Қорғалатын аумақтары мен экологиялық жағдайы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д.А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
МОЛДОВА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Алматы - 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І.МОЛДОВА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Молдованың географиялық орны,табиғатының басты ерекшелігі
1.2 Молдованың жер бедері мен геотектоникалық құрылысы
1.3 Молдованың климаты мен ішкі сулары,агроклиматттық жағдайы
1.4 Молдованың топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі
1.5 Қорғалатын аумақтары мен экологиялық жағдайы
ІІ. МОЛДОВА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Молдованың халқы,олардың мәдени-әлеуметтік жағдайы
2.2 Шаруашылығының салалық құрылымы және орналасу ерекшеліктері
2.2.1 Өнеркәсіптің орналасуы, басты маманданған салалары
2.2.2 Ауыл шаруашылығының даму бағыттары мен жетекші салалары
2.2.3 Қызмет көрсету салалары,оның халықаралық маманданған түрлері
ІІІ. МОЛДОВАНЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Молдовандардың ата-бабалары Дунай - корпат жерлері территориясында өмір сүрген гетодан тайпасы болған. Бұл тайпа гректермен сауда жүргізген. Молдова жерін адамзат төменгі палеолит дәуірінде мекендеген. 6-ғасырдан бастап, алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құрыла бастады. vI ғ территорияға славян тайпалары тұрғындайды. Бір территорияда бірге тұрып, шаруашылық жүргізген соң валах тайпасы құрылды. 10 - 12-ғасырларда бұл өлкеге көшпелі печенег, қыпшақ тайпалары келді. 13-ғасырдың ортасы мен 14-ғасырдың 1-жартысында Молдова жері Алтын Ордаға бағынды. Х- ХII ғғ карпат-днестр жерлерінің шығыс бөлігі орыс мемлекетіне кірді, хIII - xIv ғасыр ортасында Молдовия территориясына татар, монғолдар кіреді. Оларды қуып шыққан соң 1359 ж Молдовия феодал княздығы орнады, оны бояр советінің көмегімен елді басқаратын государь биледі. Бірінші молдован государы Богдан болды. 17-ші ғасыр Ресейге деген сырқы саясат бағдары маңызды рөл атқарады. 18 ғасыр бірінші Петр мен Молдовия государы Дмитрий Контимердің Туркияға қарсы әскери саясат одағы құрылды. Бірінші Петрдің жеңілісінің кесірінен молдовия туркияның билігінде қалып, оның басшысы Контимер Ресейге қашады. Жүз жылдан астам уақытта фанориот хандығы орнады. Бұл уақытта Молдован княздігінің орнын грек фанориоттар иеленді. Шаруашылық құлдырады, қала тұрғындары қысқарды, Днестр мен Украинаға жаппай қашу болды. 1806-1812 жыл арасында болған орыс - түрік соғысынан соң Бұғарест келісім шарты бойынша Днестр мен Прут арасындағы территория 1813 жылы Бессарабия деп аталып Осман империясынан басталып Ресейге өтті. Бессарабия шыруашылығының даму ерекшелігі оның бір қалыпты аграрлы мінезінде болды ол шетелге, ресейге - нан, вино, темекі жемістер, мал шаруашылық өнімдерін жеткізуші аудан болып есептеледі. Ең ірі сауда орталықтары болып Кишинёв Бельцы, Бендеры т.б. қалалар есептеледі. 1917 - 18 ж. Молдовада Кеңес өкіметі орнады. Бірақ, елдің негізгі бөлігі -- Бессарабия Румынияның қол астында қалды. Октябрь революциясынан кейін Молдовияның сол және оң жағалау аудандарының тағдыры әртүрлі болды, сол жағалау ауданында совет үкіметі орнады 1920ж Украинаның Одесса, Подольск губерниясы құрамына кірдіАзамат соғысы біткеннен кейін, 1924 ж. Украин КСР-інің құрамына енген Молдован АКСР-і құрылды. 1924 жылы Молдовия республикасы Украина құрамында (астанасы Балта) қаласы 1929 жылы бастап Пераспол қаласы құрылды. 1939 ж. жасалған Кеңес - Герман келісім шарты бойынша 1940 ж. Қызыл Армия бөлімдері Бессарабияны Румыниядан тартып алды. 1940 ж. 2-тамызда осы Бессарабия жерін қоса отырып, тұтас Молдован КСР-і құрылды. 1941 - 44 ж. Молдованы неміс-фашист әскерлері басып алды. 1944 - 90 ж. Кеңес Одағы құрамында болды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, Молдова тәуелсіз мемлекетке айналды. Молдова -- бұрынғы кеңестік республикалар ішіндегі ең кіші және халық ең тығыз қоныстанған республика. Оның теңізге шығатын жолы жоқ және Еуропаның ең кедей елдерінің қатарына жатады. Молдова Республикасының экономикалық деңгейінің біршама жоғары екендігін атап көрсетуге болады. Оң жағалау ауданы Бессарабия 1918 жылы Румыния жаулап алды ал 1940 жылы дейін оның құрамында болды. 1940 жылы совет үкіметі Бессарабияны СССР құрамына қайта беруді ұсынды Румыния , Бессарабаияны, Буковинаны СССР - ге берді. 1940 жылы екіші августа Молдовия советін социалистік республикасы құрылды. Ұлы отан соғысы басталғанда мемлекетте экономикалық жағдай құлдырады. 1944 жылы соғыс біткен соң қайта құру басталды. СССР республикалары арасында Молдовия жүзім өндрісімен , вино шығаруымен, темекі өсіру мен көзге көрінді. 1991 жылы 27 тамызда Молдовия егемендік алды. Дипломдық жұмыс құрылымы: кіріспе, ІІІ бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі: Молдова экономикасы және мемлекеттің даму бағыттары болып табылады.

Молдова Республикасы - Оңтүстік-Шығыс Еуропада орналасқан мемлекет. Жер көлемі 33,7 мың км2. Халқы 4,43 млн. адам. Астанасы - Кишинев қаласы. Ресми тілі - молдован тілі. Негізгі халқын молдовандар құрайды (70%). Сонымен бірге, украиндар, орыстар, гагауздар, еврейлер, болгарлар, т.б. тұрады. Негізгі ұстанатын діні - христиан дінінің православие тармағы.
Мемлекет басшысы - Президент. Үкімет басшысы - премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы - бір палаталы парламент (Жоғарғы кеңес). Ақша бірлігі - лей. Ұлттық мейрамы - 27 тамыз -- Тәуелсіздік күні. Шығыс Еуропа жазығының Днестр мен Прут өзендері аралығында орналасқан. Жері жоталы, жазықты келеді. Орталығын Кодра қыраты алып жатыр. Ең биік нүктесі - Баланешты тауы (429 м). Днестр өзенінің оң жағалауы - Днестр маңы қыраты (биіктігі 250 - 345 м), сол жағалауы - Подоль қыратының қиыр шеті және солтүстігінде Солтүстік Молдовия жазығына ұласады. Молдованың оңтүстігіндегі Оңтүстік Молдовия жазығы Қара теңіз маңы ойпатына жалғасады.
Климаты - қоңыржай континенттік; қысы қысқа, қары жұқа, жазы ұзақ, ыстық келеді. Жаздағы орташа температура 22°С (шілде айында 40°С-қа дейін), қыстағы орташа температура - 3 - 5°С (қаңтар айында - 30°С-қа дейін). Жылдық жауын-шашын мөлшері 370 - 500 мм. Өзендері - Қара теңіз алабына жатады. Ірі өзендері - Днестр (Молдова жеріндегі ұзындығы - 657 км), Прут (Молдова жеріндегі ұзындығы - 695). Ірі көлдері - Белеу, Драчеле, Ротунда және т.б. Кеме қатынасы жақсы дамыған. Аумағының 75%-ы қара топырақты, 9%-ы орманды алқап болып келеді. Әктас, гипс, шынылық құм (әйнек), мұнай-газ, т.б. табиғи байлықтар бар. Елдің отын-шикізат базасы жоқ, пайдалы қазбаларды сырттан тасиды. Өнеркәсіптегі жетекші сала - тамақ өндірісі (жалпы өнеркәсіптегі үлесі - 50%). Шарап, жеміс, көкөніс қалбырлау, эфир майын өндіру алдыңғы қатарда. Машина жасау (автотіркемелер, ауыл шаруашылығы машиналарын жинақтау және т.б.), химия және жеңіл өнеркәсіп салалары жұмыс істейді. Қант, темекі, шарап секілді жеңіл өнеркәсіп өнімдері өндіріледі және бидай, жүгері, қант қызылшасы, жеміс-көкөністер өсіріледі. Ет-сүт өнімдерін өндіру де жақсы жолға қойылған.
Сыртқы саудада тамақ өнімдері мен шарап шығару басым. Негізгі импортталатын тауарлар қатарында отын, шикізат, машиналар, химия өнімдері және т.б. бар. Басты сауда серіктестері - Ресей, Украина, Беларусь. Ресейдегі Молдова елшілігі Қазақстандағы Молдова елшілігі қызметін қоса атқарады. Молдова -- бұрынғы кеңестік республикалар ішіндегі ең кіші және халық ең тығыз қоныстанған республика. Оның теңізге шығатын жолы жоқ және Еуропаның ең кедей елдерінің қатарына жатады. Молдованы үш жағынан Украина қоршап тұр, ал батысында Румыниямен шектеседі. Елдің негізгі аумағын орташа биіктігі теңіз деңгейінен 140 м-ден аспайтын төбелі, ойпатты жазықтар алып жатыр. Батысында Реут пен Пруг өзендерінің аралығында биіктігі 340 м-ге дейін жететін орманды Кодру үстірті орналасқан.
Молдова аумағының 35%-ынан астам бөлігін жалпақ жапырақты ормандар қамтыған. Өзендердің ең ұзыны -- Днестр Шығыс Молдова арқылы ағып өтіп, Украина жерінде Қара теңізге құяды. Молдова аумағының 70%-дан астамы құнарлы қара топырақпен жабылған. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары -- бидай, темекі, жүгері, күнбағыс, ал елдің оңтүстігінде жүзім өсіріледі. Шарап жасау -- 1991 жылы ел өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі өндірістің гүлденген санаулы салаларының қатарына жатады.
Ауыл шаруашылығы Молдова экономикасындағы экспорттың негізгі бөлігін құрайтын аса маңызды сектор. Мұнда еңбекке қабілетті елдің 40%-ға жуығы жұмыс істейді. Молдова халқының жартысынан астамы ауылды жерде тұрады. Өнеркәсіп өнімінің 42%-ын тамақ өнеркөсібі өндіреді. Минералдық ресурстарға кедей және ірі көлік магистральдарынан алыста орналасқан елдің экономикасы құлдырау сатысын басынан өткізуде.

Молдовия айтарлықтай минералды ресурстарға бай емес. Оның териториясында жанар- жағар май- энергтикалық ресурстар жоқ мұнда неден қалдықтары шығады оның ішінде қантты тазалау үшін пайдаланатын таза әк кені бар соны мен қатар минералды құрылыс шикізаты бар ақ әк саз балшық, оларды цемент шығаруға пайдаланады каралаш, пероспаль қалалары жанын да әйнек құмын шығаратын кен орындары бар. Қазіргі таңда Молдова мемлекетінің жер бедерінің 40 пайызы қаңағаттандыратын жағдайда емес, оның себебі су эрозиясы, тұздылық т.с.с. мәселелер. Бұл мәселе мемлекет экономикасында өте маңызды рөл атқарады. Табиғат жағдайы алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Молдова жерінің көпшілік бөлігін жазықтар (70%-ға жуығын) мен 1000 м биіктікке дейінгі таулы үстірттер алып жатыр. Жер бедерінің құрылымы шаруашылық әрекеттерді жүргізуге қолайлы болып келеді. Үлкен жазықтар ауыл шаруашылығын өркендетуді, өзендердің кеме қатынасына қолайлы болуын, жол және көпір құрылыстарын салуды жеңілдетеді. Алайда жер бедері құрылымының қолайсыз жақтары да жеткілікті. Солтүстікке қарай егідік бағыттағы жер бедері жақсы болса, қозғалуына мүмкіндік берсе, керісінше шығыстағы жер құрылымы тұздылығы мен ауа массаларының тереңдеп енуіне кедергі жасайды. Сонымен қатар Молдова жерінің жазық бөлігінің, негізінен, жоғары және орта егідіктерде орналасуы да табиғат жағдайына өзіндік ерекшеліктер қалыптастырады. Молдова жерінде жыл мезгілдері айқын ажыратылатын қоңыржай белдеудің континенттік климаты басым тараған. Батыстан шығысқа қарай өте енді болуы климат континенттілігін арттырады. Сондықтан батысында, климат қоңыржай континенттік болып табылады. Мұндай табиғат жағдайы осы аймақтарды игеру мүмкіндігін тежейді.
Молдованың алуан түрлі табиғат жағдайы рекреациялық ресурстардың күрделі жиынтығын қалыптастыруға негіз болған. Табиғи-рекреациялық ресурстардан қолайлы қойнаулар мен жағалаулар (өзен, көл), ормандар, минералды сулар, табиғат ескерткіштері, қорықтар таралған.
Молдовада табиғат ресурстарына тән мынадай ортақ белгілер бар:
ресурстар қоры өте мол және алуан түрлі;
ресурстар өз дәрежесінде әлі толық зерттелмеген;
ел аумағы бойынша біркелкі таралмаған және олардың басым көпшілігі нашар игерілген, табиғат жағдайы қолайсыз аудандарда шоғырланған;
жақсы игерілген аудандардағы ресурс қоры сарқылуға жакын.

Климат ерекшелігі оның географиялық жағдайымен анықталады. Жерді Атлант мұхиты жағынан келетін ауа массасы басады. Кейде жерорта теңізі жағынан келетін ауа да байқалады ұзақ аязы жоқ периоды жылу сүиетін өсімдіктердің жылына екі рет өнім беруіне ықпалын тигізеді Қаңтар айының орташа темпаратурасы -5 градус солтүстікте ал оңтүстікте -3 C градус солтүстіктен келген суық ауаның салдарынан темпаратура 36 C градус солтүстікте, ал оңтүстікте 27 C-28 C градус Июль айының орташа ауа темпаратурасы солтүстіктен 17-19 градус, оңтүстікте 19-22 градус күндізгі темпаратурасы сомасы 10 градустан жоғары 2750 градус солтүстікте оңтүстікте 3000-3300 градусты құрайды.
Орташа жылдың жауын-шашын мөлшері аз: солтүстікте 550мм Дунайға жақын оңтүстікте 400 мм жазда нөсер жаңбырда болады. Солтүстік пен оңтүстк региондар қардддың жерде жату күнімен ажыратлады (75-35 күн) орташа биіктігі (10,5 см) тығыздығы (50-20см) шыдамды қар жамылғысы оңтүстікте 6-7 жылда біррет, солтүстікте 4-5 жыл біррет.
Су ресурстары. молдовия су қорымен бай емес. Мұнда ірі су артериялары аз бірақ орташа және кіші өзендері көп. ТМД елдер арысында мұнда адам басына шаққанда пайдаланатын су мөлшері ең төмен көрсеткіштердің бірі.
Днестр және Пруд деген екі өзеннен басқасы оңтүстікте 20 - 30 мм құрайды жылына солтүстікте 60 - 70 м моловияның барлық өзендері қара теңіз бассеиіне жатады.
Мемлекеттің ең үлкен өзені днестр. Молови территориясында ол 657 км созылады. Ұзындығы жағынан екінші Прут өзені ол шекараның батыс жағын алады.
Географиялық орны, жер бедері мен климаттық жағдайдың арақатынасы Молдова жерінде мынадай табиғат зоналарын қалыптастырады: орманды тундра, ормандар (аралас және жалпақжапырақты ормандар), орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары. Осындай табиғат жағдайы ауыл шаруашылығының мамандануына, халықтың орналасуы мен тығыздығына, өнеркәсіп пен құрылыс кешендерінің қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізеді. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер де осы үлеске кіреді. Алайда соңғы жылдары жер ресурстарының сапасы нашарлап, жер эрозиясы белең алуда. Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің 80%-ы, жыртылған жерлердің 40%-дан астамы жоспарлы түрде қорғау мен қайта калпына келтіруді қажет етеді. Сонымен қатар 7%-дан астам жер әртүрлі деңгейдегі шөлейттену процесіне ұшырауда.
Агроклиматтық ресурстары
Агроклиматтық ресурстар жерінде ауыл шаруашылығының барлық салаларын дерлік өркендетуге мүмкіндік береді. Көпшілік бөлігі егіншілікті дамытуға қолайлы, топырақ құнарлылығы, жоғары ылғалдылығы мен қарқынды температуралар (10°С-тан асатын) жиынтығы жеткілікті қоңыржай белдеуде орналасқан. Ондай аудандарға Молдованың солтүстік және орталық бөлігі, алып жатқан орманды дала және дала зоналары жатады.

Мемлекет региондарының биоклиматикалық ерекшеліктері қиын бедері топырақ қатарының алғаттығымен әртүрлігін көрсетеді. Приднестров төбесінде көгіш сұр орман топрақтарының ірі массивте жатыр. Орман топырақтары баулармен пинго фетяско, реслинг, алиготе сияқты жүзімнің ақ сорттары үшін жайлы. Республика ТМД-ның оңтүстік-батысында, Прут және Днестр өзендерінің аралығында орналасқан. Ол Украинамен және Румыниямен шектеседі. Молдова шаруашылық жағынан игерілген аумақты алып жатыр.
Днестр, Прут өзендерінің және оның салаларының Молдова шаруашылығында маңызы өте зор. Олар су мен энергияның негізгі көзі болып табылып қана қоймай, кеме қатынасында да қолданылады.
Республика аумағы пайдалы қазбаларға өте кедей. Мұнда тек құрылыс материалдар өндірісіне керекті шикізаттар қоры ғана бар. Молдовада отын ресурсы аз болғандықтан оны ТМД-ның республикаларынан тасымалдайды.
Молдова аумағының 70%-дан астамы құнарлы қара топырақпен жабылған. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары -- бидай, темекі, жүгері, күнбағыс, ал елдің оңтүстігінде жүзім өсіріледі.
Ормандар Молдованың солтүстігі мен орталығында 10 пайызға жуық жер алады. Басты түрлеріне зерде, аққайын, ясень жатады. Жемісті бақшалар, жүзім, жүгері кең дала жерлерінде орналасқан. Танымалы қорықтарына : Кодры және Плаюл Фагулуй қорықтары жатады. Молдова өсімдігі әр-түрлілігі мен байлығымен ерекшеленеді, бұл жерде 5,5 мың өсімдіктер түрлері танымалы болады. Ормандарында 45 тал түрлері белгіленеді. Жануарлар әлемі де өте бай және көптүрлі. 15,5 мың жануарлар түрлері саналады және кең таралған. Тиын, түлкі, сұр тышқан, қоңыс.
Молдовада өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ.
Солтүстік ойпатынан оңт-тегi өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 -- 1600 км, өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзiлiп, орналасуы геогр. белдемдiлiк заңына байланысты.
Шөл дала белдемiнiң аум. 69,4 млн. га, немесе республика аумағының 44%-ы. Мұнда 2 белдем аралығы бар. Қоңыр топырақты белдем аралығы -- шөлдi аймақ, оның жусаны мол, жайылымы жұтаң жерлер. Аум. 57,4 млн. га. Жылдық жауын-шашын мөлш. 120 -- 150 мм. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлш. 1 -- 1,5%. Сұр қоңыр топырақты белдем аралығы шөлдi аймақ, жусан мен эфемерлi өсiмдiктер басым. Аум. 61,8 млн. га. Жылына түсетiн жауын-шашын мөлш. 80 -- 130 мм. Топырақта қарашiрiк мөлш. 1%-дай. Алқапта құмды, тақыр, сор жерлер жиi кездеседi. Өсiмдiктердiң 15 мыңдай түрi бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы -- саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы -- қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрiздiлер және 6 мыңнан астамы -- жоғары сатыдағы түтiктi өсiмдiктер. Молдова микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердiң 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелiнген 500-ден аса түрлердi қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Бұлардың iшiндегi ең ерекше 12 монотиптi туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Өсiмдiктердiң таралуы, түрлер мен эндемиктердiң топтасуы, табиғи аймақтар мен ормандарда белдеулерде әр түрлi. Республиканың осыншама бай өсiмдiктер дүниесi түрлердiң биол., экол., эвол. ерекшелiктерiне байланысты әр түрлiбiрлестiктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.
Молдова жазық бөлiгi орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдерiне (аймақтарға) ажыратылады. Орман түзушi түрлер: жылауық қайың, талдың бiрнеше түрлерi, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б. бар. Бұл белдемнiң шалғындық және далалық телiмдерiнде алуан түрлi шөптесiн өсiмдiктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететiн қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлiнедi: 1) оңтүстiк ылғалы аз қоңыржай жылы орманды дала белдемi -- сұр ормандық топырақта қайыңды-теректi, теректi ормандар, ал қара топырақта шалғынды-далалық экожүйелер орналасқан; 2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала белдемi -- қайыңды-теректi шоқ ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлi және астық тұқымдасты шөптесiн өсiмдiктi далалық экожүйелер таралған.
Жануарлары. Молдова жерiнде сүтқоректiлердiң 180, құстың 500, бауырымен жорғалаушылардың 52, қос мекендiлердiң 12, балықтың 104-ке жуық түрi бар. Омыртқасыз жәндiктер шаян тәрiздiлер, ұлулар, құрттар, т.б.) бұдан да көп. Тек жәндiктер түрлерiнiң өзi-ақ 30 мыңнан асады. Молдованың солтүстігіндегi орманды дала белдемiнде бұлан, елiк, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекiлiк, көл айдындарын су құстары -- аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген және де кәдiмгi сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан -- дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны кездеседi. Көктемнен күзге дейiн бұл жерлерде ақ бөкен үйiрлерi жайылады, олар қысқа қарай шөлдi аймаққа ығысады.
Жануарлар түрлерiнiң қазiргi сипаты бiрқатар жағдайларға байланысты, олардың аралығында, ең алдымен, жердiң аса кең аумақта игерiлуi, осыған орай жер суару, не керiсiнше, көптеген жайма су аңғарларын құрғатып, тех. дақылдар егу нәтижесiнде жер бедерiнiң өзгеруi сияқты жағдайларды атап көрсету керек

Кез келген тiрi организм өзiн айнала қоршаған табиғи орта мен тығыз байланысты ғана өмiр сүре алады. Олар - топырақ,су, минералды заттар, жер бедерi жәнә атмасфералық әр түрлi құбылыстар. Табиғи ортаның компаненттерi (iрi немесе ұсақ бөлiктерi) тiрi организмдерге оң немесе терiс әсер етуi мүмкiн.
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын қызметі мен негізгі бағыты әр түрлі. Сондықтан қорғауға алынған жерлерді қорықтар, қорықшалар, резерваттар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері деп бөледі. Қазіргі уақытта дүние жүзінде 2600-дан астам қорық бар.
Республика деңгейінде Молдованың экономикалық жағдайын дамыту барысында табиғатты қорғау ісі алдыңғы қатарға қойылған стратегиялық бағдарламаның негізгі тұғырларының бірі. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекет заңнамасын бұзушылықтың жолын кесу мақсатында аумақты қарауылдауды, оның ішінде жер және әуе көлігін қолданып қарауылдайды;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қоршаған ортаның соларда орналасқан экологиялық, ғылыми мен мәдени жағынан ерекше заңды объектілері Молдованың ұлттық байлығы болып табылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - ерекше қуқықтық қорғау режимi бар не мемлекеттің табиғи-қорық қорын сактау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық кызметі режимі мен реттелетін жер, су, орман және жер қойнауы учаскелері.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Молдова мемлекетінің заңнамасын бұзушылыктарын анықтау және оның жолын кесу, өрттің алдын алу, байқау, және жою үшін ерекше қорғалатын аймакта жүрізу мүмкін ic-шаралар кешені.
Молдова мемлекетінің ерекше қорғалатын табиғи аумактар туралы заңдары мынадай принциптерге негізделеді.
- мемлекеттік табиғи-қорық; қорын, биологиялық алуан тipшілікті және табиғи экологиялық жүйелерді сактау;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды нысаналы пайдалану;
- ғылымды, мәдениетті, ағарту мен білім беру iciн дамыту мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұтымды пайдалану;
- Әлеуметік-экономикалық факторларды және жергілікті халықтық мудделерін ескере отырып, туризм мен рекреацияны дамыту;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы зандарды бұзушылыкпен келтірген залалды өтеу;
- халықтың және қоғамдық бірлестіктердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласына қатысуы;
- мемлекеттің табиғи-қорық қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жәй-күй туралы ақпаратпен еркін танысу
- халықаралық құқық неізіндегі халықаралық ынтымақтастық.
Азаматтар табиғатты қорғауға және табиғат байлықтарына ұкыпты қарауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды сақтауға міндетті.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында, егер Конституцияда, заңдарда және Молдова Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Молдова азаматтары үшн белгіленген құқықтарды пайдаланады және солар сияқты міндетті болады.
Колайсыз сыртқы ықпалдардан қорғау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың айналасына сол аймақтар шегінде осы аумактардың экологиялық жүйелерінің жай-күйіне және қалпына келтірілуіне тepic ықпал ететін кандай да болсын кызметке тыйым салынатын қорғаныш аймақтары белгіленуі мумкін.
Қорғаныш аймақтары табиғи ресурстарының көлемін, шекарасын режимін және пайдалану тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық аткарушы органның келісімімен жерплікті атқарушы органдар белгілейді.
Қорғаныш аймақтарының жері арнайы белгілермен белгіленеді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы қорғаныш шаралары
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумактарда қоршаған ортаға зиянды ықпал етудің алдын алу және оны жою мақсатында мынадай қорғаныш шаралары жүргізілуі мүмкін:
- табиғи апаттардың алдын алу және оларды жою, өрттердің алдын алу, дер кезінде анықтау және жою;
- судың зиянды ықпал етуінің алдын алу және оны жою;
- өсімдіктердің қоргау, зиянды жәндіктердің өcin-өну ортасы мен ағаш ауруларын дер кезінде анықтау және оларға қарсы күрес, орманда санитариялық және басқа да ағаш кесу (жол төсеген, өртке қарсы белдеулер жасаған кезде жол кұрылысына байланысты орман тазалау);
- халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын және ветеринариялық қадағалауды қамтамасыз ету, міндеттер мен эпизоотиялардың алдын алу мақсатында жануарлар санын реттеп отыру.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы қорғаныш шаралары оларды Қорғау режимдерін ескере отырып, ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негізінде және қарамағында осы аумақтар бар атқарушы органдардың руқсаты бойынша жургізіледі.
Ерекше қоғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтіру мақсатында мынадай шаралар жургізу мумкін:
- жерді эрозиядан сактау мен бұрын бөлінген жерлерді қалпына келтіруді қоса, жерді қорғау;
- су қоймаларының қолайлы режимін сақтау, суды ластанудан, күл-қоқыстан және сарқылудан қорғау
- эрозиялық процестерді болғызбау және экологиялық жағдайда жақсарту мақсатында ормандарды қалпына келтіру мен орман өcipy;
- жануарлардың - тіршілік ортасы мен өcin-өну жағдайларын, жүріп өтетін жолдары мен шоғырланатын орындарын қоргау;
- жануарлар мен есімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қәупі төнген түрлерін қорғау көбейту, өcipy және табиғи ортада қалпына келтipy; абайы өсімдік түрлерін қолдан өcipy, тұқымын сұрыптау және көбейту.
Ерекше қорғалатын табиғи аумактарда қалпына келтіру шаралары, қорғау режимдері ескеріле отырып, ғылыми ұйымдардың ұсыныстары неізінде және қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдармен жасалған кeлiciм бойынша журізіледі.
Ал халықаралық биологиялық әр алуандылықты сақтау жөніндегі Конвенцияда табиғи генетикалық қорды сақтап қалу үшін, мұндай арнайы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың көлемі мемлекеттік жалпы жер көлемінің ең кем дегенде 10 пайыз аумағын құрау қажеттігі ерекше атап көрсетілген. Бұл халықаралық Конвенцияға Молдова елі де қосылған. Осыған сәйкес қазір елімізде ерекше қорғалатын аймақтарды біртіндеп көбейту шаралары қолға алынып отыр.
Молдова мемлекетіннде қорғалатын территорияларына техника, өрт сөндіру құралдары мен байланыс жеткіліксіздігі байқалады. Дегенмен, барлық қорғалатын территорияларының функциялары, мақсат міндеттері ортақ , бір болып табылып, көптеген жоғалып бара жатқан және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларының аман қалып жатқан мекені болып қала береді.
Кейбір қорғалатын территориялары өз буферлі аймақтарында туризмді дамытуда, бірақ аталған саланы Ақсу Жабағылы мен Қорғалжын қорықтары дамытуда. Атап кететін мәселе, мұнда шетел мамандарының көмегінсіз мұндай нәтиже мен әсер деңгейі төмендеу болатын еді.
Молдовия мемлектетінде экологиялық жағдай қауіп тигізетіндей мұнай, газ кен орындары жоқ. Сондай-ақ Днестр және Прут қалаларының экологиялық жағдайы нашар деп тануға болады.
Бұл қалаларда су ластануы мәселесі артуда, өзендерінде балық өлуі байқалады , су ластану мәсселесін шешу ұшін бұл қалаларға көптеген қаражат қажеттігі себеп болып табылады. Молдова қалаларының жылына 50 пайыз күнінде ауа сапасы санитарлық нормаға сай емес, осыған себеп болып отырған автокөлік санының көптігі.

Молдова халқы өте тығыз орналасқан . Мұндағы халықтың орташа тығыздығы 1 км2 жерге 119 адамнан келеді. Тұрғындарының негізгі бөлігін молдовандар (64%) құрайды. Басқа ұлттардың ішінен орыстар (14%), украиндар (13%) басым. Олар Днестрдің сол жақ жағалауында көп қоныстанған.
Елдің оңтүстігінде гагауыздар (3,5%) тұрады. Халықтың үлкен бөлігін ауыл тұрғындары (54%) алады. Соңғы онжылдықта өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты қала тұрғындарының саны да өсіп отыр. Кишинев, Бельцы, Бендеры сияқты қалалардағы халықтың саны 100 мың адамға жетті.
Молдовия тероториясында 2000 жылы 4,4 мен адам тұрады ТМД елдері арасында мемлекет ең жоғарғы тығыздыққа ие бір км квадратқа жүз жиырма жеті адамнан оның этникалық құрамы мынадай:
Молдаван 64,5% украиндар 13,8 орыстар 13, болғарлар -2 евреилер- 15% молдовандар жалпы тұрғындардың 23 бөлігін құрайды. Ауыл тұрғындары бестен төрт бөлігін құрайды, қала тұрғындары 30% тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 65,5ж , еркектері 59,9, әиелдері - 69,3 ж орташа есеппен. .
Тұрғындардың орташа тығыздығы 1км квадратқа 2 ке 160 адамнан ірі қалалар пиросполь (160 мың адам) бенднрі (121 мың ) рыбыныца (61 мың адам) рубасары (29 мың адам) тұрғындардың этникалық құрамы: молдвандар 33%, орыстар мен украйындар 29% тен, болгарлар 3% , поляктар 2%, галоздер 2% ресми тілдері орыс, украйн , молдаван тілі.
Молдавандардың ақшасы лей деп аталады. 1 лей 11 доллармен тең. Тұрғындардың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен шұғылданады, бұл сала қатты дамыған. 7 ауданда тегіс жер жоқ екен, бәрі ойлы-қырлы. Өрге қарай су шықпай - ды.
Сөйте тұра барлық жерде диқаншы - лық жасап жүрген халық. Қырдың бәріне жүзім егіп тастаған. Осының өзі олардың әлеумет - тік жағдайынан хабар берсе керек.
Мемлекетте жұмыссыздың өсуде; 2000 ж жұмыссыз тұрғындардың саны 1,8% жетті (1991 ж- 0,005%, 1992- 0,7%, 1995- 1,4%, 1997- 1,7% ), орташа айлық номиналды жолахы 32,8 долл құрады бір айлық пенсияның орташа мөлшері 6,9 долл тұрғындардың экономика салаларына бөлінуі былай көрінеді: өнеркәсіпте 10,7% ауыл шаруашылығында 48,9% қызмет көрсету саласында 37,5% құрлыста 2,9% саяттық тамақтар ішіндер жүгері ұнынан жасалған тағамдар сүт өнімдері жемістер маңызды орын алады кеңінен тараған ұлттық тағам - мамалигы жүгері ұнынан жасалған тағам.
Молдовия әдебиеті 18-19 ғ жазушылар фольклоры сюжеттерді жазып пайдаланып жинаған кезде пайда болды 1 болып әдебиет тіліне көп үллес қосқан, халық әндерін жарыққа шығарған Василе Алексндри болды.
Молдова тығыз елді мекендері солтүстік және орталық жерлері болып табылады. Білім жүйесі балаларға 6-7 жасқа дейінгі міндетті түрде-бұл бірінші кезең. Екінші кезең- 3 жыл және міндетті емес, осы екі кезеңнен соң жоғары оқу орны . Молдовада халық мәдениеті өте бай , бұл Кедең Одағынан қалыптасқан. Миорица балладасы ерекше құндылық осы халықтың.

1993 жылы мемлекеттің экономикалық стабилизациясы жайлы программа жасалды ол мемлекеттің экономиканың бағдарлаудан бастартуын жобалады.
Програманың маңызды элементтері
Жекешелендруді;
Мемлекет тарапынан субсциялардың қысқаруын, салық жинаудың сауда мен бағаның бәсекелестік режимі арқылы рынок аймағын құруды мемлекеттік монополиялардың қысқару колхоздар мен совхоздар ренонструсиясының басталуын көздеді.
Мемлекеттегі экономиканың дамуын бірнеше этаптарын айтуға болады:
1) 1991- 1994жж арасын алды. Жыл сайын орташа есеппен 20%ішкі өнімдерін көлемі төмендеген өнркәсіптердің тез төмендеуі;
2) 1995-1997 ж ішкі өнімдердің жылына 2,6%ке төмендеуін тоқталуы , бір қалыпты жағдайға келтіру;
3) 1990 ж дейін Молдовияның экономикасы Ресейге ауыл шаруа шылық өнімдеріне арзан энерго ресуртарын айырбастау бағытталған
4) 1999 ж үкімет финанс экономикасына қатаң режим орнатты, салықты көтерді, сыртқы қарыздарды және экспорт көлемін жоғарылатты, сыртқы көлемі 1998 1,3 млд доллар құрады.
Жанар - Жағар май энергетикалық комплексы
Молдовияның энергетикасы он жылдар боиында бұрынғы СССР дың орталықтандырылған қаржыландырудың арқасында құрылды. Энергетикалық комплекс совет үкіметі кезінде республика қажеттілігін ғана емес сонымен қатар шетелді қамтамасыз етті. Қәзіргі кезде Молдовияның энергетикасы үлкен дағдарысты басынан кешірді. Сол дағдырыстың бірнеше бағыттарын айтуға болады
1) негізгі электро станциялардың өндрістік қорының ескіруі.
2) Экономикалық жағдайдың төмендеуі
3) Бюджеттік ұйымдар ауыл шаруашылығы өнеркәсіптер төлемеген төлемдердің өсуі
4) 1991 жылы бастап электро энергиясын өндру төмендеуі 2000 ж 0,9 млрд кмсағ электро энергиясы өндріледі.
Молдовияның экономикасында агро- өндрістік комплекс маңызды орын алады. Бұл комплекс даму факторлардың арқасында пайда болды ол факторлар өнімдерді шығаруға мамандандырылған еңбек ресурстармен қамтамасыз етілген, жағымды агроклиматикалық жағдайдың болуы. Молдовалық құқық қорғаушылар ТМД аясында көбіне көп Украина ІІМ - нің жедел қызметіне сүйенеді. Молдовия терроториясының кішкене көлеміне қарамай онда төрт табиғи экономикалық облыстарды айтуға болады. Орталық молдовия- орталық молдовия төбесін жанама аудандарды алады. Оның негізгі ауыл шаруашылық мамандануы - бау- бақша өсіруі.
Молдовияның орталық ауданында Днестр өзені бойында мемлекеттің астанасы - Кишинев қаласында орналасқан. Кишинев бірінші рет 1466 жыл молдован государы Стефан т-ның грамотасында айтылған. Совет одағы кезінде Кишинев Молдовияның негізгі өнеркәсіп орталығы болатын. Мұнда бір машина құру өнеркәсібі құрылды. Ауыл шаруа шылығына қызмет көрсету үшін трактор зауыты соғылды. Кишинев молдовияның жеңіл өнер кәсіп пен азық түлік өнімдерін шығаруда алдынғы қатарлы орталығы болып есептеледі. Өнеркәсіптің жаңа саласы - химиялық өнеркәсіп, жасанды тері, тоқыма маталарын, плащ маталарын шығаруға маманданған. Кишинев - мемлекеттің ғылыми, мәдениет орталығы. Мұнда Молдовияның ғылым акедемиясы, ғылыми - зерттеу институты, Молдовия мемлекеттік университеті орналасқан. Қалада 11 театр, музейлер, концерт залдары, мәдениет үйлері, кітапханалар жұмыс істейді. Молдованың астанасы - Кишинев қаласы. Молдованың әкімшілік, саяси, мәдени және ғылыми орталығы. Ол 1940 жылдан бері астанасы болып табылады. Территориясы 200 шаршы шақырым. Кишинев қаласында 750 мың адам қоныстанған.
Қала тұрғындары көп ұллы болып келеді. олардың басым көпшілігі - молдовандар, орыстар, украиндар, гагауздар, еврейлер, болгарлар да, румындар да өмір сүреді. Кишинев территориясы екі бөлікке бөлінеді: Жоғарғы қала - жақсы жобаланған архитектураға тән. Төменгі қала - оған ортағасырлық тарихи қала. Молдованың шаруашылық кешендеріндегі алдыңғы орынды ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, жеңіл индустрия алады. Сонымен қатар электр энергетикасы мен құрылыс материалдарын дайындау өнеркәсібі де дамыған.
Тамақ өнеркәсібі әр түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен тығыз байланысты. Оның консервілеу, қант, шарап жасау, май шайқау және темекі сияөты салалары бар. Бау-бақша дақылдарын консервілеу өнеркәсіптері тасымалдауға қиындық туғызады. Өндірістердің көбі республиканың оңтүстік-шығысында шоғырланған. Зауыт Кишинев, кагул, Тирасполь, Бендеры сияқты ірі қалаларда салынған.
Қант шығаратын зауыттар Молдованың солтүстігінде, яғни қант қызылшасы көп егілетін жерлерде орналасқан. Олардың ең ірілері - Дондюшаны, Бельцы, Рыбницы сияқты қалаларда шоғырланған.
Май шайқайтын (эфир майын, жүгері мен күнбағыстан өсімдік майын алатын) өнеркәсіптер ел аумағында біркелкі орналасқан. Қазіргі кездегі ең ірі зауыттары бельцы мен Бендеры қалаларында жұмыс жасайды.
Шарап жасау - шаруашылықтың көне саласы болып табылады. Шарап пен конъяк шығаратын кәсіпорындар жүзімдіктері көп аудандарда (орталық және оңтүстік Молдова) орын тепкен. Ал ең ірі шарап-конъяк комбинаттары: Кишинев пен Тирасьпольде.
Темекі өнеркәсібі - негізінен, республиканың темекі өсіретін солтүстік және орталық аймақтарында дамыған.
Машина жасау - соңғы жылдары қалыптасқандығына қарамастан, мұнда тракторлар (Кишинев), қызан жинайтын комбайндар (Бельцы), ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне қажетті құралдар шығаратын зауыттар мен электроника (Кишинев) қарқындап дамуда. Машина жасау өнеркәсібі Молдова металлургиялық өңдеу зауытының (Рыбница) металын және Украинадан әкелінетін шикізатты пайдаланады.
Жеңіл өнеркәсіп шеттен әкелінетін шикізатты қолданады. Тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындары мақта мата (Тирасполь комбинаты) және жібек мата (Бендеры) шығарады. Кілем тоқитын үлкен комбинат та (Унгены) жұмыс жасайды. Сонымен қатар тігін, тоқыма, былғары аяқкиім фабрикалары (Кишинев, Тирасполь) бар.
Құрылыс материалдары өнеркәсібі жабынқыш (черепица), бақалшықтардан түрлі блоктар, шифер, темір-бетон сияқты құрылыс өнімдерін шығарады.
Электр энергетикасы республика экономикасында үлкен рөл атқарады. Днестр өзеніне Дубоссар СЭС-і, ал Прут өзеніне Румыниямен бірлесе отырып СЭС салынған. Аса қуатты Молдова ГРЭС-і Днестровск қаласының маңында жұмыс жасаса, ал Кишинев, Тирасполь мен Бельцы қалаларында сырттан әкелінетін отынды пайдаланатын ЖЭО бар.
Елдің отын-шикізат базасы жоқ, пайдалы қазбаларды сырттан тасиды. Өнеркәсіптегі жетекші сала - тамақ өндірісі (жалпы өнеркәсіптегі үлесі - 50%). Шарап, жеміс, көкөніс қалбырлау, эфир майын өндіру алдыңғы қатарда. Машина жасау (автотіркемелер, ауыл шаруашылығы машиналарын жинақтау және т.б.), химия және жеңіл өнеркәсіп салалары жұмыс істейді. Қант, темекі, шарап секілді жеңіл өнеркәсіп өнімдері өндіріледі және бидай, жүгері, қант қызылшасы, жеміс-көкөністер өсіріледі. Ет-сүт өнімдерін өндіру де жақсы жолға қойылған. Сыртқы саудада тамақ өнімдері мен шарап шығару басым. Негізгі импортталатын тауарлар қатарында отын, шикізат, машиналар, химия өнімдері және т.б. бар. Басты сауда серіктестері - Ресей, Украина, Беларусь. Ресейдегі Молдова елшілігі Қазақстандағы Молдова елшілігі қызметін қоса атқарады. Молдова -- бұрынғы кеңестік республикалар ішіндегі ең кіші және халық ең тығыз қоныстанған республика. Оның теңізге шығатын жолы жоқ және Еуропаның ең кедей елдерінің қатарына жатады.
Молдованы үш жағынан Украина қоршап тұр, ал батысында Румыниямен шектеседі. Елдің негізгі аумағын орташа биіктігі теңіз деңгейінен 140 м-ден аспайтын төбелі, ойпатты жазықтар алып жатыр. Батысында Реут пен Пруг өзендерінің аралығында биіктігі 340 м-ге дейін жететін орманды Кодру үстірті орналасқан. Молдова аумағының 35%-ынан астам бөлігін жалпақ жапырақты ормандар қамтыған. Өзендердің ең ұзыны -- Днестр Шығыс Молдова арқылы ағып өтіп, Украина жерінде Қара теңізге құяды. Шарап жасау -- 1991 жылы ел өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі өндірістің гүлденген санаулы салаларының қатарына жатады. Ауыл шаруашылығы
Молдова экономикасындағы экспорттың негізгі бөлігін құрайтын аса маңызды сектор. Мұнда еңбекке қабілетті елдің 40%-ға жуығы жұмыс істейді. Молдова халқының жартысынан астамы ауылды жерде тұрады. Өнеркәсіп өнімінің 42%-ын тамақ өнеркөсібі өндіреді. Минералдық ресурстарға кедей және ірі көлік магистральдарынан алыста орналасқан елдің экономикасы құлдырау сатысын басынан өткізуде.

Ауыл шаруашылық өнімдерін шығаруда салықтың төмендігі
Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық техникасымен, минералды тыңаитқыштармен жағар майымен қамтамасыз ету агро өндрістік комплексте тауарлар дайындау және осы мақсатта құрылған жоғарғы, ерте оқу орындарын құру ерекше орын алады. СССР мемлекеттері арасында Молдовия өндрістік өнімдер шығаруда Ресей, Украина, Қазақстан, Өзбекстан, Беларуссиядан кейін алтыншы орында.
Егеменді ауылшаруашылығы 1990 ж басында ауыл шаруашылық реформаларында концепцияларсыз орындалады. Фермер шаруашылықтарының даму деңгейі 1998 жылы басталды. Осы уақыттан бастап ауылшаруашылық өнімдеррінің көп бөлігін жеке секторларда шығарады. Қәзіргі кезде мемлекттік секторда 17,3% ауыл шаруашылық жерлері бар оның ішінде 13,6% резерв қорына кетеді, қазіргі кезде ортақ жер ауданы 2,8 млн гектар құрайды оның ішінде ауыл шаруашылық жері 2,5млн гектар (айдалатын жерлер 1,8 шалғынды жайылым жерлер 0,4 млн гектар) ауыл шаруашылық өнімдер стуктурасында өндріс салалары өсімдік өсіру 68% мал шаруашылығы 32% Молдовияның ауыл шаруашылығында бірнеше салаларды айтуға болады. Жүзім өсіру жеміс өсіру, қызылша,пісте өсір салалары.
Ауыл шаруашылығы экономиканын дамытудағы аса маңызды буын болып саналады. Өйткені ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің шешуші саласы, ол халықты тек азық-түлікпен қамтамасыз етумен шектелмейді, сондай-ақ өнеркәсіптің көптеген салалары үшін аса қажетті шикізат та өндіреді. Сонымен қатар өндірілген өнімдерді дер шағында сапалы өңдеп, дәл уақытында халыққа жеткізу де қажет. Осы шараларды орындау мақсатында ауыл шаруашылығы шаруашылықтың көптеген салаларымен тығыз қарым-қатынас орнатады. Осы байланыстар негізінде агроөнеркәсіптік кешендер қалыптасады
Агроөнеркәсіптік кешендері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz