Программа кодының терезесі
8
9
10
Аннотация
В данном дипломном проекте рассмотрены вопросы проектирования и
реализации программного обеспечения системы Станция технического
обслуживания. Эта система позволяет упростить учет автомобилей, и служит
для быстрого доступа к взаимосвязанной базе данных запчастей. Рассмотрены
вопросы , связанные с обеспечением безопасных условий труда, охраны
окружающей среды.
Андатпа
Бұл дипломдық жобада Техникалық қызмет көрсету орталығы атты
жүйенің бағдарламалық қамтамасын өңдеу мен құру қарастырылған. Жүйе
көлік есебін жеңілдетуге, қосалқы бөлшектер тізімімен өзара байланысты
деректер қорына тез қол жеткізуге мүмкіндік береді. Еңбек шартының
қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны сақтау мәселелері
қарастырылған.
Annotation
In this thesis project addressed issues of design and implementation of
software systems "service station." This system allows the car to simplify
accounting, and allows quick access to a database of interconnected parts. The
problems associated with providing safe working conditions, environment.
11
Мазмұны
Кіріспе
1 Жалпы бөлім
1.1 Жоба мақсаты және қолдану аймағы
1.2 Техникалық қызмет көрсету орталығының жалпы сипаттамасы
1.3 Borland Delphi объектілі бағытталған программалау ортасы
1.4 Көп бөлімдік қосымша құрудағы MIDAS архитектурасы
1.5 РНР-дегі серверлік сценарий негіздері
1.6 APACHE web-серверін орнату
1.7 РНР- ді орнату
1.8 РHP DevelStudio
1.9 Жобаның деректер қоры
2 Арнайы бөлім
2.1 Пәндік саланы модельдеу
2.2 Визуальды модельдеу тілінің негізі
2.3 Прецеденттерді моделдеу
2.4 Тізбектер диаграммасы
2.5 Кооперация диаграммасы
2.6 Күй диаграммасы
2.7 Кластар диаграммасы
3 Қолданбалы бөлім
3.1 Бағдарламаның сипаттамасы
4 Техникалық-экономикалық негіздеу жобасы
4.1Күрделі салымдарды есептеу
4.2 Жұмыстардың өзіндік құнын есептеу
4.3 Жобаның экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеу
5 Тiршiлiк әрекетiнiң қауiпсiздiгi
5.1 Қауіпсіздік техникасы
5.2 Автомобильдердің диагностикасының технологиялық процестері
5.3 Есептік бөлім
5.4 Табиғатты қорғау бойынша іс-шаралар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
А қосымшасы
Ә қосымшасы
12
8
9
9
9
10
12
14
18
20
22
23
24
24
24
26
27
28
29
30
33
33
42
42
43
49
51
51
52
52
57
59
60
61
63
Кіріспе
Қазақстанда көліктің көптігіне байланысты көптеген техникалық қызмет
көрсету орталықтары қарқынды жұмыс істеуде. Күніге бірнеше темір
тұлпардың иелері көліктерін диагностика мен жөндеуден өткізеді. Шеберге
қай көлікте қандай ақау болғанын, қандай қосалқы бөлшек керек екендігін
және тапсырыс бағасын есте сақтау қиын. Сондықтан оларға көмек ретінде
Техникалық қызмет көрсету орталығы атты бағдарламасын құрдым.
Бұл бағдарлама көлік пен оның иесі туралы барлық ақпаратты реттейді.
Көлік техникалық қызмет көрсету орталығына келгенде, шебер ол туралы
ақпаратты деректер қорына енгізеді. Деректер қорында көлік маркасы, көлік
иесі туралы ақпарат және көліктің болжамды ақаулары көрсетіледі. Кейін,
көлік диагностикадан өткен соң, қандай жөндеу қажет екендігін көрсетеді.
Деректер қорында қосалқы бөлшектердің тізімі бар болғандықтан, шебер
керекті қосалқы бөлшектің бар-жоқтығын біле алады. Бұдан басқа, деректер
қорында қосалқы бөлшектің және жөндеу жұмыстарының бағасы көрсетіледі.
Осылайша, шебер техникалық қызмет көрсету орталығында тұрған
көліктер туралы келесі ақпараттарды оңай ала алады: көлік қандай жөндеу
кезеңінде немесе диагностикада тұрғандығын, қандай ақаулар табылғандығы,
қандай қосалқы бөлшекті ауыстыру керектігі және оның бар-жоқтығын білуге,
жөндеу бағасын және т.б. Деректер қорында көлік иелерінің тізімінің
болғандығының арқасында шебер керек жағдайда көлік иесімен хабарласа
алады.
Сонымен қатар, Техникалық қызмет көрсету орталығы бағдарламасы
көмегімен шебер клиентке көліктің жөндеуі туралы барлық ақпаратты көрсете
алады және әрбір қосымша бөлік тер мен істелінген жұмысты бірге санай
отырып, қызмет көрсету бағасы туралы толық ақпаратты түсіндіре алады.
Техникалық қызмет көрсету орталығы бағдарламасы техникалық
қызмет көрсету орталығының жұмысын реттеуге, қателеспеуге, клиентке
оның көлігіне жасалған қызмет туралы нақты және толық ақпарат беруге
мүмкіндік береді.
13
1 Жалпы бөлім
1.1 Жоба мақсаты және қолдану аймағы
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты - деректер қорына көлік жөндеуге
келген барлық тапсырысты және жөндеуге қажет барлық қосалқы бөлшектің
тізімін енгізетін Техникалық қызмет көрсету орталығы бағдарламасын құру
болып табылады.
Жүйе жөндеуге келген көлік есебін жеңілдетіп, әрқашан қосалқы
бөлшек каталогы колда болу үшін техникалық қызмет көрсету орталығына
арналып өнделеді.
1.2
Техникалық
қызмет
көрсету
орталығының
жалпы
сипаттамасы
Кез келген техника тозуға ұшырайды, пайдалану қарқындылығына
байланысты техниканың тозуы немесе сынып қалуы ең ыңғайсыз уақытта
болады. Сондықтан жүргізушілер көлікке маңызды назар мен дұрыс күтім
қажет екендігін білу қажет. Техникалық қызмет көрсету орталығы - бұл
белгілі бір ақаулардың алдын алу, жөндеу, дұрыс қызмет көрсетудің керекті
сатысы. Олар жеке иеліктегі жеңіл автомобильдерге техникалық қызмет
көрсету және жөндеу жұмыстарын орындаумен айналысады. Техникалық
қызмет көрсету орталығында орнатулар мен механизмдер жиынтығы, толық
жөндеу мен көлікке қызмет көрсету үшін бір жерде жиналған қолдан жасалған
және пневматикалық құралдары бар.
Техникалық қызмет көрсету орталығы қазіргі уақытта қызметтің келесі
түрлерін клиенттеріне кеңінен ұсынады:
- барлық транспорт түрлеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеу;
- автомобильдерді ұсыну, қосалқы бөлшектерді әкелу т.б .
- қосалқы бөлшектерді дайындау, және өзінің өнімдерін ұсыну;
- автомобильдерге техникалық экспертиза өткізу және сертификациялық
сараптама жасау;
- консультациялық, жарнамалық, маркетингтік қызметтер;
- кепілді қызмет көрсету және автомобильдерді жөндеу т.б.
Орындайтын функциясына кіреді:
- техникалық қызмет көрсету, жуу, майлау;
- агрегаттарды, түйіндерді, жүйелерді автомобильді түгендей жөндеу;
- шанақтың қорғау қабатын жөндеу және қалпына келтіру;
- кепілдемелік қызмет көрсету;
- автомобильдерді сату, сату алдындағы дайындау;
- қосалқы бөлшектерді сату;
- клиенттің қатысуымен жедел жөндеу;
- қосалқы коррозияға қарсы жамылғылар жағу;
- жөндеусіз автомобильдерді жуу.

Borland Delphi объектке бағытталған программалау ортасы - Microsoft
Windows операциялық жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы болып
саналады. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау,
программа мәзірін құру, анимация, мультимедия процестерін ұйымдастыру,
MIDAS технологиясымен клиентсерверлік көп бөлімді қосымша құру, OLE
технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен
жұмыс істеу және тағы басқа іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі бар [7].
Қазіргі кезде барлық алгоритмдік тілдер - объектке бағытталған бағ-
дарламалау әдісін қолдануда. Бұл әдіс алгоритмдік тілдің дамуының жоғарғы
эволюциялық сатысы болып есептеледі. Объектке бағытталған бағдар-ламалау
әдісі - басқа программалау әдістерінің жетістіктерін өз ішіне ала отырып,
программалау процессінде абстрактылы құрылымдарды пайдалана алады.
Әдісте қолданылатын негізгі ұғым - объекттің үш қасиеті болып та-былады.
Осы қасиеттер негізінде, көптеген абстрактылы объекттер құрылып, олар
библиотекаларда сақталады.
Пайдаланушы өз программасында сол
объекттерді шақырып, визуалды пайдалана алады, қажет болса, дамытады.
Объекттің қасиеттерінің мағынасы төмендегідей:
Инкапсуляция - процедура мен деректерді біріктіріп, объект құру бол-
ып табылады. Объектте сипатталған процедураны - әдіс дейміз. Әдісте локал
айнымалылар мен процедураларды да енгізуге болады.
Мұрагерлік - ілгері анықталған объектті пайдалана отырып, жаңа объ-
ект құру. Бұл объекттер бірлесе отырып, иерархиялық ағаш құрады. Ағаштың
жоғарғы сатысындағы объектті - аналық, ал төмендегілерін - мұрагер объект
дейміз. Мұрагер объект, аналық объекттің әдістері мен деректерін пайдалана
алады.
Полиморфизм - аналық және мұрагер объекттерде аты бірдей, бірақта
орындайтын жұмысы әртүрлі әдістерден пайдалану. Мұрагер объект аналық
объекттің әдісін пайдалана отырып, әдіске жаңа деректер мен локальді
әдістерді енгізеді.
Нәтижелері әртүрлі ұйымдар программисттері қандай да бір
программалық жүйе тұрғызуда көп көңіл бөлетіні - деректер қорының құ-
рылғыларын шақыру қосымшасы болып табылады. Олардың көмегімен
мұндай қосмшаларды құруға болады. Оларға қойылатын талаптар жалпы
түрде былай беріледі: Жылдамдық, қарапайымдылық, әсерлік, беріктілік.
Бұл талаптар Delphi қосымшасын әзірлеуде алдағы орындарды алады. Delphi-
ді әртүрлі дәрежедегі, кәсіби қызығушылықтары бар әзірлеушілер қалайды.
Delphi-дің көмегімен үлкен көлемдегі қосымшалар жазылған, ондаған
фирмалармен мыңдаған программистер Delphi үшін қосымша компоненттер
ойлап шығарған. Мұндай жалпы атаққа ие болу негізінде Delphi-ден басқа
программалаудың ешбір жүйесі жоғарыда айтылған талаптарды қанағаттан-
дырмағаны жөніндегі дәлел болып табылады. Шынымен де, Delphi-дің
интерактивтік ортасының ара қатынасы ішкі қайшылықтарды туғызбайды.
15
Керісінше жайлылықты сезінуге мүмкіндік береді. Егер әзірлеуші берілген
ережелерді сақтаса Delphi қосымшаларыда ыңғайлы.
Бұл қосымшалар тасмалдауда өте қарапайым және берік. Delphi пакеті
Borland бірлестігінің шығарған Pascal программалау тілінің компиляция-
ланған жүйесінің жалғасы. Pascal - программалау тілі ретінде өте қара-
пайым болып табылады. Ал, деректер типін қатал бақылау - қателерді ерте
табуға берік және ыңайлы программаларды тез құруға мүмкіндік береді.
Borland корпорациясы тілді әрдайым байытып отырады. Бұрын 4.0
нұсқасында бөлек трансляциялану құралдары қосылған болатын, ал 5.5
нұсқасынан бастап объектілер пайда болды. Ал, 6.0 нұсқасы пакетінің
құрылымына Turbo Vision-ның толық кітапхана кластары кірді. Ол
бейнеадаптер жұмысының мәтіндік режимінде терезелік жүйені іске қосты.
Бұл, программаны өңдеудегі интеграцияланған ортасы бар ең алғашқы өнім
болып есептеледі.
Delphi ортасымен танысу . Delphi ортасын - програмалаушының сапалы
жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол экрандағы бір уақытта
ашылатын бірнеше терезелермен сипатталады. Бұл терезелер бір -бірін
жартылай немесе толығымен жауып, экранда орын ауыстыра алады.
Delphi ортасы - көптерезелік жүйе. Оның негізгі төрт терезесі:
- негізгі терезе (Project 1) ;
- объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector);
- формаларды құрастырушының терезесі (Form 1) ;
- программа кодының терезесі (Unit 1. Pas).
Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, өлшемін өзгертуге
немесе экраннан алып тастауға болады. Форманың терезесінен Unit кодына
өту және одан кері өту F 12 пернесі арқылы орындалады.
Негізгі терезе мен компоненттер жинағы. Негізгі терезе программаның
жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphi ортасы іске қосылып
тұрғанда міндетті түрде экранның жоғарғы қатарында орналасады. Бұл
терезде Delphi-ң негізгі меню жүйесі, пиктограммалық
командалық
батырмалары мен компоненттер политрасы орналасады.
Компоненттер жинағы - Delphi-ң негізгі байлығы болып табылады. Ол
негізгі терезенің оң жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға
арналған белгілерден тұрады.
Компонент деп - белгілі бір қасиеттерді иемденген және форма
терезесінде кез -келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын
функциональды элементті айтады. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа
бөлінген, ол топтарды парақтар деп атаймыз.
Форма құрастырушының және объектілер бақылаушысының терезесі.
Форма құрастырушының немесе форманың терезесі - болашақ программаның
Windows жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады. Бұл терезенің жұмыс
аймағы координаттық тордың нүктелерімен реттелген. Формада орналасқан әр
компоненттер өзінің мекен - жайымен, мөлшерімен және түсімен анықталады.
Форманы құрастыру File=New=Form опциялары арқылы орындалады.
16
Шығып тұрған бос формаға бір компонентті, мысалы Standard парағының
Button батырмасын орналастыру үшін компоненттер жинағындағы Standard
белгісін
сырт еткізіп, парақты екпінді күйге келтіру керек.
Button батырмасының кескінің ажырату үшін тышқанды баспай тұрып
парақта орналасқан белгілердің үстінен жылжытып көрген сәтте
компоненттердің аты шығып тұрады. Қажетті компонентті сырт еткізіп
белгілеп, тышқанды форма аймағының кез - келген жеріне сырт еткізсек,
форманың бетінде Button 1 элементі пайда болады.
Объектілер бақылаушысының терезесі 2 парақтан құрылады: Properties -
қасиеттері және Events - оқиғалары. Properties парағы арқылы компоненттің
қасиеттері - параметрлері анықталады, ал Events парағы арқылы компонентті
әртүрлі оқиғаларға сәйкес сезіндіру анықталады.
Программа кодының терезесі. Программа (немесе Модуль) кодының
терезесі программаның мәтінін құруға және оны түзетуге арналған. Бұл мәтін
арнайы ережелер бойынша құрылып, алгоритм жұмысын анықтайды. Delphi
жүйесінде Pascal тілінің ұлғайтылған және дамытылған нұсқасы - Object
Pascal программалау тілі қолданылады. Delphi ортасы іске қосылғанда
программа кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы
кодынан тұрады. Жаңа форманың кодына Delphi ортасы бұл қатарларды
автоматты түрде қосып отырады.
Жобаны құру барысында осы кодқа қажетті өзгерістер енгізіледі. Delphi
ортасы Unit, Unit 1 және implementation қатарларының аралығын өзгертіп
отырады, ал программалаушының жұмыс аймағы - {SR*DFM} және END
қатарлар аралығы бойынша.
Жобалауда Delphi 7.0 объектке бағытталған программалау тілін таң-
дағанымның себебі, ол өте ыңғайлы, түсінікті, әрі компоненттік жүйеге ие
болып табылады. Сонымен қатар, Delphi ортасының қолданушыларына
визуальды компонентті құру ешқандай қиындық туғызбайды.

MIDAS архитектурасы:
а) көп бөлімдік қосымша кем дегенде үш логикалық бөлімнен тұратын,
деректерге алыстаған қатынаудың тарқатылған жүйесі. Бұл логикалық
деңгейлер бірнеше машинада орналасуы мүмкін. Көп бөлімдік қосымша
клиент қосымшасы үшін бизнес-логиканы қайталаудан сақтайды;
ә) "жіңішке клиент" жоғарғы сенімділігі мен орнату қарапайымдылы-
ғымен ерекшеленеді. Деректер қорымен байланысты қамтамасыз ету үшін
программалық қамтама қолдауы қажет емес;
б) ақпаратты бөліктерге бөліп өңдеу. Қосымша жұмысын бірнеше
машинаға бөлу кезінде тиімділік жүктеуді теңгеру нәтижесінде жақсартса
болады;
в) тұрақтылықты арттыру. Әр түрлі қатынау шектеулері бар, сезімтал,
функционалды мүмкіндіктерді бөлімдерге изоляциялауға болады.
17
Ең қарапайым "three-tiered model" формасында келесі деңгейлер
қолданылады:
а) пайдаланушы машинасында клиент қосымша пайдаланушы
интерфейсін қамтамасыз етеді;
ә) қосымша сервері барлық клиенттер үшін қолайлы жерде орналасқан
және ортақ деректерді жіберуді қамтамасыз етеді. Деректерді жіберуді
деректер брокері басқарады;
б) алыстаған деректер қорының сервері деректер қорын басқару жүйесін
қамтамасыз етеді (RDBMS).
Delphi құралдарымен бірінші және екінші деңгейді құрса болады, ал
үшінші үшін RDBMS қолдануға болады.
Бұл деңгейлердің өзара әрекеттесуі келесідей. Пайдаланушы клиент
қосымшасын жібереді. Клиент қосымша серверімен қосылады (ол қосым-
шаны орындау немесе құру кезінде анықталуы мүмкін). Қосымша сервері
жіберіледі. Содан кейін клиент қосымша серверінен деректерді сұрайды. Ал
қосымша сервері деректерді деректер қорынан (қажетіне орай қосылуды
орнатып) сұратып, клиент үшін оларды буады да деректер пакетін қайтарады.
Клиент деректер пакетін шифрлап оларды пайдаланушыға жібереді.
Пайдаланушы клиент қосымшасымен әрекеттесіп, деректер өзгереді. Клиент
өзгерген деректерді пакеттерге буады да қосымша серверіне жібереді.
Қосымша сервері пакеттерді шифрлап, өзгерістерді транзакция контекстіне
сақтайды. Егер жазба серверде сақталынбаса, сервер ағынды деректер мен
өзгерістерді келісуге тырысып, сақталынбайтын деректерді бөледі. Өзгерген
деректерді өңдеу процессі аяқталғаннан кейін, сервер сақталынбаған
деректерді ары қарай толығырақ анықтау үшін клиентке жібереді. Клиент
өңделмеген деректерді анықтап болғаннан кейін оларды қайта қосымша
серверіне жібереді. Содан кейін клиент өз серверімен жаңартады.
Программалық қамтаманың моделі 1.1-суретте көрсетілген.
MIDAS (Multitier Distributed Application Services Suite) Borland
International компаниясының жаңа өнімі, ал Microsoft DCOM (Distributed
Component Object Model) технология мүмкіндіктерін кеңейтетін қосымша
серверлерін эксплуатациялауға арналған. Бұл өнім ақпарат жүйесін құрарда
"жіңішке" клиентті үш деңгейлі архитектура құруға мүмкіндік береді,
сонымен бірге жоғарғы өнімділік, сенімділікті және осыған ұқсас жүйелерді
эксплуатациялағанда әр түрлі жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етеді.
MIDAS технологиясы тарамдалған көп бөлімді қосымшалар үшін DCOM,
OLEnterprise, MTS, CORBA, TCPIP сокеттер, технологияларына негізделген
бір әдіс қолданылады.
Мұның барлығы әр түрлі платформалар мен клиенттердің байланысу
әдістерін пайдаланып үлкен ұжымдық жүйе құруға мүмкіндік береді. MIDAS
технологиясы тез дамып келе жатқан технологияның бірі және ол өте көп
қолданылады.
18
№1 қолданушы
Жұмысты басқару
жүйесі
№2 қолданушы
Есептерді
Қолданушылар
жұмысын
басқару
жүйесі
басқару
жүйесі
Қателерді
басқару
жүйесі
ДҚ
Құрылымды ақпарат
Структурированная информация
Сервер
n-ші қолданушы
1.1 сурет - Программалық қамтаманың моделі
MIDAS - Multitier Distributed Applications Services-тің қысқартылуы,
аудармасы көп бөлімдік таратылған қосымшалар үшін сервистер жиыны.
Delphi құралдарымен көп бөлімдік таратылған қосымшаларды құру,
корпоративті жүйелер құру үшін жоғарғы эффектілі және тез құрал болып
табылады. MIDAS технологиясы физикалық түрде әр түрлі машиналарда
орналасқан деректерге қатынауға, желі бойынша ресурстар жұмысын
тарамдауға, желілік "траффикті" азайтуға мүмкіндік беретін, деректерге
автоматты түрде шектеу алуға, қосымша бизнес-логикасы қолайлы бөліктерге
бөлуге мүмкіндік береді. MIDAS қосымшасын құру технологияны іске
асыратын негізгі компонентерінің көмегімен тез және жеңіл іске асады [8].

Интернет - үлкен және кіші компютерлік желілердің бірігуі ғана емес,
сонымен қатар олардың бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістіктегі қызметі болып
табылады. Бұл қызметтер ақпарат алмасудың әр түрлі хаттамаларына
негізделген және сәйкесінше
олармен жұмыс істеу үшін әр түрлі
бағдарламалық жабдықтаулар пайдаланылады. Интернет сөзінің мағынасында
оның ең танымал қызметтерінің біреуі World Wide Web пен түсіндіріледі.
Интернет желісіндегі ақпарат осы қызметтің форматында орындалса, онда ол
Web парақтар түрінде болады. Web парақтар кез келген түрдегі мәліметтер:
мәтіндер, сілтемелер, графика, дыбыс, видео, анимациялар т.с.с тобынан
тұратын комплекстік құжаттар болып табылады. Интернеттің өмірге келуі
адамзат тарихында коммуникациялық технологияның дамуына негіз бола
алады деп толық сеніммен айта аламыз. Өйткені қазір жаста кәрі де өзіне
керекті затты сатып алу үшін немесе білім алу үшін, адамдармен араласу
19
үшін, керекті құжат немесе затты іздеу үшін т.с.с көптеген қызметтерді
пайдалану үшін интернетке барады. Осыдан бірнеше жыл алдын Тим Бренерс-
Ли дің ой туындысының нәтижесінде интернет сөзі қолданысқа енді және
әлемді қарапайым гиперсілтемелер арқылы біріктіре алды. Соның
нәтижесінде бірнеше дамушы елдердің экономикасы қарқынды түрде
дамыды. Сондықтан Тим Бренерс-Ли ді интернеттің атасы деп атауға да
болады.
Сайттар және олардың адрестері. Қаладағы серверлерге шығу үшін
домендерді қолдануға болады. Ал ондағы аудан, үйге қатынас жасау үшін
сайттар қолданылады. Қандай да бір мекемеге немесе жеке тұлғаның және
қандай да бір тақырыпқа арналған желінің логикалық түрде аяқталған
элементі. Әрбір сайттың өз адресі болады, ол әріптен турады.
Желіні жасаушылар арнайы, домендік аттарды, (DNS) серверін құрады.
Олар автоматты түрде әріптік адрестерді (URL) цифрлыққа (ІР) ауыстырады.
DNS өзінде сол адрестердің сәйкесіне таблицасы сақтайды.
Сайт адрестері бірнеше маңызды элементтерден тұрады. http: -
гипертестік құжаттарды теру протоколын білдіретін префикс.
WWW -
ресурстың WWW жүйесіне жататындығын білдіретін
"сигналдық жалауша". Бұдан кейін адрес атының ең төмендегі элементі -
сайттың өз аты орналасады.
Беттер - біртұтас ағзаны - сайтты құрайтын жеке гипертекстік
құжаттар.
Домендік зоналар. Интернеттің компьютерлерінің барлығының өз
адрестері (ІР -адресі) болады. Сервер ыңғайлы болғандықтан домендіқ
зоналар деп аталатын логикалық топтарға біріктірілген. Бұл зоналар
географиялық , тематикалық болуы мүмкін.
Географиялық домендік зона (бірінші деңгейдегі зона) желіге өз
компьютерлері арқылы қосылған әрбір мемлекетке беріледі. Ол ереже
бойынша екі әріппен белгіленеді:
- Ch - Қытай;
- Fr - Франция;
- Ge - Германия;
- Jp - Жапония;
- Ru - Россия;
- Tw - Тайвань;
- Uc - Украина;
- Ur - Ұлыбритания.
Тематикалық домендік зонаның географиялықтан қарағанда белгілі бір
аймаққа қатысы жоқ. Ол әр елдегі ғана емес, әр контингенттегі
компьютерлерді біріктіреді. Мұнда компьютерлер оларды басқаратын
мекемелердің түрі бойынша топтастырылған. Ал домендік индекс үш және
одан көп әріптермен белгіленеді:
- Gov - өкіметтік мекемелер;
- Com - кез келген коммерциялық үйымдар;
20
- Net - желілік қызметке қатысты ұйымдар;
- Nur - әскери мекемелер;
- Int - халықаралық мекемелер;
- Edu - білім беру мекемелері;
- Shop - желілік магазин;
- Museum - мұражай;
- Biz - кез-келген бизнес -жоба;
- Name - жеке беттер.
PHP -- тегін ұсынылатын уеб - бағдарламалау тілі. Қысқасы, веб -
бағдарламалар жасауға арналған, серверде орындалатын бағдарламалау тілі.
Тіл синтаксисі C, Java, Perl тілдерінен алынған. Қолданысқа оңай әрі жеңіл.
Динамикалык генерацияланатын уеб - беттер жасауға ыңғайлылығының
арқасында, өзіндік тиімді тұстары бар. Негізгі тиімділігінің бірі, HTML
құжатқа PHP кодтар орналаса алуында. Тағы бір тиімді тұсы, ол JavaScript
сияқты браузерде емес, серверде орындалады. Қолданушы оны көре алмайды,
тек браузерден HTML түріндегі нәтижесін ғана көреді.
PHP арқылы, қысқа уақытта сапалы, жылдам жетіліп, болашақта қолдап
отырғанға ыңғайлы уеб - бағдарлама (сайт) жасай аласыз. PHPді үйрену жеңіл,
кәсіби мамандарды қанағаттандыра алатын өнімділігімен өзін қызықтыра
алады. Бұл тіл туралы енді ғана естіп отырсаңыз да, қазірден бастап, қысқа
уақытта үйреніп алуға толық мүмкіндігіңіз бар. PHP үнемі жаңарып отырады.
Соған қарағанда, уеб - жасақтау саласында ғұмырлы да нәтижелі
бағдарламалау тілдер қатарының алдыңғы шебінен көрініп жүреді деген
ойдамыз.
Интернет санақтарына сүйенсек, 1994 жылы Расмус Лердорф веб -
серверлердің біреуінде орналасқан өз резюмесінің қарастырушыларын
байқауға арналған қаптама жазды. Дәл осы жағдай (яғни серверлердің
жұмыспен толтырылуы), Расмусты өзінің скрипперін С тілінде қайта жазуына
тура келді. Бұл бетке әрбір қатынас кезінде, Perl көшірмесінің іске қосылуы
кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік берді. Біраз уақыттан соң осы серверде
өздерінің де резюмелерін
қалдырған басқа қолданушылар Расмус
сценарийлеріне көңіл аударып, оны қолдануға рұқсат сұрады. Ақырындап,
қолданушылар әдеттегідей бағдарламаның функцияларының кеңейтілуі және
жаңа мүмкіндіктерді қосу жайында сұрай бастады. Соңында Расмус Лердорф
жаңа функциялар қосылған негізгі скриптер, құжаттар жиынтығы мен FAQ-
беттен тұратын дистрибутивті жинады. Сол кездері PHP (Personal Home Page)
деп аталатын, яғни үй бетін құруға арналған скриптер жиыны. Содан кейін
аббревиатура келесідей аталынатын болды: PHP Hypertext Preprocessor
(осындай рекурсивті анықтама, Linux - Linux Is Not UniX) пайда болды.
Біраз уақыттан соң скриптер мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейді.
Сценарийлер процессоры жазылды, HTML-формаларын өңдейтін құрылғы
және SQL-сұраныстарының тікелей бет мәтінінде енгізуге болатын мүмкіндік
туды. Формаларды өңдеу модулі FI (Form Interpreter) деп аталынған еді, жаңа
21
версиясы PHPFI атауына ие болды, ал сонан соң 1995 жылдың ортасында жай
ғана РНР 2 деп аталынып кетті [2].
Ақырындап, РНР-мен басқарылатын есептер күрлелендірілді. жылдам
жұмыс жасауы және кеңірек мүмкіндіктерінің кеңейту мақсатында
бағдарламаның толықтай қайта қарастыруға тура келді,. Осылайша РНР3
жобасы іске қосылған болатын. Бұнын ең маңыздысының бірі - РНР
сценарийлерінің синтаксисі стандартты түрге жақындастырылды, тәуелсіз
құрастырушыларға бағдарламаны кеңейтуге мүмкіндік беретін API қосылды.
Содан бері РНР дамуда және жактаушыларды саны көбеюде. Қазіргі кезде
РНР 4 версиясы жарық көрді, бірақ одан кіші РНР3 версиясы кеңірек
қолданылады.
Кейбір Web-серверлер енгізілген PНР интерпретаторына ие. Ол өз
алдында құжаттарды қосалқы процестерді қоспай-ақ генерациялауға
мүмкіндік береді. Алайда CGI-ді шақыру Web-сервер орындалған
компьютердің жұмысын ақырындатады.
PНР Web-сервер Apache, CGI бағдарламаларының
артықшылықтарымен қолданудағы шығындар жоқ. Web-сервер динамикалық
құжаттарды генерациялағанда бағдарламалар шақырылады. CGI
бағдарламасы браузер жағынан түрлі сұраныстармен әрдайым айналыспайды.
Браузер әдістері деп аталатын құжатқа деген сұранысты сұрауы мүмкін
(HTTP әдістері мен объектілі бағытталған әдістерді жатастырмаңыздар, GET
әдісі ең жиі қолданылады, ал егер браузер құжат жайындағы ақпаратты
нақтылай жүктеусіз алғысы белсе), онда HEAD әдісі қолданылады,
толтырылған формаларды жіберу кезінде POST әдісі қолданылады.
Форма өрістерінің мәндері GET және POST әдістерінде болулары
мүмкін. GET әдісінде мән тікелей URL-де кодталады, ол келесі тұрдегі URL-
дердің пайда болуына әкеледі: http:mox.perl.comcgi-binprogram .
POST әдісінде мәндер НТТР сұранысының басқа жағында болады,
браузер серверге жіберетіні емес. Егер алдында көрметілген мысалда мәндер
POST әдісімен берілетін болса, онда қолданушы, сервер және CGI сценарийі
келесі үйреншікті URL-ді көретін еді: http:mox.perl.comcgi-binprogram .
GET және POST әдістері сонымен қатар қасиеттерімен ерекшеленеді,
бір ретті немесе көп ретті GET сұранысы белгілі бір URL үшін бірдей жауап
беруі қажет. Бұл НТТР протоколының спецификациясына сәйкес GET
сұранысы браузер, сервер немесе аралық прокси сервер бола алады. POST
сұраныстары кэштелінбейді, өйткені әрбір сұраныс бөлек және басқасысына
тәуелсіз. Көбіне, POST сұраныстары сервер күйіне әсерін тигізеді немесе оған
тәуелді болады (мәліметтер базасына қарау немесе жаңарту, поштаны жіберу).
РНР сай:
төмен оқу кесіндісі;
дамыған функционалдылық: мәліметтер базасы, жолдары, желелік
байланыстар, файлды жүйедегі операцияларды қолдау, Java, COM, XML,
CORBA, WDDX және Macromedia Flash;
22
платформалармен
сәйкестік: UNIX (кез-келген), Win32
(NT95982000), QNX, MacOS (WebTen), OSX, OS2 и BeOS;
серверлермен сәйкестік: Apache модулі UNIX, Win32), CGIFastCGI,
thttpd, fhttpd, phttpd, ISAPI (IIS, Zeus), NSAPI (Netscape iPlanet), Java
сервлеттер механизмі, AOLServer және RoxenCaudium модулі;
қысқа құру циклі: табылған кателіктердің дұрысталуымен, қосымша
функциялармен және де жақсартулармен жасалған версиялар бірнеше айда бір
шығады;
энергетиқалық және жылы жүзді құрастырушылар тобы.
Бағдарламалық мысалдар мен
ақысыз кодтың көптілігі. РНР
құрастырушыларының тобы жастарды ресурстармен және қолдаумен
қамтамасыз етеді;
кеңейтілудің қарапайымдылығы. Тілдің өз кеңейтілуіңізді құруға
болады;
С-ге ұқсас қарапайым систаксис. С, C++, Perl және командалық
сценарийлермен айналысатын программистер РНР жеңіл үйренеді.
1.6 АРАСНЕ web-серверін орнату
Арасhе Web-серверінің орнатушысын жіберіңіз. Нәтижесінде
лицензиялық келісімі бар терезе пайда болады, oдан кейін Арасhе екінші
версиясының жаңа кіріспесі туралы ақпараты бар келесі терезеге өтіңіз.
Суретте көрсетілген келесі терезе сервер туралы ақпарат ендіруге мүмкіндік
береді; сервердің домендік аты. Сервердің аты - басқарушының электрондық
почтасының аты. Егер орнату локальды машинада жүретін болса, домендік
атау мен сервер атауына өріске localhost ендіру керек болады. Терезенің
төменгі бөлігінде сервер сұранысты қабылдайтын порт нөмерін таңдау керек
болады. Ол төмендегі 1.2-суретте көрсетілген. Localhost - бұл ІР - мекен
жайымен байланысты локалды машинада серверді пайдалануға арналған атау.
Бұдан кейін орнату тәсілі ұсынылады. Стандартты (Typical) немесе
таңдаушы (Custom). Бұл тәсіл сервер компонентін қолмен таңдауға мүмкіндік
береді. Келесі терезе сервер орнатудың каталогын таңдауға мүмкіндік береді.
Бұл C: Program Files Apache Group, дегенмен, біз басқа каталогты таңдауды
ұсынамыз. Мысалы С: www. Бұдан кейін орнату шебері орнату процесіне
дайын екендігін хабарлайды.
23
1.2 сурет - РНР - ді орнату терезесі
Сосын Install түймесін басқан соң сервер файлдарын көшіру жүзеге
асырылады. Егер құру сәтті шықса, Windows автоматты түрде Apache
жібереді.
Теру кезіндегі сәтті инсталляциядан кейн браузер терезесіне http:
localhost немесе http:127.0.0.1- на сервер бетіне жүктелуі керек.
Енді Apache ні басқаруды үйрену керек. Атап айтсақ, серверді жіберуді,
тоқтатуды, және жүктеуді үйрену керек. Бұл операцияларды орнатудың
көптеген тәсілдері бар: ApacheMonitor, көмегімен, Windows сервистерін
басқару консольын пайдаланып, Пуск мәзірінің пункттерін пайдалану.
Басқарудың консолдарын жіберу үшін мына командаларды орындаңыз:
Пуск -Настройка-Панель управления-администрирование- Службы.
Команда орындалғаннан соң, төмендегі 1.3-суретте көрсетілгендей
терезе пайда болады. Консолдың пайда болған бетінде, төменде берілген
суреттен Apache 2 сервисін таңдау керек. Оң жақтағы түймешікті басу арқылы
ашылған контексті мәзір сервистің жіберуін, тоқтатуын, жүктелуін жүзеге
асыруға мүмкіндік береді.
Windows қызметтері жүйенің стартында фондық қосымшаларды
шығаруды жүзеге асырады. Бұл үшін свойства терезесіне өту керек. Сервистің
контекстік мәзірінен свойства пунктін таңдап, пайда болған терезеде "Тип
запуска" тізімінен "Авто" пунктін таңдау керек.
Енді С: www Apach 2conf. Бумасында орналасқан Apache - http. conf.
Web-серверінің конфигурациялық файлын орнатуға кірісу керек. Есте
сақтаған жөн бұл файлда жүзеге асырылған өзгерістер күшіне серверді қайта
жүктегенне кейін ғана енеді.
24
1.3 сурет - Службы терезесі
Сервер Apache ISO-кодтауына орналастырылған. Яғни, сервер бұл
кодтауға жазылғанның бәрін сіздің файлыңыз деп санайтын болады.
Кодтауды кодтауға өзгерту үшін Windowsта http.conf ашып, мына қатарды
табу керек:
AddDefaultCharset ISO-8859-1
Оны мынаған өзгерту керек.
AddDefaultCharset - WINDOWS - 1251
Бұдан кейін, бізге кеңейтілген файлдардың орналасқан бумасын құру
керек болады. Оларды мына мен жаймен табуға болады.
http:locakhostindex.html. Бұл үшін сіз бәріне дайын болатын буманы таңдау
керек. Бұл былай болсын C:wwwscripts.
1.7 РНР- ді орнату
Apache сервері құрылды. Енді РНР-ді құруғa кірісуге болады. Бұл үшін
С: РНР жобасын құрыңыз
және
ол жерде рhр-5.0.0-Win32.zip.
архивіндегілерді архивтеңіз. PHP орнату бумасы ретінде бөлек бума құрамыз.
Ол үшін, мысалы: Internet бумасын құрып алып, Пуск - Выполнить
командаларын орындап, subst E: C:\Internet командасын береміз. Сонда бізде
тағы да виртуалды Е дискісі пайда болады. Енді сол дискте usr бумасын
құрып, содан кейін usr бумасының ішіне php бумасын құрамыз. Орнату файлы
ретінде екі файл болады, біреуі ехе, екіншісі zip файл. Алдымен ехе файлды
25
жүктеймізде пайда болған сұраныс терезелерінен Next батырмасын басып кете
береміз және Standart типті орнатамыз. Орнату жолына e:\usr\php жолын
көрсетіп оны сонда орнатамыз. Одан кейін SMTP серверін және электронды
пошта адрестерін енгізу терезесіне ойдан енгіземіз. Содан кейін, бізге PHP
жұмыс істейтін серверді таңдау қажет болады. Ол сервер ретінде біз Apache
серверін аламыз. Енді бізге қосымша модульдерді орнату мен Apache серверін
PHP кодтарын түсінуге үйрету керек болады. PHP - ді Apache - ге келтіру
E:usrapacheconf бумасынан Apache-ді келтіру httpd.conf файлын кез-келген
мәтіндік редактормен ашамыз, мысалы: "Блокнот" немесе "Word". Содан
кейін # АddType applicationx-httdp-php .php қатарын іздейміз. Ол жерден
кометарий белгісін # алып тастаймыз. Осы қатардан кейін, ScriptAlias _php
PHP жолы Action application x-httpd-php "_phpphp.exe" қатарларын
жазамыз [3].
PHP жолы жолы біздің жағдайымызда e:srphp. Бұдан кейін келтіру
файлын сақтап, файлды жабамыз.
Apache - де виртуалды хосттар бір компьютерде бірнеше немесе
жүздеген виртуалды серверлер болуы мүмкін. өзімізге сондай бір сервер
жасау бір немесе одан көп сайт құру үшін қажет болады. Ол үшін біз тағы да
сол httpd.conf файлын кез келген мәтіндік редактормен ашамыз және файлдың
соңына келесі қатарларды жазамыз:
VirtualHost 127.0.0.1
ServerAdmin admin@server
rname.com
Server
erName www.servername.com
DirectoryIndex index.php3 index.phtml index.php
Index.htm Index.html Index.shtml Index.shtm
DocumentRoot "e:usrpublic_htmlhostvirtual"
ScriptAlias cgi-bin "e:usrpublic_htmlhostvirtualcg i-bin"
ErrorLog e:usrphp
ublic_htmlhostvirtuallogserror. log
CustomLog e:usrpublic_htmlhostvirtuallog saccess.log common
VirtualHost
PHP скрипттері жұмыс істейтіндігін тексеру үшін алдымен
e:usrpublic_htmlhostvirtual бумасына test.php файлын құрып ішіне келесі
кодты жазамыз:
? phpinfo(); ?
Енді браузерге, http:127.0.0.1test.php деп жазамыз, егер экранда
төмендегі 1.4-суретте көрсетілгендей PHP туралы түрлі ақпарат пайда болса,
онда PHP жұмыс істеп тұр деген сөз.
Барлық бағдарламалау тілдеріндегі сияқты PHP-де де өз синтаксисі бар.
Оның синтаксисі С және Perl тілдеріне өте ұқсас. PHP-де әр скрипт ? рhp ден
басталып ? жазуымен аяқталуы керек. Коментарийлер болса С тіліндегідей *
басталып *-мен аяқталады [13].
26
1.4 сурет - РНР туралы ақпарат беретін терезе
1.8 РHP DevelStudio
DevelStudio - php тілі арқылы Windows үшін программа құруға
бағытталған php программалау ортасы. Мүмкіндіктері:
- Windows үшін жобаны ехе программаға компиляциялау;
- PHP 5.2 және 5.3 программалау тілін қолдану;
- синтаксистік қателіктерді ретке келтіру режимі және тексеру;
- curl, mysql, sockets және сол сияқты барлық кеңейтілген рһр -мен
жұмыс жасау;
- компоненттік жүйе 60-қа жуық компоненттен тұрады. Олар: GUI
компоненттері; ағындармен, мәліметтермен, диалогтармен, интернетпен және
т.б. жұмыс жасау үшін арналған компоненттер.
- HTML5 қолданатын қиын контентті көрсету үшін өзінің Chromium'a
программасына салып қою мүмкіндігі;
- көмескі жарық пен автотолықтыру бар кіріктірілген рһр
редакторының болуы.
27
1.9 Жобаның деректер қоры
Деректер қорында негізделген біріктірілген маркетингілік
коммуникацияны қалай іске асыруды түсіну үшін деректер қорының құру
алгоритмін көрейік:
а) тікелей бастапқы ақпарат - тізімдер, файлдар, каталогтар және т.б.
түсіндірмені қажет етпейді. Кейбір жағдайларда деректер қорының қағаз
нұсқасында болғаны тиімді;
ә) деректер қорының, деректер қорын басқару жүйесінің сырты (енгізу
программасы, деректерді тексеру және жаңарту);
б) деректер қорының менеджменті;
в) деректер қорының жаңарту көздері;
г) деректер қорын қолданатын жалпы маркетингілік стратегия және
оның маркетинг бірлестігіне біріктірілуі.
Соңғы пункт маған кілттік болып табылады. Алдыңда сипатталған
компоненттер - тек сауатты техникалық шешімнің сұрағы. Бизнесте деректер
қоры бірлестігінің маркетингілік стратегиясы - өнер, ал қалғаны - сауатты
және кертартпалық орындаушылық деп айтсақ болады.
Берілген тұжырымдаманы кері тәртіппен орындаған жөн: алдымен
деректер қорын қолдану стратегиясын өндеп, сосын жаңарту көздерін өңдеу
немесе жөндеу керек және т.б.
28
2 Арнайы бөлім
2.1 Пәндік саланы модельдеу
Қазіргі ақпараттық жүйелер мен технологиялар ең негізгісі болмаса да,
ең маңызды құрал болып табылады. Оның көмегімен - сыртқы және ішкі
ортасы әрқашанда өзгеріп отыратын ұжымды тиімді басқаруды қамтамасыз
етеді. Қазіргі замандағы ұжымды басқару - бұл ақпаратты басқару дегенді
білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, ақпараттық ресурстарды ұжымның қалай
басқаруына және ақпаратты басқаруға қандай технология қолдануына
байланысты ұжым өзіне табыс алып келеді.
2.2 Визуальды модельдеу тілінің негізі
Объектілі - бағытталған программалық жүйелерді жобалау және талдау
модельдерін құру үшін визуалды моделдеу тілдерін қолданады.
Салыстырмалы түрде алғанда жақында ғана, 1989-дан 1997 жылдар
аралығында пайда болған бұл тілдер дамуының көрнекті тарихына ие.
Қазіргі уақытта визуалды модельдеу тілдерінің үш ұрпағы бар. Бірінші
ұрпақ 10 тілден құралған болса, екінші ұрпақтың саны 50 тілден асқан. 2-ші
ұрпақтың анағұрлым әйгілі тілдерінің арасынан мыналарды айқындауға
болады: Буч тілі, Рамбо тілі, Шлеер Меллор тілі, Джекобсон тілі, Коад-
Иордан тілі және т.б әрбір тілі өзінің айқындылық құралдарын енгізді, өзіндік
синтаксисі мен семантикалық негізге алды, басқа сөзбен жалған және
қайталанбас тіл рөліне ие болды. Нәтижесінде өндірушілер бір-бірін түсінбей
бастады. Тілдерді унифицирлеу (сәйкестендіру) қажеттілігі пайда болады.
Унифицирлеу жетістіктері 3-ші ұрпақ тілдерінің пайда болуына әкелді.
Үшінші ұрпақ тілінің стандарты ретінде Unified Modeling Language (UML)
қабылданған, ол 1994-1997 жылдарда (негізгі өндірушілер - үш "amigos"
Г.Буч, Дж. Рэмбо, Джекобсон) құрылған. Қазіргі уақытта UML 1.4 версиясы
өндірілген.
2.2.1 Модельдеудің бірыңғай тілі. UML - объектілі-бағытталған
программалық жүйелерді жобалау, тал-дау және жүзеге асыру модельдерін
жазуға арналған стандартты тіл. UML программалық жобалар нәтижелерін
құжаттау, құрастыру, спецификациялау және көрнекті ету үшін қолданылуы
мүмкін. UML - бұл программалаудың көрнекті емес тілі, бірақ оның
модельдері (Java, C++, Visual Basic, Ada 95, Object Pascal) программалау
тілдерінде мәтінге және реляциялық деректер қоры үшін кестелерге де тікелей
тасымалданады.
UML сөздігі үш түрлі құрылыс блоктарын құрайды: заттар, қатынастар,
диаграммалар.
Заттар модельде негізгі элемент болып табылатын абстракциялар,
қатынастар арқылы байланысқан заттар модельдің негізгі элементтері, ал
диаграммалар заттар жиынтығын топтастырады.
29
2.2.2 UML-дегі диаграммалар. Диаграммалар - көптеген элементтердің
графикалық көрінісі, заттар төбелерінен және қатынастар доғаларынан
байланыстырушы графтар ретінде бейнеленеді. Диаграммалар түрлі көзқарас
жағынан жүйелерді көрнекті ету үшін салынады, содан соң олар жүйеден
көрініс табады. Әдетте диаграмма жүйені құрайтын элементтердің толық емес
көрінісін береді. Бір элемент барлық диаграммаларда қолданылса да, тәжірибе
жүзінде ол тек бірнеше диаграммаларда ғана пайда болады. Теория жағынан
диаграмма кез келген заттар мен қатынастар жиынтығынан құрылуы мүмкін,
тәжірибе жүзінде программалық жүйе архитектурасының бес көрінісіне
сәйкес келетін жиынтықтардың аз ғана санымен шектеледі. Осы себептен
UML-де тоғыз түрлі диаграмма бар:
Кластар диаграммалары кластар, интерфейстер, бірлесіп орындау және
олардың қатынастарының жиынын көрсетеді. Объектілі -бағытталған жүйе -
лерді модельдеу кезінде кластар диаграммалары өте жиі қолданылады.
Кластар диаграммалары жүйенің статистикалық жобалық көрінісін
қамтамасыз етеді. Активті кластарды қосатын кластар диаграммалары жүйе
процестерінің статистикалық көрінісін қамтамасыз етеді.
Объектілер диаграммасы объектілер мен олардың қатынастарының
жиынын көрсетеді. Объектілер диаграммасы кластар диаграммаларында
орналасқан заттар даналарының статистикалық "сол мезеттегі түсірімін"
береді. Кластар диаграммалары сияқты бұл диаграммалар жүйе процестерінің
статистикалық жобалық немесе статистикалық көрінісін (нақты немесе
фототипті жағдайлар көзқарасы жағынан) қамтамасыз етеді.
Use Case диаграммасы (прецеденттер диаграммасы) Use Case элемент-
тері, актерлері мен олардың қатынастары жиынын көрсетеді. Use Case
диаграммалары көмегімен жүйе үшін Use Case - тің статикалық көрінісі құры -
лады. Бұл диаграммалар жүйе тәртібін модельдеу мен ұйымдастыруда,
тапсырыс берушінің жүйеге қоятын талаптарын беруде өте маңызды.
Тізбектілік диаграммасы және бірлесіп орындау диаграммасы - бұл өз-
ара әрекеттесу диаграммаларының түрлері.
Өзара әрекеттесу диаграммасы объектілер мен олардың арасындағы
қатынастар, сондай -ақ объектілер арасындағы бір - біріне жіберілетін хабарла -
малар жиынын қосатын өзара әрекеттесулер. Өзара әрекеттесу диаграмма -
лары жүйенің динамикалық көрінісін беруді қамтамасыз етеді.
Тізбектілік диаграммасы - уақыт бойынша хабарламалардың реттеуін
айқындайтын өзара әрекеттесу диаграммасы.
Бірлесіп орындау (прецеденттер) диаграммасы - бұл хабарламаларды
жіберетін және қабылдайтын объектілерді құрылымдық ұйымдастырудың
өзара әрекеттесу диаграммасы. Тізбектілік диаграммалары мен бірлесіп
орындау диаграммалары изоморфты, яғни бұл бір диаграмманы басқа
диаграммаға тасымалдауға болатынын білдіреді.
Күйлер схемаларының диаграммалары ақырлы автоматты көрсетеді,
күйлер, ауысымдар, оқиғалар мен әрекеттерді көрсетеді. Күйлер
схемаларының диаграммалары жүйенің динамикалық маңыздылығы. Бұл
30
диаграммалар реактивті жүйелерді модельдеу кезінде өте пайдалы
оқиғалармен басқарылатын объект тәртібін айқындайды.
Іскерлік диаграммасы- жүйе ішінде әрекеттен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz