Қуысденелі қабырғалық бетон тасы материалының сапа көрсеткіштері


АНДАТПА
Берілген дипломдық жұмыста «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ аймағында дайын қуысденелі қабырғалық бетон тастың сапасына талдау жасалды
Талдау негізінде қуысденелі қабырғалық бетон тастың сапа көрсеткіштері қарастырылды және осы қуысденелі қабырғалық бетон тасы сапасын жоғарлататын біршама шаралар талданады.
Қуысденелі қабырғалық бетон тасының техникалық шарттары мен осы бұйымға сертификация қарастырылды және де дайын өнімге деген сынақ жүргізілді.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ЖОБАНЫ ӨҢДЕУге арналған АЛҒАШҚЫ МӘЛІМЕТТЕР
2 ЖАЛПЫ МАҒҰЛМАТТАР.
2. 1 Сынақ зертханасы туралы жалпы мағлұмат
2. 2 Қуысденелі қабырғалық бетон тастардың сипаттамасы
2. 3 Өнімнің тағайындалуы бойынша жіктелуі, классификациясы, өлшемі және шартты белгіленуі
2. 4 Техникалық талаптар
3 ӨнімНІҢ сапа ДӘРЕЖЕСІН анықтау
3. 1 Сапа көрсеткішінің негізгі теориясы
3. 2 Қуысденелі қабырғалық бетон тасы материалының сапа көрсеткіштері
3. 3 Қуысденелі қабырғалық бетон тасының материал сапасының денгейін квалиметриялық бағалау
4 Өнімді сынау
4. 1 Сынақ әдістері
4. 2 Қабылдау ережелері
4. 3 Кірпішті сығу кезіндегі беріктілік шегі анықтау
5 сертификаттау
5. 1 Сертификаттау туралы жалпы мағлұмат
5. 2 Сертификаттау жүргізудің тәртібі
5. 3 Сертификаттау сұлбалары
5. 4 Сертификаттың CT KZ және A, CT-1 формаларын дайындау
5. 5 СЭҚ ТН және ЭҚТ ӨЖ кодтары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Тәуелсіздік алып, егеменді ел болғанына 20 жыл болмаған қазақ елі, ТМД елдер ішінде өндіріс, әсіресе құрылыс саласының дамуы бойынша алдыңғы орында. Әлемдегі экономикалық дағдарысқа да төтеп беріп, құрылыс қарқыны баяулаған жоқ.
Бірақ та құрылыс индустриясы елімізде дамып жатканымен, сапасыз құрылыс материалдарының саны әлі азайған жоқ. Құрылыс материалдарының құрылыс саласында атқаратын рөлі өте зор. Сондықтан да олар қатаң тәртіппен сынақтан өтуі қажет.
Құрылыс саласын одан әрі дамыту, сондай-ақ қазіргі заманғы жағдайда құрылыс өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мемлекеттің өзекті экономикалық және саяси міндеттері болып табылады. Құрылыс кешені тұтастай алғанда ел экономикасына және маңыздылығы жағынан кем түспейтін әлеуметтік сала жағдайына зор әсер етеді.
Құрылыстың басқа саладан ерекшеленетін және құрылыс өндірісін ұйымдастыру мен басқарудың айрықша нысандарын қажет ететін өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл - құрылыс объектілерінің қайталанбаушылығы, құрылыс өнімінің тұрақты сипаты, құрылыс үдерісіне қатысушылардың алуан түрлілігі, капиталдың салыстырмалы түрде баяу айналушылығы мен тәуекелдің жоғары дәрежесі.
Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1004 Қаулысында да айтылған [4] .
Өнеркәсіп және азаматтық құрылыстар мен ғимараттардың сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптар әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жаңа және тиімді құрылыс материалдарын қолдануды алдын ала болжайды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс саласы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор. Еліміздегі құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің күн санап артуына байланысты құрылыс өндірісіне жұмсалатын материалдық шығындарды төмендету, соған сәйкес құрылыс өнімінің бағасын арзандату, тұрғызылатын объектілердің сапасын жақсарту шараларын жүзеге асыруда құрылыс материалдарының сапасын талдау өзекті мәселе болып отыр. Сол себепті құрылыс материалдарының сапа көрсеткіштерін талдап, олар бойынша сынақ жүргізіп, сапа дәрежесін талдап және оны одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасаудың қажеттілігі мен маңыздылығы дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсатын, міндеттерін және ғылыми зерттеудің өзектілігін алдын-ала анықтауға мүмкіндік берді.
- ЖОБАНЫ ӨҢДЕУге арналған АЛҒАШҚЫ МӘЛІМЕТТЕР
Дипломдық жұмысты орындауға бастапқы ақпараттың үш түрі пайдаланылады. Базалық ақпарат −оған өнім, яғни қуысденелі қабырғалық бетон тасы мен оның сапасын анықтайтын физика-механикалық көрсеткіштер, бетон тасынының үлгілерін сынау әдістері, сынау үлгілерінің нәтижелерін алу, сақтау және тасымалдау туралы ақпараттар жатады.
Жетекші және анықтамалық ақпарат - оған тасты сынауға арналған ақпараттар, сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтайтын стандарттар, нормативті құжатты жасау, оны рәсімдеу және нормабақылауын анықтайтын стандарттар және ИСО 9001-04 сериялы халықаралық стандарттары жайлы.
Дипломдық жобаны өңдеу үшін алашқы ақпараттар келесі мәлімттер болады:
- ҚР СТ 945-92 Қабырғалық бетондық тас. Техникалық шарттары
- МемСТ 8462-85 Қабырғалық материалдар. Сығу және майыстыру барысындағы беріктілік шегін анықтау әдістері
- #M12291 124027МемСТ 162-90 Штангенглубиномерлер. Техникалық шарттары #
- #M12291 124030 МемСТ 427-75 Металдық өлшегіш сызғыш. #S Техникалық шарттары
- #M12291 124024 МемСТ 3749-77 Тексеретін 90° бұрыштық. Техникалық шарттары #S
- #M12291 901700526 МемСТ 7025-91 Керамикалық және силикатты кірпіш пен тастар. Ылғал жұтымдылық, тығыздық және аязға төзiмдiлiктi бақылауды анықтау әдiстерi #S
- #M12291 90170048#M12291 126710 МемСТ 14192-96 Жүктерді таңбалау#S
- #M12291 901710671 МемСТ 18343-80 Керамикалық тас және кірпішке арналған поддондар. Техникалық шарттары #S
- #M12291 1200023814 МемСТ 25706-83 Лупалар. Түрлері, негiзгi параметрлері. Ортақ техникалық талаптары
- #M12291 901708146 МемСТ 26254-84 Ғимараттар және құрылыс нысандары. Қоршайтын құрылымдардың жылу берудегі кедергiсін анықтау әдiстерi
- #M12291 871001235 МемСТ 30108-94 Құрылыс материалдары және өнімдері. Табиғи радионуклидтердің меншікті тиімді белсенділігін анықтау
- #M122 МемСТ 30244-94 Құрылыс материалдары. Жанғыштықты сынау әдістері
- Сапаны басқару және сапаны қамтамасыз етудің әкімшілік саласындаы стандарттары: 3-томды Халықаралық стандарттар ISO 9000-10012-1-92
- ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
2. 1 Сынақ зертханасы бойынша жалпы мағлұмат
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ («ҰлтССО» АҚ) стандарттау, метрология және өнімнің сәйкестігін растау саласында қызмет көрсету, қызмет көрсетулер және менеджмент жүйесі бойынша нарықтағы жетекші кәсіпорын болып табылады.
Ұйымның стандарттау, метрология және сәйкестікті растау саласында біртұтас ғылыми-техникалық саясат жүргізетін республиканың 18 аймағында тармақталған филиалдар желісі бар.
Бірінші бағыты - стандарттау саласында қызмет көрсету.
Екінші бағыты - салыстырып тексеру, калибрлеу, өлшем құралдарын жөндеу арқылы және республиканың ұйымдары мен кәсіпорындарына жоғары дәлдіктегі өлшеулерді орындауда тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету арқылы өлшемдердің бірлігін тәжірибелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Үшінші бағыт - сертификаттау. «ҰлтССО» АҚ өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау, сапа менеджмент жүйесі, экологиялық менеджмент, OHSAS, HACCP саласында жұмыс жүргізу құқығына аккредиттелген.
Сынау зертханалары өнімнің кең номенклатурасының сертификаттық сынауларының бірнеше түрлерін жүргізеді.
«ҰлтССО» АҚ-ның мақсаты - барлық мүдделі тараптардың сұраныстары мен үміттерін қанағаттандыруға бағытталған жұмыстарды және қызмет көрсетулерді орындау кезінде сапаны басқару әдістерін үздіксіз толық жетілдіру.
«ҰлтССО» АҚ СМСД Сынау зертханасы ИСО МЭК 17025-2007-мен аккредиттелген.
Сынау зертханасы техникалық регламенттерге, ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық стандарттарға сай өнімдерге сынау жүргізеді. Сынау жұмыстарын сынақ мерзімінен өткен, сертификаттары бар жоғары білікті мамандар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің 4 сарапшы-аудиторы жүргізеді.
Сынаулардың сапа менеджмент жүйесінің жұмыс істеуі негізгі территорияда орындалатын жұмыстарды қамтиды.
Өнімді сынау ісін ұйымдастыру және жүргізу, талдау және сынау нәтижелерін ресімдеу СЗ құзыретінде.
Зертханада менеджмент жүйесін ендіру, қуаттау және жетілдіруді қоса алғанда, басқа міндеттерінен тәуелсіз өкілеттікке және ресурстарға ие болатын басқарушы және техникалық қызметшілер бар.
Сынақ зертханасының өз құрамында 10 бөлімше бар.
- Тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдері бөлімшесі қауіпсіздікке сынау жүргізеді және микробиологиялық, физика-химиялық көрсеткіштерін, пестицидтерді, радионуклидтерді, витаминдерді, нитрозаминдерді, бенз(а) пиренді айқындайды.
- Жеңіл өнеркәсіп тауарларын, ойыншықтарды, парфюмерлік-косметикалық өнімдерді, ыдыс, медициналық және санитарлық-гигиеналық бағыттағы өнімдерді, дезинфекциялайтын құралдар мен зергерлік бұйымдарды сынау бойынша бөлімше сапа көрсеткіші және қауіпсіздігі бойынша, соның ішінде ауыр металл тұздары, формальдегидтер, талшықты құрам, ылғалданғыштық, қылтүтіктік, ауа өткізгіштік, меншікті беттік электр кедергісі, бекітілу беріктігі және т. б. көрсеткіштері бойынша сынау жүргізеді.
- Құрылыс материалдары, жиһаз және ағаш өңдеу тауарлары бөлімшесі шамамен 30 көрсеткішті айқындауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы құралды пайдаланады, яғни ол көрсеткіштер мынадай: серіппелі жұмсақ элементтердің ұзақ мерзімділігі, серіппесіз жұмсақ элементтердің қалдық деформациясы, соққы жүктемесінің әсеріне беріктігі және т. б.
- Автокөлік құралдары бөлімшесі тежеуіш жүйесі, рөлдік басқару, шуды өлшеу, салондағы зиянды заттардың құрамы, уландырғыш газдармен бірге ластаушы заттардың бөлінуі сияқты көрсеткіштерді айқындайды.
- Сынау зертханасы отын, мұнай және мұнай өнімдері, жұмыс орындарын аттестаттау бойынша, тамақ өнімдеріндегі гендік-модификацияланған объектілерді (ГМО) сынау бойынша өз саласын ұлғайтуды жоспарлап отыр. ГМО-ны айқындау үшін мамандар ПЦР диагностикасы бойынша сынау жүргізу бойынша Малайзиядан оқып келді.
«ҰлтССО» АҚ штатында 1500 адам еңбек етеді, оның ішінде IRCA-да тіркеуден өткізілген халықаралық деңгейдегі сарапшы-аудиторларды, сонымен қатар 17 өлшем түрлері бойынша 300 салыстырып тексеруші және өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы 20 сарапшы-аудиторды қоса алғанда, әр түрлі өнімдер мен қызмет көрсетулер бойынша, тауардың шығу тегін сараптау, стандарттау, сапа менеджменті бойынша сарапшы-аудиторлар бар.
Сапа аймағындағы «ҰлтССО» АҚ -нің Сынақ Орталығының саясаты:
Сапа аймағындағы Сынақ орталығы басшылығының саясаты, «ҰлтССО» АҚ-нің сапа аймағындағы қызмет көрсетулердің ең басты бөлігі болып табылады.
Сынақ орталығының мақсаты тапсырыс берушіге нақты, жаңадан өндiрiлетiн және сенiмдi нәтиже беретін жоғары дәрежедегі сынақ жүргізуді гарантировать ету.
Сынақ орталығының басшылығы қызмет көрсетулер мен жүзеге асыру сапасы аймағындағы саясатына жауапты.
Сынақ орталығының жетекшiсi көрсетілетін қызметтердiң және оны жүзеге асыру сапасының аймағындағы саясатты анықтауға жауапты болады [5] .
1 сұлба. «ҰлтССО» АҚ-ның ұйымдық-стуктуралық схемасы
2. 2 Қуысденелі қабырғалық бетон тастарының сипаттамасы
Қуысденелі қабырғалық тас нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес шығарылады. Олардың бірі- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 4 ақпандағы N 96 Қаулысы "Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары қауiпсiздiгi" туралы техникалық регламентi. Осы Техникалық регламент құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының сипаттамаларына (қасиеттерiне) не олардың өмiрлiк циклi сатыларында қойылатын қауiпсiздiк талаптары белгiленген басқа техникалық регламенттермен бiрге қолданылуы тиiс.
Құрылыс нысандарын - ғимараттарды, құрылымдарды, құрылыстарды салу кезiнде және әр түрлi жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындаған кезде азаматтардың жеке, тұрмыстық мұқтаждары үшiн орындаған кезде азаматтардың жеке, тұрмыстық мұқтаждары үшiн пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары осы Техникалық регламенттiң талаптарына, сондай-ақ құрылыс материалдарына, бұйымдары мен құрастырмаларына қатысы бар басқа техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келуi тиiс.
Қабырғалық тастар жылу оқшаулағыш материалдары бар сыртқы, iшкi қабырғалар және жылытылатын ғимараттардың қалқаларын тұрғызу үшiн, сонымен бiрге аз форманың сәулеттiк элементтерiне де арналған. Қабырғалық тастардың тесiп өтетін қуыстары болады. Олар тастың көтеру қабiлетiн едәуiр жоғарылататын қабырға денелерінде бүркеме қаңқа жасауға мүмкiндiк береді, сонымен бiрге желдетпе арналарының құрылымында қолданыла алады.
Қабырғалық тастар кiрпiшi бар комбинацияда қабырғалық, беткi, силикат тағы басқа құрылыс материалдарымен қолданыла алады.
Қуысденелі тас - өнімге, оны қолдану кезiнде қажеттi қасиеттер беру үшiн қалыптау процесінде тесiп өтетін немесе тесiп өтпейтiн тiк қуыстары бар қабырғалық тас [6] .
1 сурет. Қуысденелі қабырғалық бетон тасы
- Тағайындалуы бойынша жіктелуі, классификациясы, өлшемі және шартты белгіленуіӨнімнің тағайындалуы бойынша жіктелуі
Өндірістегі өнімдерді пайдалы қасиеттерімен, еңбек қауіпсіздігімен және сапасы бойынша тұтынушының қолдануына ыңғайлы тағайындалуымен түсіндіреді. Өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін сапа көрсеткіші бойынша өнімді классификациялау қажет. Өнімнің классификациясын қолдану үшін анықталған топтағы өнімнің бірлік көрсеткіші номенклатурасын таңдау қажет
2 сұлба. Өнімнің тағайындалуы бойынша жіктелуі
Барлық өнімді оның сапа деңгейін бағалау мақсатында екі класқа бөлуге болады:
- 1класс: қолдану кезінде шығындалатын өнім;
- 2 класс: өз ресурсын шығындайтын өнім.
1 класс өнімі қолданылуы үрдісінде тағайындалуы бойынша шығындалады, сонымен қатар өнімді өңдеу (шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар), төмендету үрдістері жүреді. Жекелеген жағадайларда (химиялық қоспалар реакциясы) үрдісі болуы мүмкін.
2 класс өнімін қолдануда оның ресурсының шығындалуы болады. Мұндай жағдайда өнім техникалық немесе моральді тозуына дейін қолданылады.
Көрсетілген жіктеудің қолданылуы:
1) Нақты өнім тобының бірліктік көрсеткіш номенклатурасын таңдауды жеңілдетеді;
2) Өнімді қолданудың нақты аймақтарын жеңілдетеді;
3) Нақты бір немесе бірнеше өнімдерді базалық үлгі ретінде таңдау негіздемесін жеңілдетеді;
4) Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасына Мемлекеттік стандарттар жүйесін құруды жеңілдетеді;
Кластар өнім топтарға жіктеледі.
1-ші класқа жататындар:
1-топ: шикізат пен табиғи отын,
2 топ: материалдар мен өнімдер;
3 топ: шығындық дайындамалар;
2-ші класқа жататындар:
4-топ: жөндеуге келмейтін дайындамалар;
5-топ: жөнделетін дайындамалар;
Бұл өнім өнеркәсіптік өнім болғандықтан, жоғарыда 2 сұлбадағыдай тағайындалуы бойынша жіктеледі. Қалыпты қабырғалық бетон тастар 1 класс 1 топқа жатады, Себебі өнім қолану үрдісіне шығындалады, мұнда қайтпалы процес болуы мүмкін.
- Классификациясы
- Тастар толық денелi және қуысденелі параллелепипедтердiң тiк төртбұрыштары түрлерiнде даярланады.
- Өнімдердегі қуыстар перпендикулярлы (тігінен) немесе параллельді (көлденең) орналаса алады
- Тастар бүтін тас (1 ), ұзындық бойынша жартыға бөлінген тас (2 ) және (3 ) қалқалық тас деп жіктеледі
1 сызба. Бүтін тас
- сызба. Ұзындық бойынша жартыға бөлінген тас
3 сызба. Қалқалық тас
- Өнімнің сығуға беріктілігі бойынша: 200, 150, 125, 100, 75, 50, 35, 25 маркаларына бөлінеді.
- Өнімнің аязға төзімділігін мынадай маркаларға бөлінеді: F15, F25, F35, F50
- Тастар орташа тығыздығы және жылуөткізгіштік сипаттамасына қарап: 1401-1650 кг/м3 тығыздығы бойынша әсерлі және 16500 кг/м3-тен көп тығыздық бойынша -ауыр деп бөлінеді.
- Қабырғалық бетон тастары беттік (Б) және қатардағы (Қ) параллелелепипедтік тік бұрышты болады. Өлшемдері
Өнімдер өндіруші- кәсіпорын бекіткен технологиялық регламент бойынша осы стандарттың талаптарымен сәйкес өндiрiлуi керек.
- Беттiк тастар кемiнде сығу бойынша берiктiгі 75-тен кем емес, аязға төзiмдiлiгі 25-тен кем емес маркалары бар боялмаған немесе боялған беттiк беттермен дайындалады.
- Бір тастың салмағы 31кг-нан аспау керек.
- Тастың беріктілік бойынша таңбалауын оның сығу барысындағы беріктілік шегі бойынша, ал кірпіштікін оның сығу және майыстыру барысындағы
- беріктілік шегі бойынша бекітеді.
Қабырғалардың қалауындағы ерiтiндiсi бар бетон тастарының iлiнiсу берiктiгі: ғимараттар құрылысы және сейсмикалық емес аудандардағы ғимараттарда 60 КПа-ден аз болмау керек, ал сейсмикалық аудандарда 120 КПа болу қажет.
- Қуысденелі тастардың орташа тығыздығы 1650 кг/м3-тен аспау керек, ал толық денелi тастарда - 2200 кг/м3 болу қажет.
- Қуысденелі тастың сыртқы қабырғаларының қалыңдығы 20 мм -ден аз емес болу керек.
- Цилиндрлік қуыстың тік диаметрі және қуыс шаршының жағының өлшемі 20 мм-ден көп емес, саңылаулы қуыстың ені 16 мм-ден көп емес болу керек.
- Көлденең қуыстың өлшемі реттелмейді
- Тастар үшін (беттестіруді біріктіру үшін) қима ауданы, тастарды орналасытыру ауданының 13% аспайтын қуыстар қолдануға жіберіледі.
- Беткi тастардың бетон беттерiндегі қабыршақтар, жергiлiктi қаспақтар және бытқылдардың өлшемдерi А6 бетінің дәрежесi арналған ҚР СТ 937-92 талаптарына сәйкес келу керек. ; қабыршақтардың диаметрi - 6 мм-ден аспау керек, ал қабыршақтар, бытқылдардың тереңдiгi және қаспақтардың биiктiгi - 3 мм-ден аспау қажет.
- Қатардағы өнімдердің ылғалжұтымдылығы 6, 0% аз емес, ал беттік өнімдерде 6, 0% аз емес және 14, 0% көп емес болуы тиіс.
- Кірпіш пен тастар аязға төзімді болу қажет және суға қаныққан күйде аязға төзiмдiлiк маркасына байланысты қандай болмасын бұзылулар немесе (жарылу, қабыршақтану, бояп бiтiру, сынықтар) қиратулардың көрнекті белгiлерiнсіз 15, 25, 35 және 50-ден аз емес айнымалы мұздатудың циклдерi және ерiтулеріне шыдауға тиіс.
- Өнімдердің табиғи радионуклидтерiнiң меншiктi тиiмдi белсендiлiгi370 Бк/кг-нан көп болмау керек.
Өнімнің ұсынылған пішіні мен өлшемдері, сонымен қатар өнімдегі қуыстардың орналасуы 2 суретте көрсетілген.
2 сурет. Басып алу саңылауы және 30 квадрат қуысы бар тас
2. 3. 4 Шартты белгіленуі
Қабырғалық бетон тас өнімдерінің шартты белгiленуi:
- Өнім түрiнің атауы,
- Өнім түрiнiң белгiлеулерінiң атаулары: қатардағы -Қ әрпі, беттік -Б;
- 1-шi кестемен сәйкес өлшемнiң белгiленуі:
- ҚТЦ- цементтің қосылысындағы қабырғалық тас;
- ҚТӘ- әктің қосылысындағы қабырғалық тас;
- ҚТК- күйе қосылысындағы қабырғалық тас ;
- ҚТГ- гипс қосылысындағы қабырғалық тас
- Бүтін тас (1 ), ұзындық бойынша жартыға бөлінген тас (2 ) және (3 ) қалқалық тас;
- Берiктiк және аязға төзiмдiлiк бойынша маркалар: орташа тығыздық классы және осы стандарттың белгiленуінен тұруы керек.
Мысалдары:
Беттік қабырғалық бетондық тас, цементтік тұтқырлықтағы, өлшемі 390х188 мм, маркасы 125, тығыздығы 1600 кг/м3, аязға төзімділігі F25:
ҚТЦ- 1Б 125/1600/25 ҚР СТ 945-92
Өнімдерді толық теңестiру үшiн шартты белгiлеулерге қосымша мәлiметтер ендiруге рұқсат етiледi.
Экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру үшін өнімнің шартты белгiлеуiне келісім шартта өнімнің жабдықталуын анықтап алуға рұқсат етіледі. Оның ішінде қосымша әріптік-цифрлік немесе баскқа мәлімет қосылады.
1 кесте
ҚТЦ -1
ҚТӘ -1
ҚТК -1
ҚТЦ -2
ҚТӘ -2
ҚТК -2
ҚТЦ -3
ҚТӘ -3
ҚТК -3
ҚТЦ -1
ҚТГ -1А
390
410
190
215
188
190
16, 7-ден 23-ге дейін
20-дан 27, 6-ге дейін
13, 9
16, 75
2. 4 Техникалық талаптар
2. 4. 1 Сыртқы түрі
- Беттiк өнімдердің кемiнде екi беттiк қырлары болуы керек - жалпағынан және тiгiнен. Беттік қырдың түрі және түсі өндіруші мен тұтынушының келісімі бойынша орнатылады және жеткізілуге (поставка ) келiсiм шарттарында жала жабады.
- Беттiк өнімдерде сынықтарға рұқсат етiлмейдi. Қатардағы өнімдерге жалпы ауданы 1, 0 см-ден аспайтын сынықтар рұқсат етiледi.
- Беттiк өнімдерге тұздаулар рұқсат етiлмейдi.
- Қатардағы және беттік өнімдерде қара өзек және бетіндегі түйіскен дақтар рұқсат етіледі.
- Партияларда партиялар көлемінің 5%-нен асатын половняктер рұқсат етiлмейдi.
- Беттiк тастардың беткi беттерiнiң түсi ереже бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген үлгi-эталондарына сәйкес келуi керек.
- Тастардың беткi беттерiндегі 10 мм-ден астам өлшемдегі май немесе басқа дақтарға рұқсат етiлмейдi.
- Кiрпiш және тас үшiн жапсарлас қырлардың перпендикулярдан ауытқуға 3 мм-ден асуға рұқсат етiлмейдi, ал үлкен пішінді тас үшiн: кез келген қырдың ұзындығының 1, 4% нен аспау қажет.
- Бұйымдардың қырларының жазықтықтан ауытқуы 3 мм-ден көп болса рұқсат етiлмейдi.
Өнімнің аязға төзiмдiлiкке сынауынан кейiнгі бұзылулар түрлері 3 суретте келтiрiлген.
3 сурет. Ақау түрлер
2. 4. 2 Таңбалау (Маркировка)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz