Сауықтыру жаттығулармен айналысатын адамдар үшін медициналық бақылау



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Сауықтыру жаттығулармен айналысатын адамдар үшін медициналық бақылау
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800- мамандығы - Дене шынықтыру және спорт

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ПЕДАГОГИКАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
1.1. Денсаулық сақтау педагогикасы, денсаулық сақтау технологиялары туралы түсінік
1.2. Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын денсаулық сақтау технологиялары

ІІ. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
2.1. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда денсаулық сақтау технологияларын қолдану ерекшеліктері
2.2. Денсаулығын сақтау технологияларын қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімділігін тәжірибеде зерттеу.

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық сақтаудағы жеке тұлғаның рөлі көтерілуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған "Қазақстан - 2030" жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда денсаулықты сақтаудың маңызы туралы және салауатты өмір сүру салтын дамытудың қоғам үшін аса қажеттігі туралы айтып өткен болатын [1].
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құжаттарында: Қазақстан Республика Ата заңы, "Білім туралы" Заңында, "Білім" атты мемлекеттік бағдарламада жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша белсенді іс-шаралардың қажеттігі мен мемлекеттік маңызды басымдылық ретінде көрсетілетіндігі жайдан емес.
Көптеген ғалымдар денсаулық тұлғаның барлық мүмкіндіктерінің ашылуының шарты болып табылады, ол баланың жас кезінен бастап қаншалықты денсаулығын сақтауға бейімделген және салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастырғанына байланысты деп қарастырады. Ал Г.С.Акиева, Г.Д.Алимжанова, А.В.Ахаев, Е.Д.Даленов, А.С.Иманғалиев, Ж.О.Жилбаев, т.б. бұл мәселені тұлғаның физикалық, психикалық және әлеуметтік сәттілігіне байланысты қарастырады [2-5].
Денсаулық дегеніміз - аурулардың жоқтығы ғана емес, ол физикалық шынығудың белгілі бір деңгейі, психикалық және физикалық сәттіліктің негізі.
Денсаулықты сақтау мен қайта қалпына келтіру әр адамның өзіне байланысты. Ол оған әрекеттенгенде ғана (өз балаларын да үйрету қажет) жетеді. Жасалатын әрекет саналы түрде, өз сұранысын қанағаттандыру үшін жасалу қажет. Денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтына оң ықыластың болғаны жөн. Бұл ретте оқушы тұлғасы ең құнды дүние болып табылады.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша адам денсаулығы 52% оның өмір сүру тәртібі мен жағдайына байланысты екендігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының оқушыларды дәрігерлік тексеруден өткізген нәтижесі бойынша 44,8% балалардың ауру екендігі, олардың ішінде 35%-ы үнемі дәрігерлік бақылауда болу керектігін көрсетті [6].
БҰҰ-ның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша денсаулық дегеніміз - адамның дене бітімінің кемістігінің жоқтығы мен аурулардың болмауы ғана емес, оның физикалық, рухани және әлеуметтік жағдайының сәтті болуы.
Денсаулықты сақтау мектептің оқу үрдісінің бір нышаны болып келеді. Ол денсаулық сақтау технологияларында, денсаулық сақтау ортасын құруда, мұғалімдердің оқушының денсаулық мәдениетін қалыптастыру мақсатында медицина қызметкерлерімен, әлеуметтік педагог, психологтармен бірлескен әрекеттерінде көрініс беруде. Десек те, мұғалімдер денсаулық сақтау технологияларын үнемі қолданбайды. Оқушыларда өз денсаулығына деген аса қамқорлық қалыптаспаған, көпшілігінің денсаулықты сақтау туралы білімдері төмен, өз денсаулығын сақтаудың қарапайым біліктері мен дағдылары қалыптаспаған.
Соңғы кезде денсаулықты қалыптастыру факторының ең негізгісі салауатты өмір салты екендігін көптеген педагогикалық, психофизиологиялық, медициналық зерттеулерде, атап айтсақ Р.И.Айзман, В.Ф.Базарный, И.И.Брехман, Э.Н.Вайнер, Э.М.Казин, В.В.Колбанов, А.Г.Комков, Г.А.Кураев, Ю.П.Лисицын, Н.К.Смирнов [7-10], т.б. ғалымдардың еңбектерінде атап көрсетіледі.
Денсаулық мәселелері ғылыми әдебиеттерде кең қарастырылған. Адам денсаулығына байланысты фундаменталды мәселелер Н.М.Амосов, П.К.Анохин, Г.А.Апанасенко, К.И.Адамбеков, Р.М.Баевский, И.И.Брехман, В.П.Казначеев, Э.М.Казин, Г.А.Кураев, Ю.П.Шорин, А.Г.Шурина, [11-13] т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Денсаулықтың жоқтығы адамның өмір сүру әдебіне байланысты, денсаулықтың құнын санат түрде қабылдамайды, сондықтан да сәтсіздікке ұшырайды. Денсаулықты бұл тұрғыда талқылау ашық ақпараттық - профилактикалық мәселеден санитарлық - гигиеналық, әлеуметтік - медициналық, психофизиологиялық факторлары ескерілген оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды қарастыратын педагогикалық мәселеге айналады. Денсаулық мәселелерін білім беру жүйесінде қарастырған ғалымдар: Р.И.Айзман, Е.А.Бабенкова, М.М.Безруких, Г.К.Зайцев, Н.А.Заруба, В.В.Колбанов, О.А.Никифорова, Н.К.Смирнов, В.Д.Сонькин, Л.Г.Татарникова, В.И.Ярославцева.
Денсаулық ұғымының мұғалімдер мен оқушылардың денсаулығына байланысты қатынасының маңызы зор, себебі білім беру мекемелері баланы әлеуметтендіру бойынша маңызды буын, ол жерде өзге де құндылықтармен бірге, денсаулықтың құндылығын игереді, өз денсаулығы мен өзге қоршаған адамдар денсаулығын сақтау мотивін қалыптастырады.
Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі оқушылардың денсаулық жағдайына орай, білім берудің денсаулық сақтауын парадигмасын жүзеге асыру қажеттігін көрсетеді. Денсаулық сақтаушы білім беру жүйесі білім беру мекемелерінде оқушының денсаулығын сақтау мен дамытуды қамтамасыз ететін қолайлы денсаулық сақтау ортасын құруды талап етеді. Оқушының оқу мен тәрбиесін денсаулық сақтау тұрғысынан ұйымдастыру дегеніміз - оқушының рухани және физикалық сәтті жағдайын қорғауға бағытталған психо-педагогикалық және санитарлық-гигиеналық негіздеріне сүйенген салауатты өмір салтының принциптерін жүзеге асыру.
Оқу үрдісін денсаулық сақтау тұрғысынан ұйымдастыру оқушыда денсаулықты сақтау мен нығайтуға тұрақты сұранысты тудырады. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерде оқушы денсаулығын сақтау мәселесінің өзекті екендігін көрсетеді. Еліміздің әр аймағында жүргізілген оқушы денсаулығы жағдайына жасалған талдау мәліметтері мектеп бітіргенге дейін дені сау балалардың көрсеткіші төмендей беретіндігін көрсетті, оның себебі оқушы үшін қолайлы жағдай жасалмайтындығы мен мектеп басшысы мен мұғалімдердің оқушы денсаулығына аса мән бермейтіндігін айтады.
Мәселенің шешу жолдары ретінде М.Б.Антропов, И.А.Аршавский, Н.Д.Гравская, С.П.Летунов, Р.Е.Мотылянская, В.П.Филин, Н.А.Фомин, т.б. ғалымдардың еңбектерінде мектептегі сауықтыру мен алдын алу жұмыстарының медициналық, биологиялық, гигиеналық бағыттары қарастырылған.
Әдебиеттерге жолдау нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу үшін мазмұны мен тұжырымдамалық негізіне маңызды өзгерістер жасауы керектігі байқалады. Осы себепті де мәдениеттің барлық байлығын меңгерген, үйлесімді, адамгершілікті, өз қызығушылығын мемлекет мүддесімен ұштастыра алатын тұлға тәрбиелейтін ізгілікті мектеп құру көздейді. Осы бағыттағы жаңашылдықтар оқушы денсаулығын сақтайтын, нығайтатын және дамытатын, ұжым алдында тұлғаның мүддесін қорғайтын, ынтымақтастық педагогикасы арқылы дамитын болады.
Сондай-ақ әдебиеттерге талдау дені сау ұрпақ тәрбиелеуде әлеуметтік орта сұранысы мен жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары денсаулық сақтау жүйесі жасалмағаны арасында қайшылықтар бар екендігін көрсетеді. Бұл қайшылықты жою үшін мәселені шешу жолын өзгерту қажет: оқытудың денсаулық сақтау технологияларын ендіру. Мәселенің шешімі табылмауы себепті, қоғамның сұранысы мен денсаулық сақтау технологияларын ендіретін ғылыми негізделген бастауыш сынып әдістемесі жоқтығы, арасында қайшылық бар. Осы мәселеге орай, дипломдық жұмыстың тақырыбы: " Сауықтыру жаттығулармен айналысатын адамдар үшін медициналық бақылау деп анықталады.
Зерттеу мақсаты: оқу-тәрбие үрдісіне денсаулық сақтау технологияларын ендіруді теориялық негіздеу және оларды ендіру жолдарын көрсету.
Зерттеудің жетекші идеясы: оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда денсаулық сақтау технологияларын қолдану:
а) адамдардың денсаулығының жалпы жағдайын жақсаруына алып келеді;
ә) адамдардың салауатты өмір сүруге сұранысы мен құндылықтық бағытталуын ынталандырады;
б) мектепте және мектептен кейінде салауатты өмір сүрудің біліктері мен дағдыларын қалыптастыру жағдайын қамтамасыз етеді.
Зерттеу мақсаты мен жетекші идеясына жету үшін мынадай міндеттер белгіленеді:
1. Психо-педагогикалық әдебиеттер мен мектеп жұмысын талдай отырып, оқу мекемелерінде денсаулық сақтау ортасын құрудың негізі жолдарын анықтау;
Зерттеудің әлеуметтік негізін "денсаулық", "денсаулық сақтаушы орта", "денсаулық сақтау технологиялары" ұғымдарының мәнін философиялық, психологиялық, медициналық және педагогикалық аспектері бойынша теориялық негізін ашу; тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту туралы ілім немесе тұлғалыққа бағытталған әрекет теориясы; жүйелік-тұтастық теориясы тұрғысынан, тұтас педагогикалық үрдіс теориясы құрайды.
Алға қойылған міндеттер мен ұсынылған болжамдарды тексеру үшін зерттеудің мынадай әдістері қолданылды: теориялық - зерттеу мәселесін философиялық, психо - педагогикалық, әлеуметтік, тарихи, медициналық әдебиеттерде, ресми құжаттарда берілуін талдау және зерттеу; эмпирикалық - бақылау, әңгімелесу, сауалнама алу, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің озық іс-тәжірибесін зерттеу және жинақтау, мектеп құжаттарын зерттеу, педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және өткізу.

І. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ПЕДАГОГИКАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

1.1. Денсаулық сақтау педагогикасы, денсаулық сақтау технологиялары туралы түсінік

Денсаулық - бұл күрделі ұғым. Көптеген ғалымдар оған әртүрлі анықтама береді, бірақ олардың бәріндегі негізгі көзқарас шамамен бірдей. Денсаулық - бұл адамның еңбекке белсенді әрі ұзақ өмір сүрген болса да, тәнінің саулығын және рухани саулығын сезінуі. "Денсаулық деп біз адамның белсенді өмірінің ұзақтығы жағдайындағы биологиялық және физиологиялық функциясын, еңбек қабілеті мен әлеуметтік белсенділігін сақтау және дамыту процесін түсінеміз" (Казначеев В.П.).
Денсаулық күйіне қоршаған орта жағдайларының да ықпалы бар. Адам денсаулығына температура, жарықталыну, ылғалдық, ауаның, судың қүрамы және көптеген басқа нөрселер өсер етеді. Денсаулықтың негізгі функциясы адамның дамуы мен тіршілігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі кезде Денсаулық сақтау жөніндегі дүниежүзілік ұйымның тұжырымдауы бойынша денсаулықтың мынадай анықтамасы қабылданған: "Денсаулық - бұл аурудың және дене кемістігінің болмауы ғана емес, ол толық тәндік, психикалық және әлеуметтік денсаулық". Тән саулығы - күнделікті белсенділік пен еңбекке қабілеттіліктің көрсеткіші, аурудың болмауы және организм функцияларының қалыпты физиологиялық күйі. Психикалық денсаулық күйзеліс жағдайларының, қауіпті факторлардың болмауымен сипатталады. Әлеуметтік денсаулық отбасында және мектепте дұрыс қарым-қатынастың болуын көздейді, тіршілік деңгейі мен өмір салтына байланысты болады. Сонымен, денсаулыққа анықтама беру үшін оның психикалық, тәндік, әлеуметтік және басқа көрсеткіштерін ескеру қажет.
Денсаулықтың негізгі алты аспектісі бар, олар:
1. Тән саулығы.
2. Психикалық және интеллектуалдық денсаулық.
3. Жеке тұлғалық денсаулық.
4. Рухани денсаулық.
5. Сезім толқындарының саулығы.
6. Әлеуметтік денсаулық.
Тән саулығы организмнің дамуында ауытқулардың болмауымен, организмнің жаттығу және шынығу деңгейімен сипатталады.
Психикалық және интеллектуалдык денсаулық психикалық аурулардың болмауын қамтып қана қоймайды, сонымен бірге ол адамның танымдық қабілетін, өз мінез-қүлқын (темпераментін) реттей білу, күйзелісті жоя білу, жанжалды болдырмау, адамдармен қарым-қатынас жасай білу біліктілігін ашады.
Рухани денсаулық - бұл адамның ішкі дүниесі. Ол адамның өзінің ішкі дүниесімен бірлікте өмір сүруге қабілетін қамтиды. Бүл адамның рухани құндылықты түсіне білуі де. Ертеден-ақ кеңпейілділік пен мейірімділік, шыншылдық пен тәртштілік, сенім мен сүйіспеншілік рухани құндылық болып есептелген.
Жеке тұлғалық денсаулық адамның өзін "жеке түлға" ретінде түсінуін, өзінің "менің" ұғынуын, талпынысын қамтиды. Кейбіреу табысты жұмысынан, екінші біреулер өнерден, үшіншілер оқудан, төртіншілер бизнестен жөне т.с.с. іздейді. Әркім өз қабілетін өзінше жұмсайды. Сондықтан әрбір адамның жеке тұлғалық денсаулығы осыған байланысты болады.
Сезім толкындарының саулығы -- бұл адамның өз сезімімен толқуын түсіне және бақылай білуге, өз ойын нақты және айқын айта білуге қабілеттілігі. Көңіл-күйдің оң және теріс нышандарын білу, әртүрлі жағдайларда өзін игере алу қажет.
Әлеуметтік денсаулық - бұл өзіңнің қоғамның бір бөлшегі екеніңді түсіну ондағы өз орныңды ұғыну, айналадағылармен қарым-қатынас жасау.
Салауатты қоғам әрбір адамның денсаулығымен анықталады. Денсаулықты табиғат біражола бермейді және ол өздігінен қамтамасыз етілмейді. Адамның денсаулығы көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болады жөне ол бүкіл өмір бойы үнемі қадағалап, қолдап отыруды қажет етеді. Денсаулықты сақтаудың тиімді жолдарының бірі салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.
Денсаулықты сақтаудың және оны нығайтудың негізгі тәсілдері салауаттанудың аспектілеріңде баяндалған. Ол мыналарды қамтиды:
1. Жеке гигиена, күн режимі және демалыс ережелерін сақтау жөне орындау.
2. Дене шынықтыру дене мүшелерінің және тұтас организмнің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Гиподинамия - қазіргі кездегі аурулардың негізгі себептерінің бірі.
3. Дұрыс тиімді тамақтану. Тамақтану режимі мен ережелерін сақтау.
4. Организмді табиғи факторлармен біртіндеп шынықтыру.
5. Ауыруға себеп болатын құмартулардың (шылым шегу, ішімдік ішу (алкоголь), наша тарту) болмауы.
6. Ұжымда қарым-қатынас жасай білу.
7. Карым-қатынас ортасында қолайлы жағдай туғызу, кикілжің жағдайлардан қашу.
8. Организмнің қорғаныс күштерін, оның тосқауылдық функциясын арттыру.

Адамға денсаулық қажет пе?
Біздің жер -- тірі планета. Адам өмірі мәңгі емес. Әрбір адамзаттың өмірі шектеулі, өз өлшемі бар: бір адамның өмірі қысқа болса, екінші адамның өмірі ұзақ болады. Адамдар үшін дәл жас жоқ. Сондықтан да әрбір ерте қиылған өмір - ол қасірет, қайғы. Өмірді ұзақ әрі бақытты ету үшін табиғатты аялай, бағалай білу керек, себебі тіршілік ортасы, адамзат бесігі.
Адамның ұзақ өмір кешуі, денінің сау болуы тек табиғат тазалығына ғана байланысты емес, сонымен қатар ол оның тіршілігіне, еңбегі мен әлеуметтік жағдайына байланысты болады. Ол үшін әрбір адам бала кезінен, мектеп қабырғасынаи өз ұлтының, халқының ғылыми және рухани мәдениетін игеруі керек, ал салауатты өмір салты сол адамға табиғаттың берген мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
дегенмен де, адамдар өз денсаулықтарына немқұрайлы қарайды. Ондай немқүрайлықтың басты себептері қазіргі медицина жетістіктері және халық мәдениеті мен оның тұрмыс жағдайының жоғары деңгейде болуында. Қала мен ауылда тәуліктің кез келген уақытында көрсетілген арнайы маманданған, сапалы тегін, жан-жақты көмек адам денсаулығына оң әсерін тигізгенімен, ол сонымен қатар олардың ауруға деген қорқынышын жа жойды.
Денсаулыққа немқүрайлықпен қараудың тағы бір басты себебінің бірі ол денсаулыққа қарсы жасалғанған іс әрекекттер "жазаланбайды" деген ұғымның қалыптасып, тұрақтауы. Әдетте, әр адам өз басының аман есен болатынына өздерінше іштей сенімді болады. Көбіне олар өзге адамдардың қайғысын естіген кезде, өз бастарына ол қасірет түспеген соң онша қинала алмайды немесе аз уақыт қайғырып кейін оны тез ұмытып кетеді. Елімізде орта есеппен өмір сүру 72-76 жас аралықтарын құрайды, сондықтан адамдар арасында "мен денсаулықты сақтап күтсем де, күтпесем де шамамен 80 жыл жасайтын шығармын" деген ойға жиі келетіңдер де аз емес. Әрине, айта берсек ондай себептер жеткілікті, дегенмен, әр адам өз денсаулығын сақтап күтуге міндетті. Көбіне денсаулықты сақтап күтуді адамдар ауыр әрі қызықсыз іс әрекет деп санайды, бірақ та ол үлкен қате. Жалпы денсаулықты сақтап күту үшін міндетті түрде өмірдің барлық қызығы мен мүмкіндіктерінен бас тартудың қажеті жоқ. Тек жай ғана жақсы өмір сүру керек. ал жақсы өмір сүру үшін - денсаулық қажет. Ал деніңіздің саулығы сіздің -- қолыңызда.
Қазіргі медицина ғылымыңда: ауруға ем іздеп қиналғанша оның алдын алган әлде кайда тиімді,- деген кағида қалыптасқан. Ал қасиетті Қүран бүл түргыда не дейді?
- Осыдан он төрт ғасыр бұрын түскен касиетті Құранда Аллаһ Тағала иман келтірген пенделерінін әр біріне денсаулықтын аманат ретінде берілгенін ұғындырып, оны сактаудын жолын толық көрсеткен. Мәселен, Ислам діні міндеттеген бес мезгіл намаз, ораза, сүндетке отырғызу сияқты парыз бен суннеттің пайдасын медицина ғылымы баяғыда-ақ мойындады. Ал дініміз тыйым салган арак, зинақорлық, кұмар сияқты харам нәрселердін, зияндығы дәлелдеуді кажет етпес. Сондыктан салауатты өмір салтымен ғұмыр кешіп, денсаулығын сактаймын деген адам Кұран мен Сүннаны оқып, ізденсе діттеген мақсатына барар тура жолды табары ақиқат. Сөзіміз дәлелді болуы үшін, кәзіргі күні Батыс жұртынын басты қасіретінің.біріне айналып отырған денені шамадан тыс май басу туралы айтсақ та жеткілікті. Қасиетті Құранда Аллаһ Тағала бұл туралы: "Ішіңдер, жеңдер, бірақ нелікктен тыс ашқ-арақтанбандар...п - деп ескерткен болатын. Пайғамбарымыз Мұхаммедсалла Аллаһу алейһи уә сәллам, Хадис шарифінде аз асқа канағат ету туралы: "Адам өзінін карнынан нашар ыдысты толтырып көрген емес, ал егер мұны істеуге тура келсе, үштен бірі -- жейтін тамаққа, үштен бірі -- ішетін сусынға және үштен бірі -- жұтатын ауаға арналсын" - деген. (Ахмад, Тирмизи). Ал аурудан сақтанудын басты шарттарының бірі та-залық екені ақиқат. Исламдіні тазалықтың кепілі -- дәретке аса мән беретіні белгілі. Міне, Құран халықка толык жеткізе алмай отыр: Сондыктан аталған олкылыктардың орнын толтыру мақса-
тымен біздін мұсылман баспасы ай сайын шығатын ШАПАҒАТ-НҰР журналымен бірге саны отыздан асатын осындай кітаптарды жүйелі түрде дайындауда. Олардың арасында салауатты өмірсалтының әліппесі болуға лайықты: "Мұсыл-
маннын әйелі алдындағы міндеті", "Мұсылман
әйелдін ері алдындағы міндеті " "Мұсылманңың сипаты, "Мұсылмандык тәрбие", "Дұғалармен емделу", "Сабыр'"сияқты кітаптар бар. Тілі жатык, ұғынықты етіп жазылған.
Осыдан он төрт ғасыр бұрын түскен қасиетті Құранда Аллаһ Тағала иман келтіріен пенделерінің әр біріне денсаулықтың аманат ретінде берілгенін ұғындырып, оны сақтаудың жолын толық көрсеткен. Мәселен, Ислам діні міндеттенгенбес мезгіл намаз, ораза, сүндетке отырғызу сияқты парыз бен сүннеттің пайдасын медицина ғылымы баяғыда-ақ мойыңдады. Ал дініміз тыйым салған арақ, зинақорлық, құмар сиякты харам нарселердің зияндығы дәлелдеуді қажет етпес. Сондыктан салауатты өмір салтымен ғұмыр кешіп, денсаулығын сақтаймын деген адам Кұран мен Сүннетті оқып, ізденсе діттеген мақсатын барар тура жолды табары ақиқат, Сөзіміз дәледді болуы үшін, қазіргі күні Батыс жұртының басты кафетінін біріне айналып отырған денені шамадан тыс май басу туралы айтсақ та жеткілікті. Қасиетті Құранда Аллаһ Тағалла бұл туралы: "Ішіндер, жігіттер, бірақ шектен тыс ашқарақтанбандар..." - деп ескерткен болатын. Пайғамбарымыз Мұхаммед, салла Аллаһу әлейһи уә саллам, Хадис шарифіңде аз асқа қанағат ету туралы: "Адам өзінін карнынан ашар ыдысты толтырып көрген емес, ал егер мұны істеуге тура келсе, үштенбірі -- жейтін тамакка, үштенбірі -- ішетін сусынға және үштен бірі - жұтатын ауаға арналатын" -- дегсн (Ахмад, Тирмизи).
Ал аурудан сактанудың басты шарттарынын бірі тазалық екені ақиқат. Ислам діні тазалықтын кіші дәретке аса мәп беретіні белгілі. Міне, Кұранмен Суннаның салауатты өмірге үндейтініне осыңдай көптеген дәлелдер бар.
Кешегі өткен Совет дәуіріндегі саясатгың салдарынан Ислам тәлімдерін ұғынықты тілмен халыкка жететін діни білімі бар адамдардан айырылып, исдами уағыздың сабақтастығы үзіліп калғаны рас. Казіргі күнгі салауатгы өмір салтын насихаттап жатқан басылымдар, қоғамдық ұйымдар істерін Еуропа үрдісіне сай ғана жүргізіп, салауатгы өмір салтының ақиқат жолын көрсетіп ата дініміздің құңдыдыктарын халыкқа толық жеткізе алмай отыр. Сондыкган аталған оқулыктардын орынын толтыру мақсатымен біздің мұеылман баспасы айсайын шығатын "Шапағат-Нүр" журналымен бірге ұзын саны отыздан асатын осындай кітаптарды жүйелі түрде дайындауды. Олардың арасыңда салауатты өмір салтынын әліппесі болуға лайықты. "Мұсылманнын әйелі . алдыңдағы міндеті, "Мұсылман әйелдің ері алдындағы міңдеті", "Муминнін, сипаты", "Мұсылмандық тәрбие", "Дұғалармен емделу", "Сабыр" сиякты кітаптар бар. Тілі жатык, ұғыныкты етіп жазылған бұл кітаптардың Ислам уағызына сусап отырған қалың оқырманға жетуін оңайлату үшіи бағасыншамаменалпыс пенжүз теңге аралығында белгілеп отырмыз және біздің есеп-шотымызға ақшасы аударылса, еліміздін кез-келгені түкпіріне аталған кітаптарды пошта аркылы жберуді мойнымызға аламыз. Инша Аллаһ, келесі жылыда осы такырыпқа арналған жиырма шақты кітап шығару ойда бар. Аталған харекеттердің бәрі сауапка жазылатын игі істер, сондықтан бәріміз осыған атсалысуымыз қажет. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын ынталан-дыру негізгі басымдықтардың бірі деп белгіленген. Салауатты өмір салтын ұстану салауаттылыққа, тәннің, жанның тазалығына халықты дайындаудан, үйретуден басталмақ. Байқуатты тұрмысқа, дене шынықтыруға, дұрыс тамақтануға, гигиена және санитария ережелеріне халықтың хабардарлығын арттыруда ақпараттық науқанды күшейтудің маңызы зор.
Міне, осы жағдайлар ескеріле отырып, елімізде осыдан бірнеше жыл бұрын -- Үкіметтің 1997 жылдың 3-ші желтоқсанындағы № 1678 Қаулысы бойынша Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық Орталығы құрылды. 1998 жылы елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің ірге тасы қаланды. Содан бері Ұлттық саясат дүниеге келіп, тұрақтанды, бұл қызметтің құрылымы, жүйесі, нормативтік құқықтық базасы, қаржыландыру жүйесі орнықтырылды. Жаңа құрылым шыңдалу, даму кезендерінен өтіп, қазіргі кезде жетілу және кемелдену үстінде. Олай дейтініміз салауаттылық қағидалары бүгінде Қазақстанлығын жақсартуда нәтижелі еңбек етуде. Сала қызметіне барлығы 1600-ге жуық маман, оның ішінде 450 дәрігер, 150 орта буын медициналық қызметкер, психолог -- педагогтар, валеолог -- ұстаздар қамтылған.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру Қызметінің негізгі мақсаттары:
* Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 905 Қаулысымен белгіленген ҚР-ның салауатты өмір салтын қалыптастыру Ұлттық саясатын жүзеге асыру;
* Республика халқының ауруға шалдығуының алдын алу және денсаулығын нығайту;
* Салауатты өмір салтын қалыптастыру Қызметінің жүйесі мен жобасын нығайту, мамандар даярлау.
* Қазақстан Республикасы халқының өмір салты көрсеткіштері мониторингі бойынша ұлттық зерттеулер өткізу.

Оқыту бағдарламалары бойынша басты бағыттар:
* СОС мәселері бойынша дәрігерлердің және орта буын медициналық қызметкерлердің дипломға дейінгі даярлығы.
* СОС мәселелері бойынша дәрігерлердің және орта буын медициналық қызметкерлердің дипломнан кейінгі даярлығы.
* СӨСҚПҮО-на қарасты Республикалық Орталықтарда салауатты өмір салты мамандарын даярлық курстарынан өткізу;
*Жаттықтырушылық орталықтар ұйымдастыру жөне жаттықтырушыларды өзірліктен өткізу;
* Медициналық емес мүдделі ведомстволар, қоғамдық ұйымдар үшін СӨС мамандарын даярлау.
* "Валеология" оқу бағдарламасын мектепке дейінгі мекемелерге, жалпы білім беру мектептеріне, орта жөне жоғары оқу орындарына енгізу;
* Халықтың белгілі бір топтарына арналған бірлескен (Проктер энд Гемблмен, ЮНИСЕФ-пен, БҰҰСПИД-пен және басқа) оқу бағдарламаларын жүзеге асыру;
* Волонтерлер даярлау және волонтерлік қозғалысты жастар арасында, жұмыс істемейтін контингент арасында жүзеге асыру.

Халық игілігіне мына профилактикалық бағдарламалар, жобалар қызмет етуде:
* "Алғашқы медициналық санитарлық көмек салауатты өмір салты негіздерін насихаттауда"
* "Жедел ішек инфекцияларының алдын алу"
* "Туберкулездің алдын алу"
* "ЖЖБИ-дың және ВИЧСПИД-тің аддын алу"
* "Жарақаттанудың алдын алу"
* "Нашақорлықтың алдын алу"
* "Темекішіліктің және маскүнем-діктің алдын алу"
* "Репродуктивтік денсаулық жөне отбасын жоспарлау"
* "Дұрыс тамақтану"
* "Белсенді денешынықтыру"

Дүниежузілік денсаулық сақтау уйымының жобалары:
-- "Салауатты қалалар"
-- "Денсаулықты нығайту мектептері"
-- "Салауатты университеттер"
-- "Ауруханалар салауатты өмір салты үшін"
-- "Салауатты жұмыс орындары".

Ұлттық Орталық бастамасымен Ауыл жылдарына арналған "Салауатты ауыл" атты жоба 2003 жылдан бастап іске қосылып, осы тақырыпқа алғашқы конкурс жарияланды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық Орталығында алуан түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары қолға алынып, ғылыми ізденістер жүргізіледі. Атап айтқанда:
* "Денсаулық сақтау жүйесіндегі терең реформалар жағдайында Қазақстандағы салауатты өмір салтын қалыптастыру үрдісін басқарудың және мониторингін жетілдірудің ғылыми негіздері" атты Ұлттық зерттеу өткізіліп, оның әрқайсысына 250000 адам қамтылды.
* "Орта буын медицина қызметкерлері жұмысындағы салауатты өмір салтын қалыптастыруды ұйымдастыру аспектілері", "СИНДИ -- Қазақстан инфекциялық емес созылмалы аурулар-дың алдын алу ықпалдастық бағдарламасын енгізу" тақырыптарына ғылыми зерттеулер жүргізшуде.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық Орталығында әріптестік, ықпалдастық жағдайында қызмет етуге көп көңіл бөлінеді, қазіргі кезде Ұлттық Орталық бастамасымен мына құрылымдар құрылып отыр:
*Салауатты өмір салты жөніндегі Республикалық ведомствоаралық үйлестіру Кеңесі;
*Салауатгы әмір салты мамандарын әзірлеу және оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі Республикалық ведомстволараралық тілестіру кеңесі;
Сондай-ақ мынадай өзара келісімдер бойынша жұмыс атқарудамыз:
* "Валеология" бағдарламасын оқу үрдісіне еңгізу бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен келісім шарт:
* БАҚ-ның арналары арқылы халықты ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша ҚР-ның Ақпарат министрлігімен Келісім шарт;
*Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен "Денсаулық және қоршаған орта" бағытындағы шараларды жүзеге асыру туралы Келісім шарт;
: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт Агенттігімен денешынықтыру бағдарламасын іске асыру жөнінде, сол сияқты жалпы спорттық іс-шаралар және кең ауқымды акцияларды өткізу бойынша жергілікті билік орындарымен келісім шарт;
* Қауіп-қатер факторларын төмендетуде (темекі шегу, есірткі заттарды қолдану, ЖЖБИ жөне ВИЧСПИД-тің алдын алу, қауіпсіз жыныстыққатынас, репродуктивтік денсаулық және басқа) үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік.
Халықаралық және коммерциялық ұйымдармен ынтымақтастық қарым-қатынас жолға қойылган. Мысалы: Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымымен, ЮНИСЕФ-пен, ЮСАИД-пен, ЮНДП-мен, ЮНФПА-мен, ЮНДККП-мен, ЗДРАВПЛЮС жобасымен, СиДиСи-мен, Проктер энд Гембл жобасымен, Гедеон Рихтер жо~ басымен, Ратиофарм жобасымен, ХОУП жобасымен, ХИПП жобасымен бірлескен жұмыс шараларын жүзеге асыру дәстүрге енді.
Орталық Азиядағы Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстанмен ынтымақтастық қарым-қатынас нығайып, жылдан-жылға оң нәтиже беруде.
Буқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. 10 республикалық, 14 облыстық, 11 қалалық телекомпаниямен, 26 қалалық радиокомпаниямен, 32 жергілікті радиотораптармен тұрақты байланысымыз бар.
Тақырыптар бойынша 46-дан астам бейнематериалдар прокатқа шығарылған. Бес облыстық арнаулы газет, екі аймақта денсаулық алманағы, 4 денсаулық беті жарық көреді. Медициналық тақырыпқа 22 газет материал береді.
"Салауатты өмір салтын қалыптастырудың, аурудың алдын алудың және-денсаулықты нығайтудың өзекті проблемалары" ғылыми-тәжірибелік журналы тоқсан сайын шығарылады.
Миллионға жуық халық қамтылган кең ауқымды бүкіл республикалық акцияларды үнемі өткізу Ұлттық Орталықтың қалыптасқан жұмыс тәсілі. Олардың қатарында:
"Денсаулық фестивалі", "Сұлулық және денсаулық", "Денсаулық жолы", "Журналистер конкурсы", "Балалар салған суреттердің конкурсы", т.б. шаралар бар.
2003 жылдың қыркүиегінде бүкіл ел бойынша Денсаулық фестивалі өтті. Бұл іс-шарада бір сәтте 4,8 миллион халық дене шынықтыру жаттығуларының топтамасын орындады. 2003 жылы Ұлттық Орталық 14 кең ауқымды акция өткізді. Республикада туберкулез бен СПИД-ке, темекіге, наша мен есірткіге қарсы т.б. халықаралық күндерді осы тақырыптарға арналган іс-шаралармен атап өту дәстүрге айналған.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру Ұлттық Орталығы аймақтардағы денсаулық нығайту орталықтарына нұсқау беретін әдістемелік кеңесші. Оларды аурудың алдын алу, денсаулық сақтау жөніндегі қажетті оқу құралдармен, әдістемелік материалдармен, плакаттармен, брошюралармен, листовкалармен қамтамасыз ететін орган. Осы ретте жергілікті жерлердегі аурудың алдын алу, денсаулықты нығайту мекемелеріне көмек ретінде төмендегідей жұмыс тынырылды:
* 10 монография дайындалды.
* Аурудың алдын алу, салуатты өмір салтын қалыптастырумен айналысатын мамандар үшін 40-қа жуық әдістемелік ұсыныстар әзірленіп, көбейтілді;
* Мектепке дейінгі балалар мекемелері, жалпы білім беретін мектептер, арнаулы орта және жоғары оқу орындары үшін "Валеология" бағдарламалары жасалды.
* Жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сыныптары үшін бағдарламалық материалдар және оқулық құрал дайындалып, қолданысқа енді.
* Салауатты өмір салты мамандарын даярлаудың мына тақырыптар бойынша оқулық үлгілері жабдықталып, іске асырылды:
-- денсаулық сақтау және аурудың алдын алу;
-- әлеуметтік тәртіп факторлары себеп болатын аурулардың алдын алу;
-- инфекциялық емес созылмалы аурулардың және қауіп-қатер себептерінің алдын алу;
-- тәртіп-қалыпты өзгерту дағдылары;
* Салауатты өмір салты мәсёлелері бойынша дәрігерлердің және орта буын медициналық қызметкерлердің дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі дайындығының, волонтерлерді даярлаудың бағдарламалары әзірленді.
* Салауатты өмір салтын қалыптастыру Қызметінің нормативтік-құқық-тық базасының үшінші басылымы дай-ындалды.
2003 жылдың желтоқсанында салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық Орталығында "Қазақстандықтар денсаулыгын қорғаудың негізгі мәселелері: 2003 жылдың кейбір қорытындылары және болашақ" атты баспасөз конференциясы өткізілді. Енді конференцияда талқыланған мәселелердің кейбіреуін келтіре кетейік.
Тыныс органдарының аурулары сәбилер арасында ең жиі кездесетін кесел болып табылады. 2003 жылы тыныс ағзалары туберкулезімен 22011 науқас алғаш анықталғаны тіркелді, оның 1585-і балалар. Туберкулез дертіне шалдығуды сирету және тоқтату мақсатында туберкулез дертіне шалдыққан ада-мы бар отбасылардың хабардарлық деңгейін арттыруға бағытталған кеңау-қымды ақпараттық науқан биыл бірінші рет өткізілді.
2003 жылы 12-18 жастағы мектеп оқушыларының және ересек ауыл тұрғыңдарының ауруға шалдығуын бақылау мен сауықтыру бойынша жұмыс әрі қарай жалғасты. Диспансерлік тіркеуде тұратын балалардың 13,4%-і денсаулығы қалыпты деңгейдегі топқа ауысты. Сырқаттан сауығуы себепті 10,5% бала диспансерлік есептен шығарылды. Ересек ауыл тұрғындарының 67,7%-і аурудан сауықтырылды.
2002 жылдың 10 шілдесінде Қазақстан Республикасының "Темекішегудің алдын алу және шектеу туралы" Заңына қол қойылды. Бұл заңның негізгі мақсаты -- балалар мен жасөспірімдердің темекі шегуге бейімделуінің алдын алу, сондай-ақ ел халқының денсаулығын темекі түтінінен қорғау. Заңның негізгі баптары елде темекі шегуді шектеуге бағытталған. 2003 жылдың 5 желтоқсанында әкімшілік қылмыстар туралы ҚР Кодексіне толықтырулар енгізілді. Қазақстан Республикасының "Темекішегушіліктің алдын алу және шектеу туралы" Заңын орындамаған жағдайда қолданылатын шаралар туралы толықтырулар қабылданды.
Қазақстанда жыл сайын 11 мыңға дейін бала алғаш анықталған психикалық жөне тәртіптік бұзылыстарға байланысты тіркеуге алынады. Психоактивті заттарды қолдану барысында психикалық және тәртіптік бұзушыларға алғаш шалдығушылық балалар арасында 2002 жылы 3 есеге өсті (2000 жыл деректерімен салыстырғанда). Алкоголь ішімдіктерін қолданудан психикасы мен тәртібінде ауытқуы бар балалар саны да есуде. Бұрын бұндай 224 бала тіркелді, ал 2000 жылы -- 756-ға жетті. Бұл көрсеткіштің үштен бірі Алматы қаласының үлесінде. Психикалық жөне тәртіптік бұзылыстарға алғаш шалдыққан жасөспірімдер саны 37%-ке өскен.
Алкогольге тәуелділер қатарының артуы Қазақстан үшін маңызды проблема болып отыр. Республиканың медициналық-әлеуметтік проблемалар ғылыми-тәжірибелік Орталығымен өткізілген көп деңгейлік зерттеулердің деректері бойынша Қазақстанда 463 мыңнан астам алкогольге тәуелді адам бар. Бұл республика халқының 3,1%-ін құрайды. 1992. жылдан 2002 жылға дейінгі кезенде алкогольді ішімдік тұтыну салдарынан ҚР халқының ауруға шалдығуы 5 еседен астам өсті (100 мың халық санына 46,3-тен 257,9-ға дейін).
Әуелгі байлық -- денсаулық. Бұл ретте тәуелсіз Қазақстанда атқарылып жаткан іс аз емес. Бұған былтырғы жүзеге асқан шараларды еске алсақ та айқын көз жетеді. Солардың ең өзектілері қатарында біз мыналарды ауызға алар едік:
* Қазақстан Республикасы "Денсаулык, сақтау саласының жүйесі туралы" Заң қабылданды. Ол медициналық қызметтің барлык, түрлерінің жұмысын реттестіреді.
* 12-18 жастағы мектеп окушыларының және ересек ауыл тұрғындарының денсаулығын бақылау, сауықтыру әрі қарай жалғастырылды.
* Алматы декларациясының 25-жылдығына арналған халықаралық конференция өткізілді, бұнда ДДҰ-ның және конференцияға қатысушы елдердің алғашқы медициналық-санитарлық көмек принциптерінің үстанымына беріктігі расталды. Конференция жұмысына ДДҰ-ның Бас директоры Ли Йонг Вук және ДДҰ-ның Европалық бюро директоры М. Данзон қатысты.
* Ресейдегі Қазақстан жылы көлемінде біріккен конференциялар мен іс-шаралар өткізілді,
* Қазақстан Республикасының "Темекішегушіліктің алдын алу және шектеу туралы" Заңын колданысқа енгізуге көп көңіл бөлінді. Әкімшілік қылмыстар туралы ҚР Кодексіне заңды орындамаған жағдайда қолданылатын шаралар туралы толықтырулар қабыл-данды.
* Жыл бойына "ҚР алкогольді қолдануды шектеу саясаты" атты тұжырымдаманы қабылдауға байланысты жұмыс жүргізілді. 2004 жылдың 1-ші қантарынан бастап "Жарнама туралы" Заңның 13 бабы күшіне енді, бұнда алкоголь бұйымдарының бұқаралық ақпарат құралдарындағы және көшедегі билборлтардағы жарнамасына тыйым салынды.
* Мектеп оқушыларының психикалық денсаулығын қалыптастыру бойынша бағдарлама әзірленді. Бұл бағдарламаны сынақтан өткізу Алматы қалалық Әкімінің Жарлығына сәйкес психологтардың, педагогтардың қатысуымен қалалық мектептерде басталды.
* Туберкулезбен күрестің Халықаралық күні көлемінде бірінші рет туберкулез дертіне шалдыққан адамы бар отбасылардың хабардарлық деңгейін аттыруға бағытталған кеңауқымды нау-қан откізілді.
Ахмет Байтүрсынов "Қазақ" газетінің бетінде "Ауру жайынан" деп аталатын бас мақаласында: "...дәрі күшімен бірді, жузді емдесе, жарнялы, кең наси-хатпен мыңдарды, миллиондарды сак-тандыруга болады, ... қазақтың дәрігер галымдары, оқыган адамдары аурудан күтіну жайынан, хөм жеңіл-желпі емдер жайынан жазып, елге үсақ кітап-шалар таратса екен. Кобіне қазақ ішінде жеңіл-желпі аурулар зор ауруга үласып кетеді" ("Қазақ" газеті 1913 ж.) деп жазған. Халық қамын жеген абзал ағамыз сол кезде-ақ көтерген аурудың алдын алу, денсаулықты нығайту мәсе-лелері осы күні де аса озекті, аса маңызды. Салауатты өмір салты Қызметінің, республикалық Ұлттық Орталықтың мамандары, міне, жұртшылыққа, қалын қауымға айрықша осы шаруаның жолында тынымсыз еңбектене бермек.
Қазақстан Республикасының бүгінгі күнгі білім беру тұжырымдамасы мен білім беру жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарындағы оқыту үрдісінің педагогикалық технологиялары ретінде және денсаулықты сақтауды ұйымдастырудағы жаңалық ретінде оқу - тәрбие үрдісіне денсаулық сақтау технологиялары енгізілуде. Оқыту мазмұнына жаңалық ендіру оқу үрдісіне қатысушылардан үлкен күш пен еңбекті талап ететін үрдіс. Ол өз кезегінде физиологиялық шаршау мен психоэмоциялық артық жүктеме түріндегі ағзаның функционалдық ахуалының әр түрлі ауытқуларын тудырады. Сол себепті де оқушыларда созылмалы аурулар, психиканың бұзылуы және стресстік жағдайлар көп болады. Сондықтан болар арнайы мамандандырылған мектептерде жалпы білім беретін мектептерге қарағанда оқушылар көп ауырады [6, 12].
Педагогика ғылымына технология ұғымы ХХ ғасырдың 60-жылдарында ене бастады [14, 15]. Қазіргі уақытта технология ұғымына бастапқы затты түрлендіріп күтілген параметрлерді алу үшін қажетті әдістердің жиынтығы деп түсінік береді. Денсаулық сақтау технологияларында күтілетін параметрге адамның (бала, жасөспірім, ересек адам) физикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайының сәтті болуы жатады. Ал педагогикалық технологиялар күтілген параметрлерге жетуді жеңілдететін біршама талаптарға жауап береді. Технологиялардың негізгі ерекшелігі соңғы нәтижені алдын - ала болжай алады.
Технологияда мақсат негізгі компонент ретінде қаралады және оған жету деңгейін анықтай алады. Технология алға қойылған мақсатқа жетудің барабар құралдарын қолдана отырып, оқу - тәрбие үрдісінің құрылымын анықтауға мүмкіндік береді. Барабарлық (адекваттық) дегенді педагогикалық технологиялардың адамдардың жас ерекшелігіне, олардың физикалық, психоэмоциялық жай - күйіне сәйкес келуі деп түсіну керек. Сонымен бірге қалыптасқан педагогикалық жағдайға педагогикалық технология қолданатын денсаулық сақтау тәсілдерінің сәйкес келуі.
Соңғы кезде дәстүрлі сыныптық-сабақ жүйесінде оқу үрдісін ұйымдастырудың кейбір жақтарының кемшіл тұстары ашылуда. Сол себепті де оқытудың тиімділігін арттыратын қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды іздеп табу аса маңызды міндеттердің бірі.
Технология дегеніміз - білім беру үрдісіне қажетті әдіс - тәсілдер жүйесі және техникалық және адами ресурстарды пайдалана отырып оқытуды жетілдіре отырып білімді меңгерту.
Білім беру технологияларының жіктелуінде денсаулық сақтау технологиялары деген ұғым жоқ. Себебі, ол нақты бір технология түрінде болмайды. Десек те, денсаулық сақтау технологиясы ұғымы білім беру мекемесінің оқушы денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту бағытындағы барлық жұмыстарын біріктіреді [16].
Бүгінгі мектептің мақсаты - оқушыны өмірге дайындау. Оқушының мектепте алған білімі - оның болашақ өміріне қажетті, қолданылатын білім болуы қажет. Бұл мақсатқа оқушы мен мұғалім денсаулығын көздейтін оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін жинақтаған денсаулық сақтау педагогикасы арқылы жете алады. Мұғалім педагогиканың соңғы жаңалықтарын біле отырып, оқушы, ата - ана, медицина қызметкерлері мен өз әріптестерімен бірлесе отырып, өз жұмысын бүкіл педагогикалық үрдістің қатысушылары денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағыттап жоспарлайды.
Денсаулық технологиясы деген бірегей технология жол. Ол тек білім беру үрдісінің міндеттерінің бірі ретінде көрінуі мүмкін. Ол оқу үрдісінің медицина-гигиеналық бағыты (педагог - медицина қызметкері - оқушының тығыз байланысы жүзеге асатын), дене шынықтыру - сауықтыру бағыты (дене шынықтыру сабақтарына ерекше назар аударатын), экологиялық (табиғатпен үйлесімді қарым-қатынас жасау) және тағы басқа да болуы мүмкін. Тек оқытуды кешенді түрде қарастырғанда ғана оқушы денсаулығын қалыптастыру мен нығайту міндеттері шешілуі мүмкін [7,3].
Денсаулық сақтау технологиялары көптеген педагогтарға белгілі психологиялық - педагогикалық әдіс - тәсілдер, технологияларды, мәселені шешу жолдарын жинақтайды және соған қоса мұғалімнің өзін-өзі үнемі жетілдіруге ұмтылысы қажет.
Сауықтыру педагогикасының негізгі артықшылықтары мынада:
дені сау бала - практика жүзінде жетуге болатын бала дамуы;
сауықтыру дегеніміз емдеу - профилактикалық шаралардың жиынтығы емес, баланың психофизиологиялық мүмкіндігін дамыту формасы;
жеке-дара саралап оқыту дегеніміз - оқушыны сауықтыра дамыту жұмыстарының негізгі құралы [7,23].
Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты - оқушының мектепте
жүрген кезінде денсаулығын сақтау, оның денсаулығын сақтау туралы білім, білігі мен дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін қолдана білуге үйрету. Барлық денсаулық сақтау технологияларының негізгі ерекшеліктері - оқушылар денсаулығын үнемі экспресс - диагностикадан өткізіп, бақылап отыру және ағзаның қалыпты дамуын бақылап, оқушы денсаулығы туралы қажетті қорытындылар (оқу жылының басы мен аяғында) жасап отырады.
Кез-келген білім мекемелерінің негізгі қызметі денсаулық сақтау технологиялары негізінде оқушыны салауатты өмір сүруге дайындау [16,20].
Сонымен денсаулық сақтау технологияларын ендірудегі мақсат - денсаулық сақтау жөніндегі мұғалімнің білімін жетілдіру, оқушының дене шынықтыру жаттығулары мен салауатты өмір сүру салтының денсаулық сақтауды ұйымдастыру - сауықтыру әдістемесін жетілдіру.
Денсаулық сақтау технологиясы мұғалімнен .үлкен кәсіби біліктілікті (оның білімі, білігі, мәдениеті, оқушыға деген ізгілікті қарым - қатынасы, оқытудың жеке тұлғалыққа бағытталған жүйесінде жұмыс істей білуі) қажет етеді. Мақсатқа жету мен оң нәтиже алу үшін технологиялық амалдар мен денсаулық сақтаушы әрекеттер жасалу қажет.
Денсаулық сақтау технологияларын талдау жасаудың мақсаты - пәнінің мазмұнын игертуге қажетті психологиялық қабілеттердің кешенін анықтау. Оқушының сенсомоторлы, перцептивті, интеллектуальды (көрнекі - образды) және эмоциялық, қызмет түрі пәнді игеру кезінде өзгеріске түседі: мақсат мотивке, амал - әрекетке айналуы мүмкін. Сондықтан негізгі және өзгерген түрдегі әрекеттерді ажырата білу керек [17,18].
Денсаулық сақтау технологияларының жалпы құрылымы мен жүргізілу барысын біле отырып, денсаулық сақтаудың негізгі мәселелерін шешуді жүзеге асыруымыз қажет. Бұл денсаулық сақтау технологияларының маңызды бірінші қадамы деп ойлауға болады. Екінші қадам оқушы мен педагог арасында сенімді қарым-қатынас орнату деп түсіну қажет, яғни оқушыны технологияның субъектісі деп қарау қажет.
Бұл жерде мұғалім мен оқушы қарым - қатынасы тек мәлімет алмасу ғана деп түсінбеу керек. Оқушыны мен тұрғысында дамыту сапалы даму деңгейін береді, осы тұрғыда дамыту оны нағыз субъект ретінде дамуын көздейді.
Қазіргі заман мұғалімі денсаулық сақтау жүйесіндегі мектепте жұмыс істеу үшін әдістемелік дағды мен технологиялық біліктіліктің педагогикалық минимум деңгейімен қамтамасыз етілуі қажет. Оқушыларға денсаулық сақтаудың негіздерін білдіре отырып, салауатты өмір сүруге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесіндегі дәрігерлік бақылауды ұйымдастыру
Педагогикалық бақылаудың сипаттамасы
Жоғары сынып мектеп оқушылары бойындағы қимыл-қозғалыс белсенділігін дене шынықтыру құралы ретінде пайдалану арқылы қалыптастыру
Дене шынықтыру гигиенасының негіздері
Мектеп жасындағы дене тәрбиесінің негіздері
Балалар мүсінінің бұзылуы. Сколиоз
Жүзу спортының тарихы
Денсаулық – медицинаның басты сұрағы
Қозғалыс жүйесі және физикалық ауыртпалық (жүктеме)
Дене шынықтыру денсаулықты сақтау және нығайту құралы ретінде
Пәндер