Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Комерциялық емес акционерлік қоғамы
Қыдырбек Ғалым
Талдықорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіаумағындағы борсықтардың саны, биологиялық ерекшелігі және санын молайту жолдары
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 5В080300 - «Аңшылықтану және аң шаруашылығы»
Алматы 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультеті
«Орман ресурстары және аңшылықтану» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Талдықорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіаумағындағы борсықтардың саны, биологиялық ерекшелігі және санын молайту жолдары
Орындаған: Қыдырбек Ғалым
2018 ж. «» қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушіс: Е. Ж. Кентбаев
Жетекшісі Т. Н. Кыдыров
Арнайы тарау кеңесшісі:
Сарапшы:
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультеті
«Орман ресурстары және аңшылықтану» кафедрасы
Мамандығы 5В080300 - «Аңшылықтану және аң шаруашылығы»
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Қыдырбек Ғалым
Дипломдық жұмыс тақырыбы: Талдықорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіаумағындағы борсықтардың саны, биологиялық ерекшелігі және санын молайту жолдары
Университеттің 201 жылғы « » №өкімімен бекітілген.
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 201 ж. « »
Жұмыстың бастапқы деректері:
Куәлік 6517-1907-08-ММ. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» Талдықорған қаласы. 05. 02. 2005. Серия В. № 0046191.
ЕРЕЖЕ. Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Бақанас орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі. 25. 01. 2005. № 18 бұйрық. .
ПРОЕКТ Организации и развития охотничьего хозяйства Талдыкорганского лесоохотничьего производственного предприятия Алматинской лесохозяйственного производственного объединения. Т. 1. Пояснительная записка. Алматы, 1992-1993.
Дипломдық жұмыста қарастырылатын тараулар мен сұрақтар (көкейкестілігі, мақсат мазмұндамасы, жаңалығы, графикалық материалдар тізімі) :
Талдықорған орман шаруашылығының орналасқан жері, жер бедері, климаты, өсімдігі және жануарлар әлемі.
Борсықтың биологиялық ерекшеліктері.
Мекемедегі борсық санының әр жылғы өзгеруі.
Мекемедегі борсық қорын пайдалану тиімділігі.
Графикалық материалдар тізімі (қажетті жағдайда) :
Мекемедегі борсықтардың әр жылғы саны.
Борсықтарды аулаудың әр жылғы мөлшері.
Ұсынылған негізгі әдебиеттер:
Лобачев Ю. С. Экология борсука в горах юго-востока Казахстана - Бюл. МОИП. отд. биол., 1976.
Книга генетического фонда фауны Казахской ССР. Ч. 1. Позвоночные животные, А. : Наука, 1989.
Бекенов А. Б., Есжанов Б. Е., Махмұтов С. М. Қазақстан сүтқоректілері. - Алматы, Ғылым, 1995.
Горшков П. К. К Вопросу о значении борсука в лесных биоценозах Волжско-Камского края. Животный мир. М., 1964.
Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшіліері:
Кафедра меңгерушіс: Е. Ж. Кентбаев
Жетекшісі Т. Н. Кыдыров
Дипломдық жұмысты орындау
ГРАФИГІ
Кафедра меңгерушіс: Кентбаев Е. Ж.
Жетекшісі: Кыдыров Т. Н.
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент: Қыдырбек Ғ.
МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер
Осы жұмыста төмендегі стандарттарға нормативтік сілтемелер қолданылған:
МОСТ 7. 32-2001 Ғылыми-ізденіс туралы есеп. Рәсімдеудің құрамы мен дұрыстығы
МОСТ 15. 011-96 Патентік ізденіс, мазмұны мен жүргізу жолдары
МОСТ 3345-88 Фармакопиялық формалин. Техникалық шарттары
МОСТ 5556-81 Дәрілік гигроскопикалық мақта. Техникалық шарттары
МОСТ 5962-67 Этилдік спиртті тазалау. Техникалық шарттары
МОСТ 6038-79 Глюкоза. Техникалық шарттары
МОСТ 6259-75 Глицерин. Техникалық шарттары
МОСТ 6417-72 Фенол. Техникалық шарттары
МОСТ 6709-72 Тазартылған су. Техникалық шарттары
МОСТ 8074-82 Айқын құрал-жабдықтар. Түрлері, негізгі шамалары мен өлшемдері. Техникалық шарттары
МОСТ 9284-75 Затты айқындауға арналған әйнек. Техникалық шарттары
МОСТ 9421-93. Дәрілік дәке. Техникалық шарттары
Анықтамалар
Жануарлар әлемі - Қазақстан республикасы және сондай-ақ тек қана Қазақстан республикасы экономикалық аймағында және құрлықтық қайраңдағы табиғи байлыққа қатынасты аумағында тұрақты немесе уақытша мекендейтін аңдар жиынтығы.
Қасакерлік жолмен аң аулау - Табиғатта мекендейтін жануарларды еш рұқсат қағаздары немесе лицензиясыз аулау.
Жануарлар әлемін пайдалану - жануарлар әлемі нысанымен, олардың пайдалы қасиеттерімен мекендеген ортасынан ерікті немесе еріксіз түрде пайдалану.
Аңшы - Қазақстан республикасы заңымен бекітілген түрде аң аулауға рұқсаты бар, жеке тұлға.
Күй ойнағы - шағылысу кезіндегі құстардың мінез-кұлқына байланысты қозғалу немесе іс-әрекетінің ерекшеліктері.
Полигамды аң - Көп жұпты аң.
Ареал - түрдің белгілі бір жер территориясына таралуы.
Эндемиг - Жануарлар әлемінің бір түрі тек сол жерде ғана кездесуі.
Биотехниялық шаралар - жануарлардың қорғаныс, қоректену және ұялау жағдайын жақсартуға бағытталған іс- шаралардың жиынтығы.
Белгілеулер мен қысқартулар
Осы жұмыста келесі белгілеулер мен қысқартулар қолданылған:
ОШММ - Орман шаруашылық мемлекеттік мекеме
РГКП - Республиканский гасударственный козенный предприятие
ЕҚТА - Ерекше қорғалатын табиғи аймақ
ҚР - Қазақстан Республикасы
БҒМ - Білім және ғылым министірлігі
Гр - Грамм
См - Сантиметр
Т. б. - Тағы басқа
Мг - Милиграмм
М - Метр
Га - Гектар
Км - Километр
т - Тонна
о С - Температураның цельсия бойынша көрсеткіші
% - Пайыз көрсеткіші
УАЗ - Уралски автомобильный завод
КІРІСПЕ
Табиғаты бай әріжері кең байтақ қазақ даласында жануарлардың көптеген өкілдерінің таралуы мен тұракты тіршілік етуіне қолайлы жағдайлар бар. Сүтқоректілер ерте дәуірден бастап, адам өмірінде бұл хайуанаттар маңызды орын алады. Олардың көптеген түрлері кәсіптік және әуесқойлық жолмен ауланатын бағалы аңдар. Аулау арқылы олардың дәмді етін, «жұмсақ алтын» аталып кеткен құнды терілерін, дәрі-дәрмектік шикізаттарын және тағы басқа өнімдердін халық шаруашылығына пайдаланы аламазы. Аса бағалы аң түрлерін елімізде жерсіндіру немесе арнаулы аң фермаларында өсіру кең етек алып келеді. Тіпті насекомқоректілер және жыртқыш аңдары ауыл және орман шаруашылықтарына зиян келтіретін және аурулар таратуға себепкер болатын ұсақ жәндіктер мен олардың личинкаларын, кеміргіштермен азықтанып, пайдасын да тигізеді.
Сүтқоректілер класының өкілдері бүгінгі күні өмір сүретін 19 отрядты, 118 тұқымдас және 4 000-нан астам түрді біріктіреді. Қазақстанда бұл кластың 8 отрядына (насекомжегіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар, тақтұяқтылар, жұптұяқтылар) жататын аңдардың 178-дей тұрі тіршілік етеді. Дипломдық жұмыс сүтқоректілер класының өкілдері бірі борсықтың қарастырады.
Сонымен қатар, шаруашылыққа пайдалы жауын құрттарымен де қоректенеді, ұяларын жерге салған құрстардың жұмыртқаларын немесе балапандарымен де қоректенеді. Қорегін іздей отырып, көптеген шұңқыр-тесіктер қалдырады. Бұл калдықтардың арысындағы жер қопсытылады, жердегі паразиттер өледі.
Осы дипломдық жұмысты жазу кезінде Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінде әкімшілігінің көмегімен, ізденіс жасап жазылады. Сол себепті Талдықорған орман және жануалардың дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің әкімшілігіне алғасымды айтамын.
Жұмыстың мақсаты - Талдықорған орман және жануалардың дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіндегі борсықтардың санын көбейту және тиімді пайдалану.
Жұмыстың міндерттері - Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде борсық экологиясы және шаруашылық маңызын анықтау. Осы мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер алға қойылды:
- мемлекеттік мекемесіне сипаттама;
- Талдықорғандағы борсықтың экологиялық және биологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
- мекемедегі борсық қорын анықтау;
- борсық аулау құралдарын және әдістерін зерттеу;
- борсық қорын пайдалану тиімділігін анықтау.
Жұмыстың жаңалығы - Талдықорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде алғаш борсық жайлы ғылыми және нақты деректер жиналып, салыстырылып қорытындыланды.
ӘДИБИЕТКЕ ШОЛУ
Қазақстанды мекендейтін борсыққа арнап жүггізілген және ғылыми жүмыстар саны көпте емес. Негізінен шыққан жұмыстар ұзінді түрде кездеседі.
В. С. Лобачев [1] борсық Жоңғар және Іле Алатауында ұйқыға кетер алдында майды шөптесін және сол кездегі Алматы обласының төңрегіндегі алма бақтарында алмамен, алмұртпен, алхормен, және ағаштардың өнімдерімен қоректенеді дегенді.
Борсық (Меlеs теlеs) теред інде тіршілік етеді. Олардың үлкендігі кішігірім иттей болады. Бізде тундрадан басқа жердің барлығында да кездеседі[2] .
Жыртқыштардын, ішіндегі жануар тектес азықтарды көбірек жейтіндерінің бірі борсықтар болып саналады. Бұлардың қорегінің көпшілігі - насекомдар, сүт қоректілер, кейде амфибилер, құстар, сонымен қатар өсім-дік тектес азықтарды да жейді. Олар зиянды насекомдарды, кемірушілерді қырып, шаруашылыққа үлкен пайда келтіреді. Қыста ұйқыға жатады[3] .
Борсықтардың дене тұрқы 60 - 90 см, салмағы 8 - 16 кг-дай. Олардың түсі ақшыл-сұрдан қара-қоңырға дейін өзгеріп отырады. Жүні қылшықты, салалы, сирек. Тұмсығынан желкесіне дейін созылған қара жолағы бар. Бауыры, төбесі, табандары қара, аяқтарында сәл иілген, ұзын тырнақтары болады. Інде тіршілік еткендіктен, маусымдық көшуі байқалмайды. Іңір түсісімен қорек іздеуге шығады. Борсық қорек талғамайды. Ол ұсақ кеміргіштермен, құстармен, олардың жұмыртқаларымен, жыланмен, кесірткелермен, көлбақалармен, ұсақ жәндіктермен, жеміс және бақша дақылдарымен де қоректенеді. Күзге қарай бойына май жинайды да, қысқы ұйқыға кетеді. Олар наурыз - маусымда мауығып, 1 жылдан кейін 1 - 5 күшік табады. Терісі мен майы үшін ауланады. Борсықтың майы витаминдерге бай, сондықтан халық медицинасында оны буын ауруларын, туберкулез және іріңді жараларды емдеуге қолданады. Ауыл шаруашылығы және орман зиянкестерін жеп пайда келтіреді. Кәсіпшілік маңыздылығы онша емес (терісі онша құнды емес жүні қылқалам үшін қолданылады майы емдік болып есептелінеді[4] .
Борсықтардың таралуы және түрлері. Европаға кеңінен таралған. (Скандинавия түбегі, Финляндия және Россияның Европалық бөлігінен басқа жерлерде) Кавказ өңірінде, қырым, кіші және Орта Азияда, Оңтүстік және Орталық Сібірде, Қиыр Шығыстың Оңтүстігінде, Шығыс Қытайда, Корея түбегінде, Жапонияда таралған.
Түрлері Meles meles meles (Западная Европа) ; Meles meles marianensis (Испания и Португалия) ; Meles meles leptorynchus (Россия) ; Meles meles leucurus (Китай, Тибет) ; Meles meles anaguma (Япония) [7] .
Борсық көбіне қорек іздеуге түн мезгілінде шығады. Күндіз таңғы 8-ге дейін, кешке 5-6-лардан кейін кездестіруге болады. Борсық тышқан сияқты ұсақ кеміргіштерді, бақа, кесіртке, құстар мен олардың жұмыртқаларын, балапандарын, кейде бақша дақылдарын да жейді. Ұсақ жәндіктерді, олардың
жұлдызқұртын моллюскаларды, түрлі жемістер мен жаңғақтарды, шөпті қорек етеді. Борсық қорек іздеген кезде өте үлкен аймақты, шарлап шығады. Осындай бір жорықта борсық 50 - 70- ке дейін бақа, жүздеген жәндік пен жауынқұртын ұстайды. Әйтсе де борсық тәулігіне 0, 5 кг, қорек жейді. Күзге қарай семіріп, қысқы ұйқыға жететін май жинайды. Солтүстік өңірлерде борсық күзгі қазан - қараша айынан бастап наурызға дейін қысқы ұйқыда болады. Ал, оңтүстік жақтарда қысы қысқа, жылы болса ұйықтамастан өмір сүреді [5] .
В. Г. Гептнер [12] ең біріншілер ішінде борсықтың қазақстанда 4 түр тармағы мекендейді деген: Ферған борсыға - severtzovi Heptner, 1940 - европа тобына жатады; қалғандары - тянь-шань - M. m. tianshanensis Huene, 1910; құм - М. m. arenarius Satunin, 1895; -M. m. sibiricus Kastshenko, 1900 - азиаттық опқа жатады.
Кейінірек А. В. Афанасьев т. б [13] белгілі «Звери Казахстана» Қазақстанда борсықтың 4 түр тармағы мекенлейтінін растады. Бұл мәліметте авторлармен алғашқы рет түолі ареалдарда мекендейтін борсақтардың биологиясы сипатталады.
В. Г. Гептнер [12] «Млекопитающие Советского Союза» атты күрделі жүмысында борсық туралы толық мәлімет айтты. А. А. Слудский [3] «Млекопитающие Казахстана» атты зоология институтының күлделі еңбегінде борсықтың Қазақстанда мекендейтін алқаптарына, биологиясына жан-жақты баға берген.
Совет Одағы кезіндегі жұмыстардан - борсықтың тері жамылғысының түстері сан-алуан туралы көптеген авторлар айтып кетті ( Огнев, 1931, Даль, 1939; Строгнев, 1962, т. б. ) .
Борсықтардың қоныс аударатыны туралы біршама жұмыстар бағашталған. Соның ішінде шульгина (1948) борсыұқ таулы аймақта жаздын екінші жартысында көк шөбі мол биіктеу аймақтарға қоныыс аударатыны туралы мәлімет айтты.
П. Б. Юргенсон [10] борсықтың жыныс жағынан жетілген төлдерінің қоныс аударды жан ұя құруына байланысты екенін атап айтты.
1 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР
1. 1 Зерттеу деректері және әдістері
Біздің зерттеу нысанамыз Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің аумағында мекендейтін борсықтар болып саналады.
Жұмыс Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінде жүргізілді.
Мекеме туралы деректерді мына құжаттардан алдық:
- Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік 6517-1907-08-ММ: Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі. Серия В № 0046191. Талдыкорган, 2005 [4] ;
- Ереже. Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты
пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман
шаруашылығы мемлекеттік мекемесі. Талдыкорган, 2005 [5] .
- Проект органзации и развития охотничьего хозяйства Талдыкорганского лесохозяйственного производственного предприятия Алматинской области. А., 1992-1993 гг [6] .
Борсықтардың саны туралы деректерді Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінен алдық.
Мекемеде борсықтар санын бағалау үшін екі топ әдістерді пайдаланады;
- көзбен көріп бақылау (мұнда аңдарды айдап санау да жатады) ;
- іздерін және қиларын есепке алу.
Борсық туралы мәліметтері жинауда және дипломдық жұмысты дайындауда біздер келесі әдәістемелерді қолдандық:
- сипаттау тәсілі-борсықтың таралу алқптары мекен ету ортасна сипаттау жасаау, биолгия ерекшеліктерін бақылау:
- салыстырмалы тәсіл-әрбір алқаптардың өмір сүру бейімділігін салыстыру:
- қоршаған ортадағы экологиялық бақылау тәсілдері -борсықты мекен ету биотоптарында жан-жақты бақылау:
- картографиялық тәсіл-борсықтың қылашақтарының орындары мен қоныс аудару жолдарын картаға түсіру:
Жұмысты борсқтың белгілі территорияда қоныс орындарын анықтау мәселесімен егерлерден, жануарларды қорғау қызметкерлерінен, арнаиы ғылыми-зерттеу бөлімінен сұрасыру, осыдан соң жиналған деректерді тексеру. Борсықтарға жұргізілетін санақтар бойынша шаруашылық әкімшілігіне сұрастыру жазу, себебі аталған уақытта мен қамтып үлгерген жоқпын.
Борсықтың биологиясы мен экологиясын зерттеу тәсілдері келесі бөлімдерден тұрады:
- оқу әдістемелері, асқазандағы жемтіктерді сұрыптау және қоректенетін қорларының жағдайы туралы есеп. Ол үшін, олжалаған борсықтың асқазанындағы жемтігін шығарады, ағынды суда тазартып, үлкен теріп алынған ірі фраксияларын сұрыптайды. Борсық қалашығында мекендейтін аңдарды есептейді, аналығын аулап, оның жатынындағы қара дақтарды есептеу. Жерасты суларының қаншалықты тереңде жатқанын анықтау, себебі борсықтың індерінің орналасу тереңдігі соған байланысты болады; індеріндегі және ұядағы сыртқы (экто) паразиттердің түрін және сан-мөлшерін анықтау. Борсықтың басқа да жануарлармен қарым-қатынасы, трофилық жіктеуде орны.
1. 2 Мекемеге қысқаша сипаттама
Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы:
Қазақстан республикасы,
Алматы облысы,
Талдықорған қаласы,
Лесная поляна көшесі, 1.
Мекеме Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына тікелей бағынышты кәсіпорын.
Мекеме орманды күзетуге, қорғауға, жаңадан өсіруге, ұлғайтуға, орманды пайдалануды реттеуге, сонымен қатар өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ресурстарын, өзінің тұрақты пайдалануындағы, орман қоры аймағын, бекітіліп берілген аң алқабына рұқсат беруге құқықты және міндетті.
Мекеменің құрамына ерекше қорғалатын заңды статусы берілмеген табиғи жерлері (мемлекеттік табиғи қорғалымдар, мемлекеттік табиғи ескерткіштер, ерекше қорғалатын орман, сулы, сазды-балшықты алқапткар мен халықаралық мәні бар ерекше қорғалатын табиғи жерлер) болуы мүмкін.
Облыс Әкімі құрылтайшы және мүлік иегері болып табылады.
Мекеме Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының шешімдері мен бұйрықтары мекеменің орындауына міндетті түрде жатады, соған орай мекеме Мекеме Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына тікелей бағынышты, әрі есеп беру ережелеріне сәйкес болуға тиіс.
Мекеме мемлекеттік ұйымдық-құқықтық нысанасындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрлері мен мөр табаныдары, белгіленген үлгідегі бланкалары, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банкте есеп шоты болады.
Мекеме өз атынан заматтық-құқықтық қатынастарға түседі, егер оған заңдарға сәйкес уәкілдік берілсе, мемлекеттің атына азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Мекеме қызыметінің негізгі мақсаты мен түрі: Мекеме қызметінің негізгі түрі мен мақсаты - орман, аңшылық және өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің өзге де ресурстарын қорғау, сақтау, өсіру және тиімді пайдалануды басқарау мен реттеу.
Мекеме табиғат қорғау және табиғатты пайдалану саласында төмендегідей мақсаттарын жүзеге асыру құқығын пайдаланады.
- орман және аңшылық шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын дамыту жөніндегі мемлекеттік және басқа да жоспарлдарды жүзеге асыруға ат салысады;
- орман, аңшылық шаруашылығын және жануарлар дүниесінің басқа да байлықтарын (ресурстарын) ұлғайта өндіруге, ұтымды, әрі үнемдеп пайдалануға, өз билігіндегі ерекше қорғаудағы табиғат аймағына мемлекеттік басшылық жасайды;
- орман өсімдігін ресурстық потенциалын жәнежануарлар дүниесінің байлығын арттырады;
- бірегей әрі сирек ландшафты (жер бедерін) өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биологиялық алуан түрлілігін сақтау жұмыстарын ұйымдастырады;
- мекеме штатындағы орман күзетінің, қорықшылар қызметкерлерінің жұмыстарына іскерлікпен, бірлікпен басшылық жасайды.
Осы мақсатта мекеме:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz