Елтірілік қой - елтірісі үшін қозысы сатылатын қой тұқымы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті

Агроөнеркәсіптік институты

Ветериналық медицина және зоотехния кафедрасы

Диплом жұмысы

Тақырыбы: Елтірі бағытындағы қойларды құйрық пішіні бойынша сұрыптау нәтижелері

Аннотация

Бет Кесте Сурет Әдебиет

Елтірі, мал жұбын таңдау, құйрық, төл, жыныс, бұйра, конституция, тұқымқуалаушылық, адаптация, аллель, геном, ген, гормозиготты, гетерозиготты, іріктеу, жұптау, будандастыру, сұрыптау, интерьер, экстерьер.

Бұл дипломдық жұмыста Елтірі бағытындағы қойларды құйрық пішіні бойынша сұрыптау нәтижелері қарастырылады.

Жұмыстың мақсаты - елтірі бағыттағы қойларды құйрық пішіні бойынша жұптау арқылы олардың елтірі- ет- май өнімділігін жетілдіру селекциясының тиімділігін анықтау.

Мал шаруашылығы, оның ішінде қой шаруашылығы, Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісінің жетекші саласы. Еліміздің ет ресурсында оның алатын орны және үлесі зор. Сонымен бірге жеңіл өнеркәсіп үшін аса бағалы шикізат: жүн, қой терісі, қаракөл елтірісі де осы саладан алынады.

Көптеген зерттеулер арқылы қаракөл қой тұқымы генотипінің өте күрделі екендігі анықталған. Демек, қаракөл тұқымының генотипінің күрделі болуының өзіндік артықшылығы бар. Мысалы, олардың икемділігі, түрлі қиын жағдайларға бейімделгіштігі, тіршілікке қабілеттілігі, өнімділігін арттыру үшін «шағылыстыруға» ыңғайлылығы қаракөл елтірісінің түрлерін шығаруға мүмкіндік береді.

Қаракөл шаруашылығын интенсивтендірудің тиімділігін арттыратын бірден бір жол - қаракөл қойларын етті- майлы бағыттағы малдармен шағылыстырып, қос өнім беретін қой тұқымын шығару.

Бұл дипломдық жұмыста Қой тұқымын құйрықтарының түрі бойынша әр түрлі жұптау әдістерінің тиімділігін салыстырмалы зерттеу нәтижесінің жиынтығы арқылы анықтау жұмыстары жүргізілді. Олардың ата- енесін әр түрлі жұптауға байланысты елтірі белгілерінің тұқым қуалаушылық заңдылығы, өсіп- жетілуінің және еттілігінің ерекшелігі және селекцияланатын белгілердің өзгергіштігі анықталды.

Елтірі бағыттағы қойлар тобын тиімді жұптау әдістері анықталып, өнімі елтірі- етті- майлы жаңа құйрықты қой тұқымының өнімділігін арттыруға және тұқымдық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған асылдандыру шараларының нақты селекциялық міндеттері айқындалды.

Мазмұны

бет

Нормативтік сілтемелер
:
Нормативтік сілтемелер: Анықтамалар
:
:
Нормативтік сілтемелер: Белгілер мен қысқартылған сөздер
:
:
Нормативтік сілтемелер: Кіріспе
:
: 1
Нормативтік сілтемелер: Әдебиеттерге шолу
:
: 2
Нормативтік сілтемелер: Зерттеудің зерзаты және әдістемесі
:
: 2. 1
Нормативтік сілтемелер: Шаруашылықтың табиғи климаты және жайылым- азық қоры жағдайы
:
: 2. 2
Нормативтік сілтемелер: Зерттеу әдістемесі
:
: 3
Нормативтік сілтемелер: зерттеу нәтижелері
:
: 3. 1
Нормативтік сілтемелер: Елтірі жүн талшығы бояуының негізгі белгілерінің тұқым қуалауы
:
: 3. 2
Нормативтік сілтемелер: Сұр түсті қозылар реңін айқындайтын белгілер
:
: 3. 3
Нормативтік сілтемелер: Елтірі типтері және олардың сапалық көрсеткіштері
:
: 3. 4
Нормативтік сілтемелер: Құйрық пішінің тұқым қуалауы
:
: 3. 5
Нормативтік сілтемелер: Елтірінің тауарлық сипаттамасы
:
: 3. 6
Нормативтік сілтемелер: Қозылардың өсіп- жетілуі
:
: 3. 7
Нормативтік сілтемелер: Ет- май өнімділігі
:
: 3. 8
Нормативтік сілтемелер: Қойдың құйрық пішініне байланысты жүн өнімділігі
:
: 4
Нормативтік сілтемелер: Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
:
: 5
Нормативтік сілтемелер: Экология (қоршаған ортаны қорғау)
:
: 6
Нормативтік сілтемелер: Экономика
:
: 7
Нормативтік сілтемелер: Бизнес- жоспар
:
:
Нормативтік сілтемелер: Қорытынды
:
:
Нормативтік сілтемелер: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
:
:
Нормативтік сілтемелер: Қосымшалар
:

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Құйрық - қойдың құйрық және жол бөліміндегі жинақталатын май.

Төл - төл, жыныстық жағынан жетілмеген жас ұрпақ.

Мал жұбын таңдау - шағылыстыратын еркек және ұрғашы малдың жұбын таңдап алу.

Жыныс - дарақтың еркектік не ұрғашылық белгісі.

Адаптация - бейімделу, үйрену, дағдылану.

Елтірілік қой - елтірісі үшін қозысы сатылатын қой тұқымы.

Бұйра - қаракөл қозысы елтірісіндегі жүн түрінің қалпы.

Конституция - бұл жануарлардың биологиялық ерекшеклігі өміршеңдігінің интегралды көрсеткіші.

Тұқымқуалаушылық -жануарлардың кейінгі ұрпақтарына ататектік қасиеттерінің берілуі.

Аллель - альтернативті екі геннің (немесе бірнеше) бір формасы. Зиготаға аллельдің бірі шешесінен, екіншісі әкесінен түседі.

Геном - клетканың генетикалық құрамы.

Ген - тұқымқуалайтын ақпараттық бірлік.

Гормон - ішкі секреция бездерінен шығып, тікелей қанға және лимфаға қосылған зат.

Будандастыру - тұқымдары бөлек-бөлек малды шағылыстыру арқылы жүргізіледі.

Сұрыптау - тіршілік ортасы мен өндіріс технологиясы жағдайына жақсы бейімделген, адамға қажетті өнімі жағынан құнды малды іріктеп, таңдап алу.

Интерьер - малдың дене бітімі мен өнімділік бағытына байланысты ішкі физиологиялық, анатомиялық- гистологиялық және биохимиялық қасиеттерінің жиынтығын атайды.

белгілер мен қысқартылған сөздер

Бұл дипломдық жұмыста келесі белгілер мен қысқартылған сөздер берілген:

1. кг - килограмм

2. мм - миллиметр

3. r - корреляция

  1. mr - корреляция анықтылығы
  2. M± - орташа арифметикалық көрсеткіш
  3. m± - орташа арифметикалық көрсеткіш қатесі
  4. г - грамм
  5. см - сантиметр
  6. % - пайыз
  7. мкм - микрометр
  8. км - километр
  9. ж - жыл
  10. а - ай
  11. м - мың
  12. № - нөмір
  13. тг - теңге
  14. ұр - ұрғашы
  15. ер - еркек

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Президентіміз Н. Назарбаевтың жолдауы бойынша экономиканы әртараптандыру және шикізаттық емес секторды дамыту үшін аграрлық саясат саласында Үкімет оның салаларының өнімділігі мен кірісін өсіру, отандық өнімнің ұлттық бәсекелестік артықшылықтарын дамыту есебінен агроөнеркәсіп кешенін тұрлаулы дамыту бағдарламасын іске асыруы керек.

Мал шаруашылығы, оның ішінде қой шаруашылығы, Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісінің жетекші саласы. Еліміздің ет ресурсында оның алатын орны және үлесі зор. Сонымен бірге жеңіл өнеркәсіп үшін аса бағалы шикізат: жүн, қой терісі, қаракөл елтірісі де осы саладан алынады.

Мал шаруашылығының бірден бір негізгі саласы- қой шаруашылығы. 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі бағдарламасында осы салалардың өркендеуіне ерекше көңіл бөлінген.

Мұндағы алға қойған басты мәселе- халық тұтынатын заттарды өндіретін жеңіл өнеркәсіп салаларына қажетті шикізаттармен қамтамасыз етіп, сапасын жақсарта отырып және олардан алынатын өнімді көбейту көзделген.

Сондықтан бүгінгі таңға дейін тұтынушылар талабын қанағаттандыратын қой шаруашылығы саласында жүргізіліп жатқан асылдандыру жұмыстары өндірілетін өнім түрінің сапасын жақсартуға және өндірілетін өнім түрлерін көбейтуге бағытталған.

Сонымен қатар, қой шаруашылығындағы маңызды саласының бірі- қаракөл шаруашылығы болып табылады. Қаракөл қойынан негізгі өндірілетін өнімдердің бірі - қаракөл елтірісі.

Дегенмен де селекцияны мал өнімінің бір түріне бағыттап, қалыпты болатын зауыттық елтірі типтер шығару жеткіліксіз, яғни, жоғары сапалы ет, әрі елтірі беретін, тез өсіп- жетілетін қой тобын шығару қазіргі заман талабына сай тиімді. Сондықтан туылған кезінде және одан кейінгі кезеңдерде өсіп- жетілу дәрежесі жоғары жаңа қой тобын шығару- ғылыми теориялық ізденістерге міндеттейді.

Қазіргі кезде нарықтық экономика жағдайында селекцияны мал өнімдерінің бір түріне бағыттау тиімсіз. Себебі, өсіріліп жатқан қаракөл қой тұқымының бір бағыттағы өнімділік қасиеттері халық шаруашылығының бүгінгі таңдағы қажетін өтей алмай отыр. Бұл қаракөл қойының биологиялық мүмкіндіктерін селекцияда толық пайдалау өз деңгейінде еместігін байқатады.

Көптеген зерттеулер арқылы қаракөл қой тұқымы генотипінің өте күрделі екендігі анықталған. Демек, қаракөл тұқымының генотипінің күрделі болуының өзіндік артықшылығы бар. Мысалы, олардың икемділігі, түрлі қиын жағдайларға бейімделгіштігі, тіршілікке қабілеттілігі, өнімділігін арттыру үшін «шағылыстыруға» ыңғайлылығы қаракөл елтірісінің түрлерін шығаруға мүмкіндік береді.

Қаракөл шаруашылығын интенсивтендірудің тиімділігін арттыратын бірден бір жол - қаракөл қойларын етті- майлы бағыттағы малдармен шағылыстырып, қос өнім беретін қой тұқымын шығару.

Зерттеудің мақсаты - елтірі бағыттағы қойларды құйрық пішіні бойынша жұптау арқылы олардың елтірі- ет-май өнімділігін жетілдіру селекциясының тиімділігін анықтау.

Зерттеудің міндеттері - бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

- елтірі бағытындағы қойлардың ата- енелерінің құйрықтарының түрі бойынша әртүрлі жұптағанда, шаруашылыққа құнды белгілердің тұқым қуалаушылығын зерттеу;

- қос өнім беретін малдардың ұнамды типін анықтау;

- елтірілі- етті- майлы бағыттағы жаңа құйрықты қой тұқымын шығару селекциясы тәсілін жетілдіру.

Зерттеудің жаңалығы. Қой тұқымын құйрықтарының түрі бойынша әр түрлі жұптау әдістерінің тиімділігін салыстырмалы зерттеу нәтижесінің жиынтығы арқылы анықтау жұмыстары жүргізілді.

Елтірі бағыттағы қойлар тобын тиімді жұптау әдістері анықталып, өнімі елтірі- етті- майлы жаңа құйрықты қой тұқымының өнімділігін арттыруға және тұқымдық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған асылдандыру шараларының нақты селекциялық міндеттері айқындалды.

Жұмыстың практикалық маңызы. Елтірі бағыттағы қойларды құйрық пішіні бойынша сұрыптау нәтижесінде олардың елтірі- ет- май өнімділігін артыратын сұрыптаудың тиімді тәсілі анықталды және ол экономикалық тұрғыдан негізделді.

Құйрық пішіні бойынша қошқар мен саулықтарды тиімді жұптау нәтижесінде елтірі бағыттағы қойлардан өндірілетін елтірі және ет- май өнімінің экономикалық тиімділігі жергілікті қаракөл қойларына қарағанда жоғарылатылды.

Дипломдық жұмыста қорғауға ұсынылған негізгі мәселелер:

- құйрық пішіні бойынша әр түрлі жұптау әдістеріне байланысты елтірі белгілерінің тұқым қуалаушылық заңдылығы;

- өсу қарқыны;

- елтірі және ет өнімділігі;

- жүргізілген зерттеудің шаруашылыққа тиімділігі.

Жұмыстың сынақтан өтуі және жарық көруі.

Жұмыстың көлемі мен жүйесі. Дипломдық жұмыс 81 бетке компьютерлік мәтінмен терілген, 9 кестемен көмкерілген. Ол кіріспеден, әдебиетке шолудан, зерттеудің зерзаты және әдістемесі, зерттеу нәтижелері, тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экология (қоршаған ортаны қорғау), экономика, бизнес- жоспар бөлімдерінен, қорытындыдан, пайдаланылған 75 әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 Әдебиетке шолу

Қаракөл қойы өнімділігі жағынан дүниедегі ерекше қой тұқымына жатады. Орта Азияның ыстық, шөл және шөлейт аймағында қаракөл қой тұқымы шығарылып, осы климаттың жағдайларына жақсы бейімделген. Осындай ерекше қасиеттеріне байланысты қаракөл қойы дүние жүзінің құрғақ, ыстық климатты елдерінде кең тараған. Қаракөл қойында басқа мал түрлері көбейіп, өнім бере алмайтын шөл-шөлейт аймақтарда: ет, май, жүн, қой терісі және қаракөл елтірісін өндіреді.

Кез келген ауыл шаруашылығы малдары жеке популяция болып саналады да, оған кіретін малдар бір-біріне ұқсас болып, әсіресе тұқымға тұрақты берілетін белгілерімен, биологиялық және морфологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді.

Бірақ, тұқымға кіретін жеке даралардың гетерозиготалық деңгейі бойынша олардың фенотиптік белгілерінің және негізгі өнімділік бағытының әр түрлі болуы мүмкін. Алайда белгілердің әр түрлі болуы көбейтуге қолданылған әдіске және жетілдіруіне байланысты.

Елтірі бағытындағы қой тұқымына негізінен қаракөл қойы жатады. Оның елтірілік өнімінің сапасын басқа қой тұқымдарымен будандастыру арқылы көтеру мүмкін емес. Осыған байланысты оны өсірудің басты тәсілі- таза өсіру болып табылады. Бірақ көп жылдық тәжірибе нәтижелері көрсеткендей, қаракөл қойы әр түрлі будандастыруға қатысады. Оның ішінде ерекше бөліп атап өтуге болатыны:

- сіңіре будандастыру, негізінен өнімі төмен қылшықты жайдары қойларын қаракөлге айналдырғанда қолданған. Бұл жағдайда жергілікті мал- тұқымы жақсартылушы, ал оны жақсартқыш тұқым ретінде қаракөл қойы пайдаланған;

- қан араластыра (кіріспе) будандастыру, елтірі бағытындағы соколь мен решитель қой тұқымдарының елтірілік өнімін жақсарту үшін қолданса, ал қаракөл қойының табиғи төлдегіштігін арттыру үшін оларды аскания қойларымен будандастырған;

- қаракөл қошқарлары қарақөлше өндіру үшін биязы және жартылай биязы қойлармен будандастырылды, сонымен бірге көк қаракөл қойларының өміршеңдігін көтеру үшін арқармен гибридтерді (түраралық немесе шалғай будандастыру) .

Жоғарыда атап өткен әртүрлі будандастыру туралы М. Ф. Иванов, Л. К. Гребень /1/, М. Ф. Иванов /2/, И. Л. Перегон /3/, И. Л. Перегон, Р. А. Глубочанская /4/, П. Н. Кулешов /5/, Н. С. Гигинейшвили /6, 7/, Н. С. Гигинейшвили, Э. Н. Чариев /8/, В. И. Стояновская /9/, И. В. Синцын /10/, К. Е. Елемесов /11/, В. Ерамиаш /12/, П. Иванов, С. Костов /13/, Х. И. Укбаев, Т. Қансеитов /14/, А. М. Омбаев, Р. Е. Асылбеков /15/, Н. Н. Алибаев /16/, Т. Қансеитов /17/ өздерінің ғылыми еңбектерінде жазды.

Бұл қолданылған будандастыру түрлері қаракөл қой тұқымын жаңа экологиялық аймақтарға таралуына, төлдегіш қасиеті жоғары мал тобын шығаруға, Украина мен Молдавиядағы елтірі беретін қойлардың өнімін жақсартуға, биязы жүнді қойлардан қаракөлше және оған жақын мех былғары өндіруге мүмкіндік берді.

Әсіресе неміс ғалымдары Намибияда қаракөл қошқарларын жергілікті қылшық жүнді қойлармен шағылыстырып жаңадан қабырға және жал бұйралы елтірі бағытындағы қой тұқымын шығарды. Бұл малдар Оңтүстік- батыс Африканың ыстық құрғақ шөл жағдайына жақсы бейімделгенін Х. Шефер /18/, Л. Мостерт /19/, Х. Э. Маттер /20/, Дж. А. Нел /21/ өз еңбектерінде атап өтті.

Әр түрлі тұқымға жататын малдарды будастыру мәселесі және оның мал өнімділігіне әсері жайында отандық және шетел әдебиетінде кең қамтылып жазылған будандастырудың биологиялық мәні екі тұқымға жататын малды шағылыстырып будан ұрпақ алу. Алынған будан ата-енесіне қарағанда өсу энергиясы жоғары (гетерозис құбылыс), өнімділік, жаңа экологиялық жағдайға бейімделгіштілік, шыдымдылық қасиеттері бойынша асып түседі. Сонымен бірге пайдалы өнім беретін жаңа қой тұқымын шығаруға таптырмайтын негізгі құнды генетикалық материал.

Ч. Дарвин /22/ будандастырудың биологиялық мәнін түсіндіре келіп, оны- «табиғаттың ұлы заңына теңеді». Ол туыстығы алыс малдарды шағылыстыру қажет және пайдалы, ал туыстығы өте жақын қойларды ұзақ мерзімге ұрпақ қуалай өсіру зиян екенін айтты.

Осыған байланысты дүние жүзінің мал шаруашылығындағы мол тәжірибесіне және дарвинизмнің теориялық негіздеріне сүйеніп академик М. Н. Иванов /23/ будандастыруды ауыл шаруашылық малдарының өнімін көтеретін тәсіл ретінде кең қолдану керектігін уағыздады.

Өте ерте заманда будандастыруды жүйесіз жүргізген, ал оны белгілі бір мал тұқымдарын будастыру арқылы өнімін жақсарту үшін мақсатты селекциялық тәсіл ретінде орта ғасырларда қолдана бастады. Бұл тәсіл ірі қара малдың, шошқаның, қойдың және ешкінің жоғарғы өнімді тұқымдарын шығаруға, сонымен бірге аралас будан мал алуға мүмкіндік берді.

Будандастыруды қой шаруашылығында қолданудың өз ерекшеліктері бар. Себебі қой тұқымын будастыру алдын ала межелеген өнім сапасымен жобаланады. Бірақ ғылымда қай малды жұптағанда ойдағыдай нәтиже алуға болатынын болжау тәсілі әлі жетілдірілмеген.

Олай болатын себебі будастырудың нәтижелі болуы қолданатын қошқарлардың тұқымдық тұрақтылығы оған аналықты үйлесімді жұптау сәттілігінде.

В. Г. Шуваев /24/ көпжылдық тәжірибесін қорытындылай келе жүннің физикалық қасиеттері (ұзындығы, қалыңдығы, мықтылығы) бойынша будандардың көпшілік бөлігі аралық көрсеткіш дәрежесінде тұқым қуалайтындығын, кейде аналық тұқым жағына ойысатындығын жазды.

Д. Ф. Бойко /25/ анықтауы бойынша будандарды өсіру кезінде іріктеу мен жұптауды өз ішінде жүргізбесе, онда олардың ұрпақтан ұрпаққа өнімдік сапасы төмендеп кетеді.

Будандастырудың нәтижесінде алынған жаңа түзілім, Б. Н. Васиннің /26/ айтуы бойынша, бірінші ұрпақтан бастап күшейтілген іріктеу қолданса, ол жаңа түзілім жақсы бекіп кетеді.

Б. Н. Васин /27/ қаракөл қой тұқымына тек қара түс ғана тән деп санайды. Терідегі әр түрлі түстің пайда болуын автор үш себеппен түсіндіреді.

Біріншіден, қара түс тұқым түзіле бастағанша сақталады. Осы кезеңде оларды әр түрлі қой тұқымымен будандастыру жүргізіліп, нәтижесінде олар әр түрлі болып қалды. Екіншіден, түсті қойлар қаракөл қойына жайдары қойлармен шағылыстыру кезінде, яғни жақында енген. Бұл тұжырымын автор, мал тобында түсті қой саны көбейген сайын қара елтірінің сапасы нашарлайтындығымен дәлелдейді.

Үшіншіден, қаракөл қойында түрлі- түстің пайда болуын, шығуын алынған ұрпақтардың арасында кездейсоқ мутацияның пайда болуымен, шығуымен байланыстырады.

М. Ф. Иванов /28/, В. М. Юдин /29/, Н. С. Гигинейшвили /30/ және Е. В. Одинцовалардың /31/ пікірі бойынша сұр түс қаракөл қойына тән және бұл түс осы белгі бойынша іріктеу мен жұптау нәтижесінде шыққан дейді.

Р. И. Григорьянц /32/, Э. М. Эрман, К. Е. Лемаев /33/, В. С. Жилякова /34/ сұр қаракөл қойының пайда болуы қаракөл қой тұқымының түзілу кезеңі тұсында шыққан деп сендіреді. Бұл тұжырымның дұрыстылығын дәлелдеу үшін авторлар арабтың белгілі саяхатшысы және тарихшысы Ибн- Хауклдың «Шығыстың географиясы» деген еңбегінде мынадай үзінді келтіреді: « . . . дүниенің барлық елінде Түркістандағыдай қошқарлар жоқ . . . ».

Е. В. Одинцова /35/, Б. Н. Васин /36/, Ш. М. Ризаев /37/, А. Еспембетов /38/ сұр қошқарлармен қара саулықтарды гетерогенді жұптаған кезде, алынған қара қозылардың елтірі сапасының көрсеткіштері нашарлайды деп хабарлайды.

Сонымен бірге В. М. Юдин, М. И. Котов және т. б. /39/, М. И. Котов /40/, В. С. Жилякова /41, 42/, А. С. Ахметшиев /43/ қара саулықты сұр түсті қошқарлармен шағылыстырғанда қара қаракөлдің сапасы төмендемейді, керісінше оның жалтырлығы, жібектілігі және басқа тауарлық қасиеттері жақсарады деп атап көрсетті.

М. Ф. Иванов /44/, П. Н. Кулешов /45/, Ф. Хатт /46/, А. С. Серебровский /47/, О. А. Иванованың /48/ пікірлері бойынша жүн талшығының түсі сапалық белгіге жататындығын және ұрпаққа тұқым қуалауы генетикалық ажырауға сәйкес келеді.

Қаракөл қойы түсінің генетикасы бойынша Б. Н. Васин /49, 50, 51/ үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізді. Көп жылдық тәжірибенің негізінде ол елтірідегі түстің ажырауы Мендельдің моногибридті тұқым қуалау заңдылығына сай келетіндігін айтты.

Көптеген ғалымдар сұр түсті қоймен жұмыс жүргізген кезде түстің тұқым қуалау нәтижесі әр түрлі болатындығын айтады.

В. М. Юдин мен М. И. Котов /52/, М. И. Котов /53/ сұр қошқарларды қара саулықтармен гетерогенді жұптағанда үшінші генерациясында (Ғ 1 , Ғ 2 , Ғ 3 ) 30- 35% сұр және 65- 70% қара қозы туады десе, О. П. Фищенко, И. Н. Дьячков, М. А. Риш /54/, В. Н. Погодин, Р. Н. Поломошнов, Ж. Исатаев /55/ осындай будандастыру 50% сұр және осынша қара қозы алуға мүмкіндік беретіндігін айтады.

В. С. Жилякова /56/, К. Е. Лемаев /57/, К. Мұхамедов /58/ хабарлағанындай, сұр қошқарларды қара аулыққа жұптағанда келесі ұрпақтарында (Ғ 1 , Ғ 2 және басқа) түсі әкесіне ұқсас қозылар шығымы артады.

Қаракөл қойы тұқымының өзгешеліктерін айқындайтын- олардың тұқым ішіндегі типтердің әр түрлілігі және олар түсі, реңі, елтірісі мен конституциялық типтері бойынша ерекшеленеді. Сонымен бірге барлық қойлар сияқты таралу аймағы бойынша экологиялық типтерге, оның ішінде зауыттық типтерге бөлінеді.

Қаракөл қойының ең негізгі болу критериясы түсі. Себебі оның шаруашылық үшін маңызы үлкен және ол көптеген селекциялық белгілермен коррелятивті байланысты, ал оның генотипі өсіруге сай келетін жағдайдың белгілі бір зоотехникалық сұрыптау жүйесін қажет етеді.

Қаракөл қойы түстерінің ішіндегі сурхандария сұр қой типтері ауқымды орын алады. Қойдың бұл типі Ю. А. Гагарин атындағы асыл тұқымды қой зауытында Н. С. Гигнейшвили /59/ ғылыми басшылығымен шығарылған.

Қазіргі кезде осы қой типтері Өзбекстан республикасы Сурхандария облысынан Ю. А. Гагарин атындағы және Жызақ облысының Фариш шаруашылықтарында өсіріледі. Сонымен бірге бұл қойлар Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының «Тартоғай» шаруашылығында өсіріледі /60/.

Сурхандария сұр қойының ең қажетті реңдері мыналар /61/:

- қола (бронзовая) - талшық жүнінің негізі қара қоңыр, ұшы қола түсті;

- платина- талшық жүннің негізі кофе түсті немесе қара, ал ұшы ашық крем өңді;

- антрацит- талшықтың негізі қара, ұшы ақ түсті;

-янтарь- талшықтың негізі қоңыр, ұшы янтарь өңді.

В. М. Юдин, М. И. Котов /52, 8б/, Н. С. Гигинейшвили /62, 63/, В. С. Жилякова /64/, Р. И. Григорьянц /32, 8б/, М. И. Котов /65/, Н. С. Гигинейшвили, М. И. Котов /66/ шығарған методикалары бойынша сұр малдарды реңдеріне байланысты біртекті жұптау, алғашқы кезде осындай қойлардың тез жинақталуына, сосын олардың тұқымдық және өнімдік сапасының жақсаруына, ал түптеп келгенде шоғырланған зауыттық отардың шығуына қолғабыс етеді. Сонымен бірге, бұл авторлар қажетсіз түстерді жою үшін сұр қошқарларды басқа түсті саулықтарға әртекті жұптауды ұсынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қойды бонитировкалауды ұйымдастыру. Биязы, биязылау, ұяң жəне қылшық жүнді қойлардың тұқым стандарты мен оларды бонитировкалау жəне қаракөл қозыларын бонитировкалау. Қой асылдандыру есебін жүргізу
Қаракөл қойының биологиялық ерекшеліктері
Қаракөл қойының тұқымы
«Асыл тұқымды көк түсті қаракөл қой шаруашылығында жұптау түріне байланысты селекциялық белгілерінің көрсеткіші»
Әр түрлі түлікті асыл тұқымды малдарды бонитировкалау ерекшеліктерімен танысу
Қара көл қой тұқымын өсіру селекциялық жұмыстың негізгі әдісі
Қаракөл қойларының селекциялық ерекшелігі
Қаракөл қойының қара түсті қабырғагүлді тасты зауыттық сүлесі
Е витаминінің қошқарлардың өніміне тигізетін әсері
Сұр түсті қаракөл қойларының жүн жамылғысының депигментациялануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz