Ақпараттық жаңа технологияларды шетел тілдерін үйрету жүйесінде қолданудың негізгі проблемалары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті
Дипломдық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық 5В011900 «Шет тіл: екі шетел тілі» мамандығы
Тақырып: “Ақпараттық жаңа технологияларды шетел тілдерін үйрету жүйесінде қолданудың негізгі проблемалары”
Қорғаушы студент: Амирханова Б. Н.
Кафедра менгерушісі о. ғ. к,
Доцент: Беккожанова Г. К.
Ұстаз: Попова С. В.
Алматы 2016 ж
Жоспар
Кіріспе 3
1. Ақпараттық жаңа технологияларды шетел тілдерін үйрету жүйесінде қолданудың негізгі проблемалары 5
1. 1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясы 8
2. Компьютерлік оқыту технологиясын шетел тілін 14
оқытуда қолданудың тиімділігі
2. 1 Компьютерлік технологияны шетел тілін оқыту процесіне
ендіру сипаттамасы және ерекшеліктері16
2. 2 Компьютерлік технологиясының шетел тілін инновациялық оқыту процесіндегі маңызы18
3. Жоғары сынып оқушыларының қарап шығу және іздене оқу түріне үйретудің әдістемелік негіздері
3. 1 Ағылшын тілін мәтіндерін оқуға үйретудің мақсатты және талаптары__38
3. 2 Қарап шығу және іздене оқуға үйретудің негізгі кезеңдері
3. 3 Қарап шығу және іздене оқу түрлерін үйретуге бағытталған компьютерлік бағдарламалар ұсынатын жаттығулар жинағы 45
4. Оқу-сөз әрекетінің бір түрі
4. 1 Мәтінді оқудың лингвистикалық ерекшеліктері 46
4. 2 Мәтінді оқудың психолоиялық ерекшеліктері 51
Практикалық бөлім 52
Қорытынды 58
Қолданылған әдебиеттер тізімі 60
1. Ақпараттық жаңа технологияларды шетел тілдерін үйрету жүйесінде қолданудың негізгі проблемелары
Оқытудың ақпараттық технологиясы- бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар , бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер) .
Оқытудың ақпараттық технологиясы-білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты- «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» боып табылады.
Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.
- Тұтынушының қолдану сапасында;
- Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.
Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағылауға болмайды, өйткені ақпарат беру-бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.
Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалады, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталады. Бұл- жүйелердің негізгі түрлері болып табылады .
- Компьютерлік бағдарламаланған оқыту- бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология;
- Материалды компьютердің көмегімен оқу- оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу-іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады;
- Материалды компьютер қоры негізінде оқу- алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т. б. ) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі.
- Компьютер қорымен оқыту- білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді;
- Компьютердің көмегімен бағалау-өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асыралатын әдістерге тәуелсіз;
- Компьютерлік коммуникация- білім беру және оны жүргізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді.
Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керсінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына-ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.
Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады:
- Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;
- Ақпарат іздеу жүйесі;
- Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;
- Танымдық сипаттағы инструменттік қралдар;
- Әбебап сипаттағы инструменттік құралдар;
- Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.
Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер -бұл ерекше аз мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.
Инструменттік құралдар деп- жаңа электрондық ресурстар жасауды қамтамасыз ететін бағдарламаларды атайды :
- әр түрлі форматты файлдар;
- мәліметтер қоры;
- бағдарламалық модульдер;
- жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны.
Мұндай құралдар пәндік бағытта болуы мүмкін, сол секілді нақты міндеттер ерекшелігі мен қолдану саласына тәуелді болмауы да мүмкін. Білім үрдісіне қолдануға негізделген бағдарламалық құралдарда сақталатын негізгі талаптар- бұл жеңілдік пен табиғилық, оқушының оқу материалымен жеңіл танысуына мүмкіндік жасау. Бағдарламаларға сай келетін талаптар мен сипаттамаларды НСІ (ағылшын тілінде «Human-Computer Interface»- «Интерфейс-адам-компьютер» ) аббревиатурасымен белгілеу қабылданған. Бұл сөзбе-сөз аударуды «адаммен сұхбаттасуға арналған компьютерлік бағдарламалар » деп түсінуге болады.
Білімді ақпатарттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге қарамастан, оны « ақпараттық революция » деп атауға болады, өйткені қол жетерлік табыстар мыналар:
- ақпаратты ұсынудың жаңа формасы. Қызықты, жанды немесе алдын ала жазылған мультимедиалық ақпарат тек текспен емес, графикалық бейнелерден, анимациядан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып, Internet желісі арқылы беріледі немесе басқа телекоммуникациялық құралдар арқылы компакт-дискілерге жазылады;
- жаңа кітапханалар. Интеллектуальдық ресурстар көлемі және табыстары өседі. Internet электорндық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы мен уақыт айырмашылығына қарамастан, зор ақпараттар көлемін жинауға қол жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын ақпараттарға толық жол аша бермейді;
- оқу сабақтарының жаңа формалары. Студенттер мен оқытушылардың виртуальды семинарлар және лабораториялар режімінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болады. Бірқатар студенттер үшін мұндай жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен жұмыс жасау және артық ескертулермен кездеспей отырып ашу қызықты;
- білімнің жаңа құрылымы. Бүгінгі күні білім жүйесіне жаңа құрылым беру үшін телекоммуникация жүйелерімен толықтырылуы қажет, сонымен
- қатар білім үрдісіне ақпараттық және коммункациялық технологияларды енгізуде жоғары біліктілікке ие мамандар керек.
Көбінесе қашықтан оқыту бағдарламалары оған барынша мол қол жеткізуге мақсатталған және оқыту сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орындауы міндетті талаптар қатарын құрастыруға болады:
- сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңестігін құру, кәдімгі оқу орындары ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары білім ортасын жасау;
- Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген уақытта қолданушыға қол жеткізерлік және кәдімгі кітапханаға көлемді ақпарат беруі тиіс.
- Желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұйымдастыру;
- Оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен тексеру жүйесін жасау.
Төмендегідей базалық шарттар сақталған жағдайда сапалы білімге қол жеткізуге болады.
- қымбат тұратын технологиялар мен бағдарлама өнімдерін қолдану;
- іштей және қашықтықтан оқыту түрлерін біріктіру;
- қажетті ақпараттық ресуртарды табуды жеңілдететін толық каталогтар жасау.
1. 1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Сыни ойлау - ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген -әр жеке тұлғаның кез -келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол - өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ - ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжербиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:
Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз үшін жасаймыз. Сонымен қатар ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып есептеледі. Өз бетінше ойланып мәселені шешу үшін бостандық керек.
Сыни тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы міндетті емес:басқаның пікірімен міндетті түрде келісу емес, керсінше келіспеуіміз де мүмкін ғой. Бұл біздің құқымызды дәлелдейді. Сыни тұрғыдан ойлайтын оқушының ой бостандығы кең болғандықтан өзгенің пікіріне жиі келісе бермейді. Бұл тұлғаның қоғамдағы пікірін, орнын анықтайды.
Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қаблеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.
Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Саналы дәлелдер арқылы жаңалық ашуға бейім келеді.
Шет тілін оқыту барысында оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиеленудің жүзеге асырудың оңай және қиын тұстары да жетерлік. Мұндағы негізгі ой : «тіл» - адамға берлген керемет қасиет, тіл құдіреті арқылы ғана адам - адамдық қалыпқа ие болады. Тіл арқылы ғана жақсылық пен жамандықты айырып, таниды, тәрбиеленеді. Тіл арқылы ғана тәрбиелік мақсаттар шешімін тауып, оқушыға өмір баспалдақтары қаланады. Шет тілін оқытудың дидактикалық негізінің бірі - тәрбиелеп оқыту десек, оның аспектілерін айқындап алу керек. Тіл - ойлаудың, дүниетанудың, қарым -қатынас жасаудың, сезімді сыртқа шығарудың құралы. Адам қызметінің қай саласы болса да оның жоспарлануы мен реттелініп отыратын тәсілі ретінде сананың барлық көрінісінің шарты бола отырып, тіл коммуникативтік, маңызды қызметті атқарады.
Шет тілі сабақтарында әрбір жұмыс түрлері мәтінмен жұмыс, жаттығулармен жұмыс, суретпен жұмыс грамматикалық, лексикалық, фонетикалық талдау т. б. Мәселен, мәтіндермен жұмыс істеу кезінде оқушылар әр мәтін мазмұны мен ондағы негізгі ойды талдап, талқыға салу, мәселе көтере отырып, жақсы мен жаман жақтарын жан -жақты таратып айта алады. Мәтін мазмұны оқушының кең дүниетанымын қалыптастыруға толығымен қызмет атқара алады. Өздерін толғандырған мәселе жайында түрлі сұрақтар қоя отырып, ой қозғай алады.
Шет тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау оқушыны тәрбиелеп, білім біліктілігін артырып қана қоймай, шәкірттерге еркін ойлауға мүмкіндік беріледі; ақыл ойы дамиды, шығармашылық деңгейі артады, топтық іс-әрекетке тәрбиеленеді, тіл байлығы жетіледі, өзі жан - жақты жетіледі, өз ойын жеткізеді.
Оқыту мен тәрбиелеу үрдістері арқылы тұлға қалыптасуына әсер етіп қана қоймай, оқушы шығармашылығын дамытудың тағы бір қажеттілігі қоғам талабынан туындайды [53, 15 б] .
Сын тұрғысынан ойлау - сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Оқушылардың оқытуда тиімді әдістерді пайдалану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын арттырады, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғаліммен оқулыққа ғана бағынатын тыңдаушы ғана еді, енді ол сын тұрғысынан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын. Сынып оқушылары топпен, жұппен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып айтуға үйренеді. Берілген сұраққа тынымсыз іздене отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп, қорғай білуге мүмкіндігі бар [54, 17 б ] .
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының құрылымына әйкестендіру мұғалім тұлғасын қалыптастырып, оның шығармашылық күш - қуатын дамытуға тиімді әсерін тигізеді. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» - сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушы өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой- өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, келе-келе мұғалімнің түсіндіргенінен гөрі өз ізденісімен қызығу танытып, шығармашылық қабілеттері ұшталады. Сонымен қатар, жекелей жұмыстар, жұптық және топтық жұмыстар арқылы өз ойларын ашық айта білу, пікір айтуға үйрену, пікір таластыру, ойланып жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу, сыйластық, ұйымшылдыққа, білім деңгейлерінің жоғары болуына көп әсерлерін тигізеді. Оның ішінде ерекше жағдай: сынып бойынша көп сөйлемейтін, ойлау дәрежелері төмен оқушылардың да қызығуы туып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысуы. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы негізінде өткізілген сабақтар ең бастысы, оқушы білімінің тереңдігі мен тиянақтылығын арттырады. Біріккен, тұтас іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау мен жазу дағдысын қалыптастыру.
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының стратегияларын пайдаланып, сабақты тиімді ұйымдастыруға болады. Қазір қоғам алдында тұрған өзекті мәселе жан жақты дамыған, әлеуметтік білімді деген тұлға қалыптастыру. Оқушы қабілетін жан жақты дамытып, шығармашылығын ұштай білу үшін, ұстаздың өзі шығармашылды тұлға болуы тиіс. Сондықтан ол заман талабынан қалмай ілесе дамып отыруы үшін, ізденіс-толғаыс үстінде болады. Оқытудың ең тиімді жолдары мен түрлері, тәсілдерін қарастыру, оны іске асыру бірден-бір өмір талабы болғандықтан жеке тұлғаны дамытуға бағытталған RWST бағдарламасын пайдалану мұғалімнің жұмысын жеңілдетері сөзсіз. RWST - ағылшын тілінен тура алмасқанда «сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлау жобасы ереше, өйткені - ол ұзақ мерзімді, бір мезгілде әртүрлі 24 және Орталық пен Шығыс Европа мен Орта Азиядағы көпұлтты мектептерін қайта құру үшін қолданылған жоба. Жобаның оқу жоспары мен бағдарламасы Америка ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит және Чарльз Темпл жасады. Бұл жоба әлемнің түкпір -түкпіріндегі ЖОО оқытушыларымен бірге барлық деңгейдегі мұғалімдерді мектептерде елеулі өзгерістер енгізуді талдау және жүзеге асыру үшін біріктірді. RWST көңіл бөлуге тұрарлықтай, өйткені жобаның негізінде жатқан өзгеріс үлгісі түрлі мәдениеттер мен контекстер ішіндегі мыңдаған кластардағы шынайы және ұзақ елеулі өзгерістің ерекше қозғаушы күші ретінде дәлелденіп отыр. Көптеген мектептерде өзгерістің тиімді үлгісінің жоқтығынан олар алға жылжи алмай келгенде RWST жобасы мұғалімдердің құндылығы мен оқушылардың ролін өз тәжірибелерінде танытатын кәсіби даму прцесі арқылы нағыз өзгеріс енгізеді. Қазақсандағы RWST жобасы 1997 жылдардың басында бастау алды. Сол кезден бері жоба гүлденіп, Соростың Ашық қоғамдық институты мен Халықаралық оқу Ассоциациясының үш жылдық гранты арқылы, Американың халықаралық дамудағы көмегі, Шелл және Шеврон мұнай компаниялары бөлген гранттар арқылы өрісін кеңейтті. Қазақстандағы RWST жобасы бүкіл елде болып жатқан әлеуметтік және экономикалық өзгерістермен сай келіп жатады. RWST мұғалімдері кластағы ашық талқылаулар мен сын тұрғысынан ойлауды және білім берудің ең жақсы тәжірибесін өткізу арқылы білім беруде неғұрылым демократияшыл болуларына көмектеседі. Әрине Қазақстан дамуының болашақтағы қысқа және ұзақ мерзімді маңызды іс - шаралары қарапайым халық ойының елдің саяси және әлеуметтік мақсаттарына ықпал ететіндей болуына байланысты болып отырса, RWST жобасы осы талпынысқа өз үлесін қосуда.
«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе - теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. RWST жоба үлгісінің алғашқы құрылымын үйретудің 3 фазалы құрылымы анықталды. Бұл үлгі Словенияда RWST жобасына негіз болған, мектепке өзгеріс енгізудің жүйелі бастамасы - Орава жобасы RWST бағдарламасына үлгі болды. Үлгінің 3 фазасы өздерінің қызметтеріне байланысты аталды: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс. Бұл құрылым жұмыстың нұсқау бағыты ретінде қызмет атқарып, басқа оқыту әдістеріне түсінік пен толықтырулар беру үшін бағдарламаның басында көрсетіледі. Үйрену процесі фазаларының қысқаша суреттемесі құрылымның мағынасы мен оның үйрету процесіне деген ықпалын білдіре алады [55, 12 б] .
Алғашқы фаза, қызығушылықты ояту оқушылардың бұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе әсерлеріне еніп, жаңа білімге мазмұн қалап, болашақта зерттеу жүргізуге күш алуларына және орындалуы керек тапсырмалар жөніндегі жеке және топтық түсініктерді қалыптастыруларына көмектеседі. Осы алғашқы фазада оқушылар бірінші рет болашаққа көз жүгіртіп, ұғынып, жаңадан зерттеу жүргізу ушін өз алдарына мақсат қояды. Қызығушылықты ояту - оқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадам болып табылады. Олар өз еркімен саналы түрде алға жылжитындықтарын немесе үйретілетін тақырыпқа енетіндіктеріне шешім қабылдайды. Сонымен қатар оқушылардың жаңа идея мен мәліметтерді үйренуге және оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай белсенді болатын-болмайтындықтарын шешуі де алғашқы фазада іске асады.
Оқушы өз білетітінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни, айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы аршылады, тазарады. Осылайша, шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады. Ал, мағынаны тану фазасы болса, оқушылар жаңа мәліметпен идеямен немесе жаңа мазмұнмен кез келіп қалғанда іске асады. Дәрісті басқаратын талқылау, кітап оқу, бейнетаспа, өнер қойылымдары немесе басқа да нұсқау әдістерінің қай- қайсысы болмасын, осы 2 фаза оқушыларды ақпараттар мен мазмұнмен айналысып, жаңа идеяның бұрынғы білім мен сенімдермен байланысқандығы жөнінде хабарбар болу. Тиімді түрде білім алу үшін оқушылардың сабаққа мақсаткерлікпен, ойлампаздықпен, өзінің түсінгенін бақылай, жаңа ақпараттарға дұрыс жауап қайтара отырып және ақпараттың жаңа мазмұнға қолданбалылығы мен қолалылығын қарастыра отырып белгісізден белгіліге қарай жүретін ақпарат пен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабылдаулары керек. Мағынаны ажырату жаңа мазмұнды ашу жолы. Оқушы мәтінді оқу арқылы жаңа тақырыппен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды.
Ой толғаныс - үйрену процесінің соңғы фазасы болады да, бұл кезед оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере бастайды.
Оқушылардың алған білімдері ұзағынан, мазмұнды болып, шындыққа ұласуы үшін бұрынғы мәліметтермен жаңа мәліметті біріктіре алудағы уақытпен құрылыммен қамтамасыз ету - осы фазаның мақсаты. Бұл фаза саналы талқылаулар мен білімді тәжірибеде қолдану, жаңа идеялар мен ұғымдарды жинақтаумен, мазмұн жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстарымен немесе келесі бір зерттеуді бастауға шақырумен айғақталады. Бұл - үйрену жеке сипатқа ие болатын сәт.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz