Қан плазмасы және қан түйіршіктері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
І тарау
Қан организімінің ішкі ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
0.1. Қанның құрамы мен негізгі қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
0.2. Қанның физикалық және химиялық қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
0.3. Қанның антигендік қасиеттері, қан фабрикасы, қанның жалпы анализі, қанның биохимиялық анализі, қанның ұюы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ІІ тарау
Қан плазмасы және қан түйіршіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.1. Эритроциттер және гемоглабин ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.2. Эритроциттердің тұну жылдамдығы, осмостық тұрақтылығы ... ... ... ... .28
2.3. Лейкоциттер және тромбоциттер, иммунитеттің түрлері ... ... ... ... ... ... .29
ІІІ тарау
Қан қысымы, қан топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
3.1. Жүрек пен қан тамырлар қызметінің гуморальдық реттелуі ... ... ... ... ... 43
3.2. Қанның ағу жылдамдығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54
3.3. Эксприменттік бөлім
Қанның құрамының және қан қысымының пульс жиілігі, жас ерекшеліктеріне байланысты өзгерістерін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
Қосымшалар


Кіріспе
Қан ағзадағы дәнекер ұлпаның бір түрі. Қанның құрамы сұйық плазмадан және қан түйіршіктерінен (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер тұрады. Ересек адамдарда 4,5-5 л қан болады. Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Қан құрамындағы лейкоциттер организмді әр түрлі зиянды заттардан қорғайды.
Қан мен лимфа және ткань аралық сұйықтық организмнің ішкі сұйық ортасын құрайды да, бүкіл дене клеткаларын, тканьдерін жуып жатады.
Организмнің ішкі сұйық ортасының құрамы, физикалық және химиялық қасиеті біршама тұрақты болады, сондықтан да организмдегі клеткалардың тіршілік процесі қалыпты жүріп жатады.
Қан организмдегі клеткаларға, тканьдерге қоректік заттарды жеткізетін болса, екінші бір органдар зиянды, қорексіз улы заттарды организмнен шығарып отырады. Қорыта келгенде қан организмдегі клеткалардың тіршілігін сақтайды, әрі ол клеткалар мен тканьдердегі су мен минерал заттардың мөлшерін реттеп тұрады.
Қан қан тамырларымен ағады да, организмнің барлық клеткаларына қоректік заттарды тасу қызметін атқарады. Мысалы, қан тканьге глюкоза, амин қышқылдары, май, витамин, минерал заттарын, суды, оттегін т.б. қоректік заттар жеткізсе, екінші жағынан зат алмасу процесінің нәтижесінде организмнен бөлінген ақырғы өнімдерді (мочевина, аммиак, несеп қышқылы, көмір қышқылы) сыртқа шығару органдарына: бүйрекке, тер бездеріне, ішекке және өкпеге апарады. Қан организмде Гуморальдық реттелу процесін қамтамасыз етеді, яғни организмдегі органдарды химиялық жолмен бір-біріне байланыстыра отырып реттейді. Қанның организмді гуморальдық жолмен реттеуі - ондағы ішкі секреция бездерінде түзіліп, қанға қосылатын физиологиялық актив заттарға - гормондарға байланысты.
Сонымен бірге қанда болатын иммунитет факторы организмде қорғаныс қызметін атқарады. Иммунитет - қандағы лейкоциттердің фагоцитоз процесіне бейімділігі. қандағы қорғағыш денелер организмдегі микробтарды, олардың бөлетін улы заттарын зиянсыздандырады және зиянды белоктарды ыдыратады.

Әдебиеттерге шолу
Гомеостаз 1876 жылы француз физиологы К.Бернар алғаш рет өз зерттеулеріне сүйене отырып, тірі организмнің ішкі сұйық ортасының тұрақтылығы жайлы гипотеза ұсынды. к.Бернар организмнің ішкі сұйық ортасының салыстырмалы тұрақтылығы, тіршіліктің негізгі шарттарының бірі деген пікір айтты.
1929 жылы америка физиологы В.Кэннон организмнің ішкі сұйық ортасының салыстырмалы тұрақтылығын сақтау қабілеті оның барлық системаларының, функцияларының бір қалыпты тұрақтылығы, Гомеостаз деген терминді де В.Кэннон ұсынды.
Организмнің сұйық ортасының (қан, лимфа, ткань аралық сұйықтық) тұрақтылығы, әрі физиологиялық функцялардың бір қалыптылығы гомеостатикалық механизм нәтижесі болып табылады.
Физико-химиялық және физиологиялық процестер гомеостазды клеткалық дәрежеде сақтайды да, ішкі және сыртқы ортаның зиянды әсерлерінің бағытын өзгертеді. Клеткалық гомеостаздың өзгеруі клетканың құрылымдық элементтерінің бұзылуына әкеліп соғады, кейін ол клетка өледі немесе өзгереді, мәселен, иондық радиацияның әсерінен рак ісіктерінің пайда болуы.
Л.С. Штерннің пікірі бойынша, әр органның клетка мембранасы әр түрлі метаболиттерді талдап өткізеді. Сондықтан да ішкі сұйық ортаның өзгерісін барлық органдар, системалар бірдей қабылдай бермейді. Мысалы, нерв ткань нейрондары мен ми клеткаларының ішкі сұйық ортасының тұрақтылығын гематоэнцефаликалық барьер (ГЭБ) сақтайды.
Қан жасаушы органдардың реттелуі. Организмнің қалыпты жағдайында жасалатын және бұзылатын эритроциттерінің жалпы саны бірдей болады. Организмде оттегінің жетіспеуі, эритроциттердің санының шамадан тыс көбеюіне әкеліп соғады.
Орыстың атақты ғалымы, дәрігер С.П.Боткин өткен ғасырдың 80-жылдарында қан жасаушы органдар қызметін нерв системасы реттейтіндігін ашты. С.П.Боткин өзінің лабораториясында иттерге мынадай тәжірибе жасады. Сүйек кемігіне келетін нервті тітіркендіргенде, олардың қанында эритроциттердің саны артқан, ал симпатикалық нервті тітіркендіргенде лейкоциттердің саны артқан.
Тамақ ішкеннен кейін ас қорыту проесі күшті жүреді, сол уақытта лейкоцитердің саны артады, мұны тамақ лейкоцитозы деп атайды. И.П.Павловтың оқушылары зерттеп, тамақ лейкоцитозын шартты рефлекс арқылы жасауға болатынын дәлелдеді. Қан жасаушы органдарда, сүйек кемігінде, көк бауыр, бауыр, лимфа бездерінде толып жатқан рецепторлар бар. Осы рецепторларды тітіркендірсе, әр түрлі физиологиялық реакция береді. Сонымен, қан жасаушы органдар нерв системасымен екі жақты байланыста болады: біріншіден, қан жасаушы органдар өзінің қызметін реттей отырып, жоғары нерв системасының импульсін қабылдайды, екіншіден, өзінің физиологиялық жағдайын орталық және жоғары нерв системаларына хабарлап, өінің және организмнің өзгеруіне байланысты жаңа рефлекстердің пайда болуын реттейді.
Тамырды тарылтатын нервтерді вазоконстрикторлар деп атайды. Оны 1842 жылы Киев физиологы А.П.Вальтер ашқан. Барлық вазоконстрикторлар симпатикалық нерв талшықтары болып есептеледі. ең негізгі тамырды тарылтатын нерв - құрсақ нервісі. Оның құрамында құрсақ қуысындағы органдарға баратын симпатикалық нерв талшықтары өте көп.
қан тамырын кеңітетін нервтерді вазодилятаторлар деп атайды. Мұны 1856 жылы француз физиологы Клод Бернар ашқан. Вазодилятаторлар да көптеген аралас нервтің құрамына кіреді.
Тамырды тарылтатын нерв талшықтарының бірқатары парасимпатикалық нерв системасының құрамына кіреді, мысалы жамбас, тіл, сілекей бездерінің нервтері.
Тамырды кеңітетін нерв талшығының шамалы бөлігі симпатикалық нервтің де құрамына кіреді, мысалы, жүректің өзін қоректендіретін, мидың және ауыз қуысының ішкі кілегей қабығының қан тамырларының нервтері.
Қалған барлық тамырды тарылтатын нервтер жұлынның артқы түбірінен шығатын орталықтан тебетін нерв болып есептеледі.
И.П.Павловтың пікірі бойынша, барлық тамырды кеңітетін нервтер қоректендіруші, яғни трофикалық қызмет атқарады.
Жүрек - тамыр системасының реттеруіне үлкен ми сыңарлары қыртысының тигізетін әсері. 1874 жылы орыс физиологы В.Я.Данилевский үлкен ми сыңарлары қыртысының маңдай бөлімінде жүректің қызметін реттейтін ең жоғарғы нерв орталығының бар екендігін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Жүректің қызметі бас мидың әр жерін және ми сыңарларының қыртысын тітіркендіргенде де өзгеріп отырады.
Қанның қысымын реттейтін ең негізгі нерв орталығы үлкен ми сыңарларының қыртысында бар екендігін 1886 жылы В.М.Бехтеров пен Н.А.Миславский ғылыми тәжірибе арқылы дәлелдеген. Олардың қатысуымен жүректің қызметін және қан тамырларының тартылып-кеңейіп тұруын, адамның рухани күйі және ішкі сезім әсерлері арқылы да өзгертуге болады. Адам жасының ерекшеліктеріне байланысты жүрек және қан тамырларының қызметі бейімделіп, өзгеріп отырады. Мысалы, жаңа туған жас баланың және бастауыш мектеп жасындағы балалардың жүрегі үлкен адамдардікіне қарағанда, өте жылдам соғады. Оның себебі: симпатикалық нерв кезеген нервке қарағанда ерте дамиды. кезеген нервтің тонусы 3 жастан асқан балада пайда болып, одан әрі қарай күшті, әрі тез дами бастайды, 7-8 жастағы балада жүректегі нервілер негізінен дамып болады.
I тарау. Қан организмінің ішкі ортасы
3.1 Қанның құрамы мен негізгі қызметтері
Организмнің ішкі ортасының маңызы. Организм барлық клеткалары мен тканьдеріне қоректік заттар мен оттегі үнемі еніп, олардан зат алмасуының ақырғы өнімдері шығарылып отырғанда ғана өзінің қызметін атқара алады. Бұл процестерді қан, қан сұйықтығы және лимфадан түзілетін организмнің ішкі ортасы қамтамасыз етеді. Ішкі орта организмінің барлық клеткаларының қалыпты тіршілік әрекетіне қажетті жағдайларды жасайды, бұл оның құрамының айтарлықтай тұрақтылығы мен физика - химиялық қасиеттерінің арқасында мүмкін болады. Организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау гомеостаза деп аталады. Организмде өтетін болмашы өзгерістер сол сәтте-ақ ішкі ортаның құрамы мен қасиеттеріне әсер етеді. Француз ғалымы Клод Бернардың Қанды организмнің айнасы деп атауы кездейсоқ жағдай емес. Қан. Қанның организмдегі маңызы алуан түрлі. Қанның негізгі қызметтерінің бірі - бұл оттегін , қоректік заттар мен дене клеткалары тіршілік әрекетінің өнімдерін тасымалдау. Ол осымен қатар бір мүшелерде түзіліп, басқа мүшелердің қызметіне әсер ететін заттарды тасымалдайды. Қан оның үстіне, лейкоциттер әрекетінің арқасында, сондай-ақ ерекше қорғаныш заттарының болуы нәтижесінде қорғаныш қызметін атқарады. Организмнің жылуы терінің тамырларын аралап өтетін қан арқылы қоршаған ортаға беріледі. Температура жоғарылағанда және бұлшықет қызу жұмыс істегенде терінің тамырлары кеңейеді. Мұнда қан сыртқы ортаға жылуды көп бөліп шығарады да, организмді қызып кетуден сақтайды. Қоршаған орта температурасы төмендегенде терінің тамырлары тарылады, бұл организмнің жылу шығаруын кемітеді. Сонымен, біздің денеміз өмір бойы тұрақты температурасын сақтайды. Адам қанының мөлшері айтарлықтай тұрақты және ол дененің массасы мен жасына байланысты. Жаңа туған балаларда қан дене массасының 15-20%, емшектегі балаларда - 13% құрайды. Балаларды 7 жастан бастап, қанның мөлшері ересек адамдардағыдай 7% шамасында болады. Массасы 70 кг ересек адамда 5-6 л қан болады. Адам тыныш күйде болғанда оның қанының 40-50% ғана қан тамырларымен қозғалады. Оның қалған мөлшері қан депоралары - бауырда, көкбауырда, шелде болады. Адам қансырағанда, бұлшықет жұмысы кезінде, дене температурасы жоғарылағанда, биікке көтерілгенде деподағы қан жалпы қан арнасына өтеді. Қан деполары организмдегі қанның тұрақты мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Қан дәнекер тканінің тобына жатады. Бұл плазмадан және ондағы жүзгін арнаулы элементтер - қан клеткалары - эритроциттерден, лейкоциттер мен тромбоциттерден тұратын әлсіз сілтілі тұтқыр сұйықтық. Егер пробиркаға алдын-ала ұю қабілетінен айырған қан толтырсақ, тұнғанда немесе центрифугадан өткен соң ол екі: эритроциттерден тұратын төменгі қошқыл қызыл түсті тұнба қабатына және қан плазмасы болып табылатын сабан түсті сары мөлдір сұйықтық қабатына бөлінеді. Плазма мен эритроциттердің шекарасында лейкоциттерден тұратын өте жұқа қабат болады. [1,3]
Қан, лимфа және тінаралық (интерсттициялық) сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Тіршілік үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының физикалық, химиялық, биологиялық, қасиеттері тұрақты болуы шарт, тек осы тұрақтылықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күделі өзгерістерге төтеп бере алады. Адамның солтүстік плоюс (үйек) суығында да, оңтүстіктің шыжыған ыстығында да өмір сүре беретіні осы тұрақтылыққа байланысты.Ішкі тұрақтылықтың өмір үшін аса қажет шарт екеніне тұңғыш көңіл бөлген француз физиологі Клод Бернар еді. Ол (1878ж) организмнің ішкі сұйықтық ортасының салыстырмалы тұрақтылығы тіршілікті сақтауда өте қажет екендігін мәлімдеді. 1929ж америка физиологы Уолтер Кеннон ішкі ортаның, организмнің басты- басты биологиялық көсеткіштерінің (константалардың) тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гомеостаз деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз- деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы , дене температурасы т.т) айтады. Жасушалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым - қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Бірақ бүйрек , тер бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында, сондай- ақ денедегі арнайы механизмдердің қатысуымен гомеосиаз әдетте бұзылмайды. Осыған орай ішкі орта үшін абсолюттік тұрақтылықтан гөрі салыстырмалы және динамикалық гомеостаз тән. Мұны гемокинез деп атаймыз. Қан жан-жануарлардың тіршілік етуіне аса қажет сұйықтық. Жарақаттану салдарынан қанның 25-30 сыртқа ағып кетсе, тіршілікке қауіп төнеді, ал 50 ағып кетсе өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым баяуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы денедегі кейбір жасушалар, әсіресе ми қыртысының нейрондары уақытында келетін қан мөлшері азайса, 5-6 минуттан кейін бұзыла бастайды.
Қан және лимфа айналудың жалпы схемасы. Жылы қандыларда қан организмді толық бір рет айналып шығу үшін жүректен екі рет ағып өтуі керек: бірінде жүректің сол жақ бөлімінен, екіншісінде оның оң жақ бөлімінен ағып өтеді. Жүректің сол жақ қарыншасы қанды қолқаға айдап шығарады. Ал қолқадан - артерия тамырлары өте ұсақ артериялар мен артериолдарға тарамдалып, бүкіл организмді артерия қанымен қамтамасыз етіп отырады. Өте ұсақ артериялар және артериолдар жіңішке капилляр тамырларға тарамдалып, кейіннен тарамдалып бөлінген капилляр тамырлар өзара қайта бірігіп, вена тамырының негізін құрайды. Ұсақ вена тамырлары бірте-бірте бірігіп, іріленіп вена тамырларын түзеді. Екі вена қуысымен аққан вена қаны жүректің оң жақ жүрекшесіне келіп құяды.
Қан айналу системасының сол жақ қарыншадан қолқа түрінде басталып, оң жақ жүрекшеге келіп құятын қанның жолын - қан айналудың үлкен шеңбері деп атайды. Қан айналудың үлкен шеңберін құрайтын артерия тамырларында оттегіне қанық артерия қаны ағады. Капиллярға келгенде артерия қаны өзінің құрамындағы оттегінің біразын тканьге береді де, оның орнына зат алмасу процесінің нәтижесінде тканьде түзілген көмір қышқыл газымен әрекеттесіп, вена қанына айналады.
Оң жақ жүрекшеге құйылған вена қаны кейіннен оң жақ қарыншаға ауысады да, одан өкпе артериясы және оның тармақтары арқылы өкпе көпіршіктеріне қарай бағытталып ағады. Өкпе капилляры мен өкпе көпіршіктері арасындағы газ алмасу процесі арқасында вена қанындағы көмір қышқыл газы шығып, оның орнына оттегі қанға өтіп, қан артерия қанына айналып, өкпе венасы арқылы сол жақ жүрекшеге келіп құяды. Қан айналу системасының оң жақ қарыншадағы өкпе артериясы түрінде басталып, сол жақ жүрекшеге келіп өкпе веналарымен аяқталған бөлігін қан айналудың кіші шеңбері немесе өкпелік шеңбер деп атайды. Бұл шеңбердің капиллярлар қабырғалары арқылы қан өкпедегі ауадан оттегін алып сіңіреді, клеткаларда әкелген көмір қышқыл газды бөліп өкпеге шығарады.
Сонымен қанның толық бір айналуы екі жарты шеңберден тұрады - үлкен және кіші (немесе өкпе) шеңберден, осы шеңберлер арқылы организмдегі барлық қан мөлшері бір жүйемен ағып тұрады. [2,9]
Қан тамырлар системасы ішінде аққан қан организмнің клеткаларымен тікелей жанаспайды. Клетканың сыртын қоршап тұрған сұйық орта ткань сұйықтығымен жанасады. Ткань сұйықтығы клеткалардың арасындағы барлық бос жерді алып жатады да, дененің барлық салмағының 50%-ін құрайды. Қан капиллярларының ішінде еріген заттары бар судың біраз мөлшері ткань сұйықтығына өтеді. Ткань сұйықтығының артығы ірі екі лимфа тамырларына өтеді де, вена қуыстары арқылы оң жақ құлақшаға құяды. Бүкіл организмдегі артық ткань сұйықтығы екі лимфа тамыры арқылы ағып кетіп отырады.
Организмде қан және лимфа айналудың маңызы зор, олар тасушы, реттеуші қызмет атқарады. Өкпеден, ішектен ағып өткен қан оттегімен және қоректік заттармен байиды да, бүкіл организмнің тканьдеріне, клеткаларынаосы заттардыжеткізіп тұрады. Зат алмасу процесінің нәтижесінде олардан бөлінген ыдырау өнімдерін реттеп, пайдланатын өнімдерді пайдаланып, ал пайдаланбайтын өнімдерді шығаратын органдарға жеткізеді.
Қан құрамына бүкіл организм органдарын өзара байланыстырып, реттейтін екінші бір органның бөлген биологиялық актив заты - гормондар. Ол шапшаң таралып жеткізіліп отырылады. Қан айналу шеңберлерімен қанның үздіксіз ағуы және лимфа тамырлары арқылы лимфаның артығының ағып кетуі, тканьмен сыртқы ортаның зат алмасу процесінің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде ткань сұйықтығының ортасы салыстырмалы тұрақты бір шамада сақталады да, организмнің тіршілік қызметінің қалыпты жүруін қамтамасыз етеді.
Жүрек. Жүрек - көкірек қуысында орналасқан қалың ет органы. Оның қабырғасы жүректің көлденең жолақ ет талшықтарынан құраладыда, дәнекер тканьмен тартылып біріктіріліп бір тұтас болып тұрады. Жүректің сыртын берік дәнекер тканьмен түзілген перикард (жүрек қабы) қаптап жатады. Перикардтың ішкі жағы мен жүректің сыртқы жағын жұқа, әрі тегіс эпителий клеткалары қаптап жатады. Жүрек қабының ішінде жүрек жиырылғанда үйкелісті азайтатын жүрек сұйықтығы болады.
Жүректің нерв импульсін өткізетін жолдарын жүрек ет талшықтары және оларды жалғастырып тұратын күрделі протоплазмалық көпіршелер торы құрайды. Сондықтан жүрек еттері жиырылғанда барлығы немесе жоқ - деген заңға бағынады. Бұл заң бойынша, егер жүрекке клетін нерв импульсінің күші етталшықтарын түгел жиырылта алатындай болса, жүрек жиырылады, ал одан күші кем болса, жүрек жиырылмайды. Жүректің және барлық қан тамырларының ішкі жағы жұқа, тегіс әрі жылтыр тығыздала орналасқан клеткалар қабатынан тұрады, оны эндотелие деп атайды. Эндотелие қабаты қанның іште ұйып қалмауын реттейді. Әр түрлі ауруларға байланысты эдотелие қабаты бұзылғанда, жараланғанда оның іші кедір-бұдыр болып, қан тамырының ішінде қн ұйып, оны бітейді де, қанның ағуына кедергі жасайды.
Миокард - жүректің негізгі массасын құрайтын ортаңғы ет қабаты. Миокардттың құрылысы мен функциясында өзіне тән ерекшелігі, әрі сирек кездесетін өзгешелігі бар.
Миокард құрылымдық ерекшелігіне байланысты скелет ет талшықтары мен ішкі органдар қабырғасын құрайтын бірыңғай салалы ет телшықтарының арасынан орын алады.
Миокардттың құрылысы, скелет етін құрайтын көлденең жолақ ет талшықтарына өте ұқсас. Екеуінің де саркоплазмасында актин және миозин миофиламентінен тұратын миофибриллдер бар, тек миокардта саркоплазма ретикулумы сиректеу. Екеуінде де жиырылу процесі уақытында саркоплазма ретикулумынан кальций ионының саркоплазмаға шығу механизмі ұқсас, тек миокардта кальций ионы сыртқы ортадан да кіреді.
Саркоплазмадағы кальций ионының концентрациясы әр уақыт миокард ет талшықтарының жиырылу биіктігін анықтайды да жүректің күшті жиырылуына әсер етеді. Миокард ет талшықтары өзара бірігіп, біртұтас тор немесе синцетий құрайды. [11,59]
Әрбір осындай тордың ішінде жан-жағына тарамдалған формасы цилиндр тәрізді миокардиалдық көптеген талшықтары бар. Параллель орналасқан жүрек ет талшықтары осы миокардиалдың талшықтары арқылы өзара байланысып, біртұтас ет қабатын құрайды. Жүрек етінің кез келген синцитиінде пайда болған қозу толқыны, миокардқа бірдей жылдамдықпен жайылады.
Қан сарғылттау келген сұйық зат - плазиадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан жасушаларынан, яғни пішінді элементтерден тұрады.Ересек адамда қанның көлемі салмағының 6-8% - іне (5-6 литрдей). Қан жасушалары қызыл түйіршіктер (эритроциттер) мен ақ түйіршіктер (лейкоциттер) қан пластинкалары - тромбоциттер. Плазма қан құрамының 52-58% - іне, қан жасушалары 42-48%-іне тең Қан жасушаларының гематрокиттік көрсеткіші 42-48% ,ал қанның әр лттрінде 0,42-0,48 литр. Соңғысы гематрокиттік көрсеткіш деп аталады. Плазманың құрамы. Оның 90-92%-і судан, қалғаны (8-10%) құрғақ заттардан тұрады. Соңғыларының 8-9%-і органикаық заттар, оның ішінде белок 6-8%; 0,9%;-1% бейорганикалық (минерал)заттар. Бұлардың көбі ас тұзы (90%) Органикалық заттардың көбі белоктар; альбумин, глобулин, фибриноген..

Қанның құрамы.
1-су 90-91% 5-тромбоциттер;
2-құрғақ қалдық 9-10% 6-лейкоциттер
3-плазма; 7-эритроциттер
4-пішінді элементтер;
Альбуминдер мен фибриноген бауырда, глобулиндер бауырда және сүйек кемігінде, көкбауырда, лимфалық түйіндерде түзіледі. Бұлармен қатар плазмада глюкоза, липидтер, сүт қышқылы, пировиноград қышқылы және молекуласында азоты бар заттар (амин қышқылдары, мочевина, зәр қышқылы, креатин, креатинин) түрлі ферменттер, гормондар, витаминдер,пигменттер,еріген күйінде оттегі, көмір қышқылды газ, азот болады.
Қан құрамының жасқа байланысты ерекшеліктері.
Нәресте лейкоциттерінің мөлшері әдетте ересек адамдардағыдан гөрі едәуір көп болады, олар 1 мм3 қанда 15-30 мыңға жетуі мүмкін. Одан соң ол бірте-бірте кеміп, ересек адамның номасына жуықтайды. Эритроциттер мен тромбоциттердің мөлшері жөнінен нәресте мен ересек адам қанының айырмашылығы шамалы болады.
Әр түрлі жас кезеңіндегі адамның 1мм3 қанындағы арнаулы элементтердің мөлшері
Жас кезеңдері
Эритроциттер (млн)
Лейкоциттер (мың)
Тромбоциттер (мың)
Нәресте
1 жас
6-7 жас
8-9 жас
12-13 жас
Ересек адам
5-7
4,5-5
4,5-5
4,5-5
4,5-5
4,5-5
20-30
10-11
10-11
9-10
8-9
6-8
300
243
200-300
200-300
200-300
300-400

Эритроцит- қанның қызыл түйіршіктері. Олардың саны еркек пен әйелде бірдей емес. Ер адам қанының әр литрінде 4,0-5,0х1012 эритроцит болады. Әйел қанында б9 л көрсеткіш аздау: 3,7-4,5х1012 эритроцит болады. Эритроцит санының қалыптан тыс басым болуы (5,0х1012) эритроцитоз, аз болуы (3,7-3,9х1012 одан да төмен) эритроцитопения деп аталады. Б9лар сау адамда да, науқастарда да кездеседі, сондықтан олар физиологиялық және паталогиялық болып екі топқа бөлінеді. Сондай-ақ абсалютті эритроцитоз бен эритроцитопения ұғымдары да бар. Эритроцит санының абсалюттік өзгеруі оның сүйек кемігінде түзілуіне және қанға су шапшаңдығына байланысты. Салыстырмалы эритроцитоз бен эритроцитопения қан жасушалары мен плазманың аралық қатынасына байланысты, бұл қан қойылғанда не сұйылғанда болатын өзгеріс.
Эритроцитоз
Физиологиялық Патологиялық
Абсолюттік Салыстырмалы Абсолюттік Салыстырмалы

Эритроцитопения

Физиологиялық Патологиялық
Абсолюттік Салыстырмалы Абсолюттік Салыстырмалы
Абсолюттік эритроцитоз - тінде оттегі азайғанда (гипоксия) болады. Гипоксия салдарынан бүйректен көп мөлшерде эритропоэтиндер бөлініп шығады. Олар эритроциттердің сүйек кемігінде түзілуіне және қанға өтуін тездетеді. Су адамда гипоксия ауаның барометрлік қысымы төмендеген жағдайда, яғни биік тауға шыққан кезде не кабинасы ашық самолетпен 3,5-5 мың м биіктікке көтерілген сәтте кездеседі. Сырқаттанған кезде болатын абсолюттік эритроцитоз- өкпе мен жүректің созылмалы ауруларына ұшырауының салдары не қан аурулары кезінде болуы мүмкін. Салыстырмалы эритроцитоз қанның сұйық бөлігі - плазманың азаюынан болады. Адам қара жұмыс істеп қатты терлегенде , не ыстық уақытта термен бірге құрамындағы суы сыртқа шығады да қан қойылады. Осыған орай эритроцит саны ( қанның әр мкл-де) көбейеді. Адам қара жұмыс істеген кезде де қанда су азаяды және көкбауырдың жиырылуы күшейеді. Көкбауыр эритроциттер депосы болғандықтан жиырылған сәтте қанға көп мөлшерде эритроциттер шығады. Сырқаттанған кезде пайда болатын салыстырмалы эритроцитоз да қанның қойылуына байланысты. Мәселен, қатты іш өткенде онымен бірге сыртқа көп мөлшерде су шығады, кейде су дене қуыстарына ( мәселен, плевра жапырақтарының арасына) жиналады. Осының салдарынан плазма көлемі азаяды да қан қойылады. Сау адамда әдетте абсолюттік эритроцитопения болмайды. Ол қаны азайған (анемия ) науқас адамға тән. Анемия кезінде сүйек кемігінде эритроциттер түзілуі төмендейді де, нешала жетілген эритроциттер қанға шыға бастайды. Салыстырмалы эритроцитопения қанның сұйылуына байланысты. Бірден шектен тыс көп шай (8-10 кеседен артық ) не осынша қымыз ішсе біраз уақыттай қан сұйылуы мүмкін. Бірақ қанда су тұрақтылығын (гомеостаз) сақтайтын механизмдер денедегі артық суды тез сыртқа шығарады. Адам қансырағанда 1-2 тәуілік өтісімен қан сұйыла бастайды, эритроциттер сүйек кемігінде тек 4-5 тәуіліктен кейін түзіліп, қанға шыға бастайды, эритроциттер оған дейін қан тамырларына тін аралық сұйықтықтар өтеді де мұндаға қанның көлемін арттырады, сөйтіп 1-2 күндей қан сұйылған күйінде қалады. Бірден көп мөлшерде изотониялық ерітінді құйса да біразға дейін сұйылады.

1.2. Қанның физикалық және химиялық қасиеттері
Адам салмағының 6-8 4-5 - 6л қаннан тұрады. Қан организмінің сұйықтық ортасы, сұйық ткань, организмде химиялық заттарды тасымалдауға қатысады. Қанның тығыздығы 1 ,055-1, 065, тұтқырлығы судан 5-6 есе көп, оның тұтқырлығы ондағы белоктарға, әсіресе эритроциттерге байланысты венадан қанды құйып қалмайтындай етіп, ақырын ғана алып, центрифугаласақ, ондағы клеткалық элементтер тұнбаға түсіп , плазма қалады. Ал егерде қан ұйып қалғаннан кейін , осы ұйыған қою затты бөліп алсақ , онда қанның сары суы деп аталатын сұйық түзіледі. Қанның сары суына сары түс беретін өт пигменті болып табылатын билирубиннің ағзадан қалдығы және каротиноидтар. Қанның қою затының құрамы фибриогеннен және клеткалық элементтерден тұрады, ал плазмада формалық элементтер ғана болмайды, фибриноген қалады. Қанның ең маңызды физикалық - химиялық көрсеткіші қан плазмасының осмостық қысымы, 39C қанның плазмасының осмостық қысымы 7, 6 атм. жуық, негізінен NaCI және басқа да төменгі иолекулалы заттардың арқасында болады, осы қысымның 0 ,02 албуминдер туғызады , ол онкотикалық қысым деп аталады. Қанның клеткалық құрамы 45 формалық элементтерден тұрады, оның 44 - эритоциттер қызыл қан түйіршіктері I лейкоциттер ақ қан түйіршіктері лимфоциттер және тромбоциттер қан пластинкалары, қан плазмасы мен формалық элементтері арасында белгілі бір көлемдік қатынасы бар. Бұл қатынасты 100 бөлікке бөлінген шыны капилляр гематокрит арқылы анықтауға болады. Осы гематокриттің көмегімен плазма мен формалы шыны түтікті центрифугалағанда, формалы элементтер ауыр болғандықтан айналу осінен алысырақ орналасады да, плазма оске жақынырақ орналасады, элементтер қанның 40- 50 алса , плазма 55- 60 құрайды. Организмдегі қан айналуға қатысатын қанның мөлшері тұрақты шама, яғни организмге түскен су мен шығарылып отыратын судың арасында тепе - теңдік бар. Егер қанға судың мөлшері кейбір жағдайлармен көп түссе , бір шамасы тканьдерге отіп, одан қайтадан қанға өтіп , тағы да бүйрек арқылы сыртқа шығарылады. Ал сырттан түсетін сұйық жеткіліксіз болса, су тканьдеріне қанға өтіп, зәрдің көлемі азаяды. Қанның 1 3 бөлігін жоғалту өлімге акеп соқтырады. Қан плазмасының құрамы. Плазма - қанның сұйық бөлімі 55 меншікті салмағы 1 024- 1 0306 pH= 7 4 . Қан плазмасының 90- 92 су оның ішінде 10 белоктар мен тұздардан тұрады. Қан плазмасындағы белоктар 7-8 жуық, оның ішінде албуминдер 4-5 , глобулиндер 2- 3, фибриноген 0- 2- 0, 4. Белокқа жатпайтын азоттық заттардың концентрациясы 14- 20мм, немесе 25-40мг мочевина 3-6мм 20- 30мг амин қышқылдары 3-4ммг 35-65 глютатион 3H, креатин , холин т.б. нашарласа, онда қалдық азоттың мөлшері артады. Азотсыз органикалық заттар жалпы майлар 1-7г л, 0 ,1- 0, 6 глюкоза 80- 120мг немесе 3, 5- 5, 5моль л тұздар қанның сары суының 0, 9 алады, оған Na, K, Ca, CI, HPO4, HCO3 жатады.
Қанның құрамы мен мөлшері: Қан - клетка құрылысы жоқ, сарғылттау келген сұйық зат - плазмадан және оның жүзіп жүрген қанның клеткаларынан тұрады. Қанның клеткаларына қанның түйіршіктеріне (эритроциттер), қанның ақ түйіршіктері (лейкоциттер), қан пластинкалары сияқты клеткалар (тромбоциттер) жатады.Қан құрамының 55-60 проценті плазма ,40-45 проценті қан түйіршіктері.Қалыпты жағдайда қанның жалпы мөлшері адамның дене салмағының 113 бөлігіндей болады да , ол организмде біршама тұрақты сақталады.Егерде қан тамырларына қанның орнын басатындай сұйықтық мөлшерін көбейтсек, көп ұзамай- ақ өанның мөлшері бұрынғы мөлшеріне қайта келеді. Қандағы артық сұйықтықтықтың біраз бөлігі дереу бүйрек , тері арқылы шығарылса, ал қалған көп бөлігі тканьге өтеді. Кейіннен сол өткен сұйықтың ыдырау өнімдері сырқа шығару органдары арқылы біртіндеп организмнен шығарылынып тасталынады. Қанның жалпы мөлшерінің 13 бөлігі қан тамырларының жарақаттануынан бірден ағып кетсе, өліп кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда организмге дереу өанның орнын басатын сұйық ерітінді құю керек.Судың тұтқырлығы бір өлшеуіш шамаға тең алынса, сумен салыстыр ғанда плазманың тұтқырлығы 1,7-2,2, ал қанның тұтқырлығы 5,0 - ге тең р болады. Қанның тұтқырлығы ондағы ондағы әр түрлі белоктар мен эритроциттердің мөлшеріне байланысты. Егер организмнен әр түрлі физиологиялық жағдайларға байланысты су көп шығарылса ( іш өткенде, көп терлегенде, өанда эритроциттердің саны көбейгенде), қанның тұтқырлығы артады. Қанның сыбағалы салмағы 1,050- 1,060, эритроциттердікі - 1,090, плазманікі- 1,025,- 1,034 аралығында болады. [1,54]
Қанның осмос қысымы. Жартылай өткізгіш жарғақ арқылы бөлінген екі ерітіндінің (NaCI) біреуінің ішінде ерітілген заттың концентрациясы (екіншісімен салыстырғанда ) көп болса, су концентрациясы көп ерітіндіге қарай ауысадыі. Себебі жартылай өткізгіш жарғақ еріткішті, яғни суды өткізеді де, ерітілген затты өткізбейді. Жартылай өткізгіш жарғақтан еріткіштің (су) өтуіне жұмсалатын күшті осмос қысымы деп атайды. Организмде қан тамырларының қабырғасы жартылай өткізкіш жарғақтың іш жағында қан, сырт жағында ткань сұйықтығы жатады. Қанның осмос қысымының биіктігі ондағы электролит иондарының сандарына мөлшеріне, белок молекулаларына органикалық заттардың мөлшеріне байланысты болады да, крископиялық әдіс арқылы анықталады. Ерітіндінің қату температурасы - ішіндегі ерітілген заттың концентрациясына байланысты. Неғұрлым ерітіндідегі заттың концентроциясы көп болса, соғұрлым ерітіндінің қату температурасы тқмен болады.Ерітіндінің қату температурасының 0- градустан төмен мөлшерін көрсететін шаманы депрессия деп атайды. Сонда химиялық таза судың қату температурасы депрессия көрсеткіші болып есептеледі. Адам және сүтқоректілер қаннының депрессия көрсеткіші - 0,56- 0,58 , ал бұл шама дене температурасы 37 ° С болғанда, осмос қысымының 7,7- 8,1 атмосфера санына сәйкес келеді, о осмос қысымының 60%-і қандағы NaCI ерітіндісінің үлесіне тиеді. Эритроциттердің және дене клеткаларының осмос қысымы клеткаларды қоршап жатқан сұйықтықтың осмос қысымымен бірдей болады .Қан мен ткань арасындағы су алмасу процесін реттеуіндегі қан, лимфа және ткань сұйықтығының осмос қысымының маңызы зор. Клетканы қоршап жатқан сұйықтықтың осмос қысымы, өзгерсе, ондағы су алмасу процесі бұзылады. Бұл өзгерісті эритроциттерден байқауға болады. Егерде эритроциттерді плазманың осмос қысымынан жоғары NaCI ерітіндісіне салса, онда құрамындағы суынан айырылып , көлемі өте кішірейіп бүрісіп қалады. Мұндай ерітіндіні гипертоникалық ерітінді деп атайды.Ал эритроциттерді плазманың осмос қысымынан төмен NaCI ерітіндісіне салса, оларға су кіріп , көлемі үлкейіп ісінеді де, жарылып кетеді. Мұндай ерітіндіні гипотоникалық ерітінді деп атайды. Изотоникалық ерітінді де эритроциттер мен дененің дененің басқа клеткаларының тіршілік процесі сақталады. Эритроциттердің гипертоникалық және гипотоникалық ерітінділерде бұзылып, тіршілігін жоюын гемолиз деп атайды.Изо - бірдей, тонико - қысым. Сонда изотоникалық ерітінді - деп осмос қысымы бірдей ерітінділерді айтады. Изотоникалық ерітінді - осмос қысымы бірдей ерітінділерді айтады. Изотоникалық қандағы NaCI ерітіндісін физиолргиялық ерітінді деп атайды.Жылы қандылар үшін изотоникалық ерітінді де 0,9% NaCI болады. Қанның құрамындағы глюкоза, мочевина т.б. органикалық қосылыстар. Оның осмос қысымын онша көп өзгерте алмайды, себебі, плазмада тұздармен салыстырғанда, олардың молекулалық салмағы өте үлкен болғанмен, мөлшері аз. Қанның осмос қысымының 1 процентке жуығын плазманың белогы құрайды. Қан тамырларының қабырғасы электролиттерді жақсы өткізеді, сондықтан олардың концентрациясы қанда, лимфада және ткарь сұйықтығында бірдей болады да, осмос қысымын өзгерте алмайды. Ал белоктарды қан тамырларының қабырғасы өткізбейді, өйткені олардың қан тамырларының екі жағындағы концентрациясының ара қатынасының шамасына байланысты, су қаннан тканьге, не керісінше, тканьнен қанға ауысып өтіп тұрады. Егер қанда белоктың мөлшері азайса, мысалы ашыққанда , су қан тамырынан тканьге өтеді де, соның нәтижесінде денеде ісік пайда болады.Қанның белогы арқылы пайда болған осмос қысымын - онкотикалық (ісік) қысым деп атайды.Организмдегі ақырғы қалдық өнімдері сыртқа шығаратын оргондарға бүйрек , тері бездері жатады. Осы оргондар осмос қысымын реттеп отырады. Бұл органдар қызметінің нәтижесінде зат алмасу процесіндегі үнемі бөлініп тұратын ақырғы қалдық ыдырау өнімдері де, осмос қысымын өзгертпейді. Қанға қарағанда несеп пен тердің осмос ңысымы өте тұрақсыз, тез өзгергігш келеді. Тердің депрессия көрсеткіші 0,18- 0,60, ал несептікі 0,2- 2,2. Дене қызметі қанның осмос қызметін өзгертеді.
Қанның актив реакциясы. Қанның реакциясы гидроксил (OH) және сутегі (H) ші иондарының арақатынасымен анықталады да, практика жүзінде сутегі көрсеткішімен беріледі. Ол pH деген белгімен белгіленеді. Сутегі көрсеткіші - pH - сутегі ион концентрациясының теріс ондық логорифмы. Қанның бұл реакциясы (pH) оташа есеппен 7,36- ға тең. Қанның pH7-ден төмен немесе 8-ден жоғары болып өзгеруі организмнің тіршілігі үшін өте қауіпті.
Қанның буфер системасы. Қанның PH реакциястын өзгертпей тұрақты сақтап тұратын қоспаларды буфер системасы деп атайды. Буферлік қасиеті бар ерітінді де әлсіз немесе диссоциацияланатын қышқыл және сол қышқылдың сілтілі тұзы болады. Мұндай буферлік қасиеті бар ерітінді де, күшті қышқыл немесе сілті қосса да, ерітіндінің PH ортасы қышқылдық немесе сілтілілік жаққа аысады. Оның себебі , ерітіндіге қосылған күшті қышқыл ерітінді дегі әлсіз қышқылды оның негізінен ығыстырып шығарады . Сонда ерітінді де әлсіз қышқыл және оның кышқыл тұзы түзіледі. Ал буфер ерітіндісінде күшті сілті қосса, онда әлсіз қышқылдың тұзы мен су пайда болады да, ерітіндінің сілтілі жаққа ауысуынан сақтайды.
Буфер системасы 3 түрлі буфер системасы бар: 1 Бикорбонат буфер системасы. 2 фосфат буфер системасы. 3 Белок буфер системасы. 1 Бикорбанат буфер системасы - көмір қышқылынан және натрий мен калийдің бикорбанатынан тұрады:
[H ] = [KH2CO3] [ BHCO3]
Мұндағы В- калий мен натрий иондарының белгісі, ал Қ- тұрақты шама, константа [ H ] - сутегі ион концентрациясы. Организмде зат алмасу процесінің нәтижесінде ыдырау өнімдері - біріншіден үнемі сүт қышқылы басқада қышқылдар түзіледі . Олар клеткалардан қанға өтеді де, қандағы бикарбонаттың натрий немесе калий ионын ығыстырады. Соның нәтижесінде және басқада түзілген, қышқылдардың тұздары және көмір қышқылы ( H2CO3) түзіледі. Түзілген көмір қышқылының артығы организмнен шығарылып , қышқыл жаққа қарай ауысқан қанның актив реакциясын бұрынғы қалпына келтіреді. Қанда неғұрлым көмір қышқылы көбейсе, сутегі ионынының концентрациясы артады да, тыныс алдыратын нерв орталығын қоздырады.Сөйтіп, өкпенің желдеткіш қызметін атқарады. Соның нәтижесінде көмір қышқыл газы сыртқа шығарылады. Осыған байланысты көмір қышқылының бикарбонаттарға қатынасы бұрынғы қалпына келеді. Ал егер қанға, зат алмасу процесінің нәтижесінде, сілті көп бөлінсе, олар көмір қышқылымен нейтралданады. Бұл жағдайда тыныс алу орталығының қызметі төмендейді. Өкпе арқылы қөмір қышқыл газы көп шығарылады.Ал қанда түзілген бикарбонаттың артық мөлшері бүйрек арқылы организмнен шығарылады. Мұнда да қандағы көмір қышқылының бикарбонаттарға қатынасы алғашқыдай болады. Организмнің қалыпты жағдайында қандағы бикарбонат мөлщері көмір қышқылынан 18 есе көп, сондықтан қанның буферлік сиымдылығы сілтіге қарағанда, қышқылдылығы көбірек болады. Мұның биологиялық маңызы қарағанда қышқыл көп түзіледі. Қандағы бикарбонаттарды қанның сілті қоры деп атайды. Егер организмде зат алмасу процесінің нәтижесінде қышқыл өте көп түзілсе, қанның сілті қышқыл теңдігін бикарбонат буфер системасы бір қалыпта сақтап тұра алмайды. Мұндай жағдайда фосфат буфер системасы іске қосылады. 2 Фосфат буфер системасы. Бір негізді фосфор қышқыл тұздары натррий немесе калийдің екі негізді фосфор тұзына қатынасымен анықталады:
B 2 HPO4
(В- калий мен натрий иондарының белгісі) Мұнда түзілетін бикарбонаттардың мөлшері, зат алмасу процесінің нәтижесінде түзілген көмір қышқыл газының қышқылының санына байланысты.
H2CO + B2` HPO4 =BH 2PO 4+ BHCO3
Бір негізді фосфор қышқыл натрий немесе калий тұздары диссоцияланғанда қайтадан сутегі иондары пайда болады, бірақ олардың концентрациясынан әлдеқайда аз болады.
Белок буфер системасы. Плазмасының белогындағы қышқыл және сілті тобының арқасында қан амфотерлік реакция көрсетеді, буферлік қасиетке ие болады. Плазма белогы өзінің амфотерлік қасиеті арқасында қанның реакциясына қарай , қанның ортасы болады. Ал сілтілі болса гидроксил ионын байланысты. Гемоглобин ( HB) белок буфер системасына қатысады. Бұл гемоглобиннің натрий немесе калий тұзына байланысты, гемоглобин көмір қышқылына қарағанда әлсіз қышқыл болғандықтан, өзінің натрий мен калий ионын береді де, - ионын қосып әлсіз диссоцияланатын қышқылға айналады. [4,32]
BHв + H2 CO3 = Hв + BHCO 3
Белок буфер системасымен салыстырғанда бикарбонат буфер және фосфот буфер системалары қанның тұрақты активтік реакциясын сақтауда маңызы шамалы. Егер адам ұзақ уақыт демалмай, өте ауыр қызмет атқарса немесе науқастанса, қанның активтілік реакциясы қышқыл жаққа қарай ауысады. Мұндай қанның активтік реакциясының өзгерісін ацидоз деп атайды. Ал кейде керісінше, қанның активтік реакциясы өкпенің қызметі күшейгенде сілтілік жаққа ауысады, оны алкалоз деп атайды.
Қанның ұюы. Қанның ұюы плазмағы еріген белок жіпшелеріне айналуынан болады. Фибриннің түзілуі тромбин ферментінің қатысуымен жүреді. Кальций ионын қымыздық қышқылды натриймен тұндырса, қанның ұю қасиеті жойылады. Фибриноген белогы мен протромбин ферменті бауырда жасалады. Пртомбрионның жасалынады.
Оған к витамині қатысады. Қанның ұюы - өте күрделі тізбектелген реакциялардан тұратын процесс. Қанның ұюын 4 негізгі фазаға бөлуге болады. 1) протомбиназа ферментінің активттелуі; 2) протомбриннің тромбинге айналуы; 3) белок фибриногенінің фибрин жіпшелеріне айналуы; 4) ұйыған қанның тығыздалуы. Қанның ұюындағы тромбоциттердің ролі. Тромбоциттердің қызметі қанның ұюына өте тығыз байланысты. Қанның ұюының басталуына өзі тромбоциттер бұзылған кезде түзілетін актив фермент тромбокиназа жүреді. Ас қорыту органдарының кілегейлі қабығындағы ерекше клеткаларда серотонин деген биологиялық актив зат жасалып қанға өтеді де, тромбоциттерге сіңеді. Қан тамырлары жараланған жерде бұзылған тромбоциттерден босаған серотинин сол жердегі тамырдың тарылуын қамтамасыз етеді. Тромбоциттердегі ерекше зат ретрактозим, қанның ұюындағы қоймалжың затының тығыздалуы үшін , фибрин жіпшелерінің қысқарып жуандануының жылдам жүруін қамтамасыз етеді. Қанның ұюы- қандарда протомбрин мөлшері көбейсе, қан тамырларының хеморецепторлары тітіркеніп рефлоктарлық жолмен қанға оны ұйытпайтын заттар шығарады. Мысалы, бауырда синдезделетін гепарин, тромботопластин , протромбин, тромбин, фибриноген, адреналин, серотинин, тағыда басқа қанның ұю процесіне қатынасатын белоктар өзара әрекеттесіп, қанды ұйытпайтын күрделі комплексті қосылыс жасайды. Сонда қан ұюына қатынасатын комплектер, қанды ұйытпайтын системаға кіреді.
Эритроциттер - ядросы жоқ, екі жағы ойыс келген жоғары келген жоғары дәрежелі қан клеткасы. Ядро орнына тыныс алу пигменті гемоглобин пайда болған. Эритроциттердің ақ түсті стромасы (скелеті) және қабығы бар. Қабығы - липоид белок комплексінен да, коллоидтар мен Na, K, C иондарын, H, OH иондарын жақсы өткізеді. Эритроциттер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қан
Қанның құрамымен ерекшеліктері
Организмнің ішкі ортасы
Қанның морфологиялық және биохимиялық құрамы
Қан топтары
Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау жайлы
Қанның элементтері
Қан плазмасы
Қан тамырларымен қан қозғалысының физика-математикалық заңдылықтаыр. Биологиялық ұлпалардың пассивті механикалық қасиеттері
Қан құрамы
Пәндер