Қашықтан оқытудың құралдары мен формалары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Аманбай Саида Нұрланқызы

Диплом жұмысы

Виртуалдық Академия» ортасында физика пәнінен электрондық ресурс құру

5В011000-мамандығы - «Физика»

Ақтөбе, 2017

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . . . 3

І. ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ

1. 1. Қашықтан оқыту жүйесі туралы жалпы мәлімет . . . 5

1. 2. Қашықтан оқыту жүйесінің негізгі ұғымдары . . . 7

1. 3. Қашықтан оқытудың құралдары мен формалары . . . 9

1. 4. Қашықтан оқыту - білім саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру жолы . . . 14

ІІ. ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

2. 1. Қ О Т жетілдіру негізінде оқу материалдарына қойылатын дидактикалық шарттар мен оқыту тәсілдері . . . 17

2. 2. Қашықтан оқытудың дидактикалық құралдары . . . 20

2. 3. Қ О Т ұйымдастыруда оқу процесінің моделі . . . 23

2. 4. COMPETENTUM MAGISTER қашықтан оқыту жүйесіне қысқаша сипаттама . . . 25

ІІІ. «ВИРТУАЛДЫҚ АКАДЕМИЯ»ОРТАСЫНДА ФИЗИКА ПӘНІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРС ҚҰРУ.

3. 1. «Виртуалдық академия»туралы жалпы түсінік . . . 25

3. 2. Виртуалдық Академияның анықтамалық ақпараты немесе жұмыстың орындалу реті . . . 27

3. 3. Физика пәні бойынша электрондық ресурс құру . . . 58

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі - Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне Республика мектептерін көтерудің тиімді жолы білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады [1] .

Индустриядан ақпаратты өркениетке көшудің кезеңінде қоғам дамуының негізгі факторы мемлекеттің қызметін құрайтын саяси экономикалық, әлеуметтік салаға белсенді әсер ететін ақпараттық - коммуникациялық сала болып табылады және экономиканы ғаламдандыру мен қоғамдық қатынастар процестерін айқындайды. Жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру жолында неғұрлым тиімді шараларын енгізу - бүгінгі ұстаздардың жауапты істері болуы керек. Мұндай бағыттағы шараларды жүзеге асыру үшін бүгінгі күн талабы - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғылымдық коммуникациялық желілерге шығу екендігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында белгіленген. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Ол өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологиялардың үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Ал оларды даярлау үшін қазіргі дидактикалық мүмкіншіліктерді, жаңа идеяларды және білім беру технологияларын пайдалану керек. Мұндай технологиялар қатарына «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» (СТО) бағдарламасы, М. Жанпейсованың «Модульдік оқыту технологиясы», Е. И. Пассовтың «Коммуникативтік технологиясы», Ж. А. Қараевтың «Деңгейлеп саралау технологиясы», «Қашықтан оқыту технологиясын» және т. б. жатқызуға болады. Білім беру жүйесіндегі «Қашықтан оқыту технологиясын» меңгеру ерекшеліктері «Виртуалдық академия ортасында физика пәнінен электронды ресурс құру» деп аталатын дипломдық жұмыстың көкейкестілігін анықтайды.

Зерттеу мақсаты - Физика пәнін оқытуда оқушылардың білім сапасын жаңа технологиялар арқылы жетілдірудің үлгілерін жасап, оны оқу үрдісіне енгізу және білім сапасын жоғарлату.

Зерттеу обьектісі - Физика сабағында жаңа технологияларды үйрете отырып, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру үшін оқушыларға берілетін білім сапасын жетілдіру жолдарын анықтау.

Зерттеу пәні - физика пәнінен дәстүрлі емес сабақтарды өткізу әдістемесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы - Дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес физика курсын оқытуда, алғашқы басқыштан бастап оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артырып, білім сапасын жетілдіру үшін сабақта жаңа технологияларды пайдаланып, оларға заман талабына сай білім беріп, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру.

Зерттеу көздері - Виртуалды Академияда жазылған сабақтар және жұмыс жасау туралы нұсқаулықтар.

Зерттеу әдістері:

  • Білім беру жүйесінде қашықтан оқыту технологиясын толықтай

жүргізу;

  • Виртуалды Академия мүмкіндіктерін толықтай пайдалану;
  • Физика пәніне электронды ресурс құру.

Зерттеу базасы (көзі) - Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, физика-математика факультеті, конденсияланған күй физика кафедрасы.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, сондай - ақ . . . -беттен, . . . -суреттен, . . . кестеден, . . . сызбадан тұрады.

І. ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ

1. 1. Қашықтан оқыту жүйесі туралы жалпы мәлімет

Түрлі стaтияларды салыстыра отырып, қашықтан оқыту - бұл әдеттегі күндіз немесе сырттай оқудан көп айырмашылығы мен артықшылығы бар оқытудың жаңа, арнайы формасы. Ол оқушы мен мұғалімнің, оқушылардың өзара қарым-қатынынасының өзгеше формасын, өзгеше оқу құралы мен әдістемені, оқытудың ұйымдастыру өзгеше түрін ұыснады. Сонымен қатар оның құрамы кез-келген оқыту формасында, кез-келген оқыту жүйесінде бар компоненттерден; оқытудың барлық түрінде, әлеуметтік қажеттілікті өтейтін мақсаттардан; оқу орнының түріне қарай қолданыстағы программаларды қамтиытын мазмұннaн; әдістемелерден, ұйымдастыру формасынан, оқу құралдарынан тұрады. Қашықтан оқыту формасының соңғы үш компоненті қолданыстағы технолгиялық негіздерге (мысалы, тек компьютерлік телекоммуникацияға, баспа құралымен, компакт-дискімен, кейс-технологиямен жабыдықталған компьютерлік телекоммуникацияға) қарай айрықшаланған. Cырттай оқу мен қашықтан оқуды шатастырмау керек. Олардың басты айырмашылығы сонда, қашықтан оқытуда жүйелі, әрі әсерлі интерактивтік оқыту қамтамасыз етіледі. Қашықтан оқытуды оқудың жаңа бір формасы деп, тиісінше қaшықтан білім беруді (оқыту нәтижесі сияқты, жүйені де, процестің өзін де) білім берудің жаңа формасы деп қарастыру керек. Әрине, оны басқа оқу жүйелеренің жетілдірілген түрі деп қарауға болмас. Қашықтан оқыту да күндізгі оқытудағыдай мазмұн мен мақсаттар негізінде құрылады. Бірақ, материалды беру түрі мен мұғалім - оқушы, оқушының өзара қатынастары басқаша болады. Қашықтан оқытудың дидактикалық принциптері де (ғылымилық, жүйлеік және жүйелілік, белесенділік принциптері, дамыта оқыту, көрнекілік, оқытудың дифрененциалдығы мен жекелей оқыту принциптері т. с. с) күндізгі оқуыдағыдай. Бірақ, Интернеттің ақпараттық ортасының және оның қызметінің мүмкідіктеріне байланысты, қашықтан білім беруді жүзеге асыру eрекше болады. Осылайша, бір жағынан қашықтан оқытуды жалпы білім беру арасында (үздіксіз білім беру жүйесінде), оның кейбір жақтарының ерекшеліктерін ескере отырып қарастыру керек. Басқаша жағынан, қашықтан оқуды жүйе және процесс ретінде айыра білу керек. Қашықтан оқыту - процесс. Қашықтан оқу - жүйе. Қашықтан оқыту саласындағы әлемдік тәжірибе көп жылдар бойы жиналды, ақпараттық технологиялар базасындағы қашықтан оқыту тәжірибесі өте аз. 90-жылдары қашықтан білім берудің маңызды идеялары, стратегиялары және технологиялары қалыптастырылды. Сонымен, оқыту үрдісін ұйымдастыру тәсілдерін анықтау қашықтан білім берудің дамуының маңызды стратегиясы болып табылады. Білім беру құнын азайтуға кепілдік бере алады.

Дәстүрлі емес оқыту формасына көшудің әлемдік тенденциясы оқытудың қашықтан оқыту технологиясы бойынша дайындаумен айналысатын оқу орындарының өсуін көрсетеді.

Батыстың дамыған елдерінде қашықтан білім беру жүйесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші орында қашықтан оқыту жүйесінің екі концепциясы тұр: солтүстік америкалық және еуропалық.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы рөлі.

Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:

•бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;

• құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;

Республикалық білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығы ақпараттық қарым-қатынастық технологиялардың білім берудегі педагогикалық мүмкіндіктерін зерттеу жолында ЮНЕСКО институтының тірек нүктесіне жатады және онымен бірге қашықтықтан оқытудың спутниктік каналын ендірудің бірлескен жобасын жүзеге асыруда.

1. 2. Қашықтан оқыту жүйесінің негізгі ұғымдары

Оқыту - білім алудың және шеберліктер мен дағдыларды қалыптастырудың мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастырылған үрдісі, ал білім беру - бұл тұлғаны оқытудың нәтижесі.

Қашықтан оқыту - бұл оқытушы мен оқушы бірге бола алмаған жағдайда белгілі бір ара қашықтықта оқыту тәсілдері. Тарихи тұрғыдан алып қарасақ қашықтан оқыту бұрын сырттай оқыту деп аталатын еді. Ал, бүгінгі күні бұл - байланыс каналдары арқылы байланысатын аудио. Бейне және компьютерлік жүйелерді қолданатын оқыту құралдары. Күндізгі және сырттай оқу формалары сияқты қашықтан оқыту да білім беру процесінде оқытудың компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларына негізделген ең озық дәстүрлі және инновациялық әдістері, формалары мен құралдары қолданылатын білім алудың бір формасы болып табылады.

Қашықтан білім беру - қашықтан оқытумен тығыз байланысты. Қазіргі күнгі ғылымда қашықтан білім беру - бұл білімді қолма - қол беру процесі (ол үшін оқу орталығы мен оқытушы жауапты), ал, қашықтан оқыту - бұл білімді қабылдау процесі ( бұған оқушы жауапты) деген ұғым қалыптасқан. Қашықтан білім беру - жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиа жүйелері негізінде күндізгі, сырттай және кешкі оқыту жүйелерінің элементтерін біріктіретін, ерекше, жетілдірілген форма. Қазіргі заманғы телекоммуникациялық және электрондық басылымдар құралдары дәстүрлі оқыту формаларының жағымды жақтарын сақтай отырып, олардың жетіспейтін жерлерін толықтыруға мүмкіндік береді.

Кесте 1

Қашықтан білім берудің ерекшеліктері:

Ерекшелік түрлері
Қызметі, қолданылуы
Ерекшелік түрлері: Икемділік.
Қызметі, қолданылуы: Оқушылар көп жағдайда лекция, семинар түріндегі сабақтарға қатыспайды. Әркім µзі таңдап алған мамандықты қажетті деңгейде игеру үшін өзіне ғана керекті мµлшерде білім алады
Ерекшелік түрлері: Модулділік.
Қызметі, қолданылуы: Қашықтан оқыту бағдарламасының негізіне модулдік принцип салынады. Оқушылар игеретін әрбір пән немесе пәндер жүйесі белгілі бір ғылым саласы туралы тұтас ұғым қалыптастырады. Ал, мұның өзі бір - біріне тәуелсіз оқу курстарынан жеке немесе топтық талаптарға жауап беретін оқу жоспарын құруға мүмкіндік береді.
Ерекшелік түрлері: Параллелділік
Қызметі, қолданылуы: Оқыту процесі негізгі кәсіби қызметтің оқумен қатар жүруіне мүмкіндік береді, яғни, өндірістен қол үзбеуге жағдай жасайды.
Ерекшелік түрлері: Алыстан қызмет көрсету мүмкіндігі .
Қызметі, қолданылуы: Оқушы мен білім беретін мекеме арасындағы қашықтық (байланыс жүйелері жұмысының сапалылығы жағдайында) тиімді білім беру процесіне кедергі болмайды.
Ерекшелік түрлері: Қамту
Қызметі, қолданылуы: Бұл ерекшелікті кейде «көпшілікті қамту» деп атайды. ҚОЖ жүйесінде оқитындар саны шектеулі параметрге жатпайды. Олардың көптеген оқу ақпараттары көздеріне (электрондық кітапханалар, ақпарат базалары) ену мүмкіндіктері бар, сондай - ақ олар бір - бірімен және оқытушымен байланыс жүйелері немесе басқа да ақпараттық технологиялар құралдары арқылы байланыса алады
Ерекшелік түрлері: Рентабелділік
Қызметі, қолданылуы: Қашықтан оқытудың бұл ерекшелігі оның экономикалық тұрғыдан тиімділігімен айқындалады. Шетелдік қашықтан оқыту жүйелерін бағалау олардың дәстүрлі жүйеге қарағанда 10 - 50 % - ға арзанға түсетіні көрсетіп отыр. Бұл, әдетте, оқу алаңдарын және ақпараттық технологиялардан техникалық құралдарын тиімді қолдану, сондай - ақ, оқу материалдарының неғұрлым шоғырландырылған және бір жүйеге келтірілген мазмұнын қолдану, ҚОЖ технологиясының өте кµп тыңдаушылар санына бағытталғандығымен түсіндіріледі
Ерекшелік түрлері: Жаңа ақпараттық технологиялар
Қызметі, қолданылуы: Қашықтан оқыту жүйесінде басым түрде жаңа ақпараттық технологиялар (компьютерлер, аудио - бейнетехника, телекоммуни-кациялардың жүйелері мен құралдары т. б. ) қолданылады.

.

1. 3. Қашықтан оқытудың құралдары мен формалары.

Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіреді. Ал жоғары оқу орындары мамандарға қойылатын талаптардың өсуіне байланысты оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іздестіреді, білім беруге жаңа технологиялар енгізеді. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі - қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту. Қашықтықтан оқу - жұмыстан қол үзбей қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен оқу. Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың 2 технологиясы пайдаланады.

Сызба 1

1) желілік технология - Интернет арқылы оқу. Университеттің білім беру порталында студенттер электрондық курстарға тіркеледі, ондағы бар материалды дәрістер және басқа оқу қорлары бойынша оқиды. Сосын автоматты түрде тестіленеді немесе тапсырмалар орындайды. Оқытушы, тапсырманы тексеріп, пікір жазып, баға қояды.
2) кейстік технология - студентке оқу-әдістемелік кейс, яғни семестрге барлық материалдар мен тапсырмалар беріледі, ол тапсырмаларды орындап, график бойынша оқытушыға жіберіп отырады.
Сонымен, қашықтықтан оқыту технологиясы студенттердің тьютор (оқытушы-кеңесші) басқаруымен дербес оқуына негізделген. Семестр бойы кесте бойынша онлайн режимінде кеңестер беріледі.

Қашықтан оқытудың білім берушілік үрдісінде келесі оқыту құралдары қолданылады.

  • Баспалық шығарылымдар;
  • Электрондық басылымдар;
  • Кәдімгі және мультимедиалық варианттардағы компьютерлік оқытушы жүйелер;
  • Оқу - ақпараттық аудиоматериалдар;
  • Оқу - ақпараттық бейнематериалдар;
  • Қашықтан жүргізілетін лабораториялық практикумдар;
  • Тренажерлер;
  • Алыстан қол жеткізілетін білімдер мен ақпараттар базалары;
  • Электрондық кітапханалар;
  • Эксперттік оқыту жүйелеріне негізделген дидактикалық материалдар;
  • Геоинформациялық жүйелерге негізделген дидактикалық материалдар;
  • Компьютерлік жүйелер.

Сызба 2

Қашықтыққа ақпараттар жеткізу технологиясы бойынша қашықтан оқытудың түрлері:

  • Баспалық материалдарды почта арқылы тарату (дәстүрлі сырттан оқыту формасына тән) ;
  • Аудио - бейнентаспаларды және СD - ROM жүйелерін тарату;
  • Интерактивті ТВ мен бейнеконференциялар арқылы тарату;
  • Электрондық почта және тарату қағаздары арқылы (Internet жүйесі базасында) тарату;
  • Телеконференциялар, IRC, MOO, MUD (Internet жүйесі базасында )
  • W W W арқылы тарату

Сызба 3

Соңғы кездерде Internet технологиясы басқа формаларды ығыстырып шығаруда. Бұл құбылыс үш жағдайға байланысты:

  • Кез - келген оқу моделін неғұрлым арзан және ыңғайлы құралдармен бейнелеуге мүмкіндік беретін Internet - технологиялардың техникалық тұрғыдан дамуы;
  • Internet жүйесіне қосылудың қарапайымдылығы;
  • Жүйеге қосылу құнының төмендігі.

Сызба 4

;

.

Телеконференциялар -бұл екі немесе одан да кµп қатысушылардың µзара қарым-қатынасын ұйымдастыру үшін байланыстың электронды каналдарын пайдалану процесі. Телеконференция процесінде дыбыс, бейне немесе компъютерлік ақпараттар жеткізіледі. Телеконференцияға жіберілетін хабарлар оның барлық қатысушыларына бірдей жеткізіледі де, сол арқылы бұл процесті дµңгелек стол айналасындағы сұхбат алмасуға ұқсатып отырады. Әрбір конференцияға тематиканың, этикетінің бұзылмауын қадағалап отыратын координатор басшылық етеді. Телеконференциялар - аудиоконференция, бейнеконференция және компьютерлік конференция сияқты түрлі технологияларға қатысты айтылатын жалпы термин.

Аудиоконференциялар - қатысушылар дауыстық коммуникацияға түсетін телеконференцияның бір түрі. Аудиоконференцияларды сандық, сонымен қатар аналогтық байланыс жүйелерінде ұйымдастыруға болады. Аудиоконференциялар біржақты бейнеқатынастарда, спутниктік телевидениеде, сондай - ақ селекторлық кеңестер ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.

Бейнеконференциялар - бұл қажетті аппараттық - бағдарламалық кешендермен қамтамасыз етілген екі немесе одан да кµп нүктелер арасында бейнекµріністермен немесе дыбыстық ақпараттармен алмасу әдісі. Оған қатысушылар бір - бірін шынайы уақыт аралығында көре және ести алады, Сондай - ақ, ақпараттар алмасып, оларды біріге отырып өңдей алады. . Мынадай жүйе оқушылардың оқытушымен тікелей қарым - қатынас кететін шығындарын болдырмайды, жұмысының нәтижесін жоғарылатады. Іс жүзінде кез - келген ақпаратты тез және оңай түрде жеткізе алу мүмкіндіктерін ескеріп, бейнеконференцияларды қашықтан білім беру жүйесін ұйымдастырудағы ең тиімді технология ретінде қарастыруға болады.

Компьютерлік телеконференцияларға - жүздеген және мыңдаған Internet жүйесін пайдаланушылар қатыса алады. Конференцияға қатысу технологиясы өте қарапайым - адресін теріп алсаңыз болды. Конференцияға қатысушының компьютері экранында оған қатысушы өзге мүшелердің пікірлері мен айтқан сөздері көрініп тұрады. Хабарлар мен пікірлер экранда өте тез пайда болғанымен телеконференцияларды синхронды құралдар қатарына толықтай қосуға болмайды. Бұл технология өте үлкен кµлемді хабарландырулар тақтасын еске түсіреді. Сол хабарландырулар тақтасындағыдай мұнда да ақпарат көздері біраз уақыттар бойына сақталып тұрады. Керек болған жағдайда оған қайтып оралып, хабарламаларды қарап отыруға болады.

1. 4. Қашықтан оқыту - білім саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру жолы

Бүгінде, информaция өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік әкономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білімнің адамнын жұмысқа түру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң және әкономика негіздерін де игеруі тиіc. Қазіргі мамандардан шығармaшылық тұрғыдан ойлaй білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.

Функциональдық дайындау тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына ауысу. Бұл ауысудың негізі тек приоритеттер ауысуы ғана емес, мұнда мамандарды мемлекетгік тапсырыс бойынша дайындаудан жеке тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға көшу жүзеге асырылады. Жаңа түжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл оқушылардың және мүғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып оқушылардың қазіргі және болашакта қолданылатын информациялық коммуникациялық технологияларды (ИКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады.

Бұдан бұрынырақ көркем етіп қолмен жаза білудің өзі қартайғанша қам жемей тыныш өмір сүруге кепілдік бере алатын еді. Соңғы онжылдықта әр түрлі қызмет салаларында технологиялар мен білім түрлерінің жаңаруының жылдам үрдіс ала бастағаны байқалды. Мектептен, тіпті жоғары оку орнынан алған білімнің өзі ұзақ уақыт өмірге тірек бола алмайды.

Үздіксіз білім беру тұжырымдaмасы, оның іс жүзінде пайдалануға ұмтылу қоғамдағы ересек адамдардың білім алу мәселесін қиындатып жіберді. Ересек жандардың білім алуына деген көзқарас және оның қазіргі замандағы рөлі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Ол қазіргі білім беру жүйесі кризисін аттап өтудің және жаңа заманға сәйкес білім жүйесін қалыптастырудың тікелей жолы ретінде қарастырылып отыр.

Білімді негізгі қоғамдық капиталға айналдыру және білім алуға байланысты табыстың өсуі осы тауарды пайдаланатын адамның, жалпы қоғамның және накты бір мекеменің пайда табуына байланысты болып отыр. Осыдан барып білім беру саласын аралас түрде қаржыландыруға, осы саладағы нарықтық қатынастарды дамытуға негіз болатын мүмкіндіктер пайда бола бастайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту технологиясы
Балабақшадағы оқыту технологиялары
Білім беру жүйесіндегі жаңаша бағыттардың теориялық негізі
Қашықтық оқыту технологиялары
Электрондық оқулықтар мен қашықтық курстар. Виртуалдық мектептер
«Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың заманауи технологиялары мен әдістері»
Қашықтан оқыту жүйесі
Дәстүрлі және инновациялық оқытудың салыстырмалы ерекшеліктері
Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде ағылшын тілін оқыту
Білім беру жүйесі лекция тезистері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz