Орман өсу жағдайы


Нормативтік сілтемелер
МЕСТ 18486-87 Орманшылық. Терминдер мен анықтамалар
МЕСТ 17. 8. 1. 01-86 Табиғат қорғау. Ландшафттар. Терминдер мен анықтамалар
МЕСТ 17. 6. 1. 01-83 Табиғат қорғау. Ормандарды қорғау және күзету. Терминдер мен анықтамалар
МЕСТ 58004-2017 Орманды қалпына келтіру. Техникалық жағдайлар
МЕСТ 19S4-93 Итмұрын жемістері. Техникалық жағдайлар
МЕСТ 21450 75 Қара қарақат жемістері
МЕСТ Р 50246-92 Марал оты шөбі. Техникалық жағдайлар
Анықтамалар
Ағаш - діңі анық ажыратылатын, бүйір бұтақтары мен төбе өркені тар-мақталған көп жылдық өсімдік. Бұтақтарының бүкіл жүйесі мен діңінің тармақтары бірлесіп желекті құрайды.
Ағаш отырғызу - бір немесе бірнеше сүрек тұқымдарының ормандық екпе материалдарын орман екпелерін өсіру мақсатында отырғызу.
Ағаш өсіруге жарамды топырақ - сортаңдану белгілері жоқ, күшті кар-бонатты қабаттары жоқ, тамыр өтпейтін топырақ қабаты 2 м-ден көп тереңдікте жатқан, эрозияға ұшырамаған немесе шамалы ұшыраған топырақ.
Ағаш тұқымы - 1) ағаш өсімдіктерінің түрі, тұқымы, тұқымдасы, шаруа-шылық тобы - басты тұқымдар, ілеспелі тұқымдар, қылқан жапырақты тұқым-дар, жапырақты тұқымдар және т. с. с. 2) шаруашылық немесе биологиялық белгілері ұқсас ағаш-бұталы өсімдіктер түрлерінің (сұрыптарының) жиынтығы: ұрықтық, сүйекті, жаңғақ жемісті, субтропикалық және т. с. с.
Ағаштар мен бұталардың биологиялық төзімділігі - ағаштар мен бұта-лардың ортаның төтенше факторларына (топырақ және әуе құрғақшылығы, топырақтың сортаңдануы, нормадан ауытқыған температуралық режим, өнер-кәсіптің зиянды қалдықтары және т. б. ) ықпалына қарсы тұру мүмкіндігі.
Таралу аймағы - жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір түрлерінің кездесетін жер беті бөлігі.
Вегетациялық кезең (латынша vegetatio - қозу) - өсімдіктер белсенді өсіп, дамитын кезең. Белгілі бір жердің өсімдіктері үшін В. к. - бұл өсімдік-тердің белсенді өсіп-өнуі метеорологиялық жағдайлар бойынша мүмкін бола-тын жылдың бір кезеңі.
Гидрофиттер - топыраққа бекітіліп, суға төмен жағымен бататын жоғарғы су өсімдіктері. Бұлар жағалауларды толқындардың әсерінен бұзылудан қорғап бекіту мақсатында қолданылады.
Деградация (латынша «degradatio» - бұзылу) - зиянды табиғи-антропоген-дік процестердің әсерімен қандай да бір ресурстың әлеуетінің жойылуы.
Екпе ағаштар - қолдан егілген ағаш және бұталы өсімдіктер учаскесі.
Жел эрозиясы - тау жыныстарының және топырақтың желдің әсерімен бұзылуы. Желдің қиратушы күші әр түрлі топырақ үшін оның дефляцияға қарсы төзімділігіне байланысты, ал топырақтың дефляцияға қарсы төзімділігі бірнеше факторлармен, ең алдымен топырақ бөлшектерінің механикалық құрамымен және олардың бір-бірімен тұтасу күшімен анықталады.
Жер асты сулары - жер бетінен төменірек орналасқан, жер қыртысының жоғарғы қабатында жатады.
Жерсіндіру - организмдердің (адамның, жануарлардың, өсімдіктердің) тіршілік етуіне қажетті өзгерген географиялық (көбінесе климаттық) жағдайларға бейімделуі.
Инсектицидтер- зиянкес жәндіктермен күресуге арналған.
Ксеромезофиттер- құрғақтан бастап орташа дымқыл жағдайға дейінгі аралық жағдайда өсетін өсімдіктер. Мысалы, қарағай, емен, аласа қияқ және т. б.
Ксерофиттер- қуаңшылық жағдайында өсетін өсімдіктер. Бұлар склеро-фиттер (бетеге және т. б. ) мен суккуленттер (кактустар, сүттігендер, алоэ, молодило және т. б. ) болып бөлінеді.
Қарағайлы орман-жақсы құрғатылған құмды және құмайт топырақта өсетін қарағайлы орманның атауы.
Қарашірік - бірқалыпты қанған және топырақтың минералды бөлігімен тығыз байланысты гумификацияланған органикалық затты бір жерге шоғыр-лайтын қабаттар. Бұлар сұр, қара сұр, қызыл қоңыр және қоңыр түстерге боялған. Көбінесе борпылдақ және құрылымы жақсы болып келеді.
Қатар аралық - қорғаныш орман екпелеріндегі ағаштар мен бұталардың қатарлары арасындағы аралық.
Құрғақшылық - вегетациялық кезең ішінде, әдетте, ауаның жоғары тем-пературасы мен төмен дымқылдығы кезінде орын алатын, топырақтағы ылғал қорының төмендеуіне және соның салдары ретінде өсімдіктердің нашар өсуіне, кейде қурауына әкелетін жауын-шашынның ұзақ уақыт бойы және біраз уақыт болмауы.
Қылқан жапырақ кеміргіш зиянкестері - қылқан немесе жапырақты ағаштарды жаппай жоятын зиянкестер.
Қылқанды ормандар - сүрек діңдерінде көбінесе бір немесе бірнеше қылқанды тұқымдылар белең алатын ормандар.
Ландшафт (немісше «lаnd» - жер, «schaft» - өзара байланысты, өзара тәуелділікті білдіретін жұрнақ) - берік бір жүйені түзе отырып компоненттері (рельеф, климат, сулар, топырақ, өсімдік және жануарлар әлемі) өзара күрделі іс-әрекеттестікте жатқан табиғи географиялық кешен. Өзара іс-әрекеттесетін
Мезотрофты өсімдіктер - құнарлылығы жағынан эвтрофты және олиго-трофты өсімдіктердің арасындағы аралық орынды алып жатқан өсімдіктер (мысалы, шырша және т. б. ) .
Мемлекеттік маңызы бар ормандар - оларға мемлекеттікорман шаруа-шылығы мекемелері қарауындағы орманда, қала ормандары, бекітілген орман-дармен қорық ормандар жатады.
Орман бонитеті - орманның өсіп тұрған жерінің құнарлылығына байла-нысты өнімділігінің көрсеткіші.
Орман желілері - орман қорының орман өсіруге арналған орманды және ормансыз жерлері.
Орман жолағы - орман мелиорациялары функцияларын орындау үшін қолдан отырғызылған, жолақ түріндегі қорғаныш орман екпе ағаштары.
Орман - өздерінің даму барысындағы биологиялық жағынан өзара байланысты, бір-біріне және сыртқы ортаға әсер етуде басымдылығы алатын ағаштардың, бұталардың, топырақ жамылғыларының, жануар мен микроорга-низмдердің жиынтығынан тұратын жағырапиялық жер бедерінің элементі.
Орман өсіру плантациясы - ағаш және бұталы тұқымдардың көшеттерін (ірі көлемді отырғызу материалын) немесе арнайы мақсаттағы екпе ағаштарды өсіруге арналған жер учаскесі.
Орман шаруашылығы - орманды зерделеу мен есепке алу және зерттеу, оларды ұлғайта өсіру, өрттен зиянкестер мен аурудан қорғау, орман пайда-лануды реттеу, орман ресурстарын пайдалануды бақылау міндеттерін атқара-тын халық шаруашылығының саласы.
Орман шаруашылығын қорғау - орман зиянкестерін немесе аурулардың зақымдануына мүмкіндік бермейтін немесе оны кемітетін орман шаруашылық жұмыстарының көмегімен қорғау.
Орманды қорғау - (мемлекеттік орман күзеті) - мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелер жүйесіндегі арнаулы қызмет.
Ормандылық - қандай да бір аумақтағы орман алаңының аумақтың жалпы алаңына қатынасымен анықталатын аумақтың ағаш өсу дәрежесі.
Өркен - сабақтан, оның бойында орналасатын бүршіктерден және жапы-рақтардан (қылқан) тұратын өсімдіктердің негізгі органдарының бірі. Мелиора-циялық тұрғыдан бағалы ағаш және бұталы тұқымдар мен олардың форма-ларының вегетациялық көбеюі кезінде қорғаныш орман өсіруде қолданылады.
Өсімдіктер карантині - карантинденген және басқада қауіп келтіретін бунақденелердің, зиянкестердің, өсімдіктер ауруын қоздырғыштардың және зиянды арамшөптердің таралуынан ел аумағын қорғайты, олардың жойылып кетуінен сақтандыру жөніндегі, сондай-ақ карантин түрлерінің ошақтарын анықтау, таратпау және жою жөніндегі мемлекеттік шаралардың жүйесі.
Пар - белгілі бір вегетациялық кезең аралығында ауыл шаруашылығы дақылдарынан босаған, топырақтың жоғарғы қабатының физикалық күйін жақсарту, арамшөптерді жою мақсатымен өңделетін егіс танабы. Таза және ауыл шаруашылығы дақылдары егілген парлар болып бөлінеді.
Сүрек - сүректі өсімдіктердің діңдерінде, бұтақтарында және тамырла-рында, қабығы мен өзегі арасында орналасқан өткізгіш, механикалық және қор жиюшы ұлпаларының жиынтығы.
Сүрек зиянкестері - сүректің техникалық қасиетін төмендететін зиянкес-тер.
Табиғи жағдайлар - адамзат қоғамының өміріне және қызметіне елеулі маңызы бар факторлардың, күштердің, организмдердің, заттардың, құбылыс-тардың, табиғи орта ерекшеліктерінің жиынтығы.
Таксациялық көрсеткіштер - жекелеген ағаштар мен орман екпе ағашта-рының статистикадағы және динамикадағы биоматематикалық көрсеткіштері мен сипаттамаларының жиынтығы.
Фотосинтез - жасыл өсімдіктердің хлорофилмен сіңірілетін күн жарығы энергиясының көмегімен көмірқышқыл газдан және судан органикалық заттар-ды синтездеуі.
Эталондық қорғаныш орман екпе ағаштары - өсіп шығатын белгілі бір жер жағдайларында барынша мүмкін болатын мелиорациялық және экономикалық тиімділігімен, төзімділігімен және ұзақ өмір сүргіштігімен байқалатын екпе ағаштар.
Белгілеулер мен қысқартулар
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ҚР - Қазақстан Республикасы
ТМД - тәуелсіз мемлекеттер достастығы
КСРО - Кеңестік Соцалистік Республикалар Одағы
ОШММ - орман шаруашылық мемлекеттік мекемесі
ӨББ - өрт бақылау бекеті
ӨХС - орт химиялық станция
РМҚК - Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
ТЖ - төтенше жағдайлар
ППН - плуг плантажный навесной
ПЛ - плуг лесной
ЭТЦ - экскаватор траншейный цепной
м - метр;
м 2 - шаршы метр;
м 3 - текше метр;
см - сантиметр;
га - гектар;
кг - килограмм;
г - грамм
Кіріспе
Алматы облысына қарасты Ұйғыр орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі территориясында ағаш діңінен басқа да шикізат қоры көп (дәрілік өсімдіктер, жабайы алма, жеміс-жидектер, техникалық өсімдіктер) . Оның ішінде шабындық пен жайлымдар да көп жерлерді алып жатыр. Осы жер байлықтарын табиғатқа зиян келтірмей аздап пайдалануға болады. Оларды мөлшермен азайтпай, керісінше көбейту жағдайларын жоспарлап пайдаланса тек қана табиғатқа пайдасы тиетіні түсінікті. Және пайдаланғанда, жалпы қордың әр жерінен ғана алып 4-5 жыл аралықта қайталай отырса табиғатқа зиян келтірмейтіні хақ. Мысалы, бал шаруашылығын неге ұстамасқа, одан тек пайда түсер еді.
Осы көрсетілген орман қорынан түсетін қаржыны туризмді дамыту жұмысына жатқызуға болар еді. Бұған әрине бүгінгі күні үкіметтен қаржы бөлінбейді деуге болады. Шетелдерде туризмнен түсетін қаржы басқадай пайдалардың көзінен не құрылым көп, ал ол бізде тіпті басталмай жатқан сала. Біздің дипломдық жоба осы мәселеге байланысты, оның тек аздаған сұрақтарына жауап ретінде істелген жұмыс. Келешекте туризм дами бастағанда екеуін бірге қарастырып жобалау жұмыстарын бірге жүргізу жағын қарастырмақпыз. Бұл жағынан табиғи бақта жүргізіле бастаған бастама жұмыстарда жоқ емес.
Сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдік түрлерін, олардың жеке түрлерін қорғау биологиялық алуан түрлілікті сақтау жағдайында ерекше маңызды болып саналады. Қазақстан флорасында жоғары сатыдағы 5700-ге жуық түрлері бар, олардың 500-ден астам түрлері қорғау шараларын қажет етеді. Оңтүстікте, әсіресе таулы өңірлерде неғұрлым көп кездесетін, әрі өзіндік ерекшелігі бар өсімдіктерге адамдардың іс-әрекеті қолайсыз әсер етеді. Жылма-жыл көптеген құнды өсімдіктерді дайындау көлемі ұлғайып отыр, мұның өзі ғылыми, шаруашылық және мәдени эстетикалық зор мәні бар түрлерінің жойылуына қауіп төндіреді.
Республиканың мемлекеттік орман қорының жерін жанама пайдалануға мал жаю, шөбін шабу, саңырауқұлақтарды жинау, жабайы өскен жемістерін жинап алу, қылқанды және жапырақты ағаш тұқымдарының шырынын ағызып алу, қо-зықұйрық және жидек жинау, дәрі-дәрмектік, техникалық шөптерді теру, қамыс, қоға дайындау, аң аулау, бал арасын өсіру, құм, тас шым дайындау жатады.
Қазақстан Республикасы өзінің аумақтық-географиялық жағдайының ерекшеліктеріне орай өсімдік шикізатынан алынатын дәрі-дәрмек өндірі үшін болашағы мол база болып табылады. Әр түрлі климаттық аймақтардың, табиғи жасыл әлемінің үлкен алаңдарының астасып жатуы Қазақстанда өсетін 6000-дай өсімдіктің кең ауқымды пайдалануына мүмкіндік береді. Жабайы өсімдік шикізатының 80 пайыздан астамы Қазақстан мен Орта Азияда дайындалады. Қазақстан Республикасында жылына «Қаздәріөнеркәсіп» бірлестігі 500-600 тонна, орман және аң шаруашылығы кәсіпорындары 50-60 тонна, ботаника және фитоинтродукция иниституты-10 тоннаға дейін, табиғи ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ұйымдары 5-7 тонна дәрілік өсімдік жинайды, олардың атауы 100-ге жетеді. Алайда, Қазақстан кәсіпорындарында тек 20 тонна ғана дайындайды, бұл жалпы жинаған мөлшерінің 3- пайызынан да аз [1] . Қалғандары жартылай өңделген немесе өңделмеген түрде экспортқа шығарылады. Және шығарылып жатыр.
1 Орман шаруашылығының ауданы, орналасқан жері. Табиғи-климаттық жағдайы
1. 1 Орман шаруашылығының орналасқан жері мен ауданы
Ұйғыр орман шаруашылық мемлекеттік мекемесі Солтүстіктен Оңтүстікке 88 км, Шығыстан Батысқа 125 км жер көлемін алып жатыр. Бұл территорияда негізінен бір-біріне 10-35 шақырым аралығында елді мекендер орналасқан.
Бірінші аймақ Іле өзенінің жағалауы жазық бір тектес орман орналасқан. Екінші таулы аймақ негізінен оңтүстігінде орналасқан. Үшінші аймақ табиғи орман негізінен Шаған орманы алып жатыр. Бұл аймақ табиғат ескерткіші болып саналады [1] .
Сурет 1. Ұйғыр орман шаруашылық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
Чарын Шаған орман саяжайы орман және аң шаруашылығының өндірістік бірлестігінің Солтүстігінде Іле өзенімен, Оңтүстігінде Алматы облысы Райымбек аудынымен, батысында Еңбекшіқазақ ауданының орман және аң шаруашылығы көлемімен, Шығысында Қытай Халық Республикасының мемлекеттік шекарасымен шектеседі.
Ұйғыр ауданының орман және аң шаруашылығы негізінен үш орманшылыққа бөлінеді. Олар:
1. Шарын орманшылығы
2. Ақсу орманшылығы
3. Кетмен орманшылығы
Сурет 2. Ұйғыр орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің картасы
Ұйғыр орман шаруашылық мемлекеттік мекемесі дала жұмыстарын 1996-1997 жылдары негізінен Қазақтың орман құру мекемесімен арадағы 1996 жылыдың 1 сәуірінде №2 келісім шарт бойынша жүзеге асырып отырады.
Орман құру жобасынан түсініктеме қол хаттардың көлемін біраз қысқарту және кейбір шешілмей жүрген мәселелерді терең талдау жасауда Қазақстанда орман құру мекемесі 1996 жылы Алматы облысында орман шаруашылығын ұйымдастыру және өркендету жөнінде негізгі іс-шаралары туралы жоспар жасап оны Алматы облысы Ұйғыр орман шаруашылық мемлекеттік мекемесінде техкеңесінде қаралып Қазақстан Республикасының Экология және Биоресурс Министірлігімен Орман Шаруашылық Комитетінде бекітілді [1] .
1. 2 Орман өсу жағдайы. Табиғи климаттық жағдайы
Ұйғыр орман шаруашылығы мекемесінде мемлекет орман өсу жағдайын 1972 жылы Қазақ Мемлекеттік Ауыл Шаруашылық Институтының мамандары Медведев, Гуриков аудандастырған. Сол кісілердің жасаған жобасы бойынша Ұйғыр ауданының орман аң шаруашылығының таулы жағына Ақсу және Кетмен орманшылығы кіреді. Бұл жерте Солтүстік Шығыс Тянь- шыршалы ормандар жатады [1] .
Тоғайлы орман бұған Іле жазығына жататын жер көлемі кіреді. Бұл екі орман аралығында сексеуілді орман бар. Негізінен сексеуілді және басқа ормандар Чарын орманшылығына жатады. Сондықтан Ұйғыр орман шаруашылық мемлекеттік мекемесінің жер көлемі таулы, сазды, жазықты және шөлейт жерлерден тұрғандықтан табиғат жағдайы бір-бірінен өзгеше болады.
Таулы аймақтың климат жағдайлары қыркүйек айының басында қар түсіп мамыр айының аяғына дейін жатады. Қар қалын түседі (1-1, 5 м) . Кетмен жоталарының ең жоғарғы шыңдарында қойылған метеостанциялар осы күні істен шыққан [1] .
Сурет 3. Ұйғыр орман шаруашылығы мекемесі Кетпен орманшылығы аумағымен танысу
Төменгі аймақтарда табиғат жағдайын зерттеу Ұғыр ауданның «Добын» аймағында орналасқан метеостанция арқылы тексеріліп қағазға түсіріліп отырады.
Шөлді және шөлейт жерлерге табиғи құбылыс: жаз айларында өте жоғарғы температура, құрғақшылық, желдің жоғарғы жылдамдығы және көп уақыт қардың болмауы.
Аязсыз күндердің ұзақтығы 178 күн. Алғашқы суық 16 қазанда басталып, соңғы суық 20 сәуірге дейін созылады. Осы аралықта кейбір күндері батыстан шығысқа қарай соққан желдің жылдамдығы сонша қою-шаңды боранға ұласады.
Іле өзенінің ең ерте қатуы қараша айының аяғыныда. Ал ең кеш қатуы қаңтар айының басында. Орта есеппен 15 наурыз аралығында Іле өзені қайта ериді.
Соңғы 7-8 жыл аралығында Ұйғыр ауданында негізінен құрғақшылық болып тұрады. Ылғалдылық аз түсуінен ауданның жоғарғы температурада болуынан, бұл аудан территориясында орманды өсуі төмен. Ал қолмен отырызылған ағаштарды өзін өсіру қиынға соғады. Бұған дәлел Сартоғай, Арасан, Қарадала аймақтарында отырғызылған сексеуіл ағаштарының өсіп-өнуі неше жылдан бері желісімен бермей отыр. Бұл аймақтар қара сексеуіл, тораңғы, тал, жиде өседі, ал бұталы ағаштардан Теріскен, қарабарақ, Жыңғылы, талдыбұталары өседі[1] .
Жазақ біртектес аймақ Чарын өзен бойындағы Шаған орманы. Бұл орман дүние жүзінде көп кездесе бермегендіктен, ежелден келе жатқан табиғи орман болғандықтан мемлекет қарамағына алынған.
Кесте 1. « Добын» метеостанциясының табиғи климатының көрсеткіші
30 желтоқсан
1 наурыз
Кесте 2. «Барахудзир» метеостанциясының табиғи климаттық көрсет-кіштері
- Ауаның температурасы градус
- Жауын-шашын бір жылдық мөлшері, мм
- Вегетация кезеңінің ұзақтығы, күн
- Көктемдегі соңғы үсік
- Күздегі бірінші үсік
- Өзендердің қатуының орташа мерзімі
- Орта есеппен өзеннің еруі
- Қардың қалыңдығы, см
- Ауаның ылғалдылығы, %
1. 3 Жер бедері және топырағы
Қылқынды және жалпақ жапырақты ағаштардың ұшар басының астыңғы вертикальды зональдықты есепке ала отырып, таулы орман топырағының тастылығы, дымқылдығы, саздылығы жағынан әр басқа түрлер қалыптасқан. Орманның жоғарғы шекарасында және альпі жайылымдар зонасында орналасқан таулы шалғынды-орманды, қара түсті топырақ өте аз сапасымен ерекшеленеді және әр түрлі тасты қиыршықты жерлерге ұласады. Өсімдіктердің өсіп өнуі қасиетіне байланысты топырақ айырмашылықтарының толық сипаттамасы негізгі ережелерде көрсетілген. Табиғи жағдайларда эррозия процесстері, сел тасқыны болған жерлерде болуы ықтимал.
Шаруашылық іс жағдайында жергілікті эррозия процесстері және қатты жауын кезде дұрыс жүргізілмеген сүйреткілер кесірінен болады, бірақ кәсіпорын жағдайында ондай процесстер көп тарала қоймаған және бұзылған жерлер жоқ.
Шаруашылықтың таулы аудандарының түрлері келесі топтарға бөлінеді:
- Таудың қара топырағы құнарлығы жоғары
- Таудың күңгірт түсті топырақты аймағы
- Орманның қара топырақты аймағы
- Орманда субальпалі таудың топырақты аймағы
- Орманды альпілі аймақ
- Таулы-далалы аймақ
Сурет 4. Мемлекеттік мекеменің картасымен танысу
Таудың қара топырағы әртүрлі жабайы өсімдіктерден түзүледі 1080-2000 м теңіз деңгейінен жоғары. Солтүстік батыс және Солтүстік шығыс беткейлерінде қара топырақтың құнарлығы жоғары және орташа құнарлықта болады. Топырқтың құрамы құнарлығы 5% және одан жоғары. Бұл жерлер негізінен жайылым ретінде қолданылады. Таудың күнгірт түсті топырақты аймағы теңіз денгейінен 2000-2800 м биіктікте шырша ормандарының астында Солтүстік шығыс және Солтүстік батыс беткейлерде құнарлығы 4-5% болады. Топырақ бетін орман төсегіштері алып жатыр. Солтүстік беткейлерде шірітінді қабаты өте жоғары (10-15 см), ал Оңтүстікте азырақ (5-10 см) . Жоғарғы аймақтағы топырақ құнарлығы 10-15% [2] .
«Казгипролесхоздың» зертеулері бойынша топырақтың 8 түрлі типін анықтады. Олардың барлығы орман өсуге қолайлы. Субальпілі орман топырақты аймақ теңіз деңгейінен 2800-3000м биік аймақта құрылған. Бұл топырақта субальпілі көгалды жайылымдар, бұталы өсімдіктер өседі. Таулы даласы топырақ биіктік беткейлер еңістігі 25º болатын беткейлерге арша астында түзілген.
Субальпілі аймақта арша астында торфты көгалды дала топырағы қалыптасқан. Себебі олар тік беткейлерде ұсақ тас, шебін ретінде түзілген. Топырақ өсімдіктердің өсуіне өте қолайсыз. Эрозиялық процесстерді болдырмаудың, алдың алудың ең үлкен роль атқаратын бұтағы өсімдіктер.
Таулы ормандарда ағаш бұталы өсімдіктер биік беткейлер мен жолдарда өседі. Олардың тамырлары топырақтың ағуынан, селден, көшуден сақтайды. Сол себепті ағаш кескенде эррозияны болдырмау жағдайын ескерген жөн.
Ұйғыр ОШММ көлді-жазық аймақтарында теңіз деңгейінен 500-600 м биіктікте құмды, тасты топырақ түзілген. Ол жерлерде сексеуіл мен жыңғыл өседі.
Іле өзенінің аңғарында, салаларында сазды топырақ болады. Көгалды аллювиалды топырақтарды тал, қарқат, шеңгелдер өседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz