Оқытудың ақпараттық технологиялары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Педагогикалық технология . . . 5

1. 2 Қазіргі уақытта қолданылып жүрген оқытудың жаңа технологиялары . . . 9

2. 2. 1 Ақпараттық технологиялар және оқытудың интерактивті әдісі . . . 9

2. 2. 2 Модульдік оқыту технологиясы . . . 15

2. 2. 3 Дамыта оқыту технологиясы . . . 28

2. 2. 4 Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы . . . 35

1. 3 Тотығу-тотықсыздану реакциялары туралы теориялық мәліметтер . . . 36

2. 3. 1 Тотығу- жөнінде түсінік және заттардағы элементтердің тотығу дәрежесін табу . . . 36

2. 3. 2 Маңызды тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар . . . 39

2. 3. 3 Тотығу-тотықсыздану рекцияларының жіктелуі және тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеуін құру . . . 41

2. 4 Педагогикалық технологияларды таңдаудың негізгі мәселелері . . .

2. 5 Таңдап алынған деңгейлеп оқыту технологиясын терең зерттеу . . . 57

2. 6 «Тотығу-тотықсыздану реакциялары» тақырыбында сабақ өту

әдістемесі . . . 61

2. 7 Жұмыстың нәтижесін саралау . . . 68

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 82

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . 84

КІРІСПЕ

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болуы мүмкін емес. Оқытудың жаңа инновациялық технологияларын меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Оқытудың жаңа технологияларының принциптері - оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңының 8-бабында “Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау” деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа инновациялық технологияны меңгеру [2] .

Еліміздің егемендік алуы нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру, ізгілендіру мектепті болып келген дағдарыстардан шығаратын қуатты құралға айналып отыр. Қазір білім берудің жаңа жүйесі жасалуда. Қазіргі білім беру балаға тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі бір жиынтығын меңгертуге ғана бағытталып, олардың дені сау, бәсекеге қабілетті, қоғамда белсенді өмір сүре алатын, жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде.

Жұмыстың өзектілігі: Білім сапасын көтеру және оқу үрдісінде субьектілік қарым-қатынасқа өтуде оқушылардың оқу қызметіндегі өзін-өзі басқару кестесін құруды ұсына отырып, әр оқушының қабілетіне қарай, дарындылығын, қызығушылығындамыту нәтижесінде оқыту мен тәрбие процесінде жоғары сапаға жете отырып, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға негізделген білім беруді ақпаратттандыру, даярланатын маманның ақпараттық қоғам жағдайында қызмет ете білу дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастыруға, оқу үрдісінің қарқынын арттыруға, дамыта оқыту идеясын іскеи асыруға, оқытуды ұйымдастыру әдістері мен формаларын жетілдіруге бағытталған.

Оқушының интеллектуалдық әлеуетін дамытуға, өз бетінше білім игеру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқытудың әдістемелік жүйесін құру, оөу-ақпараттық, тәжірибелік-зерттеушілік үрдістерді, ақпараттарды өңдеудегі өзіндік әрекеттің әртүрлілігін іске асыру.

Тотығу -тотықсыздану реакциясы тақырыбын мысалға ала отырып, химия пәнінен сабақ өту әдістемесін жасау және ондағы педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану жолдарын зерттеу.

Жұмыстың мақсаты:

  1. Химия пәнінен сабақ өту барысында оқытудың жаңа технологияларын пайдалана білу жолдарын игеру;
  2. Біріншіден, оқушының жас ерекшелігі мен қабілет деңгейін анықтай отырып, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету, екіншіден, ойлау қабілеттерін арттыра түсу, оқушылардың дамуын қадағалай отырып әр оқушының стандарт көлемінде тиянақты білім алып шығуына көңіл бөлу;
  3. Қабілетті оқушылардың даму деңгейін шығармашылыққа ұштастыру.
  4. Оқушының білім деңгейін көтеру мен бақылауға арналған деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша оқыту әдістемесін құру және «Тотығу-тотықсыздану реакциялары» тақырыбын оқытуда пайдалану.

Жұмыстың орындалған орны: ОҚО Сайрам ауданы №38 Абай атындағы жалпы орта мектеп.

Жұмыс әдістері: бақылау, зерттеу, педагогикалық эксперимент.

Ғылыми жаңалығы мен практикалық маңызы: Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, білімді, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнің кәсіптік біліктілігін жетілдіруіне, адамгершілік, азаматтық қасиетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Осы тұрғыда оқушылардың білім деңгейін қарқынды дамыту мақсатында педагогикалық жаңа технологияларды жүйелі, ұтымды пайдалану жолдарының қарастырылуы. Оқушының білім деңгейін көтеру мен бақылауға арналған деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша оқыту әдістемесін құру және «Тотығу-тотықсыздану реакциялары» тақырыбын оқытуда пайдалану.

Жұмыстың міндеттері

- Оқушылардың бойында білім алу, белсенді іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруды тарихи - педагогикалық тұрғыда анықтау;

- Оқушылардың бойында қазіргі заманның талаптарын есепке ала отырып оқытудың міндеттері мен мазмұнын жас ерекшелік тұрғысында айқындау;

- Зерттеу проблемаларын шешуге мүмкіншілік беретін химия пәнінен сабақ өту әдістемесін әзірлеу;

- Экспериментальды жұмыс арқылы оқушылардың бойында білім, білік дағдыларын қалыптастырудың нәтижесін тексеру.

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Педагогикалық технология

Педагогикалық технология: педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланатын барлық, дара, инструменталдық және әдіснамалық құралдарды қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді.

Педагогикалық технология білім алу іс-әрекетіндегі амалдардың негізінде таңдалған кәсіптік қызметтің, тәсілдің, қабылдаушылардың танымдық іс-әрекеті деген анықтама береді.

ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педогогикалық технология дегеніміз - бүкіл оқыту үрдісі және бір-біріне өзара әсерін, білім берудің формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі.

Жаңа технологияларды таңдау критерийлері:

- елдің, аймақтың талап-тілегі мектепке әлеуметтік сұраныс;

- мектептің дамуы туралы мемлекеттік құжаттар-мемлекеттік сұраныс;

- қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары;

- мұғалімдердің, мектеп басшыларының іс-тәжірибесі, шығармашылығы;

- мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелері болуы.

Педагогикалық технология оқу үрдісімен, яғни мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне мыналар жатады:

- әрбір оқушының жеке дара ерекшелігін ескеру;

- оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру;

-оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа технологияның өзін мұғалім әр түрлі деңгейде, яғии орташа, дұрыс немесе шығармашылықпен игеріп, іске асыруы мүмкін. Шығармашылық дамытуда коммуникативтік қабілеттерді мұғалімде де, оқушыда да дамыту жөнінде педагогикалық шеберлік, педагогикалық такт, педгогиккалық этика, мәселелері ескерілуі тиіс. Мектептерді демократияландыруда мұғалімге тек білімділік, біліктілігін, дағдыларды меңгертіп, қалыптастырумен қатар коммуникатиптік қабілет ауадай қажет. Ол дегеніміз - мұғалімнің класс оқушыларын өзіне қарата алуы, оқушы психологиясын, жай-күйін тез аңғара алуы, оны ескере отырып оқу-тәрбие процесін ұйымдастыра алуы болып табылады.

Президенттің данышпандар ауылдарда дүниеге келеді, деген сөзінде үлкен философиялық түйін жатыр, жастар ауылдан қалаға немесе шетелге кетпеуі тиіс. Сол данышпандарды данышпан етуге мұғалім мен оның білім берудегі шеберлегінің, әдіс-тәсілінің орны ерекше екені сөзсіз.

Инновация ұғымның әр елдегі, әр түрлі уақытта берілген анықтамалары: “Инновация” ағылшын тілінен (“innovation”) шыққан, “жаңаша серпінділік”, “жаңашылдықты енгізу” деген мағынаны білдіреді.

Майлс пікірі бойынша, “инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешілуін күтеміз”, - деген [11] «Инновация» ұғымына берілген соңғы анықтама, бұл салада американдықтар мен европалық көлемді зерттеулер иесі Э. М Роджерстің анықтамасы болып есептеледі. Э. М. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея» [13] .

Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны “құрылымына, материалдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастарды комплексті түрде біріктіретін үлкен өзгеріс”, - деп түсіндірді [18] .

Әр мұғалімнің оқытудың жаңа технологияларын меңгеруі арқылы педагогикалық қабілеттіліктерін жетілдіруіне қол жеткізуге ұмтылуымыз қажет. Біріншіден, мұғалім іс-әрекетті оқушының жас және дербес ерекшеліктерін есепке ала отырып құруы қажет. Екіншіден, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орната алуы ксрек. Одан басқа педагогтық қабілеттілікке, педагогтық байқағыштық, педагогтық шығармашылық, ынтымақтастық, жаңалыққа ұмтылушылық т. б. кіреді. Педагогикалық қабілетті мұғалім оқушыларға білім, білік, дағдыны қысқа, қызықты нақты етіп бере алады, балалардың жан дүниесін түсіне алады және сонымен қатар өз бетінше ойлауын, шығармашылығын дамыта алады.

Семинар жұмыстары белгілі бір категорияны қамтитын, белгілі бір өзекті проблемаға байланысты шешімін табу жолдарын, озат іс-тәжірибені насихаттау мақсатында ұйымдастырылады. Оқытудың инновациялық технологияларын меңгеруі - мұғалімнің педагогикалық біліктілігін, кәсіби шеберлігін жетілдіруінің кепілі. Сондықтан да әрбір ұстаз жаңашылдықпен еңбек етіп, оқытудың инновациялық технологияларын меңгеруі тиіс.

Оқыту технологиясы - оқыту әдістері мен оқыту құралдарын пайдалана отырып, оқу ақпаратын берудің, жеткізудің жолын өзгерту. Ал, екінші жағынан бұл оқыту үрдісінде мұғалімнің оқушыға технологиялық немесе ақпараттық құралдар арқылы әсер етуінің жолы. Оқыту технологияларын пайдаланғанда оқу мазмуны, әдістері, оқу құралдары, озара бір-бірімен байланыста және бір-біріне әсер ететін жағдайда болады.

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі негізінен бағдарлама мен білімдік мақсаттарға сәйкес оның қажет мазмұнды бөліп ала алуы. оны түсінуге тиімді әдістер мен оқу құралдарын пайдалана білуімен айқындалады.

Педагогикалық оқыту технологиясы - педагогиканың, психологияның және социология ғылымдарының жетістіктеріне, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер, халықтық педагогика ұлттық және дамыған шет елдер педагогикаларының өткен жылдағы ең жақсы жинақталған жетістіктеріне сүйенеді.

Педагогикалық оқыту технологиялары оқыту үрдісінде пайдалану қажеттілігінен туындады. Ғылыми-техникалық даму ғасырындағы жаңа ғасыр адамына қажетті жағдайдың бірі - интеллектуалдық, шығармашыл, гуманды жас ұрпақты тәрбиелеу. Даму педагогикалық оқыту үрдісінің негізгі, терең мағыналы мәніне айналды.

Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді. Бұның бір мысалы ретінде 2007-2008 оқу жылының басында ҚР Президенті Н. Назарбаевпен бірге өткізілген интерактивті сабақты айтуға болады. Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біздің келешек ұрпағымыз компьютерлік технологиямен толыққанды білім ала алады.

Оқыту үрдісінің мәні. Біртұтас педагогикалық үрдісті құраушы екі басты бірліктің біреуі - оқу үрдісі. Бұл үрдіс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тәрбие және даму үдерістерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу үрдісі әртекті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Үрдіс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.

Ежелгі және ортағасырлық ойшылдардың шығармаларында «оқу», «оқу үрдісі» ең алдымен мақсаты - оқушы болған оқыту қызметін (преподавание) білдірген. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы үрдісті құрайтын екі бірлікті - оқыту қызметі мен оқып үйренуді қамтитын болды.

Оқыту - оқу материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып үйрену - ұсынылған білімдерді игеруге бағышталған оқушылар іс-әрекетін танытады. Кейінгі жылдары оқу ұғымы оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-әрекетінде, мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-әрекетін де көрсететін болды. Мұғалім мен оқушының бірлікті іс-әрекеті болған оқу үдерісінің мәні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін көрсетеді. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім он оқушының бірлікті әрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) біртұтастық және бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік.

Дидактика - бұл оқу және білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, әдістері, құралдары, жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нәтижелері жөніндегі ғылым.

Оқыту - оқудың мақсаттарын (білімдену міндеттерін) іске асыруға бағытталған, ақпарат беру, тәрбиелеу, білімді түсіндіру және тәжірибелік қолдануды қамтамасыз етуші педагогтың реттестірілген іс-әрекеті.

Оқып үйрену - таным, дағдылану және игерілген тәжірибе негізінде жаңа мінез-құлық және іс-әрекет формаларын пайда етіп, бұрын қалыптасқанды өзгеріске келтіретін оқушының өзіндік іс-әрекет үрдісі.

Оқу - белгіленген мақсатқа жетуді көздеген мұғалім мен оқушы арасындағы өзара ықпалды реттестірілген іс-әрекет. Бұл ұстаз бен шәкірттің бірлікті қызметінің екі тарапы. Жүйе ретінде қабылданған оқудың негізгі құрылымы элементтері: 1) мақсат; 2) мазмұн; 3) әдістер; 4) ұйымдастыру формалары; 5) нәтиже. Осы және басқа да кейбір түсініктердің мәніне тоқталайық.

Білімдену - оқу барысында игерілген білім, ептілік, дағдылар мен ойлау тәсілдерінің жүйесі.

Білім - пәннің теориялық игерілуін білдіретін идеялар жиынтығы немесе қоршаған дүниенің бала санасында түсініктер, сұлбалар, нақты бейнелер кейпінде өрнектелуі.

Ептіліктер - игерілген білімдерді тәжірибеде қолдану тәсілдерін (жолдарын, әрекет түрлерін) иелеу.

Дағдылар - аса жоғары дәрежеде жетіліп, автоматтық күйге түскен ептіліктер.

Мақсат - (оқу, білімдену) - оқу барысында қол жететін мұрат, барша күш - қуат бағытталған болашақ.

Мазмұн - (оқу, білімдену) - оқу үдерісінде шәкірт игеруі қажет ғылыми білімдер, ептіліктер мен дағдылар, іс-әрекет және ойлау тәсілдерінің біртұтас жүйесі.

Ұйымдастыру - дидактикалық үдерісті белгілі заңдылықтарға орай ретке келтіру, көзделген мақсатты тиімді іске асыру үшін бұл үдерісті қажетті формаға түсіру.

Форма - оқу үрдісінің жасау жолы, оның ішкі мәні, логикасы мен мазмұнының сыртқы қоршамы. Оқу формасы ең алдымен сыныптағы оқушылардың санымен, оқу уақыты және оқу орнымен, оның іске асырылу тәртібімен, т. б. байланысты.

Әдіс - оқу мақсаттары мен міндеттерінің орындалу (іске асуы) жолы.

Құрал - жабдықтар - оқу үдерісінің заттық, материалдық қолдауы. Оқу үдерісінде құрал ретінде педагогтың дауысы (сөзі), оның шеберлігі, оқулықтар, сынып жабдықтары және т. б.

Нәтиже - (оқу өнімі) - оқу барысында, оқу үдерісі салдарынан көзделген мақсаттың іске асу дәрежесінен туындайтын соңғы өнім. Жалпы дидактиканың зерттейтін пәні: оқыту мен оқып үйренуді оларды туындатқан жағдаяттарымен әрі оларды орындау шарттары және соның арқасында жетілетін нәтижелерімен бірге анықтау. Жекеленген (нақты) дидактика оқыту әдістемесі деп аталады. Ол әртүрлі оқу пәндерінің желісін, мазмұнын оқыту формалары мен әдістерін қарастырады. Әр оқу пәні өз әдістемесіне ие.

Сонымен дидактикалық үрдіс мәні оқыту мен оқып үйрену бірлігінен құралады. Оқуға тән сипаттар: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті әрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) біртұтастық және бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік.

2. 2 Қазіргі уақытта қолданылып жүрген оқытудың жаңа технологиялары

2. 1. 1 Ақпараттық технологиялар және оқытудың интерактивті әдісі

Оқушылардың белсенділігін арттыратын әдістерді интерактивті тәсілдер деп атайды. Осы тәсілдерді қолдану жеңіл болып көрінуі мүмкін. Шын мәнінде мұның оңай емес екендігін мұғалімдердің тәжірибесінен көруге болады.

1. Интерактивті әдістемені таңдау кездейсоқтық емес. Мұнда қазіргі демократиялық қоғамға қажетті белсенді араласу дағдыларының үлгілері мен дамуы талап етіледі. Әрі қарай «Интерактивті оқыту» түсінігін ашу, оқытудың осы түрін қай кезде және қашан пайдалану керектігін, сонымен қатар, аталмыш әдістемені сабақта үздіксіз қалай қолдануға болатындығы түсіндіріледі. Берілген әдіс кез келген пәнде, кез келген деңгейде пайдалануға келетіндігін айтып кеткен жөн. [36]

2. «Интерактивті тәсілмен оқыту әдісі». Сабақ кезінде оқушылардың өзара және оқушы мен мұғалімнің арасында қатынастың мейлінше көп болуын оқытудың және білім берудің интерактивті әдісі деп атаймыз. Мұндай арақатынас әдетте қандай да бір мәселелерді шешу жолдары мен ұсынылған шешімнің қаншалықты көңілге қонымды екендігін талқыға салу арқылы жүреді.

Бұл жерде мәселелерді шешу үрдісінің маңыздылығы, оны шешкеннен артықтау. Себебі, интерактивті әдістің мақсаты жай ақпарат беріп қоймай, оқушыларды өздіктерінен жауап іздеуге бейімдеу.

Интерактивті әдістеме кең ауқымды мақсаттар мен арақатынас түрлерін қамтиды. Алайда қандай әдістеме қолдансаңыз да, негізгі білімнің көзі оқушылардың өмірлік тәжірибесінде. Білім беру үрдісіне оқушылар мынадай адамдармен өзара қатынаста болады:

  1. мұғаліммен (оқушы мұғалімнің сұрағына жауап бергенде) ;
  2. шақырылған адамдармен (ата-аналар, басқа ұйым өкілдері немесе сыныптың өзі қандай да бір ұйымдар мен адамдарға баруы мүмкін) ;
  3. басқа оқушылармен (жұппен жұмыс істеу) ;
  4. шағын топпен (3-5 оқушы) ;
  5. үлкен топпен (көбінесе әртүрлі рөлдік ойындар, пікірсайыстар, сыныптағы пікірталас т. б. ) ;
  6. кейбір техника түрлерімен (мысалы, компьютермен) .

Топтың сандық құрамы өзара қатынастың немесе оқудың сапасын білдірмейді. «Өзара қатынас» әдісінің негізгі ерекшелігі - ашылу (өзін-өзі ашу) үрдісімен байланысты, оның негізгі мәні оқушылар білім алу дағдыларын өзара қарым-қатынас арқылы меңгереді.

3. Интерактивті әдістеме не үшін қолданылады? Интерактивті әдісті белсенді қолданатын мұғалімдер дәл осы өзара қатынас үрдісіне білім беру нәтижелі болады деп сенеді. Олардың ойынша, оқушылар тек осылай тезірек үйреніп, пікірталас кезінде білгендерін есте сақтай алады деп есептейді. Бұл мынадай себептерге байланысты болады:

- Оқушылар ақпарат қана алып қоймай, шешімді табу жолы мен шешімнің дұрыстығын немесе бұл ойдың ұсынылған нұсқаларының ішіндегі ең жақсысы екендігін қисынды түсіндіре білулері, және өз ойларын дәлелдеулері керек;

- Қисынсыз құрылған шешімдер дау туғызатынын білетіндіктен оқушылар өздерінің идеяларын терең талқылайды.

- Оқушылар мәселені шешу барысында өздерінің және басқалардың тәжірибелерін қолданады. Мұндай жалпы білім қоры жеке оқушының біліміне қарағанда молырақ келеді.

- Мұғалім де оқушылардан кейбір нәрселерді біліп, үйрене алады.

Жұптасып немесе шағын топпен жұмыс істеу қарым-қатынасының артықшылығы:

1) оқушылар сынын алдында айта алмағандарын немесе тек мұгалімге айтатын ойларымен шағын топтарда оздерінін құрдастарымен бөлісе алады;

2) оқушылар өздерінің жеке пікірлерінен өзге жақсы пікірлердің бар екендігін біледі.

Интерактивті әдісті қолданатын мұғалімдердің айтуы бойынша, тек қана ақпарат беріліп, оны талқыға салмай, бірден жаттығуға көшетін сыныптарда мұғалімдердің сөзі оқушы есінде нашар сақталады. Сонымен қатар, олардың ойынша мұндай жағдайларда оқушыларға көбіне құнды ресурстарды, яғни сыныптарының идеяларын пайдалануға мүмкіндік берілмейді. Зерттеулерге сүйенсек, «Біз істеген нәрсеміздің 80%-ын, оқығанымыздың 20%-ын, ал естігеніміздің 10%-ын есте сақтайды екенбіз».

Біздің тұрмысымыз оған мысал бола алады. Айталық, тігін тігуді үйрену үшін біреудің ауызша нұсқауымен немесе оқығанымыз бойынша үйрену жеткіліксіз. Біз ол үшін кәдімгі инені ұстап үйренуіміз керек. Себебі - тәжірибе арқылы шеберлікті шыңдай отырып, біз ақпаратты өңдеп, қайтадан әрекетке айналдырамыз. Осы үрдіс барысында біз ісімізге қисынмен терең үңілеміз. Біз оқушыларға дайын жауаптарды бергенде, олардың белсенділіктерінің деңгейі аса жоғары болмайды. Ал бізге өз идеямызды іске асыруға және қорғауға тура келетін болса, ойлау белсенділік деңгейі бірден өседі.

4. Оқытудың өзара белсенді жұмыс істеу (интерактивті) әдісі

Мақсаты:

Оқушылар дағды мен білімге қол жеткізеді.

Сипаттамасы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ЕРЕЖЕСІ
Кәсіптік білім берудің қазіргі технологиялары.
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі мен сипаттамасы
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Қашықтықтан оқытудың технологиялары
Оқыту технологиясы мен әдістері
Толықтырылған шынайылық технологияларын қолдану
Математиканы оқыту жүйесін компъютерлендіру мәселелері
Қазақ тілін жаңаша оқыту технологиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz