Ғылымның негізі - кітапта



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Кітапханадағы библиографиялық қызмет көрсету және оның
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

Кітапхана ісі тарихының өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... 26

2. КітапханаШЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
МӘСЕЛЕЛЕрі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..62

Кіріспе

Адам дүниеге келгеннен бастап білсем деп өседі. Сол білімнің бастауы
кітапта, кітапханада. Ал кітапханашылар сол ұлы мақсатқа елдің ұрпағын
білім дариясына бағыттау үшін қызмет етеді. Ғылым мен білімнің негізі болып
табылатын кітап, білім беру ошақтары - бірінен-бірі ажырағысыз рухани
қазыналар. Өйткені, оқу-тәрбие үрдісіне кітаптың қосар үлесінің өлшеусіз
екендігі ақиқат. Қаншама ғылыми техникалық прогресс болып, электронды
ақпарат құралдары, информациялық басқа да көздері көбейгенімен кітаптың
алар орны ерекше.
Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанның бәсекеге қабілетті әлемдегі 50
мемлекеттің қатарына ену стратегиясы жолдауының іске асырылуына ғылыми,
мәдени таным беретін, жылдан-жылға қанат жайып, көркейіп келе жатқан
кітапхана қызметінің қосар үлесі зор. Тәуелсіздік алған елімізлің жаңа даму
сатысында стратегиялық бағдардан бастау алған білімді, ізденімпаз
оқырмандарымыздың ақпаратқа деген сұранысы өте жоғары. Сондықтан да
халқымыздың ғасырлар бойы саралап, сақтап келген мирасын 21 ғасыр жахандану
кезеңінде озық ойлы ғылыми кітаптармен, мультимедиялық басылымдармен
толықтыру уақыт талабы.
Бүгінгі таңда әлемнің 54 тіліндегі 6 миллионға жуық кітап қоры бар.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы толықтыру ісін жоспарлы, әрі
жүйелі түрде жүргізуде. Басты мақсатымыз - Қазақстан азаматтарының әлемдік
ақпараттық ресустарға қажеттілігін қамтамасыз етуде қорды санымен емес,
сапасымен, ақпараттық құндылығымен арттыру. Осы тұрғыда жыл сайын қатары
көбейіп отырған отандық баспалардың өнімдерін, ТМД және шет елдерде
Қазақстан мен Орта Азия туралы жарық көрген басылымдардың мұқият
қадағалануы қолға алынған. Бұл игілікті істе Интернетті, электронды
құжаттарды жеткізу жүйесін, электронды поштаны пайдалануымыз тиімді
нәтижесін беріп отыр.
Жұмыстың өзектілігі. Өздеріңізге белгілі оқулықтар құны соңғы жылдары
күрт өсуде, бұл фактор кітап қорын көбейтуге өзінің кері ықпалын тигізетіні
сөзсіз. Осындай жағдайда кітап қорын ақпараттық технологияның жетістіктерін
пайдалану арқылы көбейту экономикалық жағынан көп ыңғайлы екендігін
көрсетіп отыр. Универстиет кітапханалары осы бағытта едәуір жұмыстар
жүргізуде. Кітапханадағы жалғыз дана оқулықтар мен көп сұранысқа ие
кітаптардың электронды версиялары дайындалып, оқырмандардың сұранысын
қанағаттандырады. Универстиет кітапханасы-оқытушылар мен студенттерге
ақпаратты сапалы, әрі жылдам ұсына отырып, жасөспірімдердің ұлан-байтақ
кітаптар әлемінен өздеріне қажеттісін ажырата алуына көмектесіп, кітапқа
деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастырады. Олардың ақпарат
көздерімен жұмыс жасай білуіне үйрету-басымды міндеттерінің бірі. Әр-түрлі
бағыттағы көпшілік жұмыстар арқылы студенттердің білімін, ой-өрісін
байытуға, рухани қазынасын дамытуға, қиялына қанат бітіріп, жастарды
тәрбиелеу жұмысына да елеулі үлестер қосу тікелей парызы.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Кітапхана ісінің тарихын зерделей отырып, оның шежіресін құру. Бұл
мақсатта шежіре құрамына баспасөздің төмендегі салалары енгізілген:
а) Кітап летописі (жылнамасы) тізбегі бойынша республикада әр
тоқсан сайын шығатын кітаптар тіркемесін анықтау;
б) Журнал мақалаларының шежіресін жинақтау;
в) Музыкалық шығармалар шежіресі жинақтау;
г) Кітаптарға жазылған рецензия, сын мақала шежіресін зерттеу;
д) Қазақстанда шығатын мерзімді баспасөздің көрсеткішін анықтау;
е) бір жыл ішінде жарық көрген баспасөз статистикасы келесі жыл
шежіресінің бірінші санында беріліп отыратындығын айғақтау.
Ғылыми жаңалығы. Библиография ісімен Кітап палатасы ғана емес,
көптеген кітапханалар, ғылыми-зерттеу институттары, жекелеген ғалымдар мен
маман библиографтар шұғылданады. Тарих, әдебиет, тіл білімі, психология,
бейнелеу өнері, музыкалық шығармалар секілді салалардан арнайы библиография
көрсеткіштері жасалуда. Жеке жазушылар жөнінде де библиографиялық
көрсеткіштер көбейіп келеді. Сондықтан да кітапхана ісінің тарихын ғылыми
негізде зерделеу жұмысымыздың ғылыми жаңалығына айналды.
Зерттеу жұмысының әдістері. Кітапханаларда электронды оқулықтарды
кеңінен пайдалану үшін электронды оқу залдары ашылуда. Мұныменен қатар,
оқулықтармен қоса бейне, аудио-видео кассеталар, қолдану мүмкіншілігі
молайды. Сонымен қатар кітапханада ескі басылымдар мен сирек кездесетін
кітап қорлары бар. Олар 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырды қамтыған кітаптар.
Ол кітаптарға арнайы орын бөлінген. Қордың құнды басылымдарының бірі
ретінде В. П. Бартольд, В. В. Радловтың ескі басылымдағы шығармалары және
Қытай Республикасының ұлттық кітапханасынан шағатай тілінде жазылған
әдебиеттер мен көне жазбалар көшірмелерін айта аламыз.
Жұмыстың ғылыми-теориялық және әдіснамалық негізі.
Бүгінгі күні кітапхана қызметін пайдаланушылардың интелектуалдық
деңгейі мен сұраныстары күрделі, мазмұны өзгерген, сондықтан да олардың
қажетті талап тілектерін орындап, жаңа ақпарат көздерін дер кезінде, жедел
хабарлап отыру қажет. Бұл кітапхана қызметкерлерінен кәсіби дәрежесі мен
білімін үздіксіз жетілдіріп отыруды талап етеді. Осыған орай аталған мәдени
орынның қызметкерлері жыл сайын Республикалық және облыстық оқу орындары
кітапханаларының әдістемелік орталығы ұйымдастырған семинар,
конференцияларға қатысып, білімдерін жетілдіріп отырады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Кітапханадағы библиографиялық қызмет көрсету және оның тарихы

Өркениетті елімізде кітапхана ғылыми- ақпараттық орталық қызметін
көрсететін мекеме ролін атқаруда. Қоғамның рухани талабын қанағаттандыруда
қордың жаңа заманауи басылымдармен үздіксіз қамтылуы ең өзекті мәселе болып
отыр. Толық және сапалы мәлімет мәдениетімізді әрі экономикамызды
жетілдірудің негізгі көзі және құралы. Осындай толғақты мәселелердің
оңтайлы шешімдерін табуда, қорды жинақтау жұмысы жауапкешілігі үлкен іс.
Кредиттік оқу жүйесінде оқитын білімгерлер үшін кафедралар дайындаған оқу
әдістемелік кешендердің электронды версиялары жинақталып, электронды оқу
залында сақталынап, оқырмандар назарына ұсынылуда. Білімгерлердің өз
бетімен жұмыс істеуіне кітапхана ақпараттық қолдау көрсетіп отырады. Кітап
қорында жоқ, оқырмандар сұранысына ие оқулықтарды кафедралардан алдырып,
ризограф аппараты арқылы көбейтіліп, оқырмандардың пайдалануына берілуде.
Кітапхана Интернет жүйесіне қосылып, бұл арқылы кітапханалық қызмет
көрсетудің саны мен сапасы жоғарылады, оқырмандар жақын және алыс шетелдің
ірі кітапханаларының каталогын пайдалануға мүмкіншілік алды. Интернет және
электронды оқу залының ресурсын пайдалану кітапхана қорын толықтыру үрдісін
жеңілдетеді.
Кітапхана жұмысының нәтижелігі оның библиографиялық іс-әрекетінің дұрыс
жолға қойылуына тікелей байланысты. Кітапты насихаттауда ақпараттық
бюллетендер, библиографиялық көрсеткіштер, ұсыныстық әдебиеттер тізімін
шығарады. Біздің оқырмандарымыз анықтама- ізденіс аппаратына жүгіне отырып,
кітапхананың бүкіл ақпараттық потенциялын пайдалануға мүмкіндік алады.
Соңғы жылдар ішінде дәстүрлі алфавиттік және жүйелік каталогпен қатар,
электронды каталог, ескі басылымдардың, газет-журнал мақалаларының
тақырыптық картотекасы, ғылыми еңбектер, диссертациялар, магистрлік
жұмыстар, авторефераттар көп сұранысқа ие. Универстиет кітапханасының
барлық қызметі білім саласында болып жатқан оңды өзгерістер, 21 ғасыр
талаптарына толық жауап беретін, халықаралық деңгейде танылатын озық
тәжірибелерді жұмыс барысында пайдалануға тырысамыз. Осыған айқын дәлел
ретінде универстиет орталық кітап қоры англо-американдық оңдық жүйе, DOS
классификациясы бойынша қойылып, Республика бойынша ЖОО жоқ, кітап қор ашық
түрде орналасқан. Бұл жоба оқырмандардың өзіне қажетті мәліметтерді табуда
өз бетінше еркін жұмыс жасауға мүмкіндік алады.

Орталық кітапхана білім беру саласының менеджмент жүйесінің талабына сай
оқырмандардың талап-тілектеріне, олардың өскелең интеллектуалды
сұраныстарға сәйкес сапалы да нәтижелі ақпаратпен қамтамасыз етіп қызмет
көрсетуде. Білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына
сәйкес, қастерлі де қасиетті тәуелсіздігіміздің тірегі - білімді де саналы,
парасатты, жан-жақты, мәдениетті жас ұрпақ тәрбиелеуде тер төгіп келе
жатқан универстиет кітапханасын - білімнің индикаторы деп санауға болады.
Оқырмандарды ақпараттар ағымында өзіне қажетті ақпаратты іріктей білуге
үйретуде кітапханашылардың ролі зор. Әдебиеттермен жұмыс істей білу- бұл
өздігінен келмейді ол да үнемі оқуды талап етеді. Студенттерге қойылатын
негізгі талаптар олардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыруды қажет
етіп отыр. Бұл бағыт кітапханашылардың негізгі міндеттерінің бірі.
Студенттерге кітапхананың анықтама-библиографиялық қызмет көрсетіледі.
Кітапхана 2005 жылдан бастап барлық Кітапханалық процестерді
компьютерлендіруді көздейтін Кітапхана 4.02 бағдарламасы бойынша жұмыс
істей бастады. Осы бағдарлама негізінде электронды каталог жасалуда.
Электронды каталог қажетті ақпарат көздеріне жан-жақты ізденіс жүргізуге
мүмкіндік беріп студенттерді өз бетінше білім алуға ынталандырады.
Кітапхана сондай-ақ колледжде жүргізілетін тәрбие істерінен де шет
қалмайды. Ұлт болашағын негізге ала отырып, кітапхана қызметкерлері мәдени
ағарту жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыруды тәлім-тәрбиемен ұштастыруда.
Әсем безендірілген Менің елім Қазақстан, Денсаулық - зор байлық, Ана
тілім айбыным, Тарих тіл қатады, Салауатты өмір салты-жан саулығы, рух
тазалығы атты кітап көрмелері оқырмандарды өздеріне тартып, білімге бет
бұрғызады. Тәрбиелі-тәртіптің құлы, тәртіп елдің ұлы - деп Б. Момышұлы
айтқандай саналы ұрпақ - өмірдің ең басты кепілі. Осыған орай Темекі шегу
сән бе? Нашақорлық қоғамдық кесел, Спид - ғасыр індеті, атты кітап
көрмелері ұйымдастырылды. Қыздар арсында Қыздың жолы жіңішке, Қыз
әдебімен әдемі, сәнімен сәнді тақырыптарында пікірталас өткізілді.
Шынында да білім атты түпсіз теңізден нәр алып келе жатқан бүгінгі
студент-ертеңгі дәрігер жастарымыздың рухы бай, жаны жайсаң, түйсігі мол
жан-жақты азамат болып шығуына атсалысуда кітапхананың алатын орны ерекше
екені даусыз.
Кітап мұрасы дүние жүзі халықтарының көпғасырлық мәдениеті мен
тарихын, тілі, дәстүрі мен әдет-ғұрпын бейнелеп қана қоймай, ұжымдық
естеліктің басты бөлігі болып есептеледі. Осы асыл мұраларға байланысты біз
бүгін көп қырлы көп ғасырлық дүние жүзілік өркениеттің даму тарихын терең
зерттеп, барлық адамзаттың пайдаланған таптырмас тәжірибесін пайдалана
аламыз.
ХХ ғ. 20-40-жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының
тарихызерттелген. Қазақстандағы ғылыми кітаптардың тарихы отандық
тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ашуға көмектеседі, өйткені ол еңбектердің
көпшілігіне кезінде оқуға тиым салынған. Қазіргі кезде құлыпталған ғылыми
мұраларды зерттеп, талдауға қол жеткізілгендіктен, сол кездегі баспа ісінің
ғылыми бағыттарын айқындауға да мүмкіндік туғаны көрсетіледі. Бұған Мәдени
мұра мемлекеттік бағдарламасы және басқа да шаралар куә.
ХХІ ғасырда білімі мен ғылымын дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері
анық. Ұлттық тарихымыз қайта өрлеп, өркениетті елдердің қатарына жетуге
бетбұрыс жасап, экономикада сындарлы жылдарда әр түрлі сатылардан өткен
соң, ғылымның бір міндеті Қазақстан тарихын белгілі бір жүйеге келтіру.
Қазақстанның қазіргі кездегі әлемдік бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына
кіру Стратегиясында бәсекеге қабілетті болу үшін елдің ғылымы мен білімі
жоғары деңгейде болу қажеттігі көрсетілген. Ғылымның негізі – кітапта.
Сондықтан ғылыми кітаптардың тарихын зерттеу арқылы біз еліміздегі ғылымға
қалай көңіл бөлінетінін, қандай деңгейде болғанын анықтаймыз.
Танымның, рухани өндіріс пен әлеуметтік институттың ерекше түрі
ретінде ғылым Еуропада ХVI-XVII ғғ. пайда болып, дербес дами бастайды.
Ғылым – табиғат, қоғам және танымның өзі туралы білімді жасайтын адамдардың
рухани қызметінің формасы. Оның тікелей мақсаты шындыққа қол жеткізу және
объективті заңдарды ашу. Классикалық дәуірге дейінгі ғылымның негіздері
Ежелгі Шығыста, Греция, Римде қалыптасты. Қазақ даласында әлемге әйгілі
Шығыс ғұламалары әл-Фараби, Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иүгінеки
т. б. өмір сүріп, мәңгі өшпес рухани мұра қалдырды. Олардың қолжазбалары,
шыққан кітаптары осы заманға дейін жетті. Кітаптың құдіреті де осында.
Баспа өндірісі, соның ішінде кітап басу ісі экономика айналымының елге
қызметін жақсартуға өз тарапынан үлес қосуына мүмкіндік жасайды. Кітап –
қоғамдық сананы, тәрбиені, ағарту ісін, ақпарат таратуды қалыптастырудың
қуатты құралы. Сонымен бірге оның тұтыну құны да бар. Жалпы мәдениет төмен
болған жағдайда кітапқа деген зәрулік әлеуметтік-мәдени тоқырауға әкеледі.
Кітап баспа ісі бірқатар ішкі қайшылықпен сипатталады: басылым санының
көптігі және әдебиеттің жеке түрлеріне зәрулік; оқырман сұранысының
төмендеуі, балалар мен жастардың кітап оқуға деген ниетінің төмендігі;
ғылыми-техникалық үрдіс және монографиялық басылымдар санының азаюы. Жыл
сайын баспадан шығарылатын кітаптар бойынша кітап саудасы ұйымдарының
тапсырысы 50-60 пайызға қанағаттандырылады. Сараптамаға қарағанда, кітап
дүкендерінде саудадағы 10 пайыз кітап қалып қалады.
Қазақстанның тарихи жолының объективті бейнесін қалпына келтіру
мақсатында ғасыр басындағы ұлт зиялыларының ғылыми мұраларының басылу
тарихына талдау жасау мәселенің әлі де жеткілікті түрде зерттелмегенін
көрсетеді. Қазақ зиялыларының еңбектерін ешкім білмеді. Бәрі мұрағатта шаң
басып жатты, оны алуға рұқсат болған жоқ, себебі олардың қоғам өмірінде
орын алған мәселелердің барлығына жан - жақты қалам тартқандығын байқаймыз.
Сондықтан ол ғылыми еңбектерді пайдаланбай ХХ ғ. басындағы қазақ тарихы
туралы бірде-бір ғылыми жұмыс жазылуы мүмкін емес.
Сол кездегі Ғылыми қоғамдардың шығарған басылымдарына да қол жеткізу
қиын еді. Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымы тарихы тұрпаты жағынан
баспа ісімен байланыстырыла зерттеуді қажет етеді.Себебі 20-30-жылдары
қазақ зиялыларының ғылыми еңбектері Қазақстан ғылымына үлкен үлес қосты.
Осы жағынан алғанда біздің тақырыбымыз толығымен зерттеу объектісі болады
деп есептейміз. Елімізде Мәдени мұра бағдарламасы іске асып жатқанда,
кітап – үлкен қазына, нағыз тарихи құндылық. ҚР Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың ел экономикасының болашағын барлай отырып Дағдарыстан жаңару
мен дамуға атты биылғы Жолдауы мазмұны жағынан да ерекше, тәуелсіздік
жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу арқылы
азаматтарды басқа адамдардың тәжірибесі арқылы үйрету керек. Біздің ғылыми
және шығармашылық интелегенцияға да осындай роль жүктеледі деп көрсетті
[1].Сондықтан бұл тақырып бүгінгі күні ғылыми-тарихи сабақтастық қағидасын
сақтап өзекті болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.1917-1940 жж. Қазақстан көлемінде жарыққа
шыққан кітаптар және 1930 жылға дейінгі Қазақ республикасы үшін Орынборда,
Ташкентте, Москвада, Қазанда басылған кітаптар зерттеу аясына енгізілді.
Бұл қалаларда басылған кітаптарды қарастырудың негізгі себебі 1925 жылға
дейін Орынбор қазақ республикасының әкімшілік орталығы болғандықтан
Қазақстанның полиграфиялық базасы сонда болды. Ташкентте, Москвада, Қазанда
Қазақ КСР өкіметінің тапсырысымен қазақ тіліндегі кітаптар басылды.
ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптардың тарихы кеңестік
жүйеде мәдени революция шеңберінде сипатталды. Шын мәнісіне келгенде қазақ
қолжазбалары мен баспалар туралы 50-жж. дейін арнайы зерттеу еңбектер
болған жоқ. Тек қазақ кітаптарының жиынтық каталогтарында, библиографиялық
көрсеткіштер, тізімдерде, кейбір мақалаларда олардың аттары көрсетіліп
жүрді.
Қазанда шығыс халықтарының көптеген кітаптары шыққаны белгілі. Осы
мәселеге алғаш қалам тербеген ресейлік ғалымдар болды. Н.П. Лихачев
еңбегінде Қазандағы кітап баспа ісінің тарихына тоқталса [2], Н.Ф. Катанов
Шығыс библиографиясын жүйелеуге тырысқан.
ХХ ғ. 20-жж. М.Е. Салтыков-Щедрин атындағы Мемлекеттік көпшілік
кітапханасы жанындағы ғылыми-зерттеу институты 1927, 1929, 1932 жж. үш
жинақ шығарады. Жинақта кітап тарихы, кітап ісі теориясы, полиграфия,
кітапты безендіру, библиографияның теориясы мен практикасын дамытудағы
институттың сіңірген еңбегі көрсетілген.
Ресейде кітап туралы журналдар тұрақты шығып тұрды. Мысалы, Москвада
А.С. Бубнов, Ф.В. Константинов редакторлығымен Правда баспасынан 1932-
1940 жж. ай сайын сын-библиографиялық Книга и пролетарская революция
деген журнал шығарылып, онда жаңадан шыққан көркем әдебиет шығармалары,
философия тарихы, марксизм-ленинзм, саяси экономия туралы кітаптарға
библиографиялық сипаттамалар жарияланып тұрды. Ал П.М. Керженцев жауапты
редакторлығымен Кітап және революция деген журнал 1920-1923 жж.
Петроградта, кейіннен Москвада шықты, мұнда әдеби, білім-ғылымның барлық
саласы бойынша мақалалар басылды.
20-30 жж. мәдени революция нәтижесінде кеңестік қоғамда баспаның
ролінің өсуіне байланысты ғылымның жетістігі кітаптың әлеуметтік ролін,
оның идеологиялық қызметін көрсетті. Кітапқа деген бұл тәсілді академик
А.С. Орлов, П.Н. Берков, И.В. Новосадский қолданды, алайда олар сол кезде
етек алған тұрпайы әлеуметтанымдық рухында жазды.
Қазақстан шығыстану ғылымында Н. Сәбитов қазақ тілінің тарихи
лексикасын, деректеме мен библиография саласында айтарлықтай еңбек сіңірді.
1940 ж. Шығыс кітаптары туралы мақаласы Казахстанская правда газетінде
жарияланады. 1941 жылы 1917-1939 жж. шыққан кітаптардың библиографиялық
көрсеткіштерін жасауға қатысады және А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік
көпшілік кітапханасындағы сирек кітаптардың қорлары туралы мақала жазады.
Нығмет Сәбитов бірінші абайтанушы-библиографтар қатарына кіреді. Ол алғаш
рет 1889-1945 жж. Абайдың 100 жылдық мерейтойына арналған Абай
шығармаларының библиографиялық көрсеткішін жасады. 1917 жылға дейінгі
Қазақстан тарихы бойынша материалдар мен шығыс деректері бойынша көрсеткен
еңбегі әлі күнге дейін өзекті деп есептейміз [4]. Н. Сәбитовтың Қазақ
әдебиеті (1862-1917) библиографиялық көрсеткішінің бірінші басылымында
кітап аттары орыс графикасына негізделген қазақ әрпімен қатар сол кездегі
араб әрпімен қоса берілген. Сонымен бірге Н. Сәбитов қазақ ағартушылары Ш.
Уәлиханов және Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметі, еңбектері бойынша
библиографиялық көрсеткіш құрастырған.
Қазақстан КП Орталық Комитеттің партиялық баспасы туралы
библиографиялық көрсеткіштер 30-шы жж. шығады. Кеңес үкіметі тұсында
мәдениет жөніндегі әдебиеттердің бәрі коммунистік идеологияны, Ленин,
Сталин идеяларын дәріптегені белгілі. Ол еңбектерді біз тарихнамадан алып
тастай алмаймыз, сондықтан біз қазақ баспа ісінің дамуына қатысты тұстарын
сұрыптап, оларға шолу жасағанды жөн көрдік.
50-70-жж. кеңестік ұлттық баспасөздің қалыптасуы туралы біраз еңбектер
жарық көрді. Мысалы, Қазмембаспадан шыққан жинақта Советтік Қазақстандағы
мәдени өмірдің бір қыры ретінде ұлттық баспасөз және баспасөздік емес
басылымдарды сипаттаған мақалаларда қазақ халқының мәдениеттің түрлі
саласында, оның ішінде Кеңес өкіметі тұсында баспа ісінде де қандай
жетістікке жеткені туралы мазмұндалған [5]. Кеңестік баспа ісінің алғашқы
қадамдары мен полиграфияның дамуы туралы И.С. Смирнов еңбегінде
мазмұндалса, А.И. Назаровтың кітабында кеңестік баспа ұйымдары шығарған
еңбектердің таралуына сипаттама берілген. Революцияның Қазақстанда қалай
жүзеге асқаны туралы Р.Б. Сүлейменов жан-жақты зерттеген. Кеңестік
тарихнамада Р.Б. Сүлейменов Қазақстан мәдениетінің тарихын зерттеу мектебін
қалыптастырып, шығыстану мәселесін республикада жолға қоюдың негізін
қалады. К. Кереева-Канафиева орыс-қазақ әдеби байланыстарының тарихын
революцияға дейінгі орыс баспасөзі бойынша сипаттаған [6].
Советтік Қазақстан кітаптары (1917-1945) атты екі томдық
библиографиялық көрсеткіштің әр томы қазақ және орыс тілінде құрастырылған
екі бөлімнен тұрады. Библиографиялық көрсеткіштің бірінші томына саяси-
қоғамдық, көркем әдебиет және балалар әдебиеттері, тіл білімі, өнер, баспа,
кітапхана, библиография жұмыстары туралы кітаптар тіркелген [7]. Мәдениет,
оқу-ағарту, ғылым мәселесі орыс тілінде бірінші томға, қазақ тілінде екінші
томға енгізілген [8].
Қазақстанда мәдениет мәселесімен айналысқан ғалымның бірі А. Қанапин
өз еңбектерінде баспа ісі, полиграфия, кітап саудасы жөніндегі мәселені де
қарастырған. Қазақстандағы ұлттық баспа ісі туралы Ш. Үржанов, А.К.
Бектемісов жазса, 60-жж. Орыс кітап баспа ісінің 400 жылдық тарихына
арналған еңбекте кітап баспа ісінің қағидалары мен ұлттық баспа ісі туралы
материалдар да бар.
Ә. Жиреншиннің кітаптары екі тілде де жарық көрген. Ол қазақтың баспа
кітаптарының тарихын 1800 жылдан 1917 жылға дейінгі Ресей мен Қазақстан
көлеміндегі тасқа басылған қазақ кітаптарының қашан, қай жерде басылғаны,
оларды шығарушылар кімдер екендігі, жазба мұраны жинаушылар мен авторлар
жайында мәлімет береді [9]. Рухани мәдениетіміздің тарихына арналған
көлемді кітабы орыс тілінде де жарық көрді. М.К Мамажанов, М.П. Коротовский
еңбегінде республикадағы кітап баспа ісінің дамуына, қазақ әдебиетінің
маркстік-лениндік идеяны таратудағы қызметіне, баспа өнімдерінің насихат
жүргізудегі роліне назар аударған.
Қазақ кітаптары туралы библиографиялық көрсеткіштердің маңызы зор,
өйткені библиография – білім кілті. Бұл тақырыпқа 80-жылдары жазған
ғалымдар шоғыры С. Есова, Ү. Субханбердина, Д.С. Сейфуллина 1807-1917
жылдары шыққан қазақ кітаптарының көрсеткіштерін құрастырған [10]. Бұл
көрсеткішке алғы сөз жазған Ү. Субханбердина әр кітапқа сипаттама жасап,
анықтама берген.
Ә.Бектемісовтың кітабында Қазақстанда кітап баспаларының өткен жолы
мен өркендеуі, қаз тұрып қадам басуы, оқулық әдебиеттері, қазақ
баспагерлері туралы әр жылдарда жазылған естеліктері бар[11].
А.Г. Каримуллин еңбегінде Қазан төңкерісінен кейінгі кітап баспа
ісінің қалыптасуын сипаттап, оның кейбір жеке қайраткерлеріне тоқтаған
[12]. Бұл еңбектің құндылығы Москвада шыққан татар кітаптарына анықтама
жасап, Москва, Қазан қалаларындағы мұрағат құжаттарын ғылыми айналымға
енгізгенінде. Бұдан татар және қазақ баспа істері осылайша тығыз байланыста
болғанын байқаймыз.
Біз өз зерттеуімізде кітап тарихына қатысты еңбектерді пайдалана
отырып, баспалардың қандай бағытта жұмыс атқарғанына талдау жасадық. Кітап
баспа ісі туралы Ресейде шыққан еңбектерді тақырыптың кейбір тұстарын ашуда
қолдандық. Атап айтқанда, И. Баренбаум еңбегінде кітап тарихына сипаттама
жасалған. Кітапта мемлекеттік баспалардың, жалпы Кеңес дәуіріндегі баспаның
тарихы ғылыми түрде жазылған. Автор кітап тарихына байланысты ғылыми
методологияны ұтымды пайдаланған. Осы бағытта жазылған еңбекке К.И.
Абрамовтың зерттеуін жатқызуға болады.
А.К. Бочагов еңбегінде Қазақстандағы кітап баспа ісінің алғашқы
бастауындағы атқарылған жұмыстары баяндалған. Ғылым мен кітапты бұқара
арасына кең тарату туралы үкімет ұран тастады. Кеңес үкіметінің алғашқы
жылдарында кітапхана ісі туралы еңбектер де жарық көрді.
Кеңестік кітап баспа ісінің мәселелері, кітап тарихы туралы пікір-
талас материалдарын жариялаған Бүкілодақтық Кітап палатасының Кітаптар.
Зерттеулер мен Материалдар, Қазақ ССР А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік
кітапханасының Вопросы истории и кнгиговедения, ҚР Ұлттық кітапханасының
Кітапханатану, библиография, кітаптану жинақтарының маңызы зор.
90 жж.біз тәуелсіздігіміздің тізгінін қолымызға алып, өзімізді тарихи
тұрғыдан тани бастағанда тарихтың ақтаңдақ беттерін жаңа көзқараспен
саралап, бұрын тиым салынған деректерімізді зерттеуге мүмкіндік алдық. М.
Қозыбаевтың еңбегін елдегі мәдени революцияны жаңа көзқараспен
сипаттағанымен құнды деп есептейміз. М. Қозыбаев, І. Қозыбаевтың тарихнама
туралы жазған кітаптарында Қазақстандағы ғылыми қоғамдар жұмысы туралы
толық мәліметтер бар.
Т. Қожакеевтің еңбегі 1937-1938, 1950 жж. қуғын-сүргінге ұшыраған және
Ұлы Отан соғысы кезінде ерлікпен қаза тапқан жиырмасыншы жылдардың көрнекті
публицист баспагер журналистерінің шығармашылық қызметіне арналған.
Ә.Н. Құдайбергеновтің Мәдени мұра бағдарламасының білім беру
үдерісіндегі маңызы жайында жазылған мақаласында ХХ ғ. 20-40 жж.
республиканың мәдени және ғылыми тынысына қатысты тұжырымдар берілген.[13]
Ө. Озғанбай кітабында Алаш зиялыларының еңбектеріне талдау жасай
отырып, патша үкіметінің отаршылық саясатын аша білген. Алашорданың күрделі
мәселелерін зерттеуде үлкен қадам жасаған К. Нұрпейісов болды. Ол тарихи
әдебиетте алғаш рет Ә. Бөкейхановтың Алаш партиясын құру, Алашорданың
төрағасы болған кездегі қызметін, жалпы ел басқарудағы рөлін көрсеткен.
Автордың бұл еңбегінің біз үшін құндылығы сол кездегі баспасөз
материалдарына, мұрағат құжаттары бойынша кейбір еңбектер мен мақалаларға
сипаттама жасағаны болып табылады. М. Қойгелдиевтің зерттеулерін Алаш зиялы
қауымының өз заманындағы тарихи оқиғаларға ат салысып атқарған қызметтері
мен ғылыми еңбектеріне талдау жасағанымен құнды деп есептейміз. 20-40 жж.
тарихи оқиғаларына ғылыми түрде сипаттама жасап, мұрағат құжаттары мен сол
кездегі еңбектерге сараптама жасаған Т.Омарбековтың еңбегі де маңызды болып
табылады.
Біз зерттеуімізде ұлттық баспа ісінің бастауында оның қалыптасуына зор
еңбек сіңірген Алаш зиялыларының өз еңбектерін де мүмкіндігінше пайдалануға
тырыстық. Атап айтқанда, Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, Ж.
Аймауытовтың, Х. Досмұхамедовтың, М. Тынышбаевтың, С. Сейфуллиннің, М.
Дулатовтың еңбектері пайдаланылды. М. Құлмұхамедтің Жақып Ақбаев туралы
еңбегі сол кездегі баспадан шыққан материалдарды алуға септігін тигізді.
Алаш тарихнамасын зерттеген Р. Нұрмағамбетованың еңбегі ескі және жаңа
көзқарастарды салыстыруға көмектесті. М. Тынышбаев туралы Г. Жүгенбаеваның
еңбегінде тарихи-танымдық еңбектер қатарына жатқызамыз.
Қазақ ССР Мемлекеттік кітапханасы басшылығы 1931 ж. Қазақстантану
жабық, ерекше (нөлдік) қорында Алаш Орда белсенділерінің кәмпескеленген
кітаптарының қорын ұйымдастырды. ҚР Ұлттық кітапханасының Қазақстантану
кітап қорларының қалыптасуы жөніндегі Р. Бердіғалиеваның еңбегінің де
маңызы зор.ХIХ екінші жартысы мен XX басындағы Қазақстанда кітапхана ісі
туралы В.З. Галиевтің еңбегінде аталған мәселенің кейбір тұстарын ашуда
пайдаландық [14]. С. Рахимжанованың Қазақстан кітаптарының тарихына
арналған оқу құралында 1945–1960 жж. кітап баспа ісіне сипаттама берілген
[15]. Өз зерттеуіміздегі ХХ ғасырдың 20-40 жж. кітап баспа ісінің дамуы мен
міндеттерін ашуда автордың 40 жж. қатысты мәліметтерін пайдаландық.
Қазақстан баспа ісінің көрнекті қайраткері, белгілі журналист, білікті
аудармашы М. Мамажанов кітап тарихы туралы зерттеулер мен танымдық маңызы
бар еңбектер жазды. Автор бір еңбегінде республикалық кітап мұражай
қорындағы құжаттар мен жәдігерлерге сүйене отырып, кітап тарихын жаңа
көзқарас тұрғысынан зерделесе, келесі бір еңбегіне жылдар бойы жинақтаған
ізденістері, аударма еңбектері енгізілген.
Кезінде қазақ баспасөзі тарихының очеркін Қ. Бекхожин жазса, 90-жж.
әлем баспасөзі тарихын қосып, қазақ баспасөзіне сипаттама жасаған еңбектер
де шықты. Сонымен қатар қазақ баспасөзіндегі материалдарды тарихи дерек
ретінде зерттеген Қ. Атабаевтың еңбегі де ғылымға қосылған үлкен үлес деп
санаймыз. ХІХ-ХХ ғ. басындағы қазақ кітап баспа ісінің тарихын фольклор,
көркем әдебиет және цензура тақырыбында сипаттама жасаған Ж. Шалғымбаеваның
зерттеуі ұтымды еңбек болып саналады.
ХХІ ғ. басында да баспа ісі мен баспагерлер туралы әдебиеттер шыға
бастады. Мысалы, Ү.Х. Субханбердина революцияға дейінгі қазақ баспасөзі
бетіндегі жарияланған материалдарды қазақ халқының атамұраларын, арыстар
қалдырған аманаттарды жинақтаумен айналысты. Ол әр материалдарды терең
зерттеп, ғылымдағы маңызын түсіне білді. Оның барлық еңбегінде Қазақстанның
төңкеріске дейінгі бейнесін көрсететін қазақ мерзімді баспасөзі туралы
теңдесі жоқ бағалы мәліметтер берілген. Автордың cондай еңбегінің бірін
бізтөңкеріске дейінгі ғылыми еңбектерді сипаттағанда пайдаландық.
Қазақстанда кітап баспа ісі үлгісінде мәдени құрылыс тарихынан оқу
құралын жазған Д.А. Атабаев, Ә.Ғ. Есенғалиеваның еңбегі де мәдени құрылыс
тарихындағы кітап баспа ісі үлгісіндегі әдебиеттер қатарын толықтырады.
Қазақстан Ғылыми қоғамдарының жарық көрген еңбектеріне анықтама жасағанда
Г.А. Демешеваның библиографиялық көрсеткішін пайдаландық [16]. Е. Валиханов
Орыс Географиялық қоғамы, А.Т. Селкебаева Қазақстанды зерттеу қоғамының
ғылыми-ағартушылық қызметінің нәтижелері мен құрылу тарихы туралы еңбектер
жазған [17]. Т.А. Мансұровтың КСРО Орталық Атқару Комитеті жанындағы
Орталық баспа басқармасының төрағасы, түрік халықтарының жазуын латын
әліппесіне көшіру жөніндегі Орталық Комитеттің төрағасы қызметін атқарып,
1928–1936 жж. Төтенше және өкілетті өкіл (сол кездегі ең жоғарғы
дипломатиялық атақ) деген лауазыммен Кеңес Одағының қазіргі Сауд
Арабиясындағы елшісі болған, 1937 ж. халық жауы деген айыппен атылған
Нәзір Төреқұлов туралы зерттеуі баспагерлер тұлғасын ашқан үлкен еңбек деп
санаймыз. Бұл туралы тарихшылар К.Н. Бурханов пен С.Ф. Мажитовтың
мақаласында да жоғары баға берілген.[18]
Қазақ кітаптарының араб шрифтінде шығарылуының статистикасы А.Г.
Каримуллиннің еңбегінде келтірілген. Осы жерде айтып кететін нәрсе Ресейде
араб жазуы негізіндегі баспа ісі ХVIIIғ. басында пайда болды. 1722 жылы І
Петрдің бұйрығымен Астраханда жорық баспасында мұсылман халқына үндеу
Манифест жарияланған. Ал ХVIIIғ. екінші жартысында араб шрифтімен Ғылым
Академиясы және Москва университеті баспасында кітаптар шыға бастаған. 1776
ж. академиялық баспада француз тілінен аударылып Холдерманның Түрік
грамматикасы араб графикасымен шықса, университет баспасынан Сағит
Халфиннің Татар тілінің әліппесі жарық көреді. Ал 1785 жылы Петербургте
кітап саудагері Вейтбрехт төрт баспа станогымен араб, парсы, татар, түрік
тілдерінде типография ашады. Ол 1786 жылы татар тілінде Губерния
мекемелері және Полиция жарғысын, 1787 ж. 477 беттен тұратын Құранды
басып шығарады. Татар және түрік тілдерінде осы баспадан маңызды
мемлекеттік құжаттар шығып тұрған.
1768 ж. Қазан, Уфа, Орынбор губернияларынан Қазақстанға қазақтар
туралы мәліметтер жинауға адамдар жіберіледі. Осы сапардың нәтижесінде 1772
жылы Н.П. Рычковтың Дневные записки путешествия в киргиз-кайсацкой степи
атты еңбегі жарық көреді [20 ].
Ресей мұсылмандарының сұранысын қанағаттандыру үшін дін иелерінің
өтінішімен және І Павелдің бұйрығы бойынша Қазанда Азиат типографиясы
ашылады. Оған Петербордан екі баспа станогы және араб литерлері жіберіледі.
Бұл типографияны ұйымдастырған прапорщик Абдулғазиз Бурнашев еді. ХІХ ғ.
ортасына дейін Азиаттық баспада діни кітаптар – Құран, Хефтиэк, Иман
шарты басылып шыққан. Бұл кітаптар Ресейді мекендеген мұсылман қауымына,
оның ішінде қазақтарға да тарады деген дерек бар. Жалпы Шығыс ғалымдарының
еңбектерін басып шығару ғылым мен мәдениеттің дамуына ықпал етті. Кейіннен
европалық елдерде шығыстану орталықтары ашылып, шығыс ғұламаларының
қолжазбаларын жинастырып, жариялап отырған. Қазақ, өзбек, башқұрт,
азербайжан, тәжік, түркімен, құмық тілдеріндегі алғашқы кітаптарды татар
баспагерлері шығарған. Түркі халықтарының тілдік негізі мен әдеби
дәстүрлері бір, олардың фольклорлық шығармалары да ұқсас. Ал олардың дербес
тілдері араб графикасын қолданған уақытта қалыптаса бастаса керек.
А.Г. Каримуллиннің айтуынша, қазақ тілінде шыққан алғашқы кітап –
Киссаи Тамимдарды 1866 жылы Ш. Хусаинов шығарған. Қазанда ол 6 рет –
1882, 1895, 1896, 1906, 1913 жж. баспадан шығарады. Ш. Хусаиновтың жеке
баспасы болмағандықтан Қазанның түрлі баспасына тапсырыс беріп отырған [12,
176-б.].Кітап шежіресіне қарағанда қазақ тілінде шыққан бірінші кітап Ер
Тарғын болып есептеледі.
Еділ бойында және Орал маңында 500 атау кітап 2186305 данамен
шығарылды. Оның ішінен 474 атаулы кітаптардың 2037480 данасы Қазанда
басылып шықты. ХІХ ғ. екінші жартысында Қазанда қазақ тілінде 114 кітап
шыққан, оның жалпы тиражы жүздеген мың дана болған [12, 112-б.]. Кеңес
дәуіріне дейін Ресейде, қазақ аймақтарын қосқанда 1100 атау қазақ кітаптары
шығарылды. Қазақ халқының арасында кітаптың таралуына Ш. Уәлиханов, Ы.
Алтынсарин, А. Құнанбаев үлкен үлес қосты.
Қазақ кітаптарын таратуда татарлардың кітап саудасы үлкен септігін
тигізді. ХІХ ғ. аяғында құрылған мәдени-ағарту қоғамдарының бұл іске қосқан
үлесі де үлкен. Қазақ тіліндегі кітаптардың басылып, оның сатылуы қазақ
тілінде жазатын авторлардың да көбеюіне әсер етті. Кітап басу ісі,
республикадағы баспасөз шығармашылығы қазақ тілінің синтаксис, грамматика,
лексикасын нығайтумен байланысты болды. Шығыс тілдері мәселесі де Кеңес
өкіметі үшін өткір мәселе болды. Латын әліпбиіне өту жөнінде 1926 ж. Бакуде
І Бүкілодақтық түркологиялық съезде қарастырылды. Ал 1928 жылы Қазақ КСР
Орталық Атқару комитетінің ІVсессиясы латын әліпбиіне көшуді заңдастырады.
Партиялық бағыттағы басылымдардың негізгі міндеті партия ұстанған саясат
пен идеологияны насихаттау болды. Партия мүшелерінің саяси мәселелер
жөніндегі ой-пікірлері, идеялары бір жерден тоғысып жатуы тиіс болды.
Қазақ мерзімді баспасөздерінде партия құжаттары, В.И. Лениннің, И.
Сталиннің сөздері жарияланып тұрды. 1921–1930 жж. қазақ тілінде В.И.
Лениннің 31 шығармасы 141 500 данамен шыққан болатын.
1922 ж. күзінде типографияның бастауымен баспа жұмысшыларын дайындау үшін
қысқа мерзімді курстар ашылды. Бұл республикадағы қазақ мамандарының
бірінші жұмысшы отряды еді.
1920 ж. наурызда Ташкентте алғашқы Орта Азия мен Қазақстанда
Түркістан мемлекеттік баспасы құрылып, 1921 жылы ол өзбек тілінде 2 147
850, қазақ тілінде 680570, түркімен, тәжік, т. б. тілдерде 233 800 дана
кітап, 50 мың дана әліппе, т. б. шығарды. 4 мамыр 1920 ж. Ленин Қазақстан
өкілдерін қабылдап Мемлекеттік баспа мен Халық шаруашылығы Жоғары Кеңесі
баспасына типография, қағаз жағынан көмектесу жөнінде тапсырма береді. Бұл
қазақ кітап баспа ісін дамытуға септігін тигізді. 3 қараша 1920 жылы Қазақ
Орталық Атқару Комитеті Президиум мүшелері С. Мендешев, В.А. Радус-
Зенькович, С. Сейфуллин т.б. алғаш рет баспа ісін талқылады. Мәжілістің № 9
хаттамасына қарағанда С. Мендешев ҚазАКСР-гі баспа ісінің құқықтары мен
міндеттері айқындалған Мемлекеттік баспа туралы Ережеге қол қояды.
Осылайша қазақ халқы тарихында мемлекеттік баспа Мембаспасы (кейіннен
Қазақстан баспасы) құрылады. Ол идеологиялық және мәдени жұмыстың
орталығы болды.
30-жж. басында Москвада БКП(б) ОК жанында орталықтанған Партбаспа
жұмыс істей бастады. Ол негізінен партиялық-саяси әдебиеттерді шығарып
тұрды. БКП(б) Қазақ өлкелік комитеті 1932 ж. 9 мамырда Партбаспаның Қазақ
бөлімшесін ұйымдастыру туралы шешім қабылдайды. Орталықтанған билік жүйесі
тұсында барлық жұмыс осылай жүргізілді, яғни Москва не істесе, оның
көшірмесі шет аймаққа таратылды. 1937 ж. қаңтарда Қазақ КСР ХАК жанынан
Қазмембаспасын да, газет-журнал баспасын, республика типографиясын
бағындырған полиграфия мен баспа басқармасы құрылады. Мұның өзі қоғамдық-
саяси, көркем әдебиет, басқа да әдебиеттерді шығаруға мүмкіндік берді.
Дегенмен де, экономика, ауыл шаруашылығы, техника саласы бойынша кітаптар
өте аз шықты. Жоғары оқу орындары мен техникумдарға кітаптар, оқу құралдары
жетіспеді. Полиграфиялық баспа өнімдері жоғары сапалы деңгейде шықты деп
айту қиын.
Жазушы Ғ. Мүсірепов те Қазақстандағы кітап баспа ісінің дамуына көп
үлес қосқан. Ол көп жылдар бойы Қазмембаспасының бас редакторы қызметінде
болды. Қазақстан жазушылар ұйымының жетекшісі, елдің мәдени қызметкері бола
отырып, редакциялық-баспа істеріне белсене қатысып, әсіресе, көркем
әдебиеттерді шығаруға көп үлес қосқан.
1937 ж. 19 маусымда Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысы
бойынша Қазақ КСР-нің Мемлекеттік кітап палатасы құрылды. Мемлекеттік
библиография орталығының дамуы республикадағы баспа ісінің дамуымен тығыз
байланыста болды. Содан бастап Кітап палатасы республикамыздың мемлекеттік
библиография орталығына айналды. 1939 ж. бастап жылына бір рет Кітап
жылнамасы мен Журнал мақалаларының шежіресін қазақ және орыс тілінде
шығарып отырды. Кітап палатасы Советтік Қазақстанда шыққан кітаптардың
библиографиялық көрсеткішін Кітап шежіресі, статистикалық материалдар
ретінде Қазақстанда шықан басылымдар туралы жан-жақты толық мәлімет беріп
отырды. өнімдерінің негізгі бағыттары, түрлері деп аталады. Бұл тарауда
оқулықтар мен оқу құралдарының шығуы, ғылыми және ғылыми-көпшілік кітаптар
мен басылымдар, Қазақстанды зерттеу қоғамы және басқа да ғылыми, ғылыми-
көпшілік ұйымдар мен мекемелердің басылымдары қандай деңгейде болғаны
туралы мәселелер қарастырылған.
1920 ж. наурызда РКФСР Оқу Халық Комиссариатының ұлттар бөлімінде
сауатсыздықты жою жөнінде арнаулы комиссия құрылады. Осы комиссияға қазақ
және қырғыз тілдерінде 500 мың дана Әліппе шығару тапсырылады. Қазақстан
үкіметі шұғыл түрде республика Оқу Халық Комиссариатына қазақ тілінде
оқулықтар шығаруды міндеттеді.
1921 ж. 31 қаңтарда Қазақ АКСР Оқу Халық Комиссариаты мен Қазақстан
Мемлекеттік баспасы редколегиясының біріккен кеңесінде 1-2-басқыш
мектептерге арнап қазақ тілінде оқулықтардың жоқ екенін, атап айтқанда,
арифметика, геометрия, жаратылыстану, физика, алгебра, химия, жалпы тарих,
қазақ тарихы, мектеп гигиенасы, педагогика, дидактика мен методикалық
әдебиеттерді қазақ тіліне аударып шығару қажеттілігі айтылды. Оқу кітабын,
синтаксис, қазақ тілінің теориясын жазу ісі қолға алыну қажеттігіне де мән
берілді.
1922-23 оқу жылында әліппе, грамматика, есеп құралы оқулықтары 178 мың
дана болып шыққан. Дегенмен де басқа оқулықтар мектептерге жетіспеді. КСРО
халықтарының кіндік баспасы ұйымдастырған комиссия 1923 ж. 9 маусымда
қазақ тілінде мектеп оқулықтарын шығару мәселесін қарап, Қазақ республикасы
кітаптан қатты тарығып отыр деп көрсетті де, қазақша оқулықтар мен
құралдарды қарқынды түрде жылдам баспадан бастырып шығару туралы арнайы
қаулы қабылдады. 1922-1923 оқу жылында қазақ мектептері 14 оқулық алған
болса (Грамматика, Физика, Алгебра, Педагогика, Мектеп гигиенасы
т. б.), 192425 оқу жылында 16 оқулықпен қамтылып, олардың жалпы тиражы 322
мың данаға жетеді. Оқулықтар негізінен орыс тілінен аударылып, әр қалада
(Москва, Ленинград, Ташкент) басылып шықты. 30-40 жж. бастауыш мектептеріне
арналған оқулықтар барлық пәндер бойынша шығып тұрған. Ал әліппенің көбі
үлкендер мектебіне арналып шыққан. Оның авторлары Қ. Төлебаев, А. Медетов,
М. Омарова. Қазақстан Өлкелік партия комитеті 1934 ж. 17 наурызда оқулық
шығару жөнінде қаулы қабылдап, онда республикадағы аз ұлттар (ұйғыр,
дұнған) тілінде мектеп оқулықтары мен методикалық әдебиеттерді шығаруды
ұйымдастыруды қолға алуды көздеді. 1943 жылы баспалардың тақырыптық
жоспарында таралымдар мен барлық сала бойынша әдебиеттерді көбейту
көзделді. 170-ке жуық оқулық кітаптарын шығару жоспарланса, оның жүзі орыс
тілінде шығу керек, ал олардың қатарында Қазақстанның басқа ұлт тілдерінде
тұрақты оқулықтар шығарылуы тиіс деп жүктелді. Жиырма бір оқулық жоғары оқу
орындары мен педучилищелерге арналды. Алаш зиялылары да оқулық жазуға ат
салысып, қазақ балаларының сапалы білім алу, ғылымның негізгі салаларын
меңгерту мақсатында күш жұмсады. А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, Ә.
Бөкейханов, Қ. Сәтпаевтар т.б. бұл іске араласуы үлкен азаматтықтың белгісі
еді. Олардың жазған оқулықтары қазақ даласындағы алғашқы жүйеленген
оқулықтар болатын. Әрқайсысы өзінің жазған саласында еңбек еткен, ол пәннен
білімдері де жоғары еді.
Ғылыми басылым классикалық шығармалар, құжаттар, мұрағат
материалдарының түріне жатады. Ол мәтін мен жарияланымды ерекше дайындауды
талап етеді. Ғылымның басты қызметі адамдардың практикалық іс-әрекетіне
қызмет көрсету болып табылады. Жаратылыстану ғылымдары мен техника
адамдардың өндірістік іс-әрекетімен байланысты болып, қоғамдық өндірістің
дамуына теориялық негіз жасайды. Қоғамдық ғылымдар болса қоғамдық өмірді
прогрестік тұрғыдан қайта құруға бағытталған адамдардың практикалық
қызметін теориялық жағынан сипаттайды. Алайда теориялық қызмет басты қызмет
болғанымен, бір нәрсе деп қарауға болмайды. Өйткені ғылым идеологиялық
қызметті де атқарады. Ғылымға таптық тәсілді қолданған кезде ғылым
идеологиялық жағынан бейтарап, объективті білімді жасап, барлық таптарға
бірдей қызмет көрсетеді деп санады. Жаратылыстану, қоғамдық ғылымдар
адамдарды идеологиялық жағынан тәрбиелеп, нақты дүниетанымын
қалыптастырады.
20-жж. басында Қазақ АССР Оқу Халық Комиссариатында Академиялық
орталық құрылды, екі секцияда жұмыс атқарды Мемлекеттік ғылыми секция
ғылыми-саяси, ғылыми-техникалық, ғылыми-педагогикалық жұмыстарға жетекшілік
етті, қазақ терминологиясы, жазу, алфавит, оқу әдебиеттері баспаға
даярланды және ғылыми кітаптар қазақ тіліне аударылды. Осы жұмыс барысында
жас ғалымдар, журналистер, баспагерлер бір-бірімен тығыз байланыс жасады.
Осы кезде этнография, халық музыкасы, қазақтардың қолданбалы өнері туралы
материалдар жинақталды. 1931 ж. Қазақ өлкелік партия комитеті Қазақстанда
баспа ісін қайта құру туралы шешім қабылдады. Осы қаулыға сәйкес Қазақ
баспасының редакциялары әдебиеттің түрлері бойынша маманданды. Сонымен
бірге осы жылы өндірістік-техникалық әдебиеттерді шығару үшін Қазақ
техникалық баспасы құрылды. Бұл ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен
байланысты кітаптар, кітапшалар шығаруға ықпал жасады [12; 128 б].
30-жж. басында Қазақстанда ондаған ғылыми-зерттеу мекемелері мен
тәжірибе станциялары жұмыс істеді. 1932 ж. наурыздың басында КСРО Ғылым
Академиясының Қазақстандық базасы құрылды. Қазақстан ҒА базасының алғашқы
Еңбектері 1934 ж. Ленинградта академик А.Н. Самойловичтің редакциясымен
шығады. Еңбектерде Қарағанды зоология экспедициясының қорытынды жұмысы
туралы мақала, Алтай-Ертіс ауданы мәселесін кешенді зерттеу және табиғи
өндіргіш күштерін игеру жөніндегі материалдарды жинақтаған екінші
шығарылымы жарияланады. 1934 жылы КСРО Ғылым Академиясы Қазақстан
филиалының Бюллетені ғылыми-зерттеулер мен жаңалықтардың жаршысы болды.
Бюллетеньде Қазақстан ҒА филиалы базасының екі жылдағы қызметі және
республикада ғылыми-зерттеудің одан әрі дамуы сипатталады.
Қ.И. Сәтбаев Қазақстандағы қоғамдық ғылымдар мәселесін шешуге тікелей
араласқан. ХХ ғ. 40-жж. Қазақ КСР тарихының алғашқы екі томын даярлау
комиссиясының төрағасы, М. Әуезовтың Абай романына Қазақ өмірінің
энциклопедиясы ретінде баға берді. Қ.Сәтбаев Ш.Ш.Уәлихановтың толық
шығармалар жинағын шығаруда редколегия мүшесі болды. 1927 жылы Қ.
Сәтбаевтың Мәскеуде қазақ тілінде басылған Ер Едіге жыры және оған Сөз
басы үлкен кіріспе-зерттеуі қазақ тарихына, көркем сөз тарихына,
әдебиеттануға қосылған үлкен ғылыми үлес. 1935 жылы Үлкен Жезқазған атты
ірі ұжымдық еңбек шығады. Оны шығаруға орталық ғылыми-зерттеу институттары,
КСРО Мемлекеттік жоспарлау қызметкерлерімен бірге Түрлі-түсті металл
басқармасы, Жезқазған комбинатының мамандары қатысады.
Қазақстан зерттеушілерінің монографиялық зерттеулері 1938 жылдан
бастап жарық көрді. 1946 жылға дейін 40-қа жуық кітап шығады. Жыл сайын
ғылыми зерттеулерге қорытынды жасаған реферативті журналдар шығып тұрды.
1939 жылы КСРО Ғылым Академиясы Қазақстан филиалының Хабаршылары шыға
бастады. Хабаршының зоология сериясындағы Редакциядан деген
кіріспесінде ғылыми зерттеу еңбектерін өз уақытында шығарып отыру қажеттігі
айтылды. 1946 ж. Хабаршының тоғыз сериясы шығады. Мұның өзі ғылыми
зерттеулердің шарықтап дамығанын дәлелдейді. 1934-1940 жж. Қазақстан
базасының, кейіннен КСРО Ғылым Академиясы Қазақстан филиалының 20–ға жуық
шығарылымы Москва мен Ленинградта жарық көрді. 1939 ж. КСРО Ғылым
Академиясы Қазақстан филиалының хабаршысы. Зоология сериясының бірінші
нөмірі, келесі жылы КСРО ҒА Қазақстан филиалының Хабаршысы. Тарих
сериясының бірінші нөмірі жарық көрді [1;68 б].
С.Д. Асфендияровтың Ежелгі дүниеден бастап Қазақстан тарихының І
бөлімі, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс атты еңбектерінің
шығуы Қазақстан тарихы ғылымы үшін жетістік еді. С.Д. Асфендияровтың
редакциялауымен Прошлое Казахстана в источниках и материалах құжаттар
жинағы шығады. Бұл да Қазақстан тарихының деректану бөлімін байытты. Ол
ұлыдержавалық, ұлтшылдық көзқарастарды сынады. Осы жылдары А.Х. Диваев
жинақтаған Батырлар жыры шығады.
20-30-жж. Алаш зиялыларының да ғылыми еңбектері шығып, Қазақстан
ғылымына үлкен үлес қосты. Соның бірі М. Тынышбаев. ХХ ғ. 20 жж. оның біраз
еңбектері Қызылордада Қазақстанды зерттеу қоғамы баспасынан, Ташкентте
Қырмембаспасының Шығыс бөлімі жариялап тұрды. Ол әйгілі шығыстанушы
Бартольдтың ғылыми еңбектеріне үлкен ден қойып, қазақ тарихына қатысты
деректеріне ерекше мән берген.
Мемлекеттік библиографияның дамуы Қазақстандағы баспа ісінің дамуымен
тікелей байланысты. 1918-1920 жж. жыл сайын Қазақстанда 6-8 атаулы кітап
аздаған тиражбен шығатын. Қырмембаспаның құрылуымен 1922 ж. үш мың данамен
47 атау кітап шыққан. 1937 ж. Қазақстанда 400 кітаптың жалпы тиражы 5 316
мың дана болған. 1934 ж. жазда Қазақстан Өлкелік партия комитеті Марксизм-
ленинизм классиктері шығармаларын қазақ тіліне аударып, бастыруды
ұйымдастыру туралы қаулы қабылдайды. Осы жылы көлемі 270 баспа табақтай 28
атау кітап шығару белгіленеді. Өлкелік партия комитетінің 1934 жылы 11
сәуірдегі қаулысы бойынша Қазақтың ғылыми-зерттеу марксизм-ленинизм
институты мен Өлкелік партия комитетінің партия тарихы институтын
біріктіріп, Қазақстанның Маркс-Энгельс-Ленин институтын ашамыз деп шешіп,
оның алдына төмендегі міндеттерді қояды: а) Маркс, Энгельс, Ленин
еңбектерін қазақ тіліне аудару; ә) Қазақстан партия ұйымдарының, Қазан
төңкерісі мен революциялық қозғалыстардың тарихы жөніндегі құжаттарды,
материалдар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындап, бастырту. Мембаспа
білім деңгейі әр түрлі оқырмандар үшін ғылыми-көпшілік сериясын шығарады.
Сауаты бар жұмысшылар мен шаруалар үшін Ғылым бәріне сериясы шығады, ал
Көпшілік ғылыми кітапхана өте маңызды әдебиеттерді шығарды. ХХ ғ. басында
Қазақстан тарих ғылымында ғылыми қоғамдар үлкен роль атқарды. ХХ ғ. 20-30
жж. Семей мен Орынборда құрылған ғылыми қоғамдар Қырғыз өлкесін зерттеу
қоғамы (1920 ж.), кейіннен ол Қазақстанды зерттеу қоғамы (1920 ж.) деп
аталды. Қазақстанды зерттеу қоғамының Семей бөлімі (1929 ж.), Қырғыз
өлкесін зерттеудегі Орынбор қоғамы (1920 ж.), Сырдария статистикалық
комитеті (1920 ж.), Императорлық Орыс Географиялық қоғамының Түркістан
бөлімі, Императорлық Орыс Географиялық қоғамының Батыс Қазақстан бөлімі
т.б. Қазақстанды зерттей бастады. Қысқа мерзім ішінде бұл қоғамдар көп
жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте және дамыған орта ғасырдағы медицина
Таяу және қиыр шығыс мемлекететтеріндегі тәлім-тәрбие
Әбу Насыр әл-Фараби – ХХІ ғасыр айнасында
Математика ғылымының қалыптасуы, математикалық теорияның пайда болуы
Әбу Әли ибн Сина
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен еңбектері
Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектеріне жалпы шолу
Қызылорда облысының мәдени даму белестері (1946-1991 жж.)
Математика ғылымының қалыптасуы
Фридрих Ласт (1789 - 1846) және немістің политэкономия мектебі
Пәндер