Шырша ормандарының көрінісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Талғар филиа-лының орналасқан жері және құрылымы

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша 1996 жылы 22 ақпанда құрылды. Ұлттық парк Іле Алатауының солтүстік беткейіне орналасқан. Батысында Шамалған өзені мен шығысында Түрген өзендерінің аралығындағы 120 шақырым аумақты қам-тиды,ал ені 30 шақырымдай. Оңтүстігінде Қырғыз мемлекетінің шекарасымен, солтүстігінде Іле Алатауының етегі мен шектеледі. Парктің жалпы жер көлемі 202292 га [1].
Талғар филиалы ұлттық парктің шығыс бөлігін алып жатыр. Орналасқан жері Алматы облысының Талғар ауданы аумағында.
Орман орналастыру жұмыстарының негізінде 1994-жылдан бастап Талғар орман шаруашылық мемлекеттік мекемесінің ауданы белгіленіп, ол 17326 гектарды құрады.

Кесте 1.
Талғар орман шаруашылық мемлекеттік мекемесінің 1994ж. орман орналастыру бойынша аумақтары


Орманшылықтар
Орман қорының ауданы, га
Орманмен қамтылған аумақ, га
1
Қотыр-Бұлақ
4658
2243,6
2
Талғар
5338
2412,5
3
Көкбастау
7330
3237
Филиал бойынша жалпы
17326
7893,1

Алматы облысы әкімінің 24.06.1998ж. №6-207 бұйрығының шешімімен Қаскелең, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының жер учаскелері белгіленді. Талғар филиалының құрамына ұлттық табиғи парктің және мемлекеттік жер қорының 10612 га шамасындағы солтүстік шекарасы қайта енді. Сөйтіп Іле Алатау ұлттық табиғи паркі Талғар филиалының аумағы 27938 гектар болды.
Кесте 2.
Талғар филиалы аумағының жерлерді қайта есептегеннен кейінгі аумағының өзгеруі


Орманшылықтар
Орман қорының аумағы, га
Қосылған жер аумағы
Барлығы, га

жабайы жеміс-жидекті өсімдіктер аймағы, га
Мемлекеттік жер қоры, га

1
Қотыр-Бұлақ
4658
1198
6000
11856
2
Талғар
5338
2073

7411
3
Көкбастау
7330
1341

8671
Филиал бойынша жалпы
17326
4612
6000
27938

Кесте 3.
Орман қоры аумағындағы айналым сандары мен олардың орташа ауданы


Орманшылықтар
Жалпы аумақ, га
Айналым саны, дана
Айналымның орташа аумағы, га
1
Қотыр-Бұлақ
11856
12
988
2
Талғар
7411
9
823
3
Көкбастау
8671
9
963
Филиал бойынша жалпы
27938
30
931

Талғар филиалының басты мақсаттары мен міндеттеріне-бірегей табиғи кешендерді қорғау және қалпына келтіру, сонымен қатар адамдарға табиғатта демалудың,экологиялық туризмнің әр түрлі мүмкіндіктерін ұсыну, оны ғылыми тұрғыдан негіздеу жатады.

Сурет 1. Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің
Талғар филиалының орналасқан жері
Ұлттық парк өзінің табиғи ерекшеліктерімен және әсемдігімен көзге түседі. Атап айтсақ өсімдік әлемі 1200-ден, жануарлар әлемі 1500-ден астам түрлерден тұрады. Олардың сирек кездесетін және жайылу қаупіндегі бірнеше түрлері Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Бізге келген туристер тау етегіндегі шөлейт даладан бастап, шыршалы ормандарды, альпі шабындықтарын мәңгі қар мен мұз басқан шыңдарды көре алады.
Сонымен қатар бақ аумағында қазақ халқының ертедегі тарихи және мәдени археологиялық ескерткіштері орналасқан. Іле Алатауы етегімен ерте замандағы тайпалар Азиядан Европаға байланыс жолын жасаған. Кейін ол Ұлы Жібек жолы болып атанды.
Бір-бірінен оқшау жатқан екі участоктан тұрады. Оның бірі - Іле Алатауының орталық бөлігінде орналасқан таулы аймақ. Биік шыңдарын мәңгі мұз бен қар басқан, сұлу шыршалы ормандарына қарасаң көз тоймайтын әсем тау кімді болса да қызықтырмай қоймайды.
Таудан төмен түскен сайын жылына жауатын жауын-шашын мөлшері де азая береді. Мәселен, теңіз деңгейіне 1000 метр биіктікте 500милиметр, ал 2400-3000 метр биіктікте 780-870 милиметр жауын-шашын болады. Тауда самал жел соғып, жаздың салқындау болуы да жайқалып жасыл шабындықтың өсуіне жағдай жасайды. Қыс айлары онша суық болмайды. Бұл ұлттық табиғи бақта паналайтын хайуанаттардың қыстан күйлі шығуына көмектеседі. Қорық териториясы кішігірім өзекшелер арқылы бөлінетін бірнеше тау қыраттарынан тұрады. Ондағы суы мол саналатын негізгі өзендер - Талғар мен Есік, ал кішілері Қаскелең, Алматинка. Басын мәңгі мұздардан алатын бұл өзендердің ені 3-4 метр, су тереңдігі 0,3-1,0 метрдей болып, ағысы қатты келеді. Кейде тауда нөсермен жауған жаңбырдың арты селге айналатын ауыр жағдайларыда кездеседі.

Сурет 2. Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің
Талғар филиалы тұқым бағы
Ұлттық табиғи бағының бір артықшылығы, мұнда мол орманды-дала, субальпі және альпі өсімдік белдеулерінің ұштасып жатуы Орманды дала белдеуі табиғи бағының жерінде 1300-2600 метр биіктік аралығында өтеді. Оның төменгі етегінде жапырақты ағаштар мен бұталар өседі. Олардың көпшілігі жабайы өсетін жеміс ағаштар. Бұл белдеулерде орман құрайтын негізгі ағаш түрлері-алша ағашы, долана, өрік, көктерек, сирегірек тал.
Бұталардан шөп аса қарақат, итмұрын және ұшқат өседі. Алма бағы 1700 метр биіктікке дейінгі тау жоталарының етегіндегі жазық ойпаттарда көбірек кездеседі, өрік таудың күнгей беткейін ала орналасқан. Көктерек жоталардың солтүстік және шығыс беткейлерінде көбірек кездеседі. Жабайы жеміс ағаштарының жер көлемі 157 гектардай. Жеміс бақтары негізінен, оң және сол Талғар өзендерінің бойын алып жатыр.
Алатауға сән беріп тұратын қылқан жапырақты ормандар 1400-2800 метр биіктікте кездеседі. Ормандардағы негізгі ағаш түрі Тянь-Шань немесе шренк шыршасы. Бұл өте баяу өсетін, қалыптасуы үшін көп жылдарды керек ететін ағаш. Сондықтан да табиғи бақ териториясында шыршаны көбірек өсіріп, оның өсу, қалыптасу процестерін зерттеу, оны басқа тау аймақтарына жерсіндіруге жол ашады. Табиғи бақты шыршалы орманның көлемі 5,3 мың гектардай. Тянь-Шань шыршасының тау топырығы бекіту оны эрозиядан қорғаумен бірге эстетикалық мәні зор.
Тау беткейлерінде өскен шыршалы тоғай парк типтес келеді де, олардың арасында шетен, ұшқан және қара ырғай, бұлдірген кездесіп қалады. Осы ағаштардың кепкен жемістері қыс айларында осында қыстап қалатын құстар және аңдар үшін жақсы азық болып табылады.
Шыршалы орманның жоғарғы жағын суб-альпі белдеуі алып жатыр. Бұл белдеуге тән өсімдік-биіктігі 0,5-1,0 метр болып өсетін арша. Тау беткейлерінде алыстан қарайып, көрініп жататын бұталы ағаш осы. Бұл маңда аздап шырша, ұшқат, қанды ағаш ұшырасады. Шөптесін өсімдіктерден қазтамақ тау қарамағы, шерменді гүлділер басым, одан әрі 3000 метр биіктіктен жоғары альпі белдеуі басталады. Оны бір сөзбен, дәу-дәу тастар мен құздардың белдеуі деп сипаттауға болады. Онда көбінесе доңыз сырт шөптері өседі.
Бұдан табиғи бағының әр белдеуінде бір-біріне ұқсайтын әр алуан өсімдіктер өсетіндігін көреміз. Алатауда дәрі-дәрмек алынатын өсімдіктердің оннан астам түрлері кездеседі. Олардың бастылары-долана, итмұрын жемістері және кәдімгі киік аты, тас шөптер.
Табиғи бағында елік, тау ешкі, арқар, марал, қоңыр аю, барыс, сусар, ақ тиін сияқты аңдардың 40 астам түрі тіршілік етеді. Осы табиғи бақ орналасқан жерде кездесетін тұяқты аңдардың бірі елік. Мұнда елік мекендеуге қолайлы ондаған мың гектарға жуық орман алқабы бар. Кейбір жылдары бір мың гектар жерде елуге дейін елік кездеседі. Елік жүзге жуық өсімдік түрімен қоректенеді. Қыс кезінде бұлар шөпті қар астынан тебіндеп жайылады. Сонымен қатар жыл мезгілдеріне байланысты таудың әр түрлі биіктігіне ауысып отырады. Сол сияқты бұл өңірде тау теке де мекендейді. Мәселен, табиғи бақ қызметкерлерінің соңғы есебі бойынша тау текенің қоры 500-дей екендігі анықталды. Тау теке мәңгі жатқан мұзға дейін көтеріліп,жартастар мен құздардың арасында тіршілік етеді. Тек қыста ғана тау етегінде болады
Ауа-райы мен климат жағдайлары. Метеостанцияның климаттық көрсеткіштері 1-кестеде келтіріледі. Олар қала сыртында теңіз деңгейінен: Медеу -1529 м, Усть-Горельник - 1926 м және жоғарғы Горельник - 2254 м орналасқан [2].
Мекеменің аумағы күрделі биік таулы жер бедеріне орналасқан. Жалпы солтүстік еңістігі негізгі қыраттары бірнеше тау сілемдерімен ұласқан. Бұл тау сілемдері солтүстіктен төмен қарай күшті ауыспалы таулы жер бедерін құрайды.
Кесте 4.
Климаттық көрсеткіштер

Көрсеткіштердің атаулары
Мағынасы
Мерзімі
Ауа температурасы:
градусы:
орташа жылдық
ең жоғарғы
ең төменгі

6,8
35
-35

3,7
32
-35

2.6
29
-38

1 жылдағы жауын-шашын мөлшері, мм

843

859

881

Вегетациялық кезеңнің
ұзақтығы

146

123

106

Көктемдегі соңғы үсіктер

06.05; 25.05; 30.05
Күздегі бірінші үсіктер

25.10; 22.09;19.09
Өзендердің қатуының орташа мерзімі

05.12; 25.11; 20.11
Қар жамылғысы:
қалыңдығы, см
пайда болу уақыты
ормандағы кездесу уақыты

47

67

65

25.10; 07.10; 29.09
25.04; 08.05; 24.05
Желдердің жыл мезгіліне байланысты бағыттары:
Қыс
Көктем
Жаз
Күз

ОШ
ОШ
ОШ
ОШ

ОШ
ОШ
ОШ
ОШ

ОШ
ОБ
ОБ
ОБ

Жыл мезгілі бойынша желдердің орташа жылдамдығы, мсек

Топырақтың қату тереңдігі, см
50
55
58

Қыс
Көктем
Жаз
Күз

1,8
2,0
2,3
2,0

1,6
1,8
1,9
1,7

1,8
1,9
2,0
1,9

Ауа ылғалдығы, %
55
60
57

Таудан төмен түскен сайын жылына жауатын жауын-шашын мөлшері де азая береді. Мәселен, теңіз деңгейіне 1000 метр биіктікте 500 миллиметр, ал 2400-3000 метр биіктікте 780-870 миллиметр жауын-шашын болады.
Тауда самал жел соғып, жаздың салқындау болуы да шабындықтың өсуіне жағдай жасайды. Қыс айлары онша суық болмайды.
Тау сілемдердің еңістіктері және қыраттың басқаларында әртүрлі экспозиция мен еңістіктері бар.
Мекеме аумағының ең жоғарғы биіктігі теңіз деңгейінен 1025 м - ден 3532 м-ге дейін орналасқан.
Мекеменің аумағындағы климаттық жағдайлар бірдей емес. Жауын-шашынның мөлшері, температурасы мен ауаның ылғалдылығы, желдің бағыты мен жылдамдығы көп жағдайда жердің биіктігімен және жер бедерінің пішініне байланысты болады [2].
Өсімдіктері мен орман қорының сипаттамасы. Орталық және шығыс Тянь-Шанның флорасы мен өсімдіктерін зерттеу тарихы өте ертеден басталған.
Орталық Тянь-Шан: Іле-Алатауы мен Хан тәңірі массивін 1856-57жылдары П.П. Семенов зерттеген. Ол өз еңбегінде Тянь-Шанның өсімдіктеріне қысқаша жазба келтірген.
А. Шренк 1840-жылы Жоңғар Алатауында Фишер мен Мейер атап кеткен. Тянь-Шань шыршасын тапты. 1864-жылы және 1867-жылы зоолог Н.А. Северцов Орталық Тянь-Шанда болып кеткен. Кейінірек Іле-Алатауында орыс ботаниктері: В.В. Самонников, Р.Ю. Роневиц, А.И. Михелсон, Р.И. Аболин, Н.В. Павлов, Б.А. Быков жұмыс істеді.
Н.А. Гвоздецкий мен В.А. Николаев өзінің Қазақстан (1971ж) деген кітабында, солтүстік Тянь-Шанның шығыс бөлігін алып жатқан Іле провин-циясына жатқызады [3].
Далалы аймақ әр түрлі шөптесін өсімдіктерден құралған төменгі белдеу (900-1500м) мен бұталар және биік өсетін шөптесін шалғынды жоғарғы белдеуден (1250м-ге дейін) құралған. 1500-1700м биіктікте орманды дала аймағы орналасқан.
1700-ден 2700м-ге дейін орталық орман шалғынды-дала аймағы алып жатыр. Ол көктерек, шырша орманы өсетін төменгі белдеуден, таза шырша орманы өскен (2000-2300м) орталық белдеу мен субальпілік шалғын орналасқан жоғарғы белдеуден құралған.Таудың жоғарғы бөлігінде (2600-2800м)биік тау шалғын аймағы орналасқан.
Альпі шалғыны белдеуінен (3000-3400м)жоғары мұздықтар мен мәңгі қар алып жатыр.
Өсімдіктердің тарауы вертикалды аймақтардың орналасқанына тәуелді. Климаттың өзгеруі топырақ төсеніші мен топыраққа, ағаштардың өзгеруіне себеп болады.

Сурет 3. Шырша ормандарының көрінісі

Орман шаруашылығының барлық территориясын 3 вертикалды аймаққа бөлуге болады. Теңіз деңгейінен 1700 метрге дейінгі биіктікте I аймақ орналасқан. Негізгі жемісті ағаштардан құралған көктерек орманы алып жатыр. Ағаш түрлері: абрикос-(Armeniaca vulgaris), Сиверс жабайы алма ағашы-(MALUS Sieversu) Семенов үйенкісі-(Acer Semenovu) спирея немесе тобылғы-(Spirea hypericifolia)-спирея зверобослистная, қоңыр итмұрын-(Rosa cinna-momeal) қара жемісті ырғай-(Cotoneaster melanocarpal)-кизияьник черно-плодный, Альтман ұшқаты (Lonicera Altmanni) жимолость Альтмана қарақат-(Ribes Meyeri)-смородина Мейера, долана-боярышник кроваво-красный- (Crataegus sanguinea).
Шөптесін өсімдіктер: қожақат-ежевика, жима тарғақ-ежа сберная, қазтамақ-герань, жалбыз-мята.
Екінші және үшінші аймақта Тянь-Шань шыршасынан құралған шырша орманы орналасқан [4].
Медеу филиалының ормандары негізінен су қорғау және реттеу, топырақ қорғау, санитарлық-гигиеналық қызметпен тағы басқалары атқарады.
Сонымен қатар, солтүстік беткейдегі жеміс ағаштар орманының құнды жеміс шикізатын беретін екінші дәрежелері, әрі маңызды орны бар.
Мұнда сақтауға тиіс орман категорияларында:
1) табиғи ескерткіштер ;
2) жеміс ағаш орманы ;
3) орман - бақ бөлігі ретінде жасыл аймақтар ;
4) орманы аз таулы өңірдегі ормандар бар.
Ормандардың қорғаныш категорияларына байланысты бөлінуі бойынша - І топқа жатқызылады, яғни оның орманның маңызы мен табиғи-экономикалық жағдайына сәйкес болып тұр.
Жасыл аймақтар, бақ территориясындағы орман-бақ бөлігі 236 га жерді алып жатыр және туризмді ұйымдастыруда пайдаланады.
Осы қорғаныш категориясындағы орман шаруашылығын жүргізу арқылы ұзақ уақыт өсетін әсем орманның түзілуіне мүмкіндік туғызады.
Басты ағаш түрлері бойынша орманды жерлердің бөлінуі 2-кестеде көрсетілген.
Орман қорында негізгі орман түзуші ағаш түрі Шренк шыршасы (30%) мен қарағай (6%) қылқан жапырақтылардан, ал жалпақ жапырақтылардан алма аға-шы (5%) және басқа ағаш түрлері жатады.
Орманмен қамтылған жерлер 759 га-да құрайды, былайша айтқанда орман-ды қалпына келтіру шаралары арқылы 253 га , ормансыз жерлерде табиғи ор-манның табиғи өсуі 358 га және екпе ормандарды орманмен қамтылған аумаққа ауыстыру нәтижесінде көбейіп отыр.
Орман мен қамтылған жерлерде сирек орманның табиғи қалпына келуі әсерінен 177 га аумақ орман қорын көбейтті.
Орманның өсуіне жарамды ашық жерлер арқылы шабындықтардың аумағы 79 га - ға өсті, ал жайылымдар, жолдар таксация кезінде жер категория-ларын нақтылау нәтижесінде өзгереді.
Негізгі орман түзуші ағаштардың орманы жоғары бонитеттілігімен ерекшеленбейді.
Ылғалы мол жерлерде өскен кейбір жалпақ жапырақты ағаштардың өнімділігі біршама жоғары.
Басты ағаш түрлері бойынша орманды жерлердің бөлінуі 3-кестеде көрсетілген.
Орман қорында негізгі орман түзуші ағаш түрі Шренк шыршасы (30%) мен қарағай (6%) қылқан жапырақтылардан, ал жалпақ жапырақтылардан алма ағашты (5%) және басқа ағаш түрлері жатады.
Орманмен қамтылған жерлер 759 га-да құрайды, былайша айтқанда орманды қалпына келтіру шаралары арқылы 253 га, ормансыз жерлерде табиғи орманның табиғи өсуі 358 га және екпе ормандарды орманмен қамтылған аумаққа ауыстыру нәтижесінде көбейіп отыр.
Орман мен қамтылған жерлерде сирек орманның табиғи қалпына келуі әсерінен 177 га аумақ орман қорын көбейтті.
Орманның өсуіне жарамды ашық жерлер арқылы шабындықтардың ау-мағы 79 га-ға өсті, ал жайылымдар, жылдар таксация кезінде жер категория-ларын нақтылау нәтижесінде өзгерді.
Негізгі орман түзуші ағаштардың орманы жоғары бонитетілігімен ерекшеленбейді.
Ылғалы мол жерлерде өскен кейбір жалпақ жапырақты ағаштардың өнімділігі біршама жоғары.
Филиал ормандарында ІІІ және ІІ бонитет кластарына жататын алқа ағаштар басым (76%) Өнімділігі жоғары І және ІІ бонитет кластарына жататын алқа ағаштар 12,8%құрайды, төмен бонитетті ормандар 11,2% ден кем. Алқа ағаштардың орташа кластары осы орман өсімдік жағдайына сәйкес деп есептеуге болады.
Барлық мәліметтер жерлер негізінен толымдылығы төмен, яғни толым-дылығы 0,3: 0,4 алқа ағаштар 50,8%-ды құрайды. Ал толымдылығы жоғары (0,8-0,0)алқа ағаштар тек қана 1,7 %- ді ал орташа толымдылықты жалпақ жапырақты орман үшін 0,48 ал қылқан жапырақты орман үшін 0,46.
Ол жағдай былай түсіндіріледі негізгі орман түзуші ағаш-Тянь-Шань шыршасы нашар дамыған топырақта, қалыңдығы аз тік беткейлерде өседі. Төмен толымдылықты орманның болуына адамның әсері де зор, шөп шабу, мол жию, ағаш кесу біршама әсерін тигізеді [5].

Сурет 4. Талғар филиалы Орта қырғауылды сайындағы шырша орманы

Сурет 5. Талғар филиалы Ойжайлау сайындағы шырша орманы

Барлық ағаш түрлері бойынша орташа таксациялық өзгерістерді талдай отырып, ерекшелік байқалады, ол орташа жастың ұлғаюы, яғни табиғи алқа ағаштардың кластан класқа өтуін байқатады.
Еккен орман жұмыстарын орманмен қамтылған жерлерге ауыстыруына байланысты, әрі таксация кезінде нақтылау барысында жалпы орманмен қамтылған жердің көбеюін көрсетеді.
Шырша мен жалпақты ағаштар, бұталар, әртүрлі шөптер өскен. Таулы - орманды - шалғынды - далалы аймақта қара шіріндіге шөл тасты топырақтар тараған. Механикалық құрамы бойынша ауыр және орташа саздауытты. Мұнда І, ІІ, III бонитетті орман өседі. Төменгі жағында жеміс - жидекті ағаштар өседі.
Теңіз деңгейінен 800 - 1200 метр абсолюттік биіктіктегі таулы және тау етегіндегі жазық аймақта кәдімгі және оңтүстік қара топырақтар тараған. Топырақ түзуші тау жыныстарына лесс пен лесс тәрізді саздауыттар жатады.
Орташа таулы жер бедері 1700 метрден 3000 метр аралығында орналасқан, мұнда 35 - 40 беткейлер мен сайлар кең тараған.
Тастардың опырылуы, қиыршық тастардың жылжуы көп кездеседі.
Аласа таулы сатылы жер бедері 1100 - 1700 метр аралығында орналасқан. Мұнда борпылдақ саздауыт топырақтар мен тастар тараған.
Тау етегіндегі жазық 1100 метрден төмен орналасқан. Күнгей Алатауда 55 - 60 - ты беткейлер көп кездеседі [6].
Жер бедері және топырағы. Мемлекеттік ұлттық бақ териториясының жер бедері күрделі, әрі әрқилы. Солтүстікте Ақсай, Қаскелең, Қырғауылды, Қарғалы сияқты тау өзендерінен құралған су жүйесі бар. Бұлар климаттық факторларға ғана емес,өсімдіктер мен топырыққа әсерін тигізеді.
Алматы облысының, яғни жалпы Қазақстан топырақ жамылғысын 1907 жылы С.С.Нестуев пен А.И.Безсонов 1908 жылы зертттеген, 1938-43 жылдары Іле Алатауының топырағын М.А.Глазовская зерттеген, осы арқылы жалпы таудың топырақ картасын жасаған [4].
Топырақтың әр түрлілігі бір жағынан вертикалды зоналар бойынша даму заңдылығына бағынса, екіншіден-беткейлердің экспозициясына тәуелді болады.
Жоғарғы орман-өсімдік аймағының топырағы субальпілік және альпілік таулы-шалғынды топырақ болып табылады. Бұл аймақтың жоғарғы басынан теңіз деңгейінен 3600 м биіктікте, кейде 3500 метрден бастап жартастар, тасты аймақ басталады.Қалық өскен өсімдік жамылғысы жою, кейде оңтүстік беткейде жартастар арасында топтасып немесе жеке өскен өсімдіктер кездеседі. Осылай өскен альпі өсімдіктер шіріндісінен және тас сынығынан құралған жұқа қабатты альпі топырағы пайда болған. Бұл топырақтың қалыңдыңы 10-15см ден аспайды, бірақ қарашіріндіге бай (20%) Қара түсті таулы-орманды топырықтың морфологиялық жазбасы мынаны көрсетеді: Шырша орманның типіне байланысты торфтану әр түрлі, шөп нашар өсетін орманда торфтанған қабат қалың, әрі айқын көрінеді. Гумус қабатының қалыңдығы 38 см-ден 66 см-ге дейін, 50-80 см-ден 100-110см-ге дейінгі тереңдікте қоңыр түсті темір дақтары бар қабатты әлі көруге болады.
Құрамында органикалық заттардың көп болуы, гумус қабатының қалың болуы, оның айқын байқалуына байланысты шырша орманының топырығын жеке түрге бөліп, таулы-орманды қара түсті топырақ деп атауға болады.
Осы орман-өсімдік аймақтың солтүстік беткейінде әр түрлі өсімдіктер гумусқа бай (13-15%) шалғынды топырақ түзген.
Орманды аймақтың оңтүстігінде бұталы дала орналасқан, ол жерде таулы-дала топырағы түзілген. Бұл топырақ түрі кең тараған оның гумус қабаты жоғары, топырақ тереңдігі артқан сайын гумус құрамы азаяды.
Бірінші орман өсімдік аймағының төменгі жағында аралас жалпақ жапырақты орман орналасқан. Көктерек орманында таулы-орман қара-сұр топырағы түзілген. Бұл топырақта 45-55см қабатқа дейін қарашірінді бар, құрылымы түйіршікті, одан төменірек ашық түсті эллювиальді қабат, одан төмеңірек өте тығыз қоңыр түсті қабат орналасады.
Таулы орман қара-сұр топырағында гумус құрамы 16%-ға дейін. Долана, итмұрын, ұшқат бұталары бар, шөптесін өсімдіктерге бай көктерек орманында басқа топырақ дамыған.
Альпілік таулы-шалғынды топырақтар аласа өсетін альпілік шалғында өсімдіктерден пайда болады.Теңіз деңгейінен 300 метр биіктікте топырақ зерттелген.
Солтүстік-шығыс экспозиция, Ақсай өзенінің маңы.
0-18 см. қара-қоңыр түсті, дымқыл, жақсы шымдалған, түйіршікті, ауыр саздауыт;
18-35 см. қара-қоңыр түсті, дымқыл, түйіршікті
35-70 см. қоңыр түсті, дымқыл, ауыр саздауыт.
Жоғарыда көрсетілген морфологиялық жазба негізінде мынадай шешім қабылдауға болады, қатты шымдалған, жұқа қабатты, құрамы жақсы. Альпі таулы-шалғынды топыраққа талдау: қарашіріндінің құрамы 13-15%, топырақ тереңдігі артқан сайын, топырақ қышқылдығы артады. Қарашірінділердің құрамында рульвоқышқылдар бар.
Екінші орман-өсімдік аймағының топырақтары, шырша орманында қара түсті тау-орман топырағы мен мезофиль өсімдіктер шалғынында қылқан жапырақты орман белдеуінің шалғынды топырағы.
Солтүстік беткей, теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте, солтүстік-шығыс экспозиция, итмұрын, шетен, ұшқат бұталарынан құралған орман, шөптесін өсімдіктер төсеніші.
0-10 см. жаңа түскен немесе жартылай шіріген жапырақтан құралған орман төсеніші.
10-25 см. қара-қоңыр түсті, дамқыл, шірімеген немесе жартылай шіріген тамырлар көп кездеседі, ауыр сыздауыт.
25-45 см. ашық түсті дақтары бар қара-қоңыр түсті, структурасы дәнді, ауыр сыздауыт.
45-65 см. қоңырқай түсті, дымқыл, тамыр көп кездеседі, структурасы дәнді, тығыз, ауыр сыздауыт.
65-85 см.ашық қоңыр түсті, дымқыл, ауыр сыздауыт.
85-105см.топырақ түсі біркелкі емес, таттанған темір дақтары кездеседі, өте тығыз, ауыр саздауыт.
105-150 см.ашық қоңыр түсті, карбонат дақтары көп, өте тығыз, ауыр сыздауыт.
Қара түсті таулы-орманды топырықтың морфологиялық жазбасы мынаны көрсетеді: Шырша орманның типіне байланысты торфтану әр түрлі, шөп нашар өсетін орманда торфтанған қабат қалың, әрі айқын көрінеді. Гумус қабатының қалыңдығы 38 см-ден 66 см-ге дейін, 50-80 см-ден 100-110см-ге дейінгі тереңдікте қоңыр түсті темір дақтары бар қабатты әлі көруге болады.
Құрамында органикалық заттардың көп болуы, гумус қабатының қалың болуы, оның айқын байқалуына байланысты шырша орманының топырығын жеке түрге бөліп, таулы-орманды қара түсті топырақ деп атауға болады.
Осы орман-өсімдік аймақтың солтүстік беткейінде әр түрлі өсімдіктер гумусқа бай (13-15%) шалғынды топырақ түзген.
Орманды аймақтың оңтүстігінде бұталы дала орналасқан, ол жерде таулы-дала топырағы түзілген. Бұл топырақ түрі кең тараған оның гумус қабаты жоғары, топырақ тереңдігі артқан сайын гумус құрамы азаяды.
Бірінші орман өсімдік аймағының төменгі жағында аралас жалпақ жапырақты орман орналасқан. Көктерек орманында таулы-орман қара-сұр топырағы түзілген. Бұл топырақта 45-55см қабатқа дейін қарашірінді бар, құрылымы түйіршікті, одан төменірек ашық түсті эллювиальді қабат, одан төмеңірек өте тығыз қоңыр түсті қабат орналасады.
Таулы орман қара-сұр топырағында гумус құрамы 16%-ға дейін. Долана, итмұрын, ұшқат бұталары бар, шөптесін өсімдіктерге бай көктерек орманында басқа топырақ дамыған.
Бұл топырақта гумус 18%-ға дейін бар.
Гидрографиясы мен гидрологиялық жағдайлары. Табиғи-клматтық ерекшеліктері беткі ағыстарының қарқынды қалыптасуын және гидрографиялық тордың жақсы дамуын анықтайды. Көпшілік өзен аңғарлары меридиандық бағытта келеді.
Жергілікті өзендердің негізгісі Іле өзені, ол жота етегінен солтүстікке қарай, тау аралық ойыстың бөлігінде ендік бағытта ағып жатыр.
Қоректенуі мен бастауларының орналасуына қарай Іле Алатауының барлық өзендері 3 типке бөлінеді: биік таулы мұздықты, орта таулы және аласа таулы.
Анағұрлым ірілері осы 3-ші өзендер, оларға мыналар жатады (батыстан шығысқа қарай): Шамалған, Қаскелең, Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендері, Талғар, Есік және Түрген. Олар мұздықтармен қоректенеді. Бұл өзендерде қар ери бастаған кезден бастап (сәуір) тамыздың аяғына дейін судың мол болуы ұзақ уақытқа дейін созылады.
Максималды жылдық орташа су шығыны Талғар өзені тұсында - 10,3; Түрген өзені тұсында - 7,04 м 3сек, Есік өзені тұсында - 4,99 м 3сек..
Бастауын 3000 метр биіктіктен алатын орта таулы өзендер (мысалы, Қырғауылды, Қотыр бұлақ) негізінен атмосфералық жауын-шашынмен және жер асты сулары мен жарылған жыныстар арасынан шығып жатқан бұлақтардан басталады.
Олар кішігірім (15-20 км) тау өзендері, арналары тік құламалы және ағысы қатты болып келеді. Судың тасуы бұл өзендерде көктем кезінде қар жамылғысы ерігенде болады да, қатты, бірақ қысқа мерзімде өтеді.
Жазда бұл өзендердің суы азаяды. Жылдық орташа су шығыны 0,4 м 3сек. 3-типтегі өзендер аласа таулы аймақтан басталады. Бұл өзендерде су көктемде пайда болып, жазда кеуіп қалатын маусымдық немесе уақытша өзендер.
Ұлттық бақ аумағында көлемі әртүрлі көлдер көп. Пайда болу тегі және су режиміне қарай мына типтерге бөлінеді: мұздықты, мореналық, қарлы, мореналы-бұлақты, тектоникалық. Олардың ені 100-200 метр, ұзындығы 1,0-1,5 км шамасында. Оларға тектоникалық Есік және үлкен Алматы көлдері жатады.
Есік көлінің бөгеті 1963 жылғы сел кезінде жарылған болатын. Кейін жарық цемент бетонмен жабылып, көл қайта қалпына келтірілді, бірақ көлемі бұрынғыға қарағанда анағұрлым кішірек болды.
Үлкен Алматы көлінің деңгейі жасанды бөгеттің көлемі 40-жылдары көтерілді. Осы көл Алматы қаласының ауыз су қоры болып табылады. Осылайша бақ аумағы су ағысының қалыптасатын жері болып табылады.
Мемлекеттік мекеме территориясы Күнгей өзені бассейнінің жоғарғы бөлігінде орналасқан. Көптеген ірі өзендер Текес өзені бассейніне жатады. Аудан территориясында Текес өзенінің ұзындығы 20 км. Ол Күнгей өзеніне құяды. Аудан территориясында Кеген өзеніне құятын Шалқыды су өзені басталады.
Теңіз деңгейінен 3800 метр биіктікте Қаракөл атты тау көлі бар. Оның ұзындығы 1800 метр. Өзеннің ағу жылдамдығы жердің ылдилығына байла-нысты. 1 - 3 мсекундтан 4,5 - 5,5 метр - секундқа дейін, ені 20 - 30 метрге дейін, ені 2 - 4 метр. Текес пен Баянкөл өзендерінің ені - 20 - 30 метрге дейін жетеді.
Жер асты сулары тереңде жатқандықтан өсімдіктердің өсуіне онша әсер етпеген.
Топырақ қатты шымдаоғандықтан, мұнда батпақтанған жерлер сирек кездеседі. Ауданның гидрологиялық жағдайы ағаш - бұта өсімдіктерінің өсуіне қолайлы жағдай туғызады. Жалпы айтқанда, Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме территориясының табиғи - климаттық және гидрологиялық жағдайлары шырша орманы мен басқа ағаш пен бұта түрлерінің өсуіне қолайлы.
Қазақстан Республикасындағы таулы ормандарды басты пайдалану кесуінің ережесіне сәйкес, ұзындығы 10 шақырымнан асатын кіші өзендерге ені 30 метр жағалау қорғайтын жолақ бөлінген.
Экономикалық жағдайлардың сипаттамасы. Осы жұмыста ұсылып отырған қазіргі рекреациялық-мемлекеттік ұлттық табиғи парктің Медеу және Ақсай филиалдарындағы табиғи пайда болған және адам жасаған нысандардан құралған туристік рекреациялық ресурстардың сапасы мен олардың ерекшеліктерін есепке алмай істеу мүмкін емес және олардың жиынтығы экономикалық жағдайларды құрайды.
Тарих пен мәдениет, экономика мен шаруашылық нысандарының экономикалық жағдайларының мүмкіндіктері рекреацияны дамыттудың алғы шарттарын қамтиды. Сондықтан экономикалық жағдайларды табиғи құрайтын сипаттаманы бағалау арқылы рекреациялық әдебиеттің толық дамуына жағдай жасайды.
Туризм үшін алғышарттар мен проблемаларды бағалауды кешенді шешу жолдарын жасау қажет.
Яғни, Ақсай филиалының экономикалық тұрғы да іс-шараларды жүзеге асырудың рекреациялық пайдалану мүмкіндіктері толығымен бар деуге болады. Оларға, дамыған инфрақұрылымды, қала орталықтарына жақын болуын, олдар мен магистральдар жұйесінің болуы, тұрмыстың қызмет көрсету мен алғашқы уақытта пайдалану базасының болуын айтуға болады. Мұның бәрі ұлттық бақ пен қорық құрамында бар.
Экономикалық тұрғыда терең алғы шарттарды құру үшін ауданның ерекшеліктерін құрайтын барлық ресурстар мен жағдайлардың жиынтығын ескеру қажет.
Бұл түсінікке Ақсай филиалы бойынша тұрмыстық жағдайлар мен қызмет көрсету транспорт жағдайы мен туристік базалардың болуы, қызмет көрсету мәдениет, яғни туристік инфрақұрылым жатады.
Егер туристік құрылымды құру керек болса, оны құрайтын элементтер:
1. Аймақтың ресурстық артықшылықтары;
2. Транспорттық базалар мен олардың байланыстылығы-қазіргі уақытта бар. Бұл экономикалық факторларды құрайды. Осы элементтерді бағалау шкаласы экономикалық жағдайлар мен табиғи ортаға байланысты. Ақсай филиалының аймағында қайталанбас табиғи ескерткіштер-тау ландшарттары, үңгірлер, құз жартастар, шатқалдар бар.

Ізденіс бағдарламасы

1. Зерттеу аймағында кездесетін өсімдіктердің қысқаша сипаттамасы
2. Шренк шыршаларының екпелерін зерттеу нәтижелерін талдау
3. Орындалған жұмыстар көлемі және оларды жүргізу нұсқаулары
4. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері
5. Шренк шыршаларының екпелерін зерттеу нәтижелерін талдау
6. Орман екпелеріне жүргізілетін шаралар жобалары
6.1. Шренк шыршаларының екпелері өсірілетін учаскелердің сипаттамасы
6.2. Топырақты алаңшалар арқылы өңдеу
6.3. Отырғызу және толықтыру
6.4. Екпе ормандарды күту
6.5. Отырғызу және толықтыру
6.6 .Орман екпелерін күту

1. Зерттеу аймағында кездесетін өсімдіктердің қысқаша сипаттамасы

Сурет 4.1. Шренк немесе Тянь-Шань шыршасы - Picea Schrenkiana (F.et M.)
Биiктiгi 40 - 45 м, диаметрi 2 м-ге дейiн жететiн, пiшiнi конус тәрiздi, қою жасыл желектi ағаш, ал үлкен ағаштарда майысқан бұтақтары болады. Қабығының түсi қызғылт - сұр. Өркендерi сұрғылт - сары, түксiз, кейде түктi. Бүршiктерi әрқалай, кейде мол, кейде аздап шайырлы. Қылқаны ашық - жасыл немесе көкшiлдеу, ұзындығы 25-30 мм, енi 1-1,5 мм, сүйiр, 4 қырлы, 8-20 (22) жылға дейiн сақталады. Гүлдеуi мамыр, маусым айлары. Бүрлерi ұзындау, цилиндр тәрiздi, ұзындығы 10 - 12 см, жуандығы 2,5 - 3 см, жас кезінде жасыл, кейіннен қоңыр түске боялады; қыркүйекте пiседi де, бүрі ашылып, тұқымдары бірнеше күн төгіліп жатады. Тұқымының ұзындығы 4-5 мм, қанаты тұқымынан үш еседей ұзын болады. 1000 - дәнiнiң салмағы 3,5- 10 г. Жоғары сапалы.
Көлеңкеге төзiмдi, бiрақ таудың жоғары белдеуiнде де жарық сүйгiштiк қасиет көрсетедi. Топыраққа талғампаздығы аз: тым тастақты жерге де көнбiс. Топырақтың және ауаның құрғақшылығынан зардап шегедi. Тамырының жерге терең бойлауына орай жел өтiне бiршама шыдамды. Ұзақ жасау мерзiмi 400 жыл. Тұқымымен көбейедi. Тiршiлiгiнiң алғашқы жылдарында (20-25 жылға дейiн) баяу өседi.
Таралу аймағы: Жоңғар Алатауы және Тянь - Шань таулары түгелдей. Қазақстанда Жоңғар Алатауында 1300 - 2700 м биiктiкте сiбiр самырсынымен аралас түрде, Iле Алатауы мен Кетпен жоталарында 1300 - 2900 - 3000 м шамасында көлемдi таза орман құрайды, ал кейде көктерекпен де араласып өседi.
Iле Алатауының субальпiлiк белдеуiнде тенiз деңгейiнен 2300 - 3000 (3100) м биiктiкте ұсақ тасты - майда топырақты жерде және тасты жоталарда биiктiгi 1,5 (2,5) м болатын, Тянь - Шань шыршасының Қазақстанның Қызыл Кiтабына енгiзiлген жатаған түрлерi кездеседi. Тянь - Шань шыршасы жоғары сапалы сүрегiмен, ерекше көрiктi қасиеттерiмен, қабығында таннидтер болатындығымен бағалы. Шырша ормандары топырақ, су қорғау және суды реттеу сияқты маңызды мiндеттердi атқарады.
Қысқа да жуан, жоғары ұмтылған бұтақтары бар, қылқаны қысқа әрi қатты, тiкенексiз болып келетiн және аласа жайылып өсетiн қос үйлiк бұта. Оның жоғары жағында ашық ақ жолағы бар. Жемiсi шар тәрiздi, қара көкшiл-сұр түстi, тозаңды. Жемiс беру уақыты - маусым - тамыз айлары. Тұқымы 2-3 данадан орналасқан. Сүрегi қызылдау, қатты.
Жарық сүйгiш, суыққа төзiмдi. Топыраққа талғампаз емес, жақсы фитонцид бұта ретiнде белгiлi.
Таралу аймағы: Сiбiр, Қиыр Шығыс, Шығыс Азия. Қазақстанда - Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Солтүстiк және Батыс Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, мұнда негiзiнен субальпiлiк белдеуге дейін жақындайды.
Сәндi көркем ағаш. Тау беткейлерiн бекiтуге жарамды. Сүрегiнен ұсақ - түйек заттар жасалынады.

Сурет 4.3. Бұтақты қарағаш - Ulmus pumila (Zl)
Желегi дөңгеленген, биiктiгi 20-25 м жететiн және диаметрi 80 см ағаш. Бұтақтары сарғыш-сұр, жас кезiнде түктi. Бүршiктерi доғал, сәл қысыңқы, жұмыртқа тәрiздес, жапырақтарының ұшы үшкiр, жиегi ара тiстi.
Наурыз-сәуiр айларында гүлдейдi де, мамырда жемiс бередi.
Жарық сүйгiш ағаш, құрғақшылыққа төзiмдi. әртүрлi топырақтарда өсе бередi, топырақтың тұздануына шыдайды. Жылтыр шегiршiнге қарағанда суыққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағаш өсімдіктері
Республикамыздың орман қоры мен оның жағдайына сипаттама
Америка Құрама Штаттарының рекреациялық ормандары
Өсімдіктер әлемі
Баға және табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау теориялары
Бұрын орман өспеген аумақта орман өсіру
Қатон - Қарағай ауданыны орман жүйелерінің сипаттамасы
Аустралияның табиғат зоналары
ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Қазақстанның орман қорларын тиімді пайдалану мәселелері
Пәндер