Қазақ күресімен шұғылданушы студенттер


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Казақ спорт және туризм академиясы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: « ҚАЗАҚ КҮРЕСІ ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫНЫ КОП ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР. ЖОСПАРЛАУ ТҮРЛЕРІ »
5В010800- «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы
мамандану: Қазақша күрес
Орындаған
КСжЖЖФ 4 курс, студенті
Ғылыми жетекші
Алматы 2015
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Казақ спорт және туризм академиясы
«Қорғауға жіберілді»
кафедра меңгерушісі
п. ғ. к., профессор
Е. М. Мухиддинов
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Қазақ күресі жаттығу жұмыстарыны коп жылдық жоспарына қойылатын талаптар. Жоспарлау түрлері »
5В010800- «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы
мамандану: Қазақша күрес
Орындаған: Қамбарұлы Д.
Ғылыми жетекшілері:
Аға оқытушы
Қ. Р. Е. Ж. Өтенов Н. О.
Алматы 2015
МАЗМҰНЫ
2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ . . .
2. 1 Зерттеу әдістері . . .
2. 2 Зерттеудің ұйымдастырылуы . . .
- ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
АНЫҚТАМАЛАР
Төзімділік (жалпы) - көбiнесе тірек - қимыл аппаратының қызметі барысында қалыпты қарқындылықтағы қозғалыс жұмыстарын орындайтын адам қабілеттерінің жиынтығы.
Иілгіштік - үлкен теңселу арқылы қимыл-қозғалысты қысқа уақыт аралығында орындауға мүмкіндік беретін адамның морфофункционалдық қасиеттерінің жиынтығы.
Педагогикалық бақылау - дербес тұлғаның шынайылығына деген мiнез-құлықтың, іс-әрекет пен қатынасты мақсаткерлікпен және жүйелі түрде қабылдау. Байқау мақсаты - білім алушыға педагогикалық әсер етуді дұрыс іске асыру үшін мінез-құлық ерекшеліктерін жасыра білу болып табылады.
Педагогикалық үдеріс - спорт педагогы мен оқушылардың мақсатқа сай өзара бірлесіп іс-әрекет жасауы білімдік, сауықтыру және тәрбиелік міндеттерді шешуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған үдеріс ретінде қарастырылады .
Оқыту мазмұны - педагог пен білім алушының білім бағдарламасын беру және меңгеру бойынша іс-әрекеті.
Үйрету - ең алдымен тәрбиенің білімдік элементтерін меңгеруге бағытталған педагогикалық үдеріс.
Әдіс - оқу-тәрбие үдерісінің маңызды міндеттерін іске асыруға бағытталған педагогикалық әсер етудің ауқымды жүйесінің ұйымдастырулығы мен мақсаттылығын қамтамасыз ететiн жол, амал.
Әдістемелік амал - педагогикалық үдерістің жекелеген мәселелеріне таңдамалы ықпал етуге мүмкіндік беретін әдісті қолданудың жекелеген жағдайы.
Күш - адамның сыртқы кедергілерге қарсы тұра алу немесе бұлшық ет ширығуы есебінен оған қарсылық көрсету қабілеттерінің жиынтығы.
Шапшаңдық - берілген жағдайға қысқа уақыт аралығында қимыл әрекеттерін орындауға мүмкіндік беретін адам қабілеттерінің жиынтығы.
Ептілік - адамның қимыл әрекеттерін тиімді меңгеруге және құбылмалы жағдайлардың талаптарына сәйкес оны өз уақытында қайта құруға мүмкіндік беретін үйлестіру қабілеттерінің және морфофункционалдық
Дене мәдениеті - белгiлi бiр адамды тіршілікке, нақты бір іс-әрекетке дайындау қажеттілігімен байланысты оның денсаулығын нығайту және дене қабілеттерін жан-жақты дамыту үшін арнайы жасалған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы.
Базалық дене шынықтыру - шұғылданушыларды жеткілікті қозғалыс тәжірибесімен және қай саланың болмасын қызметтік, табиғи немесе тиімді өміршең іс-әрекетімен жабдықтаушы.
Мектептегі дене шынықтыру - бұл ең алдымен, жалпы білім беретін мектептер мен басқа да оқу-тәрбие орындарында оқу пәні болып табылатын базалық дене шынықтырудың бастапқы түрі.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
АДД - арнайы дене дайындығы
ӘУ - әсер ету уақыты
БТ - бақылау тобы
ЖДД - жалпы дене дайындығы
ҚНӘ - қимылдағы нысанға әсер ету
ҚР - Қазақстан республикасы
ОП - оттектік пульс
ӨМЖ - өкпенің максималды желдетілуі
ӨТС - өкпенің тіршілік сыйымдылығы
ӨЖС - өкпенің жалпы сыйымдылығы
ТЖ - тыныс алу жиiлiгi
ЭТ - экспериментальдi топ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысысыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді. Осы тақырыпты дипломның жұмыс негізінде жұмыс жүргізуіміз қазақ күресін әдіс тәсілдерін жетілдіру және ережемен әдіс тәсілдері арасындағы байланысты анықтау арқылы қазақ күресінің сапалық және көрнекілік жағын арттыру.
Зерттеу мақсаты. Қазақстан Республикасында Қазақ күресінің ережесін жетілдіру арқылы спортшының жетістігін оқыту, үйрету. Үйретудің жаңа жолдарын көрсету болып табылады.
Зерттеу нысаны. Қазақ күресімен шұғылданушы спортшылардан күрес кезінде және түрлі жарыс ойындарда сапалық көрсеткіштері.
Зерттеу міндеттері:
Қазақ күресі ережелеріндегі құрылуы, ұпай санының берілуі, балуанға арналған тәртіптерін жүйелеу;
Қазақ күресіндегі әдіс тәсілдерінің түрлерін анықтау, оларды жүйелеу;
- Зерттей келе қазақ күресіндегі ережелерге қосымша ұсыныстар жасау, өзгерістер енгізу.
Зерттеу жұмысының әдістері
- Ғылыми -зерттеу, педагогикалық әдебиеттерге шолу.
- Статистикалық талдау жүргізу.
- Қазақ күресінің жаттықтырушыларын және басқа спортшылардан анкеталық сұрақ жауап алу.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- Қазақ күресінің ережесіне өзгерістер енгізу ұсынылады.
- Қол тірегенде бүк әдісін беру ұсынылады; Қазақстан барысы жарысын зерттеп анализ жасағанымызда, көбіне қол тіреп жарыс тоқтатылып, жарыс сапасын төмендетіп отырды. Соның салдарынан көбтеген түсініспеушілік орын алып отырды.
Зерттеу қорытындыларының нақтылығы мен негізділігі:
- Зерттеу қорытындысы бойынша анықталған теориялық, тәжірибелік нәтижелер мен ұсыныстар, әдістемелік бағыттар, көтерілген мәселені талдау жолдары Қазақстан жастарының денсаулығын нығайту, дене тәрбиесі мен спортты насихаттау, спортшыларды дайындауда Қазақ күресін деңгеиін, сапасын көтеруге үлесін қосады.
- ҚАЗАҚ КҮРЕСІ ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫНЫ КОП ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР. ЖОСПАРЛАУ ТҮРЛЕРІ
Тұңғыш рет қазақ күресі 1938 жылы Алматыда өткізілген колхозшылардың республикалық спартакиадасының бағдарламасына енгізілді. Ұлттық күрестен сайысқа түсушілердің қарасы көп болғандықтан, оларды үш топқа бөліп тастады. Жеңіл салмақтағылар - 65 келіге дейінгі, орта салмақтағылар - 76 келіге дейінгі, аса ауыр салмақтағылар - 76 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде белдесті.
Бұл спартакиадада Семей облысының балуандары: С. Адасқанов, К. Алтыбасаров және И. Түменов республика жеңімпаздары атанды.
Бұл спартакиада Ел мықтыларының есімін көпке танытумен бірге, ұлттық күрес өнерінің өрісін кеңейтуге жол ашты. Кезекті екінші спартакиада 1939 жылы Семей қаласында жалғасты. Бұл жолы жанкүйер қауым боз кілем үстінде тағы бір таланттардың шоғырына куә болды. Жеңіл салмақта - Құрманбаев /Алматы облысы/, орта салмақта - Досқалиев /Батыс Қазақстан облысы/, ауыр салмақта - Мусин /Павлодар облысы/ қарсыластарын түгелдей тізе бүктіріп, жеңіс тұғырына көтерілді. Дәл осы жарыста «түйе палуан» атағы үшін сын өткізіліп, онда Батыс Қазақстан облысының өкілі Досқалиев жеңіске жетті [1] .
Дәстүрлі қазақ күресінің өрісін кеңейтіп, балуандардың тәжірибесін халық мұратына жаратуға 1940 жылы жақсы мүмкіндік туды. Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерекесі құрметіне арналған біріншілікке қатысушылар енді бес салмақ дәрежесі бойынша күрес кілеміне шықты. Жеңіл салмақта - Байдәулетов, жартылай жеңіл салмақта - Құрманбаев, орта салмақта - Төлегенов, жартылай орта салмақта - Мақманов, ал ауыр салмақта - Жұмабаев бас жүлдеге ие болды. 1955 жылы салмақ дережесі сегізге дейін көбейтіліп, қазақ күресі бойынша жарыстың жалпы ережесі бекітіліп, жарыққа шықты. Бұл іске қамқорлықпен қарап, ұйтқы болған Мұзафар Рақымқұлов есімі жанкүйерлердің жадында сақталатыны даусыз.
1952 жылы Түрікменстанның астанасы - Ашхабадта Орта Азия мен Қазақстан Республикасы спортшылары арасындағы спартакиада ойындарының бағдарламасына ұлттық күрес те енгізілген еді. Бұл жерде бес елдің білікті мамандары өзара ақылдасып, ұлттық күрестің негізгі ережесі етіп қазақ күресі тәсілдерін алуға келісті. Өйткені, қазақ күресінің ережелері классикалық күрестердің табиғатына жақын әрі оның болашағы зор екендігі анық еді. Күткендей-ақ, бұл дүрмекті, аса тартысты күрес бәсекесінде қазақстандықтар табысты болды. Жеңіл салмақта семейлік К. Бибатыров, орта және жартылай ауыр салмақтарда қарағандылықтар Күлен Бәкіжанов пен Әлімшайх Селімбаев үздік шықты.
1959 жылы Мәскеудегі КСРО халықтарының екінші жазғы спартакиадасын өткізу кезінде ұлттық спорттық күрес түрлері бойынша бапкерлер мен мамандардың Бүкілодақтық бас қосу семинар-жиыны болды. Негізінен онда жарыс ережесін түпкілікті екшеп, хаттау мәселесі қаралды. Мамандардың талқылау барысында қазақ күресімен бірге грузиннің «чидаоба», молдаванның «трынта» күресінің ережелері аса жоғары бағаға ие болды. Одан соң қарағандылық балуандар Ж. Тәтиев пен С. Аманжолов спартакиадаға жиналған қалың жұртшылықтың алдында қазақ күресінің әдіс-амалдарын асқан шеберлікпен көрсетіп, қошеметке бөленді. Бұған дейін 1949 және 1953 жылдары да Қазақстанның біріншілігі болып жатқан тұста республикамыздың беделді мамандары қазақ күресінің ережесін жетілдіріп, пысықтау мәслихатын өткізді. Қазақ күресінің басты ерекшелігі: табан тіреп ұстасқан сәтте тобықтан қағуға, шалуға рұқсат етіледі, ал ұстасқан бетте қолмен аяқтан алуға болмайды. Қазақ күресінің ауқымы, көкжиегі өте кең. Қазақ күресін жетік меңгерген адам өзге халықтардың күресін еркін меңгеріп кетеді. Кейбір әдістер күрестің классикалық түрлеріне сай келетінін айта кеткен дұрыс. Қазақ күресінің ең бір ерекше тұсы мұнда төрттағандау (партер) жоқ. Әрине, осындай ғажап күресі бар қазақтан әлем мойындаған даңқты балуандардың (Ә. Айханов, Ж. Үшкемпіров, Д. Тұрлыханов т. б. ) шығуы заңды құбылыс.
Қазақ күресі - нағыз текті күрес түрі. Балуандардың жауырыны толық жерге тисе ғана таза жеңіс болып есептелінеді. Ол нағыз білек күші бұлқынған, қарсыласының жігерін құм қылған апайтөс алыптардың күресі. Сондықтан қазақ күресінің келешегі - кемел, болашағы жарқын.
Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды. 2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда «Қазақша күрес» күресі бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті - Түкиев Серік Адамұлы. 2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақша күрес» күресі бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне «Қазақша күрес» күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқалары бар. Биылғы жылдың шілдесінде Монғолияда «Қазақша күрес» күресі бойынша ІІ Азия Чемпионаты өтті. 2011 жылы тамызда қазақша күрестен Қазақстан біріншілігі болып өтті.
Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері («Самбо») . Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.
Күресетің балуандар жаңадан енгізілген ереже бойынша жасына қарай 3 топқа, салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес мерзімі ересектер үшін 10 минут, жас өспірімдер үшін 5 минут. Кейде жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигізу шарт емес. Бұл күрестің басты шарты - күшін, әдісін асырып, талассыз жығу. Кейде жыққан адам жығылған адамның басынан аттап «күш алу» деген байырғы жеңіс белгісі жасалады. Қазақша күрес аудандың, облыстық, республикалық спартакиадалардың программаларына кіргізілген, спорттық командалары бар ресми түрде жұрт танылған өнер [2] .
Тақырыптың зерттелу деңгейі. 2002 жылы 32беттен тұратын «Қазақша күрес» деген ұжымдық жинақ кітапшасы жарық көрді. Бұл жинақта қазақша күресінің әдіс тәсілдеріне және әділ бағалайтын төрешілері жайлы егжей тегжейлі зерттеу жүргізілген. Жинақ құрастырушылары Бауыржан Жаналин және Марат Жақыт, қазақша күресіне қатысты мәселелерді бір жүйеге салып, яғни жалпы 31 бапқа бөліп қарастырған. Бұл жинақтағы негізгі 3 бапқа тоқталайық. 1-бап. Мақсаттары [3] .
«Қазақша күрес бойынша жарысты ұйымдастыру ережесін еске ала отырып жасалған бұл жүйе мынадай жағдайларды назарда ұстайды:
- белдесуді өткізудің практикалық және техникалық шарттарын айқындау және анықтау;
- белдесу кезіндегі қимыл мен әдіс айлаға берілетін бағаны белгілеу;
- әділ қазылар алқасының техникалық міндетті қызметін белгілеу;
- топтастыру, жүйелеу әдістерін анықтау (орын бөлу), жалау, белдесуден шығу және т. с. с. бұл ұсынылып отырған ережелер нақты жағдайда қолдану және олардың тиімділігін оқып-үйренуді жүзеге асыру кезіндегі жетілдірілген пән болуымен бірге қазақша күрес өмірінің өмір сүруі аясында негізгі тірегі де болып табылады.
2- бап. Қолдану аясы
Бұл нақты ережелерді Қазақстан Республикасының қазақша күрес федерациясы (ҚКФ) ұйымдастырған біріншіліктерде, Кубок жолындағы жарыстарда, халықаралық кездесулер мен турнирлерде қолдану міндетті.
3-бап түсіндіру (дәлелдеу) [4] .
Егер ұсынылған ережені түсіндіру барысында екі ұдай жағдай орын алса, ол баптардың анық-қанығын анықтап, дәлелдеу мәселені әділ баянда етуге тек ҚКФ-ның спортты техникалық комиссиясы ғана өкілетті бола алады және бұл жерде баптардың қазаөша түп нұсқасы ғана дұрыс деп саналады.
4-бап. Кілем, 5-бап. Белгі тақталары, 6-бап. Киім, 7-бап. Құрамы, 8-бап. Жалпы міндеттірі, 9-бап. Бас төреші, 10-бап. Бас хатшы, 11-бап. Кілем жетекшісі, 12-бап. Кілемдегі төреші, 13-бап. Қапталдағы төреші, 14-бап. Төрешілерге қатысты жазалар, 15-бап. Дәрігерлік қызмет, 16-бап. Төрешілер есебі, 17-бап. Қатысушы құжаты, 18-бап. Жасына қарай топқа бөлу, салмақ дәрежелері, 19-бап. Жарыс бағдарламасы, жеребе өткізу, өлшеу, 20-бап. Жарысты өткізудің әдістері, 21-бап. Шақыру, 22-бап. Тоқтату және жалғастыру, 23-бап. Аяқталуы, 24-бап. Сылбырлық, 25-бап. Ескерту, 26-бап. Тиым салынған әрекеттер туралы жалпы ереже, 27-бап. Жазбаша наразылық, 28-бап. Белдесу нәтижелері және белгілері, 29-бап. Әдіс амалдардың мәнін анықтау, 30-бап. Ерекше жағдайлар, 31-бап. «Қоян-қолтық» көне күрес».
Ж. С. Байшолақовтың зерттеуінде қазақ күресінде төрешілер көбінесе тепе-теңдіктен шығарып лақтыру, шалып жығу, санмен қағып түсіру, табанмен қағып түсіру және сирақпен іліп жығу әдіс топтарын бағалағаны, ал палуандардың таза жеңістердің көбіне шалып жығу, тепе-теңдіктен шығарып лақтыру, санмен қағып түсіру, жамбасқа алып лақтыру, кеудеден асыра тастау және сирақпен іліп жығу әдістері арқылы орындап жеткені анықталған. Қазақ күресін спорттық күрестің басқа түрлерімен салыстыруда кейбір тәсілдер тобының түрлерін қолдану техникасында, жиілігі мен нәтижелігінде елеулі айырмашылықтар анықталды. Мәселен, күрестің басқа түрлерінде (еркін күрес, самбо, дзюдо) «иықтан асыра тастау», сирек кездесуден басқа, қарсыластың қолы (жеңі, жағасы) мен аяғын ұстап алып орындалса, қазақ күресінде қарсыластың аяғын ұстауға тыйым салынады. Бұл жағдайда «иықтан асыра тастау» қарсыластың қолынан ұстап, оның ішкі жағынан не сыртынан сүңги және кеудеге таянып не кеудеше, не белбеуінен ұстап орындалады [5] .
Сонымен, тәжірибелі күрескерлер тік тұрып, комбинациялық және дайындық әрекеттерінде тәсілдердің кең ауқымына, қарсыластың шабуыл әрекеттеріне қарсы қорғану мен қарсы шабуыл тәсілдер нұсқаларын жетік меңгереді. Қазақ күресі бойынша жарыстарда спорттық күрестің басқа да түрлерінде қолдануы мүмкін аяқта тұрып лақтырулардың әртүрлі техникасы қолданылады. Қазақ күресінің спорттық күрестің басқа түрлерінен ерекшеленуіне байланысты «жамбасқа алып лақтыру», «арқалап алып лақтыру» мен аяқпен күресу әрекеттері (қағып түсіру, іліп жығу, орап лақтыру, шалып түсіру және т. б. ) дзюдошыларды, самбистерді, қолма-қол ұрысушыларды, еркін және грек-рим күрескерлерін дайындауда қолданыла алады. Мысалы, қазақ күресі бойынша жарыстарда грузин ұлттық «чидаоба» күресіндегі «қарсыластың аяғын орап лақтыру», дзюдодан алынған «аяқпен шалу», еркін күрес пен самбодан - «иықтан асыра тастау», грек-рим күресінен «кеудеден асыра тастау сияқты олимпиадалық, халықаралық және ұлттық спорт күресі түрлерінде қолданылатын, тәсілдерге орындалу құрылымы бойынша ұқсас тәсілдер кездеседі.
Қазақ күресінің едәуір дами түсуі, спортшының шеберлігінің қалыптасуы мен жастардың қазақ күресімен бұқаралық сипатта шұғылдануы халықаралық және олимпиадалық спорт күресі бойынша жоғары жетістіктерге жетуіне ықпал етеді. Оқу-жаттығу үдерісінің көлемі мен сипатын анықтау кезегінде игерілген әдіс-айлалық әрекеттер мен қозғалыстардың нақты тәсілдерін ескерген жөн. Әрине, қозғалыстардың (жиі орындалатын) әлдебіреулерін игеру шұғылданатындардың спорттық-әдістік мүмкіндіктерін кеңейтетін басқа әрекеттерінің жеткілікті түрлерін қолданумен үйлестірілуі тиіс. Сонымен қатар, дене тәрбиесі мен спорттық жаттығулардың сауықтыратын және денсаулықты үнемдейтін технологияларын қолдануға ден қою қажет, оның негізгі маңызы - ең алдымен, шұғылданушылардың дене шынықтыруға даярлығына және жас ерекшеліктеріне барабар көлемдерді, қарқынды жаттықтыру әсерлерін таңдау мен орындау [6] .
«Таза жеңіс» беріледі:
Балуан кілемге арқасына (жауырынына) бірден жығылғанда;
Көпірге тұруы, басы, иығы арқылы көпірде тұрып арқасы арқылы аунап кетуі жағдайында;
Балуанның кілемге алдымен денесінің бір мүшесі (қолы, қолдары, тізесі, тізелері, жамбасы, иығы, іші, денесінің қыры) тигеннен кейін барып тоқтаусыз арқасы арқылы аунап кетуі, немесе арқасында қалуы «Таза жеңіс» болып саналады;
Ескерту: Төреші, әдіс жасалғаннан соң балуанның кілемге алдымен қолы (қолдары), тізесі (тізелері), жамбасы, иығы, іші, денесінің қыры тигеннен кейін барып арқасына аунап кетті деп күресті тоқтатуына болмайды.
Төреші, кілемге құлаған балуан қолымен (қолдарымен), тізесі (тізелерімен), жамбасына, ішіне, денесінің қырына құлап, арқасына қарай аунамай қалған жағдайында ғана «Тоқта» деген бұйрық бере алады.
«Жамбас» деп бағаланады:
Балуанның денесінің қырына (иығына) құлауы, жамбасына отырып қалуы. Ескерту: «Жамбас» бағалауын үш рет жинаған балуанға күрес тоқтатылып «Жеңіс» беріледі.
«Бүк» деп бағаланады:
Балуанның тізесіне (тізелеріне) отыруы, қолымен (қолдарымен) кілемді тіреп қалуы, ішіне құлауы «Бүк» деп бағаланады.
Екі «Бүк» бір «Жамбасқа» тең болып саналады.
Негізгі күресу уақыты аяқталғанда балуандарда бағаланған әдістер болмаса, біреуінде немесе екеуінде бірден ғана «Бүктен» болған жағдайда, балуандарға қосымша уақыт беріліп қоян-қолтық «Белдесуге» жіберіледі.
«Сылбыр күресу»:
Балуандардың кілемде белсенділік көрсетпеуі, әдіс-айла қолданбай уақытты созуы, кілемнен себепсіз шығып кетуі, кілеге себепсіз отыруы, төрешінің рұқсатынсыз кімін, аяқ киімін түзетуі күресті жүргізбей сылбыр күресуі болып бағаланады. Кілемдегі төреші, қапталдағы төрешілермен және кілем жетекшісімен келісу арқылы сылбыр күрескен балуанға «Сылбыр күрескені үшін» деп ескерту жасауға құқылы, әр ескерту бір «Бүкке» тең. Ескерту үш ретке дейін беріледі, бір белдесу барысында үш рет ескерту алған балуан « Жеңілді» деп бағаланады.
Күрес әдістерін бағалаудың тиімді жақтары:
- Балуандар кілемге орынсыз құламай, аяқтарына нық тұрып күресуге дағдаланады;
- Балуандар әр қимылдарына жауапкершілікпен қарап, күрес әдістерін таза жасауға ұмтылады;
- Төрешілік жасауда, балуан алдымен қолымен, тізесімен кілемге тиді деген шешімдердің қажеті болмайды;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz