Джон Кеннедидің саяси қызметінің басталуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

Дүние жүзі тарихы кафедрасы

ДИПЛОМ Ж Ұ М Ы С Ы

ДЖОН КЕННЕДИ - ДЕМОКРАТ, ПРЕЗИДЕНТ ЖӘНЕ РЕФОРМАТОР

АЛМАТЫ, 2009 М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . .

1. ДЖОН КЕННЕДИДІҢ САЯСАТКЕР ЖӘНЕ ПРЕЗИДЕНТ БЕЙНЕСІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ

1. 1 Джон Кеннедидің саяси қызметінің басталуы . . .

1. 2 1960 жылғы президенттік сайлау және демократтардың жеңісі . . .

2. ДЖОН КЕННЕДИ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ

2. 1 Д. Кенеди әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясаты . . .

2. 2 Афро-американдықтардың азаматтық құқықтары туралы мәселе және

жаңа заңның дайындалуы . . .

2. 3 АҚШ сыртқы саясатындағы «жаңа шептер» . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Соғыстан кейінгі Америка Құрама Штаттар тарихында өте маңызды орында болған мәселенің бірі - 1961-1963 жж. Джон Кеннедидің президенттік қызметімен тікелей байланысты. Осы кезде Джон Кеннеди нағыз саясаткер тұрғысында алға шығып сайлаушылардың көпшілігінің қолдауына ие болды. 1962 жылғы экономикалық деңгейдің алға қарай дамуы, монополияның өсуі, әкімшілік бірқатар мәселелердің шешімінің табылуы оның позициясын одан әрі бекіте түсті.

1960жылғы сайлауда, демократтарды кәсіподақтар да белсенді түрде қолдап, Джон Кеннедидің жеңісіне үлкен үлестерін қосты. Били басына келер алдындағы Джон Кеннедидің «жаңа шептер» саясаты көпшілікке таныла бастады. Мұнда, яғни «жаңа шептер»саясатындағы ең маңызды орынды АҚШ қоғамында ұзақ жылдарға дейін шешімін таппай келе жатқан қара нәсілділер мәселесіауқымды түрде алға тартылды.

Әкімшілікте қара нәсілділер мәселесінің басты стратегиясы мен тактикасын, яғни оны шешу жолдарын, әкімшілік аумағында қалдырмау да үлкен маңызға ие болды. Сол сияқты Джон Кеннеди өкіметінің экономикалық және әлеуметтік әрекеті Кейнстің теориясы мен тәжірбиесіне сүйенді. Кеннедидің «жаңа дәуір бағдарламасы» «тиімді сұраныс» деген мағынада болып, жаппай өндіріс пен жаппай тұтыну үйлесімін қамтамасыз етуді қарастырды. Үкімет әкімшілігі экономиканы тұрақтандырып, әлеуметтік шараларға көңіл бөлді.

«Жаңа шептер» бағдарламасында экономикалық, саяси, дипломатиялық, идеологиялық, мәдени мәселелердің ауқымын «бейбіт» түрде шешу ғана емес, сонымен бірге американ қоғамының мүддесін қорғауға арналған жаңа тәсілдер де қарастырылды. Джон Кеннеди өкіметінің сыртқы саясатында да біраз өзгерістер алып келді. Осы тұстағы дамып келе жатқан елдерге көмек шаралары қарастырылып, оны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілді. Әсіресе, Латын Америкасы елдеріне жәрдемдесу жоспары -«Даму жөніндегі одақ» құрылып, игі шаралар жүзеге асырылған еді.

Әсіресе Джон Кеннеди нағыз реформатор болумен қатар демократиялық іс шараларға да белсене ат салысты. Өмірге қауіпті ядролық қарулар сынағының зардаптарына қарсы тұрып, оның сыналуына қатысты өз пікірлерін де білдіріп отырды. Осы тұста Джон Кеннеди үкіметінің жүргізген әлеуметтік-экономикалық шаралары үлкен қызығушылық тудырды. Соған орай Джон Кеннедидің президент ретінде еліне қалдықсыз қызмет етіп, өзін нағыз реформатор және демократ етіп көрсетуін тарихи тұрғыдан талдап қарастыру тақырыбымыздың өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Джон Кеннедидің қоғамдық-саяси қызметі туралы мәселе тарихи әдебиеттерде біршама қарастырылған деп айтуымызға болады. Джон Кеннеди мен оның кезеңі туралы зерттеу еңбектеріді топтастырып қарастыруымызға да болады.

Джон Кеннеди мен оның билігі турасында және осы жылдардағы капиталистік қоғамдағы АҚШ-тың рөлін, ондағы жаңа құбылыстарға кеңестік зерттеушілер де көптеп қалам тартты. АҚШ тарихнамасын зерттеуге байланысты соңғы кездері, яғни оның ішкі-сыртқы саясатын танып-білуді қолға алған ғалым Н. Н. Болховитинов /1/ болды. Соңғы жылдары ғылыми-теоретикалық және кәсіби деңгейдегі ғылыми еңбектер, құжаттар тұрғысында негізделіп жазылды. Алайда, кеңестік тарихнама американ қоғамының капиталистік даму үрдісін теріс пиғылда, молынан пайдалана дәріптеген жақтары да көбірек кездеседі. Дегенмен, кеңес ғалымдары С. А. Далин /2/, А. Н. Шлепаков /3/ өз зерттеулерінде АҚШ-ғы мемлекеттік-монополиялық капитализмнің басты даму тенденцияларына үлкен мән беріп, жан-жақты талдап қарастырды. Онда әсіресе еңбекшілердің азаматтық құқықтары үшін күресі, жұмысшылар мәселесі, қара нәсілділер мен соғысқа қарсы қозғалыстар т. б. болды.

Кейбір тарихи құжаттар мен зерттеулерде 60-70-жылдардағы АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясатына байланысты нақтылы фактілермен келтірілген оқиғаларды да кездестіруге боладыАрнайы зерттеулер көбінесе американ қоғамындағы жұмысшы қозғалысы мен жұмысшы тобы мәселесі ағымые\на арнап жазылған. Сондай еңбектердің бірі болған «История рабочего движения США в новейшее время». /4/ зерттеудің жарық көруі болды. Сондай-ақ, АҚШ-ғы кәсіподақ қозғалысына жан-жақты анализ жасаған В. П. Андросов /5/ еңбегінің орны ерекше. Осы кезде демократиялық партияның қызметі, оның монополиялық капиталға ішкі саяси бақылау орнатуы туралы да ғылыми еңбектер жарық көрді. Осы мәселе төңірегінде А. А. Громыко /6/ Джон Кеннедидің саяси күресі төңірегінде өмір баяндық еңбегі өте тартымды түрде жазылып шыққан. Нақты айтқанда тікелей Кеннедиге ғана арналады. Сондай-ақ, 60-70-жылдардағы жалпы демократиялық қозғалыстарға арналған монографияларды да атауға болады. мұнда Т:Т Тимофеев /7/еңбегінде әлеуметтік теңсіздікке, әділетсіздікке, сонымен бірге демократтардың әлеуметтік базаның шеңберін кеңейтуге байланысты мәселелер қарастырылған. Америка халқвның соғысқа қарсы, бейбітшілік жолындағы күресіне Н:В:Меньшиков /9/ еңбегі. Автор онда Джон Кеннедидің»”жаңа шептер” саясатына арнайы тоқталып өткен. Әсіресе экономика төңірегіндегі қызметі, салық жүйесі, мемлекеттік билік статистикалық мәліметтер бойынша талдап жазылған. Демократиялық партияның бағдарламасына анализ жасай отырып, елдегі жалақа мөлшері, еңбек уақыты, жұмыссыздарға помобие беру мәселелеріне де ерекше мән берген. Бір сөзбен айтқанда демократиялық партияның әлеуметтік саясат төңірегіндегі іс-шараларын толық қамтып кеткен.

Осы диплом жұмысының тақырыбын ашуға үлкен үлес қосқан В:С Зориннің/10/еңбегі болды. Онда Джон Кеннеди билігі тұсындағы АҚШ-тың ішкі саясатына үлкен мән беріліп, деректерге талдау жасалған. Әлеуметтік саясат төңірегінде Джон Кеннедидің қызметі, әсіресе нәсілдік мәселе туралы Э. М. Нитобург/11, 12/, М. С. Савин /13/, П. А. Королева /14/ еңбектерінің маңызы зор. Бұл зерттеулерден Кеннедидің «Азаматтық құқық заңы» туралы нәсілдік төңірегіндегі жүргізген қызметіжайлы талдау беріп кеткен. Ал, А. А. Громыко /15/, Э. А. Иванян /16/, Хью Броганның /17/ ғылыми еңбектерінде Джон Кеннеди әкімшілігінің қоғамдық -саяси қызметі жан-жақты зерделе түскен. Бұл жұмыста авторлар президенттің өмірлік жолын, тарихи бейнесін, оның АҚШ қоғамындағы саяси рөлін корсетеді.

Аталған еңбектер АҚШ-ның сол тұстағы әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар біз зерттеп отырған Джон Кннедидің азаматтық, яғни президенттік қызметімен қатар оның үлкен реформатор және демократ болғандығы туралы мәліметтер беріп өтеді.

Диплом жұмысының деректік негіздері . Диплом жұмысының алға қойған мақсаты мен міндетін орындауда негіз болған деректердің қайнар көздеріне қарай оларды бірнеше топтарға бөліп қарастырып отырмыз. Ең алғашқылардың қатарында тұрғаны және ең маңыздысы болғаны-заң актілері мен қаулылары. Диплом жұмысын жазу барысында АҚШ конституциясың мәтіні, Демократиялық партияның құжаттары, сайлау алдындағы бағдарламалары пайдаланылды/18, /. Джон Кеннедидің конгрессте сөйлеген сөздері, конгресс мәжілісінде берген есептері «США: конституция и права граждан » /19/ атты материалдар жинағында берілген.

Осы топқа Мартин Лютер Кингтің еңбектері мен сөздерін де жатқызуғы болады/20/. Джон Кеннедидің кеңесшілерінің баяндамалары мен сөздері, жұмысшы қозғалысы, негрлер қозғалысы, қоғамдық ұйымдардың құжаттары мен материалдары дерек ретінде пайдаланылды. Нақты атап өтетін болсақ, оған «История рабочего движения в США в навейшее время»/21/ атты еңбекті атап өтуімізге болады.

Сонымен, осы жоғарыда келтірілген деректер мен ғылыми зерттеулерді басшылыққа ала отырып біз тақырыптың мазмұның толықтай ашуға тырыстық.

Диплом жұмысының мақсаты. Жоғарыда аталынып өткен деректер мен зерттеу еңбектерін пайдалана отырып, соғыстан кейінгі тұстағы АҚШ-ның тарихына тоқтала отырып, президент Джон Кеннедидің саяси портретіне, яғни оның нағыз реформатор дәне демократ ретінде жұмыстар атқарғандығын ашып көрсету болып табылады. Аталған мақсатқа сай жұмыста төмендегідей міндеттер тобы қойылып отыр:

- Джон Кеннедидің өскен ортасы мен саяси қызметінің басталуына сипатама беру;

- 1960 жылғы президенттік сайлау және демократтардың жеңісіне тоқталу;

- Д. Кенеди әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясатын айқындау;

- Афро-американдықтардың азаматтық құқықтары туралы мәселелені қарастыра отырып, ондағы жаңа заңның дайындалуына тоқталу;

- Джон Кеннедидің “азаматтық құқық заңы” төңірегінде жүргізген іс-шараларының маңызын көрсету;

- Джон Кеннеди әкімшілігінің экономикалық шаралары мен әлеуметтік саясатын талдау.

Жұмыстың теориялық-методологиялық негіздері. Жұмысты жазуда ғылыми еңбектерді тарихилық, аймвақтық, ғылыми принциптер негізінде оқып-үйрену, талдау әдістері қолданылды. Диплом жұмысының тақырыбын зерттеуде адамзаттық даму барысындағы елеулі оқиғалар мен құбылыстардың себебі, алғышарттары мен салдары болатындығы туралы методологиялық тұжырым басшылыққа алынды. Жұмыста зерттеу методологиясы жүйелі, объективтілік, тарихи-салыстырмалық тәрізді ғылыми таным қағидаларына негізделген. Сондай-ақ, кейінгі уақыттарда қалыптасып келе жптқан жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдар. жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер қарастырылды.

Тақырыпты жазу барысында, осы мәселе төңірегінде жазылған ғалымдардың еңбектеріндегі ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдарға, көзқарастарға, сүйендік. Жұмысты жазу барысында-баяндау, жүйелеу, бағалау, қорытындылау, салыстырмалы тарихи, хронологиялық принциптер негізге алынды.

Диплом жұмысының қолданыстық маңызы. Ұсынылып отырған диплом жұмысында жасалған ой-тұжырымдар мен қорытындыларды екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзі елдерінің тарихыи дламуы мен экономикалық бағыттарын анықтау тұсында құнды деректер мен мәліметтер алуға қатысты курс жұмыстарында, түрлі Дүниежүзі тарихы бойынша жазылған студенттік баяндамаларда оқу орындарында жас ұрпақты патриоттық тәрбиеге баулуға арналған тәрбиелік сағаттар барысында пайдалануға болады.

Жұмыстың мерзімдік шегі. Джон Кеннедидің алғаш рет саяси сахнаға шығуы және қайраткер ретіндегі басты қадамдары мен оның қайтыс болған уақытына дейінгі, яғни 1963 жылға дейінгі аралығын қамтиды. Себебі осы уақыт шегінде Америка қоғамы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізгені белгілі.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ДЖОН КЕННЕДИДІҢ САЯСАТКЕР ЖӘНЕ ПРЕЗИДЕНТ БЕЙНЕСІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ

1. 1 Джон Кеннедидің саяси қызметінің басталуы

АҚШ тарихында 1036 күн билік тізгінін қолға алған президент Джон Кеннеди өзінің саясаттағы белсенділігімен көзге түскен еді. Екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан күйреген дүниежүзі елдерінің экономикасымен қатар, АҚШ-ның да экономикасында айтарлықтай дағдарыстар орын алып, соған сай әрекет ету кезеңінде, яғни 50-ші жылдардың аяғы мен 60-шы жылдардың басында билік сахнасынан көріне бастаған Джон Кеннедидің өзіне тән болмысы қалыптасып үлгерген еді.

Джон Фицджеральд Кеннеди 1917 жылы 29 мамырда Бруклинде (Массачусетс штаты) Джозеф пен Роза Кеннедилердің отбасында дүниеге келген. Бұл жерде оның алғашқы балалық шағы өтті. Бұдан соң оның семьясы Нью-Йоркке қоныс аударды. Джонды жергілікті мектеп қабырғасына білім алуға береді. Осы тұстан бастап-ақ оның тарих пәніне деген қызығушылығы байқалады.

Джон Кеннеди балалық шағында өзінің әлсіздігімен көзге түсіп, жиі ауыратын болды. Алайда ол Кеннедилер отбасындағы бірден-бір оқымыстыбала болып, соған сай ол тарих, география пәндерін өте жақсы көрді. Көп оқығанды ұнатты. Әсіресе оны Америкаға алған қоныс тепкен ақ нәсілді адамдар тарихы мен әр түрлі рыцарлық тарихи оқиғалар қызықтырды.

13 жасында Джонды ата-анасы католиктік мектеп-интернатына оқуға береді. Ол мұнда бір ғана жіл білім алып, келесі жылы Чаоттық жеке мектепте дәріс алады. Аталған мектепте сол таңда тек ауқатты обтбасыларының балалары ғана білім алатын болған. Джозерф Кеннеди болса әр кез балаларының біліміне назар аударып, олардық буржуазиялық кеңстікте тәрбиеледі. Олардың көбінесе саясатқа қызығушылықтарын туғызды. Джонның інісі Роберт бірде әкесінің бұл әрекеттерін былайша есіне алады: «Біз әр кез дастархан басына отырып, тамаққа ауызымыз тиген сәтте Франклин Рузвельттің саясат жүргізу әдіс-тәсілдеріне немесе әлемде не болып жатқандығы турасында әңгіме қозғап отыратын едік», - дейді. Яғни, олардың әкелері ұлдарының АҚШ-тың саяси өміріне араласуларына жол сілтеп отырумен болды.

Джон Кеннеди Чаот мектебін аяқтаған тұста әкесі оны Лондондағы экономика мектебіне жібереді. Осы тұста аталған оқу орынында танымал лейборист оқытушы, профессор Гарольд Ласки дәріс жүргізді. Алайда асқазанының ауруына орай Джон АҚШ-на қайта оралады. Бұдан соң Джон әкесінің нұсқауымен Гарвард университетіне оқуға түседі. Ол оқу барысында мемлекеттік құқық мәселелері мен буржуазиялық мемлекет қызметінің механизмдері туралы дәрістер тыңдайды. Ол көбінесе фудбол мен тарих сабағына көптеп қызығушылық танытумен болды.

Бірінші курсты аяқтаған ол Европа елдеріне саяхат жасайды. Осы тұста оның көз алдынан екінші дүниежүзілік соғыстың сәл алдында тұрған Европа картасы көрінеді. Ел тарихымен таныс болған Джонның сол тұстағы импералистік елдердің іс-әрекеттеріне қанық болумен қатар, өзіндік ой түйе бастайды. Оның ойынша АҚШ мен Германия тарамынан туындап отырған фашизм қарапайым жағдай болып саналады.

Онда 1939-1940 жылдар аралығында Гарвард университетіндегі оқуы аяқталған еді. Оған себеп, әкесі Джозеф П. Кеннеди АҚШ-тың Ұлыбританиядағы елшісі болғандықтан, Джон Кеннеди Лондонда көп уақыт өткізуіне тура келеді. Әуелі жарты жыл әкесінің елшілігінде хатшы болып жұмыс істеді. Онда ол үлкен тәжірибелі білім алды.

Джон Кеннеди диплом жұмысын өте тамаша қорғап шықты, ал оның мәтіні кейін 1940 жылы шілдеде “Ағылшын неге ұйықтайды?” деген бөлек кітап болып басылып шығып, бестселлерге айналады. Бұл кітабында Джон Кеннеди өзінің Ұлыбританиядағы Неміс бомбардировкасы қаупінен пайда болған үрейге қарсы көзқарасын білдірді. Бұл жерде Кеннеди ағылшын премьер-министрі Н. Чемберлен, француз премьер-министрі Даладье, фашистік диктаторлар А. Гитлер мен Б. Муссолини қол қойған 1938 жылы Мюнхенде Чехословакияға Германия, Венгрия, Польша қатарынан территориялық претензиясын қанағаттандыру келісімін көрсетіп отыр. Осыдан кейін “Мюнхен” сөзі агрессорлық компромисті келісім мен саясат атауына ие болды. Осыдан кейін Джон Кеннеди оның президенттік науқанында ұранға айналған қорытынды жасайды: “…біздің қарулануымыз біздің ісімізге сай болу керек. Мюнхен бізді осыған үйретті, яғни кез-келген өз-өзін алдау қауіпті…”/16, 42/.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапон авиациясының Перл-Харбордағы АҚШ әскери-теңіз флотына жасаған шабуылынан кейін Джон Кеннеди өз еркімен флотқа жазылады. Онда ол Әскери теңіз күші медалін және “Пурпурное сердце” медалін алды.

Соғыстан кейін Джон Кеннеди саясатпен айналысуға бел байлайды. Сонымен, оның болашақ президенттік қызметі 1946 жылдың қараша айында Солтүстік Бостон қаласының 11-ші сайлау округінен АҚШ конгрессіне сайланудан бастайды.

1947 жылы АҚШ конгрессі өкілділігі палатасына мүше болып сайланғанда Джон Кеннеди 29 жаста болатын. Ол алғаш өзін 435 палата мүшелерінің арасында қолайлы сезіне қойған жоқ. Сондықтан өзін барынша танымал ете түсіру үшін, ол Массачусетс штаты бойынша көптеген үгіт-насихат сапарларын жасайды. Сонымен қатар, республикандықтар партиясымен тартыста жеңіске жету үшін, ол конгрессмен-демократ оңшыл кәсіподақ лидерлерінің қолдауына сүйену қажеттігін де түсінеді.

Джон Кеннеди өкілдер палатасының еңбек қатынасын құру жүйесі боынша комитеттің мүшесі болып тағайындалады. Осы кезде алғаш республикашыл Ричард Никсонмен қарама-қарсы келді. Олар екеуі де АҚШ конгрессінің ең жас мүшелері еді. Басқа конгрессмендер секілді екеуі де коммунистерге қарсы бағытты ұстанған болатын, және АҚШ-тың коммунистік партиясына қарсы бағытталған түрлі зерттеулерге қатысады.

Д. Ф. Кеннедидің айтуынша, оның әкімшілігі “экономикалық басылуының 7 айдан кейін, тоқыраудың 3, 5 жылдан кейін, экономикалық өсу қарқынының түсуі 7 жылдан кейін фермерлер табысының азаюының 9 жылдан кейін…” билік басына келген болатын. Жұмыссыздық тез қарқынмен өсіп, 1961 ж. қарай 6, 8% болды. 50-60 ж. ж. АҚШ-тың экономикалық даму қарқыны Батыс Европа мен Жапония өндіріс елдерінен және сол жылдары тез қарқынмен дамып отырған КСРО-дан әлдеқайда баяулады /31, 227-228/.

1953 жылы 12 қыркүйекте Джон Кеннеди Жаклин Бувьеге үйленеді. Әлеуметтік статусы жоғары болған әйелінің отбасы Джонға тағы бір қолдау болды. Алайда Джон Кеннедидің омыртқасына жасалған операциясы салдарынан ауруының асқынуы оның саяси істеріне кәдімгідей кедергі болды. Осы төсекке таңылып жатқан жылдары ол “Черты мужества” деген еңбегін жазады /15, 96/.

1956 жылы АҚШ президенттігіне сайлау кезінде Джон Кеннеди демократиялық партия қайраткерлері Эдлай Стивинсон кандидатурасына қолдау көрсетеді. Кеннеди Стивинсон вице-президенттікке кандидат болуға ұсыныс жасайды деп үміттенген болатын. Бірақ оның үміті ақталған жоқ. Вице-президент болып, өте қиын жағдайда дауыс жинады. Осы 1956 жылы Стивинсонның президент Эйзенхауэрдан жеңілісі Кеннедидің президент орнына таласу ойын да туғызды. Алайда президенттікке Джонның кандидатурасын ұсынуда, оның алдында мынадай кедергілер тұрды:

  • АҚШ президенттігіне католик дініндегі адам сайланбауы керек.
  • Жасы бойынша, өте жас президент тағайындалмады.

1958 жылы Кеннеди Массачусетс штатына сенаторлыққа сайлау науқаны кезінде 73 % дауыс жинап, өзінің мықтылығын көрсетеді. Сонымен ол “Жаңа Англияның сенаторы” деген атаққа ие болады /16, 138/.

Осы кезде фашизмді жеңуге үлес қосқан, Корея бейбіт келісіміне келген, Америка халқы алдында беделді болған, қартайған Дуайт Эйзенхауэрдың саяси аренадан кетуі Джон Кеннедидің президентікке күресін күшейте түсті. Тап осы кездері республикашылдар партиясы да саяси ортада өз ықпалдарын жоғалта бастаған болатын.

Американың көрнекті тарихшысы Артур М. Шлезингер өзінің “Приливы и отливы в национальной политике” деген трактовкасында: “Америка Құрама Штаттарының саяси өмірінің белсенділігі белгілі бір кезеңде тұрақталып қалды”, - деп атап көрсетті. Ал оның баласы, тарихшы кіші- Артур М. Шлезингер, кейін Массачусетс штатының сенаторы Джон Ф. Кеннедидің жақын кеңесшісі болып жүріп, осы әкесінің теориясын 1959 жылы сенатордың естелік жазбаларында жазып қалдырды. Бұл естелік жазбада айтылғаны, яғни АҚШ “жаңа саяси дәуірдің қарсаңында тұр”, онда “белсенді мемлекеттік басшылар елдің саяси өмірін жаңа кезеңге апарды” делінген. Мұндай сөздер Джон Кеннедидің атына тура айтылған болатын /15, 216/.

Сенатор Джон Кеннедидің есімі 1956 жылғы демократиялық партияның съезі жұмысы кезінде танымал болғаны белгілі. Ол кезде Кеннеди Америкадағы вице-президент орнына өте тәжірибелі сенатор Э. Кефовермен бірге сайысқа кандидатурасын ұсынған болатын. Мұндағы жеңілісіне Джон Кеннеди бастапқы кезде әбден уайымдағанмен, кейін бұл оған үлкен пайда алып келді. 1960 жылғы сайлаудың алдында Кеннеди: “…егер 1956 жылы Чикагодағы демократиялық съезінде вице-президент сайланғанымда, ендігі менің саяси мансабым (карьера) аяқталар еді”, -деді /15, 217/.

Сөйтіп, ол 1957 жылы сенат комитетіндегі сыртқы істер өкілі болып тағайындалды. Кеннедидің жақын адамдарының бірінің сөзіне қарағанда, ол АҚШ-тың президенттік орнына өз кандидатурасын демократиялық партия атынан 1957 жылы ұсынуды ұйғарған, алайда арнайы бұл мәселе туралы кейінірек, яғни 1960 жылы қаңтар айында ғана ресми түрде хабарлады. Өйткені бұл кезде президент Д. Эйзенхауэрдың ізбасары вице-президент Ричард Никсон республикашылар партиясы атынан өз кандидатурасын өткізіп, ал демократтар жағынан Эдлай Стивенсон өз кандидатурасын қайтарып алып тастаған болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Джон Ф. кеннеди саясаткер және дипломат
ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы
Кеннеди саясатының қорытындылары
Реконверсия жөне мемлекеттік саясаттың соғыстан соңы бағытын таңдау
АҚШ пен КСРО
АҚШ екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
КСРО және Кариб дағдарысы
Еркін сөз тіркестерінің аудармасы
Журналистика - маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі
АҚШ Ұлы депрессия жылдарында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz