Дене тәрбиесі мен спорт мамандарын дайындауда жеке тұлғаны әлеуметтендірудің рөлі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Дене тәрбиесі мен спорт мамандарын дайындауда жеке тұлғаны әлеуметтендірудің рөлі

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: АНЫҚТАМАЛАР . . .
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: КІРІСПЕ . . .
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 1 ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТ МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАУ БАРЫСЫНДА ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ . . .
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 1. 1 Спортта жеке тұлғаны әлеуметтендірудің мәні . . .
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 1. 2 Дене тәрбиесі мен спорт - жеке тұлғаны әлеуметтендірудің факторы . . .
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 1. 3 Дене тәрбиесі мен спорттың әлеуметтік-педагогикалық қызметтері . . .
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 2 ЗЕРТТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДІСТЕРІ . . .
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 2. 1 Зерттеудің міндеттері . . .
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 2. 2 Зерттеу әдістерін қолдану . . .
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 2. 3 Зерттеуді ұйымдастыру . . .
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 3 ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТ МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАУДА ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ . . .
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 3. 1 Кәсібилік және іс-әрекеттің жеке үлгісі . . .
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 3. 2 Жаңа педагогикалық жүйе бойынша мамандар дайындауда жеке тұлғаны әлеуметтендіру . . .
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: 3. 3 Дене тәрбиесі мамандарын дайындауда жеке тұлғаны әлеуметтендіру тұжырымдамасын сараптамалық тұрғыдан негіздеу . . .
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР . . .
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
:

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Дипломдық жұмыста төмендегі стандарттарға сілтеме жасалған:

Қазақстан Республикасы Конституциясы- Астана: Елорда, 2008.

Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңы - Астана: Елорда, 1999.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi аумақтық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы Жарлығы

«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы Жарлығы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы Жарлығы

АНЫҚТАМАЛАР

Бейімделу - қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына организмнің ыңғайлану барысы; жалпы табиғи, өндірістік және әлеуметтік жағдайға организмнің ыңғайлануын білдіретін халықаралық атау.

Зерттеу әдісінің сәйкестігі - нақты мәселені зерттеу үшін әдістің лайықтылығы.

Жасандылық - эксперименталды жағдайға сыналушылардың жауап қайтару әрекеті.

Сараптаманың ішкі жарамдылығы - басқа бір себеп емес, тек қана эксперименталды әсер ету ғана тиімділік әкелгендігінің дәлелі.

Сараптаманың сыртқы жарамдылығы - өзге сыналушыларға, өзге жағдайларға сараптамада анықталған заңдылықтарды тарату мүмкіндігі.

Шашыраңқы талдау - бір немесе бірнеше себептердің шашыраңқы салыстыру негізінде нәтиже белгісіне бір немесе бірнеше себептердің статистикалық әсер етуін анықтау.

Сенімді ықтималдық - пайызбен немесе бірлік үлесімен көрінетін тұжырым дұрыстығының мүмкіндігі.

Құбылмалы тәуелділік - өзгеруіне тәуелді болмайтын, айнымалы әсер ететін құбылмалылық.

Салауатты өмір салты - бойына зиянды әдеттерді жинақтамаған және адамның денсаулығын нығайтуға себепші болатын мінез-құлық.

Қажеттілік иерархиясы - Маслоуға сәйкес, қажеттіліктер төменгі физиологиялықтан өзін маңызды етіп көрсету қажеттілігіне дейінгі бес деңгейге ие.

Жүйе (парадигма) - ғылыми қауымдастық мойындаған қызмет түрлері мен іргелі білімдер жүйесі.

Тұжырымдама - зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін, оны жүргізудің әдістері мен тәсілдерін белгілейтін негізгі ой-пікір, мәселеге қатысты көзқарастар жүйесі.

Параметр - нақты жағдайлардағы тұрақты шама.

Өзін-өзі көрсету - өз мүмкіндігін ашу мен оны жүзеге асыру қажеттілігі.

Басқару теориясы - басқару жүйесінің кері байланыспен жұмыс атқаруын анықтайтын білімдер жиынтығы.

Технология - нақты нәтижеге қол жеткізу барысын ұйымдастыру үшін қажетті білімдердің, іскерліктер мен әрекеттердің жиынтығы.

Құндылықтарға бағыт ұстану - адам үшін ең құнды болып табылатын стратегиялық өмірлік мақсаттарға оның көзқарастар жүйесі.

«Мен» тұжырымдамасы - К. Роджерс теориясы бойынша өзі туралы, өзінің қадір-қасиеті мен кемшіліктері жөніндегі саналы ойлары мен сенімі.

Әлеуметтену - жеке адамның өзі өмір сүретін қоғамның мінез-құлық ережелері мен нормаларын меңгеріп кетуі.

Құрылымдық бәсекелестік - сатушы мен сатып алушының базарға келіп және одан шыққандағы еркіндік дәрежесін анықтайтын базар құрылымын талдау есебінде түсіндіріледі.

Тауар бәсекелестігі (қызмет көрсету) - бұл сатып алушының нақты сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін тауар (қызмет көрсету) құны (бағасының) саласы (бағасының емес) сипаттамасының жиынтығы.

Мекеме - басқару, мәдени-әлеуметтік және өзге де мақсаттарды орындау үшін меншік иесінің толықтай немесе жарым-жартылай ұйымдастырып, қаржыландыратын ұйымы.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы

ҚР БжҒМ ДТҰҒПО - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Дене тәрбиесі ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

ДДБЖК - дене дайындығының балалар-жасөспірімдер клубы

БЖСМ - балалар-жасөспірімдер спорт мектебі

БЖСЖМ - балалар-жасөспірімдер спорттық-жаттығу мектебі

ОІДБЖСМ - олимпиадалық ізбасарларды даярлайтын балалар-жасөспірімдер спорт мектебі

ОІДБЖАСЖМ - олимпиадалық ізбасарларды даярлайтын балалар-жасөспірімдердің арнайы спорттық-жаттығу мектебі

ЖСШМ - жоғары спорт шеберлігі мектебі

БҚҚ - бұқаралық қоғамдық қозғалыс

ХОК - халықаралық олимпиадалық комитет

ХСФ - халықаралық спорт федерациялары

ҰОК - ұлттық олимпиадалық комитеттер

ҰСФ - олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық спорт федерациялары

ААҚ - ашық акционерлік қоғам

ЖҚТЖ - жүрек-қан тамырлары жүйесі

ТМД - тәуелсіз мемлекеттер достастығы

БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары

ҚҚС - қосымша құн салығы

ДДҰ - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

ЮНЕСКО - білім, ғылым мен мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының үкіметаралық мекемесі

F - Фишердің өлшемі

f - еркіндік дәрежесі

P - мәнділік деңгейі

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Денсаулығы мықты жастардың тәрбиесі мен кәсіби дайындығы орта және жоғары кәсіби оқу орындарындағы оқытуды жүзеге асыратын, қазіргі білім беру процесін әлеуметтендірудің маңызды міндеттері болып табылады. Дегенмен де Қазақстан Республикасының орта және жоғары кәсіби оқу орындарындағы дене тәрбиесінің қазіргі барысы көп жағдайда денсаулықты нығайтуға шұғылданушылардың жеке қызығушылығын қалыптастырмайды, үйренушілерге жеке тұрғыдан келуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тиімді педагогикалық процесті ғылыми-әдістемелік қамту болмай отыр, мораль мен сенім жөніндегі түсінікті әрбір жеке адамда баянды етпейді, мінез-құлықтың жеке ерекшеліктерін дамытпайды. Сабақ барысында оқушылар мен студенттерде адамның саналы қызметінің ең маңызды жағдайлары болып табылатын қозғалыс белсенділігіне деген ішкі себеп, ұмтылыстар қалыптаспайды [1] .

Әлеуметтік ерекше құбылыс ретіндегі дене тәрбиесі жүйесін алдағы уақытта жетілдірудің негізінде оқу-тәрбие барысын жеделдету, адамды дамыту мен тәрбиелеудің, үйретудің қазіргі психологиялық-педагогикалық теориялары негізінде жеке адамды іскерлік тұрғыда дамытудың мақсат-мұраттары болуы тиіс. Денені үнемі жетілдірудегі жігерлі белсенділік пен салауатты өмір салтына қажеттілікті өзіне біріктіретін адамның дене тәрбиесін қалыптастыру мәселесі өте өзекті болып отыр. Оқу орнын бітіруші кең көлемдегі және сан-салалы, бірақ тұрақсыз еңбек нарығының талаптарына сәйкес, іргелі және арнайы дайындық негізіндегі, кәсіби қызметке дайын болуы керек[2] .

Спорттық ұстаздың еңбек қызметіндегі ізденісті істерінің жедел өсуі жалпы білімнің, ойлаудың шығармашылық үлгісін, маманның өз білімін үздіксіз жетілдіріп отыру қабілеттілік деңгейін бірінші орынға шығарып отыр. Кәсібімен байланысты қызмет түрлері мен ғылымның түрліше салаларынан алынған білімді шұғыл пайдалануға қабілетті жан-жақты білімді мамандарға

сұраныс өсуде. Осындай мамандарды қалыптастыруда жүйелі ойлауды дамыту, адамды оның жан-жақты байланыстары мен қатынастарының бірлігінде көре білу біліктілігі бірінші кезектегі мәнге ие[3] .

Сол себепті бір жағынан, дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі мамандарды дайындаудағы әлеуметтендірудің маңызын ғылыми тұрғыдан зерттеудің айқын қажеттілігі бар, екінші жағынан Қазақстан Республикасында осы мәселенің жеткілікті дайындалмауы да бұл істе қол байлау болып отыр. Осы іргелі мәселені шешу зерттеу тақырыбының өзектілігін белгілейді.

Анықталған проблемалық жағдай « Дене тәрбиесі мен спорт мамандарын дайындауда жеке тұлғаны әлеуметтендірудің рөлі » тақырыбының өзектілігін байқатады.

Зерттеу нысаны - Қазақстан Республикасында қазіргі кезде дене тәрбиесі мен спорт бойынша мамандарды дайындау жүйесі.

Зерттеу пәні - Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спорт бойынша қазіргі кездегі мамандарды дайындауда жеке тұлғаны әлеуметтендіру.

Зерттеудің мақсаты - Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спорт бойынша мамандарды дайындауда жеке тұлғаны әлеуметтендірудің әдістері мен құралдарын дайындау.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Зерттеудің мақсаттарына жету үшін жеке тұлғаны әлеуметтендіру және білім беру саласындағы қазіргі дамудың бет алысы негізінде дене тәрбиесі мен спорт бойынша мамандарды даярлау жүйесінің қазіргі жағдайын зерттеу жолымен мүмкін болатындығы қарастырылып және осы негізде білім беру қызметіндегі ықпалды адамдардың жеке ерекшеліктері жөніндегі сарапшылардың пікірі ескеріліп, болашақ маманға қойылатын негізгі талаптарды дайындау ұйғарылып отыр.

Зерттеудің міндеттері

- жеке тұлғаны әлеуметтендіру негізінде дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі мамандарды дайындау жүйесінің қазіргі жағдайын және білім беру

саласындағы қазіргі кездегі дамудың бет алысын анықтау;

  • дене шынықтырудың болашақ маманына қойылатын кәсіби

талаптарды дайындау үшін жеке адамды әлеуметтендірудің маңызын анықтау;

  • білім беру қызметіндегі ықпалды адамдардың жеке тұлғаға тән ерекшеліктерін анықтау;
  • дене тәрбиесі мен спорт бойынша мамандарды дайындау үшін жеке тұлғаны әлеуметтендіру тұжырымдамасының үлгісін дайындау мен негіздеу.

Зерттеудің әдістемелік негізін құрағандар: жүйелі тұрғыдан келу Б. А. Резников [4], организмнің функционалдық жүйелерінің теориясы П. К. Анохин [5], іскерлік тұрғыдан келу В. А. Сластенин [6], дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі Л. П. Матвеев [7], жеке адамға бағытталған білім беру тұжырымдамасы Н. Ф. Талызина [8], дене тәрбиесін гуманизациялау тұжырымдамасы В. К. Бальсевич [9], денсаулықты сақтайтын педагогикалық технологиялар және сараптамалық зерттеу В. В. Налимовтың [10], К. Х. Закирьяновтың, Л. И. Ореховтың [11] және осыған байланысты басқа еңбектерінде баяндалған Л. И. Ореховтың, Е. Л. Караваеваның [12] әдістері бойынша жүргізілді. Зерттеу материалдарын статистикалық өңдеу, жетекші маман-метеорологтардың ұсыныстарына сәйкес, алынған мәліметтердің сенімді ықтималдығы мен есептеп өлшеудің кемшілігін анықтаумен орындалды С. Д. Бешелев [13] .

Зерттеу әдістері. Зерттеу бағытында дене тәрбиесі мен спорт мамандарын дайындау мәселесі жөнінде ғылыми және әдістемелік, педагогикалық, психологиялық және тарихи еңбектерге талдау жасалынды. Оқу-тәрбие бағдарламаларын зерттеу мен педагогикалық материалдарды саралау, модельдеу, педагогикалық бақылау мен оқушылар, студенттер және оқытушылармен сауалнама жүргізу әдістері, өңдеу, сараптама нәтижелерінің ішкі және сыртқы анықтық факторларын талдау, зерттеу материалдарын статистикалық өңдеу пайдаланылды.

Басты ой-пікірлер. Қазіргі кездегі заман талабына байланысты ең бір өзекті мәселелердің бірі, дене тәрбиесі және спорт мамандарын дайындау сапасын жоғарылату ықпалды педагогикалық технология мен инновациялық қызметтің мән-мәтініндегі жаңа білім беру жүйесіндегі теориялық қағидаларға негізделуі керек. Осыған байланысты білім беру жүйесіндегі қазіргі көзқарастарға сәйкес болашақ маман-студенттердің ізденісті-шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға себепші болатын жаңа бағдарламалар, тұжырымдамалар сонымен қатар ұсыныстар мен жаңа оқу құралдарын дайындау қажет.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы төмендегілерден тұрады:

  • дене тәрбиесі мен спорт бойынша мамандарды дайындауда жеке адамды әлеуметтендірудің қазіргі жағдайы зерттелді; дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі болашақ мамандарды әлеуметтендірудің маңызы жете бағаланбай отырғандығы белгілі болды;
  • өткен кезеңдегі оқиғалар мен құбылыстарды еске түсіруді дамытуды қарастыратын, үйретудің ескі жүйесінен, болашаққа ұмтылған үйренушілердің өзгелерге ықпал ететін (ізденісті) қабілеттерін дамытудың жаңа педагогикалық жүйесіне ауысуды жүзеге асыруды ұсынған оқу орындарындағы дене тәрбиесін жетілдіру мақсатындағы жастар мен мамандардың пікірі анықталды;
  • жоғары нәтижелерге жету үшін себептердің жоғары деңгейін қарастыратын, кәсіби қызметтегі өзін реттеумен міндетті түрде байланысқан кәсібилік пен шеберлік-үйретудің ықпалды педагогикалық жүйесінің жеке тұлғаға қатысты ерекшеліктері анықталды;
  • дене тәрбиесі мен спорт бойынша мамандарды дайындау үшін жеке тұлғаны әлеуметтендіру тұжырымдамасының үлгісі дайындалды.

Дипломдық жұмыстағы зерттеулердің теориялық мәнділігі Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі қазіргі кездегі мамандарды дайындауда жеке тұлғаны әлеуметтендірудің қазіргі жағдайы, ескі педагогикалық жүйеден ықпалды (ізденісті) - жаңа жүйеге өтуді жүзеге асырудың жолдары, дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі мамандарды дайындауда жеке тұлғаны әлеуметтендірудің тұжырымдамасы дайындалып, осы еңбекте талданып, зерделенуден тұрады.

Еңбектің практикалық мәнділігі оқушы жастар дене тәрбиесінің

тиімділігін едәуір арттыруға себепші болатын, дене тәрбиесі бойынша педагогикалық процесті ғылыми-әдістемелік қамтудың дайындалған әдістері мен құралдарын іс жүзінде қолдану мүмкіндігінен тұрады, бұл олардың денелерінің даму деңгейі мен функционалды жағдайының жоғарылауынан, шұғылданушылардың дене және психикалық саулығының едәуір жақсарғандығынан білінеді. Оқу-тәрбие процесінің тәжірибесіне зерттеу нәтижелерін енгізу актісі бар.

Ізденушінің жеке қосқан үлесі тақырыпты таңдауды қосқанда, дайындалған ғылыми болжамдар мен тұжырымдамалар негізінде қойылған мақсаттар мен зерттеу міндеттерін шешу үшін барлық әдістер мен құралдарды біріктіре пайдаланудан, мәселенің өзектілігін негіздеуден, зерттеу пәні мен нысанын анықтаудан, ғылыми болжамдардан, тұжырымдамалар мен дене тәрбиесі және спорт бойынша мамандарды дайындау технологиясынан, әдістемені белгілеу, теориялық тұрғыдан негіздеу, пайдаланылатын әдістер мен құралдардың тиімділігін бағалау үшін шамаларды, белгілерді таңдау, нәтижелерді статистикалық өңдеу, қорытындылар мен практикалық ұсыныстарды қалыптастыруды дайындаудан тұрады.

Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар

  • жеке адамды әлеуметтендіру мен білім беру қызметіндегі қазіргі кездегі дамудың бет алысы негізінде дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі мамандарды дайындау жүйесінің қазіргі жағдайы;
  • жеке адамды әлеуметтендіру және дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі мамандарды дайындаудағы оның маңызы туралы мәселедегі сарапшылардың пікірі;
  • білім беру қызметіндегі ізденісті, ықпалды адамдардың жеке тұлғаға қатысты ерекшеліктері;
  • дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі мамандарды дайындауда жеке тұлғаны әлеуметтендіру тұжырымдамасының үлгісі.

Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі ғылыми негізділікпен және бастапқы теориялық қағидалардың сәйкестігімен, оның қазіргі кездегі әдістемелік негізімен, пайдаланылған әдістердің әртүрлілігімен және қойылған міндеттерге олардың сәйкестігімен; сараптамалық материалдың таныстығымен және таңдаудың жеткілікті нысанымен, жеке компьютерді пайдалана стандартты бағдарлама бойынша мәліметтерді статистикалық түзетіп, өңдеумен қамтамасыз етілді.

Зерттеу жүргізілген мекемелер дене тәрбиесі бойынша оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтудың дайындалған әдістерін тексеру Қазақтың спорт және туризм академиясы мен жоғары спорт шеберлігі республикалық колледжінің және Жамбыл облысы аймақтық дене тәрбиесінің ғылыми-практикалық орталығының спорттық базасы негізінде жүзеге асырылды.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі. Зерттеудің әр сатысындағы сәйкес міндеттермен, әдістер кешенін қолданумен, әдістемелік және теориялық көзқарастардың, тәжірибелік зерттеулер материалдарының негізділігімен және олардың сенімділігін тексерумен дәлелденді.

1 ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТ МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАУ БАРЫСЫНДА ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

  1. Спортта жеке тұлғаны әлеуметтендірудің мәні

Әлеуметтендіру деп жеке адамның осы қоғамда ойдағыдай тіршілік етіп, жұмыс істеуге қажетті мінез-құлық үлгісін, психологиялық тетіктерді, әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды игеру процесін түсінеміз. Ол сондай-ақ жеке адамдар мен ұжымдық қатынастардың күрделі жүйесіндегі жеке адам мен әлеуметтік топтың материалдық және рухани қызметінде олардың жүзеге асыратын, оны кейінгі ұрпаққа қалдыру мақсатындағы алдыңғы буынның тәжірибесін игерудің, жинақтаудың және байытудың өзара сіңісетін процестерінің сан-салалығын түсінеміз [1] .

Жеке адам түрліше әлеуметтік қызметтің түрлері мен маңызын игере отырып, бүкіл ғұмыр бойы әлеуметтенеді, осының арқасында ерте балалық жастан бастап және өмірдің соңғы сәтіне дейін оның бойындағы табиғи сипаттамалар қоғамдық мазмұнмен толығады.

Л. Г. Костюченко мен Ю. М. Резниктің[2] пікірлері бойынша әлеуметтену процесінің мазмұны мен бағыты екі негізгі - даралану және үлгіге қарау секілді дамудың бет алысымен анықталады. Үлгіге қарау, бір жағынан, жеке адамның нақты өмірінде көрініс беретін мәдениет түрлері - құндылықтары, оларды өзіндік-әсем ортаға айналдыру мақсаты секілді екі негізгі үрдіспен, екінші жағынан - мәдениеттің өзіндік-идеалдық түрлерін адамның жеке-дара мінез-құлық тәжірибесіне ауыстырумен анықталады. Даралану, өз кезегінде, адамның жеке мінез-құлық тәжірибесін мәдениеттің өзіндік әсем түрінде жаңғырту, сондай-ақ жеке адамның өзіндік әлемін сыртқы әлеуметтік ортаның объективтік түріне ауыстыру секілді процесті сипаттайды.

Әлеуметтену төмендегілерге бөлінеді:

  • балалық пен жастық секілді адам өмірінің кезеңдерін қамтитын ерте немесе бастапқы кезеңге;
  • адамның ер жеткен шағы мен қарттығын қамтитын, жалғасатын, кемеліне келген немесе екінші кезеңге.

Сөйтіп, В. И. Добреньков пен А. И. Кравченко[3] осы процестегі тәрбиенің алатын маңызды орнын атап өте отырып, оны адамның мәдениеттенуі есебінде, яғни оны мәдениеттіліктің белгілерімен, мінез-құлықтың тұрмыстық ережелерімен ертерек дағдыландыру, белгілі бір құндылықтар мен мақсат-мұраттарын мойындау есебінде белгілеп берді. «Әлеуметтендіру өкілі» ретінде мәдени нормаларға үйретуге жауапты адамдарды және әлеуметтік маңызы бар мәселелерді игерген жеке адамды атап көрсетеді. «Бастапқы әлеуметтену өкілдеріне», яғни адамның ең жақындарына, осы авторлар оның туыстарын, отбасының достарын, құрдастарын, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиешілерін, мұғалімдерді, жаттықтырушыларды, дәрігерлерді, жастар топтарының жетекшілерін, ал «екінші қайтара әлеуметтену өкілдеріне» - тәрбие және білім беру мекемелері, кәсіпорындар, әскердің, құқық қорғау органдарының, конфессиялардың, БАҚ-ның басшылығы өкілдерін және адамға аз да болса маңызды әсер ететіндердің барлығын жатқызады.

«Әлеуметтендіру өкілдерімен» қатар, өзгелер секілді, жоғарыдағы авторлар әлеуметтену барысына әсер ететін және оны бағыттайтын мекемелерді, «әлеуметтендіру институттарын», ал олардың құрылымында - бастапқы (отбасын, көшені, мектепті, өндірісті) және екінші қайтара (мемлекет, заң, атқарушы органдары, сот билігі, БАҚ және басқалар) әлеуметтену институттарын айырып көрсетеді.

А. Я. Артемьев [4] әлеуметтену кезеңі есебінде төмендегідей екі тетікті: әлеуметтік бейімделуді (әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, атқаратын қызмет пен әлеуметтік талаптарға, түрліше әлеуметтік топтар мен ұйымдардың тіршілік жағдайларына) және интериоризацияны (әлеуметтік талаптар мен құндылықтардың адамның ішкі жан-дүниесіне сіңісу процесі, құндылықтарды Меннің құрылымына ауыстыру тәсілі) атайды.

Әлеуметтік бейімделу өзгермелі әлеуметтік орта жағдайларына адамның

белсенді түрде бейімделу процесі мен нәтижесі. Адам мен қоршаған ортаның арасында белгіленген әрбір сол сәттегі өзара әрекет етудегі қозғалыс белсенділігін сақтауға бағытталған қоршаған ортамен оның өзара тиімдірек әрекет етуін қамтамасыз ететін, әлеуметтік және мәдени қорларды оңтайлы бөлудегі адамның қабілеттілігін де бейнелейді. Әлеуметтік бейімделу өзара байланысты екі процесті өзіне біріктіреді: икемдейтін белсенділік, яғни жаңа әлеуметтік ортаның әсерімен адамның мінез-құлқын өзгертуі және көндіктіретін белсенділік адамның қызығушылығы мен қажеттілігіне сәйкес қоршаған орта жағдайларының өзгеруі.

Біз бейімделу мен интериоризация, оның кезеңдерінен гөрі, әлеуметтенудің тетіктері болып табылады деген авторлардың көзқарасын қолдаймыз. Оған сонымен бірге, ғылыми әдебиеттерде егжей-тегжейлі баяндалған, әлеуметтік жеделдеу мен әлеуметтік реттеу тетіктерін де жатқызу керек[5] .

Нақты әлеуметтік қауымдастықтың шегінде адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын топтар кіші немесе қарым-қатынас тобы деп аталады. Оларды ұйымдастырудың жоғарырақ түрі әлеуметтік топ деп аталады - онда осы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін, топ ішіндегі ұйымға сәйкес келетін және жалпы әлеуметтік маңызы бар мақсаттарға біріккен адамдардың тобы болады. Ең дамыған әлеуметтік топ ұжым деп аталады.

Әлеуметтік топтар үлкен (сынып, партия, ұлт, мемлекет) және кішіге бөлінеді. Күнделікті өмірде адамдар бір топқа ғана емес, бірнеше кіші топтарға бірігетіндігі табиғи жағдай. Олардың әрқайсысының ішінде жеке байланыстары, көзқарастарының бірлігі, ұмтылысы негізінде жекелеген адамдармен ең жақын қарым-қатынас орнығады. Осы адамдардың тобы алғашқы топ деп аталатынды құрайды.

Әлеуметтік топтың негізгі мақсаты - өздерінің мүддесін жүзеге асыру мақсатында жеке адамдар арасындағы қатынасты мақсатты түрде реттеп отыру.

Сөйтіп, әлеуметтік қауымдастық бір мезгілде кіші де және үлкен де әлеуметтік топтарға, үстірт және немқұрайлы емес байланыстардың, қарым-

қатынастың күрделі жүйесіне біріккен адамдардың кең көлемін біріктіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорттық-сауықтыру лагерьлер мен студентердің дене тәрбиесінің әдісі мен ұйымдастырылуы
Педагогика бойынша лекциялар
Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі функциялары
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесі
Дене тәрбиесін жүзеге асыру
Дене тәрбиесінің қоғамдағы маңыздылығы
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың ғылыми - педагогикалық негіздері
Дене шынықтыру және спорт мамандары кәсіби қызметіндегі дене мәдениетінің рөлі
Мектепке дейінгі бала тәрбиесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz