Жас балаларды жүзуге оқытудың әдістемелерінің сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ

Олимпиадалық спорт факультеті

Гимнастика және жүзу кафедрасы

Сұлтаналина Айгүл

Жас жүзгіштердің бастапқы оқыту кезеңіндегі мүмкіндіктерін бағалау

5В010800 - «Дене шыныктыру және спорт»

Жүзу мамандануы

Алматы, 2016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ

Олимпиадалық спорт факультеті

Гимнастика және жүзу кафедрасы

«Қорғауға жіберілген»

Кафедра меңгерушісі

п. ғ. д., доцент

А. С. Жуманова

«»2016ж.

«Жас жүзгіштердің бастапқы оқыту кезеңіндегі мүмкіндіктерін бағалау» тақырыбына жазылған дипломдық жұмыс

Мамандық 5В010800 Дене шыныктыру және спорт

Мамандану: Жүзу

Орындады: 4 курс ОСФ - 4 тобының студенті / /Сұлтаналина А.

Ғылыми жетекшісі:

Аға оқытушы / / Бүхарбеков Б. Б.

Алматы, 2016

МАЗМҰНЫ

Нормативтік сілтемелер . . .
4
:
Нормативтік сілтемелер . . .: БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .
4: 5
:
Нормативтік сілтемелер . . .: КІРІСПЕ . . .
4: 6
: 1
Нормативтік сілтемелер . . .: БАСТАПҚЫ ОҚЫТУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖАС ЖҮЗГІШТЕРДІҢ ДЕНЕ ДАМУЫ ЖӘНЕ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ . . .
4: 7
: 1. 1
Нормативтік сілтемелер . . .: Бастапқы оқыту кезеңіндегі жас жүзгіштердің жас ерекшеліктері және дене дайындығы . . .
4: 7
: 1. 2
Нормативтік сілтемелер . . .: Жас балаларды жүзуге оқытудың әдістемелерінің сипаттамасы . . .
4: 9
: 1. 3
Нормативтік сілтемелер . . .: Дене қасиеттері мен спорттық бағдарды тестілеудің қазіргі заманғы мәселелері . . .
4: 12
: 1. 4
Нормативтік сілтемелер . . .: Жас спортшыларды спорттық іріктеудегі өлшемдер . . .
4: 15
: 1. 5
Нормативтік сілтемелер . . .: Жас спортшыларды жүзеге үйретудің арнаулы ерекшеліктері . . .
4: 16
: 1. 6
Нормативтік сілтемелер . . .: Жас балаларды жүзуге оқыту үдерісін тиімділендіруде техникалық құралдарды пайдалану . . .
4: 18
: 2
Нормативтік сілтемелер . . .: ЗЕРТТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ . . .
4: 22
: 3
Нормативтік сілтемелер . . .: ЖҮЗУМЕН МАМАНДАНУШЫ 7-8 ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖӘНЕ ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ДЕҢГЕЙІН ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ . . .
4: 26
: 3. 1
Нормативтік сілтемелер . . .: Жас жүзгіштерде морфологиялық көрсеткіштердің өсу динамикасы . . .
4: 26
: 3. 2
Нормативтік сілтемелер . . .: 7-8 жас шамасындағы жас жүзгіштерде дене қасиеттерінің өсу қарқынының динамикасы . . .
4: 30
: 3. 3
Нормативтік сілтемелер . . .: Жалпы төзімділікті дамыту деңгейін бағалау . . .
4: 31
: 3. 4
Нормативтік сілтемелер . . .: Жылдамдылық-күштілік мүмкіндіктерін дамыту деңгейін бағалау. .
4: 31
: 3. 5
Нормативтік сілтемелер . . .: Жылдамдылық қасиеттерін дамыту деңгейін бағалау . . .
4: 32
: 3. 6
Нормативтік сілтемелер . . .: Күштілік төзімділік көрсеткіштерінің дамыту деңгейін бағалау
4: 33
: 3. 7
Нормативтік сілтемелер . . .: Икемділік қасиетін дамыту деңгейін бағалау . . .
4: 34
:
Нормативтік сілтемелер . . .: ҚОРТЫНДЫЛАР . . .
4: 36
:
Нормативтік сілтемелер . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
4: 38


Нормативтік сілтемелер

Дипломдық жұмыста келесі стандарттарға сілтемелер қолданылды:

1 ГОСТ 7. 32-2001 Ғылыми-зерттеу жұмысының есептемесі. Рәсімдеудің жоспары және құрылымы.

2 ГОСТ 7. 1-2003 Библиографиялық жазба. Библиографиялық сиппаттау. Жалпы талаптар және рәсімдеу жоспары.

белгілер және қысқартулар

БЖСМ - балалар жасөспірімдер спорт мектебі

ЖДЖ - жалпы дамыту жаттығулар;

ЖДД - жалпы дене дайындық;

соғ/мин - соғу минутына

сек - секунд

м - метр


КІРІСПЕ

Өзектілігі. Қазіргі заманғы балалар жас өспірім спорты спорт педагогтарының, морфологтарының және физиологтарының жете назарындағы объект болып табылады. Спортты анатомиялық-физиологиялық қамтамассыз етудің негізгі мәселелерінің бірі болып жас спортшылардың морфофункционалды құрылымы туралы білімнің жетіспеушілігі болып табылады. Жаттықтырушылар өсіп келе жатқан ағзаның өсуі мен дамуын табиғи заңдылықтар ретінде қабылдай бермейді, бұл көп жылғы жаттығулардың сәттілігін төмендетеді және кей кездері жас жеткіншектің спорттан кетуіне алып келеді.

Ұсынылған жұмыс балалар жасөспірімдер спорт мектебінде (БЖСМ) жүзумен айналысатын 7-8 жас шамасындағы балалардың морфофункционалды сипаттамасына арналған. Бұл мәселе жаңа емес - ол арнайы әдебиеттің беттерінде қойылған. Осыған қарамастан, жүзумен айналысатын спортшылардың денесінің морфофункционалды құрылымының кейбір ерекшеліктері әлі де анық емес болып қалып отыр. Жүзуде жоғары спорттық-техникалық нәтижелерге жету көп жағдайда дененің ұзындығына, салмағына, жас шамасына, жеке сегменттердің өлшеміне, сонымен қатар, спортшылардың дене дайындығына байланысты. Жас жүзгіштердің дене бітімінің ерекшеліктері мен дене дамуына қойылатын талаптарды білу жаттықтырушыларға жаттықтыру үдерісін даралауға және спорттық нәтижелердің өсуін нақтырақ болжамдауға мүмкіндік береді.

Зерттеу нысаны - 7-8 жас шамасындағы жас жүзгіштерді дайындаудың оқу-жаттықтыру үдерісі.

Зерттеу пәні - 7-8 жас шамасындағы жас жүзгіштерді дайындау мен дене мүмкіндіктерін жеке бағалау әдістемесі.

Жұмыс мақсаты - спорттық жүзудің 7-8 жас шамасындағы балалардың дене дайындығына әсерін олардың болашақ мүмкінділіктерін анықтау мақсатында ғылыми негіздеу.

Тәжірибелік мәнділігі.

Зерттеу барысында алынған мәліметтер балаларды спорттық жүзу секциясына іріктеу барысында мамандардың өз оқушыларын дұрыс бағалаудың белгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Ұсынылып отырған тәжірибелік ұсыныстар:

  • жас жүзгіштерге оқу-жаттықтыру үдерісін ұтымды ұйымдастыруға;
  • кіші мектеп жасындағы ұлдар мен қыздардың морфофункционалды

ерекшеліктерінің даму деңгейіне ағымдық және сатылы бақылауды іске асыруды тиімді жүргізуге жәрдемдеседі.

І БАСТАПҚЫ ОҚЫТУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖАС ЖҮЗГІШТЕРДІҢ ДЕНЕ ДАМУЫ ЖӘНЕ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ

1. 1 Бастапқы оқыту кезеңіндегі жас жүзгіштердің жас ерекшеліктері және дене дайындығы

Бастапқы жүзуге үйрету барысында жас спортшылардың мүмкіндіктерін бағалаудың негізі олардың ағзаларының, оның ішінде жүрек-тамыр, тыныс алу және жүйке-бұлшық ет аппаратының қалыптасуы мен дамуымен анықталады. Әдетте, ағзаның жүйелерінің әртүрлі қалыптасуының бір қалыпты болмауы тікелей дене дамуы мен дене қасиеттерінің дамуына әсерін тигізеді. Қазіргі кезде жас спортшылардың дене қасиеттерінің даму ерекшеліктері туралы мәселе жан-жақты зерттелуде. [1] .

Спорт түрлерінде жетістіктерге қол жеткізу көбінде дене бітімі мен спортшылардың арнайы дайындығымен байланысты болады. Дене жүктемелері түрлі спортта спортшы ағзасына ерекше сипаттағы талаптар қояды. Жоғары санаттағы спортшылардың модельдік сипаттамасын анықтау түрлі спортта спорттық жетістіктерді анықтайтын көрсеткіштерге қол жеткізеді [2] .

Жүзу техникасын табысты игеруге келесі көрсеткіштер әсер етеді: жақсы жүзу мен жоғары гидродинамикалылық. Жүзгіштік пен гидродинамикалық қасиетке келесілер әсер етеді: дененің толық көлемі, конституционалды тип, дене пропорциясы, салмақ, тепе-теңдік, дененің беткі аумағы, өкпенің өмірлік сыйымдылығы.

Дене дайындығының деңгейі жүзу техникасын табысты меңгеруге мүмкіндік береді. Жүзуде басты дене сапалар: жалпы және арнаулы шыдамдылық, күштің дайындығы, бұлшық еттердегі қозғалғыштық, бұлшықтық топтардағы күштің шыдамдылығы, есу қозғалыстарында қатысатын бұлшық еттердің шыдамдылығы, сонымен қатар иықтық, тізе, сирақты-табандық бұлшық еттердің қозғалғыштығының жоғары деңгейі, жұлынның икемділігі[3] .

Дене сапалары дамуының көрсеткіштері мен дене бітімі көрсеткіштері өзара тығыз байланысты. Жүзу кезінде, яғни дельфин, брасс, кроль сияқты жүзу тәсілдерінде жоғары нәтижелер мен техникалық тиімділігі көп жағдайда күш дайындығы дәрежесіне тәуелді болады, ал басқа жағдайларда жүзушінің төзімділігі мен гидродинамикалық сапаларына тәуелді [4] .

Зерттеушілердің мәліметтері бойынша оқушылардағы бұлшық ет күшінің қарқынды өсуінің бірнеше кезеңдері белгілі: в 7, 10, 14 және 17 жас [5] . Ең алғаш рет байқалатын күштілік қасиеттердің дамуы 7 жасқа келіп, сосын 10 жаста байқалады. Ең алдымен, дененің ірі бұлшық еттері дамиды. Жеке бұлшық еттердің күшін дамытудың жас ерекшеліктері бойынша жасалынған зерттеулердің мәліметтерінен, білезік пен қалыптасқан күштері, білектің бүгушілері мен жазушылары және аяқтардағы бұлшық еттердің күштері өсуінің аса үлкен қарқыны жоғары мектеп жасында елеулі байқалады. Зерттеу мәліметтері бойынша [6], арқа мен білезік бұлшық еттері күшінің анағұрлым өсуі қыз балаларда 9-10 жасында байқалған. Ал, нақты дәлелденген, күштіліктің мықты өсу жағдайлары ұл балаларда 11-12 және 13-15 жасында байқалса, қыз балаларда 8-10 және 11-14 жасында белгіленген.

Төзімділікті дамытуға арналған спорттың бір түрі жүзу болып саналады. Сондықтан да, спорттың басқа да циклдық түрлері іспеттес, жүзудің бұл қасиеті спорттық жетістіктердің өсуінде анықтаушы қасиет болып саналады. Ғалымдар мен мамандардың көптеген зерттеулері төзімділіктің әртүрлі формалары мен түрлерінің, атап айтқанда, статистикалық және динамикалық, жалпы және арнайы, күштілік және жылдамдылық сияқты жас ерекшелік өзгерістеріне арналған. Физиологиялық тұрғыдан қарағанда, төзімділікт аэробтық және анаэробтық сипатта болуы мүмкін. Мектеп жасындағы балалардың төзімділіктін зерттеу жасауға көптеген озат ғалымдар мен мамандардың жұмыстары арналған. Статистикалық сипаттағы төзімділікті зерттей отырып, авторлар оның төменгі мектеп жасында елеулі өсуін байқағанын айтады. Осылайша, Городниченко Э. А. (2000) білезіктің статистикалық төзімділіктің көрсеткіштеріндегі аса қолайлы кезең 8-11 жасқа сәйкес келетінін айтып өтеді. Бұл кезең бойынша білезіктік динанометрде берілген күш салуды ұстап қалудың ұзақтығы 76%-ға көтерілген, 11 жастан 14 жасқа дейін - 11, 4%-ға, ал 14 жастан 17 жасқа дейін тек 10, 4%-ға дейін ғана көтерілген [7] . Зерттеушілердің мәліметтері бойынша [16], қыз балалардағы төзімділіктің бұл түрі 8 жастан 10 жасқа дейін едәуір жақсарады. Жылдамдық-күштілік сипаттағы төзімділіктің (мысалы, арақашықтықты екі аяқпен бірдей итеріп, секірулермен басып өту) байқарлықтай өсуі ұл балаларда 8 жастан 10 жасқа дейін, сонымен қатар 11 жасында байқалады. Энергиялық қамтамасыздандырудың аэробтық қайнар көздері есебіне қамтамасыз етілетін динамикалық сипаттағы төзімділік 12, 15 және 16 жаста, ал анаэробтық сипаттағы - 14 және 17 жаста едәуір өседі. Бұл қысқа және ұзын арақашықтықтардағы спорттық нәтижелердің өсуімен де сәйкес келеді. Жүзгіштің спорттық нәтижелерінің жастық динамикасы бойынша 800 және 1500 метрлік арақашықтық нәтижелерінің өсуі, әсіресе, 12 және 15 жаста қатты байқалады. Ал 16 жаста стайерлер әлемдік деңгейдегі нәтижелерге қол жеткізу жағдайлары да кездеседі. 50 және 100 метрлік арақашықтықтардағы алғашқы байқарлық нәтижелерге алдымен 14 жаста, кейіннен 17 жаста қол жеткізіледі. Спорттық нәтижелердің жастық динамикасы өзінің сипаты бойынша аэробтық және анаэробтық сипаттағы төзімділікті дамытудағы жастық динамикасы өзгерістерімен сәйкес келеді.

Жүзуге үйретудің бастапқы кезеңінде қозғалыс дағдылары дене қасиеттерді дамытудың белгілі бір деңгейінің базасында қалыптастырылатыны бәрімізге белгілі. Шұғылданушылардың дене қасиеттері білікті жүзгіштерге қарағанда нақты бір рөлді орындайды: олар арнайы жүзу дағдыларының пайда болуына ықпал жасайды. Үйлесімділік мүмкіндіктер жүзгіш үшін арнайы болған «суды сезіне алу» қабілетін қалыптастыруға, сонымен бірге суда тірек жасау дағдыларын игеруге ықпал жасайды. Көптеген мамандардың мәліметтері бойынша, егер де үйренуші қимыл-қозғалыс дағдысының арсеналына және негізгі дене қасиеттердің даму деңгейіне ие болатын болса, онда үйрету үдерісі тиімді жүзеге асырылады [20] . Дене қасиеттердің қажетті деңгейінің бар болуы, егер бұл дене қасиеттер тікелей суда дамытылатын болса, онда жүзудің спорттық тәсілдерінің техникасын үйрету үдерісін анағұрлым жеңілдетеді.

Бір қатар зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша, бір жағынан алғанда, жүзуге үйретуде жаттығуларды көп мәрте қайталап орындау арқылы қозғалыс дағдысы жақсарады, ал екіншіден, төзімділік, ептілік, үйлесімділік қабілеттер, күштілік секілді дене қасиеттерді дамыту деңгейін арттырады. Мұнда құрлықта дене қасиеттерді дамытуға бағытталған жаттығуларды көптеп пайдалану судағыға қарағанда қысқа уақыт аралығында дамыту мүмкіндігін береді. Бірақ, дене қасиеттерді суға ауыстыру көп уақытты талап етіп, көп жағдайларда сапалы тұрғыда жүзеге аспайды [21] . Егер де жоғары білікті спортшылар үшін (себебі жүзгіштер дене қасиеттер дамуының аса жоғары деңгейіне ие болулары керек және де олар жүзу техникасының тұрақты қозғалыс дағдысын игерген) бұл жағдай аса маңызды болмаса да, ал жаңадан үйренушілер, жүзу техникасын енді ғана игерушілер үшін мұның маңыздылығы өте үлкен [22] . Мамандар бұл жағдайды былайша түсіндіреді: жаңадан үйренушілер үшін өздерінің дене қасиеттерін білікті спортшылар сияқты аса жоғары деңгейге көтерудің қажеті жоқ, тек қана үйретудің тиімділігін қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтерілсе, соның өзі жеткілікті. Оқыту тәжірибесі бойынша, егер де оқушы қажетті деңгейде жылдам болмаса, онда бұл оқушының есу, есу қимылдарының қарқыны мен ырғағының сипатында көптеп техникалық кемшіліктер орын алады. Егер де оның иілгіштігінің көрсеткіші төмен болса, онда бұл жағдай тыныс алу мен қолдарды ауада алып өтуде дене қисаюының көбеюіне және қосымша тіке қарама-қарсылыққа себеп болатын, табан қимылдары серпінінің артып кетуіне әкеліп соқтырады. Жеткілікті деңгейде дамымаған күштілік оқушыға біртіндеп өсіп отыратын есу қимылдарын қысқа уақыт аралығында орындауға мүмкіндік бермейді [23] . Ал үйлесімділіктегі кемшіліктер жүзу техникасының нәтижелілігін төмендетіп, бұл күшею мен босаңсудың өзара жылдам ауысуының жүзеге асыру мүмкіндігінің болмауына, сонымен қатар «жабысудың» болмауына, яғни бір қолмен есудің екінші қолға үздіксіз берілуіне байланысты болады. Осылайша, дене қасиеттердің жеткілікті деңгейде дамымауы біріншіден, спорттық техниканы құрудағы қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға кері әсерін тигізуі мүмкін. Ал, екіншіден, жүзуге үйретудің орындалатын бағдарламасына сәйкес дене қасиеттерді дамыту өзіндік сипатқа ие болады.

1. 2 Жас балаларды жүзуге оқытудың әдістемелерінің сипаттамасы

Жүзуге үйрету әдістемесі - бұл жүзуге үйрету барысында қолданылатын әдістер мен тәсілдердің жүйесі болып саналады [24] . Бұл әдістер мен тәсілдердің жүйесі айналысушыларды белгілі-бір арнайы білімдер, дағдылар және біліктермен қаруландырады.

Оқытудың міндеттері:

- денсаулықты нығайту, оқушылардың ағзасын жан-жақты дамыту және шынықтыруға ықпал жасау;

- жүзуді өмірлік тұрғыда маңызды дағды ретінде меңгеру, гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;

- оқушылардың негізгі дене қасиеттерін даму деңгейін көтеру.

Оқыту әдістері - бұл ыңғайлы амалдар мен тәсілдер, оларды қолдану нәтижесінде қойылған міндеттер - жүзу дағдысын меңгерудің жылдам және сапалы тұрғыда шешімін табуға қол жеткізуге болады. Оқыту әдістері: сөз, көрнекілік және практикалық [25] .

Сөз әдісі айналысушыларда меңгеріліп отырған қимыл, әрекет жөнінде алғашқы түсінікті қлыптастырып, осы қимылдардың формасы мен сипатын түсінуге көмектеседі, қимыл жайлы түсінікті талдау білуге ықпал жасайды, қателіктерді табуға және жоюға жәрдемдеседі [26] . Бұл әдістерді пайдалана отырып, педагог үйренушілерге меңгеріліп тұрған қимыл жайлы түсінік қалыптастыруға, оның формасы мен сипатын, әсер етудің бағыттылығын түсінуге, жіберілген қателіктерді түсініп жетіп, жоюға көмектеседі. Көрнекілік әдістер оқушыларда үйреніліп отырған қимыл, әрекет жөнінде нақты түсінік қалыптастыруға көмектеседі [27] . Образды түсіндірумен қатар көрнекі түрде қабылдау оқушыларға қимылдың мәнін түсінуге, оны жылдам және берік тұрғыда меңгеруіне септігін тигізеді.

Көрнекілік әдістерге үйреніліп жатқан қимылды көрсету (немесе жүзу техникасын) ; оқу көрнекілік құралдарды пайдалану; жестикуляцияны кеңінен пайдалану. Олар үйреніліп жатқан жаттығуды көрсету, көрнекі құралдарды пайдалану (плакаттар, суреттер, кестелер, оқу фильмдері, видеоматериалдар және т. б. ) . Сонымен қатар, жүзуде дыбыстық (шапалақтар, ысқырықтар) және көру сигналдары (әртүрлі жесттер) кеңінен пайдаланылады.

Практикалық әдістер. Оған жаттығу әдісі, ойын, жарыс және т. б. әдістер жатады. Жаттығу әдісі тәсілдердің қимылдар элементтерін және тұтастығын меңгеруге бағытталған көп мәрте қайталауды көздейді.

Бұл топ практикалық жаттығулар әдісі, жарыс және ойын әдістерден тұрады.

Практикалық жаттығу әдістері шартты түрде екі топшаға бөлінеді:

1) көбінесе жүзу техникасын меңгеруге бағытталған;

2) көбінесе қозғалыс қасиеттерін дамытуға бағытталған.

Бұл екі топшалар спортшы ағзасының қозғалыс және функционалдық жүйелері арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз етуде өзара тығыз байланыста [28] .

Бірінші топшаның практикалық әдістері оқытуда кеңінен пайдаланылады. Мұнда негізгі міндет бұл - жүзудің спорттық тәсілдерінің техникасын меңгеру мен жетілдіру болып саналады.

Техниканы меңгерумен қатар қозғалыс қасиеттері де жетілдіріледі, күштілік, шыдамдылық, иілгіштік, үйлесімділік және т. б. даму деңгейі артады.

Бастапқы жаттығу кезеңдерінде жетекші орында екінші топшаның әдістері алады.

Жүзуге үйретуде келесі шаралар қолданылады: құрғақта жалпы дамытушы, арнаулы және имитациялық жаттығулар, жаттығулар жасау; суды игеру үшін дайындық жаттығулары; суға секірудің оқу жаттығулары; судағы ойындар мен сауықтар; жүзудің спорттық тәсілдері техникасын оқу және жетілдіру.

Жүзуге үйретуде қорытынды және имитациялық жаттығуларды қолдану қозғалыстар түрі, сипаты, амплитудасы, қарқынды -темптік құрылымы туралы жалпы ұғымды қалыптастыра отырып, құрғақта орындалады [29] . Жүзуді жылдамдатуға маңызды ықпал ететін дене тұрқы, тыныс техникасы және оны қол-аяқ қозғалыстарымен сәйкестендіру, негізгі техника элементтерін имитациялау болып табылады [30] . Мүнда ұсынылатын әдістеменің бірізділігі келесі тәртіпте беріледі: 1) құрлықтағы арнайы жаттығулар; 2) су ортасын игеруге арналған жаттығулар; 3) суға басымен сүңгу; 4) судың ішінде дем шығару; 5) суда статистикалық (баяу) жүзу; 6) суда сырғу; 7) екпеттеп, шалқалап кроль тәсілінде аяқтармен қозғалу; 8) екпеттеп, шалқалап кроль тәсілінде қолдармен қозғалу; 9) қолдарды шығармай, екпеттеп кроль тәсілімен жүзу; 10) қолдарды шығармай, шалқалап кроль тәсілімен жүзу; 11) қолдарды шығармай, екпеттеп және шалқалап кроль тәсілдерімен жүзу; 12) жүзудің спорттық тәсілдері: екпеттеп кроль тәсілі, шалқалап кроль тәсілі, брасспен жүзу.

Төменгі мектеп жасына дейінгі балалардағы жүзу дағдысын қалыптастыру негізінде B. C. Васильевтің [31] пікірінше, сырғуда көлденең қалыпты ұстаудың берік шартты рефлексін жасау, сонымен қатар қимыл-қозғалыстар мен тыныс алудың сәйкестілігін қамтамасыздандыру аса маңызды. Бұдан бөлек, қозғалыстарды тыныс алумен өзара қиылыстыратын жаттығуларды пайдалана отырып, жүзу техникасының элементтерін параллельді тұрғыда үйрену қажет етіледі. Үйрету кезеңінде балалар ағзасының су ортасына бейімделу ерекшеліктері тыныс алу және жүрек-тамыр жүйесінің аса байқалған өзгерістерімен сипатталады.

Шетел мамандары тарапынан төменгі мектеп жасы жүзуге үйретудің аса қолайлы кезеңі деп танылған. Осылайша, жүзуге үйрету жұмыстары Германия мемлекетіндегі жалпы білім беру мектептерінде 2-3 немесе 3-4 сыныптарда [44], АҚШ-та 7 жасынан [45] немесе 4-6 сыныптарда, ал Венгрия мен Австрияда 8 жасынан бастап жүргізіледі. Сағат санының көлемі 35-ден (Германия) 18 (Швейцария) аралығында ауысып отырады. Кейбір мемлекеттерде оқытудың міндетті курсы емтиханмен қорытындыланады (Швейцария) [46] . Сонымен қатар, шетел мемлекеттерінің мамандары арасында үйренілетін тәсілдердің бірізділігі туралы бірыңғай пікір жоқ. Австрияда жүзу техникасын үйретуді екпеттеп кроль тәсілімен бастап, сосын брасс және дельфин тәсілдері үйретіледі. Германияда үйрету жұмыстары брасс тәсілінен басталып, содан кейін шалқалап және екпеттеп кроль тәсілі, қолданбалы жүзу элементтері үйретіледі [47] .

Жалпы алғанда, жүзуге жаппай үйретудің мәселелері бойынша алынған мәліметтерді аналитикалық тұрғыда шолу жасау арқылы біз, жүзуге үйретудің әдістемелерін жетілдірумен байланысты болған мәселелердің әлі де болса, шешімін таппағанын байқадық.

1. 3 Дене қасиеттері мен спорттық бағдарды тестілеудің қазіргі заманғы мәселелері

Дене қасиеттері дамуы туралы білім алуда түрлі категориядағы (жас шамалық, жыныстық, кәсіби және т. с. с. ) адамдардың дене дайындығын сипаттау үшін бірыңғай тест мүмкіндігін орнату маңызды кезең болып табылады. Оның көмегімен жоғарыда айтылған әрбір дене қасиеттері даму деңгейін бағалауға болатын көптеген тест түрлері бар. Және осы көптілік дене қасиеттерді бақылаудың көптеген түрлерінің, өзінің тест кешенінің, өзінің бағалау әдісінің болуына алып келді.

Тестілеу әдістерін құрастырудағы басымдық америка ғалымдарына тиесілі. Оқушылардың дене дайындық деңгейін бағалауға арналған тесттер 1894 жылдан бастап қолданыла бастады, ал 1913 жылдан бастап жаппай тестпен әуестену басталды.

1958 жылы американың денсаулық, дене тәрбиесі және белсенді демалыс ассоциациясымен АҚШ-тың барлық мектептерінде қолданыла бастаған физикалық жарамдылық (таза америкалық термин) тесті құрастырылды. Олар күшті, жылдамдылық-күштілік сапаларын, шапшаңдықты, қозғалыстың ептілігі мен үйлестігін, сонымен қатар төзімділікті бағалады.

1986 жылы АҚШ-та президент Р. Рейганның ұсынысымен 6-дан 17 жасқа дейінгі жас өспірімдерге арналған арнайы бағдарлама жасалды. Ол «Президент шақыруы» деп аталады. Оның негізгі мақсаты - дене дайындықты сипаттайтын бес жаттығуды сәтті орындауға балаларды дайындау.

Президенттік тесттер құрамына келесі жаттығулар кіреді: 1 милге жүгіру; 4х30 м қайықты жүгіру; жату жағдайында денені бүгу; отыру жағдайында тік аяқпен алға еңкею; асылып созылу (ұлдар) және жиналған қолмен асылу (қыздар) .

Біздің елімізде ғылыми негізделген ұстаныммен тестілеу 1963 жылдан бастап жүргізіле бастады. БДТҒЗИ-да 6 жаттығудан тұратын тест батареясы жасалды. Жүрек-тамыр жүйесінің стандартты физикалық күшке бейімделгіштігін анықтау үшін функционалды сынамалар жүргізу ұсынылды. Бірақ мектепте бұл жүйе қолданысқа ие болған жоқ.

Күнделікті тәжірибе үшін орындауда қарапайым және арнайы үйренуді қажет етпейтін табиғи қозғалыстар, яғни 1-ші сынып оқушысына да, 11-ші сынып оқушысына да қол жетімді қозғалыстар қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі курсын педколледждерде оқытудың ұйымдастыру формалары
Оқыту принциптері
Дене жатығуларына сипаттама
Бастауыш сынып оқушыларына сандарды оқытудың тиімді әдістері
Ағылшын тілін қарқынды оқытудың принциптері
ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК САБАҚТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің ғылыми-теориялық негіздері
Жүзу кезіндегі аяқ қимылдары
Талантты және дарынды бала
Баланың денесін спорттық ойындар арқылы жаттықтыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz