Кейбір майлы дақылдардың дәндеріндегі майдың мөлшері


Мазмұны
Кіріспе . . . 5
І тарау. Әдебиеттерге шолу . . . 8
1. 1. Рапс өсімдігіне жалпы сипаттама . . . 8
1. 2. Өсімдік майлары және оның биологиялық құндылығы . . . 14
1. 3. Рапс мол өнімді тағамдық, малазықтық дақыл . . . 24
1. 4. Рапстың халық шаруашылығындағы маңызы . . . 29
II -тарау. Рапстың агробиологиялық және агротехникалық ерекшеліктері . . . 33
2. 1. Рапстың систематикадағы орны мен морфобиологиялық ерекшелігі . . . 33
2. 2 . Рапстың агробиологиялық ерекшелігі . . . 35
2. 3. Рапстың агротехникалық ерекшелігі . . . 37
ІІІ тарау. Рапстың маңызы, өсірілетін аудандары өнімділігі сорттары . . . 42
3. 1. Жамбыл облысының топырақ-климаттық жағдайы . . . 42
3. 2. Топырақты өңдеу, Рапсты себу мезгілі, мөлшері, әдісі және тереңдігі . . . 46
3. 3 . Егістікті күтіп - баптау, фенологиялық зерттеу жасау . . . 47
ІV тарау. Зерттеу нәтижелері . . . 50
4. 1. Жалдап егу технологиясы бойынша егілген Рапс өсімдігінің
өнімділігі мен су режимдері . . . 50
4. 2. Әр түрлі технология бойынша өсірілген күздік рапстың
топырағының сулық режимінің динамикасы . . . 54
Қортынды . . . 58
Әдебиеттер . . . 60
Кіріспе
Егіншілік шаруашылығы саласының алдындағы негізгі міндеттердің бірі
Республика тұрғындарын жеткілікті мөлшерде өсімдік майымен қамтамасыз ету. Ол үшін, майлы дақылдардың егіс көлемін кеңейтумен қатар, олардың жоғары өнімді түрлері мен сорттарын пайдаланып, тұқым шаруашылығын жақсартып, ғылыми негізделген интенсивтендірілген өсіру технологиясын кеңінен қолдана отырып, өнімділікті және оның сапасын жоғарылату керек.
Бүгінгі таңда мал басының кемуі мен мал өнімдерін оның ішінде жануар майын пайдаланудың азаюы, өсімдік майына деген сұранысты арттыра түсуде. Елімізде өсімдік майына деген сұраныстың тек қана 15% өзімізде өндірілсе, 85% сырттан әкелінеді. Сондықтан бұл өнім түрінен мемлекеттік азық - түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет.
Қазіргі таңда Республика халқының өсуіне байланысты азық-түлікке сұраныс қажеттілігі тез қарқынмен артуда. Сондықтан ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін көтеру, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, жаңа технологияны, жоғары және тұрақты өнім беретін, өнімділік потенциалы жоғары дақылдар сорттарын аудандастырып, өндіріске енгізу өте қажет. Бұл бағытта соңғы жылдары облыс көлемінде бұрын егілмеген немесе жете зерттелмеген дақылдарды егу қолға алына бастады. Сондай дақылдардың бірі рапс өсімдігі.
Республикада рапс өсімдігі негізінен екі бағытта, яғни май алу үшін және мал азығы үшін пайдаланылады. Осыған байланысты майлы дақылдардың ғылыми негізделген өсіру технологиясын зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Республикада өсірілетін майлы дақылдардың өнімділігі мен май шығымы (24-60% аралығында) топырақ-климат, агротехника, сорт ерекшеліктеріне байланысты өзгереді. Алынатын өсімдік майы химиялық құрамына, биологиялық қасиеттеріне және тауарлық сапасына қарай әртүрлі мақсаттарда пайдаланылады.
Жамбыл облысының топырақ климаттық жағдайына бейімделген май алынатын өсімдіктердің бірі Рапс (Brassica oleifera) . Oleifera Metzger-шаршы гүлділер тұқымдасына жататын майлы және малазықтық дақыл, ол әлем ауыл шаруашылығында негізгі майлы дақыл ретінде кең қолданылуда. Облысымыздың топырақ-климат жағдайларына бейімделген майлы дақыл түрлерінің тиісті дәрежеде зерттелмеуі және өндіріске енгізілмеуі салдарынан еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын дәрежеге жету үшін егіс дақылдарының құрамын оңтайландыру, егіншілікті биологияландыру, экологиялық тазалығы мен экономикалық рентабельдігі жоғары технологиялар жасап өнімділігі мен қоршаған ортаға бейімділігі жоғары майлы дақылдардың жаңа түрлері мен сорттарын өндіріске кеңінен енгізу қажет. Осыған орай майлы рапс дақылының халық шаруашылығы үшін құнды белгілері мен қасиеттерін, тұқымның өнімділігі мен сапасын нақты топырақ-климат жағдайларына бейімділігін бағалап Жамбыл облысының таулы-дала аймағында өсіруге лайықты диверсификациялық түрлерін ұсынуға және жалдап егу технологиясының агробиологиялық заңдылықтарымен су режимдерін зерттеу ғылыми жұмыстың көкейтестілігін білдіреді.
Қазіргі кезде Қытай, Канада, Индия, Еуропалық одақ елдерінің рапсты өсіру егістігі әлемдегі рапс өсіру егістігінің 90 пайызын құрайды. Оның өндірісі Азияда - 46, 8%, Еуропада - 30, 36%, Солтүстік Америкада - 19, 2% құрайды. Рапс Ресей Федерациясында да қарқынды түрде өсіріле бастады, олар жыл сайын 0, 11 млн тоннадан астам рапс өнімін алады. Рапстың мұндай қарқынды таралуына оның майының азықтық және техникалық қажеттіліктер үшін қолдануы мен климаттық жағдайға тез бейімделе алатындығы себеп болуда. Қазақстанның Бүкілодақтық сауда ұйымына кіруіне байланысты ауылшаруашылығы өнімдерінің сапасына қатал талап қойылуда. Сондықтан жаңа жағдайдағы бәсекелестікке сай болу үшін әлем нарығында сұранысы бар ауылшаруашылығы өнімдерін шығару қажет. Осыған сәйкес еліміздегі АҚ «Продкорпорацияның» рапс өндірісін дамыту бағдарламасына сәйкес Республика облыстарында рапстың перспективті күздік және жаздық сорттарын өсіру танаптары көбейтілуде.
Капуста тұқымдас майлы дақылдардың ішінде майының мөлшері (46-50%) мен сапасы жөнінен күздік рапс бірінші орын алады. Рапс майының тағамдық және техникалық маңызы бар, ол бағалы мал азығы болып табылады. Шаруашылықта рапстың күздік және жаздық сорттары егіледі.
Ал біздің елімізде рапс жалпы егістік алқабының 12, 5 пайызын құрап, күнбағыс, мақтадан кейінгі орында тұр. Қазіргі кезде рапс Солтүстік Қазақстан, Қостанай, сонымен қатар Жамбыл, Атырау, Оңтүстік Қазақстанда облыстарында өсіріледі. Рапсты пардан, дәнді, дәнді бұршақ, отамалы дақылдардан кейін арамшөптерден тазартылған құнарлы, суармалы жерлерге орналастырған дұрыс. Суармалы жерлерде топырақ өңдеу терең жыртудан басталады. Көктемде беті қопсытылып себу алдында культивация мен топырақ бетін тегістеу, зиянкестермен күрес, кең қатарлы егістікте қатараралықты өңдеу, суару жұмыстарын жүргізу қажет.
Күздік рапстың климатқа талабы мықты, суыққа төзімділігі төмен, олар құрғақшылық пен қысқы айларда жылының көп болғанын да қаламайды. Жаздық рапс климаттық жағдайларды онша талап ете қоймайды, бірақ күздік рапсқа қарағанда майлылығы төмен. Қәзіргі кезде әлем ауылшаруашылығында рапс негізгі майлы дақыл ретінде кең қолданылуда, сонымен қатар ол тамақтық, жемдік және техникалық мақсаттарға да қолданылады.
Зерттеу нысаны: Рапс өсімдігінің күздік «Rоhаn» сорты мен гибридтік Ливиус (Livius) және Династи (Dunnastiе) сорттары.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Рапс майлы дақылының күздік сұрыптарының Жамбыл облысында бейімделушілігін анықтау және оны өсіру мен жоғары өнім алу агротехникасын зерттеу, рапстың биологиялық ерекшелігі мен шаруашылықтағы маңызын анықтау. Жалдап себу технологиясы бойынша суармалы жерге егілген күздік рапс сортының өнімділігін анықтау.
Ғылыми жұмыстың міндеттері:
- рапс дақылының шығымдылығын лабораториялық жағдайда анықтау;
-рапс дақылының күздік сортының биоморфологиялық ерекшелігін анықтау;
- Жамбыл облысына Рапс майлы дақылының бейімделушілігін бақылау;
- рапс майлы дақылының тиімді өсіру агротехнологиясын зерттеу;
-рапс майлы дақылының жоғары өнімділігін арттыру мен халық шаруашылығындағы маңызын зерттеу;
- рапстың құнды белгілері мен қасиеттерінің және өнім мөлшері өзгеруінің агробиологиялық заңдылықтарын анықтау.
- Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен практикалық маңызы: рапс өсімдігінің күздік сорты мен гибридінің тұқымы Германия мемлекетінен әкелініп Жамбыл облысында Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында бейімделушілігі бірінші рет сыналып жатыр.
Рапс майлы дақылының Жамбыл облысы жеріне бейімделушілігін анықтау барысында 6 гектарға отырғызылды. Оның 80 қатары гибрид, 52 және 45 қатары сорт. Топырақты жалдап қырына себу технологиясымен егілген күздік рапс сортының өнімділігін арттыру және су ресурстарының тапшылығы жағдайында оны тиімді пайдаланып, суды үнемдеу маңызды мәселе болып табылады.
І тарау. Әдебиеттерге шолу.
- Рапс өсімдігіне жалпы сипаттама.
Raps-Paskul Рапс -өте бағалы майлық және мал азықтық дақыл, ол жоғары сапалы өсімдік майы мен белок көзі. Рапс сөзінің шығуы Ерте Египет тұрғындары Күн құдайы Ра-ға байланыстырады. Сондықтан Рапс -Күн өсімдігі деген мағынаны білдіреді. Рапс өсімдігін өсіру экологиялық экономикалық және агрономиялық көрсеткіштері жөнінен тиімді:
1. Экологиялық жағынан - бір гектар күздік рапс егістігі 10, 6 млн. л. оттегін бөліп, қант қызылшасынан кейін 2-ші орынға иелік етеді. Бір гектар орман алқабы бар болғаны 4 млн. л. оттегін бөледі, бұл рапс егістігінің бір гектары бөлетін оттегінен 2, 5 есе аз. Сонымен қатар топыраққа төгілген Рапс майы 7-күн ішіеде 95% -ға дейін өздігінен ыдырап қоршаған ортаны ластамайды, ол минералдық майлар осы уақыт (мерзім) ішінде бар болғаны 16% -ғана ыдырап қоршаған ортаны ластайды. Бір литр минералдық май 1 млн. литр суды ауылшаруашылық дақылдарын суаруға жарамсыз етіп, топырақты ластап оны өсімдік өсіру үшін көп жылдарға пайдалануға болмайтын жағдайға келтіреді. Органикалық заттардан алынған бензин мен дизелдік жанармай тракторлар мен автомашиналардың двигательдерінде жанып қоршаған ортаға көптеген зиянды заттарды бөледі, ал рапстық жанармай жанғанда экологиялық таза газдарға айналады. Сондықтан рапс майынан алынған жанармайға экологиялық тиімділігі жағынан тең келетін жанармай жоқ.
2. Агрономиялық көрсеткіші -потенциалдық өнімділігі жоғары, ауыспалы егістікке жақсы алғы дақыл ретінде өзінен кейінгі егілген бидай мен арпаның өнімділігін 10-15%-ға арттырады, топырақты органикалық заттармен байытып, оның сулық және ауа өткізгіштік қасиетін жақсартады, шикізат ретінде биожанармай мен биомоторлық май шығаруда және өте бағалы мал азықтық жем ретінде қолданылады.
3. Экономикалық тиімділігі -рапсты өсіру рентабельділігі 50 %-дан кем емес, сату бағасы тиімді болғандықтан ішкі және сыртқы рынокта техникалық шикізат ретінде транспорт пен өнеркәсіпте кең түрде қолданылады. Тағамдық және техникалық өсімдік майы ретінде әлемдік рынокта жоғары сұранысқа ие.
Рапс - майлы дақылдарға жататын бағалы өсімдік. Оның дәнінде 43 пайыздан (жаздық рапс) 50 пайызға (күздік рапс) дейін май болады. Рапстың майын тағам үшін және техникалық мақсатта пайдаланылады, сонымен қатар сабын қайнату, тоқыма, металлургия, бояу, полиграфия, тері өндірісінде қолданылады. Рапстың 100 кг. көк балаусасында 15, 7 кг. малазықтық өлшем бар және ол витаминдерге (әсіресе А, С) өте бай, жақсы қорытылады, жасұнығы онша көп емес (11-13%) . Шауып алғаннан кейін және мал жайған соң да көтеріліп өсуге қабілеті бар өсімдік. [ 4, 6, 9, 14-18, 24-31]
Ауыспалы егістерде аралық дақыл ретінде себілген рапс малға күз айларында, немесе ерте көктемде жақсы жайылым. Осы қасиеттері жағынан рапс жақсы мал азықтық дақыл. Май зауыттарында өңделгеннен кейін қалған күнжарасы малазықтық қасиеті жағынан сұлыға тең келеді, бірақ ондағы қорытылғыш протейін мөлшері сұлыдағыдан үш есе көп. Рапс күнжарасын малға таза күйінде емес, құрамалы азықтардың қоспасы ретінде берген дұрыс. Егіншілікте рапс көптеген өсімдіктерге жақсы алғы дақыл болып есептелінеді. [1-4, 6, 9-11]
Күздік рапс - күзде себілгенде ғана май алынатын негізгі дақыл. Оның өсуіне қысы қарлы әрі жылы болатын, әсіресе қыстың соңы мен ерте көктемде ауа райы ерекше құбылып өзгермейтін аудандар қолайлы. Еліміздегі күздік рапстың жалпы егіс көлемі 50 - 60 мың га. шамасында. Алынатын өнім көк балауса 300 - 400 ц, тұқым өнімі әр гектардан 15- 20 ц. Кең таралған сорттары - Кубанский - 1, Дублянский және т. б.
Күздік рапс -жасыл жапырақты, жоғарғы жапырақтары сабақтарын жартылай орап алады. Гүл шоғыры -шоқ . Климатқа қоятын талабы жоғары. Маусымның басында гүлдеген рапстың ашық сары түсі араларды өзіне тартады, олар рапстан шырын мен тозаңды жинайды. Басты шоғырындағы гүлдеу төменнен басталып, жоғары көтеріледі. Басты шоғыр гүлдеген соң, екі жағындағы шоқтары гүлдейді. Тозаңдары гүл ашылған соң ашылады. Тозаң қабығының тозаң шығатын жағы күздік рапста әрбір аталығының қарсы бетінде қызыл нүктемен танылады. Тозаң жарық ретінде жоғарыдан өте тар- майда екі ұзынша тесік арқылы енеді. Қиылыса тозаңданады, төрт ұзындау келген аталықтар тозаң қапты айналып, тозаңдаушымен бір биіктікте көтеріліп аналыққа түседі. Кешке қарай жапырақтарының үстіңгі бөлігі анық көрінген гүлдері таңертеңгі мезгілде ашыла бастайды. Одан әрі жапырақ үсті таралып, олардың арасында аналық пайда болады. Гүл бұл кезде қоңырауға ұқсас болады. Күздік рапстың гүлдеуі 25-35 күнге созылады [ 24-26]
Көп жылғы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, рапс гүлінде шамамен 0, 7 мг шырын, бар, ол 0, 3 тен 0, 9 мг аралығында ауытқып отырады. Қанттылығы 12-14 пайыз. Рапстың шырындылығы мен қанттылығы қолайлы табиғат жағдайларында ұлғаяды. Бұған табиғат жағдайлары, агротехника деңгейі, калий тыңайтқыштары ықпал етеді. Рапстың бал өнімділігі 1 га жерден 50 кг анықталады. Деректер бойынша бір бал ара ұясы рапстан бір күнде 3-4 кг шырын жинайды. Рапс балы ақ түсті, кейде сары түсті, өте тәтті, рапс гүлінің иісі бар. Ол тез кристалданады, суда еруі қиын, қоспасы қою болады, сондықтан оны ара омартасында қысқа қалдыруға болмайды. Рапсты ара ұяларының жанына себу тозаңдануына көмек береді. [ 8-11]
Күздік рапсты сепкенде, омарта жанындағы көктемде гүл жарғанда өсімдіктің жоғарғы сабақтарын кесу қажет. Сонда оның жанындағы сабақтары жақсы жетіледі, гүлдеуі ұзаққа созылады. Күздік рапс Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстанда өсіріледі. [14, 17-23, 37]
Жаздық рапс Азияда кеңінен таралған дақыл. Үнді елінде ол 3, 4 млн, Қытайда - 2, 5 млн, Пакистанда - 500 мың га жерге егіледі. Азия елдеріндегі әр гектардан алынатын рапс өнімі - 5, 5 - 6 ц, рапс тұқымын көптеп өндіретін Канада елі. Жаздық рапстың әр гектарынан 10 ц. өнім алынады. Оның сорттары: «Юбилейный, галант, ратник, ритм, визит, липецкий, рубеж, герос, золотоновский». Осының ішінде ең жоғары сапалы «Липецкий» сорты болып табылады. Жаздық рапс (кольза) бал беруі күздік рапстан қалыспайды. Ол шырын мен тозаң бөледі. Жаздық рапс Ресейдің орталық және солтүстік аумақтары үшін маңызы бар, бұл жерлерде жаздық рапс өсіріледі. Оны Сібірде, Оралда, Солтүстік Қазақстанда, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында өсіруге болады. [4, 6-11, 15, 17-18, 20-32]
Жаздық рапс өнімділігі жөнінен күздік рапспен салыстырғанда, қалыс қалады, бірақ климат пен топырақ таңдамайды. Оны әдетте күздік рапстан кейін себеді. Рапсты кеш себуге болмайды, себебі зиянкестер шыққанша рапс топыраққа бекуі қажет. Рапс тұқымын аралығын 15 см етіп, кең қатарлы әдіспен 1га. жерге шамамен 12-16 кг. есебінен шашады, 2-4 см. тереңдікте себеді, себу үшін жақсы дәндер алу керек, бірақ сыртында тозаңы болуы тиіс.
Генетиктер үшін рапстың пайда болуы ерекше қызығушылық тудырады. Бұл өсімдіктің жабайы түрі кездеспейді. Дақылдар арасында б. э. дейінгі IV ғасырдан белгілі. Рапс бақшалық капуста мен қыша бастың шағылысуынан пайда болған. [ 6, 10, 31]
Рапстың шыққан тегі туралы біртекті пікір жоқ. Ботаниктердің көбісі Brassica туыстастарға жатқызған, нақтылап айтқанда рапс, Жерорта теңізінің жағалауларында пайда болған мәдени өсімдіктерге жатады. Рапстың жабайы өсетін түрі белгісіз, бірақ көптеген елдерде Европада, Азияда, Америкада және Солтүстік Африканың далаларында рапс жабайы түрде арамшөп ретінде кездеседі. [3]
Е. Н. Синскойдің пікірі бойынша, рапс Еуропадан шыққан. Оның отаны - Англия мен Голландия, ол жақтан ХVІ ғасырларда Германияға тараған, одан Польша мен Батыс Украинаға жеткен. Ресейде оны майлы дақыл ретінде XIX ғасырда өңдей бастады.
Көптеген елдерде «рапс» деген атпен рапсты қышаны, сизияны біріктіріп бір туыстас өсімдіктерге жатқызады. [1-3, 10-11] Рапс - қыша (2 n = 20, геном АА) және капуста (2 n = 18 геном СС) қатысқан бірден бір амфидиплоид.
ХІХ ғасырдың ортасына қарай өзгеде шаршы гүлділер өсімдіктері секілді Еуропада кеңінен тарады. Германияның өзінде оның аумағы 300 мың га. жетті. Оның бұндай таралуына майының техникалық қажеттіліктер үшін кең түрде қолдануы себеп болды. Ол кезде әліде мұнай өнеркәсібі жетіле қоймаған болатын. [4, 10-11, 30, 34, 36]
1870 жылдары Ресейде рапс егу 25 мың га жетті, одан кейінгі 30 жылда 357 мың га жерді қамтыды. Алайда халықаралық рынокта арзан мұнай өнімдерінің пайда болуы, әсіресе Еуропада рапс өңдеу көлемін төмендетті, рапс егетін жер аумағы 178 мың га -дан 92 мың га -ға кеміді. Азияда рапс өсіру біршама деңгейді ұсталды. [10]
ХІХ ғасырда орыс бидайына деген сұраныстың ұлғаюына байланысты рапс егетін жер кеми түсті. ХІХ ғасырдың 50 жылдарында Ресейде рапс өсіру тоқтатылды. Мұның негізгі себебі - күнбағыс өсірудің жедел дамуы болды, онымен экономикалық бәсекелестікке рапс түсе алмады. Рапс өсіру 1980 жылдары қайтадан қолға алына бастады, 1990 жылдары оның аумағы 258 мың гектарға жетті.
В. Н Степанов еңбегі бойынша, майды тазарту әдістерінің жетілдірілуі, оның қоректік зат ретінде пайдалануды дамытты. Әсіресе бірінші дүниежүзілік соғысы кезінде Орта Еуропада оған сұраныс ұлғайды. [18]
ХХ ғасырдың 30 жылдарында рапс Ұлыбританияда, АҚШ, Жаңа Зеландияда, кейінірек Батыс және Шығыс елдерінде, Қытайда кеңінен таралды. Оны мал азығы ретінде пайдаланды, бұл 1999 жылдары рапстың дүниежүзілік өндірілуін 42, 5 млн тоннаға жеткізді. Қытайда, Индияда, Канадада мол өнім алынды. [9-11, 34]
Қазіргі таңда рапсы өсіруден Канада мен Индияны артқа тастап, жетекші орында Қытай болып отыр, бұл үш ел әлемдік өнімнің 57 пайызын береді. Келешекте Қытай, Индия, Канада рапс өсіруді ұлғайтады, Шығыс Еуропада рапстан мол өнімді Чехия мен Польша алуда. Рапс дақылын өсірудің басты аймақтары -Азия үлесіне 46, 8 %, Еуропаға -30, 3 %, Солтүстік Америкаға -19, 2 % үлес тиеді.
ТМД елдерінде жылына 0, 16 млн тонна өндіріледі, Ресейде - 0, 11, Украина - 0, 02, Белоруссияда - 0, 02 млн тонна. 1989 жылдан бастап Ресейде рапс себу аумағы қысқарды. Бұған себеп - өнімді өңдейтін материалдық техникалық базаның жоқтығы. [1, 3, 4-6, 10]
Бүгінгі таңда рапс майлы дақыл ретінде кеңінен өңделуде, әсіресе мұндай дақылдар көп өнім бере қоймайтын табиғи зоналарда кеңінен таралуда. Екпе дақыл ретінде жаздық рапс немесе Кольза және күздік рапс түрінде кездеседі. Май беретін шаршы гүлділер өсімдіктерінің ішінде рапс тұқымы майының көптігімен ( 45 - 50 % ) және сапасы жөнінен бірінші орын алады.
Күздік рапстың климатқа талабы мықты, аязға төзімділігі төмен, олар құрғақшылық пен қысқы айларда жылының көп болғанын да қаламайды. Жаздық рапс климаттық жағдайларды талап ете қоймайды, бірақ күздік рапсқа қарағанда майлылығы төмен.
Мысалы, Канадада жаздық рапс себу кең тараған, ал Еуропа елдерінде күздік рапсты өңдейді, олардың өнімділігі жоғары. Швецияда рапстың екі түріне де үлкен көңіл бөлінеді.
Шығыс Еуропаның континенталды климатында күздік рапс өсіру үлкен тәуекелдікті талап етеді. Ресейдің, Украинаның және өзге де ТМД елдерінде жаздық рапс өсіріледі.
Рапсты экспорттаушы басты елдер - Еуропа, Канада, Австралия. Импорттаушы елдер - Қытай, Мексика, Жапония, Бангладеш, Пакистан және өзге де елдер. [ 34 ]
Солтүстік Қазақстанда ерте пісетіндіктен жаздық рапс өсіріледі. Аймақта соңғы жылдары оның егістігі 45 - 48 мың гектарға дейін өсті, ал тек қана Көкшетау мен Қостанай облыстарының әрқайсысында ол жыл сайын 18 - 20 мың га жерге себіледі. Сонымен қатар рапс Жамбыл, Атырау, Оңтүстік Қазақстанда да өсіріледі. [14-17, 19, 20-23, 37]
Т. А Аубекеров [21 ] пікірі бойынша, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде өсімдік майларының маңызды орын алатыны мәлім. Елімізде май дақылдарының өндірісі өсуде. Бірақ оның үлес салмағы 2000-шы жылғы 73, 8 пайыздан өткен 2009-шы жылы 48, 9 пайызға төмендеді. Өндіріс рапс өндіруден -28, 7 есе, шашақты зығырдан - 6, 7; қытай бұршақтан - 3, 4; мақсарыдан (сафлор) - 2, 2 есе өсті. (1-кесте)
1-кесте. Республикада май дақылдарын өндіру (мың тонна)
Өндіріске жаңадан қосылған май дақылдарының ішінде мақсары (сафлор) өсіру артып отыр. Бұл көрсеткіш бойынша республика дүние жүзінде 4-5-ші орында. Мақсары күтімді аса қажет етпейді және сортаң топырақта да өсе береді . [21-23]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz