстанның мыңдаған спортшысы дене шынықтыру саласының қызметкері тылдағы жанқиярлық еңбегімен ұрыстарға тікелей қатысуы арқылы жаумен күресуге елеулі үлес қосты [10, 11, 12, 13] .
Білім беруден әлеуметтік мәдениет шынайылығының қоғам мен адам деңгейіне және күйіне сәйкестігі талап етіледі. Білім беру жүйесі әлеуметтік-мәдени - және жеке басылық болуы қажет. Білім берудің заманауи жүйесін дамыту үшін білім алушының әлеуметтік-мәдени тәжірибенің субъектісі ретінде дамуына, оны мәдениеттің үлгілі орталықтарының нормативті жүйесіне баулуға мүмкіндік беретін әлеуметтік-мәдени кеңістік түзу қажет. Ал бұл өз кезегінде жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін дамытудың қажетті шарты, оның әлеуметтік ақпарат жеткізу қабілеті ретінде қарастырылады. Бұл кеңістіктің аумағы әлеуметтік байланыстар мен жалпы мәдени дәстүрлердің болуымен, әрбір адамның «басқамен толық анықталу» қажеттігімен анықталады.
Сонымен бірге, білім беру адамды өзінің тіршілік әрекетінің субъектісі ретінде тәрбиелеуге бағдарланған, оның үдерісі және нәтижесі жеке тұлғаның көпшілік жағдайда қисынмен, іштей қажеттілікті ұғыну деңгейімен, мақсаттардың жекелей лауазымдық сатысымен анықталған [14, 15] .
Жоғарыда аталған мәселелер толығымен жоғары және орта мектептердің спорттық-педагогикалық үдерісі шеңберінде жүзеге асатын спорттық-педагогты кәсіби дайындауға жатады. Бұл үдерістің кәсіби-жеке басты бағыттылығы және әлеуметтік-мәдени қамтамасыз етілуі, біздің пікірімізше, оның сапасы мен тиімділігінің негіздемесі ретінде қарастырылады.
Құрылымдылықпен қатар, кәсіби-педагогикалық мәдениеттің, танымдылық, адамгершілік, ақпаратты, білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру және ақпаратты жетілдіру сияқты қызметті салалары ерекшеленеді.
Құрылымды және функционалды салалар кәсіби-педагогикалық мәдениетті спорттық педагогтың жеке басының жекелей сапасы ретінде, тиімді педагогикалық қызметтің алғы шарты, кәсіби сәйкестіктің жалпылама көрсеткіші және кәсіби өзіндік жетілу мақсаты ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін бүтін жүйе түзеді.
«Кәсіби сәйкестік» көрсеткіші жеке тұлғаның теориялық және тәжірибелік дайындығының бірлестігін және кәсіби қызметін жүзеге асыру қабілетін айқындайды [16] . Осы көрсеткіш бойынша жалпы жұмысқа қабілеттілік қана анықталып қоймайды, сонымен бірге берілген сала бойынша мамандарды жан-жақты дайындай білу мүмкіндігі туындайды. Ендеше, осы нәтижелікке дәйекті түрде тоқтала кеткенді дұрыс көрдік. Зерттеу жүргізу барысында бірнеше көрсеткіштерге сараптама бердік. Спорт колледжінің білім беру жүйесі мен спорттық педагогтың кәсіби сәйкестігінің дамуы мақсаты, мазмұны, оқушы-спортшылардың оқыту-танымдылық, ұқсасты-бейнелеу, кәсіби-тәжірибелік және өзіндік-қимыл қызметін меңгеру бойынша қызметінің нәтижелілігінің технологиялары мен көрсеткіштерінің жүйесі түзілді.
Дене шынықтыру мен спорт маманының тұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыруға кәсіби дайындығы жеке тұлғаның бағыттылығының, санасының, ойлау мәнерінің, кәсіби ұстанымының сапалы сипаттамасын айқындайтын біртұтас күйі болып табылады. Сондықтан да болар педагогика саласында қызмет атқарушы, осы саланы жете меңгерген оқымысты ғалымдар өз еңбектерінде егжей-тегжейлі зерттеулер жүргізіп, алынған нәтижелерге толыққанды сипаттама берген. Педагогикалық үдерістің басты бір саласы ретінде дене шынықтыру мен спорт саласы бойныша мамандарды дайындау қарастырылады. Тек қана жалпылама сипаттама беріліп қоймай, өнімді еңбек ете білу жолдары қарастырылады. Бұл жерде педагогикалық шығармашылыққа басты назар бөлінеді.
Тактикалық деңгей педагогикалық ойлау мен іс-әрекеттер қабылдай алу, яғни түзілген педагогикалық жүйені қозғалысқа келтіру, оның қызметін қамтамасыз ету мүмкіндігімен келтірілген. Жедел деңгей бірнеше біліктіліктерден құралған: объективті білім беру үдерісінің мәнін тиянақты педагогикалық міндеттерге «көшіру»; білім беру үдерісінде қисынды аяқталған кәсіби қызметтер жүйесін жобалап, енгізу; білім берудің құрылымдары мен факторларының арсында өзара байланыс түзіп, оларды іс-әрекетке келтіру; педагогикалық қызметтің нәтижелерін ескеріп, бағалай алу мүмкіндігі. Бұл деңгейлердің ретті жүзеге асуы, автордың пікірі бойынша, педагогтың кәсіби қызметінің аяқталған тізбегі [17] .
- Қазақ күресіндегі қимыл-қозғалыс дағдысын қалыптастырудағы дене тәрбиесі жаттығуларының мәні
Мектептегі дене тәрбиесімен айналысудың негізгі түрі дене тәрбиесі сабақтары екендігі белгілі. Осы сабақтар арқылы, сыныптан және мектептен тыс сабақтар мен тапсырмалар және көпшілікті қамтитын сауықтыру шаралары арқылы жас ұрпақтың дене тәрбиесінің негізі қаланады. Жоғарыдағы шараларды іске асыру нәтижесінде оқушының дене мәдениетін құрайтын білімдер мен дағдылары қалыптасады. Осы білімдер мен дағдылардың негізін өмірлік маңызы бар икемділік, күш, жылдамдық, төзімділік сияқты қасиет-қабілеттердің дамуына жәрдемдесетін қимыл-қозғалыстар құрайды. Қимыл-қозғалыстарды меңгеру барысында қажетті теориялық мәліметтер алуға және нақты жаттығуларды үйренуге болады [18, 19] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz