Геморрагиялық желінсауды емдеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық министрлігі

Коммерциялықемес акционерлік қоғам

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

ВЕТЕРИНАРИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Карибаев Ерболат

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы 5В120100 - «Ветеринарлық медицина»

Алматы 2018 ж


Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық министрлігі

Коммерциялықемес акционерлік қоғам

Ветеринария факультеті

Акушерлік, хирургия және малдардың өсіп-өну биотехнологиясы кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: « Сиырдың іріңді-катаралды желінсауы»

Беттер саны

Сызбалар мен көрнекі

Материалдар саны

Қосымшалар ­­­

Орындаған Карибаев Ерболат

2018 ж. “” қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі б. ғ. к., профессор Е. С. Усенбеков

Жетекшісі б. ғ. к., профессор О. Т. Туребеков

Норма бақылау қауым. профессор Ә. С. Ибажанова

Сарапшы «BioVetSan» «ҒӨК»ЖШС

бас директорының орынбасары Л. Т. Абдибекова

Алматы - 2018 жыл.

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ветеринария факультеті

мамандығы «Ветеринарлық медицина»

Акушерлік, хирургия және малдардың өсіп-өну биотехнологиясы кафедрасы

Дипломдық жұмысты орындау

ТАПСЫРМАСЫ

Студент Карибаев Ерболат

Жұмыс тақырыбы « Сиырдың іріңді-катаралды желінсауы»

Университет бойынша 2018 ж «» № бұйрығымен бекітілген

Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2018 ж « » мамыр

Жұмыстың бастапқы деректері шаруашылықтағы сиырлардың желін патологиясын және оның ішінде іріңді-катаралды желінсауын анықтау және емдеу іс -шараларын жүргізу және патологияға ұшыраған мал топтарын құру және осы патологияның түрлеріне сәйкес емдеу әдістері туралы арнайы әдебиетке шолу жасау.

Дипломдық жұмысты 2017-2018 жылдары шаруашылықта жұмыс жүргізу жоспарлануда және алғашқы сатысында шаруашылықтағы сиырлада сиырлардың іріңді-катаралды желінсауын анықтау және емдеу іс -шараларын жүргізу, балау ем жасау техникасын меңгеру, дифференциальдық балау жасау және емдеу жүргізу

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер

Студенцов А. П., Шипилов В. С., Субботина Л. Г., Преображенский О. Н. Ветеринарное акушерство и гинекология. Москва., Агропромиздат., 1986

Никитин В. Я., Миролюбов М. Г., Гончаров В. П., Храмцов В. В., Преображенский О. Н. Практикум по акушерству, гинекологии и биотехнике размножения животных. «Колос»., Москва., 2004

Жоланов М. Н., Қойбағаров Қ. У., Туребеков О. Т., Мадияров М. А. Мал акушерлігі, гинекологиясы және көбею биотехнологиясы., Практикум Алматы., «Агроуниверситет» 2005;

Туребеков О. Т. Сиырдың акушерлік-гинекологиялық аурулары. Алматы 2010

Шипилов В. С., Зверева Г. В., Родин И. И., Никитин В. Я. Практикум по акушерству, гинекологии и искусственному осеменению сельскохозяйственных животных. Москва., «Агропромиздат», 1988.

Жұмыстын арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Ескерту
Тарау: Арнайы әдебиетке шолу
Кеңесші: Туребеков О. Т.
Мерзімі: Қазан 2017ж
Ескерту:
Тарау: Өзіндік зерттеулер жүргізу
Кеңесші: Туребеков О. Т.
Мерзімі: Қазан 2017-сәуір 2018 жылдары
Ескерту:
Тарау: Өзіндік зерттеулерді талдау және қорытындылау
Кеңесші: Туребеков О. Т.
Мерзімі: Мамыр 2018 ж
Ескерту:
Тарау: Экология, еңбекті қорғау
Кеңесші: Бабалиев С. У.
Мерзімі: Мамыр 2018 ж
Ескерту:

Кафедра меңгерушісі б. ғ. к., профессор Е. С. Усенбеков

Жұмыс жетекшісі б. ғ. к., профессор О. Т. Туребеков

Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент Е. Карибаев

Дипломдық жұмысты орындау

ГРАФИГІ

Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескерту
Рет саны: 1
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Арнайы әдебиетке шолу
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қазан-желтоқсан 2017 ж
Ескерту:
Рет саны: 2
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Зерттеу топтарын құру
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қазан 2017 сәуір 2018 ж
Ескерту:
Рет саны: 3
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Өзіндік зерттеулер жүргізу
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қазан 2017 сәуір 2018 ж
Ескерту:
Рет саны: 4
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Өзіндік зерттеулерді талдау және қорытындылау
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Сәуір-мамыр 2018 ж
Ескерту:
Рет саны: 5
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Дипломдық жұмыстың қолжазбасын жетекшіге ұсыну
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Мамыр 2018ж
Ескерту:

Кафедра меңгерушісі б. ғ. к., профессор Е. С. Усенбеков

Жұмыс жетекшісі б. ғ. к., профессор О. Т. Туребеков

Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент Е. Карибаев

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: АНЫҚТАМАЛАР . . .
:
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: БЕЛГІЛЕРМЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .
:
: 1.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: КІРІСПЕ . . .
:
: 2.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ . . .
:
: 2. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Қарастырылып отырған мәселенің кәзіргі ахуалын бағалау . . .
:
: 2. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Қарастырылып отырған мәселені теориялық негіздеу . . .
:
: 3.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . .
:
: 3. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Зерттеу материалдары мен әдістері . . .
:
: 3. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Шаруашылыққа сипаттама . . .
:
: 3. 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Зерттеу нәтижелері және оны талдау . . .
:
: 3. 4
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Еңбекті қорғау және экология мәселелері . . .
:
: 4.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ҚОРЫТЫНДЫЛАР . . .
:
: 5.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР . . .
:
: 6.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
:
: 7.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ҚОСЫМШАЛАР
:

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

ТШ 42-102-63
Қайшылар
ТШ 42-102-63: МЕМСТ 7852-65
Қайшылар: Резеңкелік тығын
ТШ 42-102-63: МЕМСТ12026-66
Қайшылар: Сүзгі қағаз
ТШ 42-102-63: МЕМСТ 6709-72
Қайшылар: Дистилденген су
ТШ 42-102-63: ТШ 480-11-10-73
Қайшылар: Шыны қарандашы
ТШ 42-102-63: МЕМСТ2029274Е
Қайшылар: Шыны пипетка
ТШ 42-102-63: МЕМСТ 20292-74
Қайшылар: Колбалар
ТШ 42-102-63: МЕМСТ 9284-75
Қайшылар: Заттық шыны
ТШ 42-102-63: ТШ ОСЧ 25-6
Қайшылар: Дистилденген су
ТШ 42-102-63: МЕМСТ 22 967
Қайшылар: Шприцтер
ТШ 42-102-63: МЕМСТ25336821
Қайшылар: Зертханалық ыдыстар
ТШ 42-102-63: МЕМСТ 4. 452-86
Қайшылар: Вазелин майы

Анықтамалар

Анамнез - ветеринарлық практикада ауру малға балау жасау мақсатында жануардың ұстауы мен азықтануы, аурудың дамуы туралы мәліметтер жинау.

Галактогендік жол - сүт бездеріне патогендік микробтардың желіннің үрпі арқылы түсуі.

Гематогендік жол - сүт бездеріне патогендік микробтардың қанмен келіп түсуі.

Желінсау - механикалық, химиялық, температуралық және биологиялық факторларының әсерінен болатын сүт бездерінің қабынуы.

Жасырын желінсау - клиникалық белгілері білінбей немесе өте әлсіз білінетін сүт бездерінің қабынуы және сүт түзілуі мен сапасының төмендеуі

Желінсау жіктелуі - А. П. Студенцовтың жіктеуі сәйкес аналық жануарларда желінсаудың алты клиникалық формасы және бір асқыну бар, өтуі бойынша желінсау - жіті және созылмалы болады.

Желінсау этиологиясы - сүт бездерінің қабынуына алып келетін зиянды биологиялық, химиялық, температуралық және механикалық фаторлар жиынтығы.

Лимфагендік жол - сүт бездеріне патогендік микробтардың лимфамен келіп түсуі.

Моцион (серуендету) - аурудың алдын алу мақсатында жануарларға серуендету ұйымдастыру.

Новокаиндік тежеулер - жануарларорганизмінде жіті формада өтіп жатқан қабыну үрдістерінде новокаин ерітіндісін жүйке жүйесінің қызметін қалыптастыру үшін пайдаланатын ветеринарлық тәжірибеде кең тараған патогенетикалық емдеу әдісі.

Окситоцин - физиологиялық жағдайда аналық жануардың жатыры мен сүт бездерінің миоэпителийінің жиырылуын қамтамасыз ететін гормон.

Патогенетикалық емдеу - малдәрігерлік практикада жиі қабынудың жіті формасында пайдаланатын организмде өтіп жатқан патологиялық процесстердің өту механизмін бәсеңдетуге бағытталған емдеу тәсілдері, соның ішінде новокаиндік тежеулер.

Симптоматикалық емдеу - патологиялық үрдістердің клиникалық белгілерін жоюға бағытталған емдеу әдістері.

Сервис кезең - туғаннан ұрықтанғанға дейінгі кезең

Туғаннан кейінгі кезең - туудан кейін жыныс органдарының инволюциясы болғанға дейінгі кезең

Этиотроптық емдеу - қабыну үрдістерінің себептерін жоюға бағытталған емдеу әдістері (антибиотиктік, сульфанильамидтік емдеулер)

Дипломдық жұмыста кездесетін белгілермен қысқартылған сөздер

АСД - Дороговтың антисептик стимуляторы

АСД - 2 - Дороговтың антисептик стимуляторы, 2 фракциясы

ӘБ - әлемдік бірлік

әб - әсер бірлік

ТБ - тышқан бірлігі

ФСГ - фолликулстимульдеуші гормон

СБП - сутті бақылау пластинкасы

1. КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі : Бүгінгі таңда сүт өндіретін шаруашылықтар Қазақстан Республикасы бойынша өз жұмысын жандандыра бастады. Солардың ішінде бірнеше ірі сүт өндіретін шаруашылықтарда бар атап айтсақ: Ақмола облысындағы «Родина» шаруашылығы, «Астана-өнім»; Алматы облысында «Адал», «Фудмастер», «Аиршир», «Байсерке-АГРО», СПХК «Алматы» АШӨК, «Амиран», «Медеу- Коммерц» және тағы басқалар, сонымен қатар бірнеше шаруа қожалықтары бар.

Осы күнге дейін мал шаруашылығында, атап айтсақ сүт өндіретін шаруашылықтарда сиырлардың желінсауы жиі кездеседі. Соның салдарынан жоспарда белгіленген сүт өнімі ойдағыдай алынбай келеді. Аталған аурулар жұқпалы емес, бірақ антисанитарлық жағдайда асқынып кетуі әбден мүмкін, сонымен қатар індетті ауру салдарынан да асқынып, малды істен шығаруға тура келеді. Ғылыми әдебиеттегі мәліметтерге сүйенетін болсақ желінсаулар 15 - 20 % туғаннан кейінгі кезеңде кездеседі. Сондықтан бұл аурулар шаруашылыққа орасан зор зиян шектіреді.

Жоғарыдағы жағдайды ескеріп, Біз дипломдық жұмыстың мақсаты ретінде: Сиырдың іріңді-катаралды желінсауының алдыналу іс-шараларын ұйымдастыруды алдымызға мақсат етіп таңдап алдық.

Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегі міндеттерді таңдадық:

  1. Шаруашылық бойынша желінсаудың таралуын анықтау
  2. Шаруашылықтағы сауынды сиырлардың желінсауға шалдығуын жыл мерзіміне байланысты зерттеу
  3. Желінсау түрлеріне байланысты ауру мал басын топқа бөліп емдеу іс-шараларын жүргізу
  4. Желінсаудың әр түріне тиімді емдеу әдісін анықтау
  5. Өзіндік зерттеу нәтижесі бойынша шаруашылыққа ұсыныс беру

2. ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

2. 1 Қарастырылып отырған мәселенің кәзіргі ахуалын бағалау

Желінсау - желіннің қабынуы. Көбінесе жаңа туған малды, сиырларды суалтқан, қойды қозысынан айырған кезде кездеседі.

Шаруашылықта малдың бағып - күтімі, азықтандыруы нашар болып, сауу ережелері дұрыс сақталмайтын болса, желін аурулары кең таралып кетуі мүмкін. Сөйтіп, шаруашылыққа орасан зор зиянын тигізеді. Сиырдың бір емшегі (ширегі) ауырғанының өзінде оның сүттілігі 10 - 20 %-ға кемиді. Желінсау болған сиырлар (әсіресе сүтті асыл тұқымды сиырлар) мезгілінен бұрын жарамсыздыққа шығып, етке өткізіліп жіберіледі.

Жасырын (субклиникалық) желінсау кезінде ауру сиырдың сүті таза сүтпен араласып кетеді де, оның сапасы төмендетеді. Одан жақсы, дәмді айран ұйытуға, ірімшік - май жасауға болмайды. Ондай сүтті ішкен бұзаудың іші жүруі мүмкін, адам да ауырады. Желін ауруларының ішіндегі ең көп кездесетіні де, ең көп зиянын тигізетіні де желінсау аурулары және олардың асқынған түрлері. [2]

Организмде пайда болған желінсаудың негізгі жіктелуі ол организмнің резистенттілігіне, ауру тудыратын себептерінің түрлеріне байланысты болып келеді.

Серозды желінсау - клиникалық көріністері: ауру басталғанда желінде гиперемия болады және серозды экссудат жиналады (1 суретте) . Сүттің құрамы өзгере қоймайды. Малдың дене температурасы көтеріледі, тәбеті және сүт өнімділігі төмендейді. Желіннің қабынған бөлігінің көлемі ұлғайған, тығыз, ыстық және ауырсынады. Желін үсті безінің көлемі ұлғайған. Серозды желінсауды уақытында дұрыс емдесе, мал көп ұзамай жазылып кетеді. [3]

Катаральды желінсау - катаральды желінсау кезінде сүтте ірімтіктер пайда болады. Қабыну процесі екі түрде өтеді: а) цистерна және сүт жолдарының катары; б) альвеола катары.

Малдың жалпы жағдайы орташа. Емшек үрпісінің үстіңгі жағынан ұстап көргенде тығыздалған жерлері байқалады. Олар іріп - ұйып қалған сүттің жиналып, емшек каналын бітелуінің белгілері. Оны сауып тастағаннан кейін сүт тазара бастайды, бірақ ондай сүтті пайдалануға болмайды (2 суретте) .

Фибринозды желінсау - кезінде малдың жалпы жағдайы төмендеп, мал күйзеледі. Малдың азыққа тәбеті және сүт өнімділігі нашарлап, дене температурасы көтеріледі. Желіннің қабынған бөлігінің көлемі ұлғайып қызарады, жергілікті температурасы көтеріледі, ауырсынады, соның салдарынан мал артқы аяғынан ақсап басып жүреді. Желінді қолмен ұстап зерттегенде қабынған жерлерден қытырлаған дыбыстар естуге болады. Мұндай белгілер фибринозды қабынудың негізгі белгілері болып табылады.

Іріңді желінсау - іріңді - катаральды желінсау - қабыну процессінің өту уақытына байланысты: жіті және созылмалы болады. Жіті іріңді - катаральды желінсау кезінде малдың дене температурасы көтеріңкі, желіннің қабынған бөлігінің көлемі үлкейеді, қызарады, жергілікті температурасы көтеріліп, ұстап көргенде ауырсыну байқалады. Сүттің құрамында ірің және сарғылт-қызыл қойырпақ кездеседі. Іріңді - катаральды желінсаудың созылмалы түрінде желіннің, емшектің көлемі кішірейіп кетеді, сүттің мөлшері азайып құрамында іріңді шырыш болады [4]

Геморрагиялық желінсау - малдың жалпы жағдайы төмендеп, температурасы көтеріліп, тыныс алуы, тамыр соғуы жиілейді. Желіннің қабынған бөлігін ұстап көргенде ауырсынады, жергілікті қызуы көтерілген, терісі қызыл-күрең түсті. Сүті су тәрізді түсі қызғылт және ұсақ қосындылар болады.

Тәнді желінсау - бұл белгілі бір аурулардың салдарынан болады.

Желін аусылы - мал аусылмен ауырғанда желінде, емшектерде көңкңлдеп суға толған күлдіреуіктер пайда болады және олар жарылып жараға айналады.

Желін актиномикозы - желінге сәулелі саңырауқұлақтар енгенде пайда болады. Зақымдалған жерлер іріңдңп жазылмайтын жараға айналады. Желінсаудың пайда болу себептері: желінсауды тудыратын себептер өте көп, кейде оның қайсысы негізгі себеп, қайсысы қосалқы себеп екендігін ажырату қиын болып келеді. Ғалымдар желінсаудың пайда болуына 80 % жағдайда микробтың үлесі бар деп есептейді.

ШАРУАШЫЛЫҚТАРДА КЕЗДЕСЕТІН ЖЕЛІНСАУ

ТҮРЛЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЕМДЕУ ІС-ШАРАЛАРЫ

Желінсауға қолданылатын жалпы терапиялық әдістер :

Барлық жіті желінсау кезінде (серозды, катаральды, фибринозды, геморрагиялық, іріңді - катаральды) тамыр ішіне 40 %-дық глюкозаны 150 - 200 мл, 10 %-дық хлорлы кальций 150 - 200 мл, 2 - 3 г кофеинді, бұлшықетке окситоцинді 40 - 50 бірлікте енгізу ұсынылады. Ерітінділер стерильді түрде болуы тиіс.

Микробқа қарсы (антимикробты) әдістерді қолдану

Ішке ақ түсті стрептоцидті 4 күн күніне 3 рет: 1-ші күні 15 г, 2-ші күні - 12 г, 3-ші күні - 9 г, 4-ші күні - 6 г беру керек. Бұлшық етке экмоновоциллин - 3-4 бірлікте 1 рет күніне егу керек. Және де тамыр ішіне 150-200 мл 10 %-дық норсульфазол натрийді егу керек. Сонымен қатар, желінсау кезінде арнайы препараттар: мастикур, мастисан А, В, Е және де келесі медикаменттерді қолдануға болады: фурациллин - 1:5000, риванол - 1:2000, 2-3 % ихтиол. Микробқа қарсы препараттарды желіннің үрпісі арқылы енгіземіз. [11]

2. 2 Қарастырылып отырған мәселені теориялық негіздеу

Серозды желінсауды емдеу

Желінді астынан жоғары қарай сылап сипайды, жиі-жиі сауып тастайды, бұлшық етіне 8-10 мың ӘБ антибиотиктерді қолданады. Сонымен қатар аузынан 10-12 г стрептоцид ұнтағын 3 рет бөліп ішкізеді. Д. Д. Логвиновтың әдісі бойынша қысқа блокада жасайды (7 сурет) . Желінді камфора майымен майлап, 2-3 сағатқа озокерит жапсырады. Малдың рационындағы шырынды жем шөпті, суды азайтқан жөн.

Катаральды желінсауды емдеу

Алғашқы күндері 6 сағат сайын 8-10 мың ӘБ антибиотиктер қоспасын бұлшық етке салады. Желінді жоғарыдан төмен қарай сылап сипайды және жиі-жиі сауып отырады. Сауар алдында сүт жолдарын экссудаттан оңай тазарту үшін емшек үрпісіне 1-2 %-дық сода ерітіндісін, немесе 5 %-дық мүсәтір қышқылының жылы ерітіндісін 150-200 мл шамасында жіберіп, уқалап массаж жасаған соң тазалап сауып тастайды.

Сонымен қатар, 1-2 рет Д. Д. Логвиновтың қысқа блокадасын жасау керек. Желінді камфора майымен сылап сипайды және жылылап орап тастайды (8 сурет) .

Фибринозды желінсауды емдеу

Айырған малды жеке жерде ұстап, бұлшық етіне әрбір6 сағат сайын антибиотиктер егеді. Вена тамырына 40 %-дық глюкоза ерітіндісінің және 10 %-дық хлорлы кальцийдің ерітіндісін қосып жылы күйінде жібереді. Сүтті сауып болған соң желін үрпісіне 100-150 мл фурациллиннің 1:5000 ерітіндісін, этакридин лактаттың 1:3000 ерітіндісін немесе 2-3 % стрептоцидтің ерітіндісін жібереді. Желіннің ауырған бөлігіне камфора немесе ихтиол майын жағып, жылылап, орап тастайды.

Іріңді желінсауды емдеу

Желінді патологиялық экссудаттан босатудан басталады. Сүт цистернасында қатып қалған ұйындылардан жібіту үшін желін үрпісіне 1-2 %-дық соданың жылы ерітіндісін 150-200 мл шамасында жібереді, сонымен қатар, тері астына немесе бұлшық етке окситоцин, питуитрин салады. Желінді экссудаттан тазартқаннан соң емшек үрпісіне мастикур, мастисан дәрілерін және антисептикалық ерітінділерін жібереді. Мал дене қызуы түспесе венаға 10 %-дық норсульфазолдың ерітіндісін 150 мл шамасында жібереді. Егер іріңді желінсау абсцесс немесе флегмонаға айналып кетсе, оларды жуан инемен тесіп іріңді сорып шығарады да, орнына антимикробтық препараттар жібереді. Мал организмінің жалпы тонусын көтеру үшін 40 %-дық глюкозаның ерітіндісін 100-150 мл, 10 %-дық хлорлы кальцийдің ерітіндісін 100 мл шамасында және 10-15 мл кофеиннің ерітіндісін жібереді. Сонымен қатар, малдың бағып күтуін жақсартып азығының сапасын жоғарылатады. [13]

Геморрагиялық желінсауды емдеу

Малды бөлек оқшаулап жиі-жиі сауып, тері астына 10 мл кофеинді, венаға 200-250 мл 40 %-дық глюкозаны, 100 мл 10 %-дық хлорлы кальцийдің ерітіндісін жібереді. Желіннің сыртынан ихтиол, камфора майын жағып, жылы орап, байлап тастайды. Д. Д. Логвиновтың қысқа блокадасын немесе Башкиров және Магда әдісі бойынша блокадалау пайдаланылады (9-10 суреттер) .

Тәнді желінсауды емдеу

Желін аусылының емі: жара болған жерлеріне йод немесе йод-глицерин жағады. Шаруашылықта аусылды жою мақсатында тиісті жазылмайтын ойық жараға айналады. Желін актиномикозын емдеу үшін іріңді және өлеттенген ұлпадан механикалық тазартып, дезинфекциялық ерітінділермен жуып-шаяды және күре тамыры арқылы 40 % глюкоза ерітіндісін 250-300 мл, 20 % хлорлы кальцийдің ерітіндісін 100-150 мл, 10-15 мл кофеинді араластырып жылы күйінде жіберген жөн 2-3 күнде бір рет, сонымен қатар 1 кг тірі салмағына 8-10 мың ӘБ антиюиотикті енгізеді және тривитамин, тетравитті пайдаланған дұрыс. [17]

Желін туберкулезіне күдік туғанда қосымша туберкулезге альтуберкуллин мен зерттеу жүргізіп, лабораторияға материал жіберіледі. Кешенді зерттеу нәтижесі бойынша малды 3 күннің ішінде санбойня арқылы сойдыртқан жөн.

ЖЕЛІНСАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Лактациялық кезеңде:

  • өнімділігіне байланысты малды топтастыру;
  • сауар алдында желінді 0, 3 % дезмолдың ерітіндісімен зарарсыздандырады, дезинфекциялық ерітіндімен ылғалданған орамалмен сүртеді;
  • сүттің үлесін жеке сауып алады;
  • желіннен дер кезінде сауу стақандарын алған дұрыс;
  • желінді зақымдайтын технологиялық жабдықтарды қолданған дұрыс;
  • малды күнделікті 4-5 км дейін серуендеткен жөн;
  • сауу құрылымдарын және жабдықтарын жұмысын әрдайым бақылап отырған дұрыс;
  • машинамен сауу ережелеріне сәйкес малды таңдап алу;
  • сауу аппаратын күнделікті бұзып-бөлшектеп, жуып-тазартып, дезинфекциядан өткізген дұрыс және резеңке бөлшектерінің пайдалануға жарамдылығын бақылап отырған жөн;
  • желінсаумен ауырған сиырларды уақытында емдеп тұрған жөн.

Сиырды суалтқан кезде:

  • буаз сиырларды екі апта бойы асықпай сауалтады және міндетті түрде бұзауларына 30-60 күн алдын ала суалтқан дұрыс;
  • мал азығының рационының құрамынан шырынды азықты және жемді алып тастайды;
  • буаз сиырларды бұзауларға 10-14 күн қалғанда, немесе суалту мерзімінің 14 күні өткенде желінсауға тексерген жөн;
  • желінсаумен ауырған сиырларды емдеген кезде желін цистернасы арқылы антимикробтық препараттарды жібереді.

Бұзаулағаннан кейін:

  • сиырдың желінін жылы сумен жуып, калий перманганатының 1:3000 ерітіндісімен шайып-зарарсыздандырады;
  • бұзауды алғашқы емізуге жіберместен бұрын, сиырдың сүт безін желінсауға тексереді,
  • туғаннан кейінгі алғашқы 12-24 сағатта бұзауды анасына жіберіп, емізіп тұрған дұрыс;
  • шуды дер кезінде түсіру;
  • мал қораның, малдың үсті-басын таза ұстау керек.

Бірқатар зерттеушілердің атауынша желінсауды жоюға бағытталынған шаралар, өзінің қаржылық және материалдық салымдарына қарамастан қажетті профилактикалық сенімді әдістерін құрастыруға көмектескен жоқ, ал желінсаумен күресуден келтірілген шығындар ауқымды болып қала беруде (Аппоп А, 1987) .

Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары организмнің жалпы резистенттілігі­н төмендетеді, бұл желінде патологиялық үдеріс дамуына әкеліп соқтырады. Бірмезгілде зақымдаушы әсер ететін факторлардан туындалатын бұзылыстар организмнің өзімен қалыпқа келтіріледі, ал аз қарқындылықтағы созылмалы үдерістер сүт безінде морфофункционалдық өзгерістерге әкеліп соқтырады. Табында болатын сиырлардың бір жағдайда ұсталынуына қарамастан барлығы бірдей желінсаумен ауырмайтыны осыдан болуы керек.

Г. В. Казеев (1994), В. Г. Васильев (1996) сүтті сиырларды ұстаудың заманауи жағдайларында сиырлардың желінсаумен ауырыуы себептерінің бірі саууға байланысы бар технологиялық және техникалық бұзылыстар болып табылады деп санайды. Дұрыс жұмыс жасамайтын аппаратура желіндегі патоло­гия үдерістер дамуына әкеліп соқтырады. Осы кезде желінсаумен ауырған сиырлардың саны 40% жетеді (Париков В. А., Сапожникова H. A. 1998) .

Емшек үрпісі цистернасы кілегейлі қабатының тітіркену дәрежесіне вакуум ауқымы, оның әсер ету ұзақтығы, сауын аппаратурасының жағдайы мен соғу жылдамдығының жиілігі әсер етеді. Машинамен сауу кезінде вакуум ауытқулары сүт ағысының бағытын өзгертуі ықтимал, нәтижесінде ол кері емшек үрпісі каналына түсіп, микробтар имплантациясын тудыруы мүмкін (В. А. Париков, 1990) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүт безінің жағдайын анықтау
Мүйізді ірі қаралардағы желінсау ауруының этиологиясы
Сиыр желінсауының эпидемиологиялың мәні
Желінсаулардың асқынулары
Желін флегмонасы
Сүт безінің аурулары
Желін үрпісінің аурулары және аномалиялары
Желін жарасы
Сиырлардың желінсау ауруы
Желін ауруларының шаруашылыққа тигізетін зияндары және пайда болу себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz