Қан айналым жүйесі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Циклді емес қозғалыстағы спорт түрлеріне физиологиялық сипаттама

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800- мамандығы - Дене шынықтыру және спорт

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І Тарау. ЦИКЛДІ ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІМЕН АЙНАЛЫСАТЫН СПОРТШЫЛАРДЫҢ БҰЛШЫҚ ЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖІКТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
0.1. Атқарылып жатқан жұмыстың қуаттылығы және бұлшық ет жиырылуының қуатпен қамтамасыз етілуі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
1.0.1. Жұмыстың максималды қуатының аймағы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
2.0.2. Жұмыстың субмаксималды қуатының аймағы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
3.0.3. Үлкен қуаттағы жұмыс аймағы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.0.4. Орташа қуаттағы жұмыс аймағы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ Тарау. ЦИКЛДІ ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1.Спорттық жүріс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Жүгіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3.Жүзу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4.Ескек есу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5.Конькимен жүгіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.6.Шаңғымен жұгіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .
2.7.Велосипед спорты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .
ІІІ Тарау. ЦИКЛДІ ЕМЕС ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..
3.1.Секіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2.Лақтыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3.Ауыр зат көтеру(көздеу) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.4. Ату (көздеу) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.5.Спорттық гимнастика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.6.Көркемдік гимнастика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.7.Акробатика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.8.Батутта секіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.9.Суға секіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.10.Конькимен мәнерлеп сырғанау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІҮ Тарау. ЦИКЛДІ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ӘСЕРІНЕН АҒЗАДА БОЛАТЫН ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.1. Спортшылардың жүрек қан тамырлары жүйесіндегі физиологиялық
өзгерістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.2. Тыныс жүйесіндегі физиологиялық өзгерістер
4.3 Демеу-қозғалу аппаратындағы физиологиялық өзгерістер
4.4 Нерв жүйесіндегі физиологиялық өзгерістер
4.5 Ағзада зат алмасуындағы және бездердегі ішкі секрецияның физиологиялық өзгерістері

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Адамның дене белсенділігінің маңыздылығы оның денесінің жетілуіне, денсаулығының жақсаруына, дамуына бағытталған, үйлесімді қызметінің жүйесін құрайды. Оның ең негізгі компаненті болып мақсатқа сай бағытталған қозғалыстарының негізі ретінде дене жаттығуларымен шұғылдануы болып табылады.
Қозғалыс ағзаның функционалдық және морфологиялық қамтамасыз етілуінің, сонымен қатар физиологиялық механизмін басқаратын негіз екенін ұмытпаған жөн.
Дене жаттығуларын орындау мақсаты - кез-келген дене сапаларын, қабілеттіліктерді дамытуға негізделген. Сонымен қоса ол адамның қозғалыс қабілетінің, денсаулығының жақсаруына, қозғалыс дағдыларын дұрыс орындауына, еңбек сүйгіштікке үйретуге және т.б. ең басты жеке және жалпы өнегелі сапаларын жетілдіруге бағытталған.
Кез-келген тіршілік иесі сияқты адам да қозғалысқа деген туа бітті қажеттілік бар. Қозғалыс белсенділігінің арқасында адамның жалпы көңіл-күйі, еңбекке деген қабілеті артады, онда өмірдің кез-келген қиындықтары мен ауру сырқауды оңай жеңу мүмкіндігі пайда болады. Адамның дене белсенділігі қаншалықты қарқынды болған сайын, оның денсаулығы соншалықты жақсара түседі. Адамның дене белсенділігі кардио-респераторлы жүйені нығайтып, жүрек қантамырлары мен тыныс алу мүшелерінің бейімделу мүмкіндігін жоғарлатады, ағзаның дене жүктемесіне қарсы тұруын қамтамасыз етеді, қан айналымы жақсарып, қоректік заттардың аэробты, анаэробты тотығуы жылдамдайды, зат алмасу процесі жақсарады. Сонымен бірге вегетативті жүйке жүйесінің тонусы көтеріледі, эндокринді жүйенің қызметтері жақсарады, гормондардың бөлінуі қалыпқа түседі.
Қазақстан Республикасы классификациясына сәйкес іс-қимыл белсенділігіне қатысты барлық спорт түрлері бес негізгі топқа бөлінеді: күш-жылдамдықты,циклдік, күрделі координациямен, спорттық ойындар және жекпе-жектер. Мұндай бөлінудің негізінде іс-әрекетті сипаттаудың ортақтығы, демек, осы не басқа топқа жататын спорт түрлеріне қойылатын талаптардың ортақтығы жатады.
Циклды спорт түрлері - төзімділікті ерекше көріністі білдіретін спорт түрлері (жеңіл атлетика, жүзу, шаңғы жарыстары, коньки тебу спорты, есудің барлық түрлері, велосипед спорты және басқалар), олар әр циклдың негізінде тұратын қозғалыс фазаларының қайталанып тұруымен және әр циклдың алдыңғысымен және келесісімен тығыз байланыста болатындығымен ерекшеленеді. Циклды жаттығулардың негізі болып автоматты түрде белгіленетін бір қалыптағы қозғалтқыш рефлексі болып табылады. Өз денесінің кеңістікте орнынан ауыстыру мақсатында жасалған қимылдардың циклді қайталануы - циклды спорт түрлерінің мазмұны. Сонымен, циклды жаттығулардың ортақ белгілері:
1. Бірнеше фазадан тұратын бір циклды қайта қайта қат-қабат қайталау;
2. Бір циклдың қимылдарының барлық фазалары жүйелі түрде басқа циклда қайталанады;
3. Бір циклдың соңғы фазасы келесі циклдың қимылының бірінші фазасының басы болып табылады;
Циклды спорт түрлерімен айналысу кезінде көп қуат жұмсалады, ал жұмыстың өзі жоғарғы қарқындылықпен орындалады. Бұл спорт түрлері метаболизмді, арнайы тамақты талап етеді, әсіресе марафондық дистанцияда энергетикалық негіздердің көмірсудан (макроэнергетикалық фосфаттар, гликоген, глюкоза) майларға ауыстырылып қосылуы. Бұл зат алмасу түрлерінің гормональды жүйесінің бақылауын болжауда, солай да еңбекке қабілеттілікті фармакологиялық дәрі-дәрмектермен түзуде атқаратын мәні зор. Бұл спорт түрлеріндегі жоғары нәтиже бірінші кезекте жүрек қан тамыр және тыныс жүйелерінің қызметтік мүмкіншіліктеріне, гипоксемиялық жылжуға ағзаның тұрақтылығына, спортсменнің шаршағандыққа қарсы келуге жігерлі қабілетіне байланысты.
Жеңіл атлетика - циклды спорт түрі, ол жүрудің, жүгірудің, секірудің, лақтырудың және осы спорт түрлерінен жасалған көп сатылы жарыстардың жаттығуларын біріктіреді.
Ежелгі грек тілінен орыс тіліне аударғанда атлетика сөзі күрес, жаттығу деген мағынаны білдіреді. Ежелгі Грецияда күш пен шапшандылықта жарысатын адамдарды атлет деп атайтын. Қазіргі уақытта атлет деп физикалық тұрғыдан жақсы дамыған, күшті адамдарды атайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі біздің қоғамымызда тақырыпқа байланысты көптеген зерттеулер жүргізіліп, әңгіме қозғалуда. Адамның дене белсенділігі жайында газет, журналдарда көптеген ой-пікірлер жазылып жүр. Адамдардың дене белсенділігін жетілдіруде арнайы жаттығулар кешендері қарастырылып, негізделген. Сонымен қоса жалпы адамдардың дене белсенділігін, қозғалыс қызметтерін, физиологиялық және морфологиялық ерекшеліктеріне саналы талдау мәселелеріне атақты орыс физиолог ғалымдары Н.А.Бернштейн қозғалыс белсенділігі жайында, В.Б.Шварц және В.М.Зациоркийдің егіздердің күш, жылдамдық, төзімділік сапалары жайында, К.Бернар адамның дене белсенділігі жайындағы және т.б. ғалымдардың еңбектері жарық көрген.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Дене белсенділігінің адам өмірі үшін, оның денсаулығы үшін қаншалықты маңызды екендігін түсіндіру, адамдардың дене белсенділігіне деген көзқарастарын қалыптастырып дамыту және осы қимылдардың әсерінен ағзада орын алатын физиологиялық өзгерістерді көрсету. Зерттеу барысында олардың морфологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жасына байланысты дене белсенділігін анықтау.
Жоғарыда нақтыланған мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысында алға қайған төмендегідей негізгі міндеттер өз шешімін тапты:
- адам ағзасының негізінде жатқан ағзалық қызметінің нәтижесімен ерекшеленетін және адамның қызметтік қозғалысының қалыптасуына әсер етуші биологиялық жине әлеуметтік ерекшеліктерін анықтау.
- жас ерекшелігіне байланысты адамның бұлшық еттері мен қаңқа сүйектерінің дамуының жалпы белгілерін анықтау.
әртүрлі жастағы адамдардың дене белсенділігін жүйелі саралап жоғарғы нәтижеге қол жеткізу.
Зерттеу объектісі. Қазіргі таңда адамның дене белсенділігі жайында, осыдан барып туындайтын адамның денсаулығына байланысты көзқарастар дамып келуде. Дене белсенділігі балалардың, жасөспірімдердің және үлкен адамдардың, яғни нәрестелік жастан, көрілік жасқа дейінгі денсаулығының, еңбекке деген жалпы алғанда өмірге деген құштарлығының айғақ көрінісі болып табылады.
Циклдық спорт түрлерімен айналысу адам ағзасына жан-жақты әсер етеді, бұлшық еттің бірқалыпты дамуына себепші болады, жүрек қан тамырлары, тыныс және нерв жүйелерін, демеу қозғалтқыш аппаратты жаттықтырады және нығайтады, зат алмасуды жоғарылатады. Сонымен қатар жеңіл атлетиканың жаттығулары күшті, жылдамдықты, шыдамдылықты дамытады, буындардағы шапшаңдылықты жақсартады, ағзаның шынығуына себеп болады. Атлетиканың негізі болып адамның табиғи қимылдары табылады. Жеңіл атлетиканың атақтылығы мен кең таралуы жеңіл атлетика жаттығуларының жалпы жетімділігімен және әр түрлілігімен, жасау техникасының қарапайымдылығымен, жүктеменің түрлену мүмкіншілігімен және сабақтарды кез келген жыл мезгілінде тек спорт алаңдарында емес, сондай-ақ табиғи жағдайларда өткізуге болатындығымен түсіндіріледі. Жеңіл атлетикамен айналысудың сауықтыру мағынасы олардың көбінесе ашық ауада өткізілуімен күшейтіледі.
Жұмыстың мақсаты: циклды спорт түрлерінің жеңіл атлетика мысалында негізгі физиологиялық сипаттамасын бейнелеу, циклды спорт түрлерінің адам ағзасына әсерін көрсету.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс Кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. ЦИКЛДІ ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІМЕН АЙНАЛЫСАТЫН СПОРТШЫЛАРДЫҢ БҰЛШЫҚ ЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖІКТЕЛУІ.

3.1 Атқарылып жатқан жұмыстың қуаттылығы және бұлшық ет жиырылуының қуатпен қамтамасыз етілуі.

Циклдық спорт түрлерінде кез келген бұлшық ет қызметі жасалынады, және онда барлық бұлшық ет топтары қатысады. Бұлшық ет түрлерінің көптеген классификациялары бар. Мысалы, бұлшық еттің жұмысын бұлшық еттердің жиырылған, бірақ қозғалыс болмайтын жағдайда статикалық, ал бұлшық еттердің жиырылып, дене мүшелерінің бір біріне қатысты орнынан ауыстырылған жағдайда динамикалық топтарға бөлінеді. Статикалық жұмыс ағзаны және бұлшық еттерді динамикалықпен салыстырғанда сол қарқындылықпен ұзақтықта шаршатады, себебі статикалық жұмыс кезінде бұлшық еттердің жиырылуына кететін заттектердің қоры толықтырылатын бұлшық еттерді әлсірету фазасы болмайды.
Іске қосылған бұлшық еттердің топтарының санына қарай қимыл әрекеттің жұмысы жергілікті, аймақтық және ғалами сипаттарға бөлінеді. Жергілікті сипаттағы қимыл әрекетте бұлшық ет елінің (әдетте ұсақ бұлшық ет топтары) үштен бір бөлігінен азы ғана қатысады. Бұл, мысалы, бір қолмен немесе қолдың шоқтарымен жұмыс істеу. Аймақтық сипаттағы қимыл әрекетте бір ірі немесе бірнеше ұсақ бұлшық ет топтары іске қосылады. Бұл, мысалы, тек аяқтардың немесе қолдардың жұмысы (жеңіл атлетикада техникаға бағытталған әр түрлі жаттығулар болуы мүмкін). Ғалами сипаттағы қимыл әрекетте жалпы бұлшық елінің үштен екі бөлігінен көбісі іске қосылады. Ғалами сипаттағы қимыл іс-әрекетке циклдық спорт түрлерінің барлығы жатады - жүру, жүгіру, жүзу (бұл қимыл әрекетінде іс жүзінде барлық бұлшық еттер қатысады).
Бұлшық ет елінің неғұрлым көп пайызы іске қосылса, ағзада соғұрлым көп өзгерістер болады, сонымен, жаттығу нәтижесі жоғарылайды. Сондықтан кейбір бұлшық ет топтарына ғана бағытталған күштің жаттығуы тек осы бұлшық еттердің күшеюіне себеп болады, бірақ басқа органдарының қызметіне (жүректің, өкпенің, тамырлардың, иммундық жүйенің органдарына) әсер етпейді.
Барлық кейінгі келтірілетін физикалық жаттығулардың топтастыруларында ағза ғалами сипаттағы жұмысты атқаратындығы көрсетіледі. Физикалық жаттығулардың ең белгілі топтастырулардың бірі - оларды бұлшық ет қысқартылуы үшін қайраттың басым бастауынан бөлінуі. Адам ағзасында қуатты жасайтын заттардың оттегімен (аэробты) және оттегісіз (анаэробты) ыдырауы жасалынады. Шын мәнінде, бұлшық ет жұмысы уақытында заттардың ыдырауының екі түрі де байқалады, бірақ, олардың біреуі, әдеттегідей басым болады.
Бұлшық ет жұмысы уақытында заттардың ыдырауының түріне байланысты қуаттылық көбінесе заттардың оттегімен ыдырайтын аэробты жұмыс, қуаттылық көбінесе заттардың оттегісіз ыдырайтын анаэробты жұмыс және басым болатын заттардың ыдырауының түрі қиын анықталатын аралас жұмысқа бөлінеді..
Аэробты жұмыстың мысалы ретінде көп уақытқа созылатын кез келген аз қарқынды іс-әрекетті айтуға болады. Сонымен қатар біздің күнделікті қозғалыстар. Жалпы жұрттың қабылдауына сәйкес, тамыр соғуының шегі минутына 140-160 соққы болған жағдайда ғана аэробты жүктеме деп есептеледі. Осы тәртіптемеде жаттықтыру толығымен қажетті оттегі мөлшерімен қамтамасыз етіледі, басқа сөзбен айтқанда, спортшы өз ағзасын нақты бір жаттығуға қажетті оттегі мөлшерімен қамтамасыз ете алады. Аэробты жүктеме аймағындағы жаттығуларды орындау оттегі берешегінің жинақталуына және спортшының бұлшық еттерінде сүт қышқылының (лактатаның) пайда болуына әкелмейді. Спорттың циклдық түрлерінде мұндай жұмыстың мысалы - ұзақ жүріс, ұзақ үздіксіз жүгіру (мысалы, асықпай баяу жүгіру), велосипедте ұзақ жүру, ұзақ есу, шаңғыны, конькиді ұзақ тебу және басқалар.
Анаэробты жұмыстың мысалы ретінде көп аз уақытқа (10-20 секунд 3-5 минутқа дейін) созылатын ғана іс-әрекетті айтуға болады. Анаэробты жүктеме - тамыр соғуының шегі минутына 180 соққы және одан жоғары болған жағдайдағы жаттығулар. Әр жеңіл атлет бұлшықеттердің тығыздығы не екенін біледі, бірақ ол қалай түсіндірілетінін әркім түсіне бермейді. Шын мәнінде бұл жаттығу бағдарламаның бұлшық етте сүт қышқылының жинақталуымен орындалатын анаэробты лактатты жүктеменің өзі. Мұндай бұлшық еттердің "тытығыздығын" анаэробты жаттығуларды орындау кезіндегі жиналған сүт қышқылы береді. Лактатаның пайда болуының себебі өте оңай. Шекті және ең жоғары деңгейдегі жүктемелерді орындағанда ағза өзіне қажетті оттегімен толық қамтамасыз етілмейді, сондықтан ақуыздар мен көмірсулардың ыдырауы (майлар ең аз мөлшерде қолданылады) оттегісіз тәртіптемеде жүргізіледі, нәтижесінде сүт қышқылы және басқа да ыдырау өнімдері пайда болады. Бұл, мысалы, қысқа ара қашықтыққа жоғары жылдамдықпен жүгіру, қысқа ара қашықтыққа жоғары жылдамдықпен жүзу, велосипедпен жүру немесе қысқа ара қашықтыққа жоғары жылдамдықпен есу. Бес минуттан көп, бірақ отыз минуттан аз уақытқа жалғасатын үздіксіз аралық іс-әрекеттердің түрлері аралас (оттегісіз-оттегімен) куаттылықты қамтамасыз ететін жұмыстың мысалы болып табылады. "Аэробты" немесе "анаэробты" терминдерді айтқан кезде, бұл жұмысты жекелеген бұлшық еттер емес, бүкіл ағза солай қабылдайды. Ал жекелеген бұлшық еттер мұндай жағдайда қуаттың оттегімен қамтамасыз етілу тәртіптемеде (жұмыс істемейтін немесе іс-әрекетте көп қатыспайтын, мысалы, бет бұлшықеттері) және қуаттың оттегісіз қамтамасыз етілу тәртіптемесінде (осы іс-әрекеттің түрінде ең көп жүктемені орындайтын) де іске қосылады. Дене жаттығулардың кең тараған классификацияларының бірі болып бұлшық ет жұмысын қуат аймақтарға бөлінуін айтса болады.
Дене жаттығулары әр түрлі жылдамдықпен және сыртқы ауырлатудың көлемімен орындалады. Бастапқы деңгейден бастап жылжу көлемімен бағаланатын физиологиялық қызметтердің кернеуі (қызметтің қарқындылығы) өзгермейді. Демек, циклдық түрдегі жұмыстың күштілігіне (Вт немесе кДжмин өлшенеді) қарай физиологиялық жүктеменің спортшының ағзасына әсерін жорамалдауға болады. Әлбетте, физиологиялық жүктеменің көлемі тек өлшенетін, нақты тіркеудегі физикалық жүктеменің көрсеткіштерімен ғана байланысты емес. Ол спортшының ағзасының бастапқы функционалдық ахуалына, оның жаттыққандық деңгейіне және ортаның жағдайына да байланысты. Мысалы, теңіз тегістігінде және жоғары таулардағы жасалған бірдей физикалық жүктеме әр түрлі физиологиялық жылжуларға алып келеді. Басқа сөзбен айтқанда, егер жұмыстың күштілігі нақты өлшеніп, жақсы мөлшерленсе, онда оның физиологиялық жылжулары нақты сандық есепке алынбайды. Физиологиялық жүктеменің болжамын спортшының ағзасының ағымдағы функционалдық жағдайының есебісіз жасауға қиын. Спортшының ағзасындағы дағдылану өзгерістерінің физиологиялық бағасы бұлшық ет жұмыстың ауырлығымен ара қатынаста. Бұл көрсеткіштер физиологиялық жүктемеге және спортшының орындайтын жұмысының күштілігіне сәйкес физикалық жаттығулардың бөлек жүйелерге және бүкіл ағзаға топтастырылуында ескеріледі.
Циклдық жаттығулар бір бірінен спортшылардың атқаратын жұмыстарының күштілігімен ерекшеленеді. В.С.Фарфельдің топтастырылуына сәйкес, келесі циклдық жаттығулар анықталады: жұмыстың ұзақтығы 20-30 секундтан (200 м. дейін спринтті жүгіру, 200 м. дейін велотректегі гит, 50 м. дейін жүзу және т.б.) аспайтын максималды күштілік; 3-5 минутқа созылатын (1500 м. жүгіру, 400 м. жүзу, 1000 м. дейін тректегі гит, 3000 м. дейін коньки тебу, 5 минутқа дейін есу және т.б.) субмаксималды күштілік; 30-40 минутпен шектелетін (10000 м. дейін жүгіру, велотрек, 50 км. дейін велошабу, 800 м. - әйелдер, 1500 м. - ерлердің жүзуі, 5 км. дейін спорттық жүру және т.б.) үлкен күштілік; 30-40 минуттан бастап бірнеше сағатқа дейін спортшы шыдайтын орташа күштілік (шосседегі велошабулар, марафондық және жоғары марафондық жарыстар және т.б.). В.С.Фарфель (1949) ұсынған циклдық жаттығулардың топтастырылуының негізіндегі күштіліктің өлшемі автордың өзі көрсеткендей, нақты емес. Шын мәнінде, субмаксималды күштілікке сәйкес келетін аймақта спорт шебері 400 метрді төрт минуттан аз уақытта жүзіп өтеді, ал жас спортшы сол ара қашықтықты 6 минут және одан көп уақытта жүзіп өте алады, сонымен үлкен күштілік аймағындағы жұмысты атқарады. Циклдық жұмыстың күштіліктің 4 аймағына белгілі нобайлы бөлінуіне қарамастан, ол шындыққа сәйкес келеді, себебі, әр аймақ ағзаға белгілі түрде әсер етеді және өзінің физиологиялық ерекшеліктері болады. Сонымен қатар, әр түрлі циклдық жаттығулардың ерекшеліктерімен аз сәйкестелетін, функционалды өзгерістердің әр күштілік аймағына тән келетін жалпы заңдылықтары болады. Бұл, жұмыс күштілігінің бағалауына қарай спортшының ағзасына белгілі жүктеменің әсері туралы толық мағлұмат алуға мүмкіншілік береді. Әр түрлі жұмыс күштілігінің аймақарына тән көптеген функционалды өзгерістер, көбінесе, жұмыс істеп тұрған бұлшық еттердегі қуат айналыстарының жүрісімен байланысты.
Физикалық белсенділіктің кез келген түрі белгілі мөлшердегі қуаттың жұмсалуын талап етеді. Бұлшық ет жиырылуыға қажет қуаттың тікелей жалғыз қайнар көзі қызметін аденозинтрифосфат (АТФ) атқарады. Бұлшық еттегі АТФ қоры көп емес және олар 0,5 секунд ішінде бірнеше бұлшық ет жиырылуына жеткіліксіз. АТФ-тың ыдырауында аденозиндифосфат (АДФ). Бұлшық ет жиырылуы ары қарай жалғасуы үшін, АТФ-тың ыдырау жылдамдығымен бірдей тұрақты қайта құрылу керек.
Бұлшық ет жиырылуындағы АТФ-тың қайта құрылуы оттегісіз (анаэробты) жасалынатын реакциялар арқылы, сонымен қатар оттегі пайдаланумен байланысты (аэробты) клеткалардағы қышқылдандыру процестері арқылы жүзеге асырылады. Бұлшық еттегі АТФ мөлшері азая, ал АДФ - көбейе бастағанда, АТФ-тың қайта құрылуының креатинфосфатты қайнар көзі іске қосылады.
Оттегісіз жасалатын (анаэробты жолмен) АТФ-тың қайта құрылуының ең жылдам жолы болып креатинфосфатты қайнар көзі саналады. Ол басқа жоғарғы энергетикалық қоспаның - креатинофосфаттың (КрФ) арқасында лезде АТФ-тың қайта құрылуының қамтамасыз етеді. Бұлшық еттегі КрФ-тың мазмұны АТФ-тың концентрациясына қарағанда 3-4 есе жоғары. АТФ-тың қайта құрылуының басқа қайнар көздерімен салыстырғанда, КрФ қайнар көзінің күштілігі басымырақ, сондықтан ол энергияны аз уақытта бұлшық ет жиырылуында жарылғыш сипатта қамтамасыз етуде шешуші рөлді атқарады. Мұндай жұмыс бұлшық еттегі КрФ қоры тауысуына дейін жалғасады. Бұған шамамен 6-10 секунд кетеді. Жұмыс істеп тұрған бұлшық еттегі КрФ ыдырауының жылдамдығы жасалынып жатқан жаттығудың жылдамдығы немесе бұлшық ет кернеуінің мөлшеріне тікелей байланысты.
Бұлшық еттегі КрФ қоры шамамен 13 мөлшерде тауысқанда (бұған шамамен 5-6 секунд уақыт кетеді), КрФ есебінен болатын АТФ-тың қайта құрылу жылдамдығы азая бастайды және АТФ-тың қайта құрылуына келесі қайнар көз қосыла бастайды - гликолиз. Бұл жұмыстың ұзақтығы көбеюімен болады: 30 секундта реакцияның жылдамдығы екі есе азаяды, ал 3 минутта ол батапқы көрсеткіштің шамамен 1,5 % ғана құрайды.
Гликолитикалық қайнар көз АТФ және КрФ-тың қайта құрылуын көмірсулардың анаэробты ыдырауының есебінен - гликоген және глюколиз қамтамасыз етеді. Гликолиз процесінде қаннан клеткаларға келген гликоген және глюкозаның ішкі бұлшық ет қорлары сүт қышқылына дейін ыдырайды. Сүт қышқылының пайда болуы - гликолиздің соңғы өнімі - тек анаэробты жағдайларда іске асады, бірақ гликолиз оттегінің қатысуымен де жасалады, бұл жағдайда ол пирожүзімді қышқылының жасалу кезеңінде аяқталады. Гликолиз берілген жаттығудың күштілігін 30 секундтан 2,5 минутқа дейін қамтамасыз етеді.
АТФ-тың гликолиз есебінен қайта құрылу кезеңінің ұзақтығы гликоген және глюкоза қорларымен емес, сүт қышқылының концентрациясымен және спортшының жігерлі ынтасымен шектеледі. Анаэробты жұмыс кезіндегі сүт қышқылының жинақталуы жаттығудың күштілігі мен ұзақтығымен тікелей байланыста болады.
Тотықтырғыш (оксидативтік) қайнар көзі АТФ-тың қайта құрылуын оттегінің митохондрия клеткаларына үздіксіз түсім жағдайында қамтамасыз етеді және энергияның ұзақ қайнар көздерін пайдаланады. Олар, бұлшық ет клеткаларына капиллярлы жүйе арқылы жеткізілетін көмірсулар (гликоген және глюкоза), аминоқышқылдар, майлар. Аэробты процестің ең көп қуаты оттегінің клеткаларда игерілуінің жылдамдығына және ұлпаларға оттегінің жеткізілуінің жылдамдығына тәуелді.
Митохондриялардың ең көп саны (оттегінің "игерілуінің" орталығы) баяу жиырылатын бұлшық ет талшықтарында анықталады. Бұлшық еттерде жаттығуды жасау кезіндегі жүктемені алып жүретін осындай талшықтардың пайызы жоғары болған сайын, спортшылардың аэробты күштілігі барынша көп және олардың ұзаққа созылған жаттығуларының нәтижелерінің деңгейі жоғарырақ болады. АТФ-тың қайта құрылуы көбінесе 6-7 минутқа созылатын жаттығуларды жасаған кездегі тотығудың түпдерегі есебінен басталады.
Бұлшық ет жиырылуының қуатпен қамтамасыз етілуі күштіліктің 4 аймаққа бөлінуіне негізгі фактор болып табылады.

Көрсеткіш
Жұмыстың қуатының салыстырмалы аймағы

максималды
субмаксималды
үлкен
орташа
Шекті ұзақтық
20-25 с. дейін
25с ден
3-5 мин дейін
3-5 мин тан 30 мин дейін
30 мин көп
Оттегі тұтынуы
Шамалы
Максималдыға жоғарылайды
Максималды
Қуатқа пропорционалды
Оттегі қарызы
Шамамен субмаксималды
Субмаксималды
Максималды
Қуатқа пропорционалды
Өкпенің ауа алмастыруы және қан айналысы
Шамалы
Субмаксималды
Максималды
Қуатқа пропорционалды
Биохимиялық жылжу
Субмаксималды
Максималды
Максималды
Шамалы
Бұлшықеттердегі зат алмасу ерекшеліктері.
Бұлшықеттердегі көмірсулардың алмасуы тыныштық кезінде көмірсулардың гликогенге айналуын ал күшті жұмыс істеген кезде осы гликогенді және қанмен түсетін глюкозаны энергия көзі ретінде жұмсауға бағытталған. Дегенмен негізгі энергетикалық мұқтаждықтар барлық бұлшықеттер үшін майлардың тотығуы нәтижесінде түзілген жоғары май қышқылдарының β - тотығуымен қамтамасыз етіледі. Жоғары май қышқылдары митохондрияға, яғни β- тотығу жүретін жүрге карнитиннің көмегімен жеткізіледі. Ал жүрек бұлшықеті қызу жұмыс кезінде, сүт қышқылдарын тотықтыру арқылы да энергиямен қамтамасыз етіледі. Сүт қышқылы жүрекке қаңқалық бұлшықеттерден қан арқылы түседі. Жоғары май қышқылдарынан басқа бұлшықеттер, әсіресе жүрек еттері бауырдан қан арқылы түсетін кетондық денелерді қолдана алады.
Жүрек бұлшықеттері осы жолмен өзіне энергияняы көптеп өндіреді. Ұзаққа созылған, біркелкі жылдамдықпен жүргізілетін бұлшықеттердің жұмысы көмірсулардың және майлардың кетоболизмін қажет етеді. Инсулин қан глюкозасын бұлшықет клеткаларына өткізіп, тотығу процесіне қатысып, энеогия көзі болуына жағдай жасайды. Катехломиндер гликогеннің жұмсалуын, май көздеріндегі майлардың липолизін жылдамдатып, бұлшықеттердегі β-тотықтыруды активтендіреді.
Бұлшықеттерде синтездік процестер өте аздап жүреді: тек қана гликогенез, пируваттан аланиннің синтезі сияқты процестер жүреді. Бұлшықеттердегі гликолиз қайтымсыз, пентоофосфаттық жол жүрмейді, май қышқылдары және триглицеридтер синтезделмейді. Бұлшықеттердегі гликогеннің қоры көп емес, сондықтан олар қызу жұмыс істеген кезде түзілетін энергияның белгілі бір шегі бар. Сонымен қатар сүт қышқылының көбеюі, АТФ - тың гидролизі, осылармен тікелей байланысты рН- тың төмендеуі, қатты жұмыс істеген кезде t°- ның көтерілуі, бұлшықеттердегі метоболизмді баяулатады. Бұлшықеттердің шаршауы ״метоболиттік қарыз״ деген ұғымды тудыралы. Осы ״метоболиттік қарызды ״ жою үшін , қатты жұмыс істеп біткеннен кейін де бұлшықеттерде О2 қолдану жылдамдығы жоғары болады.
Теманың актуальдығы. Бұлшықеттердің молекулалық механизмінің зерттелуі биофизиканың қызықты проблемаларының бірі болып табылады. 50 - жылдардың ортасына қарай ұйғарым бойынша бұлшықеттердің жиырылу теориясы, бұл процестің негізінде миозиндік бастардың циклдік қатынастары жатыр немесе көлденең көпірлер жуан жіпшелерден қатысады, жіңішке жіпшелердің негізін құрайды. Бұл қарым - қатынастар саркомердің қысқаруына алып келеді, ал жіпшелердің ұзындығы тұрақты болып қала береді. Бұл маңызды процеске қарамастан , соңғы жылдардағы жетістіктер, ерекшелігі, актиннің атомдық үш реттік конструкциясының құрылуы, миозиндік кіші бастар және актин - миозиндік комплекс, көптеген маңызды детальдар көлденең көпірлердің жұмысының механизмі кезінде белгісіз болып қалады. Бұрынғыдай толық түсінік жоқ, әсіресе қандай конформациондық өзгерістер актин - миозиндік процестердегі күштердің дамуына байланысты немесе бұлшықет клеткаларының қысқаруы және АТФ гидролизінің химиялық энергиясы механикалық жұмыста қандай әдіспен құрылады.
Бұлшықеттердің молекулярлық жиырылу механизмінің проблемасының зерттелуі мыналардан тұрады, ең алдымен, актин - миозин моторының механикалық функциясы бұлшықеттердің молекула үстілік құрылымының сақталуын анықтауына мүмкіндік береді. Ал зерттеулер бойынша оқшауланған қысқартылған белоктар биохимияның барлық әдістерін қолдана отырып және молекулалық биологияда да механикалық функция туралы жанама ақпарат беруге қабілетті.Басқа жағынан алатын болсақ, актин - миозин комплексіндегі конформациондық өзгерістер құрылымдық жүйеде зерттелуі, механикалық жұмысты іске асыруға қабілетті, бұлшықет талшығы немесе миофибрилдер өте үлкен қиындықпен тіркеседі. Осындай жолмен, бұлшықеттердің жиырылуы макроскопиялық механикалық процестері және қясқартылған белоктардағы молекулалардың құрылымдық ақпараттарымен бірге осы өзара байланыстарда актуальды знрттеулер жүргізуге болады, яғни олар бұлшықеттердің механикалық функциясының негізінде жатады , яғни демембраналық бұлшықет талшықтарында , бұл ортаның құрамы болып табылады. Қысқартылған белоктарды талшығымен экспериментаторлар бақылап отырады , ал механикалық функция сақталады. Клеткалардың мөлдір мембраналарымен бірге қолданылуы стационарлық емес кинетикадағы қарапайым әдісті қодануға мүмкіндік береді , яғни синхронизация процестеріндегі импульсивті фотолиз заттары мен температураның көтерілуі сияқты , яғни бұлар бөлек миозиндік молекулаларда жүреді. Кіші бұрыштық дифракция рентгендік сәулелер әдісі бұлшықеттердегі құрылымдық өзгерістерді зерттеу үшін молекулалық деңгейдегі ең қолайлы , тиімді әдіс болып табылады. Мықты синхротрондық рентгендік сәулелер негізін қолдану арқылы және тез әсер ететін электрондық детектор арқылы интенсивті ең жарық рефлекстер өзгерісі бақаның біркелкі интактты клеткасынан субмиллисекундық уақытша рұқсат етумен өлшеуге алынған. Осы зерттеулер нәтижесінде бұлшықет жиырылуының көпір теориясының дұрыстығы 1971 жылы А. Хаксли және Симон сияқты ғалымдардың болжамдарымен сәйкес келді. Осы рентгендік дифракция техникалары арқылы бұлшықет талшықтарындағы біркелкі интактты клеткаларды зерттеуіне мүмкіндік туды және талшықтардағы құрылымдық өзгерістер мөлдір мембрана арқылы зерттелуіне мүмкіндік туды. Мұндай талшықтарда инициализация үшін және механикалық деформация жағдайындағы температураның жоғарылауында қолдануға болады. Мұндай жағдайда күш генерациясы изотермиялық жағдайда өтеді , яғни жуан және жіңішке жіпшелер араласпайды. Механикалық процестердің зерттеу нәтижесінде , бұлшықеттердің оқшауланған қысқартылған талшықтарында жоғарғы амплитуданың шақырылуы температураның жоғарылуы мынаны көрсетті , яғни бұл мінездемелер механикалық деформациялар арқылы ерекшеленеді.

3.1.1 Жұмыстың максималды қуатының аймағы

Бұл жұмыстың қуаты спортшының барынша физикалық мүмкіншіліктеріне жетуімен ерекшеленеді. Бұл үшін көлденең жолақты жүрекет ұлпасындағы қуатпен максималды қамтамасыз етілуі қажет, ол тек анаэробты процестермен байланысты. Іс жүзінде барлық жұмыс макроэргтардың, жартылай - гликогеннің ыдырауының арқасында жасалынады, себебі, бірінші бұлшық ет жиырылулары олардың құрамында сүт қышқылының пайда болуымен бірге жүретіні белгілі.
Жұмыстың ұзақтығы, мысалы, 100 м жүгіруде қанның айналысы азырақ уақыт алады. Бұл жұмыс істеп тұрған бұлшық еттердің оттегімен қамтамасыз етілуі жеткіліксіздігін айқындайды.
Уақыттың аздығынан вегетативті жүйенің қалыптасуы аяқталып үлгермейді. Бұлшық ет жүйесінің толық қалыптасуының тек локомоторлы көрсеткіштерге қарап айтуға болады (жылдамдықтың, темптің және старттан кейінгі қадамның ұзындығының өсуі).
Жұмыстың аз уақытқа созылуына байланысты ағзадағы функционалды ауытқулар көп емес, олардың кейбіреулері сөреден кейін көбейеді.
Максималды қуаттағы жұмыс қан мен несептің құрамында көп өзгеріс тудырмайды. Қан құрамындағы сүт қышқылының мөлшері аз уақытқа ғана көтерілуі (70-100 мг. %), жалпы циркуляцияға шыққан депонирді қанның арқасында болатын гемоглобин пайызының аздап көтерілуі, қант құрамының аздап көтерілуі байқалады. Соңғысы, физикалық жүктемеге қарағанда көбінесе эмоционалды фонмен белгіленеді (мәреге дейінгі жағдай). Несептің құрамында белоктың іздері байқалады. Жүрек жиырылуының жиілігі сөреден кейін минутына 150-170 одан да көп қағысқа дейін жетеді, артериалды қысым 150-180 мм.рт.ст. дейін көтеріледі.
Максималды қуаттағы жұмыс кезіндегі тыныс көпке көбеймейді, бірақ үлкен оттегі берешегінің нәтижесінде жүктеменің аяқталғанынан кейін қатты өседі. Солай, өкпенің ауа алмастыруы сөреден кейін минутьына 40 және одан көп литрге өсе алады.
Оттегі мұқтаждықтың көлемі ең ақырғы көлемге жетеді, 40 литрге дейін. Бірақ, бұл абсолютті көлемі емес, оның бір минутқа, демек, бұл қуаттағы жұмысты атқара алатын ағзаның мүмкіншіліктерін асыратын уақытқа есептелген. Жұмыс аяқталғанда, пайда болған үлкен оттегі берешегімен байланысты, жүрек қан тамырлары және тыныс жүйелерінің функциялары біраз уақытқа күшейтіледі. Мысалы, газ алмасуынан кейінгі спринтерлік ара қашықтыққа жүгіру 30-40 минуттан кейін нормасына түседі. Бұл уақытта көптеген басқа функциялар мен процестердің қайта қалпына келуі аяқталады.

3.1.2 Жұмыстың субмаксималды қуатының аймағы

Максималды қуаттағы жұмысқа қарағанда, бұл ұзығырақ жүктемеде, қан айналымы және тыныс жылдам күшейтіледі. Бұл физикалық жұмыс жасаған кезде көп мөлшердегі оттегінің бұлшық еттерге жеткізілуін қамтамасыз етеді. Оттегі пайдалануы жұмыстың 3-5 минуттың соңында шекті немесе соған жақын өлшемге жетеді (минутына 5-6 литр). Қанның минуттық көлемі 25-30 литрге дейін өседі. Бұған қарамастан, бұл қуат зонасындағы оттегінің сұрауы шын мәнінде пайдаланған оттегіден әлдеқайда жоғары болады. Ол 25-26 лмин. жетеді. Демек, оттегі берешегінің абсолютті көлемі 20 және одан көп литрге жетеді, максималды мүмкіндік десек болады. Бұл сандар субмаксималды қуаттағы жұмыста ағзада спринтерлік дистанцияларға қарағанда азырақ, анаэробты процестер аэробтылармен салыстырғанда басым болады. Бұлшық еттердегі қарқынды гликогенолиздің нәтижесінде қанның құрамында сүт қышқылы көп мөлшерде жинақталады. Оның қандағы үлесі 250 және одан көп мг. % барып жетеді, қандағы рH қатты жылжуы қышқыл жаққа қарай ауысады (7,0-6,9 дейін). Қандағы қышқыл-сілтілі тепе-теңдіктің қатты жылжуына суды плазмадан бұлшық еттерге ауысуының және тер шығу кезінде жоқ болуының нәтижесінде болатын осмотикалық қан қысымының жоғарылауы қосылады. Мұның бәрі жұмыс уақытында нерв жүйесі мен бұлшық еттердің іс-әрекетке жағымсыз жағдайларды тудырып, олардың жұмысқа қабілеттіліктерін төмендетеді.
Бұл қуат зонасының өзіндік ерекшелігі - кейбір функционалды жылжулар ең көп мөлшерге жетіп, бүкіл жұмыс уақытында жоғарылайды (қандағы сүт қышқылының құрамы, қандағы сілтілі қордың төмендеуі, оттегі берешегі және басқалар).
Қандағы сүт қышқылының құрамы қысқа және орташа дистанцияларға жүгіргеннен кейін (Н.И.Волков бойынша)

Көрсеткіштер
Дистанция (м)

100
200
400
800
1500
Жылдамдық (мс)
Сүт қышқылы (мг %)
8,92132
8,47198
7,72227
6,89211
6,29163

Жүрек жиырылуының жиілігі 190-220 мм рт. ст. жетеді, өкпенің ауа алмастыруы 140-160 лмин. дейін жетеді. Субмаксималды қуаттағы жұмыстан кейін ағзадағы функционалды жылжулар 2-3 сағат уақытында жойылады. Артериалды қан қысымы тезірек ретке келеді. Жүрек жиырылуының жиілігі және газ алмастыру көрсеткіштері кейінірек тұрақтандырылады.

1.1.3 Үлкен қуаттағы жұмыс аймағы.

Бұл 30-40 минутқа созылған жұмыс қуатының аймағында барлық жағдайда өндіру кезеңі толық аяқталады, және барлық функционалды көрсеткіштер кейін жеткен деңгейде сөреге дейін тұрақтанады.
Жүрек жиырылуының жиілігі өндіруден кейін минутына 170-190 соққы құрайды, қанның минуттық көлемі шамамен 30-35 литр болады, өкпенің ауа алмастыруы минутына 140-180 литр деңгейінде тұрақталады. Сонымен, жүрек қан тамырлары және тыныс жүйелері өздерінің мүмкіншіліктерінің шегінде жұмыс атқарады. Бірақ бұл аймақтағы жұмыс қуаты аэробты қуатпен қамтамасыз етудің деңгейін біраз асырады. Оттегі пайдалануы осындай жұмысты орындаған кезде минутына 5-6 литрге көбейсе, оттегі қоры бұл сандардан асып кетеді, соның салдарынан оттегі берешегі өседі, ол, әсіресе, дистанцияның соңына табан сезіледі. Шамамен, көп емес оттегі берешегі кезде ( оттегі мұқтаждықтың 10-15 %) жүрек қан тамырлары және тыныс жүйелері көрсеткіштерінің тұрақтануы жалған тұрақты жағдай деп белгіленеді. Үлкен қуаттағы жұмыс уақытында болатын аэробты процестердің көлемі көбейгенімен байланысты, спортшының қанында субмаксималды қуаттағы жұмыс кезіне қарағанда өзгерістер азырақ болады. Сонымен, сүт қышқылының көлемі 200-220 мг % жетеді, рН 7,1-7,0 дейін жылжиды. Үлкен қуаттағы жұмыс кезіндегі қандағы сүт қышқылының шамамен азырақ мөлшері оның сыртқа шығару мүшелерімен байланысты (бүйректермен және тер бездерімен). Қан алмасу және тыныс мүшелерінің қызметі көп уақытқа дейін үлкен қуаттағы жұмыстан кейін де жоғары болып тұрады. Оттегі берешегі жойылуына және гомеостаздың қалпна келтірілуіне 5-6 сағаттан кем емес уақыт қажет.

1.1.4 Орташа қуаттағы жұмыс аймағы.

Шынайы тұрақты жағдайдың басталуы орташа қуаттағы динамикалық жұмысқа тән ерекшелік деп саналады. Оттегі мұқтаждығы мен оттегі пайдалануы арасындағы тең ара қатынас деп түсінуге болады. Демек, көбінесе бұлшық еттегі гликогеннің тотығу есебінен қуат босатылады. Одан басқа, ұзақтығына байланысты, тек осы жұмыс аймағында қуат көздері болып липидтер есептеледі. Бұлшық ет қызметіндегі қуатпен қамтамасыз етілуінде белоктардың тотығуыда мүмкін. Сондықтан, марафоншылардың сөреден кейінгі тыныс коэффициенті әдетте бірден төмен болады.
Аса ұзақ дистанциялардағы оттегі пайдалануының көлемі әрқашан олардың максималды көрсеткіштерінен төмен қойылады (70-80 % деңгейде). Кардиореспираторлы жүйедегі функционалды жылжулар үлкен қуаттағы жұмыстарға қарағанда шамамен азырақ. Жүрек жиырылуының жиілігі, әдетте, минутына 150-170 соққыдан аспайды, қан көлемі минутына 15-20 литрге тең келеді, өкпенің ауа алмастыруы 50-60 лминутына құрайды. Қандағы сүт қышқылының мөлшері жұмыстың басында елеулі түрде жоғарылайды, 80-100 мг % жетеді, кейін нормаға түседі. Бұл қуат аймақтың ерекшелігі болып, әдетте жұмыстың басынан 30-40 минуттан кейін дамитын, гипогликеминнің басталуы саналады, онда қандағы қант құрамы дистанцияның соңына табан 50-60 мг % дейін азаюы мүмкін. Сонымен қатар, 1 куб. мм дамымаған түрдегі лейкоциттердің саны 25-30 мыңға жететін жағдайда пайда болатын лейкоцитоз байқалады.
Спортшылардың еңбекке қабілеттіліктерінің жоғары болуы үшін бүйрекбездердің қыртысты қабатының қызметі өте маңызды. Ұзақ уақытқа созылмайтын қарқынды физикалық жүктемелер глюкокортикоидтердің мөлшерінің көбеюіне алып келеді. Орташа қуаттағы жұмыс кезінде, көп уақытқа созылуымен байланысты, бастағы күшеюден кейін бұл гормондардың өнімдерінің өспей қалуы байқалады (А.Виру). Аз дайындалған спортшыларда бұл реакция әсіресе қатты байқалады.
Марафонды дистанцияларды жүгіруде біркелкілік сақталмаса, немесе қырлардан өту уақытында оттегі пайдалану оттегі мұқтаждықтан шамамен артта қалады және жұмыстың тұрақты қуатына ауысқан жағдайда толықтырылатын, азғана оттегі берешегі пайда болады.Марафоншылардың оттегі мұқтаждығы, әдетте, дистанцияның соңында сөреге жақындағандағы жылдамдатумен байланысты. Орташа қуаттағы жұмыс кезінде көп тер шығуының нәтижесінде, ағзадағы көп су мен тұздар кетеді, ол су-тұздық тепе-теңдіктің бұзылуына және еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне алып келеді. Бұл жұмыстан кейінгі жоғары газ алмасуы көп уақыт бойы байқалады. Қалыпты лейкоцитарлы формуланың және еңбекке қабілеттіліктің қалпына келтірілуі бірнеше күнге дейін жалғасады.

ІІ Тарау. ЦИКЛДІ ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

Жүру, жүгіру, жүзу, ескек есу кезінде конькимен жүгіргенде, шаңғы, велосипед жарысында қозғалыстар циклдік қозғалыста болады.
Осы спорт түрлерінің әрқайсысында жаттығу кезінде физиологиялық өзгерістердің ерекшелігі қашықтық ұзақтығына байланысты. Циклді жұмыс қуаттылығына және ұзақтығына байланысты 4 аймаққа бөлінеді.
Әртүрлі қуаттағы циклді жұмыс кезінде организмге әртүрлі талаптар қойылады және жүйелерде әртүрлі құрылымдық-қызметтік өзгерістер болады. Мысалы, сылбыр қуаттағы жұмысқа машықтану жалпы төзімділікті арттырады және аэробты жұмысты өндіруді жоғарылатады. Жоғары қуаттағы жұмысқа машықтану тездік пен күшті дамытады, анаэробты мүмкіндікті жоғарылатады.
Физикалық жаттығулардың циклді түрі адам организміне жасына және дайындық деңгейіне байланысты әртүрлі әсер етеді. Адам организміне спорт түрінің әсер етуі жаттығу және жарыс өтетін жердің жағдайына байланысты. Мысалы, шаңғы тебу, коньки тебу және жүзу спорттың басқа түрлерімен салыстырғанда денені шынықтырады.

2.1.Спорттық жүріс

Бұл спорттың түрінде жарыс 10-нан 50 км-ге дейінгі қашықтыққа жүргізіледі. Бұл спортшылар сылбыр қуаттағы циклді жұмысты орындайды. Спорттық жүрістің жай жүрістен ерекшелігі қозғалыстың күрделі техникасы және едәуір үлкен қашықтық. Жүгіруге өтіп кету - қателік болып табылады.
Қимыл аппараты. Спортшының бұлшық еті аэробты жағдайда жұмыс істеуге бейімделген. Ұзақ тірек фазасы аяқтың бұлшық еттерінің қимылдық-қызметтік жағдайына әсер етуі мүмкін. Оларда бұлшық ет кернеуі жоғары дәрежеде дамиды.
Тыныс алу жүйесі және энергия жұмсалуы. Тыныс алудың жеделдетілуі минутына 70-80 литр. Оттегі қажеттілігі - минутына 4 литр. Спорттық жүрісте энергия шығыны өте жоғары. 50км дистанцияға жүргенде 2000-2500ккал энергия жұмсалады.
Қан айналым жүйесі. Жүрек соғу жиілігі мәреге жеткенде минутына 150-180 рет соғады, жұмыс қуаты өскенде минутына 200-220 рет соғады.
Қан жүйесі. Қанда эритроциттер және гемоглобин мөлшері көбейеді. Миогенді лейкоцитоздың 2-ші нейтрофильді фазасы басым. Сүт қышқылының концентрациясы жоғары. Сілтілі резерв біршама төмендейді.
Зәр шығару жүйесі. Тері бездерінің қызметі өте қарқынды. Судың көп жұмсалуы (терлеу) зәр түзілудің азаюына әкеледі. Зәрде белок пайда болады.

2.2.Жүгіру (жеңіл атлетті)

Жүгіру - жекелей тірек фазасының ұшу фазасымен кезек алмасуынан тұратын табиғи қимыл.
Қозғалыс техникасы бойынша қысқа қашықтыққа жүгіру күрделі. Әсіресе сөре жылдамдығын алуға үйрету қиын.
Жеңіл атлетті жүгірудің қысқа, орта, ұзақ және өте ұзақ дистанциялары - жоғары, субмаксимальді, үлкен және сылбыр қуаттағы циклді жұмыстарға тән мысалдар. Әсіресе 100 метр дистанцияда - жоғары, 800-1500 метр дистанцияда - субмаксималды, 5000 метр дистанцияда - үлкен, марафондық дистанцияда - сылбыр қуаттағы жұмыстар айқын байқалады. Қалған дистанциялар аралық болып табылады. Жүгіру жылдамдығына байланысты олар әр түрлі қуаттағы жұмыс аймағына кіруі мүмкін.Мысалы, 28-29 минутқа тең нәтиже кезіндегі 10000 метр жүгіру үлкен қуаттағы жұмысқа жақын. Егер бұл дистанцияны созуға 30 минуттан көп уақыт жұмсалса, онда сылбыр қуаттағы жұмысқа жатады.
Орталық жүйке жүйесі. Жаттығу процесі нәтижесінде жүгірушіде жүгіру техникасы негізінде жататын жүйке процесінің бір сарынды динамикалық стереотипі қалыптасады.
Анализатор. Жарыс жағдайында жүгірушіге қарсыласының әрекетін тез және дәл қабылдауы, спорттық процестің барлық жағдайын және бұлшық еттер күшін дәл реттеуі қажет. Ойлы-қырлы жермен және кедергімен жүгіру кезінде көру және проприорецептивті талдау қызметі жоғарылайды.
Қимыл аппараты. Әртүрлі дистанцияға жүгіру кезінде бұлшық еттерге әртүрлі талаптар қойылады. Жедел жүгірудің нәтижесі ең бастысы тірек-қимыл аппаратының құрылымдық-қызметтік жағдайына байланысты. Спринт спортшының бұлшық еттері жерден көтерілу қуатын қамтамасыз ететін күшті игеруі керек, сонымен қатар бұлшық еттің жарылыс сапасын анықтайтын тез жиырылуға және жылдам-күштік сапаны нәтижелі орындауға және жүгірудің ең жоғары жылдамдығына жетуге мүмкіндік беретін тез босаңсуға қабілетті болуы керек.
Жоғары класты спортшылардың бұлшық ет күші, олардың "жарылыс" сапасы және әсіресе бұлшық еттің тез босаңсу қабілеті төменгі дәрежелі спортшыларға қарағанда жоғары. 1-сурет
1-сурет. "Жарылыс сапасы" Әр түрлі дәрежелі спринттердің санының төртбасты бұлшық еттерінің қызметтік қасиеті (В.В.Высочин бойынша).
Штрихталған бағана - спорт шеберлерінде;
Ақ бағана - бірінші разрядты спортшыларда;
А - бұлшық еттің жиырылу жылдамдығы;
Б - бұлшық еттің барынша жоғары күші;
В - бұлшық еттің босаңсу жылдамдығы.

Қадам ұзындығы мен жиілігі әр түрлі жүгірушілерде әр түрлі. Дистанциядағы қадам жиілігі - жылдамдыққа байланысты болатын маңызды факторлардың бірі.
Спринт спортшының бұлшық еттері ең бастысы анаэробты жағдайдағы жұмысқа бейімделуі тиіс. Мұндай жағдайда АТФ-тың қалпына келу қарқыны дистанция бойында жылдамдықты ұстап тұру үшін маңызды қызмет атқарады.

10 А Б В

9

8

7

6

5

4

Орташа дистанцияға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарларда жүрек құрылымының морфологиялық түрлері
Қан айналу жүйесі
Қан айналымының үлкен шеңберінің тамырлары
Қан топтарының түрлері және оның сипаттамалары
Қан айналым шеңбері
Жүрек пен қан тамырлары физиологиясы
Балалардың бас ми инсульті кезіндегі гемостаздың бұзылысы және оның үстемелі емі
Тамырлар бойымен қан қозғалысының жалпы физика-математикалық заңдылықтары
Ана құрсағындағы баланың дамуы
Жатырдағы төлдің қан айналым ерекшеліктері
Пәндер