Локальды мәліметтер қорлары


Аңдатпа
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «3- Энерго орталық» АҚ-ның кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін құру.
Дипломдық жұмыс М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті «Ақпараттық технологиялар» факультеті «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының ИП-09-3к тобының студенті Қыпшақбаева Әйгерім жасаған.
Жұмыстың ғылыми жетекшісі аға оқытушы Ельбергенова Ғ. Ж.
Дипломдық жұмыс 2013 жылы қорғалды.
Дипломдық жұмыс бес бөлімнен тұрады : Аналитикалық бөлім, жобалық бөлім, тіршілік қауіпсіздігі бөлімі, экономикалық бөлім және бизнес жоспарлау бөлімі. Сонымен қатар, жұмыста мазмұны, кіріспе, қорытынды пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымша келтірілген.
Дипломдық жұмыстың құрамындағы: беттер саны-99, кестелер саны-22, суреттер саны-31, пайдаланылған әдебиеттер саны-40.
Мазмұны
2. 4 Программа мәтіні
2. 4. 1 Программаға арналған негізгі шарттар және орындау жолдар
2. 4. 2 Мәліметтерді іздеу. .
44
44
3. 10 «3 Энерго орталық» АҚ-ның кадрлар бөлімінің АЖ құру өндіріс бөлмелеріндегі персоналды эвакуациялау
3. 11 «3 Энерго орталық» АҚ-ның кадрлар бөлімінің АЖ құру өндіріс бөлмелеріндегі ауа алмастырылуын есептеу.
72
72
Нормативтік сілтемелер
Бұл дипломдық жұмыста келесі нормативтік сілтемелер қолданылды:
СТРК 34. 006 - 2002 - «Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі терминдер және анықтамалар»;
СТРК 34. 007 - 2002 - «Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі терминдер және анықтамалар. Телекоммуникациялық желілер»;
МЕСТ UCO 8790 - 95 - «Ақпаратты өңдеу жүйесі. Есептеуіш жүйелердің конфигурация сұлбасы, шартты белгілері және символдары»;
МЕСТ 28195 - 99 Бағдарламалық құралдардың сапа бағасы.
МЕСТ 7. 1-2003.
МЕСТ 28195-99 Бағдарламалық құралдардың сапа бағасы.
ҚҮ ОҚМУ 1-005-2012 Сапа менеджменті жүйесі. Құжатталған процедура. Құжаттарды басқару.
Анықтамалар
Бұл дипломдық жұмыста келесі анықтамалар қолданылды:
Ақпараттық технологиялар - бұл өндірістік үрдістер және бағдарламалы техникалық құралы, технологиялық шынжырларға біріктірілген, ақпараттық ресурстарды қолдану үдерістерінің еңбек көлемділігін кеміту мақсатында ақпаратты бейнелеуді және таратуды, сақтауды, өңдеуді, жинауды қамтамасыздандыратын және олардың жылдамдығы мен сенімділігін жоғарылататын әдістердің жиынтығы.
Негіз - деректер қорында сақталатын кез келген табиғаттың объектісі. Негіздер жайлы деректер қатынаста сақталады.
Басқарушылық ақпарат - материалдық игіліктерді өндіру, тарату және пайдалану процестеріне қызмет көрсетіп, экономика салаларын басқарудың ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз ететін ақпарат.
Операциялық жүйе дегеніміз - ақпаратты өңдеу процесін басқаруды және қолданушы мен ақпараттық құралдар арасында байланыс орнатуды қамтамасыз ететін бағдарламалар жиынтығы.
Жүйе - бұл қызметі нақты пайдалы нәтиже алуға бағытталған өзара және сыртқы ортамен байланысқан элементтер жиыны.
Атрибут - негізді сақтайтын қасиет. Кесте құрылымында әрбір атрибутқа ат беріледі және оған кестенің қандай да бір бағанының тақырыбы сәйкес келеді.
Алгоритм - берілген ағымдық мәліметтерден ізделінді нәтиже алып келетін, есептеу процесін анықтайтын нақты ережелер.
Қолданбалы бағдарламалық жабдықтау - әртүрлі ақпаратты өңдеуді автоматтандыру үшін және ғылым мен техникадағы есептеулерді орындау үшін әртүрлі негіздегі бағдарламалар жиынтығы.
Ақпараттық жүйенiң құрылымы - бұл бағыныңқы жүйенiң функционалды маңызы мен олардың сыртқы сыртқы ортамен өзара әрекеттесуiн анықтайтын iшкi кеңiстiктiктi-уақыттық iшкi байланыстар және оның жекелеген бағыныңқы жүйелерi мен элементтерi арасындағы салыстырмалы тұрақты тәртiп.
Экономикалық ақпараттық жүйе - ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдау процесіне қатысатын мамандардың, әдістердің, құралдарлың, экономикалық объектілердің тіке және кері экономикалық байланыстарының ішкі және сыртқы ағымдарының жиыны.
Функционалдық жүйе - бұл ақпараттық жүйенiң белгiлi бiр функциялармен шектелген бөлiмi. Өз кезегiнде әрбiр функционалдық жүйе есептер кешендерi мен есептерге жiктелуi мүмкiн.
Белгілеулер мен қысқартулар
Бұл дипломдық жұмыста келесі белгілеулер мен қысқартулар қолданылды:
ЖЭО- Жылу энергоорталығы
МБАЖ- Мекеме басқарылуының автоматизациясы жүйесі
АЖ -Ақпараттық жүйе
БЖ - бағдарламалық жабдықтама
ҚР - Қазақстан Республикасы
ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы
(ОАЖ) -Офисті автоматтау жүйесі
АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны
(МЭӨЖ) -Мәліметтерді электронды өңдеу жүйесі
(СЖ) -Сараптаушы жүйелер
ТПБАЖ-Технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі
(МЭӨЖ) -Мәліметтерді электронды өңдеу жүйесі
(ЭБАЖ) -Экономикалық басқарудағы ақпараттық жүйелер
(ШҚҚЖ) -Шешімді қабылдауды қолдау жүйесі
Кіріспе
Қазіргі біздің қоғамымызда ешқандай жұмыс бабы компьютердің көмегінсіз атқарылмайды десек те болады. Соңғы жылдары қоғамызда күрделі өзгерістер бола бастады. Сол өзгерістер қатарына барлық жұмыстардың автоматтандырылған жағдайларына жатқызсақ болады. Яғни барлық атқарылып жатқан жұмыстар қазіргі заман талабына сай автоматтандырылып, компьютерлік үлгіде жұмыстар тез және өңдеу, мәлеметтері қорын құру жолдары қарастырылып жатыр. Озықты ақпараттық технологияларды ғылым және білім саласында кең ауқымда пайдалану, өз алдына ақпараттық қорларға қол жеткізу әдістері мен мүмкіндіктерін дамытуға барынша септігін тигізді. Сондықтан, жоғарғы жылдамдықты, озықты ақпараттық технологияларды дамыту мен қолданысқа енгізу мәселелеріне аса назар аудару қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі таңда дүние жүзінде компьютерлік анықтама-ақпараттық жүйелер кең тараған, олар арқылы аз уақыт ішінде өзіне қажетті ақпарат алуға болады. Барлық жүйелер ақпаратты ұзақ сақтау және ақпарат өңдеу функцияларымен тығыз байланысты. Фактіге негізделген ақпарат факторға айналып, қызметтің әрбір сферасының тиімділігін анықтайды. Ақпараттық толассыз мәліметтер өсті және ақпаратты өңдеу жылдамдығына талаптар көбейді, сондықтан қазір көптеген операцияларды қолмен істеуі мүмкін емес, олар ең перспективалық компьютерлік технологияларын қолдануын қажет етеді. Әрбір административті шешім кезектегі жағдайы және оның өзгеруінің мүмкіндік перспективалары ашық және дәл бағалауды қажет етеді. Әрбір ақпараттық жүйенің негізіне мәліметтер базасы жатады, ол компьютерлік өңдеуге арналған мәліметтердің жиынтығы болып табылады. Осылардың мысалдары ретінде көптеген мемлекеттік және жекеменшік фирмалар мен өндірістер, сонымен қатар оқу орындарының барлығы және тағы да басқа көптеген жұмыс орындарын алсақ болады. Осындай мәліметтерді өңдеуді жабдықтайтын программа мәліметтердің қорын басқару жүйесі деп аталады (МҚБЖ) .
XXI ғасыр ақпараттандырылған кезең болғандықтан компьютерлік технологиялардың және интернеттің дамуы экономика мен әлеуметтік салаларға көптеген жаңа мүмкіндіктер тудырып отыр.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Кез-келген авотматтандырылған жүйе өзара байланысқан көптеген модульдерден тұратын күрделі аппараттық-программалық комплекстерді сипаттайды. Мұндай жағдайда желілік технологиялардың және мәліметтер қорының алатын орны ерекше болып табылады. Жалпы Жүйе көптеген жергілікті және глобальды есептеу желілерінің комплексі түрінде анықталады. Жаңа технологиялардың дұрыс пайдаланылуы бизнес әлеміндегі жетекші орындарға ие болудың алғы шарттарының бірі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Бұл жүйе ұйымның бірыңғай мәліметтер қорының көп пайдаланушылық мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қызметкерлер арасындағы міндеттерді үлестіруді рұқсат ететін бірнеше пайдаланушылардың бір мезгілде ақпарат жұмысының мүмкіндігін береді. Мысалы, жаңа қызметкерлерді тіркеу, ақпарат модификациясы, іздеу, есеп беруді ұйымдастыру және т. б.
Дипломдық жұмыстың тәжірбиелік мәні. Көп пайдаланушы режиммен жұмыс істеу барысында ақпаратты алу құқығы тағайындалады. Мысалы, тек кадрлар бөлімінің бастығы ғана завод цехтарының анықтамаларын редакциялай алады. “ Кадрлар бөлімі” программасы жеткілікті түрде абстрактілі кәсіпорынның кадрлар бөлімі қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге бағытталған. Біршама ескішілдікке негізделген, сонымен бірге ең үлкен жауапкершілікті талап ететін процестер болып төмендегілер табылады:
Жұмысшының жеке тіркеу карточкасына метрикасын енгізу;
Кадрлар бөлімі архивын жүргізу;
Жұмысшылардың жеке мағлұматтары жайлы түрлі есептер дайындау (стаж, жалақы) .
Ол үшін алдымен жұмысшының жеке карточкасы жүргізіледі. Оған
жұмысшы жайлы барлық керек мәліметтер енгізіледі. Ары қарай енгізілген ақпаратпен жұмыс жүреді (түзету, іздеу, жою) . Архив негізінен жұмыстан шығарылған қызметкерлердің жеке карточкаларынан тұрады. Себебі, заң бойынша жұмыстан шығарылғаннан кейін қызметкер жайлы жеке мәліметтер кем дегенде 3 жылдай сақталуы қажет.
Қосымша мәліметтер қорының сөздігі ақпаратпен толтырылып отырады. Берілген контексте сөздік қандай да бір біртипті ақпараттың анықтамасы болып табылады. Мысалы, институттар справочнигі, райондар мен көшелер справочнигі. Жаңа ақпарат енгізу кезінде пайдаланушы анықтамалардан кез-келген мәліметтерді таңдап ала алады немесе оны жаңа мәліметтермен толтыра алады.
Кадрлар бөлімі архивына тура немесе жанама түрде қосымша операциялар қатары жүгінеді (бухгалтерия, материалдық бөлім, есеп және өнімді өңдеу) .
Еңбек шартын жеңілдету негізінен берілген мәліметтер, программаның көмегімен ұжымның архивті жүргізу процесін автоматтандыруының арқасында жүреді. Іс жүзінде, жеке карточкалар және архивпен жұмыс- мәліметтер қорымен жұмыс істеудің нақты әрі ыңғайлы процесіне айналады. Бұл жұмысты едәуір жеңілдетіп, қателерді болдырмайды.
Шешілетін ғылыми мәселенің заманауи жағдайын бағалау. Бұл жұмыста қазіргі заманға сай кеңсенің шартын қанағаттандыратын нақты бағдарламалық және апқараттық есептерді шешуге және коммерциялық компанияның жүйесін басқаруға арналған бағдарламалық қамтама көрсетілген.
Жаңа технологияға деген сұраныс жоғары болғандықтан, сондай-ақ олардың құны да жоғары болғандықтан, көптеген компьютерлік техника шығарушы және бағдарламалық қамсыздандыру компаниялары өздерінің ұсыныстарымен шығып отырады. Әрбір мекеменің автоматтандыру бөлімінің алдында осы мәселені шешу, яғни көптеген бағдарламалардың ішінен өздерін қанағаттандыратынын таңдау проблемасы тұрады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты -«3-Энерго орталық»АҚ-ның кадрлар бөлімінің бағдарламалық жабдықты кадрлар бөлімінің жұмысын автоматтандыру үшін ақпараттық жүйе құру. Сондықтан, дипломдық жұмыстың басым бөлігі бағдарламалық жабдықтар және олардың құны туралы мәліметтерді қамтиды.
Дипломдық жұмысты жазудағы міндеті- «3-Энерго орталық»АҚ-ның кадрлар бөлімінің жұмысын жеңілдету мақсатында заманымызға сай ақпараттық жүйесін жасау болып табылады.
Ақпараттық-іздеу жүйелеріне қойылатын кейбір талаптарға қарамастан, кадрлар бөлімі өзінің ішкі мәліметтерін өңдеудің өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Бірақ көбінше мұндай іс-әрекеттерді орындауға арналған құралдар олардың өздерінде табыла бермейді. Сондықтан, дипломдық жұмыста кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесі құрылды.
Зерттеу нысаны - «3-Энерго орталық» АҚ-ы.
Теориялық және әдістемелік негізі. Бұл жүйе ұйымның бірыңғай мәліметтер қорының көп пайдаланушылық мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қызметкерлер арасындағы міндеттерді үлестіруді рұқсат ететін бірнеше пайдаланушылардың бір мезгілде ақпарат жұмысының мүмкіндігін береді.
Дипломдық жұмысты жазудағы тәжірибелік базасы . «3-Энерго орталық»АҚ-ның кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін құру.
Бағдарлама Delphi 7. 0 бағдарламалау ортасында құрылған. Бұл бағдарлама тек бір ғана коммерциялық фирмаға ғана емес, кез-келген үлкен кәсіпорындарда да қолдануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс мынадай бөлiмдерден тұрады: кіріспе, аналитикалық бөлім, жобалық бөлім, тіршілік қауіпсіздігі бөлімі, экономикалық бөлім, бизнес жоспарлау бөлімі, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер және қосымша.
Аналитикалық бөлімде зерттеу нысаны ретінде алынған «3-Энергоорталық» акционерлік қоғамына сипаттама беріліп, қолданыстағы ақпараттық жүйелерге шолу және талдау жасалады және ақпараттық жүйені жасауға негіздеме жасалады, бағдарламаға қойылатын талаптар анықталады.
Жобалық бөлімде мәліметтер қоры құрылып, мәліметтер қорын программалық жабдықтау қамтылған.
Тіршілік қауіпсіздігі бөлімінде дербес компьютермен жұмыс істеудегі еңбекті қорғау мәселелері қарастырылады.
Экономика бөлімінде жасалынып жатқан дипломдық жобаның экономикалық тиімділігінің негіздемесі жасалады.
Бизнес жоспарлау бөлімінде нарықтық экономика шарттарында жобаланып жатқан ақпараттық жүйе қызметтерінің іс-жүзіндегі қажеттілігі негізделеді.
Жоба қорытындысында негізгі тұжырымдар мен нәтижелер айтылады және бағдарламаның ерекшеліктері келтіріледі.
Қосымшаларда бағдарлама листингісі мен формалары ұсынылады.
1 Аналитикалық бөлім
1. 1 «3-Энерго орталық акционерлік қоғамына » қысқаша шолу
«3-Энергоорталық» АҚ-ірі өндірістік кәсіпорын, ол жылу энергоорталығынан ЖЭО-3, екі құбырлы санамдағы ұзындығы 234, 4 шақырымды құрайтын жылу желілерінен (магистралды, тарататын, орам ішілік), 5 қазандықтан, 9 сорғы станцияларынан тұрады.
Шымкенттің 3-ЖЭО САОТЭП (Ташкент қ. ) иниститутының ортаазиялық бөлімшесінің жобасы бойынша Шымкент 3-ЖЭО (жылу энергоорталығы) Шымкент Шина зауыты мен Шымкент мұнай өңдеу зауытын жылумен қамтамасыз ету үшін және Оңтүстік Қазақстан энергожүйесінің құрамында қосымша электрэнергиясын өндіру үшін салынған.
Алғаш рет 3-ЖЭО 1981 жылы іске қосылды. Шымкент Шина зауыты жұмысын тоқтатқаннан соң және Шымкент мұнай өңдеу зауыты өзінің жеке жылумен жабдықтау көздеріне ауысқаннан соң, Шымкент қаласы 1998 жылы іске қосылған «3-ЖЭО - қала» магистралды жылу желілері және 2008 жылы пайдалануға берілген «3-ЖЭО - қаланың оңтүстік бөлігі»жылу магистралы бойынша «3-Энергоорталық» АҚ-ы жылу көзінен жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіледі.
«3-Энергоорталық» АҚ-мы 2000 жылдың сәуір айында «Шымкенттік 3 - ЖЕБ» ашық акционерлік қоғамының таралып, нәтижесінде одан жаңа ашық акционерлік қоғам бөлініп, және бөлу теңгеріміне сәйкес түлік бөлігі тапсырылып, сонымен қатар, «Теплотранс» КГП «3 - Энергоорталық» АҚ-ның негізгі және материалдық қорларды тапсыру негізінде құрылды.
«3 - Энергоорталық» АҚ Шымкент қаласының тұрғындарына, басқа ұйымдарға өнеркәсіптік кәсіпорындарға электр энергия және жылу қуатын өндіру және өткізу қажеттерін атқарады «3 - Энергоорталық» АҚ-мы доңғалақ мұнай өндіру зауыттарының жән басқа да өнеркәсіптік кәсіпорынның жылу және электр жүктемелерін және Шымкент қаласының жылу және электр жүктемелерін өтейді.
«3 - Энергоорталық» АҚ-ның қаржылық есебі әрекеттегі нормативтік актілер және стандарттарға сәйкес жасалынады.
Жылу электр орталығы (ЖЭО) - тұтынушыларға бір мезгілде электр энергиясы мен жылуды бу және ыстық су түрінде бірге өндіріп беретін бу (газ) турбиналы электр стансасы. ЖЭО беретін жылу қызған бу немесе ыстық су түрінде таратылады. Энергетикалық бу қазандарында (жану камераларында) өндірілген тиісті параметрлі бу (газ) турбинаны және онымен бір білікте орнатылған электр генераторын айналдырады. Турбиналарда жұмыс істеп шыққан будың қалдық қызуының едәуір бөлігі кәсіпорындардың технолологиялық процестерін бумен жабдықтауға және ыстық сумен үйлерді жылыту жүйелеріне жұмсалады (Жылумен қамтамасыз ету) . Қазандық және турбиналық жабдықтары құрамына қарай ЖЭО-лар бу турбиналы (бу-күш қондырғылы) ЖЭО, газ турбиналы (газ турбиналы қондырғылы) ЖЭО, бу-газ турбиналы (бу-газ турбиналы қондырғылы) ЖЭО және атомдық ЖЭО болып ажыратылады. Соңғы уақытқа дейін Қазақстанда бу-күш қондырғылары кең таралған. Бу турбиналы ЖЭО-лар агрегаттарының бірлік және жалпы қуаты бойынша төменгі қуатты (25 МВт-қа дейін), орташа қуатты (50 - 100 МВт), жоғары қуатты (200 МВт-тан артық), ал турбинаға келіп түсетін будың бастапқы параметрлеріне қарай төмен қысымды (4 МПа-ға дейін), орташа қысымды (13 МПа-ға дейін) және аса жоғары қысымды (25, 5 МПа-ға дейін) болып бөлінеді. Қазіргі кезеңде бу-газ турбиналы қондырғылар тиімді болып отыр. Бұларда газ турбинасында жұмыс істеп шыққан ыстық газ қайта өңдеуші арнаулы қазанға беріледі де, ондағы су бу турбинасын жұмыс істетуге жеткілікті параметрлі буға айналдырылады (қажет болса, қазанда қосымша от жағылады), әрі қарай цикл бу-күш қондырғыларындағыдай жүреді. ЖЭО-ларда электр және жылу энергиясын бірге өндіру жағылатын отынды тиімді пайдалануға (отынды үнемдеу 30%-ке дейін жетеді), электр станцияларының пайдалы әсер коэф-тін жоғарылатуға және электр энергиясының өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Қазақстанның ірі өндіріс орындары мен елді мекендерінің көпшілігі ЖЭО жылуымен қамтамасыз етіледі. Олардың ішіндегі ірілері Алматы ЖЭО (қуаты 510 МВт), Атырау ЖЭО (215 МВт), ғ2 Астана ЖЭО (240 МВт), ғ2 Қарағанды ЖЭО (435 МВт), ғ3 Қарағанды ЖЭО (440 МВт), Маңғыстау энергокомбинатының ЖЭО (87 МВт), ғ1 Павлодар (350 МВт), ғ3 ЖЭО (440 МВт) ЖЭО, Петропавл ЖЭО (380 МВт), Өскемен ЖЭО (241, 5 МВт) . Қазақстандағы ЖЭО-лар сағатына шамамен 45000 т-дан көп бу өндіре алады, олардың жалпы қуаты 5694 МВт-қа жетіп отыр [1] .
1. 1. 1 «3-Энергоорталық» АҚ - ның мақсаты және құқықтары
«3-Энергоорталық» АҚ 1998 жылдан бері қаланы жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп келеді. Акционерлік қоғам 2007 жылы - 4094 млн. теңгеге, 2008 жылы - 150, 2 млн. теңгеге, 2009 жылы - 206, 2 млн. теңгеге, 2010 жылы - 338 млн. теңгеге, 2011 жылы - 535, 6 млн. теңгеге инвестициялық сипаттағы жұмыстарды атқарды.
Жабдықтарды модернизациялау және қайта жабдықтау - станция жұмысының сенімділігін және тиімділігін арттыруға, техникалық-экономикалық көрсеткіштердің жақсаруына алып келеді.
Атап айтқанда, электр қуатын өндіруді 2011 жылы 2007 жылдың деңгейімен салыстырғанда 62%: 536, 4 млн. квтс 870 млн. квт өсірді.
Электр қуатын сатуды 2011 жылы 2007 жылдың деңгейімен салыстырғанда 72% және 429, 8 млн. квтс қарағанда 739, 3 млн. квтс көбейді.
Жылуқуатын сату 2007 жылдың деңгейімен салыстырғанда 37 пайызға өсті және 2011 жылы 550, 4 мың Гкал болды.
Электр қуаты бойынша отын шығынының үлесі 2007 жылмен салыстырғанда 17 пайыз, жылу қуаты бойынша 8 пайыз төмендеді.
Республика бойынша 2010 жылы нормативтік ысыраптарды төмендетуден алынған үнем 3, 2 млрд. теңгені құрады. Ал, нормативтен тыс ысыраптарды жоюдан алынған үнем 1, 5 млрд. теңгені құрады.
Мақсат - халықты үнемшілдікке шақыру. Сараланған тарифтің заңды тұлғаларға қатысы жоқ. Олар қуаттың киловатына 6 теңге 74 тиын төлейді. Ал, әр тұрғын үшін электр қуатының айлық мөлшері - 70 кВт болып белгіленді. Электр пешін пайдаланатындар үшін бұл көрсеткіш 20 киловаттқа жоғары. Мөлшерленген көлемнен аса пайдаланғандар әр артық киловатқа 8 теңге 8 тиын төлейтін болады. Бұл белгіленген ақыдан жиырма процентке жоғары. Ал, үнемдегендерге керісінше, ынталандыру ретінде 15 тиынға кем есептелініп, 6 теңге 59 тиынға түседі. Мамандардың сөзіне қарағанда, тәжірибе іске тұрақты енгізілмес бұрын жан-жақты зерттелді. Энергоорталықтың мәліметіне қарағанда, қызылжарлық әр тұрғын айына орта есеппен 51 киловатт қуат пайдаланады, ал аудандарда ол 34 киловатқа жетеқабыл .
1. 2 Ағымдық ақпараттық қамсыздандыру
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz