Қан плазмасының химиялық құрамы
Білімгерлерде теміртапшылығы анемиясының таралуы және оның алдын-алу шаралары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚАННЫҢ МОРФОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІ
1.1 Қанның физика және химиялық қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Сыртқы факторлардың қанның морфофизиологиясына әсері ... ... ... ... ... ...
1.3 Қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен темір тапшылығының туындауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
2.1 Зерттеу материалдары мен орындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Қанның формалық элементтерін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІ
3.1 Анемия ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Ә.Н. Қазақстан халқына ұсынған Қазақстан-2030 атты болашаққа бағытталған даму бағдарламасында, ең маңызды мәселенің бірі ретінде отанымыздың саяси, қорғаныс, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету деп атап өткен. Осы бағдарламаны жүзеге асырудың бірден-бір жолы Республика тұрғындарының денсаулығы мықты, физикалық белсенділігі жоғары жастардың санын арттыру болды.[1]
Қазақстан республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін мемлекеттік саясат халық денсаулығын басты назарда ұстап келді. Көп ұлтты, көп дінді зиялы қоғам құруға бағыт ұстанған Қазақстан Тәуелсіздікке ие болғаннан бастап өзінің өміршең мемлекеттік саясатын халық денсаулығы деп жариялап келеді.[2]
Халықтың денсаулығы - қоғамымыздың заманауи талаптарының басты мәселесі болып табылды. Бүгінгі таңда орын алып отырған экономикалық дағдарыс, әлеуметтік мәселелердің ушығуы халық денсаулығына кері әсерін тигізді. Сондықтан, Қазақстан халқының денсаулық жағдайын көңіл қынжыларлық жағдайда деп бағалауға болады және соған орай медициналық қызметкерлердің барлық күш-жігерін, халықтың денсаулығын сақтауға жұмылдыру қажет. Оның, ішінде, кейінгі қауым, жас ұрпақ-балаларымыздың денсаулығын сақтап, нығайту - қоғам мен мемлекеттің негізгі, кейінге қалдыруға болмайтын міндеттердің бірі болып табылады. [3]
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша экологиялық зардаптар бүкіл адамзат ауруларының 33%, уыттанудың, 68%, астманың 44 %, онкологиялық аурулардың 19% және 1,3 млн. қатерлі ісіктен қайтыс болудың себептері болып табылады. [4]
Жер жүзінде экологиялық апатты аймақтардың пайда болуы, жаңа технологияларды қолданысқа кеңінен енгізу, урбанизация факторлары иммундық жүйе қызметінің бұзылуынан бастап иммундық тапшылық ауруларына дейін әкеледі.
Әлемде, 2002 жылдан бастап ауа ластануынан қайтыс болғандар саны автокатастрофадан мерт болғандардан асып түсті. [5]
Иммундық жүйенің сезімталдығы антропогендік факторлардың тірі ағзаларға әсерлерін ерте басын анықтайтын бірден - бір индикаторлық көрсеткіш болып табылады. [6]
Иммундық жүйенің қызметіне әсер ететін бірден- бір фактор қанның- морфофизиологиялық көрсеткіштерінің ауытқуы қазіргі заманғы денсаулық саласының өзекті мәселелерінің бірі. Осы мәселенің аз зерттелуінен жоғары мүгедектіктің және еңбекке қабілетсіз адамдардың көбеюіне себеп болып отыр.
Иммунды жүйе ағзаның ішкі орталығындағы антигендік тұрақтылықты қадағалайтын және рециркуляция жолымен байланысатын жасушалардың мүшелерден қан айналымына ауысумен кері қайтуына арнайы лимфоидты мүшелермен тіндердің өзара жиынтығы.[7]
Иммунды жүйе-қозғалмалы және үздіксіз жаңарып отыратын жүйе. Сонымен қатар, оның құрамының тұрақтылығы ағзаның не жеке құрылымның сақталуына зор ықпал етеді. Иммунды жүйенің денеден бөгде заттарды шығарып тастау қасиетін иммунитетті құрайды. Адам денесіндегі иммунды жүйені құрайтын мүшелердің жалпы салмағы шамамен 1,5-2 кг (1012 лимфоидты жасушалар). Анатомиялық тұрғыдан иммунды жүйенің қарым қатынасы бөлек болып көрінеді. Оның мүшелері мен жасушалары бүкіл денеге шашырап тарағанмен, олар тұтас бір жүйе қан және лимфа тамырлары мен байланысқан.[8]
Қан - тіршілік ету үшін өте қажет сұйықтық. Қанның негізгі қызметтері тіршілікке қажет заттарды тіндерге жеткізеді, ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шығарып отырады, оттегін өкпеден тіндерге, жасушалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді, ішек - қарыннан қоректік заттарды, витаминдерді, су мен тұздарды тіндерге жеткізеді. Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді, адам денесіндегі уытты заттар, азот қалдықтарын тіндерден бүйрекке, өкпеге, тер бездеріне, ішекке апарады. Қан жасушалары плазмадағы антитәндер денеге енген микробтарды, вирустарды, табиғаты жат улы заттарды бейтараптайды. Адам денесіндегі көптеген әрекеттерді, үрдістерді реттеуге қатысады. Қандағы биологиялық әсері күшті заттар - гормондар, медиаторлар, метоболиттер ағзалар мен тіндерге өтеді.[9]
Өзге жүйелер секілді иммундық жүйенің қызметі де бұзылуы мүмкін. Жалпы қызметінің бұзылуын 3 түрге бөліп қарастырсақ болады.
- иммундық жүйенің деффектісі немесе жетіспеушілігі (туа пайда болған және жүре пайда болған иммундық жетіспеушілік);
- аутоагрессия дененің қалыпты компоненттеріне қарсы (аутоиммундық аурулар) және антиген-антидене (иммундық комплексттік аурулар) комплексінде артық өнім жиналуы;
- иммундық жүйенің осы немесе басқа буынында, басқа буындардың қызметіне зиян келтіретін гипертрофия белгілерінің (гипергаммаглобулинемия, буынның ауыр аурулары және т.б.) дисфункциясы.
Иммундық жүйенің толық құндылығын және оның жұмыс жасауының патологиялық бұзылуларын бағалау үшін арнайы клиникалық және лабораториялық әдістер қажет. Фундаметальды иммунологияның жетістіктері негізінде оларды өңдеу және клиникалық практиға ендіру клиникалық иммунологияның бірден бір басты мақсаты. Иммундық жүйенің қызметі бұзылса, көптеген қауіпті ауруларға (инфекциялық үрдістер, аутоиммундық бұзылулар, ісіктер, аллергия және т.б.) әкеліп соғады, сондықтан да клиникалық иммунологияның маңызы зор. Органдарды ауыстыратын донорларды іріктеу, трансплантациялау және аутоиммундық ауруларды емдеуде иммунодепрессивті терапия жүргізу, жас сәбиді - ана мен сәбидің резус-сәкессіздігінен туындайтын гемолитикалық ауруларға шалдығатынын ескерту, ракты емдеуде иммунотерапиялық және диагностикалық әдістерді өңдеу сияқты клиникалық иммунологияның маңызды тапсырмаларын қосқанда, клиникалық иммунология сөзсіз керек болады. [10]
Жұмыстың өзектілігі:
Бұл мәселе бойынша зерттелу жұмыстары өте сирек және оның барлығы дерлік клиникалық негізде орындалған болып шықты, ғылыми негіздерін жасау, бұл мәселені шешудің жаңа сапалық тұрғыдан қарастырудың бір бағыты болып табылады.
Жұмыстың мақсаты:

Зерттеудің негізгі міндеттері:
1. Темір тапшылығы анемиясының белгілері мен туындау себептерін анықтау.
2. Темір тапшылығы анемиясының алдын-алу шараларын қарастыру.
1 ҚАННЫҢ МОРФОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІ
1. 1 Қанның физика және химиялық қасиеті
Қан, лимфа және тінаралық сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Тіршілік үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері тұрақты болуы шарт, тек осы тұрақтылықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күрделі өзгерістерге төтеп бере алады. Сұйық зат ретінде қанға физикалық және химиялық қасиеттер тән. Қан қызыл түсті, оның құрамы өте күрделі. Қанның түсі, реңі эритроцит ішіндегі гемоглобиннің әртүрлі газдармен, басқа да химиялық заттар мен реакцияға түсіп, тиісті қосындылар құруына байланысты. Мәселен, артерия қанының ашық қызыл түсі қанда оксигемоглобиннің, вена қанының күңгірт түсі карбогемоглобиннің көбірек болуына байланысты. Адамға иіс тигенде гемоглобин иісті газбен қосылып карбоксигемоглобин түзеді де, қанның түсі қызыл күрең тартады. [11]
Қанның келесі физикалық қазметі-оның тұтқырлығы. Ол қан түйіршікрері мен плазмадағы, әсіресе ірі молекулалы заттардың деңгейіне байланысты. Қан тұрақтылығы қанның қоюлануына не сұйылуына қарай әрдайым өзгеріп отырады. Демек, қанның бұл қасиеті қан түйіршіктерінің, плазма белоктарының әсіресе глобулиндердің мөлшеріне байланысты. Қанның тұрақтылығы әдетте судың тұрақтылығынан 4-5 есе артық. Плазманың тұрақтылығы 1,7-2,2. [12]
Қан сарғылттау келген сұйық зат-плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан жазушаларынан, яғни пішінді элеметтерден тұрады. Ересек адамда қанның көлемі салмағының 6-8 процентіне тең (5-6 литрдей). Қан жасушалары қызыл түйіршіктер (эритроциттер) мен ақ түйіршіктер. (лейкоциттер), қан пластинкалары-тромбоциттер. Плазма қан құрамының 52-58 процентіне, қан жасушалары 42-48 процентіне тең. Қан жасушаларының жалпы гематокриттік көрсеткіші 42-48 процент, ал қанның әр литрінде 0,42-0,48 литр. Соңғысы гематокриттік көрсеткіш деп аталады. [13]
Қан сарғылттау келген сұйық зат - плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан жасушаларынан, яғни пішінді элементтерден тұрады. Ересек адамда қанның көлемі салмағының 6-8%-іне тең (5-6литрдей). Қан жасушалары қызыл түйіршіктер (эритроциттер) мен ақ түйіршіктер(лейкоциттер), қан пластинкалары - тромбоциттер.Плазма қан құрамының 52-58%-іне, қан жасушалары -42-48%-не тең
Қан жасушаларының жалпы гематокриттік көрсеткіші 42-48%,ал қанның әр литрінде 0,42-0,48 литр.Соңғысы гематокриттік көрсеткіш деп аталады.
Плазманың құрамы 90-92 %-і судан, қалғаны (8-10%) құрғақ заттардан тұрады.Соңғыларының 8-9 %-i органикалық заттар, оның ішінде белок 6-8%; 0,9%-0,1% бейорганикалық (минерал) заттар. Бұлардың көбі ас тұзы (90%).Органикалық заттардың көбі белоктар: альбумин, глобулин (α,β,γ) фибриноген. Альбуминдер мен фибринтген бауырда, глобулиндер бауырда және кемігінде, көкбауырда,лимфалық түйіндерде түзіледі. Бұлармен қатар плазмада глюкоза, липидтер, сүт, қышқылы, пировиноград қышқылы және молекуласында азоты бар заттар (амин қышқылдары, мочевина, зәр қышқылы, креатин, креатинин) түрлі ферменттер, гормондар, витаминдер, пигменттер, еріген күйінде оттегі, көмір қышқылды газ, азот болады.
Қан қызыл түсті, мезодермадан түзілетін сұйық ұлпа. Ол ұлпалық сұйық, лимфамен бірігіп, организмнің ішкі ортасын құрайды, денеде көп қырлы қызмет атқарады, солардың арасында бастылары:
тасымалдаушы қызмет - қан клеткаға қорек жеткізіп, олардан алып шыққан алмасу өнімдерін бөлу мүшелеріне (бүйрек, тер бездері, өкпе т. Б.) тасымалдайды. Қанмен бірге гормондар таралып, ұлпаларға оттегі жеткізіледі, клеткалардан көмір қышқыл газ алынып кетіледі;
қорғаныстық қызмет. Қанның ақ түйіршіліктері фагоциттік белсенділік көрсетеді (клетка иммунитетті) және лимфоциттер бөлген антиденелер бөгде заттарды жойып отырады (гуморальды иммунитет);
жылу реттеуші қызмет.толассыз айналыста болудың арқасында қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді.Қанның жәрдемімен жылудың артық мөлшері тері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді;
байланыстырушы(коррелятивтік) қызмет.Әр түрлі мүшелер мен клеткалар әрекеті кезінде түзілген өнімдер мен ішкі секреция бездірі бөлген гормондарды тасымалдап, қан организм клеткаларын, ұлпаларын, мүшелерін өзара байланыстырады.
Қан әр түрлі клеткалар жиынтығы болып табылады. Ол сұйық зат - плазмадан және қан түйіршіктерінен (клеткаларынан): қызыл түйіршіктерден (эритроциттерден), ақ түйіршіктер (лейкоциттерден) және қан табақшаларынан (тромбоциттерден) тұрады. Қанның жалпы мөлшерінің 55-60% -ын плазма, 40-45%-ын қан клеткалары құрайды.
Дененің жалпы массасының шамамен 6-8 пайызы қаннан тұрады. Ересек адам организмінде 4,5-6 л қан болады. Қанның жалпы мөлшері жасқа, жынысқа, физиологиялық күйге т.б. байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, жаңа туған төлдерде көбірек, ал семіз малда - азырақ болады
Сұйық зат ретінде қанға физикалық және химиялық қасиеттер тән. Қан қызыл түсті, оның құрамы өте күрделі. Қанның түсі, реңі эритроцит ішіндегі гемоглобиннің әртүрлі газдармен, басқа да химиялық заттар мен реакцияға түсіп, тиісті қосындылар құруына байланысты. Мәселен, артерия қанының ашық қызыл түсі қанда оксигемоглобиннің, вена қанының күңгірт түсі карбогемоглобиннің көбірек болуына байланысты. Адамға иіс тигенде гемоглобин иісті газбен қосылып карбоксигемоглобин түзеді де, қанның түсі қызыл күрең тартады.
Күкірсутек (H2S) әсерінен сульфгемоглабин түзілсе қан қарайып кетеді. Гемоглабиннің оттегімен тұрақты қосындысы метгемоглабин қосындысынан қан қоңыр түске боялады. Қанның иісі оның құрамындағы тез буланатын май қышқылдарына байланысты, дәмі тұзды, м.с. 1,050-1,060, плазманың м.с.-нан (1,025-1,035) жоғары, бірақ эритроцит тығыздығынан (1,090) төмен.
Есейген балаға қарағанда жаңа туған нәрестеде қанның меншікті салмағы едәуәір басым. Меншікті салмағы негізінен қанда эритроциттердің аз-көптігіне байланысты. Ол тұрақты көрсеткіштердің бірі, бірақ кейбір физикалық және патологиялық жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін. Мәселен, адам бірнеше апта тауда болса, қанында эритроциттер саны көбейіп мөлшер саны артады. Жаздың өте ыстық күндері адам қатты терлейді де, оның қаны қойылып салмағы артады. Қара жұмыс істеп, қатты терлесе қанның меншікті салмағы 1,070-1,077-ге жетуі мүмкін. Қанның қойылуы көбінесе ішек індеттері кезінде байқалады. Науқас адам жиі-жиі құсса не оның іші өтсе қанда су мөлшері азаяды. Адам қансыраса, оның қан тамырлары тінаралық сұйықтыққа толып кетеді де қан сұйылады, яғни оның тығыздығы азаяды. [14]
Қанның келесі физикалық қызметі оның тұтқырлығы. Ол қан түйіршіктері мен плазмадағы, әсіресе ірі молекулалы заттардың деңгейіне байланысты. Қан тұрақтылығы қанның қоюлануына не сұйылуына қарай әрдайым өзгеріп отырады. Демек, қанның бұл қасиеті қан түйіршіктерінің, плазма белоктарының әсіресе глобулиндердің мөлшеріне байланысты. Қанның тұрақтылығы әдетте судың тұрақтылығынан 4-5 есе артық. Плазманың тұрақтылығы 1,7-2,2.
Жаңа туған нәресте денесінен су көп мөлшерде сыртқа шығады, осыған орай оның қаны қоюланып, эритроциттер саны көбейеді де, қан тұтқырлығы 10,0-14,8-ге жетеді, бірақ 5-6 күннен кейін 8,6-8,8-ге дейін төмендеп, бір ай өткен соң есейген баланікімен теңеледі (4,6-5). [15]
Қанның өте маңызды қасиеттерінің бірі - осмостық (итерме) қысымы. Қою және сұйық ерітіндіні қатар қойып, олардың арасында мембрана салса, еріткіш (су) сұйық ерітіндіден қою ерітіндіге өте бастайды. Жартылай өткізгіш мембрана арқылы ерітіндіні өткізетін итерме күш осмостық қысым деп аталады. Ол жарғақтың екі жағындағы (бетіндегі) ерітінділерде еріген электролиттер мен молекулалар санына, олардың арасындағы айырмашылыққа байланысты. Ерітіндінің осмостық мөлшері мен осмостық қысымынан аз-көптігі еріген бөлшектердің химиялық тегіне емес, жалпы санына байланысты, еріген заттардың иондар саны неғұрлым көп болса, оның осмостық қысымы соғұрлым жоғары болады.Қанның осмостық қысымының 60%-і ас тұзы (NaCI) иондарына байланысты. Плазма құрамында белок көп (7,2-8,5%). Бірақ оның молекулалары ірі болатындықтан саны бейорганикалық зат иондарының санынан аз, сондықтан қанның жалпы осмостық қысымының 1200 бөлігі ғана белок қысымына байланысты. Қанның осмостық қысымы оның қату температурасы арқылы анықталады. Әдетте қанның қату температурасы (депрессия көрсеткіш) 0,56-0,58 C. Бұл шамада қанның осмостық қысымы 7,5-7 ,6 атмосфераға тең, ал СИ жүйесі 302-310 м.осмл. Қан жасушалары мен плазманың осмостық қысымдары бірдей. Қанның белок молекулалары тудыратын онкос қысымы коллоидтық-осмостық қысым деп аталады. Ол 0,02-0,03 атмосфераға не сынап бағанасы бойынша 25-30 мм-ге тең. СИ жүйесі бойынша 2,0-2,1 м.осмл. Онкостық қысым аз, бірақ оның қан-тін арасындағы су алмасу үрдістерін реттеуде зор мәні бар. Белоктардың гидрофилдік (су ұстап тұру) қасиеті өте жоғары. Бұл қысым белгілі бір деңгейге жетісімен плазма сұйықтығының сыртқа шығуы тоқтайды да тіндегі судың қан тамырына өтуі үдейді, сондықтан тамырдағы қанның көлемі плазмалық белок мөлшеріне байланысты. Сумен бірге ондағы еріген заттар мембраналар арқылы қанға, лимфаға немесе кері қарай тінге өтеді, яғни тіршілікке өте қажет сіңіру, сыртқа шығару үрдістері қандағы белок деңгейіне де байланысты. [16]
Осмостық қысымы қанның қысымына тең тұз ерітіндісі изотониялық ерітінді деп аталады. Мысалы, жылы қандылар үшін 0,85-0,9% NaCI ерітіндісі, салқын қандылар үшін 0,65%. Бұл ерітінділер физиологиялық ерітінді деп аталады. Қанға қарағанда тұзы аз болса-гипотониялық ерітінді дейді. Мұндай ерітіндіде су тіндерге қарай өтетін болғандықтан олар ісіп кетеді.Тұз мөлшері қандағы тұз мөлшерінен жоғары болса гипертониялық ерітінді дейді. Мұндай ерітіндіде жасуша құрамындағы су сыртқа шығады да жасуша бүрісіп қалады. Сонымен осмостық, онкостық қысымдар, тіршілік үрдістердің барысына тікелей әсер етеді. Жасушалар өлмей қалыпты қызмет атқару үшін осмостық қысым тұрақты болуға тиіс.
Адам қанның осмостық қысымы - бірден-бір тұрақты көрсеткіш. Оның тұрақтылығын күрделі механизмдер қамтамасыз етеді. Солардың бірі қан және тін иондарымен судың ара - қатынасы. Суды сіңіріп немесе қанға өткізуде эритроциттер маңызы өте зор. Эритроциттер микроосмометр ролін атқарады. Олар судың артығын өзіне сіңіріп бүйрек, тер бездері, өкпе сияқты ағзаларға жеткізеді, яғни эритроциттерді контейнер және тасымалдаушы ретінде тануға болады.
Осмос гомеостазын қамтамасыз ететін арнайы әрекеттік жүйе бар, оның бөлімдері осмостық қысымның өзгеруіне өте сезімтал келеді. Осмостық қысымды қан мен лимфа тамырларының және орталық жүйке жүйесі-гипоталамус қабылдайды да рефлексті түрде иондардың артығы көбінесе бүйрек арқылы сыртқа шығарылады, ал иондар қанда аз болса, олардың бүйректе қайта сіңуі күшейеді. [17]
XIX ғасырдың аяғында Гамбургер қанның осмостық тұрақтылығын сақтауда, зат алмасуы барысында түзілген өнімдер мен суды, артық тұздарды уақытында сыртқа шығарып отыруда бүйрек т.б.ағзалардың айрықша мәні бар екенін дәлелдеді. Ол жылқының венасына 7 л күкірт қышқылды натрийдің 5%-тік ерітіндісін құйып тәжірибе жасады. Мұның нәтижесінде осмос қысымы көтерілмейтінін, тіпті өзгерместен бұрынғы қалпында қалатынын, бірақ ерітінді құйған соң 8-10 минут өтісімен аталған тұз ерітіндісі бүйрек арқылы яғни несеппен бірге сыртқа шығатынын байқайды.
Қан реакциясы сутегі (H) мен гидроксил (OH-) иондарының ара қатынасына байланысты. Реакция көрсеткіші (Рh) өте тұрақты гомеостаздың көрсеткіштерінің бірі. Мұның үлкен мәні бар; реакция көрсеткіші тұрақты болса ғана зат алмасу мен негізгі тіршілік үрдістер дұрыс бағытта өтеді. Қанның реакциясы-сәл сілтілі, вена мен артерия қанында бірдей емес. Вена қанында көмір қышқылы көбірек, сондықтан оның реакциясы (Рh) 7,35-7,36: артерия қанында 7,4-7,42 яғни сілтілеу келеді. Жасуша ішінде зат алмасу өнімдерінің көбеюіне байланысты Рh төменірек (7,0-7,2) , яғни қышқылдың Рh мөлшері әдетте 7,0-7,8 аралығында,бұдан әрі өзгерсе, ол тіршілік үшін қауіпті. PH ұзақ уақыт 0,1-0,2 мөлшерге өзгерсе де адам өледі. Тіршілік үрдістері барысында сутегі мөлшері көбейіп кетеді, әсіресе ауыр жүмыс істеген кезде көмір қышқыл газы, сүт қышқылы т.б. көптеген зат амасу өнімдері үздіксіз қанға өтеді де сутегі мөлшерін өзгертеді. Бірақ адам мен жануар денесінде сілті-қышқыл тепе-тендігін қамтамасыз ететін, яғни Ph мөлшерін бірқалыпты сақтайтын арнайы және күрделі әрекеттік жүйе бар. [18]
Плазманың құрамы 90-92%-ы судан, қалғаны құрғақ заттардан құралған. Соңғыларының 8-9 %-ы органикалық заттар, оның ішінде белок 6-8%, 0,9-1% бейорганикалық заттар. Бұлардың көбі ас тұзы органикалық заттардың көбі белоктар: альбумин, глобулин, фиброноген. Альбуминдер мен фибриноген бауырда, глобулиндер бауырда және сүйек кемігінде, көк бауырда лимфалық түйіндерде түзіледі. Бұлармен қатар плазмада глюкоза, липидтер, сүт қышқылы, пировиноград қышқылы және молекуласында азоты бар заттар, түрлі ферменттер, гормондар, витаминдер, пигменттер, еріген күйінде оттегі көмір қышқылды газ, азоты болады. [19]
Эритроциттер - қанның қызыл түйіршіктері. Олардың саны еркек пен әйелде бірдей емес. Ер адам қанының әр литрінде 4,0-5,0х1012 эритроцит болады. әйел қанында бұл көрсеткіш аздау: 3,7-4,5х1012. эритроцит санының қалыптан тыс басым болуы (5,0х1012) эритроцитоз, аз болуы (3,7-3,9х1012 оданда төме) эритроцитопения деп аталады. Бұлар сау адамда да науқастардада кездеседі, сондықтан олар физиологиялық және патологиялық бөліп екі топқа бөлінеді.сондай-ақ абсолютті эритроцитоз бен эритроцитопения ұғымдары да бар. Эритроцит санының абсолюттік өзгеруі оның сүйек кемігіндетүзілуіне және қанға өту шапшаңдығына байланысты. Салыстырмалы эритроцитоз бен эритроцитопения қан жасушалары мен плазманың аралық қатынасына байланысты, бұл қанқойылғанда не сұйылғанда болатын өзгеріс.
Абсолюттік эритроцитоз тінде оттегі азайғанда (гипоксия) болады. гипоксия салдарынан бүйректен көп мөлшерде эритропоэтиндер бөлініп шығады. Олар эритроциттердің сүйек кемігінде түзілуін және қанға өтуін тездетеді. Сау адамда гипоксия ауаның барометрлік қысымы төмендеген жағдайда, яғни биік тауға шыққан кезде не кабинасы ашық самолетпен 3,5-5 мың м биіктікке көтерілген сәтте кездеседі. Сырқаттанған кезде болатын абсолюттік эритроцитоз - өкпе мен жүректің созылмалы ауруларға ұшырауының салдары не қан аурулары кезінде де болуы мүмкін.
Эритроцит - ядросыз екі жағы ойыс келген дөңгелек жасуша. Ол ядррсынан сүйек кемігінде өтетін эритропоэз кезінде айырылады. Мұның биологиялық мәні мынада: жасуша ядросының орнын оттегін тасымалдайтын гемоглобин жайлайды, ядросыз эритоцит өз денесіндегі заттар тотықтыру үшін оттегін жұмсамайды. Осыған байланысты оның оттегін тасымалдау қызметі күшейеді. [20]
Көлденеңнен қарағанда эритроцит гантелге ұқсайды: оның диаметрі 7,2-8,0 мкм,қақ ортасындағы ойыс жерінің жуандығы 1,5-2,0 мкм, ал жасуша жиегінің жуандығы 2,5 мкм. Пішіні гантел тәрізді болғандықтан эритроциттің капилляр қабырғасымен түйісетін беткейі үлкен. Жасушаның диаметрі мен пішіні сырқаттанған кезде өзгеруі мүмкін. Диаметрі 8,1 мкм-ден асса, эритроцит макроцит деп, ал 7,2 мкм-ден кем болса микроцит деп аталады.
Эритроцит бетінің ауданы 140мкм2. Бір адам қанындағы барлық эритроциттерді жазық жағымен жатқызып қатар орналастырса , олардың ауаны 3000м2 болар еді. Осындай аумағы үлкен эритроциттер жазығынан оттегі тінге жақсы өтеді. Эритроцит тыныс алу қызметін орындауға қажет биологиялық құрылым.
Эритроциттердегі құрғақ заттардың көбі (90%) гемоглобиннен, ал қалғаны (10%) басқа органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Әрбір эритроцитте 300 млн-дай гемоглобин молекуласы болады. Гемоглобин химиялық құрамы жағынан- хромопротеид, м.с. 68000. гемоглобин 1 молекула глобин және 4 гем молекуласынан тұрады. [21]
Әрбір гем молекуласында екі валентті темір атомы бар. Гемоглобиннің бір молекуласы оттегінің 4 молекуласымен әрекеттеседі. Гемоглобиннің бірнеше түрі бар. Ересек адамның қанында А гемоглобині, ал эмбрионда ұрық НвР-сі көп. Эмбрион гемоглобині оттегімен лезде реакцияға түседі, ол екеуінің тартқыштық дәрежесі күшті. Адам денесінде 5 литр қан, ал мұнша қанда 700-800 гр гемоглобин бар. Эритроцит саны әйелге қарағанда ер адамда көбірек, осыған орй ер адам қанында гемоглобин көп болады. Ер адамның бір литр қанында 130,0-160,0 г, әйелде 120,0-140,0 г гемоглобин бар. 1л қанда ең көп дегенде 166,7 гл Нв болады, бірақ оның мөлшері өзгеруі мүмкін, ол эритроцит санына сәйкес келе бермейді, кейде эритроцит саны азайғанымен Нв мөлшері қалыпты деңгейде қалады, ал екінші бір жағдайда эритроцит саны қалыпты болғанымен Нв мөлшері азайып кетеді. Сондықтан да, дәрігерлік жұмыста әрбір эритроциттегі гемоглобин мөлшері анықталады, қанның реңдік көрсеткіші есептеп шығарылады. [22]
Эритроциттердің тұну жылдамдығы. Ұю қасиетінен айырылған қанды мензуркаға құйып бір сағат сақтаса қанның ең жеңіл бөлігі-плазма қанның бетіне шығады да эритроцит мензурка түбіне шөге бастайды. Эритроциттердің тұну жылдамдығына қарай плазма қабатының қалындығы әр түрлі болады.
Плазма қабатының биіктігі мм есебімен өлшенеді де эритроциттердің тұну жылдамдығы анықталады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы ер адам мен әйелде түрліше, ерлерде сағатына 1-10 мм, әйелдерде 2-15мм. Екі қабат әйелде эритроциттер тез тұнады. Сағатына 30-40 мм. Жаңа туған нәрестелерде -0,3-2 мм,сағат. Денеде қабыну процесі басталса эритроциттердің тұну жылдамдығы өседі. Эритроциттердің тұну жылдамдығы арқылы қабыну процесінің күшейгенінде бесеңдегенін білуге болады, сондықтан ауруханада науқас адамның эритроциттерінің тұну жылдамдығы бірнеше рет анықталады. [23]
Эритроциттердің тұну себебі туралы көптеген пікірлер бар. Солардың бірі - эритроциттердің тұнуы -физикалық құбылыс, сондықтан эритроциттердің тұну жылдамдығын физика заңымен түсіндіруге болады. Мәселен, плазмаға қарағанда эритроциттердің меншікті салмағы жоғары, сондықтан да олар тез тұнады. Бірақ көптеген тәжірбиелер бұл пікірді растамайды.
1. Жылқы мен бұқа эритроциттерінің меншікті салмағы бірдей, бірақ жылқы эритроциттері тез шөгеді.
2. эритроцитер әдетте -жүзіп жүрген кішкене түйіруіштер.
Олар көпке дейін тұнбайды. Тұнар алдында олар бір-бірімен жабысып, теңгелер тізбегі сияқты бағана құрады. Демек, эритроциттер конгломерат күйінде тұрады. Сондықтан, конгломерат құрылуын тек физикалық заңдылықтар мен не белгілі бір химиялық затқа тән қасиеттермен түсіндіру қиын. [24]
Жүзіп жүрген бос түйіршіктер ретінде эритроциттер тұнатын болса, жоғарыда айтылған қағида бойынша эритроциттердің тұну дәрежесі плазманың тұтқырлығына байланысты болар еді, плазма неғұрлым тұтқыр болса, соғұрлым тұнуы баяу, керісінше плазма тұтқырлығы аз болса, эритроциттер соғұрлым тез тұнуға тиіс. Бірақ тәжірбие жүзінде плазма неғұрлым тұтқыр болса, эритроциттер соғұрлым тез тұнатыны байқалады. Бұл тәжірбиелердің мәнін физика-химиялық теориялар арқылы ұғуға болады.
Эритроциттердің тұнуы мен плазма қасиеттері мен өзара байланыстылығы анықталды. Бұл қан құрамындағы плазма мен эритроциттерді айқастыра араластыру арқылы дәлелденді.
Ер адам эритроциттерін екіқабат әйел плазмасына тоғытса, ал екіқабат әйел эритроциттерін ер адамның плазмасымен араластырса, эритроциттер шөгуінің өзгеруі плазма иесіне байланысты. Ер адам эритроциттері екіқабат әйел плазмасында тез шөгеді де, екіқабат әйел эритроциттерінің тұнуы ер адам плазмасында өте баяулайды. Мұның себеді жүкті әйелдер плазмасындағы құрамында дисперсиялық белоктар көбейіп кетеді. Әсіресе фибрингоген, иммундық глобулиндер мен гаптоглобулиндер көп болса, эритроциттер тез тұнады. Эритроциттер плазмада жеке дара жүзіп жүреді, яғни суспензия құрады. Эритроцит мембранасының сыртқы бетінде дене жасушаларына қарағанда сиан қышқылы көбірек, сондықтан әр эритроцит теріс зарядталған. Біріңғай зарядталған эритроциттер бірін- бірі теуіп, бір-біріне жақындай алмайды, көпке дейін шөкпейді. Қан белоктары теріс зарядталған, бірақ олардың заряды өте әлсіз. Белок мөлшері көбейсе, ал эритроцит бетіне адсорбцияланып, оның заряд күшін төмендетеді. Сондықтан бір- бірін жөнді тебе алмайды. Эритроциттер бетінде адсорбцияланған белоктар оның жабысқақтығын күшейтеді, сөйтіп эритроциттердің бір- бірімен жабысуына жағдай туғызылады. Эритроциттер жабысып теңгелер тізбегін құрып тез тұнады.
Эритроциттердің шөгуіне басқа себептер де әсер етеді. Мәселен, холестериннің, эритроциттер санының, плазмадағы қышқыл қалдықтардың көбеюі эритроциттерді тез тұндырады. [25]
Адам денесінде көптеген жағдайда жоғары температураның әсері болса, онда бұлшық еттердің желденуі ұлғайады. Бірақ бұл реакция адам денесіне әсер ететін температуралық өзгерістің бәріне бірдей ортақ емес. Ғылыми зерттеулердің деректеріне қарағанда, гипервентиляция, яғни адамның дем алу ырғағының жылдамдауы айналымдағы қан көлемінің азайуынан және қан айналудың бұзылуынан туындайды. Осыған байланысты, қан және ми-жұлын арасындағы сұйық қысымының өзгерістері көп ғылыми деректерге негіз бола алады. [26]
Қоршаған орта температураның жоғарлауынан туындайтын дене дегидратациясы организмдегі су көлемінің кемуі өкпенің желденуін азайтып, тыныс алу жиілігін кеңейтеді. Осы құбылыс жобаларға жүргізілген ғылыми тәжірбиеде анықталған. Ғылыми зерттеулердің қорытындысына қарағанда, ауа температурасының жоғарлауынан тыныс алудың жылдамдау мүмкіндігі айналымдағы қан қысымы мен көлемінің төмендеуі арқылы немесе қанның қоюлануынан жүзеге аспай қалады. [27]
Жүрек қан тамыры жүйесінде ауа температурасының жоғарлауына байланысты туындайтын өзгерістер көбінесе шеткі қан тамырларының кеңейуі арқылы жүзеге асады.
Осыдан айналымдағы қанның көлемі айтарлықтай жоғарлайды. Шеткі қан тамырларының кеңейуі айналымдағы қанның көлемінің артуымен жалғасын тапса, онда қанның қысымы мен көлемінің өзгеруіне өте сезімтал.
Сондықтан, кейбір адамдарда ауаның өте ыстық кезеңінде туындайтын ортостатикалық реакцияны, орталық жүйке жүйесінің жауабы деп қарастыру керек. Осыдан жүрек соғысы жылдамдайды, алайда шеткі қан тамырларындағы қан айналымы толық қамтамасыз етілмесе және жүрекке келетін вена қанының көлемі артпаса, онда қан қысымы күрт төмендейді. Жүрек пен қан тамырларының жұмысында декомпенсациялық жағдай қалыптасады. Жүректің жұмысы артады, бірақ жүрек жұмысының өнімділігі төмендей береді. [28]
Эритроциттердегі құрғақ заттардың көбі (90%) гемоглобиннен, ал қалғаны (10%) басқа органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Әрбір эритроцитте 300 млн-дай гемоглобин молекуласы болады. Гемоглобин химиялық құрамы жағынан- хромопротеид, м.с. 68000. гемоглобин 1 молекула глобин және 4 гем молекуласынан тұрады.
Ұю қасиетінен айырылған қанды мензуркаға құйып бір сағат сақтаса қанның ең жеңіл бөлігі-плазма қанның бетіне шығады да эритроцит мензурка түбіне шөге бастайды. Эритроциттердің тұну жылдамдығына қарай плазма қабатының қалындығы әр түрлі болады.
Кесте-1. Қан плазмасының химиялық құрамы.
плазма
Мөлшері
плазма
мөлшері
компоненттері
%
компонеттері
%
су
90,5
Натрий
0,3
белоктар
8
Калий
0,02
Липидтер
0,3
Кальций
0,012
Нейтралды май
0,2
Магний
0,0002
Глюкоза
од
Хлор
0,35
Мочевина
0,03
Гидрокарбонат
0,16
Несеп қышқылы
0,004
Фосфат
0,03
Креатин
0,006
Сульфат
0,02
Амин
0,008
қышқылдары
Плазма қабатының биіктігі мм есебімен өлшенеді де эритроциттердің тұну жылдамдығы анықталады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы ер адам мен әйелде түрліше, ерлерде сағатына 1-10 мм, әйелдерде 2-15мм. Екі қабат әйелде эритроциттер тез тұнады. Сағатына 30-40 мм. Жаңа туған нәрестелерде - 0,3-2 мм,сағат. Денеде қабыну процесі басталса эритроциттердің тұну жылдамдығы өседі. Эритроциттердің тұну жылдамдығы арқылы қабыну процесінің күшейгенінде бесеңдегенін білуге болады, сондықтан ауруханада науқас адамның эритроциттерінің тұну жылдамдығы бірнеше рет анықталады. [29]
Гемолиз- эритроциттердің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы. Мұны гемолизденген қан деп атайды. Ол әдетте мөп-мөлдір.. Әсер ететін түрткілер түріне қарай гемолизді бірнеше түрге бөлуге болады. Олар: физиологиялық гемолиз, осмостық гемолиз, химиялық гемолиз, биологиялық гемолиз, термиялық гемолиз, механикалық гемолиз, электрлік гемолиз деп бөлінеді. [30]
Қанда лейкоцит санының көбейуі лейкоцитоз деп, азаюы лейкоцитопения деп аталады. Лейкоцит саны сау адамда да, ауру адамда да өзгеріп отырады. Сондықтан лейкоцитоз физиологиялық және патологиялық болып екіге бөлінеді. Лейкоцит санының көбеуі қан жасушаларының түзілуіне, қан түзілетін ағзалар қызметінің күшеюіне байланысты болса, мұндай лейкоцитозды абсолюттік лейкоцитоз дейді. Дені сау адамдардың лейкоциттерінің барлық түрінің сипаттамасын 1-ші кестеден көруге болады.
Кесте-2. Дені сау адамдардың лейкоциттерінің барлық түрінің сипаттамасы
Сипаттама
Нейтрофилдер
Эозинофилдер
Базофилдер
Лимфоциттер
Моноциттер
Таяқша ядорлы
сегменттіядролы
Саны %
1-6
47-72
0,5-5
0,1
19-37
3-11
Абс.саны х10[6]л
40-300
2000-5500
20-300
0-65
1200-3000
90-
600
Ядро формасы
Жалғыз таяқшалы 3-4 сигментті
2-3сигменттен тұрады
2 формадан тұрады
Анықталмаған
Бұршақ тәрізді
Полиморфты
Бояуы
Қанық күлгін
Қанық күлгін
Күлгін
Күлгін
Қанық күлгін
Ашық күлгін
Цитоплаз-ма
Қызғылт
Қызғылт
Ашық қызғылт
Ашық қызғылт
Жіңішке көкшіл ойыс
Ақшыл көк
Түйіршікті
Көп,ұсақ,ашық күлгін
Көп,ұсақ,ашық күлгін
Көп,ірі,қызғылт
Аз,тегіс емес, күлгін
Жалғыз,күлгүн, түйіршікті
Тұрақсыз,ұсақ,ашық күлгін
Мәселен, абсолюттік лейкоцитоз эмоция (қатты шаттану, зорығу) салдары болуы мүмкін. Эмоция кезінде адреналин шектен тыс көп болып шығады да, қан түзетін ағзаларды тітіркендіреді. Бірақ, лейкоцитоз қан түзетін ағзалар қызметінен тысқары жағдайда да болады. Мұндай лейкоцитоз салыстырмалы лейкоцитоз деп аталады. [31] Жас ерекшелігі бойынша лейкоцит пен лейкоцитарлық форманың өзгеруін 2- ші кестеден көруге болады.
Кесте - 3. Жас ерекшелігі бойынша лейкоцит пен лейкоцитарлық форманың өзгеруі.
Жасы
Лейкоциттер х10 9л
Лейкоцитарлық форма,%
Нейтрофилдер
Лимфоциттер
Моноциттер
Эозинофилдер
Базофилдер
2-4 апта
10,25
26,0
58,0
12,0
3,0
0,5
1-6 ай
12,0
27,0
57,0
11,0
2,5
0,5
7-12 ай
11,0
31,0
54,0
11,0
1,5
0,5
1-3 жас
11,0
36,5
51,5
10,0
1,5
0,5
4-5 жас
10,0
45,5
44,5
9,0
1,0
0,5
6-8 жас
10,0
44,5
45,0
9,0
1,0
0,5
8-10 жас
8,6
51,5
38,5
8,0
2,0
0,5
10-12 жас
7,9
52,5
36,0
9,0
2,0
0,5
13-14 жас
8,3
56,5
32,0
8,5
2,5
0,5
14-15 жас
7,6
60,5
28,0
9,0
2,0
0,5
Ересектер
4,0-9,0
48-79,0
19-37,0
3-11,0
0,5-5,0
0-1,0
Лейкоциттер алуан түрлі қызмет атқарады. Лейкоциттердің ең басты қызметі - оның фагацитоздық қабілеті. Бұл И.И.Мечников зерттеулерінде анықталған. Фагацитоз - обыру, жұту, қармап алу, жасуша деген мағынаны білдіреді. Басқаша айтқанда қармап алатын жасуша қорытады. Демек, фагоцитоз деп денеге келіп түскен бөгде заттарды, мәселен, микробтарды лейкоциттер аяқтарымен қармалап алып ішіне енгізіп ферменттермен қорытады. [32]
1. 2 Сыртқы орта факторлардың қанның морфофизиологиялық қасиетіне әсері
Зерттеу арқылы, қолайсыз факторлардың салдарын толық бағалау үшін күнделікті өмірде олардың қосар түрде әсер ету мүмкіндігін ескеру қажеттігі анықталды.[33]
Қоршаған ортаның қолайсыз факторларының қосар әсер ету салдарынан, олардың зиянды әсерлерінің жинақталып, иммундық жүйеге тигізетін зардаптарының тереңдей түсетіні белгілі болды.[34]
Қазіргі таңда еліміздің әлеуметтік- экономиялық жағдайы жылдан- жылға жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. Экономикамыз жақсарған сайын халықтың тұрмысы да түзелуде, жұмыспен қамтамасыз ету, адамдардың алатын жалақылары да өсуде. Бірақ экологиялық проблема, қоршаған ортаны қорғау, күту мәселесі еш өзгеріссіз қалып отыр. Сол себепті адамның денсаулығын қадағалап, күту қажет. Әрине, егер бізді қоршап тұрған табиғат әсем де, көз тартарлық сипатта болса, қандай ғажап болар еді. Сонымен қатар, адам денсаулығы мықты, адамдар әр жұмысқа қабілетті, ел экономикасының одан әрі дамуына әсер етеді. Ұлан- ғайыр кең даламыз бар, ал сонда тұратын халықтың саны тек 15 миллиондай ғана, демек бізге дені сау, білімді, қабілетті ұрпақ қажет.
Ұзақ уақыт емделу барысында антибиотиктерді шексіз пайдалану қан денешіктеріне тікелей әсер ететіндігі анықталды. Ал, бұл құбылыс иммундық жүйенің әлсіреуіне алып келеді. [35]
Сондықтан, құрамында организмде жағымсыз нәтижелер болдырмай нәтижелі әсер ететін, биологиялық белсенді қосылыстары бар өсімдіктекті дәрілік препараттарға қызығушылық жыл сайын арта түсуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, жақын арадағы он жыл ішінде, қан физиологиясына әсері аз, иммундық жүйеге кері әсері жоқ фитопрепараттардың үлесі жалпы дәрі-дәрмектердің 60% құрайды. Сондықтан, көптеген ауруларды кең көлемде, симптоматикалық және этиопатогенездік тұрғыдан кешенді ұзақ емдеу үшін қолданылуға ұсынады. [36]
Жастар арасында темір тапшы күйлер таралуы Ресейлік құрдастарынан жиірек және Өзбек пен Қырғыз замандастарынан сиректеу екен.
Қыздардың жасы өскен сайын темір тапшы күйлер жиілігі артып отырады. Егер 18 жас аралықтағы студент - қыздарда темір тапшы күйлер 57,9% тіркелсе, онда 20 жастағыларда бұл көрсеткіш 65,4% дейін жетті. Ержеткендер арасында темір тапшы күйлер ең жиі кездескен жасы 17 жас болды, және олардың жасы өскен сайын темір тапшы күйлер жиілігінің сиреуге бейімділігі анықталды.
Жоғарғы оқу орын білімгерлер арасында оқу курстарына тәуелді темір тапшы күйлер таралу жиілігіне талдау жасағанда 1 және 2 курс студенттер темір тапшы анемиясы басым келгені анықталған, ол адаптацияның компенсаторлы қорғаныс механизмнің шамадан тыс тырысуымен және бейімделу процесінің олқылығымен, сондай - ақ етек кірімен қан кетулердің стажына байланысты. Жасырын темір тапшылығы жиілігі жігіттерде білім алу барысында төмендесе, қыздарда жоғарлау тенденциясы байқалады. Бұл физиологиялық өзгерістер мен темір тапшылығына алып келетін себепші факторлар әсерінен адаптациялық процестердің қолайсыз ағымға өтуін және темір тапшы күйлерден зардап шегетін студенттер арасында емдік - сауықтыру шараларын ұйымдастыру деңгейінің қанағаттанарсыз болуын көрсетеді.
Білімгерлердің ұлттары бойынша темір тапшылығының таралу жиілігін талдаған кезде басқа ұлт қыздары мен ұлдарына(52,6% пен 9,7 %сәйкес) қарағанда, қазақ қыздары мен ұлдарында темір тапшы күйлер (63,0% пен 26,1 % сәйкес) басым келген. Сірә, ол ұлттық өмір сүру салтына, тамақтану ерекшеліктеріне байланысты түсіндіруге болады.
Қалада тұрғылықты тұратын студенттер арасында темір тапшы анемия мен жасырын темір тапшылықтың бірдей жиілікпен кездессе (23,3 бен 24,8%), ауылдық студенттер (24,8% бен 28,О% сәйкес) жасырын темір тапшылықтың басым келді. Ол тек қана гидрогеохимиялық, антропогендік, әдептік тұрмыстық емес, сондай - ақ тексерілген популяцияда ауылдық - студенттердің қоршаған ортаны қолайсыз (жатақханада тұру, тамақтану сапасы, жоғарғы оқу орын білім алудың қиыншылығы) шарттарына адаптацияның ерекше өту салдары болуы мүмкін. [37]
Темір тапшы анемиясынан зардап шегетін студент-қыздар тобының 40,7% жағдайда анемия дамуына бірнеше факторлардың қосарланып журуі алып келген. Олар созылмалы қан жоғалтудан басқа анасының осы баласына жүктілік кезіндегі анемияның салдарынан темір деңгейінің бастан кем болуы, қан жоғалту және ұн немесе сүт азықтарынан жасалған біркелкі тағамды, қою шайдф жиі (тәулігіне 4-5 ретке дейін), рационда ет пен етті тағамдарды жеткіліксіз (аптасына 1-2 рет) қолдану, бойдың тез өсуі мен көп мөлшердегі қан жоғалтқан етек кірі бастырмасындағы темірге сұраныстың жоғарлауы және тағыда басқа себептер. Қыздардың темір тапшы анемияға келесі жиі себебіне полименоррагиялар есебінен созылмалы қан жоғалтулар (29,6%) кірді. Көп мөлшерде және ұзақ жүретін етек кірі дені сау қыздармен салыстырғанда анемия бар қыздар арасында 7 есе жиі кездеседі (2,5% және 17,6% сәйкес). 13,0% жағдайда студент - қыздардың етек кірімен қан жоғалтудың мөлшері кәдімдігідей болуына қарамастан темір деңгейінің бастан кеи болуына, бойдық тез өсуіне, дене салмағының артық болуына темірге деген сұраныстың артуы темір тапшылығының айқындалуына өз үлесін қосады. Қан аздықтың жеке себебі ретінде тағаммен темір түсуінің немесе асқазан - ішек жолдарының потологиясы бастырмасындағы темір сіңірілуінің бұзылыстары 9,3% жағдайда тіркеледі. [38]
Жасырын темір тапшылықтың негізгі себебі темір тапшы анемия сияқты созылмалы қан жоғалтудың басқа да факторларымен қосарлануы (42,4%) еді және олардың ішінде темір деңгейінің бастан кем болуы (66%) басым келді. Ал 21,2% студент- қыздарда жасырын темір тапшылықтың тек созылмалы қан жоғалтулар алып келген және басым көпшілік (91,3%) жағдайда олар етек кірі цикілінің бұзылысына байланысты екен. 16,7% бойжеткендерде темір тапшы себебіне организмде темірге сұраныстың артуы болды және бұл сұраныс темір деңгейінің бастан кем болған студент - қыздарда (85,6%) айқындырақ білінді. Сондай-ақ темірдің тағаммен жеткіліксіз мөлшерде тусуі немесе оның дұрыс сіңірілмеуі 10,6% жағдайда жасырын темір тапшылыққа алып келген.
Жасырын темір тапшы анықталған ержеткендердегі темір алмасудың плазмалық және тасымалдаушы фонд көрсеткіштерін зерттеген кезде қан сарысуындағы темір 12,5 мкмольл төмен келуі 25,0%, Сарысулы трансферрин 4,0 гл жоғарлауы -56,3%, трансферриннің темірге қанығу коэффиценті 16% төмен азаюы -50% жағдайларда тіркелген. Бозбалаларда темірдің тасымалдаушы фонд көрсеткіштері арасында қан сарысуындағы темір сезімталдығы төмендеу, ал сарысулы трансферрин сезімталдығы жоғарырақ болды.
Жоғары оқу орын студенттеріндегі темір тапшы анемиясының емдеу нәтижелеріне талдау жасағанда емнің 1аптасында - ақ тәжірибелік тобының ферроградумет + қалақай майы фитоферротерапия қабылдаған 39% науқастарда, бақылау (моноферротерапия) мен салыстыру (құрама ферротерапия) топтары өкілдерінің 30% жуығында жалпы жағдайлары жақсара бастаған. Барлық топтардың шеткі қандағы анықталған ретикулоцитоз емнің дұрыс бағытын көрсеткен. [39]
Сегіз апталық жүргізілген емнен кейін ферроградумент қабылдаған науқастардың көбінде (79,2%) анемиялық және сидеропениялық синдромдар кері қайтса, ферроградумет + өсімдік майын ішкен студенттердің клиникалық статус көрсеткіштерінің динамикасы айқынырақ болды және 86,4% жағдайларда жақсарып, әлсіздік, физикалық күштемедегі ентігу белгілері жоғалған. Ферроградумент + қалақай майы құрама емнен кейін темір тапшы анемиясы бар науқастар клиникасында анемиялық және астеновегетативті синдромдары 100% жойылған, темір тапшылығының тіңдік симптомдарының айтарлықтай азайғаны, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz