Заңдылық пен құқықтық тәртіптің қалыптасуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің түсінігі, белгілері
  2. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің қалыптасуы

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП ЖӘНЕ ОЛАРДЫ НЫҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ

2. 1 Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру жолында заңдылықты нығайтуда шет мемлекеттері тәжірибелерінің үлгісі

2. 2 Елімізде құқық қорғау органдарының заңдылықты нығайтудағы рөлі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ:

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасындағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің заңда көрсетілген әдістері мен кепілдері, заңдылық пен құқықтық тәртіпті тікелей іске асыратыноргандардың қазіргі таңда атқаратын қызметі, іске асыру жүйесі және органдардың құқықтық мәртебесі, сонымен қатар, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту барысында өзекті проблемалар және оның қысқа ұтыымды шешу жолдары.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан республикасы тәуелсіздік алғалы бері бүгінгі күнге дейін, яғни 25 жыл ішінде құқықтық тәртіпті орнату, құқықтық сана қалыптастыру барысында үлкен белестерден өтіп атқарылған еңбек аз емес. Дегенмен құықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту мәселесі өзекті және әлі де қоғам ішінде қалыптасқан түсініктен демократиялық модельге ауысу үрдісі өз межесіне жеткен жоқ.

Диплом тақырыбымның өзектілігін анықтау үшін бүгінгі таңда мелекетімізде орын алып жатқан құқықтық тұрғыдан проблемаларға тоқталдым. Бәрімізге мәлім елімізде «заң тұрақсыздығы» белең алуда және үақыттың өтуімен бұл мәселенің жылдамдығы да күшеюде. Сонымен қатар осы заң жобалары қабылданған кеінгі нәтижеге көп көңіл бөлінбейтіндігі өз алдына тағы бі мәселе.

Бүгінгі таңда, заң жобасы талқыланып, қолданысқа енгізілгеннен соң, практика жүзінде талаптарын өзгеріске ұшыратпастан орындау және оны қадағалау мемлекеттің, халықтың тағдыры үшін өте маңызды іс. Себебі, еліміздің ғана емес, қоғамымыздың әлеуметтік, мәдени, құықтық дамуы заңның тұрақтылығы мен оның орындалуына тікелей байланысты. Ал мемлекетімізде заңдылық сақталмаса, үстем тап басқа азаматтардың құқықтарымен бостандықтарына нұқсан келтірсе, құқықбұзушылықтар көбейсе «азаматтық қоғам» моделі әлі де арман болатыны анық. Осы проблемелардың алдын алу үшін Қазақстан Республикасының әр бір азаматы ат салысып, аянбай тер төгуге міндеттіміз.

Мемлекетпен шығарылған заңдарды сақтау талабы баяғыда, өте ерте кезде белгіленген. Заңдылық нормаларды іске асыру процесі, ал заңдылықтың режимі, ол құықтықтық қатынас субьектілері арасында міндетті және ерікті нормалардың іске асыру жағдайы. Басқа сөзбен айтқанда, заңдылықтың әрекеті арқасында қоғамда құқықтық тәртіп құрылады, оның мақсаты қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Яғни, заңдылықпен құқықтық тәртіп - қатынастарды реттеп, басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты, әділеттікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның эканомикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени және тағы басқа даму бағыттарын қамтып, реттеп, басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Констетуцияда және заңдарда көрсетілген. Оларды қамтамасыз ету де бүкіл қоғамның, әсіресе, мемлекеттің атқаратын қызметінің негізгі бағыты.

Өкінішке орай елімізде қылмыстың саны өсуі байқалуда. Осыған дәлел ретінде Алматы қаласының өзінде 2015 жылға құқыққорғау органдарына 10946 өтініш келіп түскен. Жалпы мемлектімізде 2013 жылы 359 844 қылмыс тіркелген, ол 2012 жылға қарағанда (287 681) 72 163 қылмысқа өскен. Сонымен қатар мемлекттік, құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің өздерінің құқықтарын асыра пайдалануы, заңды жеңіл бұзуы да мемлекетімізде аз емес. Оның бірден-бір себебі өздерінің құқықтық санасының қалыптаспағандығы, оның нәтижесі жауапкерсіздгі, кәсіптік - құқықтық дайындығының аздығы, басшылық тарапынан қызметкердің жұмысына жүйелі және пәрменді бақылаудың жоқтығы, жағымсыз моральдік - психологиялық ахуал т. б. Демек біздің талқыланып отырған проблема үш есе ауырлықта және басты өзекті тақырып. Бірақ әрбір проблема өз шешілу жолдарымен бірге жаратылады, проблема беріледі ал оны шешу жолы бізге қалдырылған. Сондықтан Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан осы тақырыпты таңдау азаматтық борышым деп таптым. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің өзі, яғни заңсыздыққа жол бермеу, онымен күресу, оған қарсы шара қабылдау деген сөз. Оған қарсы қабылданған шаралар жөнінде, кепілдер жөнінде мен әрі қарай бөлімде ашып қарастырамын. Қоғамды демократиялық жолмен қайта құру кезеңінде заңдарды формальді түрде емес, қайта әлеуметтік әділеттілік принциптерінде және заңның рухына дәлме дәл сәйкес орындау маңызды. Бұл орайда Солонның: «Өзі шығарған заңын орындамаған мемлекет түбі құлап тынады» деген сөздерді есіне түсіреді [1, 9 б] .

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту үщін, алдымен оған кедергі келтіретін аспектілерді жою өте маңызды. Олар: қылмыстықты күшейтетін; құқық бұзушылықтарды жасауға жағдай жасайтын; заңды бұзуға әкелетін барлық объективтік факторларды жою қажет. Содан кейін заңдылық пен құқықтық тәртіпті күшейтетін алғшарттарға қолайлы моральдік - психологиялық орта қалыптастыру керек. Осындай қоғамда «азаматтық қоғам»моделін қалыптастыру менің ойымша барлығына қолайлы және нәтижесіне қарай азаматтарда ынтылындыру механизмі автоматты түрде қосылады. Адамгершілікке сай, сау қоғам заңның және біркелкі құқықтық тәртіп жағдайында жұмыс істейтін қоғам.

Қосымша осы схеманың, жүйенің мемлекетімізде тек заңдылық мен құқықтық тәртіпті нығайтып қана қоймай сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік шиеліністерді жойып, тұрақтандырып, халықтың әл-ауқатын арттырып, материалдық жағдайы жақсартып, экономикамызды жоғарлататынына сенімдімін.

Әрине заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда басты қозғаушы күш мемлекеттік басқару мен саяси жүйеге түседі. Біртұтас мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлу қағидасына негіздеп жүзеге асыру идеясы үлкен демократиялық потенциалды дәлелдейді. Мықты мемлекеттік билік тұрақты, қоғамда мойындалған және қабылданып жатқан құқықтық нормалардың орындалуын қамтамасыз ете алатын билік.

Қазақстан Республикасының Конституциясынының 1 бабының 1 тармағында «Қазақстан Республикасы өзін демокртиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі» деген ұстанымдарды мақсат етсек, мәңгілік елге айналу әрине мүмкін [2] .

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда мемлекеттік органдардың табиғатын ашуда және олардың қызметін жетілдіру ісінде, теориялық тұрғыдан заңдылық пен құқықтық тәртіпке сипаттама беруде Ресейлік ғалымдар белгілі дәрежеде үлкен еңбектер жасап үлгерді. Олардың қатарында Манова Г. Н., Алексеев С. С., Самощенко И. С., Хропанюк В. Н., Марченко М. Н. бар. Еліміздің заң ғылымында бұл мәселемен мемлекет теориясы аясында Табанов С. А., Қопабаев Ө. Қ., Ағдарбеков Т. А., Сапарғалиев Ғ. С., Ибраева А. С., Жоламан Қ. Д. және т. б. айналысуда. Сонымен қатар заңдылық пен құқықтық тәртіптің жалпы аспектілері бірқатар практиктердің еңбектерінің негізінде қолданбалы тұрғыда қарастырылған болатын.

Зерттеу жұмысының объектісі . Дипломдық жұмыстың объектісі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері.

Диплом жұмысының мақсаты . Диплом жұмысының негізгі мақсаты - заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мәселелерін теориялық, практикалық тұрғыдан іске асыру жолдарын көрсету көзделеді. Қазақстан Республикасында заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту әдіс тәсілдерінің бағыттарын айқындау.

Зерттеу міндеттері :-заңдылық пен құқықтық тәртіп туралы, оларды қамтамасыз ететін кепілдер мен әдістер жөніндегі ғылыми және арнайы әдебиеттермен танысу, оларға талдау жасау.

-заңдылық пен құқытық тәртіпке түсінік беріп, оларды қамтамасыз ету кепілдерінің әрқайсына тоқталып, мазмұнын ашу және рөлін көрсету.

-заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету кепілдерінің қазіргі кездегі жағдайы; бұл жағдайда келу жолдары; келешектегі одан әрі дамыту жолдары және қабылданып жатқан шараларды сипаттау.

-заңдылықты қамтамасыз етудің негізгі кепілі - құқықтық кепілдік. Құқықтық кепілдіктің жүзеге асырлуы; қоғамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарының заңды, тиімді қызметіне тоқталу.

Диплом жұмысының әдіснамалық негіздері : Зерттеу жұмысы ҚР Конституциясына, ҚР Конституциялық заңдылықтың жай - күйі туралы ҚР-ның Конституциялық Кеңесінің Жолдауына, Қазақстан - 2050 Жолдауына, Құқықтық саясат тұжырымдамасына, қылмыстылықпен күрес пен құқықтық тәртіпті күшейту заңдарына сүйенеді.

Қорғауға ұсынылған ережелер. Диплом жұмысында қорғауға шығарылатын негізгі ережелерге мыналар жатады:

Заңдылық пен құқықтық тәртіп - қоғам өмірінің басты әлеуметтік құндылығы, адамзаттың өмір сүруінің негізі. Оларды қамтамасыз ету жетілдіру бүкіл қоғамның, әсіресе, мемлекеттің атқаратын қызметінің негізгі бағыты.

ҚР заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін органдар еліміздің

тәуелсіздік алуына байланысты, қалыптасып, орнықты; Бұл органдар қызметінің құқықтық негізі ҚР нормативтік құқықтық базаға сүйенетін күрделі жүйенің көрінісі болып табылады;

-Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту үщін, алдымен оған кедергі келтіретін аспектілерді жою өте маңызды. Олар: қылмыстылықты күшейтетін; құқық бұзушылықтарды жасауға жағдай жасайтын; заңды бұзуға әкелетін барлық объективтік факторларды жою қажет.

-Заңдылық пен құқықтық тәртіпті күшейтетін алғышарттарға қолайлы моральдік - психологиялық орта жатады, Осындай қоғамда «азаматтық қоғам»моделін қалыптастыру менің ойымша барлығына қолайлы және нәтижесіне қарай азаматтарда ынтылындыру механизмі автоматты түрде қосылады.

-Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту қоғамдағы әлеуметтік шиеліністерді жойып, тұрақтандырып, халықтың әл-ауқатын арттырып, материалдық жағдайы жақсарту, экономикамызды біртіндеп нығайту заңдылық пен құқықтық тәртіпті реттеп, қалыпты күйге келтірудің басты жолдары.

Диплом жұмысының құрылымы : Кіріспе, 2 бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде диплом жұмысының өзектілігі, мақсаты, міндеті, объектісі, әдіснамалық негіздері және де жұмысқа жалпы сипаттама жазылады. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету кепілдері мен әдістерінің теориялық негіздері, түсініктері, қазіргі кездегі даму жағдайы мен проблемалары туралы айтылады. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудың кепілдері мен әдістерінің ҚР-да қазіргі және болашақ тәжірибесі, шет мемлекеттердің тәжірибелерінен үлгі алу, құқық қорғау органдар қызметін жетілдіру мәселелері туралы айтылды. Қорытындыда зерттеудің нәтижелері, ұсыныстар жазылады.

1 ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің түсінігі, белгілері

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мәселелерін қарастырмай тұрып, жалпы заңдылық пен құқықтық тәртіпке түсінік беріп қалыптасу жолдарын түсіндіре кетейін.

Заңдылыққа әлеуметтік процестерге байланысты әр түрлі түсінік беріледі:

а. Заңдылық - қоғамдық өмірдің саяси режимі;

ә. Заңдылық - мемлекеттік орган қызметінің принципі;

б. Заңдылық - заңдарды орындаудың қатаң талабы және т. б;

Заңдылықтың қалыптасуы мемлекеттің, құқықтық жүйесінің, заң шығарушы қызметінің қалыптасуымен пара-пар. Осы процестердің қалыптасуы бұл бір мемлекет және саяси-құқықтық өмірдің тікелей көрінісі. Адам баласының дене бітімі іспеттес жоғарыда айтылған құбылыстардың өз ара іс қимылы бір заңдылық жүйесін құрайды. Сонымен қатар билігті үш арнаға бөлу принципі заңдылықты іске асыру үшін қалыптасқан. Заң шығару, Атқару және Сот билігі заңдылық принципі негізінде әрекет етеді және заңдылық принципін іске асыру барысындағы олқылықтар мемлекеттің бір қалыпты дамуы, экономиканың, мәденметтің көтерілуі және азаматтық қоғам орнатуға елеулі зиян келтіреді.

Алексеевтің еңбегінде «заңдылық» ұғымын тар және кең мағыныды қарастырған. «Тар құқықтық мағынасында, заңдылық бұл барлық құқықтық нормаларды мүлтіксіз орындау, ал, кең мағынада, заңдылық - тұлғаны, азаматтарды заңсыздық пен хаостан, анархиядан, тәртіпсіздіктен, зорлық-зомбылықтан сақтайтын қоғамдық-саяси режим» [3, 112 б] . Осы теорияға құлақ асатын авторлар аз емес. Демек заңдылық тек қана саяси-құқықтық режим аясында ғана емес, қолдану аясын кеңінен алуымыз қажет. Байқасаңыз Алексеев интонацияны екі мағынада да құқықбұзушылықтың алдын алу институтына түсірген. Яғни, азаматтардың құқықтық танымын көтеру, мүдделерін, құқықтық мәдениетін, барлық субъектілердің құқықтық тәртіптің маңыздылығын біліп, құқық бұзудың зияндылығын болғызбау қажеттілігін талап етеді.

Заңдылықты құқық шығармашылықтың принципі ретінде қарастыруға болады. Себебі мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, олардың лауазымды адамдырының барлық әрекеттері нормативтік құқықтық актілерде бекітілген. Ал заңдылық өз кезегінде осы нормативтік құқықтық актілердің қабылдануында және жүйеленуінде көрінеді. Заң шығарушы өзінің шығармашылығында құқықтың идеясына және принципіне бағынады. Конституцияда бұл ұғымдар қатаң түрде белгіленген заңдардың құқық - шығармашылық жолдармен жүреді, өйткені, заңдылық азаматтардың қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдар қызметтерінің принциптері, ал жоғарыда көрсетілгендердің лауазымды адамдарына, азаматтардың тәртібіне конституциялық дәрежедегі талап қойылады.

Дегенмен, құқық принципі және заңдылықтың талабы бірдей болмайды. Біріншісі, құқық принциптерін іске асыру құралы, құрылымында онымен сай келеді. Заңдылықтың талабы - жалпы құқық принциптерінің өміріне сіңетін заңды құрал. Сонымен қоса, заңдылықтың өзі, құқық принциптерін басқарушылардың бірі болып табылады [4] .

Заңдылықтың негізгі талаптары:

1. Заңның басқа құқықтық актілер алдындағы үстемдігі.

2. Заңның мемлекет аумағында біртұтас және толық тең дәрежеде қолданылуы.

3. Азаматтардың қорғану барысында заң алдындағы теңдігі және олардың құқықтары мен міндеттерінің заң және сот алдындағы тең құқықтығын көрсетеді.

4. Азамат өзінің құқығы және еркіндігін іске асырғанда, басқа азаматтың құқығы мен еркіндігін бұзбауға міндетті.

5. Заңдылық пен сәйкестікті қарсы қоюға болмайды.

6. Құқық бұзушылықтың алдын алу және олармен тиімді күрес.

7. Азаматтық қоғам мақсат ретінде және мемлекет субъектілерінің арасындағы қатынастарды құқықтық реттеу нәтижесі.

Заңдылық бірқатар негізгі белгілермен сипатталады:

Біріншіден, заңдылықтың маңыздылығы оның жалпылығында. Заңды нормаларға сәйкес әрекет ету және оны бұбау, кезкелген құқықтық әрекет ету аясындағы тұлғаларға қатысты және барлығына бірдей қолданылады. Мемлекет белгілеген құықтар мен міндеттерден тыс ешкім әрекет ете алмайды және мемлекетте өз кезегінде жеке адамның заңды құқығын қорғауды қамтамасыз етуден бас тарта алмайды. Құқықтық қатынастар мен реттеудің басты субъектісіне азамат, оның өмірі және денсаулығы жатады. Мемлекет әзінің азаматтарының мүдделерін қанағаттандыруға және әлеуметтік қамтамасыз етуге міндетті. Жалпылық, заңдылықтың негізгі белгісі ретінде, мемлекетке қалай қатысы болса солай мемлекеттің әр бір азаматыны қатысты. Егер мемлекеттің азаматтарына қатысты заңдарында азаматтарының мүдделері көрсетілсе, құыққтық актілер міндетті түрде іске асырылуы тиіс. Айта кетуіміз керек, мемлекеттің жеке мүдделердің барлығын есепке алу және қанағаттандыру физикалық және моральдік тұрғыдан өте қиын немесе мүмкін емес. Дегенмен, заң шығару қызметі арқылы азаматтарына, меншікті игілігімен және қызметіндегі бостандығымен тәуелсіз басқаруына мүмкіндік жасай алады және міндетті.

Құқықтық актілердің жалпылығын сақтауды мемлекетпен оның органдары қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекет өз жүйесінде ұйымдастырушылық, материалдық және мәжбүрлеу құралдарын топтастырып, азаматтардың құқықытары мен мүдделерін әлеуметтік қамсыздандырып бір тұтас саяси режим құрайды. Азаматтардың өздері мемлекеттік-құқықтық құрылымдарсыз қоғамдық өмірде жағдайды (режимді) құра алмайды. Заңдылықты шығарушы және қорғаушы болу үшін, мемлекет өзінің биліктік функциясын ағымдағы заңдардың негізінде және соған сай жүргізу қажет. Ол бір мезгілде, кез келген құқық бұзуды өзінің органдары және лауазымды адамдары жағынан сол сияқты, азаматтар жағынан тыйым салуға міндетті.

Жалпылық, заңдылықтың маңызды белгісі ретінде заңды актілерді қатаң орындау, барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық шаруашылық ұйымдардың және азаматтардың қызметтерінің негізгі жалпы қағидасы болып табылады.

Екіншіден, құқық пен заңды нормалар заңдылықпен бөлінбейтін тығыз байланыста болады. Елдегі заңдылық деңгейін, оны бағалау мүмкіндігін мемлекеттегі орын алып жатқан құқытық процестер, қоғамның дамуы және азаматтардың құыққа қажеттілігіне байланысты анықтауға болады. Егер мемлекетте тек жеке азаматтардың ғана құқықтары мен мүдделерін қорғаса, немесе белгілі бір әлеуметтік топтарды қарастырған болса-заңдылық жоқ деген ұғымға саналады.

Сондықтан заңдылық принципі құқықтық мемлекетте екі фактордың болғанын қалайды:

  • Қоғамдық прогрестің талабына сай жетілген, дәл шығарылған заңдар.
  • Мемлекеттік органдармен, лауазымды азаматтармен және әртүрлі құрылымдармен, заңдардың және заңға қосымша актілердің ұйғарымымен толық және мүлтіксіз іске асыру [5, 88 б] .

1. 2. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің қалыптасуы

Заңдылықтың қоғамдық құбылыс ретінде қалыптасуына байланысты заң әдебиеттерінде екі көзқарас қалыптасқан. Бір авторлар заңдылықтың барлық кезде бірдей болмағандығын, яғни қоғам мен әр уақыттың ұстанымдары мен құндылықтарына байланысты өзгеріп отырғанын тілге тиек етеді. Мысалы ежелгі Египетте құлдық сананың үстем болғандықтан жеке адамдардың құқығы зорлық пен қатал бұзылған, сондықтан заңдылық болмаған. Басқа авторлар заңдылықтың әр қоғамда мемлекет пен құқық болғанда өмір сүргендігін мойындайды, себебі қоғам және мемлекет екеуі де, заңдардың орындалуын жақтайды.

Заңдылық ол заңдарды іске асыру процесі, ал заңдылықтың режимі, қоғам өмірінің әлеуметтік жағдайы, яғни азаматтық қоғам бейнесі, онда құқықтық қатынастардың субъектілері өздеріне заңмен берілген құқықты пенміндетті еркін іске асыра алады. Заңдылық қоғам өмірінде құқықтық тәртіптің алғышарты, ол құқық нормаларына сай келеді. Басқа сөзбен айтқанда, заңдылықтың үстемдігі арқасында қоғамда құқықтық тәртіп құрылады, оның мақсаты қоғамдық қатынастарды реттеу, әділеттілік орнату болып табылады.

Құқықтық тәртіп - құқық жүріс-тұрыс ережелеріне сай әрекет ету, барлық құқық субъектілерінің дәл және толық орындауы нәтижесінде белгіленетін қоғамдық қатынастардың жүйесі. Құқықтық тәртіп, біздің эрамыздағы азаматтық қоғамның анық негізін құрайды. Қоғамдағы құқықтық тәртіптің сапасы және деңгейі, көп жағдайда барлық қоғаммүшелерінің құқыққа сай мінез-құлықпен белгіленеді. Құқықтық тәртіптің бірқалыпты және нәтижелі болуы үшін экономика қызмет жасайды, ал заң шығару, атқару, сот биліктері қоғам ішінде орын алған қателер мен олқылықтардың алдын алу сонымен қатар оларды түзеу, қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады. Осылайша қоғам үйлесімділікке қол жетеді, қоғамдық және жеке ұйымдардың қызметтерінде белсенділік пайда болып, адамның еркін дамуына кепілдік болады, олардың материалдық және рухани қажеттілігі толық қанағаттандырылады.

Құқықтық тәртіпті орнатуға қоғамдық қатынастарды реттейтін барлық институттар ат салысады. Олардың өз ара іс қимылы қоғамдық тәртіптің негізін құрайды. Құқықтық тәртіпті жүзеге асырушы механизмдері келесідей:

  • Құқық нормалары - құқықтық тәртіптің нормативтік алғышарты, құқықтық реттеу механизмінің жүйесін, тәртібін, орындалу кезектілігін жасайтын заңды иммунитеті бар анықтама.
  • Құқықтық қатынас - құқықтық реттеу механизмінің жүйесін, тәртібін, орындалу заңды иммунитеті бар анықтаманы қолдана отырып субъектілер арасында орын алатын процесстердің жиынтығы, заң шығарушымен белгіленген құқықтық тәртіп. Осы кезеңде, құықтық реттеу механизміне қосылатын заңдылық, ол субъектілер арасындағы мүмкін болатын және міндетті тәртіптеріне кепілдік ретінде де қызметін атқарады.
  • Құқық нормаларында белгіленген құқықтар мен міндеттілікті іске асыру процесстері құқықтық тәртіптің алғышарттары болып табылады. Заңдылық режиміне байланысты құқықтық қатынастардың субъектілернің құқықтары және міндеттері олардың санасына сіңеді және қоғамдық қатынастар жүйесінде қолданылатын негізгі құрал қолданып, азаматтық қоғам құрады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП АРАҚАТЫНАСЫ
Заңдылықтың түсінігі және қағидалары
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің түсінігі мен қағидалары
Құқық және заңдылық, құқықтық тәртіп
ЗАҢДЫЛЫҚ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТӘЖІРИБЕ
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің әлеуметтік маңызы
Заңдылық және құқықтық тәртіп
Қоғамдық қатынастардың жағдайы құқық нормалардың талабына сәйкес болса - құқықтық тәртіп
Заңдылық құқықтық мемлекеттегі қоғам өмірінің жағдайы ретінде
Мемлекет және құқық теориялық негіздері және әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz