Өндірістік айналым қоры



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ АЙНАЛЫМ ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН
РӨЛІ ... ... 9
1.1Айналым қаражаттарының мәні мен
классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
... ..
1.2Айналым қаражаттарын қалыптастыру мен қаржыландыру көздері ... .. 19
1.3Отандық жағдайда айналым қаражаттарын басқару ерекшеліктері ... .. 23
2. АЙНАЛЫМ ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ (ФИРМА
СТРОЙ-ИНВЕСТ ЖШС
МЫСАЛЫНДА) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
... ... ... ... ... ... ...
2.1Кәсіпорынның айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау және
оның экономикалық тиімділігін бағалау ... ... ... ... ... ... ... 26
2.2Кәсіпорынның айналым капиталының негізгі элементтерін басқаруын
талдау 41
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
2.3Іскерлік белсенділікті бағалау 43
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. АЙНАЛЫМ ҚАРАЖАТТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ САЯСАТЫ
ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .. 49
.
3.1Айналым капиталын басқаруды жетілдіру жолдары 49
... ... ... ... ... ... ... .
3.2Айналым қаражаттарының айналымдылығын жеделдету жолдары ... 57

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 67
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 69
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...

Кәсіпорынның айналым қаражаттарын қалыптастыру саясаты және оны
жетілдіру

КІРІСПЕ

Кәсіпорынның айналым капиталын басқару механизмін жетілдіру отандық
экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін
жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-
экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфрақұрылымның өзгермелілігі
жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында айналым
қаражаттарын басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан кәсіпорынның сәтті
және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға
болады. Айналым қаражаттарын олардың жеткіліксіздігі жағдайында үнемді
қолдану қазіргі кезде әрбір кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі
болып табылады.
Елбасының 2015 жылдың 30 қарашасындағы Қазақстан жаңа жаһандық нақты
ахуалда: өсім, реформалар, даму атты Қазақстан халқына Жолдауында:
Мемлекет сіздердің бизнестеріңізді дамытып, аяққа нық тұруларыңызға барлық
жағдайды жасады. Бүгінгідей сын сағаттарда сіздерге үлкен жауапкершілік
артылады. Жекешелендірудің жаңа легіне белсенді қатысыңыздар, қаржыны
заңдастырып, ашық жұмыс істеңіздер. Қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті
болу деген сөз. Қазақстанда жасалған әрбір бұйымда төрт қасиет – сапалы,
ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек. Сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз
өтімді болады. Өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек, бізді сырттан келіп
ешкім жарылқамайды. деген [1, 5-6 б.].
Осы орайда кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесі
олардың айналым қаражаттарын қолданудың, басқарудың тиімділігін жоғарылату
мәселесімен тығыз байланыстылығына көз жеткізуге болады. Берілген жұмыстың
өзектілігі одан әрі дамуы және бәсеке қабілеттілігін арттыруы үшін айналым
капиталын тиімді басқару маңызды қажеттілігіне айналған шағын және орта
кәсіпорындар санының өсуімен анықталады.
Жаһандық рейтингке сәйкес, Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы
жағдайы бар елдер тобына кіреді және біз бұл үрдісті өрістете түсуге
тиіспіз. Шағын және орта бизнес – біздегі Жалпыға ортақ еңбек қоғамының
берік экономикалық негізі. Оны дамыту үшін жеке меншік институтын
заңнамалық тұрғыда нығайтатын кешенді шешімдер қажет. Бизнесті дамытуға
кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек. Шағын
бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс [2, 6 б.].
Кәсіпорын қаржылық жағдайының өзгерісінің күрделі себептерін, соның
ішінде олардың айналым қаражаттарының жағдайына әсерін анықтау үшін
кәсіпорын қызметін сипаттайтын көптеген көрсеткіштерді зерттеу қажет.
Жоғарыда айтылғанның барлығы, сонымен қатар айналым капиталын ұтымды
пайдалану және оның жағдайын жақсарту қажеттілігі дипломдық жұмыс тақырыбын
таңдауын анықтады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - кешенді талдау негізінде кәсіпорынның
айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау жолдарын анықтау.
Дипломдық зерттеудің басты мақсатына жету үшін келесі міндеттер
қойылды:
- Кәсіпорын айналым қаражаттарының экономикалық мәнін оқып – үйрену;
- Кәсіпорын айналым капиталының қазіргі заманға сай топтастыруын
көрсету;
- Кәсіпорынның айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалау;
- Фирма Строй-Инвест ЖШС-ң айналым қаражаттарының құрамы мен
құрылымын талдау;
- Кәсіпорын саясатын зерттеу саласындағы айналым құралдарын құру;
- Фирма Строй-Инвест ЖШС-ң айналым қаражаттарын қаржыландыру және
құрылу көздерін оқып – үйрену;
- Фирма Строй-Инвест ЖШС-ң меншікті айналым қаражаттары мен ағымдық
қаржылық қажеттіліктерін басқару тиімділігін бағалау;
- Айналым капиталын басқаруды жетілдіру жолдарын анықтау.
Зерттеу объектісі – Фирма Строй-Инвест ЖШС-ң айналым
қаражаттары.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізін қаржылық талдаудың әдістері
құрады: бухгалтерлік есептің көлденең және тік талдауы; статистикалық
мәліметтерді жинау мен топтау; динамика қатарларын талдау; кәсіпорынның
айналым қаражаттарын басқарудың қазіргі заманғы әдістері; кәсіпорынның
ағымдық қаржылық қажеттіліктерін басқару.
Тақырыптың ғылыми тұрғыда зерттелу дәрежесі. Қазақстанның қазіргі
экономикалық даму жағдайында кәсіпорын қызметінің айналым қаражаттарының
құрамы мен құрылымын талдаудың теориялық және тәжірибелік аспектілері
отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың: Ниязбекова Р.Қ., Бейсенғазиев
М.Б., Ермекбаева Б.Ж., Дюсембаев К.Ш., Дуламбаева Р.Т., Кадерова Н.Н.,
Оразалин К.Ж., Михель. Э.Э., Есенгельдин, Б.С., Сергеев И.В. және тағы
басқа авторлардың еңбектерін жатқызуға болады.
Зерттеудің ақпараттық негізін кәсіпорынның бухгалтерлік және қаржылық
есептілігінің мәліметтері, кәсіпорынның ішкі нормативті-техникалық
құжаттары, мерзімді баспа құралдарының ақпараттары, қаржылық менеджмент
және талдау саласындағы отандық және шетелдік мамандардың оқулықтары
құрайды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: дипломдық зерттеудің
нәтижелері кәсіпорынның ағымдық қаржылық қызметінде айналым қаражаттарының
айналымдылығын жылдамдату мақсатымен, қайта айналымға енгізу және жартылай
босап шығу есебінен айналым қаражаттарының мөлшерін төмендету мақсатымен
қолданылуы мүмкін.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш маңызды бөлімдерден, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құралады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі айқындалады, мақсаттар мен
алдына қойылатын мәселелер қалыптастырылады, зерттеудің объектісі мен пәні,
әдістемелік және ақпараттық негіз анықталады, сонымен қатар зерттеудің
тәжірибелік маңыздылығы көрсетіледі.
Бірінші бөлімде кәсіпорынның айналым қаражаттарының теориялық
негіздері келтірілген; олардың қаржыландару көздері мен нарықтық
экономикадағы рөлі көрсетілген, кәсіпорындағы айналым қаражаттарын
ұйымдастыру мәселелері және олардың қазіргі қазақстандық жағдайлардағы
қызмет ету ерекшеліктері аталған.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімі айналым қаражаттарын басқару мен
талдаудың әдістемелік аспектілеріне арналған: қаржылық талдау негізінде
кәсіпорынның айналым қаражаттарына деген жоспарлы қажеттілігі анықталған;
көрсеткіштердің динамикасы бағаланған; іскерлік белсенділік коэффиценттері
анықталып, олардың айналым қаражаттары жағдайына әсері көрсетілген.
Үшінші бөлімде кәсіпорынның айналым қаражаттарына жүргізілген талдау
негізінде қажетті қорытындылар жасалып, кәсіпорынның айналым қаражаттарының
жағдайын жақсарту бойынша арнайы шаралар кешені ұсынылған.

1. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ АЙНАЛЫМ ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН
РӨЛІ

1.1 Айналым қаражаттарының мәні мен классификациясы

Нарықтық қатынастар жағдайында айналым капиталы ерекше мәнді иеленіп
келеді. Өйткені олар өз құнын жаңа өндірілген өнімге толықтай көшіріп,
капиталдың әр айналымының соңында кәсіпкерге ақшалай нысанда қайтып
келетін өндіріс капиталының бір бөлігі болып табылады. Сөйтіп, айналым
капиталы кәсіпорынның табыстылығын анықтаушы маңызды критерий болып
саналады.
Айналым капиталы - кәсіпорын мүлкінің құрамдас бөлігі. Олардың жағдайы
мен тиімді қолданылуы – кәсіпорынның сәтті қызметінің маңызды шарттарының
бірі. Нарықтық қатынастардың дамуы оларды ұйымдастырудың жаңа шарттарын
анықтайды. Жоғары инфляция, төлемсіздік және басқа да қолайсыз жағдайлар
кәсіпорындарды айналым капиталына қатысты саясатын өзгертуге, толықтырудың
жаңа көздерін іздестіруге, оларды тиімді қолдану мәселесін зерттеуге
итермелейді.
Өндіріс үздіксіздігін қамтамасыз етуші маңызды шарттардың бірі болып
оның материалдық негізін, яғни өндіріс қаражаттарын үнемі жаңартып отыру
саналады. Ол өз алдына өндіріс қаражаттары қозғалысының үздіксіздігін алдын
ала анықтайды [3, 65 б.].
Өзінің айналысында айналым қаражаттары ақшалай, өндірістік және
тауарлы нысандарға ие болып отырады. Ол айналым қаражаттарының өндірістік
қаражаттар және айналыс қаражаттары болып бөлінуіне сәйкес келеді.
Өндірістік қорлардың материалдық нұсқаушысы өндіріс құралдары болып
табылады. Олар еңбек кұралдары және еңбек заттарына бөлінеді. Дайын өнім
ақшалай қаражаттар мен есептегі қаражаттармен бірігіп айналыс қаражаттарын
құрайды.
Кәсіпорын қорларының айналымы құнның ақшалай нысанын шикізат материал,
отын және басқа да өндіріс құралдарын сатып алуға авансталудан басталады.
Нәтижесінде ақшалай қаражаттар өндіріс қорлары нысанын айналыс сферасынан
өндіріс сферасына өту арқылы қабылдайды. Бұл жағдайда құн шығындалмайды,
тек авансталады, себебі айналыс соңында ол қайтарылады. Бірінші саты
соңында тауарлық айналыс тоқтатылады, бірақ айналым жалғасады.
Айналымның екінші сатысы өндіріс процесінде жүзеге асырылады.
Жұмысшылар күші жаңа құрылған және орын алмастырылған құнды өзіне
кіргізетін жаңа өнімді дайындайды. Авансталған құн өзінің нысанын өзгертеді
- өндірістіктен тауарлыға өтеді.
Айналымның үшінші сатысында өндірілген дайын өнім өткізіліп, ақшалай
қаражаттар алынады. Бұл сатыда айналым қаражаттары қайтадан өндіріс
сферасынан айналыс сферасына өтеді. Үзілген тауарлы айналым жалғасады және
құн тауарлы нысаннан ақшалай нысанға өтеді. Өнімнің өндірілуі мен
өткізілуіне жұмсалған ақшалай қаражаттар мен өндірілген өнімді өткізуден
түскен ақшалай қаражаттар арасындағы айырма кәсіпорынның ақшалай жинақтарын
құрайды.
Бір айналымды аяқтап болған соң, айналым қаражаттары жаңа айналымға
түседі, сөйтіп үздіксіз айналым жүзеге асырылады. Айналым қаражаттарының
үнемі қозғалысы өндіріс пен айналыс процестерінің үздіксіздігін қамтамасыз
етуші негіз болып табылады. Кәсіпорындардың қорлар айналымының анализі мына
жағдайға көз жеткізеді: авансталған құн тек әртүрлі нысандарды қабылдап
қана қоймай, сонымен қатар үнемі осы нысандарда анықталған мөлшерлерде
болады. Басқа сөзбен айтқанда, авансталған құн айналымның әрбір сәтінде
әртүрлі бөліктерімен бір уақытта ақшалай, өндірістік, тауарлы нысандарда
болады. Кәсіпорын қорларының айналымы ақшалай нысандағы авансталған құнның
белгілі бір мөлшерінде ғана жүзеге асырылады. Айналымға түскен авансталған
құн өзінің функционалдық нысандарын өзгерте отырып одан шықпайды. Ақшалай
нысандағы көрсетілген құн кәсіпорынның айналым қаражаты болып табылады.
Айналым қаражаттары ең алдымен құндық категория ретінде қабылданады.
Олар материалдық құндылықтар болып табылмайды, себебі олардан дайын өнім
өндіруге болмайды. Ал ақшалай нысандағы құн бола отырып, айналым
қаражаттары айналым процесінде өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс,
дайын өнім нысандарын қабылдайды. Тауарлы-материалдық қорларға қарағанда
айналым қаражаттары шығындалмайды, жойылмайды, олар авансталады.
Айналым қаражаттарының мәнін ашып зерттеу айналым қорларын және
айналыс қорларын қарастыруды ойластырады. Айналым қаражаттары және айналыс
қаражаттары өзара байланыста болады, бірақ олардың арасында еленерліктей
айырмашылықтар бар. Айналым қаражаттары үнемі кәсіпорын қызметінің барлық
сатыларына қатысады, ал өндірістік қорлар болса шикізаттың, отынның,
негізгі және көмекші материалдардың жаңа партияларымен алмастырылатын
өндірістік процесті өтеді. Өндірістік қорлар айналым қорларының құрамдас
бөлігі бола отырып, өндіріс процесіне өтеді. Дайын өнімге айнала отырып,
кәсіпорыннан шығады. Айналым қаражаттары өндіріс процесінде өз құнын дайын
өнімге бере отырып толығымен тұтынылады. Олардың сомасы айналым
қаражаттарының сомасынан он есе көп болуы мүмкін.
Айналыс процесінде айналым қаражаттары өз құнын айналым қорларында
көрсетеді, сондықтан осы қорлардың арқасында айналым қаражаттары өндіріс
процесіне қатысады және өндіріс шығындарын қалыптастыруға қатысады.
Егер айналым қаражаттары жаңа өнімді қалыптастыруға тікелей немесе
жанама қатысса, онда олар біртіндеп азайып, айналыстың аяғына дейін жойылуы
керек еді.
Айналым қаражаттары тұтыну қоры бола тұра бір ғана нысанда
қолданылады, ол өндірістік нысан. Айналым қаражаттары біртіндеп әртүрлі
нысандар қабылдап қана қоймай, сонымен қатар белгілі бөліктерде осы
нысандарда болады.
Келтірілген жағдайлар айналым қорлары мен айналым қаражаттары
айналысын шектеудің объективті қажеттілігін тудырады.
Айналым қаражаттарын олардың айналыс сатысындағы функционалдық нысаны,
яғни айналыс қорларымен салыстыру келесі нәтижелерге әкеледі. Кәсіпорын
қорларының айналысы өнімнің өткізілу үрдісімен аяқталады. Берілген үрдістің
дұрыс жүзеге асырылуы үшін олар негізгі және айналым қорларымен қатар
айналыс қорларына ие болуы қажет.
Айналыс қорларының айналымы өндірістік айналым қорларының айналымымен
тығыз байланысты және оның жалғасы мен соңы болып табылады. Айналыс жасай
отыра бұл қаражаттар жалпы айналым құрады. Бұл үрдісте еңбек өніміне
көшірілген айналым қорларының құны өндіріс сферасынан айналыс сферасына
көшеді, ал авансталған құн мөлшеріндегі айналыс қорлары құны айналыс
сферасынан өндіріс сферасына өтеді. Сөйтіп, әртүрлі функционалдық нысаннан
өтіп, бастапқы ақшалай нысанға оралатын авансталған қаражаттардың айналымы
жүзеге асырылады. Айналым қаражаттары айналым жасай отырып, өндіріс
сферасынан айналыс сферасына өтеді.
Айналым қаражаттарын өндірістік айналым және айналыс қорлары
запастарына авансталған ақшалай қаражат ретінде қарастыру бұл категорияның
толық экономикалық мәнін ашпайды. Ол ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасын
аванстаумен қатар бұл запастарға өндіріс үрдісінде өндірілетін қосымша өнім
құны авансталу үрдісі болатынын ескермейді. Сондықтан рентабельді
кәсіпорындарда қорлар айналымы аяқталғаннан кейін авансталған айналым
қаражаттары сомасы түскен пайданың белгілі бір сомасына өседі. Рентабельді
емес мағынада ақшалай қаражаттар деп атауға болмайды. Өндірістегі және
айналыстағы қаражаттарды ақшамен шатастыруға болмайды. Жиынтық құн ақша
нысанында авансталады және өндіріс пен айналыс үрдісінен өтіп, қайтадан осы
нысанды иемденеді. Ақшалай қаражаттар қаражаттар қозғалысында делдал болып
табылады. Ақшамен көрсетілген жиынтық құн тек арасында ғана және
бөліктермен нақты ақшаға айналады. Сөйтіп, айналым қаражаттары минималды
қажетті мөлшердегі айналыс қорлары мен өндірістік айналым қорларының
жоспарлы құрылуы мен қолданылуы үшін ақшалай нысандағы авансталатын құн
болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік бағдарлама мен есептесуді
уақтылы жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның айналым қаражаттары екі функция атқарады: өндірістік және
есептік. Өндірістік функцияны орындай отырып, айналым қаражаттары
өндірістік айналым қаражаттарына авансталады, өндірістік үрдістің
үздіксіздігін қамтамасыз етеді және өзінің құнын өндірілген өнімге
көшіреді. Өндірістің аяғында айналым қаражаттары айналыс қорлары түрінде
айналыс сферасына өтеді. Онда олар екінші функциясын атқарады, бұл
функцияның мәні – айналым қаражаттарының тауарлы формадан ақшаға айналуы
және айналыстың аяқталуы [4, 64-65б].
Айналым капиталы компоненттерінің сыныпталуы мынадай белгілері бойынша
жүзеге асырылуы мүмкін:
- ликвидтілік дәрежесі бойынша;
- өндірістегі функционалдық рөлі бойынша;
- капиталды орналастыру тәуекелі дәрежесі бойынша;
- қаржыландыру көздері бойынша.
Айналым капиталының мөлшері тек өндірістік үрдістің қажеттіліктерімен
ғана емес, сонымен қатар кездейсоқ факторлармен де анықталады. Сондықтан
айналым капиталын тұрақты және ауыспалы деп бөлуге болады.
Тұрақты айналым капиталы ақшалай қаражаттардың, дебиторлық
қарыздардың, өндірістік қорлардың белгілі бір бөлігі болып табылады.
Операциялық цикл кезінде оларға деген қажеттілік салыстырмалы түрде
тұрақты. Бұл кәсіпорынның тұрақты қарауындағы уақыттық параметрлермен
орташаландырылған ағымдық активтердің мөлшері. Ауыспалы айналым капиталы
категориясы ең ауыр кезеңдерде немесе сақтандыру қоры ретінде қажет
етілетін қосымша ағымдық активтерді көрсетеді. Мысалы, қосымша өндірістік-
материалдық қорларға деген қажеттілік маусымдық өткізу кезіндегі сатудың
жоғары деңгейін қадағалап отырумен байланысты болуы мүмкін.
Айналым капиталын басқарудың мақсаты айналым капиталының көлемі мен
құрылымын, олардың жабылу көздері мен кәсіпорынның тиімді қаржылық және
ұзақ мерзімді өндірістік қызметін қамтамасыз етуге қажетті олардың
арақатынасын анықтау болып табылады. Бұл мақсат стратегиялық сипатқа ие;
ағымдық қызметті басқаруды тиімді ететін мөлшерде айналым капиталын ұстау
да маңызды болып табылады. Осы позиция жағынан алғанда өтімділік
кәсіпорынның маңызды қаржы-шаруашылық сипаттамасы болып табылады, яғни бұл
қысқа мерзімді кредиторлық қарызды уақытылы қайтаруды білдіреді. Айналым
капиталының төмен деңгейінде өндірістік қызмет өзіне сәйкес деңгейінде
болмайды, осыдан мынадай қиыншылықтар тууы мүмкін: өтімділікті жоғалту,
жұмыстағы қайталанып отыратын ақаулар және төмен пайда. Айналым капиталының
кейбір оптималды деңгейінде пайда максималды болады. Айналым капиталының
одан да әрі өсуі кәсіпорынға өз иелігінде мерзімді бос, айналыстағы емес
ағымдық активтерді, сонымен қатар қаржыландырудың артық шығындарын ұстауға
мүмкіндік береді. Бұл пайданың төмендеуіне әкеледі (Сурет 1).

Пайда

Орташа Айналым капиталы деңгейі

Сурет 1. Айналым капиталы мен пайданың өзара әсері

Кәсіпорын жұмысының жоғары нәтижелігі, бірыңғайлығы оның айналым
қаражаттарымен қажетті деңгейінде қамтамасыз етілуіне байланысты.
Материалдық қорларды сатып алуға авансталған қаражаттардың жеткіліксіздігі
өндірістің қысқартылуына, өндірістік бағдарламаның орындалмауына әкелуі
мүмкін. Мөлшерден тыс қаражаттарды қорларға салу ресурстарды тиімсіз
қолдануға әкеп соқтырады.
Айналым қаражаттары өзіне материалдық және ақшалай ресурстарды
кіргізетін болғандықтан, олардың ұйымдастырылуы мен тиімді қолданылуы
материалды өндіріс үрдісіне ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығына әсер етеді [5, 43-44 б.].
Айналым капиталын жоспарлау, есептеу және талдау практикасында келесі
белгілер бойынша топтастырылады:
1) өндіріс процесіндегі функционалдық рөліне байланысты – өндірістік
айналым қоры (құрал-жабдық) және айналыс қоры;
2) бақылау, жоспарлау және басқару практикасына байланысты —
нормаланатын айналым капиталы және нормаланбайтын қарыз капиталы;
3) айналым капитал қалыптасатын көзге байланысты — меншік айналым
капиталы және қарыз айналым капиталы;
4) өтімділікке (ақшалай қаражатқа айналу жылдамдығы)    байланысты — 
абсолютті өтімді қаражат, жылдам сатылатын айналым қаражаты, баяу сатылатын
айналым қаражаты;
5) капиталды салу тәуекелінің дәрежесіне байланысты — салу тәуекелі
барынша аз айналым капиталы, салу тәуекелі шамалы айналым капиталы, салу
тәуекелі орташа айналым капиталы, салу тәуекелі жоғары айналым капиталы;
6) материалдық-мүліктік маңызына байланысты — еңбек құралы (шикізат,
материал, отын, аяқталмаған өндіріс және т.б.), даяр өнім мен тауар,
есептердегі ақшалай қаражат пен құрал-жабдық.
Айналым қаражатының өндіріс және айналыс процесінде болатын уақытты
жеке есептеп талдау үшін айналым капиталы функционалдық белгі бойынша
айналым қорына және айналыс қорына бөлінеді.

Кесте 1.1
Айналым қаражатының өндіріс процесіндегі функционалдық рөлі бойынша
құрамы мен құрылымы
Айналым қаражатының топтары
Өндірістік айналым қоры 1.1. Өндірістік запас:
(өндіріс саласындағы және —  Шикізат;
өндіріс процесіндегі айналым —  Негізгі материал;
қаражаты) —  Сатып алынатын жартылай фабрикат;
—  Қосалқы материал;
—  Арзан бағалы және тозғыш зат.
1.2. Өндіріс процесіндегі құрал жабдық:
—  Аяқталмаған құрылыс;
—  Меншікті өндірістегі жартылай фабрикат;
—  Алдағы кезеңнің шығысы.
Айналыс қоры (айналыстағы 2.1. Сатылмаған өнім:
айналым қаражаты) — Кәсіпорын қоймасындағы, алайда әлі
төленбеген даяр өнім;
— Қайта сатуға арналған тауар.
2.2. Ақшалай қаражат:
— Касса;
— Есеп айырысу шоты;
— Валюталық шот;
— Бағалы қағаз;
— Өзге ақшалай қаражат.

Ескертпе – Ниязбекова Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын
экономикасы. Оқу құралы, Алматы: Экономика, 2008 ж.

Айналым қаражаты басқарылу дәрежесі бойынша нормаланатын және
нормаланбайтынға бөлінеді. Нормаланатын қаражатқа, әдетте, барлық
өндірістік айналым қоры, сондай-ақ айналыс қорының кәсіпорын қоймасындағы
сатылмаған даяр өнімнің қалдығы түріндегі бөлігі жатады.
Нормаланбайтын қаражатқа айналыс қорының қалған элементтері, яғни
тұтынушыларға жіберілген, алайда әлі төленбеген өнім мен ақшалай қаражаттың
және есеп айырысудың барлық түрі жатады. Алайда нормалардың болмауы айналым
қаражатының осы элементтерінің мөлшерлері өз бетімен әрі шексіз өзгеруі
мүмкін және олар бақыланбайды деп түсінуге болмайды. Кәсіпорындар
арасындағы есеп айырысудың қолданылатын тәртібінде мемлекет тарапынан
төлемеудің артуына қарсы қолданылатын экономикалык санкциялар жүйесі
қарастырылған.
Нормаланатын айналым қаражаты кәсіпорынның қаржы жоспарында (бизнес-
жоспарында) көрсетіледі, ал нормаланбайтын айналым қаражаты іс жүзінде
жоспарланбайтын объект болып табылады.
Айналым капиталының нормативі әрқашан да өндірістің нақты мұқтажын
қанағаттандырып отыруы тиіс. Нормативтің деңгейі аз болған жағдайда
кәсіпорын өндірісті келешекте қажет болатын қормен қамтамасыз ете алмайды
және өнім жеткізушілер, жұмыскерлер, қызметкерлер және тағы сол сияқты
басқалармен дер кезінде есеп айырыса алмайды.
Норматив тым жоғары болса, нормативтен тыс қорлар пайда болып, қосымша
шығынға ұшыратады. Сонымен қатар, айналым капиталының қажеттілігінен жоғары
болатын норматив өнімнің табыстылық деңгейінің төмендеуіне, кәсіпорын
мүліктерінің құнын өсіре отырып, төлемдер мөлшерінің артуына әкеп
соқтырады.
Айналым каражатын меншікті және қарыз қаражатына бөлу кәсіпорынға
тұракты немесе уақытша пайдалануға берілген айналым қаражатының шыккан тегі
мен оның нысандарын көрсетеді.
Меншікті айналым қаражаты кәсіпорынның меншік капиталы (жарғылык
капитал, резервтегі капитал, жинақталған пайда және т.б.) есебінен
қалыптастырылады. Әдетте меншікті айналым капиталының мөлшері баланс
пассивінің 1-тарауының корытындысы мен баланс активінің 1-тарауының
қорытындысының арасындағы айырма (меншікті қаражаттан айналымнан тыс актив
шегеріледі) ретінде анықталады. Шаруашылық кызметті айналым қаражатымен
қалыпты қамтамасыз ету үшін оның мөлшері меншікті капиталдың мөлшерінің 13
шегінде белгіленеді. Меншікті айналым қаражаты тұрақты режимде
пайдаланылады.
Кәсіпорынның меншікті айналым капиталының жалпы көлемін (норматив)
жоғарғы басшылар бекітеді және ол бір жыл ішінде тек кәсіпорынның
өндірістік жоспары өзгерген жағдайда ғана өзгеруі мүмкін. Өндіріс жоспарын
орындауға, өнімді өткізуге, сондай-ақ төлемақыларды белгіленген мерзімінде
төлеуге қажет кәсіпорынға бекітілген аз мөлшерлі меншікті айналым капиталын
құру үшін норматив белгіленеді.
Жыл сайын кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы жоспарында меншікті
айналым капиталының нормативінің көбейгені немесе азайғаны көрсетіледі. Ол
жоспарлы жылдың басы мен аяғындағы нормативтер айырмасымен анықталады.
Меншікті айналым капиталы нормативінің өсімі, ең алдымен, жеке ресурстар
(пайда және т.б.) есебінен құралады.
Қарыз айналым қаражаты банк және банк емес кредит, облигациялық қарыз,
кредиторлық берешек және өзгеде көз нысанында қалыптастырылады. Ол
кәсіпорынға уакытша пайдалануға беріледі. Қарыз айналым қаражатының бір
бөлігі ақылы (кредит пен карыз), ал екінші бөлігі — тегін (кредиторлық
берешек) болады. Кәсіпорынның қарыз айналым қаражатына қажеттілігі де
жоспарланады және бизнес-жоспарда (қаржыландыру стратегиясы) көрсетіледі.
Өнеркәсіп кәсіпорындары банкіден несиені белгілі бір нысандарға алады.
Кәсіпорын қаражаттарының айналым кезеңіне байланысты банкілік несие
нысандары өндіріс саласына немесе айналыс саласына жатуы мүмкін. Өндіріс
саласындағы несиелеу нысаны өндірістік қорлар мен өндіріс шығындары болса,
айналыс саласындағыға – келіп жетпеген есеп айырысу құжаттары мен дайын
өнімдер жатады.
Түрлі елдерде меншікті және қарыз капитал арасындағы әр түрлі
арақатынас (норматив) пайдаланылады. Ресейде 5050, АҚШ-та — 6040, ал
Жапонияда — 3070 арақатынасы колданылады [6, 78-80 б.].
Капиталдың ауыспалы айналым процесінде айналым қаражатын қалыптастыру
көзі бірінен-бірі ажыратылмайды. Мәселен, өндіріс барысында тұтынылатын
шикізат пен материал қандай қаражат есебінен сатып алынғаны жөніндегі
ақпарат ешқашан пайдаланылмайды. Алайда айналым қаражатын қалыптастыру
жүйесі айналымды баяулатып немесе оны жеделдете отырып оның жылдамдығына
ыкпал етеді. Сонымен бірге меншікті және қарыз айналым қаражатын
қалыптастыру көзі мен оны әр түрлі пайдалану режимдері айналым капиталын
және бүкіл капиталды тиімді пайдалануға ықпал ететін негізгі фактор болып
табылады. Айналым қаражатын ұтымды қалыптастыру және пайдалану өндіріс
барысына, кәсіпорын қаржысының нәтижелері мен оның каржысының жай-күйіне
жан-жакты әсер етеді, сонымен бірге осы жағдайда ең аз мөлшердегі айналым
капиталының мөлшерімен табысқа жетуге мүмкіндік береді.

Кесте 1.2
Айналым каражатының өтімділік дәрежесі бойынша құрамы мен құрылымы
Айналым каражатының топтары Енгізілетін каражаттың құрамы
1.Ең өтімді актив 1.1. Ақшалай қаражат:
— касса;
— есеп айырысу шоты;
— валюталық шот:
— өзге де ақшалай қаражат;
1.2. Қысқа мерзімді қаржы салымдары
2.Жылдам сатылатын актив 2.1. Жөнелтілген тауар
2.2. Дебиторлық берешек:
— тауар, жұмыс, кызмет үшін
— алынған вексель бойынша
— еншілес кәсіпорындармен
— бюджетпен
қызметкерлермен өзге операциялар бойынша
— өзге дебиторлармен
2.3. Өзге айналым капиталы
3.Баяу сатылатын актив 3.1. Алдағы кезеңде шығысы шегерілген запас
және сатып алынған құндылык бойынша ҚҚА

Ескерпе – Ниязбекова Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын
экономикасы. Оқу құралы, Алматы: Экономика, 2008 ж.
Кәсіпорынның айналымдағы қаражатының сапасы айналым капиталының
өтімділігі мен қаржы тәуекелінің дәрежесі бойынша жіктеледі (1.3, 1.4-
кестелер). Жіктеуде қойылатын мақсат — сатылуы екіталай ағымдағы активті
анықтау. Кәсіпорынның айналым капиталын тиімді басқару үшін қосымша
қаржыландыру көзін іздестіріп қана қоймай, оны кәсіпорын активінде, әсіресе
ағымдағы активте ұтымды орналастыру кажет.

Кесте 1.3
Айналым қаражатының капиталды салу тәуекелінің дәрежесі бойынша құрамы
мен құрылымы
Айналым каражатының топтары Енгізілетін каражаттың құрамы
1. Салу тәуекелі барынша аз 1.1. Ақшалай қаражат:
айналым қаражаты — касса;
— есеп айырысу шоты;
— валюталык шот;
— өзге де ақшалай каражат
1.2. Қыска мерзімді қаржы салымы
2. Салу тәуекелі шамалы 2.1.Дебиторлык берешек (күмәндіні
айналым қаражаты шегергенде)
2.2.Өндірістік запас (сүр тауарды
шегергенде)
2.3. Даяр өнім мен тауардың қалдығы
(сұранысқа ие еместі шегергенде)
3. Салу тәуекелі орташа 3.1.Арзан бағалы және тозғыш зат.
айналым қаражаты 3.2.Аяқталмаған құрылыс (нормативтіктен
тысты шегергенде).
3.3. Алдағы кезеңнің шығысы.
4. Салу тәуекелі жоғары 4.1. Күмәнді дебиторлық берешек
айналым қаражаты 4.2.Өндірістік сүр запас.
4.3.Нормативтіктен тыс аякталмаған құрылыс.
4.4.Сұранысқа ие емес даяр өнім мен тауар.
4.5.Айналым қаражатының айтылған топтарына
енгізілмеген өзге элемент.

Ескерпе – Ниязбекова Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын
экономикасы. Оқу құралы, Алматы: Экономика, 2008 ж.

Айналым қаражаты тәуекелділік деңгейі бойынша 4 топқа бөлінген. Әр топ
өз сатысында айналым қаражатының құрамын жеке-жеке көрсеткен.

Кесте 1.4
Кәсіпорын балансы бойынша айналым капиталының классификациясы
Айналым капиталының Баланс активінің бөлімдері
топтары
1.Материалды айналым Өндірістік запастар
капиталдары (запастар)
Өсіріліп жатқан жануарлар
Аз құнды және тез тозатын заттар. (қалдық құны)
Аяқталмаған өндіріс
Болашақ кезең шығындары
Дайын өнім
Тауарлар
ҚҚС және алынған құндылықтар бойынша арнайы салық
2. Дебиторлық қарыз Тиелген тауарлар
Тауарлар мен қызметтер үшін дебиторлар мен есеп
айырысу
Еншілес кәсіпорындармен есеп айырысу
Алынған вексельдер бойынша дебиторлармен есеп
айырысу
басқа да дебиторлармен есеп айырысу
Жабдықтаушылар мен мердігерлермен берілген
аванстар
Басқа да айналыс капиталдары
3. Ақша қаражаттары Қысқа мерзімді қаржылық салымдар
Кассадағы ақша қаражттары
есеп айырысу шотындағы қаржаттары
Валюталық шоттардағы ақша қаражаттары
Басқа да ақша қаражаттары
4.Айналым капиталының (п.1+п.2+п.3)
жалпы сомасы

Ескерпе – Ниязбекова Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын
экономикасы. Оқу құралы, Алматы: Экономика, 2008 ж.

Кәсіпорын балансында көрсету әдісі бойынша айналым капиталдары келесі
топтарға бөлінеді:
- Запас түріндегі материалды ақша қаражаттары Е3. Бұл жерге баланс
активінің ІІ бөлімінің барлық баптары кіреді. Өндірістік запастар аз
құнды және тез тозатын заттар, аяқталмаған өдіріс, болашақ кезең
шығындары, дайын өнім, тауар, басқа да запастар.
- Дебиторлық қарыз – ЕДҚ. Дебиторлық қарыз құрамына баланс акитивінің
ІІІ бөлімінің келесі баптары кіреді. тиелген тауарлар, дебиторлармен
есеп айырысу (тауарлар, қызмет пен жұмыс үшін алынған вексельдер
бойынша, еншілес кәсіпорындармен, бюджетттен басқа да операциялр
бойынша ұжыммен, басқа да дебиторлармен), жабдықтаушылар мен
мердігерлермен берілген аванстар, басқа да айналым активтері.
- Ақша қаражаттары ЕА.Ақаш қаражаттары құрамына баланс активінің ІІІ
бөлімінің келесі баптары кіреді: касса, есеп айырысу шоты, ваоюталық
шот,басқа да ақша қаражаттары, қысқа мерзімд қаржылық салымдар.

Айналым капиалының жалпы сомасы – Е

Е=Е3+ЕДҚ+ЕА
(1)

Өтімділік және қаржылық тәуекел бойынша айналым капиталының
классификациясы кәсіпорынның айналымдағы құралдарының сапасын сипаттайды.
Мұндағы классификациясының міндеті өткізу мүмкіндігі аз мөлшерде болатын
ағымдағы активтерді көрсету. Кәсіпорынның айналым капиталдарын тиімді
басқару тек қаржыландырудың қосымша көздерін табу мен тартды ғана емес,
сонымен қатар оларды кәсіпорын активтеріне, әсіресе ағымдағы активтерге
дұрыс орналастыруды қарастырады [5, 45-48 б.].
Ағымдағы активтердің өтімділігі айналым қаржаттарына салынған
капиталының салымының тәуекел деңгейін анықтайтын басты фактор болып
табылады. Ұзақ уақыт кезеңінде қандай да бір айналым қаражатының
өткізілімінің жинақталған бағалары бұл активтерге салымның мүмкін тәуекелін
анықтауға мүмкіндік береді.

1.2 Айналым капиталын қалыптастыру мен қаржыландыру көздері

Кәсіпорындардың айналым қаражаттары айналымның барлық сатылары
өндірістің материалдық және ақшалай ресурстарға қажеттіліктерін
қанағаттандыруға, есептесулердің өз уақытылығын қамтамасыз етуге, айналым
капиталын пайдаланудың тиімділігін жоғарылатуға, айналым қаражаттарының
үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған. Айналым қаражаттарын
қаржыландырудың көздері меншікті және қаржылық болып бөлінеді. Меншікті
қаражаттар қорлардың айналымын ұйымдастыруда маңызды рөльді иемденеді.
Себебі коммерциялық негізде қызмет ететін кәсіпорындар істі рентабельді
жүргізу үшін және қабылдайтын шешімдеріне жауапкершілікке тартылуы үшін
белгілі бір деңгейдегі мүліктік және оперативтік тәуелсіздікке ие болуы
қажет [7, 87 б.].
Айналым қаражаттарының қалыптасуы кәсіпорынның құрылуы кезінде,
дәлірек айтсақ, жарғылық қорының құрылуы кезінде жүзеге асады. Бұл жағдайда
қалыптасудың көзі ретіде кәсіпорын құрылтайшыларының инвестициялық
қаражаттары алынады. Қызмет процесінде айналым қаражаттарының толықтырылу
көзі болып түскен пайда және меншікті қаражаттарға теңестірілген тұрақты
пассивтер табылады. Бұл қаражаттар кәсіпорын иелігінде болмайды, бірақ
үнемі айналыста болады. Бұндай қаражаттар айналыс капиталының минималды
қалдығы сомасының қалыптасу көзі ретінде қолданылады. Оларға мыналарды
жатқызуға болады: кәсіпорын жұмысшыларының айдан айға өтетін минималды
еңбекақы төлемі, шығындарды жабуға арналған резервтер, бюджет және
бюджеттік емес ұйымдар алдындағы минималды қарыздар, кредиторлар
қаражаттар.
Еңбекақы бойынша минималды қарызды есептеген кезде еңбекақыны
есептеген және оны төлеген күндер аралығындағы кезең анықталады. Содан
кейін бір күндік еңбекақы мөлшері анықталып, ол кәсіпорын айналысы
есебіндегі минималды күндер санына көбейтіледі [8, 6 б.].
Шығындарды және төлемдерді жабуға арналған резервтер құрамында жөндеу
және демалыс күндері үшін төлемдер қоры қалыптасады. Бөлініп отыратын
қаражаттар тең үлестермен ай сайын осы резервтерге түсіп отырады, ол
бухгалтерлік есеп шоттарында өз көрінісін табады. Демалыс күндері үшін
төлемдер қоры резерві жұмысшының демалысқа кеткен күнінен бастап
қолданылады. Демалыс төлемдерін есептеу және төлеу күндерінің арасында
белгілі бір уақыт мерзімі өтетіндіктен мөлшері тұрақты болып табылатын
ақшалай қаражаттар қалдығы қалыптасады. Бұл қалдық келе жатқан кезеңдегі
еңбекақы қоры өсімін есепке ала отырып, минималды қарыз ретінде есептеледі.
Бұл резервті қалыптастыру жөніндегі шешімді кәсіпорын өз бетімен
қабылдайды. Жөндеу қоры да кәсіпорын шешімімен құрылады және негізгі
өндірістік қорларды жөндеу жұмыстары бойынша төлемдерді жүргізу кезінде
қолданылады. Жинақталған қаражаттардың жөндеуге шығындалуына дейін оларды
кәсіпорын айналыс капиталы ретінде қолдануы мүмкін.
Бюджет алдындағы минималды қарыздар есептелу мерзімі олардың төлену
мерзімінен бұрынырақ болатын салық төлемдері бойынша анықталады. Бұл
шаруашылық жүргізуші субъект болып табылатын кәсіпорын салығына, сонымен
қатар жұмысшылар мен қызметкерлердің бюджетке төлейтін табыс салығына
қатысты.
Меншікті және оларға теңестірілген қаражаттардан басқа айналым
капиталын қалыптастыру көзі ретінде кәсіпорынның кредиторлық қарызы да
алынуы мүмкін (кәсіпорынның иелігіндегі емес, бірақ уақытша оның
айналысындағы қаражаттар). Егер тұрақты міндеттемелерді жоспарлауға болатын
болса, ал кредиторлық қарызды есептесулердің ерекшеліктеріне байланысты
туындайтын нормальді және сатып алушылардың есептесу құжаттарының төлену
мерзімі бұзылуы нәтижесінде пайда болатын нормальді емес деп бөлуге болады.
Соңғы айтылған жағдайда жабдықтаушыдан тауар алып, оның құнын уақытында
төлемеген сатып алушы өз иелігіндегі емес қаражаттарды қолданылады.
Айналым капиталын қалыптастырудың басқа да көздері ретінде пайда
есебінен түзілген, уақытша қолданыстағы емес арнайы мақсатта қолданылатын
қорлардың қалдығын атауға болады. Кәсіпорынның айналыс қаражаттарына деген
мұқтаждығы жыл ішінде тұрақты болмайды. Ол әртүрлі факторларға байланысты
құбылуы мүмкін: өндірістің маусымдығы, өткізілген өнім үшін ақшалай
қаражаттардың уақытылы келіп түспеуі, қоймада өткізілмеген дайын өнімнің
жинақталуы және тағы да басқа жағдайлар. Кейбір аталып өткен факторлар
өндірістің айрықшалығына, өнім өткізудің әдісіне, яғни өндірістің қалыпты
жағдайларына және нақты кәсіпорындағы өнім өткізілуінің себептеріне
байланысты. Сондықтан айналым капиталын тек меншікті қаражаттар есебінен
қалыптастыру экономикалық тұрғыдан қарағанда дұрыс емес, себебі бұл
кәсіпорынның басқа шығындарды қаржыландыру мүмкіншілігін төмендетеді.
Айналым қаражаттарына деген жалпы қажеттілікті төмендету және олардың
тиімді қолданылуын ынталандару үшін қарыз қаражаттарын тарту маңызды болып
табылады. Айналым капиталына деген қосымша қажеттіліктерді
қанағаттандыратын банктердің қысқа мерзімді несиелері қарыз қаражат
көздерінің негізгісі болып табылады. Несиелерді беру кәсіпорынның қаржылық
жағдайымен, оның төлем қабілеттілігімен байланыстырылады. Несие берместен
бұрын банк ссуда мөлшері мен мерзімін, кәсіпорынның шаруашылық қызметі
нәтижелерін назарға ала отырып, талдау жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі
уақытта банктер кәсіпорындарға мүлік кепілдігі нысанында немесе несиені
қайтара алмау тәуекелдігін сақтандару нысаны жағдайында несие береді [9, 19-
26 б.].
Айналым қаражаттарын қалыптастыру мақсатында несиелерді тартудың
негізгі бағыттары: шикізат және материалдардың маусымдық қорларын
несиелендіру; меншікті айналым қаражаттары жетіспеушілігін уақытша
толықтыру; есептесулерді жүзеге асыру.
Нарықтық экономикаға өту жағдайында айналым қаражаттарын қалыптастыру
көзі болып табылатын несиенің рөлі төмендеген жоқ. Кәсіпорынның айналым
қаражаттарына деген нормативтан тыс мұқтаждығын қанағаттандырумен қатар
банк несиесінің маңыздылығын жоғарылататын жаңа факторлар пайда болды.
Олардың бірі болып инфляция табылады. Кәсіпорынның айналым қаражаттарына
инфляция тікелей және жанама әсер етеді. Тікелей әсер айналым
қаражаттарының олардың айналысы барысында құнсыздануымен сипатталады, яғни
айналыс аяқталғаннан кейін кәсіпорын өнім өткізуден түскен пайда құрамында
айналым қаражаттарының авансталған сомасын алмайды.
Жанама әсер төлемсіздік кризисінен қаражаттардың айналымы төмендеуімен
сипатталады. Төлемсіздік кризисі туындауының басқа да себептеріне еңбек
өнімділігінің төмендеуін; өндірістің шектен тыс тиімсіздігін;
басқарушылардың жаңа жағдайларға бейімделе алмауын; жаңа шешімдер іздеу,
тауар ассортиментін өзгертуін жатқызуға болады.
Төлемсіздіктермен күресу және қаржылық көмек көрсету мақсатында үлкен
қаражаттар кәсіпорынның айналым қаражаттарын толықтыру үшін бөлінеді.
Бірақ бөлінетін қаражаттар әрдайым өз бағытымен қолданыла бермейді.
Жоғарыда айтылған себептер кәсіпорындардың қарыз қаражаттарына деген
қызығушылығы қандай жағдайларға байланысты туындағанын түсіндіреді. Бұл
жағдайда несиені айналым қаражаттарын қалыптастыру көзі ретінде қолданылу
мәселесі пайда болады. Осы мәселе несиені қолданудың кәсіпорынның қаржылық
жағдайына және айналым қаражаттарының жағдайына екі жақты әсер етуімен
байланыстырылады.
Бір жағынан алғанда, меншікті қаражаттың жетіспеушілігі жағдайында
айналымға несиелік ресурстарды тартпау үшін кәсіпорын өндірісті қысқартуы
немесе толығымен тоқтатуы қажет, ол қаржылық қиыншылықтарға әкелуі мүмкін,
тіпті кәсіпорынның банкротыққа ұшырауына әкеп соқтыруы ықтимал. Басқа
жағынан қарасақ, туындаған мәселелерді тек несие арқылы шешу кәсіпорынның
несиелік ресурстарға тәуелдігін жоғарылатады. Бұл қаржылық жағдайдың
тұрақсыздығының ұлғаюына әкеп соқтырады, меншікті айналым қаражаттары
жоғалады, себебі кәсіпорындар банктік пайыз ретінде салынған капиталға
пайда нормасын қамтамасыз етпейді. Кредиторлық қарыз айналым қаражаттарын
қалыптастырудың жоспарлы емес тартылған көзіне жатады. Оның бар болуы
кәсіпорын айналысында басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаты бар
екенін білдіреді. Сонымен қатар қредиторлық қарыз төлем тәртібінің бұзылуы
нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Кәсіпорындарда түсірілген тауар үшін жабдықтаушыларға кредиторлық
қарызы, орындалған жұмыс үшін жұмысшыларға, салық пен төлемдер бойынша
салық инспекциясына, бюджеттік емес ұйымдарға төлемдер бойынша кредиторлық
қарыздары болуы мүмкін.
Ақшалай қаражаттардың босап шығуының тиімді әдісі болып алдын ала
төлемдер мен консигнационды келісімдердің бірге қолданылуы саналады. Бұл
әдіс мынадай шарттарға негізделеді: алдын ала жасалатын төлемдер сатушы
кәсіпорын үшін тәуекелдікті минимализациялау факторы бола келе ақшалай
қаражаттардың уақытша босауына мүмкіндік береді, бұл арқылы айналым
капиталын толықтыруға болады. Басқа жағынан, консигнация шарттары әкелінген
тауар үшін төлемдердің мерзімін ұзартуды қарастырады. Өндіруші мен соңғы
тұтынушы арасындағы кәсіпорын алдын ала төлем жасау шартында тапсырыстар
портфелін қалыптастырады. Әкелінетін тауар түріне, тапсырыс көлеміне,
әкеліну шарттарына байланысты аванс мөлшері және тауардың әкеліп түсірілу
мерзімдері келісіледі. Дәл осы уақытта өндіруші кәсіпорында консигнация
шарттарында тауарларды сатып алу жүргізіледі. Консигнация мерзімдері мен
сомасы тапсырыстың мөлшері мен түріне байланысты құбылуы мүмкін. Сөйтіп,
өндіруші мен тұтынушы арасындағы кәсіпорын уақытша бос ақшалай
қаражаттардың белгілі бір мөлшерін құрады, ал бұл қаражаттардың көлемі мен
оларды қолдану мерзімі келісім шарттарымен келісілген.
Айналым капиталы қажеттілігіне қолданылмайтын қандай да болмасын
қаражаттар міндеттемелерді төлеуге бағытталады. Сонымен қатар олар негізгі
капиталды сатып алуға қолданылуы мүмкін немесе иеленушілерге пайда ретінде
төлене алады. Айналым капиталын үнемдеу үшін материалды-техникалық
ресурстарды басқаруды жетілдіру жолдарын ескеруіміз қажет. Ол келесі
шаралар арқылы жүзеге асады:
— қажетті материалдарды сатып алуды жоспарлау;
— қатаң өндірістік жүйелерді енгізу;
— қазіргі заманғы қоймаларды қолдану;
— сұранысты болжауды жетілдіру;
— тез жеткізу.
Айналым капиталына деген қажеттілікті азайтудың екінші әдісі несиелік
саясатты қатаңдату, басқа мақсатта қолданылуы мүмкін қажетті емес
қорларды, төленуге тиісті шоттарды бағалау жолдарымен дебиторлар шоттарын
азайту арқылы жүзеге асырылады.
Айналым капиталы шығындарын қысқартудың үшінші әдісі бойынша қолма-қол
ақшалай қаражаттардың дұрыс қолданылуы көзделеді. Фирмалар өздерінің өтімді
активтерін ұстайтын банктік шоттар бойынша пайыз төленбейді. Бірақ басқа
өтімді активтер (қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар, депозиттік
сертификаттар) пайданы пайыз түрінде береді [10, 47-50б.].
Кәсіпорынның активтерін, соның ішінде айналым капиталын басқарудың
басты мақсаты кәсіпорынның төлемқабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз
ету жағдайында пайданы максимизациялау болып табылады.

1.3 Отандық жағдайда айналым қаражаттарын басқару ерекшеліктері

Көптеген кәсіпорындарда айналым қаражаттарының жетіспеушілігінің
маңызды себептерінің бірі – шикізаттар келіп түсірілуінің тұрақты болмауы.
Бұл шикізаттардың кейбір кездерде тәуліктік тұтыну нормасынан 30-50 есе көп
сатып алынуына әкеледі. Төлемдер ұлғаяды, яғни үлкен айналым қаражатттары
қажет етіледі.
Төлемсіздік мәселесі кредиторларды мерзімі өткен кредиторлық қарыз
және төлем мерзімін кредиторлармен келісім бойынша қадағалауға байланысты
сыныптауға итермелейді. Яғни бұл төлемдерді қандай ретпен жүзеге асыру
қажеттілігін білдіреді. Кезектің бастапқы қатарларында коммерциялық
банктерге несиелер мен олар үшін пайыздар бойынша төлемдер мен бюджетке
салық бойынша төлемдер тұр.
Уақытылы емес төлемдер кәсіпорындарды банкроттыққа ұшырататындай
мөлшерде штрафтар төлеуге оңай әкеп соқтырады. Қазіргі кезде банкроттық
мүмкіндігі кәсіпорынның үлкендігіне кері пропорционал, ал бұрынғы
мемлекеттік кәсіпорындар үшін бұл тәуелділік одан да күшті сезіледі.
Кәсіпорынға жұмысшы күші және шикізат үшін төлемдер жүргізуге, өткізу
және өндірістік қызметпен байланысты шығындарды жүргізуге мүмкіндік беретін
айналым қаражаттарының жеткілікті мөлшерін қамтамасыз ету тәжірибе жүзінде
кейбір күрделі мәселелерді шешу қажеттілігін тудырады. Солардың біріншісі
кәсіпорынның айналым капиталын толықтыруға үлкен үлес қосады, - қорларды
басқару. Қаржылық менеджменттің батыс оқулықтарының тұжырымы бойынша
айналым капиталының жеткіліктілігі тұрғысынан бірде-бір фактор тауарлық
қорлар айналымы жылдамдығы сияқты маңызға ие емес. Бірақ бұл фактордың
әсерін анықтау үшін кем дегенде қорлар жөнінде нақты ақпарат болуы қажет
және оларды қолданудың нормативтері есептелінеді. Яғни барлығы да есеп
мәселелерінен басталады. Бұл кәсіпорын қоймаларындағы есеп жүйесі
жетілдірілуді қажет етеді [11, 26 б.].
Кәсіпорын жиі бір шикізатты әртүрлі құнмен сатып алады. Қоймашыларда
барлық шикізат әртүрлі карточкаларда жазылады (себебі әртүрлі құнға ие).
Бухгалтерия бұл шикізатты белгілі бір құнмен есептен шығаруы қажет, бірақ
ол әртүрлі карточкалардан шығарылатын болғандықтан, есептен шығарудың жаңа
әдісі пайда болады – кездейсоқ әдіс. Осындай мәліметтер негізінде қаржыны
басқару, әрине, мүмкін емес.
Осы кезге дейін біздің елімізде өзіндік құн бойынша бағалау әдісі
қолданылып келді. Бірақ оны қорларды ұзақ сақтау жағдайында қолдану кезінде
біріншіден, өнімнің өзіндік құны төмендетіледі, екіншіден, материалдар
қалдығының құны төмендетіледі, яғни олардың айналымдылығы жасанды
шапшаңдатылады.
Тауарлы-материлдық құндылықтарды алғашқы сатып алудың құны бойынша
бағалау (ФИФО әдісі) өткізілген өнім құнының материалдарға ең төменгі құн
есебінен қалыптастырылуына әкеледі, ал олардың қалдықтары ең максималды құн
бойынша бағаланады. Сондықтан осы жағдайдағы ағымдық активтердің
айналымдылығы қорларды бағалаудың қарастырылған әдістерін қолданған
жағдайдағыдан объективті төмен болады. Шешім күрделі емес – қоймада және
бухгалтерияда орташа құн бойынша есепті енгізу, бұл Минфиннің нұсқауларымен
қарастырылған. Айналым қаражаттарын ұлғайту мәселесінің екінші аспектісі -
есептеулер жүйесін жетілдіру. Есептеулерді жеделдету үшін ең алдымен барлық
төлеушілерді білу қажет. Келісілген соммалар, мерзімдер және төлемдердің
келіп түсуіне байланысты тағы да басқа жалпы мәліметтерді кіргізетін реестр
қажет. Сонымен қатар кімнің төлемдердің мерзімін ұзартатынын және қандай
уақыт аралығына, ал кімнің тіпті төлемейтінін ескеру қажет.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындарда айналым
қаражаттарының жағдайы нашарлады: біртұтас экономикалық кеңістіктің
құлдырауы, өндіріс деңгейінің төмендеуі, бағалардың өсуі және тағы да
басқалар. Айналым қаражаттарын басқарудың жаңа модельдерін кәсіпорындар өз
еркімен қабылдауы қажет.
Сонымен, айналым капиталы минималды қажетті мөлшердегі өндірістік
айналым және айналыс қорларының жоспарлы қалыптасуы мен қолданылуына
арналған ақшалай нысандағы авансталатын құнды білдіреді.
Айналым капиталы кәсіпорынның табыстылығын анықтаушы маңызды критерий
болып саналады.
Айналым капиталы - кәсіпорын мүлкінің құрамдас бөлігі. Олардың
жағдайы мен тиімді қолданылуы – кәсіпорынның сәтті қызметінің маңызды
шарттарының бірі.
Айналым қаражаттарын қаржыландырудың көздері меншікті және қаржылық
болып бөлінеді. Меншікті қаражаттар қорлардың айналымын ұйымдастыруда
маңызды рөльді иемденеді. Себебі коммерциялық негізде қызмет ететін
кәсіпорындар істі рентабельді жүргізу үшін және қабылдайтын шешімдеріне
жауапкершілікке тартылуы үшін белгілі бір деңгейдегі мүліктік және
оперативтік тәуелсіздікке ие болуы қажет [12, 76 б.].
Айналым капиталын қалыптастырушы меншікті, қарыздық және тартылған
қаражаттар көздері арасындағы дұрыс қатынас кәсіпорынның қаржылық жағдайын
тұрақтандыруда маңызды рөль алады.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындарда айналым
қаражаттарының жағдайы нашарлады. Дегенмен де отандық кәсіпорындар айналым
қаражаттарын басқарудың жаңа модельдерін өз еркімен қабылдап, оны жағдайын
жақсарту жолдарын іздестіруі қажет.

2. АЙНАЛЫМ ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ (ФИРМА СТРОЙ-ИНВЕСТ
ЖШС МЫСАЛЫНДА)

2.1 Кәсіпорынның айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау
және оның экономикалық тиімділігін бағалау

Фирма Строй-Инвест жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес құрылған, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның айналым капиталын басқару
Кәсіпорынның айналым қорын бағалау
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы айналым капиталы
Ақшалай қаражат қорлардың экономикалық мазмұны
Компанияның айналым капиталы
Айналым қаражаты
Кәсіпорын капиталының құрылымы
Айналым капиталы түсінігі
Кәсіпорындағы неізгі өндірістік қорлары
Кәсіпорынның айналым қоры
Пәндер