Дератизациялық шаралар және родентицидтер
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Коммерсиялық емес акционерлік қоғамы
Нұрғали К.
"Ырыс" шаруа қожалығында жүргізілетін дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 5В120200 - Ветеринарлық санитария
Алматы 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРСИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Ветеринария факультеті
Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)
Тақырыбы: "Ырыс" шаруа қожалығында жүргізілетін дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау
Беттер саны 43
Cызбалар мен көрнекті
материалдар саны 14
Қосымшалар -
Орындаған: күндізгі оқу бөлімі 5В120200 - Ветеринарлық санитария мамандығының 513 - топ студенті Нұрғали Кенжеғали
2018 жылы 18 мамырда қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі, PhD Алиханов Қ.Д.
Жетекші, в.ғ.к., қауым. профессор Барахов Б.Б.
Норма бақылаушы,
в.ғ.к., қауым. профессор Ибажанова Ә.С.
Сарапшы, Қайрат-Бота
ШҚ, бас малдәрігері Несипбаев Н.К.
Алматы 2018
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРСИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Ветеринария факультеті
мамандығы 5В120200 - Ветеринарлық санитария

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент Нұрғали Кенжеғали
Жұмыс (жоба) тақырыбы: "Ырыс" шаруа қожалығында жүргізілетін дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау
Университет бойынша 2017ж. 14 қараша №550-К бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі 2018 ж. 18 мамыр
Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері
"Ырыс" шаруа қожалығындағы ветеринариялық - гигиеналық және санитариялық талаптардың сақталу деңгейі. "Ырыс" шаруа қожалығындағы мал қора нысандарында жүргізілетін дератизациялық шаралардың әдіс - тәсілдері. Шаруашылық маңындағы аймақтардың кемірушілерден сақтану шаралары. "Ырыс" шаруа қожалығында дератизациялық шаралардың жүргізілу дейгейі. "Ырыс" шаруа қожалығындағы жүргізілетін дератизациялық шараларда қолданылатын препараттарға салыстырмалы баға беру.
Дипломдық жұмыста (жобада) қарастырылатын сұрақтардың тізімі
1. Зертханалық жағдайда родентицидтің уыттылық деңгейін анықтау
2. Шаруашылықта кеміргіштердің шоғырлану деңгейін анықтау
3. Өндірістік жағдайда жүргізілген дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау.
4. Шаруашылықта жүргізілген дератизациялық шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1 Тажибаев А. С. Научные основы эффективной дератизации объектов ветеринарного надзора. - Алматы , 2000.
2 Кадиров А.Ф., Зацепин В.Г. Средства борьбы с грызунами. Журнал Ветеринария, 2000, №2.
3 Дроздов А.И., Третьяков А.Г., Бочаров Н.М. Дератизация на птицефабриках с применением препарата аратамус. М., ВИНИТИ, Р.Ж.97. 97.12-04ИВ.
4 Правила проведения дезинфекции и дезинвазии объектов государственного ветеринарного надзора. - М., 2002. - С. 5.
Жұмыстың (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Кіріспе
Мырзабеков Ж.Б.
10.03.2018
Негізгі бөлім
Токаева М.О
25.04.2018
Қорытынды
Барахов Б.Б.
10.05.2018
Экономикалық тиімділікті есептеу
Утеев Б.Ж.
Еңбекті қорғау және экология мәселелері
Сансызбаев К.К.
Кафедра меңгерушісі, PhD __________________ Алиханов Қ.Д.
Жұмыс жетекшісі,
қауым. профессор ___________________ Барахов Б.Б.
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ___________________ Нұрғали К.
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
КЕСТЕСІ
Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
1
Кіріспе
02.03.2018
орындалды
2
Дератизация, оның түрлері мен санитариялық-эпидемиологиялық маңызы
17.03.2018
орындалды
3
Жұмыстың мақсаты мен міндеті
25.03.2018
орындалды
4
Материалдар мен әдістер
28.03.2018
орындалды
5
Өзіндік зерттеулер
01.04.2018
орындалды
6
Қорытынды
12.04.2018
орындалды
7
Тәжірибелік ұсыныс

МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
1
КІРІСПЕ
10
1.1
Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы
10
1.2
Зерттеу базасы, объектісі және мақсат, міндеттері
11
2
ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
12
2.1
Кеміргіштердің зиянкестігінен туындайтын экономикалық шығын
12
2.2

16
2.3
Дератизациялық шаралар және родентицидтер
20
3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
23
3.1
Зерттеу әдістері мен материалдары
23
3.2
Шаруашылыққа сипаттама
26
3.3
Зерттеу нәтижелері
27
3.3.1
Зертханалық жағдайда родентицидтің уыттылық деңгейін анықтау
27
3.3.2
Шаруашылықта кеміргіштердің шоғырлану деңгейін анықтау
32
3.3.3
Өндірістік жағдайда жүргізілген дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау
33
3.3.4
Шаруашылықта жүргізілген дератизациялық шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу
4
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
36
5
ҚОРЫТЫНДЫЛАР
38
6
ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
39
7
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
40
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Дипломдық жұмыста пайдаланылған сілтемелер.
МЕМСТ 12.1.007-76. Зиянды заттар. Классификация және жалпы қауіпсіздікті талап ету
МЕМСТ 12.3.002-75. Өңдеу процессі.Жалпы қауіпсіздігін талап ету
МЕМСТ 1770-74Е. Лабораториялық өлшемді әйнекті ыдыс. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар, техникаға қолайлы жағдай.
Ішетін су. Гигиеналық талап ету және сапасын бақылау.
МЕМСТ 2874-82 Ішетін су. Гигиеналық талап ету және сапасын бақылау.
МЕМСТ 6709-72 Дистелденген су. Техникалық шарт.
МЕМСТ 4204 -77 Күкірт қышқылы. Техникалық шарт.
МЕМСТ 18300-87 Этил спирті радиациядық техника. Техникалық шарт
МЕМСТ 4232-74 Күйдіргіш калий.
МЕМСТ 13264-88 Сиыр сүтін өндіргенде талап ету.
ТШ 6-09-2540-87 Гидрооксидті тұз.
АНЫҚТАМАЛАР
Дипломдық жұмыста қолданылған терминдер және олардың мағынасы.
ДЕРАТИЗАЦИЯ - кемірушілермен күресу шараларының жиынтығы.
РОДЕНТИЦИДТЕР - (лат. rodentis - кеміргіш, caedo-өлтіремін) кеміргіштерді жоюға арналған улы препараттар.
КОМПОЗИЦИЯ - Бірнеше химилық компоненттен тұратын қосылыс.
ГИГИЕНА - Жануарлардың денсаулығын жақсартады. Азықтандырғанда рацион құрайды. Азықтандыру күтіп-бағу, жоғары өнімдермен қамтамасыз ету.
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ - САНИТАРИЯ - талаптарын нақты іске бағытталған техникасы және басқа сипаттағы тәзірибелік шаралар.
КАРАНТИН ОРНЫ - басқа жерден немесе басқа шаруа қожалықтарынан және өзге мемлекеттен алып келген малдарды тексеруден өткізу үшін ұстайтын орын.
ИЗОЛЯТОР - ауырған малдарды оқшаулап ұстайтын орын.
КОНЦЕНТРАЦИЯ - ерітінді құрамындағы белсенді зат мөлшері.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Дипломдық жұмыста келтірілген қысқартулардың мағынасы:
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы
АҚ - Акционерлік қоғамы
БДСҰ - Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымы
ГФР - Герман Федерация Республикасы
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
ІҚМ - Ірі қара мал
млн - миллион
м - метр
кг - килограмм
г - грамм
см3 - сантиметр куб
1 КІРІСПЕ
1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Көптеген инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тарататын және халық шаруашылығына орасан экономикалық зиян әкелетін қауіпті зиянкестердің бірі - үлкен қалалар, елді мекендер мен ауыл шаруашылығындағы қора-жайларда, егіс алқаптарында, өндіріс орындарында қоныстанған тышқан тектес кеміргіштер болып келеді.
Дүниежүзілік деңсаулық сақтау ұйымының эксперті Грэй Томастың пайымдауынша жер жүзінде кеміргіштер, эсіресе егеуқұйрықтар, жыл сайын тек қана дэнді дақылдар мек күріштің 33 млн-ға жуық тоннасын жеп қүртады. Әр жылы егін жиналып болғанша кеміргіштер оның 20%-дан астамын өз алдына жояды екен. Дәнді дақылдардан. басқа ет, сүт, балық өнімдерін, жас балапандарды, жұмыртқаларды жейді екен [1]. Бұрынғы Атырау құс фабрикасы, қазіргі "Қарлығаш" акционерлік қоғамында болған уақиғаға көңіл аударсақ, онда егеуқұйрықтар түн сайын 1200-1300 балапанды өлтіріп, 1500-1600 дана жұмыртқаларды жарып ішіп отырған. Егеуқұйрықтардың қауіпті инфекциялық ауруларды таратуының нәтижесінде әкелетін шығынды есептеу қиын. Көптеген жұқпалы аурулардың, оның ішінде аса қауіпті аурулардың қоздырғыштарын таратушысы болуымен қатар, олар жер-жерде адамдар арасында, үй жануарлары мен құстардың ішінде ауру тудырып, қауіпті инфекциялар ошағын үнемі тұтандырып отырады.
Сондықтан кеміргіштерді жою экономикалық, эпидемиологиялық және эпизоотологиялық тұрғыдан келгенде аса қажетті және осы кезге дейін толық шешімін таба алмай келе жатқан өзекті мәселенің бірі болып отыр.
Біздің елімізде кеміргіштермен күресуге негізінен дератизациялық улардың екі тобы қолданылады: антикоагулянттар мен тез арада күшті әсер ететін улы заттар. Осылардың ішінде мырышты фосфид, крысид, аминостегмин сияқты кең таралған, тез арада күшті әсер ететін улар қолданылады. Дегенмен де олар кеміргіштердің рефлекторлық қорғаныс реакциясын тудырып, кеміргіштер бұл улардан жасалған жемтіктерді қайталап жемей қояды. Сондай-ақ, бұл уытты заттар үй жануарларына да уытты әсер етеді. Оларды мал және құс шаруашылығында пайдаланғанда ауыл шаруашылығындағы малдар мен құстардың кездейсоқ улануына әкеп соқтырады [2]. Сондықтан да бұл топқа жататын родентицидтерді ауыл шаруашылық нысандарында қолдану қауіпсіз емес.
Тез арада күшті әсер ететін улармен салыстырғанда, антикоагулянттар үй жануарлары мен құстарға қауіпсіз және дератизацияларда кеміргіштерді толықтай жоюда нәтижелі болып есептеледі. Олардың баяу әсер етуінің арқасында кеміргіштердің рефлекторлық қорғаныс реакциясын тудырмайды. Сонымен қатар, олардың егеуқұйрықтарға қарсы уыттылығы пайдалы малдар мен құстарға қарағанда өте жоғары. Дегенмен де олардың бір реттік уыттылығы әлсіз болғандықтан бірнеше рет қайталанып қолданылады. Сондықтан уақыт өте келе оларға кеміргіштер дағдыланып кетуі мүмкін.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта ауыл шаруашылық нысандары мен елді мекендердегі тышқан тектес кеміргіштерді жоюға антикоагулянттар тобына жататын жаңа родентицидтерді жасауға және оларға кеміргіштердің дағдыланып кетпейтін жолдарын тауып, оларды жетіддіріп жақсартуға бағытталған зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан дератизациялық шаралармен қатар жаңа улы заттарды ойлап табуға және кеміргіштермен белгілі бір жүйемен күресуді ұйымдастыруға бағытталған зерттеулерге қарамастан олардың саны азаюдың орнына, кейбір жерлерде көбейе түсуде [3].
Өкінішке орай, Қазақстанда қазір кеміргіштер барлық облыстарды мекендеп, қарқынды көбеюде. Қазіргі таңда республикада ауыл щаруашылық, өндірістік нысандар мен елді мекендерді зиянды кеміргіштерден қорғау маңызды да қиын мәселелердің бірі болып отыр.
1.2 Зерттеу базасы, объектісі және мақсат, міндеттері
Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама
"Ырыс" шаруа қожалығындағы жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық шаралардың деңгейін жақсарту жұмыстарын жасау мақсатында профилактикалық дератизациялық шаралар іске асырылып, дератизациялық жұмыстардың тиімділгін арттыруда қолданылған родентицидтердің сапасына байланысты екені анықталған. Шаруа қожалықта атқарылған дератизациялық шаралардың нәтижесінде алынған мәліметтер, тақырыптың өзектілігін айқындай түскен.
Дипломдық жұмысты орындау мерзімі және базасы
Дипломдық жұмыс 43 компьютерлік бетте терілген: кіріспе, ғылыми әдебиеттерге шолу, өзіндік зерттеулер, қорытынды, тәжірибелік ұсыныс, еңбек қорғау және қосымша материалдар бөлімдерінен тұрады, 7 - кесте, 7 - суретпен көркемделген.
Жұмыстың өндірістік зерттеулер бөлімі, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында орналасқан "Ырыс" шаруа қожалығында өтті.
Зерттеулердің мақсаты мен міндеттері
Зерттеу жұмысының мақсаты: Кеміргіштерге қарсы қолданылатын родентицидтердің қолайлы концентрациясын анықтап, шаруашылықта дератизация әдістерін тиімді жүргізу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:

3. Өндірістік жағдайда жүргізілген дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау

2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.1 Кеміргіштердің зиянкестігінен туындайтын экономикалық шығын
Ветеринариялық нысандарда қоныстанған кеміргіштер шаруашылықтарға үлкен экономикалық шығын әкеледі. Олар жем-шөптерді, тағамдарды жеп ластайды, жұмыртқаларды ішіп, балапан, торай, күшіктерді жеп, құрылысты бұзып, бау-бақшадағы жеміс-көкөністерді зақымдайды.
Жыл сайын дүние жүзінде кеміргіштер, әсіресе егеуқұйрықтар 33 млн тоннадан аса дәнді дақылдар мен күрішті жеп құртады. Жыл сайын бір егеуқұйрық 12 кг-нан астам азықты жеп, нәжісімен одан 1 есе көп азық-түслікті былғайды. Қазіргі заманда егеуқұйрықтар кейбір жерлерде адамнан да көп. Мәселен, Үндістанда бір тұрғынға (елде 1миллиардтай халық тұрады) 10 егеуқұйрықтан келеді екен. Осы қарапайым есептеуден бір Үндістанға қаншалықты экономикалық шығын әкелетінін көруге болады. Олар 120 млн тоннадан астам бидайды жейді. Бұл есептеуді қарапайым деуіміздің себебі егеуқұйрықтардың бұдан да үлкен қомағайлылығын көрсететін деректер кездеседі. Мысалы, Г.С.Зеленконың айтуынша бір егеуқұйрық бір жылда 22 кг бидайды жеп, басқа қант, май сияқты азықтардың 37 кг жейді екен. Бір жұп егеуқұйрықтан тараған тұқым бір жылда 17 тонна астық жейді.
Бомбейде элеваторлар мен қамбаларда бір айдың ішінде жарамсыз дәндердің (1500-1600 қап) көп мөлшері жиналып қалады. Бұл қапты тескен егеуқұйрықтар болып табылады. Эксперттердің есебінше Бомбейде 20 млн егеуқұйрықты жою арқылы 900000 адамға азық болатын астықты сақтап қалуға болады. АҚШ-тың мамандары мен БҰҰ сарапшыларының бағалауынша, қазіргі уақытта АҚШ-та 140-170 млн кеміргіштер тіршілік етеді. Олар әр жыл сайын 500-ден 2 триллион долларға дейін зиян келтіреді. Зиянкестермен күрес қоғамының мәліметіне қарағанда өндірісте 30 мыңнан астам адам бар, олар күн сайын тек қана кеміргіштерді жою шараларымен ғана айналысады [4, 5].
800-ден астам кеміргіштермен күрес құралдарын дайындады. Бұл компания 3 мыңнан астам уланған жемтік таратады. Мұның ішінен 2250 түрі әр түрлі құрамдағы антикоагулянттар. Жыл сайын 28-30 млн фунт антикоагулянттар қосылған алдартқыш жем қолданылады. Бұл мөлшер 12 мың тонна болады (Химикал Веск). АҚШ-та химиялық компаниялар 8 млн долларға родентицидтерге шикізат шығарады. Әлем бойынша родентицидтерді сату жылына 100 млн доллардан асады [6, 7].
Отандық зерттеушілердің мәліметтерінде де кеміргіштердің әкелетін орасан экономикалық шығындары жиі кездеседі. Қазақстанның жекелеген шаруашылықтарында егеуқұйрықтардың зиянкестігінің кесірі қалыпты тапшылыққа әкелді. Қазақстанның Солтүстік облыстарының кейбір шаруашылықтарында тек егеуқұйрықтардың өзі үй құстарының 30% балапандарын қырғаны жайлы автор мәлімдейді. Бұрынғы Атырау құс фабрикасы қазіргі Қарлығаш акционерлік қоғамында әр түн сайын егеуқұйрықтар 1200-1300 балапанды қырып, 1500-2000 жұмыртқаны ішіп отырған. Атырау - балық АҚ-да егеуқұйрықтар ай сайын бағалы өнімдерінің 8 тоннасын жеген. Осы автордың мәлімдеуінше егеуқұйрықтар Ақмола фенникс АҚ-на, Ават құс өндірістік серіктестігіне, Құс АҚ-на және басқа да көптеген құс, шошқа шаруашылықтарына орасан шығын келтірген.
Кеміргішітердің келтіретін үлкен санитариялық қауіптілігі және олардың зор экономикалық зиянкестігін тоқтату дератизациялық шаралардың инфекциялық ауруларды таратпаудың алдан алумен қатар ауыл шаруащылығының зиянкестерімен күресудің бір түрі екендігін дәлелдейді. Сондықтан да дератизациялық шаралардың нәтижелі әдістері мен амалдарын жасау маңызы өте зор практикалық қажеттілік болып табылып, бұл мәселенің өзектілігін айқындайды.
Астық дақылдарының зиянкестерімен күресу шараларының ішінде жетекші орынды кешенді-шаруашылық және агротехникалық шаралары алады. Зиянкеске төзімді сорттарды еңгізу маңызды болып табылады. Астық дақылдарына биологиялық күресу шаралары аса қолға алынбағанымен, бұл шара энтомофагтарды сақтау арқылы ғана жүзеге асырылады. Химиялық күресу шарасын қатты залалданған егістіктерде пайдаланылады.
Біздің елде өсімдік қорғау қызметі шын мәнінде 60 - жылдардан бастап қана кең көлемде жүзеге асырыла бастады. Ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ауылшаруашылық дақылдарының негізгі зиянкестерінің көпшілігімен күресу жүйесі жете зерттеліп өндіріске енгізілуде. Осыған орай республикалық облыстық, аудандық өсімдік қорғау станциялары, зиянкестер мен өсімдік ауруларының таралуын болжау және олармен күресу үшін хабар беру пункттері, мемлекеттік өсімдік карантин инспекциялары және басқа да өсімдік қорғау қызметінің жүйесі ұйымдастырылып, жақсарып келеді.
Ауылшаруашылық дақылдарын зиянды жәндіктерден ойдағыдай қорғаудың негізгі шарты оларды бір-бірінен ажырата білу. Одан кейін олардың тіршілік әрекеттерін, яғни биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін білу керек. Сонда ғана зиянкестерге қарсы күрес шараларын дер кезінде тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік туады.
Қорғау шараларын өткізбеусіз тек қана бидай өнімінің зиянды организмдерден жоғалтуы 25-тен 40% дейін құрауы мүмкін. Осыған байланысты республика аумағында фитосанитариялық жағдайды тұрақты бақылау жүзеге асырылады, соның ішінде республикалық бюджеттен жыл сайын 2,5-3,0 млрд.тенге, аса қауіпті зиянды организмдермен және карантиндік объектілермен 3-3,5 млн.га ауданы маңайында күресу шараларын жүргізу үшін бөлінеді.
Ұйымдастырылған - профилактикалық шараларға трипс зиянкесіне қолайсыз жағдай жасау жұмыстарын жатқызуға болады. Мысалы, өсімдік қорғауда бидай трипстерінен қорғау үшін ауыспалы егісті сақтау, өсімдік қалдықтарын жою, терең сүдігер жыртудың маңызы зор. Сондай - ақ алдын алу шараларына топыраққа фосфорлы препараттар енгізу.
Адам өміріне дератизация жүргізуде індетке қарсы және эпидемиологияға қарсы шаралардың маңызы зор [8, 9, 10].
Зоонозды ауруларды тарататын кеміргіштердің көбі-атжалмандар мен тышқандар. Олар 200-ден астам ауру қоздырушысын таратып, адамдар мен жануарларды зақымдайды. Олардың тек санитариялық зияны ғана емес, сонымен қоса экономикалық шығыны да көп болады.
Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау ұйымының сараптаушылырының айтуынша, бүкіл әлем бойынша кеміргіштер жыл бойы 33 млн тоннаға дейін астықты, күрішті жеп зақым келтіреді. Астық тұқымдастардан басқа көкеніс, жемістер, ет, сүт және балық өнімдерінің жұмыртқа, жас балапан, торайлар мен күшіктерді кеміріп зиянын тигізеді. өздерінің бөлінділерімен азықты жегеннен гөрі, 10 есе бүлдіреді.
Қазіргі кезде мұндай кеміргіштерге қарсы күрес жүргізу қиынырақ болып отыр.
Кез-келген шаруашылықта олардың кобеюіне, яғни азық, су, қолайлы орта бәрі бар. Осындай жағдайлар олардың көбеюіне мүмкіндік береді. Нысандарда кеміргіштер аш болмайды, сондықтан алдамыштарды тіптен жемейді. Сонымен қоса, алдамыштарға у қосу, жергілікті мал мен құстарға зиянын тигізуі мүмкін.
Мұндай жағдайлар өте өзекті мәселелер, сондықтан сапалы, әсер етуі тез родентицидтер ойлап табу керек.
Осы сұрақтар дүние жүзілік маңызы бар, қазір бұл мәселелермен БДСҰ, БҰҰ бөлімдері айналысуда.
Ең маңыздасы бұл мәселенің шешімі-жоғары әсері күшті және тәнді родентицидтер тпбу, улылығы жоғары болуы керек.
Қазіргі кезде көптеген зерттеулер жүргізілуде.
Шет елдерде және біздің елдеқолданылып жүрген препараттарды қолдану, шығару, өндірілуі әр түрлі. Сондықтан әр елдегі шығарылған өнімдерді қолдану айырмашылықтарын атап кетсек.
АҚШ мамандары мен ООН сарапшылары қазіргі кезде АҚШ-та 140-170 млн атжалман кездеседі, олар 500 млн 2трлн $ дейін күніне экономикалық шығын келтіреді деп тұжырымдайды. Зиянкестермен күрес ұлттық орталығы - олар кеміргіштермен күресушілер саны 30000 адам дейді. Аталған компаниялар родентицидпен 3000 жуық өнім шығарады. Осылардың ішінде 2250 рецептурасын антикоагулянт құрайды [11, 12].
Тышқан тәрізді кеміргіштермен күресу жұмыстарын жүргізгенде профилактикалық және агротехникалық шаралардың маңызы өте зор. Тышқан тәрізді кеміргіштерге қарсы күресуде олардың зиянкестік әрекетін болдырмаудың бірінші кезектегі кепілі алдын алу шаралары. Оларға егістік жердің топырағын дұрыс өндеу, арамшөптерді отау, астықты төкпей-шашпай жинап алу, егістіктен сабанды уақытыңда тасып әкету, егіс төңірегіндегі қураған шөптерді құрту және т.б. жатады.Механикалық тәсіл - қақпандар мен тұзақтарды пайдалану.Қазіргі кезде биологиялық тәсіл үшін қолданатын жыртқыштардың маңызы өте зор. Бұл жыртқыштар түріне дала бүркіттері, кезқұйрықтар, қаршығалар, үкілер, жапалақтар, ақ тышқандар, күзендер, түлкілер, қарсақтар жатады. Тышқан төрізді кеміргіштер жаппай көбейгенде оларға қарсы уландырғыш еліктіргіштерді қолдануға болады. Олар фосфид мырышы және глифтор.
Тоқалтістерді көктемде және күзде жояды, каптесерлерді жылы мерзімдерде, ал құмтышқандарды көктемнен күз аралығында жоюға болады. Қаптесерлер мен тоқалтістерге карсы уланған бидай мен сұлы араластырылған еліктіргіштерді пайдалануға болады. Бұларға қарсы жою шараларын жүргізгенде 100 кг дәнге 2 кг күнбағыс майы және 5 кг фосфид мырышы қосылса, ал құмтышқандарға қарсы 100 кг дәнге 3 кг күнбағыс майы және 8 кг фосфид мырышы қосылады.
Көктемде олардың шоғырланған жерлерінде күресу шараларын 5-6 адамнан тұратын бригада жаяу атқарады. У шашатын жұмысшылар ашылмалы қақпағы бар бидон және сабының ұзындығы 30 сантиметрдей өлшегіш темір қасықпен қамтамасыз етіледі. Бидонның сыйымдылығы 2 килограмдай, ал өлшегіш қасыққа 5 г жем ілінеді. Бригада мүшелері арақашықтығы 5 м болатын тізбек құрып алға қарай жүреді де зиянкес кеміргіштің сан мөлшеріне карай 5,7,8 немесе 10 метр сайын улы жемді кездескен іннің төңірегіне 2-3 грамнан тастап отырады. Осылай жасақталған бригаданың бір күндік жұмыс өнімділігі 50-60 гекгарға жетеді.
Қазіргі кезде қолданылатын родентицидтердің 90% антикоагулянттар құрайды. Жыл сайын антикоагулянтты алдамыштар 12 мың тоннаға дейін кетеді.
АҚШ химиялық компаниялар родентицид өндіру үшін 8 млн $ бағаланатын шикізат қолданған. Бүкіл әлемдік бағасы 10млн $ жоғары бағаны құрайды.
Дератизацияда қолданылатын препараттардың әсер етуіне байланысты, аса жоғарысын зерттеу 1950-1980 ж.ж. аралығында көп көңіл бөледі. Варфарин және де басқа антикоагулянттар - кумулятивті әсер етеді, кеміргіштерді уландырып 30 жылға дейінгі қолданыста болады. Алайда кейінгі жылдарда кеміргіштердің гигиеналық төзімділігі арта түсті. Дания мен Ұлыбританияда кеміргіштердің варфаринге төзімділігі кең етек алды. Осындай жағдай АҚШ −да байқалған.
Кемiргiштерге қарсы күресте түрлi - биологиялық, физикалық және химиялық әдiстер мен тәсiлдер қолданылады. Биологиялық күрес әдiсi кеңiнен танымал - егеуқұйрықтардың табиғи жаулары (ит пен мысық). Физикалық әдiс - кемiргiштердi әртүрлi қақпандар қою арқылы жою. Химиялық әдiс - кемiргiштердi жоюға улы заттарды қолдану (родентицидтер) ең көп қолданылады және өте тиiмдi болып табылады. Тұрғындардың ерекше назарына - елдi-мекендерде кемiргiштердi жою (дератизация) жөнiндегi iс-шаралар (қауiптiлiгi 3-класс, уыттылығы орташа, бромадиолон-0,25%, клерат, ланират, бараки т.с.с. улар) барысында кездейсоқ уланудан сақтану үшiн, тек арнайы дезинфекциялық ұйымдардың бiлiктi мамандарының көмегiмен жүргiзiлуi тиiс. Дезинфекциялық заттар кемiргiштердi қызықтыратын дәндi дақылдар немесе тағам өнiмдерi, улы жемдер түрiнде қолданылады. Кемiргiштердiң ағзасына түскен удың әсерiнен қан қоюланып, қан тамырлары микротесiлiп, iшкi органдарға қан құйылып, денелерi iсiнiп, масайып, айналаны шатастырып, табиғи сақтығын жоғалтып, адамдардан үрiкпей, ашық жерлердi кезiп, немесе ұясына барып тығылып, 5 - 7 күннiң iшiнде өледi. Сондықтан тұрғындардың көздерiне уланған, шалажансар егеуқұйрықтардың жиi түсетiнiнiң себебiнен олардың саны көбейiп кеткендей көрiнiп, ақпарат құралдарына шағымданып жатады. Уыттылығы қауiптi родентициттер (1-2 класс) елдi мекендерде адамдар мен жануарларға зиянды болғандықтан, қолдануға рұқсат етiлмейдi. Ал уыттылығы 4 класс родентициттер құрамында улы заттар аз мөлшерде болғандықтан, тұрғындарға қолдануына шек қойылмайды. Инновациялық технологияның өркендеуiне байланысты, нысандарда және тұрғын үй-жайларда кемiргiштердi үркiту қасиетi бар құралдарды, тұрмыстық және өнеркәсiптiк ультрадыбысты құрал-жабдықтарды тұрғындардың қолдануының тиiмдiлiгi жоғары, бағасы қолжетiмдi болып табылады. Мұндай құрал-жабдықтарды тұрғын үйлермен қатар әр түрлi шаруашылық қоймаларда қолданған тиiмдi.
Соңғы 10 жылдықта кеміргіштермен күрес мәселелері көп өзгеріс алды. Бірақ жалпы бағыты өзгерген жоқ.
АҚШ, Англия, ФРГ, Жапония елдерінде жаңа препараттарды ойлап тауып, мақала етіп жариялауда [13].
2.2 Дератизация, оның түрлері мен санитариялық-эпидемиологиялық маңызы
Дератизация (латын des-жоямын, ratus егеуқұйрық) әртүрлі ауруларды тасымалдаушы болып табылатын және шаруашылықтарға үлкен зиян тигізетін егеуқұйрық пен тышқан тәрізді кеміргіштермен күресу шараларының жиынтығы.
Тышқан тәрізді кемірушілер (егеуқұйрық немесе тышқан) азық көп жерде тез көбейеді, 25 күндік егеуқұйрықтар жыныстық жетіліп, жылына 7-8 рет туады, әр туғанда 6-12 ден, ал тышқан жылына 10 рет туады да, әр туғанда 8-10 тышқаннан туады. Олар инфекция және инвазия қоздырушыларын таратады. Бұдан басқа кемірушілер, ет және ет өнімдерін, жұмыртқаны, балапанды, жаңа туған торайларды жеп қойып, құрылыстарды бұзып, науаларды немесе малды күтуге қолданылатын құрал-жабдықтарды, электр және басқа байланыс жерлерін кеміріп тастайды [14, 15].
Кеміркіштер, қоршаған ортаға инфекциялық ауру қоздырушыларын бөліп отырады. Осының салдарынан олар мал ішетін суды ластайды. Шошқалар кемірушілердің өлекселерін жей отырып әр түрлі ауруларға шалдығады.
Егеу құйрық пен тышқандар-туляремия, лептоспироз, лестериоз және т.б. көптеген ауру қоздырушыларың қоры екені анықталған. Мал қоражайларына бұл ауру қоздырушыларын қоршаған ортаны микроппен ластайтын, бактерия алып жүруші егеуқұйрықтар мен тышқандар алып келеді. Сонымен қатар кемірушілер сібір жарасы, шошқа тілмесі, сальмонеллез, құтырық, трихофития, трихинеллез сияқты аурулардың тасымалдаушысы болып табылады.
Кеміргіштер 200-ден аса адамдар мен жануарлардың жұқпалы және паразитарлық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушы болып табылады. Кеміргіштердің адаммен және малмен тығыз байланыста болуы, олардың арасында барлығына ортақ қауіпті аурулардың таралу қаупі жоғары (оба, күйдіргі, және т.б.). Жалпы алғанда олар адамға 50 ден астам ауру түрлерін таратады.
1996 ж ғана әлемде обамен ауырған 1300 адам тіркелген. Бруцеллезге сау емес шаруашылықтарда кеміргіштердің зақымдануы 60% құрады, олар негізінен бактерия тасымалдаушылар. Кеміргіштер листериоздың және лептоспироздың негізгі таратушы көзі [16, 17, 18].
10-40% жағдайда олар тасымалдаушылар, ал эпизоотиялық ошақтарда олардың зақымдануы 85% жетеді.
Кемірушілердің тез көбейетіндігіне байланысты олармен күресті жоспарлы және жүйелі түрде жүргізіп отыру қажет.
Санитариялық профилактикалық шараларға мыналар жатады: кемірушілердің үңгірлерін, суын, азығын жою, қоражай ішін, сыртын, ауласын таза үстау, азық қалдықтарын уақытысында тазалап отыру қажет [19].
Дератизация негізінен екіге бөлінеді:
1. Профилактикалық шаралар,
2. Жою шаралары.
Профилактикалық шараларға:
- Санитариялық-техникалық шаралар жүргізу:
- құрылыс-техникалық нормаларының сақталып, кеміргіштердің ғимаратқа енуіне және індерін салуға кедергі жасау. Құрылыс жүргізгенде еден астында, төбе жабынында бос кеңістік қалдырмау;
- кеміргіштерді азықтан, судан айыру арқылы олардың көбеюіне кедергі жасау;
- азық пен суды кеміргіштерден қорғау.
- Санитариялық шаралар жүргізу (қораларды, территорияны ластамау және б.), тәртіп пен тазалықты сақтау, әсіресе ет сақтайтын және ет соятын жерлерде. Санитариялық шаралардың ең маңыздысы қалдықтарды дұрыс өңдеу (өртеу, компостау, өңдеу).
- Агротехникалық шаралар - кеміргіштердің өмірі мен көбеюіне кедергі жасайды (арамшөптерді жою, жерді дұрыс жоспарлау, уақытында егінді жинау).
Жою шараларына:
Физикалық әдіс (кеміргіштерді жалпы жоймайды).
Кеміргіштерді әртүрлі алдап ұстауға негізделген механикалық құралдар - қақпандар, буындырғыштар (кеміргіштер аз болғанда ыңғайлы), т.б. қолданылады. Бұл тәсіл қорада да әрі басқа территорияларда да жүргізіледі. Сонымен қатар механикалық әдіске кеміргіштердің інін сумен толтыру (сарышұнақтарға қарсы), жабысқақ композицияларды (конифоль және костов майы, литографиялық лак, қою сірне) және электрлік қондырғыштарды ("электродератизаторлар") қолдану жатады. Бұл әдісті: территорияларда, қораларда кеміргіштердің бар-жоғын және дератизация шараларының тиімділігін анықтау үшінде қолданады [20, 21].
Физикалық әдіс әртүрлі стационарлы және тасымалданатын ультрадыбыстық қондырғыларды немесе қорғаныс дератизациялық жүйелерді пайдаланады (алайда тиімділігі өте төмен). Үркіткіштер кеміргіштерді қорқытатын ультрадыбысты шығарады, ал дератизациялық қорғаныс жүйелері кеміргіштер жақындаған кезінде импульсті тоқпен ұрады.
Физикалық әдіс химиялық немесе биологиялық әдістермен қосылып пайдаланылса оның тиімділігі жоғары болады.
Биологиялық әдіс кеміргіштердің табиғи жауларын (ит, мысық) және адамға қауіпсіз бактериалды культураларды қолдануға негізделген.
Бактериалды культуралар ретінде көбінесе сальмонеллалар қолданылады. Оларды ет пептон сорпасында, сүт немесе ашытқы сұйық ортасында, құрғақ және жартылай құрғақ сүйек үгінділері орталарында өсіреді. Бактерия өсінділерін азық алдамыштары ретінде қолданады.
Ауру кемірушілердің жаппай өлімімен аяқталады. Бұл бактериялардың препараттары 6-19 тәуліктен кейін 100% тышқандарды, 60-90% егеуқұйрықтарды жояды [22, 23].
Аралас әдіс
Кеміргіштерді жоюдың ең тиімді әдісі, себебі антикоагуляциялық әсері бар улы заттарды бактериалдық культурамен бірге қолданады. Бұл мақсатта бактериалық культуралар мен зоокумариннің қосылысы - бактокумаринді пайдаланады.
Нағыз бактериалды препараттардан бактокумариннің ерекшелігі бактериялардың қоректік орталарын сілтілі реакция жасау үшін қолданылатын сілтінің орнына зоокумариннің натрий тұзын қосады. Қолдануға дайын бактокумаринде бактерия культурасына теріс әсерін тигізбейтін 0,07-0,15% концентрациясында у болады.
Химиялық әдіс ең тиімді әдіс болып табылады. Ол улы заттарды қолдануға негізделген. Улар организмге ену жолдары арқылы өкпелік, ішектік (алдамыштық және алдамыштық емес) болып бөлінеді [24,25].
Химиялық дератизациялық заттарға төмендегілер жатады: зоокумарин, зоокумариннің натрий тұзы, фентолацин, дифенацин (ратиндан), крысид, мырыш фосфиді, теңіз пиязы, мышьяк препараттары, натрий және борий фторацетаты және т.б. Бірақ ет және сүт өнеркәсіп орындарында бұл препараттардың барлығын бірдей қолдануға болмайды.
Дератизация барысында жануарлардың улану мүмкіндігі төмен зоокумарин, ратидан және фентолоцин препараттарымен уланғанда, у қайтарғыш зат ретінде малдарға К витаминін (викасол) береді.
Зоокумарин-антикогулянтар тобына жататын интерферентті негізді улар құрамасы. Соңғысы ретінде сүйек ұнтағын, коалин, тальк және крахмалды қолдануға болады. Дайын препаратты 1% құрылым (смесь) ретінде шығарады. Сыртқы тұрпаты жағынан, препарат ақ немесе сұр түсті ұнтақ, суда ерімейді. Зоокумарин немесе анттикоагулянт, мал организмінде протромбиннің түзілуін тежейді, сонымен қатар перифериялық қан трамырлардың қабырғасын зақымдайды, осының салдарынан көптеген қанталаулар болып, кемірушілер геморагиялық диатезден өледі [26].
Зоокумариннің натрий тұзы-суда жақсы еритін, сары түсті ұнтақ. Оны құрғақ, ауасы тазартылып тұратын құлпы бар бөлмеде А тізімі бойынша сақтайды. Зоокумариннің натрий тұзы кемірушілердің организмін дәл зоокумарин тәрізді зақымдайды. Уды қабылдаған мал, 3-15 тәулік аралығында өледі.
Фентолацин-суда ерімейтін, сары түсті, улы кристалды зат. Препараттың жоғары ретицидті және кумулятивті антикоогулянтты қасиеті бар.
Дератизациялау үшін, индиферентті негізді толтырғышы бар (тольк, каолин, сүйек ұны) техникалық фентолациннің ұнтақ түріндегі қоспасын қолданады.
Егеуқұйрықтар тышқанға қарағанда фентолацинге сезімталдығы жоғары болады, олар алғашқы 3-10 тәулік ішінде, қанталау нәтижесінде өлімге ұшырайды.
Дифенацин (ратиндан) - жоғары антикоагулянтты белсенділігі бар, суда ерімейтін сары түсті кристалды зат.
Дифеноцинді, бір рет қолданылатын жайлап әсер ететін және кумулятивті қасиеті бар у ретінде қолданылады. Көпреттік летольдық доза, бір реттік дозаға қарағанда бірнеше есе төмен болып келеді. Оның организмге әсері зоокумарин тәрізді.
Қазіргі кездегі нормативтік құжат бойынша, дератизация кезінде қолданылатын препараттар міндетті түрде Қазақстан Республикасының ресми тіркелуінен өтуі қажет. Осындай родентицидті препараттардың тізімі соңғы жылдары жиі өзгеруде. Өйткені кейбір препараттар жаңадан қабылданып тіркеліп жатса, ал кейбіреулері тізімнен алынып тасталып жатады. 2002 жылдың 1 қаңтардағы тізімі бойынша, медицина және ветеринария саласындағы дератизациялау үшін қолданылатын препараттар, 9 препаратпен шектелген. Олар: мокумин, гельцин, индиан-флюид, крелат, Протект Б, бараки, ланират, мырыш фосфиді жатады. Азық өндіретін кәсіпорындарда ракумин қолдану ұсынылған [27].
Ракумин - құрамында 0,75% концентрациялы куматераилы бар көгілдір түсті ұнтақ. Егеуқұйрықтарға улы әсері, зоокумаринге қарағанда жоғары, ал этифеноцин мен дифенацинге қарағанда төмен болып келеді.
Азықтық еліктіргіштер - құрамында улы химикаттары бар азықтық еліктіргіштер дератизацияда кеңінен қолданылуда. Оларды даярлау үшін нан, әр түрлі ботқалар, қайнатылған картоп, еттен және балықтан жасалған фарш, яғни құрамында коректік зат пен ылғалы мол азықтық заттар қолданылады.
Улы еліктіргіш заттардың нәтижелігі олардың тағамдық қасиетінің жоғары болуына байланысты. Кеміргіштерді еліктіргіш азықтарға үйрету үшін, оны алдын-ала бұл азықпен тондырамыз. Ол үшін 3-5 тәулік бойы арнайы жерлерге у қосылмаған еліктіргіш азықтарды орналастырып қоямыз. Егеуқұйрықтар алғашқы күні бұндай азықты күдіктеніп жейді. Біраздан соң олар осы азыққа үйрене бастағаннан кейін оларға у қосылған азықтарды береміз.
Тозаңдату - тышқан тәрізді кемірушілермен күресте улы азықтар мен суаттарды бірге қолдану арқылы үлкен нәтиже береді.
2.3 Дератизациялық шаралар және родентицидтер
Мал шаруашылығы нысандарын өңдегенде басты мәселе үй жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жәшік конструкциялары, орналастыру әдісі және орны олардың уланған алдамыштарды үй жануарларының жеуіне жол бермеуі керек.
Шошқа шаруашылығындағы дератизация барлық ауыл шаруашылығы қораларының ішінде шошқа қораларында кеміргіштер ең көп кездеседі. Сондықтан ең алдымен осы қораларда дератизация мұқият жүргізілуі тиіс. Ауыл шаруашылығы жануарларының ішінде шошқалар антикоагулянттарға сезімтал келеді, сондықтан зоокумариннің орнына дифенацин, этилфенацин, изоинданды пайдаланған жөн. Дератизациядан кейін қорада санитариялық жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Дератизация дұрыс жүргізілген жағдайда кез-келген шошқа қорасындағы кеміргіштерден 3-4 апта ішінде құтылуға болады [28, 29].
Құс шаруашылығындағы дератизация. Құс қоралары да кеміргіштердің көптеп кездесетін орындарының бірі. Тауықтардың антикоагулянттарға кеміргіштерге қарағанда сезімталдығы аз. Биологиялық олар кеміргіштерге қарағанда бұл уларға он есе тұрақты. Бірақ антибиотиктер мен кокцидиостатиктерді пайдаланғанда құстардың организмінде К витаминінің синтезі төмендеп, олардың антикоагулянттарға сезімталдылығы артады. Сондықтан алдамыштардың азыққа қосылып кетпеуін қадағалау қажет. Құстарды еденде өсіру жүйесінде алдамыштарды арнайы жәшіктерге салып, олардың жанын диаметрі 6-8 см тесіктер жасап қояды. Алдамыштан басқа жәшіктің түбіне антикоагулянттардың дустарымен сеуіп қояды [30].
Басқа да нысандардың дератизациясы
Сиыр, бұзау, қой, жылқы қораларында жүргізілетін дератизацияда да улы алдамыштар пайдаланады. Алдамыштарды жануарлар тиіспейтін орындарға қояды. ІҚМ мен қойлар антикоагулянттарға тұрақты. 100-200 мг мөлшерінде бірнеше рет қабылданған у оларға әсер етпейді.
Қоралардың айналасындағы территорияда дератизация жүргізу үшін онда ең алдымен тиісті санитариялық тазалықты сақтау қажет. Алдамыштарды жабайы құстар мен аңдар жеп қоймау үшін арнайы ағаш жәшіктерге салады. Жәшіктерді әрбір 50м сайын, қоршауды бойлай, автокөліктердің дезбарьерлерінің қасында, қалдық жиналатын алаңдарда, оңаша жерлердің бәріне қойып шығады. Дератизациялық алдамыштардан басқа жолдарды тозаңдау, індеріне улы көбіктер шашу, жабысқақ массаларды пайдалану да қолданады [31, 32].
Егеуқұйрық, тышқан сияқты зиянкестерді құрту, ел жиі қоныстанған аумақтарды олардан тазарту инфекциялық аурулар мен егеуқұйрықтардан түсетін экономикалық нұқсанды болдырмау үшін жасалады. Алматы қаласы аумағындағы ауылдық дератизацияға бюджеттік қаражат қарастырылған. Осыған орай, Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың ережелеріне сай зарарсыздандыру, дәрілеу, жою жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу жүзеге асырылады. Ұйымдастыру-әдістемелік басқару мен дератизациялық шараларды қадағалауды Алматы қаласының тұтынушылар құқығын қорғау департаменті атқарады.
Ауылдық дератизацияның дератизациялық шаралары екі кезеңде өтеді - көктемдік және күздік кезеңдер. Алматы қаласы аумағындағы аудандар жаппай дератизациялаудың бірінші кезеңі аудандар қимасындағы жалпы аумағы 47330 га құрайды, оның ішінде ашық аумақтар (өзен, су қоймаларының, жыра-сайлардың жағасы, бақтар, саябақтар, арық жүйесі, қоғамдық көлік аялдамалары, контейнерлер алаңы) - 32338 га жеке сектор төңірегі - 14992 га немесе 138017 үй.
Ағымдағы жылы ЖК Garant+. дератизация қызметтерін көрсету конкурсының жеңімпазы болды. Дератизацияға сертификатталған мамандар басқаратын 8 бригада жұмылдырылды. Қазақстан республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген Бромадиолон 0,25% препараты негізіндегі улы тұзақтар (жемдер) пайдаланылады.
Бромадиолон 0,25% негізінде жасалған айқын қызғылт түсті жем егеуқұйрықтар мен тышқандарға қатысты жоғары родентицидты белсенділікке ие. Кеміргіштер 1-2 күн ішінде уланған жемнің өлтіретін дозасын алады. Улану белгілері антикоагулянттарға сай: қан кетулерге, ал 4-14 күннен соң өлімге апаратын қан ұюының төмендеуі. Мұндай ұзақ уақыт әсер ету тәжірибелік көзқарас тұрғысынан өте маңызды. Себебі кеміргіштер у әсерін ұзақ уақыт сезбейтіндіктен, дәріні қайта-қайта қолданып, тайпаластарын да уды жеуге ертіп әкеледі.
Егеуқұйрықтар адамдар мен жануарларға қауіпті бактериялық және вирустық инфекциялардың тасымалдаушылары болып табылады.
Родентицидтер - (лат. rodentis - кеміргіш, caedo-өлтіремін) кеміргіштерді жоюға арналған улы препараттар.
Барлық улар шығу тегіне қарай өсімдік тектес және синтетикалық болып бөлінеді.
Барлық синтетикалық родентицидтер үлкен екі топқа бөлінеді: жіті және созылмалы (антикоагулянттар) әсер ететін препараттар.
Жіті әсер ететін препараттардан жасалған алдамыштарды бір рет жегеннен кейін кеміргіштердің өлімі туындайды. Оларға: күкіртқышқылды барий, мырыш фосфиді, сары фосфор, мышьяк қосылыстары, т.б. бейорганикалық қосылыстар жатады.
Сонымен қатар өсімдік тектес органикалық заттар: сциллирозид, крысид, тиосемикарбазид, промурит, барий және натрий фторацетаты, т.б.жатады.
Созылмалы (кумулятивті) әсер ететін препараттардың әсері ұзақ, латентті кезеңмен сипатталады. Бұл препараттар жануардың организмінде біртіндеп жиналып, уақыт өте келе организмде биохимиялық және патологоанатомиялық өзгерістерге, нәтижесінде өлімге әкеледі. Оларға: зоокумарин, кумахлор, дикумарол, дифенацин, фентолацин, т.б. препараттар жатады.
Біртіндеп әсер еткен жағдайда кеміргіштердің сақтанушылығын туғызбайды. Кеміргіштер желінген алдамышты улы жем мен ауру шығу аралығын аңдымай қалады да, жемді жей береді. Сол себепті антикоагулянттар жоғары нәтижелі болады.
Зерттеу нәтижесінде практикаға мынадай препараттар ұсынылды: Pival [пивал] (C14H14O3)-2 пивал 1,3 - индадион; Furamin [Фурамин] - (C17H14O5) - 3 альфаацетоанилфурамил және гидроксикумарин; Dihacinone [Дифациноне]-(С29Н16О3) дифенилацетил -1,3 - индадион; РМР (C14H14O3) -2 Ca-калций тұз - 2 -- изоварил -1,3-индадион.
Көптеген фирмалар әр түрлі препараттар шығарды: таза, таңдаулы, күштіленген және дебасқа антикоагулянттар. Оларға: Ramin Green [Рамин Гринн], D-con [Ди-кан], Vacor[Вейкор], Rodex [Родекс], Rozol [Розол], Sorexo CR [Сорекс] және басқалары. Барлық аталған препараттар антикоагулянт ретінде жасалған. Басқа препараттармен қосып бергенде, олардың әсері күшті болады [33, 34, 35].
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz