Тұқымдық балықтарды дайындау


«Тоған шаруашылығындағы ақ амурдың биологиясы мен морфологиясы»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ
5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығы бойынша
АЛМАТЫ 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
Технология және биоресурстар факультетi
Ара, құс және балық шаруашылығыкафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«Тоған шаруашылығындағы ақ амурдың биологиясы мен морфологиясы»
Беттер саны
Сызбалар мен көрнектi материалдар саны
Орындаған : Алимбетова Айдана Сансызбековна
2018 ж. «» қорғауға жiберiлдi
Кафедра меңгерушiсi: Лукбанов В. М.
Жетекшiсi: Альпейсов Ш. А.
Сарапшы:
АЛМАТЫ 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
Технология және биоресурстар факультетi
Мамандығы 5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау»
Ара, құс және балық шаруашылығыкафедрасы
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент: Алимбетова Айдана Сансызбековна
Жұмыс тақырыбы: «Тоған шаруашылығындағы ақ амурдың биологиясы мен морфологиясы»
Университет бойынша 2018 ж "" №бұйрығымен бекiтiлген
Дайын жұмысты тапсыру мерзiмi 2018 ж ""
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:
1. Ақ амур балығының биологиясы мен морфологиясы
2. Арал-Сырдария су алабының қазіргі экологиялық жағдайы
3. Ақ амур балығын тоған жағдайында өсіру нәтижелері
4. Ақ амур балығына биологиялық - морфологиялық талдау нәтижелері
Ұсынылатын негізгі әдебиет
1. Александров С. Н. Прудовое рыбоводство. Изд-во «АСТ». - М., 2005. 235-237 с.
2. Концепция развития рыбного хозяйства Российской Федерации на период до 2020 года 2 сентября 2003 года N 1265-р
Привезенцев Ю. А., Власов В. А. Рыбоводство. Изд-во «мир». - М., 2004. 453-455 с.
3. Сабодаш В. М. Разведение рыбы. Изд-во «АСТ». - М., 2004. 140 - 142 с.
4. Козлов В. И., Абрамович Л. С. Справочник рыбовода. Изд-во: Росагро-промиздат, 1991. 10 -11c.
5. Мартышев Ф. Г. Прудовое рыбоводство. Изд-во «Высшая школа». - М., 1973. 14-16 с.
6. Альпейсов Ш. А., Федоров Е. В., Койшыбаева С. К., Бадрызлова Н. С. Перспективы развития прудового рыбоводства в Казахстане. КазНАУ Исследования и результаты. - А., 2015. 63-65 с.
7. Концепция развития рыбного хозяйства Республики Казахстан на 2007-2015 годы. Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2006 года N 963
8. О. М. Кан, Г. Б. Кегенова, H. C. Сапаргалиева. Озерно-товарное рыбоводство в Казахстане. Вестник КазНУ, серия экологическая, Т. 33, № 1(2012) . 45-47 с.
9. И. М. Сматов. Особенности правового положения рыболовства. Вестник КазНУ, серия юридическая, № 1, 2010. 113-114 с.
10. Мастер-план развития товарного рыбоводства в Республике Казахстан в 2011 - 2025 гг. - Астана, 2011. 191 с.
Жұмыстың тараулары бойынша кеңесшілері
Кафедра меңгерушісі Лукбанов В. М.
Дипломдық жұмыс жетекшісі Альпейсов Ш. А.
Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент Алимбетова А. С.
Дипломдық жобаны орындау
ГРАФИГІ
Кафедра меңгерушісі Лукбанов В. М.
Дипломдық жұмыс жетекшісі Альпейсов Ш. А.
Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент Алимбетова А. С.
МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер
Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей нормативтік құжаттарға сілтемелер берілген.
Гост 7. 54 - 88 - ақпарат, кітапханалық және баспа жұмыстары бойынша стандарттар жүйесі. Ғылыми - техникалық құжаттардағы мәліметтердің сипаты жөніндегі сандық мәндерінің көрсеткіші. Жалпы талаптар;
Гост 7. 9 - 95 (ИСО 214 - 76) - ақпарат, кітапханалық және баспа жұмыстары бойынша стандарттар жүйесі. Реферат және аннотация. Жалпы талаптар;
СТ РК ИСО 9001-2009 - Системы менеджмента качества требования;
СТ РК ИСО 14001-2006 - Системы экологического менеджмента;
СТ РК OHSAS 18001-2008 - Системы менеджмента профессиональной безопасности и здоровья;
ГОСТ 7. 32 - 2001 «Отчет о научно - исследовательской работе. Структура и правила оформления»;
Гост 8. 417 - 2002 - өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшемінің шамасы;
ГОСТ 1368-91 Рыбы всех видов обработки. Длина и масса;
ГОСТ 50 380-92 Балықтар және балық өнімдері. Терминдері мен анықтауыштар;
ГОСТ 17. 1. 1. 01. -77 - Суды пайдалану мен қорғау. Негізгі терминдер мен анықтауыштар
ГОСТ 7636-85 Балықтар, теңіз сүтқоректілері, теңіз омыртқасыздары және оларды өңдеу өнімдері. Талдау әдістері;
ГОСТ 25706-83 Лупалар немесе үлкейткіш шынылар. Негізгі Типтері мен параметрлері;
ГОСТ 25336-82 Зертханалық шыны жабдықтар мен ыдыстар. Негізгі параметрлер, өлшемдері мен типтері;
ГОСТ 24104-2001 Зертханалық жалпы жағдайында және үлгі таразылары. Жалпы техникалық жағдайлар;
ГОСТ 1368-55 - Лабораторные исследования;
ГОСТ 19908-90 Тигельдер, табақшалар, стакандар, колбалар, воронкалар, приборкалар және кварц шыныдан жасалған ұштық. Жалпы техникалық жағдайлар;
ГОСТ 427-75 Өлшегіш металл сызғыштар. Техникалық жағдайлар;
ГОСТ 1625-89 Техникалық формалин. Техникалық жағдайлар;
ГОСТ 24896-81 - Рыба живая. Технические условия.
анықтамаЛАР
Жергілікті түрлер - осы өлкеде бұрыннан бар түрлер;
Абсолютты жеке тұқымдылық (АЖТ) - биыл шашатын аналық дарақтарындағы осы жылғы уылдырық генерациясының саны;
Жерсіндірілген түрлер - экожүйеге арнайы мақсатпен жіберілген түрлер;
Балық түрлерінің ареалы - нақты балық түрлерінің кездейсоқ енуіне немесе кездейсоқ ену орнысыз оның тұрақты тіршілік етуіне қарамай географиялық таралу аймағы;
Биотоп -абиотикалық факторларының параметрі біртекті суқойма бөлімі;
Биоценоз - суқойманың бір жерінде орналасқан тірі организмдер жиынтығының өзара байланысы;
Балықтың жасы - араб санымен берілетін балық өмірінің толық жасы;
Балықты өндіріп-өсіру - балықты табиғи (реттелетін немесе реттелмейтін) немесе жасанды түрде жаңарту процессі, оның үйір құрамында санын және сапасын қайта қалпына келтіру;
Гидробионттар - суда тіршілік ететіндер;
Табиғи өндіріп-өсіру - су биоқорының санын дәстүрлі жолмен көбейтуді қалыптастыру процессі;
Зоопланктон - су қабатындағы омыртқасыз жануарлар;
Ихтиофауна - қандай да бір болмасын суқойма мен оның жеріндегі балық түрлері мен дөңгелекауыздылардың жиынтығы;
Интродукция - жергілікті табиғи кешенге қандай да бір түрді болмасын адамның көмегімен сәтті жерсіндіру;
Макрозообентос - су түбіндегі омыртқасыз жануарлар;
Ғылыми-зерттеу үшін аулау - жануарлар әлемінің жағдайын бағалау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында балық қорын және су жануарларын аулау;
Уылдырық шашу - балықтардың жыныс өнімдерін, яғни, жетілген уылдырық пен ұрықтандыратын шәуетін шашуы;
Уылдырық шашушы орын - жыныс өнімдерін шашатын нақты орын (уылдырық шашуға) ;
Уылдырық шашушы үйір - көбею үшін өрістеген балық қорының (популяция) бір бөлігі;
Балық үйірі - белгілі бір балықшаруашылықтық суқоймада немесе сол аймақта балықтың бір түрінің жиынтығы;
Толысу - балықтар популяциясының, яғни кіші жастағы топтардың өсуі нәтижесінде популяцияның кәсіптік бөлігін құрауы;
Балықтың орташа ұзындығы - ауланымда немесе суқоймада, балықтың жастық тобында балықтың ұзындық өлшемін сипаттайтын көрсеткіш;
Орташа салмақ - ауланымда немесе жастық тобында балықтың салмағын сипаттайтын көрсеткіш;
Фитофилдер - уылдырығын өсіп тұрған немесе ақырын ағып бара жатқан су өсімдіктеріне шашатын балықтар.
қысқартулармен белгілер
АЖТ - абсолютты жеке тұқымдылық
СЭС - су электр станциясы
Уылд. - уылдырық
ҚХР - Қытай Халық Республикасы
БШК - Балық Шаруашылығы Комитеті
ҚӨЖС - Қазақ өндірістік жерсіндіру станциясы
Мин - минимальді
Макс - максимальді
АШМ - Ауыл шаруашылық министрлігі
БЖм - Балтық жүйесінің метрі
Мг/м 3 , г/м 2 - жануарлар салмағының көлем және аудан бойынша бірлігі
МРД - максимальді - рұқсат етілетін деңгей
НҚД - нормальді құярлық деңгей
орт. - орташа
СЖТ - салыстырмалы жеке тұқымдылық
ЖАМ -жалпы аулау мүмкіндігі
ШАМ - шектеулі аулау мүмкіндігі
ПТ - популяциялық тұқымдылық
ҚР - Қазақстан Республикасы
а. ж. - ағымдағы жыл (биыл)
M±m - ауытқу
N - саны
рН - судағы сутек иондарының көрсеткіші
Қоңд. - қоңдылық
Ф. - Фультон
Дана/м 3 , дана/м 2 - жануарлар санының көлем және аудан бойынша бірлігі
Кіріспе
Арал-Сырдария су алабының соңғы жарты ғасырда зор экологиялық апатқа ұшырағаны белгілі. Үлкен Арал теңізінің қайырылмас құрдымға кеткені халқымыз үшін орны толмас өкініш. 1992 ж. Үлкен теңізде ең соңғы экологиялық зерттеу Ресей ғалымдарының қатысуымен жүргізілді. Сол жылы теңіз суының тұздылығы орта есеппен 33, 8 %(%-промиля, немесе г/дм3) болған. Демек 1950- 1960 ж. мөлшерінен (10, 08 %) үш еседен артық жоғарылаған болатын. 1996 ж. зерттеулеріміз бойынша теңіз суының тұздылығы 42, 1-84, 3 % шамасында кей жерлерде 85, 8% жетті. Кейінгі жылдардағы деректер бойынша су тұздылығы 100% дейін көтерілген. Демек Үлкен Арал айтарлықтай тіршілік қалмаған өлі теңізге айналды.
Кіші Арал теңізінің қалпына келтіру шаралары 1992- жылдан басталды. Жергілікті ұйымдардың күшімен екі дүркін екі теңіз аралығына уақытша бөгет салынды. Бірақ олар су деңгейі көтерілген мезгілде жарылып, жиналған су Үлкен теңізге ағып кетіп жатты.
Соңғы жылдары Кіші теңіз және Сырдария өзенін қалпына келтіру жобасы іске асырылуда. Көкарал бөгеті салынып теңіз суы 42 метрлік деңгейге көтерілді. Бұл деңгейде теңіздің жалпы аумағы 330 мың гектарды құрайды. Келешекте Кіші Арал теңізін қалпына келтіру жобасының екінші сатысында су деңгейі бұданда жоғары көтеріліп теңіз суын Арал қаласы маңына жеткізу шаралары көзделіп отыр. Сырдария өзені атырауында орналасқан үлкен көл жүйелері соңғы жылдары мөлшерлі деңгейіне дейін суға толтырылып, өздерінің табиғи аумағына келтірілді. Бұл маңдағы бес көлдер жүйесінің жалпы аумағы 85, 8 мың гектар, оның ішіндегі ең ірілері Қамыстыбас көлдері 51, 4 мың гектар, Ақсай-Қуаңдария көлдері 25, 0 мың гектар, Ақшатау көлдер жүйесі- 20, 5 мың гектар.
Әрине бұның барлығы қуанарлық іс, өйткені бұл айдындардың қалпына келтірілуі балық шаруашылығын және экономиканың басқа да салаларын өркендетуге үлкен ықпал жасамақ. Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге және осы маңайдың экологиялық жағдайын жақсартуға бұл шаралардың мәнісі үлкен.
Іске асырылып жатқан Кіші Аралды және Сырдария өзенін қалпына келтіру жобасына енгізілген біздің мекеме мамандарының болжамы бойынша келешекте жылына Кіші Арал теңізінің 3, 0 мың тонна, көлдер жүйесінен 4, 2 мың тонна балық аулауға мүмкіндік туады.
Қазіргі кезде Кіші Арал суының біртіңдеп тұщуына байланысты өзенде мекендейтін балықтар- сазан, табан, көксерке, жайын т. б. теңізге кең тарала бастады. Оларға қоректік теңіз организмдері де көбейіп келеді. Көлдер жүйесінде де су едәуір тұшып балықтың өсуіне, көбейуіне жағымды гидрохимиялық жағдайлар бар. Бұл қолайлы өзгерістер теңізде және көлдерде балық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамытуға жол ашады.
Сырдария өзені Қазақстан территориясында да едәуір ластанады. Табиғат қорғау мекемелерінің ресми деректері бойынша, Сырдарияның салалары Келес, Арыс және Бадамның суының ластану индексі 3, 2-4, 3, яғни 4-5 «ластанған» және «лас» кластарына жатады.
Өзен суының осындай жоғарғы деңгейде ластануы оны қабылдайтын Шардара бөгені, Арал теңізі және көптеген көлдер жүйесінің су сапасын өте төмендетіп отыр. Пестицидтер, ауыр металдар және басқа да улы заттар аталған су айдындарының экологиялық жүйесінде кең тарап, жинақталуда. Оларда мекендейтін балықтар және өсімдіктер денесінде пестицидтер мен металдардың тұну мөлшері жоғарғы көрсеткіштерге жетуде. Айдындар экожүйесінде соңғы жылдары ДДТ метаболидтері мен мырыш хром элементтерінің жоғарғы мөлшерде жинақталуы байқалды.
Айта кететін бір жайт, салынған Көкарал бөгеті Кіші Арал теңізі балық қорына тигізіп отырған кейбір жағымсыз әсерлері де бар. Бұл бөгет 2005 жылы іске қосылып Кіші теңізге Сырдария суы қарқынды жинала бастады. 2006 жылдың көктемінде теңіз суы 42 м деңгейге көтерілді. Жобаға сәйкес одан артық су бөгеттің су ағытатын қондырғылары арқылы Үлкен Арал теңізіне қарай ағызылды. Өкінішке орай сол сумен Кіші Аралдан өте көп балық және оның шабақтары кетіп екі теңіз арасында жаппай қырылды.
Бұның себебі бөгеттің жобада көзделген балық қорғау қондырғысымен жабдықталмағындығы. Демек бұл бөгет құрылысы кезінде жобадан аутқудың нәтижесі. Жасалған жобада Көкарал бөгетінде бұл қондырғының керектігі дәлелденіп, құрылыс құрамындағы объектілер қатарына енгізілген. Аталған жобада балық шаруашылығын қалпына келтіру және өркендету мәселесі үлкен маңызды орын алған. Үйткені жобада көрсетілгендей, бұл гидротехникалық құрылыстың экономикалық және шаруашылық тиімділігі балық шаруашылығын дамытумен тікелей байланысты. Айтылған және де басқа жағдайларды еске ала отырып, балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы мамандары мынадай шараларды жүзеге асыруды ұсынады.
Кіші Арал теңізін және Сырдария өзенін қалпына келтіру жобасының екінші сатысын жүзеге асыру;
Кіші Арал деңгейінен артық Көкарал бөгеті арқылы босататын суды Үлкен теңіздің Тұщыбас шығанағы жіберіп, оны тұщытып, балық өсіруге пайдалану;
Көкарал бөгеті арқылы ағытқан сумен кететін балықтар мөлшерін тежеу үшін ол суды күз немесе қыс мезгілінде ағыту қажет;
Көкарал бөгетін балық қорғау қондырғысымен жабдықтау құрылысын тездетіп жүзеге асыру қажет.
Дипломдық жұмыстың мақсаты тұқы тұқымдасының бір өкілі ақ амур балығының тоған шаруашылығы жағдайында өсіп-дамуын, биологиялық және морфологиялық ерекшеліктерін зеріттеу. Айтылған мақсаттарға сай орындалатын міндеттер төмендегі жұмыстардан тұрады:
- Ақ амур балығының тоған жағдайында өсіп-өнуін бақылау;
- Ақ амур балығына биологиялық талдау жүргізу;
- Ақ амур балығына морфологиялық талдау жүргізу
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Ақ амур балығының биологиясы мен морфологиясы
Ақ амур - жылдам өсетін балық, салмағы 40-50кг, ұзындығы 1м жетеді. Жұмыр денелі, қабыршағы ірі. Басқа тұқы тәрізділер сияқты жақтарында тістері болмайды, ол қорегін астыңғы жақ сүйегінде орналасқан күшті ара тәрізді тістерімен үгітеді.
Өсімдіктекті қорекке тіршілігінің бірінші жылында, 3см кезінде көшеді. Ұзындығы 7-12см шабақтар егер рационында 30% жануар текті қоректер: коловраткалар, шаянтәрізділер, және хирономидтер кездессе жақсы өседі. Одан әрі қоректік рационының негізін жоғарғы сатыдағы су өсімдіктері және су басқан жердегі және сумен шайылып келген құрлық өсімдіктері құрайды. Су өсімдіктерінен ақ амур: рдест, элодия, ряска, роголистник, урутты қалайды. Балықтар жас майда өсімдіктерді мол пайдаланады, ол болмаған кезде ірілері әсіресе оңтүстік аудандарда қорек ретінде қатты өсімдіктерді де, тростник және рогоз . Құрлық өсімдіктерінен ақ амур клевер, жоңышқа (люцерна), астық тұқымдастарды ұнатады[1, 2] .
Ақ амурдың тәуліктік рационы мен өсу жылдамдығы, жыныстық пісіп жетілуі жылдамдығы судың температурасына біршама байланысты. 25-30 0 С температурада тәуліктік рационы балықтың салмағынан артық болуы мүмкін. Температураның 25-30 0 С көтерілуі активті коректенуге бөгет жасамайды. Оптимальды температура төмендегенде қоректенуі қарқындылығы азаяды, ал температура 10 0 С төмен болса ақ амур қоректенуін тоқтатады. Оңтүстік аудандарда судың жоғарғы температурасында амур жыл бойы қоректеніп өсе алады. Тек өсімдікпен қоректенетін балықтарда қоректік коэффициент оның түрлік құрамына байланысты. Ақ амур су өсімдіктерімен көп қоректенетіндіктен, оларды балық шаруашылықтық және техникалық суларда, каналдарда биологиялық мелиоратор есебінде падалануға болады[3] .
Ақ амурдың потенциялдық өсуі мүмкіншілігі өте зор. Оптимальды температурамен қолайлы оттегілік режимде, қоректің мол уақытында ақ амурдың 1, 5 жасында салмағының 10-12кг жеткені белгілі. Ақ амурдың тіршілік ареалының солтүстік аймағындағы жасының шектелуі 20 жыл, оңтүстікте біршама қысқа. Жыныстық жетілуі тіршілік ету жағдайына байланысты әр түрлі жасында туындайды. Әдетте саламғы 6-8кг ақ амур 1 млн көп уылдырық береді[4] .
Өсімдік қоректі балықтар, соның ішінде ақ амур пелагофильді балыққа жатады, демек уылдырығын су қабатына шашады. Уылдырықты ағысы тез, 0, 8-3 м/с жылдамдықпен ағатын ірі өзендер арнасында, температура 18, 5 0 С жеткенде шашады[4, 5] .
Ақ амурдың уылдырығы батипелагиальдық: салыстырмалы салмағы судан біршама ауыр. Ол су қабатында дамып ағыспен төмен кетеді. Инкубациялық кезеңі температураға байланысты 18-20 сағатан (28-29 0 С) 3 тәулікке дейін (18 0 С) жетеді. Егер судың темепартурасы оптимальдыдан төмен немесе жоғары болса, эмбрионның дамуы бұзылады. Өсімдік қоректі балықтардың уылдырықтары мен ұрықтары судағы оттегінің мөлшерінің төмендеуіне өте сезімтал[6] .
Тұқымдық балықтарды дайындау. Өсімдік қоректі балықтарды өндірудің зауыдтық әдісі кезіндегі ең көңіл аударатын сәттерінің бірі, тұқымдық балықтардың бірі, өрістік топтарды ұстау және олардан жыныс өнімдерін алу уақытындағы әр түрлі жарақаттар алуы, сол сияқты өрістеуге физиологиялық пісіп жетілмеген немесе пісу уақыты асып кетуі де себеп болады. Осыған байланысты оларды міндетті түрде гипофиздік инъекциядан кейін пісіп жетілмеген аналықтарды қолданбау және азда болса, олардың өлімін азайту үшін, қысқа мерзім аралығында бонитировкалау қажет. Инъекциядан кейінгі ауруға ұшырамас үшін, олардың тұқымдықтарына эффективті зат ретінде пиницилин қолдану ұсынылады[7] .
Тұқымдардың пісіп-жетілуі режимін және мерзімін анықтайтын дифференциялық әдіс жолға қойылған. Ең алдымен, өндіру үшін өрістеуге даяр жақсы пісіп жетілген және қоңдылығы жоғарғы аналықтарды тоғанның терең қорегі аз түрінде ұстайды. Ал гонаданың жетілуінен артта қалып жатқан аналықтарды жақсы жылынатын, қоректік базасы жоғары тоғандарға жібереді, бұл олардың пісіп жетілуін жылдамдатады[8] .
Балықтардың өрістеуін олардың дернәсідерін өсіруге тоғанға ерте отырғызу керек екенін еске ала отырып, қысқа мерзім аралығында өткізу керек. Бір жағынан тұқымдықтарды тоғанда өрістеу температурасында және өрістік жағдайсыз ұзақ уақыт ұстау уылдырықтарды резервацияға ұшыратады[9] .
Балықтарға гипофиздік ерітіндіні салғаннан кейін олар бірден өрістік жағдайдың болуына қарамастан өрістік күйге түседі.
Дұрыс пісіп жетілу үшін - оттегінің қолайлы режим мөлшері және судың температурасы 19-20 0 С төмен болмауы керек. Оттегі мөлшері 2 мг/л кем болса, аналықтар пісіп-жетілмейді. Температураның төмендеуі де олардың пісіп-жетілуіне қарсы әсер етеді[10] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz